113
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ЖАРШЫСЫ 32-БАСЫЛЫМ ВЕСТНИК КОНСТИТУЦИОННОГО СОВЕТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ВЫПУСК-32 Астана, 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ …ksrk.gov.kz/sites/default/files/books/2018-09/Вестник... · заңгерлер қауымдастығының

  • Upload
    others

  • View
    17

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ

    ЖАРШЫСЫ

    32-БАСЫЛЫМ

    ВЕСТНИК

    КОНСТИТУЦИОННОГО СОВЕТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

    ВЫПУСК-32

    Астана, 2018

  • 2

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы (32-басылым)

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ ЖАРШЫСЫНЫҢ РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ

    Бас редактор МӘМИ Қ.Ә. – Конституциялық Кеңестің Төрағасы, з.ғ.д., профессорРедакциялық кеңес:ДАУЫЛБАЕВ А.Қ. – Конституциялық Кеңестің мүшесі, з.ғ.к.МАЛИНОВСКИЙ В.А. – Конституциялық Кеңестің мүшесі, з.ғ.д.МЕРКЕЛЬ И.Д. – Конституциялық Кеңестің мүшесіМҰҚАШЕВ Р.Ж. – Конституциялық Кеңестің мүшесі, з.ғ.к.ТЕМІРБЕКОВ Ә.А. – Конституциялық Кеңестің мүшесі, з.ғ.д.ШАПАК У. – Конституциялық Кеңестің мүшесі, з.ғ.д.НҰРМҰХАНОВ Б.М. – Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы, з.ғ.к.БАДАЛИЕВ М.Қ. – Конституциялық Кеңес Аппаратының Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі

    РЕДАКЦИОННЫЙ СОВЕТ ВЕСТНИКА КОНСТИТУЦИОННОГО СОВЕТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

    Главный редактор МАМИ К.А. – Председатель Конституционного Совета, д.ю.н., профессор Редакционный совет:ДАУЛБАЕВ А.К. – член Конституционного Совета, к.ю.н.МАЛИНОВСКИЙ В.А. – член Конституционного Совета, д.ю.н.МЕРКЕЛЬ И.Д. – член Конституционного СоветаМУКАШЕВ Р.Ж. – член Конституционного Совета, к.ю.н.ТЕМЕРБЕКОВ А.А. – член Конституционного Совета, д.ю.н.ШАПАК У. – член Конституционного Совета, д.ю.н.НУРМУХАНОВ Б.М. – руководитель Аппарата Конституционного Совета, к.ю.н.БАДАЛИЕВ М.К. – Заведующий отделом правового обеспечения и международно-го сотрудничества Аппарата Конституционного Совета

  • 3

    Вестник Конституционного Совета Республики Казахстан (выпуск-32)

    МАЗМҰНЫ / СОДЕРЖАНИЕ«Қ.Ә. Мәми туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 598 Жарлығы. Указ Президента Республики Казахстан от 11 декабря 2017 года № 598 «О Мами К.А.». ........................................................5

    Қ.Ә. Мәмидің өмірбаян анықтамасы ..........................................................................6

    Биографическая справка Мами К.А. ..........................................................................8

    «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жолдауы ...............10

    Послание Конституционного Совета Республики Казахстан «О состоянии конституционной законности в Республике Казахстан» ........................................20

    «Қарағанды облысының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұсынысы бойынша «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 47-бабы 5-тармағының конституциялылығын тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 3 нормативтік қаулысы .................................................................................................30

    Нормативное постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 10 апреля 2018 года № 3 «О проверке конституционности пункта 5 статьи 47 Кодекса Республики Казахстан «О браке (супружестве) и семье» по представлению Специализированного межрайонного суда по делам несовершеннолетних Карагандинской области» ........................................37

    «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігіне тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2018 жылғы 28 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысы ......................................................................................................................44

    Нормативное постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 28 июня 2018 года № 4 «О проверке на соответствие Конституции Республики Казахстан Закона Республики Казахстан «О Совете Безопасности Республики Казахстан» и Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам деятельности Совета Безопасности Республики Казахстан» ...........................................................................................50

    «Қарағанды облыстық сотының ұсынысы бойынша «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 5-тармағының конституциялылығын тексеру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысы ................................................56

    Нормативное постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 3 июля 2018 года № 5 «О проверке конституционности пункта 5 статьи 27 Закона Республики Казахстан «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей» по представлению Карагандинского областного суда» .........................................................................64

  • 4

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы (32-басылым)

    «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 1 қаулысы ................................................72

    Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 24 января 2018 года № 1 «О Научно-консультативном совете при Конституционном Совете Республики Казахстан» ..................................................72

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес туралы ереже .......................................................................73

    Положение о Научно-консультативном совете при Конституционном Совете Республики Казахстан .................................................................................77

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес құрамы ...................................................................................80

    Состав Научно-консультативного совета при Конституционном Совете Республики Казахстан ...............................................................................................82

    БАЙГЕЛДИ Г.С., Конституция юных сердец ............................................................83

    УДАРЦЕВ С.Ф., Верховенство права, проблемы современного правопонимания и обеспечение защиты Конституции ...........................................91

    Международное сотрудничество Конституционного Совета ................................108

    Ақпараттық хабарлау ............................................................................................... 111

    Информационное сообщение ................................................................................. 111

  • 5

    Вестник Конституционного Совета Республики Казахстан (выпуск-32)

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

    Қ.Ә. Мәмиді Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындау туралы

    Қайрат Әбдіразақұлы Мәми Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалсын.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев

    Астана, Ақорда, 2017 жылғы 11 желтоқсан

    № 598

    УКАЗ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

    О назначении К.А. Мами Председателем Конституционного Совета Республики Казахстан

    Назначить Кайрата Абдразаковича Мами Председателем Конституционного Совета Республики Казахстан.

