440
Жайсаң Үмөтұлы АЙКӨЛ МАНАС ДАСТАН Бірінші кітап «Биіктік» Бішкек 2011 Ғайыптан алып қағазға түсірген Бүбі Мəриям Мұсақызы

ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 1 –

Жайсаң Үмөтұлы

АЙКӨЛ МАНАСДАСТАН

Бірінші кітап

«Биіктік»Бішкек – 2011

Ғайыптан алып қағазға

түсіргенБүбі Мəриям Мұсақызы

Page 2: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 2 –

УДК 821.51ББК 84 Ки 7-5 Ү– 99

ISВN 978-9967-13-590-1 (1-кітап) ISВN 978-9967-13-600-7

Ү 4702300500-09 УДК 821.51 ББК 84 Ки 7-5

ISВN 978-9967-13-590-1 (1-кітап) @ Бүбі Мəриям МұсақызыISВN 978-9967-13-600-7 @ «Ғылым көші» қоғамы. 2011.

“Манас”эпосының бұл вариантының “Айкөл Манас” деп аталуының өзінде көп сыр бар. Айкөл, яғни, кеңпейіл деген теңеудің өзі Манас батырдың бейнесін екінші қырынан ашып тұр. Басқа дастандардан айырмашылығы, мұнда Алманбет батырдың жарық дүниеге келуінің себептері жəне шарттары, оның жеті жасынан бастап, жиырма бір жыл бойы Көйқап деген жерде оқығандыгы, одан кейінгі өміріндегі шұғыл өзгерістер жəне Отанына калай келгендігі туралы оқиғалар кеңінен баяндалады. Тағы бір өзгешелігі, бұған дейін Азиз ханның баласы деп есептелінген Алманбет атаның қаны да, жаны да нағыз қырғыз екендігі дəлелденеді.

«Айкөл Манас» дастаны оқырмандардың жүрегіне жол табады деген ниеттеміз.

Үмөтұлы ЖайсаңY – 99. Айкөл Манас., Дастан., Бірінші кітап. Алманбеттің келуі. – Б., Биіктік, 2011. – 440 б.

Page 3: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 3 –

АЛҒЫ СӨЗ Он алты жыл бұрын, 1995-жылы “Манас” эпосының мың жылдық мерекесін мемлекеттік деңгелде белгілеуге қызу қам көріле бастаған уақытта, дəлірек айтқанда, сəуір айының ба-сында Чаек ауылында тұратын Бүбі Мəриям Мұсақызының жеке турмысында құлақ есітіп, көз көрмеген өзгеріс болып, медитациялық байланыс сəтінде “Манасты” ең алғашқы ай-тушы Жайсаң Үмөтұлының жан-досымен1 медитация2 кезінде Жұмғал Ата мазарында3 кездескен. Бірінші оқиғаға,“Манас”мерекесіне, жал-пы ел араласса, екіншісіне Бүбі Мəриям Мұса- қызы жалғыз қатысқан. Бұл екі нəрсенің бір _______________

1Жан-дос – жан деген ұғымның толық атауы. Бұл ру-хани термин. «Айкөл Манас» дастаны жазыла бастағанға дейін бұл термин белгісіз болатын.

2Медитация – мұны адам денесінің емес, жанының мүмкіншілігін толық пайдаланып, басқа бір тылсым дүниеге кіріп кетуі, араласуы деп айтсақ болады.Рухани іздену жолында жүрген адамдардың əрбірінің өзіне ғана тəндік медитацияға түсу қасиеті бар.

3Жұмғал Ата мазары – Нарын облысындағы Жұмғал ауданының орталығы Чаек ауылының жанындағы зи-рат. Бұл зират бірнеше ғасырдан бері белгілі қорым жəне өлкедегі ең үлкен зираттардың бірі болып саналады

Page 4: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 4 –

уақытқа дəл келгені, əлбетте, кездейсоқ емес.Ал енді тамыз айының ортасында болған

екі жолғы кездесуде Жайсаң Үмөтұлы Бүбі Мəриям Мұсақызын өзі менен ертіп, өткен дəуірге, болғанда да Айкөл Манас атамыз өмір сүрген заманға саяхатка апарып, сол кездің ең зор оқиғасы - Шоң Қазаттың1 оқиғасын тура кинодоғыдай етіп көз алдына келтіргендіктен, оған дейін “Манас”эпосына тəндік кітаптар-дың бірін де оқымаған Бүбі Мəриям Мұсақызы енді ол дəуірдегі оқиғалардың дерлік барлығы- мен таныс болып қалған.

«Манастың” мың жылдық мерекесі өтіп жатқан күндерде, дəлірек айтсақ, 30-шіл-деге қараған түні тағы да медитацияга шыққан Бүбі Мəриям Жайсаңның он баянын ұғып, манасшылардың əр бірінің қашан қайсы ғасырда өмір сүргендігін жəне “Айкөл Манас” дастанын қалай айтқандығын көрген. Сондай- ақ, алғашқы дастаншы Жайсаң Үмөтұлынан бастап, XX ғасырдың жетпісінші жылда-рына дейінгі манасшылардың дерлік бəрін көріп, қайсысы қандай деңгейде айтқандыгын салыстырып карағанға мүмкіншілік алган (қысқасы, Манас дүниеси менен толық таныс болып қалған).

Сол, 1995-жылдың 2-қарашасындағы ме-дитация кезінде “Айкөл Манас” дастанының алғашкы жолдары Бүбі Мəриям Мұсақызы арқылы қағазға түсіріле бастаған.

____________

1Шоң Қазат – Ұлы Шайқас. «Қазат» ғазауат деген араб сөзі болғанымен , бұл дін жолындағы соғыс емес. Манастың Қытайға қарсы жасаған үлкен шабуылы.

Page 5: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 5 –

1996-жылдың аяғында бірінші кітап “Жайсаң” деген атпен жарыққа шықты.

Оның авторы деп Шəкін Есенғұлов көрсе-тілген. Сол бойдан «Жайсаңның біріншіден бастап төртінші кітабына дейін Шəкін Есенғұлов автор катары жазылып келген. Бесінші жəне алтыншы кітаптарға Шəкін Есенғұлов та, Бүбі Мəриям Мұсақызы да ав-тор болып жазылған.

Бүбі Мəриям Мұсақызы Чаектен көшіп Шүйге келгеннен кейін жазылған жетінші жəне сегізінші кітаптарға еш кім автор бол-май, жай ғана “Жайсаң” деп жарияланып, тоғызыншысы жарым-жартылай жазылып қалған кезде, 2004-жылдың 12-желтоқсанында Бүбі Мəриям Мұсақызы бірінші кітапты қайта өңдеуге кірісті. Бұл қадамға барғандығының бірден бір себебі, Жайсаң Үмөтұлы еңбегі өңделіп, толықталып, кейбір кемшіліктерден арылып, ең негізгісі, Жайсаң атаның өзінің есімімен шықсын деген ниет еді.

Сонымен, 2005-жылдан бастап, “Айкөл Ма-нас” дастаны өзінің айтушысының, Жайсаң Үмөтұлының атымен шыға бастады жəне он томы жарық көрді. Бұл қырғыз мəдениеті мен руханиятындағы орасан зор оқиға.

Бұл дастаннан біз Манастың ержүрек батыр, қолбасшы ғана емес, біздің жыл санауымыздың жетінші ғасырында қырғыздың көшпенді тайпаларының басын біріктіріп, қуатты мемлекет құрған кемеңгер елбасы екеніне куə боламыз. Сондай-ақ, Манастың ең жақын серіктерінің бірі Алманбет батыр Азиз ханның ұлы емес, қырғыз халқының перзенті

Page 6: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 6 –

екенін білеміз. Ол сол кездегі жағдайға сəйкес, Азиз ханның отбасында туылып, оның баласы қатары есейіп, ер жетеді. Тек қырық екі жасқа толғанда ғана шындықты біліп, Атамекеніне оралып, өмірінің аяғына дейін өз халқына қызмет етеді. “Айкөл Манас” дастаны манасшылар айтып келген көптеген варианттарда қамтылмаған тың деректерді қамтығанымен құнды. Бүбі Мəриям Мұсақызының жазбаша нұсқасында бұрын бұрмаланып келген мəліметтер тү-зетіліп, аттары ұмытылған батырлар ұр-пақтарымен қайта қауышты. 2010-жылдың соңында “Айкөл Манастың» бірінші кітабының орыс тіліндегі аударма-сы аяғына шығып, жарық көрген еді. Ол орыс тілді оқырмандардың зор ынтасын тудыруда. Қадірлі оқырман! Енді, міне, “Айкөл Манас-ты» қазақ тіліне аудару қолға алынып, бірінші кітабы қолдарыңызға тиді. Манас жырла-ры түбі бір түркі елдеріне ортақ мұрас деп есептейміз. Сондықтан, бұл кітап бауырлас қазақ елінің, қазақ оқырмандарының жəне оқымыстыларының зор қызығуын жаратады деп кəміл сенеміз!

Сіздерді ізеттеумен кітаптың редакторы

Жұмадін Қадыров

Page 7: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 7 –

МЕДИТАЦИЯЛАР БӨЛІГІ

(Бірінші жарымы)

Page 8: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 8 –

Page 9: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 9 –

БІРІНШІ БӨЛІМ

КҮТПЕГЕН КЕЗДЕСУБұйрық деген сөздің тірліктегі қолданған

мəнісін ғана түсінетінмін. Қызметтік дəре-жесі жоғары адамның, не болмаса өзіңнен үлкен адамның айтқанын атқару деп. Тəңірдің, тағдырдың бұйрықтарының шындығымен бетпе-бет кездескенге дейін оған көптеген за-мандастарымдай мəн берген емесмін. Көрсе, əуелден айтылып келе жатқан тағдырдың бұйрығы деген талассыз шындық екен. Сол, тағдырдың бұйрығы болмаса, қырықтан өтіп, əже, нағашы əже болған кезімде ертегі сияқты шындықпен қайдан кездеспекпін!

Тоғыз жасымнан бастап “ревматизм”1, “ревматоидный порок сердца”2 деген диагноз-дармен дəрігерлердің диспансерлік тіркеуінде тұрдым. Бұларға қосымша кішкентайымнан бері талмам3 бар еді. Сексенінші жылдың ба-

__________________1Ревматизм – буын, сүйек аурулары.2 “Ревматоидный порок сердца” – жүректегі

ревматикалық ақау.3 Талма– аурудың түрі. Тұқым қуалауы да мүмкін.

алғаш рет Бүбі Мəриямның талмасы бес жасында ұстаған.Ондай кезде бір уақыт есін жоғалтып қояды да, есін жиған соң бұрынғы істеп жатқан ісін жалғастырып кете беретін болған. Шаршағаны не күші тасығаны байқалмайтын. ақыл-есі өшіріліп, қайта орнына келетін.

Page 10: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 10 –

сынан тоқсаныншы жылдарға дейін тоғыз рет жалпы наркозбен операцияда болдым.

Осы жылдары түсініксіз нəрселерді басым-нан кешіріп жүрдім. Көптеген адам нанбаған оқиғалардан соң, бұл жарықтағылардың барлығы - жандысы да, жансызы да бір Ұлы Күштің бақылауындагы басқаруда екеніне көзім жетті. Сөйтіп, бұл жарық дүниедегі уəзипамды өтеу жолына түстім.

Бір кезде жан кейіткен аурудың азабы-нан дертіме дауа іздеген болсам, енді дерті меңдегендерге дауа іздеп сапар кезетін бол-дым. Осындай мазасыз күндерімнің бірінде, дəл айтсам, 1993-жылдың 30-тамызы күні маған жазушы Шəкін Эсенғұлов келді. Еркек кісілерді қарамаушы едім дегеніме көнбей, трансденденттік байланысқа түсуге1 мəжбүр етті.

Оны «Ертең астральдық белгі2 түссе көрем, түспесе көрмеймін»,-деп жөнелттім.

31-тамыз күні денесінен ешқандай белгі байқама-ғандығымнан ол мені сынау үшін келгендей көрінді. Мен ағайды мектепте оқып жүргенде көргеннен кейін бірінші рет көруім. Ел ішінен əр түрлі сөз есітіп, оны онша да ұнатпаушы едім. Сондықтан, мен де белгі түспесе екен деп тілегенмін. Бірақ, бұйрықтан аттап өту мүмкін емес екен ғой... Ағайдың екі білегінің қаруына ва-зелин сипап, қолымды қойдым. 20-30 се-

____________________________________

1 Трансденттік байланыс – Бүбі Мəриям Мұсақызыныңауруларды емдеу кезіндегі тəсілі.2Астральдық белгі2 – дене-достағы дертті дəл жəне тез

анықтаудың жолы

Page 11: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 11 –

кунддан кейін қолымды алып карадымда, түскен белгілерді көріп,таң қалғанымнан дем ала алмай қалғандай болдым. Ағайдың онсыз да шақырайған көздері шарасынан шығардай алайып кетті. Екі қаруына түскен белгілерден мөлтілдеп шыққан канды екеуміз қинала үнсіз қарадық. Сөзді мен бастадым:

- Ағай, белгі түсті, оң қолыңызды ұсыныңыз,-дедім.

Оң колыммен оның тамырын ұстап, сол қолыммен маңдайынан төмен қарай қарауға өттім. Қайсы жерінде қандай дерті барын ай-тып беріп жаттым. Қолым қабырға сүбесінің астымен бүйрек тұсқа келгенде, көргенімді айтуға аузым бармай тұрып қалдым.

– Ағай, бұл жерде немене барын айтқым келмей тұр. Қолымнан келгенінше емдеймін, əлім жетпесе дəрігерге барасыз, - дедім

Ағай жаны қатты кейігендіктен шақы-райған көздерін шақшайта тік қадап, сіркесі су көтермей сөйледі:

- Ол жерімде бүйрегім бар, бүйрегімде тас бар, мұны сізге айқан едім.

Ашуланып сөйлегеніне менің де демім та-рылып, оның сол қолын бұлтыйып ісіп тұрған көк бауыр тұсына қойдым да, былай дедім:

- Бүйрегіңіздегі тасыңызды айтканым жок, мынау қатты ісік жөнінде айтып жатырмын. Бұл қашан пайда болып еді? Дəрігерлер не деп еді?

Үлкендігі пиаланың көлеміндей қатты нəрсені ағай қолымен ұстап, таң қалғанын жасырмай, кайтадан менен сұрады:

- Бұл не? Мен өзім бірінші рет көріп тұр-мын, ауырғанынан тынышталып жата ал-

Page 12: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 12 –

маймын. Қырымнан да, шалқамнан да жату мүмкін емес. Екі қолымды шекеме койып, етбетімнен тізерлеп біраз жатам, содан кейін тұрып, ары-бері жүремін, кайтадан отыра-мын, бүйректегі тастың ауруына қарсы укол алып жатканмын, сіз жөнінде есітіп қаралып көрейінші деп келдім, бұл не деген дерт?-деп мазасыздана сөйледі.

Мен жаңағы сөзімді қайталап, əлім жеткенінше емдеп көрем, болмаса дəрігерге қайрыласыз дедім.

Бұл əлдебір Ұлы Күштің белгісі екенін сол күні ағай да, мен де қаперімізге алмадық, бірақ, мен ол кісіні емдегенге кірістім.

Ағайдың мінезі əбден күрделі, ешкімді, еш нерсені жақтырмайды екен. Əр түрлі дəрі шөптердің қайнатпасын, ашытпа-сын, ұнтақтап тамаққа араластырып бер-гендерімді əбден қадағалап, тексеріп тұрып қабылдайды. Ə дегенде көргендегі түскен белгінің шарты бойынша бұл кісіден бас тартуға, емдемеймін деуге ақым жоқтығы мені ызалантты, бірақ амалсызбын. Сондық-тан өте сақ мəміле жасаймын.

Қандай сұрау берсін, барлығына жалтар-май тез жауап беруге əрекет етем. Көрінгеніне екі жылға жақындап, ауруынан кəдімгідей сергіп калды, соған қарамай алғаш рет көрінген кезіндегідей сый мəміле жасаймын.

Манас атамыздың мың жылдық мерекесіне театрдағы артистерімен ағай да қызу дайын-далып жатқан. Кешкі емделуге жұмысынан əбден шаршап келіпті, біразга үндемей жат-ты. Жарасының іріңін тазалап жатқанмын, ағай аунап, маған тігіле карап, былай деді:

- Əр бір халықтық деген шығарманың ав-торы болған, бірақ аты аталмай ұмытта

Page 13: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 13 –

қалып, сосын халықтыққа айналып кеткен. «Манастың» да авторы болған, қалай ғана барлық ел жиылып айтсын. Сіз медитация уағында «Манастың» авторы кім болған деп біліп бере аласыз ба?

Мен иығымды қусырып ғана қойдым. Ішкі тұйымым ағайдың менің медитацияға шығарыма сенбей тұрғанын сездіріп тұрды. Арада бірнеше күн өткен соң адам нанғысыз оқиғаға тұс болдым. Кəдімгідей трансқа1

түсіп, мəлімет алып жатқан уағымда шошы-ғанымнан қайтадан əуелгі қалпыма келдім. Жұмғалдың сүйек қақсатқан ағын суын кешіп тал ма, терек пе əйтеуір бір ағаштың бұтағын ұстап тұрыппын. Дəл төбемде толған Ай. Еріп төмен кұйылып жатқандай ағарған қою жарықтың ішінен серейген сұйық сақалшаң кісі: “ Шырағым, бұтақты жылжытып қой-шы,”- деди. Сол кездегі хəлімді түсіндіріп ай-тып беруім мүмкін еместей. Есімде қалғаны судың мұздайлығы, қою, аппақ айран сыяқты сағым іспеттес жарық, сол жарықтың ішінде басы төмөн қараған кісі. Бəлкім, ана кісі қолымнан тартты ма, əлде бір нəрсе таба-нымнан түртті ме, əйтеуір, судан тік жоғары жеңіл атылып шыққанымды білем.

Қанша мезгіл өткенін дəл айта алмаймын, Өз-өзіме келгенімде үйден əжептеуір алыс жерде екенмін. Көйлегім белуарыма дейін шылқылдаған су. Сəуірдің ондарынан өтіп қал-ғанына қарамай жерде ала-тұла қар бар бо-латын, бірақ, жаурағанымды сезген жоқпын,

________________________

1Транс - медитация уағындағы жағдай.

Page 14: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 14 –

дəптерімді қойныма тығып, жылдам жүріп, үйді беттедім.

Медитациядан кейін жазғандарымды ше-шіп отырып, «лето – цифра» деген сөздің бірнеше қайталанғандығына таң қалдым. Не деген ұғым екен деп толық шештім. «Кто ав-тор произведения «Манаса»? деген сұрауыма берілген жауап екен. Əдебиет жанрларынын түрлерімен ісі жоқ қарапайым мен сияқты əйелдің білімсіз бұл сұрауы кейін сенбегендердің шырағына май тамызып, құралына айналары ол кезде ойыма да келген жоқ. Сол сұрауыма берілген жауап «лето – цифра» деген сөз екен. Демек, бұл сөздің қырғызшасы «жай1 – сан» болу керек деп, ағай келгенде ол кісіге:

- Ағай, «жай – сан» деген сөзді білесіз бе? – дедім. Ағай:

- Құлағыма жылы есітіліп жатыр, ол не, жердің аты ма, əлде, кісінің аты ма екен? – деді.

- «Манасты» алғаш айтқан кісінің аты екен.

- Бəлкім Жайсаң болып жүрмесін?- Жоқ, ағай, лето – жай да, ал енді цифра –

сан делінеді, жай – сан, – дедім. Сөзіміз осымен тоқтап, ағай үйіне кетті. Осы оқиғадан кейін маусымға дейін медитацияға шықпадым, өйткені, шошып қалсам керек. Маусымда жайлауға, ұлым Таалайбектікіне Шəкін ағайды жанұясымен

қоса көшіріп бардым. Ағайға уқорғасынның қайнатпасынан беруім керек еді. Өзім де _________1Жай - қазақшасы - жаз, жаз мезгілі

Page 15: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 15 –

1989-жылдан бері осы дəрі шөптің кайнатпа-сын ішетінмін. Маусымның үші күні кешінде “Сарыжонға»1 шықтым. Айдың алтыншы күні болғандыктан, табиғатпен жақын араласып, космостық энергия2 алуға əбден ыңғайлы еді. Ойым бір ноқатқа тез арада жиналып, жер айланбай тоқтап қалғандай болды.

«Дүңк-дүңк » деген дауыс есітіліп, қошқыл қызыл түсті жарыққа оранған ұзын бойлы сұйық бурыл сақалды, оң колын алға ұсынып, сол қолымен жұқа боз шекпенінің етегін кайырып ұстаған кісі жайнаған кісілердің, аттардың өліктерін аралап, күңіреніп əндетіп те, жылап та жүрді. Қоңырсыған иіс мұрынымнан жоғары өрлеп, жүрегім айналып құсқым келгендіктен қайрадан өзіме келдім. Дептерімнен кішкентай баланың салған суретіндей жазуды көрдім.

Үлкен түп жатаған аршаның жанында екенмін, бір тал бұтақты ұстап,«Кешіріп қой-шы, бүгінгі көргенімнің куəсі мына бұтақты сындырып алайыншы?» - деп өтініп, бұтақты сындырып алып төмен қарай үйді беттедім.

Ертеңіне ерте Шəкін ағай емделуге кел-ді. Мен жарасын таңып жатып, түндегі көргенімді айтып бердім. Ағай сол көргенімді сөзге айналдырып бере аласыз ба дегеніне ба-сымды икеп «иə» деген делгі бердім. Ертеңмен шешіп қойған өлең жолдарын көрсеттім. Мен ол кезде сол шумақтардың мəнін түсінген емеспін. Жəй ғана ұзын-ұзын өлең жолда-ры болатын. Ағайдың сұрағанына бермей, _____________________________

1Сарыжон - жер аты.2Космостық энергия - əлемде тынымсыз ағып тұратын көзге де,аспаптарға да көрінбейтін энергия.Жанды нəрсенің бəрінің энергиясының ең негізгі бұлағы.

Page 16: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 16 –

өзім оқып бердім. Маған түсініксіз ұзын жол өлеңдерді ағай ынталы, толқып ұқты. Көздері бір басқаша балбұл жанып, əбден əсерленгеніне таң қалдым. Не себеп болғанын білмеймін, ағайға майдан даласын көргенімді айтып жатқанымда ұйқы безімнің тұсы ыси түсіп, бір басқаша хəлге түсіп бара жатқанымды сезіп, асығыс ағайдың жарасын таңып беріп кетірдім де, сосын тұңғиыққа түсіп кеткендей болдым. Өзіме келгенде күн түс болып қалыпты. Түндегі жазған белгілерді əріпке айналдырып түсірдім. Ағайға ертеңмен оқып берген өлең тізбектерін қайтадан тағы қағазға түсірдім.

06. 07. 1995. 10ыншы. А. К.1

Ей, шырағым, көңіл бұрып, сырымды ұқ,Жүрегімнен жарып шыққан үнімді ұқ.Ғасырларды қартайтып,Тыным алмай жырлап келем,Көз жасымды құйылтып.Мұңым сыймай жылап келем.Шайқасқан жер алаңын көрген күннен,Ес жиып, көз ашқалы сырлы үннен,Көзден жасым тоқталмай,Сөзден ауызым босамай,Жырлап келем, еш тоқтамай,Жылап келем, мұңым симай.Берендердің ерлігін,Бегімнің қылған мəрттігін.Жан қиылған осы дала,Өзен толған өлік жанға,

_______________________

110ыншы А. К. - жаңарған айдың оныншы күні.

Page 17: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 17 –

Ажырап адамдардың денесіненАдасқан жан-достарды сан жетпеген,Күні-түні көріп тұрам, есітіп тұрам,Кезім жоқ тыным алған үнім тиған.Жүректі өртеп жанды кейітер,Жер жайнаған мына шейіттер.Опат болған Шоң Қазатта ерендер«Намысты бол!» деп өсірген аналар. Ойды бұзбай, сөзді тыңдап, көңіліңе ал,О, шырағым, шерлерімді1 көріп ал.Ел ескерсін ерендерімді жан қиған,Еске сақта, айтқан сөзін бұрмастан,Таудай болып жиналған қу сүйектер,Топты жарған тірісінде жүйріктер.Тас уатып тұяғынан от шыққан,Демі қызып танауынан шоқ шашқан,Тұлпар аттар Қамбар-Ата2 қолдаған,Тұс келген тас ұйпаланып кұм болған.Жаудан өліп иесі менен үстінде,Аңыз болған бұл қу сүйек тіріге.Сəйгүліктер Тұлпар Пірі қолдаған,Сауысқандар көзін шұқып қорлаған.Ақ өтеген міндеттерін кезінде,Ақ өтеген міндеттерін кезінде,Арғымақтар татыр мақтау сөзіңе.Тұлпарлардың сүйектерін қураған,Түсіндіріп ұрпақтарға айтпасам,Тірісінде нақ өтеғен міндетін,Тұлпарлардың кеудесіне су себемінШайқасқанжер өңі бөлек, елі жат,___________________1Шерлер - батырлар. 1Қамбар Ата- жылқының пірі, қолдаушысы.

Page 18: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 18 –

Ерендерден сүйек қалған аманат.Адам жəне арғымақтың сүйегі,Араласып жатыр иелеп төбені.Қақыраған сүйектерді аралап,Қарашықтан жас аралас қан ағар.Қырандарды қиған талдай сұлатқан,Қызыл тілді қайрап жырға айлантқам.Таусылмаған дастан жырға айланса,Мəңгілікті халық ішінде сақталса.Ерендердің ерліктерін арттағыЕл ұмытпай, өрнек алар балдары.Ұрпақтары үшін жалғап үзбестенҰлы көшті жалғастырар деп күтем.

Иен дал, тау бауырынМекен қылған мəңгілікЕй, шырағым, бұл ерлердің дене-досы1.

Үнім тынбай, жырлап келем,Мұңым симай жылап келем.Берендердің ерлігін.Көргенімді көргендейЖырлап өтсем деп келем.Жұртыма тегіс жеткенінТыңдап өтсем деп келем.Ғасырларды қартайтып,Мезгілдерді арытып,Ұрпақтар-еей,Сіздердің қамды жеп келем.

(Жаңарған айдың қатарынан екі бейсенбісі).

_________________________________

1Дене-дос - дене ұғымының толық аталуы. Бұл рухани тер-мин «Айкөл Манаста» алғаш рет белгілі болды.

Page 19: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 19 –

ЕКІНШІ БӨЛІМ

ТАНЫСУ

2.8.1995. 7ші А.К. 220 111 3411 660 42*`

Жанұяда түсінбестік шиеленісіп емде-луімізді соңына шығармай жайлаудан түс-тік. Ағай ісімен қалаға кеткен. Емделіп жүрген Гүлмира деген келіннің əжесі дүниеден өтіп, сол кісіге құран оқыту үшін Дыйқанға2 бардым. Дəрет алғалы сыртқа шықсам, тез медита-цияга шығу керек деген белгіні сездім.Құманды арықтың тоспасының жанына койып, оның ар жағындағы дөңге қарай жүрдім. Қабірлердің жанынан өтіп бара жатқанымда түсініксіз бір ауыр пышылдаған дауыс есітіліп, тұла бойым дірілдеп кетті. Бірақ, сол кезде таныс атаның сұлбасы қолын оң иығыма қойғанда кəдімгідей қуандым. Иыгыма қойылған қолы арқылы икемсіз сілейген сұлбаға жылулығым кетіп жатқанын сездім. Ертеңіне ем алып жүрген екі-үш келіншекпен мазарға (əулиелі____________________________

1220 111 3411 660 42*`- медитация кезіндегі Əлемнің өлшем бірліктері.2Диқан - Жұмғал ауданындағы ауылдардың бірі.

Page 20: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 20 –

жерге) бармақпын. Туып алсақ деп балаға зар болған сол келіншектер неге есіме түскенін түсінбедім. Əр бірінің елесі көз алдыма келіп жүрегімнің түкпірінде əдеттегідей Тəңірге жалынып, сол бейшаралардың зары ұғылып, тілегі қабыл болса екен деген ой келді. Бір ке-ремет ғажайып жерге келдік, сылдырлаған бұ-лақтан уыстап ұрттап су іштім. Бұлақтың сылдырын мұңды кұстың үні қостағандай, қоңыр дауыс қүңіреніп əндетіп жатты, тұла бойым еріп, соларға араласып кеткендей бол-дым.

2.8. 1995 7ші А.К. 11 35; 41 2611 Ғажайып толықсыған Айлы түнде,Мұңайған дауысыңды құлақ ұқты.Зар қақсап перзент тілеп ЖаратқаннанҚұйылған ащы жасың жанға батты.Тілекті өзің үшін тілеместенБіреу үшін зарлағаның маған жақты.Қүттірғен Ұлы Тоғыс1 келіпті депКөзімнен тұзды жасым ағып жатты.

Бойыңда бар ер мінез азаматтығың,Мақтадай жұмсақ тұрып қаттылығыңБасқа үшін азап тартып жан қиюғаБас тартпай жүреғіңнен мақұлдығын Кеудемде қатқан шерді жібіттірдіАнаның ақ сүтіндей күш бітірді.Кетіріп жан-дүниемнің қөңүл кірінМен болдым өзүң күткен Аппақ Пірің.

__________________________________

1Тоғыс - Аспан денелерінің бір-біріне жақындаған кезде Жер планетасына берген əсері. Ұлы Тоғыс деп аталғаны - өте үлкен əсер жөнінде айтылып жатқандығында.

Page 21: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 21 –

Шырағым, есітіп пе едің, бір аңыздыЕкі дос бір пендені құрар деген?Кеткенде бұл ғұмырдан мəңгіліккеЕкі дос достық жібін үзер деген?Есітпеген болсаң, демек, бұрып назар,Аңыз сөзді тыңдағын шындығы бар.Күнделік бұл өмірдің сырлы аяғынҚөресің өзегінен бұл баянның.

Екі дос тұла бойда екеу ме екен?Бірлесіп, кел, ендеше сараптайық.Ақыл-ес еркің-күшің, сезімдеріңОны сен жан-досым деп керектеғін.Əуелден кең кеңістік Əлем менен

Адамның ақыл-есі жасап келген,Ал анау Жер-Анадан қалатұғынАдамның дене-досын жерден алған.Бір пенде екі достан тұрар дегенБолмыс сөздің төркіні тура ма екен? Шырағым, еске сақта, сөз аяғынШындығы жоққа шықпас бұл баянның.Жан-досты дене-достан бөлғен күні,Жаратқан іске асырар өз аянын.Екі дос жөніндегі бұл баянның,Өзіңе не себептен айтылғанын,Дəлелді, бірақ, бəрің байқамаған,Бір сырды болжолдарсың шетін ашсам.

Сезбестен сырлы жағын бірде-бір жан,Сергіткен кұралындай пайдаланған.Əрдайым ұйқы деген тылсым заттыңОйланып,шешуін біл, сырын тапқын.

Page 22: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 22 –

Ұлы Күш жандыларға сыйлық кылғанҰйқыны - хабар алған кең Ғаламнан.Ұйқының құшағында қалып денеКетер жан өткен шаққа, келер кезге.Жан-достың көргендерін сапар шегіпДене-дос түспен көрер ұйқтап жатып.Шырағым, ұйқы деген тылсым сырдың Шығардым бар болғаны бір бұшпағын.Дене-дос жан-дос жəне ұйқы дегенСабақ айтам, іс бастап, сенімен мен.

Жолығам Ай жаңарған бейсенбідеҰйқыға дене-досың кірген кезде.Ертемін жан-досыңды өзім мененҚыдырып қең əлемді сапар кезем.Тұңғиық құпұясын тіс жармағанТүпкірге табиғаттың сыры жатқан,Жеткенше мақсатыма аңсап келгенЖетелеп қыдыртамын əлемді кең.Оятып сезімдерді ұйқтап калған,Оқығын сыр шешуіді - білімғе қан.Бастайық, іс басы деп ару жердеБарлығын ұмытпастан сақта есіңе.Шырағым, тыңда, мына тастың сырынЖанында қурап жатқан бастың сырын.Сылдырлап ағып жатқан бұлақ сырынМұңданып таң атырған бұлбұл үнін.

Бəрінің сырын тыңда, үнін тыңдаБəрінің шері шықсын мұңын тыңда.Аяулы жүрегіңнен орын беріпСырларын əр бірінің қасиетте.Сен көрген бұл түндегі - аян бұлакСусының қанғанынша əбден жұтқын.

Page 23: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 23 –

Көрінғен кұбылысты, əр бір сөзді,Өзгертпей көңіліңе берік тұтқын.

Шырағым, өзіңе айтар ұзын сабақСырымды сақтап келем ғасыр санап.Көңілге берік түйіп, жақсылап ұқСыр айтпа, ешбір жанға жақын санап.Сырыңды ашып қойып нысапсызға,Кетпесін тартып алып, тастап сызға.Төгіп салып ризығыңды жолың тосып,Мəжбүрлеп, Ақ Піріңді қояр алып.Улантып жан-досыңды қаптаған зіл.Меншіктеп дастанымды бір бұзық ділМұны айтқан Үмөтұлы Жайсаң деп білҰмытпай бейсенбіде дұға оқый жүр.

Жалғастырып аңызды өзім білген,Кыдырып ғасырларды сапар кезем.Ерлігін, айкөлдігін1 бабалардыңЖандаған жан-досыңа жырлап берем.Көз жасым Құдыретке жеткен бе дейм,Кездестім Тоғыс келіп сенімен мен. Кеудеңнен суырып шығып жұртыма бер,Көмілген жырларымды өзіммен тең.

Кейінгі кездері кездесіп жүрген Атаның жан-дүниеме осыншама жақын болып бара жатқанын сездім. Бұл жолы иығымнан қолын алғандан кейін бұрынғыдай сілеймей кəдімгі кісідей-ақ икемді болып қалғанын байқадым. Қоштасар кезде бұрынғыдай қорықпай ажы-расқым келмей тұрды.

_________________________________

1Айкөл - дархан. Манастың теңеулерінің бірі.

Page 24: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 24 –

Өз өзіме келгенде Гүлмира жаныма жақындап: “Ай-ий, əпке, кайда бардыңыз, кəдім-гідей қайғырмадық па?- деп негедір көйлегімді ұстап қарады. Тоспалардан жырылмай қайтіп өттіңіз?”-деді ол таң қалған дауыспен. Мен «Қайдан білейін» дегеннен басқа сөз айта ал-мадым. Ертесі күні ертең менен Чаекке келе салып, бала көрмей жүрген келіншектермен мазарға кеттім. мазардан келгеннен кейін жыр жолдарын қағазға түсірдім.Үлпілдеп өше жаздап үміт шамыКөп күттім ниеті ақ зерек жанды.Жырлаған дастанымды меншіктемейТура айтар пейілі тұнық асыл жанды.

Қыдырып əлем қойнын іздеп орын Кұрғамай көзде жасым, қинап жанды.Ғасырлар бойы аңсаумен келе жатамАру ана туса деп бір Жайсаңды.

Сенің де ақ тілегің менікіндей,Сарғайып зар қақсайсың перзент тілей.Тумайтын басқа шұқақ1 зайып үшінБасылмайды бала тілеп мұңайған үн.

Аһ ұрып, түні бойы зікір салып,Таянып таза жерге шамды жағып,Жетсе деп Жаратқанға зар тілегім,Жалынып жан тілейсің құрбан шалып.Ак тілек, байқадың ба, қабыл боларОл шықса жан-дүниеңнен жүрек жарып._________________________________

1Шұқақ - бедеу, бала көрмей жүрген əйел.

Page 25: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 25 –

Шырағым, тілегіміз бірге болсын,Кұт түсіп, бар зарлыға бақыт қонсын.Туылған балпаңдаған аппақ ұлғаДұға айтып, Жайсаң деген атты қойсын.Өмірі ол Жайсаңның ұзын болсын!Ырысы асып-тасып əбден толсын.Тілі өткір, күні-түні дастан айтқан,Шалдығып-шаршамаған жүйрік болсын!

Мазардан келгеннен кейін жоғарыдағы өлең саптарын шешпеледім. Екі жолғы медитация-ның мəліметтерін Шəкін ағайға қаладан кел-генде оқып бердім. Ағай жатқан орнынан ба-сын көтеріп, қолымды қыса ұстап, толқып:

- Сіз осы жырды толық алып берсеңіз мені данышпан қыласыз! - деді. Мен үндемей қарап тұрдым,ішімнен:«Осы жазушылар əпенде болады ма деймін, əйтпесе мен дəрі ретінде қолданған ұзын жырларга сонша қуанып, да-нышпан қыласың деп айта ма?» - деп ойла-дым.

Page 26: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 26 –

ҮШІНШІ БӨЛІМ

ОН ЖАЙСАҢ

31.8.1995 ж. 6шы А. К. 290 211 511 Жанұямдағы жанжал əбден шегіне жетті,

оныншы класста оқыған қызым екеуміз үйге жатпай арықтарда, жаңа салынып жатқан тамымыздың еденінің астына кіріп түнеп жүрдік. Өзім үшін емес, қызым үшін көп қорықтым. Есі жок тентектерге жолығып масқара болмаса екен деп түні кірпік ілмей таң атыратынмын. Осындай қиналған күндері не деген нəрсеге тұс болдым, мұның аяғы қалай бітер екен деп қайғырамын. Бəрін тоқтатып, көнген жолыма түссем деген ойымды көңілімнің сонау тереңінен бір үн: «Енді артқа қайтуға болмайды!» - деп тиып салады. Мұндай кездер-де Жайсаң атаға кездестін, жаңарган айдың бейсембілері ортайған көңілімді толтырады. 30 тамыздын түнін кірпік ілмей өткеріп, кешті шыдамсыздықпен күттім. Ымырт түсерде Жайсаң атаға су атап, шам жағып, дұға ай-тып далаға шықтым.

Əрдайым медитацияға шығатын Жаман-даладағы белгілі жерге жақындап қалганымда, кіндік тұсымнан сəл жоғарырақ жерім шоқ

Page 27: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 27 –

түскендей ысып, баяғыдан бері сапырылып-тынышымды алған айлар қайда кеткені бел-гісіз, дүние бір орнында тоқтап қалғандай, көгілдір-жасыл жарыққа оран-ған Жайсаң атаның қараны жанымда тұрғанын көрдім. Жұмсақ қоңыр үннің əсері ме, не құбылған жасыл жарықтан ба, əйтеуір, маужыраған тыныштыққа бөлендім. Жағымды қоңыр үн құйылысқан сөз тізбегін шұбыртты:

31.8.1995 ж 6шы А. К. 11 4711

Дұға оқып ұмытпастан əр бейсембі, Күтесің өз қанымнан біткеніңдей. Мен дағы асығамын кездесугеСен мені құсаланып күткеніңдей.

Шырағым, шаршағаның, азған түрің,Түйсігін тартқаныңда тіріліктің,Көтере алмағандай көрінбеші Күнімдік өмірдегі сынақ жүгін.

Шығарып əр нерседен тура бітім,Жақсылық – жамандыққа дəйім күтіп,Өтеген қысқа өмірің зая кетпей,Бітіргін ертеңгіні міне бүгін.

Алыс бол бос уайымның тұзағынан,Тілей гөр өміріңді ұзағынан,Бір күндік жарықшылық қымбат болар,Мың күндік қараңғының құшағынан.

Сен жүрген Аппақ Сағым, аппақ жолың,Жаратқан сыйға берген емді колың –

Page 28: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 28 –

Қадіріңнің бағасын түсірмегін,Абыздар1 арасында – сенің орның!

Жуату үшін емес айтқан ойым,Кеудеңдегі сұрауға берем жауап.Қане, онда, сыр баянды жалғастырам,Қарағым, көз жасыңды аршып қойғын.

Ескертем, жырлап келем ғасыр санап,Естіні есі жоқтан айырып, қарап,Ежелден кешіре алмай қойдым, бірақ, Жыршыны жырлап жүрген ептеп-жамап.Сырласқан адамың кім? Абай қарап,Көре біл жан дүниесін сынап – талдап.Қор қылып жырларымда қоймас па екен?Нысапсыздың қолына тиіп барақ?Өткеннен Жайсаң атаң хабар салар,Іске асыр, бұл сен үшін аян сабақ,Тізбектеп əрбір сөзді ретімен Өзгертпей ұрпақтарға айтылса хат.

Саған бұл тапсырманы берген – Жайсаң.Салмағы ауыр жүктің, иығың басқан.Жұртыма бұрмаламай жеткізер депӨзіңе сенімімді артып тұрам.Ғасырлардың аңызын жалғап келем,Сыналап жыр тізбегін калап келем.Кираған Ұлы Дастан Ақ қорғанынҰрпақтар, сендер үшін құрап келем!Ертегі деп, сендер білген - бір шындықтың, Жоғалтпай бір де жолын жырлап келем.___________________________

1Абыздар - алдын ала айта білген адамдар, қасиет қонған кісі

Page 29: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 29 –

Өткізіп нешендеген дəуірлерді,Кешегі шындық бүгін ертек болды.Ертегіге айналған сол шындықты,Жұртыма жеткізуге жəрдемші бол.Ерлігін еліміздің баяндаған,Ер Манас жөніндегі Ұлы ДастанЕліме шабытыммен көркем айтқан,Иелерін əр ғасырда жырым тапқан.

Əулиеден алдын ала аян алған,Ғасырлар тоғысқанда көзін жарған.Көріпкел емсеек ана1 – перзентінеАзан айтып қойдырар атын Жайсаң.

Жүгі бар мойынында дəуір артқан,Жан етін2 дауалы ана тапқан, баққанОл бала кемеліне келген кездеАйтатын күні – түні Ұлы Дастан

Халайық сусын тұтып жырын жұтқан,Қайтпастан үйлеріне дастан ұққан.Ұмытып ұйқы деген не екенін,Ұзақ түн сөз қылатын ұлылықтан.

Кəдімгі тау суындай күрп – күрп аққанКайталап бір де жолын қайырмастан,Қалыпқа құйылғандай жыр жолдарыКер-жас, ұққан жанға бірдей жаққан.

Ғасырлар алға қарай озған сайын,Өзгертіп елін-жерін, суын, сайын._______________1Емсеек ана - емші-домшылыққа бейімді, қолы жеңіл ана.2Жан еті - баласы.

Page 30: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 30 –

_Өзгерді адамдардың пейілі де – Мезгілдей ауыстырған қысқа жазын.

Жаратқан Жайсаңдарды сирек берді,Пір тұтқан ару жырды – сиректетті.Бұрмалап, атын бұрып елдің, жердіңХас жыршы бұл дəуірге сирек келді_Ұрпақтар, қайырыламын бəріңе,Ұлы сөз нарқын білген кəріңе де.Ұлылығын жұртыңның қадірлей біл,Дау кетірмей ар-намыс, дəстүріңе.

Отырмын көңіл бұрып өткен күнге,Дəуірдің еленіп көр елегіне.Неліктен сақталғанын талдап көрсей,Елесі Ер Манастың ел ішінде.

Аруағын Ер Манастың сыйламастан,Шықты ғой жалған деген адамдар да.Айкөлдің болғаны рас, жоққа шықпас,Тереңдеп іздеңіздер, дастанымнан.

Жалған деп, жоқдеп айтып, ертектерді,Жақсылап зерттеп көрсең дəуірлерді.Сол кезде байқайсыңдар, ұрпақтарым,Ертегіде бар екенін шындықтардың.

Шырағым, естігенім ұзақ деме,Ұмытып қаламын деп қайгы жеме.Тізбегін ақ маржандай тізіп берем,Жайсаңдар «Манас» айтқан – қанша еді?

Жаңылыс, жалған болып қалар деме, Ұкпайсың ұлы жұрттан сен бірдеңе

Page 31: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 31 –

Сөзімді дəлелдеуге ұсындым қол,Сен дағы берік бол да, қолыңды əкел!

Есімде Айкөл Шердің жас шамасынҚаншаға келген деп сен сұрағаның. Сөзіме ондай болса, зердеңді бұр,Шығар сосын жаңылмай дəл есептеп.

Ғасырлар ғасырлармен тоғысарда, Жайсаң жыршы туылған дəл сол малда.Төрт ғасыр бір де Жайсаң туылмаған,Оған енді Жайсаңдардың санын қосса,Қосылған осы сандар қанша болса,Айкөлдің тура жасы дəл осынша!

Ең алғаш елімізғе «Манас» айтқан,Үйсіндер Үмбетінің ұлы Жайсаң.Қосылған бала күннен Айкөліне,Бірі еді қырық батырдың арасынан.«Сөз білген, шебер жыршы, шешен»-деген,Баға алған Бақай атты ағасынан.

Жарығым, есіңде ме алғаш рет:«Жылжытшы жүзің тосқан бұтаны,»-депМұздай суық суды кешіп тұрғаныңдаБұтағынан бəйтеректің түскен Шұғыла?

Ішінде сол Шұғыланың бүлбүлдегенРеңі қарт ақынның жасын төккен.Саулеге орап сені сол бойыңдаҚосылып кеткеніңді өткен менен?

Боздаған сондағы үн есіңде ме,Босатқан буын – жұлын, сезімдерді?

Page 32: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 32 –

Шырағым, сол кездегі көргендерің – Көрініс – Ұлы Шайқас кезіндегі.Сен ұққан мұңды дауыс, жыр саптары – Қайғы – мұң жаңғырығы сезімдегі.Міне мен, сол кездегі жыршы Жайсаң,«Манасты» ең бірінші елге айтқан.Жұртымың жүрегінде сақталсын деп,Ерлігін батырлардың жырға айлантқан.Мерт болған сол шайқаста неше берен,Келмеген ерлігіне еш нəрсе тең.Тау болған өліктері Ит Өлместі1Мəңгілік орны қылып мекендеген.Өртеніп өксіп-күйіп жырлап келем,Жырымның əр бір жолын таңдап терем.Ұрпақтарға жалғасын жеткізсем деп,Əр жолы бір Жайсаңға орын берем.Өмірі кей Жайсаңның қысқа болды,Кейбірі ғасыр жасап, жүзге толды.А бірақ, барлық Жайсаң бірдей жырлап,Əр бірі шындықты айтты, «сөз қоспады».Айтса да жыр-дастанды күндіз-түніАрбайтын естігенді жағымды үні.Еліме дастан айтып жатқан кезде,Ерлердің аруақтары қостап жүрді.

Ендігі жыршы Жайсаң кезектегі,Екінші Жайсаң болар есептегі.Бұл жыршы да алдыңғыға аты ұқсасОл дағы Үмөт ұлы Жайсаң еді!_______________Ит Өлместі1 - Шоң Қазаттың болған жері.

Page 33: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 33 –

Еліміз айырып, бөлмей екеумізді,Жыршылық құдіретібізді бірдей көрді.Алғашқы «Манас» айтқан Жайсаң десіп,Атақты екеумізге бірдей бөлді...Жасарған жаңа буын – жаңа елге,Жаңарған бір ғасырда жаңа жерге.Ерлігін ерлерінің ел қорғағанЕліріп күні-түні жырлар еді.Еске алмай көр тирліктің құр түйсігінҚалғандай жылжымастан дүние бітіп.Халайық тыңдаушы еді қаны қызыпОл кезді кешіргендей бастан бүгін.Бір бауырым, сол Жайсаңмен қанымыз бір,Бөлінген дене-достан жанымыз бір. Сонда да екі басқа Жайсаңдармыз,Тұтынған Ұлы Жырды – Кие – деп, – Пір.Бір қалыпта шыққан жұмсақ қоңыр үн ке-

неттен үзілді, денем тоқ ұрғандай «дір» етіп, басым шыңылдап, құсқым келгендей болды. Ай-нала көзге түртсе көрінбес қараңғы құшағында екен. Төменгі Чаектің ауызына қарай түсіп бара жатқан машинаның дауысынан соң өзіме келіп, не болғанын түсіне алмай, əрі-сəрі хəлде тұрдым. Біраздан кейін ойыма жаңағы машина жанымнан шұғыл өтсе керек, содан шошыған ұқсаймын деген ой келді.

Орнымнан тұрып, үйге қарай сүйреліп адымдадым. Жазгүлге Нұргүлдікіне барып жа-тып ал дегенмін, асығатын жөнім жоқ, таң ата жетсем болды деп, медитация уағында көргендерімді есіме түсіргелі жəй кетіп бара-мын. Жайсаң ата менен не талап қылып жат-

Page 34: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 34 –

канын тағы да түсіне алмадым. Таң ата үйге келіп, дəптердегі белгілерді сөзге айландырып шеше бастадым. Шынымды айтсам, сөздердің мəнісін онша түсінген жоқпын. Ағай келгенде оқып бердім, сосын ол кісі алып оқыды, жəне өзім оқығанға қарағанда ағайдың оқып бергені сезіміме анығырақ жеткендей болды.

Медитация уағында көргендерімді анық есі-ме тұтамын. Көбінесе, дəрі шөптердің аттары, өлшемдері, қандай ауруға қайсы шөпті қанша өлшемде қосу керектігі айты-лады. Жайсаң атаға кезіккелі ұзын жыр жол-дарын көрем. Жырдың мəнісіне онша да көңіл бұрмаймын. Ал енді, ағай жырларды оқығанда көздері жайнап, бетіне қан жүгіріп, ауруын есінен шығарып тастап, тек осы жырдың ай-наласында ғана сөйлей береді. Мен манасшы-лардын бірін де есітіп, «Манас» эпосының бір де жолын оқыған емеспін, ағай эпос жөнінде айтқанда, мен тек тыңдап отырамын, сөйлемеймін. Осы кездесуден кейін Жайсаң ата маған «Манасты» айтып бергелі жат-канына күмəнданбай қалдым. Бірақ, мұның қажеті қандай? Не... ағай ауруынан жазылып кетсе, Саяқбай, Сағынбай аталардың вариан-ты бойынша шыққан бірнеше томдық эпосты кайталаудың кажеті да жоқ болса керек деп кейде ойланып қоямын.

6.9.1995 ж. 12інші А.К. 141 121 4222

Өткен медитация уағында Жайсаң ата манасчы Жайсаңдар жөнінде айткандарының жалғасын есіту үшін далаға шықтым. Тиісті

Page 35: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 35 –

шарт жасалғаннан көп өтпей əр түрлі жарықтың арасынан Жайсаң атаның сұлбасы суырылып шыға келді. Қоңыр жұмсақ дауыспен жыр қайра жалғасты:

Кезекті Сыртбай ұлы Жайсаң алсын.Сақталып ел ішінде аты қалсын.Жыршының жарқыраған нұр жұлдызы,Өшпестен мəңгілікке көкте жансын.Жырлары құйылысқан маржан еді,Жалғаннан ерте кеткен бұл Жайсаңның.

Əкесі Сыртбай сері Арғындардың.Ту қылған түмен Арғын ер Сыртбайын.Анасы – ғайып пері Нұрқыз сұлу,Таңдаған адамзаттан өз жубайын.

Ай шырай пері кызды – Нұрқыз деген,Бағынтқан Сыртбай шешен сөзі менен.Ер жүрек пейілі кең жомарт шерді,Еш кімге теңемеді Нұрқыз пері.Оларга назар салып Көк ТəңіріАямай, не тілесе берді бəрін.

Ардақтап сөздің нарқын, құдіретінАдамға бас байлаған Нұр перінің.Арманы болмақ эмес, əттеген-ай,Рахатын көрсе жалгыз перзентінің.

Бір сырлы, көп өнерлі қайран шешен,Жаңылған Жаратқанға бір жерінен – Тілемей жалгызына ұзын өмір,Тұқымсыз бұл жалғаннан өтіп кеткен.

Page 36: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 36 –

Бұл Жайсаң – төртіншісі нақ туылды,Қанынан тулап-шапшып жыр өрілді.Отырып Кыр Төбеде «Манас» айтса,Дауысы тербететін бар өренді.

Аралас бірге жүрем, көрем дейтінХан Бақай, қырқ шорасын1, Ер Төремді.Шалдығып, шаршамаған тұлпар еді,Көп жасап, кие тұтып, жыр өнерді.

Əкесі – Үйсіндерден Солобо бек,Айтқаны алдын ала келетін дөп.Шешесі – алтын самай Бүбі Жамал,Қақпақты2 анасынан туылған дер.

Жайсаңның ата-анасын Тəңір сүйген,Ерекше жаратылған пенделерден.Екеуі де қасиетке ие болған,Жамандық-жақсылықты бұрын сезген.

Сондықтан туылатын перзентінен,Алған ғой аян-хабар түстерінен.Жаратқан Құдіретке тоба қылып,

1Қырық Шора – Манастың 40 жігіті, атқосшылары.2Қақпақты – кейде кейбір нəрестелер жалтырақ тұнық түстегі шелқабықтың ішінде туылады. Ол шелқабық бала-ның тонынының ішіндегі қатпар. Одан бала анық көрінеді. Мұндай баланың төбесінің тұсында қапшықтың жиырылған ауызындай із болады. Дəл сол ізді күміс жүзікпен тесіп, ба-ланы алып шығу керек. Сəл ғана кешіксе, бала тұншығып қалуы мүмкін. Осылай туылған баланы қақпақты бала дейді. Орыс елінде «рожден в рубашке» деп айтады. Бұл жалтырақ шелқабықты сүтке жуып, құрғатып, уқалап жұм-сартып, бүктеп шайырдың ішіне жасырып, қайыс құтыға салып, балаға тұмар қатары тағып қояды. Бұл Тəңірдің берген киімі, өзін өмір бойы қорғап жүрсін деген ырым болып есептеледі. Қазақтар пернелі болып туылды дейді.

Page 37: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 37 –

Жайсаң деп, ат еншілеп, күткен істі.Жайсаңы Қасымбайдың – бесіншісі,Жараткан аямаған жыр еншісін.Бұл дағы шаршамаған манасшы еді,Жырында, пейілінде де жоқ кемтігі.

Кеудені жарып даусы – қызыл тілі,Көркем сөздің маржанын қатар тізді.Тұқымын Үйсіндердің жалғастырарТуылған – қысқа болды гүл өмірі.

Алтыншы – жыршы Жайсаң шалдықпаған,Айтудан Ұлы Дастан жалықпаған.Айтайын кім екенін ата тегі,Əкесі – Үйсіндердің Қалысбегі.

Шағыстырса бір өсекші қайнап кегі,Бəтуалап, араздасса жұрты-елі,Тез барып, жарастырып қоятұғын,Тура айтып, бітімгерлік қалыс сөзін.

Жетінші – жыршы Жайсаң жəйін айтсам,Жеткілең, өте шебер, дастан айтқан.Жалғызы Жаңбыршының бұл манасшы,Кəдімғі хан Қошойдың тұқымынан.

Өнерін келістіріп əр бір сөзде,Өксіткен Ұлы Шайқасты айтқан кезде.Ашық күн борандатып бір мезетте,Айналып жауған жаңбыр аппақ қарға.

Корада койлар үркіп үйғе ықтап,Қорыққаннан құйрық қысып, ит қаңсылап.Сонан соң жау шапқандай тыныш елді,

Page 38: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 38 –

Сартылдап, тарсылдаған дауыс шығат.Атылған мылтық даусы қулақ жарып,Айғайлап “Ер Манастап!” ұран салып.Даңқылдап дауылпаздың қаққан үніДенені дүркіретіп шабыс сүрі.

Тарсылдап найза сынып “қаңғыр” дегенҚалқанның үні шығып, қылыш тиген.Шықырлап көмекейде ауыздықтар,Кісінеп жер тарпиды будан аттар.

Шу түсіп, кəдімгідей жер жаңғырып,Тапталып қардың үсті ізі қалып.Көз қорқып, құлақ тұнған айғай-шудан,Көпшілік жаға қармап, қол қусырған.Таңдантқан ұққан-көрген халайықты,Теңдессіз манасшы еді қайран Жайсаң.

Шырағым, тыңда да тұр, қазір айтам,Сегізінші Жайсаңды Манас айтқан.Сезімтал, өте шебер жыршы еді,Аз жасап, артында көп сөзі қалған.

Əкесі Асылбала – нойғыттардан,Сыншы еді, акылға бай, сөзге сараң.Анасы – Ұлкелсін, ол, жоқтаушығаЖоқтатып, батырларын ел тыңдаған

Одан соң өз басына түсіп кайғы,Алдыртып жалғыз ұлын, күйіп жаны.Қісіден емес тастан, жас шыққандай,Ең соңғы рет жоқтайды, безеп таңдай.Күйігін өзгелердің өздей көріп,Жоқтадым өкінішпен жасым төгіп.

Page 39: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 39 –

Құдіреттің бұйрығына жақпаған ғой, Наланы тартып тұрмын ботам өліп.Жазғаныңа опынып, маңдайдағы, Жазаңа мойын сұнып, тоба қылам.Деп жоқтап, антын айтып, ҰлкелсінЖоқтауын одан кейін айтпай қалған.

Дауыс тоқтап, Жайсаң атаның сұлбасы жарыққа оранып, түрлі-түсті жарық қыр-ды асып көрінбей қалды. Ай бесін тұсқа келіпті. Тұрған орынымды болжап, төменге, ауылға қарай жүрдім. Қатты солқылдап жылағанекенмін, енді ғана байқап неге жылағанымды есіме түсіре алмадым. Үйге келіп, дəптерімдегі белгілерді шешуге кірістім. Белгілер жыр жолдарына айналып, мəнін тү-сінгенімде, түндегі көз жасыма тұншығып, Ұлкелсін ананың күйітін тең бөлісіп, өзімнің Та-лантым1 да есіме түсіп, жан-дүнием зырқырап, заманам тарылды.

8.9.1995 ж. 14інші А.К. 40 231 4211

Жайсаңдар баянының жалғасын тыңдау үшін екінші күні түнде қайтадан далаға шық-тым. Шарт жасалып, жарықтың ішінен суырылып шыққан Жайсаң ата тоғызыншы, онын-шы Жайсаңдардын баянын айтып:“Осымен дастаншы Жайсаңдар баяны бітті”,- деді.

________________1Талант - Бүбі Мəриямның кенже ұлы.1989-жылы 20-жел-

тоқсанда əскерде жүрген уақытында кенеттен қаза тапқан.

Page 40: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 40 –

Кезекте – тоғызыншы жыршы Жайсаң,Қартайтып бір ғасырдың белін асқан.Пір тұтып, жыршылықты бала кезден,Тоқсан жыл талықпастан дастан айтқан.

Əкесі – дастан айтқыш Молабасан,Ас тойдан, қыз ойыннан құр қалмаған.Қомызға қол ойнатып, жырлағанда,Немқұрай бір де пенде тұра алмаған.

Əзілдеп əнге салса қомыз күйлеп,Естігендер дуылдап, қоса қостап.Арманды əуен созса, оны қостап,Кейбірі жылар еді қоса боздап.

Ас-тойдың көркі боған ақын-жыршы,Артынан қалмай ұлы еріп жүрші.Сол Жайсаңның кішкентай ұлы Жайсаң,Əкесіндей ол жырлап – ел қуанған.

Тоғызға толған кезде Жайсаң жасы,Торғынның1 беріліпті жылдык асы.Жайсаңын жанына алып МолдабасанЖар айтып басқарыпты дəл сол асты.

Қомызын заңқылдатып Молдабасан,Қоңырау даусы менен жария айткан.Алданып көпшілікке бақамапты,Жайсаңын ала қашса асау құнан.

Жалт беріп асау кұнан алыс кетіп,Қыр асып, Жылғындының суын кешіп.____________1Торғын - жаугершілік замандағы батырлардың бірі.

Page 41: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 41 –

Қарысып, тізгініне əлі жетпей,Жығылды жас баланың əлі кетіп.

Дем алып бір уақытта көзін ашса,Жатыпты су ішінде аралшада.Баланы айналшыктап тұрған екенҚырық шора, Айкөл Манас, Бақай аға.

Қөтеріп жерден біреу жас баланыКөк майса шөп үстіне алып барды.Қос уыс су жұтқызып жүзін шайып,Қорықпа деп маңдайынан сылайды аны.

Ес-түсін толық жиған кезде бала,Еңкейіп аппақ сақал Бақай аға,Жеткізіп қоятынын айтады екенЖас бала осы күннен «Манас» айтса.

Сөйтет де кісесінің1 қалтасынанАуызына тола уыстап тары салған.«Əумиін», «Манас» айт деп осы күннен,Аспанға қолын созып бата қылган.

Содан соң мінгіздіріп кұнанына,Жеткізген бейқам жүрген əкесіне.Тоқсан жыл содан бері «Манас» айтып,Жаудырған жыр маржанын ел-жұртына.

Тоздырмай дастан нарқын кие тұтқан,Еңсеріп бір ғасырды жүзден асқан.Армансыз болмас еді, əттеген-ай,Айтылып ел ішінде қалса Жайсаң.____________________________

1Кісе - оқшантай, жауынгердің белбеуіндегі қалта

Page 42: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 42 –

Шырағым, ең ақырғы осы Жайсаң,Мықтысы Жайсаңдардын “Манас”айтқан.Биікте балбұл жанған Шолпандай боп,Теңдессіз шебер еді дастан айтқан.

Қомызын күйге бұрап, себездеткен,Мұңданған дауысын қосып нөсерлеткен.Зəмзəм судай жаныңды жадыратып,Одан соң тау суындай шатырлатқан.

Жыршы еді тұла бойы жырға тұнған,Дем алса ауа шықпай жыр құйылған.Шашының əр бір талы басындағыСамалға ырғатылып əн сап тұрған.

Жырлары – мөлдір бұлак орғып-тасқан,Ыстықта сусын қанар кере жұтсаң.Жалғызы Жаңабайдың Үйсіндерден,Көз тиіп ерте қеткен бұл жалғаннан.

Жарқ етіп найзағайдай көкті жарған,Жалғанда қайталанбас бір жаралган.Бұл Жайсаң оныншысы Жайсаңдардың,Киелі - Ұлы Дастанды Пірдей тұтқан.

Аттары Жайсаңдардың болды тəмəм,Он еді Жайсаң атты – “Манас” айтқан.Еске алынбай қалды ғой олар бүгінЕрлігін батырлардың жырға айлантқан.

Аталмай бір де Жайсаң «Манас» айтқан,Көміліп жырларымен ұмытылған.Шырағым, түсіндің бе, себептерінТөгілген көз жасымды жүзім жуған.

Page 43: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 43 –

Дес бермей неше ғасыр мазамды алған,Жайсаңдар дастандары ұмыт қалған.Жарығым, сен естіген осы баян –Сыйлығы ұрпағына Жайсаңдардан.

Шырағым, байқадың ба, Жайсаңдардың,Кімдерден, қайсы рудан тарағанын?Руын қалай атайды осы күндеЖалғаған Үйсіндердің тұқымдарын?

Жыр Пірін кие тұтып, əздектеген,Жыршылар ел ішінде бар ғой нешен.Олардың саңлақтарын жаратылғанРуларын аттарын не деді екен?

Жаңабай, Ақматəлі кім екенін,Замандас елі-жұртың білер деймін.Осылар туылған ғой ұрпақ үшінБілдіріп киелі жыр – Пір екенін.

Түйінін бұл жұмбақтын өзің шешсең,Куантып жыршы атаңды қояр едің.Шешімін таба алмасаң тылсым сөздіңЕндіғі жолыққанда айтып берем.

Жайсаң атамен кездескеннен бері оның өте көп өтінгені өзіне жолыққанымды еш кімге айтпа дейді. Ал мен Шəкін ағайға айт-пай қоюым мүмкін емес. Біріншіден, егер ағай “Манасты” бірінші кім айтқанын біліп беріңіз демесе, Жайсаң атаға кездесер ме едім, кез-деспес пе едім. Екіншіден, дастанды ағайдың ауруының дəрісі қатары көремін.

Демек, ағайға айтпай қоя алмас едім.

Page 44: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 44 –

Алғашқы жыр жолдарын түсіргенімді көрсет-кенімде, Жайсаң ата қарсы болып талмам ұстаған. Кейін ондай жағдайға тұс болмадым. Сол үшін ағайға айтсам болады екен деген ой келді. Ол бүгін Жайсаңдарды айтып біткеннен кейін, айтпа деген сырды тыңдамай, айтып жүрген кісің кім деген сұрау берді. Мен əбден ыңғайсыз жағдайда қалдым. Біраздан соң ғана ағай жөнінде ұзақ сөйлеп, ағайдың ішінде кірі жоқ ару, діл-адамгершілігі биік, пенделердің ішінде теңдесі жоқ – жетінші сезімге1 ие адам екенін айттым. Егер дұрыс емес жасап, қате кетірсем, кешіріңіз дедім.

Жайсаң атаның қоңыр үні қомыздың қақпағын тықылдатқандай дауыс қостап жырлаған бірнеше жол өлеңі əуені менен есімде сақталып қалды. Үйге келіп белгілерді шешпелегенде, осы жолдарды көріп, өзімді жаман сезіндім.Шырағым, жүрмейсің бе, өкпелемей,Түйсігін бұл жалғанның ұмытып қой.Есітейін кім екенін, айтып берші,Адамның сені менен бөліскен ой.Сен аны ару дейсің, еш кірі жоқ,Сен оны биік дейсің, пейілі тоқ.Жетінші сезіміңнен орын алған,Пендеден жалғыз дейсің теңдесі жоқ!

Шырағым, көрген жоқпын зор қатеңді,Шыныда қуандырдың жыршы атаңды.

______________________________

1Жетінші сезім - адамда алты сезім бар.Бұл жерде адамгершіліктің жоғарғы сатысына көтерілген деген мағынада.

Page 45: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 45 –

Болжалым тура шығып, толқып тұрмынБеріпсің Сөз иесіне1 жыр дастанды.

Болыңдар, жарықтағы өшпес шамым,Маңдайдағы қос қарашық, қос шырағым,Атымды, дастанымды елім ұқсын,Сендерден саясы мол, қос шынарым.

Шырағым, бұл Ақ Шұғыла біткен Нұрдан,Бір талы мені осылай ұстап тұрған.Бұл жібі – өткен шақтың, болашақтың,Мезғілді біріктіріп, жалғап тұрған.

Құбылған бұл Ақ Шұғыла – ЖайсаңдарданКеледі ұшығымыз тұқым қуған.Малынған Нұрларына Ай-жұлдыздың,Нəр беріп, қандасына айтар дастан.

Жалғасы Үйсіндердің бұл ШұғылаЖалғанды ұшын үзбей ғасырларға.Жіптері шашыраған Шұғыланың,Іздейді іштеріңнен ұрпақтарын.

Бір талы кімге түссе, демек, оныңБілеміз қанымыздан жаралғанын.Мен көрдім сен сыйлаған ШəріпқұлданМіне, сол бір тал жібін Нұршұғыланың.

Сөйтіп, ағайдың азан шақырып қойған аты Шəріпқұл екендігін айтқан Жайсаң атаның сөздерін шешкенімде таң қалуымның шегі болмады. Жайсаң ата Шəкін ағайға сырды _______________________1Сөз иесі - Жайсаң атаның уақытында жазушы деген сөз болма-ғандықтан, Ш. Есенғұловды осылай атаған.

