218
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ Зарема Шәукенова ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ КОНСТРУКЦИЯЛАУ Алматы 2013

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

  • Upload
    others

  • View
    26

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

Page 1: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ

Зарема Шәукенова

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫИДЕОЛОГИЯЛЫҚ КОНСТРУКЦИЯЛАУ

Алматы 2013

Page 2: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

2

ӘӨЖ 32КБЖ 66.0Ш 34

Еңбекті ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтыҒылыми Кеңесі баспаға ұсынған

Рецензенттер:Нұрмұратов С.Е., философия ғылымдарының докторы, профессор,

Әбдірайымова Г.С., әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор,Насимова Г.О., саяси ғылымдарының докторы, профессор

Ш 34 Шәукенова З.К. Қазақстан Республикасындағы идеологиялық конструкциялау: монография. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясат-тану және дінтану институты, 2013. – 218 б.

ISBN – 978-601-7082-75-8

Монография Қазақстан дамуының идеологиялық аспектілеріне арналған іргелі еңбек. Бұл проблемаға назар аударудың негізгі себебі – қазақстандық қоғамда мемлекеттік идеологияның ел азаматтарын біріктіретін әлеуметтік-саяси институт ретіндегі маңыздылығын ұғынуға деген қадамдар жандануда.

Идеология қоғамдық сананың әлеуметтік саяси, экономикалық және руха-ни процестердің барша жиынтығын білдіретін маңызды компоненттерінің бірі ретінде ел дамуының келешектегі бағдарларын анықтауға арналған пәрменді құрал болып табылады.

Монографияда Қазақстанның мемлекеттік идеологиясының тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуының ерекшеліктері зерделеніп, оның қазіргі кезеңдегі басымдылықтарын айқындау арқылы құбылыстың кейбір векторла-рын белгілеуге талпыныс жасалады.

Бұл монография Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақ-стан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының қызметі шеңберінде жүзеге асырылған көпжылғы талдаулар мен әлеуметтанулық зерттеулерге негізделіп отыр.

Кітап саясаттанушыларға, әлеуметтанушыларға, мемлекеттік қызметкерлер-ге, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сондай-ақ мем-лекет дамуының идеологиялық мәселелеріне көңіл қоятын көпшілік оқырман қауымға арналған.

Монография «Ғылыми қазына (2012–2014 жж.)» салааралық ғылыми бағдарлама аясында дайындалған.

ӘӨЖ 32КБЖ 66.0

ISBN – 978-601-7082-75-8 © ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2013 © Шәукенова З.К., 2013

Page 3: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

3

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.................................................................................................................. 41. ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ – ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ МЕН ИДЕОЛОГИЯНЫ

ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ФАКТОРЫ 61.1. Идеологиялық конструкциялаудағы ел көшбасшысы

тұлғасының маңыздылығы................................................................................. 61.2. Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық көзқарасы: ядролық полигонды

жабудан дамудың жаңа әлемдік моделіне көшу идеясына дейін............. 161.3. Қоғамның әлеуметтік мәдени бейімделу негіздерін құру.......................... 292. БҰҚАРАЛЫҚ САНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮШ МӘРТЕ

ТРАНЗИТТІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ 442.1. Қазақстанның саяси транзитінің сипаты......................................................... 442.2. Азаматтардың әлеуметтік-саяси мінез-құлықтарының заңдылықтары...... 572.3. Қазақстан қоғамының саяси санасының моделі............................................ 632.4. Саяси сананың басым типінің сипаттамасы................................................... 733. ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ – ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ

БІР БӨЛІГІ 813.1. Қазақстандағы әлеуметтік реформалардың моделі.................................... 813.2. Прогресс құндылықтары мен мәдениетін қалыптастыру.......................... 863.3. Табысты қоғам психологиясы дамуындағы Қазақстан жетекшілігі........... 953.4. Қазақстандағы әлеуметтік оптимизмді нығайту мәселелері.................... 1034. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАРТИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ИДЕОЛОГИЯСЫ 1164.1. Партиялық-саяси қайта жаңарту кезеңдері................................................... 1164.2. 2007 жылғы реформалардан кейінгі партиялық-саяси сала...................... 1204.3. «Нұр Отанның» басым партия позициясына шығуы.................................. 1344.4. Партиялық-саяси қайта жаңартудағы жаңа қадамдар............................... 1455. ИДЕОЛОГИЯНЫҢ АЙҚЫНДЫҒЫ 1605.1. Идеологияны қалыптастырудағы президенттік жолдаулардың рөлі.... 1605.2. Азаматтардың мемлекеттік идеологияға қатынасы..................................... 1715.3. Халықтың негізгі идеологемаларды қолдауы............................................... 186ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................... 199ӘДЕБИЕТТЕР................................................................................................................. 203Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты туралы мәлімет.......................................................................................... 212Информация об Институте философии, политологии и религиоведения Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан................................................................................... 214Information about the Institute for Philosophy, Political Science and Religion Studies of Science Committee of the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan.......................................... 216

Page 4: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

4

КІРІСПЕ

2011 жылы сәуірде Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтіп, нәтижесінде қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сенімді түрде жеңіске жетті. Электораттың қатысуы теңдессіз (89,9%) деңгейде бо-лып, оған сайлаушылардың 95,55% дауыс берді [1].

Осылайша, қазақстандықтар өз көшбасшысына тағы да сенім артып, оған маңызды карт-бланш берді.

Бұл керемет жеңіс араб әлеміндегі тұрақсыздық, бірқатар еуропалық елдердегі дағдарыстық құбылыстардың өсуі жағдайында орын алды. Елдің дағдылы күндердегі дамуы туралы көп пікір таластыра аламыз, бірақ қоғам стратегиялық шешімдер қабылдау кезеңінде бірігуге деген бірегей қабілеттілігін көрсетеді.

Бұл факторларды ескере отырып, Президент Н.Ә. Назарбаевтың идео-логиялық феноменін зерттеу ерекше өзектілікке ие болады. Идеологиясыз көшбасшы әрекеттерінің мәнін түсіну мүмкін емес. Н.Ә. Назарбаевтың саясатының нәтижесінде Қазақстан өзінің дамуының нақты идеология-лық платформасын құрып қана қойған жоқ, сондай-ақ әлемдік жүйені ре-формалау шеңберінде өзінің тәжірибесін ұсына бастады.

2012 жыл да жеңістерден басталды. Парламент сайлаулары өткен еді. Онда «Нұр Отан» партиясы 80,99% дауыс жинап, қазақстандықтардың өз көшбасшысына деген жоғары деңгейдегі сенімін дәйектеп берді.

2012 жыл «Қазақстан – 2030» Стратегиясының 15 жылдығы жылы болатын. Ол осы жылдары мемлекет идеологиясының өзегіне айнал-ды. Ол жаңа кезеңдегі мемлекеттік стратегиялық жоспарлау жүйесінің негізі құрады. «Қазақстан – 2030» Стратегиясы біздің қалай қарай дамуымыздың болашағын анықтайтын жобаға айналды. Осыған орай қазақстандықтардың өмірлік қажеттіліктері мен сұраныстарының сипаты біршама өскенін атап өтуге болады.

Дегенмен, енді осы мақсатқа қарай қозғалудың жолдарын түсіну өте маңызды. Сондықтан 2012 жылдың маңызды қорытындысы - Президенттің жалпы еңбек Қоғамы идеологиясын халыққа ұсынуы болып табылады. Ол әлеуметтік жаңғырудың маңызды құрамдас бөлігі. Бұл идеология 2009 жылдың қазан айында әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университеті қабырғасында жарияланған Елбасының зияткерлік идеясынан бастау алады. Ол ғылым саласындағы реформаларға, білім беру саласындағы

Page 5: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

5

мемлекеттік бағдарламаның қалыптасуына, Назарбаев Университетінің құрылуына, Назарбаев зияткерлік мектептерінің ашылуына ұласты.

2012 жылдың соңында Тәуелсіздік күнінің алдында Елбасы еліміздің болашағының жаңа картасын – «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жа-рия етті. Біз жаңа идеологиялық платформаға, пікір алмасу нысанына, зияткерлік жұмыстардың бағдарына, еңбек пен өзімізді жетілдірудің тетіктеріне қол жеткіздік.

Бұл зерттеуде қазіргі Қазақстанның идеологиялық өмірінің бес аспектісі қарастырылады.

Бірінші аспект – Тәуелсіз Қазақстан үшін оның мемлекеттік тәуелсіздігі жағдайында жаңа идеологияның негізін қалаған Президенттің тұлғасы.

Екінші аспект – бұл идеологияны нығайтуға арналған негіз. Әңгіме қазақстандықтардың бұқаралық санасы туралы, ол бір жағынан ұлттық идеология тудырса, екінші жағынан қалыптасқан түрін қабылдайды.

Үшінші аспект – идеологияның негізін қалайтын әлеуметтік саясат. Төртінші аспект – ұлттық идеологияның жол бастаушысы болып

табылатын инфрақұрылым. Бұл – партиялық жүйе, қоғамдық диалог механизмдері.

Бесінші аспект – «идеологиялық кристалдар», яғни халықтан қолдау табатын қалыптасқан идеологемалар.

Бұл еңбек саяси екі әдістің үйлесуіне – саяси талдау мен әлеуметтану-лық зерттеулердің сандық көрсеткіштеріне негізделген. Оқырманға ұсы-нылып отырған көрсеткіштердің кешені бойынша Қазақстанда тәуел-сіздікті алған кезеңнен бастап осы уақытта дейінгі кезеңде қоғамдық сананың даму динамикасы туралы түсінік бере алатын салыстырмалы сандық қатарлар құрылған.

Page 6: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

6 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

1. ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ – ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ МЕН ИДЕОЛОГИЯНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ФАКТОРЫ

Қазіргі заман тарихында көшбасшылық факторы үлкен мәнге ие, бұл бұған дейін де түрлі ғылыми еңбектер мен нақты саяси процесте та-лай рет дәлелденген. Түрлі дәуірлер тоғысында туындайтын процестерді басқаратын тұңғыш президенттердің немесе көшбасшылардың миссиясы айырықша болмақ.

1.1. Идеологиялық конструкциялаудағы ел көшбасшысы тұлғасының маңыздылығы

Идеология қоғамдық негізде туындағанымен, алайда оның құрылуы мен ілгерілеуі саяси көшбасшының қасиеттеріне байланысты. Идеология – мемлекеттің ауқаттылығының негізі, көпшілік қолдайтын идеологияны ұсыну тек ұлы тұлғалардың қолынан келеді.

Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстандық жол» атты кітабында өзі үлгі тұтқан тарихи тұлғалардың біразын көрсеткен. «Бұл Түркияның алғашқы Президенті Кемал Ататүрік, Американың 31-ші Президенті Франклин Делано Рузвельт, «Қытай реформаларының атасы» Дэн Сяопин, Малайзияның экс-Премьер-министрі Махатхир Мохаммад. Алайда мен мемлекет негізін қалаған және мен үшін жеке бір үлгі болған екі көрнекті қайраткерді көрсеттім. Олар – Франция Президенті Шарль де Голль, со-нымен қатар, ...Сингапурдың атасы-негізін қалаушы Ли Куан Ю» [2, 11 б.].

Көшбасшылар қоғам өмірінің өзгерісті кезеңдерінде айқындалады. Г.Г.Почепцов көрсеткендей, «...Саясаткер өз маңайындағы халықты бірік-тіруі, ол үшін белгілі бір қорғаныс фигурасы ретінде қызмет етуі керек. Ұлт көшбасшылары тек болашақты көріп қана қоймай, халықты дәл сол жаққа еліктіруге қабілетті болуы керектігімен жоғары бағаланады. Пар-ламентарий Д.Хилл тарихтағы көшбасшылардың рөлі туралы былай дейді: «Саяси көшбасшы ретінде Черчилсіз Британия Екінші дүниежүзі-лік соғыстан өте алуы белгісіз; 17-ші жылы революция Ленинсіз өте алар ма еді. Кеңестік үкімет «қырғи қабақ соғысты» 80-жылдардың аяғында Горбачевсіз аяқтай алмас еді» [3, 309 б.].

Тұлғалар өркениетті дамудың тұтастай парадигмаларын құрады. Бұл туралы қазақстандық ғалым К.Ғ.Ғабдуллина былай дейді: «Өркениетті

Page 7: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ұлт көшбасшысы – ұлттық идея мен идеологияны 7қалыптастырудың факторы

даму үшін бір жағынан көшбасшылық қасиеттері бар мықты адамдардың туылуы, екіншіден, жаңа идеяларды қабылдауға және оны өмірде жүзеге асыруға дайын қоғамның өзі қажет. А.Дж.Тойнби кез келген қоғамда белсенді азшылықтың басында тұра алатын және қоғамды стагнациядан алып шыға алатын мықты тұлға туыла алатынын көрсетті» [4, 6 б.].

Қоғамдық қолдау үшін көшбасшыға тек ұйымдастырушылық және шешендік қабілеттер ғана қажет емес. Іс жүзінде көшбасшы қашан да өзіне әлеуметтік инженерия қызметін алады. Танымал саясаттанушы М.С.Машан көрсеткендей, Н.Ә. Назарбаевта «әлеуметтік инженерия» алдындағы, яғни өзінің халқын күнсайынғы жетілдіруге итермелеу қажеттігінің алдындағы қорқыныш жоқ. Экономика ғана емес, тіпті ұлттық сипаттағы» [5, 3 б.].

Ұлттың әлеуметтік инженериясының үлгісі «сингапурлық кереметті» жасаушы Ли Куан Ю болып табылады. 1959 жылы елдің премьер-министрі болып, ол ең алдымен екі міндетті қойды: мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру және өмір сүру үшін ақша табуды үйрену. Оның басты идеологемасы мынадай болды: «Әлем бізді асырауға міндетті емес». Ол өздерін қалай да болса асырайтын қоғам емес, ең байыпты әлеуметтік стандарттар бойынша өмір сүретін қоғамды құруға ұмтылды. Экономика бірінші басымдылыққа айналды. Ли Куан Ю инфрақұрылымды дамыту-ды таңдады. Ол «біз қоғамдық байлықты тұтынуды қаражаттандыру арқылы емес, жеке меншікті жинақтау арқылы қайта бөлуді шештік» деп атап өтті. «Қарапайым адамдардың» мүлік иелері болуға ұмтылысы жолдардың, көпірлердің, әуежайлардың, контейнерлік порттардың, элек-тростанция лардың, су қоймаларының және метрополитеннің дамуына күрделі қаржы салуға мүмкіндік берді.

Ли Куан Ю гүлденген Сингапурды мемлекет-отбасы ретінде құрды, басшысы оның әл-ауқатын өзі қамтамасыз етеді және сол әл-ауқаттылыққа қол жеткізу жолдарын өзі анықтайды. Ол сингапурлықтарға білімді әйел-дерге үйленуді, ал білімді әйелдерге балалары да білімді болып өсуі үшін көп балалы (ең аз дегенде біреуден көп) болу керек екеніне көзін жеткізді. Ол «ми ағынымен» күресті. Ли Куан Ю басқарған кезеңдегі ең жетекші нәтиже сыбайлас жемқорлық жағдайының өзгеруі болды. 1998 ж. Сингапур әлемдегі ең аз сыбайлас жемқорланған елдердің жетеуінің қатарына кірді.

Ли Куан Ю өз басқаруының түйіні ретінде мынаны атап өтті: «1959 жылы мен премьер-министр болған кезде адам басына шаққандағы жал-пы ұлттық өнім көлемі 400 АҚШ долларын құрады. 1990 ж. мен қызметтен кеткенде ол 12 200 долларға дейін өсті» [6, 15 б.].

Егер Еуропаның тәжірибесін қарастырсақ, онда мемлекеттік құры-лыстың Шарль де Голльше үлгісі назар аударарлықтай болып отыр. Ол үш қарапайым нәрсеге негізделген: мықты атқарушы билік – ішкі саясат-та, «ұлттық айбындылық» идеясы – сыртқы саясатта және «дирижизм» – әлеуметтік-экономикалық салада. Осы үш тұжырымды ескере отырып,

Page 8: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

8 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм немесе барлығын басып жатқан коммунизмнен гөрі әлдебір басқа нәрсе – «…қарапайым, лайықты және тәжірибелі: қауымдастық» деп көрсетті.

Қазақстанда шет елдердің тәжірибесі ескеріледі. Тәуелсіздік алған кезеңде адам басына шаққанда 700 доллардан артық келмейтін. 2010 ж. бұл көрсеткіш 9 мың долларға дейін жетті, 2014 жылға дейін 15 мың дол-ларға жеткізу міндеті қойылуда. Дағдарыс жағдайындағы экономикада «қолмен басқару» режимі қолданылуда. Еліміз белсенді сыртқы саяси бағыт жүргізуде. Ішкі саясат саласында атқарушы билік маңызды рөл атқарады, соның арқасында мемлекет этносаралық және конфессияаралық келісімнің әлеуметтік негізін қамтамасыз етеді. Білім беру Қазақстан да-муының жетекші басымдылығы болып табылады. 2012-2014 жылдарға ар-налған білім беруге арналған шығыстар 1132 млрд.теңгені құрайтын болады.

Қазақстанда шет елдердің үлгісі бойынша тек экономикалық бағ-дарлама ғана емес, идеология мәселелерін қоса отырып, даму стратегиясы да қабылданды. Бұл – «Қазақстан-2030» стратегиясы.

Осыған ұқсас үлгілердің арасында «синганхук» деген атауға ие бол-ған Корея Республикасының Бірінші Президенті Ким Енсамның бағы-тын келтіруге болады. Бұл саясаттың арқауы сыбайлас жемқорлық және әскерилердің гипертрофиялық рөлі сияқты ескі кәріс ауруларынан құтылып, жаңа Кореяны құру болды.

Тағы бір мысал, Үндістандағы М.Гандидың идеологиясы – Сатьягра-ха — («ақиқатқа ұмтылу»), оның мәні ақиқат пен құдайлық бастаманы теңдестіру, жамандыққа күшпен қарсыласпау, әлеуетті қарсыласты шы-найы пікірлеске айналдыру, қысқа жол емес, оңтайлы нәтижеге қарай жүру, аянбастық, еңбек сүйгіштік, ерікті өзін-өзі шектеу, үнділік-мұсылмандық бірлік, жалпыға ортақ игілікті қамтамасыз ету үшін экономикадағы түрлі әдістерді біріктіру, диалектикасы.

Малайзияда 1970 жылы қабылданған «рукунегара» («мемлекет негіз-дері») жетекші рөл атқарады. Құжаттың негізгі идеялық принциптері Құдайға сенім, монарх пен мемлекетке адалдық, конституцияны құрмет-теу, заңдарды сақтау, лайықты әрекет және адамгершілік нормаларын сақтау болып табылады.

Индонезияда идеологиялық қызметті Панчашила деп аталын 5 негізгі принциптер атқарады – жалғыз Құдайға, Индонезияның ауызбіршілігіне, адамгершілікке, демократияға және кәміл әділеттілікке сену.

ҚХР-да «қытайлық ерекшелікті социализм» идеологиясы қабылданды (Дэн Сяопиннің қанатты сөзі), оның шеңберінде саяси жүйедегі кон-серватизмді сақтай отырып экономиканы жаңғырту жүргізіледі. Қытай идеологиясына конфуцийлік адамгершіліктің бес ізгіліктері тірек болып табылады: адамгершілік, әділеттілік, игілік, өзін-өзі кемелдендіру және сенім. Қытайда «төрт негізгі принципті»: елдің дамуының социалистік

Page 9: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ұлт көшбасшысы – ұлттық идея мен идеологияны 9қалыптастырудың факторы

таңдауын, коммунистік партияның басқарушылық рөлін; марксизм-лени-низм және Мао Цзэдун идеяларын; халықтың демократиялық диктатура-сын сынға алуға болмайды.

Н.Ә. Назарбаев пен түрік мемлекеттігінің негізін қалаушы М.Кемаль Ата-түрік миссияларының арасында салыстырмалы желі жүргізуге бо-лады. Екі көшбасшының басты міндеті мықты ұлттық экономикасы бар, жалпы әлемдік процестер мен жобаларға интеграциялануға және табы-сты дамуға қабілетті тәуелсіз, заманауи, бұрынғының қалдығын мойнына алмаған мемлекет құру болды.

Президент Н.Ә. Назарбаев, Ататүріктің «алты жебесі» тәрізді, 2030 жылға дейінгі Қазақстанның дамуындағы жеті стратегиялық бағыттарды әзірледі. Жоғарыдағы стратегия Қазақстанды тұрақты дамудың траек-ториясына шығуын айқындады, әрі қарай ол негізінде Қазақстандағы мемлекеттік биліктің іргелі және тактикалық жоспарлары, стратегиялары, тактикасы үшін өзіндік үлгі болды.

Қазақстанның басшысы полиэтникалық қоғамның топтасуы пробле-масына тіреледі, оның үстіне Қазақстан үшін бұл проблема айтарлықтай өткір болды, өйткені қазақтар тұлғасындағы этникалық ядро тәуелсіздік алған сәтте этникалық азшылыққа дейін жеткен еді.

Алайда президенттік саясат тарихи әділеттілікті қалпына келтірді. Жер-гілікті этнос, Қазақстанның қазіргі аумағының мұрагері және мирасқоры ретіндегі қазақ этносының рөлі мен құқықтарын қалпына келтірді. Бір ме-зетте күшпен емес, алайда табанды ұлттық саясат жүргізу арқылы қазақ-стандық басшылық Қазақстанның этникалық топтарын күш көрсетпей, үй-лесімді біріктіре алды. Мұның маңызды индикаторы қазақ тілінің мемле-кеттік тіл ретінде алға бастыруы болды. 2020 жылға қарай қазақстандық мек-теп бітушілердің барлығы қазақ тілін меңгеріп шығады деп жоспарлануда.

Бұл тұрғыда ҚР Президентінің 2003 жылдың маусымында «ЕҚЫҰ трансазиялық өлшемі: қауіпсіздіктің үздіксіз тізбегі» ЕҚЫҰ бірінші парламенттік ассамблеясының форумында айтқан сөзі дәл келеді. Ол сол кезде Қазақстанның саяси дамуы қай кезеңде өмір сүріп жатқанын білмегендіктен жиі қате пайымдалады, ал бұл – дәл «үштік трансфор-мацияның» кезеңі деген болатын. Онымен қоса, бұл кезеңнің басты түйіні либералдық принциптерге негізделген дәстүрлі қоғамнан за-манауилыққа көшу болып табылады. «Біз үшін түрлі мәдени плат-формалардың қақтығысын болдырмау, адамдар үшін жаңа құндылықтар мен қатынастарды қоғамдық санаға біртіндеп біріктіре отырып, модер-низациялық ұстанымдармен бірге ұлттық дәстүрлердің үйлесімді тірке-суін қамтамасыз ету маңызды» [7, 290 б.].

Бұл ретте 2007 жылғы Конституциялық реформа қорытындылары бойынша Мәжіліске Қазақстан халқы Ассамблеясынан тоғыз депутатқа арнайы квота енгізу Президент Н.Ә. Назарбаевтың этносаралық келісім

Page 10: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

10 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

үлгісінің табысы болды. Бұл депутаттардың құрамына алғашында этнос-аралық қатынастардың қоғамдық өзіндік реттеуінің институты ретінде, нә-тижесінде конституциялық органға дейін өскен Қазақстан халқы Ассам-блеясының мүшелері кіреді.

Халық жүргізіліп жатқан реформаларды толығымен қолдады. Қазақ-стандықтардың 63,7% Н.Ә. Назарбаевқа Тұңғыш Президент ретінде қайтадан мемлекет басшысы лауазымына саны жағынан шектеусіз дауысқа түсуге мүмкіндігін ұсынуға қолдау көрсетті.

Саяси көшбасшының күші – ерікке ие болуында ғана емес, сондай-ақ өзінің халқын сезіне білу қабілетінде. Президент – қарапайым отба-сынан шыққан және ол, батыс елдеріндегідей айтатын болсақ, өзін-өзі қалыптастырған. Алайда қарапайым адамдарды тыңдау және ұлттың ұмтылыстарын түсіну басымдылығын ешқашан есептен шығармайды және оны әрқашан дамытып отырады.

Бұл басымдылық Президент Н.Ә. Назарбаевқа әлеуметтік психо-логияның теріс жақтарына бармай, қоғамдық психологияны сезуге ғана емес, оны дамытуға да мүмкіндік береді. Автор О.Видова осыны көрсете-ді. «Оны жұмсақ саясаткер деп атады, бұл сыртқы көрінісі, ешкімді алда-майды: ол тұрлаулы мәселені қатаң шешеді. Ондағы ішкі өзекті бастама өте мықты» [8, 315 б.].

Мемлекет басшысы прогресске кедергі келтіретін немесе оны ұстап тұратын қоғамдық таптаурындар мен инерцияны өзгертуге ұмтылады. Әсіресе бұл арқа сүйеушілік кейіпке бейімделген азаматтардың арасын-да орын алатын мемлекеттен шектен тыс үміттенуге қатысты. Немесе бұл модернизациялық құрылымдарды жүргізуге қатысты.

Мысалы, әдетте модернизацияға ниеттенген қоғамның бір бөлігі күтетін ауқымды саяси реформаларға бара отырып, 2007 жылы Мемлекет басшысы шын мәнісінде реформаларды қажетсіз деп санайтындардың, яғни консервативтік ниеттегілердің үнсіз тыйымын жеңді. Бұл демократи-яны бөтен және ел үшін қажет емес деп есептейтіндер ғана емес. Қазақстан халқының 45% патерналистік кейіпке негізделеді және мемлекет басшы-сына адал болу жеткілікті деп санайды.

Қазақстан қоғамының ділдік ерекшелігіне қарай, ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент саяси және экономикалық мағынадағы қоғамның бейімделуінің негізгі факторы болуы керек. Бұл – тек кәсіби көшбасшы, көшбасшы-функционер немесе жалдамалы менеджер ғана емес. Дәлірегі бұл – мойнына күрделі миссия жүктелген тұлға: ұлтқа деген қамқорлық, оны тәрбиелеп өсіру міндеті, өзіндік жеке, жеткілікті, тиянақты алаңға шығару. Бұл Н.Ә. Назарбаевтың саяси көшбасшылық феноменінің мәнін көрсететін өзек, жүйе тамыры.

Ұлт рухын көтерудің көрнекті мысалдарының бірі «Көшпенділер» ауқымды киножобасын жүзеге асыру болып табылады. Саяси ғылым-

Page 11: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ұлт көшбасшысы – ұлттық идея мен идеологияны 11қалыптастырудың факторы

дардың докторы М.Б. Қасымбеков бұл жөнінде былай дейді: «1960 жыл-дардың аяғында түсірілген «Қыз Жібек» кино жауһарынан кейін... сөзсіз және жалпы ортақ мәдени сенсация рөліне лайықты ешқандай кинокарти-на туындаған жоқ. Шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен Нұрсұлтан Назарбаевтың жиі және көп кездесулерінде мен оның жалпы көңіл-күйінен отандық өнер шеберлерінен дәл осындай шығармашылық табы-сты және идеялық-эстетикалық қаршынды қадамды күтетінін байқағаным босқа емес...» [9, 223 б.].

Осылайша Президенттің идеологиялық тұжырымы көрініс берді. Алайда ол елдің жаңа әнұранын қабылдауды ұсына отырып, әрі қарай әлеуметтік инженерияны өрбітті. Президент былай деген болатын: «Меніңше, Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнін әнұран еткеніміз жөн. Әйтпесе бір түрлі қызық... Бізде әнұран ретінде бір ән рес-ми түрде бекітілген, ал халқымыз кейбір жерлерде және әр кез «Менің Қазақстанымды» айтып жүр. Егер де халықтың таңдауы осы болса, онда неге бұл әнді әнұран мәртебесі ретінде заңдастырмасқа!?» [9, 256 б.].

Нәтижесінде жаңа әнұран Президенттің өзгертулері мен түзетулері-мен бірге қабылданды және оны 2005 жылы желтоқсанда сайлаудағы жеңістен кейінгі ұлықтау рәсімі Ш. Қалдаяқов пен Ж. Нәжімеденов қосқан ұлттық рух және күш-қуат бар жаңа әнұранмен өтті. Әнұранның бейнесі оны 1986 жылғы оқиғаның қатысушылары айтуымен байытылғаны да маңызды.

Бұл шығармадағы объективті түрде кездесетін патриоттық сезім мен ұлттық өзіндік сананың мықты қуаты туралы айтылды. Бұл шығарма – жеңіс символы, барлық тауқыметтер, қайғылар, құрбандықтар босқа болмағаны үшін жігерлену. Бұл – әнұран айтылып жатқан әрбір кезеңде болатын жалпы шаттыққа қосылуға шақыру.

Ресейлік танымал сарапшы-экономистер В.И. Кушлин және А.И. Спи-цын Н.Ә. Назарбаевтың көшбасшылық қасиеттерінде ұзақ мерзімді ке-лешекте халықтың қажеттіліктерін сезіне білуінің маңыздылығын атап көрсетеді. «Оның өмірлік жолын зерделей келе, бүгін Н.Ә. Назарбаев қол жеткізгеніндей – әйгілі және беделді көшбасшы болу үшін қажетті, он-сыз болмайтын, міндетті шарттар жинағының қажет екенін жақсы түсіне бастайсың. Бұл міндетті шарттар ең аз дегенде екеу. Біріншіден, елдің, халықтың қажеттіліктерін ең нақты және органикалық сезінуге мүмкіндік беретін қандай да бір ерекше адами сезім даму керек… Екінші шарт – өзінің сезінулерінде уақыт ағымынан озық болу қабілетінің, үрдістерді болжай білу ерекше қабілетінің болуы..., соның арқасында қоғам және са-яси институттар өз уақытында дұрыс таңдау жасайды» [10, 3 б.].

Адамдардың көңіл-күйлерін дұрыс сезіну әрқашан олар қолдаған шараларды қабылдау дегенді білдіре бермейді. Көбінесе «шок терапия-сы» деп аталатын 90-жылдардағы радикалды реформалардың аясында

Page 12: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

12 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

өз кезеңінде қабылданған көпшілік қолдамайтын шараларға баруға тура келді. Яғни, ел көшбасшысы ұлт тілектерін әлемдік үрдістермен түйістіру арқылы жүзеге асыруы қажет. Оларды үйлесімді қатар алып жүру үшін кейде алдағы стратегиялық жеңістер үшін қандай да бір мезеттік, тактикалық ұтыстардан бас тарту қажет.