    Президент Республики Казахстан Н. Назарбаев

    Астана, Акорда, 11 декабря 2017 года

    № 598

  • 6

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы (32-басылым)

    Өмірбаян анықтамасы

    Қайрат Әбдіразақұлы Мәми 1954 жылғы 9 мамырда Алматы облысында туған.

    Үйленген, екі қызы мен ұлы бар.С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің заң

    факультетін бітірген (1981). Жоғары біліктілік сыныбы бар судья (2002), 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі (2010), з.ғ.д., профессор.

    Гурьев (Атырау) облыстық сотының судьясы, сот төрағасының орынбасары, төрағасы (1981-1990), Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының мүшесі (1990-1993), Алматы қалалық сотының төрағасы (1993-1995) болып қызмет атқарды.

    Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі алқасын басқарды (1995-1999). Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының міндетін атқарды (1996). Әділет вице-

    министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі – Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымында болды.

    2000 ж. бастап – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы.2009 ж. бастап – Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры.2011 ж. бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.2013 ж. – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы болып қайта

    тағайындалды.ТМД-ға мүше елдердің Жоғары төрелік және жалпы соттары төрағалары

    кеңесінің тең төрағасы, ТМД Экономикалық Соты Пленумының, Дүниежүзілік заңгерлер қауымдастығының мүшесі, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Парламентаралық Ассамблеясының төрағасы болды.

    Қ.Ә. Мәмидің басшылығымен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заң, «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі туралы», «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы», «Аралық соттар туралы», «Прокуратура туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» заңдар және соттардың құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары әзірленді.

    Соттың санкция беруімен, сондай-ақ мамандандырылған экономикалық, ювеналдық соттарды және алқабилер сотын құрумен байланысты заңнамалық актілер мен нормаларды әзірлеуге және практикаға енгізуге тікелей атсалысты.

    Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры қызметін атқарған тұста, құқық қорғау жүйесі қызметінің сапасын арттыруды қамтамасыз етті. Қазақстандық прокурорлар қауымдастығын құруға бастамашы болды, қазіргі уақытта ол Халықаралық прокурорлар қауымдастығының толыққанды мүшесі болып табылады.

  • 7

    Вестник Конституционного Совета Республики Казахстан (выпуск-32)

    Ұзақ жылғы судьялық жұмыс тәжірибесіне сүйеніп ғылыми ізденіс жүргізу арқасында, Қазақстандағы сот жүйесінің және сот билігінің қалыптасуы мен дамуына арналған алты монографияны, оннан астам ғылыми еңбекті жарыққа шығарды.

    «Парасат» (2003), ІІ-дәрежелі «Барыс» (2011), І-дәрежелі «Барыс» (2016) ордендерімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «ТМД ПАА. 20 жыл» (2012) мерекелік медалдарымен наградталған.

    «Құрметті судья» құрметті атағына, сондай-ақ «Үш би» төс белгісіне, «Сот жүйесінің құрметті қызметкері», «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медалдарына ие.

    Жыл сайынғы «Жыл саясаткері» республикалық конкурсының қорытындысы бойынша Қ. Мәми ең білікті саясаткер атанды (2008).

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы Жарлығымен Қайрат Әбдіразақұлы Мәми Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.

  • 8

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы (32-басылым)

    Биографическая справка

    Мами Кайрат Абдразакулы родился 9 мая 1954 г. в Алма-Атинской области.Женат, имеет двух дочерей и сына.Окончил юридический факультет КазГУ имени С.М. Кирова (1981). Судья

    высшего квалификационного класса (2002), государственный советник юстиции 1 класса (2010), д.ю.н., профессор.

    Работал судьей, заместителем Председателя и Председателем Гурьевского (Атырауского) областного суда (1981-1990), членом Верховного Суда КазССР (1990-1993), Председателем Алма-Атинского городского суда (1993-1995). Возглавлял Коллегию по уголовным делам Верховного Суда Республики Казахстан (1995-1999). Исполнял обязанности Председателя Верховного Суда (1996). Занимал посты Вице-министра юстиции Республики Казахстан, заведующего Государственно-правовым отделом – заместителя Руководителя Администрации Президента (1999-2000).

    С 2000 г. – Председатель Верховного Суда Республики Казахстан.С 2009 г. – Генеральный Прокурор Республики Казахстан.С 2011 г. – Председатель Сената Парламента Республики Казахстан.В 2013 г. – вновь был назначен Председателем Верховного Суда Республики

    Казахстан.Являлся сопредседателем Совета председателей высших арбитражных

    и общих судов СНГ, членом Пленума Экономического Суда СНГ, Всемирной ассоциации юристов, председателем Межпарламентской Ассамблеи Евразийского экономического сообщества.

    Под его руководством разработаны Конституционный закон «О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан», законы «О Высшем Судебном Совете Республики Казахстан», «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей», «О третейских судах», «О прокуратуре», «О правоохранительной службе» и нормативные постановления Верховного Суда по актуальным вопросам правоприменительной практики судов.

    Принимал непосредственное участие в разработке законодательных актов и внедрении в практику норм, связанных с судебным санкционированием, а также созданием специализированных экономических, ювенальных судов и суда присяжных заседателей.

    Являясь Генеральным Прокурором Республики Казахстан, обеспечил повышение качества деятельности правоохранительной системы. Инициировал создание Казахстанской Ассоциации прокуроров, которая в настоящее время является полноправным членом Международной Ассоциации прокуроров.

    Результатом его научных изысканий, основанных на многолетнем судейском опыте, стало издание шести монографий, более десятка научных работ, связанных с формированием и становлением судебной системы и судебной власти в Казахстане.