Page 46: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 46 –

ашқаныма наразы болмақ түгілі, ыразы болып“Беріпсің сөз иесіне жыр дастанды” дегеніне қуандым. Ал енді ағайдың шын аты Шəріпқұл екендігін айтқан өлең жолдарын өзінше жа-зып алып бардым да, содан таң қалғанымды жасырмай: «Сіздің атыңыз Шəріпқұл ма?»- деп сұрадым. «Иə, оны неге сұрадыңыз?» - деді ағай жүзі тамылжып. Мен өзінше параққа жазылған Жайсаң атанын ағай жөніндегі өлеңін ұсындым. Ағай оқыған соң, өңі жаңағыдан да албырап былай деді: “Мен дүниеге келмей тұрған кезімде-ақ, Құйыршық ата апама бата беріп, ұлды болып, атын Шəріпқұл қойыңдар депті. Əпкелерімнен кейін көрген ата-анам ырымдап, құлағымды тесіп, Шəріпқұл деп атапты. Атам репрессияланып, құжаттарымыздың бəрін апам жоғолтып қойыпты. Менен үлкен Бұрмагүл əпкемді Бүкен деп, еркелетіп шақырып ,ал мені оған ұқсастырып Шəкін деп жүріп, соған көніп қалғандықтан, кейін құжаттарымның бəрінде Шəкін бойдан толтырылған. Ал, енді Шəріпқұл дегенді бұл күнде бəріміз де ұмытып қойғанбыз, тоба, десе!”- деген даусы сеніңкіремегендей шықты.

Page 47: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 47 –

ТӨРТІНШІ БӨЛІМ

НҰР ҚЫЗДАР

10.9.1995 ж. 16чы А.К. 280 11 5211

Бүгін Айдың он алтыншы күні. Бұл күні Ай, Əлем жəне Жер ортасы шен-өлшемсіз саты-сын қойып тұтасады.

Кешті шыдамсыз күттім. Жүрегім қобал-жып, не деген кереметке жолығарымды осы жолға түскелі бірінші рет сезіп тұрдым. Нан жауып, иіс шығарып, су атап, дұға айтып, Жайсаң атаға кездесу үшін үйден шықтым. Шəкін ағайлардікіне қайырылдым. Олар каналдың көпіріне дейін шығарып салды. Одан ары беткейлеп тау беттедім. Седеп Өтектің1 тұсына жеткенімде, сөзбен айтып жеткізе алмайтын кереметке тұс болдым.

Толған Ай дəл төбеде сынап кұйылған та-баққа ұқсап, төгіліп кетердей қалқылдап тұр-ыпты. Аздан кейін күмістей жарқыраған тілім пайда болып, ол кеңейіп айналаны көгілдір ақ жарыққа айналдырған жолға айналды. Ұйыған айрандай жол менен жылжып келе жатқан Жайсаң атаның қаранына қоса қоңыр үн есітілді:______________1Седеп Өтек - қыстаудың аты.

Page 48: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 48 –

Мен келдім көңіліңді қыя алмастан,Шақырсаң, тоқталып еш тұра алмастан.Келемін Ай жаңырған бейсембіде, Шарағым, басқа күнді сұранбасаң.Жаныңа жақын түсіп бара алмаймын,Ұзаққа бұрынғыдай қала алмаймын.Шырағым, жолықтырам осы түндеҒасырлар тоғысатын1 Қадыр түнге.Қыздардан шошыма сен əн сап жатқан,Сүртіп ал, жүзіңдегі терді аққан.Уəдем саған берген есіңде ме?Уақыты келді оның өтей тұрған.Тұңғыйық кең Əлемді сыр жасырған,Кыдыртып, жұмбақтарын шештіргізем.Тоқталма бар, бара ғой Нұр қыздарғаСапарлап, Жер-Анаға сəлем айтқан.Жаңағы ұйыған айранды элестеткен жол

сан мың түрде құбылган сызықтарға айналып, ол сызықтар керілген жіптерді елестетіп, ғажайып сұлу киінген қыздар сол жіптерде алтыбақан теуіп жатқандай тербелуде.

Чтобы передать мой восторг, лучше напи-шу на русском языке.

Каждая из медитаций поразительна, толь-ко им, свойственными видениями. Но в этот раз сверх всего. Я была ощеломлена зрелищем. С лучами, исходящими от полной, как золотое блюдо, Луны, спускались девушки, одетые во все цвета радуги. От них отражались разноц-ветные лучи, озоряя все пространство радуж-

________________1Ғасырлар тоғысы - ғасыр бітіп, екіншісінің басталуы.

Page 49: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 49 –

ным светом. Я была в сказке. Они пели хором, звучала сказочная музыка. Какое-то время, ка-жется, была не в себе, но не помню того,как я очутилась среди них, и я потеряла счет време-ни: была ли это мгновением или длилось часа-ми, не остались в памяти. Оставалась я с ними до приближения рассвета, записала все что ви-дела и слышала. И вот расшифрованные пес-ни, которые пели девушки Лучи или девушки-радуги:

Кел, бауырым, тез-тез жүрсей,Бола көрме еріншек.Ай нұрынан арқан есіп,Кел, тебейік, əткеншек.

Айлы түнде жерге түсіп,Сапар шегіп келеміз.Ай-жұлдыздың Нұрын есіп,Сыйлық жасап береміз.

Əкел қолды, кел, бауырым,Бірге көңіл ашайық.Бір ғасырда бір келеміз,Кел-кел, бірге басайық.

Бүгінгі түн – Қадыр түнің,Бір өзіңе берілген.Ал, осыдан Нұр сыйлықтыБұл сен үшін өрілген.

Сапар шегіп, біз түскендеСирек болар кездескен.Бір бауырымыз бізден кетіп,Түнек тапқан пендеден.

Page 50: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 50 –

Сен жүрген жол Ақ Мұнарық1

Ақ Шұғылалы ізімен.Бір бауырымыз – Жайсаң атаңЖолықтырды сіз менен.

Кел-кел бері, Бүбі Мəриям2,Кел, тебейік, əткеншек.Арнағанбыз Нұр шұғыласын Алшы бізден сыйлық деп.

Қыздардың əндеткен əуендері есімде сақталып қалды. Асыға Шəкін ағайдікіне келіп, көргендерімді айттым, əуенді ыңылдап, əн айтып бердім. Ағай қомызын күйге келтіріп шертіп жатып: «Бұл менің əуеніме ұқсас екен», - деді. «Осындай ма, қызық екен,» - дедім таң қалып. Ағайдың бұған ұқсаған əуенін өмірімде есітіп көрген емеспін, сондай болса да, неге екенін қайдам, өзімді ыңғайсыз сезіндім. Есімде қалған бір топ жол əндердің сөзін жазып, ағайға беріп, үйіме қайттым.

О, Тəңір-ай! Осы Қадір түніме кездескен таң ғұмырымды мүлде өзгертеді деген ой қаперіме еш келген емес. Сөйтсе...тағдырдың бұйрығы, жазуы деген шындыққа бетпе-бет жолыққан екенмін!

Ағайға берген бірнеше жыр шумағынан кейінгі белгілерді шешуге мүмкін болмады.

Ұрғашы үшін теңдессіз қымбат, пəк болған________1Ақ Мұнарық - ақ сағым, Ақиқаттың жолы.2Бүбі Мəриям - Жайсаң Атаға кездескенге дейін ол

Майрамбүбі Сармалдақова деген есіммен жүрген. Нұрқыздар Бүбі Мəриям деп əу баста атағаннан кейін Бүбі Мəриям Мұса қызы деп атын өзгертіп, жаңа құжат алған.

Page 51: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 51 –

қоламтамды, жанұя, бала-шағамды, жал-пысынан, қырық бес жасқа дейінгі өмірімді таразының бір басына қойып, ал енді екінші басына Жайсаң ата, Нұрқыздар сыйға тартқан сағым жолды, Нұршұғыланы, одан Жайсаң атаның дастанын қойып, таңдау тағдырымның сынағы болды. Өзім жақсы білген даңғыр жолымды маған белгісіз, жұмбақты сағымды жолға алмастыруды тура деп шештім. Көк дорбамды көтеріп, үстіме киіп тұрған халатшаң, отыз жыл тұрған үйімнен қайта оралмас болып шығып кеттім.

Біреудің отын кіргізген ескі сарайына кірдім. Бұл қылығым ағайын-туыс, құрдастар ыма ғана емес, қанымнан біткен балаларыма да өрескел көрінді. Тəтелеп сыйлағандар теріс қарады. Емделіп жүрген қыз-келіншектерден, ағайдың жанұясынан басқа кісілер сыртын салып, көрмексен болды. Сол ауыр күндерде өмірден баз кешіп, денемді таба алмайтын қара жерге кіріп кеткім келіп жүрдім. Медитацияға шығуға да көңілім шаппай қалды.

Түні бойы ұйқым қашып, кірпік ілген емеспін, шаршасам керек, таңға жуық ұйықтап кетіппін, түсімде Жайсаң ата күңіреніп жыр-лап жатыпты. Есімде сақталып қалған төрт жол өлеңді оянарыммен бір параққа жаздым:

Сенгін да, қабыл алғын аянымды,Сыр қылдым, жалғыз саған баянымды.Жеңдіріп құр қайғыға төгіп алма,Ырысқа толып тұрған аяғыңдыБайқаймын, осы жолдар көңілімді көтерді

ғой деймін, үйден кеткеннен бері шешілмей

Page 52: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 52 –

тұрған Нұрқыздарға кездескенде жазылған белгілерді сөзге айландыра бастадым:

Қызық қуған əпкелерің,Ғасыр күтіп бір келеді.Кез болғанда өз бауырына, Сыйлық қылып Нұр берет.

Нұршұғыланы сыйлық алған,Бауырласымыз кездескен.Айдың толған уағында,Жолығады біз менен.

Үйретеміз Əлем тілін1,Олесінен шығарған.Жəрдем беріп, қолдасамызІсін оның бастаған.

Құтты болсын, алған Нұрың,Су еркесі Ақшабақ2.Əпкелердің бергені деп,Қадірін біл ардақтап.

Біз тоғызбыз - əпкелерің,Əлем Нұрын басқарған.Тоғысамыз бір ғасырда,Хабар алып басқадан.

Біраз ғасыр біз тоғысқан, Өтіп кетті арадан.

_______1Əлем тілі - адамзат жаралғандағы алғашқы тіл.2Ақшабақ - Жайсаң Ата Бүбі Мəриямға көбінесе осылай қайырылады. Себебі, Бүбі Мəриям өзі астрологиялық белгі бойынша Балық жұлдызына тəндік. 8 наурызда туылған.

Page 53: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 53 –

Жолығуға болмады еш,Бауырластар-адамға.

Білесің бе, Бүбі Мариям,Кім екенің, жалғанда?Кім боларың, мəңгілікте,Нұрға айналып қалғанда?

Неліктен бұл алдын алаАян-белгі боларын?Туылмаған нəрестегеЕншілеп ат қоярын?

Су ішінде Ақшабақсың,Нұрымызға бөленген«Балық» деген топ жұлдыздың1,Құшағында кенелген.

Дəрігерлік емді колың,Сезіп-білу өнерің – Топ жұлдыздан қоса келген,Қанға біткен қабілет.

Сағымданған аппақ жолда,Ақ Шұғылалы із болар.Тура қойса перзент атын,Түскен Шұғыла тұс болар.

Кереметті сол Шұғыладан,əлем Нұры шағылысып.

Аян-белгі келер содан,Шұғыламен ағылып.

___________________

1Балық топ жұлдызы - аспандағы жұлдыз шоғыры.

Page 54: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 54 –

Тура қойса, еншілі атын,Ол тезірек табылар.Өзгертілген есімі үшін,Тосқауылға алынар.Түсіндің бе не үшін, Жолыңды кеш тапқаныңды?Уайымды сар-санаға, Ойлай-ойлай батқаныңды.Бұл тұрмыста дəрігерсің,Дімкəстарды қуантқан.Тең бөлісіп, қайғы-мұңын,Көңілдерін жұбаткан.Кірін жуып біреулердің,Өз көңіліңді кір басқан.Түсіндіріп Əлем сөзін1,Өзгелерге Нұр шашқан.Уайыммен қайғы тартып,Шөгіп тұрған уақытта,Жеңілдетер дəрің сенің,Сылдырлаған бұлақта.Тоғызымыз тоғылысы,Тоғыз түрлі жұлдыздың.Əр біріміз өкілдеріТоғыз Шұғыла Нұрқыздың.Ақ жаулықшаң апайымыз – Айдың Нұры төгілген.Аппак болған Шұғыласынан,Аппақ ділі көрінген.________________________

1Əлем сөзі - адамдардың сана-сезімінен жоғары тұрған Жоғарғы əлемнен берілген сөз.

Page 55: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 55 –

Хақ жолында аппақ болып,Ақ Шұғыласы төгілер.Кара ниет көбейгенде,Қараңғыға көмілер.Дəру тасы əпкеміздің - Аппақ меруерт құбылған.Дəрілеуші мекен-жайыТек күмістен құрылған.

Су жалбызы, су шөміш бас -Дəрілеуші гүлдері.Бүйрек ауру, көз ауруғаДəрі болар бүрлері.Ол əпкеңе Ай толғанда,Жолығасың қаласаң.Дəрі шөбін, тұмар тасын,Болар көріп, танысаң.Бұл əпкеміз жасыл көйлек - Шолпан Нұры төгілген.Сулулығы, нəзіктігіБасқамыздан бөлінген.

Мың құбылып, түрлі-түстіӨте əдемі көрінген – Меркурийдің Нұршұғыласы1,Ғылым Нұры төгілген.

Марс Нұры2, Шұғыл мінез,Қанды соғыс күткені.________________1Меркурийдің Нұршұғыласы, 2Марс Нұры - Мерку-рий жəне Марс планеталарының нұрлары немесе нұр түріндегі мəліметтері.

Page 56: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 56 –

Ал бұл Шұғыла – қошқыл қызыл,Ұйыған қан түстегі.

Мені қара, көгіш Шұғылам,Салқын ғана төгіледі.Кімге түссе мұнарық Нұр,Атақ-даңққа бөленеді.

Он екі жыл сапар кезіп,Күнді айналып өтемін.Салқын қанды сабырлықтың,Көрем дəйім не өтеуін.

Дəрі шөбім – тау жалбызы,Түрлі-түсті гүлдерім.Қандай ауру болсо дағы,Қайнатып бер, бүрлерін.

Сатурн Нұры1 – қара Шұғыла,Қара көйлек-жаулықшаң.Бұл Шұғыланы қадірлейді,Қара күшті Пір тұтқан.

Теңбіл дақты, түзу сызықты,Уран Нұры2 төгілген.Ақылмандық, айлакерлік,Шұғыласына бөлінген.

Толқын түсті көгілдір ақ – Нептун Нұры3 құйылған.Қасиетті сырлы дүниеОсы Нұрдан жиылған.________________________

1Сатурн нұры, 2Уран нұры, 3Нептун нұры - аталған үш планетадан нұр түріндегі мəліметтер.

Page 57: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 57 –

Бұл əпкенің қызыл жүзді,Қызыл түсті көйлекшең.Плутонның Нұршұғыласы Өжеттікке үйреткен.

Құтты болсын, Қадір түнің,Жолықтырған біздермен.Керек болсақ, таба аласың,Ай толғанда іздесең.

Келсек болар əр біріміз,Көргің келсе бізді сен.Жайсаң атаң жолын салған,Ақ Шұғылалы іздермен.

Қоштасайық, Бүбі Мəриям,«Таң жақын» деп шақыруда,Ауылдардың қораздары қорадан,Кездескенше бол аман!

Нұр қыздарының айтуына қарағанда, тұрмыстағы бұралаңдар атымның тура қойылмағанынан екен. Беттеген ісімнің аяғына шығу үшін, елдің сөзі менен есептеспей, таңдап алған жолымды Бүбі Мариям деген есіммен жалғастыруым керек.

Шешілген өлең жолдарын Шəкін ағайға беріп жатып, көңілім толмағандықты сездім. Өлеңдер нашардай сияқты, бəлкім, Жайсаң ата эмес, қыздардың өлеңі болғандықтан ба, біле алмадым. Өлең жолдарын шешкенде сол əсер ортайғандай болды. Қыздардың айт-қандарынан есіме алар нерсе – атымның Бүбі Мəриям екендігі. Мен туылғанда құдайшы

Page 58: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 58 –

кемпір1 үйге түнеп, апама: «Қорықпа, ны-шанды2 екен. Аман-есен туылады. Бірақ, өзің емізбе.

Ұлты бөлек біреуге еміздір. Атын Бүбі Мəриям қойыңдар. Сүтін емізген əйелдің көңілін ыразы қылыңдар. Өйтпесеңдер баланың бақыты кемтік болып қалады» - депті. Кейін бəрі сол ана айтқандай болыпты. Атымды ғана эжем: « Бүбі Мəриямы жоқ-ақ, қырғызша Майрамбүбі деп қоям» - депті өктем. Туу ту-ралы куəлігіме Майрамбүбі деп жазылган, кейін бүбіні қоспай, жай ғана Майрам болып калғанмын.

_______________1Құдайшы кемпир - дуана не қайыршы кемпір.2Нышанды - денесінде қандайлық бір белгісі бар.

Page 59: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 59 –

ЕЖЕЛГІ БАЙКӨЛГЕ САЯХАТ

21. 9. 1995 жыл 26шы А.К. 00

Осы бейсенбінің келуін шыдамсыз күткен едім. Жайсаң Атаға кездесуді аңсағандықтан айдың 26-ыншы күні екенін ойыма алмаппын. Түн жарымында Шəкін ағай əйелі екеуі ауылдың шетіне шейін шығарып салды. Одан ары алай-дүлей етіп қар тозаңын ұшырған боранның қостауында жол тарттым. Қашан ғана ауыл-дан алыстап, жонға шыққанымда, тұла бойым дірілдеп, қандайлық бір белгісіз қорқынышты ақыл есімнен бұрын денем сезді. Аспанды салбыраған қара бұлыт қаптап, Ай-жұлдыздар көрінбеді. Тау сілемін өрлей жылжыған жаяу тұман жанды, өте үлкен айуанатқа ұксап жұтып жіберердей айналама топталуда. Бұлттардың арасынан үзіл-кесіл Шұғыла көрініп, Жайсаң атаның тынышсызданған да-усы есітілді:

Шырағым, алыстамын, бөлек өлшем.Шыдаудың қиындығын білем күткен.Қарсы келіп қалмау үшін бір қырсыққа,Келуін болжаған күн болмақ күтсең.

Ескерттім, жолығудың шартын қанша.Есіңе сақтамадың əлдеқанша.

БЕСІНШІ БӨЛІМ

Page 60: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 60 –

Кездесу уақытын ұмытпашы,Аптаның бейсенбісі, Ай толғанша.

Ай менен Жер тоғысар уағында,Атаңа жол берілер сонда ғана.Мұнарық Ай Нұрында жолдарыммен,Шырағым, тосқаулсыз келем саған.

Жабырқап неге мұнша көңілің пəс,Жан ба едің, осыншама қайратың аз.Жүреғін жыршы атаңның ауыртпастан,Биік жүр, пенделіктен, болмастан пəс!

Жадырап жаз жайнайды , озып қыстан.Мұңданбай,алға қара, көтер басты.Таңдаған ақ жолыңда мүдіріліп,Тосырқамай, алғала, тайманбастан.

Түсінем, сезімталсың, шенемі жоқ,Жаман сөз жабырқатар тиғендей оқ.Ал, бірақ, мақсаты жоқ жан кейітуТартылған садақтайын жебесі жоқ.

Əр істің өзіне тең жүк болар,Арқалап қөтеруден əлсіз қорқар.Тағдырдың сынағына жеңілместен,Шығарып тура бітім, ақыл тоқтот.

Дəптеріме асыға белгі түсіріп, артқа қайттым. Бұдан он шақты ғана күн бұрын кереметті дүниеге кенелткен аймақ бұл түні жан дүниемді түршіктірген қорқынышқа ай-налды. Таяқтың екінші ұшының бар екеніне көзім жетті. Қара күштің шексіз зор күшін басымнан кешіріп, бірақ, сол күшке қарсылық

Page 61: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 61 –

көрсететіндей, өзімнің ішкі күшім барлығына да толық нанған сенімге ие болып қайттым. Жолдан ағайдікіне қайырылып, жаңағы жау-рап қаласың деп кигізген тері камзолын тас-тап «Қалай келдіңіз?» - деғен сұрағына « Дұ-рыс» - деп қойып, шығып кеттім.

Қара күштің тұзағынан шығу үшін кет-кен энергиямды қалыбына келтіруге біраз күн керек. Əлсіреген денеме мұздай су құйып, жабысқан ауырлықтан арылғанымды сезіп, біраз сергіп қалдым.

Арадан екі жұма өткізіп, бейсенбіде, қазанның бесі, айдың он екінші күні Жайсаң атаға жолығуға қам көрдім. Иіс шығарып, шелпек жасап, күріш басып, Жайсаң Атаға бағыштап дұға оқып, балаларым менен тамақтандым. «Есікті жақсылап жауып алып жатыңдар» - деп, үйден шықтым. Үйде жуынуға жағдайымның жоқтығынан Гүлəй тəте (Шəкін ағайдың əйелі) ваннаға су жылытып қоям деген еді, олардікіне ба-рып, жуынып алып, далаға шығып кетпекпін. Ағайлардікіне барсам, үйінде қонағы бар екен. Жуынғанға лайықтап, сəл ертерек барған едім, өзімді ыңғайсыз сезіп, біраз отырғаннан кейін, үндемей сыртқа шығып кеттім. Шортаңды1 көлденең кесіп, каналдан өтіп тау беттедім. Сэуле түскеніне біраз жер басқан көрінем. Канша уақыт өткені есімде жоқ, бір кезде тола жаздап қалған Айдан түскен мұнарық жарықтан Жайсаң ата көрініп құлағыма та-ныс қоңыр үні ұғылды:___________________1Шортаңды - жер аты.

Page 62: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 62 –

Шыдамсыз күткеніңдей мені аңсап,Шырағым, күттім мен де, жолықсам деп.

Ұрлатып қарсы күшке уақытымды,У жұтып азылымын сен сыяқты.

Көрсетер əлсіздігін атаң дағыКөрдің ғой, мезгіл барын. Еске ал оны.

Жіберсе де əлсіретіп иіп белді,Шырағым, қара күштен биіктемін!

Есіңнен шығарып сал, сол бір түнді,Елірткен азғырушы сол бір үнді.

Ызамыз, өкінішіміз бірдей еді,Мен сақтап – сақтанбадың сен сол күні.

Көз салсаң, көңіл қойып айналаға,Көресің тұрғанымды жақын саған.

Сен қазір мені қалай медет етсең,Мен де саған қараймын қанағатпен.

Аңсасаң кездесуді күнді санап,Күтемін сол мезгілді мен де қалап.

Жайсаңның жан дүниесін қаптаған зіл,Жұмулы қарашығы - өзің деп біл.

Жарығым, айсыз түнде, көрсеткен жол,Жеңдірмей пенделікке жоғары бол!

Жайсаң Атаның үні қапаланғандай шығып, тынып қалды. Осы уақыттан пайдаланып,

Page 63: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 63 –

өткенде уақытты тура болжамай, қарсы күштің тұзағына түсіп қалғандығым үшін кешірім сұрадым.

Ол енді өтті деші, бұнан арыОл күшке тұс келмей жүр, қайта тағы.

Əрқашан мұқият бол, жолығарда,Ай-күнді есептеп жүр, дəлдеп сана.

Ал қазір өткен сөзді жалғастырсақ,Атаңды жауаптарың қуантар ма?

Не таппай кім екенін, кайсы елден,Жауабын сұрайсың ба, қайта менен.

Сөз, өткенде Жайсаң ата сұраған Акма-таалы, Жаңабай жөнінде екенін түсіндім. Олардың кімдер екенін білместігімді, бірақ, болжалмен үйсінерден болар дедім. Бұл күнде қырғыздардың руларының ішінен үйсін деген рудың жоқ екенін, ал енді біздің Жұмғал өренінде əн-күйге жақындар көбінесе өйдө-шекті1 руынан шығарын айттым. «Үйсіндер руының ұшын жалғаған ұшығының бір тал жібін Шəріпқұлдан көрдім» деп өзіңіз айтқандай, бəлкім, үйсіндер осы өйдөчекті руы болса керек деген ойдамын, себебі, ағай да сол рудан дедім.

Болжалың тура енді, жалпы алғанда,Руы үйсіндердің майдаланган.

___________________

1Өйдөшекті - жоғары шекті, қырғыздың үлкен рула-рының бірі.

Page 64: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 64 –

Бұл күнде өйдөчекті дейтіні шын,Аттарын атап жүрсей дұға оқысаң.

Олардың кім болғанын заманында,Арнайы сұрастырып, білсең, қане.

Сөз еткен ата-тегін осы күнде,Қалғанба қандарынан біткен біреу.

Əттең-ай, осыларды білгеніңде,Бұл əбден жақсы хабар болмас па еді.

Жайсаң атаның дауысы кейігендей шығып, сосын тынып калды. Сəл кысылған күйде олардың жай-жағдайын сұрастырып білгенге мүмкіншілігімнің жоқтығын айт-тым. Қазіргі мезгілде олар жөнінде білмек тұрмақ, өзінің тірі аруағына кездесеріме мүлде сенбей турғандарын ызалы білдірдім. «Айкөл атамыздың ерлігін жырға айландырған Жайсаңдар ұмытылып қалғанда, Акматалы, Жаңабайлар кім болыпты!», - деген ойымды ақылыма бас имей сезімім білдірді. Сөйтіп, ойлауын ойлап алып, бірақ сол заматта шо-шып кеттім, өйткені, бұл менің Жайсаң Атаға айтқан алғашқы карсы сөзім болатын.

Жайсаң Атаның үнсіз тұнжырауы көпке созылып кеткендей болды. Айналама зер салдым, Жайсаң атаға қатар биік жерде тұрғандаймын, сол кезде тыныштықты бұзған атаның даусы шықты:

Шырағым, сөз салмағы алтын ділда,Шындықты ақ пейілден айттың мында.

Page 65: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 65 –

Кезінде “мықтымын!”-деп төсін қаққанКетпеді кімдер ғана бұл жалғанан. Жар салған ел ерлігін дəуірінде,Жайсаңдар ұмытылған осы күнде.

Жаңабай, Акматаалы кім болсо да,Жадында жұрттың өшпей қалсын қайдан!..

Шындықты тік айтқаның тайсалдамай,Шырағым жан дүниеме ой салғандай.

Көп пе, аз ба, бұйырғанша жасап жерде,Ақырғы демің менен жан-дос кетсе.

Жан-достан ажыраған дене-досың, Мекендейт мəңгілікке жердің қойнын.

Жалғанда уəзипаңды атқармасаң,Жан-досың жайын таппай, жерде қалған.

Көмілген қара жерғе денең менен,Көміліп атың, даңкың қалады екен.

Дəлелдейм, бұл сөзімнің айқындығын:Дастанға айналдырған Манас атын,

Ішінен он Жайсаңның жоқ деғенде,Бұл күнде аталмаған біреуі де.

Жырларын ақындардын дастан айтқан,Түп-түгел естіртемін сəт түскенде.

Қайсысы бұрмаласа ер, жер атын,Оны да қазіргідей тікелей айт.

Page 66: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 66 –

Жайсаң ата үндемей қалды. Осы кездегі дүлей тыныштық қанша уақытқа созылғанын дəл айта алмаймын. Сондай-ақ көргендерімді Жайсаң Ата елестетіп көрсеткенін, не сол жерлерді қыдыртқанын да нақ дəлелдеп айта алмаймын.

Қызыл уық болып, қыйрап өртенген үйлерді, қыйраған үйінділерді, көз жауын алған ке-ремет сулу көлді, шексіз даланы, даладағы адамдардың, малдың өліктерін, қарқылдаған қарға-құзғындарды,əлсіреп-жүдеген,жыр-тық-тесік киінген қалың елдің белесті асып тентіреп бара жатқанын, екі баланы же-телеген қарияны көріп, солқылдап өпкем өпкемді соғып жылағанымды, сосын күйіктің қоңырсыған иісінен өзіме келгенім есімде.

Құлағымда Жайсаң атаның мұңды дауысы жаңғыруда:

Бастаған баян сырды жалғаймын кел,Тыңдап тұр көңіл қойып, сен дəлме-дəл.

Көрсетем, сапар кезіп, ай даланы,Қираған, өрт қаптаған сан қаланы.

Арыған, аш-жалаңаш құрған елді,Айланған арман-жырға туған жерді.

Шырағым, бозарыңқы осы дала,Кезінде керемет бір болған қала.

Жер еді бейішіндей ертегінің,Не боларын біліпті ертеңін кім?

Page 67: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 67 –

Суға бай, бұлақтары мөлдір-тəтті,Көлі бар көз жасындай Байкөл атты.

Мың түрлі жан-жануар тоғайында,Көлінде балық ойнап, ұшқан аққу.

Аялап, шөптің басын сындырмаған,Ел еді, ер көкірек, ынтымақты.

Əттең-ай, қапілетте дұшпан шапты,Жайқалған кең далада қан-жын ақты.

Өртеніп, үймектеліп, додаланған,Үйінді, тастандыда өлік жатты.

Бір уыс адам өлмей аман қалған,Бел тұтып, Алай таын сапар тартты.

Алтайдың Көк шыңдарын мекендеген,Арыған азабы мол осы елден

Ақылман бір қария Бөгей деген,Балаларын хандардың сақтап келген.

Уыздың кіндік қаны тамған жерге,Ұрпағын паналатып келген еді.

Қашырып балаларды ол бөтен жаннан,Киелі аң мекендеген тауда баққан.

Жеттенде кəмелетке қашан ғана,«Жұрт басын қосыңдар!» деп балаларға,

Жер кезіп аға-іні... Азып-тозған,Жерінен қашқандардың басын қосқан.

Page 68: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 68 –

Алтайға жол тартуға, бірақ, содан,Халдері мүшкіл болып, қалып қалған.

Қол құрап, иен жерге көшіп-қонып,Қор қылмай, уыс елін қалды бағып.

Шырағым, бастайыншы, Айкөл жырын,Таңданба, айтып берем барлық сырын.

Ұмытылмай аты-жөні, сөздері асыл,Не себептен жырланған неше ғасыр.

Жайсаң Атамның мұңды дауысы алы-стап барып есітілмей қалды. Айналаға көз салғанымда, пəтерге орналасқан үйдің аула-сында тұрған екенмін.

5.10.1995-ж. 12інші А.К. 00

Арада екі апта өткеріп, қазанның бесінде, бейсенбі күні, жаңарған айдың он екінші күні Жайсаң Атаға жолығуға қам көрдім. Иіс шығарып, тоқаш жасап, күріш басып, Жайсаң Атаға бағыштапдуа жасап, балаларыммен тамақтандым. «Есікті жақсылап бекітіп алып жатыңдар» деп үйден шықтым.

Осы түні ауладан шыққаным сол еді, денем тоқ ұрғандай «дір» ете түсіп, қолыма жылы, əрі жұмсақ бір нəрсе ұрынды. Сол замат құлағыма таныс, қоңыр үн есітілді:Пейіліңе разымын, Ақ шабағым,Əрқашан ардақтайсың, атап дəмің.

Page 69: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 69 –

Мазаланба, дастархан жұпыны деп,Арналса болды ақ көңілден əр тағамың.

Жемеймін кұрбандыққа шалған етті,Иіскеймін бар болғаны, сол да жетті.

Жан дүнием кəдімгідей шуақтанып,Иісінен піскен еттің қуаттанып.Шырағым, ару-тілек, дұға айтсаң,Ол қымбат, қазан толып піскен астан.

Кесе тола су атап, шамды жағып, Мөлдір бұлақ суынан арнайы алып. Шырағым, əзірсің бе, тыңдауға сен,Дастанды өзің күткен, бастасам мен.

Қалайша дастан айтып қалғанымды,Əу баста, жолыққанда айтқан едім.

Жоғалтпай бір де жолын, тап-тұйнақтай,Қартайтып ғасырларды келем сақтай.

Кейбірін ақындардың дастан айтқан,Өзіңе байқап көр деп таныстырғам.

Қайсысы тура айтқанын, не бұрғанын,

Төбеде ашық түрған күн күркірепҮн шықты: « Көргеніңді жырлағын!» - деп

Сыздаған сырлы үннен аян алғамМен содан кейін барып жырлап қалғам

Page 70: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 70 –

Ерлігін шер бабаңның баяндағанЕскеріп басқан жолын айттым дастан

Бірі кем дүние. Шіркін соданБаяным аяғына шықпай қалған....Жан – досым орнын жаппай міне сондықтан Жайсаңдар ескерілмей ұмыт қалған

Қалайша уазипамды өтей болмайҚалғанын кейінірек айтамын жэй

Дастаным бастасам деп қайсы жерденДілімде талас туылып турған кезең

Өйткені бастар едім Ұлы ШайқастанАйкөлдің сан мың қолы жаза тапқан

Еске алсам, өтінішің онда, демекЕр Манас туылғанынан бастау керек.

А бірақ, бар екенін бұйрық деген,Шығармау керек оны ешбір естен.

Қалыпты уақыт жетіп қайтатұғын,Келергі кездескенше, бұйрық қылған.

Басынан дастанымды бастап айтам,Туылған күнінен, не Чоң Қазаттан.

Электр сымдары тиіскенде «жарқ» ете қалатын жарық көзіме ұрынғандай күй кешіп, өзіме өзім келдім. Біраз дел-сал болып барып, одан тұрған жерім пəтерімнің ауласы екенін таныдым.Үйдің есігі дыбыссыз ашылды, бо-сағаны аттағанымда ұлымның:«Апа, осынша тез келдіңіз бе? Есікті кім ашып берді?» деген

Page 71: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 71 –

сураулы дауысы есітілді. «Есікті берік бекітіп жатып жүрсеңдер, менен басқаға ашылмай-ды, ол маған өзі-ақ ашылды, сендер одан шо-шымай жүріңдер», - деп өзім жатқан шүберек шымылдықтың арғы бөлігіне өтіп кеттім.

12.10.1995 ж 19ыншы А. К. 220 11 3511

Бүгін бейсенбі болғанымен айдың он тоғызы. Əбден қауіпті күн. Бірақ, өткенде Жайсаң Ата дастанды айта бастаймын дегеннен бері күндер өтпей бұл бейсенбінің келуін зарыға күткенмін. «Бар, тəуекел!» деп, қолымнан кел-ген дəмімді атап, дұға оқып, атаға кездесуді көздеп, далаға беттедім. Шортаңның сайы-на кіре бергенде, Шұғыла түсті, əдеттегідей Жайсаң Атаның елесі көрінбестен, алыстан шыққандай үні естілді:Шырағым, келеріңді білгем аңсап,Тұрғанмын тынышым кетіп тез-тез қарап.А бірак жақын бару мүмқін емес,Өйткені, өлшеміміз қарсы тарап.

Ай толып, қайта кеми бастағанда,Алыстап кетет жолым келер саған.Əр айда кездесеміз бір не екі,Айды есептеп, жаңылыспай, анықтап ал.

Шырағым, байқадың ба, келғен жолдың,Жарығы қандай түске боялғанын?Түсіне Нұр Шұғыланың көңіл бұрған,Қаласаң жолың ашық, оң болғанын.

Page 72: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 72 –

Көгілдір аппақ Шұғыла сені қолдап,Қалған түс оншалықты бөгет болмас,Қара түс, саз иісінен сақтанғайсың,Кез болған қара түске адам оңбас.

Ұйытқып қар тозаңы, боран улеп,Шұбалып бұлт көшсе, дауыл гулеп.Шырағым, жолға шықпа, кездесем деп, Жолың болмас ол күні не істесең де. Қолыңда қыздар берген Нұрсыйлығың,Əр түсі айтып берген өз сипатын.Əсілі, ұмытпаған шығарсың дейм,Қайсы қыз қандай түске ие екенін.

Жасыл түс – жүріп келген жолыңдағы,Шолпанның Нұршұғыласы қолыңдағы.Сұрама, не жөнінде – жауап берер,Бере бер сұрауыңды ойыңдағы.

Жолығар Шолпан Нұры ақ жол тілеп,Қуантпас кімді ғана жақсы тілек.А, бірақ, Шұғыла иесі – Нұрқыз десер, Ол саған жыл айналып бір кездесер.

Шұғыла мұнартып, Жайсаң атаның да-уысы алыстап бара жатты. Осы жолы жайбарақат кезіксем, Шəкін ағайдың «Жайсаң Атаның апасының аты кім болды екен?», - де-ген сұрауын беріп көрейін дедім. Жайсаң Ата-ны кетіргім келмеді ме, əйтеуір, дауысы алыс-тап бара жатқанына қарамай, сол сұрауымды беріп едім, үзіліңкі шыққан кейісті үнмен жау-ап берді:

Page 73: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 73 –

Ортамыз тез алыстап бара жатыр,Аздан соң дауысым саған жетпейді, құр. Сондықтан, жауап қысқа сұрауыңа,Оны енді көңіліңнен кетпейтін қыл.

Нағашым арғындардың Қараш ханы,Көріпті қартайғанда Жаңылшаны.Əкеден тұқым емес, тұяк қалып,Ер мінезді бағыпты ханымшаны.

Ат мініп, садақ тартып ер жігіттейАсса асты, өнерлерін еш кемітпей.Жаңылша – ерке өскен, ер мінезді,Ұнатыпты ержүрек əкемізді.

Жарқылдаған жар болып бейбіт кезде,Жауынгердің бірі боп жау кез келсе.Аттанып əкем екеу жауға барса,Дұшпанын талқандаған парша-парша...

Үзілді-кесіліп шыққан үн есітілмей қалды, ентіге дем алып өзіме келдім. Мұнартқан жа-рыққа бөленген баурайдан төмендеп ауыл-ды беттей жүрдім. Белді етектеп қалған кезде жағымды, жылы жасылтым жарық бүркеліп, түс көргендей, сыңғыраған үн мəлімет бере бастады. Ұйқыдан оянғандай жағдайға келгенімде таныс аулада тұрыппын, таң ағарып қалыпты. Əдеттегідей Шəкін ағай келіп, шешіп қойған Жайсаң атаның сөздерін оқып, риза болмай: «Осы ғана ма?» - деді. Осы сақалына ақ кіріп қалған үлкен кісінің мəмпəсиге өкпелеген балаға ұқсап, түнерген түріне қарап, булыға түсіп, қайтадан күлкім келді, бірақ, үндемедім. Сол түнерген қалыбынан жазбай

Page 74: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 74 –

ағай: «Осы ақ па?» - деген сұрауын қайталады. Мен Шолпан Нұрынан алған мəліметтердің ішінен, ғылымда белгілі, алыстағы Сертог Манба1 тибет монастырындағы «Бри-ша2» трактаты жөнінде айтып бердім. «Бри-ша» өзі «Вайдурья-онбоның3» көркем мəліметі бо-лып ғана есептеледі, ал енді «Вайдурья-онбо» одан бұрынғы тибет медицинасының төрт томды бастауы, он төрт мың жол жыр-дан тұрған «««Чжуд-Шинің» мəлімдеушісі екендігін, ол трактаттар əбден жасырын сақталарын апйттым. Осы трактаттардың түсіндірмлерінен дəрігерлік ісіме керектілерін

алғанымды айттым, бірақ дəрілер қайсы заттардан дайындаларын, шен - өлшемдерін айтуға хақым жоқ дедім. Ағайдың айтқандарыма сенбей жатқанын сездім,

оны қызықтырған – Жайсаң атаның даста-ны. Дастан бул жолы да айтылмағандығына тынышы кеткенін сездім. Ойымды растап: « Дастан тағы басталғын емес қой, не үшін айтуын кешіктіріп жатыр?» - деді түнеріп. Мен де жүрегімді күйзелткен дүдамал ойымды жасырғым келмеді: «Атамыз мені көрпенделігім жеңіп, бастаған ісімді аяғына дейін шығармай қоя ма деп шошып жатса ке-рек» - дедім. Ағайда осы ойымды растағандай үнсіз тұнжырай түсті.

_______________________________

1Сертог Манба – Тибеттегі ежелгі монастыр.2Бри-ша – Вайдурья-онбо кітабын шешетін еңбек.3Вайдурья-онбо – медицина саласындағы ең ұлы еңбек.

4Чжуд-ши – Тибет медицинасында өте бағалы еңбек

Page 75: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 75 –

АЛТЫНШЫ БӨЛІМ

ҚАТАЛ ШЕШІМ2.11.1995 ж. 10ыншы А. К. 90 31 5711

Тəңірім-ай! Пендешілігі басынан асқан мен-дей бейшара əйелдің тағдырына салмағын ат көтере алмас не деген сырлы жүкті арттың? Пендешілігіммен алысқан көптің бірі едім ғой. Содан түсімде араласатын сырлы дүниеге өңімде тұс болдым. Жұмғалға аттың қасқасындай танымал, бірақ жалғаннан өтіп кеткен Бүбіайша апаның1 қамшы, тəспісіне аянды түс арқылы ие болып едім. Сол қасиетті бұйымдарды қолына ұстағаны үшін дерлік отыз жыл отсқан күйеуімнен ажырасып, əже, нағашы эже болған жасымда тек халатшаң киіміммен көк дорбамды асынып, кетіп қалып едім. Сол қамшы, тəспіні алып, емшілік жаса-масам, Шəкін ағай көрінуге келмек емес, демек, «Манастың» да авторы болған, сол адам кім екенін біліп бересіз бе?», - деп ағай сұрамаса, мен Жайсаң Атаға жолығатын ба едім? Жоқ. Осы кезде елдің ермегіне айналған мен жөніндегі өсек-аяңға сенген Бүбіайша апаның келіні келіп қамшы, тəспіні талап қылды. Шамасы, «бермейді» деп келсек керек, біреудің бұйымы

________________________________

1Бүбіайша апа - Жұмғалда өмір сүрген ең көрнекті тəуіп, көріпкел.

Page 76: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 76 –

біреуге бұйым болмақ па еді, бірақ көнген тіршілігімнің арнасын бұрған осы бұйымдарды жан-дүнием сыздап, зырқырап ауырғаныма қарамай үндеместен бердім. Егерде, емшілігім осы бұйымдарға байланған болса, онда біткені! «Өмірім мұнымен бітпейді. Жайсаң атам бар, тірі аруағы айтып берем деген Ұлы Дастан бар!»,-деп өзімді жұбатқаныммен, апаның келіні қамшы менен тəспіні алып кеткеннен кейін, екі күн бас көтермей жыладым. Ағай Ұжымымен гастролге кеткен. Амалып таусы-лып, жылаған менің жанымда қызым Нұргүл, сіңлім Гүлнара жəне құрбым Бегайым бол-ды. Сол күні ауруынан ұстамасы қармап, ағай қайтіп келіпті. Жарым сағаттай дем алдырған соң, Бүбіайша апаның бұйымдарын келіні алып кеткенін айтып, солқылдап жыла-дым. «Енді емшілік жасай алмай қалатын бо-луым керек», - дедім. Ағайдың аурудан қиналған көздері алая түсіп, маған тік қадалды, орны-нан ұмтылып тұрып, кəдімгідей қалыбына келе түскен үнімен:«Сіз жаңылып жатасыз, қасиет апаңыздың камшы, тəспісін де емес, өзіңізде. Сіз – Бүбіайша апа емессіз. Сіз – Бүбі Мəриямсыз! Біреудің даулы бұйымынан рас құтылыпсыз, сол бұйымдарды өртеймін дегені үшін күйеуіңізден, үй-жайыңыздан кетіп қалғансыз, ал енді оларды кенет өштескен біреу жоқ қылып қойса, не болып қалар деп уайымдап жүргенмін, жақсы болмады ма!» - деді жүзіне қан жүгіріп. Мен ə дегенде ыза-лана түсіп, одан ағайдың сөздерінің мəнісін түсінгенімде, екі күннен бергі басыма түскен ақыр заман алыс-тап, қөңілім тыншый түсті.

Page 77: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 77 –

Үшінші күні жаңа қамшы, тəспілі болып, «Жұмғал-Ата» мазарына барып, зыярат жа-сап келдім. Осы түні Жайсаң Атаға кездескелі шықпақпын. Үйден шығып бара жатсам, сыртқы есікті тарсылдатып:«Майрам тəте, апам қорқытып жатыр, жүріңіз»-деп Бегайымның сіңлілері кіріп келді. Бас тарта алмадым. Оқуын бітіріп келгеннен бастап, мектептің директоры, кейін аудандық жетекшілікте жа-уапты қызметте істеген осы құрбым, үйімнен кетіп пəтер іздеп жүргенімде,үйінен түнек беріп, бірге қосылып үй іздескен. Кеше ғана үлкендер «айналайын», кішілер «тəте» дегенін ұмытысып, алапесті көргендей сыртын са-лып кеткен күнде қолын созып медет болған жалғыз құрбым, осы – Бегайым. Апасы көптен бері төсекте болатын, өмірінің тұзы таусы-лып бара жатқан еді. Қыздардың шырқырап жылап келгендерін көре тұрып, шығып кете алмадым. Қолымдағы дорбамды орнына койып, қыздарға еріп, Бегайымдікіне бардым. Бегай-ым солқылдап жылап, көрші-қолаңдар жиы-лып қалыпты. Бегайымның əкесі бəйбішесінің жүзін жаулықпен жауып жатыпты, мен Айша апаның жанында жүремнен отырып,тамырын білегін ұстадым. Ұзын тамыры білінер-білінбес «бүлк» деп қойды. Жабылған жаулықты алып, маңдайына оң қолымды қойып, сол қолыммен тамырын ұстап, энергиямнан бөлісе баста-дым. 20-30 секундтан кейін апа көзін ашып, ақырын күрсінді. Сілейген қолы қыймылға келіп, төсегін иегіне тартты, қолымды ақырын қысып, «айналайын» деп риза болды. Жылап жатқан қыздары басылды. Отырғандар тым-

Page 78: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 78 –

тырс. Мен Айша апаның маңдайынан сылап: «Қыздарды қорқытпаңыз, Құдай - деп тұрыңыз, апа» - дедім де, Бегайымға:«Мені тура түсін, өкпелеме, медитацияға шықпақпын, кетуім ке-рек» - деп сыртқа жөнедім.

Үйге келіп, шелектегі мұздақ суды қораның артына алып барып, шайқанып алып, тауға қарай беттедім. Жаңа ғана ашық тұрған аспанды қарайған бұлттар жауып, айнала қараңғының құшағына батты. Шұғыла түспей заманым қуырылып бара жатат, канша жүргенімді білмеймін, бір кезде айналама зер салсам Мадемілдің1 ұшар басында тұрыппын. Шұғыла тағы түспейді:«Жаңа үйден шам жағып кетпегенім үшін Жайсаң ата өкпелесе керек, енді осы бойдан кездеспей қойса, өмірдің керегі канша? Осы дастан деп бұға шейінгі өмір сүру – тіршілігімді таразының бір басы-на қойып, дастанды екінші жағына қойып, ұлғайған уағымда үй-жайымнан кетіп, елдің ермектер нерсесіне айналып жүрсем, одан Жайсаң Ата кездеспей қалса, тірі жүрудің керегі бар ма? Бəрінен құр алақан калдым, бір ғана жол – шыңнан құлап өлу! Осы шешімге келіп, шыңнан төмен құларымда Шұғыла түсті. Мұнартқан көгілдір жарықтың бір ұшында Жайсаң Атаның түнерген елесіне ілесіп, қатал дауыс есітілді:

Шырағым, алақан жай, дұғаңды айт,Өзіңе егер сенбесең, жолыңнан кайт.Салмағы тұздан да ауыр жұрттың жүгін,Көтере аласың ба, шыныңды айт!_____________________1Мадемілдің1 - Чаек ауылының жанындағы тау.

Page 79: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 79 –

Үн бəсеңдеп, жауап күткендей болды. Не айтарымды білмей, сасып қалдым. Одан көк- беттігім ұстап: «Артқан жүгін көтере алар-көтере алмасым менен гөрі өзіне белгілі да»,- деген ойда үндемедім. Жаңағы шешімімнен бас тартқым келмей, осы сəтте өмірден гөрі өлім қызық көрініп тұрған еді. Бұрынғыдан жұмсағырақ шыққан үнмен Жайсаң Ата сөзін жалғады:Шаң ұйып, тозаң1 қаптап, дəлкі2 басқан,Қозғалмай төрт ғасырдан бері жатқан.Жұрт жүгін көтерердей күшің бар ма?Жоныңа «тəуекел»деп қазір артсам.Тəңірді куə тұтып, ант бергенненТайынбайм, кері қайтпайм - деп сене алсаң, Мен де саған жүкті артып, сенем сонда«Ашылсын ақ жолың!» - деп бата берем.Алдыңда тосқауыл көп, ирелең жол,Қазіргі жазғаныңа ықтият бол.Айтқаным аяғына шықпайынша,Сыр ашсаң, ісі жаман салмасын қол.Қояйық ырым жасап, тұсау кесіп,Кілтін де жыр қоржынның берем шешіп.Қақпағын зарлы зайып қоса ашсын,Ауыздантқан несібіңнен суға езіп.Кездесу үшін маған дала кезіп,Кейіме жүремін деп елден безіп.Көздеген мақсатыңа жету үшін,Қызығын бұл жалғанның таста, кешіп.______________________

1тозаң - сор, шор.2дəлкі - дат, тат.

Page 80: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 80 –

О, Тəңір! Жолын ашсын дастанымның,Қызығын жұртым көрсін жиғанымның,Оянсын, уақыты жетсе керекҚозғалмай жатқан дастан неше ғасыр.

Шыланып көз жасыма біткен баян,Жұртыма жете ме деп зар қақсағам.Сендерге айтып берсін, осы қызым!О, жұртым! Дастанымды тарту етем.

Қарағым, қане, онда, би-исми-илла деп,Күттірген баянымнан салайын кеп.Құйылсын көмекейден жыр-дастаным,Қолыңда жорғаласын қаламсабың.

1995-жылдың 2-қарашасындағы осы медитациядан кейін «Айкөл Манас» дастанының 1-томының алғашқы саптары, дəлірек айтқанда, 84-86-беттері қағаз бетіне түсі-рілген. Кейінгі мəліметтер 1996-жылдың 30-мамыр күніне дейінгі аралықта болған «Медитациялар бөлігінің» 7-16-бөлімдерінде қабыл алынған.

Page 81: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 81 –

АЛМАНБЕТТІҢ КЕЛУІ

Page 82: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 82 –

ҚАНЫКЕЙДІҢ ХАТЫНазар бұр, сөз айтамын, шайқас жайлы,Тарихта «Шоң Қазат» деп аты қалды.Қиямет күнге дейін сақталар деп,Қытайдың даңзасында1 хаты қалды.Қырғын тауып қыран ерлер қаншалаған,Жеріне бөтен елдің тұрақтаған.

Қырылып сан мың қолдан айырылса да,Ғасырларға Ер Манас деп аты қалған!Ерлерді сыйға беріп қаншалаған,Бежінді Тақ Сүлеймен2 ала алмаған.

Құдіретті Айкөл Манас жеті ай бойы,Жеңілген қақанчынға3 билің қылған

Қырық қызға басшы қылып жалғыз қызын,Қабылан Шер Манасқа тартулады.

Жортуылға жеңеміз деп аттанысқан,Жауынгерлер жеңісіне мақтанысқан.____________________

1Қытайдың даңзасы - құпия құжат, шежіре кітап.2Тақ Сүлеймен - əділдігі, данышпандығы бойынша теңдесі жоқ патша.3Қақанчын - Шет-Бежінде тұрған елдің дастанда аталуы.

Page 83: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 83 –

Тойын жасап алпыс күн-алпыс түні,Қыз беріп, шораларға1 неке қыйған.

Қаңғайлар жеңілісіп бағы тайған,Қарсы сөз жеңгендерге айтпақ қайдан.

Бежінде біржолата қалатындай,Берендер бейқам болып жаны тынған.

Бұл кезде қанғай тарап тыныш жатпастан,Айкөлдің кең пейілін пайдаланған.

Аспазшың болсын десіп Шуй-Ку-Чуны,Артынан Айкөл Шердің тыңшы салған.

Амалын дұшпанының білмей тұрып,Айкөл Шер əскеріне жиын құрып,

Сөз салып Бақай, Қошой, қалың қолға,Шұтыны аттантайық депті жолға.

Бежінге хан болды деп Ер Манасты,Беттеді елді-жұртты, кең Таласты.

Сүйінтіп елге хабар бермек болды,Халқынан хабар алып келмек болды.

Жол жүріп күндеп-түндеп, асу асып,Таласқа келді Шұты хабар алып.

«Бағынтып қанғайларды хан болды»-деп,Қалың қол, Ер Манастан сəлем айтып._____________

1Шора - сарбаз, жауынгер, батырдың серігі.

Page 84: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 84 –

Сөзіне Шұты құлдың көңіл бұрып,Қаныкей қуанбастан жылап тұрып,

Егіліп жасын төгіп уайым жеп,Шұтыға айтты сөзді, аманат деп:

Артыңа қарайламай жылдам қайтқын,Айкөлге мен бейбақтан сəлем айтқын.

Кідірмей жау жерінде Айкөл Төрем,Халайық-халық күтуде тым тез қайтсын.

Түс көрдім аян сынды осы түні,Түсіпті хан орданың зор түндігі.

Өрт қаптап туған жерді, қала қыйрап,Жатыпты қос шынары жерде құлап

Жарқ етіп көзімді ашып атып тұрдым,«Ұлы Күш, жəрдем бер!» деп құлдық ұрдым.

Күл салған суды шашып күн батысқа,«Құдырет! – деп тіледім, – қаперің бұр!».

Бұл түсім жөн түс емес, Шұты берен,Ишарат белгісі дейм Тəңір берген.

Өзіңнің, аттың күшін аямастан,Айкөлге хатты алып тез-тез жетсең.

Қыз Сайқал1 тартулаған Бурыл будан,Мінуге бабы келіп даяр тұрған.__________

1Қыз Сайқал - қырғыздың батыр қызы.

Page 85: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 85 –

Сертті сөз – қолын сақтар1, жазып хатқа,Айкөлге беріп жіберді Шұты құлдан.

...Алдырып Шет-Бежінде Ер Манасқа,Қырық ханы қытайлардың сол уақытта,

қырық мың түрлі əдісті қолданысып,қыйналып жүрген кезі таппай айла!

Манастың отырарын алтын таққа,Қытайлық көріпкелдер білген баста.

Қолына Қаныкейдің хаты2 тисе,Хан болмақ бар Қытайға онда нақта.

Күтініп сондықтан да Қоңырбай хан,Күн-түні ұйқы көрмей көруде қам.

Аңдысып Шұты келер жолды шалып,Айкөлге жеткізбеуге амал қылған.

Белгілі жерден күтіп Шұты құлды,Мақсаты атып салу Тайбурылды.

Қолына хаты тисе Қаныкейдің,Ойбайға салар, демек, бұрыт елін.________1Қолын сақтар - Айкөл Манастың қолын-жауынгерлерін сақтайтын.2Қаныкейдің хаты - «Айкөл Манастағы» осы мəлімет, м.а. Қаныкейдің Манасқа хат жазғандығы сол дəуірде ата-бабларымыздың жазуы болғанын дəлелдейді. Ол хатта дұшпанның əскерін қирататын құдыретті дуаның сөзі жазылған болатын. Ол дуаны Айкөл Манас ғана қолданғанға ақысы бар еді. Сондықтан «Бүкіл Қытайға хан болмақ» деп айтылуда.

Page 86: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 86 –

Ол кезде əуедегі құстан асып,осынша ұзақ жолды аз күн басып,

хабарды жылдамырақ жеткізсем деп,келеді тыным алмай Шұты сасып.

Жол тосқан Қоңырбайды көргенінде,Сезілді жан шыққандай кеудесінде.

Айдаһар зəрін шашып, ажал ойнар,Көрге ұқсас Қоңырбайдың көздерінде.

Бурылдың тақымына тартып қамшы,Қарамай алдын-артына Шұты қашты.

Тұяғы Тайбурылдың жерге тимей,Сусылдап ұшқан құстай бара жатты.

Қамшы ұрып, қанға бояп аттың саның,Байқамай қайда кетіп барған жағын,

жеткенде қара сулы Батпақтыға,жол жоғын көрді Шұты алға-артқа.

Балшықты, сорма сазды бұл дариядан,болмапты арғы бетке тірі өткен жан.

Қоңырбай жететұғын болған кезде,Сорылып өлейін деп одан гөрі,

Бурылды бұра тартып қара суға,Бұлдырсын қамшымен1 бір ұрғанда,___________________1Бұлдырсын қамшы – өзегіне қатты нəрсе салынып, сырты қайыспен өрілген қамшы.

Page 87: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 87 –

Қорықпастан Бурыл өтті арғы жаққа,Буырқанған қара суды қатты аттап.

Əттең-ай, «Алдырарда азғырар» депАрнайы жазылған хат-сертті бүктеп,

үзіліп беліндегі кайыс кісе,ағызып, Батпақтының суы кетет.

Артынан қоймай қуған Қоңырбай хан,Аққанын шартты-хаттың байқамастан,

мінгені Алғараға қамшы басып,Бурылды қуып жетті ұзатпастан.

Адамнан өзгешерек жаралған жан,Айбаты арыстандай Алманбет хан,

келерде Ер Шұтының жолын бұғып,Қоңырбай тоспаларын біліп алған.

Атқалы осы түнгі таң ағарып,Алмамбет қарауыл салар жерге барып,

Айырмай көзін жолдан Шұты қайтар,күтуде атын ерттеп, дүрбі салып.

Бір кезде шаң көрініп құйындаған,Бөлінді қою шаңнан Бурыл будан.

Тақымдап оған қоса тағы біреу,Жөн қойса, Бурылға ол жететіндей.

Жебедей зулап ұшты Бурыл будан,Жеткізбей Алғараға арттан қуған.

Page 88: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 88 –

Алманбет танып, қуған Қоңырбайды,Айғайлап, «Ер Манас» деп салды ұран.

Көргенде Алманбетті қанқор Қалша,жасқанып Алғараны бұрды артқа.

Бет алып Бежіндегі бекем шепті,Тоқтамай қанқор Қалша қашып кетті.

Артынан қуған Алмаң, шанышарда,Алғара биік шептен ұшып өтті.

Бұрылды батыр Алмаң, қайра артқа,таң қалып Алғарадай тұлпар атқа.

Келатқан кең Таластан хабар айтып,қайырылды Ер Шұтыға сəлем айтып.

Ел-жұрттың есендігін сұрастырып,қуанды келгеніне аман қайтып.

Сұрады хəлін-жайын элдің-жердің,Саулыған Айкөл теңі Қаныкейдің,

хəл-жайын алған жары Арукенің,жағдайын балтыр бесік Семетейдің,

қайғысыз, уайымсыз жатқандарын,көп ноғай, нойғыт, үйсін, түргеш, арғын,

жаудан тыс, қырсық шалмай қалыбындажатыпты Кең-Қол, Талас, орда қақпа...

Бурылдың ауыздығын бұра тартып,сəлемін Алманбеттің əлік алып,

Page 89: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 89 –

Шұтының жауап айтып тұрған жері,Ел-жерді көргенінен хабар салып:

«Аңсаған калың қырғыз елің аман,керілген Кең-Қол, Талас жерің аман.

Кемеңгер жеңешеміз Қаныш бастап,Келбетті Арукедей теңің аман.

Туылған біз бұл жаққа аттанарда,Төреміз зарыққанда көрген бала –

туйғының, бүлдіршіндей бегің аман.Есіңнен танғандай сөз айтам саған

Арукеден – Аманат, айтсын, деген:«Асылым, Алмам жылдам кайтсын, - деген,

арылсын арманынан ішіндегі –артымда балам жоқ деп қайғы жеген.

Əкеден жалғыз едім, «жоқ деп бала»,əрдайым қапалы еді тартып сана.

Күмəнді құрсағымда – Тəңір берген,аз қалды күнім жетіп, көз жарғанға».

Ұққанда аманатын Арукенің,Аузынан сөзі түсіп Алманбеттің,

көзінен бұршақтаған ыстық жасы,құйылып жүзін шердің жуып жатты.

Шұтыдан ұққан сөзге кеуіп кеуде,Сүйініп сөз таба алмай айтар мүлде,

Page 90: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 90 –

қалайша ерігенін сезбей қалды,көп уайым – көкіректін түйінін де.

Шұтыны кеудесіне қатты қысып,тер иіскеп алқымнан, мындай деген:

«Хабарың баға жетпес айтып келген,басымды тарту қылдым, Шұты берен».

Сөзіне Алмамбеттің сонда Шұты,айтыпты жауап қылып мына мұны:

«Өзіңнен сүйіншіме – сыйлық алған,өлшеусіз қуанышым маңдай жарған!»

Айқаса құшақтасып тағы бір рет,Одан соң аттанысты қосты беттеп.

Үстіңе Айкөл Шердің қоса кіріп,Ер Шұты төресіне сəлем беріп:

«Есен-сау жүресің бе, Айкөл Шерім,Жатыпты аман-есен елің-жерің.

Ата-ана, аға-туған, алған теңің,Артыңда ізің басар Семетейің».

Туған жер тұрғандығын аман-есен,Тізбектеп айтып келіп Шұты берен.

Томсара түсіп жүзі, біраз тоқтап,түнерген қалыбында былай деген:

«Көкжалым, Айкөл Манас, сөзім тыңда,Кесемін десең, батыр, басым мына.

Page 91: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 91 –

Қаныштың жазып берген дұғай хатын,Əкелмедім аман-есен сақтап мұнда.

Қапыстан Қалша шығып бұқтырмадан,Қарамай екі жаққа қаштым одан.

Кемердегі қайыс дорба қатты тыққан,Қара басып үзілген білмейм қашан.

Сұм Қалша жетеріне аз қалғанда,Асығып қамшы бастым Тайбурылға.

Күш жинап секіргенде бергі жиекке,Үзіліп суға ақты кемер, дорба.

Қосылып қайыс дорба ішіндегі,Қаныштың дұғай хаты ағып кетті.

Жоғалттым, жаудан сақтар тұмар хатты,Ол үшін аздық қылар кессең басты.

Хаттағы серт-дұғадан басқа тағы,Айтайын жарың айтқан аманатты:

«Тұрмастан жау жерінде Айкөл берен,Тезірек кейін қайтсын қолы менен.

Ұқпаса айтқанымды осы жолы,Ұшырайды аламатқа сансыз қолы.

Сұранам, тізе бүгіп, қол қусырып,Сұлтаным қайтсын елге, атын бұрып.

Қаһарына Жаратқанның ұрынбастан,Қабылан Айкөл Төрем жылдам қайтсын».

Page 92: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 92 –

Деп сыздап қалды жарың, Айкөл берен,Дұғай хат жоғалғаны – төлге1 ме екен

Тағы бір аян белгі – Тас Қазанда2, Қалыпты деді суы біраз ғана.

Белгіні ата-баба ұстап келген,Байқамай қоймай болмас, Айкөл берен.Аттанып атажұртқа бет алайық,аянның қарғысына қалмайм десең».

Осылай біткенінде сөзін Шұты,Үндемей Айкөл оны қарап тұрды.

Біраздан кейін содан жайлап қана,Бұйырды əскерлерін жинағанға.

Қаншалық қақсап айтып тұрса дағы,Хан Манас қасарысып, тіл алмады

Жиылып келген қолға жүзін бұрып,Жағдайды түсіндіріп сөз бастады:

«Қаңғайды шабамын деп қайнап кегім,Қалың қол Бежін жаққа алып келдім.

Мардымсып сөз сөйлесем, қатты айтсам,Кешіріңдер, орда жұртым, туған елім,

қаптаған қалың қолым, ханым, бегім,Хан Бақай, Қосай, Төстік, Көкше шерім,__________________________

1Төлге - бал ашу, құмалақ тарту арқылы болашақты болжау.2Тас Қазанда - Қырғызстанның Талас облысының Бакай Ата ауданындағы мазарлардың бірі.

Page 93: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 93 –

Əжібай, хан Мұзбұршақ, Сырғақ, Шуақ,Қырық шора, қыран бүркіт – Алманбетім,

Қайырылып бəріңерге айтар кебім:Қайтыңдар ,сағынғандар, елін-жерін.

Кеткенің кең Таласқа аман жетіп,Қалқыған қалың елдің қамын жесін.

Жеті ай жеңіс тойлап, құрдық сайран,Жерімді сағындым деп сапар тартсам,

жауымыз бас көтеріп, колын құрап,зобалаң сала ма деп шошып тұрам.

Жауынгерлер жеткенше таяр əлден, Жау тисе тойтарады олар қайдан.

Қайтарар дұшпан жүзін, сондықтан да,Қалаған əскеріммен мұнда қалам.

Өздері қаламыз деп қаласа егер,Өтесін міндеттерін қалып мұнда.

Бұл жақтан біржолата уайымсыз,Барамыз Атажұртқа мұңаюсыз.

Барлығың баяғыдан айтқан сөзді,Демеңдер жөн ғана бір – бұйрық беру!

Талқылап отырудан шықпас пайда,Таласқа баратындар қамданыңдар»

Артынып алтын, күміс, қызыл ділда,Хан Бақай жол бастады, қайтқан елге.

Page 94: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 94 –

Қыз-келін тартуымен қоса көшіп,Ер Төстік, Қосай хандар кетті бірге.

Қаныштың жазған хаты тигенінде,Бітерін істің қалай білмек еді.

Əттең-ай, қазір кеткен қосынымен,Айкөл Шер бірге аттанып кетпес пе еді!

Сол кезде «Шоң Қазат» деп аты қалған,Қиямет болмас па еді, қырғын салған?

А, бірақ, азғырыққа жетелеткен,Бейопа болады екен дүние жалған!

Жөнелтіп жарым қолын туған жерге, Айкөл Шер қалып қалған Шет-Бежінде.

Жақсылық, жамандықты көргелі тең,Қалысқан тоғыз ханы қолы менен.

Кеткенін қолдың теңі мекеніне, Қоңырбай бұқтырмадан көрген еді.

«Бұрыттың көбі кетті еліне» деп,Білгізген хабаршыдан түп Бежінге.

Күні-түн осы күннен көз ілінбей,Тоқылған өрмекшінің желісіндей.

Амалдың неше түрін тауып Қалша,Аттанды Айкөл Шерді жоқ қылмаққа.

***...Аспазшы қытай құлы Шуй-Ку-Чу атты,Орындамақ тапсырманы талап қатты.

Page 95: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 95 –

Жорығын, жоспарларын Ер Манастың,Сыр алдырмай бір жанға біліп қайту.

Артынан аңдыды ол күн-түн қалмай,Айкөл Шер аспазшыдан секем алмай,

қалтырмай көргендерін хатқа жазып,аспазшы жинап жүрді бір неше ай.