Бұл Елбасы 1992 жылы ұсынған Қазақстанның егемен және тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы стратегиясы аясында дәлелденді. Ол Қазақстанның артық күш жұмасамай нәтижеге тезірек қол жеткізгісі келетіндерге ермегенін білдірді. Мұндай көңіл-күйлер бір жағынан жыл-дам демократияландырудың еліктіруінен, екінші жағынан тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлтшылдық көңіл-күйлердің бірден өрістеуі қатерін төндірген масаттануынан көрініс тапты [11].

Н.Ә. Назарбаевтың идеологиялық моделінің әрі қарай дамуы «Қазақстан-2030» Стратегиясы аясында жүзеге асты. Ұлт дағдарысы жағ-дайында табысқа жету мүмкіндіктері көрсетілді. Осының арқасында атал-ған стратегияны жариялағаннан кейін 2 жылдан соң экономикалық өсу үдей түсті. Ол ұлттың кедергілер мен тосқауылдарға қарамастан өз күшіне, өмір шындығын өзгерту, табысқа жылжу мүмкіндігіне сенгендігінің нәтижесінде болды.

«Қазақстан-2030» стратегиясы нағыз қарқынды қадам ұмтылысы бол-ды. Қоғамның бейімдеу қасиеттерінің күшеюі көрініс берді. 2004 жылы Екінші шақырылымдағы Парламенттің VI сессиясының ашылуында Пре-зидент әлеуметтік және экономикалық өсу халық арасында бейімделген стратегиялардың өзгеруіне ықпал ететінін атап көрсетті. Азаматтардың мінез-құлықтарының моделі өзгеруде. «Олар тек жағымды өзгерістерді ғана күтіп қоймайды, сондай-ақ өмірде көндігуге, жаңа әлеуметтік орта-да орнығып алуға және өзін-өздері танытуға, өздерінің хал-ауқаттылығын жеке өздері жақсартуға ұмтылады» [12, 38-39 б.].

Осылайша, Президент халық алдындағы өзінің экономикалық рефор-малар арқылы нақты жағымды нәтижелерге қол жеткізу уәделерін орын-дады. Еліміз нарықтық қатынастарындағы қиын өткелді еңсеріп шықты.

2006 жылдың желтоқсанында Қазақстан Тәуелсіздігінің 15-жылдығы қарсаңында жүргізілген сауалнама барысында респонденттердің ба-сым бөлігі Қазақстанның табыс траекториясына шыққанын және мұнда Н.Ә. Назарбаевтың басты рөлін көрсететінін білдірді. Сұралғандардың 50% елдің жақсаруы мен жетістіктерін тек Елбасымен, ал 40% жуығы – Президентпен және дамудың объективтік ағынымен байланыстырған.

Экономикалық өсуді қазақстандықтар Н.Ә. Назарбаевтың басты жетіс-тігі деп атады (54%). Одан кейінгі тұрғандар: әлемдік қауымдастықтың мой-ындауы (48%); саяси тұрақтылық (40%); көршілермен қолайлы қатынастар (31%); этносаралық және конфессияаралық келісім (22%); ядролық қарудан бас тарту (21%); өмір сүру сапасы мен стандарттарын жақсарту (16%).

Page 13: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ұлт көшбасшысы – ұлттық идея мен идеологияны 13қалыптастырудың факторы

Бұл кезеңдегі Президенттің рейтингтері 90% жоғары болды. Алайда Президенттік рейтингтерінің өсуі тек халықтың материалдық

қажеттіліктерін қанағаттандырумен ғана байланысты емес еді. Бұл үрдіс-ті азаматтардың Н.Ә. Назарбаевтың идеологиялық модельдерін қолдауы нығайтты.

Бұл жағдай 2004 жылдың күзінен бастап Қазақстан қосылған, 13 пост-кеңестік елдері қатысатын «Еуразиялық монитор» еларалық зерттеулер аясында көрсетілген болатын.

2005 жылғы мамырда «Еуразиялық монитор» халықтың өмір сүруіне қанағаттануының 75% деңгейдегі көрсеткішін тіркеді, ал халықтың Президентті қолдауы 89% деңгейде болатын. 2007 жылы халықтың өмір сүруіне қанағаттануы 73%, ал Президентті қолдау деңгейі 91% жетті. Көптеген елдерде – жобаның қатысушыларында қарама-қайшы ахуал байқалады, яғни халықтың өмір сүруіне қанағаттануы президенттерге сенімнен жоғары.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа сенудің жоғары сатысы 1991 ж. 1 желтоқсанда оған сайлауға келген 80% дауыс берушілердің ішінен 98,7% дауыс берілген сайлаудан бастап, барлық сайлауларда дәлелденіп келді. 1995 жылдың 29 сәуірінде оның президенттік өкілеттігінің мерзімін ұзарту жөніндегі бүкілхалықтық референдумда 91,26% тіркелген сайлаушылардың ішінде 95,46% дауыс берді [13, 128 б.]. Тек 1999 жылғы сайлау ғана басқаша болды – реформалардың нәтижесі әлі айқын болмаған, ел үшін қиын кезеңдердің бірі болатын. 1999 жылдың 10 қаңтарында қазіргі Елбасымыз үшін бірінші баламалық сайлауда 87,05% дауыс берушілердің ішінде 79,78% дауыс берді [14, 1 б.] (1-диаграмма).

Алайда одан кейін Президенттің электоралдық позициялары қалпына келтірілді. 2005 жылы Елбасына 77% сайлау учаскесіне келгендердің ішінде 91,15% азаматтар өз дауыстарын берген. 2011 жылы сайлау аясында алды-мен ықпал еткен, тіркелмеген бұл көрсеткіш 89,9% келушілердің есебінен 92,2% жетті.

Елдің қалыптасуындағы Президент Н.Ә. Назарбаев рөлінің маңызды-лығын бағалауда қазақстандықтардың көпшілігі әрі қарай да экономика-лық, сондай-ақ саяси салаларда елдің үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге қабілетті болатын мықты тұлғаны қажет ететінін көрсетті. 2011 жылы сай-лаудан кейін жүргізілген зерттеу мәліметтері бойынша, демократиялық басқару басымдылығын алға қоятын респонденттер санынан 5 есе көп сұралғандардың 36,2% мықты көшбасшының басымдылығын көрсетті. Оған қоса, мықты көшбасшылық пен демократияның бірдей болуын қалайтын 53,8% сұралғандардың тарапынан да мықты көшбасшының маңыздылығы теріске шығарылмайды (1-кесте).

Page 14: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

14 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

1-диаграмма

5759,2 59,4

71,9

74,4

78,2

84,1

92,2

94,9

92,3

92,991,590,2

82,8

84,5

83,583,8

92,2

90,588,4

94,7

83,6

91,2

90,1

96,3

9293,9

94,4

92,5

95,894,2

93,1

89,3

84,1

85,8

89

68,4

71,1

66

65,4

71,7

65,5

50

55

60

65

70

75

80

85

90

95

100

1993

1994

мар.

96

сен.

96

ноя.

96

дек.

96

фев

.97

май.

97

июн.

97

апр.

00

2001

год

2002

авг.0

3

апр.

04

июн.

04

дек.

04

май.

05

окт.

05

дек.

05

мар.

06

июн.

06

сен.

06

дек.

06

мар.

07

июл.

07

ноя.

07

янв.

08

апр.

08

июн.

08

июл.

08

окт.

08

дек.

08

мар.

09

июн.

09

сен.

09

дек.

09

мар.

10

июн.

10

сен.

10

дек.

10

мар.

11

июл.

11

1993 жылдан бастап 2011 жылдың шілдесіне дейінгі кезеңдегі ҚР Президентін қолдау рейтингтерінің динамикасы

1-кесте

Сіздің ойыңызша, қазіргі таңда Қазақстан жағдайында еліміз көбінесе демократиялық билікке сенуі керек пе, әлде мықты

көшбасшыға ма?%

Демократиялық басқару 7,2Мықты көшбасшы 36,2Екеуіне де тең дәрежеде 53,8Жауап беруге қиналамын 2,8

Басым көпшілік мықты Елбасынан елдің әрі қарай табысты дамуының кепілін көреді. Мұндай пікірді ұстанатын респонденттердің үлесі 43,4% жетеді. Егер бұл көрсеткішті Президентпен қатар басқа да мемлекеттік институттарға сенім артатын респонденттердің санымен қосатын болсақ, онда ол 60,7% жетеді (2-кесте).

Өздерінің күшіне сұралғандардың тек 17,6% ғана, шетелдік инвес-торларға – 8,4%, оппозицияға – 1,4% және саяси партияларға – 0,6% сенеді.

Page 15: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ұлт көшбасшысы – ұлттық идея мен идеологияны 15қалыптастырудың факторы

2-кесте

Сіз Қазақстандағы өмір сүрудің алдағы жақсару үмітін бірінші кезекте кіммен байланыстырасыз?

%3 тоқсан 2010 ж.

Шетел инвесторларымен 8,4Жергілікті билік органдарымен 4,1Оппозициямен 1,4ҚР Парламентімен (Сенат, Мәжіліс) 2,0Саяси партиялармен 0,6ҚР Үкіметімен 11,2Қазақстан Президентімен 43,4Азаматтардың күш салуы мен белсенділігімен 17,6Басқа 0,3Жауап беруге қиналамын 10,9

Президентке көрсетілген қолдау оны тұлғалық бағалауда ғана емес, сондай-ақ оның жақсы түсіну үшін «экономикадан-саясатқа» деп аталған даму үлгісін қолдауда да көрініс табады. Сауалнамалар көрсетіп отыр-ғандай, мықты экономика жақтаушыларының саны (30%) тек қазіргі де-мократияны ғана қолдайтындардан (4%) 7 еседен көп. Бірақ 63,8% рес-понденттер экономика да, демократия да бір мезгілде дамығанын қалар еді (3-кесте).

3-кесте

Сіз үшін не аса маңызды болып табылады – елде нағыз демократияға ие болу ма, немесе мықты экономикаға?

%Нағыз демократия 4,1Мықты экономика 30,0Екеуі де тең дәрежеде 63,8Жауап беруге қиналамын 2,1

Сонымен бірге, Қазақстанға өз жолымен жылжуға тура келді. Біз өзі-мізде еуропалық демократиялық институттарды енгіземіз. Бірақ Еуро-па елдері бұл жолдан жүз жыл бұрын өткен, біз ұзақ уақыт бойы тарих

Page 16: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

16 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

шетінде болдық. Біз негізгі тарихи оқиғаларды – әлемді қайта бөлісуді, технологиялық революцияны өткізіп алдық және қазір біз осының бәрін қуып жетуіміз керек. Алайда қуып жету дамуынан шығу үшін, әлемдік экономиканың соңында сүйретіліп жүрмес үшін және толыққанды, син-хрондық даму кезеңіне өту үшін Қазақстанға басымдылықтарын орында-рына қою керек.

Осылайша, көшбасшы тұлғасы ел тағдырында айқындаушы рөл атқарады. Жетекші әлемдік державалар тәжірибесі мұны растайды. Ел көшбасшысының күші өз ұлтының психологиясын жақсы түсінуінде және халықаралық процестердегі жақсы бағдарында. Көшбасшы болу үшін менеджер болу аз, мақсат қоя білетін, әлемдік кеңістікте халқының әлеуметтенуі ұлтының даму әдіснамасын жасай алатын әлеуметтік ин-женер болуы қажет. Бұл Н.Ә. Назарбаевтың қолынан келді. Ол елді дағдарыстан шығару және дамудың қалыпты, жұмыс істейтін жүйесін құру үшін тиімді әдіс таба білді.

1.2. Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық көзқарасы: ядролық полигонды жабудан дамудың жаңа әлемдік моделіне көшу идеясына дейін

Н.Ә. Назарбаевтың жетекші артықшылығы жаһандық әлемге деген өзінің жеке көзқарасының болуы еді. Оған қоса, жаһандық ойлау арқылы, ол жергілікті деңгейде кәсіби әрекет етті.

Тәуелсіз Қазақстан күрделі геосаяси жағдайларда пайда болды. Еге-мендіктің басты тірегі халықаралық мойындау және әлемдік кеңістік-ке ықпалдасу үшін ашық жол болды. Ел үшін мықты дипломатиялық қалқаны бар тәуелсіз, егемен мемлекеттің тарихи субъектілігіне ие болу мен нығайту үшін ел үшін ұсынылған тарихи мүмкіндікті пайдалану маңызды болды.

Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымының бастауы ретінде Президент Н.Ә. Назарбаевтың Мемлекет басшысы болып сайлануына байланысты 1991 жылғы 1 желтоқсанда берген баспасөз мәслихатын санауға болады.

Қазақстанның әлемдік кеңістікке ықпалдасуы жағдайындағы ірі қа-дам қауіпсіздіктің жаһандық жүйесін қайта жаңартудың маңызды құра-лы ретінде АСӨШК идеясы айтылған 1992 жылдың қазанындағы БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлеуі болды.

Қазақстанның мұндай идеямен сөз сөйлеуінің өз негіздемелері болды. 1991 жылдың 29 тамызында Президент жарлығымен Семей ядролық по-лигоны жабылды. Қауіпсіздіктің жаһандық жүйесінің қайта жаңғыртуын Қазақстан өзінен бастады.

Қазақстан әлемдегі ең ірі ядролық держава бола алар еді, себебі оның ядролық арсеналы мықтылығы жағынан әлемде төртінші болды. Елде

Page 17: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ұлт көшбасшысы – ұлттық идея мен идеологияны 17қалыптастырудың факторы

1216 континетаралық баллистикалық зымыранға арналған оқтықтар және ауыр бомбалаушыларға арналған зарядтар болды, ядролық стратегиялық күштердің кешені жаппай қырып-жоюдың және ядролық зарядтарды жеткізудің ең заманауи құралдарынан тұрды.

Сондай-ақ ядролық арсенал 1400 ядролық оқтығы бар стратегиялық негізделген Р-36М УТТХ аталатын 104 зымыраннан тұрды. Республикада ауыр МБР СС-18 оқтұмсықтарының үштен бірі шоғырланған болатын, олардың екі базасы болды. Елімізде Байқоңыр ғарыш айлағы шегінде баллистикалық зымырандарды сынайтын маңызды нысан орналасқан, сондай-ақ қанатты зымырандармен жабдықталған Ту-95 МС стратегия-лық бомбалаушылардың ірі базасы орналасқан болатын.

Қазақстанда жер бетіне негізделген құрлықаралық зымырандарды ұшыруға арналған 148 шахталық қондырғы шоғырланған еді.

Семей полигоны маңызды стратегиялық нысан болды. Жарты ғасырдың ішінде 456 ядролық және термоядролық жарылыс жасалды. Ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомба-сының қуатынан 2,5 мың есе асып түсті.

Қазақстан өзіндік жеке ядролық қару жасау үшін қажетті барлық ғылыми-зерттеу, кен-байыту және өндірістік инфрақұрылымдары болды. Қазақстан ядролық қарудың белсенді компоненттерін өндіруге арналған ауқымды ресурстарға ие болды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі экономикалық про-блемаларына қарамастан, еліміз ядролық арсенал ұстау шығындарына шамасы жетті. Бұл фактор мүлде тоқтатпаса да, оны тежей алар еді, ядролық мұра тағдырын анықтау процесі және мұндағы анықтаушы Н.Ә. Назарбаевтың позициясы болды.

Қазақстан Президентінің әрекеттері америкалық конгрессте былай бағаланған болатын. АҚШ конгрессмені, өкілдер палатасының энерге-тика жөніндегі шағын комитетінің төрағасы Джо Бартон 2004 жылдың 28 қазанында былай деген: «Бұрынғы КСРО-ның ядролық және биология-лық қаруының бағдарламаларының орталығы бола отырып, Кеңес құла-ғаннан кейін Қазақстан айтарлықтай және әлеуетті қауіпті әлемдік күшке ие болды. Оған қоса, Қазақстан Британия, Франция, Қытайды бірге алған-дағы жинақтарынан асатын әлем бойынша төртінші ядролық арсеналға ие болды. Осы қару үшін миллиондаған доллар ұсынған елдерге берудің орнына Қазақстан көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдің қорқыныш-ты жинағын батыл түрде жоюды және Қазақстанды өңірдегі тұрақты күш етуді жөн көрді».

Бүгінде Президент Н.Ә. Назарбаевтың күш-жігері лайықты бағалан-ған. Қазақстанның басшысына 2010 жылдың көктемінде америкалық превентивті (сақтандыратын) дипломатия қорынан бейбітшілік және келісім сыйлығы тапсырылды. Марапаттау рәсімі АҚШ Президенті

Page 18: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

18 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Б.Обаманың қатысуымен бірге өтті. Оған қоса, Қазақстанның 29 тамызды – Семей полигонын жабу күнін – дүниежүзілік ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні етіп жариялау бастамасын БҰҰ қолдады.

Жинақтаған тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан өздерінің ау-мағында ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан және жойған халық-аралық қауымдастықтың елге деген сеніміне негізделетін сыртқы саяси курс жүргізу үшін туындаған артықшылығын пайдаланды.

Бұл Қазақстанның сыртқы саяси жобалар қатарын өмірде жүзеге асыруының басты шарты болды, оның ішінде АСӨШК идеясын құру. АСӨШК жұмысының басталуына дейін 10 жылдан аз емес жол жүруге ту-ра келгендігі сөзсіз. Н.Ә. Назарбаевтың және қазақстандық дипломатия-ның көпжылдық күштері 2012 жылы босқа кеткен жоқ, Алматыда біздің өңірдегі «ірі бітімгерлік форум» саналған АСӨШК бірінші саммиті болды.

Саммитте Алматы актісіне, терроризмді жою және өркениеттер арасындағы диалогқа ықпал ету жөніндегі декларацияға қол қойылды. Кездесудің қатысушылары ірі азиялық құрлықтың өмірінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, сенім мен ынтымақтастық климатын дамы-ту мақсатаныда азиялық елдердің бірдей өзара әрекеттестікті, көпжақтық диалог үшін мүмкіндіктерді айтарлықтай нығайтуға шақыратын АСӨШК Форумы сияқты жаңа саяси процестің туындап жатқанын атап өтті.

Саммитке Үндістан және Пәкістан, Палестина және Израиль сияқты араларында шиеленіс асқынып тұрған елдердің қатысуымен айрықша болды. Осылайша, АСӨШК бірден өзінің проблемалар мен шиеленістер-ді реттеудің компромистік жолдарын іздеу мақсатында диалог үшін ашық форум болу міндетін дәлелдеді.

АСӨШК жобасының ауқымы туралы елдің аумағының ауданы – Кеңес қатысушылары 40 млн. шаршы км. құрайды немесе барлық азиялық құр-лықтың шамамен 90% және Еуразиялық материктің 72% құрайды. Бұл аумақта жер шарының барлық халқының 50% құрайтын 3 млрд.-қа жуық адам тұрады. Сыртқы сауданың жиынтық көлемі 1,1 трлн. доллардан асады.

АСӨШК құру идеясы өңірлік қауіпсіздік механизмін жетілдіру қажеттілігімен байланысты болды және ЕҚЫҰ қызметінің желісінде. Қазақстан 1992 жылы қаңтарда бұл ұйымға мүше болуынан бастап 2010 жылы төрағалық етіп және 2010 жылы Астанадағы саммит өткізуіне дейін ұзақ жолдан өтті.

2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитін көптеген әлемдік БАҚ Еуразиядағы қауіпсіздік жүйесін дамытудағы жа-ңа басталған нүктесі деп атады. Еуразияның географиялық орталығы бо-лып табылатын Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның саммиті өткізілді. Қазақстан Ұйымның қызметіне жа-ңа қарқын қосты. 11 жыл ішінде Ұйымға қатысушы елдер бірге жиналма-ған болатын. Осы уақыт ішінде әлемде түбегейлі өзгерістер болды.

Page 19: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ұлт көшбасшысы – ұлттық идея мен идеологияны 19қалыптастырудың факторы

«Қырғи-қабақ соғыс» уақытындағы әлемдік тәртіп туралы риторика мен түсінік біржола ескірді. Әлемдік күн тәртібінде терроризммен, дәстүрлі емес қауіптермен күрес, ядролық қарусыздандыру мәселелері тұр.

Қауіпсіздік парадигмасы өзгерді. Бүгін өзіндік ұлттық мүдделерді қорғау үшін қауіпсіздік бойынша кең коалицияларға қатысу, тәуекелдер мен қауіп-қатерлердің алдын алудың жаңа сындарлы әдістерін ұсыну қажет.

Қазақстандық басшылығының, бірінші кезекте Елбасы Н.Ә.Назар-баевтың жұмсаған күш-жігері табысты болды. Астана біртіндеп жаһан-дық диалог пен конфронтацияны жоюға арналған аумақ бола түсуде. Ел президенті Ұйымның қазіргі кезеңде айтарлықтай бірегей болуы үшін ЕҚЫҰ-ны қайта жаңарту жобасын ұсынды. Астанадағы ЕҚЫҰ саммитінде төрт мұхиттың: Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі, Солтүстік мұзды мұхиттан Үнді мұхитына дейінгі кеңістігі аясында әлемдік қауіпсіздікті толғандыратын қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланды. Олардың ішінде: Таулы Карабахтағы, Днестр маңындағы созылған шиеленістер, Солтүстік Осетия, Абхазия проблемалары, оң-түстік кореялық Йонпхендо аралын КХДР аумағынан артиллериямен атқылауына байланысты оқиға.

Саммитте АҚШ-тағы құпия құжаттардың ағыны деп аталатын «Wikileaks ісі» мәселелері туралы жеңілдетілген жүзбе-жүз дипломатия-лық келіссөздер болды.

ЕҚЫҰ саммиті алғаш рет Азияда өтті. Бұл – Ұйым тарихындағы маңызды бетбұрыс. ЕҚЫҰ жаңа құрылымдарын құру жөніндегі қазақ-стандық ұсыныстар Ұйымның нығайтылуына бағытталған – толықтай әрі Венадан Шығысқа қарайғы кеңістікке қатысты. Мұндағылар Энер-гетикалық қауіпсіздік және экономикалық өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес, Экологиялық форум, ЕҚЫҰ қауіпсіздігі институты. Қазақстан осы жаңа құрылымдарға Астана аясында патронаждық етуге дайын екенін білдірді.

ЕҚЫҰ мемлекеттерінің көшбасшылары, ал олардың 50-ден астамы Астанада жиналды, халықаралық ұйымдардың жетекшілері, оның ішін-де БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанның ЕҚЫҰ саммитін өткізуге және жалпы ұйымды нығайтуға күш салуының құндылығын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі ЕҚЫҰ мен еуразиялық материк кеңіс-тігіндегі елдерді біріктіруге ықпал ететін пәрменді, тынымсыз, жасампаз-дық еңбек ретінде сипатталды.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі оны жоғары сатыға көтерді. Келесі Төраға болатын елдерге айтарлықтай белсенді болуға тура келеді және Астанадағы саммит қорытындылары бойынша жаңартылған ЕҚЫҰ рухын ескерулері керек.

Қазақстандықтардың Астанадағы ЕҚЫҰ саммитін бар ынта-жігерімен қабылдағаны маңызды. Саммитті өткізуді құптағандардың

Page 20: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

20 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

бірі астаналықтар болды. Дегенмен, саммит олар үшін қандай да бір қолайсыздықтар тудырғанымен, 2010 жылы қарашада жүргізілген әлеу-меттанулық сауалнама барысында Астана тұрғындарының 90% астамы аталған іс-шараны қолдайтындарын білдірді.

Астаналықтар саммитті тек демалыс күндері деп жариялағандықтан ғана қолдағаны және қонақтар – инвесторлар, сатып алушылар, тұтыну-шылар болғаны күмән келтірмейді. Маңыздысы Астана тарихта алғаш рет делегацияның теңдессіз санын қабылдағаны. Астаналық әуежай дағдарыс режимінде жұмыс істеді. Іс жүзінде барша елорда, елордалық қызметтер, мемлекеттік органдар, ІІМ саммиттің өткізілуіне жұмылдырылды. Бұл – жоғары тәртіп пен қазақстандық басқару жүйесіндегі тәртіптің көрінуі ғана емес. Бұл – Қазақстан халқын біріктіруінің жоғары деңгейінің сипаты. Еліміздің барлық өңірлерінде сұралған 79,2% қазақстандықтар саммитті қолдайтынын білдірді. Сонымен қатар, 67% респондент қазақстандық дипломатияның сөзсіз жеңісі деп санайды.

Қазақстандықтар Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті сияқты деңгейдегі іс-шараны өткізуді мүмкін еткен Қазақстанның жетекші артықшылығы ретінде елдің шикізат ресурстарын атаған жоқ, тіпті біздің есімхатымыз болған этносаралық және конфессияаралық келісім де аталған жоқ. Біздің күшті жақтарымыз бірінші орынды шынында да басқа факторға – ел көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың танымалдылығына берді. Бұл ойды сұралғандардың басым көпшілігі жеткізді – 55%. Респонденттердің пікірінше, белсенді стиль қажет және елбасымыз оны көрсете алды.

Енді қазақстандықтарды өз елі үшін заңды мақтаныш сезімі кер-ней алады. ҚР Президентінің Астанадағы ЕҚЫҰ саммитінің ашылуы кезіндегі сөйлеген сөзі біздің жадымызда сақталады. Бізге, елдің жүрегіне, Сарыарқаға бір мезетте төрткүл дүниенің түкпір-түкпірінен әлемнің жетекші державаларының көшбасшылары ағылуы. Ірі қонақтардың Астанаға қызыға қарауы. Мемлекет басшыларының, делегация басшы-лары-саммит қатысушылары ішінде А.Меркель мен Х.Клинтонның сөз сөйлеулері жарқын әрі мазмұнды болғаны сөзсіз. Клинтон ханымның сөзі барысында Қазақстанға екінші рет келуі деген жазуы жылжымалы жолға қоса беріліп тұрды. Біріншісі 1997 жылы АҚШ бірінші ханымы мәртебесінде болды, сонымен қатар, Х.Клинтон әйелдер құқықтарын қорғаудың жақтаушысы болып саналады.

Бұл – шын мәнісінде теңдессіз және ұмытылмастай еді. Қазақстан жаңа ғасырдың бірінші онжылдығын стратегиялық сипаттағы қуатты әрекеттерден бастап, оны сондай жоғары деңгейде аяқтады [15].

Қазақстан үшін белсенді сыртқы саясатты таңдауы жолдың басында өткір этникалық шиеленістерге және мемлекеттің аумақтық бытырауы-на әсер ететін ішкі қарама-қайшы этникалық мазмұнмен толған өңірлік

Page 21: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ұлт көшбасшысы – ұлттық идея мен идеологияны 21қалыптастырудың факторы

алпауыттардың арасында қысылған посткеңестік шалғай аудан болу тағ-дырына ұшыраушылықты жоюдың қазіргі қажеттілігімен байланысты.

Өзінің даму парадигмасын өзгертумен байланысты тек еліміз ғана емес, сондай-ақ барлық посткеңестік өңір бастан кешірген экономикалық турбуленттілік жағдайында Қазақстанға өзінің сыртқы саясатын «нөлден» бастауға тура келді. Іс жүзінде геосаяси апат орын алды, оның жағдайында дұрыс таңдау жасау қажет болды.

Қазақстанның басты жетістігі – ел дамуын қиындататуға немесе мүм-кін етпеуге қабілетті факторлардың азайтылғандығында. Сыртқы саясат Қазақстанды мүмкін болатын қолайсыз факторлардан қорғайтын сенімді «күмбез» болуы керек.

Барлық белесті кезеңдерде Қазақстан өзінің артықшылықтарын бі-лікті пайдалана отырып және туындап жатқан тәуекелдер мен қатерлерді азайта отырып, өзіндік жеке халықаралық субъектілікті нығайту және заманауи өркениеттілік контекстке қосылу мақсатын көздеді. Негізгі нәтиже ретінде Қазақстан қалыптаспай қалған мемлекет болудан бойын аулақ сала білді, жаһандық деңгейдегі өзінің бастамаларын тұжырымдай алды, оған қоса, өңірлік деңгейде және екіжақтық байланыстардың негіз-гі алаңында байланыстарды нығайтудағы бастамашылдығын жоғалтқан жоқ. Қазақстан Орталық Еуразияда көшбасшы рөліне үміткер нарықтық экономикалы ел ретінде танылды.

Қазақстан дәл осы сыртқы саясаттың арқасында алдағы онжылдықта елге қажет болатын маңызды артықшылықтар қатарына ие бола алды. Елдің айтарлықтай маңызды жетістіктерінің қатарындағылар мыналар.

1. БҰҰ-ға мүшелікке кіру және жетекші әлемдік державалардың және іс жүзінде әлемнің барлық мемлекеттерінің тәуелсіздігімізді мойындауы.

2. Қазақстан өзіне қатысты ашық саяси және экономикалық санкция-ларды қолданудан қашқақтады, оған қоса елдегі посткеңестік мұра ретінде қалғандарынан біртіндеп жеңіп шығуда.

3. Ядролық мұра мәселесін сәтті шешу Қазақстанға қауіпсіздіктің жаһандық сәулетін қайта жаңартудағы өз рөлін атқаруға, бітімгерлік мис-сияларды жүзеге асыруда ерекше гуманитарлық құқықтарға ие болуға, шиеленістерде бейтарап позицияны ұстануға мүмкіндік ашты.

4. Нәтижелі, бірақ айқын мазмұнымен нығайтылмаған сыртқы сая-си идеяларды қуаламай, қолда бар нәрседен сыртқы саяси дивиденттерді дәл өсіру Қазақстанның халықаралық процестерге қатысуының әрекетке қабілетті қаңқасын тұрғызуға мүмкіндік берді.

5. Қазақстан халықаралық координаттар жүйесінде өзінің жеке лоция-сын әзірлей отырып, америкалық, қытайлық, ресейлік және еуропалық форватерлер арасында бұлтара алды. Теңгерілген сыртқы саяси курс жүргізу шеберлігін игеру ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жөніндегі консенсусы «ине көзінен» өтуге мүмкіндік берді.

Page 22: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

22 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

6. Сыртқы саяси және ішкі саяси блоктар арасындағы тиімді байла-ныс қамтамасыз етілген, нәтижесінде этносаралық және конфессияара-лық келісімнің қазақстандық үлгісін тарату, ал мұндай имидждік нығайту арқылы – ішкі өрісті толеранттылық заңы бойынша өмір сүруге ынталан-дыру қамтамасыз етілді.

7. Әлемдік экономикалық байланыстар рифтері арасынан бұлтара отырып, тиімді жол табуға, қаржы-шаруашылықтық қатынастарда өзін-дік орнын табуға, артық, өнімді емес сыртқы экономикалық шығындардан қашқақтауға мүмкіндік болды.

