12
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 53 ÒÆμ ÍÁÍÜÑ ÇÜÌ 6+$0<.= ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +24°..+22° +20°.. +18° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ÒïìóġòóĄë íò ËġîîĄĦ ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì Кеңесте Астана қаласы Ішкі істер департаментінің өткен жылдағы және 2014 жылдың төрт айындағы қызметінің барысы мен нәтижелері туралы елордалық полиция басшысы генерал-май- ор Амантай Әубәкіров баяндама жасады. Егжей-тегжейлі баянда- мадан соң қала басшысы қазіргі заманғы технологияларға, соның ішінде полицейлердің жұмысын бірнеше есеге жеңілдететін және қылмыстарды ашу тиімділігін арттыратын бейнебақылау жүйелеріне ерекше көңіл ау- дару керек екендігін атап өтті. Сонымен қатар, бейнебақылау камераларын айналып өтіп, жол- сыз жермен жүріп, қалаға кіріп, жол төсеміне айтарлықтай залал келтіретін жүк таситын үлкен көліктерді бақылауды күшейтуді тапсырды. ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ˮ೮ ഉ˪˧˭˧ ʰ˭˘ˮ೦˘ˬˤ ˃˘˳˭˘೦˘˭˙˟˵˯˚˵˧೮ ˵˲˘೦˘ˬ೦˭˟ˮ ೪˯೦˘˭˞೪ ೪˘˶˧˱˳˧ˣ˞˧˪ ˱˟ˮ ೪˘ˬ˘˞˘೦ ೪ˬ˭˳ ˞˟೮˛˟˥˧ˮ ˵˭˟ˮ˞˟˵˶ ˭ഉ˳˟ˬ˟ˬ˟˲˧ ˙˯˥ˮ˾˘ ˪˟೮˟˳ ˵˵˧ ¸·ĚÒÂ·Ê»Ò ÁĝϼÀÉÊ»° É·ÆÈÒÇ»Ò ¸ĘÈ° Ě·Ä»·À ¸°¾»¼º° ÃĘ»¼Ä¿¼ÉÉ°ě" ʤ˳˵˘ˮ˘ˮ೮ ˭ഉ˞˟ˮˤ˟˵ ˳˘ˬ˘˳ˮ˞˘೦ ˭˟˭ˬ˟˪˟˵˵˧˪ ˪˯˭˭˶ˮ˘ˬ˞೪Ͳ೪˘ˣˮ˘ˬ೪ ˪ഉ˳˧˱˯˲ˮ˞˘˲ ˮ˞˧˲˟˵˧ˮ ˵˘˶˘˲ˬ˘˲ ˭˟ˮ ˪˲˳˟˵˟˵˧ˮ ೪ˣ˭˟˵˵˟˲˞˧೮ ˙˘೦˘˳ 8 5 ʆɸɧʃɸʃʅ ʆɯʇʃɯʈʧʃɮɯ ʑʞʃɸ ʈɧɶʛ ʶ˱˵˟ˮ ˪˵˪˟ˮ ÝãÄ W®ÄÊ WÝÝ®ÊÄ ˟˪˧ˮ˾˧ ˺˘ˬ೪˘˲˘ˬ೪ ˪ˬ˘˳˳ˤ˪˘ˬ೪ ˭˶ˣ˪˘ ˹˟˳˵ˤ˚˘ˬ˧ ˭˟ˮ ˢ˘˳ ˱ˤ˘ˮˤ˳˵˟˲ ˙˘˥೪˘˶ ˣ ˭ഉ˲˟˳˧ˮ˟ ˢ˟˵˵˧ ʃdžƲLjǀƲdžǎǁ

53 (3110) 2014-05-17

  • Upload
    -

  • View
    227

  • Download
    1

Embed Size (px)

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №53 (3110) 17 мамыр 2014

Citation preview

Page 1: 53 (3110) 2014-05-17

53

+24°..+22°+20°.. +18°

Кеңесте Астана қаласы Ішкі істер департаментінің өткен жылдағы және 2014 жылдың төрт айындағы қызметінің барысы мен нәтижелері туралы елордалық полиция басшысы генерал-май-

ор Амантай Әубәкіров баяндама жасады. Егжей-тегжейлі баянда-мадан соң қала басшысы қазіргі заманғы технологияларға, соның ішінде полицейлердің жұмысын бірнеше есеге жеңілдететін және

қылмыстарды ашу тиімділігін а р т т ы р а т ы н б е й н е б а қ ы л а у жүйелеріне ерекше көңіл ау-дару керек екендігін атап өтті. Сонымен қатар, бейнебақылау камераларын айналып өтіп, жол-

сыз жермен жүріп, қалаға кіріп, жол төсеміне айтарлықтай залал келтіретін жүк таситын үлкен көліктерді бақылауды күшейтуді тапсырды. 8

5

Page 2: 53 (3110) 2014-05-17

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

-

-

-

-

Орталық түрлі санаттағы жүр гі зу-шілерді оқытып, дая рлау, көліктік қызмет саласы мамандарының біліктілігін жоғарылату, кондукторларды оқыту, такси жү ргізу шілерін дайындау, қызметкерлерді бағалау, қызмет са-пасын бақы лау және қоғамдық көлік сала сын дағы қызметкерлерді бір базада біріктіру мақсатында ашылып отыр. Бұл жерде тек қана көлік жүргізушілері ғана емес, сонымен қатар, кондукторлар, BRT және көлік қатынасы мамандары тәжірибелерін арттыра алады.

Байқау ұйымдастырушылары жүргізу ші лердің шеберлігін судың көмегімен байқап көрді. Әрбір жүргізушінің кабина-сына су құйылған стакан қойыл-ды. Күрт тоқ та ғанда неме се тежеуішті басқанда су дең гейі азаяды. Бір айналым нан кейін жүргізу шінің стакандағы суы неғұрлым көп болса, оның шебер лігі соғұрлым жоғары болады. Жарыс қоры тын ды-сы бойынша №1 авто парктің екі жүргізушісі де тап сыр-

маны жақсы орындап шықты. « А с т а н а т а ң д ау ы » б а й -қауы ұйымдастырған акция-ға қатысқаны үшін Ақылбек Бекташев пен Қайзиден Тұр-сынбековке бейне тір кеу іш-тер мен құрмет грамоталары табысталды.

Осылайша, «Астана таң-дауына» елор да лық қоғамдық көлік жүргізушілері белсенді қатысып, өз ара ла рын дағы үздіктерді байқауға ұсынуда.

Осыған орай 30 шілдеге дейін Жәнібек тархан көшесінің (Брусиловский – Асан Қайғы көшелерінің аралығы), Күйші Дина көшесінің (Тоқпанов көшесі – Тәуелсіздік даңғылы, сондай-ақ Жұмабаев – Абылай хан даңғылы аралығы) бой-ымен автокөліктердің жүруі тоқтатылады.

Желтоқсан көшесі бойында да қайта жөндеу жұмыстары қолға алынатындықтан, 16 ма-мыр – 1 шілде аралығында оның Бөгенбай даңғылынан Мәскеу көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қатынасы шектеледі.

