112
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қазақстан Халықтар Достығы университеті Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты Кафедрасы География «050116- География» мамандығы ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ Тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы» Ғылыми жетекшісі: Орындаған: г.-м. ғ. к., доцент 116 – 41 тобының студенті Турсункулов Э. Т. Мырзабаев Шүкір ---------------------- ______________ « » 2008

2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

  • Upload
    others

  • View
    21

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақстан Халықтар Достығы университетіОңтүстік Қазақстан педагогикалық институты

Кафедрасы География

«050116- География» мамандығы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық географиялық проблемалары және болашағы»

Ғылыми жетекшісі: Орындаған: г.-м. ғ. к., доцент 116 – 41 тобының студенті Турсункулов Э. Т. Мырзабаев Шүкір ---------------------- ______________ « » 2008

Норма бақылау: Қорғауға жіберілді: ТО меңгерушісі Кафедра меңгерушісі ________ Н.Д.Каменских Елюбаев С. _______

«___»_________2008ж «____»_________2008ж

Шымкент 2008

Page 2: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ........................................................................................ 31- ТАРАУ. . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

1. Оңтүстік Қазақстан облысына физикалық- географиялық

сипаттама .................................................................................

1.1.1.ОҚО-ң территориясының физикалық географиясы, орны, және

шекаралары сипаттамсы. ............................................................6

1.1.2. Облыстың жер бедері.............................................................................9

1.1.3 Оңтүстіктің территориясының геологиялық құрылысы және пайдалы

қазбалар............ .........................................................16

1.1.4 ОҚО территориясының климаты және агроклиматологиялық

жағдайлары..............................................................................22

1.1.5. ОҚО территориясының ішкі сулары, топырағы өсімдік жамылғысы

және жануарлар әлемі...............................................................26

2 –ТАРАУ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2. ОҚО–ң экономикалық ерекшеліктері проблемалары және

болашағы..........................................................................36

.2.1 ОҚО–ң экономикалық географиялық орны, әкімшілік территориялық

бөлінуі..............................................................38

2.2 ОҚО – ң тұрғындар географиясы................................................40

2.3 ОҚО-ң қалалары........................................................................44

2.4 ОҚО-ң өнеркәсібі.......................................................................49

2.5 ОҚО-ң Көлік кешені. .................................................................57

2.6 ОҚО –ң ауыл шаруашылығы......................................................59

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................71

1

Page 3: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

2

Page 4: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

3

Page 5: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

КІРІСПЕ

Оңтүстік Қазақстан облысының халық шаруашылығына сипаттама дайындау жұмыстың мақсаты болып саналады. Нарықтық экономика кезінде Қазақстан Республикасінің негізгі әкімшілік бөлінуі болған әр бір облысқа, оның даму перспективаларына талдау жасау жұмыстың міндеттеріне жатады. Әр бір облыстың өзінше ерекшелігі, өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын құрылымы басқаша болғандықтан оның даму ерекшелігі, жоспарлары тек бір облысқа арналған болады. Оның даму перспективалары өз территориясының табиғат ресурстары, жағдайлары мен байланысты болып оны талдау жұмыстың актуалдығы болып есептелінеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы- кең-байтақ қазақ жерінің тарихы терең,

құнарлы да құйқалы, өзгеше өңірі. Қаратау мен Алатаудың баурайынан

миллиондаған жылдар бұрынғы адамзаттың мекені болған орындар табылып,

ғылыми негізде дәлелденуі,сондай-ақ ежелгі түркі қағанаттары тұсында

қалалардын жан-жақты өркендеп, өзіндік өркениет орталықтары ретінде

танылғаны талай-талай жәйіттерді аңғартады. Бұған баршаға белгілі тарихи

тұрақтар, тастағы таңбалар мен жазбалар, Исфиджаб (Сайрам), Отырар,

Сығанақ, Сауран, Иасы (Түркістан), Созақ, Шымкент, Құлан сияқты шаһарлар,

кейінгі кездердегі қазбалар нәтижесінде анықталып жатқан қорғандар мен

кенттердің қалдықтары дәлел. Әлі де небір құпияларын бүгіп, жұмбақтарын

жасырып жатқан орындар қаншама.

Облыс аумағының табиғаты мен жер жағдайы да ерекше. Биік-биік таулар

мен жосылып жатқан жоталар, жазық далалар мен шөлейтті құмдар тоғысып,

тоғайласып, өзіндік өрнек құрайды. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда,

Қаратау сілемдерін көлденең жатып ағатын өзендердің құрылымынан осынау

тау жоталарының көтерілуі 350-400 мың жыл бұрынғы тектоникалық кезеңде

басталғаны дәлелденген.

4

Page 6: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Ұлы Жібек жолының негізгі күре-тамырларымен қатар көне кенттерге,

Алатау мен Қаратаудың асулары мен бел-белестеріне, Сырдария мен Шудың

және Арыстың ұзына бойларына, Қызылқұмның түпкір-түпкіріне таралып

жатқан тараулары мен бұтақтары тіпті де көп. Көне қалаларымыздың бірі

Түркістанның 1500жылдығы ЮНЕСКО аясында аталып өтті. Қазақстан

Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, «Он бес

ғасырлық тарихы бар бұл қаланың мерейтойы – тек Түркістанның ғана емес,

Қазақстан Республикасының, бүкіл түркі тілдес халықтардың да мерейін үстем

ететін игілікті шара. Ендігі мақсат –Түркістан қаласын Орталық Азиядағы аса

маңызды мәдени, рухани, ғылыми және сауда-эканомикалық орталық ретінде

одан әрі абаттандыра беру болып табылады», -деде.

Облыс орталығы Шымкент қаласы-Қазақстандағы инфрақұрылымы

дамыған, өнеркәсіптік және ғылыми-мәдени жағынан алғанда да аса айшықты

шаһарлардың бірі. Қасиетті Қазығұрт тауының баурайынан басталатын

жазықта қанатын кеңге жайған қаламыз халқының саны жағынан

республикамызда үшінші орын алады. Шымкентте 600 мыңнан астам адам

тұрады. Ал «Қаратау тәжі» атанған Кентау, тоғыз жолдың торабы делінетін

Арыс, сондай-ақ Сарағаш, Шардара, Жетісай, Ленгер қалаларының да өзіндік

ерекшеліктері аз емес. Мәселен, Мақтаарал, Сарағаш, Сайрам сияқты

аудандардың әрқайсысында 230-250мыңнан аса халық тұрады.

ОҚО Тянь-Шань тауының батыс сілемдері мен Тұран ойпатының

шығысын ала 117,3 мың шаршы шақырым аумаққа орналасқан. Оның солтүстік

бөлігін Бетпақдала шөлі, оңтүстік қиыр шетін Мырзашөл қуаң даласы алып

жатыр. Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағына орналасқан. 1932 жылы

10 наурызда құрылған. Әкімшілік орталығы- Шымкент қаласы. Облыста 11

селолық аудан мен 4 қалалық әкімшілік, 7 қала (Шымкенттен басқа),

13жұмысшы поселкесі, 933селолық және ауылдық елді мекен бар.

Оңтүстік Қазақстан обылсының айтарлықтай өндірістік-эканомикалық

мүмкіндіктері бар. Олардың негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткілікті

еңбек ресурстары құрайды.

5

Page 7: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Уран қоры жөнінен облыс Қазақстанда бірінші, фосфариттер мен темір

рудасы бойынша-үшінші орын алады.

Жалпы, қатты пайдалы қазбалардың баланстық қоры мен болжама

ресурстары бойынша облыстағы жер қойнауының байлығы 240 млрд. АҚШ

долларына тең деп бағаланады. Оның ішінде: бокситтер, темір рудасы, уран,

қорғасын мен мырыш, көмір жөнінен.

Барланған кен орындары мен геологиялық барлау құрылыстарын игеру,

болжамдық ресурстарды өнеркәсіптік санаттарға өткізу және оларды кеиінгі

өндірістік игеру үшін шамамен 2.0млрд.АҚШ доллары қажет.

Алғашқы кезекте мынадай кен орындары игерілуге тиіс,

-Шу-Сарысу және Сырдария ойпаттарыдағы уран кен орындары (Жалпақ

және Мыңқұдық),

-Күмісті кен ауданындағы алтын кен орны,

-Жабағылыдағы ванадий кен орны,

-Өгем жотасындағы қорғасын, мырыш, вольфрам кен орны,

-Придарожный мен Орталықтағы көмірсутектер кен орны,

Облыс мақта, тері шикізаттары, өсімдік майы, жеміс-жидек, көкөніс

өнімдерін, жүзім, бау-бақша, макарон, темекі, сыра және басқа алкагольсіз

сусындарды басқа жерлерге жеткізіп апарады.

Сонымен бірге, облыста қорғасын, цемент, мұнай өнімдері, күкірт

қышқылы, шйфер, автотрактор шиналары, эксковаторлар, трансформаторлар,

майлы ажыратқыштар, шұлық-ұйық тігін бұйымдары, жиһаз шығармалары.

Облыс екі бағытта жалпы ұзындығы 445км темір жолдар, ұзындығы

5,3мың км. Автомовиль жолдары, оның ішінде қатты жабыны балы 5,1мың км

жол бар. Азаматтық овиация ұзындығы 27мың км ауа белдеулерінде жұмыс

істейді. Облыс орталығы халқаралық Орынбор-Ташкент және Түркістан-Сібір

магистральдарының тоғысында орналасқан. Сонымен қатар облыс аумағы

арқылы Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент-

Түркістан-Самара автомагистральдары өтіп жатыр.

Диплом жұмысын жазуда Республика баспаханаларында

6

Page 8: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

басып шығарылған арнайы ғылыми әммебап әдебиеттер, газеталар және ҚСРО кезінде шығарылған әдебиеттерден пайдаланылды. Экономикасының салаларын жазуда облыстық статистикалық басқарманың материалдарында пайдаланылды. Диплом жұмысы үш негізгі тараудан: кіріспе, негізгі бөлім, қорытындынан құралған. Екінші негізгі бөлім тараушаларға, олар бөлімшелерге бөлінген. Жұмыс пайдаланылған әдебиеттер, суреттер тізімдерімен толықтырылған.

7

Page 9: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

1- ТАРАУ

Оңтүстік Қазақстан облысына физикалық- географиялық сипаттама

1.1 ОҚО-ң территориясының физикалық географиясы, орны, және шекаралары сипаттамсы.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 1932 ж. 10

наурызда құрылған, республиканың оңтүстігінде, Сырдария алабында

орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың км2, бұл Қазақстан аумағының 4,3% бөлігін

құрайды. Халқының саны 2,17 млн. (1.7.2004). Терістігінде Қарағанды,

батысында Қызылорда, шығысында Жамбыл облыстарымен, ал түстігінде

Өзбекстан Республикасымен шектеседі. облыста 11 аудан, 8 қала, 13 кент және

932 ауылдық елді мекен бар. Облыс аумағы 171 ауылдық округтерге және 13

кенттік округтерге бөлінген. Орталығы — Шымкент қаласы.

Республикада қолайлы табиғи жағдайларымен ерекшеленетін, қысы қатал,

жазы салқын Түлкібас пен түгін тартса майы шығатын Жетісайдың, жайма

шуақ Түркістанның арасында ежелде өмір сүрген өркениетті ел болғандығын

дәлелдейтін археологиялық қазба орындар мол. Жақпар тастарда, қыш

кітаптарда қалған таңбалар оңтүстік өлке тарихының сырлы белгісі іспетті.

Облыстың айтарлықтай өндірістік - экономикалық мүмкіндіктері бар.

Олардың негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткілікті еңбек ресурстары

құрайды.

Уран қоры жөнінен облыс Қазақстанда бірінші, фосфориттер мен темір

рудасы бойынша — үшінші орын алады.

Облыс мақта, тері шикізаттары, өсімдік майы, жеміс-жидек, көкөніс

өнімдерін, жүзім, бау-бақша, макарон, темекі, сыра және басқа да алкогольсіз

сусындарды басқа жерлерге жеткізіп отырады.

Сонымен бірге, облыста қорғасын, цемент, мұнай өнімдері, күкірт

қышқылы, шифер, автотрактор шиналары, экскаваторлар, трансформаторлар,

8

Page 10: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

майлы ажыратқыштар, шұлық-ұйық, тігін бұйымдары, жиһаз шығарылады.

Облыста екі бағытта жалпы ұзындығы 445 км темір жолдар, ұзындығы 5,3

мың км автомобиль жолдары, оның ішінде қатты жабыны бар 5,1 мың км жол

бар. Азаматтық авиация ұзындығы 27 мың км ауа белдеулерінде жұмыс істейді.

Облыс орталығы халықаралық Орынбор — Ташкент және Түркістан — Сібір

магистральдарының тоғысында орналасқан. Сонымен қатар, облыс аумағы

арқылы Ташкент — Шымкент — Тараз — Алматы және Ташкент — Шымкент

— Түркістан — Самара автомагистральдары өтіп жатыр.

Ерте кездердің өзінде Оңтүстік өңірі, оның Отырары мен Түркістаны,

Сайрамы мен Шымкенті, тағы басқа қалалары, Қаратауы мен Алатауы,

Мырзашөлі мен Қызылқұмы, Созағы мен Қазығұрты, Сырдариясы мен Арысы

сияқты таулары, өзен, сулары, жазиралы далалары, берекелі құмдары баршаға

мәшһүр болған / 4 /.

9

Page 11: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Облыстың физикалық картасы

10

Page 12: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

1-сурет11

Page 13: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

1.2. Облыстың жер бедері

Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат жағдайлары алуан түрлі, мұнда

шөлдер мен шөлейттер, төбелер, тау жоталары мен қыраттар кездеседі. Жер

бедері бойынша оны үш ауданға бөлуге болады: таулы, төбелі және жазық дала.

Облыстың таулы ауданы оңтүстігінде Батыс Тянь-Шань жоталарынан,

орталығында Қаратаудан, ал оңтүстік-шығысында Талас Алатауының сілемдері

болып табылатын Қаржантау және Өгем жоталарынан тұрады.

Өгем жотасы оңтүстік-батыс бағытта 120 км-ге созылып жатыр және

кескінінің тегістігімен сипатталады. Оның суайрық жоталары әдетте жазық

келеді, көптеген карст шұңқырлары бар. Оңтүстік-батыс бөлігіндегі басты

суайрық жотасы солтүстік-шығыс бөлігінде көтеріле отырып, 2800-3200 м.

биіктікке жетеді. Жекелеген шыңдарының биіктігі 3700-3800 м. дейін жетеді.

Жотаның құрылысы ассиметриялық, ол түгел дерлік ізбестен тұрады. Жотаның

солтүстік-батыс баурайлары көлбеу және ұзын келген. Суайрық жоталары тегіс

формаларымен ерекшеленеді. Ағын су мұнда бірқатар тар, жартасты, жүру

қиын шатқалдар түзген.

Өгем жотасының суайрық басы солтүстік-шығысқа қарай өзінің жазық

пішінін жоғалтып, сүйірленген және тілімделген. Жотаның баурайларын Өгем

және Піскем өзендерінің көптеген салалары алып жатыр. Бұл салалардың

аңғарлары тасты шатқалдар болып келеді.

Қаржантау жотасы Өгем жотасынан батысқа қарай орналасқан. Оның жалпы

ұзындығы 80 км-ге жуық.

Жотаның шығыс бөлігін Өгем жотасынан Өгем өзенінің аңғары бөліп

жатыр. Батысында Келес өзені орналасқан Келес ойпаты жатыр.

Жотаның басты су айрығы оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай

созылып жатыр, баурайлары тік, қысқа келген, көптеген аңғарлармен бөлінген.

Жотаның орташа биіктігі 1700-2000 м. Ең биік нүктесі - Мыңбұлақ тауының

биіктігі - 2834 м.

Қаратау жотасы Талас Алатауынан Шоқпас асуы тұсында бөлініп шығып,

12

Page 14: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

солтүстік-батысқа қарай 420 км-ге созылып жатыр. Ол Солтүстік-батыс (Үлкен)

Қаратау мен Шығыс (кіші) Қаратауға бөлінеді. Қаратау жүйесіне негізгі

жотамен бірге Боралдайтау, Үлкен Ақтау сынды оған қатар орналасқан бірнеше

жота кіреді.

Жотаның көлденең қимасының құрылысы ассиметриялық - оңтүстік-батыс

баурайы көлбеу, ұзын келген, ал солтүстік-шығысы тік, салыстырмалы қысқа.

Оңтүстік-батыс баурай Қарашық, Баялдыр т.б. өзендердің аңғарларымен күшті

тілімделген. Жоғары бөлігінде 100-400 м, орта бөлігінде 500-600 м. және

етегінде 60-250 м. тереңдікке дейін жетеді. Өзен аралықтарында құрылымдық

қырқалардың рельефі тән. Суайрық жоталардың бойында кейде үстірт тәріздес

учаскелер кездеседі.