Иініне жеткенде ісі пісіп,Қамырға жасырды да нан пісіріп,

Дуана кейпін киген дуагөйден,Қалшаға аттандырды жеткізуге.

Қойнына аспаз берген хатты тығып,Дуагөй Қоңырбайға жетті бұғып.

Ортасын піскен нанның ажыратып,Қу Қалша хатты алып, оқиды ашып.

Ақылды, зəлім тыңшы Шуй-Ку-Чу қу,Айкөлдің дəретіне дайындап су,

қалдырмай көргендерін толық бойдан,Хатына міне бүйтіп жазған екен:

«Оқыңыз, көңіл бұрып əр біз сөзді,Амалың атанға жүк жансың есті.

Табарсың жоқ қылудың ептеп ебін,Қулыққа теңдесі жоқ, Қалша бегім.

Алыссаң Манас ермен əлің жетпес,Күрессе ешкімнің де күші келмес.

Page 96: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 96 –

Қорқытып жатыр деме, Қалша бегім,Титімдей өтірік жоқ, шындық сөзім.

Атысса очоғордың1 оғы өтпес,Шаншысса найза сынып, кылыш кеспес.

Хан Манас қасиетті жаралған жан,Адамның оңайлықпен əлі жетпес.

Артынан аңдып жүріп бірақ оның,Білмеген өзі, сырын біліп алдым.

Оны егер пайдалансаң уағында,Айкөлін мерт қыларсың бұрыттардың.

Əр жұма таң атарда жұлдыз тарап,Арулап тұла бойын дəрет алат.

Аспанға қолын созып тілек айтып,Отырар одан кейін құтты қарап.

Айтқаным өзім көріп, көзім жеткен,Ананда2 ахуалына кіреді екен.

Ондайда сезбейтінін еш нерсені,Артынан байқап білдім сыр берместен.

Болмысы бірге болып күлді Əлеммен,Бүтінге айналады бөлінбеген.________________________________

1Очоғор - оқ салынып атылатын қару.2Ананда - таза қуаныш, нағыз рахатқа кенелу. Мындай шексіз бақытты адам өз денесінен өз еркімен шыққан кезде сезеді. Бұл – ұшы-қиырсыз кеңістікке кірген мезгілде ғана болатын толық еркіндіктің рахаты.

Page 97: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 97 –

Тəңірдің кереметті көкшіл НұрыТөгіліп төбесінен тұрады екен.

Дəл осы кезде көрсең бұрыт ханын,Оқ өтпес өткір болат тұлғасы оның.

Көлкіген қорғасындай еріп бір сəт,Мертінер сол уақытта алса жарақат.

Манасты жоқ етуді кім көздесе,Сиынып Тəңіріне тұрған кезде,

Сілтесе айбалтаны у сіңірген,Балқыған, еріп тұрған денесіне.

Көздеген мақсатына жетер сонда,Қанмен бірге тараған у тұлғасына.

Айланған қанды зілге – дауа болар,Дəріні таба алмайды Ұлықпан да».

Қоңырбай хатты оқып атып тұрды,Шүбəлі көп ойларға батып тұрды.

Шектентпей, білгізбестен Айкөл Шерге,Қапыда қол салудың қамын көрді

Байлатып күріш-жемге атын баптап,Ыңғайлы күн келерін санап, нақтап,

Уына айдаһардың суғарылған,У сіңген айбалтасын оңдап-саптап,

құрама темір құйып жүз шығарған,қырық жыл уға шылап ұш шығарған,

Page 98: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 98 –

қырық қырлы сыр найзаны - сол күнге деп,қырық жылдан бері баптап даяр қылған.

Таңдалған мошуштардан1 қолын құрап,Сиынып Бұрқанына2, жəрдем сұрап,

алты айлык нəрестені құрман шалып,Асурдан3 барсын деген пұрсат алат.

Күн жетіп, дəл анықтап, белгіленгенКемшіліксіз бітіп қамы, кешілдерден.

Алпыс мошуцзясын4 алға салып,Қырық нөкер арттан қостап жүріп кеткен.

Жетті олар Шет-Бежіннің қақпасына,Шеп екен қырық есікті осы қақпа.

Қырық сарбаз қырық есігін күзетіп – сақ,Өте алмас адам емес ұшқан құс та.

Қоңырбай шеп қақпаға кіру үшін,Қолданып амалдардың неше түрін.

Дұғасын Чи-Лу-Сеннің5 қырық қайталап,Қарауыл Қырғылшалды ұйықтаттырды.

Қарауылы ұйықтап қалған дарбазадан,Өткізді Алғарасы құстай ұшқан.______________1Мошуштар - дуагөйлер.2Бұрқан - қаңғайлардың құдайының аты.3Асур - қара күштердің иесі.4Мошуцзя- сиқыршылар.5Чи-Лу-Сен- шілістен, шілтен деген сөздер осы кісінің есіміне байланысты пайда болса керек.Ол дүниелік оккультизмнің негіздеушісі деп болжалданады.

Page 99: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 99 –

Тағынан Айкөл Манас хан отырған,Табардай өзіне күш, назар бұрған.

Көргенде қалғып тұррған Əжібайды,Көсілте ұйықтататын дуа салды.

Содан соң күтіп қалды өршіп сезім,Айкөлдің Анандаға кірер кезін.

Аспанға Шолпан шығып, таң атарда,Жұлдыздар саябырсып нұрын шаша,

Шын дүние, жалған дүние ортасындаСаңылау пайда болар осы шақта.

Сол кезде əуедегі Ұлы Күшке,Ой жетіп, қабыл болар не тілесе.

Күш жиып, аян алар таң зарындаКүндегі көнбіс болған əдетінде,

білместенұшырарын бір қырсыққа,Алғалы таңғы аян, шықты сыртқа.

Қарусыз, сауыт кимес мұндай кезде,Үстіне киіп алып жұқа жейде.

Жамылып, мəуіті шекпен, ЖаратқанғаЖалынып, дітін бұрды жалғыз Оған.

Сол кезде Айкөл Шердің төбесінеƏуеден керемет Нұр төгілгіенде,

еріген қорғасындай көлкілдегенетіне найза кірді, у сіңірген.

Page 100: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 100 –

Сыр найза қыр арқада бұлшыңында,Суырылмай қалып қалды бір ұшында.

Өйткені, баратқанда қатып еті,Қоңырбай кешігем деп сасып еді.

Кие су тимей қалған кірінткенде1,Шеміршегін жауырының білган еді.

Қоңырбай көздеп найза сілтегенде,У сіңген жүзі батты жанды жерге.

Мезгілді пайдаланып дəл анықтап,Ұрғаны зая кетпей көңілі шат.

Жаңағы балқып қалған дене қатып,Жарақат салды найза терең батып.

Теңселіп сілтеуге аяқ, келмей əлі,Заңғар тау кұлағандай «дүрс» құлады.

«Дүрс» еткен дауысты есітіп ұйқысынан Таусылғыр Əжібай хан шошып тұрған.

Айкөлін көргенінде сұлап жатқан,Абдырап айналаға назар салған

Айкөлдің жұққан қанын ақ найзаға,Қоңырбай қарап тұрған мауқы қана.

Осыны көргенінде хан ƏжібайҰмтылып, бар күшімен ұрды найза.__________________1Кірінту - шомылдыру

Page 101: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 101 –

Əжібай ұрған найза – омыртқаны,Аралап тесіп өтіп, бүйрек майды.

Аяқтай етін жұлып үзсе дағы,Құтқарып тірі алып кетті аты.

Ақылы адамға тең Алғарасы,Абайлап жолын тосып, Қоңырбайды

мінгізіп егеріне – екінші ретшаншытпай Əжібайға ала қашты.

Ер үстінде салаңдап ұзын Қалша,Емдеуші момшуштарға барғанынша,

Түсіріп орта жолға қалдырмастан,Түп-түзу қосынына алып барды.

Адам барып жете алмас ұзақта ең,Шыңдағы үңгірінде құрғақ та, кең,

Тəуібі қырық күн тынбай жағып дəрі,Ажалдан құтқарады Қоңырбайды.

Сауығып жарасынан тұрар замат,Ол қайта қолын жиды, қосын құрап.

«Түбіне жеттім бұрыт ханының» деп,Түктен көп қытайларға хабар беріп.

Түріліп түмен қытай жиылып қол,Тоқтаусыз Шет-Бежінге тартады жол.

Қоңырбай алпыс тəуіп алып күшті,Қол бастап, солай қарай жолға түсті.

Page 102: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 102 –

* * *Бастайық енді сөзді хан Манастан,Баяғы жараланған жерде жатқан.

Байқамай бегімізді құлаттым деп,Бəріне Əжібай хан хабар салған.

Жиылып бір заматта қосын толық,Айкөлді айналшықтап қымғуыт болып.

Əр кімі əр нəрсенің басын шалып,Айнала айқай-шуға кетті толып.

Алманбет жəйлап сүйеп, Айкөл Шерін,Көзінен жуып жасын, аққан терін.

Беймаза хəлге түсіп қайран ерің,Айтайын Айкөліне не дегенін:

«Бел қылып бір өзіңді, Айкөл Шерім,Бежінді – кегім қалған беттеп келдім.

Басында сансыз қолдың сен тұрғанда,Бегін де, ханын дағы шабам дедім

Күпіршілік жасаппын, Айкөл Шерім,түктей көп, таусылмаған қытай елін.

Тұрғанда қолды бастап сендей досым,Түкірік құрғағанша шабам дедім.

Бауырлас асылдардың қуып кегін,Боздатам қанғайларды деп келгенмін.

Page 103: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 103 –

Қорғанды ғана емес Бежін сындыБарлығын кең Əлемнің алам дедім.

Күпірлік қылғандығым жетіп басқа,сілтенген алдаспаным тиіп тасқа,

құлатып алып сені сұм Қалшаға,Денемді жуып тұрмын төккен жасқа.

Тұлғаңды асқар таудай Нұр тигенде,тұрарын қорғасындай еріп дене,

Сұм Қалша осы сырды білмегенде,Сілтенген айбалтасы кірер ме еді!».

Айкөлін қансыраган аяп, тіктеп,Алманбет əлі құрып, амал іздеп.

«Опасыз жалған ба едің, о дүние!» деп,Ойына нелер келіп, нелер кептеп.

Өткеннен өш алудың кегін кектеп,Баяғы аттанарда Бежін беттеп,

ақылды, сезімтал жан Қаныкейдің,айтқанын Алмаң тұрды қазір еске ап:

«Бежінді берік шеп деп ұққаным бар,Елі қу, һəм сыйқыршы, пейілі тар.

Қандай күн бастарыңа түссе дағы,Болыңдар əр нерсеге ылғи даяр.

Қан қатып, шөлдесеңдер – сусын қанар,талықсып ұйқы басса – ұйқы ашар,

Page 104: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 104 –

хан аяш1, Желмаяға артқан жүкте,қайнатқан қанша түрлі дəрілер бар.

Көңілің тозып тұрса, ішсең ашар,Шалдығып-шаршағанды дереу басар.

Уланып, тұйықталған жарақаттың,Сипаса, уын сорып, аузын ашар.Белгілі Жаратқанға жалғыз ғана,Қандай күн туатыны алдарыңда.

Бұларды жаратарсың керегіңеКүн қараң боп, іс түссе алтын басқа».

Əр түрлі шөп – жан-жануар дене-етінен,Ашытқан, ұнтақталған, илетілген.

май қосып, сипағанға лайықтап,Маңызбен қоюлаған, балға шылап.

Жауынгерлер жанына ем болсын деп,Жасалған неше түрлі дəрі-дəрмек.

Қаныкей Алманбетке берген дерек,Өлшемін – қайтіп, қашан беру керек.Киелі Қаныш берген дəрілерді,Алманбет ұққанындай əзірледі.Дəл өлшеп, жарақатқа жаққан дəрі,Айкөлін шын ажалдан сақтап калды.

Тағдырда жазу барын, əттең арман,Қаперіне алмай қояр кейде адам.___________________________

1Аяш - құрдас, күйеуінің досы.

Page 105: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 105 –

Тағдырда жазу барын, əттең арман,Қаперіне алмай қояр кейде адам.

Болмаса қыр-арқаға Қалша сұққан,Найзаны суырғанда Əжібай хан. Ширыққан денесінен – тастай қатқан,Шығармай тастамақ па, ұшын сынган?

Дəл осы себеп болып кейін содан,Денесі тұйық зілден қабындаған.

Босаған дене қайра ширалғанда,Білінбей қалды жара қыр-арқада.

Ол жерін байқамастан қатып қалған,Алманбет дəрі жақпай қапы қалған.

***Қырық күн азап шегіп Айкөл берен,Қиямет сапарынан қайра келген.

Қасынан күн-түн кетпей, қайран Алмаң,Оралмас сапарынан қайырып алған.

Жарадан жабырқаған Айкөліне,Жаудырап ер Алманбет мындай деді:

«Тілімді мақұл көріп, Айкөл, алсаң,Ең жақсы болар еді елге қайтсаң.

Иіскегей, жалғызыңды мауқың қана,Ауа да туған жерде болар дауа.

Денеңнен тарқамаған жара уын,Дем беріп Ата жұртың, жаннан қусын.

Page 106: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 106 –

Қанғайда қалған кекті, алар өшіңХан төрем, сеніп қойғын, алам өзім.

Ішінен мақұл көрмей тұрса дағы,Қөңілін Алманбеттің қыя алмады.

Білгізіп ишаратын «мақұл» деген,Берені Айкөл Манас бас икеген.

Жеріне жөнелтпекші болып ханын,Əскерлері жабылып көрді қамын.

Көтеріп көк асаба, айшық туын,кешіп өтіп «Сары Дария1» қанды суын.

Көктегі Тəңіріне ниет бұрып,Қол қусырып кеудеге, құлдық ұрып,

«Айкөлім аман-есен жетіп ал» деп,Алманбет ақ пейілден айтты тілек.

_________________

1Сары Дария - Қытайдағы Хуан-Хе дариясы.

Page 107: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 107 –

ТАЛШОҚЫАл енді сөз бастайық хан Манастан,Аттанып, Ата жұртқа сапар тартқан.

Алманбет қош айтысып, ұзаған соң,Айкөлдің санасы – сан, ойлары – он.

«Ар намыс атағымнан айырылмайын,Артыма, қақпа-шепке қайырылайын.

Аянбай алпыс күн беріп тойды,əкелгем алты ай бұрын сансыз қолды.

Байқамай арқа тұстан жаралансам,Артынан кеткен қостың ере барсам.

«Айласы хан Манастың кетіпті» депƏр қосқан арғын1 жұртым сөз қылар көп.

Жан-жағым көп құрама туған елім,Ғажайып ата қоныс қымбат жерім.

А, бірақ, ажал жетсе мұнда өлем,Азабым болса егер, оны көрем.__________________

1Арғын - будан, əр рудун жиналған ел

Page 108: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 108 –

Айкөл Шер қашып кетті дегізбестен,Ажалды тапқан дұрыс дұшпан елден.

Тартпады тұз-нəсібім кең Таласқа,Тағдырға, бұйырмаса, амал қанша.

Даладан жазатымды1 табар болсам,Таланып құзғындарға қалар болсам.

Талпынып, мың əрекет қылсам дағы,Таппаспын өзгертердей еш амалды.

Түмен қол қаптамасын, қам қылайын,Түсіріп əскерлерді шеп құрайын.

Тізгінді дұшпаныма тарттырмайын,Тізерлеп, қол қусырмай, тақ тұрайын!»

Деп ойлап, Айкөл берен атын бұрды,Жер шартын дүрбі салып, қарап тұрды.

Бір сезім жүрегінің тереңінен,Бітімің тура деген белгі берген.

Айкөл Шер əскеріне аттан түс деп,Артынан келер жауды күтті қам жеп.

Əлгінде белгі берген жерге барып,ақ бозды, бата қылды, құрман шалып.

Тəңірге тəубе қылып, бекіністің,Айкөл Шер бастап берді ірге тасын._______________1Жазат - өлу, қаза табу

Page 109: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 109 –

Мыңдаған жауынгерлер күндіз-түні.Құрысты шеп-қақпаны алыспай дем.

Көтеріп биігірек бекем етіп,Қорғанды тұрғызды тез таспен өріп.

Қорғанның іш жағында оқшау тұрған,Шың-жартас əркімдердің көңілін бұрған.

Тым биік көзге ерекше көрінетін,Қорғанға қарауылдай сезілетін.

Қараса дүрбі салып, көңіл қойып,Тəрізі орайға ұқсас тастағы ойық.

Хан Манас сол бір тұсқа тесілгенде, Кенеттен бір ғажап үн есітілгендей:

«Назар сал, Қыдырлы Шер, сөздеріме,Көрінген сол бір ойық көздеріңе,

Қойнына қырық түрлі сыр жасырған,Өзіңді күтіп тұрған көп ғасырлар.

Жол салдыр əскеріңе сол жартасқа,Су жеткер, ойығына əрбір тастың.

Ол – Чин-Ма-Чин1 дуа салып құрған қапқа2,Чи-Лу-Сен жік шығармай ауызын жапқан.

Шанаштап ерінбей су құйдырасың,Сонда ғана дуасын жудырасың.

____________________________

1Чин-Ма-Чин - Чи-Лу-Сендин ұстазы болса керек. 2Қапқа - қорған, қақпалы қорған.

Page 110: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 110 –

Жуылса Чин-Ма-Чиндің қырық дуасы,Ашылар Чи-Тай-Хуның1 дарбазасы.

Хан Манас, бұл сен үшін жалғыз айла,Еліңді сақтар жолың осы ғана.

Қаныкей ырымдаған талың қайда?Отырғыз осы талды осы жайға.

Орай тас қырық дуадан тазаланса, Тамшылап тіккен талға су ағылса,

Бақыты қырық рулы жұртыңның – ол,Кідіртпей тау басына салынсын жол.

Тамырын жайса талың – онда демекАтау бер қара шыңға «Тал шоқы» деп!»

Белгісіз қайсы жақтан ұғылғаны, Сырлы үн айтып беріп осыларды,

алыстап дауыс мүлде шықпай қалды,Таң қалған Айкөлді ойлар шырмап алды:

«Жаратқанның маған берген аяны ма, Жоқ, əлде, кешілдердің айласы ма?

Жанымда Алманбет, не Бақай болса,Жөн білгі сөзін айтып, ақыл салса,

жасаған ісім тура болмас па еді,Жанымда болса ақылшы жолдастарым. ________________________________

1Чи-Тай-Ху - Қытайдың өте шебер құрылысшысы болуы мүмкін

Page 111: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 111 –

Тəуекел, не болса да, көнейін мен,Тұзағын салса шайтан, көрейін мен.

Жол сал деп, Қара шыңға бұйрық берем,Жеткенде шоқысына тал тіктірем.

Айтқан сөз – аян болса, су шығарам,Шың басын тазалатам қырық дуадан.

Тал тігіп, атын қойып, «Талшоқыға»,Тастан шеп құрдырамын дəл шоқыға.

Ал, егер, шайтан айдап барған болса,тағдырға сол жазуды жазып қойса,Шынымен ажал келсе, демек, солай,Қалайын тас жастанып сол шоқыда-ай».

Бекемдеп, Айкөл шебін құра берсін,Берендер шеп-қақпада тұра берсін.

Біз болса сөз жалғайық сұм Қалшадан,Бастаған түмен қолды жер самсаған.

Жетуге Шет-Бежінге жақын қалған,Бастамақ қанды шабыс – қырғын салған.

Ол кезде Алманбет те тек жатпастан,Алысар жауын күтіп, көруде қам.

Күндіз-түн күзеттіріп ойды-тауды,Тынымсыз жол қаратып, жер барлайды.

Жаңылып, жазатайым қалмайық деп,Жамандық басымызға салмайық деп,

Page 112: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 112 –

Жон-жонда жол тостырып күнде-түнде,Сарбаздар ұйқы көрмей күзетуде.

Қаптаған жаудың қолын Серек көрді,Қақпада Алмамбетке хабар берді.

Ұрдырып дауылпазды – «Тез арада,жауынгерлер жиылсын» - деп жар салуда.

Қалың қол жиналды да бір заматта,Қалысты тізілісіп қатар-сапқа.

Жиылған əскерлерге сонда Алмаң,Қайрылып міне мына сөзін айтқан:

«Қанғайда кегіміз бар бəрің, еске ал,Кəне онда, қырандарым жауды бетке ал.

Айкөлге берген антты атқарайық,Алдағы қалың жауға аттанайық.

Бірің де жаудан қорқып, артқа қашпа,Бірлікті, ынтымақты бірдей сақта. Тізіліңдер, атқыштар, оң тарапқа,Найзагер, шабандоздар сол тарапқа.

Су жүрек қорқақ болса, ортаға ал,Жаужүрек тұйғындарым, қырғынды сал.

Əжібай, көк асаба туды көтер,Алдында қол бастасын Хан Көкше шер.

Сырттаным, Ер Сырғағым, ортаны ой,Қабылан көкжал Шуақ, бір шетін сой.

Page 113: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 113 –

Қаптаған қалың қытай байқамасын,Жоқтығын арамызда хан Манастың».

Осылай батыр Алмаң:«Аттанғын!» деп,Тізілген əскерлерге бұйрық берді.

Қалың қол жер қозғап, теңселгендей,Əуеге қолын созып, бəрі бірдей:

«О, Тəңір! Жалғыз өзің жар болғай!» деп,Тəңірден бата сұрап, жауға беттеп,

Ақырған арыстандай жерді жарып,Атылған айдаһардай сұсын салып,

Қаптаған қалың қытай, көп манжуды,Қашырып қол басшысы Айжаңжунды,

Хан Алмаң қырғын салып ойып-жарып,Қылыштап, көп қытайды сойып қарнын,

Түмен жау есебі жоқ быжылдан,Жиналып, сансыз қытай құжылдаған.

Тасыған сүттей болып асып-тасып,Бірі өлсе, екіншісі орнын басып,

Күркіреп топан судай ырық бермей,Қытайлар қаптап келет аққан селдей.

Айбаты, айғайымен мысын басып,Алманбет орта тұсын ұрып-шаншып,

Ер Сырғақ жатты жаншып сол қанатын,Қабылан Шуақ ойсыратып оң қанатын.

Page 114: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 114 –

Қол бастап, Əжібай хан, Көкше шері,Қапталдан қырғын салды Жаңбыршы ері.

Тұспа-тұс түмен жауды быт-шыт етіп,Мұзбұршақтың найзасы қырш-қырш етіп.

Қырандар жаппай қырып қалың қолды,Қырғынды салып жатты оңды-солды.

Тойтарыс бере алмастан қалың қытай,Тарады қырғи тиген тараншыдай.

Майданнан бірде əскер шегінбестен,Қанша күн қарсыласып, кескілескен.

Өліктің үйілгені – таудай биік,Өзендер қанға толды сасып – іріп.

Даласы Итөлместің өлік толған,Қазасын тапқандарға мекен болған.

Аралас сұлап жатыр танылыспай,Айқасып өліктері қырғыз – қытай.

Шаршады жауынгерлер арып-азып,Шалдықты тұлпарларыəрең басып.

Қырғыздар қырылса да, білдірместен,Саны жоқ қытайларға сыр берместен,

шегініп, шеткі шепке барғаннан соң,Қайтадан айқаспақшы дем алған соң.

Шеткі шеп – «Сары-Дария» жиегіне,Шегінген қырғыз қолы келгенінде.

Page 115: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 115 –

О, ғажап! Көргеніне еш сенбестен,Əскерлер көз алмады шеткі шептен.

«Манастап» ұран салып айқай-шу қып,«Құдайлап» Жаратқанға құлдық ұрып,

«Құдайым бізге жəрдем берген бе?» деп,«шынымен Айкөліміз келген бе?» деп,

Қайғысы, қуанышы араласып,Барлығы ұмтылады шепке сасып.

Алманбет, сырттан Сырғақ, қыран Шуақ,Əжібай, Ер Жаңбыршы, хан Мұзбұршақ,

Айғайлап қол бастаған Көкше шері,Майданнан аман шығып келгендері,

Айкөлді төңіректеп ортаға алды,Алманбет құрбы досын құшақтады.

Көп қырғыз, құрамалы əскерлеріКөрісіп бірін-бірі тұрған жері.

Зер салып, бастан кешкен тауқыметке,Айкөл Шер мындай деді Алмамбетке:

«Тартпады тұз-нəсібі туған жердің,Таласқа кеткім келмей, кайта келдім.

Сендерді тастап қойып, қайтіп барам,Сендерсіз онда барып мен не табам?

Күніміз біткен болса – бірге өлеміз,Жазғанын Жаратқанның бір көреміз.

Page 116: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 116 –

Бағынтып бар Бежінді басып алсақ,Бақбұршын, Манжу, лама, қалың қалмақ,

Жер кеңіп, көп құрама жұртымызға,Ел болар дітін қойып, дінін бұрса.

Қайырылып осы шепке келгенімде, Мынадай аян келді пешін кезде:

«Сонау тұрған шоқыға, тас орайға,Көпшілік тасып барып суды құйса,

жуылар Чин-Ма-Чиндің қырық дуасы,ашылар Чи-Тай-Хунның дарбазасы

Чи-Лу-Сен сылаттырған жарығынан,Су шығар көкке қатты атқылаған.

Ырымдап аттанғанда жарың берген,Талды тік, қасиетті, ала келген.

Шыққан су талды қарай бетін бұрса,Тамырын жайған талға суын құйса,

еліңе жақсы нышан болады – бұл,ортайса, біраздан соң қайра толар.

Дəл шыңда тамыр жайған талға ұқсап,Қалдырып, артыңа із, атақ қостап,

Жалғасар ұрпақтарға ұшың сенің,Ұмытпас, ұлы жұртың, қырғыз елің».

Деген дауыс кенеттен болды осындай,Есітіліп, құздан шыққан жаңғырықтай.

Page 117: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 117 –

«Жол салып, талды тіктік дəл шоқыға,«Қара құз» аты өзгерді «Талшоқыға».

Су шықты тас орайдан бір құлақтай,Ол, бірақ, тіккен талға еш бұрылмай,

Шабылған тас арықтан қол жігіндей,Су тамды тал түбіне көзге ілінбей.

Су шығып, төмен ақты дəл орайдан,Үмітпен тұрған едік біз қарайлап.

Тамшылап, талға зорға бұрылғаны,Тағдырға тамшы жасты бұйырғаны.

Тамшы су талға берсе гүл-өмірді,Тамшы-қан, елге арнадық біз өмірді.

Сақталып, жер үстінде қырғыз қалса,Қаламыз ел ішінде сен де, мен де.

Қаптаған қалың жауды тік қашырып, Қуайық қаңғайларды бел асырып.

Кездеспей қалсақ егер бұл жалғанда,Құдырет қосар бізді таңмақшарда1.

____________________________________

1Таңмақшар - Ұлы Жаратқан Аллаһтың алдында сұрақ беретін сəт келгенде тау-тастың бəрі құмдай үгітіліп, жердің ибеті түп-түзу далаға айналады екен да, Адам ата мен Хауа ананың ұрпақтарының бəрі - өлгені де, тірісі де ақырғы сұраудан өту үшін тізілетінге ұқсайды. Сол дала Мақшар даласы деп аталады. Мақшар даласындағы атып келе жатқан таң Таңмақшар деп айтылады.

Page 118: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 118 –

Серттесіп, қыяметтік достасайық, осымен,арыстан Алмам, қоштасайық»

Алмамбет Айкөліне қол ұсынып,Айтқаны айдай жүзін қарап тұрып:

«Айкөлім, тілімді ал, осы жолы,Артықша сан жағынан жаудың қолы.

Шыбындай жаның қымбат аз еліңе,Шығып кет, Талшоқыға, тас шебіңе.

Сан қытай аса алмайтын қамал болып,Тұрсаң болды əскерге қаран болып.

Қақпадан қараныңды көрүп тұрсақ,Қайратың тас жаудырып, сел будырар.

Ер Шұты бірге өзіңмен шепте қалсын,Епті жан екі жақтан барлау салсын.

Айттырар сөзің болса, Шұты барсын,Майданның жағдайынан хабар алсын.

Айкөл Шер, қытайлардың əскерлері,Тоғайып, көңілі тынып тұрған кезі.

Өйткені, біздің қолдың арасында,Біледі жоқтығыңды қан майданда.

Бұрытты қайран Қалша тындырғаны,Шын екен деп ойланып, тұрған шағы.

Ал, демек, əскерінен біз тараптың,ешқандай хабары жоқ қытай жақтың.

Page 119: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 119 –

Мақсаты шаппақ бізді қоршап алып,Күтуде, азайсын деп, шаршасын деп.

Есепсіз көптігіне сеніп алып,Құр қыялға еліріп тұрғаны анық.

Жағдайдан пайдаланып біз сондықтан,Қытайға қол салайық, адын алып.

Жиғызбай ақыл-есін осы қазір,Жау жаққа аттанайық, қош бол, батыр!».

Алмамбет сөзін бітіп – Айкөл Шерді,Мойнынан иіскеп алып, атын мінді.

Манасқа жəрдем беріп, Шұты қалып,Майданнан тұрмақ болды хабар алып.

Қақпаны күзеткенге Қырғыл қалды,Қалған қол жапа-тармақ жауға аттанды.

Қол бастап Көкше батыр, хан Мұзбұршақ,Даусынан ұран салған тұнып құлақ.

Алдаспан қылыштарын тынбай ұрып,Сұлатып тұс келгенін қойдай қырып.

Алдында сан мың қолдың Алманбет шер,Айғайлап сырттан Сырғақ, Жаңбыршы ер.

Көтерген көк асаба Əжібай хан,Қырық сарбаз қырғын салып қырық жағынан.

Кесілген теректердей сұлап жатты,Қытай да, қырғыздар да құлап жатты.

Page 120: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 120 –

Үйілген өліктерге толып дала, Үстінде үймелектеп құзғын қарға.

Ерендер аяқ серпіп, кыя алмай жан,Еліріп жүрет аттар иесіз қалған.

Бозарып бар айнала ұшқан шаңнан,Білінбей күн бе, түн бе – жоқтай аспан.

Қырандар қырғын салып оңды-солды,Қан ағып өзен толып, дария болды.

Шегініп, артқа қашып, тым-тырақай,Тоз-тоз боп ыдырады қалың қытай.

Қашқанда жер қозғалып дірілдеді,Ителгі ілген құстай біріндеді.

Қырғызға тұра алмастан қалың қытай,Қайдасың, Түп Бежін деп артқа зытты-ай.

Зəресі Қоңырбайдың шындап кетіп,Артынан қашқан қолдың қуып жетіп,

тосқызып Түп Бежінге кетер жолды,Тоқтатып ыдыраған түмен қолды,

қырық ханның ұлы ханы – Қара ханға,Хабарлап майдан жəйін жазды хатқа:

«Ұлы хан, құрметтеймін өзіңізді,Ұғыңыз назар бұрып, сөзімізді

Қирады, талқандалды, сансыз қолым,Қисайып құйысқаным – қатал жолым.

Page 121: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 121 –

Тізілсе, берік қамал қирайтұғын,Түмен қол таусылуда болып шығын.

Ажырап қырандардан азған кезім,Ақырғы əрекеттің қамын жедім.

Келмесе бұрыттардан жеңілгіңіз,Мергенді қазыналық1 жіберіңіз.

Түс жорып, бұрыттарға сөйлей алған,Тұтатып өшкен отты үрлей алған.

Амалды бал тілімен торын жайған,Алдырдым Чин шешенді хандығымнан.

Жіберем хан Манасқа елші қылып,Жүгін дейм, жер құшақтап құлдық ұрып.

Жеті күн мұрсат алса, жетер деймін,Осы уақыт артымыздан күш келгенше.

Жазылса алапестен мергеніңіз,Айбатты, Ұлы ханым, жіберіңіз.

Атылсын оқжыландай қанды мерген,айырылды əкесінен – Жой-Ху шерден.

Бұрыттар жеті күнге берсе мұрсат,Бежіннен қосымша күш келіп тұрса.

жетісіп, жеті күнде келіп қалса,Жеңеміз бұрыттарды сөзсіз онда.___________________________________1Қазыналық - Көйқаптан оқып келген соң қазына есебінен бағылып, Ұлы хан үшін жанын аямай қызмет ететін жауынгер.Оны өте қиын сəттерде ғана тірі оқ қатары қолданған.

Page 122: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 122 –

жетісіп, жеті күнде келіп қалса,Жеңеміз бұрыттарды сөзсіз онда.

Бұл сөзді ұқпасаңыз – бұрыттардыңБіліңіз бəрімізді құрытарын».

Осындай хатты жазып «тез,тездет!» деп,Ұзатты хабаршысын Бежін беттеп.

Аттантып жіберді оны Ұлы ханға,Асырмақ болды ойын іске Қалша.

Манасты келтірмекші болып епке,Жөнелтті Чин шешенді қақпа шепке.

Колына ақ асаба байрақ алып,Тұғырға құс қондырып, тазы салып.

Жетекте жеті нарға зер жүктетіп, Жел жетпес жеті атты жетектетіп,

жалмауыз қаңқор Қалша салған тұзақ,Жетіп келді қақпаға жүрсе де ұзақ.

«Қытайдың елшілері келді» деген, Қырғыл шал Айкөл Шерге хабар берген.

Ер Шұты жауап алып келгенінше,Кіргізбей тұрды Қырғыл елшілерді.

Көргенде елшілерді Шұты беренКөзінен жамандықтан сезген бе екен?

Ертіп ап елшілерді келгенінде,Ескертті бөліп шығып, Айкөліне:

Page 123: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 123 –

«Теңдессіз айкөлдігің, Манас Шерім,Түрлерін жақтырмадым келгендердің.

Жыланның басы тұрат сөздерінде, Жымысқы, үмүттайым көздері де.

Ішіндегі жасырын ойын оқып,Қабылан , Айкөл Шерім, тұрмын шошып.

Сеземін, сауысқандай шақылдаған,сескеніп тұрмын Чинден тақылдаған.

Тамызып тілінен бал – уын шашып,Əдейі келген жоқ па, орын қазып?

Жамандық жасамасын, байқа, күтін,Жаратқан шығарттырсын тура бітім».

Сезгенін жүрегінің тереңінен, Түсіндірді Шұты Айкөл береніне.

А, бірақ, өз бітімін тағдыр бұйырып,Айкөлге қойған екен жасап бұйрық...

Алдына əбзелденген жүйрік тартып, Артыныпкелген күміс-зерін шашып,

бас иіп, жер құшақтап, құлдық ұрып,Чин шешен тіл безеді жүзін бұрып:

«Хан Манас, тілек тілеп тұрамыз біз,Өтініш сөзімізді ұғарсыз сіз.

Қырам деп қаһарлансаң – елім, міне,Қыран Шер, ұғам десең – сөзім міне!

Page 124: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 124 –

Ұрысты қырғын салған тоқтатайық,Ұлығым, бауырласып, достасайық!

Неше бір жолбарыс жүрек – жол бастаған,Есепсіз ерлер өлді қол бастаған.

Келдім мен қарапайым қалың елден,Қырылып жоқ болмайық, болмас жерден.

Қаласаң қалың қытай – елі тарту,Қақаншын, Үлкен Бежін жері тарту.

Жетісті болар хабар беру елге,Жеті күн мұрсат берсең, əскерлерге.

Сұранып, айтсын деген сөзін елдіңСөзбе-сөз жеткіземін, Манас Шерім:

«Манасты хан көтеріп – Шоң Бежінге,Барамыз беріміз тең қостап бірге.

Басына алтын тəжі кигіземіз,Батырды алтын таққа мінгіземіз.

Бірігіп қырғыз-қытай ел болайық,Бір судың бойын бойлап бір қонайық.

Екі ел араласып кетсек бірге,Еш қашан кіре алмайды дұшпен бізге».

Міне осы тілегені қалың елдіңМанас Шер,мақұл көрсең, мұрсатың бер».

Құрметтеп тұрған жандай шын пейлінен,Сөйтеді тілін безеп, сұм Чин шешен.

Page 125: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 125 –

Балқытып сөзі менен сезімдерді,Тілінен бал тамызып – уын берді.

Шүпілдеп жылы сөзге маңдай тері,Айкөл Шер жеті күнге мұрсат берді.

Əскерлер бітті ғой деп енді сойқан,Қорғанда ойын құрып, жатты бейқам.

Page 126: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 126 –

АЛМАМБЕТТІҢ АҚЫРҒЫ ӨТІНІШІ

Барлауды жауға талай салып жүрген,Бежінге шекараға барып жүрген.

Айбатты арыстан Алмаң хабар ұғып,Асықты қорған жаққа атын бұрып.

Қорғанға ашуланып кіріп келіп,Қапалы Айкөліне сəлем беріп.

Ашуы, ренішімен – араласып,Алманбет сөз сөйледі қаһарланып:

«Оқталған айдаһарға, Айкөл Шерім,Ойланбай тұрып неге мұрсат бердің?

Жиналып қалың қытай енді мүлде,Жияды бас-аяғын жеті күнде.

Теңсінбей түмендеген қытай қолын, Тəңірге тəкаппарлық қылып қойдың.

Терең ор бəрімізге білмей қаздың,Теңізім ақылыңнан неге адастың?

Page 127: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 127 –

Көбіміз көре алмаспыз енді елді,Аяулы, көзге қымбат туған жерді. Қазаны айдалада таппақ болдық,Жастанып жат топырақ жатпақ болдық.

Байқаусыз қайнатыпсың қалың сорды,Қайран қол қырғын болар толмай орны.

А, бəлкім, Жаратқанның жазуы бұл?Айкөлім, аманатқа көңіліңді бұр.

Айналып аман көрсең туған жерді, Құрдасың, алған жарым Арукені,

Айкөлім, айтатұғын бір сөзім бар,Аманат айтам саған, бұрсаң назар.

Анттасып, достасқаннан бері қарай, Болғаны бір ғана сыр жүрдім айтпай.

Сөз беріп қойғандықтан Арукеге,Сөзімді бұзбаймын деп сақтап ішке.

Көңіліңе пікір алмай тура түсін,Кез келді айтатұғын міне бүгін.

Бежінге аттануга жақын қалған,Бір нəрсені ұмытып, үйге барғам.

Кірпігі суға батып Арукенің,Көңілсіз тұрғанына назар бөлдім.

«Қабағың неге бүркеу, Арукежан,Қиналып тұрғандайсың, өңің жаман?»

Page 128: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 128 –

Үйіріле түсіп сұрау бергенімде,Үміттің шамын жағып бүйткен еді:

«Күмəнім бар ма, жоқ па, дəл білмеймін,Жүрегін қабыланның жесем деймін.

Уақытың таяу калып тұрған кезде,Үндемеей қойсам дағы болар еді.

Ал бірақ, мен аңсаған жерік асты,Кім атып алып келер, жолбарысты?

Тоғайға бүгін түні барсаң егер,Тəңірден тілегенім өзі келер.

Жолың болып ата алсаң, қабылан шер,Жылыдай суырып келіп жүрегін бер.

Тағы бір өтінішім – жан кісіге,Аяғым ауырлығын айта көрме!»

Таластың тоғайына түнде барып,Аңдумен қабылан шерді атып алып.

Жүрегін суырып алып Арукеге,Жылыдай алып келіп берген едім.

Аз өтпей содан кейін қам бітті деп,Аттанып шықтық жолға Бежін беттеп.

«Айтпа» деп өтінгенін не себептен,Əлі күн басым қатып білмей келем.

Бірақ та уəдемнен айтпайм деген,Бұл күнге дейін еш бір таймай келгем.

Page 129: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 129 –

Ал бүгін мезгіл келді сөзден таяр,Ол түгіл «аманат» деп өсиет айтар.

Айкөлім, атажұртқа барсаң аман,Айтып қой Арукеге менен сəлем.

Арманды Алманбеттің керезі де,Арттағы ұрпақ малымның иесі де.

Қуаныш-қайғымды да бөлісіп тең,Қытайдан қашқанымда бірге кеткен.

Бірге өскен ойнап-қунап бала күннен,Аруке, бас байласын Мəжит пенен.

Босанса аман-есен алған жарым,Атымды ататтырар тамшы қаным.

Қыз болса, қырық жылқымен, тойды берсін,Алманбет тұқым қалмай өтті десін.

Ол аман бой жеткенде теңін табар,Артымда тұқым емес, тұяқ қалар.

Еркек туса, жылқыдан тоқсанды сой,Ер Манас, атын оның Күлшора қой.

Ол менен асып түскен берен болар,Ақыл-ес, пейіл-көңілі терең болар.

Тұтанса өшпейтұғын өртке айланар,Тұтым қол ол бастаса көпке айланар.

Қызарып қызыл шоқтай жанып тұрар,Қастасқан қас дұшпанын шауып тынар.

Page 130: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 130 –

Берік болар уəдеге, берген антқа,Бейнебей1 пейілін салмас іші жатқа.

Дұшпанға атылған оқ, туғанға бел,Өзгеше қымбат болар ол үшін ел.

Соңғы рет сыр шертейік бұл жалғанда,Сен үшін пейілім түзу, ішім таза.

Кетірсем өрескелдік, дөрекілік,Қан досым, кешіріп қой, бұл – кемшілік.

Жаңадан басып кіріп, Шет-Бежінге, Өзіңді Хан көтеріп жеңген кезде.

Барғанмын кіндік қаным тамған жерге,Бейкүнə балалығым түсіп еске.

Қорғанды кұлап қалған көргенімде,Ащы арман симай тұрды көкірегімде.

Кіргенде дарбазалы шоң қорғанға,Көрінді балалығым, оо осында.

Тиылмай аққан жасым көзімдегі,Күйік пе, қуаныш па - сезімдегі.

Асылым, анашымның аты – Алтынай,Ақырғы өсиеті ұғылды жəй.

«Құлыным, көңіліңді бұр, сөзді тыңда,Күн келер өзің қайтып келер мұнда._____________1Бейнебей - байқамай.

Page 131: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 131 –

Сол кезде Қабылан Шер қостап келер,Орданың қирандысын бірге көрер.

Қайдағы Шерді айтып жатыр деме, Қарағым, тоқтамағай бұл жат жерде.

Ол Шерге жолығасың алыс жерден,Арманды əкем менің осы елден...

Мұң-зары жарып шыққан жүрегінен,Қор болған бір уыс ел тілегінен.

Осы жұрт болмасын деп тұқым құрт,Төбеден Тəңір елге назар бұрып,

Мұңданып, зарлап тілеп бала күткен,анаға – перзент берді Нұрдан біткен.

Ер жетіп осы бала есен-аман,Шер болды, жұртын сақтап, ел құраған.

Нағашы атаң Сорындық та осы елден,Айрылған ата-ана, туған жерден,

Амалсыз жау қолына қолға түскен,Ажырап атажұрттан болған міскін.

Баласыз байғұс ханға пейілі кең,Бір сарбазды сауға қылып берген екен.

Соорунға1 алдық десіп шапқан жаудан,Атамның Соорундық деп атын қойған.________________1Соорун -сауға.

Page 132: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 132 –

Сені де тілек тілеп əкем күткен,Сен менің жалғызымсың, Нұрдан біткен.

Арманды əкешімнің қаны менде,Ал енді қасық қаным, менің сенде.

Құлыным, нағашыңның ел-жеріненТабасың Айкөл Шерді құт төгілген.

Ел болып нағашыңның елі менен,Егіздей бірге еріп жүр Шерің менен.

Ту болып Айкөл Шерге – өзі келген,Егізі бол, əрқашан – Тəңір берген.

Жалғызым, жаратқанның бұйрығы бұл,Жамандар бірін бірі атасар «құл».

Жалғасын ұлы жұрттыңжалғау үшін,Осылай туылғаныңды тура түсін!

Қарашығым, сен жолық осы Шерге,Қайырылып бір келіп кет, осы жерге.

Өткеннен өш алғалы келесіңдер, Өртенген бұл қорғанды көресіңдер.

Түбіне кіндік қаның тамған шынар,Ту тіксең, жауды жеңіп, гүлдеп тұрар.

Егерде бүрі түсіп, қурап қалса,Не шіріп, ту шынарың құлап жатса,

жалғызым, түбін қара, түсе қалып,жас шырпық бүрлеп тұрса өзек жарып,

Page 133: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 133 –

тұқымың үзілместен жалғасады,жолың болып, істерің алға асады.

Ал енді ту шынарың жатса құлап,ол өзің...Асыл басың жатар сұлап.

Мертігіп берендердің белі сынар,Күштілерің қырылып, бəрі тынар».

Болған соң бұл дауысқа салып құлақ,Жатқанын шынарымның көрдім құлап.

Басылып қалды шықпай сыбыр бір сəт,Жанымда тұрған екен қарап Сырғақ.

Бағыштап асылдардың аруағына,Бата оқып, қолды жайып, қылдық дұға.

Үн қатпай содан кейін көпке тұрдым,Үрпиіп, Сараланы артқа бұрдым.

Жан досым, апам берген сол аянның, Жазуын – көрмек болдық біз аяғын.

Қарашы, қаптап тұрған сан мың қолды,Қазыпты бəрімізге шықпас орды.

Түмен қол көтеріліп, қаптап келер,Көзге атқан мергені бар – бірден терер.

Манжулар1 «қазыналық» деп атасқан,Мергеннің жəйін саған баяндасам:_____________________________________

1Манжу - қытайлықтардың бір атауы.

Page 134: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 134 –

Өткергем жастық шақты онымен мен,Бірге оқып үйренгенбіз сырды терең.

Есігі алты айда бір ашылатын,аян-сыр түпкіріне жасыратын,

ол үңгір асуында Суық Төрдің,ғажайып, ортасында тұзды көлдің. Қорғаны сыйқырлықтың Суық Төрде,Күзеткен айдаһар бар тұзды көлде.

Ол жерге кімдер ғана барыспаған,Жем болып айдаһарға қалыспаған.

«Бішікке» аты түскен бала ғана,Мүмкіндік алушы еді оқығанға.

Əлемнің сыры жатқан ғажап кітап, Кешіл1, лама2 қастерлер «Бішік3» атап.

Біз оны қысқарттырып «Бішік» дейміз,Қытайлар «Ба-Гуа4, Чжоу-И5, И-цзин6» дейді.

Жаралу мен жоғалу, өмір - өлім –Түсіндірер сол кітап мəні-жөнін.1Кешіл - дінді берік ұстаған адамдар.2лама - қытайлықтардың діні.3Бішік - Қасиетті кітаптың аталуы. Бішік кітабының ақ парақтарына өте ұлы тұлғалардың аттары өзінен өзі жа-зылып қалатын жəне ол жазуды тек абыздар ғана оқи ала-тын.4Ба-Гуа, 5Чжоу-И, 6И-цзин - өзгерістер кітабының атта-ры. Бұл кітаптың жəрдемімен жеке адамдағы, қоғамдағы, табиғаттағы өзгерулер қысқа жəне ұзақ мерзімде қандай боларын алдын ала білуге болады.

Page 135: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 135 –

Өмірге келер кезде өзгеше жан, «Бішікке» аты түсер күні бұрын.

Туылса кешілдерден басқа жерде,Мақсат қояр табуға іздеп демде.

Өлтіріп не болмаса ұрлап келер,Арнайы ғажайыпты білім берер.

Жаттығып, өнер біліп, шебер болар,Есімсіз «қазыналық» атқа қонар.

Өнерін əбден шыңдап ол шебердің,Күтеді пайдаланар күн келерін.

Келе жатқан «қазыналық» мерген деген,Оқыған Суык Төрде мені менен

Оған мен шындығында келмеймін тең,Алты ай білім ол алған артық менен.Жерде зулап жүруді жақсы білем,Ол ұшудың өнерін білер терең.

Лайықтап жер шартына киім киер,Атқаны жаза кетпей дəп-дəл тиер.

Жайғасқан екі көздің ұясындаЦуан Чжу1 деген нүкте болар адамдарда.

Оқ түгіл тие қалса қолдың ұшы,Мүрт кетер сол нүктеден əрбір кісі._______________1Цуан Чжу - көздің жанындағы нəзік жер.

Page 136: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 136 –

Жебемен не басқа оқпен мерген Си байАтқанда дəл нүктеге тиген талай.

Сондықтан Си бай деген аты айтылмай,Цуан Чжу деп атайды бəрі сыйлай.

Аударсаң оның атын біздің тілге –«Құралайды көзге атқан» мергені де.

Шаужайын мергенінің анық айтсам,Шалдыққан алапеске – тайып анттан.

Қоспастан жалғыз өзін бір де жанға,Елі жоқ ешкім бармас аралшада.

Алдыртып кіл тəуіпті əр қай жақтан,Алты жыл ол мергенді емдеп-баққан.

Сол мерген енді мұнда келе жатыр,Шерлердің бəрін теріп, бірлеп атар.

Сол болар маған көрді қазатұғын,Кегі бар оның менен алатұғын.

Шайқасуда бойында Тура Судың,Əкесі Жой-Ху шерді опат қылдым.

Айкөлім, сұранарым, ең ақырғы,Ант берші атқарам деп айтқанымды.

Жарақатың күшейер мұндан əрі,Жағардай қалған да жоқ оған дəрі.

Тіл алшы, серттесейік, Айкөл Шерім,Болсайшы айтқаныма мақұл менің.

Page 137: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 137 –

Түспе сен, Талшоқыдай берік шептен,Бұйрықты беріп тұрсай осы шеттен.

Бəріміз ешкім қалмай қырылсақ та,Бірақ сен тірі қайтсай Атажұртқа.

Өйткені, Қыдырлы Шер, есен жетсең,Жалғасып халқың қалар Қырғыз деген!

Егерде тілімді алмай жауға түссең,Күн келер қас дұшпандар аңсап күткен.

Қырғыздың аты өшіп жер бетінен,Жоқ болар құрама жұрт өзің менен.

Казамды табам жаудан, қайтпайм артқа,Жан досым, жолығармыз таңмақшарда.Қалмасын дене-досым жау мына,Қорлайды, масқаралар мауқы қана.

Белімді берік ұстап, бүктеп алып,Алып кет Саралаға жүктеп алып.

Орным бар Чеч Төбенің1 мазарында,Көмерсің дене-дос сүйегімді өз орнына.

Карашы, қаптап дұшпан келіп калды,Қан досым, бет алайын қан майданды».

Хан Манас қалың қолға жүзін бұрды,Қайырылып, Алманбетке жылап тұрды:_____________Чеч Төбе - Алманбеттің дене-досы қойылған төбе, Қырғызстанның Нарын облысының Атбасы ауданын-да.

Page 138: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 138 –

«Сыйлығы – Тəңірімнің берген маған,Қайғыға салма мені, бері қара,

өткенде Тал Шоқыда аян алғам,Өзіңе бəрін тегіс баян қылғам.

Апаңның айтқандары құйылысып,Екеуі бір біріне тура келіп,

Екі аян - бізге белгі бірдей берген,Жаратқан атқар деген бұйрық екен!

Бəрібір болар нерсе болмақ енді,Болдырмай қандай пенде қоймақ еді?

Айбатты Арыстаным, кір сақтамай, Аттан сен қан майданға көңілің жəй.

Жан досым, жолығамыз қанжығада1.Серт еттім! Екі дүниеде таймайм анттан.

ай жүзін аққан жасы жуып тұрды,Алқымын ащы арман буып тұрды.

Айқасып бірін-бірі құшақтасты, Иіскесіп бірін-бірі мауқын басты.

Айкөлдің ойы кетіп əлдеқайда,Аттантты Алманбеттін қан майданға.

Өткен күн сағым болды көз алдында,Өзегі құйқаланып өрт-жалынға..._____________1Қанжыға - Таңмақшардың баламасы.

Page 139: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 139 –

***Қаптаған қалың жауды қарсы алып,Тойтарып, «Хан Манастап» ұран салып,

қабылан қайран Алмаң кетті екпіндеп,Соңынан қайғылы Айкөл тұрды еңкілдеп:

«Қайтадан бұл жалғанда көріспейміз,Қайғы-мұң, қуанышты бөліспейміз...».

Көзінен жас бұршақтап төмен құйып,Кеудеде ащы арман тұрды ұйып.

Сыңары – тарту қылған Көке Тəңір,Босанған екі жерде аналар – бір1.

Тілегін зарлы ананың Тəңір берген,Ұрпақты жалғамаққа – екеу келген.

Туылған Манас – ханның ордасында,Алманбет – хас дұшпанның ортасында.

Біреуін – зарлы ана тілеп алған,Біреуін – Нұрперісі тарту қылған.

Мақсаты екеуінің мынау еді,Бастарын шашылғанның жинау еді,

Екеуі де Жаратқаннан аян алған,Ежелгі өткендері баяндалған.________________________________

1Босанған екі жерде аналар – бір – бір мезгілде деген мағынада., Шындығында Айкөл Манас пен Алманбет бір жылда, бір айда, бір күнде, бірақ екі басқа жерде дүниеге келген.

Page 140: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 140 –

Бір ана – күйеуінің атын алған1,Бір ана – дұшпанына тіке барған2.

Хан Манас ойға батып қорғанында,Көз жіберіп өткенге тұрғанында.

Елесі өткен шақтың қандай тəтті,Еске алды Алманбетті көрген сəтті..

Құпия терең сыры иште жатқан,Есітілер құлағына сыңары айтқан.

...О бұрын кездесерден бір неше ай, Көрген түс көз алдына тартылғандай.

Көк майса биік белде тұрған екен,Көрінді өрен іші соншама кең.

Қосшылар қасында жоқ, қайда мерген,Қайда сарбаз, салбуырынға бірге келген?

Тұр екен өзі жалғыз биік жонда,Көрінбейді бір адам оңда – солда.

Ту жонның самал желі жүз сылаған,Түрленіп, тау гүлдері мың құлпырған._

_____________1Күйеуінің атын алған - Батмазуура (Манастың ана-сы) алғашқы күйеуі Шыйырлы қаза болғаннан кейін оның інісі Жақыпқа тиген. Батыр Шыйырлының құрметіне оның аты Батмазуураға берілген.2Дұшпанына тіке барған - Алманбеттің анасы Алты-най Азиз ханға тиерден бұрын Ұлы ханның алдына барып, қатал сынақтан өткендігі жəне өзінің шартта-рын қойғандығы жөнінде айтылуда.

Page 141: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 141 –

Шіркін-ай! Табиғаттың сұлулығы,Арбалып, қанбайтындай көздің сұғы.

Бір кезде сыңғырлаған дауыс салып,Бауы үзік бір қыран құс келді айналып.

Айкөлдің оң иығына келіп қонды,Сынына – сипатына көңілі толды.

Тегеурінде қоңыраулы алтын шынжыр,Талпынса дауыс шығар сыңғыр-сыңгыр.

Кісідей көзқарасы өткір, тұнық,Тұрғандай өзі менен сұхбат құрып

Арманды мұңға батқан көңіл құсын,Ашардай жүрек сырын қазір осы,

езіліп жан дүниесі, жүрек сыздап,Көзде – жас, оң иығында құсты сылап,

құс емес – ұяластай, туысындай,Хан Манас сұрау берді құсқа былай:

«Жан досым, қайдан келдің, қайтіп маған,Тұс болдың қай себептен, айдаладан?

Не үшін бауыңды үзіп, торды жырттың,Неге сен өз жеріңнен қашып шықтың?

Саңқылдайды құс дауысы ауа жарып,Сыңғырлап қоңыраулы дауыс салып,

атылып көкті қарай шықты ұшыпҚұрсағын көк аспанның қайқып сызып,

Page 142: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 142 –

Үн салып бұл жиекте саңқылдаса,Ар жақта екпінінен жар құласа,

Түйіліп жұдырықтай қашырып тік,Таулардан аң аулайды – арқар, киік.

Адырлы құз-жартасты асып, шалыпАрыстан, көкжал жолбарыс, қабан алып.

Алғанын іліп келіп, жиып салды,Алдына хан Манастың үйіп салды.

«Қиқулап» үнін салса саңқылдаған,Жартастан арқар, құлжа аң құлаған.

Тоғайлы тау етектен арыстан, жолбарыс,торыған қырғи құс да аман қалмас.

Олар да үйір-үйір тобы менен,Қашқанда араласып бəрі кеткен.

Алғанын құшақтап кеп, жиып салды,Алдында хан Манастың үйіп салды.

Əлгі жерде жазыққа құрып майдан,Қосыны пайда болды қайдан – жайдан.

Алғырға «пө-пөлесіп» көкте ұшқан,Бөріктерін лақтырған көп бастарынан.

Қонарын не қонбасын ешкім білмей,«Қыйқулап» қол созуда бəрі бірдей.

Бір ғана хан Бақайдың жолы болды,Қыран құс қолына оның келіп қонды.

Page 143: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 143 –

Жуасытып, сипалап, көңілін жайлап,Аяғына күміс бауды мықтап байлап,

Алдына хан Манастың алып келді,«Тəңірдің тартуы» деп құсты берді.

Жүрегі бір жақсылық тосып көптен,Мауқымы қанып-қанбай шошып кеткен.

Орнынан қарбаластап атып тұрған,Шақырып сарбаздарын жиын құрған.

«Жиылсын Жиын Дөңге» барлық елім,Хан Бақай өзі бастап алып келсін.

Түс көрдім, сол түсімді жорып берсін,Түсіме түлеу берем, асын жесін.

Кəрісі-жасы демей бəрі келіп,Кетіссін ақ пейілден бата беріп!»

Айкөл Шер, топталысқан «Жиын Дөңге»Аралас жас-кəрісі қалың елге,

шаштырып сақтағанын Қаныкейдің,қарқ қылды алтын-зерге қалың елін.

Таңдағы түсін айтып бітіп, одан,Тігіліп, қарады елге естіп тұрған.

Күтпестен «мен жоримын» десе бірі,Күрсініп алып, өзі жорып кірді:

«О, жұртым, бұл түсімді баяндаған,Дереу жорып қойғанмын оянғанда.

Page 144: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 144 –

«Түс оңалса, іс оңалар» дегендейін,Бабалар айтқан емес бекер деймін.

Түсім –оң, ісім де – оң болар, демек,Сезімге сенейінші келтірмей шек.

Алыстан ат арытып, асу асып,Айбатты Арыстан Шер келет қашып.

Сол батыр, Тəңір берген сыңар болар,Құт түсіп, маңдайыма ырыс қонар.

Қастасқан қас дұшпаным тыйпыл болар,Қазынам алтын-зерге əбден толар.

Батыстан шығысқа жаққа құлаш керем,Бағынтып дұшпанымның бəрін жеңем.

Тұғырыма келіп қонса, осы қыран,Туыстар, сұранарым барлығыңнан,

ол Шерді «қаңғып келген құл» деместен,Ашыңдар ,əзиз жұртым, құлашты кең.

Армандамын, əттеген, ішім күпті-ей,Ояндым сол түсімнен бітіп-бітпей.

Түсіме тұс болайын, қонсын құсым,Əумиін! Ақ батаңды берші, жұртым!»

Page 145: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 145 –

* * *Содан соң түсі болып өзіне тұс,Тұғырына келіп қонған Алмамбет – құс.

Page 146: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 146 –

* * *Естілді құлағына бесік жыры,Оған қоса – сыңарының ашқан сыры.

Апасы ұйықтатарда жырлар еді,Айкөлі бесігінде тыңдар еді,.

Анасының мұңды үні арман айтқан,Сезімде намыс отын тұтандырған.

Ерлігі қанмен бірге бір жаралған,Оянатын анасының арманынан:

«Құлыным, ар-намысқа тырысып бақ,Түсініп сөздің мəнін, қыртысын тап.

Көш баста, көрегеш бол, бейқам болма,Бабаңның көші жүрген қыян жолда.

Ұрпағысың қырық ру елдің қырғын тапқан,Қас дұшпан жерін тартып, елін шапқан.

Қыруар қырық рулы Ұлы халықтан,Қалғаны – бір уыс елің азап тартқан.

Өткен өш, кеткен кекті қуған шер бол!Өлімге тік қараған намысты ер бол!

Page 147: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 147 –

Жинап ал шашылғанын ер жеткенде,Жалғастыр үзілгенін – бел бол елге!..»

...Алыстап апасының арман жыры, Тартылды көз алдына көңіл сыры.

Page 148: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 148 –

* * *

Келмеді кешең тартып түсі көрген,Бірақ та келерінен түңілмеген.

Айкөл Шер «келген бар ма шет жақтан» деп,Аймақтас көршілерден тексертер көп.

Осылай сұрастырып жүрген кезде,Естиді ұзын құлақ ел ішінен.

Елінде Айдарханның Көкшесінің, Екі ер бөтен жақтан жүріскенін.

Бірі оның Шер екені теңдесі жоқ,Таралды тұс тарапқа əңгіме боп.

Ұққанда Айкөл берен осы замат,ойланды күтіп алу қамын жасап,

жиғызып ақыл қосар кəрі-жасты,Қайырылып барлығына ойын айтты:

«Əулие Бақай аға, көңіл бұрсаң,Ойым бар ортаңызға сала тұрған.

Еліне Көкше ханның екі батыр,Қосақталып келді деп сөз тарқапты.

Page 149: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 149 –

Егер де бұл ұққан сөз шындық болса,Дұрыс қой деп ойлаймын күтіп алсақ.

Мақсатым – өздеріңді жинағанда,Құс салып, ит ағытып, шығып аңға.

Жолына батырлардың күтіп шығу,Жолықсам, нəсіп болса, дос қып алу.

Шын болса, келгендігі көңілі азып,Жақсылап күтіп алам құшақ жазып.

Ағатай, осы ойымды тура десең,болады жолға шығу қамын жесең».

Келуге ит ағытып, құсын салып,Қам көрді нөкерлерін қосып алып.

Ертіп ап қырық шорасын Манас батыр,Ерінбей дала кезіп, жортты адыр.

Тапсам деп көңіл құсын келер Шердің,Хан Манас жолын күтіп берендердің.

Тіктіріп жібек шатыр биік жонға,Дүрбі салып қарайды келер жолға.

Күткелі бір неше күн болып қалған,Келгенде жаңарып Ай толып қалған.

Бірақ та əдейілеп күткен Шерден,Əзірше хабар болмай дерек берген.

Түнеріп сана тартқан Айкөл Шерге, Кеңесін Бақай аға мындай деген:

Page 150: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 150 –

«Айкөл Шер, айтқанымды дұрыс көрсең,Қостағы қосыныңды үшке бөлсең.

Бір бөлік қостағыдан мұнда қалсын,Бір бөлік өзің менен бірге барсын.

Жаныма бір бөлікті мен алайын,Жатпастан Іле жақтан жол шалайын.

Ал өзің Сары-Арқаның жолын шалшы,Көк жоннан көз айырмай дүрбі салшы.

Ортанғы жолға түссе – қосқа келет,Күткендер дереу бізге хабар берет.

Айдархан ашкөзірек сараң адам,Көкше хан атасынан қалмас қадам.

Олжасын батырлардың байқауымда,Ортаға теңдеп бөлмей əке – бала.

Тартысып тапқандарын сойса керек,Өкпелетіп батырларды қойса керек.

Көңілін мұз қаптаған қайран берен,Кетті ме көңілі қалып сараң елден.

Бөгелмей Бұхараның жолын шалам,Бұйырып жолым болса іздеп табам.

Қай жерден жолықтырсам – кері тартам,Көңілін тауып Шердің, қостап қайтам.

Бұхарды беттеп Бақай тартты сапар,Жанында Сырғақ берен, он шора бар...

Page 151: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 151 –

* * *...Айкөл Шер Тал Шоқыда, шеп-қақпада...Аттантып, Алманбетін қан майданға,

ұшқыр ой ұмыттырып бүгінгіні, естілді Алманбеттің қоңыр үні:

Page 152: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 152 –

Айкөл Манас

Page 153: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 153 –

АЛМАНБЕТТІҢ ЕСКЕРУІ

«Сол күні ауыр тартып тұла бойым,Сан-саққа отырған-ды кетіп ойым.

Тоқтамай Сары Арқадан – келіп жолдан,Бұхараға Мəжитпен келіп қонғам.

Сəресте тысқа шығып, дəрет алып,«Зарымды ұқ, Тəңірім!»,- деп көкті қарап,

Көтеріліп кеудемнен қорлық-ыза,Булыққан көзден жасты төктім қанша.

«Табайын іздегенді, о, Тəңір»,- деп, Сыйындым басымды иіп, жасап тілек.

Оятып Мəжитімді ауқаттанып,Жиналып, келкенжаққа қайра аттандық.

Шығарда Бұхараның қақпасынан, Тоқтатты сəлем беріп, бір асыл жан

Page 154: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 154 –

Ол адам осы Бақай ағам екен,Артымнан Бұхараға іздеп келген.

Чүчтөдөй1 аппақ жүзді, қара сақал,Үстінде оң ернінің тарыдай қал.

Көздері көлдей толқып, мейірім шашқан,Көрегеш көсем екен жаннан асқан.

Белгісі ақылдылық – жазық маңдай,Бал тамған əр сөзінен – шырын таңдай.

Жарасқан көк сілеусін бөрік өзіне, Дəл келген шешендігі əр сөзіне.

Ағамда ақыл кені ұйып тұрды,Айттырмай айтарыңды біліп тұрды.

Жарасқан, ұзын бойға киім киіп,Жамылған түйе кементай2, жазық ыйық.

Қамдалған əр жабдығы бүткен бойда,Қандай күн тұс келер деп, күткен ойда.

Астында Көк Буданы арқар сынды,Белінде ақ болаты, қайыс қынды.

Сайма-сай кигені де, мінгені де,Өткенді – болашақты білгені де._______________________________________

1Чүчтө - сабын жасайтын шөп.2 Кементай - киімнің түрі, қазақ тіліндегі «кебін киген келеді...» деген мақалдағы кебін мен кементайдың түбі бір сияқты.

Page 155: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 155 –

Кəрісін құтты жұрттың іштей танып,Сəлемін əлік алдым көңіл салып.

Қолымды қыса ұстап жəй сөйледі,Кеудемнен орын алды – сөз жүйелі:

«Ат-көлігің аман ба, əзиз Шерім,Алдыңнан күтіп шықтық сендей ерді.

Біз сені өзім бастап іздеп келдік,Шын жүректен иіліп сəлем бердік.

Қалыппыз қарсы келіп, жол бұрыпсың,Көңілің қалғандай ғой, бұл тұрысың.

Батырым сөйлесейік, тоқтай тұршы,Жүйелі десең сөзім, көңіл бұршы.

Жолыңды күтіп жүрген Айкөл Манас,Жөн-жайын айтсам оның – жері Талас.

Елі оны зарлап жүріп тілеп алған,Иеміз бергені деп – көтерген хан.

Елі бар құрамалы, пейілі кең,Жері бар жұмақтайын жемісімен.

Теңі бар – ару адам, киелі жан –Қаныкей келініміз – ел сыйлаған.

Ақылы көк теңіздей шалқып жатқан,Алысты – жақын етіп өзге тартқан.

Жалғаған үзілгенді түйін қылмай,Үлкенді құрметтеп, білген сыйлай.