Сондай-ақ, жол табанын төсеуге байланысты 14-18 ма-

мыр күндері – Тұран көшесінің Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейінгі бөлігі; 20-25 мамырда – 2-ЖЭО-ға баратын жолдың Софиевка тас жолынан 2-ЖЭО бұрылысына дейінгі бөлігі; 10-15 маусымда Есен-берлин көшесінің Бейбітшілік көшесінен Жеңіс даңғылына дейінгі бөлігі де жабылады.

Қара күзге дейін жол жөндеу қарбаласы жалғаса береді. Сондықтан, қаланың басқа көшелерінде де автокөліктердің жүріп-тұруына тыйым салы-нып, уақытша іркіліс болатыны, айтпаса да түсінікті.

Р.МӘЛІМҰЛЫ

Парктік аймағы бар ботани-калық бақ №24, 26, Қабанбай батыр және Түркістан көше-ле рі н ің жанында орна л а-сады. Бақ жобасы 6 кешенге бөлінген. Атап айтқанда, екі саябақ аймағы, субұрқақтар орналасқан қосалқы бөлік, Қазақстанның таби ғатын та-нытатын ботаникалық бақ пен каскадты жылы жайлары бар «Жерорта теңізі орманы», «Азиялық пейзаж», «Жер мен ана бағы», «Тропикалық оранжерея» және «Иран», «Испания», «Жапония», «Ан-глия», «Франция», «Италия», «Қытай», «Мысыр» бақтары болады. Сондай-ақ, жасанды көл мен су өсімдіктеріне арналған айдындар да бақтың ажарын аша түспек.

Бейбітшілік және келісім сарайында Шығыс Қазақстан облысының Сим-фониялық оркестрі Карл Дженкинстің «Абай-Шәкәрім» ораториясын орындады.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Сәуле Жанпейісова-ның 4 дискіден тұратын антоло-гиялық жинағының түсаукесері болады. Басталуы: 11:00-де

«Астана Арена» стадио-нында футбол-дан Қазақстан чемпионаты. «Астана» - «Ордабасы».Басталуы: 15.00-де.

Биыл Астана қаласы бойынша 148 мектеп түлегі иегері атануға үміткер болып отыр.

Қазіргі шақта орталықта 23 қызмет кер еңбек етіп жатса, оның 13-і – оқытушылар. Ал, оқыту ны-саны төрт білім беретін және екі компьютерлік сыныппен қамтамасыз етілген. Ол жерде теориялық білімдерден бөлек, технологиялық кабинеттерде де тәжірибе жинау жағдайы қарастырылған.

Қоғамдық көлік жүргізушілері қыз ме ті нің сапасын арттыру үшін екі заманауи мульти медиалық автобус-жаттық ты рушы қойылды. Сонымен қатар, электронды жүйе арқылы жолақы төлеуге де мүмкіндік туады.

Біліктілікті жоғарылату дәріс тері төрт деңгейге негізделген.

Орталық бір айда 120 адам оқытып, жыл соңына дейін 1080 маманның біліктілігін жоғарылатуды жоспарға енгізген.

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті Сіздерді өнер шеберлері мен славян этномәдени бірлестіктері шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтетін Славян

жазбалары және мәдениеті күніне арналған концертке шақырады.Концерт 2014 жылғы 23 мамыр күні сағат 18.00-де мына мекенжайда өтеді: Астана қ.,

Республика даңғ., 2, «Астана» ұлттық сурет галереясының» концерт залы.Келемін деушілерге есік ашық.

Анықтама телефондары: 74-05-10, 74-05-09.

Page 3: 53 (3110) 2014-05-17

Алғаш сөз алған Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Ма-рат Құрманов: «Бұл ауыр әдеттен арылудың жолы да күрделі, оған кететін уақыт та біршама. Мәселен, Канада елінде осы жөнінде өткізілген шаралар сегіз жыл ішінде ғана оң нәтижелер берген. Ал, біз өз ресми сайтымыз арқылы жүргізген сауалнамаға сүйенер болсақ, «Сіз салауатты өмір салтын ұстанасыз ба?» деген сауалымызға 2010 жылы тұтынушылардың 47 пайызы «жоқ» десе, 2014 жылы бұл көрсеткіш 37,5 пайызға түскен» деп, істің алға басып келе жатқанын айтты. Сондай-ақ, ол темекінің ғана емес, насыбайдың да зияндылығына тоқталып, осыған байланысты ауруханаларда болған 4 оқиғаны тілге тиек етті.

Өткен жылы елордамызда шылымқорлық әдеттің алдын алу жөнінде 1500-ге жуық шаралар атқарылған. Осыған орай астаналық медицина орталықтары белсенді әрекет етіп келеді. Дәрігерлер тарапынан 2013 жылы 88 419 адамды қамтыған 1402 іс-шара өткізіліп, оның төрт мыңы ірі ауқымдағы акцияларға қатысты болды. Ал, 33 мыңға жуық адам Ашық есік күндеріне атсалысқан. Медициналық-сауықтыру орталығы бас дәрігерінің орынбасары Гау-хар Бектаева да бұл проблеманың бүгінгі қоғам алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі екенін айтты. «Жалпы, темекі, насы-бай немесе өзге де психобелсенді заттарды тұтыну деңгейі қоғамда әлі төмендемей тұр. Әсіресе, жастар арасында 12 жастан

www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

– Мейіргер қызметі әлеуеті зор, денсаулық сақ тау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі бо-лып табылады, - деді Қазақстан Рес пуб ли касы ден сау лық сақтау министрі С.Қайыр бекова өзінің құттықтау сөзінде. Бүгінгі таңда меди-ци налық-санитариялық көмекті жетілдіру – денсаулық сақтау ісінің негізгі бағыттарының бірі. Бұл «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін іске асыру дың кешенді шаралары мен Алматы декла ра ция-сының негізгі қағидаттарына сай өз дәрежесінде дамып келеді.

Соңғы жылдары мейіргерлер қызме тінің мәртебесі артып, дәрігердің кей бір өкілдіктерін атқару осы маман дар ға жүк те ліп жүр. Денсаулық сақтау жүйе сінде әлеуметтік қызметкерлер енгі-зіліп, учаскелік дәрігерлерге, жалпы тәжіри бе дегі дәрігерлерге бекітілетін мейір би келер саны артып, олардың қажеттілігі бағалануда.

Аталмыш шара барысын да Финляндия, Литва елдері маман дарының тәжірибесі, мед и циналық қауымдастықтардың осы са ла ны дамытудағы баяндамалары тал қы ланды. Еліміздің 2020 жыл дар ға дейінгі мейіргер ісін дамыту тұжы-рым да масы талқыланып, ауылдық жер лер дегі денсаулық сақтау мамандарына арналған тре-нингтер, шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Айгүл УАЙСОВА

«KADEX-2014» әскери-техни-калық мүліктер мен қарулар көрмесі қорғаныс өнеркәсібі саласындағы соңғы жетістіктерд і көрсетіп, маман дар дың пікір алмасуларымен жалғасады.