Оңтүстік-Батыс Қаратаудың ізбестен, құмнан, алеврометтен және

интрузивтік жыныстардан тұратын солтүстік-шығыс баурайына тар өзен

аңғарлары бар тік баурайлар тән, мұнда төбелі учаскелер сирек кездеседі.

Қаратау жотасы солтүстік-батысында біртіндеп төмендеп, жекелеген

шоқыларға ауысады және Қызылқұм мен Бетпақдала шөлдерінің шекарасы

маңында көрінбей кетеді.

Кіші Қаратау үшін төбесінің жайпақ болып келуі және солтүстік-шығыс

баурайының айтарлықтай тілімденуі тән.

Осы сипатталып отырған аумақта байқалатын тектоникалық қозғалыстар

таулардың геоморфологиялық құрылысы мен қатпарлы құрылысында өз ізін

қалдырған. Жас көтерілулер тау рельефінің әртүрлі сатыларын жасады, ал тау

етегі мен тау аралықтарында аккумулятивтік рельеф қалыптасты. Осыған

байланысты аумақта рельефтің үш генетикалық типін бөліп көрсетеді:

денудациялық — тектоникалық таулар, эрозиялық — денудациялық пласты

жазықтар және аккумулятивті жазықтар.

Денудациялық - тектоникалық таулардың рельефі мұздықты – нивальдық

биік тау белдеуін, эрозиялық - денудациялық орта тау белдеуін және аридті —

денудациялық тау бөктерін біріктіреді.

Мұздықты - нивальдық биік тау белдеуі биіктігі 2500 м. асатын Өгем,

13

Page 15: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Майдантал, Талас жоталарында дамыған. Рельефте мұздық денудацияның және

аязды желден мүжілудің іздері бар. Мұнда аспалы мұздықтар мен күртік қар

басқан карлар, трог аңғарлары, цирктер, мореналық шөгінділер және адам аяғы

жете бермейтін жартасты аңғарлар кең таралған. Трог аңғарларының көбінде

ежелгі мұз басудың іздері қалған, тек кейбірінде ғана қазір аңғар мұздықтары

кездеседі. Қардың көптігі мен тік баурайлар қар көшкінінің жүруіне себепші

болады. Мұнда шұңқырлар мен үңгірлер түрінде ежелгі және қазіргі карстар

кездеседі. Шөгінді және опырынды материалдардан аңғарларда түрлі бөгеттер

түзіліп, тоғандар пайда болады.

Эрозиялық - денудациялық орта тау белдеуі Қаратау, Талас және Қаржантау

жоталарында кездеседі. Рельеф 1800-2500м. биіктікпен сипатталады. Суайрық

жоталардың үштары сүйір, дегенмен жайпақтары да кездеседі. Аңғарлардың

кескіні Ү-тәріздес, баурайларының тіктігі әртүрлі, олар қиыршық тастармен

және қой тастармен көмкерілген. Шұңқыр түріндегі карстар, сайлар кездеседі,

олар болуы мүмкін сел ошақтары болып табылады. Көлбеу келген баурайларда

эрозияның интенсивтілігі әлсірейді. Орта тау белдеуі рельефінің түзілуі альпі

тектогенезімен байланысты.

Аридті денудациялық төменгі тау белдеуі Қаратау тауының негізгі рельефі

болып табылады және 700-1500м аралығындағы биіктікпен сипатталады.

Мұндағы рельеф эрозиялық тілімденуімен және беткейдің тегістелу

кескіндерімен ерекшеленеді. Суайрық жоталардың тегістелген беткейлерін

аңғарлар кесіп өтеді. Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай және Құлан

таулары орналасқан. Мұндағы суайрық жоталар шошақ келген, ал жекелеген

шыңдар үшкір пішінді. Тау аңғарлары тар, жартасты ал олардың ұзына бойы

кескіні сатылы келген. Баурайлардың жартасты сипаты мен карст

құбылысының дамығандығы тау жасаушы ізбестердің кең таралуымен

анықталады. Төменгі тау белдеуінің рельефі тектоникалық және одан кейінгі

денудациялық-эрозиялық процестердің өзара әрекет тесуімен түзілген.

Эрозиялық - денудациялық пласттық жазықтар Қаратау жотасының

оңтүстік-батыс баурайының бойында таралған. Толқын тәріздес жер бедері

14

Page 16: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

мезозой және кайназой шөгінділерін сайлар мен аңғарлардың тілімденуі

нәтижесінде пайда болған. Мұнда мезозой және кайназой дәуірлерінде

опырынды материал жинақталған. Кейіннен тектоникалық қозғалыстардың

нэтижесінде тау жыныстары көлбеу қатпарлы құрылымдарға айналған. Осыған

байланысты рельеф солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылған

қысқа тау тізбектерімен сипатталады. Литологиясы жағынан әртүлрлі

жыныстардың эрозиялық мүжілуі рельефтің төбелі және үстелді -тау жұрнақты

типін анықтады. Рельефтің осы типі жыралық эрозия процестерінің әлсіз

байқалуымен сипатталады.

Аккумулятивтік жазықтардың рельефі екі түрлі - пролювиальдық еңіс және

аллювиальдық террасаланған жазықтар.

Пролювиальдық еңіс жазықтар Талас Алатауының солтүстік баурайларын,

Қаратаудың оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс баурайларын және

Қаржантау жотасының солтүстік баурайларын түзген. Олардың биіктігі 300-

800м аралығында ауытқиды. Тау етегінде бірқатар көтеріңкі учаскелер түзілген,

бұл жазықтарға әлсіз толқынды сипат береді. Эрозиялық аңғарлар кең таралған,

олар әлсіз байқалатын террасаланған кертпелер түзеді. Көбінесе жас эрозиялық

ойықтар ежелгі кең аңғарларға сұғынып жатады. Аңғарлардың ойығының

тереңдігі тау етегінде 20-30м жетеді, ал таудан алыстаған сайын біртіндеп

азайып, тегістеліп кетеді.

Еңіс жазықтардың рельефі тектоникалық, денудациялық және негізінен,

аккумулятивтік процестердің өзара әрекеттесуінен қалыптасқан.

Аллювиальдық террасаланған жазықтар Ақсу, Арыс және т.б. өзендердің

бойында кездеседі. Жазықтардың түзілуі өзендердің аккумулятивтік әрекетіне

байланысты. Жазықтардың беті террасалармен бұрырланған. Төрт терраса

бөліп көрсетіледі: өзен жайылмасы және жоғары жайылма, екінші және үшінші

жайылма үстіндегі террасалар.

Жайылма (жоғары жайылмамен бірге) барлық өзендердің бойында

кездеседі. Олардың ені 0-600м аралығында ауытқиды. Жайылма өзен

бастауларында қиыршықты - малта тасты шөгінділерден құралған, бұл

15

Page 17: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

шөгінділер өзеннің орта ағысында қиыршықты – құмды және саздақты

құрылымға ауысады. Өзен сағасына қарай құмды-саздақты құрылымдар басым

болады.

Бірінші жайылым үстіндегі террасаның ені 0,2-ден 2-4 км-ге дейін өзгереді

және жайылмадан 0,6 - 2,5 метрлік кемермен бөлініп тұрады. Террасаның беті

тегіс болады, тек өзен жаққа қарай болмашы ғана еңіс келеді.

Екінші жайылма үстіндегі террасаның су бетінен биіктігі 5-10 метрдей

болады. Оның беті тегіс, террасаның ені 0,5-2 км-ден 15-20 км-ге дейін

ауытқиды.

Үшінші жайылма үстіндегі терраса кең таралған. Оның беті лай тәріздес

саздақ топырақтан тұрады, жыралармен тілімденген. Жыралар ойығының

тереңдігі 10-30 м-ге жетеді, ал террасаның биіктігі 5-7 - ден 20 - 40 м-ге дейін

өзгереді. Террасаның ені кейде 20 км-ге дейін жетеді.

Аймақты геологиялық құрылысының күрделілігі бойынша аудандастыру

қарастырылып отырған аумақта үш негізгі геологиялық – құрылымдық

элементті бөліп көрсетуге болады: денудациялық, пласттық және

аккумулятивтік жазықтар.

Денудациялық – тектоникалық тарауларға Талас Алатауы, Өгем, Майдантал,

Қаржантау, Жабағылы, Үлкен және Кіші Қаратау сияқты бірқатар тау жоталары

жатады.

Өгем мен Майдантал жоталары – биіктігі 4000м асатын таулар. Мұнда

аспалы мұздықтары бар Карлар, Трог аңғарлары, цирктер, мореналар, тік

жартасты аңғарлар кең тараған.

Қаржантау жотасының ұзындығы қысқа ғана - 50 км-ге жуық, биіктігі 1800-

2000м суайрық жоталарының пішіні негізінен жұмыр, жазықтан 900-1000м

биіктікте көтеріліп тұрады.

Жабағылы тауы солтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр. Тау

биіктігі 4000 м-ден асады. Ең биік нүктесі - Ақсукент шыңы (4027 м.)5 оның

солтүстік баурайында мұздық бар. Таудың оңтүстік және солтүстік екі тармағы

бар.

16

Page 18: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Үлкен және Кіші Қаратау жоталарының ұзындығы - 420 км, биіктігі 1500-

1800 м, орта және аласа тауларға жатады. Ең биік нүктесі - Бессаз тауы (2176

м.). Баурайлары ассиметриялы, солтүстік-шығыс баурайы тік, жартасты,

оңтүстік-батыс баурайы көлбеу және өзендері мен жылғалар көп шығады.

Терең өзен аңғарлары жота баурайларын жекелеген өзен аралық массивтерге

бөледі.

Өзен аңғарлары каньон тәріздес. Рельеф макро-пішіндері оны жасаушы

жыныстардың литологиясымен байланысты: суайрық кеңістіктер ізбестерден

тұрады, төбелі рельеф аргиллиттер ауданында дамыған. Эрозиялфқ-

денудациялық - пласттық Қаратау жотасының оңтүстік-батысында таралған.

Бұл толқынды рельефтің кей жердегі биіктігі 50 м-ге дейін жетеді.

Аккумулятивтік жазықтардың рельефі екі түрмен - пролювиальдық еңіс

жазықпен және аллювиальдық жазықпен берілген. Ақсудың төменгі ағысы

және Арыс сияқты ірі өзендердің бойында таралған. Пролювиальдық еңіс

жазықтар Талас Алатауының солтүстік баурайларында және Қаратаудың

оңтүстік-батыс баурайында кездеседі / 11,12 / .

17

Page 19: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

18

Page 20: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

1.3. Оңтүстіктің территориясының геологиялық құрылысы

және пайдалы қазбалар

Оңтүстік Қазақстан облысының жазықтық аймағы Тұран плитасының

құрамына кіреді.

Жазық өңірі негізінен мезокойнозой шөгінді жыныстары мен /құм, тас,

құмдар, илевролиттер, саз - балшықтар жамылғычсы таулы бөлігі төменгі

протерозой - палеозойлық жыныстардан /конгломераттар, құм тастар,

мәрмәрлер, ізбесті тастар доломиттер, граниттер, габбро, липариттер ж.т.б.

мезокойнезой шөгінділерімен жамылған.

Ақсу, Сайрам өзендерірінің алабтарында, тау етектерінде бор дәуірінде

жыныстары таралған. Батыс Тянь-Шань, Қаратау тау етектерінде ерте бор

дәуірінде қызыл-сарғыш саз - балшықтар құмтастар алевролиттер таралған.

Бор дәуірінде климат құрғақ, аридті болған. Мұның өзі қызыл түстегі

жыныстардың кең тарағанын көрсетеді. Төменгі жағы құмды саздармен,

жоғарғы қабаты конгломераттармен және басқа шөгінді тау жыныстарымен

құралған. Қалыңдығы 1500м –ге дейін жептеді.

Қаратау және Талас Алатауында кембрий, ардовик, дервон, карбон

дәуірлерінің тау жыныстары таралған. Қаратау етектерінде полеген дәуірінің

жыныстары құмды – сазды болып келеді.

Аумақты геологиялық - геоморфологиялық құрылысының күрделілігі

бойынша аудандастыру. Қарастырып отырған аумақта үш негізгі геологиялық-

құрылымдық элементті бөліп көрсетуге болады: денудациялық, пластық және

аккумулятивтік жазықтар.

Денудациялық-тектоникалық тарауларға Талас Алатауы, Өгем, Майдантал,

Қаржантау, Жабағылы, Үлкен және Кіші Қаратау сияқты бірқатар тау жоталары

жатады.

Өгем мен Майдантал жоталары - биіктігі 4000 м. асатын таулар. Мұнда

аспалы мұздықтары бар карлар, трог аңғарлары, цирктер, мореналар, тік

жартасты аңғарлар кең тараған.

19

Page 21: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Қаржантау жотасының ұзындығы қысқа ғана - 50 км-ге жуық, биіктігі 1800-

2000 м., суайрық жоталарының пішіні негізінен жұмыр, жазықтан 900-1000 м.

биіктікте көтеріліп тұрады.

Жабағылы тауы солтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр. Тау

биіктігі 4000 м-ден асады. Ең биік нүктесі – Сайрам шыңы (4027 м.), оның

солтүстік баурайында мұздық бар. Таудың оңтүстік және солтүстік екі тармағы

бар.

Аумақтың геологиялық құрылысына шығу тегімен жасы әртүрлі жыныстар

кешені - протереозойдан төрттік дәуірге дейінгі шөгінділер қатысқан.

Қарастырылып отырған аумақ литологофацияльдық және

стратиграфогенетикалық жыныстар құрылымдық-тектоникалық жағдайының

күрделілігімен ерекшеленеді.

Протерозой тобы. Жоғары протерозой.

Жоғары протерозой шөгінділерінің жалпы қалыңдығы 2600 м.

Кейінгі протерозой шөгінділері Үлкен Қаратау жотасының солтүстік-шығыс

баурайында байқалады және қайнар мен бақырлы қабаттары болып бөлінеді.

Қайнар қабатының құрамына қышқыл құрамды (кварц порфирлері

альбитофиралар кератофиралар), орта және негізгі құрамды эффузивтер

(диабаздар, спиллиттер, порфириттер), олардың туфтары жылу туфтары

туфогендік конгломераттар, сланецтер кіреді.

Палеозой тобы. Палеозой тобының шөгінділері кембрийге дейінгімен

салыстырғанда кеңірек таралған әрі үлкен қалыңдығымен көзге түседі.

Кембрий жүйесінің шөгінділері Үлкен және Кіші Қаратауда кең таралған.

Кембрий 3 бөлімге бөлінеді.

Төменгі Кембрийдің негізіндегі базальттық конгломераттары Үлкен

Қаратауда жатыр олар жоғары қарай құмды сазды кремнийлі сланецпен

алмасады. Үлкен Қаратаудағы төменгі кембрий қабатының қалыңдығы 1000м

жетеді.

Үлкен Қаратаудағы орта және жоғарғы кембрий шөгінділері конгломераттар

мен сортталмаған құмдақтардан басталады (қалыңдығы 20-35 м.), ол жоғары

20

Page 22: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

қарай құрамында ванадий мен фосфор болған, сланецтер, алевролиттер бар

көмірлі - кремнийлі сланецтер қабатымен алмасады. Қабатты филлит тәріздес

сланецтер, алевролиттер, ізбест тастар мен доломиттер және кремнийлі

жыныстар аяқтайды.

Ордовик жүйесінің шөгінділері Үлкен және Кіші Қаратауда кең тараған.

Төменгі және орта бөлімдер.

Үлкен Қаратауда төменгі-орта ордовик құрылымдары литологиялық

жағынан кварцтық-хлориттік-филлиттік сланецтер түрінде (ізбеспен алмасып

отырады) берілген. Одан жоғарьіда қоңыр яшмалар мен яшма тәріздес ала-қүла

түсті сланецтер, алевролиттер, алевролитті сланецтер жатыр, олар филлиттік,

кварц-серициттік сланецтермен алмасады. Қабаттың қалыңдығы 1000м жетеді.

Орта-жоғары ордовик құрылымдары Үлкен Қаратау жотасының оңтүстік-

шығыс бөлігінен байқалады. Қалың алевролитті - құмдақ қабатпен, кварц -

шпатты жасыл-сүр құмдақ түрінде берілген. Қалыңдығы 1000м

Девон жүйесі. Орта және кейінгі девон шөгінділері Қаратаудың орталық

бөлігінде кең тараған және туфогендік материалды конгломераттар мен

аргиллиттермен берілген. Шөгінділердің жалпы қабаты 2000м жетеді.

Тас көмір жүйесі. Төменгі бөлім шөгінділері Қаратаудың оңтүстік-

батысында, Боралдай және Өгем жоталарында көрінеді. Шөгінділер ізбестті

тастар, доломит, мергель, құмдақ және алевролиттер түрінде кездеседі.

Қалыңдығы 825-2825м шамасында.

Орта бөлім шөгінділері Кіші Қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде

кездеседі. Жыныстары құмдақтан, конгломераттан және қызыл гипсті саздан

тұрады. Шөгінділердің қалыңдығы 500м дейін.