8. Қазақстан біртіндеп өзінің өңірлік кеңістігінің тұйықтығын жеңе отырып, дипломатиялық байланыстар кеңістігі мен көкжиегін кеңейтеді.

9. Қазақстан әлемде танымал және мойындалған мемлекетке айналды. 10. Ислам және батыс әлемдері арасындағы жаһандық өркениетара-

лық қарама-қайшылықтарды жою үшін алғышарттар жасалған. Ислам-дық террористік қауіп стереотипі, ал онымен бірге оның өзіндік шынайы көрінісі еңсеріле бастады.

11. Қазақстанның іс-қимылы Орталық Азияның геосаяси «шұңқыр-дан» респектабельдік, жақсы қалыптасқан қазіргі заманғы өңірге өту мүм-кіндіктерін нығайтты.

12. Қазақстан нақты мемлекеттік шекараларға және тату көршіліктің сенімді белдеуіне ие болды.

13. Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық доктринасы посткеңестік кеңіс-тіктің интеграциялық ренессансы негізіне, бұзылған байланыстарды қалпына келтіруге негізделді. Қазақстанның бұрынғы кеңес империясы аумағындағы славян-түрік бөлінуін еңсеруге күш салуының жемісі болған ТМД негізінде таңдаулы интеграциялық құрылымдардың ресімделуі жүзеге асуда – ЕурАзЭС, ҰҚКҰ.

14. Қазақстан өзінің ұлттық шекарасында тұйықталып қалмай, өзінің әл-ауқаттылығы көршілерінің қолайлы дамуы жағдайында ғана мүмкін бола алады деген принципті ұстанды. Тәуекелдермен жұмыс істеу және сыртқы аумақтағы шығындарды төмендету Қазақстанның экономикалық дамуда көшбасшы позициясына шығуына және сол арқылы аймақ елдері экономикасын нығайтуға мүмкіндік берді.

15. Қазақстанның күш салуы Орталық Азияның өз бетінше геосаяси бірлік ретінде нығаюына мүмкіндік берді. Өз кезегінде, Қазақстан өңірлік көшбасшы рөлін атқаруда.

Барлық осы жетістіктер 20 жыл шеңберінде шоғырланған. Кеңістік, уақыт, сөйлеудің тығыздалуы жүзеге асуда. Барлығы таңбалардың немесе символдардың ең аз жиынтығына дейін барады. Жаһандану жағдайында кеңістіктің тығыздалатыны туралы сұраққа ғалымдар бірыңғай «жаһанды ауыл» құрылуы туралы айта отырып, негізінен жауап берген. Сонымен қатар, уақыт түсінігінің өзі де өзгеріп жатыр.

Page 23: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ұлт көшбасшысы – ұлттық идея мен идеологияны 23қалыптастырудың факторы

Академик С.П. Капица тарихи уақыттың тығыздалуы туралы айта-ды. «Адамзат тарихындағы әр жаңа кезең алдыңғысынан 2,5–3 есе қысқа... Адамзат қоғамы құрылған уақыттан бері тарихи кезеңдердің ұзақтығы қысқарды және 35-40 жыл кезеңіне жетті – ұрпақ алмасу уақыты не-месе адамның белсенді жұмыс істеу қабілеттілігінің орташа уақыты… Уақыттың тығыздалуы адамдар өмірінің уақыт масштабының өзгерісіне әкеледі… Бұл бір ұрпақ кезеңінде өмір сүру жағдайының кенет өзгеруіне әкеледі. Адамдар бір тарихи кезеңнен басқасына көшетіндей болады». Адамзат табиғаты бұл жағдайларда шектен тыс шиеленісте. Өзгерістер соншалықты қарқынды болғандықтан, адам санасы кейде бәрін қабылдауға үлгермейді [16, б. 30].

Уақыттың тығыздалу ерекшелігіне Президент Н.Ә. Назарбаев ерек-ше көңіл аударды. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының 10 жылдығына арналған 2007 жылдың қазанында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ол былай деп айтқан болатын: «20-ғасыр соңы әлем үшін үлкен өзгерістер кезеңі болды… Бұл кезеңге тән белгі тарихи уақыттың сапалы «тығыздалуы» болды. Бұрын жүз жыл уақыт алатын процестер бүгін он жылдыққа сияды. Уақытты жинақтауға, көбейтуге болмайды. Оны кейін бұруға болмайды. Егер дамудың айқын мақсаттары анықталған болса, уақытты орынды жұмсауға болады» [17, б. 2].

Уақытты түсінудің өзгеруі қазіргі кезеңнің түбегейлі қайта жаңар-туды ашады. Ол ұлттық мүдделерді қорғау бүгін кейде ұстауға кел-мейтін, алайда көріністерінде өте сезімтал жіңішке интеллектуалдық материялардың жазықтығында дамығанын көрсетеді.

Осылайша, Президент Н.Ә. Назарбаев жаңа мыңжылдықтың интер-претациялық парадигмасын пайдаланды. Бүгін әлем бір мезетте саяси және сарапшылық назардың фокусын құрайтын негізгі терминология-ларды қайта қараумен бетпе-бет келуде. «Формациялық дағдарыс» фе-номенінің туындауы туралы айтуға мүмкіндік беретін әдіснамалық және технологиялық дискурстардың жаһандық араласуы жүріп жатыр. Модер-низм постмодернизмге тіресуде. Қазіргі заманда әлемнің жаһандық қай-та жаңартудың өзіндік жобаларын ұсына алатын, әлемдік қатынастардың жаңа форматында өзінің орнын анықтай алатын адам жеңіске жетеді.

90-жылдардың басына дейін сөзсіз болған «жалпыға ортақ әл-ауқатты мемлекет» тұжырымдамасы қайта қаралып жатқан Еуропа жаңа трансформациялардың көзі болып табылады. «90-жылдары алдың-ғы қатарда әл-ауқатты қоғамның негізгі постулаттарын қайта қарау мәселесі тұрды. Жүйе құру мен оның институттары кезеңі, сандық өсу, үдемелі кеудемсоқтық кезеңі, сонымен қатар біздің игі ниеттеріміз бен әрекеттерімізге қарамастан, өкініштер мен ақталмаған үміттер артта қалды. Бірақ қазір ескі шешімдерді түпкілікті қайта қараумен және қиын таңдаумен байланысты үміт басым» [18, 7–8 б.].

Page 24: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

24 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

90-жылдардың аяғында әлемде ойлау әдіснамасының жаңаруы ахуа-лы дамыды. Бұл тек жеке салаларға ғана емес, сондай-ақ қоғамдық дамудың тұтас парадигмасына да қатысты болды. Қоғамдық сектор тек әрекет ету немесе саяси пайдалану объектісі ретінде ғана емес, өзіндік экономикаға ие жеке феномен ретінде де қабылдана бастады.

Қоғамдық араласу қоғамдағы әралуандықты теңдестірудің тиімді тетігі ретінде қабылданады. Оған қоса, қоғамдық сектор тек жеке ретін-де қарастырылмайды. Бұл – қоғамдық императивтерге орай бірігіп әрекет ететін мемлекеттік және қоғамдық институттардың жиынтығы (адами дамуға беталу). Дамыған батыс елдерінде ЖҰӨ-нің 17-ден 26-ға дейінгі пайызын жоғары салықтық жүктемені, бизнес табыстарының тазартылу-ына жақын ахуалды алдын ала анықтайтын «жалпыға ортақ әл-ауқатты-лық» қызметтерінің үлесі құрайды.

Мұндай жағдайда жариялылыққа, яғни қоғаммен өзара әрекеттестікті ойластыратын тәжірибеге сұраныс арта түседі. «Билік ету – бағыну» дилеммасына негізделген мемлекеттік басқару императивінен келіп шығатын қоғамдық даму үлгісі барған сайын көлденең байланыстардың артып отырған салмағына, өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі басқару процестерін мойындауға, азаматтық бастамаға еркіндік беру мен әлеу-меттік инновациялардың бәсекелестігіне негізделген «басшылық – қабыл-дау» дилеммасымен толықтырылуда. Бұл билік философиясының өзін түпкілікті қайта қарауды, билік ету мен оны тағайындаудағы гегемония басымдығынан серіктестік пен диалогқа өтуді талап етті» [19, 30–31 б.].

Идеологиялық конструкциялау қиындай түсуде. Өзінің ұлттық иде-ологиясын құра алатын адамның өзінің саяси тәуелсіздігін сақтай алаты-ны айқын бола түсуде. Идеология – елдің ауқаттылығының критерийі мен көрсеткіші.

Заманауи әлемде технологиялардың жаһандық инструментарийлері өзгеріске ұшырауда. Әлемді түсінудің әдетті схемалары қызметін тоқ-татты. «Қырғи-қабақ» кезеңінің негізгі констуктілері қайта қаралуда. Полярлылық тұжырымдамасы дағдарыста. «Ұлттық мүдделер» және «ұлттық қауіпсіздік» сияқты санаттарды түсіну күрделенуде.

Еларалық қатынастарды (одақтар, блоктар, қауымдастықтар) реттеудің ресми ұйымдастырылған институттарының осалдығы айқын бола түсуде. «Жұмсақ күш» әдістерінің, яғни қауымдар мен ахуалды белгілі бір геосаяси орталықтың пайдасына алдын алып бағдарлаудың өзектілігі мен талап етілуі арта түсуде.

Бұған қатарлас геосаяси ықпал ету әдістері мен технологияларында да өзгерістер болуда. Жиырма бірінші ғасыр «желілік қоғамның» жаңа фено менін және ықпал етудің жаңа амалдарын: 1) интеграцияның ор-нына – конвергенция; 2) бейімделудің орнына – диффузия және ену; 3) үгіт-насихаттың орнына – лингвистикалық бағдарламалау; 4) инвести-

Page 25: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ұлт көшбасшысы – ұлттық идея мен идеологияны 25қалыптастырудың факторы

циялардың орнына – гуманитарлық интервенция; 5) ұғымдық иерархия-ның орнына – араласу және шашыранды турбуленттілік; 6) үстемдіктің орнына – қашықтан басқару; 7) бұқаралық мәдениеттің орнына – сананы жеке кеңейту технологиялары әкелуде.

Тиісінше, мемлекетке қойылар талаптар арта түсуде. Мемлекет инс-титуттық, ұйымдастырушылық, саяси және идеологиялық қана қызмет-тер атқармайды. Қандай да бір дәрежеде ол «ой әдіснамашысы» рөлін де атқаруы керек. Бұл туралы П.Бурде былай дейді: «Мемлекет практиктер-ге таңатын шарттар арқылы ол қабылдау мен ойлауға басында жалпымен қабылданған нысандар мен санаттар құрады және бастарға енгізеді, олар: қабылдаудың, түсінудің немесе есте сақтаудың әлеуметтік шектері, ойлау құрылымдары» [20, 154 б.].

Тиісінше, идеологиялық конструкциялау мемлекет аясында, азамат-тық қоғам институттарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырылуға – кері байланыс арналары бойынша, оның ішінде саяси риторика және рефлек-сия арқылы жинақталуға, ықшамдалуға және берілуге тиіс.

Соңғысына қатысты Ю. Хабермас «делиберативтік демократия» тұжы-рымдамасын негіздеу шеңберінде айқын және мәнерлі айтады: «…Қазіргі қоғам мүшелері бұрынғыдай олар бір-бірімен адал және мәжбүрсіз ынтымақтаса алатыны туралы үмітті ұстанады... Азаматтар бір-бірімен қарым-қатынаста дүниетанымдық шекаралар арқылы өтетін моральдық сана мен әділеттілік сезімін игеруіне үнсіз жол береді, сонымен бірге дүниетанымдық әралуандыққа саналы келіспеушіліктердің көзі ретінде шыдамдылықпен қарауды үйренеді». [21, 162–163 б.].

Мұндай үнсіз жол беруде қарама-қайшы мүдделерді әлеуметтік, сая-си, экономикалық проблемаларды бұқаралық талқылау арқылы ортақ бөлімге келтіру мүмкіндігі негізделген. Делиберативтік демократия жағдайындағы саясат идеологиялық нарративтердің күресі болып та-былады. Пікірлер таласы немесе саяси дискурс – билік позицияларына қолжетімділіктің маңызды арнасы, билік етуді жүзеге асырудың құралы.

Саясат сала ретінде жіңішкере түседі, әсіресе бұл шығыс қоғамдарына қатысты және мұнда саясаттың қалай берілетіні маңызды болады. Мәтін-дік, семантикалық әдіс бүгінде поэзиялық мәтіндерді қабылдауды баға-лауларда кеңінен пайдаланылады екен. Онымен қоса саясат, мәдениет, поэзия жаңа феномендерді – политесті немесе политияны құрай отырып бір-бірімен тығыз араласа бастайтынын атап өткен жөн [22, 107–108 б.].

Қазақстанда мемлекет қажеттілігіне қарай мұндай да «әдіснамалық кілттерді» пайдаланады. М.С. Машанның тұжырымдауы бойынша, ұлттық идеядан мемлекеттік-саяси құрылыс прагматикасына өтумен Қазақстандағы қоғамдық пікір рөлі әлсізденуде, ол өзінің идеологиялық туын жоғалтуда. Енді қоғамдық пікір тасушылары – азаматтық қоғам инститтуттары – бастамасын жоғалтуда, ол мемлекетке өтуде. Бірақ бұл

Page 26: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

26 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

қоғамдық пікірдің алшақтауын білдірмейді. Мемлекет олармен жай ғана әртүрлі модельдер шеңберінде жұмыс істей бастады. Сонымен қоса, М.С.Машан айтқан өткен шақтың тоталитарлық атавизмінен босауына және әлеуметтік-экономикалық парадигмаға өтуіне қарай, қоғамдық пікір программингі күрделенуде, оның сапасына деген талаптар өсуде. Бұл – бұқаралық және электоралды саясаттың ренессансы [23, 60–65 б.].

Ресейлік автор М.М. Соколов классиктердің әдістемесіндегі елеусіз, астарлы көрінетін позициядан дискурсқа өту өзгерісі туралы айта-ды. «Әңгіме ауырлық орталығы пікірталасындағы сақталу позициясы-нан дәйектеу жүйесіне көшу туралы… Басқа сөзбен айтқанда, даудың қатысушыларының бастапқы ассоциациясы позициямен емес, белгілі бір риторикамен байланысты болды, және жеңілу онда осы позицияны ұстану қабілетсіздігінің емес, бұл дәйектемені олақ қолдануынан болды [24, 155 б.]. Яғни әңгіме алдыңғы дискурсивтілікке шығу туралы. Бастысы – тек өзінің позициясына ие болмай, негіздеудің дұрыс схемасын құра білу.

Бұл тұрғыда cаясаткерлер үшін ұсынылған артық сөзі жоқ мәтін-реконструкция Президент Н.Ә. Назарбаевтің «Дағдарыстан шығу кілті» атты мақаласы есте қаларлықтай болды.

Дағдарысқа қарсы қабылданған шаралар «проблемаларды ақшамен жабу» сияқты сипатталған. Президенттің ойынша, бұл – әлемдік экономиканың тереңдетілген ақауларын жою емес, оның көріністерімен күрес. Заманауи экономикалық қатынастардың күрделенгені соншалық-ты, глобалномика феноменінің, яғни өзіне тек қаржылық емес, сондай-ақ әлемнің барлық саяси, өркениеттік мүмкіндіктерін шоғырландыратын экономиканың көрініс табуы туралы айтатын кез келді. Жаңа және қазіргі заман тарихтарының зигзагтары дүние жүзінде әлемді түсінудің батысцентристік моделінің басымдық алуына алып келді. Оның барлық артықшылықтары мен пайдалылығына қарамастан, ол әмбебап бола ал-майды. Әлемдік қатынастардағы жаңылысу элементтерінің бірі Азияның әлеуеті мен қабілеттерін әлсіз түсіну болды.

Ұзақ уақыт ішінде жинақталған қарама-қайшылықтар 2008 жылғы сияқты созылған әлемдік дағдарыстарға алып келеді. Барлық әлемдік са-рапшылар, саясаткерлер, БАҚ барлығы бірдей дағдарыс шамадан тыс дисбаланстармен арандатылған: бұл әлемнің бір полюсінде тұтынушы-лық болса, екіншісінде жинақ болған жағдайда деп айтады. Туынды ка-питал нақты өндірілген өнімнен 10 есе көп болған жағдайдағы әлемдік экономиканың шамадан тыс деформациясы болды.

Басқа нәтиженің болуы мүмкін емес те еді, себебі барлық әлемдік жүйе бір орталыққа байланған. Егер ол апатқа ұшыраса, бүкіл әлем де құлдырайды. Бұл – әлемдік адами даму үшін жаһандық қауіп-қатер, сол себепті халықаралық қаржылық институттарды күшейту, ұлттық орган-дар тарапынан резервтік валюталар жүйесін бақылауды нығайту маңыз-

Page 27: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ұлт көшбасшысы – ұлттық идея мен идеологияны 27қалыптастырудың факторы

ды. Жалпы және мөлдір ережелердің негізінде әлемдік жүйе барлық әлем тарапынан бақыланатын кезде қарамағында қымбат, ал кейде сақтандыру мен қайта сақтандырудың күдікті схемаларын орнату қажет дейтін тәуекелдері жоқ.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Дағдарыстан шығу кілті» мақаласы жаңалықтармен, әлемдік жүйеде өзгерістердің жаңа әдістері мен көрі-нісімен қаныққан. Бірақ бастысы, біздің пікірімізше, әлемдік процестің және оның тарихының сапалы жаңа өлшемі ұсынылады. «Дефектал», «тразитал» және «акметал» парадигмасы – бұл әлемдік құрылымның креативтік қайта қаралуы үшін, «қырғи-қабақ соғыс», «биполярлылық» ескі парадигмаларының құрсауынан, формациялық әдістен шығу үшін берілген. Мақалада алғаш рет «ғасырдың, әлемнің және адамзаттың алдағы қатерлерінің алдындағы мониторингі» ұғымы туралы айтылаты-ны да маңызды. [25, 2 б.]. Оған қоса, мұндай мониторингтің заңдылыққа, демократиялылыққа, бәсекелестік және еркін, өркениеттік, бақыланушы және мөлдір, тиімді және нәтижелі әлемдік валютаға қатысты жеті инди-каторы алға қойылған.

Ресейлік сарапшы Г.К. Оразалиева көрсеткендей, «…жарты жүзжыл-дықтан көп уақытта әлемдік ғылымда капиталистік қоғамның терминде-рі мен парадигмалары тек ғылыми дискурс үшін ғана емес, сондай-ақ күнделікті сөздік тәжірибелерде де норма мен тәніне айналды. Неокон-серватизм және неолиберализм апологеттерімен К.Марксты қатаң сынға алуы оның «Капиталында» баяндалған негізқалаушы идеялары бойынша жүрді. Бірақ ешкім де ғалымдар, жазушылар, журналистер үшін, бар-лығы, соның ішінде олардың күнделікті өміріндегі тоғышарлары үшін бұрыннан үйреншікті тілін, санаттар мен терминдер жүйесін түбегейлі өзгертуге талпынған жоқ. Назарбаевтық дискурс түбегейлі ерекшеленеді, себебі ол әлемдік масштабтағы жаңа институттарды құрастыруды, сондай-ақ инновациялық құрылымдардың қызметін сипаттайтын ғылым мен сая-си практиканың терминологиясын, тілін өзгертуді ұсынады» [26, 1 б.].

«Дағдарыстан шығу кілті» мақаласының аясында Н.Ә. Назарбаевтың мәтін-реконструкциясы жағдайларға қарамастан, бірден әлеуметтік шындықты қайта форматтауға әкелетін кезеңнің терминологиясын, негізгі дискурсын өзгертеді.

Түбегейлі жаңа идеялар сарапшылық және бұқаралық сана инерция-сының елеуіші арқылы оңай өте алмайтыны айқын. Әдеттенбегендік, сыналмағандық әрқашан қорқытады. Сонымен қатар, мұны Президенттің өзі де сезінеді, ол оның бір рет айтқан идеясын жаңа дәйектермен әрқашан нығайтуы көрсетеді. «Әлемдік талдаушылар бұл мақаланы талқылауда – мұның өзі жақсы. Бұл – жаһандық дағдарыстан шығар жол іздейтін біздің әлемдік ойға үлесіміз. Бірақ біз Қазақстанда өзіміз не істей алатынымыз-ды және жаңару призмасы арқылы барлығына қарай алуымыз туралы

Page 28: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

28 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

ойлауымыз қажет. Махатма Ганди былай деген болатын: «Алдымен сені менсінбейді, кейін саған күледі, одан кейін сенімен күреседі, одан соң сен жеңесің». Маған оның осы сөзі ұнайды және біз әрқашан осындай амалмен жүрдік. Қазақстандықтар дәл осы менің идеямды нығайтқанын қалаймын. Біз бұл дағдарысты жеңетінімізге сенімдімін және жақсы кезеңдер келген кезде оны қалай жеңгенімізді есімізге алатын боламыз. Ал ол кезеңдер міндетті түрде келеді» [27, 2 б.].

Н.Ә. Назарбаев жаһандық дағдарыс келешегін «Сындарлы он жыл» кітабында қарастырғанын айта кету керек. «Қорқыныш империясы және террор риторикасы» сипатты атауының бастауында қазіргі қауіп-қатерлердің сипаты көрсетілген. Терроризм – әлемдік жүйе дағдарысының көрінісі ғана, қандай жаққа ауысатыны, қандай сюжеттер немесе сцена-рийлер жүзеге асатын болатыны белгісіз [28, 28 б.].

2008 жыл әлемдік даму үшін белесті жыл болды. Инерция бойынша әлем «қырғи-қабақ соғыстан» кейін 20-30 жыл аралығында ескі геосаяси білім байлығымен өмір сүрді. Осы кезең аясында нәтижесінде жаһандық дағдарысқа алып келген үрдістер екпінді өсті. Әлемдік экономикаға әске-ри жүктеменің өсуі, даму және тұтыну деңгейіндегі гипердиспаритеттер, негізгі халықаралық институттардың дисфункциялары, өңірлік держава-ларды қалпына келтіру мен өсуі – осының барлығы әлемдік экономикалық жойқын апаттары үшін негіз қалады.

Сонымен бірге, 2011 жылғы ахуал әлемдік көшбасшылар мен сарап-шылардың 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан айырықша қорытын-дылар шығармағанын көрсетті. Мемлекет басшысы IV шақырылым-дағы Парламенттің 5 сессиясының ашылуында атап көрсеткендей, қор нарықтары безгек қағуда, шикізат бағалары тұрақсыз, АҚШ рейтингтік позициялары төмендеді, Еуропалық одақ экономикалық проблемаларға батуда, тіпті ауқатты ірі еуропалық қалалардың өзінде әлеуметтік наразылықтар толқыны туындауда, азық-түлік дағдарысы өсуде. «Әлем алдыңғы дағдарыстық жылдардан қажетті қорытындыларды жасаған жоқ. Қазір ешкім алдағы айларға нақты болжам жасай алмайды. Жаңа жаһандық экономикалық модельге көшу туралы идея әлі күнге дейін тек пікірталас пәні болып қала беруде» [29].

Мұндай қолайсыз жағдайда Қазақстан алдына алдағы экономикалық және әлеуметтік өсу мақсатын қойып отыр. Мемлекет басшысы ел дамуы үшін қысқа мерзімде маңызды заңдар қабылдау жөнінде міндеттер қой-ды. Олардың ішінде: «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекет-тік қолдау туралы», «Энергия сақтау және энергия тиімділігін арттыру ту-ралы», Заңдар банктік қызмет және қаржылық ұйымдарды реттеу туралы, сонымен қатар «халықтық IPO» бағдарламасын іске асыру үшін құқықтық база құру, «Білім туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, зияткерлік жеке меншікті қорғауды нығайту, Еңбек кодексінің жаңаруы,

Page 29: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ұлт көшбасшысы – ұлттық идея мен идеологияны 29қалыптастырудың факторы

«Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңның, «Арнайы мемлекеттік органдар ту-ралы», «Телерадио таралым», «Діни қызмет және діни бірлестіктер тура-лы» заң жобаларының жаңа редакциясы. Демек, Президенттің тапсыр-малары экономикалық және қоғамдық-саяси проблематиканың барлық аясын қамтиды.

Президенттің міндеттерін орындаудың негізгі индикаторы 2011-2014 жылдардағы қорытынды бойынша ЖІӨ жан басына шаққанда 15 мың АҚШ долларына жету жетістігі болуы керек. Бұл – шешімі Қазақстанға дамыған елдер пулына кіруге мүмкіндік беретін кеудемсоқтық міндет.

Бүгін Қазақстан әлемдік жүйенің реконструкциясы үшін табысты ішкі тәжірибемен бекітілген жаңа идеялар ұсына отырып, халықаралық процестің жауапты қатысушысы ретінде орын алады. Олардың көбісі стратегиялық сипатта және әзірше толық мөлшерде жүзеге асырыла ал-майды.

Көп жағдайда тек Президенттің арқасында Қазақстан біздің еліміз үшін де, жаһандық масштаб үшін де жаңа болашақты құруға үлес қосуда.

1.3. Қоғамның әлеуметтік мәдени бейімделу негіздерін құру

Қазақстан өзінің табиғи полиэтникалылығы мен поликонфессия-лылығы бойынша тәуелсіздік таңында сарапшылар тарапынан тәуекел-дік кикілжіңдігі жоғары аймаққа жатқызылды. Елде қазақтардың мем-лекетқұраушы этнос ретіндегі тарихи құқығын қалпына келтіру қажет. Оған қоса, ең өткір қоғамдық материялардың бірі – діни процестерді басқару құралын игеру қажет болды. Көбінесе стандарттық емес, ассиметриялық әдістер мен батыл шешімдер қолданған Президентке барлық осы міндеттерді шешуге тура келді.

Рухани-мәдени салаға мән беру ұлт көшбасшысынан жоғары саяси шеберлікті талап етеді. Қазақстан үшін өңделмеген кеңес империясының қалдықтарынан қазақстандық қоғамның тұтастай композициясын құру қажет болды. Сол себепті де Н.Ә. Назарбаевты ел қалыптасып және сәтті дамып жатқандығын көрсететін келісімнің қазақстандық үлгісінің сәулетшісі деп атайды. Мәнісінде Тұңғыш Президент жаңа әлеуметтік шындықты және тіпті ХХ ғасырда әлемде танылған рационалдылықты да құруға талпынды.

Батыс авторларының бірі З.Неккель нарықтық жүйелер жағдайла-рында күйзелістерді бақылау механизмі ретінде рационалдық компо-ненттің күшеюі жүзеге асады деп көрсетеді. Нәтижесінде сезімдер әлемі «өзгереді». Алайда әлеуметтік акторлардың өз әрекеттері шеңберінен сезімдерді толықтай алып тастауға шамалары жетпейді. Сол себепті өндіріс өнімдері қазіргі кезде мақсатты түрде сезімдермен жүктеледі,

Page 30: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

30 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

«эмоциялар дизайны», яғни олардың көркемдік құрастырылуы «дүниенің театрлануы куәлігіне» айналады [30, 74 б.]. Яғни барлық иррационалдылық бос уақытты өткізу құрылымдарының аясында күнделіктіліктен тыс алып шығарылады. Оның орнына «абсолюттік рационалдылық» келеді.

Заманауи әлемнің жаңа рационалдылығы туралы көптеген филосо-фиялық және әлеуметтанулық пікірталастар бар. Негізгі қорытынды – рационалдылықтың салтанат құруы. Адам барынша өзінің өмірін реттеу-ге, оны ағынға қалыптастыруға тырысады, және ол рационалдық конвей-ерге айналады.

Алғашында Ю. Хабермас қауымдықты демократиялық құндылықтар үшін базис ретінде қабылдады. Бірақ әрі қарай ол бұл идеядан бас тартты және «ресми прагматика» әдісіне назар аударды. Бұл тіл, сөз және айтыл-ған пікірлер актілеріне басты назар аударылған кездегі коммуникация-лық интеракциялардың мүмкіндіктері мен шектерін зерттеуді білдіреді [31, 32–33 б.].

Сонымен қатар Ю. Хабермас рационалдылықтың абсолюттік емес екенін түсінді. Ол дінді мәнін жоғалтып бара жатқан тіршілік әлемі-нің семантикалық резерві ретінде қарастырды. Адами сана тек рацио-налдылыққа ғана жүгіне алмайды, бұл жағдайда ол өзінің әулеттік белгілерін жоғалтатын болады. Тылсымдық, зерттелмегенді іздеу – бұл рационалдылықтың бөліктері. Әлемнің шетіне жол тартқан Х.Колумбтың рационалды болмағаны сияқты [32, 33 б.].

Рационалдылық бүгін М.М. Тәжин айтқандай өзімен-өзі тосындық ол кезең пұтына айналды. Қазіргі заман әлемінің рационалдылығын ол Ар-магеддонмен – «ақырзаман» идеологиясымен қатар маңызды мифтердің бірі деп атады [33]. Іс жүзінде бұл сұхбат аясында толық синтагма, яғни ойлаудың жаңа парадигмасына мәтіндік кілт ұсынылды. Оған қоса, син-тагма айтарлықтай маңызды, тіпті парадигмадан ілгері ұғым болып қалыптасуда. М.М. Тәжин Вашингтонда 2008 жылы 3 қазанда «Барлық әлемде бейбітшілікті қолдау жөніндегі Карнеги қорында» Кавказдағы та-нымал оқиғалардан кейінгі халықаралық қатынастардың өзгеруі туралы сөйлеген сөзінде «Бір кездері айту сән болған «Парадигма ауысуы болып өтті» деп кездейсоқ айтқан жоқ [34].

Барлығының басты идеясы тұтас мәтін ретінде әлем көрінісі болып та-былатыны сипатталды. Бұл бұқаралық форматта жаңа ұғымдардың тұтас сериясын енгізуден болады.

Біріншіден, әлемнің саяси және мифологиялық суреті. Кез келген сурет – салынады, бірақ оны түсіну үшін ондағы кодталған мағыналарды түсіндіру, талқылау қажет. Яғни әңгіме әрі қарай оны сипаттау арқылы мәтінді көркемдік сипаттау туралы болып отыр.

Екіншіден, мәтіннің әртүрлі түрлері мен жанрлары. М.М. Тәжин классикалық авторлық мәтіндер мен интерпретациялық нұсқалар туралы

Page 31: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ұлт көшбасшысы – ұлттық идея мен идеологияны 31қалыптастырудың факторы

айтады. Сонымен қоса, интерпретациялық нұсқалар көркем өнімдер, мы-салы, фильмдер аясында берілуі мүмкін.