Осының алдында өткен екі халық-аралық көрме отандық өнімдерге шетел діктердің қызығушылығы өсе түскенін көрсеткен еді.

Алдағы көрменің басты ерекше-лік терінің бірі – арнаулы секция лары барынша кеңейтілген әрі ғарыш-тық-әуе технологияларын, ҰҰА және авиациялық қаруларды, ӘШҚ жүйе-лері мен жабдықтарын, әскери сала-дағы робот-техниканы, IT-тех но-

ло гияны, әскери-теңіз күштері мен құр лықтағы әскерлердің қару-жарақ-тарын, әскерді техникалық және тылда қамтамасыз ету, байланыс жүйелері мен жабдықтарын қамтиды.

Іскерлік және таныстырушылық сипатта өтетін «KADEX-2014» көр месіне қатысушылар жетекші отандық және шетелдік өндіру ші-лер дің инновациялық ізденістерімен толық көлемде таныса алады.

Қазіргі кезде көрмені ұйым дас ты-рушы компанияның атына әлемнің 23 елінен 225 өтініш келіп түсті.

Алдын ала белгіленген көрме алаңы-ның жалпы көлемі 5000 астам шаршы метрге жетеді.

Бетт

і дай

ынд

аған

: Ғал

ым

ҚО

ЖАБ

ЕКО

В. Д

ерек

көзд

ері:

ww

w.a

stan

a.kz

, ww

w.in

form

.kz,

ww

w.ba

q.kz

, ww

w.24

.kz

бастап темекіге әуестік жиі байқалады. Темекіге тәуелділік – есірткі заттары-на тәуелді болудан кем емес. Бүгінде жастардың есірткі заттарын тұтыну деңгейі ресми дерек бойынша 3,8 пайызға төмендегенімен, марихуана заттарын қолдануы 7,8 пайызға өскен. Бұған қоса, дәріханаларда дәрігер рецептісі бойынша берілетін дәрі-дәрмектер еш қадағалаусыз сатылуда. Өкініштісі, бұл дәрілердің құрамында есірткі тектес заттар да бар» деді.

Атап өту керек, елордалықтар осы мәселе бойынша өткізілетін семинар, тренинг, дөңгелек үстелдерге белсенді түрде қатысып келеді. Осы ретте зиянды әдеттің зардаптары жайында 51 200 дана ақпараттық материалдар таратылған.

Ал, медициналық ұйымдар темекі өнім дерінен келетін зиян жайында бейне-ро ликтер түсіріп, өз мекемелері ғимарат-тарында орналасқан теледидар арқылы пациенттердің назарына ұсынып келеді.

Баспасөз мәслихатынан кейін «Кон-гресс-холл» сарайы алдында астана лық жастардың атсалысуымен салауатты өмір салтын насихаттаған флешмоб өткізілді. Онда елорда өрендері темекі тартудан бас тартуға шақырып, бұқараның назарын аударып, «Темекі шегу – сән емес, еркін тыныс ал» және «Никотинге – мандарин» акцияларын жүргізіп, қала тұрғындарына ой тастады.

Жайық НАҒЫМАШ

Жақын күндері аталмыш көшенің ресми түрде ашылуы да жоспарлануда. Осыдан заңды

сұрақ туындайды – Хусейн бен Талал деген кім еді, Астанада оның атына көше беру мәселесі қайдан шыққан? Расымен, ойландыратын жағдай.

Ілгеріде бір досымызбен Таха Хусейн көшесінің тұсында жүріп, «Бұл кім еді?» деген сұрақты бір-бірімізге қойдық. Ақыры, екеуміз де білмейтін болып шықтық. Интернетті ақтарып, ол Мысыр елінің белгілі жазушысы, әдебиеттанушысы және тарихшысы болғанын білдік.

Ал, Хусейн бен Талал Иорданияның бұрынғы королі екен. Кейбір ақпараттық сайттарға жүгінсек, Мұхаммед пайғамбардың 39-ыншы ұрпағы, араб елдері арасындағы байланыстардың дамуы мен Таяу Шығыс елдеріндегі шиеленістерді реттеуге үлкен үлес қосқан тұлға. 1952 жылдың 11 тамы-зында, 16 жасында таққа отырып, елу жылға жуық, дәлірек айтсақ, 46 жыл 9 ай бойы дүниеден өткенше ел басқарған. Иордания елінің дамуы тікелей осы есіммен байланысты екен. Қазір де осы елді оның баласы Абдалла ІІ бен Хусейн басқарып отыр.

Енді Хусейн бен Талалға Астанадан көше беру мәселесіне келейік. Тілдерді дамыту басқармасынан алған ақпаратымызда бірнеше жыл бұрын қалалық ономастикалық комиссияға Қазақстан Республи-касы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры Мұрат Нұртілеуовтен Астана қаласының бір көшесіне Иордания королі Абдалла ІІ бен Хусейннің немесе оның әкесі Ху-сейн бен Талалдың есімін беру туралы хат түскені көрсетілген. Өтініш 2011 жылдың 30 қарашасында қаралып, Есіл ауданында орналасқан № 27 жобалау көшесіне Хусейн бен Талал есімін беру туралы ұсыныс қанағаттандырылды.

Астана қаласындағы № 27 жобалау көшесіне Хусейн бен Талал есімін беру жөнінде 2012 жылғы 25 қаңтарда Астана қаласы әкімінің №80 қаулысы және 2012 жылғы 25 қаңтарда қалалық мәслихаттың №4/1-V шешімі қабылданды. Осыдан шамалы уақыт өткенде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Абдалла ІІ бен Хусейнмен телефонмен сөйлесіп, оны 50 жылдық мерейтойымен және Астанада оның әкесіне көше беру шешімімен құттықтаған.

Айта кету керек, Қазақстан мен Иордания арасын-да саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда берік байланыс орныққан. Екі елдің де лаңкестікпен күресте және Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуда көзқарастары сәйкес келеді.

Астана мен Амман – бауырлас қалалар. Екі қала арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салаларда қарым-қатынас жақсы жолға қойылған. 2010 жылы Аммандағы орталық көшелердің біріне Елбасы Назарбаев есімі беріліп, ашылу рәсімі салтанатты жағдайда өткені белгілі.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Page 4: 53 (3110) 2014-05-17
Page 5: 53 (3110) 2014-05-17

5www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Бәйгеде оза шапқан ең үздік өнерпаздар кеше «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өткен

гала-концертте салтанатты түрде марапатталды. Музыка әлеміндегі ай-тулы уақиғаға айналған “Astana Piano Passion” осымен екінші рет өткізіліп отыр. 10 мамырда басталып, алты күнге созылған байқау шеңберінде Астанада 7 фортепианолық кон-церт, жоғары оқу орындары мен музыкалық мектептердің оқушылары үшін екі шеберлік сағаты, сондай-ақ, музыкалық мектептер мен студиялардың мұғалімдеріне арналған дөңгелек үстел өткен бо-латын. Осынау ауқымды шараға қатысушылар күнделікті сағат 10.00-18.00 аралығында үзбей дайындалған. Фестивальге әлемнің 23 елінен қатысуға үміт білдірген 120 пианиношының отызы ғана жартылай финалға өтіп, жүлделі орындар үшін финалда бақ сынасты. Ал, арнайы құрылған қазылар алқасы пианиношылардың 40 сағаттан астам ойынын тыңдап, жеңімпаздарды анықтады. Нәтижесінде І орын үлкен топ арасында Румыниядан кел-ген Боцак Александру-Кадмиельге, орта топтан белоруссиялық Хан-догий Владиславқа, ал кіші топтан жапониялық Окуи Шио мен өнер додасында еліміздің мәртебесін қорғаған 10 жасар дарынды пианист Санжарәлі Көпбаевқа бұйырды.