Пермь жүйесі. Бұл жүйенің шөгінділері Қаржантау жотасындағы Ленгір

көмір кенішінен оңтүстікке қарай таралған. Шөгінділер ізбесті

конгломераттардан, құмдақтардан, алибитофирлердің қабатшасы бар

порфиттерден тұрады. Қалыңдығы 650 м. дейін жетеді.

Мезозой тобы. Юра жүйесі. Юра шөгінділері тек юра дәуіріне дейінгі

дойпатты жерлердетолтырған, сол себепті өте аз таралған арасында таралған

21

Page 23: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

және сүр, жақсы жылтыраған ізбестен, кварц тастары мен малта тастарынан

тұрады. Шөгінділердің қалыңдығы 700-3000м

Бөлінбеген юра шөгінділері. Келтемашат және Ленгір көмір кеніштерінің

маңында жер бетіне шығып жатады. Конгломераттармен, көмірлі

сланецтермен, құмдақты саздармен құралған. Қалыңдығы 200 м. жуық.

Бор жүйесі. Шөгінділер Үлкен Қаратау жотасында, Үлкен және Кіші

Қаратау жоталарының арасындағы депрессияда кездеседі. Ізбес пен мергель

қабатшалары бар қызыл және қызыл-жасыл саздан қалыптасқан. Қалыңдығы

25-130 м. аралығында.

Жоғары бор шөгінділері Қаратаудың оңтүстік-батыс бөктерінде, Ташкент

маңындағы Чульде кең тараған.

Пайдалы қазбалар. Оңтүстік Қазақстан облысы полиметаллдық кендердің,

фосфаттардың қоймасы болып табылады. Облыс территориясындағы

полиметаллдық кендердің құрамында қорғасын, мырыш сонымен қатар сирек

жер элементтері (мыс, алтын, күміс, германий, индий және т.б.) болады. 110 кен

орындары белгілі ( үлкендеріне Ащысай, Мырғалымсай, Қарасай, Байжансай

және т.б.). Оңтүстік Қазақстан облысы республикада қорғасын өндіру бойынша

үшінші орын, мырыш төртінші, ал полиметаллдық кендерді өндіру мөлшері

бойынша Шығыс Қазақстан облысынан кейін екінші орынды иеленеді.

Қаратау тауындағы таукен өндірісі ертеден белгілі. Қаратау тауы жүздеген

километрге, ал оның оңтүстік-батыс етегінде қорғасынды-мырыш кен

орындары созылып жатыр.

Қаратау тау жотасының кен орындары мен кен іздері карбонаттық

жыныстардың арасында орналасқан, Ащысай кен орны Қаратаудың оңтүстік-

батыс беткейінде Түркістан қаласынан 110 км жерде орналасқан. Оны 1873

жылы белгілі орыс табиғат зерттеушісі НА. Северцев ашқан.

Мырғалымсай кен орнын 1930 жылы Қарасай таукен барлау партиясының

аға коллекторы Мырғалым Фахрезетдов ашты. Ащысай кендерінен ерекшелігі

Мырғалымсай кенінің құрамыңда бөліп алуға болатын күміс, барий және т.б.

пайдалы компоненттері бар.

22

Page 24: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Байжансайдың қорғасын және мырыш кендері жер бетіне жақын

орналасқан. Оны жергілікті тұрғындар тапқан қорғасынмен цинктік қоры

бойынша орташа кен орнына жатады. Өндірісі 1954 жылы басталған.

Қаратаудың қорғасын-мырыш кен орындарының кендерінде индий элементі

бар» Ол 1963 жылы ашылды.

Ленгір мен Келте машатта қоңыр көмір кен орны бар, бірақ қоры үлкен

емес. Облыс керамзитті сазға бай. Одан өндірілетін керамзит құрылыс

материалы ретінде қолданылады.

Оңтүстік Қазақстан облысында құрылыс материалдарының қоры көп,

Карбонаттың жыныстар құрылыстың тас, қиыршақ тас, тау тас түрінде

пайдаланады. Белгілі кен орындарына Бадам (гранит), Қаратас, Түлкібас,

Тұздықұдық және т.б. жатады.

Сайрам, Төлеби, Түркістан, Алғабас және Отырар аудандарында кірпіш

өндірісіне қажетті сазды балшықтар бар.

Қазығұрт, Түлкібас аудандарында минералдық бояулар қоры барланған.

Созақ және Отырар аудандарында уран кендері өндіріледі. Кіші Қаратау тау

жотасының бассейнінде жалиы қоры 26 млрд, т болатын фосфориттердің 45 кен

орны барланған, оның ішінде Үшбас, Көксу кен орындары ОҚО

территориясында орналасқан / 13,16 /.

23

Page 25: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

24

Page 26: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

1.4. ОҚО территориясының климаты және

агроклиматологиялық жағдайлары

Облыс аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның

ылғалдылықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер

бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда

күндізгі және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыл ауытқып

отырады. Жазы ұзақ, облыс түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең

суық ай — қаңтардың орташа температурасы —2 — 9°С. Ең суық кезең Созақта

тіркелген (-41°С).

Жазы ыстық: шілде айының орташа температурасы 19 — 29°С. Ең ыстық

кезең Шардарада (47°С) тіркелген. Вегетация кезеңі 230 — 320 тәулікке

созылады.

Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100 — 170 мм, тау

етектерінде 300 — 450 мм, ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін құбылады.

Жауын-шашын негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар

жамылғысының орташа қалыңдығы 20 — 40 см аралығында, жазықта 2 айға,

тауларда 5 айға дейін жатады. Қар қарашаның соңы, желтоқсанның басында

түсіп, наурыз айында ери бастайды.

Облыс аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа райы басым.

Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндердің ұзақтығы жылына солтүстіктен

оңтүстікке қарай 2150 сағаттан 3000 сағатқа дейін артады. Жылына 150-ден 260

күнге дейін күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер тиісінше 60 күннен 15 —

20 күнге дейін азаяды. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация

мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артады. Облыста оңтүстік

және солтүстік батыс желі көбірек тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1,9 —

3,9 м/с. Желдің қатты тұратын аймағы — Ақсораң, онда желдің жылдамдығы

5,1 м/с-қа жетеді. Шақпақ пен Арыстанды-Қарабас желдері өте күшті соғады.

Облыстың қиыр оңтүстігі жылу мен ылғалдың жыл бойы таралуына, т.б.

метеорологиялық сипаттамалар ерекшеліктеріне қарай оңтүстік шөл белдем

25

Page 27: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

аралығын құрайды. Ерекшелігі — жауын-шашынның негізгі мөлшері (62 —

67%) наурыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей қар қылаулайды, бірақ та

көп жатпай, тез еріп кетеді. Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы 245 — 260 тәулік,

10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық

жиынтық мөлшері 4300 — 4600°С.

Жыл маусымдарына айқын ажыратылады. Қысы қысқа — 90 күндей. Жазы

ұзақ — 160 — 170 күнге дейін созылады.

Агроклиматтық аймақтары. Облыс аумағы агроклиматтық жағдайына

байланысты мынадай аймақтарға бөлінеді.

1. Шөлдің құрғақ, ыстық аймағы облыс аумағының көп бөлігін — Бетпақ

дала, Мойынқұм, Қызылқұм шөлдері мен облыстың орталық бөлігін қамтиды.

2. Өте құрғақ, ыстықтау аймағы. Бұл бөлікке Түркістан, Бәйдібек, Түлкібас,

Сайрам, Төлеби, Қазығұрт аудандары, Созақ ауданының оңтүстік-шығыс бөлігі

кіреді.

3. Таулы аймақтар Тянь-Шань тауының батыс бөлігі мен Қаратау жотасын

қамтиды. Бұл аймақта Түркістан, Созақ, Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт және

Төле би аудандары орналасқан.

Облыс табиғи-шаруашылық жағдайына қарай мынадай аймақтарға, топтарға

бөлінеді:

1) Шөлдің мал шаруашылық аймағы — қаракөл қойларын өсірумен

айналысады: Қаратау маңы аймағы, Қызылқұм аймағы.

2) Суармалы жер және мақталы аймақ: Мақтаарал — Сарыағаш аймағы,

Арыс — Түркістан аймағы.

3) Таулы — далалы суармалы аймақ: Тұрақты, суармалы, орташа тұрақты

суармалы.

4) Ашық далалы аймақ — Шардара су қоймасы.

1) Шөлдің мал шаруашылығы аймағын облыстың жазық бөлігі — Қызылқұм

шөлі, Сырдария өзенінің аңғарындағы тақыр жазықтар, Қаратау таулы аймағы,

Мойын-құм шөлі, Шу өзенінің аңғары, Бетпақда-ла шөлді даласы алып жатыр.

Бұл аймаққа Созақ, Отырар және Шар-дара аудандары кіреді. Климаты

26

Page 28: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

шүғыл өз-геріп отыратын температурамен, жауын-шашынның өте аз түсуімен,

құрғақ ауа, булану дәрежесінің жоғары болуымен, күн сәулесінің мол түсуімен

ерекшеленеді.

Аймақ Қаратау маңы және Қызылқұм болып екіге бөлінеді. Қаратау маңы

бөлігіне Қаратау жотасының солтүстігі және Бетпақдала мен Мойынқұм

шөлдері қарайды.

Қызылқұм аймағы — құмды шөл, облысқа оның батыс бөлігі енеді.

Сырдария маңында суармалы жерлер бар.

2) Суармалы жер және мақталы алқап облыстың көп бөлігін қамтиды.

Сарыағаш, Мақтаарал, Ордабасы, Түркістан қалалық әкімдігіне қарасты аумақ

кіреді.

Судың мол қоры және ауа райының жылы болуы егін шаруашылығымен

айналысуға көмектеседі.

3) Таулы аймақ облыстың оңтүстік-шығысында суармалы жерлерде

орналасқан.

Тянь-Шань тауының батыс таулы тізбектері оңтүстік-батысқа қарай

созылады. Тау қыраттарында тауаралық аңғарлар мен қазаншұңқырлар

кездеседі. Жер бедері өте күрделі, тау қыраттарын мәңгі мұз жамылған

жайылымдар, суармалы жерлер алып жатыр. Теңіз деңгейінен биікте болуы

және жер бедерінің күрделілігі топырағының әр түрлілігіне әсер етеді. Бұл

аймаққа Төлеби, Сайрам, Түлкібас, Бәйдібек және Ордабасы, Қазығұрт

аудандарының бөлігі қарайды. Аймақтың климаты жазының ыстық, қысының

қысқа болуымен ерекшеленеді.

4) Ашық дала аймағына Мақтарал, Шардара аудандары кіреді. Жазы өте

ыстық, жауын-шашын аз түседі. Жерінің кейбір аймақтары тұзды.

Топырағының тұздануы уақыт өткен сайын қайталанып отырады / 6,9 /.

27

Page 29: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Оңтүстік Қазақстан облысының климаты

4-сурет

28

Page 30: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

1.5. ОҚО территориясының ішкі сулары, топырағы өсімдік

жамылғысы және жануарлар әлемі.

Оңтүстік Қазақстан облысының гидрографиялық жүйесі оның бүкіл

аумағында әрқалай орналасқан.

Мұнда барлығы су кадастры арқылы 297 өзен тіркелген. Олардың жалпы

ұзындығы 8045 км. Құрайды. Оның ішінде 42-сі сел қаупіне жақын саналады:

16 өзенде құм-тас аралас лайлы ағымы болуы мүмкін, ал 26 өзенде айналасын

шайып кететін сел жүруі мүмкін. Бұл өзендерден басқа көптеген есепке

алынбаған ұсақ су арналары да (жыралар, жылғалар) бар. Олар арқылы көктем

айларында су тасуы байқалады. Сел қаупін тудыратын өзендер санының

көптігіне қарамастан аудандағы төтенше жағдай қауіптілігі онша үлкен емес.

Аймақтағы барлық өзендер Арал теңізі алабына жатады. Олар бастауларын

Қаратау, Қаржантау, Өгем жоталарының баурайларынан алады. Тау

өңірлерінен шыға берісте өзен сулары егістік суаруға алынады. Бұл сулардың

бір бөлігі өзендерге қайта құяды, бірақ азғана бөлігі булануға және су

қоймаларында, каналдарда және суарылатын жерлерде сүзілу есебінен

жоғалады.

Жер беті ағыны облыс территориясы бойынша біркелкі таралмаған:

көпшілігі орталық және оңтүстігімен ағады. Ірі өзендері — Сырдария.

Салалары: Келес, Құркелес, Арыс, Бөген және Шу өзені. Төменгі ағысы

тартылып қалады. Сырдария мен Келес салаларында Шардара бөгені

орналасқан.

Сырдария өзенінің ұзындығы - 2190 шақырым. Бұл өзен Нарын мен

Қарадария өзендерінен басталады. Нарын өзенінің ұзындығы - 700 шақырым.

Осы өзенді қоса есептегенде Сырдария өзенінің қоры Тянь-Шаньнан, Талас

Алатауынан, Қырғыз даласынан, Теріскей Алатауынан басталады. Ауданы - 422

мың шақырым. Қазақстан территориясында Сырдарияның оң жағында өзінің

үлкен саласы Шыршық өзенінің оң жағында Келес өзенін, төменгі ағысында

шөлді жерлермен ағады да, 400-500 шақырым қашықтықта, сол жақ саласы

29

Page 31: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

жоқ. Оң жағында тек бір ғана саласы бар. Арыс өзені мен Сырдария өзенінің

Өзбекстан мен Қазақстан үшін үлкен маңызы бар. Қызылорда облысы

Сырдарияның суын күрішке пайдаланады.

Сырдария алабы Орта Азиядағы төрт мемлекеттің (Қырғызстан, Тәжікстан,

Өзбекстан және Қазақстан) аумағында орын тепкен. Дарияның ұзындығы 3019

км. Алаптың ең басты ерекшелігі - оның аумағының екі айқын зонаға: ағынды

қалыптасу және пайдалану зоналарына бөлінуі. Ал, Қазақстан аумағы екінші су

пайдалану зонасында жатыр.

Сырдария алабының көп жылдық орташа су ресурстары 30,4 км3/жыл, суы

мол жылдарда 45,0 - 50 км3/жыл, қуаң жылдарда 25,5 км3/жыл аралығында

ауытқиды. Негізінен мұздықтар мен еріген қар суымен қоректенуіне

байланысты табиғи жағдайда Сырдария көктем-жаз айларында тасиды. Су тасу

кезінде су өтімінің мөлшері Көкбұлақ бекетінің түсында секундына 1000-3700

текше метр аралығында ауытқиды. Қазақстан аумағында Сырдарияға сол

жағынан Келес, Арыс өзендері құяды. Сырдың су жинау алабының ауданы

462000 км2 тең.

Сырдария алабы көне суармалы егіншілік аудандардан өтетіндіктен кезінде

ТМД-ның негізгі мақта өсіретін базаларға пайдаланылды. 1913 жылдары

Қазақстан шекарасына дейін 1073 мың га, оның 743 мың га-сы

Ферғана аңғарында, Шыршық-Ангрен-Келес ирригациялық ауданында

(Ташкент оазисі) - 219 мың га, Мырзашөлде - 50 мың га, Дальверзин даласында

- 7 мың га жер суарылатын. (13)

Арыс өзені - Сырдарияның оң жақ саласы болып табылады. Өзеннің

ұзындығы 332 шақырым. Арыс өзені алғашқы да Көкбастау өзенінен

басталады. Көлбастау өзені Талас Алатауы мен Қаратаудың аралығында

орналасқан. Бұл жерлерде бұлақтар көп. Алатау мен Қаратаудан ағып шығатын

осы бұлақтар Арыс өзенін құрайды. Өзеннің суы көп айы - наурыз, сәуір, ал

азаятын кезі қазан-ақпан аралығы.

Арыс өзені 3500м биіктіктегі Талас Алатауы мен Қаратаудың арасындағы

ойпатта орналасқан Шақпақ жотасынан бастау алады. Бассейнінің ауданы —

30

Page 32: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

14530 км, оның 50 %-ы таулы бөлікке кіреді. Бастаудың жоғарғы жағындағы

өзен арнасы кең, аңғардың баурайлары тегіс. Ары қарай төменгі ағыста

баурайы тік болып келеді, аңғардың ені 1 км және оданда үлкен болады.

Балықшы ауылының төменгі жағында өзенге Боралдай (оң жақ), Машат, Ақсу

және Бадам (сол жақ) сияқты ірі салалары қосылады.

Ақсу өзені - Арыс өзенінің ең ірі саласы. Мұның бассейні Талас

Алатауының батыс бөлігінде орналасқан. Ауданы 750 км2 ұзындығы 120

шақырым.

Бадам өзені - Арыс өзенінің ең ірі сол жақ саласы. Мұның бассейні Бадам

тауының солтүстік, солтүстік-батысында, Талас Алатауының оңтүстік бөлігінде

орналасқан. Бассейннің ауданы – 4300 км2 ұзындығы -137 шақырым.