Үшіншіден, «габитус» ұғымы кеңінен енгізілді. Алайда әлеуметта-нушылар арасындағы П. Бурдье алға тартқан бұл ұғым айтарлықтай таны-мал, ал бұқаралық тәжірибеде ол қолданылмайды деуге болады. Алайда «габитус» интерпретациясының өзіндік сипаты бар. М.М. Тәжин бойын-ша бұл – институттық немесе құрылымдық сияқты қалыптасқан дәстүрлі әдістер арқылы түсіндіруі қиын ерекше құбылыс.

Төртіншіден, тұтас өмірлік мәтіннің тірегін көрсететін нақты конс-труктілер енгізілуіде. Бұл – стереотиптер, терминдер, лексика, интона-циялар, постулаттар, адепттер, тұжырымдама, мифологема. Әрқайсысы жеке, бұл ұғым комбинацияда емес, кеңінен колданылады.

Бесіншіден, іс жүзінде М.М. Тәжиннің барлық сұхбаты – бүкіл әлем-дік процестің, бірінші кезекте геосаясаттың пікірталастық бастауын ашу. Бұл негізгі идеологемаларды шығарудан көрініс табады – геосая-си дарвинизм, «жаңа Армагеддон» және рационалдылық абсолюти-зациясы. Бұл – 4 жыл бұрын барлық әлемдік доктрина негізделген үш негізгі идеологиялық конструкт. Көбінесе олар бүгін де қолданылады. Нығайтылуға геосаяси дарвинизмге немесе күш факторына қатысы бар идеологемалар ғана нығаюға ұшырайды.

Алматыдағы 2011 жылдың маусымындағы әлеуметтанушылардың 4 конгресінде М.М. Тәжин атап өткендей, «…қазіргі заманның дамып келе жатқан әртектілігі оны бұрынғы кезеңнің терминдерінде ұстап қалуға мүмкіндік бермейді. Оған қоса, процестер жылдамдығы сондай, тек теориялық бейне емес, зерттелініп жатқан қоғамдардың ішкі табиғаты өзгеруде, кейде біз жоқ нәрсені өлшеуге тырысып жатамыз. Жиырма жыл бұрын біз тәуелсіздік алған кездегі жағдай мен жаңа ғасырдың екінші онжылдығындағы бүгінгі жағдайымыз принципті түрде басқаша. Сонда да теориялық бейне біздің әлеуметтанушылардың аға және орта буыны тәрбиеленген құрылымдық модель аясында жиі қалады» [35, 12 б.].

Бұл туралы көрнекті сарапшы Дж. Сорос айтады. Дж.Буштың саясатын сынай келе, былай деген: «Сыртқы саясатқа деген мұндай көзқарас әдетте неоконсерватизм деп атайтын кешенді идеологияның құрамдас бөлігі болып табылады, алайда мен әлеуметтік дарвинизмнің көнерген нысаны деп санаймын. Көнерген, себебі ол айтарлықтай икемделгендерді таңдау процесінде ықтымақтастық рөлін елемейді, және барлығын бәсекелестікке алып келеді» [36, б. 18–19].

2006 жылы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде айтылған Н.Ә. Назарбаевтың ойы бойынша, діндарлықтың иррационал-дық тәжірибесіне де орын болу керек. Ол – заманауи адамға бүкіл әлем өте прагматикалық болып, оның ақылдылығы туралы өздігінен күдік ту-дыратын кездегі жағдайында руханилықпен сусындауға мүмкіндік бере-

Page 32: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

32 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

тін «жұбаныш» тәрізді. Сол себепті дін көненің көзіне айналмайды. Ол көтерілу үшін жаңа импульстар, стимулдар алады. «Диалог үшін негізді құдайға тән адамдықтан емес, адамдағы құдайға тәндікті іздеу». Бұл прин-цип өзінің барлық абстрактілігіне қарамастан, өте маңызды»[37, 2 б.].

Конфессиялық сала Қазақстандағы бұқаралық сананың түбегейлі трансформациясының ерекше индикаторы болды. Ішкі саясат саласы үшін конфессиялық фактордың маңыздылығы біртіндеп өсіп жатыр. Мұнда қоғамдық сананың бұрын басым болған атеизмнен біртіндеп ре-лаксациясы байқалады. Дінде халық қазақстандықтардың ішкі дәстүрлі құндылықтарын жоятын нарықтық прагматиканың және батыстық құн-дылықтардың қысымы жағдайында әлеуметтік-психологиялық қорғау-дың қосалқы тетіктеріне ие болуға мүмкіндік беретін маңызды рухани арқау көреді.

«Gallup International» зерттеу компаниялары қауымдастығының жыл сайынғы мәліметтеріне сәйкес, әлем халқының басым көпшілігін діндар деп атауға болады. 2005 жылы планета тұрғындарының үштен екісі өзде-рін діни орындарға бару-бармауына қарамастан, діндар деп атады. Өзде-рін діндар деп атамайтындар азшылықты құрады, тек 6% сенімді атеистер болып табылады.

Сарапшылардың бағалаулары бойынша бүгін діндердің әлемдік құрылымына тектоникалық өзгерістер болуда. Оның басты факторы ис-лам жақтаушыларының жылдам өсуі. Соңғы 12 жылда аталған дінді ұс-танатындар саны жарты миллиард адамға (планета халқының ширегіне жуығы) жетті. Оған қоса, бұл этникалық түрде мұсылман конфессиясының жататын халықтың табиғи өсуінің жоғары қарқынының нәтижесінде бо-лып жатыр.

Болжамдарға сәйкес, 2025 жылға дейін ислам жақтаушылары плане-та халқының үштен біріне дейін жетуі мүмкін болатын әлемде саны жағы-нан бірінші болуға қабілетті.

Мұсылман этностары жоғары көші-қондық қозғалыспен де ерек-шеленеді, олар христиандық дін ұстану аумағы деп санау қалыптасқан өңірлерге белсене қоныс аударуда. Мысалы, Еуропа мұсылмандық антро-ағындарды тартудың маңызды орталығы бола түсуде.

Ислам әсерінің бұрын-соңды болмаған өсуімен негізделетін басқа әлеуметтік факторы аталған дінді ұстанушылардың ішкі шоғырлануының жоғары деңгейі болып табылады. Канадалық Г. Менардың бағалауы бой-ынша, мұсылмандардың ішкі бірлігі феномендік нәтижеге жетуде – 92% дейін, және монолиттік халық деңгейіне жақын [38]. Аталған үрдістер әлем жұртшылығының исламның дамуына жоғары назар аударуын тудырады.

Қазақстан өзінің тарихы, дәстүрлері, этнодемографиялық көпшілік негізінде тасушылары бойынша исламдық болғанымен конфессияара-лық келісім үлгісі болып табылатын елдің бірегей моделін ұсынды.

Page 33: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ұлт көшбасшысы – ұлттық идея мен идеологияны 33қалыптастырудың факторы

Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үш Съезін өткізген орын болуы кездейсоқ емес. 2008 жылдың қазанында Аста-нада ислам елдері Сыртқы істер министрлерінің «Ортақ әлем: әралуандық арқылы прогресс» форумы өтті.

Қазақстанның үштен екісінен көбі өздерінің этникалық шығу тегі бой-ынша мұсылман болып табылады. Оған қоса, бұл көрсеткіш 1989 жылдан бері екі есеге дерлік өсті. Елде мұсылман дінінің азаматтары пропорция-лық демографиялық өкілділігі бойынша саны 1700 жететін немесе барлық культтік құрылыстардың 65% құрайтын мешіттер қызмет етеді. Әрбір жыл сайын Меккеге қажылық жасауға баратын азаматтар саны өсуде.

Қазақстан бастапқыда діни бірлестіктер қызметі саласын либера-лизациялау жолын таңдаған. Бұл ар-ұят пен дін ұстану, идеологиялық және саяси әртүрліліктер еркіндігін мойындау, дінді мемлекеттен ай-ыру конституциялық принциптерінде көрінді. Діни қауымдардың қызметі қазіргі кезде «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер ту-ралы» Заңмен реттеледі. Бұл тәуелсіз Қазақстанда 1992 жылы қаңтарда қабылданған алғашқы заңдардың бірі болды.

Елде 4,5 мың діни қауым қызмет етеді. 1989 жылдан бері бұл көрсеткіш 7 есе шамасында өсті. Елдегі конфессиялар мен деноминациялар саны 46 жетеді, 16 жыл бұрынғы мерзімнің деңгейінен жартысынан көбі. Діни бірлестіктердің құзырында бүгінде 3 мыңға жуық ғибадат мекемелері бар.

Бұл жерде халық арасында дінге қызығушылықтың өсуі байқалады. Тек 2003 жылдан 2007 жылға дейінгі кезеңде өздерін қандай да бір дінмен бірегейлендіретін қазақстандықтар саны іс жүзінде 89% жетіп, алтыдан бірге өсті. Тек азаматтардың 10% жуығы өздерін ешбір дінмен сәйкестендірмейді. Оған қоса, әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, бүгін қазақстандықтардың 62% жуығы немесе 5-6 млн. адам өздерін діндар деп есептейді. Алматы Хельсинки комитетінің бағалаулары бойын-ша, белсенді сенушілердің, яғни қандай да бір діни қауымға мүше және оның барлық қағидаларын орындайтын адамдар саны 1,5-2 млн. адамға жетеді. Салыстыру үшін: 2003 жылы сарапшылар бұл көрсеткішті 1,1 млн. адам жоғары емес деңгейінде бағалаған болатын [39, б. 103].

Жалпы халық зайырлы форматтағы басымдықты және қоғамның де-мографиялық құрылымында олардың жақтаушыларының үлесіне сәйкес – дәстүрлі конфессияларға жұмсақ қолдауды көздейтін конфессияаралық диалог пен консенсустың қалыптасқан тәжірибесін қолдайды.

Мұның басты индикаторларының бірі қазақстандықтардың жыл сайынғы Меккеге қажылыққа баруды ұйымдастыруға мемлекеттің қатысуы мәселелеріне қатынасы болып табылады. Мұнда сұралғандардың басым көпшілігі түсіністік пен ниеті түзулігін көрсетті. 39,1% мемлекеттің қажылықты қолдау жөніндегі шараларын толығымен құптайды, 25% – дұрысы құптайды. Қосындыда бұл – 64,1% респондент.

Page 34: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

34 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

«Құптамайтындар» және «дұрысы құптамайтындар» сұралғандардың 16,2% құрайды. Оған қоса, 19,7% жауап беруге қиналғандар (4-кесте).

4-кесте

Респонденттердің жауаптары:Сіз мұсылмандардың Меккеге қажылыққа баруына мемлекет

қолдау көрсететінін құптайсыз ба? %

Құптаймын 39,1Дұрысы құптаймын 25,0Дұрысы құптамаймын 8,4Құптамаймын 7,8Жауап беруге қиналамын 19,7

Демек, қажылыққа қатысты халық арасында діндар азаматтарға мемлекеттік қолдау берілуі мүмкін екендігіне белгілі бір консенсус пен түсінік бар. Әңгіме тек діни құрам туралы ғана емес, әлеуметтік туралы да болып отыр. Мемлекет үлкен топпен шетелге шығатын ҚР азаматта-рын ұйымдастырады және қолдайды. 47,9% респондент дәл осы әдісті қолдайды.

Сызбалық әдісті ұстанатындар үлесі, яғни мемлекет толығымен діни саладан алшақ болғанын қалайтындар 29,5% құрайды (5-кесте).

5-кесте

Сіз осыған байланысты пікірлердің қайсысымен келісер едіңіз? %

Барлығы Қазақтар Орыстар БасқаҚажылыққа баруға қолдау көрсету мәселесінде әңгіме дінді қолдау емес, дұрысы мемлекеттің өз аза-маттарына қамқорлық көрсетуі туралы болып отыр

47,9 54,0 32,0 56,6

Мемлекет діни әрекеттерге араласпауға және қандай да бір қатысушылық көрсетпеуге тиіс деп санаймын

29,5 25,7 39,1 24,3

Басқа 0,5 0,6 0,2 0,9Жауап беруге қиналамын 22,2 19,7 28,7 18,3

Page 35: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ұлт көшбасшысы – ұлттық идея мен идеологияны 35қалыптастырудың факторы

Конфессияаралық келісім саясатының нәтижесінде Қазақстан ислам әлемінің беделді еліне айналды. Бүгін де Қазақстан мұсылман елдерімен конфессиялардың бейбіт өмір сүруінің жеке моделін ұсынады. Бұл тура-лы Президентіміз Ислам Конференциясы Ұйымы елдерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-отырысының ашылуында айтқан болатын.

Қазақстан басшысы ислам әлемінің алдында тұрған идеологиялық сипаттағы екі негізгі міндеттерді атады. Бұл: саяси идеология ретінде діни фундаментализмге қарсы тұра білуді үйрену және мұсылман әлемі мен Батыс арасында ашық және әділ сұхбат қалыптастыру. «Ислам қоғамдастығына бейбітшілік, жаңғыру, ғылыми-техникалық даму және ағарту ауадай қажет» [40, 1 б.]. Бұл – ислам әлемінің реконструкциясының және оның жаһандық әлеммен үйлесімінің негізінде жатқан негізгі идео-логема.

Бұл тұрғыда қазақстандықтардың өз елінің ислам әлемінде жетекші-ліктің белсенді қызметіне ден қоюы қызығушылық тудыртады (6-кесте).

6-кесте

Сіз Қазақстанда қалыптасқан конфессияаралық өзара іс-қимыл тәжірибесі туралы пікірлердің қайсысымен келісесіз?

%Басқа елдерге әртүрлі діндердің, конфессиялардың, нанымдардың бейбіт қатар өмір сүруі жағдайында Қазақстанды үлгі етіп алуға болады

61,6

Қазақстанда бірегей ештеңе жоқ және мұнда елдің имиджіне нұқсан келтіре алатын үлкен проблемалар мен қателіктер бар 12,0

Келтірілген пікірлердің ешқайсымен келіспеймін 10,2Жауап беруге қиналамын 16,2

Сұралғандардың көпшілігі халықаралық қоғамдастыққа Қазақстан-ның тәжірибесін ұсыну мүмкін деп есептейді. 61,6% біздің еліміз әртүрлі діндердің, конфессиялардың, нанымдардың бейбіт қатар өмір сүруі жағдайында үлгі ретінде біздің еліміз алынуы мүмкін деген пікірді қолдады. 12% біздің тәжірибеде ешқандай бірегей нәрсе жоқ деп санайды. Сұралғандардың оннан бір бөлігі пікірлердің ешқайсысымен де келіспе-ді. 16,2% респондент жауап беруге қиналды.

Мемлекет басшысының күш салуының маңызды нәтижесі Ислам Конференциясы Ұйымының Ислам ынтымақтастығы ұйымын өзгеруі бо-лып табылады. Мемлекет басшысы ислам өркениетінің интеллектуалдық рөлін қайта жаңғыртуды ұсынды. «Өркениеттердің тоғысуының» ор-нына «өркениеттердің альянсы» туралы айту қажет. Осы негізде ислам

Page 36: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

36 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

әлеміне шикізаттық даму векторынан индустриалдық-инновациялыққа өту қажет. Оған қоса, президент тек идеяны алға шығарып қоймай, соны-мен қатар, оны жүзеге асырудың нақты тетіктерін де ұсынады. ИЫҰ ая-сында энергетикалық салада инвестициялық және технологиялық ынты-мақтастық жөніндегі әрекеттер жоспарын әзірлеу және қабылдау, соны-мен қатар, Инновацияның халықаралық орталығын құру ұсынылды.

Маңызды құрал исламдық қаржыландырудың тетіктерін кеңейту бо-луы керек. Қазақстан Президенті әлемдік экономикалық дағдарыс ислам-дық қаржы-экономикалық модельдің тұрақтылығы мен өмірге қабілет-тілігін көрсеткенін атады. Жамағаттың әлемге ұсына алатын пайдалы және тиімді өнімдердің бірі исламдық қаржыландыру жүйесі болып табылады. Қазақстан өзінің Ислам банкісін ашты.

Этносала ҚР Президенттің тың ой беруші және бағдарламалаушы рөлінің қосымшасының маңызды салаларының біріне айналды. Мұнда оңтайлы теңдестіктер табу маңызды болды. Қазақстанда бірыңғай қауым құрудың өзіндік аралас моделі қалыптасуда, шектері «таза» либерализм (этникалық топтардың теңдігі) және ассимиляция, яғни басты этнос –қазақтардың маңайында шоғырлану, қазақ этномәдени алаң аясында жергілікті емес этникалық топтардың абсорбциясы созылып жатыр. Жал-пы еліміз бағалаулар бойынша этникалық сүйеніші мықты қазақтардың байсалды ұлтшылдығымен ерекшеленеді.

Ауылдық жерлерде басым тұрып жатқан этникалық топтардағы қазақтар жоғары урбанизмдік ұлтқа өзгерді. Олар қалаларға қоныс аударушылардың ішінде негізгі үлесті құрайды. Көбінесе, олар – жас, пассионарлық адамдар. Статистика мәліметтері бойынша, жастар көшіп-қонған халықтың барлық санының жартысын құрайды. Оған қоса, негізгі қазақстандық қалалардың, көбінесе оңтүстіктегі, он шақтысының халқы соңғы 8 жылда 1999 жылдан бастап тек ресми мәліметтер бойынша ши-рекке дерлік өсті.

Этникалық сала теңдестіктерді таба отырып, Қазақстан алдымен – өңірлік, ал сосын – жаһандық қатынастардың үйлесімділігі үшін өзінің идеялары мен үлгілерін ұсынатын болды. Қазақстан батыс және шығыс өркениеттерінің үйлесімі арқылы әлемді тұрақты ету үшін айтарлықтай үлес қосты. Бұған Н.Ә. Назарбаев нұсқасындағы Еуразияшылдық идеясы дәлел болды.

Еуразиялық идея әдетте Еуропа мен Азия арасындағы тіресте орна-ласқан өңірдегі славян экспансиясының идеялық, өзіндік жұмсақ негіз-делуінің славяноцентризмге тіреледі. Шынында Еуразия үшін славян халықтары – тек компоненттердің бірі ғана. Еуразияда мұндай компонент-тер көп – ирандық және қытайлық, және түркілік. Демек, еуразиялық идея Қазақстан үшін, сондай-ақ барлық посткеңестік елдер үшін өзінің дәстүр-лі посткеңестік алаңының ішінде реинтеграциясы фарватерінің аясында

Page 37: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ұлт көшбасшысы – ұлттық идея мен идеологияны 37қалыптастырудың факторы

тек қана қозғалуға ғана емес мүмкіндіктер ашты. Басқа интеграциялық құрылымдарға қосылуға ғана емес, басқаша айтқанда «қонаққа баруға сұранып тұруға», сондай-ақ өздерінің де интеграциялық идеяларын ұсынуға мүмкіндіктер туды.

Аймақтық феноменде Қазақстан көп нәрсені көрді. Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық доктринасы отандық ғылымның интеллектуалдық амбиция-ларын нығайту үшін маңызды кілт болды. Ол әлемдік кеңістіктегі өзінің бірегейлігін табуға ұмтылды.

К.Ү. Биекеновпен бірге қазақстандық әлеуметтанудың патриархы болып табылатын профессор М.С. Әженовтың негізгі тұжырымдарының бірі ғылым өз бетінше әмбебап екендігі туралы қағида болып табылады. Мысалға орыс математикасы немесе қазақ физикасы бола алмайды. Гу-манитарлық ғылымдар да жалпы заңдылықтарға ие. Алайда әрбір елдің ұлттық ғылымы болуы керек. Мысалы, қазақстандық әлеуметтану. Ұлттық дегенді қосу ұлттық ғылымды жалпы ғылымнан алшақтату немесе бөлу дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір-біріне өзара тартымды болуы ке-рек. Ұлттық ғылым ұлттық-аумақтық қауымдардың даму ерекшеліктері-не қандай да бір қосымша назар аудару, жаңа өнегелер шығаруы және байланыстар тауып, жалпыға ортақ теория мен әдіснаманы байыту керек. Ұлттық ғылым оны ұсынатын ғалымдарға, оның тасушыларына сәйкес та-нылуы керек.

Мұндай ойлар қазіргі заманғы ғылыми теорияның қалыптасқан қағидаттарымен хабардар етіледі. Ағылшын жазушысы С. Батлер ХІХ ғ. «өзгерістер – өзгермелі жағдайлардағы өзгермеушілік» деп атаған бола-тын. Және бұл дилемма іс жүзінде қазақстандық қоғамның болмысының барлық салаларына алмаспайтын негізде өтуде. Батысқа жаппай елігу – қазіргі Қазақстанның ірі мәселелерінің бірі болып қалуда. Ешкім прин-ципті түрде батысқа қарсы тұрмайды. Онда Еуропа жетістікте және ыңғайлылықта тұрып жатқандай көптеген пайдалы жақтары бар. Бірақ тағы да ХХ ғ. ағылшын философы, математик Альфред Н.Уайтхед айтқан-дай, «Бір халық үшін үйреншікті нәрсе, басқа үшін әдеттен тыс» [41].

Бұл тұрғыда адам өркениеті 2007-2008 жылдары тап болған жаһандық дағдарыс көп жағдайда шығыс философиясын жеткілікті ескермеуден болды. Шектен тыс ауқымға жеткен тұтыну идеологиясы әлемдік эконо-мика уыттануын жинақтар мен шығындар арасындағы диспаритеттермен арандатты. Экономиканың батысцентристік модельдері тартымды бола қоймады. Экономиканың дағдарысымен бірге идеологияның дағдарысы да келді. Либерализмнің орнына елдердің протекционизмге бейімділігін нығайтатын ұлтшылдық келеді, ол әлемді жаһандық қатынастардың құлау торына түсті.

«Акметал» қоғамына көшу идеясы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Дағдарыстан шығу кілті» мақаласында Еуразияның ірі ғалымдарының

Page 38: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

38 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

сөздеріне сілтемелер ежелгі грек философтарынан, сипаты бойынша шы-ғыстық даналық үстем еткен әлемдегі ортағасырлық ғалымдардан бастап алғашқы дереккөздеріне назар аударуға итермелейді.

Бұл тұрғыда Әл-Фарабидің философиясы адамзаттың нық сенімдік бо-лашағына деген сенімділікті нығайту үшін үлкен резервті ұсынады. Өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» танымал трак-татында ол қайырымды және кесірлі қалаларды бөліп көрсетті. Соңғысы шынайы бақытты білмегендіктен сондай болады, оған ұмтылмайды, тек көлеңкелі рахаттар мен байлыққа ғана мән береді. Әл-Фараби бойынша, қайырымды қала – бұл сау организм, әрбір орган тірі жанның өмірін қор-ғау және оны толық ету үшін бір-біріне көмектеседі. Мұндай қаланың басында философиялық даналық қабілеті бар басқарушы тұрады. Ол ха-лыққа қолжетімді тіл мен бейнелер арқылы ақиқатты тануға мүмкіндік береді [42, 305 б.].

Бұл орайда 2009 жылдың 18 сәуіріндегі Боас форумының жыл сайын-ғы кездесуіндегі Президенттің сөзі жақсы үйлеседі. Әлемнің түбегейлі қайта құрылуының қажеттілігі туралы айта отырып, Мемлекет басшы-сы бұл процеске Азияның қосылу маңыздылығын атап өтті. «Азия – тек континент қана емес, ол – ұлттар мен халықтардың үлкен отбасы тұратын біздің ортақ үйіміз. Азиядағы басты проблема – басқа континенте болған дағдарыс біздің еліміздің әрқайсысының және тұтастай континенттің ішінде жағдайды нашарлата отырып, бізге қатты әсер етеді. Азия әлемге ең мықты көне өркениеттердің ұлттық құндылықтарын, рух мықтылығының үлгілерін берді, бірақ ол әлемге ең сапалы және тұрақты ұлттық есептік-төлемдік құралдар бере алады» [43].

Азиялық әлеует заманауи әлемді үйлесімді етуі керек. Қазақстанның әлеуметтік кеңістіктері түркі елдердің бірыңғай мәдени-гуманитарлық кеңістікті қоса отырып, азиялық әлеммен байланыстарды дамытады.

Шетелдік сарапшылардың пікірлері Н.Ә. Назарбаевтың әлеуметтік жаңғыру және қазіргі заманғы жағдайларға халықтың бейімделуі туралы саяси көшбасшылық феноменінің нәтижелері туралы айтады.

2010 жылдың қараша айының аяғында маған Мәскеуде Жалпы ресей-лік қоғамдық пікір орталығы (ВЦИОМ) ұйымдастырған конференцияда болу сәті түсті. Әдетте барлық баяндама жасаушылар толық отырысында сөз алуға үлгермей жатады. Модератор олардың сөздерін форумның екін-ші бөлімінде тыңдау туралы шешім қабылдайды. Барлығы келісіп жатады.

Мен қатысқан конференция да басқаша болған жоқ. Алайда жүргізу-шінің менің сөзімді және Украина, Беларусь, Молдовадан келген әріп-тестерімнің сөздерін ауыстыру ұсынысына Ресейдің Сайлау комиссиясы орталығының төрағасы Чуров «Біз сөзді алғаш рет посткеңестік елдерінен ЕҚЫҰ төрағалық етіп, оны лайықты және тиімді іске асырған елдің өкіліне берсем мені қолдайтын шығарсыздар деп ойлаймын» деді.

Page 39: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ұлт көшбасшысы – ұлттық идея мен идеологияны 39қалыптастырудың факторы

Саясаткерлерден, ғалымдардан, сарапшылардың мұндай сөздерді ес-ту сөзсіз жағымды, бірақ олардың мақтаулы қошеметі болжалды болды. Қарапайым адамдармен араласқан кезде «Қазақтар, жарайсыңдар! Сен-дер бөтен қалалардың көшелерін сыпырмайсыңдар. Мәскеуде – барлық ТМД, ал гастарбайтер қазақтар жоқ» деген сөздерді естудің жөні бөлек. Я болмаса такси жүргізушілері сенің қайдан келгеніңді біліп, «Сіздердің президенттеріңізбен жолдарыңыз болды. Сіздердің Назарбаевтарыңыз – нағыз еркек. Оған біздің сәлемімізді жеткізіңіз» деп айтып жатады. Егер КСРО президенті Горбачев емес, Назарбаев болғанда Беловежская пуща болмайтынына сенімі зор аға буынды айтпағанның өзінде.

Тәуелсіздік қазақстандықтарға бірегей тарихи мүмкіндік ашты –за-манауи, ең бастысы табысты ел қалыптастыруға қатысу. Қазақстан жай ғана төтеп берген жоқ, ол мемлекет ретінде қалыптасты.

Барлық осы жылдарда Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси өсуінің бірегей траекториясын біз байқап отырдық. Оның негізгі мәні – табиғи дарынды-лық және тұлғалық сапаларынан басқа ҚР тұңғыш президенті мықты әлеуметтік-саяси және көшбасшылық капитал жинақтады. Әлеуметтануда оны «габитус» – «өмір» терминімен белгілейді. Сарапшы-саясаттанушы-лар Назарбаевты феномендік жады бар бірегей деп атайды, адамдар-ды, есімдерін, фактілерді, оқиғаларды, сандарды жақсы есінде сақтайды. Саясатта әдетте бәрі бөлшектерден көрінеді, Назарбаев өзі шешетін проблемалардың ауқымдылығы мен жаһандылығына қарамастан, дәл бөлшектермен жұмыс істеудің шебері болып табылды.

Тәуелсіздік ұлтқа өзінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Дамудың мықты факторы Астана болды. Тұңғыш прези-денттің идеясының іске асуы болған Қазақстанның елордасы бүгін тәуелсіз ұлттық рухының дамуының белгісін білдіреді. Астана тек қана аумақтық дамуды ғана ынталандырмайды, ол әлеуметтік алмастыру мен ұрпақтар сабақтастығының доңғалағын іске қосты. Астана жастарға өмірден өз ор-нын табуға, өзінің жеке серпінімен мемлекеттің қалыптасуына үлес қосуға мүмкіндік берді.

ҚР Президенті Н. Назарбаев халықаралық деңгейде де, елдің ішінде де Қазақстанның жетекші ресурсы болды. Британдық жазушы Джонатан Айткен «Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстанның құрылуы» кітабының авторы Қазақстан президенті туралы былай дейді: «Бұл – көрнекті сая-саткер және бірегей саяси ұзақ өмір сүруші. Ойлап көріңіздерші: оның мансабы Джон Кеннеди мен Никита Хрущевтың уақыттарындағы комсо-мол жұмыстарынан басталған еді. Оны енді Барак Обама мен Дмитрий Медведев басқарып отыр. Осы әлемдік көшбасшыларға оның кеңестері қажет. Жақында ғана олар үшеуі Ақ үйдің Сопақ кабинетінде қырғыз дағдарысын талқылады. Халықаралық аренада ол өзін табысты және ал-дын-артын байқайтын саясаткер ретінде көрсетті. Мен Ричард Никсон

Page 40: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

40 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

туралы кітап жаздым және енді олардың ұқсастықтары бар екенін көріп отырмын: екеуі де Ресеймен де, Қытаймен де жақсы қарым-қатынастардың аса маңыздылығын түсінді. Екеуі де халықаралық істерде, әсіресе ірі дер-жавалармен дипломатияда үйлесімге ұмтылды».

Шетелдік сарапшылар, олар танымал ресей саясаттанушылары Юрий Солобозов, Алексей Власов, Сергей Михеев, Игорь Панарин және тағы басқалар Қазақстанға күрделі саяси, экономикалық және әлеуметтік қайта құруларды ауыртпалықсыз жүзеге асыруға мүмкіндік берген қазақ-стандық мемлекеттіліктің арқауы – президенттік институт деп санайды. Қазақстан басшысы, олардың пікірінше, интеллектуалдық инновациялар-ды қазақтың дәстүрлерімен, беделімен, тұрғылықты даналығымен және сау прагматизммен ұштастытарын саяси көшбасшының үлгісін көрсетеді. Сарапшылар сол себепті Назарбаевтың барлық саяси және экономикалық жобалары сәтті болды деп есептейді.

Солобозовтың пікірінше, Назарбаевтың басқарушылық кредосын (ұстанын) былай айтуға болады: «Саяси процестердің астына жатып қалмай, оларды болашаққа бағыттап, оны басқару керек». Ресей ұлттық стратегиялар институтының директоры Михайл Ремизов та осылай ойлай-ды, «Қазақстан президенті республика үшін болашақтың негіздерін сал-ған жаңа шындықты құра білді». Міне дәл осы себептен КСРО-ның құлауы-нан кейін екі он жылдықта жас күш-жігерлі Қазақстан динамикалық, со-нымен қатар эволюциялық дамудың үлгісін көрсетеді.