Биылғы фестиваль өзіне жүктелген үмітті ақтады. Фестивальді бастан-аяқ тамашалауға тоғыз жарым мыңға тарта көрермен келді. Әлемнің бес құрлығынан ғаламтор арқылы қосылған адамдар сайттағы жаңалықтармен танысып отырған екен. Сонымен қатар, биыл да тыңдармандар фестиваль аясын-да өткен концерттерді интернет

желісі арқылы тікелей эфирде көруге мүмкіндік алды. Сайт статисти-касы көрсеткендей, байқауға де-ген қызығушылық былтырғы жыл-мен салыстырғанда үш есе өскен. Байқаудың небары үшінші күнінде сайт қолданушылары 135 мыңға жеткен. Интернет арқылы дау-ыс берудің нәтижесі бойынша аудиторияның көзайымына айна-лып, арнаулы сыйлыққа ресейлік Аниса Дажаева ие болды.

Фестиваль мәдениет саласын-да халықаралық байланыстарды реттеп және жас таланттарды қолдап қана қоймай, сондай-ақ қазақ композиторларының шығармашылығын насихаттау-ымен құнды. Осы тұрғыда қазақ композиторының шығармасын үздік орындағаны үшін Украинаның жас өнерпазы Микита Бурзаница марапатталды. Өнерпаздардың ұ с т а з ы , қ а з ы л а р а л қ а с ы н ы ң

құрметті мүшесі Денис Мацуев сах-на төрінде арнаулы сыйлық иелерін жариялап, дипломдарды табыста-ды. Атап айтар болсақ, Иркутск қаласында өтетін «Звёзды на Байка-ле» халықаралық музыка фестиваліне қатысуға жапониялық Окуи Шио мен Грузия өнерпазы Хрикули Давит, Франциядағы «Annecy Classic» халықаралық музыка фестиваліне Ботак Александру-Кадмиель жолда-ма алды. «Crescendo» жаңа буын фестивалінің биыл онжылдық ме-рейтойы болады. Осыдан он жыл бұрын ресейлік қана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен музыканттар бас қосып, көптеген елдерге гастрольдік сапарларға шығып, өнер көрсеткенбіз. Осы фестивальге Көпбаев Санжарәлі қатысатындығына қуанамын» дейді Ресей Халық әртісі Денис Мацуев. Ал, Таламунуер Айдиба «Новые Име-на» аймақаралық қайырымдылық қоры атынан Суздаль қаласындағы

жазғы лагерьде демалатын болды. Сыйлықтар легі осымен аяқталған

жоқ. Хрикули Давит пен Мики-та Бурзаница Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қолынан 500 мың теңге көлеміндегі арнаулы сыйлыққа ие болды. Фестивальдің демеушісі «Каспий банк» атынан банктің басшылар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким 1 млн теңге көлеміндегі сыйлықты Максим Максимовке тағайындаса, ҚР мәдениет министрі Арыстан-бек Мұхамедиұлы бұл байқау қатысушыларды ұзақ та мағыналы өнер жолына бастайтындығын айтып, 250 мың теңгелік жүлдені Санжарәлі Көпбаев пен Айдиба Таламунуерге тапсырды.

Марапаттау рәсімінен кейін көрермендер сазды музыка әлеміне ене берді.

Мәдина ЖАҚЫП

-

-

-

(Басы 1-бетте)

Page 6: 53 (3110) 2014-05-17

е й і н г і ж ы л д а р ы е л і м і з іскерлік ортаны көтермелеп, к ә с і п к е р л і к т і қ о л д а у ғ а ,

қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға айрықша маңыз беріп келеді. Бизнес-бастамаларды жүзеге асыруға ыңғайлы жағдайлар жасалып, кәсіп ашуға рұқсат беретін жүйелер оңтайландырыла бастаған. Әрі қарқынды дамып келе жатқан шаһарға инвестиция салғанның да пайдасы шаш етектен.

Жыл сайын елордада инвести-ция көлемі ұлғайып келеді. Ресми

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

-

-

мәліметтерге сүйенсек, тек өткен жылдың ішінде қаланың өнеркәсіп өнімінің көлемі 6,7 пайызға өсіп, 263,2 млрд теңгеге жеткен. 2007 жылға дейін өнеркәсіп өндірісінің өсімін негізінен құрылыс индустри-ясы кәсіпорындары құрап келгені белгілі. Енді инновациялық индустри-яландыру елорда экономикасының басым бағыттарының біріне айналды. Бұл міндетті жүзеге асыруда басты рөл атқаратын – Индустриялық парк аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалар.

Бұл мәселелер «Сәтті қадам», «Кедергісіз келешек» атты партия жобаларын жүзеге асыру аясында қарастырылып отыр.

Жиынның алдында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов партия мүшелеріне «Нұр Отанның» жаңа үлгідегі партиялық билетін табыс етті.

Б ұ д а н к е й і н к ү н т ә р т і б і н е көшкен жиын қатысушылары ал-дымен қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алма Алтыбаеваның елордалықтарды

2005 жылы құрылған Индустриялық парк 2007 жылдан бастап «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы аясына енгізілді. Енді ел эко-номикасын алға сүйрейтін серпінді жобалар осы өнеркәсіп аймағында іске асырылуда.

Бүгінгі таңда оның аумағында жалпы инвестиция мөлшері 180 млрд теңге болатын 49 жоба жүзеге асырылып, парк алаңының 90 пай-ызын қамтиды. Оның ішінде 19

жоба белсенді жұмыс істеуде, тағы 4 кәсіпорынды биыл жыл аяғына дейін іске қосу жоспарланып отыр. Қалған 25 жоба құрылыс жүргізу және жер телімін ресімдеу сатысында тұр.

Тұтастай алғанда, Индустриялық парктегі жобалардың барлығы 2016 жылдың аяғына дейін өндіріске кіріседі. Сол арқылы елорда нақты көрсеткіштер мен елеулі әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізетін болады. Мәселен, 2017 жылға қарай Индустриялық парк кәсіпорындары шығарған өнімдер

мөлшері жыл сайын шамамен 300 млрд теңгеге жетеді деп күтіліп отыр. Соның арқасында 7,5 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылмақ, мемлекеттік қазынаға құйылатын салық түсімдерінің мөлшері төрт есе өсіп, шамамен 70 млрд теңгеге жетеді. Ал, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердегі қазақстандықтардың үлесі 70 пайызға жетеді деп күтілуде.