Page 156: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 156 –

Тең келмес шебер кісі – ұрғашыданБолдырып – болмағанды, жоқты – тапқан.

Тілектен біткен Шерге – Жаратқаным,Дөп қылып жаратыпты алған жарын.

Өзіңді – сыңарындай Айкөл Шердің,Берейін кепіл болып, сыйлар келін.

Көп сөйлеп, сөздің мəнін кетірмейін,Көңіл бұр өтінішке, Сырттан Шерім.

Жол қарап күткен сені хан Манасқа,Кездес, сен, жол тартайық, кең Таласқа».

* * *Ол кезде хан ордада – Таластағы,Айкөлдің аянға ие Қаныш жары,

Көтертіп Жайық дөңге аппақ өрге1

Көңілін табу үшін келген Шерге.

Қолын күстеп, көз майын тауысып-ай, Көркемдеп, ақ өргесін көз жауындай.

Қаныкей арнап тігіп, ақ көңілден,Əсемдеп тəптіштеді, қарап бірден.

Көркемдеп не бір түрлі ою салған,Ішіне ақ өргенің ши оралған.

________________________________

1Өрге - отау үй, салтанатты киіз үй.

Page 157: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 157 –

Көз жауын көрген жанның тартып алған,Қоқанның түс кілемін жерге салған.

Төрінде аю пөстек, көрпе төсек,Айлантып құс жастықты, қойған төсеп.

Ат жабдық, алдаспаны, қару-жарақ,Ілінген оң қатар-қатар оң жақ тарап.

Солына орнаттырып алтын бақан,Жабылған аппақ манат алтындатқан.

Ортада арыстанның алтын кебі1,Оңында қара құлақ қабылан шері.

Көкжалдын терісі тұр илетілген,Оған да сол қапталдан орын тиген.

Тұмсығы əр бір аңның түндік тіреп.Пұшпағы керегенің түбіне кеп.

Тіреген шаңырақты алтын бақан,Күн нұры шағылысып шұғыла шашқан.

Бақанға асыл тас көп көмкерілген,Əсемдеп, мың құбылып, түрлендірген

Жарығы шағылысып бөлек-бөлек,Тұрғандай өрге ішін нұрға бөлеп.

Төрдегі алтыншашақ, қалы кілем,Төгілтіп түрлі жарық – нұрдан тиген.__________________________________

1Кебі - терісі деген мағынада.

Page 158: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 158 –

Жалтылдап жақұт тастай құндыз басқан,Жиегі кесте киіз тұсқа тартқан.

Келбеті – гүлді дала дестеленген,Тауысып көздің нұрын, кестелеген.

Білінер жаралғаны шебер қолдан – теңдессіз ұрғашының бірі болған.

Керілген арыстанның дəл алдынан,Орнатқан ханның тағын кіл алтыннан.

Көмкертіп, босағасын гауһар тастан,Оқталған айдаһардың өңін салған.

Үстіне ою ойып таңдайласқан, Тоқылған хас жібектен кілем жапқан.

Көп күткен құрдасқа ұят болмайын деп,Орынсыз бір де бұйым қоймайын деп,

қонақ қамын əзірлеп өзі Қаныш,Ұқсам деп Шер ауызынан тек ғана алғыс.

Бітіріп даярлығын ойдағыдай, Өргесін сын көзімен қарады жəй.

Ақ өрмек өзі тоқып, көз тауысқан,Шашағы көк жібектен, меруерт қосқан.

Алдырып нөкерінен өзі алдырып,Жұп-жұмсақ таққа барар жол салдырып.

Ақ өрге көркі тағы арта түскен,Аппақ жол бұлтқа ұқсады көкте жүзген.

Page 159: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 159 –

Өрге іші тең екіге бөлінгендей, Қапталы кереметтей көрінгендей.

Ортада аппақ жолға шұғыла түскен,Осында Қаныкейің қонақ күткен.

Түсіндей аппақ жолдың – пейілі кең,Қаныкей Шерді күтті – пейілімен.

Жайғызып қос тарапқа – дастарханды,Жайнатып небір түрлі тəтті дəмді.

Толтырып майға піскен бауырсағын,Құйдырып кеселерге шербет-балын.

Алдырған Мысыр, Басыра, Бағдадынан,Жер-жеміс, пейіш дəмін исі аңқыған.

Жайылған дастарханның ажары артыпКөргенге көз құмартып, тəбет тартып.

Өрге ішін тағы қарап, құнттап, шолып, Қаныкей сыртқа шықты көңілі толып. * * *

«Айкөлдің іздеткенін таптық» деген,Ағасы хан Бақайдан хабар келген.

Жер жайын жақсы білген Шұты құлын,Жіберген Айкөл Шерге үш күн бұрын.

«Келді деп Бақай ханның шабарманы»,Айкөлге сүйіншілеп хабарланды.

Page 160: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 160 –

Болжалы келер күннің болып қалды,Кеше кеш келіп түскен қосын алды.

Ертерек Хан Төресі келіп түссе,Қонақтың қамын көріп үйден күтсе.

Сол кезде көңілдері болады жəй, Ақ пейіл, іштерінде кір сақталмай.

Ал егер қонақ келіп бұрын түссе,Үй иесін қонағымыз келіп күтсе,

Жүрегі жаралы Шер сағы сынар,Ұнатпай күтті деген бітім қылар.

Жаратқан өзі қосқан егіз болса,Бірі көл – бірі шалқар теңіз болса.

Ендеше, Айкөл Төрем бұрын келер,Аңсаған қонағының қамын көрер.

Келерін екі Шердің төлге1 қылып,Қаныкей жол қарайды дөңге шығып.

Өткізіп көз алдынан дайындаған,Киітін, сақтағанын, ас-тамағын.

Санасы сан бөлініп, көңілі тынбай,Сан-мың ой сапырылып əбіржіді-ай:

«Шерлердің таба алсам көңілдерін,Болам деп ұзартқандай өмірлерін.

_________________________

1Төлге - пал ашып білу.

Page 161: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 161 –

Жаратқан, өзің берген бар жөрөлгөм1

Болашақ – болар істі бұрын көрем.

Арманды аяныңнан азап шегем,Айтпастан жан кісіге күйем іштен.

Білемін, еш араша бола алмаймын,Бірақ мен мұңға батпай қоя алмаймын.

Сезгенде қуанышты аян – белгі, Ойладым, одан да артық етсе дедім.

Осылай əзірленем бар дітімнен,О, Тəңір! Кешір мені, пендемін мен!

Баянды болсын дəйім аяндарың,Сұранам, көрсетпей тұр аяқ жағын!».

____________1Жөрөлгө - жақсы нышан.

Page 162: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 162 –

* * *Биіктен дүрбі салып, қан майданға,Кімісі қандай халде, қай далада?

Көз тастап, Талшоқыдан төмен қарай,Хан Манас еске алады өткен жайды...

Page 163: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 163 –

ШЕЖІРЕГЕ САЯХАТБаяғы Алмамбетті тосқан күні,Бір рет кірпік ілмей осы түні.

Былай деп – жүрек сырын, арман-шерін,Ақтарған Бақай бастан өткендерін:

«...Қаперсіз тыныш жатқан қалың елдің,Пейіштей гүлдеп тұрған асыл жердің.

қаптаған жау қолынан шабылғанын,қара жер қызыл қанға малынғанын,

қол салып қапысынан қалың дұшпан,қалдырмай елді шауып əрбір тұстан.

Осы ел – бір бұтағы сол бір елдің,Осы жер – бір уысы туған жердің.

Аяусыз қырылған соң кəрі-жасы,Кетіпті тұс тарапқа шашырасып.

Аққан қан судай қаптап далаларын, Айланды қыйрандыға қалаларым.

Page 164: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 164 –

Өрендер, гүл аңқыған өзенді сай,Өртеніп адыр-тауы, қалың тоғай.

Өлікке, өртендіге жыра толып,Ақпастан сулар тоқтап бөгет болып.

Айналды – жасыл дала саз көлмеге,Баяғы зор қалалар – боз төбеге.

Елдерден тірі қалған бірлі-жарым,Езіліп, ішке сақтап, ызаларын.

Бел асып, белес басып, арып-ашып,Бетке алып күн жүрісін қаңғып-қашып.

Шығыстан Күн батысқа құлаш жайып,Өлшеусіз жер игеріп, малдан байып.

Құрама жұрт құралған қырық рудан,Тұқымы бір атаның – қырық бек ұлдан.

Қырығы да бір əкеден бөлінгендер,Мейіріміне əкенің бөленгендер.

Ал кейін мезгіл өтіп, əр бірінен,Көбейген руларға тарап бірден.

Əр ру бірден ұлыс1 жер иелеген,Əр жерге тамыр жайып, тереңдеген.

Солтүстіктен оңтүстікке қанат жайып,Атанып батыр халық таңғажайып.

_______________________________

1Ұлыс - аймақ, елдің иелеген жері.

Page 165: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 165 –

Оң жақтан Стан таудың баурайлары, Қосылып Шоң Күнгейге таудан ары.

Сол жағы солтүстіктен күнге қарай,Созылды Орал тауы бір қырқалай.

Қарашы, Тəңірімнің құрған шебін,Қалқалап, сақтап тұрды бейқам елін. Жер-суы қырық руды елірткеннен,Баршылық – жалқау етіп, ерінткеннен,

Ұмытып сырттан қаптар жаудың барын,Əр кімі өз-өзінше көрді қамын.

Білісіп, хал-жағдайын бастапқыдай,Бірігіп бас қосылып, хал сұраспай.

Көбейіп өнген менен, елі, бірақ,Бірікпей бір бірінен кетіп жырақ.

Ынтымақ ыдырауын күткен дұшпан,Қол салып қапылетте – елді құртқан.

Қырылып, қырғын тапқан қырық рудан,Азғантай қырғыз ғана аман қалған.

...О, балалар, көрдіңдер ме, дүние жалған,Сонша жұрт бір заматта қыйрап қалған.

Қырық ру қырылғаннан болды уыс,Қырқы да бір атадан – еді туыс.

Атасы – Оғыз батыр заманында,Атағы жер жарған ер аманында.

Page 166: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 166 –

Ел еткен елдестіріп, тұрпайы елдіАбат қылған отап-бұтап, сұрқай жерді.

Ұста боп, ұршық саптап, өрмек тоқып,Оғыз Хан – елін құрап, жерді қосып,

Шығысқа, Батысқа да керіп тұрақ,Көбейткен елдің санын бірден құрап.

Қастасқан хас дұшпаннан – қалқалаған,Халқының ауыр жүгін арқалаған.

Ер қылып, елін – батыр, бағынбаған,Батыр ел жаудан беті тайынбаған.

Қырық ру – қырық жақтан ат салысқан,Ешкім жоқ бір-бірінен кем қалысқан.

Əр бірі əкесінен тəлім алған, Ажалға тайманбастан тіке барған.

А, бірақ, сырлары бар жатынынан – қырық ұл туылыпты – қырық қатыннан.

Қанында батырлықтын оттай жанған,Əттең-ай, күндестіктің шоғы қалған.

Бола алмай ынтымақта кейінірек, Кейбірі беріп қойған дұшпанға шек.

Қол құрап, қапылеттен келіп шапқанҚу дұшпан дəл осының жігін тапқан...

Кім осы жікті тауып, шапқан дұшпан,Қайсы ел, жері қайда? Қазір айтам.

Page 167: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 167 –

Қасқайып асқар шыңы көкті тіреп,Шоң Күнгей, Кіші Күнгей қырқасы деп,

Керілген Түннен Күнге тау қырқасы – Қырық ру – қытайлардың шекарасы .

Қырық ру иеледі бергі жағын,Құжылдап қытай билер арғы жағын.

Бас жағы Түп Шығыстан орын алған,Бой жазып түстігіне құлаш жайған.

Басталған Түп Шығыстан осы қырқа,Тақалар барып сонау Гималайға.

Бір беті қытайларға бауырын ашып,Бір беті қырық руға қойнын жазып,

ғасырлар бұзылмаған Қытай-қорған,қазір де өте алмайсың оңай-олтаң.

Осы тау мекен болған қырық руғаАл кейін себеп болды қырылуға.

Қырық Оғыздың біреуінен – арғын ұлы,Жерлеген Шоң Күнгейді өзен сулы.

Бейқапар, жан-жағынан хабар алмай,Пейіштей сезіп жерін, мамыражай.

Баршылық бойын билеп, шектен асқан, Бар демей, байқаусыздан басар дұшпан.

Қаңғайлар осы кезде арғы бетте,Қырғынды салмақ болып бейқам елге.

Page 168: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 168 –

Білгізбей тамыр тартып, сыр алдырмай,Барлаушысын жіберіп, тың шалдырды-ай.

Шоң Күнгей қырқасында құз-жартастан,Киік жолын кеңейтіп байқатпастан.

Қанғайлар арғындарға асатұғын.Бір неше соқпақ жолдар жасатылды.Жол салынып біткенде қайта-қайта,Сездірбей арам ойды – жасар сауда.

Маңғыйлар1, гүландықтар2, итүргендер3

Жөрмелеп басын исе, құшақтап жер,

сезілген аңқауу елге бейшарадай, Мүп-мүлде жанға зыян қылмайтындай.

Көздерін ала қашып, иіскелеп жер,Келіндей сəлем салған саудагерлер.

Ор қазып жүргендерін арғын елі,Ойына алмай, ешнəрсе қалған еді.

Қаперсіз, уайымы жоқ жатқан елді,Білгізбей қуланған жау қаптап келді.

Киік жолмен асып Күнгей жардан,Бас қалқа табысады Алдан таудан.

Салалы, адырлары Алдан таудың,Сидырып сайларына қолын жаудың._________________1Маңғыйлар, 2гүландықтар, 3итүргендер - қытайлар.

Page 169: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 169 –

Асуды көк тіреген асқаннан соң,Кетірген күшін жиып, қамданған соң.

Қаперсіз жатқан елді, жамылып түн,Қапыдан қол салуға қылған бітім.

Қанғайлар босылайша елді шапқан,Қызыл қан судай болып сайда аққан.

Олжалап кыз-келінін есен қалған,Тұтқындап, ерлеріне кісен салған.

Хабар жоқ сорлылардан, алға озбайық,Ал енді тірілерден сөз қозғайық.

Əр қайсы рулардан аман қалған,«Аз – көп» деп сандарына қарамастан.

Түбі жау дұшпанынан жегіп жапа,Тарайды əр бір ру əр тарапқа.

Біреуі күн жүрісін беттеп қашар,Біреуі солтүстікті көздеп сапар,

Солтүстік кеткендері тоңған шақта,Мұз басып, бұғазды асып Мойыншада1.

Мұз басқан көк теңіздің үсті мененҚайран ел ары кетті, түсіп төмен.

_______________

1Мойынша - Солтүстік мұзды мұхит пен Тынық мұхиттың ортасындағы Америка мен Евразия материктерін бөліп тұратын бұғаз.

Page 170: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 170 –

Баяғы жер қаптаған қырық рудан,Адамы тірі қалды бірен-саран.

Жинатып əр қай жерден сорлы елін,Қам көрді сақтау үшін Ер Күлтегін.

Əр қайсы ұрулардың арасынан, əлсіреп, дымы құрып жүре алмаған,

содан да туған жерін қыя алмаған,жас-кəрі, бала-шаға, қыз-қырқыннан,

оларға қамқор болар бір жігітті,Алтайдың Саянында қалдырыпты,

Жорыққа, жорға сөзге өте епті, Ер жүрек, өткір ұлан Қағас бекті1.

«Қараусыз қалдырмайық, туған жерді,Асырап сақтағын деп əлсіз елді,

бас болып қалғандарды қалқала!» - деп,Күлтегін Қағас бекке бұйрық берді.

Бас қосты қырық рудың қалғандары,Жүруге, қозғалуға дəрмен бары.

Күлтегін дала кезіп, күн-түн демей,Қырық ұлдың тұқымдарын жиды ерінбей.

Шабылған елін бастап Ер Күлтегін, Шер болған жүрегіне сақтап кегін,

__________________________________________

1Қағас бек-7 ғасырдың бірінші жартысында Алтайда тұр-ған қырғыздардың теңдессіз күшті батырларының бірі.

Page 171: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 171 –

Жауынан өш алудың мақсат тұтып,Беттеді оңтүстіктен – ойдың тартып.

Тұқымын түпті елдің сақтау үшін,Үмітін қырық рудың ақтау үшін.

Ажалға тіке қарап, басын байлап,Қозғалған уыс елге – беріп қайрат.

Қалқалап қанатына сақтап қалған,Таза қан, екі бала – хан тұқымнан

Бар еді əр рудың қалған дара,Бел тұтар, медет тұтар ұлан-бала.

Аяусыз қырылған елін өсіруге,Анттасты тұқым атын өшірмеуге.

Бірігіп қырық руы бір ұлтқа,Атайды елдің атын – Қырғыз ата.

Бұл сөздің түп мəнісін шешер болсақ,Тұқымы Уыз ханның – Қырық Уыз еді.

Тұқымын Уыз ханның – қырық ұлдан,Түк қоймай қыру мүмкін болсын қайдан!

Ал, демек, жоғалта алмас еш бір дұшпан,Қырылмас, Қырыққыз – Қырғыз деп атаған.

Тұқымы Солабаның Шылабаның,Сарноғой, Ноғой, Шығай, Нойғыт, Арғын.

Мекені – адыр-адыр Алдан тауын,төбесі көк тіреген Күнгей тауын,

Page 172: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 172 –

сулудың көздеріндей Байкөл1 көлін,жанардан аққан жастай Мың Су2 жерін,

алапат салған жаудың өрті қаптап,айналып күлге қала, қалды қыйрап.

Түн басып, күн көрінбей, көңіл шөгіп,Жерін тастап, ұзады ел жасын төгіп.

Қараны туған жердің артта қалып,Қайғы-мұң ішке сыймай, кеуде жарып.

Ажырап, асыл жерден, арып-ашып,Кəр-жас мағдыраған кетті қашып.

«Құтты жер! Өзіңе біз қайрыламыз,Күш жиып, ер жеткенде балаларымыз,

ал қазір күн түн болған осы сəтте,Аңырап қалдым деме, қалып, əттең!»

Солқылдап мұңданған жұрт іштен тынып,Соңынан Күлтегіннің кетті жылжып.

Оншақты ру қалған еді оңтүстікте,Тұс болмай дұшпан салған бұл бүлікке.

Солар ғана күн кешті мамыражай,Ешқандай соғыс мұнда болмағандай.

Кіші Үргеніш, Бұхар мен Самарқанға,Қалғаны Қоқанды өрлеп, Андижанға,_____________1Байкөл - Байкал көлі.2Мың Су - қазіргі Минусинск, Сібірдегі аймақ.

Page 173: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 173 –

біртіндеп босқан халық кіріп кетті,Жергілікті ел ішіне сіңіп кетті.

Жайғастырып қырық руды Ер Күлтегін, Қасына ертіп жарау жігіттерін.

Қимастан кіндік қаны тамған жерін,Қалдырған осы жерде шымшым елін.Арманды Ата жұрттың тұзы тартып,

Алтайға сағынумен кетті қайтып.

Ал енді, артқа оралып, баяндайын,Екі ұлын сақтап қалған елдің жайын.

Анттасып, уыс қырық уыз – қырғыз болған,Алайдың өреніне барып қонған.

Жұрт болып, құралысқан əр рудан,Мекндеп сол аймақты жерлеп қалған.

Бір руы – Ноғой, бірі – Шығай болып,Өркендеп, өсіп-өнді орны толып.

Екі ұлдың – екі ру атын алғанИелеп таудың қойнауын жатып алған.

Бас-аяғын жиған кезде іздеу салды,Баяғы ауған елден хабар алды.

Кеткенін Күлтегіннің ұққан малда,Кейіді, жүректері батып мұңға.

Артынан Күлтегіннің кететіндей,Олардың бар ма еді шарты нендей.

Page 174: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 174 –

Уыздың кетпей қалған тұқымдарынҰландар жинап алды қоймай бəрін.

Мекендеп Ақсы, Алай, Əндіжанды,Жетіліп құрама жұрт қанат жайды.

Оо, бірақ арман дүние, қайра, тағы,Ағыпты дария болып жұрттың қаны.

Өксіткен өш дұшпаннан өш ала алмай,Өкінді, түпті жұрттың кегі қанбай.

Қытайлар құмырсқадай құжылдаған,Жан-жаққа соғыс ашып, қырғын салған.

Солтүстікті талқандап, салып лаңды,Оңтүстікті шабуға даярланды.

Үрімші, Ақсу, Құлжа, Қарашаһарды,Үштұрпан, Жаркент, Қашқар, Шоң Қақшалды,

Басып алып бұларды, хан сайласын...Шет Бежін деп атады астанасын.

Билігі кəдімгідей қалыптанып,Тұқырды, байқұс елге салық салып.

Жүргізіп өкімдігін билік құрған,Шаңыя, заңзаңдары1 тыңдап тұрған.

Аралап қала, қыстақ, тау арасын,Байқайтын ой-пікірін, ел ауанын._______________

1Шаңыя, заңзаңдары - əскери кіші атақтар.

Page 175: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 175 –

Дұшпаны мұны қылса – ауып келген,Қырықуыздың тұқымдары бой бермеген.

Тік қарап, басын имей ұстап биік, Тірескен жауы шықса – қояды «иіп».

Қарауылдар ел ішінде тыңдап жүрген,Қаймығып, сескенеді өжер елден.

Шаптырып Шет-Бежінге шабарманын,Шараны көріңдер деп хабарлады.

«Ел іші ұшқынданып тұтанды ерте, Өшірейік – айлантпай қызыл өртке».

Осындай хабар алып жаудың қолы,Қаратпай қырықуызға оңы-солын,

Саны көп жау қиқулап сүргін салды,Өлмей тірі қалғанын тұтқынға алды.

Аз ғана ел аман қалған, есін жиып, Алтайға асып кетті қосын жығып.

Айырылып Ер Шығайдай сұңқарынан,Қайран елдің жүрегін мұз қарыған.

Тұтқынға алып талай сарбаздарын,Жоқ қылды талай алып маңғаздарын.

Жинатып тірілеін бірден теріп,Қайтадан жұрт құралды бірден келіп.

Сүйегім қалар ма деп мұнда жүрсем,Елесі туған жердің ұшып көзден.

Page 176: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 176 –

Алтайда қалғандарға барамыз деп,Азғантай елі менен келсе дегдеп.

Иен жер, дерегі жоқ мұндағы елдің, Ызыңы күтіп алды тозаң-желдің.

Күш жинап, бірнеше күн дем алған соң,Жан-жаққа барлау салып іздемек жол.

Дұшпаннан қаза тапқан Шығай ерден. Тəңірім ізін қуар тұяқ берген.

Міне сол Шығай ханнан қалған Егеу,Бұл күнде қарт Ноғайға болды демеу.

Күш-қуат жиып біраз сергігенде,Аттанды Егеу елді іздегенге.

Көп уақыт өтіп, Егеу арып-ашып,Оралды қосынымен өңің қашып.

Түнеріп қабақ ашпай, жерді қарап,Тұзды жас жүзін жуып, мынаны айтат:

«Мың Суға қайтып келіп, Ер Күлтегін,Жыйнапты бұл жақтағы қалған елін.

Бел буып, асқар таудай қайрат берген,Мертігіп сынған елі бас көтерген.

Бақыты тайқы жұртқа, бар ма, айла,Таңады ауыр жүгін тағдыр қайра.

Жайғарып қырық руды барған жерден,Күлтегін қайтпас кесел ала келген.

Page 177: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 177 –

Ұзақ жол, шөлді дала сағымданат,Салқынға көнген тартар азап.

Ауруга шалдыққанын байқап қалса,Қиын деп айқасқан жау қолын салса.

Ақылды Ер Күлтегін түсініпті,Ажалға тік баруға күтініпті.

Ұзаққа сары аурудан жəбір тартқан,Мұнысын қастасқандар пайдаланған.

Бірақ та бір уыс ел сан-мыңдаған,Айбатты қас-дұшпанын ала жатқан.

Тұл Бике, қайран жары іске жарап,мүрдеге жайғастырған тасын қалап.

Ойдыңын Он Даланың – өлгендерге,Толтыртып, тас үйдіріп, қылған төбе.

Орнатып балбал тасты көшпейтіндей,Ойдырып тас бетіне өшпейтіндей,

Арманын Күлтегіннің айтып кеткен,Қалдырмай бір де сөзін жазып кеткен.

Арманына жалғастырып, Күлтегіннің, Жоқтауын бедерлепті Тұл Бикенің.

Балбалда Күлтегіннің бедерленген,Бар екен қайырылу сөз мындай деген:

«...Бұл жерде тұқымдары Уыз ханның,Біліңдер, жауын қырып – қырылғанын!

Page 178: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 178 –

Бар болсаң, бір тірі жан – Қырық Уыздан,Ұмытпа Күлтегінді – Ел қорғаған.

Ешбірің ұмытуға ақыңар жоқ,Күлтегін елге – қару, дұшпанға – оқ!»

Ер – Жалғыз! Міне сөйтіп елін баққан,Есепсіз жау қолынан қаза тапқан.

Еңкілдеп, сүртіп Егеу, аққан жасын,Тыңдаңыз, нендей екен сөз жалғасы:

«Жауласқан саны есепсіз жаудан қорқып,Қағас бек елді бастап, жер аударып.

Бойымен Ене Сайдың өткен екен,Саянның шер тоғайын еткен мекен.

Аралап, шер тоғайдан таба алмадық,Алысқа аз əскермен бара алмадық.

Бір уыс елін бастап қырық рулы, Паналап қалса керек қалың нуды.

Бірақ та қайда екенін таба алмадық,Ешқандай мəліметті ала алмадық.

...О, Шерлер! Естігенің жер тарихы,Шашылған əр тарапқа – ел тарихы.

Су іспеттес қаңсыған ыстық шөлде,Солғызбай өмір берген өжер елге.

Мақсаты алға қойған – бұл жалғанда,Өшірмей, Уыз атын жалғағанға.

Page 179: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 179 –

Ұрықпыз – асылдардың қанында өніп,Ұрпақпыз қыйындықты келген жеңіп!

Айтайын жиынтықтап сөз аяғын,Айкөл Шер – тұқымы сол Ноғай ханның.

Ал енді, Шығай ханның ұрпағынан,Егеуден қалған тұқым – Бақай ағаң».

Page 180: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 180 –

* * *...Айкөл Шер шеп ішінде келер кешке,Айтқанын ағасының алады еске.

Ойында мың қайырылып, сонау күнге, Назарын салып тұрды бүгінгіге.

Қазір де, сол кездердей ағып қан-жын,Қирауда бір шетінен қолы сан – мың.

Оо, бірақ, қырылмастан анталасып,Өлуде – кегін қуып, жанталасып.

Көңілін қан майданнан бұрып мұңды,Хан Манас тағы ескерді өткен күнді:

Page 181: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 181 –

СЯНЬ - ФАНЬНЫҢ ӨСИЕТІ

Баяғы сыр шертіскен Қадір түні,Есітілді Алманбеттің қоңыр үні.

Жалғаған ағасының əңгімесін,Шығарып күрсіне бір ыстық демін:

«Қырылған сондағы елдің ұрпағы – мен,Қайырымсыз қанқорларды елім деген.

Қасиетіңнен айналдым, асыл анам,Мен үшін қайғырумен азаптанған.

Нағашы атам осы елдің ұлы екен,Төрт-бес жас шамасында жауға түскен.

Бір жауынгер тартып алып анасынан,Баласыз жарым ханға сауға қылған.

Қытай жарым патша Сянь-Фань деген,Жасы ұлғайып, жетпістен өткен менен,

Жасынан қартайғанша өмір бойы,Жазу ғой, зарлап перзент көрмей қойды.

Page 182: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 182 –

Бас иіп тағдырының тарлығына, Асыранды ұлға өткерді байлығын да.

Жарым патша мекені – Бежін шеті,Малға жайлы – адырлы таудың беті.

Көктемде жамырасып жаңа төлі, Жайлауға шығар жері – «Егіз көлі».Ай нұры аймаласа алтын түсті, Ғажайып, алтын болар көлдің үсті.

Жайнаган мың құбылып, сан жетпеген,Шағылысар алтын сəуле көкке – жерден.

Арбалып сол көрікке сұқтанысқан,Адамдар ылайықты ат таңдасқан.

Айтулы Салқын төрдің көркі болған,Ол көлді «Алтын Нұр» деп атап қойған.

Сыңары «Алтын Нұрдың» – «Жарық Нұры»,Жанына жақындасаң жанып тұрды...

Не үшін «жанып тұрар» барсаң жақын,Ендеше, себебіне назар салғын.

Төгілген Ай – Əлемнен нұрларымен,Түн сайын көлге Пері қыздар келген.

Жабылып, айлы түнде көлге түсер,Жарысып балық пенен көлде жүзер.

Толған Ай, көкте жүзген, сондай кезде,Төгеді күміс нұрын Перілерге.

Page 183: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 183 –

Ай нұры денелерін аймаларда,Ғажайып жарық шашар айналаға.

Қыздарға шағылысқан нұрын Айдың,Жиекте отырған жұрт көрген сайын,

Түнінде күндізгідей жарық болған,Көлді – ел «Жарық Нұр» деп атап қойған.

Міне сол «Егіз Көлде» қасиетті,Нағашымның ел-жұрты мекендепті.

Нағашымды асырап алар шақта,Жұртының басын қосып осы жаққа.

Бас иіп, Бұрқанына құлдық ұрып,Болар деп жоқ дегенде сауапшылық.

«Егіз Көл» жағасында той өткерді,Құттық айтқан қонаққа қой бөктерді.

Жазулы Бұрқан тасқа көзін қадап,Ішінен күбіреніп тілек айтат:

«Тағдырдың маңдайдағы бұл бұйрығын,Тəн беріп, қарсылықсыз қабыл қылдым.

Ұлыма Суп-Унг деген ысым бердім,Ұлы Күш, ұзақ өмір, ыйман бергін.

Баламды біткеніндей өз қанымнан,Жүрекпен өне бойда сезіп тұрмын.

Ұлы Күш! Жалғыз ғана сұранарым – Ұлым да ділін бұрса деп тұрамын!».

Page 184: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 184 –

Айтқанда əкесінен естігенін,Шешесі көздің жасын төкті келіп.

Сезбестен, өртенсе де ондай кезде,Тұнжырап жерді қарап қалушы еді.

Тұс қылған бұл жағдайға анашымды,Сол уақыт əкесінің ашқан сыры.

Нағашы атам айтқан екен жасын төгіп,Қалайша анасынан кеткен бөліп.

«Еске алсам, сол бір күнді,сорлы шешем,Елестейді бүгінгідей», - деген нешен.

«Айрылған ботасынан інгенге ұқсап,Барлығын – Тəңірді де қарғап, боздап,

Жайылып, ұйпаланған ұзын шашы,Жас төгіп, жаны сыздап, шыңғырғаны:

«Жалынып, О, Тəңірім, күткен едім,Қорланып, мазақ болып біткен едім.

Айрылсам да бəрінен, мейлі дегем,Тілегем айырма деп, баламды мен.

Басқыншы, тамшы қаным, тартып кетті!Бар болсаң,қане Тəңір, жардам берші?

Канеки, қайырғаның, қане, балам?Байқадым... бар екенің, демек жалған!

Шын болсаң, бəрін өлтір, мен көрейін,Дұшпаным жəне балам бірге өлейін»,-

Page 185: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 185 –

деп боздап шыңғырғаны апакемнің,Əлі күн құлағымнан кетпес менің.

Алдына артып көкпар лағындай,Тақымға жоңғар кетті, алып ұрлай.

Алыстай бергенінде байқұс анам,Алардай ажыратып мені жаудан.

Қарамай шаштан ұстап жұлғандарды,Қарамай камшы менен ұрғандарды.

Жұлынып, жанталасып, жоңғарларға Қарсылық көрсетті əлден тайғанынша.

Құтқара алмасына жетіп көзі,Айғайлап, күшін жиып, айтқан сөзі:

«Құлыным, мен сорлыны ұмытсаң да,Кіндік қан тамған жерді – елді ұмытпа!

Тараған Уыз хандан – Шылабаның,Таза Хан тұқымысың, тамшы қаным!

Көк Мөңгі, Мың Су, Байкөл, Ене Сайды,Құлыным, есіңде тұт, жерің жайлы...».

Ұғылмай əлсіз даусы апакемнің,Лақтай бөктеріліп ұзай бердім...

Содан еш көрсеткен жоқ анашым бой,Есімнен де шықпады, ана асыл ғой!

Тағдырым жақсы жанға кезіктірді,Бірақ та, ауыр ойлар езіп жүрді.

Page 186: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 186 –

Ұлдары ата текті жоңғарлардың,«Құл» деді тағдыр істі оңғармады.

Ойлап жүр атам-анам асыраған,Білмес деп ата тегін, келдім қайдан.

Олардың ісі қанша, білсін қайдан,Көкірегімде не барын қайнап жатқан!

Қайткенде ұмытпақпын ел-жерімді.Қалайша ел қыламын қаңқор елді!

Атамның атын рас ұмытқаным,Ал, бірақ, тұқымымды ұмытпадым.

Қолында-ақ едім ғой, қыйса жанды,Қанымды қайтіп бұрмақ тамырдағы?

Тамырда тұрғанда ойнап таза қаным,Туған жер, Атажұртты ұмытпаймын.

Жап-жалғыз арасында дұшпанымның,Жас кезден тарттым қанша уайымды.

Ер жетіп қалғанымда – баққан атам,Біразға жетіп жасы, болған қартаң.

Елге əділ, тура сөзді, бауырмашыл,Атама айта алмаймын ешқандай сын.

Жанынан жарым қарыс ажыратпай,Жеткізді өз қанынан жаралғандай.

Бір күні ертпей басқа бөтен жанды,Бойына Егіз Көлдің алып барды.

Page 187: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 187 –

Күрсініп алып атам өте терең,Мейірімді дауысымен мындай деген:

«Жарығым, жалғызымсың бұл дүниеде,Жасырып сенен сырым – айтам кімге?

Екеуміз жақсылап бір сырласайық,Ақиқатты айтуды көрдім лайық.

Сапарым қысқаруда жалғандағы,Жарық дүнием көретін аз-аз қалды.

Қаны жау бөтен елдің арасында,Қаларсың болып жалғыз сен осында.

Жарамның аузып ашып ішіндегі,Іріңін сығып тастар мезгіл келді.

Есіңде нелер қалды білмейсің бе?Көз алдыңа келтіріп тізбейсің бе.

Ол кезде кіп-кішкентай болғаныңмен,Ол сəттер ұмытылмас деп ойлаймын мен.

Елімнен алғаным бар – бергенім бар,Сіңірген аз ба, көп пе еңбегім бар.

Билігім, байлығыма кім бас имес,Көзімнің тірісінде еш кім тимес.

Егерде өтіп кетсем бұл дүниеден,Саған қастық жасар деп қорқа берем.

Ойыңда нелер барын жасырмастан,Ортаға шығар, ұлым, тартынбастан».

Page 188: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 188 –

Білместен не дерімді ə дегенде,Пүшайман болып іштен тұрдым сəлге.

Тік айтып, атам маған сынай қарап,Қамығып, мұңды жүзбен күтті жауап.

Маңдайға жазылғаны болар нəсіп,Ойымды жасырмастан айттым ашып:

«Атаке, бұрмаламай жауап берем,Өлтірсеңіз еркіңіз оған көнем.

Білемін балаңызмын асыранды,Отанымды сағынам – жасырғаным.

Ұмытқам жоқ, зарлаған апакемді,Ұмыттым бірақ оның атын енді.

Ол кезде болсам дағы бүлдіршіндей, Бəрі де көз алдымда бүгінгідей.

Жайылып, тарқатылып қолаң шашы,Жыртылып, қан-қан болып үсті-басы.

Атаке, айтыңызшы, не жоқ, не бар?Аяулы апакемнен бар ма хабар.

Тірі ме, жер үстінде? Болса өлген,мүмкін бе, жатқан жерін барып көрсем?

Тарағанмын Уыз хан, Шылабадан,Есімде туған жерім – қаным тамған.

Көк Мөңгі, Мың Су, Байкөл, Ене СайдыңКімдерден білсем болар сұрап жайын?

Page 189: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 189 –

Атажұрт, аға-туған, елім қайда?,Атаке, мүмкін болса, айтшы маған!

Атқарам, не десең де, барлығын мен,Бір ғана Атажұртты көрер ме екем?!

Білемін, қапалантты, айтқан сөзім,Шындықты тура айт деген бірақ өзің.

Сіңбейді, уайымдаумен ішкен асым,Ойымды айттым, кессеңіз, міне – басым».

Ойланып атам көпке, тұнжырады,Шөктіріп, менің дағы ұнжырғамды.

Бұршақтай мөлт-мөлт етіп аққан жасы,Жирылып, мұңды жүзі, қалың қасы,

арманды күрсінді де тартып демін,тарқатты шемен болып қатқан шерін:

«Ырысың тола біткен сен пендесің»-деп көп кісі бастайтын əңгімесін.

Билігім, атақ-даңқым – бəрі болды,Шашқанмын байлығымды оңды-солды.

Өмірі орындалмай – жалғыз арман, Баланың үнін ұқпай, зарын тартқам!

Бірінен бірі сұлу əйел алдым,Мəн бермей қымбатына қалың малдың.

«Қубасқа тап болады – тумас қатын!»Мен сөйтіп, иіскемедім бөбек затын.

Page 190: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 190 –

Өмірдің өзі, балам, таразыдай,Тəубе қыл, жоғына да, аз-азына.

Қанымнан біткен перзент болмаса да,Құдырет берді бақыт, етіп – сауға.

Сұқтантып, тамсандырып елдің бəрін,Дардаңдамай, есті боп өстің, жаным.

Тіліне азғырылып бұзықтардың,Насыбай, шарап жаққа қызықпадың.

Сыр бермей туысқанға-дұшпаныма, Сыйлаған, мейірімді ұл болдың маған.

Көңілі шөгіп, өз қанынан жаралғанға,Көп болған опық жеген адамдар да.

Сені мен балам демей – асыраған,Сезілді біткендейін өз қанымнан.

Бұйыртқан сендей ұлды тағдырыма,Сы-Минге1 құлдық ұрып тұрам мына.

Тань-Гуань2 бақыт-ырыс беріп саған, Шуй-Гуань3 сақтап жүрсін қырсықтардан.

Уыздай ақ тілегім, пейіл-ниет,есітілсін Ұлы Күшке, иə, қабыл ет!

Жауабыңа қиналып, ішкі дүнием,Қайтемін шарасыздан басымды ием.__________________________________

1Сы-Мин – тағдырдың иесі,пірі деген мағынада.2Тань-Гуань – бақыт тартулаған Пір.3Шуй-Гуань – қырсықтан сақтаушы Пір.

Page 191: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 191 –

Қанымнан еместігің айқындалып,Тағдырым кетті мүлде тайқыланып.

Бірақ та Атажұртын білмегенге,Құрмет-сый көрсетілмес бір де елде!

Ер жігітке жақсы əдет болмас бұрыс,Туған жерді ұмытпай жүрген дұрыс.

Қуандым - өтірікті айтсам егер, «Шенч-джен1» деген аяулы атым өшер.

Қуантып жүрегімді тұрған нерсе – Жүргенің Ата жұртың сақтап еске.

Құрметтеп елін-жерін сүйген адам,Ұмытпайт жақсылықты біреу қылған.

Аталық мейірімімді саған төккем,Онымды еш уақытта міндет етпейм.

Айтайын деген ойым – дітін берген,Атаңды ұмытпастан жүрсең дегем.

Не айтсаң, орындаймын, деші маған!Еліңе кетем деме, себеп оған –

айыпка жықсақ десіп, жүрген көксеп,Артыңнан аңдығандарөте, тым көп.

Кетсе деп бөлтірігі сыртын салып,Қүтүде дос дұшпаным күйүп-жанып. ________________1«Шенч-джен» – ақылман, көпті білген, əділ.

Page 192: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 192 –

Жүргендер бал тілімен шағыстырып,Қалды олар арбай алмай сағы сынып.

Дұшпанға шақпақ беріп от жандырмай, Тағы да жүре бер сен сыр алдырмай.

Еліңе қашып кету емес қажет,Ебін тап, ақылыңмен мақсатқа жет.

Қарағым, қас пен достың арасында,Қалдырма көре алмастын табасына.

Ант беріп, қашпаймын деп, берік болғын,Қашсаңда ұзатпасын біліп қойғын.

Жиырмадан жасың болса өтіп кетті,Сынаудың-сыналудың шегі жетті.

Бұзылмай қаның таза қалса деймін,Өзіңе лайық келер қыз іздейін.

Табылса тойың жасап үйлентейін,Тірімде мəртебемді білдіртейін.

Гуяньдын алтын кенін қазып жатқан,Құлдарды деп айтатын сендер жақтан.

Жыландай кен кұзеткен Гуянь Ганды«Азиз» деп айтқандары ұнаған-ды.

Алтынды атасынан артық көрген,Азизге Хомо Хэни жіберттірем.

Аямай Азиз хандан алтын зерді,Алдырам қымбат төлеп құл-күңдерді.

Page 193: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 193 –

Күңдердің арасынан сатып алған,Қөңілге тура келген табылар жан.

Шой Бо сыншыны алып, сынап көрем,Ақылын, түбін, тегін сұрап білем.

Ақылды, алып ұл табар жатырынан,Əйелді білер Шой Бо тамырынан.

Ойыңнан кетем деуді алып салғын,Осындай шер туатын əйел алғын.

Туылып, кəмелетке жетсе бала,Туылған жерді ізде сонда ғана!».

Осыны айтып атам, сөз біткендей,Отырып қалды тынып, көпке үндемей.

Көптен соң көтеріп ап басын əрең,Көзімнен көзін алмай деді маған:

«Əйелді сені тапқан іздегенді,Ойым алмаппын ғой, түсін мені.

Тасбауырлық қылыпсың деп ойласаң,Таласпаймын, ол сөзге де мақұл болам.

Таяқтың екі ұшы бар білесің ғой,Шындық та екі жақтың үлесінде.

Өз қанымнан біткендей көрсем сені,Тура болмас апаңды іздегенім.

Өскенде мұндай сұрау береріңді,Бағамдап қоймаппын-ау кешір мені.»

Page 194: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 194 –

Төсіне тартып атам, қатты қысып,Басымнан иіскегенде кеттім ысып,

Атамның көріп көзден аққан жасын,Мұңданып, уайым жеп, қалдым жасып.

Өзім де əлден кетіпп, оған ықтап,Бұршақтап көзден жасым, жаттым жылап.

Өмірде бірінші рет – құдыретті,Көргенмін сонда нағыз кереметті:

...Төбесін ақ қар басып көк тіреген,Сол таудың жазық жатқан бөктерінен.

Есігін түріп қойған киіз үйде,Еркелейм бір кісіге ғажап күйде.

Найзағайдай шарт еткен жылдам үнмен,«Əкеңмін!» деді ол кісі, «Əке» дегем.

Өткір көз, бұзау кірпік, қою қасты,Өзгеше өжер, өктем, салауатты,

кең танау, биік қабақ, қалың ерін,келбетін өз əкемнің анық көрдім.

«Əкетай, жаным əке, əкешім!» деп,Иіскелеп алқымынан, жабыстым бек.

Атамды асыраған қысып бекем,Оны мен өз əкем деп сезген екем!

Елестеп қас-қағым сəт көз алдыма-ай, Елесін өз əкемнің көрдім солай.

Page 195: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 195 –

Ал енді, асыраған байқұс атам,«Əке» деп айтқаныма болмады таң.

Солайша мен атаммен бөлісіп сыр,Тарқаттық мұңымызды шертісіп бір.

* * *

Арада бірнеше күн өте шықты,Атамның жайын біліп, болдым күпті.

Ауру меңдеп алған тұла бойын,Атакем зорға сөйлеп, айтты ойын.

«Қарағым, аз күн қалды аттанар күн, Мəңгіге топырақты жастанармын.

Анттасқан уəдені өткендігі,Атқару үшін енді қам көрелі.

Хомо-Хе айтқанымды дəл атқарып,Гуаньдын күңдерінен келді алып.

Тілегім Ұлы Күшке жеткен бе екен?Тауыпты Шой Бо қызды көксеген мен.

Ақылы сəйкес келген тұрпатына,Кез болдық қыздың текті бекзатына.

Қандай деп күманданбай барып көргін, Қарағым, көріп маған жауап бергін.

Андай жан жолығады біреу – мыңнан.Созбастан той беруім керек жылдам.

Page 196: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 196 –

Аталық атқарайын міндетімді,Көрсін ел-жұрт тойымды, құрметімді.

Құтылып, парызымнан, көңілім толып,Армансыз ұзайыншы, қалсам солып».

Сыншыға таңдаттырған мұңдас Нарым,Некелі мəңгілікке болды жарым.

Атамның майманасы асып-тасып,Той берді бар байлығын төгіп-шашып

Ешқандай ауруынан сыр берместен,Қайрат жиып, ешкімге лəм деместен.

Бəріне көңіл бұрып, меймандардың,Басқарды жөн-жоралғы, тойдың бəрін.

Қайырылып, ел-жұртына бас иетін,Той бітіп, айтты атам өсиетін:

«Қыйыспас аға-туған, о, қалың жұрт,Арнаймын əр біріңе, айтқанды ұқ.

Жалғаннан мəңгілікке ұзайтұғын,Жақындап қалды уақыт, батты күнім.

Екі көз маңдайдағы жұмылғанда,О, жұртым, көз салыңдар, бұл ұлыма.

Бұйрығы Ұлы Күштін – əуелден бар,Бұйырған жалғызыма болмаңдар – тар.

Үйленттім, өзім таңдап, жанға зерек,Болыңдар шоңың –арқа, кішің – тірек.

Page 197: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 197 –

Ақылмен, сабырымен істегенін,Көрерсіздер, менен кем түспегенін.

Ажалға намыс үшін түзу барар,Ерекше ер көкірек мінезі бар.

Қапыдан жау қаптаса қолды бастап,Халқыңды қалың жаудан қалар сақтап.

Тұғырдағы тұйғынды бабын тауып,Ел-жұртым, əлдилеп ал, етпей қауіп.

Ақырғы өсиетімді бұзсаң бірің,Аруағым тыныш қоймас, бітер күнің.

Атқарғандар ақырғы аманатты,Болмас дейм, бұл дүниеде жаман атты»-

деп айтып қайран атам жиналғанға,қол жайып Жаратқанға қылды дұға.

Мəңгілік дүр-дүниеде кімдер қалған,Тойдан соң атам да өтті бұл жалғаннан.

Бұзамын қайтіп ата өсиетін,Жат жерде осылайша қалдым жетім.Орындалмай аңсаған тағы да арман,Ұл емес, қызды көрдім асыл жардан.

Көнерсің, айласыздан, болмас оңай, Тағдырдын бұйырығы болса солай».

Page 198: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 198 –

* * *Қалшылдап, жанын қинап, жауырын ұйып,Күшеді ауызы ашылмай жара – тұйық.

Сыр бермей ауруынан жанын жеген,Қарауыл тас үстінде Айкөл берен,

көз тікті дүрбі салып қан майданға,зер салып, шайқастағы сарбаздарға.

Қаншалық қыйналса да, сыр алдырмай,Қайраттанып, ауруға тұрды алдырмай.

Оқиғалар жалғанып тізбегімен,Өткен күн елестейді кезегімен.

Көздері – сарбаздарда, қиялы – алыс,Есітілді Алмамбеттің – үні таныс:

Page 199: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 199 –

АЛТЫНАЙДЫҢ ТУЫЛУЫОсылай күтті перзент – қыз туылды,Қуанды, бір өкінді, бір сүйінді.

Қуаныш-мұңы бірге тең салмақта,Өмір жылжып өтіпті, тоқтамақ па?

– Мен білгелі көңілі тым пəс болып,Нағашы əжең жүретін дімкəстанып.

Қамығып, бойын билеп, көп уайым,Нағашым апакеме айтқан дəйім:

«Егіз Көлдің бойында нұр балқыған,Жастығым, балалығым бəрі қалған.

Қартайып атам-анам қалған малда,Кеш туылып, келіппін мен бұл жалғанға».

Ол кезді есіне алса арман басып,Апакем ескеретін қатты жасып:

«Қиналып қырықтан өтіп туғаныма,Қыз болып, шырмалғанмын қайғы-мұңға.

Бұл күнді күттік қандай лəззаттана,Шыдадық үміттеніп азапқа да!

Page 200: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 200 –

Нəп-нəзік қыздың үні «іңгəлаған»,Үзгендей болды үмітті біз қалаған.

Есімде қалған нəрсе сол бір кезден,Қиналып, өз-өзімді жаман сезгем.

Құлағам түпсіз терең тұңғыйыққа,Түскендей көтере алмас жүк ыйыққа.

Білмейм, бір мезгілде, ерте – кеш пе?Сыздаған мұңды үннен келдім еске:

«Көзің аш! Наарым мені тастамағын,Азапты жаман жорық бастамағын.

Жат жерде мен үшін сен, сен үшін мен,Атажұрттың бөлшегіміз сен түсінсең.

Асқар тау – тірегімдей көрдім сені,Əр қашан қолдап келдің сен де мені.

Бөтен ел, бөлек жерде азап тартып,Жүрдік ғой келешекке үміт артып.

Жаратқан ұл сыйласа, Атажұртқа,Жетер деп, біз жетпесек осы бала.

Біріміз бірімізге қайрат беріп,Бір ғана тілек тілеп келіп едік.

Тартпады тұз-нəсібі туған жердің,Тағдырдың бұйрығына бар ма дерің?

Маңдайда жазуымыз, көніп, демек,Барудан елге – үміт үзу керек.

Page 201: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 201 –

А,бəлкім, тілектерді біз тілеген,Білмей тұрған шығармыз бізге берген.

Мұң-зарға дауа тауып, Тəңір, енді,Сыйлаған болар бізге нəрестені.

Көзіңді аш, Наарым-жарым, «тоба» деңіз.Қарны ашты, қызымызды дереу еміз!

Ап-аппақ үлбіреген керемет қызА, бəлкім, Нұрперісі адам жетпес.

Ғажайып нұрын шашып көл иесі, Аспанда алтын Айдың толған кезі.

Сүйкімді, есті Наарым, тұрғын, болғын,Жаратқан берген қыздың атын қойғын.

Керемет сұлулыққа назар салып,Ұлым деп қызымызды қабыл алдық.

Екеуіміз жетпегенге осы жетсін,Ел-жерге біз кетпеген – кызым кетсін!..

Лебі жылы сөздің əсер етіп,Ішімді мұздаттырған нəрсе кетіп.

Ақырын бас көтеріп, жайлап ғана,Көз салып, көңіл қойдым айналаға.

Бір үзім ақ бұлттай нəрестенің, Томпиып құс жастықта жатқан жерін.

Еріген қорғасындай жұмсап денем,Ұстадым қалтыраған қолым менен.

Page 202: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 202 –

Осынша ыстық па еді бала деген,Мейірден балқып тұрды бүкіл денем.

Анам да алғаш сезбей, жеріген бе,Содан соң маған ұқсап еріген бе?

Арманды жарасының ауызы бітпей,Апам да еркек күткен, мені күтпей.

Құл болып,құрсауында жүрген жаудың,Еске алатын əрдайым жалғыз бауырын. Жалынып Жаратқаннан жəрдем сұрап,Зарлайтын түні бойы боздап жылап:

«Теңірім! Жалғызымды сақтай көргін,Тастан берік, судан ұзын өмір бергін.

Жалғызым аман болса іздеп келер,«Бармын» деп жоқ дегенде хабар берер.

Еркектен Құлтаң жалгыз, қыздан менмін,Бауырым тірі ме деп қайғы жеймін.

Апамыз саудагері Дамашықтың1,Қызы екен Зеби деген жалғызлікті.

Күн көрген керуендерге құл-қүң сатып,Ұрлап алып, құл сатқан Тахир сахиб2.

Обоздың керуеніне Тахир сатты,Зебині көрген Обоз қатты ұнатты.______________________________

1Дамашық - қазіргі Дамаск қаласы. 2Сахиб - мырза.

Page 203: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 203 –

Туылып Зер, Құлтаң – Зеби күңнен,Үлекейдік кемшін болып өзгелерден.

Ер жетіп, атансақ да Обозұлы,Атандық кемсітіліп – күң тұқымы.

Біздерге хан ордада болмай теңдік,Басылып, бой көтермей, көрдік кемдік.

Апамыз ай жамалды сұлу Зеби,Жүретін жадырамай суып демі.

Құйылып көздерінен жасы ыстық,Құшақтап, бауырына қатты қысып,

Аймалап мойынымнан шашым сылап,Айтқаны əлі есімде апам жылап:

«Зер қызым, аспандатар көңілімді,Тəңірім ұзын қылсын өміріңді.

Ағаңды ұлтаң атап – көп үмітпен,Атар деп аппақ таңым күтіп келгем.

Үлкейгенде сен, Құлтаң ағашыңмен,ойлауш ем, кездессем деп нағашыңмен.

Атам-анам баққан-қаққан шықпайды естен,Көрем бе, туған жерді кіндік кескен?

Егіліп, уайымдайтын түні бойы, Қолдары босамайтын күні бойы.

Сорлы шешем, бір жүрсе де, білмей сырын,Асқа қосқаң удан өлді, күндесінің.

Page 204: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 204 –

Жүргенде қайғы жұтып, тозып мүлде,Тұс болдық одан жаман бұзық күнге.

Қаптаған қапілеттен жаудың қолы,Қиратып тыйпыл қылды хан орданы.

Олжалап, қыз-келінін, хан тұқымның,Ауыр күн басқа түсіп, болдық тұтқын.

Жоңғарлар осы елге айдап келіп,Құл қылды Гуйянь-Ганга байлап беріп.

Аралас қыз-келіндер, кемпір-шалдар,Аш-арық əрең жүрген жап-жас балдар.

Нəсібің таусылғанша бұл тірлікте,Жан шіркін шыдайды екен бар түйсікке.

Жасадық, ит шыдамас күнді көріп,Ит ішпес жуындыны іштік бөліп.

Кембіз деп үлкен орда балаларынан,Кейіппіз кесірленіп, əттең, арман!

Кесірлі күн кешірген сол кездері, Кембагал теңім болар деген бе едім?

Кезінде құл-күңдерді, нөкерлерді,Мақұлыққа ұқсаттым – адам өңді.

Қултаңнын атын ерттеп, құсын салған,Бар еді Нүзүп деген ақсақ балуан.

Теңдессіз күш жағынан бір шайқаста,Түсіпті жау қолына бұл нарқасқа.

Page 205: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 205 –

Жаңагы мақұлыққа жүргем теңеп,Солардың бірі іспетті, көргем кем деп.

Қаптаған жау қолына олжаланып,Нүзүптен қалдым кейін мен қорланып.

Ұстасы болған Нүзүп алтын кеннің,Иесіне ұнап қалды біздің елдің.

Өкілі қатарында міндет алып,Басқарды бəрімізді іске салып.

Нүзүпке кеннің иесі Гуйянь мырза,Айтыпты ітеріне болып риза:

«Құлдарды іске жексең ойдағыдай,Қарның тоқ, киімің көк болар ұдай.

Тағы бір жақсылықты етем мындай, Тобыңмен бір боласың, ыдырамай.

Қылдай бір қыйсық кетіп, жаза тайсаң,,Тұрмысың, ауырлайды, болып ойсаң.

Жақсы істесін, туғаның-бауырласың,Жағдай демесеңдер ауырласын!»-

деген соң кен иесі, Нүзүп балбантоп құлға басшы болып дайындалган.

Топ жасақтап олжага келгендерден,Осылай Нүзүп батыр кен игерген.

Кешегі бектер, бүгін Гуйянь-Ганга,Құл болды, еріксізден кетіп айла.

Page 206: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 206 –

Барлыгын жинап алып Нүзүп балбан,Ортаға салды ойын көңілге алған:

«Жазуды көтермеске маңдайдагы, Жат жерде табатұғын айла бар ма?

Туыстар, жүреміз бе, құлдық ұрып,Құтылар жол табайық кеңес құрып..

Əрқашан ынтымақта, бірге болсақ,Алдыға жеңеміз деп деп мақсат қойсақ,

ерте ме-кеш пе мейлі бұйырса дəм,кетерміз елімізге бəріміз һəм.

Көргенше туған жерді бəріміз тең,Жүру керек əрдайым бөлінбестен.

Егерде, тұс-тарапқа салса бөліп,Қиындық басымызға қалар төніп.

Бөлінбей жүру үшін болып бүтін,Шығару керек бізге бүгін бітім.

Қашамыз деген ойды Гуйянь-Гандан,Жасыру өте қыйын аға-туған.

Ойыңды айтпай сезген, өзі өте сақ,Кен иесі-қожайынға біз ұнасақ.

Бөлінбей бірге жүрсек осы жерде,Бір амал табармыз дейм қайтар елге.

Ол үшін жақсы істеп, əр түн, əр күн,Кірейік сеніміне Гуйянь-Гандың.

Page 207: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 207 –

Алтынның суға ақса, бір бүртігі,Ашуланып, күн бермес күндіз-түні.

Пендені көрмейсіңдер сараң бұдан,Алтынды артық көрген адамыңнан.

Алтынды шайқағандаа ағызбастан,Жақсылап іс істейік қажымастан.

Алтындың парқын білген кереметтен,Жыландар кенді жерді мекен еткен..

Шаққанын мүрт кетірген улы айдаһар,Күзетер алтын кенді етіп қаһар.

Бағалап əділдігін кенішіне,«Əзиз» дер жыландарды ел іші де.

Шағуға оңтайланып, дайындалган,Дəл осы у жыландай, біздің Гуйянь.

Уына жыландардың əлде қанша,Күшті дейді уы оның шаға қалса.

Шақтырып алмау үшін мұндан ары,Өз ара «Əзиз» дейік Гуйянь-ганды.

Бірігіп жұдырықтай болып бір қол,Бауырлар бөтен елде болмайық қор.

Ұнатып, барлығымыз қуанғаннан,Басшымыз болсын дедік – Нүзүп балуан.

Гуйяньның осы күннен атын өңдеп,Өз ара атап қалдық Азиз хан деп,

Page 208: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 208 –

Гуйяньның өзінде бұл сөз жетті,Ел ішіне кеңінен тарап кетти.

Нүзүптің естігенде қойған атын,Гуйянь-Ган ашуланбай болған мақұл.

Бұл есім ұнағанынын жасырмастан,Нүзүпті шақырттырып деп сырласқан:

«Азиз деп ат қойыпсың, бағаң тура,Келіссең шарт қоямын атқаруға.

Жылан да тиген жанды гана шагат,Тыныш жүр,кетем деме мені алдап.

Қашам деп ойлама сен өз еліңе,Қаласың біржолата алтын кенде.

Өзіңе лайық үйді берем бөліп,Аласың, күң қыздарды, таңдап-көріп.

Талабым жəне шартым қойган саган – Ақ істеп, адал қызмет жаса маған».

«Жоқ, болмас» деп айтқандай талапқа бұл,Айла жоқ көнеді да еріксіз құл!

Салыңқы қабағы пəс, ренішті,,Шақырып сонда мені сыр бөлісті.

Жалтаңдап, қибыжықтап, қызарақтап,Қыйналып, сөзін айтты өзін ақтап:

«Зер қалқа, мен Құлтаңның құлы едім, Қайтейін ауыр екен жолым менің.

Page 209: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 209 –

Қызысың хан тұқымы – қаны таза,Қас дұшпанға кезігіп, баспа, жаза.

Қорғауға сені басқа жол таба алмай,Болмасын жаман күн деп əлде қандай.

Айлам жоқ, айтып жатам, көріп жақын,Ханышам, дұрыс көрсең, болсай мақұл.

Асуын бұл тұрмыстың бірге асайық,Қол ұстасып, екеуміз бас қосайық, .

Тұз бұйырып, нəсіп болса – Атамекен, Туған жер дəмі-суын татар ма екем?

Бұйырса, бөтен жердің топырағын,Өлерде жастап оны отырармын.

Айтарым осы менің, көнсең тілге,Көрейік басқа түскен күнді бірге.

Шарам жоқ көрмей тұрмын басқа жолды,Зер еркем, кемсінтпеші ақсақ құлды.

«Жоқ» деуге шамам қайда, амалым жоқ,Таянар адамым жоқ, қамалым жоқ.

Жан тəтті, өлуге оны қия алмадым,Жауабым – қамын көрү жан айланың.

Осылай, тағдырыма бас тосқанмын,Қанағат деп Нүзүпке бас қосқанмын.

Бар болған, қайырымы бұл жалганның – Сені таптым, асылым, күнім, Наарым.

Page 210: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 210 –

Біліп ал, нағашы атаң – аты Обоз,Хан болған өзі күшті, өзі сабаз.

Ұлдары – үлкен үйден Нойғыт, Қыпшақ,Бақыты асып-тасып тұрған бұл шақ.

Біз болсақ, туылғанбыз Зеби күңнен,Нарқы кем, құрметі аз – кіші үйден.

Ал, бірақ егескенді аямаған,Əбден өктем болатын Құлтан ағам.

Қос тізгінін басқаға қақтырмаған,Қошемет қылғандарды жақтырмаған.

Бермеген беттегенін, өжер, көкбет,Білгендер алдын тоспай, өткен шеттеп.

Бағалап, мінез-құлқын өжер, өктем, Хан Обоз еш уақытта емес сөккен.

Ол түгіл үйленерде келіп уағы,Əкесі сындырмаған оның сағын.

Жер кезіп таңдап жүріп өзі алған,Қалыңдық Тұл-Бикесін – арғындардан.

Арғынның Жəңгір ханы, алпыс асқан,Жар берген жалғыз қызын бауыр басқан.

Мəпелеп, ер баладан артық баққан,Үйренген атқа мініп, садақ тартқан.

Шаштары қырық бөлініп, бір өрілген,Жайдары келбетінен нұр төгілген.

Page 211: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 211 –

Ақылы сулулықпен жарасып бір,Қараған көз ала алмас қарасып бір.

Қылығы əкесінің шерін жазып,Далада ер мінезді, үйде нəзік.

Ұрыста садақ тартқан жез жебеменҮйінде тігіс тіккен теменемен.

Жанында ағамыздың құп жарасып,Сұқтанып, алыс-жақын көп қарасып.

Ағамыз аңға шықса, үйде қалған,Жау келсе, қосақталып, бірге аттанған.

Жұбай емес, бірге егіз жаралғандай,Жетелесіп жүретін ажырамай.

Бақыт құсы тұрмайтын сенде əрдайым,«Бірі кем дүние» екен бұл жалғаның.

Сыртына сыр алдырмай күлсе дағы,Тууы кешең тартып жүрсе дағы.

Тұл Бике жүрген кезде уайым шегіп,Тұс болдық қиын күнге сонша не қып.

О, Тəңір! Тірі жүр ме жалғыз ағам,Ол аман болса менде болмас арман.

Ел-жерге үлкейгенде жетелеген,Наары қыз, сені еркек болса дегем.

Наары деп туған жердің атын қойган,Əкеңе кен-тас құлап, қаза болған.

Page 212: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 212 –

Тұс болар қандай тұрмыс тағдырыңа,Үзілді менен үміт – барлығы да!»-

Осылай көрген күнін сорлы апам,Баяндап ызаларын болды қапа...

Əкеме Азиз берген кепешікте,Екеуміз күн кешкенбіз, ептеп-септеп.

Біреулер назарына ілмесін деп,Бейшара апам қылған – бір əрекет.

Ботала бойдан қойып жуындырмай,Үстіме қойған еді көңіл бұрмай.

Апам бір күн – кір жуып, отын жағып,Жатқанмын жуған кірін сілкіп, кағып,

Жайғалы ұмтылғанда жіпті тартып,Атшаң біреу қарап тұр көзін артып.

«Киінтсе, пері қызы келместей тең,Бейшара, таза қанды перзент бе екен?

Шой-Бо сыншы ұнатса тапқанымды,Аңсаған ойым онда атқарылды.

Аянбай мал тартуын Сянь-Фань берер,Өмірім таршылықсыз жақсы өтер...»-

Оылай міңгірлеген, анау атшаң,Асығыс жау қуғандай түсті аттан,

Апама жақын барып, өз тілімен,Қолын жаңсап мен жаққа шүлдірлеген:

Page 213: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 213 –

«Күң қатын, мынау бір қыз сенікі ме,Жоқ əлде бағары жоқ, бір жетім бе?

Əмірім – кім болмасын бұл қыз саған,Мінгестір қарсылықсыз əзір маған.

Төледім қыздың құнын иеңергеҚолуңнан, ей, сорлы əйел, келері не?

Шыңғырып, шатақ шығар, өкір, бақыр,Қаласаң жаныңды қи, мүрт кет қазір.

Бəрібір бұл қызыңды алып, кетем,Нені көздеп келсем мен сөзсіз жетем».

Біреудің бар екенін тұрған аңдып,Білдіріп, белгі беріп, қасын қағып,

Ашулы, жаңсап қамшы, қол көтеріп, Апама былай деді тоқ етері:

«Осы қыз Шой-Бомызға қалса жағып,Қаны бір өз еліңнің ұлы алып,

Нанып қой, боларына ұлы тойдың,Ырысы тола болар, біліп қойғын.

Бір сарбаз күң əйелден тартып алған,Ал одан перзентсіз хан бағып алған.

Бір мінез, ақыл-есті, жап-жас ұлан,Жылама, бейшара күң, бұған қуан!

Тіле сен одан гөрі сорлы қатын,Сыншыға Шой-Бо деген қызың жақсын.

Page 214: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 214 –

Баласыз жарым патша, аты Сянь-Фань, Ол мені жақын көрер жатырластан.

Байқаймын, таза қанды асыл жансыз,Сондықтан, сырласуға келдім жалғыз.

«Мəңғілік доспыз» деген досым Сянь-Фань, «Бір қыз тап таза қанды» деп сұранған.

Өйткені жалғыз ұлын бағып алған,Үйлентпек ұрғашыға өз қанынан.

Сыншыға Шой-Бо деген қызың жақса,Жолды боп, еркек тана бала тапса.

Сол кезде барлығыңның тілектерің,Орындалар өзі-ақ реттеліп.

Хан досым осы сырды саған ашқан,Өтінген білмесін деп бөлек бір жан.

Айтқаным, мəңгі өзіммен бірге кетер,,Ал саған көп күттірген бақыт жетер.

Өзегің өрттенсе да, сорлы, шыда,Өзгеге сыр алдырмас үшін, жыла.

«Құдайым, барған жерден бағын аш» - деп,Қызыңды мінгестіргін атыма əкеп».

Күңдерге сатып алған қоспай мені,Жүйрікке мінгестіріп ұзай берді…

Атамыз Сянь-Фань менен Хомо-Хэнің,Жатқан жерін жайлы етіп Бұрқан берсін.

Page 215: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 215 –

Осылай Сауға жігіт тапқан мені,Екеуміз тауып алдық, бүйтіп сені.