Өмірдің ғажайып санаттарының бірі – уақыт. Кеше ғана біз мил-лениумды қарсы алып жатқан сияқты едік, 10 жыл бір күн сияқты өте шықты. 2030 жыл қазір бізге соншалықты алыс көрінбейді, ең болмағанда 1997 жылғы бізге көрінгенінен жақындай түсті. Ал 2020 жылы бұл тіпті жақын боп көрінеді. Бүгін біз ұлт көшбасшысымен бірге өзіміздің өзін-дік жеткіліктілік пен күшімізді нығайта отырып, өзімізге, елімізге, прези-дентке сендік.

2011 жылдың 3 сәуіріндегі кезектен тыс президент сайлауы біздің ішкі қажеттіліктеріміз бен сыртқы контекстілерімізді ұштастыра білуді үйренгеніміздің индикаторы болды. Қазақстанның күші оның көшбас-шысының бірыңғай ұлттық стратегиялар ретінде қоғамды біріктіре алу-ында. Қазақстанның күші дәл осы елдің өзінің маңыздылыңын асыра көбейтпей, тым төмендетпей, әлемдегі өз орнын прагматикалық бағалай алу қабілетінде [44].

Біздің мемлекетімізге тек қоғам ішінде ғана емес, сондай-ақ халық-аралық деңгейде де өзгерістерді бастама ете отырып, алда болуға әрекет етуге тура келді. Дәл осы уақыттың жылдамдатылған парадигмасы Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау жағдайының туындауына әсер етті. Оны сәтті өткізу Қазақстанның егемендігі дамуы жылдарында бас-ты нәрсеге үйренді – ол уақытты басқару. Бүгін де көптеген сарапшылар

Page 41: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ұлт көшбасшысы – ұлттық идея мен идеологияны 41қалыптастырудың факторы

2011 жылғы сайлау даурықпасыз, халықты саясиландыру өсімінің қандай да бір шарпуынсыз, штаттық режимде өткенін растайды. Дегенмен, ішкі саяси қасиеттердің бес негізгі жағдайлары бар.

Біріншіден, сайлау кезектен тыс болғанына, яғни елде электоралдық цикл қалыптаспай, сол арқылы транзиттік кезең жалғасқанына қарамастан, Қазақстанның оңшыл авторитарлық дрейфіне жол берілген жоқ, демек, демократиялық вектор жеңді. Оған қоса, Қазақстанға транзиттік кезеңді сәтті өткізу үшін қалыпты таңдалынған сайлау ритмикаға өту маңызды. Біздің елдегі сабақтастық, ең алдымен заңмен қамтамасыз етілуі керек. Мұны түсіну Президент Нұрсұлтан Назарбаевты жаңа конституциялық өзгерістер енгізу туралы Парламент бастамасымен күшейтілген референ-дум аясындағы процесті өзгертуге итермеледі.

Мемлекет басшысы жағдайды былай шешті, бір мезгілде референ-думды қолдайтын халықтың (ал олар – 5 млн. астам адам) сұранысын жүзеге асырды және Парламенттің президенттік құзіреттілігі бөлігіне конституциялық өзгерістер қабылданды, және бір мезгілде президент сай-лауына бастама көтерілді. Нәтижесінде Мемлекет басшысының рейтингі 95% дейін көтерілді.

Оған қоса, өткізілген сайлау науқаны кезінде негізгі кандидат – қазіргі Президент үгіт-насихат науқанынан бас тартып стандарттық емес бағыт-ты қабылдады. Сол арқылы ол басқа кандидаттарға өздерінің мақсаттарын халыққа жеткізуге кеңінен мүмкіндік берді. Сайлау алды жарысқа өзінің бас тартуы арқылы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік органдардың үздіксіз жұмысы, олардың мемлекеттік бағдарламаларды орындаудағы шоғырлануы үшін үлгі мен жаңа негіз құрды.

Ішкі саясат қаситтерінің келесі түрі сайлауалды іс-шаралардың ба-рысында рөлі едәуір өскен мемлекеттік тілге қатысты. Сайлау лакмустық қағаз ретінде қазақстандық қоғамның өмірлік трендтерін көрсетті. Бұл кезде сайлауға дайындалу аясында Президентке үміткер кандидаттардың мемлекеттік тілді білуіне ерекше мән берілді. Осылайша, қазақ тілін біл-мегендіктен электоралдық күреске қатысуға алдын ала өздерінің прези-денттік сайлауға қатысуға ниеті бар екенін білдірген оппозиция мүшелері бел буған жоқ. Осылайша, сайлау қазақ тілі бүгінгі күні мемлекеттік іс жүргізуде де, сондай-ақ әлеуметтік коммуникацияда да қолданылатынын бірден көрсетіп отыр. Яғни, негізгі мақсат – 2020 жылға дейін халықтың толықтай мемлекеттік тілді меңгеруіне жетуі жүзеге асырылды.

Басқа мәселе – саясатта мемлекеттік тілді пайдаланудың регламент-телінуі. Бұл жағдайда Қазақстан әлі жұмыс істеуі керек, себебі әлемдік тәжірибеде тілді меңгеру дәрежесі арнайы тестік бағдарламалармен анықталады, мысалы, TOEFL. Сол себепті сайлау процедураларын жаң-ғыртуды жалғастыру үшін мемлекеттік тілді меңгеруін бағалауды әлемдік деңгейге дейін көтеруіміз қажет.

Page 42: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

42 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Өткізілген сайлауға жарқын саяси қайраткер Ғани Қасымов, танымал эколог Мэлс Елеусізов, сонымен қатар, Қазақстан Коммунистік халық-тық партиясының өкілі Жамбыл Ахметбеков қатысты. Бірақ Қазақстан патриоттары партиясының көшбасшысының харизмалығына, экология мәселесінің өмірлік маңыздылығына және электораттың жартысының коммунистік идеалдарға адалдығына қарамастан, Президент мәртебесіне үміткерлердің ешқайсысы да қазіргі Елбасының платформасында көзге ілігетіндей қандай да бір жаңа нәрсе ұсына алмады. Осылайша, сайлау са-яси көшбасшы институтын одан әрі дамыту қажеттегін көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев феномені керісінше, бұрын-ақ президенттік ин-ститут аясынан шығып, Ұлт көшбасшысы дәрежесіне жетті. Бұған отандық әлеуметтанулық мониторингтердің рейтингтері куә болады, онда тіпті 2008-2009 дағдарыс жылдарында да 85% дейін төмен түспеген. Іс жүзінде олар 6 жыл бұрынғы сайлау нәтижесінде 91%-ға қалыптасты.

Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның халықаралық әлеуметтенуінің күрделі кезеңінде тәуелсіздікті сақтап және нығайтып, барлық қазақстандықтар үшін сенімді кепіл бола алды. Өздеріңіз ойлап көріңіздер; тәуелсіздікті алу бар да, оны ұстап тұру және нығайту бар. Адамдардың Президент Н.Ә. Назарбаев ел үшін қызмет етіп жүргенін мойындау «сананың шаршауы» деп аталын феноменді бейтарап етеді. Көптеген шетелдік сарапшылар Қазақстанның тұңғыш Президентінің саяси ұзақ өмір сүруін маңызды ка-питал, елдің көптеген ішкі оң процестерін қайтымсыз етуіне мүмкіндігі бар болған тарихи уақыттың бірегей тоғысуы ретінде қабылдауы таңғаларлық емес.

Электоралдық науқан аясындағы саяси процесс әлеуметтік-саяси модернизацияның үлкен және әлі пайдаланылмаған резервін айқындады –әйелдердің саясатқа белсене араласуы. 2011 жылдың 5 наурызында Қазақстанда маңызды оқиға өтті – Әйелдердің бірінші съезі. Онда мем-лекет басшысы мынандай міндет қойды: әйелдердің саяси шешімдер қабылдау деңгейіне қатысу көрсеткішін 30% (бүгін ол 10% тең) жеткізу. Кандидаттар өздерінің бағдарламаларында әйелдерді елдің саяси өміріне еліктіру идеясын белсенді пайдаланғанын біз байқадық. Бұл әрине дұрыс.

Оған қоса, сайлау қазақстандықтардың бейбітшілік және келісім принципіне деген өздерінің адалдығын растаудың маңызды себебі бол-ды. Электоралдық науқан кезеңінде Президент бір аса маңызды шоғыр-ландырушы идеологеманы атады. Қ.А. Яссауи кесенесіне барған кезінде Елбасы Қазақстанның зайырлы сипатын көрсете отырып, оның тарихи дәстүрін де, әсіресе қазақ әйелдері ерлермен қатар, әрқашан еркін, тәуел-сіз және қоғамда сыйлы болғанын атап өтті. Алайда Қазақстанды ислам әлемінің бөлігі ретінде атаса да, ол теократияны ұстанбайды.

2011 жылдағы сайлау халықты халықты бойкотқа шақырған кейбір жеке жалған патриоттар қалағандай халықтың дифференциациясының

Page 43: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ұлт көшбасшысы – ұлттық идея мен идеологияны 43қалыптастырудың факторы

емес, саяси бірігуінің факторына айналды. Азаматтар кандидаттардың ба-лама платформалары мен идеяларын естіді.

Қазақстан өз таңдауын жасады. Халық Н.Ә. Назарбаевтың саяси платформасының оңтайлылығы мен әмбебаптығына оның үлкен саяси әлеуетке ие екендігіне көз жеткізді. Сол себепті өткен сайлаудың қоры-тындысы заңды. Бұл – Президент Н.Ә. Назарбаевтың және барлық қазақ-стандықтардың толық әрі сөзсіз жеңісі. Бұл біздің халықтың, елдің және оның Көшбасшысының ортақ жеңісі.

Page 44: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

44 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

2. БҰҚАРАЛЫҚ САНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮШ МӘРТЕ ТРАНЗИТТІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

2.1. Қазақстанның саяси транзитінің сипаты

Қазақстан дамуының қиындығы жаңа, қазіргі заманғы, нарықтық эко-номиканы бір мезгілде құруында, демократиялық реформаларды жүргі-зу мен адамдар санасын өзгертуінде болды. Мұндай үш мәрте транзитін-де негізгі қатер жатыр. Оған қоса осы үш компоненттердің дамуының диахрондылығы орын алды.

Профессор Ж.Х. Жүнісова былай дейді: Қазақстан «диктатурадан демократияға; командалық экономикадан еркін нарыққа; империяның құрамдас бөлігінен ұлттық мемлекетке өтуді бастан кешіруде. Оған қоса, демократиялық және нарықтық қайта құрылулар – ассиметриялық, демо-кратия мен нарықты бір мезгілде құру мақсаттары арасындағы қатынастар – қарбалас және үйлесімді емес» [45, 80 б.].

Соңғы кезеңде бұқаралық сана қарқынды сыртқы өзгерістермен тоғысты және ол өз бетімен ауыса бастады. Авторлар осыны ескере оты-рып бірнеше жаңа кезеңдерді бөледі. Елбасы Қазақстанның әлеуметтік-саяси транзитінің үш негізгі кезеңдерін бөлді. «Бірінші (1991–1995 жж.), біз кеңестік жүйені бұзып, мемлекеттік негіздерін құрумен айналыстық. Екінші кезең (1996–2000 жж.) экономиканың және саяси жүйенің терең-детілген құрылымдық қайта құрылуларын жүзеге асырумен байланыс-ты болды. Үшінші кезең (2001–2006 жж.) – экономикалық өсу уақыты» [46, 1 б.].

Реформалардың барлық уақытында биліктің ішкі саяси процестерді бақылауы нығайды. Сол арқылы биліктің айтарлықтай қатаң вертикалы құрылды. Бұл қоғамның «мықты қол» негізгі сұранысына жауап болды, оны 1996 ж. Қазақстанның даму институтының зерттеуі көрсеткен бола-тын: «Оңшыл, солшыл және ұлттық мәннің, саяси процестің дамуының неокоммунистік сценарийінің «темір тәртібін» жақтаушыларының ша-мамен бірдей үлесінде айтарлықтай ықтималдардың бірі болып табы-лады. Мұндай мүмкін болатын бұтбұрыстың тамырлары этатизм мен эгалитаризмға экономикалық саладағы бұқаралық сананың басым ұста-нымында орналасады. Алайда, халықтың басым көпшілігі экономика-лық және әлеуметтік процестерді авторитарлық мемлекеттік реттеуге оң

Page 45: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Бұқаралық сана және Қазақстандағы үш мәрте 45транзиттің нәтижелері

қарайды, азаматтық және саяси еркіндіктердің қысқартылуы мен клас-сикалық авторитарлық режимді орнатуды халық қолдамайды» [47, 52 б.].

Осыны ескере отырып, Президент шыңын, ал атқарушы, заң шыға-рушы және сот билігі оның негізін құрайтын биліктің нақты вертикалы-на сенім артылды. Президент вертикалды дистанцияланған және биліктің үш тарамынан биік тұрады. Бірыңғай мемлекеттік ерікке бағынған билік тоталитарлық жүйені бұзуға, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жедел өткізуге, демократияның институционалды негіздерін құруға ше-шуші үлес қосты.

Саясаттанушы Б.М. Қайыпова басқа аспектіні – Президенттің элита-аралық қарым-қатынастағы рөлін қозғайды. «Транзиттік қоғам шартта-рында қоғамдық-саяси процестерді реттеу бойынша іс-қимылды орталық-тандыру ерекше қажет болды. Бұл үлкен жұмысты Н.Назарбаев атқарды: ол элиталардың сабақтастығын қамтамасыз етумен қоса, көрегенді реттеу-ші және элитааралық қатынастардың төрешісі рөлін атқарды» [48, 305 б.].

Белгілі саясаттанушы М.С. Әшімбаев 2001 жылы Қазақстанның саяси транзитінің кезеңдерін: саяси транзиттің 1-кезеңі (1990–1993 жж.) «қирау кезеңі» деп сипаттады; 2-кезең (1993–1995 жж.) – «іздеу кезеңі»; 3-кезең (1995–1998 жж.) – «кристалдану кезеңі»; 4-кезең (1998ж.) – «эволюция кезеңі» [49, б. 15] деп белгіледі.

2005–2007 жылдары Қазақстанда саяси дамудың жаңа сапалы кезеңі басталды. Қалай болғанда да, бұл туралы көпшілік деңгейде айтарлықтай кеңінен жарияланды. Алайда бұл кезеңді сипаттау қиын – себебі, сирек президенттік сайлауға және жаңа конституциялық өзгерістерге қара-мастан, саяси эволюция белгілі бір жаңа сапалы деңгейге жеткен жоқ. Дәлірегі, ол жалғасты және жаңа бейімделген фазаға өтті. Дегенмен, сарап-шылар бағалары бойынша саяси транзит 2007 жылы қандай да бір «қайта келмес» нүктеге, яғни процестің қандай да бір қайта келмейтіндігіне жетті [50, 87 б.]. Саясаттанушы А.Т. Перуашев турбуленттік кезеңнің бар болуын көрсетеді, яғни бір кезеңнің бұзылуы екіншісінің автоматы түрде бейімделуін білдірмейді [51, 48–49 б.].

Осылайша, 2007 жылды Қазақстанның саяси-психологиялық салада дамуының маңызды аралық кезеңі деуге болады. Бәрі бірден ауысты деу-ге болмайды, бірақ кейбір «аралықтар» жылжыды, және ағыстар басқаша жылжи бастады. Тиісінше, 2007 жылдан бастап, Қазақстанның саяси да-муының төртінші кезеңінің бөлінуімен келісуге болады [52, 17 б.].

Іс жүзінде, бұл кезеңге бөліну халықтың әлеуметтік-саяси бейімделуі қозғалысын көрсетеді. Қазақстан орталықсыздандыру мен қоғамдық сек-тордың маңыздылығы өсіп жатқан кездегі дамудың жаңа фазасына енді.

Транзит жағдайындағы халықтың бейімделуінің жетекші факторы көші-қон болды. Әдетте бұл феномен аумақтық сандық флуктуациялары сияқты қарапайым қарастырылады. Шынында көші-қон – өзін-өзі реттеу-

Page 46: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

46 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

ші организм ретінде қоғамның көрініс табуы ретінде пайымдалатын өте күрделі механизм. А.Т. Забирова өзінің көші-қон теориялары шолуында құрылымдық, субъективистік және желілік түрлерін бөліп көрсетеді. Соны-мен қатар, оны өлшеудің келесі деңгейлері көрсетіледі: көші-қонның макро-, мезо- және микродеңгейлері. Макродеңгейде көші-қонның паттерндері немесе адамды әдеттегі қоршаған ортадан «күштеп итеретін» объективтік параметрлері зерттелінеді, микродеңгейде индивидуумге, көші-қонның себептерін түсіндіретін тұлғалық сипаттамаларына назар аударылады.

80-жылдардың екінші жартысынан көші-қон себептерін анықтауды талдауда тағы бір өлшем әзірленеді – көші-қон себептерін барабар ойлауға мүмкіндік беретін желілік қатынастарды, адамның бейресми желілерге енгізілуін талдау [53, 138–139 б.].

Көші-қон өзгерген ортаға икемделуге бағытталмаған бейімделмеуші тұрғындардың орнын алмастырудың негізгі құралы ретінде көрініс таба-ды. Қазақстан соңғы кезде көші-қондық донордан көші-қондық реципи-ентке айналды. Дүниежүзілік банктің баяндамасына сәйкес, 2007 жылы Қазақстан еңбек мигранттарын қабылдаушы әлемнің жетекші елдерінің тізімінде 9 орынды иеленеді [54, 77 б.].

Көші-қондық өзгерістердің нәтижесінде Қазақстанның этно-демогра-фиялық бейнесі қайта құрылымдалды. Ол азырақ еуропалық және көбірек шығыстық бола түсті. Жергілікті халық саны білікті көптікке жетті.

Демограф М.Б.Тәтімов көрсеткендей, «Қазіргі 15-миллиондық Қазақстанда көпсанды ұлттар – жетеу. Бұл: қазақтар – 9 миллионнан астам, орыстар – 4 миллионға жуық, украиндар, өзбектер, ұйғырлар, татарлар, кәрістер және немістер. Қалғандары 100 мыңнан айтарлықтай аз. Мысалға мен біздің этностарымызды орыс тілділер, еуропалық және шығыстық деп жіктеймін. Олардың демографиялық сипаттамалары өте ерекшеленеді. Жарты ғасырдан кейін мен Қазақстанның 80–90% халқы шығыстық этно-стар ретінде көрінетінін айта аламын» [55, 19 б.].

2008 жылы қазақтардың саны 9,1 млн. адамға көбейді, бұл 1989 жылда-ғы көрсеткіштен үш есеге көп. 2009 жылдың ақпанындағы ұлттық санақ-тың алдын ала қорытындылары бойынша елдегі жергілікті ұлт адамдары-ның үлесі 67% жетті, ол 16,7 миллион адамнан 11 миллион адамға жуық болып келеді [56].

Келушілердің ішінде қазақтар 89% құрайды. Сонымен қатар, олар-да оң сальдо орташа республикалық мәнінен шамамен 20 есе артық. Азшылықтың ішінде негізгі массаны орыстар, украиндар, белорустар және немістер құрайды – эмигранттар ішіндегі олардың үлесі – 87%.

Қазақтардың туу көрсеткіштері 23 промилледен көбіректі құрайды, жергілікті емес азиялық этникалық топтар орташа есеппен – 25 промилле, еуропалық топтарда – 12,3 промилле. Сонымен қатар, 1999 жылдан бергі кезең ішінде туылған қазақтардың үлесі 65-тен 70% дейін.

Page 47: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Бұқаралық сана және Қазақстандағы үш мәрте 47транзиттің нәтижелері

Этнодемографиялық құрылымдағы өзгерістер статистикалық көрсет-кіштердің өзгеруі сипатымен ғана түсінідіріле алмайтын, айтарлықтай күрделі процесті көрсетеді. Тереңдетілген әлеуметтік өзгерістер жүріп жатыр, оның ішінде қазақ компоненттері күшейтіліп, мәдени және тілдік орта да өзгеруде. Этникалық құндылықтар шайылған жалпы либералдық әдістерге негізделетін нарықтық қатынастардың нығайтылуы да жүріп жатыр.

Осының бәрі қоғамның дамуын бір-бірімен бәсекелес екі модельдер бойынша негіздейді. Осы екі модельдердің тоғысуындағы, бірігу айма-ғында дамып жатқан әлеуметтік агенттер ұтымды жағдайда. Демек, бір жағынан олар нарық бойынша ойлайды, заңға сәйкес өмір сүруге, өзінің экономикалық мәртебесін және бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ты-рысады, ал екінші жағынан – мәдени құралдарын қолдануға қабілетті – қазақ тілін меңгерген, дәстүрлерді біледі, қоғамдық процестерге терең интеграцияланған. Мысалы, сауалнама мәліметтері бойынша, қазақ тілін, қазақ және орыс тілдерін жақсы меңгерген азаматтар елдің осы дамуын және оның перспективаларын оңтайлы бағалап отыр. Осылайша, өмір сүрулеріне қанағаттанудың деңгейі қазақ тілділердің арасында – 73,2%, екі тілді меңгергендердің арасында – 71,9%, орыс тілділерді – 53,9% құрайды.

Тілден басқа, әлеуметтік коммуникация факторы да маңызды. Кейбір этникалық топтар, әсіресе халықтың этникалық азшылық халқынан кел-гендер саны өздерінің ішкі ортасында жабылып қалып жатады, ол өзіндік этникалық анклавтардың құрылуына әсер етеді. Бұл құбылыстың ерек-ше жарқын дамуы елдің ірі мегаполисі Алматы қаласында жүзеге асады. Этникалық өзіндік жинақталуға сондай-ақ басым саны Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында, сонымен қатар Алматыда тұратын өзбектер, ұйғырлар, кәрістер бейім.

Экономикалық бейімделу де өз рөлін атқаратыны сөзсіз. Өмірдің жағдайларына қиын бейімделген халық топтары маргинализация проце-сіне тап болады, және тиісінше әлеуметтік тәуекел топтарын толықтырады.

Қазақстандық қоғам бастапқыдан-ақ бірыңғай азаматтық қауым негізінде шоғырлануға бағытталған. Қазақстандық мемлекет аясындағы қос өмір қарекетінің тәжірибесі жергілікті емес халықты қосқанда азамат-тардың Қазақстанмен сәйкестендірілуінің жоғарылауына ықпал етті.

Халықтың сәйкестендіру коды толығымен өзгерді. Әлеуметтанулық зерттеулер барысында 1991 жылы сауалнамаларға жауап бергендердің ба-сым көпшілігі – 86% – өздерін Кеңес Одағынсыз елестете алмайтын. Алты жыл өткен соң бұл көрсеткіш 17% дейін төмендеді, орыстар арасында – шамамен 30% дейін, басқа этностарда – 18,5% дейін. Кеңестік сәйкестілік қазақстандықпен араласа бастады. 1997 жылы қазақтардың 91,3% өздерін Қазақстанмен сәйкестендірді, жартыдан сәл көп орыстар – 51% және 72% басқа ұлттар.

Page 48: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

48 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Тағы 10 жыл өте қазақтардың 96% жуығы өздерін Қазақстанмен сәйкестендіре бастады, яғни іс жүзінде ең жоғары шекке жеттік. Орыстардың арасында Қазақстан басты сәйкестендіруші код ретінде іс жүзінде 89% құрады, қазақтардан бар-жоғы 7% азырақ. Басқа ұлттар бой-ынша Қазақстанмен сәйкестендіру көрсеткіші қазақтарға қарағанда 1,5% аз (2 – диаграмма).

2-диаграмма

1997–2006 жылдар аралығындағы азаматтардың сәйкестілігінің динамикасы

Тиісінше, қазақтар арасында енді іс жүзінде өзін бұрынғы кеңестік мемлекетпен сәйкестендіретіндер жоқ. 1997 жылы ондайлар 5,5%, 2006 жылы – 1,3%, немесе статистикалық қате жіберушілік аясында болатын.

Өздерін кеңес мемлекетімен сәйкестендіретін орыстар саны жартысы-на дерлік азайды – 29-дан 16% дейін. Басқа ұлттарда кеңестік сәйкестіліктің маңыздылығы үштен бірге азайды – 18,5-тен 12,5% дейін.

Кеңестік сәйкестілікке «адалдық» сақтайтындардың арасында екі он-жылдық аясында идеалдық сияқты иллюзиялық көрінетін (мұндай жа-рыс болған жоқ, адамдар қамтамасыз етілген болатын, мұндай бөлініс болмайтын) өткен уақыттарға сағынышы байқалатын аға буын азаматтар басым.

Қазақтар өздерінің этникалық сәйкестілігінде үлкен тұрақтылықты көрсетеді. Сауалнама мәліметтері бойынша, өзінің этникалық тобына жату 41,6% қазақ үшін маңызды сәйкестендіруші белгі болып табылады. Орыстардың ішінде бұл көрсеткіш бар жоғы 25%, басқа ұлттарда – 34% құрайды.

91,3 95,7

5,5 1,3

51 ,0

88,9

28,9 16,7

72 ,0

94,4

18,5 12,5

0

20

40

60

80

100

120

1997 2006 1997 2006

Қазақстанмен КСРО-мен

Қазақтар Орыстар Басқалар

Page 49: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Бұқаралық сана және Қазақстандағы үш мәрте 49транзиттің нәтижелері

Қазақстанда барлық этникалық және діни топтар, оған қоса азшы-лықтар құқықтарында, мүмкіндіктерінде қысым көрмейтін жүйенің икем-ділігін қамтамасыз ететін бірегей конфессиялық модель қалыптасқан. Діндердің теңдігінің негізгі принципін сұралғандардың білікті көпшілігі қолдайды – 64,3%. Жартысынан көбі биконфессионализмді қолдауға дай-ын – 53,6%. Қазақстанды ислам әлемінің бөлігі ретінде 40% жуық респон-денттер қарастырады.

Конфессияаралық әлем жағдайында көбісі этноконфессиялық көп-шілік, исламды ұстанатын қазақтар өкілдерінің позициясына байланыс-ты болады. Жалпы басқалар тәрізді қазақтар да конфессиялардың тең-дігі принципін ұстанады – 61,1%, бірақ бұл көрсеткіш – егер барлық этникалық топтарды алып қарайтын болсақ, орташа мәннен төмен. Ор-таша көрсеткіш деңгейінде Қазақстанда екі, яғни ислам және православи-еге басымдық беріледі деп санайтын қазақтардың үлесі – 51,7%. Үшінші орында Қазақстан ислам әлемінің бөлігі болып табылады деген пікірді қолдау көрсеткіші иеленді. Бірақ ол республика бойынша орташа есептен айтарлықтай жоғары – 48,4%.

Осылайша, Қазақстан конфессиялардың теңдігі ислам және право-славие – екі негізгі діндердің айқындалған рөлінің жағдайында конфес-сиялардың теңдігі қамтамасыз етілетін конфессиялық теңдестіктің дина-микалық моделін және елдің ислам державаларының мүдделерінің айма-ғында іс жүзінде болуын тәжірибеде көрсетіп отыр (7-кесте).

7-кесте

Сіз Қазақстан туралы пікірлердің қайсысымен келісесіз?%

Барлығы Қазақтар Орыстар БасқаА. Қазақстанды мұсылмандардың демографиялық көпшілігіне қатысты ислам әлемі елдеріне жатқызуға болады

39,1 48,4 21,6 39,6

Б. Қазақстан әртүрлі діндерге мемлекет тең дәрежеде қарайтын поликонфессиялық ел болып та-былады

64,3 61,1 65,6 73,2

С. Қазақстанда басымдылық екі негізгі конфессияларға беріледі – ислам және православиелік хри-стиан

53,6 53,1 51,7 59,1

Page 50: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

50 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Конфессиялардың құқықтары мен жағдайларының теңдігіне көбінесе этникалық азшылық өкілдері екпін береді – 73,2%. Олар да көп жағдайда биконфессионализммен келіседі – 59,1%. Бірақ Қазақстанды ислам мемле-кеті ретінде мойындаумен басқа ұлттан шыққан 39,6% респондент келіседі, ол қазақтардан 9% аз, орыстарға 39,6%. қарағанда екі есеге жуық көбірек.

Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ барлық әлемде, әсіресе, Еуропадағы ең даулы мәселелердің бірі – хиджаб кию. 2011 жылдың сәуірінде Фран-цияда хиджаб пен паранжа киюге тыйым салу туралы заң шешімі күшіне енді, ол алғашқы үлгі болды және прохристиандық НАТО-ның ислам елдерімен (Ауғанстан, Ирак) іс жүзіндегі соғысының жалғасуымен байла-нысты әлемдегі онсыз да қарбалас бейнені күшейтті.

Жалпы хиджабты азшылық қолдайды – сұралғандардың 28,8%, оның жартысы толық қолдайды. Қолдамайтындар үлесі – жоғары, 40,2%, олардың көпшілік жартысы – 27% толық қолдамайды. Шамамен әрбір төртінші респондент өзінің бейтарап қатынаста екенін білдірді және тағы 7% жауаптан бас тартты.

Білім беру ұйымдарында хиджаб киюді сұралғандардың одан да аз бөлігі қолдайды – 25,4%, жартысынан азы толығымен қолдайды – 11,5%. Айтарлықтай көп бөлігі қарсы екенін білдірді – 51,6%, яғни, бұл сұралғандардың жартысынан көбі.

8-кесте

Жалпы және нақты мемлекеттік мекемелерде, оқу орындарында хиджаб киюді мақұлдау

%Жалпы хиджаб

киюМекемелерде хиджаб кию

Жағымды 14,5 11,5Дұрысы жағымды 14,3 13,9Дұрысы жағымсыз 13,2 19,1Жағымсыз 27,0 32,5Бейтарап, немқұрайлы 23,7 14,7Жауап беруге қиналамын 7,4 8,2

Респонденттердің пікірлеріне Президенттің білім беру мекемелерін-де хиджаб киюдің қолайсыздығы туралы пікірі әсер етпеуі мүмкін емес.

Қазақтар арасында басқа этникалық топтарға қарағанда пікірлердің едәуір алшақтығы белгіленгендігін айта кету керек. Қазақтар хиджабты толығымен қолдайтындар үлесі бойынша басым – 17%, басқа ұлт топ-

Page 51: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Бұқаралық сана және Қазақстандағы үш мәрте 51транзиттің нәтижелері

тарында 14,9% және 9,5% – орыстарда. Қазақтар хиджабты білім беру ұйымдарында қолдайтындардың арасында да кездеседі және – 13,4%, басқа ұлт топтарында 10,2% және 8,6% – орыстар.