О с ы ж ы л і ш і н д е е к і н ш і Индустриялық парктың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп бітеді. Оның 433 га аумағында қырыққа жуық жаңа кәсіпорын құрылады. Олардың барлығы да инновациялық және экономикалық тиімділік өлшемдеріне сай жұмыс істемек.

Индустриялық бағыттағы мұндай істер инвестициялық белсенділікті арттыра түседі. Оған дәлел де жоқ емес. Тек 2014 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бой-ынша, 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, инвестиция мөлшері 8,2 пайызға ұлғайып, 70,2 млрд теңгеге жеткенін атап өту керек.

Жалпы, осы Индустриялық паркте инвесторлардың ештеңеге алаңдамай жұмыс істеуіне барлық техникалық жағдайлар жасалған.

Атап айтқанда, бұл аумақта еркiн кедендiк режим қалыптасқан. Им-портталатын тауарларға акциз салуды қоспағанда, кеден бажы мен салық салынбайды және тарифтік реттеу шаралары қолданылмайды. Құрылыс нысандары салынып жатқан жер телімдері жер салығынан босатылған. Ғимарат салық салу нысаны бо-лып табылмайды. Міне, осындай жеңілдіктерімен Индустриялық аумақ отандық және шетелдік инвесторлар-ды өзіне тартып, инновациялық даму-ды мақсат еткен серпінді жобалардың ортасына айналмақ.

Бетті дайындаған: Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

-

жұмыспен қамту жөніндегі баяндама-сын тыңдады. Баяндамашының айту-ынша, былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы оқыту мен жұмысқа орналастыруға жағдай жасау бағытында жүзеге асырылған. 2013 жылы бағдарламаға қатысуға 952 адам өтініш берсе, оның 61 пайызы әйелдер екен. Ал, бағдарлама шеңберінде еңбек нарығындағы жұмыс күшінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сапа-ны көтеру мақсатында 387 адам оқытылған. Соың 76-сы бұрын-соңды ешқандай мамандық алмаған. Қайта даярлаудан 110 адам өтіп,

жаңа мамандыққа ие болса, 65 адам біліктілігін жетілдірген.

Кәсіби оқыту қалалық білім м е к е м е л е р і н д е ж ү р г і з і л г е н . Бағдарламаға қатысушылар элек-трмонтер, дәнекерлеуші, жөндеуші, аспаз, балабақша тәрбиешісі, гид-экскурсовод сынды қалаға керекті мамандықтарды алып шыққан.

Басқарма басшысы бағдарламаның жыл басынан бергі жүзеге асыры-лу барысына да тоқталды. Биыл бағдарлама екі бағыт бойынша іске асырыла бастапты: біріншісі – оқыту және жұмысқа орналасуға қол ұшын беру болса (үшінші бағыт), екіншісі – инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамту (бірінші бағыт).

Үшінші бағытты жүзеге асыруға 215 215, 0 мың теңге бөлінген. Жыл басынан бері бағдарламаға қатысуға 545 адам ниет білдірген. Соның 70 пайызы әйелдер болса, 56 пайызы 29 жасқа дейінгі жастар екен. Осы жылы кәсіби оқытумен 1 мың адамды қамту көзделіп отыр. Бүгінде әлеуметтік жұмыс орны мен жастар практика-сына 74 адам жіберілген. Сондай-ақ, 78 ұйыммен келісімшарт жасалыпты.

Ж а л п ы , ж ы л б а с ы н а н б е р і бағдарлама бойынша 166 жан жұмысқа орналасқан.

Алма Алтыбаева жыл соңына дейін бағдарламаға бөлінген қаражат толық игеріліп, оның барлық міндеттері орындалатынын жеткізді.

«Нұр Отан» қалалық филиалының депутаттық фракциясында қаралған

екінші мәселе бойынша Астана қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Ерлан Оспанов баяндама жасады. Ол 2014 жылдың басы-нан бері еңбек заңнамаларының сақталуын қадағалау бойынша 141 тексеру жүргізілгенін айтты. Ұйымдар мен кәсіпорындарды тексе-ру кезінде 152 заң бұзушылық дерегі анықталған. Тексеру нәтижесінде 120 лауазымды және заңды тұлға 17,6 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Жұмысшылардың өндірістік жарақат алуы төңірегінде сөз қозғаған басқарма басшысы 2014 жылдың басынан бері Астана қаласындағы өндіріс орындарында 45 оқыс оқиға болып, 65 адам зардап шеккенін атап өтті. Он үш адам қаза болып, 44-і ауыр дене жарақатын алған. Бұл оқиғалардың 95 пайызы құрылыс алаңдарында болыпты.

Бұдан кейін Ерлан Оспанов өндірістік жарақат алу оқиғаларына байланысты қорытынды жасап, бірқатар заңдарға өзгерістер енгізу қажеттігін жеткізді.

Жиында жергілікті атқарушы органдар басшылары мен кәсіподақ жетекшілері, қалалық мәслихат депутаттары да сөз сөйлеп, күн тәртібіндегі мәселелерге байланыс-ты, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Page 7: 53 (3110) 2014-05-17

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Екеуін табыстырған Шығыс Қазақстан облысы Тарба-ғатай ауданындағы Қытай

елімен шекарада жатқан оймақтай ғана Ойшілік ауылы. Өткен ғасыр-дың алпысыншы жылдарының ор-тасында мек тептің жоғары сыны-бында оқып жүрген бозбала мен бойжеткеннің арасында махаббат оты тұтанады. Мектепті бітірген жігіт Отан алдындағы борышын өтеу ге аттанады. Техникумға түскен

қыз оны күтуге серт береді. Бес жыл-ғы сыннан өткен махаббат ақыры қос ғашықтың неке қияр тойына ұласты.

Серікқазы Ұлы Отан соғысының ардагері Байқоңыр мен тыл ардагері Жаңылқанның жалғыз ұлы еді. Жас Күлзия 1970 жылы осы шаңыраққа келін болып түсіп, құт болып дарыды. Ата-енесі де оны келін сияқты емес, қызындай мәпелейді. «Енеммен он сегіз, атаммен отыз жыл бірге тұрдық. Сол кезде олардан бірде-бір ауыр сөз естімедім. Керісінше, өмі ріме қазірге дейін азық болып келе жатқан көп нәрсе үйрендім.

Бізге берген тәрбиелерін ай тып, жеткізе алмаймын. Сондай қарапайым адам-дар еді. Балаға деген махаб-баттары керемет болатын. Туған-туысқанды, үйге кел-ген кісілерді сыйлау жағы-нан да үлгі көрсетіп кетті. Ұлтымыздың салт-дәс түр-ле ріне де жетік еді. Аллаға, адам ға деген жақсы пейі лінен шығар, атам қартай ғанда бізді

еш қинаған жоқ, ауыр май-сырқамай 83 жасында бір күннің ішін де қайтыс болды» дейді Күлзия шешей.