Атымды Наар деген қойса атам,Ал сені Алтынай деп, мен атағам.

Жерігім ұстағанда – шошып атаң,«Қызыңның атын қойшы» деп сұраған.

Мəңгілік орын алған шексіз көктен,Сүйсініп, толған айга нұрын төккен.

Бақыты толған айдай, кемтігі жоқ,Ырысы мөлт-қалт толған, пейілі тоқ,

Ассын деп алтыннан да асылдығың,Алтынай деген атты қойдым, қызым.

Жеріктік ұстағаны қорқытпаса,Ат қоймақ екен əкең өзі саған.

«Сүйеніш болсын қызым ұлымдай!» деп,Қоймақ екен атыңды – Ұлымай деп.

Қуаныш, бір өкініш билеп бойды,Сансыз ой тыныштықты бермей қойды.

Мен үшін ұл ма, қыз ба бірдей керек.Бірақ сол мазасыздық болды себеп.

Сол бойдан бас көтермей төсегімнен,Өмір сүріп жатқаным – бір ғана сен.

Көтеріп ауыр жүгін тағдыр артқан,Құтылмай шоқпыт киген құлшылықтан.

Page 216: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 216 –

Көрместен туған жерін қаны тамғанАта-анам өтіп кетті бұл жалғаннан. Бұйырса, туған жердің топырағы шын,Ұмытпа, Шылабаның ұрпағысың.

Əкемді жеріп жүрме тегі құл деп,Сыйлағай, ар-намысты елдік ұл деп.

Сүйгендей Атажұртын Нүзүп балуан, Сүйіссе – тарқағандар қырық рудан.

Қорланып басқыншыға тұтқындалмай,Жатпақпыз туған жерде көңіліміз жай.

Туылғам Зер қызынан Обоз ханның,Нағашы атаң Құлтаңды ұмытпағын.

Нағашым аман-есен болса жүрген, Зер, Наардың дəрегін айт, өзің білген.

Өзіңе тілегенім Көк-Тəңірден –Саған берсін бақытты біз жетпеген!».

…Апакем сырласқан соң, көп күн өтпей,Көз жұмды, сырқаты оның бас көтертпей».

Page 217: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 217 –

ЕРТЕ АЯҚТАЛҒАН БАЛАЛЫҚ«Апамнан айрылғанда алтыда едім,Ақылым жетілмеген қалпымда едім.

Əкеме артық түйсік берген екем,Ардағым, азабымды көрген екен.

Қасымнан қарыс шықпай күні-түні,Жыласам, қоса шығып мұңды үні.

Иіскелеп, сүйіп, қысып бауырына,Жатқызды ұйықтап қалсам құшағында.

Кей күні Егіз Көлді бойлар едік,Қайғымызды ұмытып, ойнар едік.

Тентектігім ұстағанда байқатпастан,Тастарға жасырынам мен атамнан.

Əкешім қорқып қатты мені іздеп,Ал мен болсам, тасадан күлуші ем тек.

Ардағым, қайран əкем, қорқар шындап,Көзінен ағып жасы «Алтынайлап».

Жығылып шаршап қалса, əлі кетіп,Əкеме жанұшыра барам жетіп.

Page 218: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 218 –

Құшақтап, бірде күліп, бірде жылап,Былай деп айтушы еді мені қарап:

«Қорқамын, ойнасаң сен, ары қашып,Кетер деп су перісі ала қашып.

Жүрегім зу дей түсер, кішкентайым,Айырылып, сенен енді мен қалмайын».

Дегенде қызарақтап қаламын да,Ұмытам аздан кейін,баламын да.

Қайталап тентектікті сансыз рет,Көл бойлап жүгіретін атам іздеп.

Мен күліп, қорққанынан жылап атам,Бəрі де қайталанар,қайра бастан.

Бір түйір ішімізге сыр жасырмай,Жүреміз əрқашан да сырласып-ай.

Атакем ойдағысын айтып толық,Есейіп, бойға жеттім сырлас болып.

Тарттырдым, əбігерді – есеп жетпес,Солардың бірі əлі естен кетпес.

Асқынған еркеліктен, көкбеттеніп,Əкемді қыйнаппын мен тентектеніп.

Анығы кім, не үшін жоқ есімде,Өкпелеп сол қылыққа бардым неге?

Есіме сақталыпты, сол – ойымда,Бар еді құлама жар көл бойында.

Page 219: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 219 –

Қырына осы жардың шығып алғам,Құлап төмен кетуге бір аз қалғам.

Бірақ та өз уағында жетіп атам,Ажалдың құшағынан суырып алған.

Есімде, сол қылыққа алып барған,Бейауыз сөзі күңнің түнде айтқан.

Білмеппін өлімнің мен не екенін,Жанына кеткім келіп апакемнің.

Əкем жоқ, əйтеуір бір ісі шығып,Жолаушылап, алысқа кеткен ығып.

Мезгілде сол бір түні көз ілінер,Белгісіз күш басқарып сезімді бір.

Қалтырап қол-аяғым, бүкіл денем,Көрінді райы суық кіндік шешем.

Бұл əйел біздің үйге келеген бұрын,Хомо-Хэ əкелгенде күң мен құлын.

Дөп келіп көңілдері сол күндерден,Сыңарлас егіздердей бірге жүрген.

Бір үйде бірге болып апам менен,Қайғысын-қуанышын бөліскен тең.

Ай-күні жетіп апам босанғанда.Жүрсе керек іс жасап осы маңда.

Жарыққа келгенімде алып жерден,Кіндік шешем – ол менің, өмір берген.

Page 220: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 220 –

Айналып, мың толғанып, кіндік шешем,Мəпелеп бақты мені жылдар неше.

Ал енді апакемнен айырылғанда,Сол шешем ана болды ана орнына.

Бұл анам қатері мол осы түнде,Азғырды сезімімде білмейм, неге?

Білмеймін не жақпады-ұнамады,Сол күні ұзақ-ұзақ жылағанмын.

Жалынып, кіндік шешем жұбата алмай,Мен тұрдым өксуімді тоқтата алмай.

Шақырып, күң əйелді: «Қарап тұр,»-деп,Апам кеткен далаға бір нəрсе іздеп.

Күшейтіп, жерді теуіп, одан сайын.«Апамды тауып кел!»-деп мен жылайын,

Сондағы күң қатынның долыланған,Кетпейді айтқан сөзі құлағымнан:

«Жылама, көкбет жетім, шешең өлген,Бойына Егіз Көлдің оны көмген.

Перілер, жарық шашқан айлы түнде,Анаңды кеткен алып көл түбіне».

Тиылып, көздегі жас, келіп шамам,,Сұрадым, күң əйелден: «Қалай табам?».

Сол кезде кіндік шешем кіріп келді,Суланып, ұзын, əсем кірпіктері.

Page 221: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 221 –

Аймалап, құшағына алып мені,Ұстатты қолдарыма бір нəрсені.

Бұйымды жасаттырған көркөм қылып,Байқатпай, күң əйел де кеткен шығып.

Ұмытып жаңағы айтқан оның сөзін, Алаңсыз ойыншықта болды көзім.

Төрт бұрыш əшкейлі сандықшада,Сан түсті əсем зат бар жұмыртқадай.

Асыл таспен көмкеріп, шетін буған,Жарқырап, сандық іші түске алуан.

Ақырын қол тигізсең – «жұмыртқадан»,Естілер керемет үн құбылжыған.

Нəп-нəзік мұңды əуен шыққан сыңсып,Дауысына анашымның тұрды ұқсап.

Беріліп, сырлы үнге тыңдап жатып,Түпсіз терең ұйқыға кеткем батып.

Оянсам отырыпты, атам қарап,Ойланып, самайымды,сылап-тарап.

«Жарығым, ояндың ба, көзіңді аш,Жуынып, əл жинайық, ішейік ас.

Сейілдеп көл жиекке, құмды басып,Жүре ғой, келейікші, көңілді ашып».

…Тез аққан өзен суын төмен бойлап.Секіріп тастан – тасқа қарғып, ойнап.

Page 222: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 222 –

Атакем болды бала ойнап-күліп,Ол – атым, мен – жауынгер алған мініп.

Ұмытып, қайғы-мұңның бар екенін,Ұмытып, бұл дүниенің тар екенін.

Шалқыған кең дүниеде – екеу гана,Қуысып ойнап жүрген əке-бала!

Уақыт қандай жылдам мұндай кезде,Қалыпты күн түс болып леп-лезде.

Ол ойын тағы қанша көп жалғаспақ,«Алтынай» деген қатты үнді ұқпасақ.

Ап-аппақ үлбіреген ақ көйлекшең,ақ жаулығы желбіреп, тəбішкешең.

Алыстан бізді қарап тұрған екен.Ажары атқан таңдай, кіндік шешем

Ақ қайыңға майысқан желге ырғалып,Жақындады жанына мың бұралып.

Көтерген түйіншегін қойып тасқа,Қол бұлғап, шақырады тамақ-асқа.

«Алтынай, қарның ашты, келші, жаным,Пісірген апакеңнің жеші нанын.

Шығар деп су сорған соң қарыны ашқан,Сендерге ас əкелдім буға басқан».

Шешемнің мейірім төккен осы үні,Есіме салды дереу кешегіні.

Page 223: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 223 –

Алаулап, от шашқандай бар денеме,Жалт бұрылып тіктедім атакеме.

Ол болса назар салмай баласына,Есі ауып, қарап қапты анашыма.

Əлдебір сезім билеп екеуін де,Тұрды олар қалың ойдың жетегінде.

Қарады бір-біріне сыйластықпен,Ілтифат салып қатты қимастықпен.

Шығарды естерінен мені мүлдем,Ыңғайсыз күйді кештім, тартылып дем.

Өзімді керек емес қалдым сезіп,Ар жаққа байқатпастан кеттім кезіп.

Таусылып бойымдағы барлық төзім,Есіме түсті айтқан күңнің сөзі.

Қарайып, кеткендей боп күнім құлап,Жүгірдім жар басына оқтай зулап.

Қырына жардың сонда шығып алғам,Апама жетеріме сəл-ақ қалғам.

Үлгеріп, қалмағанда атам ұстап,Көлге мəңгі кетпекпін бойым тастап.

Ол күні еш кім маған сөйлей алмай,Ешкімге тіл қатуға дітім бармай.

Тұнжырап өз ойыммен өзім болып,Бұлқынған жүрегіме қайғы толып.

Page 224: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 224 –

Өкініп, есіме алып қылығымды, Ауыр жүк басып тұрды иығымды.

Бірақ кейін ондағы ағаттығым,Өміріме кейінгі сабақ мығым.

Əкемді қинамайм деп бұдан бастап,Ант бердім еркелікті жиып тастап.

Мəз-мейрам балалықпен, тəтті сəтпен, Осылай қоштасыппын, ерте, əттең.

Ойласаң, ертеңіңе ой жеткен бе?Айналдым бірер жылда бойжеткенге.

Тереңдеп көзқарасым, ақыл-ойым, Айттырмай атакемнің білдім ойын.

Қыз болдым өте пысық жəне сергек,Əкеме қызмет еттім, болып елпек.

Атамның байқап-қарап қас-қабағын,Келмейді ешуақытта жасқап алғым.

Баяғы тірліктен соң, күнə менде,Кетті өзгеріп əкемнің мінезі де.

Көрмедім, туды бізге бір басқа күн,Кіндік шешем əкеммен сырласқанын.

От шашқан мөлдір көзі жалындаған,Өшті да, қабақ-қасы қалыңдаған.

Жамалын жарқыраған жазғы күндөй,Бұлт басып, жадырап бір қалды күлмей.

Page 225: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 225 –

Жат болып айналасы, оқшау мүлде,Жан болды жалғыздықта өмір сүрген,

Ал, бірақ маған деген ақ пейілі,Сақталды,ықыласы, бар мейірі.

Қараңды кетіп қал да батыр деген,Апамды «көл түбінде жатыр» деген,

білмеймін, күң əйелдің не болғанын,Сол күнден кейін оны көрмей қалдым.

Ал маған болды өрнек сол қылығым,Есеюге түрткілеп олқылығым.

Тигізген қатты əсері – жаман одан, Тұйык мінез боп қалды атам содан.

Отырып көл бойында жылы кұмда,Көп көрдім шомылғанын қайғы-мұңға.

Ондайда байқатпастан артқы жақтан,Сөзіне құлақ салам айтып жатқан:

«Егер де Алтынайым болса еркек,Туған жер қайда екенін іздеп көрмек.

Онда мен Атажұрттан хабар ал деп,Керуенге қосар едім шабарман деп.

Əкелсе туған жердің топырағын,Қуаныштан жүрегім жарылар мың.

Бір иіскеп, рахаттансам мауқым қанып,Содан соң мейлі кетсін Тəңір алып.

Page 226: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 226 –

Жүректің одан басқа əмірі жоқ,Кетпекпін бұл дүниеден көңілім тоқ!

Қыз болып қалмады ма, Алтынайым,Қайтейін іште арман қалды дəйім.

Тəңірім, сұранамын, жалынам мен,Бақытын жалғызымның молынан бер.

Ұзын-ұзақ өмір бер тұрмысында,Құт дарытып, зор етші ырысын да!»-

Деп əкем қолын жайып бата қылып,Дем алмай біраз уақыт қалар тынып.

Содан соң алар еді өксіп-өксіп,Мен дағы қиналушы ем мұны көріп.

Əкемнің болсайшы деп тілегені,Тəтті қыял баурайтын жүрегімді.

Ой бөлісіп, сыр ашпайм бөлек жанға,Сырласарым, жақыным əкем ғана.

Апакем, əжем, жеңгем – бір ғана адам,Ол – атам, неге онда мұңға батам.

Атамның сырын білем ымдағанда-ай,Жаңылу боп қалғанын менде қандай.

Айтпастан бір ауыз сөз сыртқа артықбас,Оң-терісі білінер қозғалса қас.

Еркімді мұқалтпады еркін қойып,Ес кірді, тентектікті өзім жойып.

Page 227: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 227 –

Тұрмыста ешнəрсеге келмейтін тең,Жанымда атам болса – бұл дүние кең.

Ай-жылдар зырлап өтті домаланып, Əкемнің арманы артты қордаланып.

Аташым еркек перзент аңсап еді,Үлкейіп туған жерге барса қане.

Менде де, аяудан ба кəріп жанды,Өзімше ой жүгірту қалыптанды.

Атама көрінбестен аулақ ықтап,Келемін көңілім босап, жылап-сықтап.

Əкемнің арманына дауа іздеп,Жүремін күндіз-түні жауап іздеп.

Қолымды көкке созып, Көк Тəңірден,Өтінем жақсы тілек таңсəріден:

«О, Тəңірім, тауып алсам еркек бала,Əкеме болар еді сыйлық дара.

Əкешім өмір бойы күткен алдан,Болар еді арманы орындалған».

Осылай артта қалып балалығым,Ақыр кіріп, азайды шалалығым.

Жақсы мен жамандықты ажыратқан, Он беске келді жасым жалын атқан.

Дүркіреп, тұла бойым кейбір кезде,Əр түрлі қиял келер кейде лезде.

Page 228: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 228 –

Осындай толқынданған сəттерімде,Ой түсер көңілімнің дəптеріне:

«Егер де Егіз Көлге барар болсаң,Жетерсің тілегіңе болған сарсаң»

Өзгеше, ай толғанда, жағалауға –тылсым күш тартып мені мазалауда.

Ай өтіп, əр бір тоғыс келген сайын,Ол сезім атамда да болар дəйім.

Атам да əбіржуін сездірместен,Артымнан қарап жүрер білдірместен.

Не керек, ай толғанда көл жиекке,Барып тұру айналды бір əдетке.

Күткендей жағалауда біреу мені,Апам ба? Көл пірі ме? Білмейм тегі.

Шыдай алмай біреулер шақырғандай,Жөнеймін Егіз Көлге жаным қалмай.

Көрем да қиялымда нəрестені,Келеді құшып оны əлпештегім.

Осылай армандаумен ұл баланы,Тəтті үміт өн бойымды шырмап алды». ***...Жылдыздар жымыңдайды тұнып көкте,Ол күні толған айда нұрын төккен.

Мазалап баяғыдай тылсым сезім,Қоярға жер таппастай өзімді-өзім.

Page 229: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 229 –

Киініп көлге кеттім, өзім жалғыз,Гүлдеген мезгіл еді суда жалбыз.

Толықсып айдын нұры ерітер жан,Аңқыған жалбыз исі сергітер тəн.

Ай-жұлдыз көркем, ғажап, керім нендей,Нұрлары əсем жіп пе керілгендей.

Самсаған нұрлы жіптер көл бетінде,Керемет ірең беріп келбетіне.

Ертегі дүниесіне аттанғандай,Денемді нұр-шұғыла матап алды-ай.

Сан алуан Нұр шұғыланың ағымымен,Көл үстінде қайықтай қалқып келем.

Керіліп көл бетінен көкті қарай,Нұр шұғыла-алты бақан тербелді жай.

Көңілім көтеріліп көкке өрлеп,Көйлегімді көлдегі толқын кернеп.

Түсірген Ай-жұлдыздан арқан таңып,Əткеншек тебудемін рахаттанып.

Суға түскен Нұр жіптен арқан қылып,Бір жас ұлан жарқ етті таң қалдырып.

Бірақ та, шошымадым ол ұланнан,Сұрамадым шықтың деп, тіпті, қайдан.

Су бетінде зымырап асыр салдым,Жүргендей жер бетінде басып адым.

Page 230: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 230 –

Уақыттың қанша өткенін шамаламай,Бір кезде келіп жеттік жағалауға.

Бөлініп көп Шұғыладан құм үстіне, Бір Шұғыла сусып түсті көл үстіне.

Аяғым тақалғанда жерге тиіп,Есіме келдім сонда ақыл жиып.

О, Тəңірім, не боп кетті, ол кім өзі?Бауыркер, мейірім толған тұнық көзі?

Көргендей өте жақын танысымды,Мен неге жатырқамай қол ұсындым. жау

Жауап іздеп ондаған сұрауларға,Отырдым құм шұқылап жағалауда.

Жаныма жақын келіп, бұл жас ұлан,Жағымды дауысымен сыбырлаған:

«Ерке қыз, ару, тұнық Алтынайым,Сендегі болған тілек маған аян.

Адамдар неменеге Жарық Нұрды, Атарын «Ару Көл» деп ұғып тұршы.

Жалғанда өмір сүрген адалдықпен,Періге айналады əйел біткен.

Көңілін кірлетпеген тірі адамның,Көк мойын көгөршіні кеңəлемнің.

Ай мен Шолпан тоғысқан Айлы түнде,Келеді көгөршіндер «Ару-Көлге».

Page 231: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 231 –

Көгершін көйлектерін шешіп олар,Ап-аппақ денелерін суға малар.

Перілердің көз жасы тамар мұнда,«Ару Көл» қасиетті болар сонда.

Тең бөліп армандының қайғы-зарын,Нұр перілер көз жасын ағызар мың.

Көз жасы маржандарға айланғанда,Арулық қасиетер болар пайда.

Міне сол көз жасына перілердін,Қосылған зарлы жасың сенің де бір.

Бірігіп маржанына перілердің,Атқарылмақ болып тұр тілегенің.

Ай, Шолпан тоғысатын осы түнді,Күтті олар, келеріңнің сенің білді.

Тілекті əр бір адам тілеп жүрер,Бəріне жібімейді бұл перілер.

Ұрпақтан – ұрпаққа өткен сенікіндей,Мұң-зарды табу кыйын тең келердей.

Атажұрт – кіндік кескен туган жерді,Атаңыз барлық заттан артық көрді.

Тілеумен асыл тілек Жаратқаннан,Көп адам өтіп кетті бұл жалғаннан.

Түсініп-түсінбестен тілек жөнін,Сен дағы кішкенеңден тілеп келдің,

Page 232: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 232 –

Арманда зарлап өтіп кеткендердің,Атаңнын, оны менен бірге сенің,

зарлаған тілегіңер орындалар,Тоғысы Ай, Шолпанның келді болар.

Егерде адамзаттың зар тілегі,Еріте алған болса перілерді,

Жалғауға ұрпағыңды асыл текті,Бір пері қияр жанын қасиетті.

Иіткен ниет-көңілін перілердің,Ішінде кірі жоқ қыз, бүгін сенің.

Орындап тілегіңді тілеп келген,Аспандағы өмірден бас тарттым мен.

Тартуы перілердін берген саған. Туасың он ай өтіп еркек ұлан.

Ойланба, ару бойдан жүрерсің сен,Өзіңді мəңгіліктен күтемін мен.

Көк мойын ақ кептерді көруші ме ең,Əуелеп жүрген ұшып көл шетінде?

Алтынай, сол ақ кептер мына менмін,Өзіңді əр қырсықтан сақтап келдім.

Əздектеп Ару Көлді кішкенеңнен,Əр уақыт көл бойына келетін ең.

Бір бөліп несібеңді балықтармен,Бір жедің тоқашыңды алып келген.

Page 233: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 233 –

Ал енді есейгеннен бері қарай, Сыр шерттің көлге келіп талай-талай.

Көлдегі жанды-жансыз барлық затты, Жақынындай есептедің адамзаттың.

Байқамай перілерге қосылдың да, Олардың болып қалдың досы мұнда.

Қуаныш-қайғыңды да тең бөлеміз,Өзіңді өзібізбен тең көреміз.

Менімен кездесуді аңсағанда,Табасың, боламын мен осы маңда.

Қоштасайық, таң да атты, келем кейінКиімін ақ кептердің киінейін.

Ай, Шолпан тоғысында келген ұшып,Кептерлер кейін қайтар жолға түсіп.

Бір ғана ақ кептерге көк мойынды,Бірге ұшып кетпеуі үшін шек қойылды.

Айналып, кетпейді ол Ару-Көлден,Ажырау мүмкін емес оған сенен».

Көл үстін таң алдында тұманданып,Жас ұлан алыстауда сағымданып.

Таң қалып көздерімді ашып-жұмдым,Түсім бе, не өңім бе – білмей тұрдым.

Сипалап өн бойымды, үсті – басты,Ұстап көріп, бұл не деп қатты састым.

Page 234: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 234 –

Ауырмайды еш жерім, ояу екем,Ал онда бұл керемет немене екен?

Ширалып, тұла бойым, қайнап қаным,Жас ұланның артынан айқайладым:

«Білмеймін сүйінем бе, өкінем бе?Кетпеші! Түсіндірші? Өтінем мен!

Айтқаның болса болар ең маңызды,Білмеймін не істерімді, мен жалғызбын?

Мен оны қайтіп туам, қайтіп бағам,Дəл қазір не етемін, қайда барам?!

Жүгірдім артына еріп жас ұланның,Қорыққаннан екі көзден жас бұланды.

Көл үстінде буланып сағым ұшқан,Жағымды үн естілді ұлан-құстан:

«Алтынай, əкеңе айт, жасырмастан,Басқа жанға бұл сырды асырмастан.

Сабырлы, қайратты бол, ойлан жақсы,Басыңа енді сенің бақ қонбақшы.

Ұмытпай бір нəрсені жүрші дəйім,Кіндік шеше болады Үрүлайым.

Айланы ақылдассаң атаң табар, Баланы Үрүлайым апаң бағар.

Ай-күнің толған кезде босанарсың,Есімін қоюға оның асықпа тым.

Page 235: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 235 –

Жүргенде жақындарың, жұрт қуана, Атын қояр жер кезген қарт дуана».

Аяқтай алмай қалды сөзін ұлан,Таң атып, шыға келді күн қызарған.

Дал болып жағалауд суды кешем, Сол кезде келіп қалды кіндік шешем.

Сырласпай жүрген едік көптен бері,Құшақтасып, жыласып, төктік шерді.

Естіген, көргенімнің ине-жібін,Қалдырмай баяндадым бірде-бірін.

Құшақтап,құшып сүйіп, қысып қатты,Кіндік шешем өз ойын былай айтты:

«Жарығым, шошыма сен – жақсы баян,Тəңірім берген екен өзіңе аян.

Қуанттың айтып маған жақсы хабар,Көксеген бар тілегің қабыл болар.

Атаңа қызым, енді, жүр барайық,Болғанын болғандай қып ақтарайық».

Апама дедім сонда толқынданған,Бойымды игеріп ап, салқын қанды:

«Апаке, сіз жөнеңіз, барам кейін,Ақ кептер қайра келсе сөйлесейін».

Мен қалдым, жалғыз кетті кіндік апам,Бара жатып айтқаны болып қапа:

Page 236: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 236 –

«О, Тəңір, бұл бергенің қандай жаза,Қыз да болса Алтынай, жалғыз бала.

Қыздарың некесіз-ақ босанды деп,Дұшпандар өсек айтар сақтаған кек.

Атасы бұл мазақтан қалар өліп,Жүрмейік ол байғұсты ерте көміп.

О, Тəңір, бұл сынақты жеңеміз бе?Осынша жүкті арттың неге бізге!

Мен болсам қолдан келген берем жəрдем,Қартайып, тайғанымша қадер-əлден.

Бірақ та, қазір бізге оңай емес,Киелі Көл, айтшы ақыл, берші кеңес.»

Бір сыры толқынданып байқалғанмен,Егіз Көл үн қатпады шайқалғанмен.

Көп ойланып мен жайлы кіндік шешем,Мынадай бір байламға келді неше:

«Амалды табайыншы пайдалы бір,Бəлеге тұс болмайық қайдағы бір.

Ертерек ауыл жаққа тез қайтайық,Атасына бірінші мен айтайын.

Ашуын алар болса, менен алар,Ойланып, таразыға сосын салар».

Осындай келіп шешем тыянаққа,Бармақшы болды бұрын атам жаққа.

Page 237: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 237 –

Ал мені ауыр ойлар қинап жатты,Сол кезде кіндік шешем мынаны айтты:

«Алтынай, болған істің мəні-жайын,Атаңа тура көрсең, мен айтайын.

Сен енді күте тұршы сабыр сақтап,Əкеңмен сөйлесейін өзім нақтап».

Арыда қарап тұрған мейірлене,Əкеміз айтты бір сөз пейілдене:

«Бір сыр бар байқап тұрмын көздеріңнен,Жасырмаңдар білейін өздеріңнен».

Сол кезде шыдай алмай кеттім жасып,Өзім-ақ бар сырымды төктім ашып:

«Апам да бар ішінде перілердің,Жамандыққа қимастыр мені дедім.

Кім өзгертер жазуын пешененің.Билігі күшті адам иелер мені.

Əйел жолы жіңішке, болар ма тар,Қайтейін, сол адамға болармын жар.

«Тəуекел» деймін дағы тағдырыма,Амалсыз көнем өмір салмағына.

Түсірмей намысымды бұл жалғанда, Атаке, ұялтпаймын, болма, арманда.

Атаке, не істесем, айтшы анықтап,Арымызды қаламыз таза сақтап.

Page 238: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 238 –

Бұйырса, біз тілеген ұл баламыз,Өскенде Атажұртты бір табармыз.

Туған жер тұзы тартса бір жетерміз,Мүмкін біз барлығымыз, бір кетерміз.

Атаке тұс болсақ да қандай күнге,Түспеңіз ешуақытта əбігерге. Жүрексініп, ертеңге қапа болма,Жекпе-жекке аттанам, қару қамда!».

Page 239: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 239 –

* * *...Көрінген ту шоқыда биік қаран,Ол – Айкөл майдан жаққа дүрбі салған.

Тең ойлап жақсысын да, жаманын да,Тəңірім, медет бол деп аманына.

Аяғын сезіп енді бұл ұрыстың,Қалшылдап, дене бойы мың құрыссын.

Уланған айбалтадан алған жара,Сыздатып шыдатпайды қыр арқада.

Сонда да көңіл бөлмей жарақатқа,Айкөлдің барлық діті майдан жақта.

Ұрыстың жүрісін де талдап-екшеп,Бір кезде өткен күнді кетті еңсеп...

Шегініп, артқа қанша белес өтті,Хан Манас Алманбетті елестетті.

Page 240: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 240 –

ҰЛЫ ХАННЫҢ СЫНАҒЫОл түні кірпік ілмей атқанша таң,Апакем сырын ашты жасырмастан.

Апамның сол түндегі ашқан маған,Айкөл Шердің көп сырын айтам саған.

Ол түні Шоң-Бежінден келгем сасып,Өйткені хат жіберген апам жазып:

«Жалғызым, хан ордада бір күн қалма,Көзімді көрмей қалып арман қылма.

Аурумын көптен бері төсек тартып,Отырма хан тағына сұғыңды артып.

Хатымды алар замат, бері аттан,Өзіңе мен айтатын аманат бар.

Ол жақта абайлап жүр дұшпаның мол,Байқатпай қас адамдар салмасын қол.

Өзіңе хат апарған кіндік шешең,Күн кейпінде көрінген болып мешел.

Торығып, жанын түйіп, шүберекке,Жүрген жан жарайм ба деп бір керекке.

Page 241: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 241 –

Өмірін сақтау міндет оның дағы,Бірге қайт, хатын алсаң қолындағы».

Апамның алғаннан соң жазған хатын,Бөгелмей бір күн түгіл шай қайнатым.

Аттанғам хан ордаға бүлік салып,Қырық жігіт, сақшыларын қырып салып.

Бір ғана Жаратқандын жазуы-ай,Өмірін шешеміздің сақтай алмай.

Денесін Үрүлайым апакемнің,Өңгеріп Сарыалама ала келдім.

Сол күннен де бір арман іште қалған,Жок еді хан ордада зұлым Хэ-Ган.

Жетпепті қу түлкінің шын ажалы,Ордадан алыс кетіп қалған жаны.

Жай тасын, қырық шыбығын дуаланған,Жарар деп бір керекке қоса алғам.

Атымның ауыздығын шешіп, желіп,Əкемнін хандығына келдім жетіп.

Апамның отауына бардым кіріп,Бас иіп, қытайларша тізе бүгіп.

Ашулы, өктем, биік, дəрменімен,Апамның үні шықты пəрмен берген:

«Түзу тұр, тізе бүкпес біздің халық,Тəңірге тəубе қылар ниет салып.

Page 242: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 242 –

Бір ғана Тəңіріне басып иер,Тек сонда басы еңкейіп жерге тиер.

Болмаса, еркек түгіл əйел адам,Бұл жосықты жасаса болар жаман.

Айқасқан дұшпаныңның қаны тиіп,Киімің былғаныпты тұрған киіп.

Шешініп, суға түс те, тазалан, бар!Жуылсын, дұшпаныңнан аққан қандар.

Қайра кел, ашам саған, сырды терең,Неше жыл көкірегімде болған шемен».

Түсіне алмай мəнісін болған істің,Аулақта, бақ ішінде суға түстім.

Апама өкпелеу ме, таң қалу ма,Болмаса, құр намысқа алдану ма?

Білмеймін, қайсысы оның басымырақ,Болып тұр істің жайы жасырынбақ.

Осынша аралықтан келсем дегдіп,Тықсырды апам неге мені жер қып.

Көнгенмін жас кезімнен тізе бүгіп,Жүгініп, сəлем берем басым иіп.

Апама бұрын бүйтсем бөтен болмай,Ал қазір не себептен өте орай?

Дүрбіген сезіміме дауа таппай,Бүдемік сұрауларға жауап таппай.

Page 243: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 243 –

Жуынып, киімімді таза киіп,Отауға қайта кірдім басым иіп.

Отырмай төсегіне əуелгідей,Апам да күткен екен кəдуəлгідей.

Орнынан қопалаңдап тұрды ұшып,Иіскелеп маңдайымнан, жатты құшып.

өкпемді байқап қалып, сезген өңді,Мейірленіп, асықпай жай сөйледі:

«Бойыңда əлі де бар шикіөкпелік,Жүрме сен ашуымды тым көп көріп.

Сені мен тумадым ба, Нұрперіден,Қайтсек де, тегің бөлек біздің елден.

Зар болған қаранына туған елдін – бір уыс топырағына туған жердің.

Тілегі – іске аспаған ата-ананың,Жалғызы сенің анаң, білсең жаным.

Жат жерде олардан тыс қырық руың,Арманда өтті жылап неше буын.

Таусылмас, айлап-жылдап айтса дағы,Тұтқында көрген азап, запылары.

Шабылған Ата-жұрты алыс қалып,Шинтайлар1 алып келген кісен салып.________________

1Шинтайлар - қытайлар.

Page 244: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 244 –

Ханзада, бекзадалар асыл текті,Құл болды, қорлық көріп, жасып кетті.

Қорланған сол елдегі бір ұлының,Қалдырған тұяғысың, құлынысың.

Көксеген тілегіне жеткізбестен,Күйікте, қайғы-зармен өтіп кеткен.

Сүйегі жатта қалған сорлы елдің,Жеткізу тілегіне – парызың сенің.

Парызды өтесін деп Жаратқаннан,Өзіңді зарлап жүріп тілеп алғам.

Ағызып ащы жасын, ел сағынған,Арманда, асыл жандар болды құрбан.

Акырғы құрбандығы – кіндік шешең,Ол дағы өмір бойы жүрді неше.

Қайтсын деп бір ұрпағы жоқ дегенде,Қараны көзден ұшқан туған елге.

Қарағым, саған айтар сырым терең,Тізбектеп бəрін бастан айтып берем».

. . . Осылай сыр шертісіп ұзын түні,Шығардық ана-бала бір бітімді.

Ант бердім сөзін ұғып анашымның,Табуға туған жерін нағашымның.

Ескеру өте қыйын осы кешті,Ақырғы айтылар сөз өтіп кетті.

Page 245: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 245 –

Оны мен бұрынырақ бергем айтып,Бала кезін апамның жүрген қайтіп.

Бұл сырды сол түндегі маған айтқан,Қалғанын жалғастырып саған айтам.

Құлақ сол, Айкөл досым, ана-бала,Айтысқан сол түндегі сырларына.

«Айттым ғой Нұрперіден туылғам деп,Жалғызым, арам ойлап, сақтама кек.

Тұп-тұнық ару таза тілегімнің,Сен маған сыйлығысың перілердің.

Онда мен бар болғаны он бестемін,Қорыққаннан дір-дір етіп көп сестендім.

Сол кезде жігер беріп Ақкептерім,Қорқуды одан кейін еш сезбедім.

Əкемнің боп-боз өңі айла кеткен,Күресуге түрткі боп қайрат еткен.

Жас төгіп, қол қусырып отырмастан,Өзіме өзім бұйырдым: –«ЖАУҒА АТТАН!..». . . Егіз Көлде қасыма апамды алып,Əр қашан күтуші едік таңды барып.

Бір айла осы жерден табылардай,Бақытқа Кие Көлден жолығардай.

Жиекке ұрған толқын аяғынан,Көрінер сағымданып баяғы ұлан.

Page 246: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 246 –

Даусымен сыңғырлаған қоңыраудай,Таң сəріде сөз айтар бізге мұндай:

«Əзірлен, күшті жина, дұшпан келер,Айқасар жауың мықты, күшті жеңер.

Өжет бол, өктем де бол, қайтпа кері,Өзіңе өзің дем бер, атта ілгері.

Бас иіп айдағанға, мойын берме,Жігер қос, сарбаздардың жігеріне.

Зор ханның босағасың қорықпай атта,Басынтып, сыр бермеңдер пейілі жатқа.

Тəн берсін жаужүректік, ерлігіңе,Туылар перзентіңнің шерлігіне.

Сынаған анаң Наарды Шой-Бо сыншы,Бұл сапар сені сынар мұны білші.

Ол білер туарыңды қабылан шер,Қол бастап, ту көтерер теңдессіз ер.

Ол саған жəрдем берер білдірместен,Жақсы болар сен дағы сыннан өтсең.

Жаныңда бірге болсын кіндік шешең,Ордаға бірге барсын сені менен.

Қалғанын табыстай бер тағдырыңа,Көрерсің не жазылса маңдайыңа!».

...Сол күннен осы күнге аян алып,Келемін бар нəрсеге даярланып.

Page 247: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 247 –

* * *

Ол күні келдік кеш тым жағалауға,Көл ашулы, бізді, əлде, жатырқауда.

Бір болған кішкенемнен Ару Көлдің,Мұншалық түнергенің алғаш көрдім.

Сонда да жақсы хабар сұрап тұрдым,Тулаған толқындарға құлақ түрдім.

Шапшыған биік толқын қырларынан,Торығып, былай деді пері ұлан:

«Алдағы қайқы белес бұдыр тасты,Атайды ел əуел бастан «Қалмақ асты».

Көрдің бе, бұрылысынан шыққан шаңды,Бұрылған біз тарапқа көп атшаңды?

Ауылға орағытып олар барар,Əр үйге топалаңды бүлік салар.

Тұмсықты айнал дағы тезірек кет,Аналар келгенше сен үйіңе жет.

Киініп сауыт-сайман, жарақ алып,Ұрыс сал қан майданға тіке барып.

Олжалы болар сенің бұл шабысың,Қорғайсың атажұрттың ар-намысын.

Жеңесің, көл еркесі, қайратты бол,Тік шаншып жауларыңды жайратып мол».

Page 248: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 248 –

Шалқыған биік толқын көбік шашып,соғады жағалауды асып-тасып,

алдынан атшаңдардың жолын тосып,гүрілдеп үрейлентер дауыс қосып.

Ескертті етеңгіні толқын тасып,«Ап» дейтін айдаһардай аузын ашып.

«Келгенде көл жиегі болса тыныш,Қам жеме, тірлігің де болар дұрыс.

Егер Көл көпіршісе долыланып,Қауіп бар, жүрме онда қапы қалып».

Осы сөз есте қалған бала күннен,Мəнісін осы жолы əрең білгем.

Маған емес дұшпанға долыланып,Ару Көл ашуланды орғып-қарғып.

Асуда ұйытқыған қою шаңнан,Асыға шауып шықты бір топ атшаң.

Қоштастым қимасам да Ару Көлмен,Ыстық жас ыршып түсті мөлт-мөлт көзден.

Жиекте алтын құмды сырып шайпап,Тұнық су аяғымды ұрып шайқап.

Ару Көл қош айтысты əйбат керім,Жып-жылы лебі үрлеп, қайрат беріп.

. . . Қарысып қолдарымыз бек ұстасқан,Зуылдап жетіп бардық айтқан тұсқа.

Page 249: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 249 –

Тұмсықтан төте жолдан шыға беріп,Кездестік дуанаға қойған керіп.

Керілген төрт қазыққа қарт адамды,Көргенде көңіліміз орталанды.

Жанына екеуміз тең жетіп барып,Жарыса сұрау бердік өте налып:

– Күнəң не, мұндай жаза тартатындай?Қайыспен байлап сапты бататындай».

– Сасқандай түрлерің бар, мен сорлыға,Бөгелмей түсіңдерші жолдарыңа!

Қынынан суырдым да наркескенді,Байлаған қайыстарды төрт-бес бөлдім.

Екеуміз екі жақтан сүйеп-таяп,Тұрғыздық байғұс шалды əбден аяп.

Қан жүгіріп бойына, көңілін демдеп,Сөйледі бізге қарап сəл кемсеңдеп:

«Балдарым, кімдерсіңдер, айтшы жайың,Босаттыңдар болады енді уайым.

Бəлесін бастарыңа үймеңдерші,Жаланың жалынына күймеңдерші.

Сезімім алдамаса қазір мені,Жарығым божамалдап тұрмын сені.

Алыстан іздеп келген мені арнайы,Сенбісің, Суп-Унг дəудің Алтынайы?»

Page 250: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 250 –

Таңқалып дуананың сөздеріне,Үңіліп оттай жанған көздеріне:

«Сіз кімсіз? Танисыз ба, əкемізді?Іздер деп неге ағашқа сізді керді?

Келуге мұқтаж қылған бізді іздепҚандай шарт айтыңызшы, қандай себеп?».

Маңызды бір тапсырма беріп маған,Жіберген Шой-Бо сыншы Суп-Унг шааға.

Бір ғана Суп-Унг шааға айтқын деген,Көрінбей бөтен көзге қайтқын деген.

Сырымды айтып берер замат саған,Тақтаусыз кету керек артқа маған.

. . . Қысқаша бір баянды айтып берем,Өзектес ол баяным өзің менен . . .

Жыл емес ғасырларды алмастырған,Жарықта өмір сүрген ер данышпан.

Ел құрап, ұшы-қыйырсыз иелік еткен,Фарсы, Ұрым таң қалған – ғажап неткен.

Ер жүрек, ақылға бай, күшті, ерікті,Құрайды есімі оның үш əріпті.

Əлемде адалдықпен даңқы қалған,Уыз деп аты шыққан ақылман хан.

Ұрпағы қырық əйелден тез тараған,Қырық рулы ел болады жер қаптаған.

Page 251: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 251 –

Мастанып қара қарын тоқтығынан,Ырыс таяр ынтымақ жоқтығынан.

Өз ара жанжалдасып, бағы ауған,Жау шауып, қирап қалар қалың жаудан.

Қолыңды, саусағыңды, көрші қызым,Бес түрлі олар – бірі қысқа, бірі ұзын.

Бірігіп алақанға білек болар,Шынтақ та осы кезде күшке толар.

Дəл осы қолдарыңның саласындай,Қырық рулы ел,осы күні аз осындай.

Бас қосып, бірнешеуі бір ел болды,Білектей ҚЫРҒЫЗ деген атқа қонды.

Талай жыл ғұмыр кешкен қирағанша,Жыл жылжып, ғасыр өткен əлдеқанша.

Тараған сол қырықтан бір тайпа жан,Əдемі қала салған - аты Əндіжан.

Шағын шаһар керуен жол түйісінде,Ел қараған құмартып, тым сүйсіне.

Қарсы тұрып бере алмай жапқан жауға,Тізе бүкті бұл шаһар сұрап сауға.

Қала елі қызыл қанға боялғанда,Иелік тиді қанқор Лоян ханға.

Байлығы – салық болған елді құртқан,Тəкаппар сезінеді өзін Бұрқан.

Page 252: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 252 –

Тек қана көр дүниеге көзін тігіп,Ақылынан айырылған көзі бітіп,

Саусақтай алақанға кұйылысқан,Уыс ел əр рудан ұйымдасқан.Бірігіп, жігіттерін жиып мықты,Лоянды Əндіжаннан қуып шықты.

Бұрыттар бас көтеріп алған екен,Қырғынды Лоян – Ганға салған екен.

Қойнына қызыл шақа ұлын тығып,Лоян Ган өз еліне қашты бұғып.

Иелік бір кездегі тастап кеткен,Ескіріп, қорған қыйрап, тозып біткен.

Ол жерде ержеткенше бөлтірігі,Алауке бас қалқалап, жүрді тірі.

Қызыл шақа баласы аман қалған,Қырғи болды мұзбалақ көкжал алған.

Өскен соң тəбеті артып, қозды ұлы,Жан-жағына көрсетіп озбырлығын.

Əкесі Лоян-Ганға жақын жанның,Гуяньның алтын кенін тартып алды.

Болысып ұяласқа Ұлы Хə-Ган,Өткізбек əйел затын шуатудан.

Жарлығын Хə-Ган ханның мөрін басқан,Жер-жерге жар салуда сан шабарман.

Page 253: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 253 –

Қытайда оңтүстігін, солтүстігін,Сарбаздар шапқылайды көрмей тыным.

Мəнісі шуатудың міне мұнда:Хə-Гандың кенже інісі Гуянь Ханға,

У жатыр1 ұрғашыны іздеп табу,Некелеп, ол сұлудан тұқым алу.

Некесі бар-жоғына қарамастан,Əйелдер өткерілер шуатудан:

«Ортасы он үш жас пен отыз үштің,Өту керек қыз-қатын қалмай ешкім.

Болмайды хан жарлығын атқармасқа,Ондай жан асылады дар ағашқа».

Хə-Ганның кенже інісі Гуянь-ганды,Азиз деп бұрыт біткен атаған-ды.

Алпыстай некелі əйел, сансыз күңің,Бірі де ақтамады Хан үмітін.

Зар болып сол уақытта бір балаға,Жинаған жарлық беріп елді ордаға.

Көрсем дер жай ғана бір перзент емес,Ер ұлды өскен кезде жан теңелмес.

«Қу бас!» - деп қорлар дəйім, етіп құқай,Қанқор ұлы Лоян-Ганның – Гай-Юань-Тхай.___________________

1У жатыр - жатырына ер бала бітетін деген мағынада.

Page 254: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 254 –

Тең келер Гай-Юань-Тхайға бала туар,Əйелді жаңылмастан тапса бұлар.

Қырық сыншы көз салады мұнарадан,Арнайы құрған мұны бұл арадан.

Сянь-Фанға бір кездерде антын берген,Шой-Бо сыншы қырық сыншыға төбел екен.

Асырап Суп-Унг шааны баққан əбден,Мезгілі жеткен кезде бермек жəрдем.

Уақыты келді келді дейді қам көрүге,Ұлы іске басын байлап – бəз кешуге.

Кешсін деп ағымы тез тау дариясын,Қолында нəзік гүлі бүр байласын.

Жетердей ел-жеріне көзден ұшқан,Туылу керек сенен батыр қыран.

Міне осы атқарсам мен тапсырманы,Тхайдың іске аспайды жасырғаны.

Сұрауыңа жауап айтам жаңа берген,Төрт қазыққа өлсін деп неге керген.

Тұтқынның көп екенін бұл тарапта,Қанқор Қалша біледі əр уақта.

Дəл осы тұтқандардан тапқан тұрақ,Туылар деп болжайды қыран ұрпақ.

Байқатпай сондықтан да тыңшылары,Жерлеріне сіңеді, қыстырылады.

Page 255: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 255 –

Жасырынған Нань-Тхайдың адамдары,Бетімдегі бұл қалдан танып алды.

Əнебір тұмсықтағы бұрылыстан,Аңдып жүріп, ақыры алды ұстап.

Сендердің ордаңарға жеткізбестен,Байлатып, қол-аяқты керді кісен.

Өздері барамыз деп шабарманға,Кетті шауып, келерде сендер жаңа.

Қайрылып келгенінше олар мұнда,Ізімді жоғалтармын мен табанда.

Жадымда өшпесін деп көп сақтатқан,Əкеңе – Шай-бо сыншы сəлем айтқан.

Жеткізіп, нақ айта көр, мəні-жайын,Жасасын тура пішіп, іс ыңғайын.

Өзіңе айтатұғын аманатым,Жендетке жетелетпей өзің барғын.

Жолыңды тосса олар – шауып сал да,Мұндай деп айт сөзіңді, өзің бар да:

«Шартым бар, Ұлы Хə-Ган, келдім саған,Туамын сендер күткен батыр бала.

Тең келмес ерлігіне болар батыр,Табылмайсың ешкімді оған татыр.

Тұрайын өзімше бір бөлек жерде,Тыйым сал келместей қып ешбір пенде.

Page 256: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 256 –

Жанымда өз күңдерім етсін қызмет,Сақшылар да өзімнен қылған күзет.

Артымнан тыңшы койсаң атып салам,Антыңнан тайған күні кетіп қалам.

Дəлелде мергендікті жебеңді тарт,Дəл көздеп ар жақтағы нысананы ат.

Нысана – хан тəжісі, көздеп атқың,Тайманбай тіке қарап садақ тартқын.

Жүресің көптен бері даярланып,Жарығым, шық соғысқа енді аттанып.

Егерде тілімді алса, əкең менің,Тоқтаусыз бүгін жолға аттан дедім.

Аналар ұрыс салып жатқан кезде,Тезірек бару керек Шоң-Бежінге.

Шой-Бо сыншы мүриді1 əбден сенген,Қоштасып, ізім-қайым кетті ол жерден.

Біз асығып, əкеме кездесуге,Бұрылдық қысқа жолдың төтесіне.

Уақыт кеш күз еді салқын тартқан,Əуеде бұлттар көшіп, сұрғылт аспан.

Үстінде шен-шекпені2 – сауыт киген,Атакем күтіп алды бізді бүй деп:_______________

1Мүриді - шəкірті, жігіті.2Шен-шекпені - əскер киімі.

Page 257: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 257 –

«Ел толқып, хан жендеті жер сыдырып,Жүреді топ шабарман үй қыдырып.

Сендерді не болды деп жаным тынбай,Шаптырдым сағанқарай бірнеше уудай1.

Бұрылса төте жолға келер тез деп,Өзім де шығып едім сендерді іздеп.

Болады бүгін жиын Егіз Көлде,Бəріміз жыйыламыз осы жерге . . .»

Аяғын сөйлетпестен сөзін бөліп,Əкеме қайырылдым мен жақын келіп.

Өзіміз куə болған оқиғаның,Баяндап айтып бердім мəні-жайын.

Жүзінен көзім бұрмай тік тігіліп,Сөзімді шұғыл біттім міне бүйтіп:

«Ұнай ма, ұнамай ма бұл айтқаным,Əкетай, айтқанымнан мен қайтпаймын.

Сыншының аян-сертін атқарамыз,Қазірден қалмай жолға, аттанамыз.

Жүрегім алып-ұшып екпіндеп тым,Əкемнен жауап күтпей үйге кеттім.

Артымнан кіндік шешем келді жетіп,Атаңды алдың ғой деп өкпелетіп:_______________1Уудай- оққағар.

Page 258: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 258 –

«Атаңды өкпелетіп қойдың қызым,Болмасаңшы осынша сөзге қызу.

Ақылын жидырмастан тым асығып,Сөз айттың өрескелдеу сен басынып.

Атаңның пікірін де күтіп тұрмай,Кеткенің тура емес көңіл бұрмай.

Үлкейіп, ақыл-есің кірген кезден,Шығып кете қойған жоқ есімізден.

Əкең сені мəпелеп бағып-қақты,Жақсы көрді ол сені өте қатты.

Алтынай, айтқанымды тура түсін,Еш нəрседен аянбас ол сен үшін».

Ұялып, қалдым сасып, қызарақтап,Апама мындай дедім өзімді ақтап:

«Апаке, балалығым қалмапты əлі,Өзіңе артылатын салмақ бəрі.

Əрекет еткеніммен қоя алмадым, Еркелік мінезімді жоя алмадым.

Кең пейіл, кіндік шешем, кешірімді,Əкеме айтқым келген шешімімді.

Қайтейін, əкем маған өкпеледі, Екеуміздің ойымыз дөп келмеді.

Ойламағам əкеме даттануды,Өтінгенмін жауға тез аттануды!».

Page 259: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 259 –

Қайырлып келгім келді өзімнің де,Сұрайын деп екеуінен кешірімді.

Қолымды артып шешемнің мойынына,Осылай ақтарғанмын ойымды да.

Шашымнан еркелете сипап жұмсақ,Кіндік шешем сөйледі біраз жұмсап:

«Жарығым, бұйрық келді, қосын даяр,Жігіттер де сенімді, жауға барар.

Шоң-Бежінге жол бастар атаң өзі,Əзірлен, бұл əкеңнің айтқан сөзі».

***

Шоң-Бежінге жеті күнде жетіп бардық,Олар жиын құрыпты, жиып халық.

Қалаға кіретұғын қырық дарбаза,Бекілген, ашық тұрған біреу ғана.

Дарбаза үстіндегі мұнарадан,Көз салған қырық сыншы жəне Хə-Ган.

Əйел болсын, қыз болсын, құба тұлым,Хан алдынан өтуде шұбатылып.

Қомдалған Қара Нарға қалы кілем,Үстінде – жібек шатыр, ішінде мен.

Тоқтаттым, дарбазаға таяу келіп,Шатырдың бүркеншегін баяу керіп.

Page 260: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 260 –

Үстінде Қара Нардың тіке тұрып,Мұнараға көз салдым жүзім бұрып.

Ұлы хан маған бұрып шоң сырнайын,Бұйырды түсіндір деп істің жайын.

Тік қарап, Ұлы ханға еш тайсалмай,Сөзімді ойымдағы айттым мұндай:

«Жендетке жетелетпей өзім жеттім,Ұлы хан, өзіңе бар қояр сертім . . . ».

Сөздерін түк қалдырмай дуананың,Ұлы хандан Тартынбай, айттым бəрін.

Тігіліп, Хə-Ган тұрды ұзақ қарап,Сонан Шой-Бого айтты көзін қадап:

«Сыншылыгың теңдессіз – тəн беремін,Ұқтың ба мынау қыздың не дегенін?

Айт өзің, шындық бар ма сөздерінде?Шер туам деп алдамасын көз көріне.

Шарты қандай, қалайша дəлелдейді?Ер ұланды шер əйел туар деймін.

Қыз да өнерін көрсетсін бір ғажайып,Шартын да атқарамын болса лайық.

Келерін біліпсің сен, мен де сезем,Атқармай анттан тайсаң, мойныңды үзем!».

Сол екен, Хан тəжісін көздей аттым,Жиналғанға есіттірмей сөздің артын.

Page 261: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 261 –

Жебе оғы – көмкерілген болат ұшты,Тигенде хан тəжісі жерге ұшты.

Қайталап алдында қойған шартты,Жидырмай хандың есін сөзімді айттым.

Қайырылып, қалың елге, Ұлы ханға, Мынандай сөздерімді айттым сонда:

«Дəлелдеп шерлігімді – аттым тəжді,Атамын ханның өзін бұзса уəжді.

Тоғыз ай, тоғыз күнде туам Шерді,Болмаса, Хан жазасын тартам бергі!».

Page 262: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 262 –

АЛМАНБЕТТІҢ ТУЫЛУЫАттадым хан есігін, биік парқым, Ханмен бірдей саналды менің нарқым.

Бітіріп тез арада Тас Қаланы,Білінді ханның серттен қашпаған.

Қалаға қоныстандым. Қыс түскен-ді,Болжаймын басқа қиын іс түскенін.

Жанымда, ала келгем Егіз Көлден,Кіндік шешем, қызметші қыздарыммен.

Таңдалған жасақтары жігіттердің,Күн-түндеп күзетеді қала шебін.

. . . Қыс өтіп, көктемде жер көгергенде,Шаптырдым шабарманды Егіз Көлге.

Жайқалған қос шынарды – Егіз Көлде,Тамырын солдырмастан алып кел деп:

«Оларды қорғандағы дөңге тіктір,Түбіне арық тартып, су жүгірттір.

Көгеріп, тамыр жайып, бүр байласа,Көңіліңді разы қылам не сұрасаң!»

Page 263: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 263 –

Ішімнен ырым қылғам: «Ойлағаныміске асса, қайғырмастан тыныш болайын».

Көл жақтан қос шынарды қазып келген,Қорғанның ортасына тіктірген ем.

Көргенде міне осы кереметті,Жоқ болды қуанышымның шегі-шеті.

Əкешім жетер деген тілегіне,Ару ой орнықты түп сеніміме.

Сен кейін жадыраған жаз күнінде,Туылдың қос шынардың дəл түбінде.

Тістеніп, жан кісіге сыр білдірмей,Толғаттым тоғыз күн-түн лəм-лим демей.

Қасымнан қарыс кетпей кіндік шешем,Ол да бірге қосылып азап шеккен.

Күресіп бірі іштен, бірі тыстан,Екі адам өмір үшін ұмтылысқан.

Шынарды қалқаланып, зəрем ұшып,Босандым, тоғыз күндік толғақ қысып.

Құлақтарың тесіліп, сүндеттеліп, судырыла,Қан уыстап түскенсің, жұдырығыңа.

Бұлтсыз көкшіл аспан төңкерілген,Заматта дауыл ұрып, күн бүркелген.

Жер сілкініп, қиратардай жердің үстің,Нөсерлеп, жаңбыр төкті дəл жетпіс күн.

Page 264: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 264 –

Сел жүріп, жер сілкініп, белгі берген,Осылай өзгеше бір перзент келген.

Ұлы хан беймаз боп бұл белгіден,Шой-Боға сұрау берді секемденген:

«Уа, сыншы, мүлгіп тұрған табиғаттын,Ішінде бұзылғанын бір заматтың?

Шыныңды айт, жасырмастан, не болмаса,Қаныңды ағызамын қызыл жоса!»

Біліпті Шой-Бо сыншы – сен туылып,тұрғанын аспан төрі мың құбылып.

Жуасытып Шой-Бо сыншы хан сыңайын,Айтыпты сыңарласың Манас жайын:

«Елінде бұрыттардың – құдыретті,Манас атты шер бала туды,- депті.

– Ал бірақ туылатын біздің бала,Айбаты артық одан əлде қайда.

Күтейік келер күнді, Ұлы Хə-Ган,Тəн беріп пешенеге тағдыр жазған.

Шындықты айттым ешбір жасырмастан,Шыбындай жаным пи да қате тапсаң».

«Бұл сыншы шын айтат» деп Ұлы Хə-Ган,Күмəнін ішке бүгіп, шетке қаққан.

Бішікке аты түскен Көк Аспаннан,Балалар жолы еді бұл басталған.

Page 265: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 265 –

Көрсетпей тірі жанға өткен-кеткен,Əкеме кіндік шешем сені əкеткен.

Сүтімді емшектегі суалтпасқа,Бір айла тапқан екен, іздеп басқа.

Бұл дағы өз алдынша бір хикая,Бəрін айтсам, кетеді уақыт зая.

Бір қызды босана алмай анасы өлген,Бағыпты менен бұрын кіндік шешем...

Сатылып кетсе дағы алтын кенден,Ол жаққа оқтын-оқтын барып-келген.

Сұранып, атакемнен рұхсат алып,Құл-күңмен араласқан қона-жатып.

Сағынып тағы бірде келгенінде,Тұс келді бір əйелдің өлгеніне.

«Анасын жаңа ғана бердік жерге,Баласы да өле ме енді бірге?», -

деп шулайды біле алмай не істерін,құл-күңдер қолына алып нəрестені.

Жетім қыз шешемізге жылы ұшырап, Гулян деп атын қойып алды асырап.

Мыңсулық1 Нарбота атты заты ханнан,Құл жігіт сол Нарбота атын алған.

_______________

1Мыңсу- жер аты.

Page 266: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 266 –

Үйленді Гулян қызға анам баққан,Екеуі Мажит атты перзент тапқан.

Біз көшіп келген кезде Тас Қалаға,Келген-ді əпшем-жездем, осы бала...

Қарағым, емшектессің Мəжитпен сен,Сен жоқта суалтпастан сүтімді емген.

* * *Уəде серттескен күн тым жақын-тын, Жіберіп, Нарботаны сені алдырдым.

Болжалды сын сағаты – бұйыратын,Сенің де келді күнің туылатын.

Азапты да бір рет тартпақ екем,Өзімді қатты ұстап, болдым бекем.

Ұшталған арша қазық жерге қақты,Үстіне отырғызып шапан жапты.

Қиналып, бүкіл денем, жанталасып,Жаным көзге көрінді, əптім қашып.

Қу қазық1 жерге сіңіп ұрған тастан,Жіппен байлап белімді, қуды2 басқан.

Нарбота, Гулян жəне кіндік шешем,Босантты пайдаланбай басқа еш ем.___________________________

1Қу қазық - күнге қақталған таза қазық.2Қу- күнге қақталып, құрғатылып тазатылған құрғақ шүберек не киіздің үзігі. Ашық жарадан аққан қанды тоқтатын жəне оған микроб түсірмей, ушықтырмай жа-затын нəрсе.

Page 267: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 267 –

«Сүйінші! Туылды! -деп күткен бала!»Шаптырды шабарманды Гуянь-Ганға.

Оралған жалайыққа – таза жібек,Азизге кіндік шешең берді əкеп.

Тұрса да күмəнданып, болып шекті,Жас сəбидің исі оны емірентті.

Даярлап қойған бұрын сыншылары,Есептеп туған күнін дəл шығарды.

Ел-жұртқа шектенгенін егер жайсақ,Шой-Бо сыншы жазасын болды алмақ.

«Батасын Ұлы ханның аламын деп,Той берем, Шоң Бежінге барамын»,- деп,

қамданып Азиз жолға қалдық жөнеп,өзіңді Ұлы Ханға бардық бөлеп.

Жинатып лама, кешіл, уəзірлерін,Ұлы Хан сынамаққа əзірленді:

«Саламын сын-құдыққа бұл баланы,жоқ болса, қытайларға иш арамы,

мындайда сын-құдықтан шығар аман,болмаса,құдық жұтып болар тəмам...»

Сыртыма сыр алдырмай күңіреніп,,қалтырап тізелерім, тіл күрмеліп,

жалындым Жаратқанға: «Жар бола көр,осынша азап шектім, жəрдемің бер!».

Page 268: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 268 –

Ауызы ашық, үңірейген сырлы құдық,оқталған айдаһардай түрі суық.

Ұлы Хан желкең жақтан қысып ұстап, Жіберді сол құдыққа сені тастап.

Сол кезде бір шөкім бұлт келген жосып, Түсірмей су түбіне қалды тосып.

Қалың ел болған істі аңғарысып,Қарады құдық жаққа таң қалысып.

Кешілдер, сыншылары,Үлкен Лама,Хэ-Ганды құттықтады қау-қаулана:

«Таусылмас ұлы қытай елімізге,Ту болар осы бала бəрімізге.

Ат қояйық, бата бер,Бұрхан қолда!Баланың аты болсын – Шао-Онбо...».

Сол уақытта көп ішінен бір дуана,Азиз ханға қайырылды, сөз сұрана.

Кеудеге қолын қойып, басын иіп,Сөйледі, шулап жатқан жұртты тиып:

«Гуйянь-Ган, есті жансың ақылға бай,Балаға ат қояйық аспай-саспай.

Бішікке аты түскен бұл баланың,Шарттарын дұрыс болар сақтағаның.

Азиз хан, өкінуде, сен, қалма тек,Еншілі аты баланың – ол –Алманбет!..».

Page 269: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 269 –

Дуана дереу тоқтап, қолын жайып,Заматта осы жерде болды қайып.

Жуылып, көңіл кірі Гуянь-Ганның,Жойылып шектенуі Ұлы Ханның.

Алманбет деп баланың атын қойды,Аянбай малын сойып, берді тойды.

Тоқсан күн той-думан боп Шоң Бежінде, Тойынған қалың елдің қалды есінде.

Туып берген шер ұлды, таймай анттан,қорықпастан хан тəжісін дəлдеп атқан,

əйелді арыстан мінез, тылсым сырлы,ел іші жырға қосты неше түрлі...

* * *

...Келе жаттық оралып Шоң Бежіннен,Атамның күтерін де болжап білгем.

Тас Қалаға жол кетер имектелген,Жибек шатыр тіктіріп осы жерден.

Əкем күтіп тұрыпты жол шетінде,Шаршаудың белгісі бар келбетінде.

Түн ұйқысын төрт бөліп сары уайым,Мазаланып жүріпті болмай жайы.

Құшақтап мойынымнан, шашым сылап,Атакем қуаныштан тұрды жылап.

Page 270: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 270 –

«Жарығым, Алтынайым, кыз деп сені,Жабырқап, нешен жылы кемсінткенмін.

Кешірсін Тəңір осы кесірімді,Сұраймын сенің дағы кешіруіңді.

Апаңда кесір қылған жеріп сені,Оның да қателігін кешір енді.

Туғанда Наар сонда еркек бала,Ол бала сен сыякты бола алар ма?

Билікке, көр байлыққа шіренбестенТілекті ойлар ма еді біздің естеп?

Шын сөзім – əкеңмін деп мақтанбаймынКөрсеткен ерлігіңе сөз таппаймын.

Қарағым, асқар таудай тірек болдың,Қартайғанда демеу боп керек болдың.

Кейімей кетсем болар бұл жалғаннан,Артымда ұрпақ қалды жоқ енді арман!

Арманым іске асуы болды мүмкін,Ұрпағым атажұртқа жетер бір күн.

Бір уыс туған жердің топырағы,Сенемін бейітіме қосыларын!

Жарығым, мақұл көрсе алған жарың,Кайрылып осы жерден үйге барғын.

Егіз Көл беймазалы, толқынданған,Құсалы ма, өзіңді сағынғаннан.

Page 271: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 271 –

Қолыңнан тоқаш жейтін ақ кептерің,Өзіңді талай рет іздеп келді.

Сағынды кішкентайдан өскен жерің,Асыр салып бір жүрген құрбы, теңің.

Сағындым – көп еске алам сені ойнатып,Жетелеп жүргенімді көл бойлатып.

Сыңғырлап, күліп-ойнап шапқыладың,Жығылып, жағалауда көп құладың.

Бастаған ойынымызды таң атқанда,Қайтушы едік, біте алмай күн батқанда.

Сағынғанда сол күнді аңсау артып,Кететінмін əрқашан көлге тартып.

Ару Көл сағынышымды теп-тең бөліп,Тұрғандай болушы еді жасын төгіп.

Бара кет, балалығың өткен жерге,Баяғы таңды тосар Ару Көлге.

Сағындым, құсалықтар тарасын да,Алтыным, Ару Көлге барасың ба?

Азиз Хан, ал тілімді сен де менің,Сол жаққа тез бұрғайсың көштің легін.

Азиздің тілегені іске асып,Шаттанған кезі еді көлдей тасып.

Лоян-Ган басып алған алтын кенді,Ұлы хан кайта өзіне алып берді.

Page 272: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 272 –

Азиз хан қазып-өңдеп кен қыртысын,Хэ-Ганға берді табыс – тең жартысын.

Ұлы Хан ұлыңа деп бəсіре пұл,Азизге Тянь-Ян кенін берді бүкіл.

Одан соң Лоян-Ганды шақырттырып,Айтыпты мынау сөзді бұйрық қылып:

«Көтердім ұлыңды хан кешілдерге,Өкпелеме кен берілді иесіне.

Көшіңдер кешілдердиң хандығына,Килікпеймін салған салық, байлығыңа.

Ал егер тілімді алмай өшіктірсең,Аямаймын, Əндіжанға көшірттірем.

Соншама арыстан жүрек шер болсаңдар,Бұрыттардын қуғанын ойлансаңдар.

Шашырағанған Шыйырдының тұкымы бар,Өшіңді Гуянь емес солардан ал...».

Кұтылып Гай-Юань-Тхайдан, шатағы жоқ,Гуяндың көңілі жай, пейілі тоқ.

Азиз хан риза болды барлығына,Əкемнің күткенін де алдымызда.

Қабылдап атакемнің өтінішін,Хан Азиз Егіз Көлге бұрды көшін.

Белесте “Қалмақ Асу” түстік аттан,Төменнен көл көрінді толқып жатқан.

Page 273: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 273 –

Жүрегім жұлынардай дүрсіл қағып,Өн байым алауланды оттай жанып.

Көзімнен төмен саулап жасым ыстық,Көлді барып көрмекке төмен түстік.

Қуанып, жас баладай ойнақ қағып,Алғандай қымбат затын зорға тауып,

ұмтылды, Ару Көлде атырылып,ақ бұйра толқындары сапырылып.

Киімшең мен де кеттім көлге бойлап,Құшақтап толқындарын ойнап-қунап.

«Ажырап апакемнен ерте қалғам,«Алтын Нур», апа мейірін сенен алғам...»

Қазіргі тұрысымыз – қушақтасқан,Аңсаған сағынышы тарқамастан,

тұрғандай аймаласып ана-бала,Иіскелеп бірін-бірі мауқы қана!