Алайда қазақтар теріс бағалаулар арқылы да басым түсуде. Хиджабқа толығымен қарсы қазақтардың үлесі 29,3% жетеді, басқа ұлт топтарының көрсеткішінен үштен бірінен көп. Білім беру мекемелері призмасы арқылы қазақтардың теріс бағалаулары 35% дейін өсті, ол басқа ұлт өкілдерінен төрттен бірге көп (9-кесте).

9-кесте

Жалпы және нақты мемлекеттік мекемелерде, оқу орындарында хиджаб киюді мақұлдау (ұлты бойынша)

%Жалпы хиджаб кию Мекемелерде хиджаб кию

Қазақтар Орыстар Қазақтар Орыстар Қазақтар Орыстар Жағымды 17,0 9,5 14,9 13,4 8,6 10,2Дұрысы жағымды 13,9 10,2 23,4 13,4 11,0 21,3

Дұрысы жағымсыз 14,6 12,1 10,2 19,3 18,8 19,1

Жағымсыз 29,3 27,2 18,7 34,7 32,0 26,0Бейтарап, немқұрайлы 17,8 31,8 28,9 10,4 21,4 16,6

Жауап беруге қиналамын 7,3 9,3 3,8 8,6 8,2 6,8

Қалыптасқан жағдай этноконфессиялық көпшілік арасында хиджаб кию мәселесі бойынша әлі пікірдің қалыптаспағаны туралы айтады. Бұл өзекті проблемалар ішінде қала беруін жалғастыруда.

Оған қоса, біздің пікірімізше, проблеманың өзі мынада: мектептер-де және жоғары оқу орындарында хиджабты киюге рұқсат беру немесе тыйым салынуының өзі қате болып табылады. Қыздардың қысқа белдем-шемен немесе джинсымен мектепке баруларына ешкім қарсылық біл-дірмейді ғой. Демек, сенім символы ретінде хиджабқа қатысты полемика – деструктивті. Біздің пікірімізше, оқушылық және студенттік форманың жалпымен қабылданған нормалары, дресс-код туралы айту керек еді. Хиджаб мәселелері бірден екі – діни және гендерлік бағыт бойынша кемсітушілік жағдайды құрайды.

Қазақстан мықты ислам компонентінде ұлттық бірлікке жатқызыла-тын қоғамдағы тұрақтылықты, бейбітшілікті және келісімді көрсететіні

Page 52: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

52 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

маңызды. Қазақстан исламды бейбіт дін ретінде беделін көтеретін модель-ді ұсынады.

Бұл жағдай жаһандық өркениетаралық тоғысуларды болдырмау үшін аса маңызды. Сол себепті Қазақстан 2011 жылы ЕҚЫҰ төрағалық ету құзі-реттілігі аяқталған соң Ислам Конференциясы Ұйымының төрағалығы қызметін өзіне алды. Бұл – конфессияаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесін ұсынуға жаңа мүмкіндіктер тудыру.

Этномиграциялық және рухани-мәдени бейімделулермен қатар, аза-маттар бейімделудің әлеуметтік-экономикалық тағы бір маңызды түр-лерін бастан кешірді.

1997 жылғы ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық-талдау орта-лығының зерттеулерінің мәліметтері бойынша, 37,8% респондент өздері-нің өмір сүру деңгейлерін төмендеп кетті деп санағын, 31,8% болашаққа сенімін жоғалтқан, 25,3% әрқашан ыңғайсыздық пен ызалы халінде болған.

Қазіргі кездегі азаматтардың басты өзіндік сипаттамаларының бес-тігіне мыналар кіреді: 1) өмірге деген қызығушылық – 43,3% сұралғандар; 2) тыныштық – 23,6%; 3) оптимизм – 22,7%; 4) шешім қабылдай білу – 19,1%; 5) қуаныш – 15,5%. Бұл күш-қуат тасуы (12,1%), талпыныс (9,6%), шаттық (3%) сипаттамаларымен толықтырылады.

Көрсетілген сипаттамалардың ішінде көбісі белсенді әлеуметтік көңілді, яғни өмірде бейімделуге мақсаттылықты білдіреді. Мұны өмірге деген қы-зығушылық, сондай-ақ батылдық, күш-қуат тасуы және құлшыну білдіреді.

Сонымен қоса, халықтың бір бөлігі жұмыс жағдайында деп айтуға болады, көбінесе – іздеу режимінде, өзінің өмірлік жағдайын жақсарту жолында – 21,5%. Шамамен дәл соншасы үлкен өмірлік динамикада бола отырып шаршағандықты көрсетеді – 21,6%.

Теріс әлеуметтік көңіл-күй кешіп жүргендер азшылықты құрайды. Жалпы 8 индикатор бойынша жағымсызы 28% жетіпті, 7 оң индикаторлар бойынша – 145,9, немесе 5,2 есе көп. Сенімсіздік пен үрейді сұралғандардың 16,4%, қорқынышты – 2,3%, ашуды – 1,7%, торығуды – 1,3% көрсетіп отыр. 10-жылдық мерзімде өмірге бейімделгендердің саны бейімделмегендерден асты және көрсеткіштердегі бөлініс үш еселік мөлшерге жетті.

1997 жылы өмірге қанағаттануды 48,3% білдірді, қанағаттанбағандар-дан 3% аз болды. 2004 жылы қанағаттанушылардың саны қанағаттан-бағандықтардан 16%-ға асты. 2005 жылы президенттік сайлау додасы ая-сында жасалынған шынайы мемлекеттік әлеуметтік жол берулердің тол-қынында бейімделмегендерден бейімделушілердің санының ең үлкен ал-шақтық байқалды. Алғашқылары екіншілерінен 4,4 есе көп болды. Әрі қа-рай үзіліс аздап төмендеді, ол 2008-2009 жылдардағы дағдарыс кезеңімен байланысты болды. Өмір сүруіне қанағаттанатындардың үлесі 56,3% дейін төмендеді. Алайда 2010-2011 жылдары жағдай түзелді. Бейімделушілер-дің саны алдымен 67,9% дейін, сосын – 71,1% дейін өсті (3-диаграмма).

Page 53: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Бұқаралық сана және Қазақстандағы үш мәрте 53транзиттің нәтижелері

3-диаграмма

1997-2011 жылдар аралығындағы бейімделушілер мен бейімделмегендер санының қатынасы

Нарықтық реформалар азаматтар қалыптасып жатқан өмір шарт-тарына қандай да бір белсенділік дәрежесімен икемделе бастады. Әлеуметтанулық зерттеулер мәліметтері бойынша, 42% қазақстандық өздерінің өмірлік әл-ауқаттылығын қамтамасыз ету үшін азаматтардың жеке күштерінің маңыздылығын түсіну халық арасында пайда болды деп са-найды. Жеке белсенділік пен бастамашылық болмаса ештеңеге қол жеткізе алмайтынын түсінді. Халықтың бұл тобын белсенді бейімделушілерге не-месе мемлекет өзін қалай ұстайтынына қатал қарамай бейімделетіндерге жатқызуға болады.

Онымен қоса, жалпы қоғамдық алаң мөлшері бойынша бірдей белсенді бейімделушілер және мемлекеттік, патерналистік ойлау өкілдері топтарына бөлінген. Сұралғандардың 41% дерлік азаматтар өз бетінше өздерінің проблемаларын шешуге тырысатынын белгіледі, алайда мемлекеттің қатысуына, қосылуына, қолдауына сенім артады. Бірақ бұл – өзінің барлық үміттерін, күтулерін тек мемлекетке артпайтын транзиттік сипаттағы топ.

Мемлекет әрбір жеке азаматтың амандығына басты жауапкершілікті арқалайтынын айтатын «таза» патерналистік санадағы топ бар. Қазақ-стандықтардың шамамен оннан бір бөлігі осылай ойлайды және нақты айтады. Оған жауап беруге қиналғандардың «батпағын» да қосу ке-рек. Мұндай құрылымға қарамастан, дамуға деген себептер мен ынта-

51,2 57,9

79,0 76,3 76,6 72,3

56,3

67,9 71,1

48,3

39,5

17,9 22 ,0 21,8

26,7

40,5

27,8 26,2

0

10

20

30

40

50

60

70

80

90

1997 жыл

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Қанағаттанғандар Қанағаттанбағандар

Page 54: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

54 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

ландырулардың «шлюздерінің» ашылуын күтулердің басты орталығы мемлекет болып табылады. Халықтық басым көпшілігі үдемелі нарықтық және демократиялық реформаларға, «әлсіз» мемлекетке және жалпы ра-дикализмге қарсы (4-диаграмма).

4-диаграмма

Азаматтардың мемлекет рөлі мен реформалар қарқынына қатынастар индикаторлары

Осыған орай, мемлекет экономикалық процестерді реттеуге белсе-не қатысуы керек деген пікірмен келіскен респонденттердің саны барлық көрсеткіштен асып, 84% деңгейіне жеткенін айта кету керек.

40% жуығы қоғамның ұлттық-мәдени, әлеуметтік, этностық, элиталық мүдделерді ескеретін бірізді демократияландыруды қолдайды, ал 16% жуығы – қандай да бір демократияландыруға қарсы. Үдемелі демократия-ландыру жақтаушылары азшылық болып табылады – сұралғандардың 9%. Оған қоса, форс-мажор болған жағдайда сұралғандардың жартысы – 47% жуығы – елде «мықты қол» режимін орнатуды да қолдауы мүмкін.

Нәтижесінде, «таза» нарықшыларды тек 8,5% респондент құптайды. Әлеуметтік әділеттілікті қолдайтын жақтаушылары ретінде ірі топ бар (43,7%).

Аталған сұрауларды ескере отырып, мемлекет біртіндеп өзінің ын-таландырушы қызметін кеңейтуде. 2007 жылдың наурызынан мемлекет біртіндеп, сонда да әлеуметтік проблемаларды шешуде деп белгілеген респонденттердің саны шамамен үштен біріне көбейді – 47-ден 74% дейін.

83,7

47,1

39,6

9 ,0

43,7

8,5

2,6

21,4

16,3

43,7

0 20 40 60 80 100

Мемлекеттің белсенді рөлі

«Мықты қол» режімі

Жүйелі демократизация

Үдемелі демократия

Әлеуметтік әділдік

Нарықтың дамуы

Қолдайтындар Қарсы

Page 55: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Бұқаралық сана және Қазақстандағы үш мәрте 55транзиттің нәтижелері

Тиісінше, мемлекет әлеуметтік проблемаларды шешіп немесе оны шешу үшін жағдайлар жасап жатқанымен келіспейтін азаматтардың саны 45-тен 17,7% дейін азайды. Көрсеткіштердің екпіні мемлекеттік әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың табыстылығының негізгі индикаторы болып табылады.

5-диаграмма

Азаматтардың 2006 жылғы желтоқсан мен 2011 жылғы шілде аралығы кезеңдегі мемлекеттік органдардың елдің дамуының маңызды

проблемаларын шешу жөніндегі қызметінің тиімділігін қабылдау динамикасы

Бұл орайда, 5-диаграмма мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, мемлекеттік органдардың қызметіндегі ерекше жандану 2008 жылдың күзіндегі дағдарыстық «сүзгішті» күшейту жағдайында өтті. Әдетте айты-латындай, бұл жағдайда – «қуырылған қораз» әлі шоқыған жоқ.

Осылайша, азаматтар жалпы қазіргі кезеңнің жағдайларын қабылдай-ды және нарық талаптары мен қағидаларын ескере отырып, өздерінің өмір-лерін белсене құруға дайын. Сонымен қатар, бұқаралық санада қоғамда әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуінің кепілі ретінде қабылданатын мықты мемлекет сақтау идеясын күшті жақтаушылық сақталады. Мемле-кеттен күтулер, бұрынғыдай, жоғары және де мемлекет халықтың талап-тарына жауап қайтаруды үйренді. Патернализм – проблемасы да, бүгінгі жағдайларда биліктің әсерінің ресурсы да. Онда іс жүзінде ішкі саяси тұрақтылық негізделеді. Қоғамдық пікір дағдарыстық кезеңдегі мемлекет-тік органдардың әлеуметтік шараларын ерекше сезіммен қабылдайды.

54,5 47,2 48,8 50,4

53 ,0 51,2

47,6 55 ,0

65,6 61,2 61,2 61,3

74 ,0

35,9 44,7

39,2 41,5 38,1 40,7 41,8 35,2

26,1 27,8 27,8 29,3

17,7 0

10 20 30 40 50 60 70 80

Иә, дәлірегі иә Жоқ, дәлірегі жоқ

Page 56: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

56 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Тұтасымен алғанда, қазақстандық қоғам бейімделудің үш деңгейін бастан кешірді. Біріншісі – бұл аумақтық бейімделу, екіншісі – рухани-мәдени, үшіншісі – әлеуметтік-экономикалық.

Халықтың бейімделуі толқынды жолмен келе жатыр. Қазақстандықтардың белсенді бейімделуінің бастауының бірінші да-

былы туу мен некенің өсуі болды. Мұны «некелік бейімделу» деп атауға бо-лады. АХАЖ-дар 2007 жылдың 7 шілдесінде некеге тұрғысы келгендердің барлығын қабылдай алмаған «үш жеті» проблемасын еске түсіріп көрелік. Қазақстанда «бэби-бум», азаматтардың отбасын құрып және ұрпақты жалғастыру ниетінің өсуі байқалады. Мұндай феноменді азаматтарда ертеңгі күніне деген сенімділігінің көрінуінің алғашқы және маңызды белгісі деп атауға болады.

Екінші маңызды дабылы – бұл «автокөліктік бейімделу». Азаматтар тамаққа және киімге деген негізгі қажетіліктерін жабудан жаңа, едәуір күрделі мүмкіндіктерге өтті. 2003-2010 жылдар аралығындағы кезеңде жеңіл автокөлік паркі елде екі еселенді – 1148,7-ден 2686,7 мың бірлікке дейін, барлық 90-жылдардың кезінде ол 15% шамасында өсті. Автокөлік жолдардың шамадан тыс жүктелуі, әсіресе ірі қалалардағы, жолдар мен елді мекендердің жақсы жабдықталуының өсуі, көліктік түйіндердің құрылысы, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты проблемалар осымен байланысты.

Үшінші дабыл – тұрғын үйлік мәселені түсіндіріп тарату, яғни «тұр-ғын үйлік бейімделу». Егер 1997 жылы тұрғын үйді басты мәселе ретінде сұралғандардың 9,7% болса, ал 2011 жылдың шілдесінде – 18,8% болды. Тұрғын үйлік құрылыс бағдарламасы енді іске аса бастаған кезде, оны 42,7% респондент көрсеткен болатын. Халықтың жартысынан көбі тұрғын үй мәселесіне алаңдағанының көрсеткіші тұрғын үйі мүлде жоқтарды ғана емес, сонымен қатар, өздерінің тұрғын үйлік жағдайларын жақсартқысы келетіндерді де көрсетеді.

Бұл мысалдардан мынаны айтуға болады: қазақстандық қоғамның бейімделушілік қасиеттері – мемлекет қолдаушы-тұрақтандырушы әдіс-тен ынталандырушы-мотивациялыққа өтуіне байланысты күшейе баста-ды. Азаматтар мемлекет халық өз бетінше проблемаларды шеше алуы үшін мүмкіндіктер құруына тез үн қосады. Халық мемлекетке сенім арт-пайтын болды деп айтуға болмайды, бірақ қазір бұл міндетті қамқорлық емес, бонус, сәттілік, жақсы еріктің қадамы, мемлекеттің әлеуметтік көнуі деп қарастырамыз.

Page 57: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Бұқаралық сана және Қазақстандағы үш мәрте 57транзиттің нәтижелері

2.2. Азаматтардың әлеуметтік-саяси мінез-құлықтарының заңдылықтары

Әрі қарай дамудың, соның ішінде ішкі саяси тұрақтылықтың табыс-тылығының маңызды аспектісі халықтың әлеуметтік әрекетінің белсенді ко-дын құру, жасанды, мемлекеттен өзінше тәуелсіз қоғамның тәуелділігінің төмендеуі болып табылады.

Сауалнамалардың мәліметтері бойынша, халықтың ширегінен сәл көбі (27%) өздерінің дамуы үшін бірінші кезекте өз күштеріне сенуіне дай-ын. Қалған бөлігі өз үміттерін мемлекетке артады. Оған қоса, көпшілік елдің ауқаттылығын ең алдымен Президенттің күш-жігерімен байла-ныстырады (30% жуық). Мемлекеттік органдардың тиімді қызметінен сұралғандардың 16% жуығы дамудың мүмкіндігін қарастырады. Әрбір оныншы респондент дамудың табыстылығының кепілін үкіметтен күтеді. Тағы соншасын – әкімдерден. Халық прогресс мүмкіндіктерін бизнеске қатысуынан азырақ – 1,5%-тін көреді.

Бұл жағдайда қарсылық білдіру әлеуетінің төмендеуі жүріп жатыр. Әлеуметтік қарбаластықтың шектік көрсеткіштері 90-жылдардың орта-сында байқалды. 1996 жылы ең үлкен көрсеткіш байқалды. Халықтың 3,5% қарсылық білдіру акцияларына қатысуға дайын болды. Бұл – белсенді, ашық қарсылық білдірудің көрсеткіші. Жалпы электораттың қарсылық білдіру мөлшері 90–жылдары 40-50% жеткен (6-диаграмма).

6-диаграмма

1993–2009 жылғы наурыз аралығындағы салыстырмалық динамикадағы әлеуметтік шиеленіс деңгейі

1,7

2,7 2,5

3,5 3,2

1,1

1,5 1,8

1,5

2,0

0,6

1,1

3,1

1,0

2,7

2,0

0,0

0,5

1,0

1,5

2,0

2,5

3,0

3,5

4,0

Page 58: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

58 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

1997 жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму-ын жариялаумен халықтың қарсылық білдіруі кеміді. Экономикалық өсу кезеңінің басталуынан қарсылық білдіру ең төменгі бағаларға дейін төмендеді. 2004 жылы ол 1,1–1,5% шамасында болды. Бұл көрсеткіш халық экономикалық өсудің алғашқы жылдарында постдағдарыстық кезеңнен еркін түзелгенін көрсетеді.

Алайда, экономиканы нығайту мөлшеріне қарай, халықтың әлеумет-тік амбициялары өсе бастады, тиісінше, халықтың қандай да бір әлеуетті әлеуметтік қарбаластығынан көрінді. 2006 жылы ашық қарсылық білдіру деңгейі 1,8–2% шамасында болды.

2007 жыл айтарлықтай қарама-қайшылықты жыл болды. Жыл ішінде қарсылық білдірудің ең төменгі және ең жоғары деңгейлері тіркелді. Көктемде ол жарты пайыздан сәл артық болды, бірақ күзде ол бірден іс жүзінде 1997 жылдағы деңгейге дейін жетті. Мұндай жағдай қоғамдық көңіл-күйлердің елдің дамуының әлеуметтік-экономикалық динамикасы-на деген үлкен тәуелділігін көрсетеді. Экономикалық дағдарысты өрістету жағдайында қарсылық білдіру өте жылдам өсуі мүмкін.

2008 жылдың басында қарсылық білдірудің деңгейі 1,3% дейін төмен-деуі де әлеуметтік психологияның мемлекеттің қатысуы факторына жо-ғары тәуелділігін көрсетеді. Ипотекалық дағдарыс пен бағалар өсуіне бай-ланысты экономикадағы қиыншылықтарды реттеу процестеріне Прези-денттің араласуы әлеуметтік көңіл-күйлерді тез құбылғанындай тыныш-тандырды. Алайда дағдарыстың жаңа толқыны қоғамдық көңіл-күйлердің үрейленуінің күшеюіне тағы да ықпал етті. Қарсылық білдіру шерулерін бастауға дайындығы туралы сұралғандардың 2,7% белгіледі.

Сауалнама нәтижелері бойынша, 2009 жылдың наурызында ашық, белсенді қарсылық білдіру үлесі 1,8–2% көп емес мөлшерде болды. Табиғи көлемде егер экономикалық белсенді халық санын ескерсек, онда ол ша-мамен 166 мың адамды құрайды. Бұл қарсылық білдіру алаңының ең көп шоғырлануы Алматыда, сонымен қатар, Атырау, Маңғыстау, аздап Жам-был және Қызылорда облыстарында айқын.

Әлеуметтік шиеленістің спиралінің күшейтілуіне уақытша сипа-тын, сонымен қатар, өздерінің проблемаларын шешудің белсенді форма-ларының жоқтығын ескере отырып, қазақстандықтардың қиындықтарға шыдамдылығының мықты ресурсы кедергі етеді. Халық наразылық білдірудің шеткі әдістерін қоспағандағы пайдасыз өмірлік жағдайларды түзеудің кез келген амалдарын іздеуді қалайды.

Қоғамдық көңіл-күйлердің саясиландырылуы әлеуметтік шиеленіс-тің ірі факторы болып табылады. Заңдылық мұнда қарапайым – азамат-тар қаншалықты саясатқа, үкіметтегі шенеуніктердің сөздеріне, партия-лардың өкілдеріне көп қызықса, соншалықты экономикадағы ахуал на-шарлай түседі.

Page 59: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Бұқаралық сана және Қазақстандағы үш мәрте 59транзиттің нәтижелері

Айтарлықтай қиын 96-97 жылдары экономикалық дағдарыстың шегі немесе құлдыраудың төменгі реті байқалған кезде саясатпен тұрақты қызығатындар саны елдің халқының жартысынан асатын. Әрбір екінші қазақстандық саясаткерлердің не істеп жүргеніне тез қызығатын. Тиісінше, халық тек ақпаратты игеру ғана емес, оған жауап қайтаруға да бейімделген еді. Сонымен қоса, саясиландыру деңгейі едәуір ауытқуларға ұшырағанын айта кету керек, – 1997 жылы 1996 жылмен салыстырғанда төрттен бірге өскен.

Тұрақтылықтың бастауында халықты саясиландыру деңгейі айтарлықтай төмендеді. 2003 жылы тек халықтың бестен бір бөлігі ғана саясатқа тұрақты қызығып отырды. 2007 жылдың реформалары жағдайында саясатпен белсене қызығатын сұрауға қатысушылардың үлесі 25,1% дейін өсті, 2009 жылдағы дағдарыс толқынында ол 25,4% жетті. 2010 жылы инерция бойынша, ол 25,5% құрады. Алайда 2011 жылы халықтың саясилануының 22,8% дейін төмендеуі байқалады. Бұл ел дамуының күн тәртібіндегі өзгеріске байланысты – маңызды саяси құжаттар қабылдау тақырыбынан Ұлт бірлігі доктринасы, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы сияқты оларды жүзеге асыруға көшу болды (7-диаграмма).

7-диаграмма

1996–2011 жылғы салыстырмалы динамикадағы халық арасындағы саясатқа белсене қызығушылық көрсеткіштері

Халықтың саясиландырылуының төменгі сипаты электоралдық белсенділігіне де әсер етті.

38,7

58,2

22,8 25,5 25,4 24,4 25,1 24,2 20,7 22,4

20,1

0,0

10,0

20,0

30,0

40,0

50,0

60,0

70,0

1996 1997 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011

Page 60: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

60 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

90-жылдардың ортасына дейін жоғары электоралдық жұмылдыру болған. 1989 жылы жергілікті кеңес депутаттарының сайлауында 87% дау-ыс берушілер, 1990 жылы 25 наурызда ХІІ шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің сайлауында – 83,9%, 1991 жылдың 1 желтоқсанындағы Прези-дент сайлауында – 88,23%, ХІІІ шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің сайлауында – 73,52% қатысты. 1995 жылдың сәуіріндегі Президенттің мерзімін ұзарту жөніндегі референдумға дауыс берушілердің рекордтық саны қатысты – 91,3%. Конституцияны қабылдау жөніндегі тамыз рефе-рендумындағы көрсеткіш 1%-ға ғана аз болды – 90,58% [57, 103 б.].

Содан соң электоралдық белсенділік төмендеп кетті. 1995 жылдың желтоқсанында парламент сайлауына 64,69% дауыс беруге қатысты. 1999 жылдағы Президент сайлауының көрсеткіші 87%, ал 2005 жылы – 75% құрған болатын. 10 жыл ішінде төмендеу – бестен бір бөлікке жетті. Пар-ламент сайлауына дауыс берушілердің келуі одан да төмен көрсеткішті құрайды. 2007 жылы ол 64,56% деңгейінде болды. Бұл ретте дауыс беру-шілердің келуі бұрынғы жылдардың көрсеткіштерінен асқан 2011 жылдың 3 сәуіріндегі президент сайлауы ерекше болды.

Өзгерістер сайлауға азаматтардың қатысу ниеттемелерін қозғады. Сайлауға өзінің қатысу уәждері ретінде азаматтық парыз (55 және 57%), өз партиясын қолдау ниеті (3 және 11%), елдің дамуына үлес қосуға ұмтылу (21 және 23%) белгілене бастады. Азаматтар үйреншікті болғандықтан (13 және 7%), біреу-міреу олардың дауысын пайдалануынан (15 және 13%) сақтану ретінде аз дауыс беретін болды.

Қатыспау уәждеріне уақыттың жетіспеушілігі (5 және 23%), сайлауға әдейі қатыспауы (9 және 15%) көріне бастады. Өздерінің сайлауды менсінбеуін сапасыз сайлау (14 және 13%), лайықты қатысушылардың жоқтығы (8 және 5%) сияқты дәйектермен жиі негіздейтін болды.

Алдымен халықтың басым көпшілігінде, әсіресе ауылдық деңгейде сай-лауға деген көнбістік қатынас басым болып келетінін айта кету керек. Егер адамдар сайлауға баратын болса, олардың қандай да бір міндетті, әдетті орындау немесе қандай да бір өзіндік көңіл-көтеру сияқты көрінеді. Қазіргі жағдайларға сәтті бейімделген қалалық дауыс берушілердің бір бөлігін-де сайлауға қатысу – бұл өзіндік бейімделудің, тіркелудің, қалыптасқан өмір ырғағының, ауқаттылықтың, өмір стандартының, абыройдың өзіндік белгісінің қандай да бір көрінісі. Осылайша, дауыс берушілердің негізгі көпшілігі сайлауға саясиландырылғандықтан (партиялық қалаулар) ем-ес, өздерінің жеке уәждерінің есебінен барады. Өткен 17 жылдың ішінде өзгерген нәрсе аз [58, 54 б.].

Сонымен қатар, сауалнама барысында сайлаулар, партиялар және әлеуметтік шиеленіс арасындағы өзара байланыс айқындалды.

Сайлаулар мен саяси партиялар әлеуметтік шиеленісті жоюдың механизмі ретінде. Әлеуметтік тұрғыда сайлау қоғамның әлеуметтік

Page 61: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Бұқаралық сана және Қазақстандағы үш мәрте 61транзиттің нәтижелері

құрылымының барлық компоненттерімен, ең алдымен жүргізіліп жатқан саяси курсты қолдау ресурсы ретінде әлеуетті қарастырылуы мүмкін бола-тындарымен байланысты нығайту механизмі ретінде қолданылуы мүмкін. Саяси партиялар қарсылық білдіру әлеуетін өңдеуді жою, оның канализа-циялау және сындарлы саяси нысандарға өңдеу механизмі ретінде көрініс табуы мүмкін.

2004 жылдың сәуірінде жүргізілген сауалнама нәтижелеріне сәйкес, партияларды қолдайтын респонденттердің ішінде қарсылық білдіру митингтеріне қатысу арқылы билікке тікелей әсер ету механизмдері аз қолданған кездегі (9,3%) электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейі (44,7%) белгіленді (10-кесте).

10-кесте

Партияларға әртүрлі қатынастағы азаматтар үшін билікке әсер етудің қолайлы механизмдері (V= 8000, 2004 ж., сәуір)

%

Партияларға дауыс беруге дайын болу

Сайлауға қатысу

Ереуілдерге, наразылық

митингілеріне қатысу

Дауыс беруге міндетті түрде

барады

Барлық партиялар-ды қолдаудың орташа көрсеткіші

44,0 9,3 44,7

Оппозициялық партия-ларды қолдаудың орташа көрсеткіші

40,3 11,7 39,9

Барлық партияларға қарсы дауыс берушілер 20,6 10,8 14,7

Нақты бір оппозициялық партияларды қолдайтын респонденттер сайлауға қатысуға деген төменгі бейімділікті (39,9%) көрсетіп отыр, бірақ билікке қарсылық білдіру акциялары арқылы (11,7%) қысым жасауға жиі дайын. Барлық партияларға қарсы дауыс беретіндерге (10,8%) қарағанда, оппозициялық электорат тіпті көп жағдайда қарсылық білдірудің ашық түрлеріне бейім болуы тән. Тиісінше, оппозициялық партиялардың сай-лауға қатыспауы немесе бойкот жариялауы жағдайында ашық қарсылық білдіру қауіптері ұлғаяды.

Профессор М.С. Әженов саяси әрекеттің экономикалық және әлеуметтік уәждерге тәуелділігін көрсетеді. Оған қоса, халық өз негізінде саяси емес: «Электораттың саяси әрекетінің әртүрлілігі белгілі бір себеп-термен байланысты. Дауыс берушілердің басым бөлігі кәсіби саясаткер-

Page 62: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

62 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

лер болмағандықтан, белгілі бір бөлігі және тіпті көпшілігі саяси процес-терге енжар болғандықтан, олардың электоралдық әрекеті көбінесе саяси позициялармен немесе дүниетаныммен әлсіз байланысқан түрлі жағ-дайлардан туындайды. Бұл жағдайлардың арасында олардың өмірінің экономикалық, материалдық шарттары ерекше орын алады» [54, 31–32 б.].

Әлеуметтанушы А.П. Коновалов саяси енжарлықтың болуын еске түсіру әсіресе 1999 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде анық байқалғанын көрсетеді: «Соңғы екі электоралдық науқандағы халықтың саяси белсенді-лігін талдау біздің отандастарымыздың басым бөлігінің санасында даму-шы азаматтық қажеттіліктерде демократияны күшейту үшін тым жағым-сыз үрдістер көрсетіледі. Әңгіме ең алдымен азаматтық халықтың басым бөлігінің арасындағы мемлекеттік басқарудың таңдаулы органдарын құру-ға деген инфантильділік, сенімсіздік және немқұрайдылық туралы болып отыр» [60, 165 б.].