    Награжден орденами «Парасат» (2003), «Барыс» II степени (2011), «Барыс» I степени (2016), юбилейными медалями «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011),

  • 9

    Вестник Конституционного Совета Республики Казахстан (выпуск-32)

    «МПА СНГ. 20 лет» (2012), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016).

    Удостоен почетного звания «Құрметті судья», а также нагрудных знаков «Үш би», ведомственных медалей «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» («Почетный работник судебной системы»), «Мінсіз қызметі үшін» («За безупречную службу»).

    По итогам ежегодного республиканского конкурса «Политик года», К. Мами назван самым компетентным политиком (2008).

    Указом Президента Республики Казахстан от 11 декабря 2017 года Кайрат Абдразакулы Мами назначен Председателем Конституционного Совета Республики Казахстан.

  • 10

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы (32-басылым)

    «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы»

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің ЖОЛДАУЫ

    (2018 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында жария етілді)

    Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентіне «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Жолдауын ұсынады.

    I.

    Өткен жылғы Жолдау жарияланғаннан бергі бір жыл ішінде елімізді қоғамдық-саяси жаңғырту бойынша ауқымды іс-шаралар атқарылып, конституциялық құндылықтарды одан әрі байытуға және Қазақстан Республикасы Конституциясының тиімділігін арттыруға ықпалын тигізген айтулы оқиғалар орын алды.

    Бұл уақыт Қазақстанның мемлекеттілігі және оның дамуы үшін Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы арқылы жүргізілген конституциялық реформаны іске асыруды жалғастырумен есте қалды.

    Содан бастап еліміз жаңа конституциялық шынайылық жағдайында өмір сүріп келеді. Үшінші жаңғыру және ғаламдық бәсекеге қабілеттілікте еліміздің берік ұстанымын қамтамасыз ету шеңберінде Қазақстанның сапалы өсіп-өркендеуі үшін саяси-құқықтық алғышарттар жасалды.

  • 11

    Вестник Конституционного Совета Республики Казахстан (выпуск-32)

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның жаңа әлемде жетістікке жету жолын табуы және бейімделуі үшін бірінші кезекте қолға алынуы тиіс істердің кешені айқындалған. Жолдаудың көптеген идеялары аталған конституциялық реформаның ережелерімен сәйкес келеді және оларды әрі қарай жүзеге асыру бір-бірін өзара толықтыра түседі. Жолдауда азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігі туралы айтылған.

    Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекітті. Оның тұғырын «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудың жүйелі жеті реформасы мен жеті басым саясатының үйлесімі құрайды.

    Елбасы 2018 жылғы 5 наурызда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында жариялаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі Қазақстан Республикасының әлеуметтік сипатын пәрменді түрде байыта түсті.

    Қазақстан Республикасы 2017-2018 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі, ал 2018 жылдың қаңтар айында оған төрағалық етті.

    Қазақстанның әлемдік аренадағы жетістіктері еліміздің халықаралық беделінің және Республика Конституциясында бекітілген бейбітшіл сыртқы саясатының көрінісі.

    Конституциялық новеллаларды өмірге енгізу үдерісі үш бағытта тоғыстырылды. Бұл заңдарды және басқа да құқықтық актілерді қабылдау, яғни жаңартылған Конституцияға қолданыстағы заңнаманы сәйкестендіру; жаңа құқық қолдану практикасын қалыптастыру; қоғамдық сананы, соның ішінде азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәдениетін, жаңғырту.

    Конституциялық реформаны іске асыру барысында Республика Президенті бірқатар Жарлықтарды түзетті, Парламент конституциялық және ағымдағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді, Конституциялық Кеңес бұрын қабылданған кейбір нормативтік қаулыларының заңды күшін толық немесе ішінара жойды.

    Осылайша конституциялық реформа тек Негізгі Заңның мәтінімен ғана шектелмей, бүгінде ол заңнамадағы, оның заңға тәуелді реттеу деңгейін қоса, елеулі өзгерістермен қуатталып отыр.

    Құқық шығармашылық практикасында Конституцияда бекітілген маңызды қағидаттар мен мақсаттарға қол жеткізу тұрғысынан салалық нормалардың тиімділігін бағалау туралы ұстаным жыл сайын күшейтіліп келеді.

    Елімізде конституциялық заңдылық режимін нығайтуға қызмет ететін Конституциялық Кеңестің халықаралық байланыстары көпвекторлы сыртқы саясат шеңберінде дамып келеді. Қазақстанның Конституциялық Кеңесінің Төрағасы 112 елдің конституциялық әділет органдары мүше Конституциялық сот төрелігі бойынша дүниежүзілік конференция Бюросының құрамына кірді. Сондай-ақ, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Жаңа демократия елдері конституциялық бақылау органдары конференциясының төрағасы болып сайланды.

  • 12

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы (32-басылым)

    Конституциялық Кеңес 2019-2021 жылдары Азия елдерінің конституциялық соттары мен баламалы институттары қауымдастығына төрағалық ететін болады.

    II.

    Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Конституциялық Кеңестің басты тағайыны – Қазақстанда Негізгі Заңның жоғары тұруы принципін орнықтыру.

    Осы уақытқа дейін Қазақстанда Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін орындауға бағытталған бірқатар заңнамалық және өзге де актілер қабылданды.

    «Мемлекет мұқтажы», «ерекше жағдайлар», «құны тең бағамен өтелген кезде» деген ұғымдардың мазмұнын заңда ашып көрсету мақсатында (Конституциялық Кеңестің 2000 жылғы 20 желтоқсандағы № 21/2 нормативтік қаулысы, 2013 жылғы 12 маусымдағы Жолдауы және басқалар) Әділет министрлігі меншік құқығын қорғауды күшейтуге қатысты заңнамаға ревизия жүргізді. Оның қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленді.

    Конституциялық Кеңестің қорында құқық қорғау жүйесінің мәселелеріне қатысты бірқатар құқықтық ұстанымдар мен ұсыныстар бар.