Солардан және ауылдағы үлкен-дер ден алған тәрбиесі шығар, Бай-қо ңы ровтарды өнерлі отба сы ның санатына жатқызуға болады. Әу деп жібермейтін қазақ жоқ десек те, Серікқазы әкей ән салғанда тың дау шы ның құлақ құрышын қан-дырып, жан сарайын ашып жібереді. Шешендік өнерге келгенде де, оған ілесе алатын адам шамалы болуы керек. Күлзия шешей өз жанынан өлең шығарады. Жұбайы сияқты ол да әсем әнге құштар. 1988-2004 жыл-дар дың аралығында ауылдағы «Әже-лер» ансамблінің құрамында ән сал ғаны да бар. Бала-немерелерін де өнерге жақын қылып өсірді. Қазірде бар лы ғы ның бастары қосыла қалса, біреу лері ән салып, біреулері би билеп, кіш кен тайлары тақпақ оқып, маңай ды жиын-тойға айналдырып жібереді. Жеке бір отбасылық ан-самбль дерсіздер.

«Адам ұрпағымен жасайды». Серікқазы әкей мен «Алтын алқа-лы» ана Күлзия шешей «Сегіз ұлым – бір төбе, Ертөстігім – бір төбе»

дейтін дей емес, барлық перзенттерін бөліп жар май ды. Балалары жоғары білім алып, әр жақта, әртүрлі қызмет атқа рып жүр. Астанада бір ұлы мен Ақбота, Гүлнұр атты қыздары тұрады. Күлзия шешей ауылда өске-ні нің және ата-енесінен тәрбие көр ге ні нің арқасында ұлттық мере ке-лерде солардың жұмыстарына барып, салт-дәстүрлерімізді көрсетіп қай-тады. Ақботалары әскери қызметті таң дады. №2456 әскери бөлімде

капи тан шенінде қызмет етіп жүр. «Шекара қызметінің үздігі» І, ІІ дәре желі төсбелгілерімен, мадақтау қағаз да ры мен алғыс хаттармен марапатталған.

Немерелері де әулет мақтанышына айнала тынына сенеді әкей мен ше-шей. Үлкен үш немересі қазірде Астананың жоғары оқу орын-дарында грантта оқиды. Ендеше, ата-әже үміті ақталсын дейік.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

2012 1777 1333 4442011 1455 1091 3642010 997 748 2492009 881 661 2202008 706 530 176

5816 4363 1453

( ) ( )2.06.20143.06.20144.06.20145.06.20146.06.20149.06.201410.06.201411.06.201412.06.201413.06.201416.06.201417.06.201418.06.201419.06.201420.06.201423.06.201424.06.201425.06.2014

Жеңілдетілген санат бойынша құжат-тарды жұмыс тобы 25 мамырға дейін қабылдайды және ол тек биылғы жинақтау аясында қарастырылады. Ал, 25 мамырдан кейін келіп түскен құжаттар 2015 жылғы жинақтау жұмыс тобында қарастырылады.

Қарас т ырыл ған қол дау х ат тар д ың нәти же лері №61 орта мектеп аумағын-дағы ақпараттық стендке 1-10 шілде аралығында ілінеді.

Топтау аяқталған соң 1 тамызда қала әкімінің ресми веб-ресурсы – www.e.astana.kz cайтынан кезектің жыл жы ғанын көруге болады.

Астана қалалық Білім басқармасы

Балаларыңызды мек-тепке дейінгі білім беру

ұйымдарына жинақтауға (қабылдауға) қатысты сұрақтарға №61 орта

мектебінде күн сайын сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс тобының құрамы

жауап бере алады.Жолдама кезекке сай

қолданыстағы балабақ-шаларға беріледі.

1) Астана қаласының тұрғын дары ескерту қағазында көрсетілген

кезек нөмірін төменде жарияланған топ -тау кестесіндегі кезектің реттік нөмі рі-мен салыстыруы тиіс. Егер нөмір көр се-тіл месе, топтауға келудің қажеті жоқ.

2) Егер балабақшаның орналасқан жері ыңғайсыз болса, жолдаманы

алмау ы ңызға болады. Ондай жағдайда кезегіңіз сақталады.

3) Балабақшаға жолдама тұрғы-лықты мекенжайға байланысты

емес, орынның болуына қарай беріледі.

4) Өтініп сұраймыз! Топтау кестіне мұқият зер салып, жолдама алу

үшін көр се тілген кезек нөмірімен келу ке-рек. Жұмыс тобының қабылдау тәртібін бұз ба ңыз дар, қоғамдық тәртіпті сақта-ңыздар!

Page 8: 53 (3110) 2014-05-17

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 156-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарлардың (жұмыстардың және қызметтердің) бағалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын жүргізсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Нағаспаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Әкім И. ТасмағамбетовӘкімнің орынбасары А. Балаева Әкімнің орынбасары Е. НағаспаевМемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Д. Досқұлов«Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Р. Досаев«Астана қаласының Экономикажәне бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж. Нұрпейісов«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Мажағұлов

1 2 3

1

1.1.

1.2.

1.3.

1.4.

1.5.

1.6.

1.7.

1.8.

2.

2.1.

2.2.

2.3.

3.

3.1.

1 2 3

3.2.

3.3.

3.4.

3.5.

3.6.

3.7.

3.8.

4.

4.1.

4.2.

4.3.

5.

5.1.

5.2.

5.3.

5.4.

6.

6.1.

6.2.

6.3.

6.4.

6.5.

6.6.

6.7.

7.

7.1.

8.

8.1.

8.2.

8.3.

8.4.

8.5.

8.6.

8.7.

8.8.

8.11.

8.12.

8.13.

8.14.

11.

11.1.

11.2.

11.3.

11.4

11.5.

11.6.

12.

12.1.

12.3.

12.4.

12.5.

13.

13.1.

13.2.

13.3.

13.4.

13.5.

13.6.

13.7.

13.8.

13.11.

13.12.

13.13.

13.14.

13.15.

13.16.

13.17.14.

14.1.

14.2.14.3.

14.4.14.5.

14.6.14.7.

14.8.

14.11.14.12.

14.13.

14.14.14.15.14.16.14.17.14.18.

14.21.14.22.14.23.14.24.14.25.14.26.14.27.14.28.

15.

15.1.

15.2.

15.3.

15.4.

15.5.

16.

16.1.

16.2.16.3.16.4.16.5.16.6.16.7.

16.8.

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы «__ » ______

№ ___________ қаулысынақосымша

Жоба

Page 9: 53 (3110) 2014-05-17

9www.astana-akshamy.kz

(Бесінші сайланған Астана қаласы мәслихатыныңотыз төртінші кезекті сесиясының)

Шешімі

ЖОБА

Аст

ана қ

алас

ы әк

імді

гінің

«Ж

ұмыс

пен қ

амт

у орт

алығ

ы»

КМК-

ге ха

барл

асың

ыз! М

екен

жайы

: Аст

ана қ

алас

ы,

Брус

илов

ский

көш

есі, 1

7/3,

Биз

нес-о

ртал

ық ғи

мара

тын

ың

2-қа

бат

ы. 10

4,5,

14,3

4 авт

обус

тар

ымен

келу

ге бо

лады

. Ан

ықт

ама а

лу т

елеф

оны:

57-8

8-88

.