… Дем алу бірнеше күн Егіз Көлде,Өлшеусіз азық болды маған мүлде.

Кеш түскен. Əрнəрсе айтып отырғанбыз,Азиз Хан көңілі пəс келді жалғыз.

«Қайын ата, айтқаныңды орындадық,Қарсылық қылмасаңыз біз қайталық.

Ұлыма той берейін хандығымда,Немқұрайды қалмассыз сіз де мұнда.

Page 274: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 274 –

Шақырдым өзіңізді жөргек тойға,Біз енді аттаналық ертең жолға.

Ал енді дем алайын жол алдында,Жақсы тілек тілейік жоралғыға.

Азиз Хан шығар замат атып тұрдым,Атама мұңды қарап, көңілін бұрдым:

«Атаке, өзім барып көл жағаға,Сейілдеп барып келсем құп бола ма?

Рұхсат бер, ару көлге қош-қош дейін,Білмеймін келем қашан бұдан кейін».

«Көліңе бар,бара ғой, Алтынайым,Үрүлай,өзің қамда жолдың жайын.

Жанына Нарботаны қосып алсын,Қайтарда Алтынайды тосып алсын.

Ешқандай қам жемеңдер Алманбеттен,Қараймын мен жанынан қарыс кетпей».

... Айлы түн. Көл жиегі, құм шықырар,Арманды байғыз құстың үні ұғылар.

Мұңданып, жырлағандай зор қайғыны,Аядым жұдырықтай боз торғайды.

Торғаймен ұқсасқандай көксегенім,Отырып көл шетінде жас төгемін.

Жеңілдеп, шерім шығып, мұңым тарапШайқадым бет-жүзімді көлді карап.

Page 275: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 275 –

Ай көкте жүзіп жүрді баяғыдай,Қыз көңілі пəс мүлде адам аяғандай.

Ұйықтаған сезімімді оятардай,Толған Ай көзін қысар өте арбай.

Тұнық су күміске ұқсап жалт-жұлт етті,Ай сəулесі толқынды шарпып өтті.

Жарқырап шұғылалар сан мың түрлі,Көл үсті сұлуланды болып нұрлы.

Төгілген суға қарай Нұршұғыладан,Бөлінді мені іздеген баяғы ұлан.

Елжіреп тұла бойым, денем балқып,Қадалдым жас ұланға келген қалқып.

Күрсініп, үндеместен жақын келіп,саусағымның ұшынан ұстай беріп,

Қадалған көздеріме қарап қырын,Сөйледі нəзік үнмен жəй-ақырын:

«Зуылдап тез өтіпті жастық шағың,Құрсантпын жүрсең болды сынбай сағың,

Кешіріп бастан көпті, сана толыпҚалыпсың жасы ұлғайып ана болып.

Алтынай, ару жансың еш кірі жоқ,Əрқашан абайлап жүр, тимесін оқ.

Азиз Хан ішке тығын арамдыгын,Артыңнан салып қойған аңдығырын.

Page 276: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 276 –

Болашақ жоспарыңнан шек алдырмай,Күйеуіңе көрсет дəйім жылы рай.

Сырласып, ақылдасып, ойыңды айтсаң,Ішіндегі арам ойдан Азиз қайтсын.

Ол сендегі арулықты, сыншылықты,Айттырмай ақылға өлшеп, білер мықты.

Азизге айт, ұлыңа да айт, кеш қалмасын,Лоян-Ганның зұлымдықтан еш танбасын.

Өштескен Гай-Юань-Тхай адам жалдап,Баланы баққандарды қояр алдап.

Ұрлай ма, у бере ме, жаман ойы,Мақсаты – баламыздың көзін жою.

Бірде-бір бөтен адам жоламасын,Баланы кіндік шешең ғана бақсын.

Өткені одан басқа бірде жанға,Айт оған,сенбесіңді бақтырғанға.

Алтыға толмайынша толық жасы,Оны ешкім қөрмегені болар жаксы.

Алтыға толық жасы жеткен кезде,«Көйқапқа» сырлы оқуға берейік де.

Қорқудың керегі жоқ, Тəңір қорғар,Бешікке аты түскен – иесі қолдар.

Сыйқырлы айдаһардан есік тосқан,Сескенбей кетер өтіп тоқтамастан.

Page 277: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 277 –

Ол жерде оқу-білім мəнісі бұл – Оқытар бас-аяғы жыйырма бес жыл.

Білімге суғарады он екі жыл,Оқымысты болуға тағы алты жыл.

Мақсатпен шығаруға зейінді етіп,Жеті жыл тағы оқытар тереңдетіп.

Жетілу – ғұламаның биік шыңы,Татиды оған шəкірттің мыңнан бірі.

Бірақ та оған озып жету үшін үшін,Ғалымдар салу керек барлық күшін.

Білдіру, бірақ, Əлем құпыясын,Тек ғана Жаратқанның узипасы.

Алсын деп жақсы білім Суық Төрден,Ғылымның əр саласын үшке бөлгөн.

Əр бөлігі жеті жыл қойған шақтап, Жиырма бір жыл оқисың сабыр сақтап.

Ақырғы жеті жылдын əр бір күнін, Дəл санап, анықтаған бітер күнін.

Бітерге алты ай уақыт қалғанда ауып,Оқудан қашу керек ебін тауып.

Өйтпесе, Алмамбеттен айрыласың,Айрылып, жалғызыңнан аһ ұрарсың

Орналасқан кіндікке жақын жерде, «Күн түймелі» болады əр бір пенде.

Page 278: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 278 –

Күн нұрын осы түйме тартып тұрар,Мейірімділік, жылулық содан туар.

«Күн түймені» денеңнен салса кесіп,Жоғалады мейірімің, амал нешік.

Ол адамға ел-жер жоқ, ата-ана жоқ,Болады ол атылатын бір жанды оқ.

Оқу бітіп, шəкірттің бəрін сояр,Кіндіктегі түймені алып қояр.

Оқыған қаншама жыл қайран шəкірт,Білімді, өте күшті бірақ мəңгүрт.

Кеудеде жылулык жоқ – мұздай тоңған,Адам-оқ – тұс келгендер набыт болған.

Міндетің: оқытарсың алты айы кем, Аларсың хан көтертпей Шоң-Бежіннен.

Балаңа дəл сол мезгілде бəрін де айт,Тілегің қабыл болар – еліңе қайт.

Қош бол енді, белгі-аян беріп тұрам,Қиналса, Алманбетке жəрдем қылам...»

Ақырын бұлтқа сіңіп, сағымданып,Жас ұлан ай нұрына қалды оранып.

«Алдымда түйсікті өмір – соқтықпалы,Ұмтылсам шынға айналар жоқтың бəрі.

Атакем осыншалық күткен аңсап,Тілегіне жеткізем, жүрмей жаңсақ.

Page 279: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 279 –

Қорқа алмаймын ажалдан, барамын тік,Антымды орындаймын, болмастан шік.

Атакем жетпесе де ниетіне,Арнайы алып келіп, бейітіне,

Қосармын туған жердің топырағын,Сонда ғана тəубе деп отырармын».

Осылай Ару Көлге антымды айтып,Қоштасып көлмен, үйге кеттім қайтып...

Page 280: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 280 –

АЛМАНБЕТТИН КӨЙҚАПТА ОҚУЫ

Жалғызым, басқасына өзің куə, Сол күннен осы күнге сыр – құпия.

Жеткіншек кезден анттың жүгін артып,Келемін осынша жыл түйсік тартып.

Айналып қаранынан елдің-жердің,Жасырып іштеріне арман-кегін.

Ардақты асыл анам, арманды əкем, Ақ ниетті Үрүлайым – барлығы тең,

ел-жерін көреміз деп үміт еткен.Бірақ та, жете алмастан өтіп кеткен

Бейнесін туған жердің ұмытпастан,Жат жердің топырағын қалды жастап.

Қарағым, жетті міне мезгіл, шарты,Сен атқар, апакеңнің берген антын!..».

... Тұнжырап, айтқан кезде, осы тұстыАлманбет көпке отырды, болып сұсты.

Page 281: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 281 –

Мұңайып, көздеріне үйіріліп жас,Бұрылды Батма апама жиырып қас.

Кесемен бал қымызды кере жұтып,Толқумен сөз бастады сəл тұтығып.

Анамның нұр жүзіне əжім басқан Көз тастап, одан əрі сөз жалғасқан:

«Түйсігін аналардың – бала дегенНемен теңеп, шенейміз шамаменен?

Ана еңбегін ақтаған – мəртебе ең,Өлшесе өмірменен бола ма тең?

Жеткізіп аманатын – көзді жұмған,Айтшы, апа, бола ма бұл антта тұрған.

Көтеріп, асыл анам көрген дертін,Атқарды Ару Көлге берген сертін!

Ақырғы сөзі шыққан демі менен:«Атама топырағын əкел!»- деген...

Одан ары жалғайын, етсең төзім,Оқиға ортасында жүрдім өзім.

* * *Сол күзде алты жастан қалғам өтіпƏкем де осы күнді жүрген күтіп.

Жылына – көктем, күзде екі мəрте,«Сырлы Көйқап» есік ашар шəкіртіне.

Page 282: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 282 –

Күз келсе апарам деп оған мені,Əзірледі атакем жаздан бері.

Шыдамы кетіп күзді, күтті қатты,Бəрінен болады екен үміт тəтті.

Мақсаты – мені ие болсын деген,Білімге бірде пенде тең келмеген.

Бежінге хан көтертіп – билік құру,Ешкімге бас көтертпей билеп тұру.

Тілеген сол тілекке жету үшін,Жұмсады бар байлығын, болған күшін.

... Осылай «Суык Төрге» сапар алдық,Жол жүріп жетпіс күнде əрең бардық.

Лхаста1 қорғанында кешілдердің,Сынайды жеті күнде «не үшін елдің».

Жеті күн одан кейін асасың тау,Шыдамасаң артыңа қашасың сау.

Құрылған тау басында шепті берік,Күзетеді ламалар, кешілдері.

Ашылар деп ғажайып-құпиялар,Талай жан жетемін деп жанын қияр.

«Көйкапқа» барғандардың пейілін білген, Тыңшы көп кешілдірдің киімін киген.

_____________________

1Лхас – Тибеттің орталық қаласы

Page 283: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 283 –

Жолығар – айдаһардың кейпін киіп,Таудағы «Тұзды Көлде» тұрған биік.

Жанынан Кереметтің бір да адам,Одан ары «Көйкапқа» өте алмаған.

Шіренген хан тұқымы – «асыл басы»,менменсіп қол бастаған əскер басы,

зер жинап, дүние кезген саудагерлер,өздерін қабылан сезген неше ерлер,

салысып бала өмірін тəуекелге,Барады ғажайып жер – «Суык-Төрге».

Үш басы көлдің үстін басып тұрған,Өтеді айдаһардың сынағынан.

Бір басы ысылдайды жалын бүркіп,Денеңді құйқалайды шоқ түкіріп,

Жалындан қашып өтсе, екінші басысқырып жаңбыр төгер мұз аралас.

Қуырылып, шыжылдаған шоқта жатып,Болмаса, кетер үсіп, мұзға қатып,

Оқимын деп ғажапты аңсап барғанБалалардың сүйегі қаңсып қалган.

Денелер мұзға тоңған, отқа күйген,Тау қылып, бəрін жинап, бір жерге үйген.

Айдаһардың бір басы сүйретілген,Жұтады ол үймекті түймегімен.

Page 284: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 284 –

Егер де өткелдерден тірі қалса,Болады сонда ғана білім алса.

... Бішікке аты түскен жандар үшін,Қапталда есігі бар зор үңгірдің.

Жасырын сол есіктен өту үшін,Бас Лама шығарады өзі бітім.

Лхаста кешілдердің тұрағында,Бірінші сыннан өткен уағында.

Тексерілер түр-түсі, аты-жөні, ата-тегі,Жазуға бұрын түскен Бішіктегі.

Оң қолдың ортанында мөрін басқан,Бар болса, сыйқыр жүзік өзі таққан.

Сонда ғана Бас Лама қабыл алар,Саусағыңа мөрлі жүзік өзі салар.

Салынған сол бір жүзік саусағыңда,Жүреді өмір бойы, алсаң күна.

Тапсырып, сенім артқан кешіліне,Жеткізер ғажайыптың есігіне.

Сені ертіп барғандарға – қайра қайтып,Жолығу болмастығын кешіл айтып,

қоштасқам əкем менен дарбазадан,кіргізіп мені ішке, сыртта қалған.

Балалардан қорған іші лып-лық толған,Біреуі мен, үшеуін бөліп алған.

Page 285: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 285 –

Еш кімге кезіктірмей жүріп суыт,Үш кешіл «Суық Төрге» келді қуып.

...Ақырғы асуды асып ұйықтағанда-ай,Түс көрдім, керемет бір таң қалғандай:

Апакем тұрған екен тау басында,Ерік беріп құйылған көз жасына.

Көз жасы тау суындай ағыл-тегіл,Ағызды тасты, құмды қозғап жеңіл.

Толқыны тауды соғып сапырылған,Аспанға қайқып-шапшып, атырылған.

Жоғарыға апама жете алмаймын,Не арт жаққа, төменге кете алмаймын.

Далбасалап тұрғанымда айла кетіп,Жалаңаяқ бір дуана келді жетіп.

Ақырын сипап терлі маңдайымды,Айтты ол алдымдағы жағдайымды:

«Қарағым, ертең кеште жетесіңдер,Үңгірдің есігінен өтесіңдер.

Кіргенде есігінен – үңгір іші,Қараңғы, көзі көрмей қалар кісі.

Тұншығып, ауа жетпей, дем қысылып,Маңдайды шыпылдаған тер сыпырып,

артқа қайтқың келеді тұрып-тұрып,шығуға мүмкін емес, есікте – құлып.

Page 286: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 286 –

Аздан соң көз үйреніп қалған кезде,Үңгірде сыр жасырылған жерді ізде.

Дуалды өзің тұрған көз тұсыңды,Жік білінер тигізсең қол ұшыңды.

Итерсең бар күшіңмен ішке қарай,Ашылар сонда есік шиқылдамай.

Жарыққа кез боласың қараңғыдан,Ұмытпа, қалпыңда бол, көзің жұмған.

Жарыққа шыққаннан соң біраз барып,Көзіңді аш, залал қылмайт соңда жарық.

Əр кезде оң қол жақты таңдап алсаң,Қатарға тізген кезде оңда калсаң.

Сол кезде еш қиналмай жаңылмастан,Шығасың тұңғиықта қамалмастан.

Қарағым, ұйқтағанда келіп тұрам,Корықпай жүр əрқашанда жəрдем қылам».

Көтеріп, өрге қарай жолды кетіп,Мен өрледім, ол дағы қалды кетіп.

Айғайлап, «əкетайлап» арқасынан,Оянып, ол түсімнен шошып тұрғам.

Ертесі көз байланған кешкі іңірде,Жеткенбіз есігіне, сырлы үңгірге.

Барлығы сырлы түстей болды содан,Оң жағың таңдап жүріп, қалдым аман.

Page 287: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 287 –

Кейіннен кейігенде маған дəйім,Түсіндіріп болар істің жөні-жайын,

Түсіме дуана шал кіруші еді,Əрқашан жəрдем беріп жүруші еді.

* * *

Тұншыққан тұңғиықтан сыртқа беттей,Тұс болдым əсем жерге кереметтей.

Айнала ұшар құздар көк тіреген,Ортада тұп-тұнық көл мөлдіреген.

Сулулық – жүрегіңді тербеткенмен,Түсінбей жым-жырттықты үркер денең.

Көл бойы қалың шыққан қамыстар-тал,Ортада бір жол жатыр, жарысқан жал.

Бəрінің жаны жоқтай, соқпайды жел,Алдымда – жансыз сурет, тым-тырыс көл.

Не істеймін, өз-өзіммен кеңес құрдым,Баруды қай тарапқа білмей тұрдым.

Бір дауыс шықты ойланып тұрғанымда,Басымды жылдам артқа бұрғанымда,

Си-Баймен келе жатқан арт жағымда,Көз салдым танымаған бөтен жанға.

Құба жүз, ақылды көз, жазық иық,Қара киім бастан-аяқ алған киіп.

Page 288: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 288 –

Сонда да тірі жанды көргеніме,Қуанып шаттық кірді көкірегіме.

Жүгіндім тізе бүгіп, басымды иіп,Жүрексіп, бөтен жерге басым тиіп.

Қимылынан білініп қалмаса егер,Кісіні адам емес сүрет дегем.

Көзімен сұсты қарап сəл-пəл озды,«Кел» деген белгісі ме – қолын созды.

Таң қалып, бойды тіктеп, қипақтадым,Ұстадым ұсынған соң саусақтарын.

Жетелеп мені ол – артта Си-Бай,Үндемей бара жаттық алға қарай.

Жоғалып қорқынышты тылсым дүлей,Ашыққа шықтық сосын, қалды үрей.

Жел тербеп, шөптің басы суылдаған,Есітілді əр түрлі үн шуылдаған.

Шөліркеп келе жатқам қаным қатып,Бұлаққа көзім түсті – жатқан атып.

Сонда əлгі жетелеген сұр адамға,Сөйледім тоқтаңыз деп осы маңға:

«Сіз кімсіз? Сөйлеңізші, үн шығарып,Тоқтаймыз қайсы жерге, қайда барып?

Шөлдедім, қарным ашты, берсең рұхсат,Судан ішсем бола ма, тоқтап бір сəт?».

Page 289: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 289 –

Келбеті біраз-біраз жұмсарғансып,Еске алмай жағдайыбызды тұрған қаңсып.

Қадамын тастағанда алға қарай,Жылады еңіреп бір арттан Си-Бай:

«Үндемес, мылқаусың ба, жансың қандай?Қалдық қой шөлдегеннен баса да алмай.

Үңгірге біз үшеуміз бір кіргенбіз,неліктен енді бүйтіп бір-бірденбіз?

Ли-Чанның көзі көрмей үңгір жақта,Амалсыз ілесе алмай қалды артта.

Алдыда бара жатсың сөз айтпастан,Не болды деп мен жаққа көз салмастан.

Жетелеп мұны қолдан, маған неге,Қоймайсың бір бұрылып жоқ дегенде?».

Мылқау жанға тіл бітіп, айтты дереу:«Сендерді күтіп алмақ басқа біреу.

Үлгеріп қалса олар маған жетіп,Кетеді келген адам сен ертіп.

Алдыңнан күтер адам келмей қалса,Айтшы өзің, менің сонда күнам қанша.

Қаласаң, көп сөйлемей, ер артымнан,Əйтпесе сол үңгірге кет, артыңа.

Көрерсің жазылғанын маңдайыңа,Міндет емес оқуың, мұндай қылма.

Page 290: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 290 –

Алманбет, көңіліңе салма қаяу,Су ішер, тамақ ішер уақыт таяу».

Сөйлеспей осы бойдан жүріп жылдам,Асығып, тез-тез бастық бұрынғыдан.

Аңсаған булақ суы артта қалды,Əйтеуір, су ішпей-ақ, сусын қанды.

Жармасып бейтаныстың жетегіндеТезірек жетсек дедік жетер жерге.

Айнала көзге таныс жерге ұқсап,Келемін көз шаптырып, еске сақтап.

Қарасам, бір құз таудың төмен шетін,Көрінді тас қорғанның сөлекеті.

Қарадым арт жағыма Си-Байды іздеп,Қалыпты тым алыста жетпей бізге.

Бейтаныс сасып қарап тұс тарапты,Еңкейіп, тез-тез сөйлеп, бүйтіп айтты:

«Алманбет, əзір басқа біреу келер,Жетелеп сені менен бөліп кетер.

Үндемей еріп оған бара бер сен,Бір түнге қал деп айтса қала бер сен.

Тамақ берсе, «Тəбетім болмай тұр» де, Қорыққандай түр көрсетіп, ішпе мүлде.

Таңертең сапқа тізер барлығыңды,Сол кезде қатарға тұр ең алдыңғы.

Page 291: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 291 –

«Бұрыл» деп бірің оңға, бірің солға,Бұйрыкты берген кезде бұрыл оңға.

Жарығым, оңға бұрыл, ұмытпа сен,Өзіңе сонда ғана жолығам мен...».

Сол кезде Си-Бай арттан жетіп келді,Бейтаныс «сөйлеме» деп белгі берді.

Қорғанға аздан кейін жетіп бардық,Есігін тас қорғанның іздеп таптық.

Дыбыссыз, үңірейіп, шиқылдамай,Тас есік ішке қарай ашылды жай.

Іш жағы таң қалдырды сыртынан да,Созылған жіңішке жол тау бауырында.

Қасқайған қара жартас жылмаланған,Жартастың бауырын ойып есік салған.

Тау менен тас қорғанның ортасынан,Көз жауын алып тұрар – көл жасалған.

Мөлдіреп, балық ойнар, бұлаңдаған,Қараудан көзің тоймас кұмарланған.

Мəнерлеп, асыл таспен сан-алуан,Тас шелектер құлпырар гүл жамылған.

Мəуə ағаштар тербеліп самал желге,Жемістен аққан шырын тамар жерге.

Бұтағында құс біткен сайран салған,Тыңдаған бұлбұл үнін қайран қалған.

Page 292: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 292 –

Керемет, бұл ғажайып көріністі,Айтуға таба алмайсың сөз тиісті.

«Ғажайып» деген сөздің мəнісіне,Бойламай түсінбеуші ем əлі күнге.

Таң қалып біз тұрғанда шайқап басты,Бейтаныс жоқ боп кетті байқалмастан.

Ұмытып ашты-тоқты, шөлдегенді,Осылай көрдік бұрын көрмегенді.

Тұрғанда тастап кетіп жендет бізді,Кенеттен шыққан дауыс селт еткізді.

Киімі ұқсас болғанмен өңі басқа,Қарадық одырайып бейтанысқа.

Бидай өң, шүңірейген көз шарасы,Өтеді өңменіңнен көзқарасы.

Тағасындай аттардың сақалы имек,Сербейер жасалғандай шиді икеп.

Жорғалап, жұмсақ басып мəймеңдеген,Көрген жан алғашқыда əйел деген.

Райынан адам қорқып тітіркенер,Қарасаң тұла бойың шіміркенер.

Көздерін шүңірейген тесе тіктеп,Жіңішке үнмен сөйледі сөзін жіктеп:

«Жабылар қазір барлық жолдар мұнда,Жүріңдер, ханзада, бек, мені тыңда.

Page 293: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 293 –

Түсіңдер қызыл түсті тас жолға тез,Есікке, тау бауырында боларсың кез».

Қып-қызыл тас жол менен кеттік өрлеп,Бір уақытта тау бауырына шықтық терлеп.

Дыбыссыз, баяу жылжып, шиқылдамай,Ашылды бұл жердің де есігі жай.

Жорғалап ана адам да тез қадамдап,Ішке қарай асықты бізді бастап.

Тау іші шағылысып жылтылдаған,Ап-аппақ май тас екен сыртылдаған.

Алдымыздан көрінді бір қалашық,Аулалары бөлінгег тым жанасып.

Əр аулада əр кəсіп иесі оқып,Жиырма бір жыл тұрады білім тоқып.

Есіктің кіре беріс дəлізінде,Алғашқы түн түнерсің көзіңді іле.

«Қөйқапқа» қабылдауға осы күзде,Рұхсат беріліпті жетеумізге.

Жеті мың түсем деген талапкерден,Жетеумізді өткізген таңдап бірден.

Бір топ адам киінген қара киім,Көрсетті ең алғашқы бізге сыйын.

Аяғының ұшымен жүгіреді,Сөйлемек түгіл шықпас жұтқан демі.

Page 294: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 294 –

Біз үшін қамқорлықты көрді əбден,Жуынып, ұқсас киім кидік сəндеп.

Барлығын жейсіңдер деп қойып талап,Əкелді алдымызға түрлі тамақ.

Тəбет болмай тамақты ішіп-жеуге,Қобалжып дүрс-дүрс соғып жүрек кеуде.

Жататын орыныма кеткім келді,Алдымдағы тамақты Си-Бай жеді.

Жанаса бір-біріне қойдырылған,Еңілшек1 бірден қапқа толтырылған.

Сол екен жатар орын осы түні,Төсеуге маған тиді қаптың бірі.

Дем алдым, мазасыздау, ұйқылы-ояу,Исінен бір түтіннің басқашалау.

Ояндық алғашқы күн ертең мененБұйрықтан қатты шыққан «Тізіл!» деген.

Си-Бай оңға бұрылып, болдық бірге,Малшындық жаттығуда қара терге.

Ол кезде ойламаппын мен мəн беріп,Басқалардың кеткеніне тез өзгеріп.________________Еңілшек1 –қозықарындар мен балдырлардың шырмалып өскенінен пайда болған қарапайым шөп.Олар көбінесе қарағайлардың арасында жəне тау жармасып өседі.

Page 295: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 295 –

Мендей болып шошымай, үрейленбей,Айтқанға тез түсініп, күменденбей,

Немқұрайды бір-біріне салқын қарап,Ренжімей бөлінгенге, кетті тарап.

Өйткені, біз өткізген бірінші түн,Түрлі дəм, бас айлантқан «жұпар» түтін,

сағыну сезімінен ажыратқаналғашқы тəжірибе – іс бастатқан.

Біз осылай инемен қазып құдық,Жиырма бір жыл ғылымға басты будық.

Жеті жыл бізге берді жалпы білім,Кəсіптердің таңдадық сосын бірін.

Оқудың екінші сол бөлігінде,Си-Байдан біржолата бөліндім мен.

Кəсібі – шебер атқыш, садақ керген,Деп мақтайды:«Теңдессіз өте мерген».

Бірақ та, хан көтеріп, ел басқартпас,Жорықта – əскер құрап, қол бастатпас.

Дегенмен біліміне толмай көңілі,Кешілдер жақтырмастан жүрген өңді.

Үйренген, бізден оны бөлерімен,Əуеде қалқып жүру өнерін де.

Жаттығып, сырларына қалқып ұшу,Арнады өзіндегі барлық күшін.

Page 296: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 296 –

Біткенде оқу орнын, дəрежені иелеген,«Құралайды көзге атқан мерген» деген.

Солайша, алты ай артық ол оқыған,Сондықтан, «қазыналық»атқа қонған.

Мен болсам – əскер құрап, қол бастаушы,Шеп құрып, құрал жасап, жер барлаушы,

Ауа райын өзгертіп, қарды бүркіп,Қашатын дұшпандары, қорқып-үркіп,

алмаққа Чи-Лу-Сендің дуаларын,он төрт жылы білім жолын қуаладым.

Ажырап қалдым əлгі бес баладан,Білмедім жүргендерін қай салада.

Себебі – əр бір бөлік болар бас-бас,Кешілдердің өзі де қатынаспас.

Əр бөлік сақтар сырын құпияда,Тіпті олар кездесе алмас қапияда.

Көрінбей сейсенбіде бөтен жұртқа,Дем алады қаладан шығып сыртқа.

Оқытар бір кəсіпке үштен топтап, Біреуін əзірлейді кездейсоққа.

Қорыққаннан қалса танып естерінен,Шығармас қорған іші-шектерінен.

Ойлаймын Ли-Чанды өлген жок деп,Қиналам, бір де жолы көргем жоқ деп.

Page 297: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 297 –

Мектебінде көріпкел-абыздардың, Соқырлар да оқиды жалғыз-жарым.

Өзгеше туылатын адамдардың,Бішікке жазып қояр қадамдарын.

Ғалымдар – кең Əлемге таңдандырған,Шығады деп естігенмін соқырлардан.

Арнайы бір ілімді таңдап алған,Баланы «Үн шықпастан1» жолға салған.

Əлемнің тіке тиген жарық нұры,Үңгірде соқыр етер қарып тұрып.

Келген соң оқытады бөліп-бөліп,Бөтен жан еш уақытта келмес көріп.

Қайрадан толтырылып аққан жанар,Ұлы Лама өзінен білім алар.

Бұл сырды «Үн шықпастан» күтіп алған,Бейтаныс сырын төгіп, айтып салған.

Соғыстың өнеріне көп салалы,Оқытқан ұстаз осы көп баланы.

Түсінде аян алып дуанадан,Жəрдемін маған солай аямаған.

Қашу жолын үйретіп беріп тағлым,Құрбан болған қапыда ол беймағлұм._____________________________1 Үн шықпас– қорғанға кіргеннен кейінгі өлі тыныштыққа бөленген жер.

Page 298: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 298 –

Оқуымды бітерде оны көргем,Жан сырын маған аздап айтып берген:

«Жерімниң атын білем – Алтай деген,Бір кешіл сол Алтайдан ұрлап келген._Есімім ата-анам еншілеген,Тұқымы Шығай Ханның – Шибе деген.

Кешілдер қаншама амал қоя алдады,Сонда да сезімімді жоя алмады.

Өлтірсе орным менің толмастығың,Бұл жерден шығаруға болмастығын,

Ғылымның игере алсам терең сырын,Бұларға тиер пайдам шексіздігін,

Білген соң Ұлы Лама сыншылары,Қамады, шықпас жерге тықты бəрі.

Жарығым, қанымыз бір, аман кет сен,Қалғаның апаң айтат, мезгіл жетсе».

...Ай толып, нөсер төккен көктем күні,Ашылмақ шəй қайнамға шеп үңгірі.

Жиналып, əбден қатты даярландым,Қашқанга жердем берді Шибе ғалым

Мен қашып , дəл есіктен оны көріп,Мен үшін Шибе ғалым қалыпты өліп.

Кеткен соң сыртқа шығып – жатқа білген,Жердемі дуалардың қатты тиген...

Page 299: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 299 –

Осылай Тянь-Янга келдім қайтып,Əкеме қашқанымды бердім айтып:

«Керекті білімімді алып біткем,Аягы жаман болмақ алты ай күтсем».

Осылай алтын кенде тұрып қалдым,Қорғанын Тас-Қаланың құрып салдым.

Əкемнің Хан сарайын «Хан жайлауда»,Бұздырып, əсемдетіп салдым қайра.

Анама арнап – ап-аппақ асыл тастан, Үй салып, бөлмелерін алтындатқам.

Қазылған үңгірлерді қалған иесіз,Толтырып тас, топырақ қылдым тегіс.

Өңделген кенге жайып топырақты,Айланттым гүл бақшаға жеміс бақты.

Атамның хандығының шек-шептерін.Қайтадан оңдап, түзеп бекемдедім.

...Бір күні көз байланған кешкі іңірде,Отырғам ойға батып өз ісіммен.

Жаңартып, оңдап жүріп бұзылғанды,Білмеппін өмір мен жыл жылжығанды.

Сезілмей қас-қағымда өткен еді,Он бес жыл – қашып келген күннен бері.

Жөндеумен қаншама жыл өтті ағып,Атамның тым ескірген шаруа-бағын.

Page 300: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 300 –

Құрылыс жағындағы ісім мықты,Атамды шын пейілден қуантыпты.

Анамды да ойлап тұрдым осы сəтте,неге апам тез қартайды бір мезетте.

сырласып басқалармен емен-жарқын,күлместен жүруші еді дəйім салқын.

Елге ұқсап ойнап-күліп, жадырамай, жүргенін сұрамаппын, япырым-ай.

Атам да келіп қалып осы кезде,Тұнжыраған мен бейбақты тартты сөзге.

Page 301: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 301 –

АЗИЗ ХАННЫҢ ҚАТАЛ ТАПСЫРМАСЫ

«Ей, ұлым, сені осынша тұнжыратқан,Немене ой? Біраз болды қарап тұрам.

Келгелі анаң аттап босағамды,Қиуы кеткен ісім тез оңалды.

Жасымды бір кесірлік қылған едім,Баланы оншалықты тілемедім.

Кейіннен ағайыннан көңіл қалып,Басқа емес – бір бауырым кенді шауып,

Қасына бөлтірігін қостап алып,Кендегі құлдарыма қырғын салып,

Шапқансып қас дұшпанын алды тартып,Лоян-Ган алтын кеніме көзін артып.

Сол кезде жас орнына қаным ағып,Тіледім бір баланың зарын тартып.

Мен емес, Хə-Ган менен теңтайласып,Тəжісін басындағы түсіре атып.

Page 302: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 302 –

Серт беріп – туамын деп теңі жоқ шер,Таңдатпай – таңдап алған өзіне ер.

Білмеймін осыншалық ерлігімен,Не үшін мені ғана таңдады екен?

Көзге басар жалғызы жарым ханның,Жаратқан аямаған одан бəрін.

Қелбеті, ақыл-есі дөп келіскен,Апасы сендей ұлдың – ол періштем.

Қырық жыл бұдан ерте бас қоссақ да-ай,Сезілер кеше ғана достасқандай.

Кейітер, жүрек мұздар сөз ұқпадым,Көңілімізге ешқандай кір жұқпады.

Кей-кейде уайым жеп өкінем мен,Бір кезде мен анаңнан секемденгем...

Апаңның түнергенін – мен өзіме,Баяғы сенбеуім деп қоям күнə.

Тағы да тұнжыратқан үлкен себеп –Өлімі əкесінің болса керек.

Жанынан қымбат көрді ол əкесін,Көз жасын тыя алмай жүр əлі де – шын.

«Егіз-Көл» ата-анамнан қалған көз» деп,Жылына бір мəртебе барады іздеп.

Барғанда қалар тарқап сағынышы,Көздері оттай жайнап шағылысып.

Page 303: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 303 –

Ақылды, сен сияқты ұлды тапқанАпаңа қылапат1 сөз қайтіп айтам!

Құлыным, қартайсам да қайратым мол,Жетуге мақсатыма салдым мен жол.

Келгенше осы жасқа көрдім көпті,Тілекті іске асырар мезгіл жетті.

Биліктің дəмін таттым қолым жеткен,Қырық ханды билесем деп, арман еткем.

Қырық ханды бас көтертпей билік қылған,Теңдессіз айла-амалды Хə-Ган ағам.

Жабығып бала көрмей қартайғанша,Көз жасым көрсетпестен төктім қанша.

Бала жоқ Хə-Ганда да өз қанынан,Баланы – билігіне алмастырған.

Сыр бермей бəрімізге өз алдына,Мəміле жасар Хə-Ган көз алдыңда.

Бұйырса, қайсымызға бақ қонғанды,Баланы – қырық хандыққа хан болғанды,

Көрмекпіз төртеумізден – біреу ғана,Əрине, Хə-Ган көрсе болмақ тура.

Ал егер тағдыр бала бұйырмаса,Таңдалар орынбасар сонда ғана!_______________1Қылапат – өтірік айту, күна жабуға əрекет ету, сенбегендік.

Page 304: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 304 –

Төртеуміз бауырласпыз бір атадан,Мен, Хень-Янь, Лоян-Ган жəне Хə-Ган.

Жауласып бұрыт пенен, жер таласып,Шабысып, бірде жеңіп, бірде қашып.

Ыңғайлы етіп тіліне өздерінің,Төрт адамды атаған сөздері бұл.

Хə-Ганға Кəрі-Хан деп есім берген,Хə-Ган да мақұл болып, келісім берген.

Қанішер Лоянь-Ганды Алауке дер,Ал оның ісі де жоқ, қалауың дер.

Өлшеусіз төккен адам алау қанды,Жəне де өртегенді ұнатқан бұл.

Əр қашан жүргені үшін отты кешіп,Алауке есімі оған болған несіп.

Баласы – Гай-Юань-Тхай – Қоңырбайды,Жек көрер бұрыт біткен, ойлап қайғы.

Орнына Ұлыхандың болсам деп хан,Манжу, Лама, Шет Бежінді бір басқарған.

Мансапқор, айлакер-қу Хəнь-Ян ағам,Бұрыттан Есенхан деп атақ алған.

Ол атының жəне мұндай бар мəнісі –Есен жүр жан-жағында аға-інісі.

Баласы Бао-Хото ер көкірек,Дұшпандары атаған Бөрікөз деп.

Page 305: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 305 –

Ал мені Азиз дейді əуел бастан,Көніп бұған қалғанмын ұғып жастан.

Бұрыттар ақ жылан деп ат бергенмен,Теңеймін өзімді-өзім Шаймерденге1.

Адамды маған берген – Азиз деп ат,Үйлентіп, құлшылықтан еткем азат.

Ол кезде жетпесем де жиырмаларға,Өзімді теңегем жоқ бір де жанға.

Қыршындай жап-жас отты өткір кезім,Екі болмай, атқарылар айтқан сөзім.

Мақсаттан бас тартпағам алға қойған,Көнбегем, айтқаныма берік болғам.

Ойыма еш уақытта келген емес,Болар біреу-міреу маған теңдес.Ал сенің Нүзіп деген үлкен тағаң,Азиз деп есімімді қойған маған.

Жүрсің бе ішің ашып, қайғы-мұң жеп,Бұл неткен маған біткен тайқы өмір деп.

Жалғызбын деп өкінбе – жатырласың,Таласып билік-байлық – болар қасың.

Ал енді жалғыз болсаң – сенесің деөз басыңа, барлық іске көнесің де._______________1 Шаймерден– жігіттің пірі, қолдаушысы.

Page 306: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 306 –

Білесің қас дұшпанды баяғыдан,Жүрерсің секем алмай ағайыннан.

Байқаусыз түскен кезде шықпас орға,Білесің не болғанын сонда зорға.

Қорлықты көрмейінше бауырластан,Жүресің еш қаперсіз, көңілің аспан.

Құрсақтас бір туған да дұшпан болар,Жаныңа жақын жүріп, көзіңді ояр.

Сырттан келер жауыңа дап-даярсың,Қылар деп жамандықты сақтанарсың.

Білмейсің бірге жүрген дұшпаныңды,Білерсің бір күні ажал құшқаныңды.

Жалғызым, бір өзіңнен сұранамын,Жатырлас дұшпанымнан өшімді алғын.

Он бес жыл қайта құрып, сабап жаның,Дəл осы жатырластың жасағанын.

Жетеді, қылғанының құны толды,Жегенін қайта құсар уақыт болды.

Хə-Гандың жасы жетті – тағына мін,Лоянь-Ган, Хен-Яндардан қайтсын кегім.

Бішікке атың түскен – таққа иесісің,Біледі, таласа алмас енді ешкім.

Бергелі ақ батамды келдім саған,Ниет бұр, қабыл болсын, берген батам.

Page 307: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 307 –

Өзіңе беретұғын батам менің:«Қолдасын, жігіт пірі Шаймерденің.

Басыңа еншіленген құтың қонсын,Өмірің аққан судай ұзын болсын.

Майданда жеңілуді еш білмеген,Ақ жолтай қолбасшы бол еліңе сен!»

* * *Атамның əскерлерін біразырақ,Көбейтіп бөліктерін қойғам құрап.

Суғарып бар біліммен өзім алған,Жүрегі от əскер жиғам жас балдардан.

Соғысудың сырларын əскерлерге,Үйретіп, жаттықтырып, əбден бергем.

Мысалы, киіп алып киімін дуананың,Сызып келер дұшпанның бір алабын.

Үйреттім жеңіл дуа – күн жаудырып,Қолға түспей кетуді із жасырып,

Сарбаздарға үйреттім əдістерді,Шабуылда қолданар бар істерді.

Шабуыл қойса алда жаяу əскер,Атшаңдар арт жағынан қоршап жетер.

Найзалап, қылыштасса оң қанаты,Садақпен бұршактатар сол қанаты.

Page 308: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 308 –

Ғылым үшін инемен құдық қаздық, Жігітке жетпіс өнер етер аздық.

Жиналған əскерлерді қайта бөліп,Қалдырдық Тянь-Янда бір топ бөлік,

Мəжитті басшы қылып қалғанына, Мынандай сөздерімді айттым оған:

«Қандай күн тұс болса да əзір болғын,Əскерлер қайтарады дұшпан қолын.

Басшысың шепте қалған əскерлерге, Жаттықтыр, босаңсуға сылтау берме.

Сақтауға сен хандықты міндеттісің,Қартайды ата-анам да құрмет көрсін.

Атамның қалған кезі қартайып та,Сонда да арман шіркін ортайып па?

Жеткізу атакемді тілегіне,Бұл дүниеде міндетім, білемін мен.

Апакем барам деген Егіз Көлге,Апаммен барғым келген мен өзімде.

Атамның кеуілін қимай аттанбақпын,Ол жаққа апамды сен қостап барғын.

Ең қымбат ата-анадай Егіз Көлін,анамыз Үрүлайды, туған жерін,

бөлісіп ішкі сырын, мұңын-зарын,өзі менен бірге өскен құрбыларын,

Page 309: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 309 –

сағынды бəрін дағы елін-жерін,сен өзің алып барып, алып келгін.

Ата-анам жайлы сенен хабар алам,Хат жазып жіберіп тұр шабарманнан.

Атамнын байлықтарын тартып алған,Қайтарып бер деп айтам Лаянь-Ганға.

Келісіп, айтқаныма көнбесе егер,Амалсыз соғысуға тура келер.

Алдынан Хень-Яндың барып өтем,Ол ағам – жауым емес бөлек-бөтен.

Хень-Ян мақұл көрсе, еріп онда,Менімен бірге барар Ұлы Ханға.

Тағын да Ұлы Хе-Ган берер өзі,Бəрібір маған тимек өтсе көзі.

Ағайындық жолымен сөзге келсе,шатақсыз алтын тақтан түсіп берсе,

қартайды жақындарым биліктегі,дұрыс ғой сөзге келіп, иліккені,

қазынаның жария етем бар есебін,билікте ақылдасып кеңесемін.

Егерде əділдіктен кетсе Хə-Ган,Онда мен алтын тағын тартып алам.

Атамды тілегіне жеткізермін,Келеді басқарғын деп ерік бергім.

Page 310: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 310 –

Əскерді таңдап қойдым жолға жарар,Аттанам таңсəріде бəрі даяр.

Күндіз-түні барлап тұр жаудың жолын,Сақ болып, сақшыларды жақсы қойғын

Бір өскен қыймас досым, бір бауырдай,Қайтадан көріскенше есен болғай!».

Ұлы Ханның орнын басу мақсатында, Жолға шықтым, Мажитпен қоштастым да.

* * *Жөнедік хан сарайы – «Қос салаға»,Кешілдер орналасқан сол қалаға.

Дүмпиіп жазық алаң, кең далада,Көрінді қара тастан салған қала.

Қос ойпат тіке кеткен сайға қарайКөрінер екі қолдың саласындай.

Баурайда көрінеді бір биік бел,«Жау аспас» деп айтатын жергілікті ел.

Тігілген шоғайналар қатар-қатар,Саптағы сарбаздардай таңырқатар..

Дуаның күштерімен көзді байлап,Кешілдер өсімдігі тұрар жайнап.

Дуаланған кəдімгі шоғайналар,Бір сəтте əскерлерге ол айналар.

Page 311: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 311 –

Бұл сырды білмегендер қорқып одан,Өтуге батына алмас шек арадан.

Өткізген жиырма бір жыл «Көйқаптағы»,Мезгілде білдім небір жұмбақтарды.

Табуда «Жау аспастың» құпиясын,Білімнің көрдім сонда көп пайдасын.

Шештік те қырық дуаны кеттік өтіп,«Қос сала» үңгіріне, шепке жеттік.

Қаперсіз бір сақшыны жүрген шепте,Нарбота тұтқындады бір мезетте.

Жек көрген сақшы екен Гай-Юань бекті,Шеп жайын өз еркімен баян етті:

«Ханымыз өзіміздің елден емес,Тұқымы чин болады епке келмес.

Қызыл шақа бала мен Алауке хан,Қуғындық көріпи келген Əндіжаннан. Дəуірлеп бір кездері ғұмыр кешкен,Қорғаны қирап қалған жермен-жексен.

Ескірген сол қорғанды көп жөндеткен,Баласы үлкейгенше мекен еткен.

Есейіп, есі кіріп, болып «адам»,Өзімшілдік күшейді сұм баладан.

Немене алам десе сөзсіз алды,Алмаса жанын қоймас Лоянь-Гандын.

Page 312: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 312 –

«Бұзақы, өте қанқор, қатал досқа»,Дегені сыншылардың шықты расқа.

Күш жағынан өзгеден болып мығым,Жастайынан бастаған бұзықтығын.

Бастапты жиіркенішті қанқорлығын,Əкесінің інісінен – ұмытып қамқорлығын.

Мұрагер хан тағынының ең кенжесіГуянь-Ган – Тянь-Янда кеннің иесі.

Алтын кен атасынан мирас қалған,Сандықтан кенді ешкім таласпаған.

Он жастан өтіп-өтпей қанқор бала,Қам қөрді ағасына қол салуға.

Қөндіріп дүниеқор атасын да, Қол құрап аттаныпты Тянь-Янға.

Он бірге жасы жетіп-жетпей содан,Зорлықпен алтын кенді тартып алған.

Хандықтын елін қырды аямастан,Қорыққаннан Бежін жаққа Гуянь қашқан.

Арамдық, зорлық жасап алған байлық,Көп өтпей қанаттарын қойды қайырып.

Өжет қыз арыстандай айбатты, сес,Жасаған керемет іс адам сенбес.

«Таймаймын еш уақытта!»-антымнан деп, Түсіре хан тəжісін атқан көздеп.

Page 313: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 313 –

Айтқанын хан тарабы мақұл көрген,Азизге Шер баланы туып берген.

Кетті де, Гай-Юандар алтын кеннен,Арман ай! Орын алды бідің елден.

Қайырып алтын кенін Азиз ханға,Ұлы Хан хан көтерген оны мұнда.

Аз халық көрсете алмай көп қарсылық,Бағынып берді амалсыз басын ұрып!

Арада одан бері көп жыл өтті,Гай-Юань сыйқыршылық шекке жетті.

Қоймай-ақ сақшыларын «Жау аспасқа»,Сиқырмен қоршап алды өте алмастай.

«Жыландар кеніш жаққа келмейді» деп,Жайбарақат, уайым жемейді түк.

Күзеткен қарауылын шауып салғын,Дес бермей, қаптап кіріп басын алгын.

Ол саған опа бермес, сенсең маған Өкініп бас бармағың тістеп қалма!».

Қапыдан хабар айтпай соғыс ашу,Күшімізге сенбеуден болар қашу.

Біз сені көрген жоқпыз, орныңа бар,Ханыңа «Жау келді» деп бергін хабар.

Не жазғанын көрерміз маңдайларға,Бұйрығына тағдырдың айлаң бар ма?

Page 314: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 314 –

Қонары кімімізге дəулет құсы,Белгілі болар енді бүгін осы.

Сақшының кеткеніне əлден уақыт,Дауылпаз соғылмады, керней тартып.

Кірейік күте бермей деп қалаға, Аяңдап жақын бардық дарбазаға.

Айсыз түн. Айналада – өлі жым-жырт,Естілер емес тіпті шыққкан сыбдырт.

Дауыс шығар деп біраз күтіп тұрдық,Сыбыс жок – дарбазаны қатты ұрдық.

«Қала ма, не болмаса зираттар ма? Тірі жан бар болса егер үн қатпай ма.

Беріңдер, хандарыңа бізден хабар,Алыстан келіпті деп туысқандар

Соншама алыс жолдан аңсап келіп,Тұс болдық дарбазаға қалған бекіп.

Есітілсе айқайлаған сөздерім нақ,Дарбазаны ашыңдар өздерің-ақ!»

«Сырт» етіп дыбыс шықпай шиқылдаған, Дарбаза өзі ашылды келмей адам.

Дуаның күшін жақсы түсінсем де,Абдырап сасып қалдым мен де демде.

Тұрған соң беймəлім күш есікті ашып,Қорқынышты тыныштық тұрды басып.

Page 315: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 315 –

Калдырып көбін сыртта, əскерлерді,Таңдалған аз бөлігі бізге ерді.

Бастатып Нарботаға сарбаз алып,Ішіне кірдім қорықпай дарбазаның.

Кіргенім сол-ақ еді ішке қарай,Мыңдаған иттер үріп абалады-ай.

Топалаң, у-шу болып бүкіл əлем,Ұшырап қалғандаймыз бір бəлеге.

Бір қарыс жүре алмастан алға қарай,Əскерім тұрып қалды аңырап-ай.

Сақшылардай сап түзеп шоғайналар,Түсіндім дуа екенін, итке айналар.

Жасаған Гай-Юандын1 сиқыршысы,Қайтару қиын емес мұның күшін.

Бір уыс топырақты жерден алып,Сыйқырды буып мен де дуа салып.

Қайтадан өлі тыныштық өкім сүрді,Естідім осы кезде таныс үнді:

«Əулие Шер екенсің – көргенімде,Осындай ой ұялап көкірегімде.

Хабарды берген жоқпын сондықтан да,Себебін айт десеңіз, онда тыңда.______________1 Гай-Юань– Қоңырбайдың қысқаша есімі.

Page 316: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 316 –

Өзіңе жолыққанды Гай-ЮаннанЖасыру қалу мүмкін емес одан.

Одан жаза тапқанша, саған келіп,Тура көрдім қалсам да сенен өліп.

Сенер болсаң қосып ал қосыныңа,Сенбес болсаң қиярсың басым мына.

Жазасы сатқындықтын – бір ғана өлім,Жауына арсыз адам сатар елін.

Өзіңе сатқаным жоқ, ел-жерімді,Хан болсаң, Шоң-Бежінге ел сенікі.

Сатқаным – елім əмес, ханым үшінБұзақы хандың қанын сатам, түсін.

Қанқор хан, аямаған өз атасын,Біліңдер, еш нəрседен тайынбасын.

Атасын тақ таласып өлтіргенін,Өз көзімен көрген еді əкем менің.

Əкем де Гай-Юаннан ажал тапқан,Бұл сөздерді отыз жыл бұрын айтқан:

«Жалғызым, жан кісіге сыр ашпағын,Жалғнада тірегің жоқ жалғыз қалдың.

Өлтіріп өз əкесін ол қан жұтқан,Мен де өлермін куəгер болғандықтан.

Гай-Юанга білгеніңнен алдырма сыр,Күніңді дұшпаныңа салдырмасын» –

Page 317: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 317 –

деп атам маған сөйтіп айтты аманат,артынша Тхай ханнан болды опат.

Аттантқан хан сарайда,кішкене үйде,Гай-Юан өз əкесін о дүниеге.

«Бөтен біреу қартайғанын көрмесін деп,Менен басқа бірде жан кірмесін деп,

Отау тіктім əдейі əкеме мен,Бағып-қағып өзімді мəпелеген!»

Отыз жыл осы сөзді келеді айтып,Білерсің қанды түннің сырын қайтіп?

Əкемнің кегін қуып алу үшін,Амалсыз күн өткіздім, жетпей күшім.

Ал өзі жалғыз болса, мен де онда,Əрекет жасар едім өш алғанға.

Алпыстай адамы бар қостап жүрген,Оларға теңдес жан жоқ бұл өренде.

Ниет етіп жоқ қылам оны десең,Түбіне жететұғын бір ғана сен!

Ойлайсың туысқаным деп сен оны,Сезбейсің қазылғанын түпсіз ордың.

Жандауыш-нөкерлері қиқуласып,Өзіңді жөн сұраспай қалар басып.

Сол кезде айтқаныма көзің жетер,Бірақ та жеңер кезің өтіп кетер.

Page 318: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 318 –

Гай-Юан-Тхайдың (Қоңырбайдың) жас кезі

Page 319: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 319 –

Тілімді алғын келмейді, неге батыр?Тілазар, қанқор Тхай1, келе жатыр.

Қоспасаң қосыныңа болмасын кеш,Қор қылмай қанқор ханға, басымды кес!

Ағарып таң ағарып атып қалған,Сол кезде көлденеңдеп қорған жақтан.

Алдында, жабуы жоқ қап-қара атшаң,Таныдым Гай-Юанды келе жатқан.

Дəстүрді бұрыннан бар бұзбастан мен,Жүгініп, тізе бүгіп бердім сəлем.

Он менің сəлемімді əлік алмай,Айқайлап, айқай-шуды салды мұндай:

«Айт, тез сен, бұл қалаға менмін еге,Мақсатың қандай сенің, келдің неге?

Садаға кет, хан тұқымнан, тексіз арам,Ашылды саған қайтіп бек дарбазам?

Бар екен өз ішімде сатқын-арам,Мен оны кім болса да, сөзсіз табам.

Сатқынның анасының ішін жарам,ол жерге баласының басын салам.

Анаңнан алдап тиген Гуянь-Ганға Жүзіқара, жоқ екен айырмаң да.___________________________

1Тхай – Гай-Юан-Тхай (Қоңырбай)

Page 320: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 320 –

Əзəзіл анаңа ұқсап арбадың ба?Сақшымды, қарауылымды алдадың ба?

Шешеңнің қаншықтығын білуші ме ең?Білмесең есітіп ал оны менен.

Көл бойлап қараңғыда жалғыз жүргенҚалдайлар1 қаншықпен ойнап-күлген.

Үстіне дуананың киімін кигенКөзіне қан ұйыған, қамшы тиген.

Ақсынған сыншы Шой-Бо жүрген жуық,Ол қаншық сені содан алған туып!»

Жаласын одан əрі тыңдай алмай,Жауымның у тіліне шыдай алмай.

Тап бердім қанжығадан алып найза,Гай-Юанды бояйын деп қызыл қанға.

Ашуға алдырғаннан жазатайым,Найза ұшы омыртқадан жаза тайды.

Қыйраттым қақыратып қабырғасын, Қошқыл қан қапталына жайылғасын,

мінгені Алғара ат адамнан даАқылды, бір басқаша жаралған ба?

Жарадар иесіне төсеп жалын,Жеткізбей көрсетпестен кетті шаңын._____________Қалдайлар1 – хан тұқымына не ақ сүйектерге қатысы жоқ қарапайым халықтың өкілдері.

Page 321: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 321 –

Жаңағы есік ашқан қарауылы,Жаныма жетіп келіп айтты мұны:

«Артынан тез қуып жет Гай-Юанның!Жасағын жеткізбей Хень-Янның.

Екі жауың біріксе, кеш болар тым,Көбінен ажырайсың əскеріңнін.

Білемін қалай қарап шықты жолға,Қосып ал, көрсетейін жолды болжап.

Арқар-құлжа ойнаған төбесінде,Лхастың Ньенчен1 тауын білесің бе?

Ол тауға адам заты барар сирек,Тек кешілдер біледі жолын – ирек.

Үңгірде бар екенін қандай сырдың, Сыртынан көрген едім, білмей тұрмын.

Сығылып, құз жартастың жарығынан,Хош иісті зат шығар бұрқыраған.

Тыпылдап тамып тұрар жерге дəйім,Гай-Юан ғана біледі онын жайын.

Ол жердің білер жəне қасиетін, Жақындары Гай-Юанға бас иетін..

Сол тамған сұйықтықтан тəуіптері,Дəрі жасар аурудың тауып емін.

_____________Ньенчен 1 – Лхасқа жақын жердегі тау қырқасы.

Page 322: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 322 –

Дауасын жарасының біліп ат та,Иесін алып кетті осы жаққа.

Жазылар Гай-Юаньға жақса дəрі,Хень-Яньға кетер жөнеп одан əрі.

Сұранам, тілімді ал, осы жолы, Жеткізбей озып барып қират қолын»

Күн шыға бұйрық беріп қалың қолға,Сақшыға жол бастатып шықтық жолға.

* * *Түскен бе біз білмеген жолға ұрын,Жетіпті ол ант ұрған бізден бұрын.

Көкітіп Хень-Янды қарсы бізге,Бекініп күтіп алды жазық түзде.

Құтырған əскерлері сөзге келмей,Бастады шайқасуды мойын бермей.

Көз жетіп қастығына, көрініп жек,Қозғалды атам айтқан ішімде кек.

Сол кезде аянбастан шабуыл қойдым,Оңды-солды əскерін қырдым, жойдым.

Жапырып қаласына айдап кірдік,Қашқанын əлгі сұмның сонда білдік.

Жанына аз ғана əскер қостап алып,Қашыпты төтежолға тіке салып.

Page 323: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 323 –

«Гуяньдың арам ұлы шапты» деген,Хе-Ганьға əдейі хабар берген.

Бара жатқам Ұлы Ханға тарту жүктеп,Ойымда олар мені жақсы күтпек.

Мен сыйлап, бауырым деп келген адамҚастығын көрсетті ғой өте жаман.

Мейлі енді, Гай-Юанға өзім, бірақ,Шынында барған едім тақты сұрап.

Хень-Яньнан күткен едім əділеттік,Бауырластық сезімдер қайда кетті? Денемді муздаттырып қалтыратқан,Оянды бөтен сезім ұйықтап жатқан.

«Өзіңе жалғыздығың болар бақыт»-деп айтқан əкем сөзі келді анық.

Бұлайша қан төгіскен туысқаннан,Артық ғой қас дұшпаның қарсы шыққан.

Егер де Ұлы Хан да дəл осылай,Құшақ жаймай, алдыңнан оқ жаудырса-ай.

Ортамыз бөлінгені шындық болар,Ордасы өлгендермен қанға толар...

Тұнжырап өзім жалғыз ойға батып,Тұрғанмын шеп ішінде басым қатып.

Асығыс шабарманым шауып келді,Шабуыл шəу-жайынан хабар берді.

Page 324: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 324 –

«Аяздай суық хабар алып келдім,Айтуға тілім бармай тұр ғой, Шерім.

Əр қашан жол бастаған еш тайсалмай,Көруші ең Нарботаны өз ағаңдай.

Бао-Хотомен жекпе-жек шығып ағаң,Өмірі екеуінің де болды тəмам.

Жасатып арша табыт, жерге бердім,Қырқаға аманат деп қойып келдім.

Бітіп соғыс, бұл жерден біз кетерміз,Тянь-Янь жаққа денесін əкетерміз».

Білсем де, қайырылмасын Нарботаның,Келердей өзімді-өзім жұбатамын.

Жоғалту енді ғана ғана басталғанын,Сезгем жоқ, мұңға батып, қайран жаным.

Кейіннен жұдырықтай жүрегіммен,Қаншама жоғалтуды көрмедім мен!

О, Теңір! Кімнен ғана айрылмадым,Білместен жүрегімде қайғы барын,

жатты олар мұздай жердің құшағында,жүрермін ұмытпастан мен сағына!

...Арулап əскерлерді құрбан болған,Бетке алып Шоң-Бежінді шықтық жолға.

Алыстан шеп көрінді сағымданып,Жақындап бара бердік біз таңданып.

Page 325: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 325 –

Қырық жерден қырық дарбаза есік қойып, Қытайлар дуал құрған тастан ойып.

Əскерлер күзетеді дарбазаны,Əр бірінде мыңдай бар сарбаз саны.

Алдымнан не күтеді – алтын тақ па?Шығарар бар Қытайға атақ-даңқ па?

Болмаса, күтіп тұр ма өлім мені,Атымның онда мəңгі көмілгені.

Оншалық тақты аңсаған жоқ ниетім,Атқарсам болды əкемнің өсиетін.

Əкемнің мен білгеннен қызыққаны – Билеу еді басқарып қырық ханды.

Ие болып Шоң-Бежінде1 алтын таққаАңсайтын бөленуді атақ-даңққа.

О, сұмдық, билік үшін өлу ме екен?Баласы əке қанын төгу ме екен!

Болмаса, сол билікке жету үшінСарп ету бар байлығын, болған күшін.

«Не өліп, не билікке жет» деп сонда,«Көйқапта» жиырма бір жыл оқытқан ба?

Өлтіріп бауырласын – тағын алмақ,А, бəлкім,тұқиянсыз2 болып қалмақ.____________1 Шоң-Бежін – Үлкен Пекин.2Тұқиянсыз– тұқымсыз, ұрпақсыз.

Page 326: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 326 –

Екеуінің бірі болар – біліп тұрып,Бəріне «тəуекел» деп, көзін жұмып.

Өлімге не билікке мені қойған,Əкем де айырмасыз – сондай ұлдан!

Бүдемік сөз сөйлемей дəл ғана айтқан,Əрқашан қысталыста жолды тапқан.

Кірі жоқ, тұнық ақыл Нарбота ағам,Мен сені мұндай іске шаптым құрбан.

Ал енді мұнша болды, бас тартпайын,Əзірлеген мақсатқа тік барайын.

Алдымнан тоспаса егер оқпен атып, Барғаным тура болар тарту тартып.

Ұлы хан əділеттік жасаса егер,Бəріне өкпелеуім болар бекер.

Көңілін ауыртпастан Кəрі ханның,Ойынан шыққандай-ақ іс қылармын.

Арам іс, құйтылығын ол жасаса,Ант етем, еш қайсысын аямасқа!

Page 327: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 327 –

АТАЖҰРТҚА ОРАЛУ... Қалаға көз жетпеген осынша үлкен,Жібімей ішім мұздап қарадым мен.

Быжылдап, жүріп-тұрған тұрғыны көп,Көптігі ондағы елдің самсаған шөп.

Қырық жылы соғыссаң да қырғын қылып,Қыйратып бiте алмассың елін қырып.

Жүрек айнып көп елден құжылдаған,Көзiмдегi дүрбiні бері бұрғам.

Ұрынды назарыма, жақын тұрған,Удайшы келген екен Тянь – Яньнан.

Əдейі жасалғандай əсемдетіп,Сыдырма бүрме жеңнен əрең шешіп,

үзiлмес шуатқанда жiбек жіптi,Ішінен сопаң етіп хаты шықты.

Иiлiп тағзым етіп маған берді,Именіп, хат жауабын күтті енді.

Page 328: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 328 –

Жұп-жұмсақ үлбiреген жiбек мата,Бетiне түсiрiлген сəнді таңба.

Шимайлап жан-жануар түсін салған,Жасырын белгiміз бұл басқалардан.

Суреттiң əр бірiнен сөз құрадым,Сонда мен мiне мұндай хабар алдым:

«Сағынып, сəлем айтқан Мəжит досың,Қалайсың, жан аяспас, қимас досым?

Жөнелерде өзiң берген тапсырманың,Барлығын қалдырмастан мен атқардым.

Жуырда оралғанбыз Егiз-Көлден,Бiзбен қоса кiндiк шешең бірге келген.

Барған соң дімкəстанып, сенің апаң,Кеселінен оңалмай болды қапа.

Себебiн ауруының бiлмейді ешкім,Нашарлап бара жатты өтіп күн-түн.

Ал ендi керiсінше – атакеңніңЖасарғанын сөз қылып айтады елің.

Жасара тұрған оның себебi бар,Күн санап күтер сенен жақсы хабар.

Бiз жақтың жайы осы – өзiң жақтан,Болғанды толық айтып, хабар жазсаң.

Əкешім есен-сау ма, халi қандай?Қалдырып оны мұнда, өзім бармай!

Page 329: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 329 –

Əкемнен шошып жүрем түсім жаман.Тезiрек хабарын айт шабарманнан.

Бiлесiң арманымды iшке сыймас,Анамнан айрылғанмын кезімде жас.

Қызметін көрмей ұлдың ерте кеткен,Бұл өмір кейбіреуге қатал неткен?

Құлшылық, қу тұрмыстан көрмей рахат, Мен құрсақта жатқанда болған сырқат.

Қайырымды кiндiк шешең болмағанда,Қайдан мен келмект едім бұл жалғанға.

Қарайлап байғұc əкем жалғыз маған, Үйленбей екінші рет, жар да алмаған.

Сырласып, баласынтпай кiшкенемнен, Өсiрдi үлкендердей өзiне тең.

Төсiне қатты қысып, сүйіп беттен,Төгiлтіп ащы жасын сырын шерткен:

«Айтатын саған енді уақыт жетті,Ұрпақпыз, құлыншағым, асыл текті.

Сенің бабаң – құт қонған Нарбота хан,Хан болған қырық руға аты шыккан.

Қалбота – менiң əкем кенже ұлдан,Қаптаған хас дұшпанды тұтқын қылған.

Хан тегiн жақсы бiлген Нүсiп палуан,Қырсықтан Қалботаны сақтады алуан.

Page 330: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 330 –

Қалбота – жетi-сегiз жаста екен,Келгенде тұтқындалып Зеби деген.

Босатып құлшылықтан өзi менен,Əкемдi Нүсiп палуан үйлендiрген.

Қуанып, мен туғанда бата тілеп,Атымды қойған екен Нарбота деп.

Бұл дүниеде ғана емес, о дүниеде,болмас деп екеуіңе бөлінгенге.

Аға бол, Алмамбеттi iні көр деп,Қайғысын-қуанышын бiрге бөл деп»-

Атакем бiрдей көрiп екеуміздi,Əрқашан айтушы еді осы сөздi.

Сен үшiн өзiн емес – менi құрбан,Шалуға əкем дəйім əзір тұрған.

Туылсам өз жерiмде, мекенімде,Тегiме күмəн болмақ емес мүлде.

Өйткенi ұрпағымын ханның текті,Тұтқынға түсіп қалып көрген тепкі.

Байқадың ба, сезімге батып терең,Екеуміздің тегіміз бірдей ерен!

Сендей-ақ болса қане достың бəрі,Қорлаған сөз айтпадың есiмде əлі.

Атаңды айтсам егер салыстырып,Жатушы еді əрекеті қарсы шығып.

Page 331: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 331 –

Аңдытып артымыздан тыңшыларын,Артықша бастырмайтын бiр де адым.

Тырысты жолатпауға саған бiзді,Тексерiп əрбiр сөздi, басқан iздi.

Бiз үшiн өте қиын жұмыс таңдап,Бұйырар: «Жүрiңдер деп алысырақ».

Болса да шыдай алмас əр бiр пенде,Өткіздiм өмірімнің көбiн кенде.

«Көйқаптан» келгеніңде əмірімен,Өзгердi бiздiң өмiр тамырымен.

Жаныңнан алыстамай – екеумiз тең,Күн-түнi бiрге жүрдік дос болып ең.

Атаңның аңдымастан тыңшылары,Емін-еркін күн кештік тыншып бəрі.

Ол уақыт өтiп кеттi қас-қабақта,Атаңды жеткiзем деп ой-мақсатқа.

жиналдың аттанбаққа Шоң Бежінге,атқартып мiндетiңді сен өзіме.

Қалдым мен сұрауыңды қимай мүлде,Ал, əкем саған еріп кетті бірге.

Алмамбет, уайымды маған келген,Айтайын сол түсімді аян берген.

Сол күні Егіз Көлге барып келгем, Түн ауа түйсік салған түстi көргем:

Page 332: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 332 –

Асуға бел орталап шығып алып,Қарадық артымызды назар салып.

Сұмдык-ай, топалаңды кімдер салған,Тып-тыныш калың елге артта қалған.

Аралап дүрбелеңге түскен елдi,Үлкен дəу теуіп-тепсеп екі бөлдi.

«Алманбет, бетке алып бiз тарапты,көрдүңбе аналарды?» - деймiн қатты.

Сөйткенше қарандар да жақындады,Борпылдап, жалаң аяқ басып шаңды,

Ішінен бір дуана зiкiр салып,Мұңды үн кұз жаңғыртты құлақ жарып.