    Олар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы Заңында ескерілген.

    Тұтастай алғанда, түзетулер қылмыстық процесте азаматтарды қорғау деңгейін арттыруға және оның репрессивтілігін төмендетуге; ең алдымен адвокаттардың процестік мүмкіндіктерін кеңейту есебінен қылмыстық процестің жарыспалылығын арттыруға; қылмыстық істерді тергеу рәсімдерін оңтайландыруға және қылмыстық процестің үнемділігін қамтамасыз етуге; сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын одан әрі күшейтуге; сотқа дейінгі тергеу органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктердің қосарлануын болдырмауға және оларды нақты бөлуге бағытталған.

    Қылмыстардан жәбірленген азаматтардың мүліктік зиянын өтеуге мемлекеттің қаржылық қатысуының қажеттігі туралы Конституциялық Кеңестің құқықтық ұстанымдарын іске асыру үшін (2005 жылғы 27 маусымдағы және 2006 жылғы 20 маусымдағы жолдаулары) Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың басында «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жәбірленушілерге өтемақы қоры мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарына қол қойды.

    Конституциялық Кеңестің 2001 жылғы 7 мамырдағы № 6/2 нормативтік қаулысын орындау мақсатында «Байқоңыр» кешенінің аумағында Қазақстан Республикасы азаматтарын әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібін өзгерту бойынша шаралар қабылдануда.

    Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жасау барысында «Байқоңыр» кешенінің аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде юрисдикциялар белгілеу және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылдары

  • 13

    Вестник Конституционного Совета Республики Казахстан (выпуск-32)

    туралы Қазақстан мен Ресей арасындағы үкіметаралық келісімнің жаңа жобасын әзірлеудің орындылығы жайлы ұстаным қалыптастырылды.

    Конституциялық Кеңестің құқықтық ұстанымдары мен ұсыныстарын орындау жұмысы жалғасуда.

    III.

    Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері мен нормаларын өмірге енгізу, конституциялық заңдылықты орнықтыру адам құқықтары саласында жалпыға танылған принциптер мен стандарттарды сақтай отырып, заңдарды және өзге де құқықтық актілерді Негізгі Заңға қатаң сәйкестікте қабылдау, сонымен қоса, конституциялық мәдениет деңгейін көтеру қажеттігін білдіреді.

    Цифрлық дамудың жоғары қарқыны, мемлекетті басқару жүйесін жаңғырту, жаһандану, экономикада, саясатта, идеологияда, әлеуметтік салада трансформацияға әкеп соғатын қазіргі заманғы сын-қатерлер және басқа да факторлар құқық үстемдігін орнықтыруға мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін барынша шоғырландыруын талап етеді.

    Конституциялық Кеңестің пайымдауынша, Негізгі Заңның жетекшілігімен конституционализмді нығайту құқық үстемдігін қамтамасыз еткен жағдайда ғана толыққанды іске асырылатын болады. Ол адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілділігін; заңдылық режимінің қамтамасыз етілуін; құқықтық айқындылықты; әділдікті, тепе-теңдікті және заң алдында жұрттың бәрінің теңдігін; кемсітушілікті, кімнің болсын өкілеттігін теріс пайдалануын болдырмау арқылы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және бөлінетіндігін бекітуді; сондай-ақ сот төрелігіне барынша қол жеткізуді қамтиды.

    Конституциялық Кеңестің төмендегі ұсыныстары қойылған міндеттерді шешуге бағытталған, олардың бір бөлігі Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарынан келіп шығады.

    1. Құқық үстемдігін құрметтеуді және жаппай заңға мойынсұнушылықты мақсатты және жүйелі түрде қалыптастыру қажет.

    Конституциялық Кеңес «Рухани Жаңғыру» ұлттық жобасы шеңберінде қоғамдық сананың құрамдас бөлігі ретінде азаматтардың конституциялық мәдениетін жаңғырту бойынша шаралар қабылдауда.

    Конституциялық Кеңес өзінің әлеуетін басқа ұйымдастырушылық нысандарда барынша толық пайдалану арқылы өзіне жүктелген миссияны іске асыруға кірісіп кетті. Конституцияны түсіну және ғылыми ұғыну деңгейін арттыру, оның ережелері мен нормаларын терең түсіндіру бойынша жұмыстар қарқын алды.

    Осы мақсатта өткен жылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескерілген Қазақстан Республикасының Конституциясына түсіндірме шығарылды.

    Конституциялық Кеңестің бастамасымен оқушы жастарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп келеді (конкурстар, іскерлік ойындар, кездесулер, ашық есік күндері, отырыстарға шақыру және басқалар).

    Бұл қызмет бүгінде ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптастырылып жатқан ұлттық құқықтық дәстүрлерін өздеріне сіңіре алатын, сондай-ақ өзгермейтін конституциялық құндылықтар арқылы көрініс тапқан қазақстандық конституциялық бірегейлікті сезінетін жаңа буынды тәрбиелеу мақсатында жүргізіледі.

  • 14

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы (32-басылым)

    Белгілі бір іс-шаралар мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің конституциялық құқықты түсіну деңгейін арттыруға бағытталған.

    Қойылған міндеттің ауқымдылығын ескере отырып, құқықты насихаттау және конституциялық патриотизмге тәрбиелеумен жүйелі тұрақты түрде барлық мемлекеттік органдар айналысуы тиіс.