Боралдай өзені — Арыс өзенінің Оңтүстік - шығыс ірі саласы. Бассейні

Қаратау жотасының оң жақ бөлігінде орналасқан. Ауданы 800 шақырым,

ұзындығы -130 км2. Боралдай өзені - кіші Боралдай, үлкен Боралдай өзендерінің

қосылуымен құралады. Негізінен қар суымен және жерасты қоректенеді. Арыс

өзені өзінің барлық салаларымен Оңтүстік Қазақстан облысының мақта

шаруашылығында пайдаланылады.

Машат өзені - Арыс өзенінің сол жақ саласы, бастауын 2500м биіктіктен

алады. Өзеннің ұзындығы 75 км. су жинайтын ауданы 579км Өзеннің жоғарғы

жақ бөлігіндегі аңғары құзды болып келеді. Бастаудан 25 км қашықтықта Ү

тәріздес өзен аңғары тереңдігі 150-200 м. болатын тік жартасты каньонға

айналады. Жартастар желден мүжілген әртүрлі жыныстар мен әк тастардан

құралған. Бастаудан 45 км. оң жақтан Дәубаба өзені қосылғаннан кейін каньон

біртіндеп кеңейе бастайды да, төменгі ағыс бөлігінде 100-150 км болады.

Келес өзені шамамен 1800 м. биіктіктегі Қаржантау жотасының солтүстік-

батыс баурайларынан бастау алады. Өзеннің ұзындығы - 236 км., бассейнінің

ауданы — 3310 км2. Өзен бастауының жоғарғы жағындағы жер бедері қыратты

болып келеді. Таулы бөлігіндегі өзеннің аңғары кең болып келеді және төмен

қарай одан әрі кеңейе түсіп 1,5 км-ге дейін жетеді. Өзен аңғарының

жағалаулары жазық. Өзен арнасы тау аңғарынан шыққаннан кейін ағысын

31

Page 33: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

күшейтеді. Нәтижесінде арна жағасының опырылуына апарып соқтыратын

күшті эрозиялар болады.

Өзен аңғарының өн бойын үш террасаға бөлуге болады. Олар сарғыш-

сұрғылт түсті саздақтан, құмдақтан, малта тастар мен конгломераттардан

тұрады.

Жайылма алқабын су тасыған кезеңде су басып қалады. Кейбір жылдары

судың деңгейі 1 м және де одан да жоғары биіктікке көтеріледі. Өзен

жайылмасы негізінен малта тасты, саздақты және құмайтты болып келеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы көлдерге бай емес. Олар негізінен облыстың

солтүстік бөлігінде орналасқан. Олар өте түзды және саяз болып келеді. Жазық

аймақтарда артезиан сулары бар. Ол сулардан минералды сулар шығады, оны

емдік бағытта пайдаланады. Сарыағаш курортындағы минералды су

Облыста су қорына өзен және көлдерден басқа - жер асты сулары да жатады.

Жер асты сулары халық шаруашылығына пайдаланады. Артезиан суы шөлдегі

аймақтар үшін егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына тиімді. Елді

мекендер ол суларды негізгі ауыз су ретінде пайдаланады.

1-кесте

Облыс территориясындағы ірі өзендер.

№ Өзендер

Ұзындығы

Су жинау

алабының көлемі

км2

Бастау

биіктігі, м.

Жылдықорташ

а шығыным3/с

Қорек-тенуі

Негізгі салалары

1 Арыс 378 14530 3500 40,2 Жаңбыр,жерасты суы

Боралдай, Қараүңгір, Машат, Ақсу, Бадам

2 Келес 23,6 3310 1800 5,9 Қар, жерасты суы

Ұя, Қаржан, Аңырақ, Көкпақ.

3 Ақсу 133 766 4042 4,02 Қар суы, жаңбыр, жерасты суы

Балаақсу, Бұғылтұр, жаңбырлы-сай.

4 Бадам 138 4380 2700 4,51 Жаңбыр, жерасты

Ермек-бадам,

32

Page 34: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

суы Ленгір, Сайрамсу, Текесу.

5 Сайрам

76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы

Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу.

6 Машат 75 579 2500 2,1 Қар, жерасты суы

Дәубаба.

7 Қантағы

102 1210 1460 1,8 Қар, жерасты суы

Біресек.

Оңтүстік Қазақстан облысының көпшілік жерін шөлдер алып жатыр. Шөлді

жердің ерекшелігі жауын-шашынның өте аз мөлшері (жылына 300 мм-ден

жоғары емес) және жазының ыстық (шілде айының температурасы +30°

жоғары) болып келуі өсімдіктердің өсіп жетілуіне кері әсерін тигізеді. Шөлдік

зонада өсімдік дала аймағындай қаулап шықпайды, сирек, селдір өседі. Бұл

судың тапшы болуына байланысты болады. Шөлді жерлерде өсімдік алдымен

құмды төбешіктердің арасындағы ойпаттарда, беткейлерде өседі. Ағаш текті

өсімдіктерден сексеуіл, жүзген, қияқ, құмқараған, селеу өседі. Шөлді аймақта

өсетін өсімдіктер табиғаттың қатаң жағдайына бейімделген. Олардың

бойындағы ылғалды тікенді қабыршаққа айналған жапырақтары немесе түктері

сақтайды.

Ең үлкен массив Қызылқұм территориясында өсімдік жамылғысы

жартылай, облыстың оңтүстік бөлігін алып жатыр. Мұнда жусан, сораң, еркек

шөп, жантақ, күйреуік, бүйірген, сексеуіл. Сырдария аңғарында жиде, жыңғыл,

шеңгел, жал тау етегінде бетеге, жусан, таулы өңірде бұта, жеміс ағаштары,

арша, ырғай және тағы басқа өсімдіктер өседі.

Облыс аймағында грек жаңғағы сақталған. Облыста ксерофитті сирек

ормандар кездеседі. Өзен аңғарларында кездесетін орман-тоғайлар әлі де болса

бар. Батыс Тянь-Шань тауларында, Өгем шатқалдарында, Талас Алатауында

ксерофитті сирек ормандар кездеседі. Бұл негізінен арша, бұталар, шөптесін

өсімдіктерден тұрады. Шөлді жерлерде сексеуіл өседі. Мұның қара және

33

Page 35: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

ақсексеуіл деген түрі болады. Ақсексеуіл әсіресе, құмды аудандарда кең

тараған. Шөлде жусанның көптеген түрлері бар. Мұнда басқа ешқандай

облыста өспейтін жусанның дермене деген түрі медицинада пайдаланылады.

Облыстың Өгем, Піскем, Талас Алатауы жоталарының белдеуінде май қарағай

жаңғақ ормандары, бүталар, шалғындар өседі.

Топырақ өте күрделі табиғи түзіліс. Топырақтың пайда болуы тау

жыныстарының бөлшектеніп, қопсуынан басталады. Топырақтың түзілуіне,

оның қасиетіне түрлі факторлар әсер етеді. Табиғатта жылу мен суықтың, ылғал

мен тірі жәндіктердің әрекетінен үгілген тау жыныстарының үстіне өсімдіктер

өсе бастайды. Күзге қарай қураған шөп, өсімдік, ағаш жапырақтары, шіріген

бүтақтардан топыраққа органикалық зат беріледі. Органикалық қалдық

заттарды бактериялар шірітіп, жаңа затқа - қара шірікке айналдырады.

Солтүстік шөлді аймақта (Бетпақ-дала) негізінен қарашірігі 1% қоңыр және

сүр қоңыр топырақты атырап болып келеді. Оңтүстікке қарай шөлді аймақ тау

беткейі аймағына ауысады. Оларды қара шірінді 3-4% құрайды. Бұл жерлердің

топырағы сұр, қоңыр, қызыл шалғынды далалық болып келеді.

Оңтүстік Қазақстанның шөл және шөлейт зоналарында құмды және

құмдақты топырақ таралған. Көп жерлердің топырағы сортаң топырақ.

Қызылқұм және Мойынқұм топырақтарында бар-жоғы қарашірік 1% - дан да

төмендеу келеді. Жер асты суларының минералды тұздары жоғары көтерілуіне

байланысты және су ресурстарын дұрыс пайдаланбау себебінен топырақ

құрамында тұзды аймақ пайда болады. Бұл әсіресе, Шу өзенінің төменгі

саласында айқын білінеді, бұл жерлерде топырақ беті 1-1,5% көлемінде жұқа

тұз қабаттарымен көмкерілген. Сырдария, Арыс, Шу өзендерінің аңғарларында

өзендердің су режимдерінің әсерінен құралған шалғынды-аллювиальді

топырақтар таралған.

Оңтүстік Қазақстанда топырақ жамылғысы биіктік белдеулік бойынша

жақсы байқалады. Бұл аудандарда топырақ жамылғысының белдеулік

шекарасы мұндағы табиғат зоналарымен абсолюттік биіктікте, орграфиялық

ерекшеліктеріне және ылғал алып келетін территориясында топырақ биіктігі

34

Page 36: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

белдеулік бойынша бөлінеді:

1. Тау алды және тау етегіндегі шөлейтті сүр қоңыр топырақ белдеуі.

2. Таудың құрғақ шалғынды қоңыр топырақ белдеуі.

3. Биік тауда альпілік және суьальпілік тау шалғынды топырақ белдеуі.

Оңтүстік Қазақстанның құрғақ аудандарында сортаңдар кездеседі. Ең

төменгі вертикальдық белдеу Тянь-Шань жазықтық ашық қоңыр топырақ

таралған. Бұлар Қазақстан бойынша аз таралған. Бұл топырақта қара шірік 0,7-

1,5%. Қоңыр топырақ Қаратаудың етегінде, Талас Алатауының етегінде

таралған. Осы топырақ 600-700 м. абсолюттік биіктікке дейін жетеді. Мұның

құрамында органикалық заттар, қара шіріндісі жоғары болып келеді. Мұндай

топырақтар егін егуде бағалы, құнарлы болып келеді. Талас Алатауының батыс

бөлігінде, Өгем, Піскем жоталарында сұр топырақтар, қоңыр топырақтар

кездеседі.

Адам тіршілігінде топырақтың атқаратын қызметі мен маңызы өте зор. Топырақтың құнарлы қабаты ұлттың байлығы болып табылады. Топырақ тозып кетпес үшін үнемі байытып, оның құнарлылығын арттырып отыру ертеңгі ұрпағымыз үшін өте қажет, Топырақты эрозияға ұшыраудан сақтау үшін ағаш отырғызып, ауыспалы егін егу керек.

Бор дәуірі тау жыныстарын үгілу формалары («Қырық Шілтен» әуліесі)

5-сурет

Өгем тауның оңтүстік- шығыс беткейі

35

Page 37: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

6-сурет

Қазығұрт тауның беткейі

7-сурет

36

Page 38: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Жануарлар дүниесі. Облыстың кең-байтақ табиғат аймақтары түрлі

жануарларға өте бай. Онда жануарлардың 1400-ге жуық түрлері кездеседі. Ал

балықтардың 8 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9

түрі, құстардың 240-тан астам түрі, сүтқоректілердің 8 отрядына жататын 50-

ден астам түрлері мекендейді.

Жоғарыда айтылғандай, құстардың 128 түрі облыс жерінде ұялайды, ал 38

түрі тұрақты мекендейді, 24 түрі қыстауға келеді, 85 түрі миграция кезінде

кездеседі.

Балықтар класы бойынша оңтүстік суларында, Шардара бөгенінде

жайындар, сазан, майшабақ, табан балық, жылан балық, үкішабақ сияқты сирек

түрлері кездеседі. Қосмекенділер класы бойынша шөлді-далалы жерлерде

құрбақа, сулы жерлерінде жасылкөл балықтары кездеседі. Таулы аймақтарда

бақалар 2800 м биіктікке дейінгі ендіктерде тіршілік ете алады. Құрбақалар

«Қызыл кітапқа» енген. Жорғалаушылардың 9-ға жуық түрлері кездеседі:

ұзынсирақ сығыркөз, сүр кесіртке, сарлан, дала тасбақасы, жыланкөз кесіртке.

Жыландардың 6 түрі кездеседі: оның ішінде оқжылан, қарашұбар жылан,

далалық сұржылан, жолақты шұбар жылан - улы жыландарға; қалқанбас шұбар

жылан, сарыбас жылан, сарықарын жылан улы емес түрлеріне жатады. Сарлан,

оқжылан, төртжолақты шұбар жылан, сарықарын шұбар жыландар «Қызыл

кітапқа» енгізілген.

Мұнда құстардың 240-тан астам түрі кездеседі. Оның 14 түрі Қазақстан

«Қызыл кітабына» енгізілген. Олардың ішінде қара дегелек, сақалтай, бүркіт,

жыланжегіш, ителгі, лашын, ақ дегелек, кіші құтан, жамансары сияқты

жыртқыш құстар тау беткейлерін мекендейді. Облыс жерінде сүтқоректілердің

8 отрядына жататын 50-ден аса түрлері мекендейді. Көпшілігінің кәсіптік мәні

бар, 1996 жылы Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелгендері де кездеседі

/ 3 /.

37

Page 39: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Облыстың жануарлары: лашын, шымшық, архар

8-

сурет 8 -сурет

8-сурет

38

Page 40: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

2- ТАРАУ. ОҚО–ң экономикалық ерекшеліктері

проблемалары және болашағы

Оңтүстік Қазақстан облысының Өнеркәсіптің құрылымы күрделі. Ол

көптеген кәсіпорындардан тұрады. Өндіретін өнімнің, пайдаланатын

шикізаттың немесе технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар

салаларға бірігеді.

Барлық салалар 3 топқа бөлінеді.

Көбінесе ірі салалар көрсетілген. Олар бөлшек салаларға бөлінеді. Мысалы,

отын өнеркәсібі мұнай, мұнай өңдеу, көмір жөне газ салаларын біріктіреді. Ал

жеңіл өнеркәсіптің кұрамына токыма, тігін, тері өңдеу, аяқ киім және т. б.

салалар кіреді.

Өнеркәсіпте негізінен өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын (отын,

металл, машиналар мен құрал-саймандар): энергетика, металлургия, машина

жасау және т. б. басты рөл атқарады. Оларды ауыр енеркәсіп деп атайды («А»

тобы). Өсіресе, маңыздылары машина жасау (онда жаңа машиналар мен құрал-

саймандар жасалады), химия өнеркәсібі (жаңа материалдар) және электр

энергетикасы.

Олар экономиканың барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогресті

анықтайды, сол үшін оларға салалардың «авангардтық үштігі» деген «атақ»

берілген. Халык тұтынатын тауарларды өндіретін салаларды (азық-түлік, киім,

аяқ киім), «Б» тобына жатқызады. Онда тамақ және жеңіл өнеркәсіптері ерекше

орында.

Қазақстандағы жалпы өнім өндіру көлеміндегі «А» тобының үлесі 80%-ға

жетті. «Б» тобы одан едәуір артта. Мұнымен шет елден азық-түлік пен тұтыну

заттарын ауыр өнеркөсіп тауарларына айырбастап, сатып алу байланысты. Елге

ондай айырбастың баға «қайшысына» байланысты пайдасы жоқ.

Көптеген дамыған елдерде «А» тобы салаларының үлесі 50%, немесе одан

да аз. Өнеркөсіп салаларын, сонымен бірге, өндіруші және өңдеуші салаларға

бөлу қабылданған. Біріншілері жер қойнауынан (таукен өнеркөсібі), судан

39

Page 41: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

(балық және су аңдарын аулау), орманнан (ағаш дайындау) шикізат өндіреді, ал

екіншілері соларды өңдейді (мысалы, металлургия және ағаш өңдеу). Электр

энергиясы мен жылу өндіретін және су мен газ тарататын салалар жеке топты

құрайды.

Біздің еліміздегі өнеркәсіп құрылымының ерекшелігі - тау-кен өндірісі

саласының үлесі жоғары болуында. Олар барлық өнімнің жартысынан көбін

береді (2004 ж. - 52,5%). Сіздер Қазақстанның өңделмеген отын мен шикізатты

шет елге сату нәтижесінен едәуір қаржыны толық қайтарып алмайтынын

көрдіңіздер / 14 /.

2 - кесте Оңтүстік Қазақстан Облысының өнеркәсіптерінің құрамы

40

Page 42: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

2.1 ОҚО – ң экономикалық географиялық орны, әкімшілік территориялық бөлінуі

Облыс Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағына орналасқан. 1932

жылы 10 наурызда құрылған әкімшілік орталығы – Шымкент қаласы. Облыста

11 селолық аудан мен 4 қалалық әкімшілік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13

жұмысшы поселкесі, 933 селолық және ауылдық елді мекен бар. / 17 /

3-кесте

Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары

№ Аудан

атауы

Құрылған

уақыты, ж.