Сөзiнен бірiн ұғып – бірін ұқпай,Мəнісін түсінгенде болды мұндай:

«О, Тəңір! Пендені сен жараткансың,Денесіне ыстық қан тараткансың.

Өзiңе сүйкімдi етіп, жақын көрiп Икемiн өзгешелеп, артық берiп.

Бəрiнен теңдесі жоқ – құдыретті,Зор күшсiң. Бірақ, сенен ағат кетті!

Пендеңдi артық көрiп Періштеңнен,Қас көрінді Ібіліске адам біткен.

Ібіліс от-жалыннан тарап баста,Келеді адамзатты көре алмастан,

Page 333: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 333 –

Арамза жаман iсiн жасап келді,Пендеңдi ажыратып сенен бөлді.

Адамға соймаңдатып ұзын тiлiн,Жек көрсетiп тындырды бірі-бірін.

Бүтiндi бүлiндірiп бiр заматта,Əлемді ұрындырды алапатқа.

Қол жинап пенделерден ниетi бұзық,Тiресiп жүргені оның емес түзік.

Сендегi ұрлап алып құдыреттен,Сұм шайтан өз ұрығын сеуiп кеткен.

Қара күш жердiң жүзiн қаптағанда,Арулық сасар жерді сақтағанға.

Сол кезде Арулықтың əлi келмей,Қара күш өрiс алып еш дес бермей.

Ластанып арамдыққа толған жерді,Ырыс теуiп, ар-ұяты қашқан елді.

Кешiрмей дəл сол кезде – қаһар төгiп,Жазасын тартады елжер суға шөгiп.

Қаптаған қара тұмау оттай жалмар,Қара жер шыдай алмай шарт жарылар.

Осылай күнаһар ел жермен бірге,Жарылған жер астына кетер мүлде.

Қаптаған алапаттан – жердi аман,Əрқашан сақтап қалар бiр ару жан.

Page 334: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 334 –

Менде бар қасиетті бір арулық,Ақ пейіл Перiштеңмiн жолым ұлық.

Толықсып толған Айдың нұры менен,Тоғыста Жер-Анаға түсіп келем.

Аралап жер жүзiнiң барлық бұрышын,Iздеймiн арулықтың жердегі ұшын.

Қанағат алып жалғыз бiр өзiңнен,Алғысын ұғам шыққан жүрегiңнен.

Адамнан алғыс алсам – балқыр денем,Мұңдының мұңын ұқсам жəрдем берем.

Бұл жолы Егiз-Көлдік перiлердің,Тiлегiн орындауға түсiп келдiм.

Шомылған Егiз-Көлде перi қыздар,Тiледi бiр тiлектi күтіп жылдар.

Бауырлас елін-жерiн – кие тұтқан.Зарлаған ару қыздын үнiн ұққам.

Күнəсiз нəрестенiң жасын көріп,Ағызған көз жастарын көлдей төгіп.

Дертіне аурудың дауа болар,Дайындап көл маржанын перi қыздар.

Ортақтас болып қыздың мұң-зарына,Орайды маржандарын көз жасына.

Бейшара күнəсіз қыз көп мұңайды,Мен дағы бола алмадым немқұрайды.

Page 335: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 335 –

«Тiлегiн зарлы жанның атқар» деген,Тəңiрiм, мейірімді өзiң берген.

Əкелер Шер перзенттi ел ішіне,Сол қыздың көрдім лайық еншісіне.

Тоғысар мезгiл қайта жақын қалып,Барамын кең Əлемге бағыт алып.

Көк Тəңiр, кешір əлем, күнə артпа!Тамшы қаным жер бетінде, қалды артта.

Мұңданған мұңды үні жарып көкті,Дуана кырды асып, өтiп кеттi.

Бiраз көш дуананын арт жағынан, Ілесіп келе жаткан жақын оған.

Қомдалған, ақ мақтадай аппақ атан,Үстiнде қалы кiлем алтындатқан.

Көгілдір жiбек шатыр орнатылған,Көрiндi ақ бəйбiше онда отырған.

Бір ботаны жетектеп, белін буған,Нұр жүзiн қос жанардың жасы жуған.

Солқылдап, тоқтай алмай отыр жылап,Сезiмi жасқа айналып, көзін бұлап.

«Жарығым, үрім-бұтақ, немерелер,Қайғыға батқан менің жасымды көр.

Мен келемін қаралы көштi бастап,Көрпе-жастық орнына қайғы жастап.

Page 336: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 336 –

Əлемге өткендермiз – тура түсін,Қорланған ата-жұртын көру қыйын.

Ананың бота жоқтап өксiгенiн,Куəсiң, кешірмегiн1, өзiң көрдiң!

Киелі жерiн қорғап, жұрт кұраған,Жетi атам хан тұқымы – ел сұраған.

Атақты Құлан ханның еркесi едім,Нарботаны ұнатып, болдым теңі.

О, балам, аза көшiн бастап жүрген,Апар атты мен боламын апаң үлкен.»

Алдында жоқтау айтып ана боздап,Артынан қаралы көш кетті қостап.

Боздаған үлкен шеше жоқтауынан,Қиын болды көз жасымның тоқтауы да.

Табыт артқан жетектегі қара нарға,Мiнгенi қызыл бурыл, қаруланған.

Жүзiнен қаһар шашып, кек қайнаған,Тұсыма жетiп, тоқтап, бiр зор адам:

«Ақ кебінге оралған, бойы ұзын тым,Құлыным, таныдың ба, табытта кім?

Жат жерде, қас дұшпаннан қаза тапқан,Бұл менің боз тұйғыным – Нарбота атаң._____________Кешірмеу1 – дұшпанды кешірмеу, аямау.

Page 337: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 337 –

Қақшалдың белiн асып елге кеттім,Алмамбет, сен екеуiң арттан жеткiн.

Нарбота атты сенiң хан бабаңмын,Атажұрт күтіп жатыр, тоқталмағын».

Жетелеп қара нарды сұсты қарап,Қаралы жаңағы көш өтiп жайлап…

Тұс болып, тiлегiңе сен тез келсең,Түсiмнiң соңын айтып дегем берсем…»

* * *

Хатты оқып бiтсем дағы қолымдағы,Көзiмдi ала алмадым жазудан да.

Түсім деп Мəжит шошып жазған баян,Ескертіп алдын ала берген аян.

Мəжиттiң бағаласақ аян түсін,Менiң де бар ма оған байланысым?

«Бар» дедi хан бабасы не себепті, Мəжитке, ел-жерiне менi ертіп?

Түсiн неге айтпады жалғастырып,Тұр ма əлдебір сыр жасырып?

Досымның туған жерден жазған хатын,Оқыған соң амалсыз ойға баттым.

Толғанттырған түрлі ойдың құшағында,Тезiрек қайтқым келдi Тань-Яньға.

Page 338: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 338 –

Соғыста Хэнь-Яньдың əскерімен,Бізден де əжептеуір əскер өлген.

Онсыз да аз əкердің көп бөлiгiн,Арт жаққа кетiруді дұрыс көрдiм.

Тапсын деп қосынымнан мен іздеткем,Гай-Юаньның сақшысын жол көрсеткен.

Тапқан соң кездесуге шақырттырып,Мен оған былай дедiм көңілін бұрып:

«Ниетiң болса сенің маған түзік,Достықты кете алмассың ешбір үзіп.

Жасырын жолды бiлем деген едiң,Жiберсем Тянь – Яньға барар ма едiң?

Егерде, берiк болсаң берген антқа,Онда, дос, артқа кетер қолды баста.

Табытын, құз басында Нарботаның,Арттырып Қаранарға қоштасармын.

Жанымнан артық көрген асыл жанның,Денесiн қорлаттырмай алып барғын.

Самсаған əскерінен Гай-ЮаньныңБайқап жүр, дұрыс болар сақтанғаның.

Əскерді саған қосып, табыстаған,Жерiме қырсықтырмай алып барсаң.

«Ер мойнында қыл арқан шірімес» дер,Қажетіңе жарармын кейін істер».

Page 339: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 339 –

Бұл сөзім екеумізге болды сынау,Сондағы сақшы айтқан жауап мынау:

«Өтiніш, деме мұны, бұл – бұйрық,Ойланба, тапсырмаңды атқарам нық.

Қосылып менi менен артқа қайтқан,Қолыңнан тынышсызданбай, жауға аттан.

Пейiлiм өзiң үшiн сүттей апппақ,Орындалсын алдыңа қойған мақсат!»

Сақшыға жол бастатып осы күні,Аттандырдым Тянь – Яньға қолдың көбiн!

Көрiнбей қалғанынша сарбаздарым,Қайра-қайра қарадым қылып уайым.

Одан соң Сараламның басын бұрып,Бежінге кiрмек болып белді буып.

Ұлы хан қалай күтер? Бара көрем,Ажалым жеткен болса, қашсам да өлем.

Бұйырса тағдырыма Ұлы Хандық,Кiм менен хандың тағын алар тартып!

Аз ғана əскеріммен алып сыйлық,Бежіннің қақпасына келдім биік.

Əскерлер тең жарылып екi жаққа,Ашылды қакпадағы дəу дарбаза.

Қақпаның есігiнен басталған қол,Тiздiрiп, əсқерлерден салғандай жол.

Page 340: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 340 –

Ортаны ашық тастап – екi қаптал,Қойғандай кiсiлерден құйып дуал.

Қалың шөп арасында бiр тал гүлдей,Қозғалдық дəл ортада бiраз жүдей.

Жеткенде есiгiне хан сарайдынҰлы Хан күтіп алды жасап айбын .

Асықпай Сараладан салмақтанып,Есіктің дəл аузынан түстім барып.

Тəкаппар болып мен де, маңғазданаТізе бүгіп, бас идім аздап ғана.

Өйткенi iнiлерi қашып келген,Ұлы Ханға ағайын жақын менен.

Ойымды бiлді бірден Хе-Ган кексе,Орарын ұрығында нені ексе.

Жымиып құшақ жайып жақын келді,Сездім мен ішінде тас ерімеді.

Басымды үнсіз иіп қол ұсындым,Ақылын қу көзінен тез түсіндім.

Иығыма қолын қойып, менi қарай,Еңкейіп сөз бастады салмақпен жай:

«Жарығым, екi ағаңнан көңiлiң қалып,Өпкелеп тұрғандайсың маған налып.

Ағайынбыз, болмайды жүрген кейіп,Кек сақтамай, ендеше, елдесейік.

Page 341: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 341 –

Ішке кір, қалған сөзді, болмаса ағат,Жалғайық дəм үстiнде жайбарақат».

Оң қолын иығымнан алмай тұрып,Екеуміз бірге аттадық табалдырық.

Жiбітiп мəмiлесi көңіл мұзын,Айтпадық көкейдегі сөздің тұзын.

Отырған ойға шомып Алманбетке,Көз алмай, сынап тұрды Хе-Ган кексе:

«Қорлықты Гай-Юань-Тхай көредi ендi,Қу қатын туған екен нағыз Шерді.

Хэнь-Ян өзi бастап тiс салмаса,Көңiлін ауыртатын сөз айтпаса.

Бұл көкжал айтқан сөзiн екi демес,Түнерiп сыртын салып жатпақ эмес.

Əттең-ай, таппақпын да ептеп ебiн,Қытайдың ұлы болса текті тегі.

Нағашысы төменгi бұрыттардан, Қанына тартып кетсе құртты онда.

Əйтпесе, көңiлшек Шер, жазық маңдай,Дуаға тiлi жатық, шырын таңдай.

Амал не, өз балам жоқ арттан ерген,Бəрi бiр хан тағымды өткерем мен.

Гай-Юань таққа келсе – ол сол сəтте, Басымды алып, қор етер бір мезетте.

Page 342: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 342 –

Шет-Бежiн, қалың манжы, жалпы Лама,Хен-Янның қол астында болғанда да,

қанағат етпей осы байлығына,қарашы, азғырылып Гай-Юаньға,

жалғызы – орынбасар артындағы,жастанып қара жердi жатып қалды.

Осылай жер құшақтап Бао-Хото,Хень-Ян түсiп тұрған қезi отқа.

Күйігi күштi оның осы шақта,Көз салмас мұндай шартта алтын таққа.

Тағымды таласушы – жалғыз ғана,Тырсиып, сыртын салған мынау бала.

«Менiкi емей, хан тағы кімдiкi» деп,Менсінбей жиналыста көрінді жек.

Тағымды берерiмдi бiлгiзейiн...Сыр бермей, өзiм ұсыныс кiргiзейiн».

Түнерген Алманбетке бұрып жүзiн,Ұлы Хан айтты содан хандық сөзiн:

«Жарығым, сен əлі де шешілмедiң,Қылғанын ессiздердiң кешiрмедiң.

Тырсиып сыртың салып үндемейсiң,Сұрауға жауап та жоқ, сөйлемейсiң.

Елiмдi жат-туғанға бөлмей қарап,Қақ жарған əділдікті келем бағалап.

Page 343: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 343 –

Алмастан елдiң iшкi ырқын бұзып,Шешемін таластарын əдiл тұрып.

Жақын деп ағайынға тартқаным жоқ,Жатсың деп өзгелерді қаққаным жоқ.

Кешпейтін күнə қылса жатырласымШығарған үкiмiм бұл – алсын басын.

Жазаға тарттырамын аямастан, Ұрыны, өсекшіні аяр басқан.

Кестiрiп бір мүшесiн бұзықтардың,Қайнаған майға салып шыжғыртамын

Сатқын мен опасызды салған ылаң,Қалдырмай еш қайсысын бəрін қырам.

Өзінiң басын кесiп – оны туғанқатынның ішін жарып, басын тығам.

Темiрдей – керек елге қатты тəртiп, Тізгінін бос жібермей тұрам тартып.

Кемшiлiк кетсе түзеп өз кезінде,Саламын ақыл-ойдың безбеніне.

Осылай парасатпен ел басқарып,Қелемiн Қары деген жақсы ат алып…

Бұйырсын алтын тағың, ұлым, саған,Ел – міне, ақылыңмен басқара алсаң.

Інiлердi жаныма алып ертең,Киелі мінажатқа тауға кетем.

Page 344: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 344 –

Тазалап көрпенделік көңіл кірін,Содан соң билігімді өткерермін.

Басыңа хан тəжісiн кигiземiн,Атадан мирас таққа мінгіземін.

Қайырылып мінажаттан келгенiмде,Хабарлап, той береміз қалың елге.

Жарығым, бiз келгенше мұнда қалып,Көңiл аш. Тазы қосып, құсты салып…

Сырым бар жан кiсiге бiлгiзбеген,Соны мен қазiр саған айтып берем.

«...Жас кезiм, салбурыннан келе жатып,Жауында бiр үңгірге қалдық жатып.

Басымды жерге қойып жатқан кезде,Мазамды алды қатты басқан нəрсе.

Домалақ мұздаң тасты жылтыратқан,Сипалап қараңғыда əрең тапқам.

Үңгiрдiң аузын болжап лақтырмаққа,Көтере беріп қолды тұрған шақта.

Қараңғы үңгір iшi бiр заматта,Бөлендi сағымданған көк жарыққа.

Қолымды болар-болмас леп ұрды,Жарықты əлгі көк тас шашып тұрды.

Бетiнде түсiнiксіз жазуларды,Əрекет еткенімменмен оқылмады.

Page 345: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 345 –

Ол түнi кiрпiк ілмей атырдым таң,Не таптым – менен басқа бiлмейдi жан...

Отырған орыныңнан қозғалмастан,Қарашы дөңес жақты асықпастан.

Көрдің бе, салған шепті тастан – лағыл,Сол жерге бiлмес сырды жасырғанмын.

Тас тапқам, сиқыры бар ғажап сондай,Керемет көрмегенмін өмірі ондай.

Үңгiрдiң сұрастырып мен шаужайын,Түсіндiм содан кейiн тастың жайын.

Үндінің жайшылары1 жиылады,Үңгiрде Ұлы Күшке сиынады,

сол тастың бетiндегi жазуды ұстап,Күн нұрын қалағандай бұрдырады.

Мен болсам оқи алмай шешіп сырын,Жасырын нешеме жыл жатты бұрын.

Көрсеттiм осынша жыл арасында,Бiлiмдi абыздардың қаншасына.

Шешпедi ешқайсысы тастың сырын,Көргендердiң барлығы болды құрдым.

Байқағам, көргендердiн барлығы да,Түсінген тастың анық-қанығына._____________1Жайшы – жаңбыр, қар жаудырушы, табиғат құбылыстарын өзгерте алатын адам.

Page 346: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 346 –

Бірақ та, бiрi қалмай жанталасты,Алам деп өзі ғана асыл тасты.

Іске аспай еш бірінің ниеттері,Үңгірде қалды олардың сүйектерi».

… Ертiп алып менi ол түн iшiндеКiргiздi тар бөлмеге шеп iшiнде.

Сипалап дуалдағы ойықшаны,Ақырын алып шықты сандықшаны.

Алтын баулы кілт алды жанқалтадан,Əсемдігін көрсе егер жан таң қалған.

Сандықтың құлыпына жайлап салып, Бұрады жетi жолы – жай айлантып.

Тағы да бұрағанда оңға қарай, Ашылды қақпақшасы шиқылдамай.

Сандықтың iшiндегi құтышадан, Сырлы тас сəуле шашты жарқыраған.

«Бiлгiзiп, арамдығым жоқ екенiң, Құпиямды өзіңе ашып бердiм.

Оқыдың Əлем сырын жиырма бiр жыл,Жазуды шешуге енді əрекет қыл.

Мен дағы сен оқыған сол оқуда, Бiрiнші жетi жылын оқыдым да,

Хандыққа – бұл өмірде болып құштар,Жалғастырмай кеткенмін білімді ұштап.

Page 347: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 347 –

Ту тұтып ұлдарының арасынан, Хан тағын əкем маған мирас қылған.

Орындап ата-мұра салт-дəстүрін, Өсиетін Ұлы Ханның ұстап жүрдім.

Душпанға құшақ ашып, ерiмедiм,Жат жұртты кіргіздіріп жеңдірмедiм.

Тəжге де, алтын таққа кiр келтiрмей, Келемiн дұшпаныма лəм дегізбей.

Кілтімді сенбей, бермей ешбір жанға,Дəлелдеп ақ пейiлiмдi бердiм саған.

Мен жоқта заң болады айтқан сөзің,Хан сарай, барлығына ие өзің.

Отырғың келсе таққа, өзіңде ерік, Əлде сен отырмассың тақтан жеріп.

Не қыламын десең де саған рұхсат,Мынау тасқа қарашы, қазір бір сəт».

Тасты алып оң қол менен солға салсам, Тыс жақтан дыбыс шықты «тарсылдаған»

Ауыстырсам сол қолымнан оңға салып, Тоқтады сыртта дыбыс лып басылып.

Орнына тасты ақырын қойдым дағы, Сөзімді айттым оған ойымдағы:

«Бiлесiң менен жақсы тастың сырын, Бұл болса, маған қойған сенің сының,

Page 348: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 348 –

Бұдан да сенің жақсы бiлгенiң бар, Айта алмайм, тақ таласар дəрменің бар.

Көрдiң ғой – тас бетiнде жұлдызымның, Үрейiн ұшырғанын – жұлдызыңның.

Мен үшiн мəнiсi жоқ билiгiңнiң, Болғаны, атам үшiн дəлелдедiм,

тайсалмай ажалға тiк барарымды, бермесең, тақты тартып аларымды.

Ал қазір сездiм қатты жаңылғанмын, Екеуің де бiрдей маған – жақын жансың. Қалады неге мұнша ханның тағын, жетпей ме ағайыны отырғаны?

Орныңды шын пейілiңнен берсең ғана, Отырам атамұра хан тағына.

Бермесең – кек сақтамайм, кетем онда, Өзiмнiң алтын кенім Тянь-Яньға.

Сыйынып қайтқанннан соң əулиеңізден, Тура жауап күтемін сосын сізден».

***Ұлы хан сиынуға кеткенiне, Болжалы жетi күндей өткенiнде.

Неге екен кірпік ілмей түнімен мен, Əйтеуір таңға жуық ұйқы келген.

«Көйқапта» оқығанда түске кiрген, Баяғы дуана шал көп көрінген.

Page 349: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 349 –

Хе-Гань (Ұлы хан)

Page 350: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 350 –

Сиректеп, соңғы кезде көрмей қалғам, Сол қазiр ұйқылы-ояу сəтте маған,

сезiлiп сағынышы құсаланған, Есітілді таныс үнi дауыстаған:

«Көрмекке соңғы рет бұл өмірде, Ұзақ жол жүріп келдiм бұл өңірге.

Қарағым, қалқаладым осынша жыл, Өмірге келудегi мақсатың бұл:

Анаңның тiлегiне жеткізуге, Жарығым, жаралғансың бұл дүниеге.

Қалғанын апаң айтар, түй есіңе, Құлақ сал, ең ақырғы кеңесіме.

Сарайга шешпестен кір қаруыңды,Табасың алтын тақтан ажалыңды!

Қырық жыл суға салса шірімеген,Босағадан таққа қарай жатар кілем.

Дəл осы көркемделген кілем асты,Шықпас ор – егер барып үстін бастың.

Сенбесең қарап көрші шетін ашып,Абайлап босағадан аттап басып.

Көтерсең ұстап ұшын оң қанаттан,Көрерсің қазған орды терең жатқан,

Бас болып барлығына қақпас Хе-Ган,Басталды қастық ìстì төгілер қан.

Page 351: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 351 –

Келгенде Ұлы Таудан сиынудан,Ойлары жоқ ету ғой сенì мұнда.

Кеңесìп, келìскелì кеткен олар,Бұл жерден кет сен жылдам, уақыт тар.

Бìр кезде қанатыма қалақалаған,Сен едің темір қанат жас балапан.

Қаншалық қиындықпен қалдың аман,Алғырсың қыран құстай көкжал алган.

Айбатың қалың қолды құрдым етер.Қаптаған көп əскерге күшің жетер.

Таусылмас қайрат-күшке иесің сен,Тìлегім Көк Тəңірім жəрдем берсін!

Кетемін, тоғыс бітті, кең Аспанга,Келгенмìн қоштасқалы, ұлым саган.

Тамырдан тамшы қаным жерде қалған,Таңмақшарда жолығамыз қанжығадан1.

Сабырлы, ойлы жүзìн жасқа жуып,Мейірìмдì жанарларын маған бұрып,

алыстап, көк сағымға кетті кіріп, ащыды көкірегім - жүйкем жүнжіп.

Көргенім өң бе-түс пе айыра алмай,Көзìдерім тұманданып, қозғалдым жай._____________1Таңмақшарда жолығамыз қанжығадан – ақыретте сұрақ күні жолығу.

Page 352: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 352 –

Жүректің бір тамыры үзìлгендей,Ауыр ой мазалады тыным бермей.

Аяулы, тендесì жок бìр нəрсемнен,Амалсыз ажырадым, анық сезгем.

Сол уақытта қарауылдар келді асығыс,Бас иìп, тìзе бүгìп əдеттен тыс.

Отырған калыбында тìзе бүгìп,Сөйледì келген жайын түсìндìрìп.

Бұл түндì Хе-Ган ханның əскерлерì,Ұйқысыз өткìзгенìн айтып бердì.

Көрді олар бìр нерсеге əзірлікті,Ақылдасып таң ата зорға бітті.

Олардың арасынан бìздìн тыңшы,Қарауылдан айттырды осы сырды.

Не үшін ұйықтамастан қам көргенін, Ебìн тауып, хабарлап жіберермін.

Жақсылық, жамандық па, не болса да,Əскерлер даяр тұрсын барлығына.

Қазіргі карауылдың айтқандары,Түсіме дəл келіп тұр, аян бəрі.

«Əскерлерлер асынысып қаруларын,келсін деп» бұйрық беріп,жидым бəрін.

Не болса да көрейін деген ойда,Аттың басын бұрдық біз хан сарайга.

Page 353: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 353 –

Күзеткен ханның тағын сарбаз жоғы,Күшейттì секемденген болжауымды.

Кìруге шаппаса да көңілім онша,Босағасын аттадым, болды мұнша.

Арқауы алтындалган тек жìбектен,Көздìң жауын алғандай көркем кìлем.

Төселìп босағадан такка жетіп,Тұрыпты кең сарайға көрік беріп.

Көркìне арбалдым ба, аяқ салдым,Еске түсіп көрген түс, тартып алдым.

Оң бұрышын ұстадым сəл көтердім,Астынан аңырайған орды көрдìм.

Орнына кілем ұшын ары серпіп,Сарайдан қайра шықтым шекем тершіп.

Сездіртпей көргенìмдì орды – зындан,Сырт жаққа тез-тез басып кеттім жылдам.

Алдымнан сəлем берген тізе бүгіп,Турыпты бір қытай күң басын иìп.

Көрсетпей орап алған бетìн басып,Жəрдем сұрап ұсынды қолын сасып.

«Қорықтыңыз неге мұнша» дегенìмше,Асығыс ұсынды хат жең ìшìнен.

Қолға алып ашып көрсем оны жылдам,Апамның хаты екен шақырттырған.

Page 354: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 354 –

Қытайдың күңіне ұқсап киім киген,Берем деп апам хатын жүз иілген.

Шектентпей қарауылға тұрған неше,Үрүлайым екен ол – кіндік шешем.

Бұл хатқа тұрғанымда есім кетіп,Хе-Ганнын бір жендеті келді жетіп.

Жүрекке өткìр қанжар ұрған екен,Жығылды «қаш!» деп айтып, кìндìк шешем.

Қанжарын суырған соң қан бояй,Айқайлады əмір беріп сыртқақ арай.

«Жүруге хан сарайда, алып ерік,Сасыған күң мұнда жүр қайдан келіп.

Арамның сасық тəнìн алып барыпБір тойсын жіберіңдер итке салып».

Шаңқылдап бұйрық беріп – қанжарынантеңселìп карап тұрды қанды тамған.

Əп-сəтте не болғанын түсіне алмай,Бір сəтке қалдым мен де аңырап-ай.

Мас болып қан иìсìне ердемсìнген,Қанқорды ора шаптым желкесінен.

Асылым, кìндìк шешем көз алдымда.Құрбан болды сұм жендеттен көз жаздымда.

Содан соң салдым дейсìң мен қырғындыСарайдағы əскердің бəрін қырдым.

Page 355: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 355 –

Қиратып сарбаздарын, нөкерлерін,Талқандап лағыл тастан салған шебìн.

Сандықтан таспен бірге дуаланганЖайшының қырық шыбығын өрген талдан,

керегì тие ме деп оны да алдым,Жинадым да əскердì, жолға салдым.

* * *

Əкелдім шешем тəнін – арнап салган,Апамның сарайына алтындалган.

Айырылып өте жакын адамдардан, Нарбота, кіндік шешем, дуанадан.

Жүректì езіп ащы арман-мұңым,Ауыр ой жол үстінде бермей тыным,

Қайттым мен туыстардан көңілім қалып:«Атамды Шет-Бежìнге алып барып,

Мақсатына көздеген жеткіземін,Көксеген алтын таққа мìнгìземìн».

Деген ой іске аспастан қалама деп,Ойландым қапа болып уайым жеп.

…Апамның арман сырын маған ашқан,Ұққанмын таң атқанша ұйықтамастан.

Түсìмдì көріп жүрген бала кезден,Мен дағы апакеме айтып бергем.

Page 356: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 356 –

Лоянь-Гань (Азиз Хан)

Page 357: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 357 –

Бұл жолы жалаң аяқ дуанамен,Қоштасқым келмегінін айтқанмын мен.

Сəл уақыт сұрауға да батыл бармай,ойлантқан сұрауымды бердім мұндай:

«Сìз көрген Егіз Көлде сол ұланды,Мен көрген əрдайым-ақ дуананы,

екеуі бìр перìште емес пе екен?Өң-түсте екі басқа елестеген.

Көрìнгенмен бìздерге екì бөлек,Ол өзì бìр перìште болса керек.

Осы ма менìн əкем – қыймай сенìТоғыста кетпей қалып, берген менì.

Əрқашан аян беріп, түске кìрер, Əр түрлі қырсықтардан сақтап жүрер.

Айланған Егìз Көлде, ақ кептергеАйтшы апа, шынын енді сол əкем бе?»

Арманды аққан жасын тұрған сүртіп,Апамның жауабын мен тұрғам күтіп.

Атамның жайлап басып келгенін де,Алданып апакеме білмедім де.

Шаңқ еткен дауыс шығып, қарасам жалт,Артымда қаһарланып тұрды атам – қарт.

Бұзылып кеткен түрі өте жаман,Көздері ашу толып қанталаған.

Page 358: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 358 –

Сербиіп сақал-мұрты, едіреңдеп, Сесінен кеттім қорқып, мен дірілдеп.

Қолында аш болаты жарқ-жұрқ еткен,Бөгеліп тұрып қалды сìлтеместен.

Ашудан төңкеріліп қып-қысық көз,Аузынан ақтарылды былапыт сөз.

(Бұдан арғы жолдарды қағазга түсìру қандай ауыр екенìн айтуга сөз таба ал-маймын. Жазбай-ақ қойсам ба деп көпке қиналдым. Жазбасам, Алманбет атамыз Азиз ханды не үшìн өлтìргенìн ел түсìнбей қалатындай. Бìрақ жазғаннан кейìн де ағайға берудің өзì азаптай сезìлдì. Бір неше күннен кейìн өзìм дуалды қарап, қолымдағы парақты ағай тұрған жаққа лақтыра сал-дым. Өте өрескел қылық жасағанымды түсінсем де менен басқа жол таба алма-дым. Төменгі жолдарды оқыған үлкенді-кìшìлі оқырмандар, келергì ұрпақ менì түсінер жəне кешìрер деп ойлаймын):

«Қу қаншық, қулығыңды сезгеніммен,Қызығып қыз белгìңе кешкенмìн мен

Жатырдан ұрып тұрған ыстық леп,Меңзеген қурсағында бала бар деп.

Қанша əйел алсамдағы өмірімде,Біреуі де тумады, білмейм неге?

Қаншығы қалдайлардың – сұрқия анаң,Серт етіп, Шер баланы деген табам.

Page 359: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 359 –

Ер жүрек бұл қаншықтың болды уəжі,Аттырған, алтын бастан, ханның тəжìн.

Мен түгіл Ұлы Ханды бас идìрген.Өзіңді қалай туды ол кеш білдім мен.

Арамды саған ұқсас сақтау үшін,Жұмсаған екен зəлім барлық күшìн!

Көзімді тұмандатып байлап келген,Алдарқатып, əр түрлі айла менен.

Келсе де алпыс жасқа, қаншық анаң,Қыз сынын бұзбай жүрді бұлғақтаған.

Күшіктей қылығына қыңсылаған,Жанында əзер-əзер мен шыдағам.

Дүниеде аз кездесер мұндай қаншық,Рахатқа баттыратын жатсаң жаншып.

Тырсиып, тікірейіп қос емшегі,Сипасаң лəззатыңның болмас шегі.

Астымда ақ балықтай аударылып,Балбырап жатушы едім мауқым қанып.

Қызытып, делебенì ыстық қойыны,Төсекте бітпеуші еді қылған ойыны.

Көрінбей бұдан басқа дүние қызық,Балқығам қорғасындай қайнап-ысып.

Қимағам наз сыңқылын бìр де жанга,Қойнына жатпақ түгìл – ұстатқанға.

Page 360: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 360 –

Ал қазìр білдім сырды – дуанадан,Сендей арам баланы туып алган.

Өртеніп өзек, жұлын кеттім күйіп,Жүріпсің қанша жылдар жалған сүйіп.

Сұрқия, жатырыңды жарамын да,Өлтіріп, қайра салам балаңды да!»

Көтеріп, сìлтегенде аш семсерін,Апакем артқа қашты сəл теңселіп.

Денесіне семсердің ұшы тиіп,Киімі қан боялды жүрген киіп…

Суырып мен де қылыш қынабынан,Атамды шылап салдым өз қанына…

…Аяймын қазìр дағы ойлағанда,Ашынтқан ащы тілі болмағанда,

оны мен жамандыққа қыймайтын ем,Тіл алып, ізет етіп, сыйлайтын ем!

Күйе жапкан апамның ақ көңіліне, Шыдау мүмкін болмады у тìлìне.

Апамның қорлаған соң абыройын,Қалшылдап кетті қатты тұла-бойым!

Ашуға алдырған соң, кетіп ырқым,Атойлап əскеріне салдым кырғын.

Азиздің дене құлы-жауынгерлерìн,Аянбай қызмет еткен нөкерлерìн,

Page 361: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 361 –

Қалдырмай еш аяусыз қырдым бəрìн,Сарайдағы сарбазын жас па, кəрі.

Апама қайра келсем қылып қауіп,Ол дағы киініпті сайман-сауыт.

Бір күліп, бір мұңайып сүртіп көзін,Қоштасқандай сезілді айтқан сөзі:

«Құлыным, уақытымыз өте аз,Айтатын сөзім де бар саған біраз.

Бұл жолы Егìз Көлге барғанымда,Аянды соңғы жолы алғанымда,

Жалаңаяқ кейпінде – дуананың,Атаңа Егìз Көлде жолыққанмын.

Көл үстінде сағымнан шығып бері,Ақырғы сөзін мына айтқан еді:

«Алтынай, барлығын айт Алманбетке,Жақында мен кетермін Əлем беттеп.

Жер беті қайысып тұр қу мен сұмнан,Қаптауда қара күштер салған тұман.

Кілттерін Əлем сыры бекìтìлген,Көбейді оқып ашар, тìлìн бìлген.

Мезгìл жақын жер үстì тазаланар,Болсашы арулықтың дəні қалар.

Алманбет – таза ұрығым өнетұғын,Өз қаным жерге сыйлап кететұғын.

Page 362: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 362 –

Мен ертерек мəңгіге аттанармын,Көп ұзамай келерсің арттан, жарым.

Қысқартып айтар болсам сөздің мəнін,Мəжитпен, елге орал, құлыншағым.

Əккі жау келгенінше қолын жинап,Кетейік Тасқаладан қалған қирап.

Тұз-дəм тартса, еліме менде барам,Жастаймын топырағын, тыным алам.

Топырағы бұйырмаса туған жерден,Амал қанша, жат жерде қалар денем...».

Сөзiнiң аяғына шыға алмастан,Мəжиттің даусы шықты асығысқан:

«Алманбет, құмырсқадай қаптаған қол,Қоршады Тасқаланы, кетейік, бол.

Жат емес – туғандарың дұшпан болып,Талқандап сыртқы шептi, қалды толып».

Апакем мұны есітіп қуарды өңі,Əбіржіп, сасқалақтап мұндай дедi:

«Құлыным, Құлаторы биенi алдыр,Үстіне жабу жауып, тоқым салдыр.

Қолыма қаруымды мен де алам,Қосылып, өздеріңмен бiрге барам.

Көздеген жету керек бір мақсатқа,Қайтсек те керек Атажұртқа!».

Page 363: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 363 –

Апамнан дұшпанымды сұрап-біліп,Оларды жер жастанттым іздеп жүріп.

«Көйқапта» жиырма бiр жыл алған бiлiм,Пайдасы зор екенін сонда бiлдiм.

Дұшпанның айлакерін байқа мұндан,Əр бiрі мүсін тастан дуал тұрған.

Мен дағы пайдаланып қарсы дуа,Кескілеп қалың жауды шеттен қуа,

Дуалап қыс түсiрдiм суық-қатты,Боратып қар жаудырып, жолды жаптым.

Кем қалбай кешілдердің жайшылары,Қайрадан терiс оқып, дуа салды.

Онысы мен күткендей болды дауа,Қосылып мен де оқыдым теріс дуа.

Қышырлаған зəрлі қыс өкім сүрген,Айналды жаз шiлдеге, ысып-күйген.

Қар ерiп, мұздар көшiп, тау-тас құлап,Қаптаған тасқын селден үйлер қыйрап,

Алапат апат салып дұшпаныма,Қайтарып бетiн артқа қуғанымда.

Қос шынар өсіп тұрған шепте, дөңде,Шақырғандай ырғалд мұнда «кел» деп.

Атымның басын бұрып, қос шынарға,Əлденені сезгендей барғанымда.

Page 364: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 364 –

О,Тəңір!Тітіркенем еске алсам,Сол кезде болған едім қандай сарсаң.

Таңылып, қол-аяғы сұлап жатқан,Кесіліп қос емшегi, қанға батқан.

Елесі азап көрген апакемнiң,Есімнен кетпес мүлде мəңгі менің.

Ашынып, «апакем» деп салып айқай,Дұшпанға ұрыс салдым қатты жайпай.

Қоршаған жендеттерге түйреп шеттен,Қанын шашып, аяусыз талқан еткем.

Қолға ілінсе көтеріп ұрдым тасқа,Тура келсе, қайқайтып шаптым басқа.

Құтқарып кешiлдердiң қоршауынан,Босатып қол-аяғын тұсауынан.

Көтерiп апакемді қолыма алдым,Қос шынар түбiндегі суға бардым.

Жатқызып, баяу ұстап мұздақ жерге,Апамның ақ жүзiне су сепкенде,

Ақырын кiрпіктерiн қимылдатып,Ақырғы жолы қалды бір тіл қатып:

«Арман ай! Туған жерді қалдым көрмей,Жылдамырақ елге жет, еш бөгелмей.

Ата-анам бір зар болған туған жердің,Құлыным, топырағынан алып келгін.

Page 365: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 365 –

Бір уыс содан салсаң моламызға,Туған жерге барғандай боламыз да!».

Ағы көп қара көзі қоюланып,Туған жерді соңғы рет ойына алып,

аққудай мойнын бұрып оңға иiлдi,нұрланып əппак, жүзi, бір керiлдi.

Өзегiм өртенгендей жан қысылып,Өкірдім көкірегiне басым жығып.

Болғандай болды біреу кейін тартқан,Қарасам, Мəжит досым боздап жатқан:

«Емшектес,жанға жалау бауырласым,Еңiреп тiрiлтпеймiз, көтер басың.

Ананың ақ тiлегiн атқарайық,Ертерек Атажұртқа аттанайық.

Жан-досы денесінен кетті ажырап,Көр қазайық бұл жерден жұмсағырақ.

Қайырылып біз келгенше сақталсын деп,Қояйық анамызды «аманат» деп.

Қалқалап жапырағы Қос шынардың,Топырақ торқа болып, тыным алсын».

Айырылып тұрғанымда қуатым тым,Досымның қайрат қылдым жұбатуың.

Əскерлерім соғысып тiрi жүрген,Жиылды тұс тараптан бірден-бірден.

Page 366: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 366 –

Баяғы құл тұқымы алтын кенде,Бірiгiп айқас салған жауға тiке.

Сол адамдар арасынан біреу шығып,Булығып, мындай деді жасын сығып:

«Алманбет, алыс жүріп көре алмадым,Жəрдемімді дер кезінде бере алмадым.

Апакең бұл соғыста жасап ерлік,Артынан қашқан жаудың қуып ердік.

Жауға найза ұрғанда арқасынан,Жығылып, құлай жаздап шалқасынан,

Қираған омыртқасын қолмен ұстап,Қоңырбай Алғарамен қашты алыстап.

Артынан Алғараның Құлаторы,Екпіндеп құйрық ұлас жетпек болды.

Найзасын түйреп қайта сұғарында,Садақтан арттан тиген құлады да.

Жараланып қолға түстi кешiлдерге,Ар жағын өз көзіңмен көрдің сен де».

Бiткенде сөзiн айтып жаңа ғана,Баяғы сақшы келді жақын маған,

Апамды қойган жерге салып көзін,Акырынқолымды ұстап айтты сөзін:

«Тегiстеп, майда төгіп шым-кесекті,Тығызырақ тігейік тал-теректі.

Page 367: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 367 –

Дұшпаның көрді қазып, қозғамасын,Қайтадан асыл тəнiн қорламасын.

Бітірiп осы iстi жайғарған соң,Елiңе жылдамырақ кеткенiң оң.

Есенхан түмен қолын жиып келер,Сансыз ел көптік етіп бізді жеңер.

Ажалдан арашалап Алғарасы,Коңырбай бұл жолы да аман қалды.

Баяғы үңгірiне алып барар,Ол жерде тəуіптері дəрі жағар.

Жаққаны шипа болып жəрдем берер,Конырбай тез арада əлге келер.

Төменгі бұрыттарга баратұғын,Жолдарды жақсы бiлер ол антұрған.

Айланып, ол жолыңды тоспай тұрып,Алмамбет, болар жақсы кеткен жүріп.

Сыйлағандар адамдық қасиетіңді,Көмектесер атқаруға ақ ниетіңді.

Шын пейілден қызмет етіп қорғасамыз,Ізіңе жау жібермей жол тосамыз.

Қашып барам деп ешбір ойлама сен,Жетсең болды еліңе аман-есен.

Қол құрап,күшті жинап, қайра орал,Дұшпанды ойсыратып сөзсіз өш ал.

Елiңе барар жолды көрсетемін,Жолдасың Мəжит болар жолда сенің.

Page 368: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 368 –

Құлдардың бірін дағы сен ертпессің.Сөзден тайсаң, атқармас сертті ешкім.

Қанымыз болса дағы ара-дара,Көздеген мақсатымыз біреу ғана.

Мен дағы Қонырбайдан өш алмақпын,Кешілдіктен таймаймын, дінге ақпын.

Осылай достығымды тұрмын сақтап,Дұшпансың келісімді кеттең аттап!». * * *Апамды қойдық жерге «аманат» деп,Тал тіктік «бөтен көзден қалқалат» деп,

«Қайрадан келеміз!» деп антты бердік,Қоштастым құлдар мен де алтынкендік.

Үйренген соғыс сырын менен алып,Соғысып əскерлерім жанын салып,

Анттасқан уəдеден бiрi қайтпай,Ажалға қарсы барды басын тартпай.

Артымнан қуғандарды торымақшы,Осылай мені артымнан қорғамақшы.

Қоштасарда оқиға əсерлі ең,Ажырау қиын болды əскеріммен.

Қалдырып сарбаздарды тосқауылға,Жөнелдім жалғыз Мəжит қостауында.

…Жасырын ұрын жолмен ел бiлмеген,Жөнедік сақшы жəне Мəжит пен мен.

Page 369: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 369 –

Алманбет

Page 370: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 370 –

Қиялап жеткен кезде биiк белге,Күн де сырғып ұяға, қонды жерге.

Қызарып батқан Күнге құлап ары,Сақшы айтты Чи-Лу-Сеннiң дуаларын.

Көрсетiп одан əрі кетпек жолды,Қайрылып өзі төмен түспек болды.

«Алманбет, менiң күнiм мүлде батқан,Ұзаттым батқан күнге – белгi жаман.

Бұл шоқы – сен көздеген мақсат барар,Одан ары ассаңдар Күн де батар.

Күннiң қайтқан лебі мен ыстық табы,Жақсылық өзің көрер алда тағы.

Он бесі – бүгін Айдың толған шағы,Қаранғы түнге қалмас ниет ағы.

Батарсың тез, жеткен соң мақсатыңа,Қалады Айдай жарық жақсы атың да!

Қош досым! Достығымыз енді біттi,Куəсі – бiз тұрған бел,бауыры түктi».

Жолбасшы-сақшы жігіт кетті қайтып,Болған соң – ата дұшпан, осыны айтып.

Сақшынын айтқан сөзiн ойлап, меңзеп,Атажұрт! Жолға түстік сені көздеп... Бірінші кітаптың дастан бөлігінің аяғы.

Page 371: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 371 –

МЕДИТАЦИЯЛАР БӨЛІГІ (Екінші жарымы)

Page 372: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 372 –

ЖЕТІНШІ БӨЛІМ

Осы жолдарды жазып жатқанымда сыртта аттардың дүбірі шыққансып барып жер сілкінді. Сағатты қарасам, беске бес минут қалыпты. Тəуліктен аса уақыттан бері ұйықтамапмын, жазуды аяқтап, киімшең бойдан, отырған орнымда қисайдым. Оянсам, сағат он бірден өтіп қалыпты, шай ішіп алып, дептерімді жаңадан қолыма алғанымда жер қайрадан тағы бір сілкініп алды. Көрінуге келген қыздар жер сілкінудің ошағы Қызартта екен дегенде аң-таң бола түстім, өйткені, Жайсаң атаның қабірі сол жақта екенін білетінмін. Бəлкім, атамыздың аруағы қозғалғанда, жер де қозғалып жатса керек деген ой келді.

Түнде Шұғыла түспей, таңға жақын ғана түскендіктен уақыт тар болып, Жайсаң ата тез ұзап кеткен. Бүгін кешке тағы медитация-ға шықпақпын. Баяғыдай үйдің шарты жоқ-тығына байланысты, Шəкін ағайдікінен жуынып алып шығып кету үшін ағаймен бірге олардікіне бардым. Есікті ашқанда-ақ бозаның иісі мұрынды жарып жіберді. Артыма жалт бұрылып, Шортоңды1 көлденең кесіп өтіп, тау беттедім, бірак жуынуым керек еді. Арықта сылдырлаған судың дыбысын естіп, қуанып кеттім де, уыстап бетіме жақындатқанда қан-жынның иісі танауыма үрледі: «Алда, Тə-ңір-ай, енді қайттім?» деп каналға жүгірдім. Каналдың суы бұрылмаған екен, асыға шешініп, мұздай суға бой ұрдым. Киімімді киінерім менен Шұғыла түсіп жаурағанымды жəне ызамды мүлде есімнен шағарып, Шұғыла ішінде түнерген Жайсаң атаның даусына назар салдым.

Бұл медитациядан кейін 87 - 96-беттер жазылған.

_________________Шортоң1 – Чаек ауылындағы кішкентай көл.

Page 373: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 373 –

СЕГІЗІНШІ БӨЛІМ

Дауыс шықпай айнала тұнжырай түсті, не болғанына ақылым жетпей сілейіп тұрдым. Қөгілдір жарыққа бөленген Жайсаң ата жақын келіп, оның ақырын шыққан үні ұгылды:

Шырағым, жұлдыз толды, үйіңе барНəресте күтіп жатыр деміңді сал!Бұрылмай басқа жаққа содан кейін,Қайтып кел, осы жерден мен күтейін.

Көгілдір жарық алыстап, айнала күңгірттене түсті. Төңірекке зер салсам, ЛСПның1 тұсындағы дөңесте тұрыппын. Есіме Мыңқұштан кішкентай қызымен келген келін түсті. Жұлдыз толғанда сол нəрестеге дем салмақпын, төбедегі жыбырлаған жұлдыздарды көріп үйге асықтым.

Күн кəдімгідей суық болып қалған, жəне каналға шайқанғанымда су болған самайларыма мұз тоңып қалыпты. Самайларым мұз болғанымен асығып басып келгендіктен, шекемнен тер саулап үйге кірдім. Тал-малы кішкентай қызға дем салып қойып, қайтадан асығыс шығып кеттім. Каналдың көпіріне жеткенімде Шұғыла түсіп, Жайсаң атамның үні ұғылды:

Бұл медитациядан кейін 97 – 108-беттер жазылған.

_________________________ЛСП1 – қотыр болған малды дəрілейтін мекеме.(лечебно-санитарный пункт).

Page 374: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 374 –

ТОҒЫЗЫНШЫ БӨЛІМ

Сағымданған көгілдір Шұғыла үлбіреп барып, атаның үні ұғылмай, дастаннан бөлек маған тиісті бір ауыз сөз айтпастан Жайсаң ата қабағы салыңқы ұзап кетті. Иен далада біразға дел-сал болып жүрдім. Жан-дүнием сыздап, дорбамдағы белгі түсірген дəптерімді паршалап жыртып салғым келді. Не жаз-дым? Иə, өткенде Бегайымның көңіліне қарап, тез шығып кетпей бөгеліп қалғаным үшін күнəлімін, бірақ, менің болғаны бір көрпенде екенімді, сондықтан, пенделік қылғанымды еске алып қойса болатын еді ғой! Бүбіайша апаның қамшысының орнына алған қамшымды көк дорбама салып, Жайсаң ата бата-сын беріп қойса деген тілекпен келгенмін. Бірақ, ата еш нəрсе деместен ұзап кетті. Ызаның ащы жасы бетімді жуып, Шортоңды көлденең кесіп, иттері ажылдаған ауылға жақындадым.

9.11.1995-ж. 17ші А.К. 2950 231 2011 160

Бір аптаның өтуі ғасырға тең болды, көңілім ор-нында емес. Көр тірліктің жүгі күннен күнге ауырлап бара жатыр. Бір апта бір тең, бүгінгі күннің кешінің кірмегі бір тең болды.

Іңір кіргеннен-ақ көк дорбамды көтеріп алып тау беттедім. Седеп-Өтектің1 жонын қырлап, Қара Төбеге2 жақындап қалғанымда Ай шақ төбеге келіп қалды. Тастың қалтарысына отырып шам жақтым. Алаулап күйген шамның жарығы айналаны сарғыш-қызыл жарыққа бөледі. Үлп еткен жел жоқ. Шамның ________________________Седеп-Өтек1, Қара Төбе2 – жер аттары.

Page 375: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 375 –

сарғыш жарығына көгілдір-жасыл Шұғыла арала-сып Жайсаң атаның қаранына қоса үні есітілді:

Шырағым, күттірдім бе көпке сені,Күттің бе мен күткендей сен де мені?

Қамығып қайғы тартып бұл күндері,Түсіндім көңілің пəс жүргеніңді.

Жасыңды сүртіп салып бетіңдегі Жарығым, жақынырақ келші бері.

Əрқашан қалыбыңда өжет-қайсар,Көрем бе деп боламын мен де əрі-сар.

Мəмілем шикі деме, күнə іздеме,Шырағым, құр бекерге қайғы жеме.

Берейін ақ батамды қазір мен де,Ашып қой, көк дорбаңды қойып жерге.Жайсаң ата үндемей қалды. Тəңірім-ай, менің

қаншадан бері күткенім осы емес пе еді! Айнала-ма зер салдым: əбден биік, үстін ақ қар басқан тау көрінді. Жайсаң ата дөңгелек дөңсенің үстінде отыр, мен төменірек түзу жерде отырыппын. Дорбамды ашып, жаулыққа оралған қамшыны, тəспіні сыртқа шығарып қойдым.

Əумиін, ұзақ болсын, басқан жолың,Талығып, шаршамасын емді қолың.Қайберен1 демеп жүрсін, ақ жолға түс,Қамшыңның иіесі болсын – Ақ жолбарыс.

Алдыңды жарық қылып Нұрбелегің2, Аруағы бабалардың, Ел қолдасын!________________________1Қайберен – Қайып Ерен. 2Нұрбелек – пері қыз.

Page 376: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 376 –

Ару көңіл-пейіліммен беріп тұрғанАқ батам, О, Құдырет, қабыл болсын!

Алдыңда тосқауыл көп, име басты,Шырағым, жасық болып, төкпе жасты.Пейіліңді аппақ бойдан сақтап жүр сен,Денеңе тисе тисін, шапқан қамшы.

Сезімі дүлей, соқыр надандарға,Жасыңды көрсетпей жүр бір де тамшы.Сындырса көңіліңді мейлі деп қой,Бірақ та, біреудікін сындырмашы.

Қыйналған ауру жанды ая, сыйла,Дімкəстар іздеп келді сенен пана.Шипасы – тиген дерттің бірге болар,Талықпай, барлық дертке ізде дауа.

Тұс келсе, дауасыз дерт сырқат жанға,Білгізіп, дерттің жайын, тіл қатпа оған.Қайғыны білдірместен, іштен тынып,Сыртыңа түрді көрсет жайнаң қаққан.

Шырағым, болар нəрсе сөзсіз болар,Ортайса бірде ыдыс, бірде толар.Ақырғы бір ішер суың таусылғанда,Жан-досың бұл өмірге нүкте қояр.

Сондықтан, жалған дүние атылған оқ,Өмірде мəңгілікті ешнəрсе жоқ.Көздеген мақсатың бар бұл жалғанда,Осы сенің бақытың теңдесі жоқ!Жайсаң ата тыншып қалды, осы сəттен пайдала-

нып: «Пендешілікпен кетірген көптеген күнəларымды кешіріңіз» - деп сұрандым. Одан кейін көптен бері білгім келіп жүрген Айкөл Манас атамыздың туылған жы-

Page 377: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 377 –

лын айтып беруін өтіндім. Жайсаң атамыздың қашан туылып, қашан дүниеден өткені ұрпақтары үшін керекті мағлұмат екенін айтып: «Мүмкін болса,айта аласыз ба?» - деп сұрадым.

Мен дағы сөйлесуді аңсап келгем,Сұрай ғой, барлығына жауап берем.Көңілсіз өткендегі кездесулерМенің де көңілімді көншітпеген.

Жарығым, жүрегіңді ауыртпашы, Жетеді, қажытпаймын бұдан əрі.Көкейдегі ойларыңды тынышсыздантқанТүйінді сырын шешіп, жауабын айтам.

Кеткенмін бұл жалғаннан мен сəл ерте,Толғанмын бар болғаны - елу төртке.Ұнамай Ер Манасты даңқтағанымУ берген, көре алмаған бір көр пенде.

Ең алғаш жолыққан жер есіңде ме?Ұмытпа, сүйегім жатыр осы жерде. Ол жерді сенен бөлек жан білмесінАйтпа сен, өзгелерге сыр білдірме.

Көпшілік – мазар десіп, жайын білсе, Тебелеп, тыныш қоймас, барып күнде.Шам алып, жалғыз өзің кел əрдайымАруақтарды ескерер – бейсембіде.

Айкөл де аттанарда бұл жалғаннан, Елу беске жаңадан қойған қадам.Онда мен қырық екіге толған кезімАйкөлден он екі жыл кеш туылғам.

Жарыққа келген жылын Манас атаң,Қазіргі есептеумен дəл атасам,

Page 378: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 378 –

Алты жүз жетпісінші, тамыз айыАлтайда кіндік кесіп, тамған қаны.

Жұрт тілеп, Ұлы Күштен аян алған,Апасы Чыйырдыдан ол туылған.Айтқаным дəлелдеуді етсең талап,Бұл дастанда айтармын толығырақ.

Сұрауың ең ақырғы мынау қалды:«Көп күн болды кетірді əбден əлді,Түсірген белгілерім əріпке ұқсас,Шешуі табылмастан мазаны алды».

Жарығым, тыңда асықпай, дұрыс көрсең,Жақсы болмақ жауапты қазір берсем.Түсірген белгілердің дəл мəнісінКүте тұр, түсіндірер бөлек өлшем.

Білерсің Ай толғанда оның сырын,Шұғыласынан «Балалық» жұлдызының. Дұғасы Чи-Лу-Сеннің – «Чжуд-Шиден»,Бастауы «Вайдурьядан» ол шешілген.

Дауыс есітілмей,жаңа ғана бүркеп тұрған көгілдір-жасыл Шұғыла сейіліп, жонда тұрған екенмін. Жайсаң Атаның бүгінгі берген мағлұматтарына, сондай-ақ жасаған жылы мəмілесіне көңілім көтеріліп, ауылға қалай тез келгенімді білмей қалдым.

30.11.1995-ж.10шы А.К. 85 151 1511 3080 2010

Делаю эти записи при лунном свете в обычном состоянии. Не могу указать точное время, кажется 19 часов.03 минут. В небесах светосмещение. Самая яркая звезда «Большая Медведицы» отделилась от других звезд и будто камень начала падать вниз. Она кружилась, сверкая лучами и все быстрее спускалась

Page 379: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 379 –

к ущелью Чет Кууганды1.Теперь она делала яркие зиг-заги, летая между Кымыз Ачыбас2 и Баймат3. У меня закружилась голова, кажется будто ия движусь с места на место не касаясь земли. Звезда сделала еще несколько зигзагообразных полетов и начала быстро подыматься в небо. Приблизившись на свое место – ярко осветилась, сделала круг и встала на место. По-верить ли кто в мое виденье?

Я не смогла прочесть, вернее расшифровать ни единого слова из начертанных этой звездой в ее дви-жениях. Не в состоянии понять смысл этого чудного явления, может быть есть ответ на это со сторо-ны ученых? Может, получу ответ, войдя в транс, но сейчас я делаю эту запись в обычном состоянии, хочу сохранить ее в этом виде, мне кажется что карандаш мой не пишет.

Эту запись я переписала после возвращения домой в 23часов 51 минут. К сожалению, записи сделанные в горах, почти не получились, оказывается карандаш промерз.Запись оригинал в тетради, где астрозаписи.

* * *Жоғарыдағы сөздерді үйге келіп көшірдім. Жайсаң

атаға кездесер уақыттан сəл ертерек шыққам. Табиғаттың таң қалдырған сырлы көрінісіне ілесе Шұғыла түсіп, Жайсаң Атаның қаранын көрдім. Əлгіндей халге түсіп, көрген құбылыстың эсерінен босана алмай, атаға сұрау бердім: « Менің оқыл-есім орнында ма?.. Қазіргі жұлдыздың төмен құлап, əрі- бері шырқ айланғанын шынында көрдім бе? Не осын-дай болып көрінді ме?.. Жайсаң Ата маған есі кірмеген кішкене балаға қарағандай тəрізде мыйығынан жыми-ып, жағымды қоңыр үні менен:

Шырағым, үп-үлкен-ақ балақайсың,Кейде сен түсінуге жалаңқайсың.

________________________Чет Кууганды1,Қымыз Ачымас2,Баймат3 – Чаек ауылына жақын жердегі жайлаулар.

Page 380: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 380 –

Сен көрген табиғаттың құбылысы – Сезімдің жандүниенің құйылысы.

Жарқырап түрлі түсте нұрын төксе,Онда сен жарық көңіл – көңілің көкте.

Бұйығып алып ұшса, тұс тарапқа,Булығып тұрған кезің, демек, онда.

Өзгерсе ойың-санаң, құлық-мінезің,Еске тұт, табиғат да өзгерерін.

Қуансаң, табиғат да мейірін төгер,Қайғырсаң – бүркеліп күн қоса шөгер.

Байқасаң, табиғатта – көп болмыстар,Араласқан-құраласқан құбылыстар.

Бұл саған Нұрқыздардан келген сыйлық,Тартуы Жаратқанның тұрған биік.

Сыйлығын Нұрқыздардың ұстап бекемБөлінбей сапарға шық, олар менен

Жылжы сен артқа тартпай алға қарай,Шұғыла жарық қылсын жолыңды арай.

Ал қазір маған бері жақын келшіСөз қылып, тұрмысыңнан айтып берші.

Жайсаң Ата жауап күткендей тынып қалды. Мен атамызға қуанышымды бөлісіп, ауданымыздың əкімі Аманалиев Еркінбектің жағдайымды тура түсініп, шын пейілінен қолдап жəрдем көрсеткенін айттым. Күнделікті көр тіршілігім де ғана емес, екі бөлмелі үй

Page 381: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 381 –

де сатып бергенін өте риза болып, сүйініп айттым. Сосын, əлбетте, осы ісіме тиесілі болған жазулардан кейбір уақытта қата кетіріп, оңдаған кездерім бо-лады, осыным кемшілік болмас па екен деген ойымды білдірдім. Атамыздың сөзі жалғасты:

Бұл дүниенің бағасын білмейсіңдер,Бірі кем дүние деп те тілдейсіңдер.

Жарықта жарым күндік өмір сүрсең,Мың жылдық қараңғының нарқына тең!

Жаралған Жер-Ананың пенделері,Құдыретті Көк-Теңірдің еркелері.

Қонақсың жарық Жерде азғана күнАл енді Жоғарғы Əлем – қараңғы түн. Жарықтың құны қымбат, тең жоқ оғанБерілер сондықтан да ол аз ғана.

Бағасы қымбат қысқа өміріңнің,Қөктемғі гүлдей нəзік қөңіліңнің.

Нарқын-парқын қор қылып, түсірме сен, Қиын болар мəнісін түсінбесең.

Айттым мен сөздерімді жүрген ойда,Ақылға салып бəрін ойландың ба?

Сендеғі маған тартқан бір мінезің,Сезесің адамдардың жан-дүниесін.

Тарылтып жақсыға тəн тоқ пейіліңді,Байқамадым, дүние деп кеюіңді.

Page 382: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 382 –

Жаныңды кірлетпестен қалдырыпсың,Баспана тілеп жүрген алыптырсың.

Адаспай ақ жолыңнан алға жылжып,Əрқашан осындай бол, қалма жүнжіп.

Шырағым, тура ма дейм байқағаның,Бар екен қабылдауда қаталарың.

Егер де бұған дейін қата кетсе,Кейіме оңдалғанға кейбір нəрсе.

Кел, енді, сапарымыз Кең Əлемге,Басталады міне қазір осы жерде.

Жүре ғой, жалғайык біз жолымызды,Қағазға түсіре бер ойымызды.

Біразға үнсіз сапар жалғадық да, одан əрі адыр сыяқтанған дөңес жерғе келіп тоқтадық. Əр бір дөңнің үстінде отырған əр түрлі кісілер «Шоң Қазатты» ай-тып жатыр екен.

Сағымданған боз далада - қызыл қырғын. Адамдардың, аттардың өліктеріне толған таулы дала. Мұрынды жарған қан-жынның сасық иісінен жүреғім айнып, лоқсып жатқаным есімде. Жүрегімде жатталған Жайсаң Атаның мұңды үні...

Бұл медитациядан кейін 109 – 127-беттер жазылған.

Page 383: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 383 –

ОНЫНШЫ БӨЛІМ

Жайсаң Атаның үні ұғылмай қалды. Айна-ла тым-тырс. Көгілдір-жасыл Шұғыла тарап, айнала қап-қараңғы болып қалды. Біраздан соң барып өзіме өзім келіп, каналдың жиегінде тұрғанымды көрдім.

Дорбамды бауырыма қысып үйге қарай жөнедім.

7.12.1995-ж. 16-шы А.К. 3600 00

Бұл күнді əдеттегідей-ақ тынышсызда-нып күтіп жүргенмін. Кейінгі кездерде көнген əдетке айналып бара жатқан көр тірліктің арқасынан қыжылданған сезіммен үйден шықтым. Адырға жеткенімде Шұғыла түсті, Жайсаң атаның таныс коңыр үні есітілді:

Аспандағы бұлттай ұшқан маңғып,Бұйыққан бүгінгі ойың шашыраңқы.

Шынында ауыр ма екен артқан жүгім?Шындықты анықтайсың дəл сен бүгін.

Білгенге өмір алды – асау дария,Таба алмай өткеліңді кетпе қайра.

Арғы бетке өтем деп егер кешсең,Іздеп тап өткеліңді ерінбестен.

Page 384: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 384 –

Ащы тіл жүрегіңді сыздаттырар,Ызасы жан дүниеңді мұздаттырар.

Бірақ та, жету үшін бар мақсатқа,Шарағым, шыдау керек машақатқа.

Қалдырып дене-досты жансыз, мұздақҚарағым, аттанайық сапарға ұзақ.

Артқа қарай шегініп көп ғасырға,Жан-досың сапар кезсін бол қасымда...

Кезінде бұл өренде гүлдер жайнап,Тоғайда аңдары мол, құстар сайрап,

Алқынып жағасына көбік шашып,Ағатын асау дария бұлқып-тасып.

Кейде мен шай қайнатым уақыт тауып,Келуші ем осы жерге ауық-ауық.

Таулардың ұшар басын ақ мұз басқан,Тоқымдай бұлты да жоқ көкшіл аспан.

Тұп-тұнық ақ маржандай күміс бұлақ, Тау бауырын көрікке бөлер төмен құлап.

Мың қайрық керемет күй əуеніндей, Табиғат бір мұңайып, бір күлгендей.

Рауғашын теріп бетке шығушы едім,Ысқырған ұлар үнін ұғушы едім.

Қуанып, көңілім толып, мерей өсіп,Күш жинап қайтушы едім, көңілім көншіп.

Page 385: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 385 –

Көрсе деп өзім басқан осы жерді,Арнайы алып келдім бүгін сені.

Ұлы Күш адамзатқа тарту қылған,Осындай сұлұлықты көз тойдырған.

Қадіріне бағалап жетпеппін мен,Бір сəттік мейман екем сезбеппін мен.

Əттең-ай, көрінеді сағымдай бір,Дүниеде мұндай көркем жер болмайды.

Көрсеттім арнайылап саған арнапЖүрсін деп дүние көркін оң бағалап.

Алдыңда болар əлі көп тауқымет,Бəріне дайын болып, тəуба да ет.

Жеңдіріп құр уайымға, қиса жанын,Түкірген түкіріктей бағасы оның.

Өзіңді берік ұста, қалма сасып,Осыған алайық біз уағдаласып.

Қоштасу керек енді, қазір мынаКездесіп сөйлесесің Нұрқызыңа.

Баладай кірсіз таза, сыры терең,«Балалық» жұлдызының нұры менен.

«Вайдурья» нəрсе өзі жұмбакталған,Көп ғасыр дəріптеліп ол сақталған.

Құпия, көп жұмбақтың сыр-шешімін,Бір шетін саған Нұрқыз ашар бүгін.

Page 386: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 386 –

Ол үшін орындайсың айтқан шартын,Əрдайым кие тұтып Əлем салтын.

Білгеніңді пайдаланар мезғіл келер,Уақытты нұрқыздарың өзі ескертер.

Күтпесін Нұрқыз əпкең, тезірек барАйтқанын еске сақтап, қабылдап қал.

Көгілдір-жасыл сағым Шұғыла алы-стап Жайсаң Ата көрінбей қалды. Түрлі түске құбылған Шұғыла арасынан ұзын бой-лы, нəзік денесіне жараспаған əбден үлкен көздері бақырайған əйел көрінді. Түрлі түсті сəулелерге оранып, ерке өскен баланың үніндей сыңғырған үнімен, менен əжептеуір жоғарыда тербеліп тұрған əйел мəлімет бере баста-ды. Сөйлесуіміз ұзаққа созылып, осы арада өлшемдер тез алмасып тұрды. Бұл жолығу 1283 беттен тұрған шешімі бізге белгісіз «Вайдурья-онбо» ғылымының кейбір жерлерінен мəлімет беру үшін болғандығын түсіндім. Алған мəліметтерді жариялауға ғана емес, айтуға да қақым жоқ екен. Осынша қызықты нерсеге ар-балып беріліп қалсам керек, өйткені, қолымның қатты аурығанынан өзіме келгенде, бейта-ныс жерде ішімдік бұрқыраған екі адамның ортасында тұрыппын. Бірі қолымды бұрап, екіншісі ыржиып күліп, қарап тұрған екен. Денем сілкініп, өзіме келе түсіп:«Сендерге не керек, айналайындар, менде дəптер-ручкадан басқа еш нерсе жоқ, бұлардың сендерге керегі жоқ»,- дедім. Қолымды бұрағаны, олардың ауызға алмас, дөрекі сөздерді сөйлегені ашуым-ды келтіріп, өзіме ие бола алмай, біреуін жаққа

Page 387: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 387 –

тартып түрткенім есімде. Содан кейін өзімді ауасыз кеңістікте тұрғандай сездім. Ана екеуі көтеріліп барып, ауада қалқып тұрып, гүрс ете жерге құлады. Ауасыз кеңістікте қанша тұрғанымды айта алмаймын, қас қағым сəт пе, əлде бірнеше минуттар ма? Өзіме келгенімде, Жұмғал өзенінің көпірінің шетінде суды қарап тұрғанымды білдім. Өмір сүргім келмей, жарық дүниемен қоштасқым келіп кетті.