    2. Ғылыми айқындалған индикаторлар негізінде қолданыстағы құқықты және құқық қолдану практикасын конституциялық құндылықтардың жүзеге асырылуы тұрғысынан талдап қорытатын жаппай конституциялық мониторингтің тиімді жүйесін қалыптастыру және енгізу керек (Конституциялық Кеңестің 2016 жылғы 16 маусымдағы және 2017 жылғы 9 маусымдағы жолдаулары). Аталған индикаторлардың тізбесін, сондай-ақ, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының мақсаттарына қол жеткізуде заңнамалық және өзге де құқықтық актілердің реттеуші ықпалын зерделеу мен бағалау тетігін әзірлеу өзекті болып табылады.

    Осы бағыттағы Конституциялық Кеңес қызметімен қатар, мониторингпен тиісті саладағы саясатты әзірлейтін, конституциялық және заңнамалық нормаларды қолдануды және іске асыруды жүзеге асыратын барлық мемлекеттік органдар айналысуы тиіс.

    3. Заң шығармашылық жұмысының деңгейін арттыру мақсатында мыналар ұсынылады:

    3.1. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау бойынша практикалық қызметте ғылыми зерттеулер нәтижелерін апробациялау; заңнаманы дамытудың жағымды және жағымсыз үрдістеріне ғылыми-практикалық талдау жүргізу; құқық шығармашылық қызметіне «жасанды интеллект» құралдарын енгізу; нормативтік құқықтық актілерде мазмұндалған құқықтық шектеулердің мөлшерлестігі мен тепе-теңдігі принципін қамтамасыз етудің нақты өлшемдерін әзірлеу.

    3.2. Құқықтық реттеудің тиімділігін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеудің «пакеттік» қағидатын іске асыру жолымен, яғни, нақты қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар мен өзге де құқықтық актілердің кешенін (пакетін) бір мезгілде әзірлеу және қабылдау арқылы, қамтамасыз етуге болады.

    Бұдан басқа, тікелей қолданылатын нормалардың санын көбейту, сілтемелік нормалар санын азайту орынды болады. Заңнамалық практикаға шоғырландырылған заңдарды қабылдауды енгізу керек. Олар «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.

    3.3. Қоғам мен мемлекет дамуының серпінді қарқыны, жаһандану процестерінің тереңдеуі және осыдан туындайтын сын-қатерлер дер кезінде, ал кейде озыңқы құқықтық реттеу қажеттігін негіздейді. Осы процесте заңнаманың шынайы өмірден қалып қоймауына жол бермеудің және құқықтық кеңістіктегі кемістіктермен байланысты жағымсыз салдардың туындауын күтпестен, құқықтық шараларға уақытылы ден қоюдың маңызы зор. Аталған мақсатқа қол жеткізу құралдарының бірі құқықтық жүйеде бұрын белгісіз институттарды перспективті заңнамалық реттеу болып табылады.

    3.4. Конституциялық Кеңес қолданыстағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулардың негізсіз жиі енгізілетініне мемлекеттік органдардың назарын бұрын да аударған болатын (2013 жылғы 12 маусымдағы жолдауы). Бұл туралы Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында да айтылған (4.1-бастама).

  • 15

    Вестник Конституционного Совета Республики Казахстан (выпуск-32)

    Конституциялық заңдылықтың жай-күйі құқықтық нормалардың айқындылығына, субъектілердің заңнама талаптарымен танысуы және саналы түрде бағынуы үшін, уақыт аралығын қоса алғанда, тиісті жағдайлардың болуына байланысты. Бұл, әсіресе, тұрғындардың және бизнестің күнделікті қызметін тікелей регламенттейтін құқықтық актілерге қатысты. Құқықтық айқындылық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің тиімділігін қамтамасыз етеді және таңдалған құқықтық үлгінің жарамдылығын толыққанды бағалауға мүмкіндік береді.

    Құқықтық айқындылық қағидатын бұлжытпай орындау құқықтық қауіпсіздікке және құқықтық реттеудің болжамдылығына ықпал етеді, жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қорғаудың кепілдерін арттырады, азаматтардың мемлекеттік билікке және оның институттарына сенімін қолдаудың маңызды құралы қызметін атқарады.

    4. Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету оның жасампаз әлеуетін ашуға бағытталған қосымша заңнамалық шаралар қабылдауды талап етеді.

    4.1. Үстіміздегі жылы Конституциялық Кеңес Қарағанды облысының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 47-бабының 5-тармағын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысын қарады.

    Конституциялық Кеңес өзінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 3 нормативтік қаулысында әйелдің жүктілігі, босану кезіндегі және одан кейінгі уақытта өзін күтіп-бағуға баланың әкесінен қаражат алу құқығын, олардың арасында некелік қарым-қатынастардың болуына немесе болмауына қарай жіктеу мемлекеттің некеге негізделген отбасы институтын қорғау бойынша өз міндеттемелерін іске асыруына байланысты деп түсінік берді.

    Сонымен бірге, Конституциялық Кеңес табиғи жаратылыстану заңдарына байланысты жүктілік кезеңінде және бала өмірінің алғашқы жылдарында баланың мүддесін оның анасынан бөліп қарау мүмкін емес деп атап өтті. Осы маңызды кезеңде ананың және баланың құқықтары мен заңды мүдделерін барабар қорғауға кепілдік беру қажет. Ол баланың және оның қамқоры болып отырған анасының да тыныс-тіршілігін қажетті деңгейде барынша сақтауды қамтамасыз ететін тиімді құқықтық тетіктерді белгілеуді білдіреді.

    Конституциялық Кеңес Кодекстің 47-бабы 5-тармағын конституциялық деп тани отырып, неке-отбасы заңнамасының жекелеген кемшіліктерін көрсетті. Онда Кодекстің қаралған нормасындағы «босанғанға дейінгі кезең» және «босанғаннан кейінгі кезең» деген ұғымдардың мазмұны және олардың уақыт шектері анықталмаған.

    Соттың аталған ұсынысын қарау барысында некеге тұрмаған әйелдердің және олардың асырауындағы мүгедек-балалардың заңды мүдделерін қорғауға байланысты басқа да сұрақтар туындады.