Жер

көлемі

Халық

саны

Аудан

орталығы

1 Бәйдібек 1928 7,2 51,6 Шаян

2 Қазығқұрт 1928 4,1 92,2 Қазығұрт

3 Мақтаарал 1928 1,8 248,5 Жетісай

4 Ордабасы 1964 1,7 81,8 Темірлан

5 Отырар 1935 18,1 54,7 Шәуілдір

6 Сайрам 1928 1,7 244,2 Ақсукет

7 Сарыағаш 1928 7,7 220,9 Сарыағаш

8 Созақ 1928 4,0 48,6 Шолаққорған

9 Төлеби 1938 3,1 160,6 Ленгір

10 Түркістан 1928 2,3 88,2 Т.Рұсқұлов

11 Шардара 1968 1,3 68,3 Шардара

41

Page 43: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік – аумақтық картасы

9-сурет

42

Page 44: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

2.2 ОҚО – ң тұрғындар географиясы

Облыста 2 миллион 200 мыңдай адам тұрады. Бұл республика халқының

14,5%-ға жуығы (2004). Халықтың басым бөлігі қазақтар құрайды (69,0%).

Одан басқа өзбектер (17,1%), орыстар (7,2%), әзербайжандар (1,3%), тәжіктер

(1,2%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 18,5

адамнан келеді. Бұл республикалық көрсеткіштен 3 есе артық. Халық әсіресе

Арыс пен Келес өзендерінің алаптарында және Шымкент атырабында тығыз

қоныстанған. Қала халқы 38,4% (835,5 мың адам), ауыл халқы 61,6% (1337,5

мың адам).

2008 жылдың 1 қаңтарына, алдын ала деректер бойынша, облыс халқының

саны 2331,2 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалық елді мекендерде халық

саны - 858,4 мың адам (36,8%), ауылдық елді мекендерде - 1472,8 мың адамды

(63,2%) құрады. 2007 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда облыс бойынша

жалпы халық саны 48,7 мың адамға немесе 2,1% артты.

Халық санының өзгеруі

2007 жылы халықтың табиғи өсуінің абсолюттік көрсеткіші 51,7 мың адам

болып (2006 жылға 110,6%), осы кезеңде 68,1 мың - туу (109,0%), 16,4 мың -

өлім оқиғасы (104,3%) тіркелді.

2007 жылы туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 30,2 туылғанды құрап,

2006 жылмен салыстырғанда туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,0

туылғанға артты. Әр 1000 қала тұрғынына 28,8 туылғаннан келсе, ал ауыл

тұрғынына - 31,1 туылғаннан келеді.

Туудың жоғары деңгейі (1000 адамға шаққанда) - Түркістан қ.ә. (33,0),

Сарыағаш (33,9), Сайрам (35,0), аудандарында тіркелді, төмен деңгейі - Кентау

қ.ә. (24,2), Төлеби (24,6), Отырар (24,7), Бәйдібек (25,4) аудандарында орын

алды.

Өлім коэффициенті 2006 жылмен салыстырғанда 1000 адамға шаққанда 0,2

өлгенге артып, 7,3 өлгенді құрады. Әр 1000 қала тұрғынына орта есеппен 8,5

өлгеннен келсе, ауыл тұрғынына - 6,4 өлгеннен келеді.

43

Page 45: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

2007 жылы 1260 нәресте шетінеді, немесе туылған 1000 баланың 19,1

шетінеген (2006 жылы - 1024 нәресте немесе туылған 1000 баланың 17,3-і

шетінеген). Туылған 1000 балаға нәресте өлімі деңгейінің өсуі облыстың

барлық аудандарында байқалса, Бәйдібек, Отырар және Мақтаарал

аудандарында бұл көрсеткіш кеміп отыр.

2007 жылы 21,8 мың некелесу (2006 жылға - 106,8%), 2,4 мың - ажырасу

(97,5%) тіркелді. Облысты тұтас алғанда, некелесудің жалпы коэффициенті

халықтың 1000 адамына шаққанда 9,7 некені құрады, ал 2006 жылмен

салыстырғанда 1000 адамға шаққанда 0,5 некеге артты.

Некелесудің ең жоғары коэффициенті (мың адамға) - Сайрам (11,8 неке),

Созақ (11,0 неке), Арыс қ.ә. және Сарыағаш (10,7 некеден), Төлеби (10,2 неке),

төмөн деңгейі - Кентау қ.ә. (8,6 неке), Бәйдібек, Мақтаарал (8,4 некеден),

Шардара (8,5 неке), Түлкібас (8,7 неке) аудандарыда орын алды.

2007 жылы органдарында тіркелген некелесудің басым бөлігі (жалпы

санының -62,4%) ауылдық жерге тиесілі. Аумақтар кесіндісінде жалпы

некелесу санының 22,1% - Шымкент қ.ә., 13,3% - Сайрам ауданына тиесілі.

Некелесу санының едәуір артуы 2006 жылмен салыс – тырғанда Арыс қ.ә.

(14,4%-ға), Сарыағаш (13,6%-ға), Отырар (11,8%-ға), Төлеби (11,5%-ға)

тіркелді.

Ажырасудың жалпы коэффициенті халықтың әр 1000 адамына шаққанда

2007 жылы 1,1 ажырасу құрады, 2006 жылмен салыстырғанда сол деңгейде

қалды. Ажырасудың ең жоғары деңгейі (1000 адамға) - Шымкент қ.ә. (2,0

ажырасу), Кентау-қ.ә. (1,4 ажырасу), ең төмен деңгейі – Созақ (0,4 ажырасу),

Ордабасы, Шардара (0,5 ажырасудан), Бәйдібек, Мақтаарал, Отырар (0,6

ажырасудан) аудандарында орын алды.

Ажырасушылық деңгейі Шымкент (2,0 ажырасу) және Кентау қалалық

әкімшіліктерінде (ЮООадамға шаққанда 1,4ажырасу) облыстық деңгейден

жоғары болды.

Тіркелген ажырасулар санының өсуі Түркістан қ.ә. (2006 жылға - 26,8%-ға)

мен Түлкібас ауданында (27,5%-ға) байқалды.

44

Page 46: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Көші-қонмен 2007 жылы облысқа келген халықтың саны (облыс ішіндегі

көші-қонды есепке алмағанда) 15015 адамды (2006 жылы 17178 адам) құрап, ал

облыстан шетке кеткен халықтың саны 17939 адам (15415 адам) болды, көші-

қон өсімі 2924 адамды (теріс) құрады.

Келгендердің ішінде - 7405 адам Қазақстанның басқа облыстарынан, 7564 -

ынтымақтастық елдерінен келгендер. 2006 жылмен салыстырғанда

Қазақстанның басқа облыстарынан келгендердің саны - 0,9%-ға өсті, ТМД

елдерінен келгендөрдің саны - тиісінше 22,2% кеміді,

Кеткендердің ішінде 1160 - ынтымақтастық елдеріне, 40 - алыс шет елдерге

кеткен. 2006 жылмен салыстырғанда ТМД елдеріне кеткендердің саны - 22,8%

артты / 2 /.

4-кесте

2006-2007 жж. халықтың көші-қоны

2007ж

.

2006ж.

Көші-қон барлығы

Келгені 29001 28

635

Кеткені 31925 26

872

Көші-қон айырымы (+,-) -2924 17

63

ТМД елдерінен тыс көші-

қонКелгені 46 11

9

Кеткені 40 56

Көші-қон айырымы (+,-) 6 63

ТМД елдерімен көші-қон

Келгені 7564 97

45

Page 47: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

18

Кеткені 1160 94

5

Көші-қон айырымы (+,-) 6404 87

73

Облысаралық көші-қон

Келгені 7405 73

41

Кеткені 16739 14

414

Көші-қон айырымы (+,-) -9334 -

7073

Облыстық көші-қон

Келгені 13986 11

457

Кеткені 13986 11

457

Көші-қон айырымы (+,-) - -

5-кесте

Облыс және аудандары бойынша халық саны

Алдыңғы

жылдың

2008

жылдың

2007

жылдың

Жалпы тиісті

кезеңіне,

%-бен1

қаңтарына

1

қаңтарына

өсімі/кемуі

Облыс

бойынша

2331,2 2282,5 48,7 102,1

Шымкент қ.ә. 545,4 535,1 10,3 101,9

46

Page 48: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Арыс қ.ә. 65,0 64,3 0,7 101,1

Кентау қ.ә. 85,8 84,6 1,2 101,4

Түркістан қ.ә. 197,7 193,5 4,2 102,2

Бәйдібек ауданы 55,1 54,7 0,4 100,7

Қазығұрт 102,4 100,8 1,6 101,6

Мақтаарал 272,4 268,7 3,7 101,4

Ордабасы 96,6 92,9 3,7 104,0

Отырар 56,8 56,4 0,4 100,7

Сайрам 258,3 249,9 8,4 103,4

Сарыағаш 253,8 246,7 7,1 102,9

Созақ 53,2 52,1 1,1 102,1

Төлеби 114,9 112,8 2,1 101,9

Түлкібас 97,6 95,4 2,2 102,3

Шардара 76,2 74,6 1,6 102,1

47

Page 49: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

2.3. ОҚО-ң қалалар

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы - Шымкент қаласы. Бұл -

Қазақстандағы инфрақұрылымы жақсы дамыған ірі өнеркәсіпті-индустриялы

қалалардың бірі.

Халқы 446,7 мың адам (2003 жылдың қаңтарына). Халқының негізгі

топтары:

қазақтар - 49,5%;

орыстар - 24,6%;

өзбектер - 15%;

татарлар - 2,7%;

әзірбайжандар -2,1%.

Шымкент Өгем жотасының етегін алып жатқан жазыққа солтүстік ендіктің

42-градусы мен шығыс бойлықтың 69-градусына сәйкес келетін Бадам мен

Сайрам өзендерінің (Сырдария бассейнінің өзендері) аралығына орналасқан.

Жердің теңіз деңгейінен орташа биіктігі - 506 м., аумағы 300 шаршы км, яғни

облыс көлемінің 0,3%-ын құрайды.

Агроклиматтық жағдайынан алғанда қала қуаң тау етегі аймағында

сүртопырақты жерге орналасқан. Ауа райы құрғақ, жауын-шашын мөлшері

аздау. Жыл бойына жылы уақыт 185 - 215 күн, жылдық жауын-шашын мөлшері

300-500 мм.

Шымкент қонысы Ұлы Жібек керуен жолдарының тоғысында пайда болған.

Ол орталық Азияның көне қалаларының қатарына жатады.

Қаланың аумағында 3 таримхи ескерткіш сақталған, Бұлар қаладан шыға

берісте, Байтұрсынов көшесінде (б.з. І-ІІ ғғ.) орналасқан. Ескі қаланың

орталығында - Ордабасы алаңынан бастап, 1 және 2 - базар көшелері мен

Қабанбай батыр даңғылының аралығында XII - ХҮІІІ ғғ. Қалашық жатыр.

Мұхамед Хайдар Дулати (бұрынғы К.Маркс) көшесінің қиылысында ХҮІ-ХІХ

ғғ. Керуен сарай орналасқан.

Шымкент туралы алғашқы жазба деректерде Ақсақ Темірдің1365 -1366 жж.

48

Page 50: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

әскери жорықтары туралы жазылған парсы тарихшысы Шараф аддин Әли

Йаздидің (1415 ж.) «Зафар наме» («Жеңістар кітабы») кітабында айтылады.

Темірдің Ташкенттен солтүстікке қарай жасаған бір жорығын сипаттай келіп,

тарихшы «олар (темір әскерлері) өз арбалы керуендерін Шымкенттен тапты»

Қыстақтың баяндалып отырған оқиғадан бұрын пайда болғаны анық.

Шымкенттің жанындағы қазіргі Сайрам ауданының аумағындағы көне

Испиджап жазирасының жасы мың жалдан артық әрі бұл аймақ атам заманнан

бері оңтүстіктен солтүстік пен шығысқа қарай сауда жолдарының торабына

айналған.

«Шымкент» сөзі екі бөліктен тұрады: түрікше «шым» - алқап, қойнау және

иранша «кент» - «елді мекен» ,яғни «Жасыл қала».

Ғасырлар барысында Шымкент көптеген тарихи оқиғалардың куәгері

болды, олардың көпшілігі осы жерлерде өтті. Қала талай рет басқыншылардың

шабылуына ұшырады. Шыңғысхан әскерлері көне Шымкент жерін талай рет

басып өтті. Шымкент бірнеше ғасыр бойы оның ұрпақтарының иеліктерінің

құрамында болып келді. Ақ орда және Көк орда хандықтарына қарсы табыспен

аяқталған әскери жорықтардан соң Шымкент Темір мемлекетінің құрамына

енді. ХҮ ғ. Басында Шымкент ойрат (батыс моғолдық) тайпаларының, ал ХҮІІ

ғ. Ортасынан бастап ХҮІІІ ғ. Дейін жоңғар басқыншыларының шабуылдарына

жиі ұшырап отырды.

Халықтың тұрмыс-тіршілігі мен өміріне қауіп-қатер төнгізген сансыз

соғыстар мен өзара тартыс-қырқыстарға қарамастан, Сайрам жазирасы дамыған

егіншілік, бау-бақша, әртүрлі қол өнерлер өлкесі болып қала берді.

ХҮІІІ және XIX ғ. Бірінші жартысында қала үшін Қоқан және Хиуа

хандықтарының арасында күрес жүріп жатты. 1810- 1864 жылдары Шымкент

Қоқан хандығының қол астында болып, хан өкілінің тұрағына айналды. Қалада

саны өте көп Қоқан әскери гарнизоны тұрды, шын мәнісінде қала әскери

қаламға айналды.

1864 ж. қаланы шабуылмен орыс әскерлері алды. Қазақстан мен Орта

азияның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін Шымкент Жаңақоқан желісінің,

49

Page 51: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

сондан соң Түркістан облысының құрамында болып, 1867 ж. Түркістан

генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария облысының уездік қаласына

айналды. Осы кезден бастап Шымкент еуропалық Ресей мен Батыс Сібірді Орта

Азиямен байланыстыратын маңызды транзит пунктіне айналды. Қаланың

бейнесі өзгеріп, түзу әрі кең көшелеріне еуропалық сипаттағы үйлер көптеп

салына бастайды.

1970 ж. Шымкентте 5422 адам тұрған. Өнеркәсібі нашар дамыған, негізгінен

ұсақ қолөнершілікпен айналысқан. 1885 ж. сол кездердегі ірі өнеркәсіп орны -

сантонин зауыты (қазіргі «Химфарм» АҚ)салынады, онда 70 адам жұмыс

істейді. Зауыт сол кездегі алдыңғы қатарлы құрал-жабдықтармен жабдықталып,

маусымда 50 -60 мың пұт емдік дәрі сантонин (ішек құртына қарсы

қолданылатын) алынатын дәрмене өсімдігінің дәндерін өңдеп шығаратын

болған. Зауыт дүние жүзіндегі бірден - бір сантонин шығаратын кәсіпорын

болды, оның өнімдері тек экспортқа шығарылып тұрады. Дәрмене Арыс

өзенінің арнасында ғана өсетін болған. 1906 ж. Орынбор-Ташкент жолының

құрылысы аяқталды. Жол Арыс стансасы арқылы өтетін болған. Ол арыс

стансасы арқылы өтетін, Шымкентке дейін ол 1915 ж. жеткізілді.

1914 ж. Қазақстанның Ресейге түпкілікті қосылуының 50 жылдығы

құрметіне қалаға орыс генералы Черняевтың аты берілді, бірақ көп ұзамай 1921

ж. ежелгі аты қайтарылды.

Бүгінгі жарты миллиондық халқы бар Шымкентте 40 өнеркәсіп орны бар.

Түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібі

дамыған. Мұнай-химия өнеркәсібі төмендегідей ірі кәсіпорындардан құралады:

«ПертоКазахстан Олй Продакшн»ААҚ (Бұрынғы ШНОС) - мұнай өнімдерін

өңдеуші кәсіпорын, 2003 ж. бірінші жартысында облыстағы барлық өнеркәсіп

өндірісінің 42 %-ын берді.

«ИнтерКомШина»ААҚ. Технологиялық желілерін қайта құрғаннан кейін

бұл жерде жеңіл, жүк және ауылшаруашылық машиналары үшін

пневматикалық шиналардың импорт алмастырушы үлгілерін шығару

меңгерілді.

50

Page 52: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

«Химфарм»ААҚ - қазіргі заманғы технологиямен жабдықтарған бірегей

өндіріс, 160 түрлі дәрі-дәрмек шығарады, олардың кейбіреулерінің

стратегиялық маңызы бар. 2002 жылы өнімнің жалпы көлемінің индексі өткен

жылмен салыстырғанда 133% болды.

«Казфорфор»ЖШС, «Шымкентфорфор»СМС цехы бас төмендетуші

стансада құрал жабдықтарды жөндеу, цехты жылу оқшаулау, қосу-үйлестіру

жұмыстарын жүргізеді. 2003 ж. аяғына импорт алмастырушы СМС шығаруды

жолға қою жоспарлаған.

Металлургия өнеркәсібінің өкілі «Южполиметалл»ЖАҚ технологиялық

цикл негізінде қымбат тұратын реагенттер мен реактивтер өңдеу

технологиясын меңгерген, нэтижесінде металл мырыш өндіру іске қосылды.