Уақытша бас қалқалаған пəтердегі ба-лаларым есіме түсіп, қолымдағы дорбам-ды бауырыма қыса ұстап жөнеп қалдым. Тұрған жеріме жақындағанымда жанындағы қазандыққа1 қарай бұрылдым. Бақтың жала-ңаш бұтағында салаңдап ілініп тұрған өзімді көріп, сол тарапқа бара жатқанымда, иы-ғымнан жұмсақ қол ақырын түртіп үйдің қорасына қарай бұрды. Жетекке бас иіп, есігі өзі ашылған қораға кірдім. Бойымды түзеп, ба-лаларым жатқан үйдің есігін аштым. Қаперсіз ұйықтап жатқандарына карап тұрып шүберек шымылдықтың артындағы орыныма киімшең бойдан бүк түсіп жаттым да, күшімді көз жа-сымнан шығарып, солқылдап жылай бердім.

Ол күні бір де кісіні көргім келмей, ағай келген-де онымен сөйлеспей қойдым. Содан бері бүгінгі 28ші желтоқсанға дейінгі қолжазбаларымды қараған жоқпын. Осы күндердің аралығында Еркінбек сатып берген, ағайдың үйінің төменгі жағындағы, екі бөлмелі үйіме кірдім. Рыбачье-де2 тұрған, маған келіп емделіп жүрген Гүлмира ________________________1Қазандық – Чаектегі бұрынғы жылулық түйіні.2Рыбачье– Ыстықкөлдегі қазіргі Балықшы қаласы.

Page 388: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 388 –

жолдасы Қалмат екеуі келіп қалып, көшіп қонғанға жəрдем берісті. Гүлмира «Тəте, сізге жеңілдік болсын, Нұргүлдү жанұясымен біз ала кетіп іске орналастырып қояйық» деп, өздерімен қоса ала кетті.

Үстіме үй алып берген Еркінбекке болған ризашылығым бойыма симай, бүгінгі күнді шыдамсыз күткен едім. Үйден шығып, біраз ұзағанымда, Шұғыла əдеттегідей төмен түспей, алмасқан жарықтың түсімен Жайсаң Ата мəлімет бере бастады. Мен асығып, дəптеріме белгі түсірдім. Байланыс бітті, енді үйге кетуден басқа ештеңе қалған жоқ. Жұмғалдың суығы күшіне кірген кез. Түкірік жерге түспей тоңып тұрған мезгіл. Қол- аяғым домығып жаурап, біраз жүріп үйге келдім. Көшеміздің жарығы өшіп қалыпты. Табаныма жабысқан мəсімді шешіп, қараңғы үйде қолыммен сипалап тауып, орындыққа от-ырдым. Сол уақытта, көше жақта ауыр жүк тартқан бір машинаның қапталынан жаңа мен келген адыр жаққа жарық түсіріліп жат-ты. Сол уакытта электр жарығы да жанып дəптердегі белгілерге қарадым. Түсірілген белгі, жоққа тете, аз-ақ екен, одан да таң қалдырғаны 3 сағат 46 минут деген жазу бол-ды.

Байланыс түнгі он екілерде-ақ біткен, ал бұл не деген белгі деп таң қалудамын. Сағатты қарасам, таңғы - 3 сағат 51 минут екен. Келгеніме оншақты ғана минут болған, демек, осы уақытта үйге жетіп қалуым керек қой деп ойлап, белгілерімді шешуге кірістім.

Page 389: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 389 –

28.12.1995-ж. 8ші А.К. 3600 00

Шырағым, сөйлесуғе уақыт тар,Артыңнан бүгін сенін аңдыған бар.

Жұлдызың тоғысқанын белгі қылған,Жасырын топ басшысы күшті дұшпан.

Білемін күткеніңді жолықсам деп,Бірақ, саған əбден сақ болу керек.

Айына бір ғана кел сондықтан да,Ай толған бейсембіде жолыққанға.

Жетуің мүмкін емес маған бүгін,Əбден алыс жердемін, тура түсін.

Басында келетінсің ұзақ басып,Басқа өлшем пайдаланып, келдім сасып.

Пайдасы алдын орап, аналардың,Сен жеткендей уақыт ұтып алдым,

Қарағым, сен тезірек артыңа кетҚырсықсыз аман-есен үйіңе жет.

Осы бірнеше жолдан тұрған Жайсаң Ата-нын сөздерін шешіп бітіп, қанағаттанбай белгілерді қайтадан екі-үш жолы қарап шықтым. Бөлек жазу жоқтығына көзім жет-кенде ғана, шешілген сөздердің мəнісіне көңіл ау-дардым. Қашан мен мəнісін болжай бастағанда, жаңағы тоқтап тұрған машинадағылар моторларын от алдырып, жүріп кетті. Со-

Page 390: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 390 –

дан кейін ғана, бəлкім, артымнан аңдыған біреу болса демек, осы машиналардың ішінде ұқсайды деген божамал ой келді. Жайсаң ата 3тен 46 минут өткенге шейін үйге жетіп алу-ымды ескерткен екен, қорқыныш артта қалған соң, денем дірілдеп, шындап қорықтым.

4. 1. 1996-ж. 15-А. К. 00

Жайсаң Атаға өткен жұмада кезіге ал-май, жарыктың түсі арқылы мəлімет алып келген кезден бастап, бүгінгі күннің келуін шыдамсыздықпен күттім. Іңірде шам жағып қойып шыққалы жатқанмын, ағай келіп көптен бері төсек тартқан апасының ахуа-лы нашарлап қалғанын айтты. Ағайға Құран кітабын беріп, «Молда келгенше басына жа-стай тұрыңыз, маған ренжімеңіз, кетіп бара жатыр едім» деп, жолға шықтым. Адырлы бөксе таудың біраз жеріне барып қалғанымда, Шұғыла түсті. Сағымданған көгілдір-жасыл Нұрға оранған Жайсаң Атаны еріп жөнелдім. Жайсаң Атанын маған айтар не сөзі барын білбеймін, бірақ, менің атаға айтатындарым бар еді.

Ауданның əкімі Аманалиев Еркінбек Шə-кін ағайдың үйінің төменгі подъездінен екі бөлмелі пəтер сатып əперіп, үйлі етті. Осы-ны өткенде де айтам дегенмін, бірақ, кездесе алмай қалмадым ба. Ал енді Шəкін ағай Ры-спек деген суретшіге Жайсаң Атаның бейнесін менің суреттеп айтқаным бойынша салдырып жатыр. Онша ұксаспаса да, əлдебір сырлы

Page 391: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 391 –

жақындық бардай сезіледі. Шұғыла түскеннен бері осы ойларға жетеленіп, көнген жерімізге жеткенімізді сезбей қалыппын. Жайсаң Атаның жағымды қоңыр үні ұғылғанда, ылғый да отыратын дөңесте тұрғанымызды көрдім.

Шырағым, көп ескерткен осы мезгіл,Жұлдызы жұлдызыңа қарсысын біл.

Бір айда бір ғана рет жолығайық,Бұл күнді жақсы білер, олар да анық.

Ескерткен ескертуіме көңіл бұрмай,Жөні жоқ ыза болдың қанша жолы-ай.

Жарығым, шошынамын қөңілім азып,Жүресің өткір пышақ жүзін басып.

Жарықта жасағаның қымбат маған,Ұқыпты болсын əрбір іс жасалған.

Үйіңе жақын жерден күтіп алам,Уақытты біліп шық, түсер Шұғылаң.

Жеткізіп үй жағыңа, қайра əкеліп,Үйіңе кіргеніңді кетем көріп.

Қырсықсыз жеткеніңді көрсем дəйім,Кейінгі кездескенше болмас уайым.

Өткенде Нұрқыз əпкең асықпастан,Сөйлесіпті өзіңмен еш саспастан.

Кететін уақытыңнан кешіғіпсің,Жолыңда ақмақтармен кезігіпсің.

Page 392: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 392 –

«Жəрдемге» деп шақырды Нұрқыз маған,Жаңылып уақытынан қалған саған.

Кешіғіп бір азырақ жетіп келдім,Қейіғен ызаланған сені көрдім.

Мен сонда кəдімгідей анық білдім,«Тызылдап» ауырғанын жүрегімнің.

Ешкімді көргің келмей тұрыпсың сен,Дітіңді жаман жаққа бұрыпсың сен.

Алыстан көзім салып қостап келдім,Үйіңе қайырылуға жəрдем бердім.

Ашуын ақыл-есі жеңсе екен деп,Амал жоқ одан басқа, тұрдым тілеп.

Денеңнің тағы кетпей əлі күнге,Тағы да ызаң қалды кетпей мүлде.

Ұмытшы, баяғыдай сол күнді де,Сенші сен, сүттей таза пейіліме.

Жүректің басылмай жүр ауырғаны-ай,Əлі де кездеседі бұзық талай.

Сақ бол деп ескертемін осындықтан,Ұлы Күш сақтар сені – сен сақтансаң.

Жайсаң Ата осы сөздерді айтқанда, өт-кендегі ызам қозғалып, жан-дүнием сызда-ды. Сол кездегі Шəкін ағайға болған өкпемді ешқашан кешіре алмайтындаймын. Солқылдап

Page 393: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 393 –

өкпе-бауырым езіліп жылап, ызаланғанымды айтсам, ағай немқұрайды:«Оған неге мұншалық қапа болдыңыз? Көз жастан көмек жоқ, одан гөрі милицияға білдірмейсіз бе?» - деді түксиіп. «Тəңірім-ай, онсыз да елдің аузына ермек болар сөздер тола ғой! Үйінен жасы ұлғайған кезінде кеткен əйелдің көрер күні осы деген таба сөзді қалағаны ма ағайдың?» - деп оның бетіне қарағым келмей жүргенмін. Жайсаң Ата ойым-ды оқып білгендей сөзін жалғастырды:

Өкінішті өкпеңді жойып салшы,Өзара мəмілеңді түзеп алшы.

Жетінші сезіміңді кірлетпестен,Сезімге жетеленбей – жетектесең!

Көз салып қас қағым сəт келбетіне,Байқаушы ең, кейігенін сен бетінен.

Жеңдіріп, өкпелеуге көптен бері,Көрінбей қалды саған кейігені. Ұшырсаң қолдан құсты үзіп бауын,Қирар деп жыр қорғаны мен қорқамын.

Осынша бейнет жұмсап құрып алған,Құлатпа, жыр қорғанын деп сұранам.

Қарағым, мəнəн біліп бұл сөзімнің,Оңдап ал, кемшілігін мінезіңнің.

Жайсаң Ата сəл тыншып жауап күткендей болды. Иə, салынған жыр қорғанын қыйратпау үшін сондағы ызамды ұмытқанға, ағайға

Page 394: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 394 –

болған өкпемді кешіруге уəдемді берем дедім ойымда. Ата одан ары сөзін ұластырды:Түсіртіп, егер жатса келбетімді,Көп болар онда оның бейнеті тым.

Ұнамай қала ма деп істің жайы,Жүрсеңдер екеуің де тартып уайым. Жақсылап қарап көрсей салыстырып,Шынымен салған ба екен ұқсастырып.

Бейнемді сағым іспет түсірдіңдер,Жарықта қандай болып ол көрінер.

Əлем таңбаларын түсірген дəптеріме Жайсаң Атаның бейнесін өз шамам келген-ше түсіріп алдым, өйткені, Рысбектің салып жатқанына «салыстырып қара» деп Жайсаң Ата өзі өтінді. Бірақ айдың жарығында түсірілген бейне ертеңғі жарықта қандай көрінер болды деген ой атаның ғана емес, менің де тынышымды алып тұрды. Осы асыл адамның бейнесін ғана түсірмей, кескінін қашап жасаған шебер шықса қане деп те ойла-дым. Менің бұл ойымды Жайсаң Ата одан ары жалғастырып жіберді:

Естелігім жасалар келер уақыт,Қазірше осы сурет болсыншы құт.

Қам көрсе қуантам деп əуреленіп,Жарылқар қарымтасын Тəңір беріп.

Шырағым, құтты болсын кірген үйің,Тұрмысыңда шешіліпті бір түйінің

Page 395: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 395 –

Енді сен шаршамастан бейнетті көр,Еліңе еңбек етіп – зейнетті көр.

Жайсаң атаның үні тағы қайра ұғылмай қалды. Дөңестегі орнында біразға үндемеген қалыбында айналаға зер салып отырды, содан қолын жаңсап сөзін жалғады:

Зер салшы айналаға, таныс па екен?Көргенің қалыпты ма шықпай естен?

Шырағым, көрсетейін бастан-аяқ,Біз жүрген ұзақ жолды шықшы қарап.

Бұл баяғы алғаш рет жолыққан жер,Құнт қойып айналаға, жақсылап көр.

Жақсылап қара ана бір бұдыр тасқа,Іздесең керек болар адаспасқа.

Байқамай қалғандарың болса егер,Есіңе салып қайра, түсіріп көр.

Бұл жерді күндіз іздеп табарыңа, Илансаң көзің жетіп, қазір онда,

дастанды ары қарай жалғамақпын – жаза бер жайбарақат қағазыңа.

Бұл медитациядан кейін 127 – 140-беттер жазылған.

Page 396: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 396 –

«КІШКЕНТАЙ ХАНЗАДА»

1.2.1995-ж. 13-А.К. 00

Өткенде медитацияға шыққаннан бері бір ай шамасында уақыт өтті, Жайсаң Ата: «Ай толған кезде ғана кездесіп жүр» деген-нен кейін Айдын толуын күткем. Бірақ бүгінгі байланысымыз Айдың он үшінші күніне тұс келіп қалды. Кездесуге шықсам ба, əлде Айдың толуын күтем бе? – деп ортазар күйде кеш кіргіздім. Несі болса да бейсембі емес пе, атаға иіс шығарып, дұға айтып қояйын деп, шелпегімді жасап, шам жағып дұға оқып, Жайсаң атаға бағыштап бата жасап, сосын сыртқа шықтым.

Сағат түнгі он бірлерден өтіп қалған, сыртта күн ашық жəне жылы екен. Сезімім еркіме бағынбай қырға қарай жүргім келіп, Шортаңның сазының ортасынан қақ бөле тартылған арықтың ішімен каналга карай жүрдім. Арықтың ішіндегі тоңған мұздың үстіндегі қарға бірінші болып із салғаныма кішкентай баладай қуанып, ішімнен күліп те алдым.

Аспан ашық, көктегі жұлдыздар жер-ге түсіп кетердей болып өзгеше жамырап

ОН БІРІНШІ БӨЛІМ

Page 397: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 397 –

тұрғандай. Табиғатқа сұқтанып бара жатып, арықтың қиылысып қосылған бұрылысына жеткенімді байқамай қалыппын. Шарт бұрыла бергенімде ,көлденең кеткен арықтағы мұздың үстінде ойнап отырған бес-алты жасар шамасындағы баланы көріп, одан қорықпақ түгіл, оған таң қалған да жоқпын. Аппақ комбинизоншаң, көздері бір басқаша бақырайып жайнаған нəресте мұздың үстінде ақ дермантин ескі папканы жайып қойып, оның үстіне үш бұрыш- талып сындырылған мұздың сынықтарын тізіп, ойнап отырыпты.

Ет-жүрегім елжіреп, балаға еңкейіп, қолынан ұстадым, ол бажырая жымиып, екінші қолындағы ақ қанаттарға қамыстың, сылақтың, жусанның құрғап қалған басындағы бүрлерін қосып, букет сыяқтандырып ұстаған нəрсесін маған ұсынды. Жүрегім одан бетер ысып, осы сүйкімді, аппақ нəрестені жерден жоғары көтеріп бауырыма қыстым, сон-да баланың мүлде салмағы жоқ екенін, оның көздері ғана бақырайып жайнап, бірақ бетінің бөлек жерінде еш бір қыймыл жоқ екенін көрдім. Сондағы кейпімді түсіндіріп айтып беру қолымнан келмейді. Сол кезде қорыққанымды ғана анық білем, бірақ ішімнің кіндік тұс жері ақтарылып кеткендей болды. Баланы жерге түсіріп, оған: «Ты маленький Принц Сент-Экзюпери?1» - дедім. Ол жаңағыдай, сөйлеместен, көздері бақырайып күліп қарады. Баланы қолынан жетектеп арықтың ішімен жоғары-төмен басып жүрдім. Қолымдағы

________________________________

1Сент-Экзюпери – француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери. Атақты Кішкентай ханзада ертегісінің авторы.

Page 398: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 398 –

нəрестенің берген қанаттарын арықтың қырындағы қарға шаншып: «Егер де ертең осы жерден қанаттарды тапсам, онда мына бажырайған сүйкімді нəрестеге шындап-ақ жолыққан боламын» - деп ойладым.

Баладан қашан, қалайша бөлінгенім есімде жоқ. Қандай бір бейтаныс, қошқыл қызыл-күрең түстегі Шұғыла түсіп, сол шұғылаға бөленіп, бір жаққа қарай жылжығаным есімде қалыпты. Шыңылдаған мезі еткен музыканың үнінен жүрегім айналып, құсқым келіп, одан қараңғы тұңғиыққа құлап бара жатқандай болғанмын.

Көзімді ашқанымда, жерде жатқанымды, Жайсаң Атаның мазасызданып та, ашула-нып та қарап тұрғанын көрдім. Не болғанын түсінбей, айналамды қарадым, бейтаныс жер, бəрінен қызығы – қардың жоқтығы, бұл қайсы жақ болды деген ойда, Жайсаң Атаға бұрылдым. Жанында тұрған əлгі нəрестенің қуанышын бейнелеген, бір өзгеше үлкен бажырайған балаға тəн емес, ақылды көздерді көргенімде, бəріне қол сілтеп, көңілім тыншып қалды. Жайсаң атаның ашулана шыққан үні есітілді:Шырағым, айтқан сөзді ұқпас болдың,Сен мүлде ережені тұтпас болдың.

Тоқтат сен, айтқанымды бұзғаныңды,Нұршұғыла түспей тұрып шыққаныңды!

Білемін күтеріңді уайым шегіп,Кешіксем, барма əр жаққа құр сенделіп.

Page 399: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 399 –

Біліп жүр, келерімді үзіліспен,Ай-күндер-жылдар емес – ғасыр деген!

Мақсатқа жету үшін – керек тағат.Қырсыққа ұшырайсың кетсең ағат!

Кешігіп қалсам егер біраз ғана,Азғырып алып кетпек қара шұғыла.

Қарсылас тоғыс өтсін, жақсы ұғып ал,Сен шық тек келген кезде Нұршұғылаң.

Жайсаң Ата сəл тынши түсіп сөзін жал-ғастырғанда үні бұрынғасынан да жағымды, сонымен бірге жайдары да шықты:

Шатасқан ойларыңның ұшын таппай,Қым-қуыт сұрауларың ішке батпай.

Төгіліп көзден жасың, құсаланып,Томсарып күтуші едің ызаланып.

Ал бүгін не үшін жүзің жарық,Айтар ойың тізбектеліп тұр ғой анық.

Түсініп бұл тірліктің барлық жүгін,Күресуге дайынсың, сездім бүгін.

Сегіз ай оқытқаным кетпепті тек,Сирек жан кезігетін ғылым беттеп,

сезімтал көңіліңмен қабыл алып,сепкенім өнім алды тамыр жайып.

Page 400: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 400 –

Ұрықтан өнім алған – күтем түсім,Нəтиже – үшеумізге бірдей бітім.

Жайсаң атаның бұл сөздеріне түсіне ал-май қарап қалдым. Қайсы ұрықтың түсімі жөнінде сөз болып жатыр? Үшеуміз не нəтиже көріп, одан қандай бітім шығады? Тегі мен қандай білім алып, не істеп жүргенімді де түсінбеймін. Жайсаң Атаға кездесенге дейін науқастардың кіміне қандай дəрі шөпті, қанша өлшемде, қайтіп колдану керектігін білу үшін медитацияға шықсам, қазір Жайсаң Атаның дастанын алу үшін медитацияға шығып жүрмін. Ал, енді, алынған жыр жолда-рын Шəкін ағайдың ауруына қолданған дəрім қатарында қабылдаймын. Мен дастаншы, не жазушы емеспін – дəрігермін. Мен дəрі де-ген саптар Шəкін ағай үшін – дастан, демек, Жайсаң Атаның дастанынан нəтиже көрсе – ағай көреді, ал енді ағай науқасынан жа-зылып кетсе, дəрігер ретінде менің нəтиже көруім бола ма, əлде?..

Жайсаң Ата менің шашыраңқы ойларыма нашар оқушыға наразы болған мұғалім тəрізді сөзін жалғастырды:

Шырағым, елестетші мергендердің,Алыстағы нысананы көздегенін.

Тартпаса, шебер мерген ұстап берік,Садақ оғы нысанаға тимес келіп.

Жебесі жоқ садақтың мəнісі жоқҚару емес садағың жебесі жоқ.

Page 401: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 401 –

Екеуі де нəрсе еді нарқы қымбат,Үшіншісі мерген ғой тұрған аңдап.

Сөзімнің төркініне түсіндің бе?Құрамыз бір бүтінді – үшеуміз де.

Сондықтан, айтар сөзім екеуіңе,Қарамаймын артық не км біреуіңе.

Көздеген нысанаға тисін десек,Кектемей, кешірімге беріп кезек,

ортада қылдай дағы болмай тоспа, Екеуің бір-біріңді сүйеп, қоста.

Шығайық ісіміздің аяғына,Шырағым, құлағың сал баяныма.

Мен асығысып, Жайсаң Атаға айтайын дегенімді есімнен шығарып қойыппын. Баяғы Жайсаң Атаның бейнесін қағазға түсіріп жатқан Рысбек деген суретші бала салып біткен бір суретін маған алып келіп бер-ген. Жалпы алғанда, Сізге ұқсастай, аянбай бейнеттеніп салды деп асығып айттым.

«Келбеті тура Сіздей өңің» дейсің,Қиналып ұзақ салып бітті дейсің.

Ыңғайы келсе, атам Ырысбекке,Ыразы пейілінен бата берсе,

дегендей ойың барын сезіп жатам,көңіл бұрып, балаға берер батам:

Page 402: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 402 –

Түсірсе суретімді ақ матаға,Тұс болды, ғайып берген ақ батаға.

Мезгілі келген кезде Ырысбектің,Мақтасын нарқын біліп сол еңбектің.

Қазір қайт сен тезірек, қалдың шаршап,Бөтен Нұр қуатыңды қойды сарыптап.

Үйден шықсаң келгенде ай төбеге,Күтіп алам бұл жақтан сені мен де.

Төгіліп тұрған көгілдір-жасыл сағым Шұғы-ла алыстап, Жайсаң ата көрінбей қалды. Айналаға көз тастап қайсы жерде тұрға-нымды болжап қарадым. Каналдың ауыл жақ жағасындағы бақтың ішінде тұрыппын. Жа-нымда елгі нəресте де бар екен, қатты қуанып кеттім. Қазір осы кішкентай Принц маған еріп, үйіме бірге барса не деген керемет бо-лады! Ойыма жетеленіп балаға қолымды созғанымда, ол менен, жаңбырдан кейінгі кемпірқосақтай алыстап барып, қарға ара-ласып сіңіп кеткендей көрінбей қалды. Тұрған орнымнан дөңеске қадалып қараған бойдан біразға қозғалмай тұрдым. Жерге жарық түсіп таң ағарып қалыпты, үлкен жолда бірлі-саран кісілердің қарандары көрінеді. Əлгі нəресте қайрадан көрініп қала ма деген ойда артыма қайта-қайта қарағылап, үйге қарай жөнедім. Үйге келіп, киімдерімді шешіп, біраз жылынған соң, əлгі баланың берген қанат букеті есіме түсіп, қайтадаң арықтың шеті менен түндегі жерге бардым. Мұздың

Page 403: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 403 –

үстіндегі қарда менің кəлешімнің ізінің жанында баланың аяқ киімінің быртыйған іздерін көріп, онша көзім жетпей жүрген оқиға шыны мен-ақ болғандығына сендім. Оған дəлел болған екінші нерсе – қанаттар қарға шаншылған бойда екен. Папканың бетіндегі мұздың сынықтарына жаңа көтеріліп келе жатқан Күн нұры шағылысып, құдды хру-стальдай жалтылдағанына сұқтанып қарап тұрдым. Біраздан соң қардағы шаншылып тұрған қанаттарды алып үйге келдім. Ағай денесін дəкемен таңдыруға келгенде түндегі көрген оқиғаны айтып бердім. Көздерінен сенбегенсіп тұрғанын байқап:«Ағай менімен барып, егер сізге көрінсе, сол бала екеуміздің қардағы іздерімізді көріп келмейсіз бе?»- дедім. Біз арықтың қырымен менің кəлешшең ізімді қуалап , бұрылысқа бардық. Ағай ба-ланын іздерін, қардың бетіне түсірген менің белгілерімді көргенді:«Құдая, тоба!»- деп шы-нымен таң қалды. Сосын, əдетінше, сұрау жа-удырып, менің əр бір сөзімді анықтап, зерттей бастады. Мысалы:«Қардағы жазылған белгі нені білдіреді?» .Ол түндегі уақыттың, өлшем- өткелдің градустары екенін ғана айта аларым-ды, басқа еш нерсе айтуға ақым жоқтығын айттым. Ағай болса, менің еш нəрсені жасыр-мауым керектігін, не көрсем, оның бəрі ғылымға тиесілі екендігін айтып, жарға тақайды. Əлемнің ашылмай тұрған есігін ашпақ түгілі, шертуге де хақым жоқтығын қазіргі, Тəңірді танып, өздерін Тəңір сезген замандастырымның ешқайсысына түсіндіре де, сендіре де алмай-тынымды білемін. Сондықтан, айтылмайтын

Page 404: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 404 –

нəрсе жөнінде сұрағанда, ағайға:«Соны білсем, айтам да?» деп жауап беріп, құтылдым.Сол күні қайрадан Жайсаң Атаға кездесуге қам көрдім. Түнгі он бірде сыртқа шықтым. Жайсаң Ата айтқан Айдың дəл төбеге келген уағы екен. Ауылдан онша ұзамай-ақ, Шұғыла түсіп, Жайсаң атаның таныс даусы есітілді:

Шырағым, көріп тұрмын, көңілің жай,Тауқыметін тірліктің ұмытқандай.

Өзегі – қуаныштың көңіл ашқан,Өзіңе қолын созып, ойнап қашқан,

нəресте қардай аппақ, судай тұнық,қуантып отырғаны ойын құрып.

Иіліп, «Кіп-кішкентай ханзада» деп,Есіңнен дүние түгел шықса керек.

Баланы өте қатты силарыңды,Беріліп, оған көңіл саларыңды,

есімнен шығарыппын, мен де сонша,Ескерткем – жаңыларын Атаңның да,

Тағдырың тұс келтірген сені маған,Біреуге перзент тілеп тұрғаныңда.

Көп күннен бері қарай шөгіп жүрген,Көңілің көтерілсін дегенмін мен.

Алдыңнан құшақ жайып күтсе бөбек,Ол саған болар дегем таудай тірек.

Page 405: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 405 –

Сосын мен қарсы шұғыла тоғысқанша,Қарамай шығарыңды білгем жолға.

Нəресте тұрса біраз алдарқатып,Нұршұғылаң түсетұғын болмақ уақыт.

Ақ тілек – қырсық сорға байқаусыздан,Айланып кете жаздап қалдың балам

Кездескен түн ішінде нəрестеден,Сескеніп, қорықпақ түгіл, қайрадан сен,

жадырап, құшақ жайып еркелетіп,сен оған тұрған кезде сұрау беріп,

шамасы ескертуге ескертуге оның келмей,түскенін бөтен шұғыла қалдың сезбей.

«Шаянның1» қысқашынан жарық төккен,Жіберіп жалған шұғыла бөтен өлшем,

екеуіңді қосақтап өзі менен,шашуға қара уын алып кеткен.

Қазір де еске алудан шошып тұрам,Үлгердім босатуға – тоба қылам!Шұғылаңды тартып мүлде азғырарда,Сорымды менің қосып қатырарда,

жетіп келіп, қара күштен алдым тартып,шынжырын жан-досыңның қалдым сақтап.

_______________1Шаян – Шаян шоқжұлдыздары.

Page 406: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 406 –

Көргеніңді салмақта, ісіңді бастамастан,Шырағым, есіңе түй, ұмытпастан.

Қиналып түсіресің, жазғаныңда,Өйткені, жат өлшемге бармадың ба.

Жоғалтқан қуатыңды жиғаныңша, Жазғаның солғын тартар, қорықпа онша.

Кезекті беріп енді жыр-дастанғаКел, онда,жол тартайық, қан майданға.

Сағымданған Шұғылаға оранған Жайсаң Атаның артында жылжыдым.Əсілі,бір ша-ма уақыт өткенде, Талшоқы көрінді.Тас шептегі қара тасқа сүйеніп дүрбі салған Манас ата бұрынғыдан айқын байқалды.Бірінші көзге ұрынғаны,шептен белден жоғары ғана жері көрінгенімен, өте ұзын бойлы кісі екені білінді. Қою қастары көлегейлеген үлкен көздерінің түсі білінбей, бəлкім жасқа малынған ба, не мен жасқанып жақсы қарай алмадым ба, əйтеуір, тұнарып тұрғандай. Кең танаулы қырлы мұрын, қабағы биік, жақтары ұзын ,бұлшықты, үстіңгі ерінінің сəл қалыңырақ болғанына қарамай, өте көрікті ауызы-басын, қою сақалын, Манас атамыздың қазіргі ұрпақтарынан басқаша келбетін, ежелгі гректердің суреттерінен көріп жүрген бейнелерге ұқсастырдым.Өзгеше сұс бергені – атамыздың қақпақтай кең жауыры-ны. Бұрынғы көріп жүргенімдей-ақ, жайнаған өліктер, сасыған қан-жынның иісі, көрінген жерде отырып, «Ұлы Қазатты» айтқан да-станшылар, олардың дауысын бірде естіртіп,

Page 407: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 407 –

бірде естіртпей айғайласып, найзаласып, шабысқан жауынгерлер. Шаң-топалаңның, дауыстардың арасынан құлағыма таныс, Жайсаң Атаның мұңданған қоңыр үні ұғылды:

Бұл медитациядан кейін 141 - 196-беттер жазылған.

Page 408: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 408 –

29.2.1996-ж. 12ші А. К. 150 11 011

Бүгін ақпанның жиырма тоғызы болғаны-мен Айдың он екісі, тəуекел деп, Жайсаң Атаға кездеспек болып сыртқа шықтым. Суық күшіне кіріп тұрған екен, тез ауылдан ұзап өрге қарай жылжыдым. Белгілі жерге жетіп, шам жақтым. Шам сөнуге жақындағанда,Шұғыла түсіп, Жайсаң атаның үні ұғылды:

Шырағым, азыпсың ғой, ауырдың ба?Келіпсің басқа жолменжүріп мұнда.

Таңдапсың жүрексінбей тастақ жолды,Тартынба , тəуекел де, мынша болды.

Жүзеді қарсы ағысқа балық біткен,Оларың тумысынан өжет тіптен.

Толқыған таудай толқын қорқыта алмас,Жүзгеннен толқын жарып ешбір талмас.

Қорқады, мүлгіген ол жымжырттықта,«Шылп» еткен су үстінен дыбыс шықса.

Өміріңде дүлей тыныштық сүрсе өкім,Арты оның жақсы болмас, оған өкін.

ОН ЕКІНШІ БӨЛІМ

Page 409: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 409 –

Одан да аласапыран дауыл соқсын,Қырсыққа əзір болып, кеуде тосқын.

Өмірде кездеседі талай істер,Сəттерге кез боларсың бармақ тістер.

Шырағым, дəл сол кезде салмақты бол,Есіңде болсын дəйім – анттасқан қол.

Ұмытпа, биік құзын Мадемилдің1,Жоқ болуға аз қалған еді күнің.

Шықпас деп дəл сол күні сені жолға,Сол түні келген жоқпын мен де жонға.

Сен болсаң кездесем деп қайсарланып,Шарқ ұрдың, алас ұрып тауға барып.

Елеместен жолдың да ауырына, Дорбаңды қысып алып бауырыңа.

қарамай нөсерлеген жаңбыр-суға,киімің суға бөгіп малшындың да.

Білмедім, жас па əлде, жаңбыр ма, əлде,Бет-жүзіңді су басып қалды демде.

Тұрыстық бере алмастан көз жасыңа,Түсіргем Ақ Шұғыланы дəл қасыңа.

Ұшырмай ұшар құздан тоқтаттырдым,Үндемей айтқаныңа көңілім бұрдым.----------------------------------------

1Мадемил – Осы құздан Бүбі Мəриям ұшып кете жаздаған.

Page 410: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 410 –

Шыққанша бұйығыңды үнсіз тыңдап,Шығардым бітімімді жиынтықтап.

Құнт қоймай айтқаныма ызаланып,Ойладың, жатқандай мен күнə тағып.

Жасытып, сындырдым деп сенің сағың,Сол күні мен өзімді күнəладым.

Бұйығың шығып əбден басылғанда,Істің жайын түсіндірдім сонда ғана.

Ант-сертін қол алысып анықтап біз,Содан соң жыр-дастанды бастағанбыз.

Арада одан бері біраз өтті,Ақылға салып білдің сен де көпті.

Қуантып, ізсіз жолдан бас тартпадың,Өзіңе соқпақ салып жол бастадың.

Жазбастан осыныңнан, өрге қарай,Жолыңды жалғастыр, сен, артқа қайтпай.

Түстердің ауысуын жөндеп білсең,Жарық Нұр түскен шекті еске түйсең.

Шумақ жыр үзілместен шұбалады,Жазған əрпің тез-тезден құралады.

Қиналмай, асықпастан аздан түсір,Анықтап əрбір сөзді, көркем бітір.

Ұмытпай уəдемді саған берген,Амандас, «Ханзадаңды» ала келгем.

Page 411: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 411 –

Арылып күйбеңіңнен, қуанып қал,Азыңқы көңіліңді жуатып ал.

Сағымды көгілдір Нұрға оранган Жайсаң Атаның жанындағы «Кішкентай Ханзада-ны» байқамай қалған екенмін. Қашан ғана «Ханзадаңды ала келдім» дегенде, Шұғылаға оранған нəрестені көріп құшақ жайдым. Салмақсыз «Ханзадамды» көкірегіме қыстым. Оның бажырайған бөтенше үлкен қарашықты көздері бал-бұл жанып, ол əдетінше үнсіз, мой-ныма қолын артты. Осындай күйде қанша тұрғанымыз есімде жоқ, құлағыма Жайсаң Атаның қоңыр үні ұғылып, Шұғылаға оранып жылжып бара жатамызды аңғардым.

Жайсаңның туылуын зарлап күтіп,Кей кезде мүлде одан үміт үзіп.

жүресін қайғы тартып уайым жеп,Жайсаңды туып берсе, Тамарам1 деп.

Ұмытып, өз қайғыңды, барын-жоғын,ұмытып, балаларыңның ашын-тоғын,

дерті бар сырқат жанға дауа іздеп,баласыз бейшараға перзент тілеп,

өзгенің жайын ойлап, қамын жейсің,өзіңді еш уақытта ескермейсің.

Тұрмыстың зардабына жеңілместен,ақ пейілді тілекпен күте білсең,

1Тамара – Бүбі Мəриям көп уақыт емдеген келіншек.

Page 412: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 412 –

көресің, сол тілегің қабыл болып,қалғанын басыңа да бақыт қонып.

Қане, енді, Талшоқыға бағыт алып,Ғасырлар тереңінен сөз ағытайық.

Елесін алға тартып өткен күннің,Жалғайық, оқиғасын дастан-жырдың.

Бұл медитациядан кейін 197 - 216-беттер жазылған.

Page 413: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 413 –

1.3. 1996-ж. 13ші А. К. 660 041 24

Өткен түндегі медитацияны жалғасты-руым керек болатын, əдеттегідей жұлдыз толған шақта үйден шығып өрге қарай беттедім. Пендешіліктегі көртірліктің тауқыметі май-ыстырып, көңілім жайында емес еді. Жыл тоғысар наурыз айы үш жылдан бері ауыр жүгімен босағасын аттатып жүр. Сияғы, сол көртірліктің йіріміне сүңгіп кетсем ке-рек. Шұғыламның түскенін байқамай калып-пын. Жайсаң Атаның қоңыр дауысын есітіп, жарыққа жүзімді бұрдым.

Ертерек шығып алып, күтіп қалыпОсыған тұрасың ба қапаланып?

Ағылған Нұршұғылаңды байқатпаған,Ол қандай ой болды екен алаңдатқан.

«Өткіздім үш жылымды тауқыметпен,Ауыр жыл болды маған бұлар неткен»,-

дегенің түсінікті, Ақшабағым,үйіңде жасайсың, рас, əр шаруаны.

Тазалап, қағып-сілкіп жина үйіңді,Қалмасын қоқыр-соқыр еш үйінді..

ОН ҮШІНШІ БӨЛІМ

Page 414: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 414 –

Кайрадан бір жыл бойы қонақтасың,Жақсы үй, жаман үйге тұс боларсың.

Жақсы үйдің жаман жерін байқап шыққын,Жаманның – бір жылтырын еске тұтқын.

Сияғы Шəріпқұлдың айтқандарын,Қайталап жатқанымдай қабыл алдың.

Біліп жүр – ақылды сөз азбас, тозбас, Ол сөзді арттағы ұрпақ еш ұмытпас.

Сөзімнен қорытып көр, өзің талдап,Сөйлейміз кімімізді кім қайталап.

Жиналған қоқым-соқым болса үйіңде,Тазала, қалмасын шаң бір бүйірде.

Жарқырап көркі шығып, болсын аппақ,Сол кезде көңілің тыншып тыным таппақ.

Арылып келер жылы құр уайымнан,Құйылсын берекесі жан-жағыңнан.

Айтып қал, мұңдарыңды, мені тыңда,Көңіл кірі айтылған қалар мұнда.

Жайсаң Атамың дауысы сəл тынып қалды. Көкірек тола ызамның қайсы бірін айтып та-уыса алам? Көңілім неден шөккенін күнде біліп- көріп жүрген Шəкін ағай да көрмексең болады. Егер бұл жайында сөз қозғасам, ағай ұнатпай:«Сіз пендешіліктен жоғары болуыңыз керек, атаңыз айтып жатпай ма», - деп сөзімді шорт кесіп, ақыл-насихатын айта бастайды.

Page 415: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 415 –

Ал енді Жайсаң Ата болса:

«Өкінішті өкпеңді жойып салшы,Өз ара мəмілеңді оңдап алшы.

Жетінші сезіміңді кірлетпестен, Сезімге жетеленбе – жетекте сен», -

деп сөзімді қағып қояды. Ішімдегі ызам-ды шығарайын дегенім өліге де, тіріге де ұнамасын білемін, сондықтан, ызам кеудеме толып, өзіммен өзім тіресемін. Осы ойла-рымды сезген Жайсаң Атаның қоңыр үнімен сөзін жалғады:

Ұмытпайм, бəрі есімде айтқаныңның:«Өліге де, тіріге де жақпадым шын».

Көңілің тірілерден қалған сайын,Менің де тарылады жағдайым.

Əрқашан жұбатуға əрекеттенем,Айтсаң да, айтпасаң да бəрін білем.

Сасқалақ, бала қыял мінезің бар,Баладай тез өкпелеп, кеш жазылар.

Келеді сенің дағы еркелегің,Қиналтар өзіңді де бұл мінезің.

Еркелет «Ханзадаңды» – еркеле өзің,Ұмытылсын, кеудеңдегі ыза-сезім.

Жүректе отың өшсе алаулаған,Білесің тұтанбасын ол қайрадан.

Page 416: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 416 –

Отыңа жылынысқан аурулардың,Алғысын, ақ батасын талай алдың.

Бөлініп қараңғыдан – сығылғанмын,Мен дағы сол отыңа жылынғанмын.

Арылсаң, ыза-кектен бойға сіңген,Жеңілдерсің бұйыққан көңіліңнен.

Қайталайм, осы жерде қалсын бəрі,Қайғы-мұң, жаңылыстық, тұрмыс зəрі.

Қайғысы-қуанышы – бəрі аралас,Келер жыл алып келер тартыс-талас.

Күшіңе сенімім бар, Ақшабағым,Алға ұмтыл, қорқыныштың таста бəрін.

Жүре ғой, Талшоқыға жол тартайық,Талмай жаз, тірілсінші кəрі тарих.

P.S. Переписывая эти строки, я вновь пере-жила ту ночь. В последнее время мне не по пле-чу тяготы мирские. Кажется, остыла я от всего мирского. Только в разговоре вокруг Вас я оживаю, Жайсан ата. Почему-то захотелось оставить эти строки. (Осы саптарды 7-наурыз күні шешпелеп жазған соң аяғында бес сөйлемнен құралган орысша мəтінді де дəптеріме жазып қойдым). 07.03.1996-ж. 00.23

Page 417: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 417 –

1.03.1996-ж. 13ші А. К. 3600 001 034

«Жағасында Егіз Көлдің нұр балқыған,Жастығым, балалығым – бəрі қалған».

Шырағым, Алтынайдың айтқандарыТиісті үшеуіне де, білгін тағы.

Үшеуі де үлкейген осы жерден,Қасиетті сіңірген – ару көлден.

Үшеуінің кім екенін табасың ба?Таба алмай, жауап менен аласың ба?

Үшеуінің кімдер екенін қайтіп таппайын – табам! Олар – балалығы, жастығы, ол түгілі, бар өмірлері арманда өткен – үш қаһарман де-ген ойыма Жайсаң Ата ыразы болып, сөзін жалғады:

Айтқаныңның жоқ ешбір, еш қатесі, Ол үшеу – əкесі, қызы жəне немересі.Олардың атын түстеп атағанда Сорындық, Алтынай жəне Алманбет.

Ендеше, дастанымды мен жалғайын,Құлақ сал, баянына Алтынайдың.

Бұл медитациядан кейін 217 - 240-беттер жазылған.

Page 418: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 418 –

8.03.1996 ж. 11ші А.К. 335° 221 200 Бүгін бейсембі, əдетімше, май түтетіп, иіс шыгарып, шам жақтым. Жұлдыздар қоюланып қалған кезде, үйден шығып, өрге қарай тарт-тым. Жайсаң Атаға тезірек жолықсам деп, сəл ертерек шықсам керек, біраз жүріп қалдым. Қарабиіктің1 қырына шыға бергенімде, Шұғыла түсіп, Жайсаң Атаның үні ұғылды:

Шырағым, келер болдың кейінірек,Біразга мен кешігіп, сен ертерек.

Күтуге жетпей сенің шыдамың да,Қарамай уақыттың аз калғанына,

тəуекел, бұйырғанын көрермін деп,Жөнейсіңкездесем деп мені іздеп.

Осындай етеріңді білем, қайтем,Мойымайсың, не амал, көп ескертем.

Асығамын мен дағы кездесуге,Алыспын, мүмкін емес, тез жетуге.

ОН ТӨРТІНШІ БӨЛІМ

__________________1Қарабиік – қыстау.

Page 419: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 419 –

Жүре ғой, алысырақ кетейікші,Баяғы Көк Бұлыңға жетейікші.

Көңілің кірлеп-ақ жүр, оны білем,Мен де бір дем алайын, шаршап жүрем.

Көңілді толтырамын азған уақта,Келемін қазір дағы шалдыққанда.

Көк Бұлың – керемет жер, əсем аймақ,Келбеті тұрар сұлу қызға ұқсап.

Қайырылып, келдік тағы осы жерге,Себебін түсінерсің уақыт келсе.

Шырағым, қабылетіңе əбден нандым,Шешімін тауып жаздың əр таңбаның.

Жарықты басқаруды біліп алдың,Жаңылмай, жəрдем алмай, сөз құрадың.

Жақсылап ажыратып, біліп, түсін,Нұрлардың табиғиын, жасандысын.

Ешқандай кедергісіз сонда ғана,Не сыр барын шешерсің таңбаларда.

Жайсаң Ата сөйлегенін тоқтатып, менен сөз күткендей. Көр тірлігімдегі тауқыметімнің қайсы бірін айтамын. Ең бастысы – Шəкін ағайдың қозғалған ауруы. Қалаға мүшайраға ба-рып, ауруын күшейтіп келген. Бұралған жылан-дардай болып жамбасындағы жарақатынан шыққан еттері ісіп, төңкерілген пияладай ісігі қаракөк тартып, жалтырап тұр. Осы

Page 420: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 420 –

ауруының беті қайта ма, жоқ... Ойымды сез-ген Жайсаң Атаның үні есітілді:

Білемін, айтар сөзің əбден ақ көп,Айтқаным қайсысы болар деп еп.

Қиналып тұрғаныңды көрем анық,əсіресе мазаңды жүрген алып,

кеселі Шəріпқұлдың болса керек,ауруын қайра қозғап алса керек.

Мұздатып, көкірегіңді ұрған самал,Отыңды өшірердей қылған амал.

Кеудеңде отың жанып бастапқыдай,Самалдан өршіпті ғой, өшіп қалмай.

Жарығың өшпес желден борандатқан, Жаратқан, қарсы жаққан сақта оттан.

Лебі ыстық оттың көкірегіңде,Білесің дауалығын дертке мүлде.

Тағдырдың ызғарының тоңған шерін,бір ғана жылулықтың ерітерін,

Берік ұстап есіңнен шығармассың,Кеудеңдегі жылулық мағынасын.

Егерде еріген шер қайра қатса,Ерінбей көкірегіңдегі отқа қақта.

Дертіне қозып тұрған болар дəру,Əрқашан өзің айтқан ниет-ару.

Page 421: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 421 –

Биіктік, тұнық ақыл – ұлылықта,Жүректі жарып шыққан жылулықта.

Көре алмай ақ еңбекті көз артпасын,Кеудеңде ізгіліктің шамы жансын.

Жаңылмайсың сонда сен бағытыңнан,Өсекші сөз айта алмас, «жағы сынған».

Жетерсің құт құйылған Қадыр түнге,Жемісін ақ еңбектін көрер күнге.

Жолығуды сақтап жүр, сен есіңе,Тура келер Ай толған бейсенбіге.

Ай толып шықпаса егер бейсенбіде,Бет алдыңа далада жүре берме.

Ал, енді, баяныма бөл көңіліңді,Көз жіберіп көрейік сол мезгілді.

Жайсаң Ата мұңды үнімен қомыздың1 қостауында Алтынай апа мен ұлы Алманбет Атаны баяндауда.

Сапырылысқан Егіз Көлдің толқыны, Ұлы хандықтың хан сарайындағы оқиғалар шұбалып өтуде... Бір кезде сол көріністерді кұйын астан-кестенін шығарғандай болды, басымның оң жағы зырқырап, көзімнен от ұшып, қайда екенімді ажырата алмай қалдым. Қарсы алдым-да қызыл жалын от, сарқыраманың суындай тік атқылауда. оның табы оттай болғанымен,

_______________________

1Қомыз – қырғыздың домбыра сияқты сазды аспабы.

Page 422: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 422 –

лебі мұздай суық екен. Сарқыраған от-судың ішінде шаян, бұзаубастарға араласқан, суық көзі ерекше үлкен сұлу қыз көрінді. Қыздың еріндері жыбырлап түрлі-түсті нұр арқылы мəлімет ала бастадым. Түстердің көбісі қара- қошқыл, күңгірт екен. Ішім мұздап, денем қылтырай бастады, əлде қандай өте қуатты күш арбап жатқандай белгі сезіміме келген заматта «Вайдурья-онбодағы» мантра есіме түсіп, асығыс айта бастадым.

Əлгі қызыл жалын мұздақ от алыстап, мəлімет берген нұрлар өшіп, өзіме келдім. Жайсаң Ата көрінбейді, дөңес адырлады кесіп өтіп, төмендегі ауыл жақты беттеп жүгіре жөнелдім. Үйге таңға мал келдім. Əлгі мұздақ жалынның ішіндегі қыздың бер-ген мəліметтерін шештім. Олар тек ғана қараниеттілік қылатын дуалар болып шықты. Əсілі, Жайсаң Атага тура емес тоғыста кездесуге барып, оны да, өзімді да қинаған сыяқтымын. Сөйтсе, Жайсаң Ата осындай боларын біліп, Көк-Бұлыңға алып барып, қуат жинатқан екен. Əлгі қыз Марс планетасының Нұршұғыласы1 екен. Сол қызға жолыққанда ау-ырып қалған басым қайта ауырып, сол қолым, аяғым жоқтай шымырлап қақсап, төсекке жа-туыма тура келді.

Бір апта орнымнан тұрмай жатып, тиісті күні зорға басымды көтеріп, əлгі шешкен дуа

ларды өртедім. Мұндайда жасалатын шартты жасап, денсаулығым оңала бастады.

___________________

Марс планетасының Нұршұғыласы1– Марстан келетін энергияның, күш-қуаттың, мəліметтің иесі.

Page 423: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 423 –

Əлгі қызға жолыққанға дейінгі Жайсаң Атаның айтқандарын шешуге кірістім.

28.03.1996-ж 11ші А.К. 21° 011 2411

Шоқыга сағымданып сəл көрінген,Көз қырын салып соған көңіл бөлсең.

Алыста қазір тұрмыз одан əбден,Айтайын оқиғаны осы жерде.

Кетпейсің бұрынғыдай араласып,Жүрмейсің жандарында зəрең қашып.

Жазылған осы жолғы жазбалардан,Жаңылмай сөз мəнісін тауып алсаң.

Өткен жылдың кетірмей біз есесін,«Қап» деместен көргенбіз нəтижесін.

Қуанту үшін мені шын көңіліңнен,Жасайсың əрекетті, жақсы білем.

Шығарсаң бүгінгіден тиянақты,Жыршы атаң да қуанар бұған қатты.

Бұл медитациядан кейін 241 - 267-беттер жазылған.

Page 424: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 424 –

ЖАЙСАҢ АТАНЫҢ МАҒАН КӨЙҚАПТЫ КӨРСЕТУІ

2.05.1996-ж. 14ші А.K. 360О 00. 02..

Бүгін түн ауа медитацияға шығуым керек болатын. Өткендегі оқиғадан бері денсаулығым болммай жүр. Кешке жауған жауынға езілген батпақты кешіп, дөңеске шықтым. Алабұлт жөңкілген көк бетінде жылжыған Айға назар аудардым. Аздан соң, Шұғыла түсіп, Жайсаң Атаның үні ұғылды.

Шырағым, амансың ба, кел, жақын кел,Əлсізсің, жетелейін, қолыңды бер.

Екеуміз Талшоқыға жетіп алып,Жалғассын айтар сөздер сонда барып.

Айтатын сенің маған көп əңғімең,Білемін, ауыр болды күту əбден.

Бар еді уəдеміз: күн нөсерлеп,Ай көрінбес, алабұлт көлеңкелеп.

ОН БЕСІНШІ БӨЛІМ

Page 425: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 425 –

Ондайда кездесуғе келме сен деп,Өзіңнен өтінгенмін бірнеше рет.

Сен болсаң шықтың жолға əуреленіп,Тура емес. Тұрсам дағы тəуір көріп.

Дəл бүгін келеріңді білгенмін мен,Қиян-сел жүрсе дағы, іргемізден.

Тұрасың бүгін қатты жаның кейіп,Жаншылып дене-досың, əлің кетіп.

Долы қыз ажыратып екеумізді,Айырып жан-досыңнан, көңілің бұзды.

Қараусыз дене-досың мұздап қалып,Қинауда элі күнге мазаңды алып.

Ол күні саған жəрдем бере алмадым,Қан шашқан мұз-жалынды1 жеңе алмадым.

Тап-таза “Балалықтың” Нұршұғыласы,саған жетіп келмесе - құрымақ басың.

Өткендеғи қатесін Нұр əпкеңіз,Ақшабағым, осымен жуды-ау деңіз.

Қозғалып, орын алған денеңдеғі,Кеселің көпке дейін қинайды енді.

Жолығып кездейсоқтан мазаңды алған,Қаныңда «Долы қыздың» дағы қалған.

___________________

Мұз-жалын1 – жалындай көрінгенімен мұздай суық от жөнінде сөз болуда.

Page 426: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 426 –

Шырағым, отырайық, жеттік енді – Атаңның əңгіме айтар меже жері.

Əрқашан жолыққанда əдет екен,Аумайсың “Ханзадаңдай” нəрестеден.

Шыңдау керек сезімді талаптанған,Байқамақсаң боламын, іштен тынам.

Жаратқан берген отың – іште жанған,Жарығым, икемдікті содан алғам.

Өзіңе қаншалықты жақындасам,Сендеғі жылулықты тартып тұрам.

Сондықтан, емеспін мен жақын тұрған,Қаламай жылуыңды азайтудан.

Жарығым, еркелеуден табарың не,Кеудеңде жылулықтың табы кетсе?

Бүгін сені еркелету керек, білсең,Ауруды жеңер – көңіл көтерілсе.

Келгенмін талабыңда атқарам деп,Қарағым, “Ханзадаңдай” ал еркелеп.

Сен мені қуантуды қалағаның,Сеземін, жыршы атаңды бағалағаның.

Өжеттік бұл жолы да берді көпті,Өзіңді басқаруға күшің жетті.

Зейнеті өміріңнің тынышы кеткен,Өзіңнің игілігің – егер жетсең.

Page 427: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 427 –

Шешімін дастан-жырдың таңбаларда,Түстерді бұдан ары пайдаланба.

Арнасын тура жолдың жаңа таптың,Түскенше даңғыр жолға талмай шапқын.

Жайсаң Атаның сөзіне құлақ ден қойып бара жатып, қалайша қап-қараңғы тұңғиыққа тұс болғанымызды байкамай қалдым. Тылсым тыныштық. Алдыңғы жағымда бара жатқан Жайсаң Атаның сұлбасы көрінбейді. Ауа жет-пегендей сезімнен жүрегім “дүкілдеп” қорқа бастағанымда, Атаның сабырлы үні ұғылды:

Жарықтың құны қымбат бұл Ғаламда,Оған мəн бермей жүрсің қанша айтсам да.

Сезімді тұншықтырған қараңғыда,Сездің бе, жарық бпарқын енді ғана?

Шошыма, айналадан көрінбес деп,Бұл жерді “сырлы Көйқап есігі” дер.

Көрсету мүмкіндіғі өте сирек – Нөсерлі, Айдың толық кезі керек.

Сыйқырлы Ғалам сырын оқытқан жер,Сипалап, колыдарыңмен ұста да, көр.

Қайсы жерден орын алған айтып берем,Карағым, көңіліңе түйші бекем.

Батыстағы биік тау – ол «Арқатау»,Алдыда басы ақ қар шалған «Ұлы мұзтау».

Page 428: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 428 –

Төменде “Көк Шилітау” биік, заңғар,Жалғасы “Аберден Шөл” терең аңғар.

Осындай табиғаттың шеп-қорғанын,Иелеғен “Шайтан көлі” қақ ортасын.

Төңкерілғен қазан тау – Тұзды көлі,Жел ұлып, боран тұрар күндіз-түні.Бұл тауды “Суық Төр” дер дауыл ұрған,“Көйқапты” – сырға толы сонда құрған.

Сырына кең Əлемнің суғарылған,Алманбет осы жерде білім алған.

Кіресің, бұл есіктің серті мұнда:Ай толған, нөсерлі түн, жым-жырттықта

Ашылар шай қайнатым уақытқа,Тұс келу өте сирек мұндай шартқа.

Əдейі бүгін сені алып келдім,Əлемің сырын тағы көрсін дедім.

Тұруға ұзағырақ мүмкін эмес,Осы жер – аңыздағы “Барса Келмес”.

Сезімің тұншықты ма жым-жырттықта,Тезінен, шығу керек жылдам сыртқа.

Есігі ғажайыптың бекітілсе,Қаласың шықпай мындан мəңгілікке.

Сияғы, сыртқа шықтық-ау деймін, күн қанша бүркеу болғанына карамастан, Айдың

Page 429: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 429 –

ала-құла жарығы шағылысты. Жайсаң Ата алда бара жатыр. Əрқашан келетін жерімізге келдік ұқсайды, Жайсаң Ата дөңестен орын алып, сөзін жалғады:Отыршы, орнымызға келдік енді,Шырағым, сəл шаршатып қойдым сені.

Көздерің көніп калса қараңғыға,Ана бір оттық тасқа тура қара.

Ағарып көрінген сол дəу май тастан,Қашаған, от тұтатар тас жасасқан.

Сол тасты жанап, көкті байқайсың ба,Көрдіңбе тұрғандығын таудай сұлба?

Ол төмен қан майданға дүрбі салып,Алаулап екі көзі оттай жанып.

қалқайып, сырт келбеті сыр білдірмей,бойында тұйық жара – іші іріңдей,

дұшпанға – құламас тау, асу аспас,отырған Талшоқыда бабаң Манас.

Теңдессіз қан-майданның айқастарын,Ақылмен тұрған кезі ол басқарып.

Көздері қан майданда қырғын салған,Кеудеде Алманбеттің сөзі жалғанған.

...Талшоқыдан дүрбісін төмен салған Айкөлдің кескіні мені үйіме дейін ұзатып келген-дей сезімде болдым. өйткені Атамыздың елесі көз алдымнан кетпейі үйге қайтіп жеткенімді

Page 430: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 430 –

білмей қалдым. келіп шешуін жазайын десем, бір де таңба түспей, парағым аппақ бойдан қалды. Əбден тынышым кетіп, күнді əрең ба-тырдым. Ай көрінгенде каналды қақ жарып өтетін жерді көздей жөнелдім. Шəкін ағай салған көпірге аяғым тигенде, Шұғыла түсіп, Жайсаң Атаның үні ұғылды:

Шырағым, қадам қойған тал көпірің,Бекіпті үш ағашқа нұр төгілген.

Жасаған қамын көріп тірі пенде,Түсірдім Нұршұғыланы көпірге мен.

Шырағым, есіңде ме, менің айтқан? – Садақ, жебе жəне мерген оны атқан.

Байқасаң бұл жерде де үш деген сан,Қазір де сол үш сан қайра қайталанған.

Білдің бе, қуанғаным, менің неге? Жасапты үш ағаштан тал көпірді.

Қойдың ба, өтінішімді қабыл алмай,өзіңе құр бекерге əуре салмай,

Жүрместен дала кезіп, жалғыз түнде,келмекпін шамды жағып, күтсең үйде.

Тəңірдің теңдесі жоқ осы ризығын табу үшін түн құшағында дала кезгенімді ауыр деп есептесем, Тəңірге тəкаппарлық қылған болам да! Атамызды алдынан күтіп алып, онымен бірге жүргенімді ойласам, өзімді адамдардың арасындағы ең бақытты пендедей сеземін.

Page 431: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 431 –

Жайсаң Атаның тірі аруағына тағзым етіп, Шəкін ағай театрдың бір бөлмесін арнайы Атамызға арнап бөлме жабдықтап жатқанын есіме түсірдім. Жаңадан бері сəл үндемей қалған Атамыз сөзін жалғастырды:

Маңдайда мəңгілікті жанған шамым,Өмірге жарық берген қос шырағым.

Əбіржіп ауруына мазаланбай,Уайым шегіп тым қатты бұрынғыдай,

елемей кемшілігін, жаман жағын,ұнады жақсы тұсын қозғағаның.

Астыма Егізкөлді тастан ойып,Арайы кескінімді төрге қойып,

Шəріпқұл, ризашылық сөзім саған,Атымды ататтырар бодың, бала.

Істерің тура келсе заманаға,Бейнеттің зейнетін көр, қылған маған.

Өмірде таусылмайтын шексіз арман –Артыңнан атың шықпай – ұмыт қалған.

Атымды елге жайса Жайсаң деген,Наразы не себептен болмақпын мен.

Мен мұны əдепкіде жолыққанда,Шырағым, түсіндіріп айтқам сонда.

Есіме кеше түні дəптерімнің ақтай қалғаны түсті. Не үшін таңбалар түспегеніне тағы

Page 432: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 432 –

да таң қалып тұрғанмын. Атамыз ойымды оқығандай, жауабын айтты:Көргенде жазуы жоқ аппақ дəптер,Талассыз таң қалатын еді сəттер.

Көйқаптың тұрған жерін дəл айтуға,Мүмкіншілік берілмес шынтуайтында.

Таңбалар сондықтан да қалды түспей,Ол жерді жадыңа түй, сақтап іштей.

Келдік біз, осы жерде сыр ашқанмын,Сен жаза бер, жалғайын жыр-дастанын.

Бұл медитациядан кейін 268 - 324-беттер жазылған.

Page 433: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 433 –

30.05.1996-ж. 14ші А.К. 360О 001 0411

Бүгін бейсенбі, демек, қайтсем де Жайсаң Атаға кездесуім керек.

Ұзақ уақыттан бері төсектемін, ішімнің оң жақ бөлігінде пайда болған ісік күн санап үлкеюде. Жасаған əрекеттерім текке кеткен-дей. Жұлдыз толғанда шам жағып, Жайсаң Атаға бағыштап дұға жасап, жолға шыктым. Үйден əжептеуір ұзап, көшелердің жарығы көрінбей қалған кезде, Шұғыла түсіп, Атаның дауысын естідім:

Шырағым, айтпасаң да білем бəрін,Азайып денеңдегі қызыл қаның.

Ай бойы төсек тартып жатқаныңды,Мені аяп – аямадың өз жаныңды.

Қарағым, басқа жанға жолыкпағам,Ғасырлар жылап жүріп сені тапқам.

Күнделік күйбең-сүйбең қиналудан,Сен менің Алтынайым, бас тартпаған.

Зарлаған əкесіне ұлын туған,Тік қарап дұшпанына бағынбаған.

ОН АЛТЫНШЫ БӨЛІМ

Page 434: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 434 –

Есің бар, Ақшабағым, несін айтам,Тілегім – екеуміз де күткен «Жайсаң»1.«Біз кездесіп, алғашқы жыр жолдары түскен

күннен бері, Жайсаң Атаның талабы: бұл жыр-ды ешкімге көрсетпеуім болатын. «Ал, Шəкін ағай музей ашып, қолжазбалардың көшірмесін ол жерге қойып, келген-кеткен кісілерге көрсетуде. Жақынқы күндері Еркінбекке ақшасын құйдырып, кітап етіп шығарамын деп жүр, осы ісімізз тура ма, əлде жаңылысып жатамыз ба?»,- деген ойыма атамыз жауап берді:Қанатыңды қайырып, шалса аяқтан,Із-түзсіз жоғалады Жайсаң атаң.Жүрегің əсерленгіш сөзге жылдам,Көтермес ащы сөзді деп аяғам.Дастанды толық алып біткеніңше, Деп ойлағам, сабыр қып күтейінші.Қалауларың сол болса, қос шырағым,Кітапты «Жайсаң» деген қабыл алдым.Енбекті ел бағалап, тура тапса,Шəріпқұл жыр-дастанды тасқа басса.

Оған сен қарсылықсыз мақұлдық бер,Білер ол істің жөнін ақылды ер.Ұлымнан артық қызмет етті дейсің,Жұмғалдың жұрт ағасы- Еркінбегің.__________________«Жайсаң»1 – «Айкөл Манас» дастанының бірінші кітабы 1996-жылдың аяғында «Жайсаң» деген атпен жарық

Page 435: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 435 –

Ақ батам, өзің үшің оған берген:Алдында басар жолы болсыншы кең.

Еңбектен парық тауып – гүл жайнасын,Ырысы қазанының ортаймасын.

Өмірі ұзақ болып бақыт қонсын,Тілеген тілектері қабыл болсын. Шəріпқұл көңілі толып, істерінен,Жүргенін қуанышта жақсы білем.

Бəрі де өз орнына келер деген,Сөзімді кездескенде айтқанмын мен.

Кұтты болсын, бастаған іс барлығыңа,Бұдан да зор мерей бар алдарыңда!

Мазалап, жүрегімді қысып тұрған,Күмəн бар, сөз бастайын дəл осыдан.

Созылған көптен бергі кеселіңді,Ойлаумен уайымдадым мен де сені.

Қарағым, денсаулығың орта жолда,Қайткенде сауығатын жолын ойла.

Қандай дерт екендігін біліп тұрып,Жарамас жүргендігің создықтырып.

Сүйегінен кəрі жіліктің жасат наштар1,Басқа ма, не өзің бе, ісікті жар.

_________________ 1 Наштар– сүйектен жасалған скальпел.

Page 436: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 436 –

Тезірек біту үшін ол жарақат,Төс етін сауысқанның жаншы да, тарт.

Бұл айда істі тоқтат, өтінемін,Аурудан айығудың жаса емін.

Өзіңе көңіл бұрып емделе бер,Сəт туар, Ай жаңарса, мен де келер.

Бұл медитациядан кейін 325 - 372-беттер жазылған.

Бірінші кітаптың медитациялар бөлімінің аяғы.

Page 437: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 437 –

МАЗМҰНЫАлғы сөз .............................................................3Медитациялар бөлігі (бірінші жарымы)......7Күтпеген кездесу...............................................9Танысу................................................................19Он Жайсаң.........................................................26Нұр қыздар.........................................................47Ежелгі Байкөлге саяхат.....................................59Қатал шешім......................................................75

Алманбеттің келуі...........................................81Қаныкейдің хаты.............................................82Талшоқы..........................................................107Алманбеттің ақырғы өтініші.........................126Алманбеттің ескеруі.......................................156Шежіреге саяхат...............................................163Сянь-Фаньның өсиеті......................................181Алтынайдың туылуы.......................................199Ерте аяқталған балалық..................................217Ұлы Ханның сынағы.......................................240Алманбеттің туылуы........................................262Алманбеттің Көйқапта оқуы...........................280Азиз ханның қатал тапсырмасы.....................301Атажұртқа оралу..............................................327Медитациялар бөлігі(екінші жарымы)...........................................371Кішкентай ханзада..........................................396Жайсаң Атаның маған Көйқапты көрсетуі............................................................424

Page 438: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 438 –

Жайсаң Үмөтұлы

АЙКӨЛ МАНАСДастан

Бірінші кітап

АЛМАНБЕТТІҢ КЕЛУІ

Аударғандар:

Мейрам Керімқызы, Назарбек Байжігітов

Редакторы Жұмадін ҚадыровКорректоры Назарбек Байжігітов

Компьютерде беттеген Мұқай Қадыров

Пішімі 84 х 108 . Көлемі 27,5 баспа табақ.Тапсырыс № 453 Таралымы 500 дана.

Page 439: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 439 –

«Биіктік» баспасы

Бішкек қаласы, Ю. Абдрахманов көшесі, 170 «А»

Тел.: 66-17-25.

Page 440: ОТКРЫТЬ всю книгу в формате PDF, 1704 kb

– 440 –