    Осыған байланысты, Конституциялық Кеңес Республика Үкіметіне ана мен баланың құқықтарын және бостандықтарын неғұрлым толық қамтамасыз ету мақсатында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне түзетулер енгізуге бастамашылық жасау туралы мәселені қарауға ұсыным берді.

    4.2. Конституцияның 17-бабының 2-тармағына сәйкес ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.

  • 16

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы (32-басылым)

    Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық кепілдерін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын болдырмау мақсатында оларды қорғау тетіктерін халықаралық стандарттарға сай күшейту керек.

    4.3. Конституциялық Кеңестің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысында және «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» 2015 жылғы 16 маусымдағы Жолдауында қылмыстық істі сот алқабилерінің қатысуымен (Негізгі Заңның 75-бабының 2-тармағы) қарау мүмкіншілігі айыпталушының құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуының Конституцияда баянды етілген процессуалдық кепілдіктері қатарына жатады, оларды жүзеге асыру тетіктері заңмен белгіленеді, деп айтылған.

    Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында алқабилер соты институтын одан әрі дамыту көзделген (4.12-бастама).

    Осыған байланысты, алқабилер соты қызметінің ұйымдастырушылық және процестік негіздерін жетілдіру маңызды болады.

    4.4. Конституциялық Кеңестің 2008 жылғы 27 ақпандағы № 2 нормативтік қаулысында адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейтін заң заңдық тұрғыдан дәлме-дәл және әкеп соқтыратын салдары болжаулы болуға тиіс, яғни оның нормалары жеткілікті дәрежеде анық тұжырымдалып және заң ережелерін өзінше пайымдау мүмкіндігін жоққа шығара отырып, заңға сай мінез-құлықты заңға сай еместен мейлінше айқындықпен ажыратуға мүмкіндік беретін түсінікті өлшемдерге негізделуі керек деп айтылған.

    Заңнамалық актілердегі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол беретін бір-біріне қарама-қайшылықтарды жою жұмысын жалғастыру қажет.

    Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің мемлекеттік қызметшілерге сый тарту мәселелерін реттейтін ережелерін Республика Қылмыстық кодексінің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылықтан босату жағдайларын регламенттейтін нормаларымен үйлестірген жөн.

    4.5. Конституцияның 39-бабының 1-тармағына сәйкес адамның құқықтары мен бостандықтары тек заңмен шектелуі мүмкін (Конституциялық Кеңестің 2002 жылғы 4 сәуірдегі № 2, 2008 жылғы 27 ақпандағы № 2 нормативтік қаулылары, 2005 жылғы 27 маусымдағы жолдауы және басқалар). Алайда, іс жүзінде кейбір заңдар көзделген шектеулерді атап өтеді, ал қатаң құқық шектеу сипатқа ие шаралармен ұштасатын оларды қолдану тетіктері заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі. Бұған жол берілмеуі тиіс.

    Мәселен, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес қарауында жатқан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша күштеп әкелу іс жүргізуді қамтамасыз ету шарасы ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Iшкi iстер және Қаржы министрлiктерi белгiлеген тәртiппен жүргізіледі (790-баптың екінші бөлігі).

    Кодекстің осы ережелерін орындау үшін аталған мемлекеттік органдар күштеп әкелу уақытын, бұл шара қолдануға жатпайтын тұлғалар тізімін, келмеудің себептерін дәлелді деп тану мән-жайларын және тағы басқаны белгілейтін ведомстволық нормативтік құқықтық актілер қабылдаған.

    «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңында күштеп әкелуді

  • 17

    Вестник Конституционного Совета Республики Казахстан (выпуск-32)

    мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде қолдану көзделген. Ол сот санкциялаған қаулы негізінде сот орындаушысына келуден жалтарып жүрген адамға қолданылады.

    Дегенмен, осы заңнамалық актіде күштеп әкелуді қолдану тәртібі айқындалмаған.

    Қылмыстық сот ісін жүргізуде процестік мәжбүрлеу шарасы ретінде күштеп әкелуді қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексімен белгіленген (157-бап).

    Конституциялық Кеңес аталған мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының құқықтық болмысы ортақ және олар бірқатар адам құқықтарының (жеке басының бостандығына, еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға және тағы басқа) мәнін қозғайды, деп санайды. Сондықтан оларды қолдану тәртібі заңмен бекітілуі тиіс.

    4.6. Елімізде қылмыстық саясатты ізгілендіру кезең кезеңмен жүргізіліп келеді. Оның шеңберінде елеулі қоғамдық қауіп төндірмейтін жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар әкімшілік құқық бұзушылықтардың қатарына қосылуда. Өз кезегінде, қылмыстық жазаланатын әрекеттердің жаңа жіктемесін, атап айтқанда, қылмыстық теріс қылық санатын, енгізуге байланысты соңғылардың қатарына кейбір әкімшілік құқық бұзушылықтар жатқызылды.

    Бұл өтпелі процесте жария-құқықтық жауапкершіліктің бір түрінің басқасына ауыстырылатынын ғана ескере отырып, жаңа заңның кері күші мәселесін реттеп алу қажет. Олар ортақ мақсатты көздейді, бір-бірін өзара толықтырып отырады және адамның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық тәртіпті және басқа да құндылықтарды қорғауға бағытталған.

    4.7. Соттылықтың және ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық қудалауды тоқтатудың жалпықұқықтық салдары туралы мәселе егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді.

    Заң шығарушының да, құқық қолданушының да қылмыстық жауаптылыққа тартылып, жазаға кесілген адамның және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесін бұлжытпай сақтауы мемлекет пен тұлғаның қылмыстық жауаптылықты белгілеу және жүзеге асыру саласындағы өзара қарым-қатынасының негізі болып табылады (Конституциялық Кеңестің 2001 жылғы 21 желтоқсандағы № 18/2, 2006 жылғы 13 шілдедегі № 4, 2008 жылғы 27 ақпандағы № 2 нормативтік қаулылары және басқалар).