6-кесте

Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары

№ Қала атауы Қаланған

уақыты ж.

Жер

көлемі

км 2

Халық

саны

мың

1 Арыс 1928 3 000 446,7

2 Кентау 1955 6 000 85,8

3 Ленгір 1945 1,6 21,8

4 Жетісай 1928 0, 8 45,3

5 Шымкент ХІV ғ. 3 000 446,7

6 Түркістан б.з. 500 7,4 176,2

7 Сарыағаш 1905 1,7 26,0

8 Шардара 1968 24 27,5

Оңтүстік Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі

әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 ж. 10 наурызда құрылған. 1962 - 1992 ж.

Шымкент облысы деп аталды. Аумағында 117,3 мың км2. Тұрғыны 2,18 млн.

Адам (2004)Орталығы - Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды,

шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде

51

Page 53: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік, аудан,

4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа) 13 кент, 171 ауылдық округ, 932

ауыл бар.

Табиғаты. Жер бедері Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері негізінде

жазық (орташа биіктігі 200-500 м) солтүстігінде тасты сазды Бетпақдала

шөлінің оңтүстік батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің

төмен ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан.

Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік батыстан оңтүстік

шығысқа қарай 2-ге бөліп жатыр. Оның ең биік жері - Бессаз (100 жылқы) тауы

(2176 м) Қаратаудың оңтүстік шығысында Боралдай (1400-1600 м) жотасы

орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік шығыстан Бадыс Тянь-Шаньның сілімдері

(Өтем жотасы), Қаржантау (2800-29(Юм) Қазығұрт тауы (1700 м),Талас

Алатауының батыс сілімдері - Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м)таулары

қамтиды. Облыстың ең биік жері - Сайрам шыңы. (4299 м) оңтүстік батысында

Қызылқұм құмы -, Қаратау тауы (388 м) оңтүстігінде Шардала даласы,

Ызақұдық құмы, Қауымбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр

оңтүстігінде Мырзашөл алып жатыр.

Мұнда күйіс қайырмайтындар тобынан жабайы шошқаны таулы

беткейлерден, «Қызыл кітапқа» енген күйіс қайыратын арқар, тау ешкі, елік

және маралдардың жоғары ендіктер мен бұғалы ағашты алқаптардан

кездестіруге болады.

Жартқыш отрядынан Батыс Тянь-Шаньдық қоңыр аюдың 60 - 70-ке жуығы

мекендейді. Бұл аю Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Мысық

тұқымдастары мен қар барысыы - ілбістің шамамен 10-15 жұбы мекендедй.і

Ілбіс халықаралық табиғатты қоғау орталығының «Қазақстан Қызыл кітабына»

тіркелген. Түркістан сілеусінін де, бұталы, ағашты алқаптардан сусар

тұқымдастарынан күзен мен борсықты да кездестіруге болады.

Далалы, шөпті жерлерде қарсақ, шиебөрі, қасқыр, түркі т.б. аңдардың саны

артуда / 18,19,20,21,22,23,24,25 /.

52

Page 54: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

2.4. ОҚО-ң өнеркәсібі

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан - елімізде қарқынды дамып отырған

облыстардың бірі. Аймақтың таңдаулы кәсіпорындарының экономикалық

көрсеткіштері тұрақты дамудың айғағы болып отыр. Экономиканың табылсты

дамуының тағы бір дәлелі - ол жаңа кәсшорындарының пайда болуы, бұл

әсіресе мақта өңдеу саласында елеулі көрініс тапты. 2003 жылдың аяғына қарай

иіру фабрикасын салу жоспарланған. Ірі өнеркәсіптің дамуы ұсақ және орта

бизнес кәсіпорындары санының артуымен қоса іске асырылды.

2003 жылдың бірінші жартысында дүние жүзінің 55 елімен экспорттық -

импорттық операциялар іске асырылды. Алты айлық сауда айналымы 240 млн.

АҚШ долларын құрады.

Осы мерзім ішінде өнімдерді экспортқа шығарудың импортан асып түсуіне

байланысты сауда байланысының оң қайтарым сальдосы 80 млн. АҚШ

долларын құрады. Салыстыру үшін бүкіл 2002 бойынша оң қайтарым

сальдосының 70 млн. АҚШ доллары шамасы, ал сауда айналымының жалпы

көлемінің 335 млн. АКДІ долларынан арттық болғандығын келтірейік. 2002

жылы облыс өнімдері дүние жүзінің 37 еліне шығарылып, 66 елден тауарлар

әкелінсе, 2003 жылдың бірінші жартысында тауарлар әкелетін елдердің саны -

52-ге дейін қысқарды.

Болашағы. Облыстың сыртқы сауда қызметінің басты мақсаты -экспортқа

бағыттандырылған өнеркәсіптердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету

және облыс үшін бұрын үрдіс болмаған, жаңа эспотр көздерін дамытуға жағдай

туғызу. Сыртқы сауда қызметіндегі екінші бір баса көңіл аударатын мәселе -

импорт құрылымын жаңарту болып қала бермекші.

Келешекте 2006 жылға дейін эспортта мұнай өңдеу, түсті металдар мен

мақта өнімдерін жетекшілік орында қалдыру. Көзделіп отыр, импортта резина -

техникалық өнімдер шығаруға қажетті шикізаттар, мұнай және минералдық

жанармай, машиналар мен құрал - жабдықтар, көлік - қатынас құралдары басым

болмақшы.

53

Page 55: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Облыс кәсіпорындары Қазақстанның барлық өнеркәсіп елдерінің 5%-ын

шығарады. Мақта мен мақта майы, экскаватор түгелдей, трансформаторлардың

98%-ын, фармацевтика өнімдерінің 75%-ы оңтүстікте шығарылады.

Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін мұнай өңдеуші және металлургия

өнеркәсіптері анықтайды. Бұл салалар негізінен түсті металлургия, машина

жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсіптерінің өсуі байқалып отырған

Шымкент және Кентау қалаларында дамуда.

Облыс орталығы Шымкент - Қазақстанның инфрақұрылымы жақсы дамыған

ірі өнеркәсіпті - индустриялы қаласы. Қалада 40 өнеркәсіп орыны бар.

Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар:

«ПетроКазахстанОйл Продактс» (мұнай өңдеу, бұрынғы ШНОС) ААҚ және

«Интерком Шинм» (шина шығару) ААҚ.

Құрылыс өнеркәсібі - «Шымкентцемент» ААҚ («портланд» маркалы), «Дыш

Тиджарет ве Пластик Санаил» АОК Оңтүстік Қазақстандық филоиялы,

«Құрылыс материалы»ААҚ.

Химия өнеркәсібі - «Химфарм» ААҚ (дәрі – дәрмек препараттарын шығару).

Жеңіл өнеркәсіп - АФ «Восход» ААҚ (жүн және жартылай жүн маталардан

тігін бұйымдары: костюмдер, пальтолар, курткалар т.б.). «Эластик» ААҚ

(жоғары сапалы тіптен шұлық-ұйық бұйымдарын тоқу), «Адал» ЖШС (жіп

және мата). Тоқыма және тігін өнеркәсіпінде Түркістан қаласының «Яссы»

ААҚ, «Тұран» ШШ, «корпорация АК Алтын» ЖШС, «ШТФ - Түкістан»ЖШС

елеулі үлес қосуда.

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданының өнеркәсіп өнімдерінің 83%-ы тоқыма

және тігін өндіріс кәсіпорындарының үлесіне тиеді.

«Нимэкс» ЖШС, «Мырзакент» ААҚ, «Мақташы»ААҚ, «Мақтаарал»ААҚ,

«Ақ Алтын» АА Қ, «Ынтымақ» ААҚ, «Көктал» ЖАҚ облыстағы шитті

мақтаның жалпы көлемінің 67%-ын өндіреді. Сарыағаш ауданында ең табысты

еңбек етіп келе жатқан кәсіпорын - «Фабрика «Сенім»» ЖШС.

Тамақ өнеркәсібі саласында жетекші кәсіпорындардың қатарына

«Шымкентмай» ААҚ мен «Қайнар» АҚ енеді, (мақта, күнбағыс, сафлор, соя

54

Page 56: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

дәндерін өңдеу, тамаққа пайдаланылатын тазартылған өсімдік майларын, т.б.

өндіру).

Сайрам ауданында «Арай» КШС өсімдік майын (тазартылған) өндірумен, ал

Қазығұрт айданында «Амангелді»ЖШС үн және үн өнімдерін шығарумен

айналысады.

Түлкібас ауданында (МЭК лтд) ЖШС ұн және крахмалды өнімдерді,

«Плодоконсервный Юг»ЖШС жеміс – жидек және көкөніс өнімдерін

шығарады.

Салқын сусындар мен арақ – шарап өнімдерін шығарушы кәсіпорындар да

табысты дамып келеді.

Ең алдымен бұл шетелдік құрал – жабдықтарды пайдаланып, чех және неміс

технологиялары бойынша сыраның танымал жеңіл сортын шығаратын бүкіл

республикаға әйгілі «Шымкентсыра» ААҚ.

«Бахус – Деронсек»ЖШС кейбір көнерген жүзім алқаптарын жаңартуды

іске асырды, осы мақсатпен кәсіпорын Сарыағаш ауданының ауылшаруашылық

өнімдерін өндірушілеріне 2002 жылы 10?5 млн, теңге, 2003 жылдың бірінші

жартысында 4,5 млн. Теңге қаржы бөлді. Сайрам аударының «Нұр»ЖШС және

«Лада»ЖШС жүзім алқаптарын жаңарту және жүзімдіктерді баптау

жұмыстарына тиісінше 350 мың теңге және 400 мың теңге бөлді. Мақтаарал

ауданындағы «Жуалы» ААҚ, Сарыағаш ауданындағы «АВК Капланбек»ЖШС

ірі шарап өндіруші кәсіпорындардың қатарына жатады.

Бүкіл республикаға әйгілі минералды су облыстың «бетке ұстарына»

айналды. Көбірек танымал маркаларын Сарыағаш айданындағы «Алекс» және

«Асем - ай»ЖШС құяды. Жақында олардың қатарына «Сұлтан ММ» және

«Тұран»ЖШС қосылды. Темекі өнімдерін шығарумен ЛЪ ЖАҚ айналысады.

2002 жылы кәсіпорын 1211,0 млн. дана сигарет шығарды.

Кентау қаласына қарайтын аймақта фосфорит, қорғасын, барит және мырыш

сияқты пайдалы қазбалардың едеуір қоры бар.

Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын «Южполиметалл» ЖАҚ

(қорғасын және т.б. өнімдері); машина жасау саласының жетекші

55

Page 57: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

кәсіпорындары: «Карданвал» ААҚ (автомобильдер мен тракторлар үшін кардан

біліктері мен айқастырмалар шығару, «Южмаш – К» ЖАҚ (ұстаханалық

престеу машиналары, қосалқы бөлшектер мен құрал — жабдықтар шығару),

«Электроаппарат» ЖАҚ (қуатты ажыратқыштар және басқа да өнімдер

шығару), «Эксскааватор» ААҚ, «Кетау трансформатор зауаты» ААҚ және

«Түркістан - насос» АҚҚ (өнеркәсіптік сорғылар шығару).

«Карданвал»ААҚ - Қазақстан мен Орта Азиядағы УАЗ, ВАЗ, РАФ,

«Москвич» жеңіл автомошиналары, «Беларусь» тракторлары үшін кардан

біліктері мен айқастырғыштар және агроөндіріс кешендерінің машиналары

үшін қосалқы бөлшектер шығаратын бірден - бір кәсіпорын. «Южмаш»ААҚ

ұстаханалық - престеу машиналарын, қосалқы бөлшектер мен жабдықтар

шығарды.

«Электроаппарат» ААҚ - жоғары вольтті аппартура, күштеп ажыратқыштар

және халық тұтыну тауарлар шығарады.

Жеңіл өнеркәсіп орындарының ішінде жетекші орын алатындар:

«Восход»АФ ААҚ – саланың ең ірі кәсіпорны, жүн және жартылай жүннен

тігін бұймдарын шығаруға мамандандырылған, негізгі өнімдері: ерлер мен

әйелдердің сыртқы киімдері, күш құрамдары үшін форма киім, мұнай өңдеуші

кәсіпорындардың қызметкерлеріне арнаулы киімдер. ААҚ жанында «Восход и

К» және «Восход и ЮГ» ЖШС жұмыс істейді, олар кәсіпорындарды сегпенттеу

нәтижесінде ұйымдастырылған. «Восход и К» костюмдер, пальтолар,

курткалар, т.б. шығарады, ал «Восход и ЮГ» бұрынғы «Эластик» жоғары

сапалы жіптен шұлық тоқумен айналысады.

«Адал»ЖШС тоқыма өнімдері, қазіргі кезде кәсіпорын мақта талшығын

өндіруден бастап, дайын өнім шығарумен аяқталатын цикл бағдарламасын

жасау үстінде.

«Эластик и К» АҚ - фабрика ай сайын 200 мың жұп жылы шұлық

шығарады, бұл бұйымдар мақта - мата және жартылай жүн, махрадан

жасалады, ерлерге, балаларға, әйелдерге арналған. Құрылыс материалдарын

«Шымкентцемент» ААҚ («портлэнд» маркалы цемент), «Құрылыс

56

Page 58: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

материалдары» ААҚ (құрылыстық кірпіш) және басқа да кәсіпорындар

шығарады.

«Шымкент май» ААҚ өсімдік майын, тропиктік стеарин (пальма майы),

кірсабын шығарады, «Шымкент сыра» ЖАҚ - сыраны сыйымдылығы 50

литрлік КЕГ-ке құюға арналған, қуаттылығы 240 КЕГ/сағаттық жоғары

технологиялық желі іске қосылды, ол өнімді 1777 мың декалитрге дейін

жеткізуге мүмкіндік береді. Шетел шикізаты негізінде жұмыс істейді. Өнімді

өткізу, коммерациялық – делдалдық фирма «КиМ» ЖШС арқылы іске

асырылады «Визит»АҚ салқын сусындар шығарады.

«Шымкент макарон фабрикасы» ААҚ әртүрлі ұн және макарон өнімдерін

береді. «Теріден аяқ киім тігу зауытық ЖШС - ірі қараның терісін өңдеумен

айналысатын, дамып келе жатқан кәсіпорын. Аталған кәсіпорындардан басқа

қала шаруашылығының әртүрлі саласында көптеген ұсақ және орта бизнес

кәсіпорындары жұмыс істейді.

Коммуналдық қызмет, қалалық және қалааралық жолаушы таситын көлік

шаруашылығы дамыған.

ҚР үкіметі қабылдаған іс - шараларға сәйкес келешекте эспортқа

бағытталған және импорттың орнын басатын өнімдерді шығарушы

кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсетуге басты назар

аударылмақшы.

Экономика саласындағы жағдайды барлығынан бұрын облыстың қалалары

мен селоларының сыртқы пішіндеріндегі өзгерістерден байқауға болады. Соңғы

бір - екі жылдың ішінде Шымкенттің, басқа да қалалары мен аудан

орталықтарының көшелері мен алаңдары күрт өзгерді.

Соңғы жылдары еліміздің өмірінде болып жатқан күрделі өзгерістер

қоғамның әлеуметтік бейнесінің өзігеруіне де әсер етті. Бірақ біздің

адамдарымызды танымал еткен негізгі қасиет – ерекшелік өзгеріссіз қалды.

Ия, біздің берекелі өлкеміздің тұрғындарына тән ерекше «түстік» ділі соңғы

жылдардағы қол жеткен елеулі жетістіктеріміздің негізі болып табылады. Ол

ерекшелік ғасырлар бойында Ұлтаралық қатынастардың қара қазанында қайнап

57

Page 59: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

пісті. Нәтижесінде оңтүстік қазақстандықтардың мінез -құлқында бірден көзге

түсетін сипаттар қалыптасты, ол ақкөңілділік пен қонақжайлылық,

еңбекқорлық пен ерекше «түстіктік» белсенділік. Мұның барлығы қосылып,

өлкенің табиғат сыйлаған бірегейлігін сақтауға және аға ұрпақтың мұраға

қалдырып кеткен байлығын көбейте түсуге қабілеттілігінің дәлелі бола алады.

Құрылыс. 2004 жылы тұрғын үй құрылысына жалпы алғанда 2043750 теңге

бөлінді. Оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар үшін коммуналдық

тұрғын үй құрылысына қайтарымсыз негізде 393750 теңге, ал несие негізівде

1650000 теңге ипотекалық несиелеу жолымен іске асырыла-тын тұрғын үй

құрылысына бөлінген.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің басшылығымен

коммуналдық тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржы есебінен Шымкент

қаласында Желтоқсан көшесіндегі жалпы алаңы 8100 м2 тоғыз қабатты тұрғын

үй құрылысы аяқталды. Пәтерлер тұрғындардың әлеуметтік қорғалған бөлігіне

бөлінді.