Селқос саяси әрекеттің ерекшелігін ресей зерттеушісі Н.В. Карпо-ва өте нақты көрсетті: «1990-жылдардың аяғындағы посткеңестік саяси мәдениеттегі болып жатырған өзгерістерді зерттей келе, В.О. Рукавишни-ков... құрылып жатқан саяси мәдениетті «бақылаушылар» немесе «шеткі көрермендер» мәдениеті типіне жатқызды»... «Бақылаушылар» мәдение-тінің ерекшелігі онда саясатқа деген субъективтік қызығушылықтың айтарлықтай жоғары деңгейі мен азаматтардың айқын белгіленген саяси енжарлығы, олардың қоғамның саяси өміріне қатысуға ниетінің жоқты-ғының сиысып кетуінде» [61, 63 б.].

2003–2007 жылдардағы барлық электоралдық циклдің қорытындыла-ры бойынша қазақстандықтардың саяси әрекеті кейбір ерекшеліктерімен негізгі әлеуметтанулық заңдылықтарды көрсетті: «бэндвэгон», «андердог» заңдары және әйгілі Элизабет Ноэль-Нойман «үнсіздік спиралі» [62].

«Бэндвэгон» заңы дауыс берушілерді өздерінің дауыстарын сұрау жеңімпазына беруге түрткі болады. Дәл осы үшін саяси партияларға өздері жоғары рейтингтік позициялар иемденетін сұраулардың нәтиже-лері ұнайды және олар мұны жанама үгіт-насихат амалы ретінде қуа-нышпен қабылдайды. Қажетті нәтижеге жетпейтін партиялар мұны әлеу-меттанулық мәліметтерді тарту арқылы өтемақы алуға тырысады.

Басқа «андердог» заңына сәйкес, дауыс берушілердің бір бөлігі аутсайдер-партияларға жанашырлық танытып, оларды қолдауға деген ниет туындайды. Рейтингтер көшбасшыларының онсыз да табысты екенін көреді. Оларды дауыс берушілердің негізгі бұқарасы мен басым бөлігі қолдайды. Олар бұл әлемнің «теңдестігі», үйлесімділігі үшін анық жеңіліп жатпаса да, жоқ дегенде сайлаушылардың жоқ дегенде аз бөлігінің қан-дай да бір қолдауына ие болатындарға, олардың тырысушылықтарының, көшбасшылармен бәсекеле алмасын білмесе де, батылдық тауып, сайлау-ға шыққанының өтеуі ретінде дауыс беруге болар еді деп санайды.

Page 63: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Бұқаралық сана және Қазақстандағы үш мәрте 63транзиттің нәтижелері

Оған қоса, дауыс берушілер көп жағдайда сайлау науқаны барысында тым амбициялық партиялардың қарқынынан, олардың бұқаралық айқа-сынан, бір-біріне «шапқанынан» аздап шаршайды, бұл жағдайларда олар «тыныш» үміткерлерді немесе партияларды қалайды. Олардың үндемеу-шілігі және кейде инерттілігі даналықтың, мына принцип бойынша дауыс берушілерге өзіндік сыйластықтың көрінісі ретінде қабылданады: біз өзі-міздің позицияларымызды таңбаймыз, біз тек қана өзіміздің дүниеге көзқа-расымызды сіздерге жеткіземіз, ал сіздер әрі қарай өздеріңіз шешіңіздер».

«Үнсіздік спиралінің» салдары белгілі бір дауыс берушілердің бір бөлігінің сайлауға қатысушыларына қатысты өзінің позициясын көрсету-ден бас тартып қалуы болып табылады. Нәтижесінде дауыс берушілердің бір бөлігінің шешімін сайлау күні анықтайтын немесе тіпті сайлау учас-кесіне барған кезде дауыс беру бюллетенінде таныс есімдерді немесе атау-ларды жорамалдап белгілей салатын жағдайда «соңғы минут бұрылысы» эффектісі орын алады. Өздерінің бұрынғы көзқарасынан (егер сұрауға қатысушы болса, сұрау барысында белгілеген) саналы түрде өзгерткен дауыс берушілердің басқа да санаты бар. Оған қоса, көзқарастың өзгеруі өте кішкентай себеп бойынша болуы да мүмкін. Мысалы, дауыс берейін деп жүрген қандай да бір партия аясындағы жанжал туралы естіді, немесе ұнап қалған үгіт-насихат плакатын көріп қалды немесе қажетті уақытта, қажетті сағатта, белгілі бір көңіл-күй кезінде пайда болды.

«Үнсіздік спиралінің» айтарлықтай қиын көріністері де бар – өзде-рінің шынайы көзқарастарын немесе қалауларын саналы түрде жасыру. Әдетте адамдардың мұндай санаты жауап беруге қиналғандардың тобы-на «түсіп жатады». Алайда егер ол сайлауға барса, онда өздерінің «шы-найы қалауларына» дауыс береді. Азаматтар егер олардың объектілері ресми қоғамдық пікірде сыни, теріс сипатта болса, ондай жағдайда жа-сырады. Бұл көбінесе телефондық сауалнамалар барысында, аз жағдайда – анонимдік сауалнамаларда айқындалады.

Сонымен қатар, ауыл және қаланың мәртебесіне ұмтылатын халық үшін билік факторы маңызды болып табылады. Бірінші санатта – бұл таби-ғи адалдықтың, биліктің сакральдылығының мойындалуының, қалауы-ның көрініс табуы, екіншісінде – қолайлы қатынастардың құндылықта-рын, табысқа жету үшін мүмкін болатын билікпен «байланыстарын» мойындау. Сол себепті сайлауда азамат биліктің соны қалайтындай дауыс беруі мүмкін, жоқ дегенде биліктің солай қалайтынын сезінеді.

2.3. Қазақстан қоғамының саяси санасының моделі

Қазақстан халқы әртүрлі саяси факторлардың әсерінде болып тұр. Халықтың әл-ауқаттылығының жаңғыруы мен өсуі негізгілері болып та-

Page 64: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

64 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

былады. Қоғамда экономиканың либерализациясына сұраныс, халықтың кәсіпкерлік бастамасының босатылуы нығайтылуда. Оған қоса, саяси ре-формаларда патернализмнің маңызды компонентімен байланысты біркел-кі көңіл-күйлер сақталуда. Әлеуметтік әл-ауқаттылықты қамтамасыз ету үшін халық мықты мемлекет принципін қолдауды жалғастыруда. Негізгі бәсекелес идеологиялық ағымдар либералдық консерватизм мен жаңарған социализм идеяларын қосқандағы социал-демократия болып қала беруде.

Сонымен қатар, қазақстандық қоғамның идеялық-саяси алаңы қазақ тілі мен қазақ мәдениеті сияқты мемлекетқұраушы ұлттың дәстүрлі ұлт-тық құндылықтарын дамытуды қолдауға негізделген ұлттық-патриоттық көңіл-күйлердің өсуін бастан кешіріп жатыр.

Шығыс қоғамдары үшін жаңғырту қиын саяси қатерлер әкеледі. Қазақстанда ол дәстүршілдер мен либерал-демократтар, аға және жас бөлік арасындағы қайшылықтарды күшейтті. Мұның көріністерінің бірі 2001 жылдағы жас түріктердің шиеленісі болды.

Осыған ұқсас проблемаға өз кезінде Ирандағы жаңғыртушылар да тап болған болатын, нәтижесінде ол діни қанаттың күшеюіне алып келді.

«…Ирандағы жаңғырту процесі өзіндің ирандық (аутентистік) –дәс-түрлі және жаңғыртушылық сегменттерге бөлінуге алып келді. «Дәстүр-шілдер» өздерінің ұлттық және өркениеттік бірегейлігін жоғалтпауға тырысып, қарсылық білдірді. Өзіндік ерекше шығыс қоғамын «батысқа» қарай өзгерту дезинтеграциялық процестердің туындауы мен күшеюіне алып келді» [63, 12–13 б.].

Иран қоғамы қазақстандық полиэтникалық және көп тілдік қоғам сияқты, бірақ мұнда ол монотеистік, Исламның анық басымдығы жағ-дайына жақын. Сол себепті мұнда жанжал діни радикалдануға және антиамерикандыққа келіп соқтырады. Біздің жағдайымызда, жанжал негізгі этникалық топтар мен ұрпақтар арасындағы сызықта жатыр.

Қазақстандықтардың саяси психологиясындағы басты қозғалысы жаңғырту қиындықтары әсерінен сана оң либералдыққа дейін жетпей, сол флангтан орталыққа қарау қалпына келуінде. 90-жылдардың басында-ор-тасында басқа мәселе өзекті болды – «қызыл ренессанс» қаупі [47, 52–53 б.].

Егер жалпылай айтсақ, қазақстандық қоғам мықты саяси сенімдердің принципі бойынша әлсіз құрылымданған. Саясатқа деген өздерінің көз-қарастары сұралғандардың тек 30% ғана бар, олардың ішінде тек алтын-шы бөлігі арнайы әдебиетті оқу негізінде өздерінің пікірлерін құрды. Тиісінше, әрбір төртінші респондент тек өздерінің жеке бақылауларына негізделе, саясат туралы талқылай алады.

Оған қоса, бұл жағдай болып жатқан өзгерістерге деген икемділігін анықтайтын тұрақтылық қазақстандық қоғамдық сананың ырғақтылы-ғының көрінісі болуы мүмкін. Бұл саяси тұрақтылықты сақтаудың кепілі болып табылады.

Page 65: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Бұқаралық сана және Қазақстандағы үш мәрте 65транзиттің нәтижелері

Халық арасында консервативтік көңіл-күйлері басым деген пікір бар, алайда бұл пікір негізінен шындыққа жанаспайды. Қазақстандық қоғам айтарлықтай саяси көзқарастар бойынша бөлінген. 14% өздерін біркелкі деп атауда, 12% демократтар мен социал-демократтар арасында бөлінді, 9% – біркелкі ұлтшыл-патриоттар, 8% – экологтар деп атауға болады, 6,5% – ұлтшыл-радикалдар, 5,6% – оңшыл авторитарлық платформаны қолдайды және тек 3% өздерін либерализммен сәйкестендірелді.

Әдеттегідей, орташа табысты қабаттағы аға буын респонденттері ед-әуір байсалды болып табылады. Жастар айтарлықтай радикалды, олар кейде ұлтшыл-патриоттық немесе демократиялық ұрандарды қолдайды. «Темір тәртіпті» әдетте статус-квоның сақталуына мүдделі жеке мүлкі бар топтар мен күштілер құптайды.

Ұлтшыл-патриоттық идеяны төменгі табысты топтар, сондай-ақ ұлттық зиялы қауымдар жиі қолдайды. Социал-демократия жергілікті ұлт емес орташа табысты халықтың арасында жиі қолдау табады.

Экономикалық еркіндіктерді қамтамасыз ету жағдайында демокра-тиялық, либералдық және консервативтік әдістер елеулі көрсетілді. Сұрал-ғандардың тек 10% азаматтардың ауқаттылығын теңестіру үшін бизнеске жоғары салық салу туралы социал-демократияның негізгі идеологемасы-мен келісті. Алайда, қосалқы сұрауда 58% респондент мемлекеттің эко-номиканы басқаруға қатысу қажеттілігі туралы идеяны қолдады. Байсал-дылардың, либералдардың немесе демократтардың бағдарламаларының басқа идеялары едәуір аз қолдауға ие болып жатады.

«Темір тәртіп» немесе «мықты қол режимі» туралы оңшыл автори-тарлық идеологияның негізгі тезисін респонденттердің үштен бір бөлігі қолдайды. Таза оңшыл авторитаризмды сұралғандардың тек 6% ғана ұстанады. Респонденттердің үштен бірі тек саяси дағдарыс кезеңінде ғана «темір тәртіпті» қолдауға дайын – демократтар. Сұралғандардың әрбір төртіншісі «мықты қол» режимін тек экономикалық дағдарыс және реттеудің біркелкі шаралары жағдайында қабылдарлық деп санайды – олар консерваторлар.

Саяси стратификацияның маңызды индикаторы жеке меншік түрле-ріне қатынасы болып табылады. Мұнда консервативтік әдіс басым – икемді экономиканы қамтамасыз ету үшін түрлі жеке меншік түрлерінің тіркесуі туралы – 37,5%. Алайда экономика құрылымындағы меншіктің мемлекеттік түрінің басым болуына сұраныс болып табылады – 43%, оның жартысы – тек мемлекеттік жеке меншікке. Сұралғандардың 16% жеке меншіктің артықшылығы туралы айтты.

Көппартиялық, сөз бостандығы туралы демократиялық платформа-ның индикаторы саясатта демократтар басым екенін көрсетті – 46%-ті құрады. Консерваторлар шамамен 3 есеге аз, 5 есеге – социал-демократ-тар, 15 есеге – оңшыл авторитаристер.

Page 66: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

66 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Демек, экономика мәселелерінде респонденттер – либералдық кон-серваторлар, немесе социал-демократтар, саясатта модернизаторлардың басым болуы байқалады.

Саяси жүйе жеке бастама мен кәсіпкерлік рухты босату үшін әрі қарай реформаларды талап етеді. Онсыз әсіресе инновация саласында экономи-ка сәтті дамымайды.

Экономикалық және саяси идеологиялардың ұқсастықтарының нүктесі әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету мәселесі болып табылады. Мұнда әрбір үшінші – социал-демократияның басымдықтарын, алай-да әрбір төртінші – либералдық консерватизм саласынан біркелкі әдісті қолдайды. Таза либерализмді сұралғандардың 11% қолдайды; 18% рес-пондент бастапқы мүмкіндіктердің теңдігін қамтамасыз етуге, яғни демократияға кетті.

Бұған орай, Қазақстандағы партиялық идеологиялардың бірде-біреуі әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету мәселелерін дұрыс операциялаусыз тиімді бола алмайды. Жалпы ортақ игілік идеологиясы қазақстандық қоғамның әрі қарай шоғырлануының факторы бола алды.

Оған қоса, консервативтік алаңның сыйымдылығы 50–55% дейін жетеді. Сонымен қатар, кейбір индикаторлар бойынша консервативтік көрсеткіш орташа есептен асады. Мысалы, елдегі тұрақтылық пен тәртіпті сақтауды сұралғандардың 67% ұстанды, 60% жуығы басқарудың прези-денттік түрін қолдаса, халықтың 56% жуығы басты құндылық ретінде өзінің отбасының амандығын атады. Сондай-ақ, басқа иникаторлар бойын-ша көрсеткіштер 43% дейінгі шамада тербеліп тұр. Айтарлықтай сипат-тылардың ішінде мұнда меншіктің аралас түрін қолдау (43% жуық); құн-дылықтар: жұмыс (36% жуық), қауіпсіздік (35% жуық), елдегі тәртіп (28%), азаматтық бейбітшілік (12% жуық) және т.б. сияқты атап өтуге болады.

Біздің зерттеулер ресейлік әлеуметте тіркелетін мәліметтермен түзе-тілетінін айта кету жөн. Мысалы, Н.В. Карпова «азаматтардың 25–30% либералдық-демократиялық құндылықтардың үлгісіне тік бағытталады деп көрсетеді... Алайда мәні жағынан борыштық дәстүрлі ділдіктің өкілдері әлі де 40% ресейліктер ұстанады» [61, б. 61].

Авторлар В. Магун және М. Руднев ресейліктердің ділінің «орта-шылдығын», яғни «өзгерістер» мен «сақтаулардың» арасындағы сал-маққа бейімділігін білдірді. Ресей халқы (егер де оны орташа шамалар негізінде басқа елдердің халқымен салыстырар болсақ) «Өзгерістерге ашықтық – сақталу» құндылық оппозициясындағы және өзін-өзі нығай-ту құндылықтарына (өзінің «Менінен» тыс шығу құндылықтарына нұқсан келтіре отырып) ең жоғары бағдарларының біріндегі орташалық жағдаймен сипатталады [65, 43 б.].

Ресей отырықшы тұрмыстың крепостнойлық–монархиялық архаи-каның әсеріне шамадан тыс тап болған. Сол себепті мұнда пессимизм,

Page 67: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Бұқаралық сана және Қазақстандағы үш мәрте 67транзиттің нәтижелері

ренжіген билікті түсіну, азаматтық борыш мықтырақ айқындалған. «Патерналистік көңіл-күйлердің деңгейі бойынша – 78% – Ресей Ұлыбританиядан 3 есеге (27%), АҚШ (31%) пен Германиядан (35%) шама-мен 2-2,5 есеге асып тұр» [66, 18 б.].

Қазақстандық қоғамдағы ахуал біршама басқаша. Патернализм аз емес, Ресейге қарағанда кейбір жерлерде көбірек екені сөзсіз. Алайда біз-де ол көшбасшының қабылдауымен көбірек байланысты. «Ол жолды біледі», «ол алда». Белгілі бір сакрализация, пиететтегі қанағатсыздық бар.

Саясаттанушы Е.К. Ертісбаев көрсеткендей, «…Қазақстандық бұқа-ралық сана айтарлықтай «кеңестік» және «социалистік».... «Соңғы жыл-дардың «орташа орыстық» немесе онан гөрі «орташа белорустық» сана-сы – бұл көп жағдайда шаршаған, ашулы және ешкімге сенбейтін адам-дардың санасы... қазақстандық бұқаралық санаға тамырлары арнайы қазақстандық өмір салтында негізделетін ерекше діл мен терең өзіндік дәстүрлер туралы айтпағанда, халықтың көпшілігінің тұрақтылық пен тәртіпке мүдделілігінде тым радикалдық көзқарастары бөтен» [67, с. 35].

Демек, Қазақстандағы патернализм – бұл кеңестік санаға тағзым емес, және ресейлік тәжірибеге ұмтылу емес. Бұл – белгілі бір иерархиялар мен мифтермен берілуі қажет әлемді қабылдаудың өзіндік тәжірибесі.

Бұқаралық сананың математикалық моделінде консерватизм негізгі жағдайды алады. Оған қоса, оның орналасу нүктесі көлденеңінен негізгі са-яси полюстерден – оң және сол, сондай-ақ тігінен – мемлекеттің ең жоғары және ең төмен рөлдері бойынша тең өшірілген. Мұндай жағдай, сонымен қатар, консервативтік алаңның сыйымдылығы оған деген сананың басқа топтарының жақтаушыларының саяси-психологиялық тартылысын алдын ала анықтайды.

Сонымен қатар, «таза», принциптік консерваторлар. Индикаторлардың жалпы кешені арқылы респонденттердің әлеуметтанулық фильтрация-лау нәтижелері бойынша 25% шамасында немесе барлық консервативтік алаңның жартысына жуығы «консервативтік ядро» кристалданды. Бұл – отандық сарапшылардың орталық бағыттағы халық тобы ретінде сипаттауы [68, 187 б.]. Қалған бөлігін консервативті тартылыс топтарына жатқызуға болады. Солардың ішінен мыналарды бөлуге болады: «солшыл консерваторлар» (әлеуметтік тұрақтылық жақтастары) – 10–12%-ға жуық; «оңшыл консерваторлар» (демократиялық тұрақтылық жақтастары) – 5–8%-ға жуық; – әсіресе «жоғары этникалық саналы» топтар бөлінуде (ба-сымы – қазақтар, қазақтілді халық бөлігі), олар консервативті өрісте жал-тарып ұлтшыл-патриоттар болып танылады. Консерваторлардың жалпы санында бұлардың үлесі шамамен 1/5 бөлігін құрайды (1-сурет).

Page 68: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

68 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

1 – сурет

Нақтылау: Сана топтарының сыйымдылығы бойынша мәліметтер – бағалау-есептік, 100%-дық теңдестіксіз

Қазақстандық қоғамның саяси санасының моделі

Осыларды есепке ала отырып, бүгін өз кезегінде консерваторлар бо-лып табылатындар: мемлекеттің күшті рөлін сақтап қалуға ұмтылатын социал-демократиялық, коммунистік сана ұстанушылар; дәстүрге, мәде-ниеттің қайта өрлеуіне, тілге аса көңіл бөлетін ұлтшыл-патриоттар; де-мократияны, нарықты, елде және жалпы халықтың көп бөлігінде меншік жүйесін нығайтқысы келетін, тұрақтылық, азаматтық бейбітшілік, келісім, әл-ауқаттылық, ұлттық құндылықтарды ұстанатын құқық авторитаристер.

Консервативті сананы ұстанушылар топтары саяси курс көмегінің тіректі базасын көрсетеді. Олардың ішінен, ең алдымен, орталық тап-тың топтарын белгілеу қажет: орта жасқа келген жоғарыбілікті және жоғары мәртебелі әлеуметтік-кәсіби топтар. Консервативті сананың негізгі ұстанушылары негізгі тап болып табылады.

Индикаторлар кешені бойынша есептеулерге орай, консерватизм құндылықтары жоғары (63,4%) және орта табысты топтар арасында – 56,2% көбінесе талап етіледі, аз дәрежеде – базалық (табысы ортадан аз) – 49,9% және төмен табысты топтар (43%) арасында.

Page 69: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Бұқаралық сана және Қазақстандағы үш мәрте 69транзиттің нәтижелері

Орта тап санасындағы консервативтік қисаю нарықтық жағдайларға олардың бейімделу деңгейін, белгілі бір материалдық тұрақтылыққа жетуін, өмір стандарттары мен сапасын анықтайды. Орта тап мүшелері үшін басты құндылықтар – жұмыс, өз отбасының амандығы, елдегі тұрақтылық, жеке қауіпсіздік.

Консерватизмнің бәрімен сіңісіп кететін әсері бар және қандай да бір жеке партиялармен немесе қозғалыстармен шектелмейді. «Әдетте америкалық саяси ағымдардың спектрі туралы айтқанда, республика-шылдарды консерваторлар деп атайды, ал демократтар – либералдар. Бұл дұрыс емес, себебі тек осы партиялардың әрқайсында өз либералдары және өз консерваторлары бар болумен қоса, консерватизм мен либера-лизм әртүрлілігі де бар» [69, 174 б.].

Ұлыбританияда М. Тэтчер жанындағы неолибералдардың жеңіске жетуі қалыптасқан екіпартиялықтың бұзылуына әкелді. Билікке кейін кел-ген лейбористер алысқа бармай, «Үшінші жолды» іздей бастады – либера-лизм мен социал-демократияның шетке шығуын алдын-алатын өздігінше консервативті әдіс. «Идеологияны жаңартуда маңызды рөлді «жаңа лей-бористер» алға тартқан «үшінші жол» тұжырымдамасы, яғни алдыңғы онжылдықтардың шектерінен: бір жағынан – нарықтық бәсекелестіктің шексіз мүмкіндіктерін мадақтайтын неолиберальды тэтчерлік модель шығындарынан, екінші жағынан – мемлекеттік реттеуге бағытталған соғыстан кейінгі социал-демократия стереотиптерінен еркін, дамудың қандай да бір тиімді векторын табуға мүмкіндік» [70, 184 б.].

Айта кету керек, қазіргі әлемнің, соның ішінде Ұлыбтанияның, идео-логиялық өзгерістерінде үлкен рөлді әлеуметтанушылар атқарды. Ұлы-британияда лейбористердің «Үшінші жол» бағдарламасын сол кездегі Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің басшысы Э. Гидденс құрастырды.

Жапонияда сондай-ақ гибридизация мен сембиозға бейімделуде бай-қалған консерватизм басым болды. «Біріншіден, жапондық сананың кір-мелерді тиімді трансформациялай және бейімдей алатыны сонша – олар шектеулі және дәстүрге қайшы келмеуші нәрселер ретінде қабылданады. Екіншіден, жапон дәстүрінің ерекшелігінің мәні мынада – «жаңаны қабыл-дау сананың тұжырымдамалық қайта құруын талап етпейді, ескіні жаңа-ның күштеп ығыстыруы туралы мәселе ешқашан тұрмады, кірме сіңісіп, Жапонияның автохтонды синтоистік мәдениетін толықтырған» [71, 61–62 б.].

«Орташалар» үлкен дәрежеде өз күшіне сенеді, ал өздерін өзінің өмірлік жетістігінің басты факторы ретінде қабылдайды. Сол мезетте, олар айтарлықтай елеулі функциялар мен мәселелерді, ең алдымен, ойын ережесінің сақталуын талап ететін, мемлекетке жүктейді. Мұны негізінен орта таптың БАҚ нарығындағы толық мемлекеттік бақылауды емес, мем-лекеттен мықты бәсекелестікті қамтамасыз етуін күтуі айтып тұр. «Орта-

Page 70: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

70 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

шалар» меншіктің аралас түрін қолдайды және мемлекет экономиканы бақылауы тиіс деп есептейді. Сонымен қоса, орта тап мемлекеттен өзінің жеке және мүліктік қауіпсіздігіне кепілдік күтеді.

Азырақ табыс деңгейі мен өмірлік ауқаттылығы төмен топтардың арасында орын алғанына қарағанда, орта тап өкілдері айтарлықтай құрылымдық және ұйымдастырылған саяси пікірлерге ие. Орта тап бой-ынша демократизация – халықтың мәдени-тарихи дәстүрлерімен сәйкес жүзеге асырылатын келесі саяси модернизация (8-диаграмма).

8-диаграмма

Табыс деңгейі әртүрлі азаматтардың саяси санасының басым типі (индикаторлар кешені бойынша орташа салмақты көрсеткіш)

Консерватизм орта жастағы азаматтардың арасында айтарлық-тай талап етіледі. Есептеулер бойынша, 30 бен 44 жас арасындағы 56,6% респонденттер консервативтік сананың жақтаушыларына жатқызылуы мүмкін. Жас азаматтар арасындағы консерватизмнің «салмағы» да іс жүзінде сондай деңгейде – 55,4%, бірақ бұған 25 пен 29 жасқа дейінгі үлкен жастардың тобы жатқызылады.

Едәуір салиқалы, демек, консервативтік санаға бейім болу М.К. Горшко-ва және Н.М. Давыдова ресейлік авторларда айтылады: «Бұқаралық санада идеялық-саяси пікірлердің және ең жас ұрпақтан орта және аға буынға дейінгі бағалардың эволюциясымен байланысты ресей қоғамының өзіндік «үш бірлігі» сақталады. Көп жағдайда мұндай бағаларда шеткі жас когор-талары көбінесе әртүрлі пікірлерді айтатын, монотондық өсетін (немесе кемитін) қисықтар болады, сондай-ақ орта жастағы адамдар теңдестік көзқарастарды көрсетеді, көп жағдайда – барлық сұралғандардың массиві

63,4 56,2

49,9 43 ,0

0

10

20

30

40

50

60

70

Жоғары табыс Орташа табыс Негізгі топ Төменгі топ

Консервативтік Социал - демократиялық Коммунистік Либералдық Демократиялық Ұлтшыл - радикалды Құқықтық авторитарлық

Page 71: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Бұқаралық сана және Қазақстандағы үш мәрте 71транзиттің нәтижелері

бойынша орташа көрсеткіштеріне жақын. Сол арқылы орта жастық топ-тар өтпелі түйін қызметін атқара отырып, әлемді қабылдаудағы шеткілікті тұрақтандыруды жалғастыруда» [72, 20–21 б.].

Басқаша айтқанда, орта жастың маңызды қасиеті, артықшылығы, феномені туралы айтылады. Бұл – радикалды, тым эмоциялық бағалау-лардан кету, ақылға салынған болып табылады (9- диаграмма).

9-диаграмма

Жас топтары арасындағы саяси сананың басым типтері

Осы жас топтары арасында бүгін де либералдық-демократиялық және ұлтшыл-радикалдық сана жақтаушыларының үлесі айтарлықтай елеулі екені байқалады. Тиісінше, негізгі жас топтарында саяси бағдарлар сипа-ты бойынша бөліністің тәуекелдігі бүгінде айтарлықтай жоғары.

Респонденттердің жастарының ұлғаюына байланысты олардың ара-сында социал-демократиялық көңіл-күйлер күшейе түсуде. Оған қоса, егде адамдардың арасында прокоммунистік көзқарастардың шыңы бел-гіленген. Ұлтшыл-радикалдық және либерал-демократиялықты қосқан-дағы басқа сана түрлері осы топтар үшін бәрінен азырақ екендігі тән.

Әлеуметтік-кәсіби бөліністе консерватизмнің негізгі базасы көбіне-се фермерлер, кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілері, мемлекеттік қызметкерлер өнеркәсіп жұмысшылары болып табылады, көбінесе олар –халықтың жоғары білікті бөлігі. Консервативтік сана типіне бюджеттік сала қызметкерлері жақын, бірақ олардың ішінде социал-демократиялық көңіл-

55,4 56,6

49,8 47,0

0

10

20

30

40

50

60

18 - ден 20 жасқа дейін

30 - дан 45 жасқа дейін

46 - дан 60 жасқа дейін

61 жастан жоғары

Консервативтік Социал - демократиялық Коммунистік Либералдық Демократиялық Ұлтшыл - радикалды Құқықтық авторитарлық

Page 72: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

72 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

күйлер басым. Кәсіпкерлік орта либерал-демократиялық риториканың әсерін сезініп жатыр. Айтарлықтай аз консервативтік сана топтарына оқушылар мен студенттер жатады, біздің көзқарасымызша, біріншіден жас психологиясы мен либерал-демократиялық сана жақтаушыларының партиялық-саяси әсерінің ұшырағыштығына байланысты (10-диаграмма).

10-диаграмма

Әртүрлі әлеуметтік-кәсіби топтардың арасындағы саяси сананың консервативтік типі

Ақыр аяғында, саяси ойлау типі басым түрде әлеуметтік факторды (сананың әлеуметтік-демократиялық немесе коммунистік типтері) анық-тайтын консерваторлар тобына аз дәрежеде жұмыссыздар мен зейнеткер-лер жатады.

65,6

63,8

59,6

59,3

57,4

56,4

54,5

53,6

50,9

50,2

49,4

40,6

38,6

0 20 40 60 80

Әскери қызметкерлер

Фермерлер

Кәсіпорын басшылары

Мемлекеттік қызметкерлер

Өнеркәсіп жұмысшылары

Денсаулық сақтау қызметкерлері

Сауданың жалдамалы жұмысшылары

Ғылым, мәдениет, білім беру қызметкерлері

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері

Кәсіпкерлер

Студенттер, оқушылар

Жұмыссыздар, үй шаруашылығындағы әйелдер

Зейнеткерлер

Page 73: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Бұқаралық сана және Қазақстандағы үш мәрте 73транзиттің нәтижелері

Осылайша, Қазақстан жағдайындағы саяси сананың консервативтік типі басым болып табылады. Оның жақтаушылары қазіргі саяси режимді қолдайтын тіректі әлеуметтік топтар болып табылады. Онымен қоса, жал-пы бұқаралық санада тосындық тіркес бар, бір жағынан – демократиялық мо-дернизация мен либерализм идеяларына назар аударушы консерватизмді берік қабылдамау, ал екінші жағынан – сананың айтарлықтай айқын консервативтілігі.