    5. Конституциялық Кеңес өзінің қорытынды шешімдерін дер кезінде және толық орындауы қажеттігіне уәкілетті органдардың назарын аударады. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын жекелеген институттарды құқықтық реттеудегі кемшіліктері көрсетілген оның шешімдерін тиісінше орындамау қолданыстағы құқық жүйесінде құқықтық олқылықтардың, қайшылықтардың, құқықтық түсінбестіктердің сақталып қалуына апарып соғады. Бұл жәйт конституциялық заңдылық режимінің бұзылуына әкеледі.

    Конституциялық Кеңестің 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/2 нормативтік қаулысында Конституциялық Кеңестің қаулыларында баяндалған құқықтық позициялардың күшi, Кеңес конституциялық емес деп тапқан заңдық нормаларды қайта қабылдау арқылы еңсерiлмейдi деп көрсетілген.

    Дегенмен, талдау көрсеткендей, кейбір қолданыстағы заңнамалық актілерде бұрын Конституцияға сәйкес емес деп танылғандар сияқты немесе оларға

  • 18

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы (32-басылым)

    ұқсас нормалар мазмұндалған, ал жаңадан қабылданған құқықтық нормаларда Конституциялық Кеңес бұрын анықтаған кемшіліктер кездесіп тұрады.

    5.1. Конституциялық Кеңес өзінің 2008 жылғы 27 ақпандағы № 2 нормативтік қаулысында дене мүшелерін зақымдаудың Конституцияда және заңдарда көрсетілген жағдайларда ғана қылмыс деп танылуына жол бере отырып, бұндай әрекеттердің пікір (қарсылық) білдірудің нысаны және бас бостандығынан айрылған адамдардың өз құқықтарын қорғауының тәсілі ретінде қарастырылуы мүмкін екендігін түсіндірді.

    Сондықтан қылмыстық заңнамада дене мүшелерін зақымдау актілерін жасаудың мақсаттарын нақтылау және «қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ету мекемесі» ұғымының мазмұнын ашу орынды болар еді. Ол қылмыс құрамының белгілерін бір мағынада анықтауға қол жеткізеді және құқық қолдану практикасында кең ұғынуға жол бермейді.

    5.2. Конституциялық Кеңес өзінің 2014 жылғы 19 маусымдағы жолдауында «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының құқықтық реттеу нысанасын нақтылауға ұсыныс берді. Қазіргі таңда Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметі заң жобалау жұмыстарының 2018 жылға арналған жоспары шеңберінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі жобасын әзірлеуде.

    5.3. «Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзіме ұстауға болады» деген конституциялық ереже, осы көрсетілген уақыттан кешіктірмей соттың ұсталған адамға қатысты тұтқындау және қамауда ұстау, сондай-ақ заңмен көзделген өзгеде шараларды қолдану туралы шешімі қабылдануы қажет немесе ұсталған адам босатылуға тиіс дегенді білдіреді (Конституциялық Кеңестің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 2 нормативтік қаулысы).

    Бұл конституциялық ереженің іс жүргізудің кез келген түрлерінде, соның ішінде елден тыс шығарып жіберу бойынша, әркімнің жеке басының бостандығына құқығын шектеу мәселелерін реттейтін заңнамалық актілерде тиісті жүзеге асуын қамтамасыз ету керек.

    5.4. Конституциялық Кеңестің «Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларының 7-тармағы 3) тармақшасының конституциялылығын тексеру туралы» 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 1 нормативтік қаулысында Үкіметке аталған Қағидаларды Конституциялық Кеңестің құқықтық ұстанымдарына сәйкестендіру, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын неғұрлым толық қамтамасыз ету мақсатында халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнамалық актілерге түзетулер енгізілуіне бастама жасау туралы мәселені қарауға ұсыным берілді.

    Үкіметтің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 610 қаулысымен аталған Қағидаларға өзгерістер енгізілді.

    Конституциялық Кеңестің пайымдауынша, азаматтардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету тәртібін реттейтін заңнамалық актілерді одан әрі жетілдіру мәселесі өзектілігін сақтайды.

    6. Конституциялық Кеңес өзіне жүгіну құқығын сот төрағасына ғана емес, жекелеген судьяларға да беру туралы мәселені шешу қажеттігі жайлы бірнеше мәрте көрсетіп кеткен (2001 жылғы 24 наурыздағы және 2002 жылғы 27 маусымдағы жолдаулар және басқалар).

  • 19

    Вестник Конституционного Совета Республики Казахстан (выпуск-32)

    «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 15 маусымдағы Конституциялық заңымен «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Конституциялық заңы 22-бабының 3-тармағынан Конституциялық Кеңеске сот ұсынысына сот төрағасының қол қою қажеттігі туралы талап алынып тасталды. Енді өтінішке тиісті субъект қол қоюы қажет.

    Қабылданған шараларды судьялардың тәуелсіздігін күшейту деп қарастырған жөн, бұл үрдісті жалғастыру керек.

    Конституциялық Кеңес соттардың өтініштерін конституциялық іс жүргізуге қабылданғаны туралы өзге де соттарды хабардар ету тетігін формальдау және нақтылау арқылы кейінгі конституциялық бақылауға қолжеткізуді құқықтық регламенттеуді одан әрі жетілдіру қажет деп есептейді.

    7. Құқық шығармашылық пен құқық қолданудың тиімділігі конституциялық құндылықтар мен принциптердің талаптары тұрғысынан заңдарды дұрыс түсіндіруге неғұрлым байланысты болып барады. Оның нәтижелерін шартты түрде заңдардың «конституциялық-құқықтық мағынасы» деп атайды. Конституциялық Кеңес бірнеше шешімдерінде осы көзқарасты қолданған болатын. Осы практиканы кеңейткен жөн.