Облыстың аудан, қала, ауылдық әкімгершіліктерімен бірлесіп, ипотекалық

несиелеу жүйесіне оңтайлы қатысушылар санын анықтау бойынша жұмыстар

жүргізілді.

Сол жұмыстар барысында 8 аудан анықталып, 2004 жылдың өзінде жалпы

алаңы 87387 шаршы метр бір қабатты 70 тұрғын үйдің және 16 пәтерлік тұрғын

үйлердің құрылыстары басталып кетті.

Тұрғын үйлерді жобалау мен құрылыс жұмыстарына Оңтүстік Қазақстан

облысының 96 кәсіпорны және мекемелері тартылған Құрылыста жұмыс

істеушілердің саны 300( адамға жетті / 1,2 /.

58

Page 60: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Петроказахстан компаниясының «Шымкенторгсинтез» зауытының көрінісі

10 -сурет

«Адал» ЖШС тоқыма өнімдері шығаратын фабрика цехі

11-сурет

.

59

Page 61: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Оңтүстік Қазақстанның экономикалық картасы12-сурет

60

Page 62: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

2.5. ОҚО-ң көлік кешені

Автомобиль көлігі. Облыс жері арқылы 445,0 км қос бағыттағы темір жол

61

Page 63: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

5,3 мың км автомобиль жолы, азаматтьи авиация жұмыс істейтін 27 мың км әуе

жолы өтеді.

Облыс орталығында Орынбор — Ташкент және Түркістан — Сібір

халықаралық магистралі түйіседі. Сонымен қатар, Таш кент — Шымкент —

Тараз — Алматы және Ташкент — Шымкент — Түркістан — Самара

автомагистралі өтеді. Облыс тұрғындарына барлық меншік нысанындағы

5 автокөлік кәсіпорыны қызмет көрсетеді олардың 21 кәсіпорыны қалааралық

және ауданаралық бағыттарда, 17-і Шымкент қаласының тасымалдау

бағыттарының барлық түрлеріне қызмет етеді. Облыстың автомобиль жолдар

желісі 525 бағыттан тұра ды, олардың 175-і қалааралық және 199-ы қала маңы

бағыттары. Шымкент қаласын да 1282 кестеден тұратын 126 автомобилі

бағыты және 30 кестеден тұратын 4 троллейбус бағыты негізінде қызмет

көрсетіледі. Жалпы автомобиль жолдарының ұзын дығы 4467,7 км.

Әуе көлігі. "Шымкент" әуежайы 193 жылдың наурыз айында іске қосылды.

Ол уақыттағы ұшақтардың барлығы "ПО-2" машиналары болатын. Бүгінде

әуежайды "Ту-154", "Ту-204", "Ил-96-300", "Ил-76" "Ан-124", "Боинг-7478Р",

"Боинг-300ЕР" типті ұшақтарды, басқа да әуе кемелері және тікұшақтардың

барлық түрлері қабылдауға мүмкіндігі бар.

"Шымкент" әуежайы Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға, Таяу және Қиыр

Шығыс елдеріне баратын әуе көлігі жолдарының қиылысында орналасқан.

Сондықтан да тікелей және транзитті халықаралық әуе рейстерін орындауға өте

қолайлы. Қазіргі уақытта Шымкент әуежайынан Ресей, Біріккен Араб

Әмірліктері, Түркия, Армения және Сирия елдеріне ұшатын әуе қатынасы

орнатылған. Рейстерді "Аэротранс", "СКАТ", "Трансаэро", "Аіr Аsianа", "С8Т

Аего" авиакомпаниялары атқарады.

"Шымкент" әуежайы тәулік бойы жұмыс істейді, мұнда кедендік,

шекаралық және санитарлық-карантин бақылауы орнатылған. "Сирена",

"Габриэль" бронь жүйелерінің көмегі арқылы әуе билеттерін сатады. Жүк

терминалымен және 500 шаршы метр алаңға орналасқан уақытша жүк сақтау

қоймасымен жабдықталған.

62

Page 64: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Теміржол көлігі. "Темір жол бөлімшесі" тасымалдау процесін басқарушы

құрылым ретінде облыс аумағында 1949 жылдың 1 қазанында Ташкент темір

жолының құрамындағы Арыс стансасы басқармасында құрылды. 1959 ж. Қазақ

темір жолының құрылуына байланысты Ташкент темір жолының құрамындағы

Арыс стансасы қазақ темір жолының құрамына кірді.

Шымкент темір жол бөлімшесі арқылы тәулігіне әр түрлі бағыттарға

(Өзбекстанға, Қырғызстанға, Ресейге және республика ішінде) қалааралық

поездар жүреді. "Шымкент — Шеңгелді" қала маңы поезы 2004 жылдың

қыркүйек айынан басnап Сарыағаш стансасына дейін ұзартылып, бұрынғы ескі

вагондардың орнына жаңа және экологиялық таза электр поезд қатынайтын

болды.

Шымкент тасымалдау бөлімшесі орташа есеппен тәулігіне 30 жұп жүк

поездарына қызмет көрсетеді. Темір жол желісінің пайдаланылатын ұзындығы

497,3 км, орың ішінде екі және одан да көп желілердің ұзындығы 415,7км./ 5,7 /

Қазақстан темір жолының» Шымкенттегі вокзалы

13-сурет

2.6. ОҚО –ң ауыл шаруашылығы

2006 жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі

63

Page 65: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

(республиканың ағымдағы орташа бағамен), 97506,7 млн. құрады, бұл 2005

жылмен салыстырғанда 0,1% артық, оның ішінде өсімдік шаруашылығы -

тиісінше -5709553 млн. теңге және 3,8% кеміген, мал шаруашылығы - 40411,4

млн. теңге 6,4% артық.

Мал шаруашылығындағы өндірілген жалпы өнім көлемінің 54,5% - мал мен

құс еті, сүт -34,8%, жұмыртқа 4,6%, жүн — 1,3% және басқа өнімдер 4,8%

құрады.

Өсімдік шаруашылығының жалпы өнім көлемінің негізгі бөлігі (36,5%)

картоп, бақша, көкөніске, мақтаға- 33,1%, 8,6% - дәнді дақылдарға тиесілі.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің басым бөлігі Мақтаарал -

18,9% немесе 18426,0 млн. теңге, Сарыағаш – тиісінше - 17,1%, немесе 16684,1

млн. теңге және Сайрам аудандарында 10,3% немесе 100013,9 млн. теңге

тиесілі.

Өсімдік шаруашылығы

2006 жылы алдын ала мәліметтер бойынша 2005 жылғыдан облыста бақша

өнімдері -33,4 мың тоннаға артық жиналды. Ал, дәнді және дәнді бұршақты

дақылдар 7,2%, мақта – 6,2%, майлы дақылдар -27,1%, картоп -17,6%,

көкеністер-0,7% жеміс-жидек-4,0%, жүзім - 1,4% аз жиналды.

Облыс бойынша 2006 жылғы жиналған жалпы дәнді және дәнді-бұршақты

дақылдардың (206,2 мың тонна немесе жалпы көлемінің 55,5% ), шитті-

мақтаның (411,4 мың тонна немесе 94,5%), майлы дақылдардың (28,4 мың

немесе 69,6%), бақша дақылдарының (272,4 мың немесе 83,1%) көбірек үлесі

шаруа (фермер) қожалықтарының үлесінде; жұртшылық шаруашылықтарында

негізінен, картоп - (80,8 мың тонна немесе 65,9 %), көкөніс (244,4 мың немесе

51,3%) және жеміс-жидек (43,2 мың тонна немесе 72,4%) өндірілді.

Мал мен құстың өнімділігі. 2006 жылы облыс шаруашылығының барлық

санаттарында бір сиырдан орташа сауылған сүт 2005 жылдың тиісті кезеңімен

салыстырғанда 6,2% артып, 1990 кг құрады, ал бір мекиен тауықтан орташа

алынған жұмыртқа – тиісінше -4,5% және 184 дананы, қой жүні өткен жылдың

деңгейінде қалып-2,7 кг құрады.

64

Page 66: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Орташа облыстық дейгейімен салыстырғанда бір сиырдан сауылған сүт-

Түлкібас-25,2% (25,3 кг), Мақтаарал-14,9% (2354 кг), Сайрам ауданында -6,7%

(2124 кг) және Түркістан қ.ә. - 4,1% (2071 кг), бір мекиен-тауықтан алынған

жұмыртқа - Сайрам ауданында -19,0% (219 дана) бір қойдан қырқылған жүн -

Қазығұртта -22,2% (3,3 кг) және Түлкібаста -14,8% (3,1 кг) жоғары алынды.

Мал мен құс саны. 2007 жылдың 1 қаңтарына 2006 жылдың осы кезеңімен

салыстырғанда облыс шаруашылығының барлық санаттарындағы ірі мүйізді

қара малдың саны-7,1% артып, 650,8 мың басты құрады, соның ішінде сиыр -

тиісінше -1,2% және 272,6 мың, қой мен ешкі 6,8% және 3180,7 мың, жылқы -

4,8% және 126,1 мың, түйе -7,9% және 15,6 мың, шошқа -0,6 % және 29,7 мың

басты, құс -5,2% және 2203,1 мың басты құрады.

Шаруашылықтың ішінде ірі қара мал (33,1%-ға), оның ішінде сиыр (27,1%-

ға), сонымен қатар, қой мен ешкі (17,0%-ға) және түйе (39,9%-ға) басының өсуі

- фермерлер қожалықтарында, жылқы (52Д%-ға) және құс (5,5%-ға)-

ауылшаруашылық кәсіпорындарында байқалды

2007 жылдың 1 қаңтарында 2006 жылдың осы күнімен салыстырғанда

облыстың барлық дерлік қалалық әкімшіліктері мен аудандарында түйе саны

артқаны байқалады. Ірі қара мал саны Шымкент қ.ә. (13,5%-ға), қой мен ешкі

саны – Көктау қ.ә. (9%-ға), жылқы саны - Созақ ауданында (3,8%-ға), шошқа

саны - Сайрам (20,9 %-ға) және Шардара аудандарында (20,3% -ға) жеткен

/ 1,2 /.

Шымкент құс фабрикасы

65

Page 67: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

14-сурет

14-сурет

66

Page 68: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Егін шаруашылығы. Үстіміздегі жылы облыс бойынша ауыл шаруашылық

дақылдары 748,3 мың гектарга орналастырылды.

Дәнді дақылдар 247,7 мың гектарға, оның ішінде бидай 210,4 мың гектарға

егілді.

Масақты дәнді дақылдар әр гектардан 12,5 центнерден барлығы 283,7 мың

тонна, оның ішінде бидай әр гектардан 12,8 центнерден 259,2 мың. тонна өнім

алынды.

Дәндік жүгері әр гектарьнан 37,5 центнерден, барлығы 63,8 мың тонна өнім

жиналды.

Майлы дақылдар 46,4 мың гектарға орналастырылып, 40,1 мың. тонна өнім

алынды.

Мақта дақылы облыс бойынша 200,0 мың гектарга орналастырылып, оның

196,3 мың гектарынан 435,3 мың тонна шитті мақта жиналды.

2006 жылы көкөністен 476,8 мың, картоптан 122,7 мың, бақшадан 327,9

мың, жеміс-жидек 59,6 мың, жүзімнен 29,9 мың, тонна өнім жиналды.

Бүгінгі күнде облыста 7 элита тұқымын өндіретін шаруашылық

ұйымдастырылған. Оның 4 дәнді дақылдар, 3-і мақта тұқымын өндірумен

айналысады. Элиталық тұқым шаруашылықтарында өндірілген тұқымды одан

әрі қарай көбейту үшін 26 шаруашылық арнайы тұқым шаруашылығы

мәртебесін алды, оның 8-і мақтадан, 18 дәнді дақылдан.

Мал шаруашылығы. 2006 жылы облыс бойынша шаруашылықтың барлық

санаттарында 137,7 мың тонна – мал мен құс еті (тірідей салмақпен), 526,8 мың

тонна – сүт, 215,5 млн. дана жұмыртқа, 5,5 мың тонна қой жүні өндірілді. 2005

жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет өндіру-5,4 % , сүт-8,5%, жұмыртқа -

5,5%, қой жүні-10,2 жоғары.

Үстіміздегі жылы шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 137,7 мың

тонна ет, 526,8 мың тонна сүт, 215,4 млн. дана жұмыртқа, 5,5 мың тонна жүн

өндіріліп, ірі қара саны 650,8 мың, кой мен ешкі 3180,6 мың, жылқы 126,1 мың,

түйе 15,5 мың, шошқа 29,7 мың, құс 7203,1 мың басқа жетіп отыр. Мал

шаруашылығы өнімдерін арттырумен бүгінгі таңда 83 асыл тұқымды мал

67

Page 69: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

шаруашылықтары мал тұқымын асылдандыру қызметімен айналысуда.

«Оңтүстік-құс» АҚ-на жұмыртқа бағытындағы «Родонит» кросс асыл тұқымды

жұмыртқаларын және балапандарын Германиядан алып келу үшін облыстық

бюджеттен 10 млн. теңге қолдау қаржы (субсидия) бөлініп, игерілді.

Асыл тұқымды малдың үлес салмағын көбейту мақсатында жұмыстар

жүргізілуде. Облыс бойынша 30 шаруашылық құжаттарын дайындап,

ведомство аралық сараптау комиссиясында қаралуда.

2006 жылы облыс бойынша 233 қолдан ұрықтандыру бекетінің 197-і жұмыс

істеп, барлығы 84,5 мың бас сиыр қолдан ұрықтандырылды немесе жалпы

сиырдың 36,7 пайызын құрады.

Ветеринариялық қызмет көрсетуге республикалық бюджеттен жыл сайын 23

түрлі ауруға қарсы қаржы бөлініп, емдеу алдын алу және диагностикалық

жұмыстар атқарылуда. 2006 жылы осы мақсатқа 277,6 млн. теңге бөлініп,

игерілді.

Диагностикалық анықтау іс-шараларына 218,2 млн. теңге бөлінген, 12 айда

218,2 млн. теңге игерілді.

Облыста орталықтандырылған 46 ветеринарлық қызмет көрсету

орталықтары, 93 мал соятын орындар, 40 «Беккари» шұңқыры, 191 мал

шомылдыратын ванналар салынды.

Қазіргі таңда 9 ауданның 24 ауыл округінде бруцеллез ауруы ірі қара малдан

— 5, уақ малдан - 19 қолайсыз ошақтары тіркеліп, шектеу жарияланып,

қолайсыз ошақтарда кешенді сауықтыру жұмыстары жүргізілуде. Басқа

аудандарда бұл ауруды алдын алу, болдырмау шаралары жүзеге асырылуда.

Малдардың есебін толық алу, мал қозғалысын реттеу мақсатында

аудандарда бірдейлендіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңға межеленген

118,0 мың бас ірі қараның 84,0%, қой мен ешкінің 78%, шошқаның 100%

сырғаланып, жылқының 94, түйенің 100 пайызы таңбаланды, немесе 189 мың

бас малға паспорт берілді.

68

Page 70: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Шымкенттегі қаракөл фабрикасынде

15-суретҚойлар жайылымда

15-сурет

69

Page 71: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту. 2006 жылы облыс

агроқұрылымдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ- ы арқылы 66 ауыл шаруашылығы

техникаларын лизинг негізінде алды, оның ішінде 48 дана МТЗ маркалы

доңғалақты трактор, 16 дана астық оратын комбайн және 2 дана трактор

соқасы.

2006 жылы облыста бар 45 машино-технологиялық стансалар шаруалардың

71,2 мың гектар жерін өңдеп, 17,14 млн. теңгеге ақылы қызмет көрсетті.

Қайта өңдеу. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен 70-

тен аса акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері,

сонымен қатар 750-ге жуық кішігірім цехтар айналысады. Олар 15 мыңнан аса

адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің көлемі 2006 жылы - 27 млрд. 600

млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2005 жылмен салыстырғанда 14 млн.

теңгеге артты (2005 жылы - 27 млрд. 586 млн. теңге). Оның ішінде кішігірім

цехтар бойынша өндірілген өнім көлемі 5 млрд. 260 млн. теңгені құрады.

Талдаулар көрсеткендей, 2006 жылы облыс бойынша өндірілген 83,7 мың

тонна еттің 9,8 мың тоннасы (11,7%), 526,8 мың тонна сүттің 27,0 мың тоннасы

(5,1%), 5523,8 тонна жүннің 1903 тоннасы (34,4%), 1125,9 тонна көкөніс-

жемістің 3,40 тоннасы (0,2%) ғана қайта өңдеуден өткен.

Жекелеген аудандар бойынша жүргізілген талдаулар да ауыл шаруашылығы

өнімдерін қайта өңдеуде әлі де болса жүргізіліп жатқан жұмыстардың баяу

екенін көрсетіп отыр. Мәселен, көкөніс-жеміс өнімдерін өңдеу жұмысы

облыста тек Шымкент қаласы мен Сайрам ауданында, ішінара Түлкібас

ауданында ғана қолға алынған. Отырар, Бәйдібек, Созақ, Арыс, Қазығұрт,

Ордабасы, Түлкібас Түркістан Шардара сияқты аудандар мен қалаларда бірде-

бір сүт өңдеу цехтары жоқ.