Page 10: 53 (3110) 2014-05-17

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Т.А.Ж Кезекке қою күні Санаты

(Жалғасы. Басы газетіміздің №52 (3109) санында)

5431 19.04.2010

5432 19.04.20105433 19.04.20105434 19.04.2010

5435 19.04.2010

5436 19.04.2010

5437 19.04.2010

5438 19.04.2010

5439 19.04.2010

5440 19.04.2010

5441 19.04.2010

5442 19.04.2010

5443 19.04.2010

5444 20.04.2010

5445 20.04.2010

5446 20.04.2010

5447 20.04.2010

5448 20.04.2010

5449 20.04.2010

5450 20.04.2010

5451 20.04.2010

5452 20.04.2010

5453 20.04.2010

5454 20.04.2010

5455 20.04.2010

5456 20.04.2010

5457 20.04.20105458 20.04.2010

5459 20.04.2010

5460 20.04.2010

5461 20.04.2010

5462 21.04.2010

5463 21.04.2010

5464 21.04.2010

5465 21.04.2010

5466 21.04.2010

5467 21.04.2010

5468 21.04.2010

5469 21.04.2010

5470 21.04.2010

5471 21.04.20105472 21.04.20105473 22.04.20105474 22.04.2010

5475 22.04.2010

5476 22.04.2010

5477 22.04.2010

5478 22.04.2010

5479 22.04.2010

5480 22.04.2010

5481 22.04.2010

5482 22.04.2010

5483 22.04.2010

5484 22.04.2010

5485 22.04.2010

5486 22.04.2010

5487 22.04.2010

5488 22.04.2010

5489 22.04.20105490 23.04.2010

5491 23.04.2010

5492 23.04.2010

5493 23.04.2010

5494 23.04.2010

5495 23.04.20105496 23.04.2010

5497 23.04.2010

5498 23.04.2010

5499 23.04.2010

5500 23.04.2010

5501 23.04.2010

5502 23.04.20105503 23.04.20105504 23.04.2010

5505 23.04.2010

5506 23.04.2010

5507 23.04.2010

5508 26.04.2010

5509 26.04.20105510 26.04.2010

5511 26.04.20105512 26.04.2010

5513 26.04.2010

5514 26.04.2010

5515 26.04.2010

5516 26.04.2010

5517 26.04.2010

5518 26.04.2010

5519 26.04.2010

5520 26.04.2010

5521 27.04.2010

5522 27.04.2010

5523 27.04.2010

5524 27.04.2010

5525 27.04.20105526 27.04.2010

5527 27.04.2010

5528 27.04.2010

5529 27.04.2010

5530 27.04.2010

5531 27.04.2010

5532 27.04.2010

5533 27.04.2010

5534 27.04.20105535 27.04.2010

5536 28.04.2010

5537 28.04.2010

5538 28.04.2010

5539 28.04.2010

5540 28.04.2010

5541 28.04.2010

5542 28.04.2010

5543 28.04.2010

5544 28.04.2010

5545 28.04.2010

5546 28.04.2010

5547 28.04.2010

5548 28.04.2010

5549 28.04.2010

5550 28.04.2010

5551 28.04.2010

5552 28.04.2010

5553 29.04.2010

5554 29.04.2010

5555 29.04.20105556 29.04.2010

5557 29.04.2010

5558 29.04.2010

5559 29.04.2010

5560 29.04.2010

5561 29.04.2010

5562 29.04.2010

5563 29.04.2010

5564 30.04.2010

5565 30.04.2010

5566 30.04.2010

5567 30.04.2010

5568 30.04.2010

5569 30.04.2010

5570 30.04.20105571 30.04.20105572 30.04.2010

5573 30.04.2010

5574 30.04.2010

5575 30.04.2010

5576 04.05.2010

5577 04.05.2010

5578 04.05.2010

5579 04.05.2010

5580 04.05.2010

5581 04.05.2010

5582 05.05.2010

5583 05.05.2010

5584 05.05.2010

5585 05.05.2010

5586 05.05.2010

5587 05.05.2010

5588 05.05.2010

5589 05.05.2010

5590 05.05.2010

5591 05.05.2010

5592 05.05.2010

5593 05.05.2010

5594 05.05.2010

5595 05.05.2010

5596 06.05.2010

5597 06.05.2010

5598 06.05.2010

5599 06.05.2010

5600 06.05.2010

5601 06.05.2010

5602 06.05.2010

5603 06.05.2010

5604 06.05.2010

5605 06.05.2010

5606 07.05.2010

5607 07.05.2010

5608 07.05.20105609 07.05.2010

5610 07.05.2010

5611 07.05.2010

5612 07.05.2010

5613 11.05.2010

5614 11.05.2010

5615 12.05.2010

5616 13.05.2010

5617 13.05.2010

5618 13.05.2010

5619 13.05.2010

5620 14.05.2010

5621 14.05.2010

5622 14.05.2010

5623 14.05.2010

5624 14.05.2010

5625 14.05.2010

5626 14.05.2010

5627 14.05.2010

5628 14.05.2010

5629 14.05.2010

5630 14.05.2010

5631 14.05.2010

5632 14.05.2010

5633 14.05.2010

5634 14.05.2010

5635 14.05.2010

5636 14.05.2010

5637 14.05.2010

5638 17.05.20105639 17.05.20105640 17.05.2010

5641 17.05.2010

5642 17.05.20105643 17.05.2010

5644 18.05.2010

5645 18.05.2010

5646 18.05.2010

5647 18.05.2010

5648 18.05.2010

5649 18.05.2010

5650 18.05.2010

5651 18.05.2010

5652 18.05.2010

5653 18.05.2010

5654 18.05.2010

5655 18.05.2010

5656 18.05.2010

5657 18.05.2010

5658 19.05.2010

5659 19.05.2010

5660 19.05.2010

5661 19.05.2010

5662 19.05.2010

5663 19.05.2010

5664 20.05.2010

5665 20.05.2010

5666 20.05.2010

5667 20.05.2010

5668 20.05.2010

5669 20.05.20105670 20.05.2010

5671 20.05.2010

5672 20.05.2010

5673 20.05.2010

5674 20.05.2010

5675 20.05.20105676 20.05.2010

5677 20.05.2010

Page 11: 53 (3110) 2014-05-17

11www.astana-akshamy.kz

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

Ò

Астана қаласының әкімдігі « Астана қа л асының Біл ім басқармасы » мемлеке т т ік м е к е м е с і н і ң б а с ш ы с ы С у х а н б е р д и е в а Эл ь м и р а Амангелдіқызына әкесі

Амангелді КӘРІМҰЛЫНЫҢ

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы «Артем» сауда үйінде «Жұ-мыспен қамт у 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысуға байланысты сұ-рақ тар бойынша кеңес беру бөлімшесін ашты.