    8. Еуразиялық экономикалық одақ аясында интеграциялық процестерді тереңдету қатысушы-мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын барынша унификациялау мәселесін қояды.

    Одақ актілерінің қолданылу шектері кеңеюіне байланысты ұлттық және ұлттықтан жоғары деңгейде тұратын заңнамалардың ара қатынасы мәселелері өзекті болып отыр.

    Осы процесте Конституция үстемдігінің сақталуын сөзсіз қамтамасыз ету, отандық және интеграциялық құқықтық реттеуді барынша дәл сәйкестендіру маңызды.

    Негізгі Заңның 4-бабы 3-тармағы жаңа редакциясында көзделгендей, Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады. Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Республиканың заңнамасында айқындалады деп көрсетілген.

    Конституциялық Кеңес Республиканың халықаралық шарттары туралы заңнамасында толықтырылған конституциялық норманы нығайту қажеттігі туралы Сыртқы істер министрлігінің ұстанымын қолдайды.

    Жаңартылған Конституция өркендеп келе жатқан Қазақстанның одан әрі үдемелі эволюциясының драйвері болып табылады. Ата Заң шеңберінде заңнама қабылданатын, қоғам дамитын және мемлекеттік органдар жұмыс істейтін конституциялық координаталар жүйесі ретінде қазіргі кезеңде еліміздің даму мүдделеріне жауап береді және ұстанған бағыт-бағдардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті әлеуетке ие.

    Конституциялық Кеңес Қазақстанның конституциялық жаңғыруы баршаға ортақ іс – еліміздің өсіп-өркендеуі мен оның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін мемлекеттік аппараттың, қоғамның және әрбір қазақстандықтың бар күш жігерін салуды талап етеді, деп санайды. Оны бүгінгі және келешек ұрпақ үшін, Ата Заңның Кіріспесінде көрсетілген биік мақсаттарға қол жеткізу үшін жасау қажет.

  • 20

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы (32-басылым)

    ПОСЛАНИЕ Конституционного Совета Республики Казахстан

    «О состоянии конституционной законности в Республике Казахстан»

    (оглашено 15 июня 2018 года на совместном заседании  Палат Парламента Республики Казахстан)

    В соответствии с подпунктом 6) статьи 53 Конституции Республики Казахстан Конституционный Совет Республики Казахстан направляет Парламенту Республики Казахстан Послание «О состоянии конституционной законности в Республике Казахстан».

    I.

    За год, прошедший со времени оглашения предыдущего Послания, в Республике Казахстан были осуществлены крупные меры по общественно-политической модернизации страны, произошли знаковые события, оказавшие влияние на дальнейшее обогащение конституционных ценностей и повышение эффективности действия Конституции Республики Казахстан.

    Истекшее время для казахстанской государственности и ее развития ознаменовано продолжением реализации конституционной реформы, осуществленной посредством Закона Республики Казахстан от 10 марта 2017 года «О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан».

    С тех пор страна живет в условиях новой конституционной реальности. Созданы политико-правовые предпосылки для качественного роста Казахстана в рамках этапа третьей модернизации и обеспечения прочных позиций страны в глобальной конкурентоспособности.

  • 21

    Вестник Конституционного Совета Республики Казахстан (выпуск-32)

    10 января 2018 года Президент Республики Казахстан Н.А. Назарбаев обратился к народу Казахстана с Посланием «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции», в котором определен комплекс первоочередных дел для успешной навигации и адаптации Казахстана в новом мире. Многие идеи Послания корреспондируются с положениями отмеченной конституционной реформы и их дальнейшая реализация будет взаимодополнять друг друга. В Послании сказано о необходимости продолжения работы по укреплению гарантий конституционных прав граждан, обеспечению верховенства права, гуманизации правоохранительной деятельности.

    Главой государства утвержден Стратегический план развития Республики Казахстан до 2025 года. Его основу составляет сочетание семи системных реформ и семи приоритетных политик реализации Стратегии «Казахстан – 2050».

    Социальный характер Республики Казахстан получил мощное развитие в обращении к народу «Пять социальных инициатив Президента», которое Елбасы огласил 5 марта 2018 года на совместном заседании Палат Парламента.

    Республика Казахстан в 2017-2018 годах является непостоянным членом Совета Безопасности Организации Объединенных Наций, а в январе 2018 года председательствовала в нем.

    Успехи Казахстана на мировой арене стали свидетельством международного авторитета страны и заложенных в Конституции Республики основ миролюбивой внешней политики.

    Процесс воплощения в жизнь конституционных новелл фокусировался на трех направлениях. Это принятие законов и иных правовых актов, то есть приведение действующего законодательства в соответствие с обновленной Конституцией; формирование новой правоприменительной практики; модернизация общественного сознания, в том числе правовой культуры граждан и государственных служащих.

    В реализацию конституционной реформы Президентом Республики скорректирован ряд указов, Парламентом внесены изменения и дополнения в конституционные и обычные законы, Конституционным Советом отменены полностью или в части некоторые ранее принятые нормативные постановления.

    Таким образом, конституционная реформа не ограничилась только собственно текстом Основного Закона, сегодня она подтверждена значительными изменениями в законодательстве, включая его подзаконный уровень.

    В правотворческой практике с каждым годом укрепляется позиция об оценке эффективности отраслевых норм права исходя из достижения тех важнейших принципов и целей, которые закреплены в Конституции.

    В рамках многовекторной внешней политики развиваются международные связи Конституционного Совета, которые служат укреплению режима конституционной законности в стране. Председатель Конституционного Совета Казахстана вошел в состав Бюро В