Сондай-ақ, ет өңдеу цехтары Бәйдібек, Мақтаарал, Ордабасы, Созақ,

Отырар, Түлкібас, Шардара аудандарында қарастырылмаған.

Осындай жағдай мал терілері мен жүн өңдеу цехтары бойынша да орын

70

Page 72: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

алып отыр. Мал басы жеткілікті болып есептелетін Бәйдібек, Созақ, Отырар

сияқты аудандарда бірде-бір мал терілері мен жүн өңдейтін цехтардың болмауы

көңіл қынжылтады.

Осыған байланысты облыста өндірілген ет, сүт, көкөніс өнімдері, мал

терілері мен жүндері шикізат ретінде облыстан тысқары жерлерге әкетілуде.

Облыс бойынша 2006 жылы межеленген, жаңадан ашылуға тиісті 25 ауыл

шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехтардың саны 31-ге жетіп, 124 пайызды

құрады. Оның ішінде көкөніс өнімдерін өңдеу цехтары - 5, сүт өңдеу - 2, ет

өңдеу — 2, күріш ақтау - 2, мақта тазалау, түту - 3, жүгері түтікшелерін тазалау

- 1, наубайхана - 8, үн диірмені - 2, кондитерлік цехы - 2, өсімдік майын сығу -

2. Осы жұмыстың нәтижесінде қосымша 260-тай адам жұмыспен қамтылды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласының қарқынды дамуына

Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан қомақты қолдау көрсетілуде.

2006 жылға реслубликалық бюджеттен бөлінген, «Аграрлық несие

корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы берілетін 3,5 млрд. теңгелік

жеңілдетілген несиенің 14 жоба бойынша 556,0 млн. теңгесі біздің облыста

игерілді.

Осы Бағдарламаның негізінде биылғы жылы жаңадан 20-дан аса ауыл

шаруашылығы өнімдерін өңдеңтін цехтар мен кәсіпорындар ашылады деп

күтілуде. Оның ішінде көкөніс-жеміс өңдеу - 6, ет өңдеу - 7, сүт өңдеу- 5, балық

өңдеу- 1.

Екінші деңгейдегі банктер арқылы 2006 жылы 16 кәсіпорынға 1 млрд. 480

млн. теңге несие бөлінді. (2004 жылы - 1 млрд. 269 млн., 2005 жылы - 1 млрд.

200 млн. теңге) / 1,4 /.

71

Page 73: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

ҚОРЫТЫНДЫ

Әулиелер мекені саналатын Оңтүстік өлкеге ат басын тіреген жұмыр басты

пенденің тебіреніп толқымауы мүмкін емес. Бабтардың бабы Арыстанбаб

кесенесі, әлем мойындаған Әл-Фарабидің Отаны - көне Отырар қалашығы,

оның маңайындағы тарих сырын бүккен төбелердің кімді де болса өзіне баурап

алары анық. Мұндағы Отырар өркениетімен бірге өрбіген Оқсыз, Тектұрмас,

Рабат, Ақжар, Төрткүл, Сумағар атты орта ғасырлық тарихи кент орындары

болып есептелетін төбелер сырына бойлауға талпынсаңыз-ақ болды, тек осынау

өлкенің ғана емес, жалпы қазақ халқының тарихын тамтұмдап ұға бастағандай

әсер аласыз.

Басқасы басқа, исі қазаққа Түркістаннан асқан қасиетті мекен бар ма екен,

сірә! Өйткені мұнда қазақтың елдігі мен ертеңін ойлап, тебінгіден тер төге

жүріп ғұмыр кешкен хан да, би де, батыр да, бағлан да мәңгіге тыныстап

жатыр. Олардың өшпес рухы, халық үшің атқарған қызметінің қасиеті бізді

үнемі желеп-жебеп жүретіні сөзсіз.

Бұл орайда киелі елдің азаматтары кеменгерлік таныта алса, ер елге тірек

тарихи жауапкершілік пен мойнымызға артылған жүгі жеңілдей түсері

дауыссыз. Бір қуанарлығы, бірге қимылдап, бірлесе қайрат көрсетудің ел ес

жиып, етек-жеңін жинап үлгерді. Осыдан жеті-сегіз жыл бұрынғыдай емес,

елдің іргесі нығайды, халықтың тұрмысы жақсарды. Қоғамдық өмірімізде,

экономикалық, әлеуметтік - тұрмыстық салалардың барлығында да айтулы

өзгерістер жүріп жатыр. Әр саладағы алға басушылықтың әсерін айқын

сезінген қарапайым халықтың алдағы күндерге деген сенімі орныға түсуде.

Халықтың әл-ауқатының артуы ел экономикасына тікелей байланысты

екендігі айтпаса да түсінікті. Нақтылы көрсеткіштерге жүгінер болсақ, облыс

бойынша 2005 жылдың қаңтар-шілде айларында 84 млрд. теңгенің өнеркәсіп

өнімдері өндірілді, бұл 2004 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 106,8

пайыз құрап отыр. Ең бастысы, ағымдағы жылдың өткен жеті айының

қорытындысы бойынша азық-түлік өнімдерін өндіру өнеркәсібінің қарқынды

72

Page 74: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

дамығанын атап өтуіміз керек. Аталған саланыңүлесі өңдеу өнеркәсібі

келемінің 31,4 пайызын құрайды. Рас, осыдан біраз уақыт бұрын облыс өңірінің

өнеркәсібінің ахуалы күрт төмендеп кеткен тұста, кейбіреулерге енді еңсе

көтерместей болып көрінген. Қазақстан халқына Жолдауларында атап

көрсетілген міндеттер мен «Қазақстан - 2030» Стратегиялық бағдарламасы

басты таянышымыз, шамшырағымыз болды. Нәтижесі жаман болған жоқ.

Облыс өңіріндегі тоқыма және тігін өндірісі, былғары бұйымдар мен аяқ киім

шығару, қағаз өнеркәсібі мен баспахана ісі, кокс, мұнай өнімдері өндірісі,

химия өнеркәсібі, резина және пластмаса бұйымдарын шығару, машина жасау

және өнеркәсіптің басқа да салалары қазір жүйелі түрде жұмыс істей бастады.

«Оңтүстік Қазақстан облысының 2004-2005 жылдарға арналған

индустриялық - инновациялық жоспарын» іске асыру шеңберінде облыстың

кәсіпорындарында жоғары технологиялық өндірістер құру, құрал-жабдықтарды

жаңарту, даму институтарының қатысуымен, коммерциялық банктердің

несиелері және өз қаражаттары есебінен жобаларды өндіру бойынша жұмыстар

жүргізілуде. Қазір бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру жөніндегі

жүйелік жұмыстар аясында кәсіпорындарды халықаралық стандарттарға

көшіру шаралары атқарылуда.

Облысымыз инвестиция игеру саласында да қомақты көрсеткіштерге қол

жеткізіп отыр. Дәлірек айтсақ, 2005 жылдың қаңтар-шілдесінде жасырын және

бейресми қызметті қоса есептегенде негізгі қорға бағытталған 24,7, млрд. теңге

инвестиция игерілді немесе 2004 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда

155,3 пайыз құрайды.

Ел экономикасын арттыруда шағын кәсіпкерлікті дамытудың атқарар ролі

ерекше. Бұл саланың дамуы сандық та сапалық жағынан өсуімен сипатталады.

Облыстық статистика басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, заңды тұлға

ретінде тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны 13,4 мың бірлікті

құраса, осынау кәсіпорындардық 70 пайызы ел экономикасын дамытуға айтулы

үлес қосуда. Біздің өңір-ақ алтынның Отаны. Ауыл шаруашылық

дақылдарының ішінде мақтаның алатын орны ерекше. Мақта өңдейтін, жіп иіру

73

Page 75: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

және мақта тоқу өндірісінде бәсекелестікті арттыру мақсатымен, Елбасының

жарлығы бойынша «Оңтүстік» арнайы экономикалықаймағы құрылған

болатын.

Аймақты дамытуға 500,0 млн. доллар көлемінде инвестиция тартылды.

Жоғарғы технологиялық 15 мақта тоқыма өндіріс орындары ашылып, 6000-ға

жуық адам жұмыспен қамтылмақшы.

Міне, ел экономикасының зор қарқынмен дамуының нәтижесінде халықтың

әлеуметтік тұрмыстық жағдайы қазір күн өткен сайын жақсарып келеді.

Нақтылы мәліметтерге сүйенсек, облыс халқының орта есеппен жан басына

шаққандағы атаулы ақшалай табысы 7900 теңгені құрады, бүл өткен жылдың

сәйкее мерзімімен салыстырғанда 16 пайызға артық. Тұрғын үй бағдарламасы

бойынша облысымызда 5 мың пәтер салынып пайдалануға берілмек. Оның бір

мыңнан астамы биыл салынып біткелі отыр. Бес мың адамның баспана

жағдайын түзетуге септігін тигізеді.

Тек тұрғын үй ғана емес, аурухана, спорт алаңы, балабақша, өзге де

әлеуметтік нысандар бой көтеретін болады. Жүзге жуық отбасы тегін

коммуналдық үй алады. Облысымыздың бірінші болып жастар үшін арнайы

құрылыс бағдарламасын жасағанын атап өту орынды.

Облыс ауылдарының да тұрмыстық жағдайы жақсарып енледі.

Ркспубликалық және облыстық бюджеттен 27 салада ауыз сумен жабдықтау

орындарының құрылысы қаржыландырылуда, ауыл жолдарын жөндеуге 500

млн. теңге бөлінеді. Бірқатар аудандарды газбен қамтамасыз ету, электр қуатын

реттейтін желілерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 35 ауылда мектеп

құрылысы басталып, ауылдық білім мекемелерінің 70 пайызына байланыс

жүйесі тартылды, осы шамадағы мектеп интернет жүйесіне қосылып, толықтай

компьютерлендірілді.

Халықтың денсаулығына да баса назар аударылуда. Темірланда, Сарыағаш

ауданындағы Абай ауылында, барлығы 6 денсаулық сақтау мекемесінің

құрылысы басталды. Ана мен баланың денсаулығын нығайту мақсатында 1994

жылы «Бөбек» қорының төрайымы С.А.Назарбаеваның тікелей араласуымен

74

Page 76: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

«Ана мен бала» оңалту орталығы ашылған болатын. Мұнда өткен жылдың сегіз

айында орталықта 1539 ана мен бала емделіп шықса, биыл 1693 адам

сауықтырылды, оның ішінде ауылдық жерден келгендері 76 пайыз. 2005-2007

жылғы денсаулық сақтау бағдарламасы бойынша амбулаториялық қараудағы

әйелдер құрамында темір және йоды бар дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз

етіледі. Облыстық перинаталдық орталықта жаңа туылған сәбилерге арналған

реанимация бөлімі жұмыс істейді., барлық дербес перзентханаларда интенсивті

терапия бөлімдері ашылған. Облыста 100515 көп балалы аналар тұрады, бұл

барлық республикадағы көп балалы аналардың 34 пайызы, 9575-сі «Батыр ана»

мен Алтын алқамен, 18547-сі Күміс алқамен және ІДІ дәрежелі «ана даңқы»

ордендерімен марапатталған аналар, 42392 отбасы төрт және одан да көп бала

тәрбиелеуде.

Облыста балаларға арналған 2 интернат үйі бар. Оның ішінде 162 бала

Көкәйектегі жарымжан, 256 бала Шымкенттегі ақыл-есі кем балаларға арналған

интернат үйінде тұрады. Әйел ардагерлер мен қарт мүгедектерге әлеуметтік

қолдау көрсетіліп, Ардагерлер үйінде, Сарыағаш, Манкент шипажайларында

339-дан астам әйелдер мен көп балалы сауықтырылды. 38 әйел мен 27 мүгедек

бала қол арбамен қамтамасыз етілді.

Иә, бүгінгі оңтүстік өңірде атқарылып жатқан игі істердің ауқымен бір

мақала аясын сыйғысып айтып шығу мүмкін емес. Ең бастысы іргелі ел болу

үшін қысқа мерзімде атқарылған орасан зор жұмыстарды одан әрі дамыту түсу

басты парыз екенін оңтүстік азаматтары жақсы түсінеді.

75

Page 77: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Нұрбеков Ж.Н. Нұрын шашқан Оңтүстік,- Алматы, «Эфект», 2003ж. -

288 бет.

2. Бас редактор Аяған Б.Ұ. ОҚО Энцклопедиясы Алматы «Қазақ

энцклопедиясы» 2005ж. 560 бет.

3. Бас редактор Нысанбаев. Ә. Қазақ ұлттық энцклопедиясы Алматы Қазақ

ұлтық энцклопедия 1998ж. -720 бет.

4. Шымкент Кітап 1998ж.

5. Шымкент дизаины және полеграфия Кітап баспасы. 2003ж.

6. Казахстан – 2030. – Алматы: Юрист, 2002. – 132 с.7. Казахская Советская Социалистическая Республика./ Гл. ред. Каз. Сов.

энц.- А – А.: 1981.- 487с.8. Казахстан за годы независимости. /Отв. ред. Амбурова Х. К.//Инф.

аналит. сб.-Алматы.: 2006.-350с. 9. Геология и металлогения Каратау. Т. I и II, Алма-Ата Наука, 1986 г.

10.Геология и полезные ископаемые Южного Казахстана. Алма-Ата, Наука,

1988г.-345с.

11.Геология СССР. Т. 40, Южный Казахстан, Кн. 1, 2, 3. Москва, Недра

1971, 1977г.

12.Кварцевые пески Южного Казахстана – сырье для производства стекла. В

кн.: произвозительные силы Южного Казахстана Т. I. Алма-Ата Наука,

1966.- С.105.

13.Переспективы нефтегазоносност Южного Казахстана. Алма-Ата Наука,

1966. 246с.

14.Рудные месторождения СССР. Том 1, 2, 3. Москва, Недра, 1978.

15.Тефрито-базальты Чимкентской области – сырье для камнелитейного

производства. Алма-Ата «Наука», 1966.168с.

16.Чупахин В.М. Физическая география Казахстана./ Чупахин. В.М. А-А.:

Мектеп, 1968.- 260с.

17.Юшко С.А. Главнейшие минеральные ассоциации в свинцово-цинковых

76

Page 78: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

месторождениях хребта Каратау. Изв. Вуз. Геология и разведка, 1960,

№2.-С.87-95.

18.Генплан г. Арыс. Архив институт № 6234 Қазгарстройпораект Алма-

Ата1975г.

19. История индустриаизации Казахский ССР. Алма-ата 1976г.

20.Сарыагаш БСЕ Масква 1975г. 603; Казак совет энцклопедиясы Алма-

Ата 1971 35 б.

21.Курорт Казахстана Алма-Ата 1973г.

22.Туркестанский край СПб. 1913. Ташкент

23.Кентау –город юностй Алма-Ата 1971г.

24.Чардара Древности Чардары Алма-Ата 1971г.

25.Дүйсенов Ә.Б. Жаңарған Шардара Алматы 1971ж.

77

Page 79: 2”ип... · Web view5 Сайрам 76 1010 3400 2,2 Жаңбыр, жерасты суы Балды–бірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу. 6 Машат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНЫҢОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Факультеті ____________________________________________________________________Мамандығы ___________________________________________________________________Кафедрасы ____________________________________________________________________

Диплом жобасын (жұмысын) орындауға арналғанТАПСЫРМА

Студентке ______________________________________________________________________ (аты-жөні)Жобаның (жұмыстың) тақырыбы ______________________________________________________________________________________________________________________________ЖОО бойынша “____” “_______________” 200 ____ жылғы № _______ бұйрығымен бекітілген. Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі “____” “____________” 200____ж.Жоба бойынша қортынды мәліметтер ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Диплом жобасында (жұмысында) қарастырылуға тиісті сұрақтар немесе олардың қысқаша мазмұны: 1. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________2. _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________3._________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Графикалық материалдар тізімі (сызбаларды көрсете отырап):1._________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 2._________________________________________________________________________________________________________________________________________________________3._________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Ұсынылатын негізгі әдебиет: ___________________________________________________________________________________________________________________________________ Жоба (жұмыс) бойынша кеңесшілер: ____________________________________________________________________________________________________________________________

Бөлім Кеңесші Кафедра

Тапсырманың берілген күні: “_____” “_______________”200___ж. Кафедрамеңгерушісі:______________________________________________________________ (аты-

жөні, қолы)Жобаның (жұмыстың) жетекшісі:___________________________________________________

(аты-жөні, қолы)Тапсырманы орындауға қабылдаған:____________________________________________

(аты-жөні, қолы)Студент:_______________________________________________________________________ (аты-жөні, қолы)

Мерзімі: “______”“_______________”200___ж.

78