Осы бөлімшеде кәсіптік оқыт у т уралы толығырақ мағлұмат алуға болады.

Кәсіптік оқыту үш бағытта жүргізіледі:

- кәсіптік даярлау – ма-мандығы жоқ немесе еңбек нарығында қажеттілігі жоқ мамандығы бар, жаңа ма ман-дық түріне оқып және сол мамандық бойынша жұмыс атқаруға ниеті бар тұлғалар үшін. Оқу ұзақ тылығы – 10 ай;

- қайта даярлау (жаңа ма-мандық алу мақсатында). Оқу ұзақтылығы – 3 ай;

- біліктілігін арттыру – анағұрлым жоғары разряд (санат) алу, озық техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында өндірістік қажеттілікке қарай, кәсіби шеберлігін жетілдіру. Оқу ұзақтылығы – 1-3 ай.

Қазіргі таңда электромон-тер және мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі ма-ман дықтары бойынша қайта даярлау курстарына қабылдау жүргізілуде.

Оқу орындары түлектеріне ақылы жастар практикасынан өту қарастырылған.

Нысаналы топқа жататын тұлғалар әлеуметтік жұмыс орындары бойынша жұмыс атқаруға мүмкіндік бар.

«Астана ақшамы» га зе ті нің ұжымы Астана қаласы Білім бас-қар масының басшысы Эльмира Суханбердиеваға әкесі

Амангелді КӘРІМҰЛЫНЫҢ

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Page 12: 53 (3110) 2014-05-17

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«ART »

Галереялар – суретші, жидашы (коллекционер) мен көрермен деген үш тараптың арасын елдестірген елші, көпшіліктің өнерге де-ген талғамын тамтыратпай ұстап тұратын бір қасиетті мүйіске айнал-ды десек, қателеспейтін шығармыз. Астанадағы саны бір қолдың сала-сынан аспайтын Қазіргі заманғы өнер мұражайы, «Құланшы», «Хас санат», «Шежіре», Тәуелсіздік сарайы, Назарбаев орталығындағы көрме залдары елорданың мәдени өмірін шама-шарқынша түрлі шара-мен байытып жатқанының өзін олжа санайтынымыз жасырын емес. Көш жүре түзеледі. Көп ұзамай Астана жұртшылығы мен қонақтарына тағы бір art-галерея есігін айқара ашпақшы. «Бейжің сарай» бес жұлдызды қонақ – үйінде орналасқан «ARTTUMAR» галереясының иесі - белгілі өнер жана-шыры Гүлфайруз Нүрскенова.

– Мен бұл салаға Алматыда, өнердің өгейсімеген ортасына тап болғанда қызыға ден қойғам. Кәсіби өнертанушы болмасам да, сол жерде «ArtNomad» галереясын ашып, туындыларын көпшілікке біз арқылы

ұсынатын қылқалам шеберлерінің үлкен шоғырын өз төңірегімде топ-тастырдым. Олар – экспрессивті мәнерде жазатын Рашид Құлбатыров, академиялық живописьтің аясынан шығып кетіп, ұлттық қанық бояулары-мен сезімге қозғау салатын, қазақтың жанына жақын, этнографиялық, та-рихи тақырыптағы кең полотноларға көбірек баратын суретші Сәрсен О м ы ш е в , Н ұ р б а з а р Қ о ж и н , Құрманғазы Ақашев, Есенғали Са-дырбаевтар, иппикалық жанрға (грекшеден «hippos» – жылқы) жақын, яғни, интерьерінде жылқы жиі көрініс табатын Жеңісбек Әбдіраман, қазақы қоңыр түстерден шабыттана-тын Ғани Баян, «соntemporary-art» бағытында ізденетін Рашид Нұрекеев сияқты суретшілермен жан-жақты шығармашылық байланыс үстіндеміз. «Ендеше неге осындай талантты суретшілерді Астананың мәдени ортасына таныстырмасқа?» деген ой «ARTTUMAR» галереясын ашу-ыма түрткі болды, – дейді Гүлфайруз Нүрскенова.

Өнер менеджерінің айтуынша, галерея концепциялық тұрғыдан

отандық бейнелеу өнерінің белгілі-белгісіз «брендтерін» танытуға, яғни, тұрақты экспозициялар жасап, ката-лог-альбом шығаруға жұмыстанатын болады. Алайда, заманауи өнермен шектеліп қалмай, туындының уақыт өтіп, тарихтың терең қойнауына сүңгіген сайын бағасы арта түсетін жазылмаған заңдылығына бағынатын кез келген галарея сияқты, «ARTTUMAR» да соцреализм, алпысыншы-сексенінші жылдардағы қазақ бейнелеу өнері өкілдерінің жұмыстарынан қор жинақтайды. Салондағы Салахитдин Айтбаев, Бахтияр Табиев, Нина Гинзбург, Нағымбек Нұрмұхаммедов, Тоқболат Тоғысбаев, Сабыр Мамбеев, Велини-на Кузнецова, Николай Наседкин, т.б көптеген авторлардың суреттерінен өткен дәуірдің көріністеріне көз қанығады. «ARTTUMAR» өмірден өткен суретшілердің де картинала-рын тақырып аясында топтастырып, көрме ашуды жоспарлап отыр.

Әділбек ЖАПАҚ

2008 жылы Елбасының тікелей тап-сырмасымен құрылған «Есіл-Астана» мемлекеттік коммунальдық-қазыналық кәсіпорнына биыл – 6 жыл. Кәсіпорын құрылтайшысы – Астана қаласы әкімдігі. Мемлекеттік басқару органы – Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

А л ғ а ш р е т а ш ы л у ы н д а ү ш шақырыммен шектелген Есіл өзеніндегі кеме жүзу бағдары бүгінде тоғыз шақырымға ұзарды. Флотта келушілерге сегіз кеме қызмет көрсетеді. Оның бесеуі сыйымдылығы 32, 45, 60 және 69 адамдық жолаушылар кемесі, қалғаны – құтқару катерлері мен сүйреуіш кемелер.

Жылдан-жылға ілгері жылжып келе жатқан кәсіпорынның шағын кеме айлағына келушілер қатары да ұлғаюда. «Былтыр 24 мың жолаушыға қызмет көрсетсек, биыл жолаушылар санын 25 мыңға арттыру жоспарланып отыр. Моторлы кемемен жүзушілерді мейлінше молайтамыз» дейді басқарма

басшысының орынбасары Әбдіхамит Керімбайұлы.

Шағын оркестрлік құрамның сүйемелдеуімен өткен шара қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Арда-гер Владимир Петров кеме жүзу маусымының алғаш ашылуына жазған арнау өлеңін оқып берді. Жаңа маусымның алғашқы қоңырауын ҰОС ардагері Ахат Бекмәдиұлы мен Балалар үйі атынан Галя Каликова соғып, кеме-лер серуенге дайын екенін ұқтырды.

Сөйтіп, ұйымдастырушылар алғашқы жолаушыларды қабылдады. Алғашқы жолаушылар ардагерлер мен кембағал балалар болды және оларға тегін қызмет көрсетілді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