2.4. Саяси сананың басым типінің сипатамасы

Саяси сананың консервативтік (центристік) типінің бірінші басым-дығы солшыл және оңшыл бағытталушы саяси ойлаудың антогонистік типтерінің аясында шоғырланушы идеология негізінде жатуы болып та-былады.

Солшыл бағытталған өрісті социал-демократтар құрайды, сыйым-дылығы 20-25% деңгейіне дейін жетеді, және коммунистер 7-10% шама-сында.

Социал-демократиялық топ әлеуметтік әділеттіліктің принциптік жақтаушылары мен коммунистік сананың эволюцияланушы жақтаушы-ларының басым болуы есебінен құрылады. Көбінесе олар – жалдама-лы жұмыскерлер, бюджеттік сала қызметкерлері, зейнеткерлер, Ба-тыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Ақмола, Атырау облыстарының тұрғындары.

Бүгінгі күні сананың кертартпа типі коммунистік болып табыла-ды. Оны коммунистердің ортодоксалды (егде жастар) және «партияның идеалдарына адал» (үлкен, зейнеткерліктік алдындағы жас) бөлігі құрай-ды. Көп жағдайда олар – ауыл шаруашылығы қызметкерлері, бюджеттік сала қызметкерлері, зейнеткерлер, мемлекеттік қызметкерлердің бір бөлігі, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола облыстарының тұрғындары.

Коммунистік қозғалыстың әлсіздігіне, идеологияның қазіргі заманғы сұраныстарға төмен бейімделуіне қарай жалпы сол сегмент қазіргі кезде жас халық топтарын тартпайды, ол оның біртіндеп «құрып кетуін» негіз-дейді. Жергілікті қазақ халқының арасында коммунистік бренд басым түрде тоталитарлық ескілік, кеңестік империя және т. б. көрінісі ретінде қарсы ынталандырушы түрінде ықпал етеді.

Онымен қоса, оңшыл бағытталған оппозицияның белсенділігін еске-ре отырып, компартияның ыдырататын сипаты, оның позициялауы, маргиналдық коммунистік сананың жақтаушыларының бір бөлігі, соны-мен қатар, люмпенделген қабаттары оң радикалдық платформаға өтуде. Мұндай сипаттағы «қозғалыстар» оңшыл бағытталған сананы арттыруға ықпал етеді.

Page 74: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

74 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Оңшыл бағытталған өрісті демократиялық (8-13%) және либерал-дық (12-17%) сана типтеріндегі азаматтар құрайды.

Халық арасындағы демократиялық және либералдық принциптер арасындағы әлсіз бөліністігі, сонымен қатар, оларды өкіл ететін жеке партиялардың жоқтығына қарай бұқаралық санадағы либералдық-демократиялық біріктіргіштігін айтуға болады. Жалпы либералдық-демократиялық электораттың сыйымдылығы осылайша 20-30% шегінде тербеледі.

Тұтасымен алғанда, бұқаралық санадағы либералдық-демократия-лық сегмент өсуші болып табылады. Оны көбінесе кәсіпкерлік қабаттар, ауылдағы (фермадағы) жеке меншік иелері, батысқа бағытталған интелли-генцияның топтары, жастар, басқарушылық корпус, көбінесе жоғары та-бысты және орташа табыстылар мемлекеттік қызметкерлер, Алматы және Астананың, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, аздап Маңғыстау және Қызылорда облыстарының тұрғындары құрайды.

Сонымен қатар, либералдық-демократиялық өрісте бүгін қатерлі «миы ашуы» байқалады. Біркелкі либерал-демократтардің бөлігі «оңшыл консерваторлардың» сегментін құра отырып, консервативтік өріске тартылуда.

Нарықтық реформалардың бастапқы кезеңдерінде либералдық-демократиялық көзқарастарды ұстанған жоғары табысты, элиталық қабаттардың бір бөлігі бүгін оңшыл авторитарлық санаға ауытқуда. Бұл бұл топтардың меншік құрылымының тұрақтылығын сақтауға ұмы-тылысының гипертрофиясынан болып отыр.

Оңға бағытталушылар салыстырмалы түрде сыйымдылығы бүгін де 4-5% құрайтын автономдық реакциялық өрісті құрайды. Бұған көбінесе жоғары табысты топтар, басқарушылық корпус, күш органда-рының қызметкерлері, Алматы қаласында, Ақтөбе, Атырау және Солтүс-тік Қазақстан облыстарында тұратын мемлекеттік қызметкерлердің, фермерлердің бір бөлігі жатады.

Олардың біразы елдегі ішкі тұрақтылықты сақтаудың арқасында консервативтік санаға жақындай бастайды. Консервативтік сана-да олар оңшыл консерваторлардың блогын құрай отырып, байсал-ды либерал-демократтарға топтасады. «Байсалды» және «оңшыл авторитарлық либерал-демократтардың топтарының кемуінің орны нарықтық сана топтарын (жастар) арттыру, люмпенделген және маргиналданған әлеуметтік қабаттардың көзқарастарының өзгеруі арқылы толықтырылады.

Оңшыл радикалдар өрісін толықтыруда ерекше орынды титулдық этникалық топтардың мәдениетін, тілін дамытуға қатысты мемле-кеттің саясатына қанағаттанбайтын ұлтшыл-радикалдық сана топ-тары иеленеді. Бұл көбінесе қазақ тілді қазақтар, ауылдық жерлерде

Page 75: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Бұқаралық сана және Қазақстандағы үш мәрте 75транзиттің нәтижелері

тұратын қазақтар, ауылдан қалаға көшіп-келген әлсіз бейімделуші қазақ жастары.

Осы барлық процестердің қысымы арқылы бүгінгі күні оңшыл радикалдық жазықтыққа санадағы либерал-демократиялық біріктіргіш-тің араласуы жүріп жатыр. Мұнда топталған қандай да бір сананың типтерінің жақтаушылары өздерінің жиынтығында өзіндік бір оңшыл радикалдық майданды құрайды. Дәл осындай оңшыл радикалды, ұлтшыл-демократиялық толықтыруға ие қарсылық білдіруші суб-страт грунзиндіктерге немесе украиндықтарға ұқсас саяси коллизиялар үшін негіз болуы мүмкін.

Саяси сананың көрсетілген либералдық-демократиялық және сол-шыл бағытталған типтері өз күштеріне қарай шамамен бірдей. Олардың негізгі принциптердің антогонистіктігіне қарай кеңеюі қоғамдағы ішкі қайшылықтарды шешуге жағдайлар жасауға қабілетті.

Осы орайда, зерттеу нәтижелері бойынша сұралғандардың тек 11% ғана біздің елде түрлі саяси көзқарастардағы адамдар арасында қандай да бір қайшылықтар жоқ деп есептейді.

11-диаграмма

Азаматтардың түрлі саяси бағдарды ұстанатын адамдар арасындағы қайшылықтардың болуын бағалауы

Сол бір мезгілде басқаша ойлайтындардың саны 5 есе дерлік көбірек және респонденттердің 52% жуығын құрайды. Оған қоса, сұралғандардың 22% бұл қайшылықтарды күшті деп атады.

Елдегі саяси сана топтарының саяси қайшылықтарына, сондай-ақ олардың қарсылық білдіру акцияларын және саяси күрестің радикалдық

11,1 %

29,3 %

22,3 %

Қарсылықтар жоқ Қарсылықтар әлсіз Қарсылықтар күшті

Page 76: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

76 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

әдістерін қолдану қатынасына алаңдаушылық айтарлықтай сипатты бо-лып табылады. Байқалғандай, көп жағдайда елдегі саяси қайшылықтарға «бейтарап» консерваторлар, ал аз дәрежеде – социал-демократтар, ли-берал-демократтар алаңдайды. Бұл туралы оңшыл авторитаристер (олардың тыныштығының көрінуі болып табылатын) және ұлтшыл-радикалдар (олар үшін саяси қайшылықтар – алаңдаудың себебі емес) азырақ ойлайды.

Сонымен қатар, билікке қысым көрсетудің тиімді амалы ретінде қарсылық білдіру акцияларын көп деңгейде либерал-демократтар, со-циал-демократтар және аздап оңшыл авторитарлық сана жақтаушылары бағалайды. Радикалдық әрекеттерге көп дәрежеде оңшыл авторитаристер, ұлтшыл-радикалдар мен либералдар дайын. Жауаптартардың теңдестігіне қарай, сана топтарының ішіндегі ең саяси «электрленгендері» либерал-демократтар мен оңшыл авторитарлық сана иелері болып табылады. Онымен қоса, елеулі электоралдық сыйымдылығына қарай екіншісіне қарағанда біріншісі айтарлықтай қауіпті көрінеді.

Социал-демократтар жеке бір қарсылық білдіру акцияларымен шектелгенді қалайды, ал ұлтшыл-радикалдар өмірлік жағдайларының ке-неттен нашарлауы жағдайында «барлық нәрсеге дайын».

Саяси сананың бұл топтарындағы шиеленіс билік үшін әлеуетті тәуекелдік өріс құрады, ол елдің дамуының жаңа кезеңіндегі қоғамның шоғырлануы, солшыл және оңшыл радикалдық ағымдар сияқты сая-си сананың антогонистік типтерінің арасындағы қарама-қайшылық-тардың әлеуетін азайту үшін оңтайлы ретінде консерватизм идеоло-гиясының талап етілуінің ұлғаюына әсер етеді (12- диаграмма).

12-диаграмма

Саяси сана топтарының саяси қайшылықтары мен қарсылық білдіруге алаңдаушылық деңгейлері

23,8 21,6 21,1

17,8 17,1

9,7

12,9 14,5

10,7

5,9 7,5

9,2 10,4

14,9

10,5

0

5

10

15

20

25

Консерваторлар Социал - демократтар Либерал - демократтар Оңшыл авторитарлықтар

Ұлтшыл - радикалдар

Елдегі саяси қайшылықтарға көп жағдайда алаңдаулы Қарсылық білдіру акциялары билікке әсер етудің тиімді амалы Радикалдық әрекеттерге дайын

Page 77: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Бұқаралық сана және Қазақстандағы үш мәрте 77транзиттің нәтижелері

Консерватизмнің екінші маңызды артықшылығы қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының арасындағы едәуір тұрақталған қолдау бо-лып табылады.

Есептік көрсеткіштердегі белгілі бір тербелістерге қарамастан, басқа саяси саналардың типтерімен салыстырғанда қандай да бір топтардың арасындағы консерватизмнің қолдауының тұрақтылығы маңызды сая-си артықшылық болып табылады. Мұны іс жүзінде барлық әлеуметтік-демографиялық топтардың мысалында елестетіп көруге болады.

Азаматтар арасындағы саяси ойлау типін қалаулардың тербелісінің амплитудасы (аймақтар, ұлт, кәсіп, жас, табыс – бес индикатор бойынша орташа өлшенген көрсеткішке қатысты ең жоғары және ең төмен мәндері арасындағы сомалық дисбаланс) консервативтік сана бойынша 158,5% құрады. Салыстыру үшін: ұлтшыл-радикалдар бойынша тербелістер көрсеткіші 571,1% деңгейіне жетті, демократтар бойынша – 396,8%, ли-бералдар – 287,5%, оңшыл авторитарлық сана жақтаушылары – 271%, коммунистер – 269,3%, социал-демократтар – 161%.

Сананың социал-демократиялық типі қалаулар тербелістерінің амплитудасының ең төмендігі бойынша консерватизмге бәсекелестік құруға лайықты екенін айтып кетпеуге болмайды. Сонымен қоса, социал-демократиялық сана жақтаушыларының құрылымы негізгі белгілер бой-ынша аздап түрі өзгерген, әсіресе бұл аймақ пен ұлтқа байланысты (13-ди-аграмма).

13-диаграмма

Негізгі әлеуметтік-демографиялық индикаторлар бойынша саяси сана типтерінің ең жоғары және ең төмен көрсеткіштерінің арасындағы

тербелістердің амплитудасы

0,0

100,0

200,0

300,0

400,0

500,0

600,0

Табыстар бойынша Жасы бойынша Кәсібі бойынша Ұлты бойынша аймақтар бойынша

оңшыл

Page 78: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

78 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Мұнда айырылысу сызығы басты жағдайда консерватизмге ұмты-латын жергілікті этностың және социал-демократиялық бағытталған аз этностардың, сонымен қатар оңтүстік, оңтүстік-шығыс ауылдық (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан) және солтүстік, батыс (Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Ақмола облыстары) аймақ-тары арасында болуда.

Сананың басқа типтері бойынша олардың әлеуметтік базасының бір жақтылығына көрсетуі мүмкін едәуір маңызды көрсеткіштер белгіленген.

Консерватизм елдің барлық өңірлерінде басым, алайда респондент-тердің тұру аумағымен негізделген кейбір ерекшеліктер орын алады.

Консерватизм Маңғыстау, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарын-да, Астана және Алматы қалаларында едәуір талап етілген. Оған қоса, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында азаматтардың санасының төсемі сананың басқа типтері бойынша қатты уатылуда. Мұнда социал-демократиялық, коммунистік, және продемократиялық көңіл-күйлер белең алады. Маңғыстау облысы жағдайында ұлтшыл-радикализм де қатты әсер ете-ді. Ақмола облысы сана құрылымы жағынан Батыс Қазақстан өңіріне жақын.

Астанада консерватизммен бірге либералдық және оңшыл автори-тарлық көңіл-күйлер де басым. Соңғы индикатор бойынша онымен Алма-ты да жақын. Осы орталық қалалармен бірге оңшыл авторитарлық өрісті Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары да күшейе түсуде.

Сананың социал-демократиялық типі көп жағдайда сондай-ақ Қара-ғанды обылысында айқын байқалған, либерал-демократиялық көңіл-күйлері Атырау, Алматы және Ақтөбе облыстарында, ұлтшыл-радикализм – Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында.

Саяси қалаулардың жоғары дифференциациялы өңірлеріне Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарын, Астана және Алматы қалаларын, төменіне – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарын жатқызуға болады.

Осылайша, консерватизмнің идеялық-саяси платформасы қазіргі кез-дегі Қазақстан жағдайлары үшін айтарлықтай оңтайлы болып табылады. Ол халықтың негізгі топтарының ішінде едәуір тұрақталған қолдауға ие.

Консервативтік платформаның әрекеттілігі мен тиімділігі консер-вативтік сана жақтаушыларының бірі негізгі қоғамдық топтар орта тап, орташа жас, жоғары білікті кәсіби топтар болатынын анықтайды. Азамат-тар, олардың өкілдері мемлекеттік басқару, экономика, әлеуметтік сала жүйесінде негізгі позицияларды иемденеді. Олар жалпы ішкі өнімді құру-да негізгі рөлге ие, олар қоғамның констукциясын жасаушы, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың белсенді жолсеріктері мен идеялардың генераторлары болып табылады.

Айтарлықтай мықты консервативтік көңіл-күйлер әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары деңгейі бар аймақтарында байқалатынын

Page 79: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Бұқаралық сана және Қазақстандағы үш мәрте 79транзиттің нәтижелері

айта кеткен жөн. Бұл жерде кристалданды: елорда, елдің негізгі мегаполисі –Алматы қаласы, батыс өңірлерінің бөлігі. Онымен қоса, аймақтар бой-ынша әлеуеті айтарлықтай жоғары басқа да саяси идеологиялардың дифференциациялық әсері қатты байқалады. Олар саяси сананы өшіреді, оның нақты идеялық-саяси арқауынан айырады.

Осылайша, саяси сана типтері бойынша 6 негізгі жіктерді бөліп көр-сеткен жөн:

1. Либералдық-демократиялық сананы сақтаушылар («батыстықтар») модернизациялық көңілге икемделген халық блогында шоғырланады. Мұндайлардың үлесі шамамен 25-30% құрайды. Бұл топқа шын «таза» либералдар, мемлекет рөлін тым алшақтатуды ұстанатындар және де-мократтар, тәртіпті сақтай отырып, адам құқықтары мен еркіндіктерінің басымдығын қорғайтындар жатқызылады.

2. Социал-демократиялық санаға икемделушілер. Бұл өрістің сыйым-дылығы 20% жетеді. Бұл топ тек мемлекет өзінің әлеуметтік рөлін салмақты сақтағанын, бөлуші жұмысты белсенді атқарғанын, әлеуметтік қамқор болғанын, табыстарды теңестіруін сақтауды қалайтынындар құрайды. Со-циал-демократтар либерал-демократтарды теңестіреді.

3. Саяси сананың социал-демократиялық мінбесі мемлекеттен тыс қоғамның қандай да бір дамуы мүлде қарастырылмайтын социалистік және коммунистік санасымен толықтырылады. Мұндай сананың үлесі 7 –10% жетеді. Әдетте оған икемденушілер санасының қалануы нарықтық қа-тынастардың келуіне дейін болған егде жастағы адамдар болып табылады.

4. Басты мақсаты ретінде мықты мемлекет пен құқықтық тәртіпті ұстанатын оңшыл авторитарлық топ тар. Бұл – кәдімгі күш құрылым-дарының өкілдері кіретін үлкен реакциялық өріс. Бұл өрістің сыйым-дылығы 4–5% жетеді. Түркия сияқты әскердің мықты позициялары бар қоғамдарда мұндай топтың салмағы едәуір маңызды.

5. Ұлтшыл-радикалдар тобы титулдық этностың ерекше қолдауы не-месе басымдық қолдауы қатаң позицияларында тұр. Олар – едәуір тар топ, сыйымдылығы 3–4% көп емес. Ұлттық сана жақтаушыларының негізгі массасы қоғамдық сананың басқа сегментінің арнасында жатқан біркелкі позицияларына негізделеді.

6. Қазақстандықтардың саяси санасының негізгі блогын әртүрлі көрінісіндегі консерватизм құрайды: оң (либералдық) консерватизм-нен солшыл консерватизмге дейін. Ұлтшыл-радикализмге қарағанда айтарлықтай байсалды саяси ағым ретінде ұлтшыл-патриотизм де кон-сервативтік санаға жатады. Түрлі бағалаулар бойынша, консервативтік сана үлесі 45–50% жетеді. Консерваторлардың ядросы әдетте 25% құрайды. Консерватизмнің негізгі концепті – отбасының, сенімнің, адамның, дәстүрлердің құндылықтардың басымдылықтарынан, мұқтаждықтарынан қашудың түрлі әдістерін біріктіру.

Page 80: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

80 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Қоғамның қалыптасқан саяси құрылымын ескере отырып, радикалдық реформалар, тездету – іс жүзінде мүмкін емес. Әңгіме консервативтік сана-ны модернизациялық, нарықтық ынталандырулармен біртіндеп толтыру туралы болуы мүмкін. Консервативтік сана модернизацияға қарсы әрекет етудің мықты құралына ие – инновацияларды «орап алатын» және оларды өзінің стереотиптері мен көріністеріне бейімдейтін инерция. Оған қоса, инновацияның алғашқы мақсаттары өзгереді және оның оның төңкерілуі болады. Ресми түрде реформа қалыптасты, алайда шын мәнісінде ол мақсаттарына жеткен жоқ.

Сананың дәл осындай ерекшеліктеріне саяси және әкімшілік рефор-малар түйіседі. Бұл сарапшылардың айтып жүргені, реформалардың ниеттерін қоғамдық сананың әлеуметтік негізіне тездету әртүрлі нәтиже шақыруы мүмкін, бұл әрине оны жүзеге асырудың қажеттілігін теріске шығармайды.

Халықтың көпшілігінің пікірлерінің негізгі үйлесуі мемлекеттің ада-ми факторға назар аударуды күшейтуге сұранысы болып табылады. Ада-ми ресурстармен, олардың әлеуметтік-экономикалық нығайтылуымен айналысуы қажет кезде еліміз экономикалық дамудың осындай деңгейіне жететініне сенімді.

Басқа сөзбен айтқанда, басты рөлді барлық қажеттіліктері мен мүм-кіндіктерімен қоса алғандағы адам атқаруы қажет мемлекеттік саясатты әлеуметтік түзету мәселесі тұр.

Азаматтар дамудың ірі және кең мақсаттарын алға қойып және қол-дайтынына қарамастан, осы барлық мақсаттар арқылы Қазақстандық қоғамның барлық күштері мен институттары үшін адами және әлеуметтік фокусқа деген сұраныс жатыр.

Page 81: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Әлеуметтік саясат – ұлттық идеологияның 81бір бөлігі

3. ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ – ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ БІР БӨЛІГІ

Әлеуметтік саясатқа қоғамның идеологиясы тәуелді болып келеді. Бұл мағынада әлеуметтік сала – тек көмекші механизм ғана емес, бұл қоғамның идеялық-саяси құрылымын қалыптастырудың негізі болып табылады. Сұрақ қарапайым: біз жалпы халықтық игілікті көздейтін мемлекетпіз бе, әлде, қоғамды ынталандыратын таңдаулылар үшін немесе компрадорлық буржуазияны, либералдық-демократиялық немесе діни жүйені құрамыз ба? Осы сұрақтың шешімін табу әлеуметтік саясаттың негізгі міндеті болып табылады. Әлеуметтік саясаттың сипаты тек азаматтардың қауіпсіздігін емес, сонымен қатар мемлекеттің өзінің де әл-ауқатын да анықтай алады. Әлеуметтік саясатта қоғам дамуындағы этникалық, конфессионалдық, әлеуметтік-экономикалық факторлар да ескеріледі.

3.1 Қазақстандағы әлеуметтік реформалардың моделі

Қазақстан өз тәуелсіздігін алуымен дамудың бастапқы кезеңдерінің белгісіз ағымдарына және рифтеріне қарсы тұруға тура келді. Реформа-лардың қалыптасқан моделі Қазақстанды өз алдарына бәсекеге қабілет-тілікті нығайтуды мақсат етіп қойған әлемнің қарқынды дамушы елдер қатарына қосылуға мүмкіндік берді. Бұл моделі арқау болған экономика-дан саясатқа формуласы бойынша жасалған жүйелі реформалар.

Жаңа мемлекетті құруды бастамас бұрын экономиканың жаңа негізін салуға, сонымен бірге мемлекеттілікті құруға да мүмкіндік бермеген басқарудың әкімшілдік-әміршілдік пен шаруашылықты жүргізуді бұзу керек болды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мемлекеттік бюджетте айтар-лықтай үйлеспеушіліктер байқалды, онда әлеуметтік кепілдіктердің мөлшері шынайы экономикалық мүмкіндіктерден бестен бір бөлікке асып түсті. Негізінде, мемлекеттің халық алдында орындауға уәде берген міндеттерді орындайтын жағдайы болмады.

Ескі санадан әлі арыла қоймаған халық үшін әлеуметтік реформа-лар «соққы емі», ал ол кезең тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең қиын және қайғылы уақыттардың бірі болды. Өндіріс қалпына келтірілмеген, нарықтық реформалар әлі қажетті экономикалық нәтиже бермеген,

Page 82: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

82 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

жалақылардың, жәрдемақылар мен зейнетақылардың бірнеше ай төлен-беуі, газ, жылу және электр қуатының шексіз өшуі. Осы жағдайда қоғамда бірден әлеуметтік қысым пайда болды.

Сонымен бірге, жағдайды реформаларсыз жөндеу мүмкін емес екендігі белгілі болды. Туылу деңгейі мен халықтың денсаулығы төмендеді, адам өлімі өсті және қоғамдағы білім жүйесінің де өзектілігі жоғалып, жаңа талаптарға жауап беру деңгейі төмендей бастады. Осының бәрі қосылып, түпкілікті әлеуметтік реформалардың жүргізілуіне негіз болды.

Бұл жағынан 1995 жыл жаңа әлеуметтік саясаттың түпкілікті негіздерін жасаудың кезеңі болды. «Азаматтардың медициналық сақтандырулары» жөніндегі жарлық әлеуметтік саланың бағдарын халықтың жинақ қорын тарту үшін мемлекеттік қаржыландыруға өткенін білдірді.

Осыған қоса халық тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемімен қамтамасыз етілді. 2010 жылға дейін реформалаудың және денсаулық сақтауды дамытудың кешенді Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды.

Жоғарғы технологиялы заманға сай медициналық көмектің қолже-тімділігін арттыру үшін Ұлттық медициналық холдинг құрылды.

Елдің барлық аймақтарында халыққа жоғары мамандандырылған кардиохирургиялық көмек көрсетуші кардиохирургиялық орталықтары құрылды. Жылына 10 мыңнан аса қашықтықтан кеңес беруді жүргізуге мүмкіндік беретін шамамен 150 телемедициналық орталықтар іске қосылды.

2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап еңгізілген денсаулық сақтаудың біркелкі Ұлттық жүйесі емделушілерге стационарды еркін таңдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Соңғы он жылда денсаулық сақтауға бөлінген шығындар он есеге өсті және ол қазір 555 млрд.-тан аса теңгені құрайды. Бұл салаға бөлінген ауқымды инвестиция денсаулық сақтауды техникалық жаңартуға, жаңа объектілердің құрылысына, денсаулық сақтау мекемелерінің заманға сай жаңа жабдықтармен жабдықталуына мүмкіндік берді.

Соның нәтижесінде, демографиялық саладағы жағдайдың, соның ішінде табиғи өсім тұрғысынан нақты түзелгенін көріп отырмыз. Соңғы 10 жылда мың адамға деген табиғи өсім 3 есеге дейін өсті. Ана өлімі көрсеткіштері 2 есеге азайды.

1996 жылдан бастап тұрғын үй коммуналдық реформасының жалғасы болып табылған пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК) құрылуда. 1998 жылдан бастап елде ипотекалық несиелеу жүйесі жұмыс жасайды.

1997-1998 жылдары зейнетақы реформасы жүзеге асты. Чилилік зейнетақы жүйесін құру тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан зейнет-ақымен қамтамасыз ету жүйесімен қатар жинақтау жүйесін де құрды. Енгізуде үлкен қауіп болды, ол сонымен қатар жағымсыз әсеріне де бай-

Page 83: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Әлеуметтік саясат – ұлттық идеологияның 83бір бөлігі

ланысты болды. Дегенмен, реформа соңында халықтың сеніміне ие болып өз жұмысын атқарып кетті. ТМД елдерінің ішінен ешқайсысының мұндай табанды әлеуметтік реформаға батылдықтары жетпеді.

Бүгінде 14 зейнетақылық жинақтаушы қорлар жұмыс жасауда. Бар-лық жұмыс істеген уақытында оларда 1,9 трлн. теңге зейнетақы қорлары жинақталды. 2010 жылы зейнетақымен қамтамасыз ету шығыстары 1995 жылмен салыстырғанда 6,8 есеге артып, 432,0 млрд. теңгені құрады. Соңғы 15 жылда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 15 есеге өсті және 27 мың теңгеден көп, ал ең жоғарғы зейнетақы мөлшері – шамамен 40 мыңды құрайды. 2012 жылы зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2007 жылға қарағанда 2,5 есеге өсті.

Мемлекеттің ең басты артықшылығы – балалы отбасыларды әлеу-меттік колдау. 2006 жылдан бастап баланың тууы мен бір жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақыны қосатын балалы отбасыларды қолдаудың толық жүйесі еңгізілді, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жәрдемақы 18 жасқа дейін төленеді.

Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алуы ғылым мен білім саласын-дағы дамудың жаңа кезеңіне жол ашты. 1995–2000 жж. арасында білімге бөлінген ақшаның екі есеге, 2001–2010 жж. жеті еседен көп ақша бөлінгенін атап өту керек. Салыстырмалы түрде қарағанда соңғы 10 жылда білімге бөлінген қаржы жалпы ішкі өнімнің 3–4%. құрайды. Соңғы 10 жылда оқытушылармен мұғалімдердің жалақыларының деңгейі орта есеппен 4 есеге өсті. 2001 жылдан бастап студенттер мен колледж оқушыларының шәкіртақылары – 6 есеге, аспиранттар мен докторанттардыкі – 4 есеге, магистранттардыкі – 15 есеге өсті.

Жалпы алғанда, тәуелсіздік жылдарындағы үдемелі құрылымды ре-формалардың нәтижесінде елдегі білім және ғылым жүйесінің дамудың тұ-рақты жолына түскені туралы айтуға болады. Бұл халықаралық деңгейдегі сапалы және сандық көрсеткіштермен расталады. Мысалы, білім беру дамуының индексі бойынша (ББДИ) Қазақстан әлемнің 129 елінің арасын-да 1-ші орында (ЮНЕСКО-ның 2009 жылғы бүкіләлемдік баяндамасының мәліметтері, «Теңсіздікті жою: басқарудың маңызды орны» барлығына білім беру мониторингі бойынша).

Ғылым маңызды игілігіне және ел дамуының қорына айналды. Мемле-кет барлық реформаларда ғылымды дамытуға қаржыландыруды үдемелі арттырып отырды. Қазіргі уақытта Қазақстанда ғылымға бөлінетін жалпы қаржы 49 млрд. теңгеден асты. Бірінші рет ғылымға бөлінген қаржының үлесі ЖІӨ-нің 0,31%-на жетті.

Ғылым белгілі бір нәтижелер беруде. 1995 жылдан 2010 жыл арасында жыл сайын қорғалатын құжаттар саны 1283-тен 1865-ке дейін өсті.

Тек 2007 жылдан 2009 жыл арасында мемлекеттік органдардың ғылыми бағдарламалары шеңберінде 1256 патенттер мен халықаралық

Page 84: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

84 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

басылымдардағы жарияланымдар алынды. Соның ішінде, 1 халықаралық, 4 шет елдік, 3 еуразиялық патент бар. Бұдан басқа 2 халықаралық және 3 еуразиялық патентке тапсырыс берілді.

Жастар тарапынан ғылымға деген қызығушылықтың өсуі байқалады. Жас ғалымдардың орнықтырудың шараларының бірі ретінде шет елдің үздік ғылыми орталықтарында машықтану түріндегі біліктіліктерін кө-теруді айтуға болады. 2008 жылы шет ел ғылыми орталықтарында 124 қазақстандық ғалымдар, сонымен бірге жас ғалымдар тағылымдамадан өтті.

Ғылыми инфрақұрылым дамуда, әлемдік стандарттар бойынша ашық типтегі 5 ұлттық зертханалар жабдықталды, жетекші жоғарғы оқу орындарында ғылыми-техникалық даму басымдылығымен инженерлік бейіндегі 15 зертханалар жұмыс жасауда.

Ғылымды басқару саласында заманға сай өзгертулер жүргізілді. Инновациялық жүйені үйлестіруші орган ретінде Қазақстан Республи-касы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия жұмыс істейді. Бұдан басқа, Ғылым комитеті, Ғылым қоры, Ұлттық инновация-лық қор, Технологияны трансферттеу және инжинирингтер орталықтары құрылған.

2010 жылдың 28 маусымында Астанадағы әлемдік деңгейдегі универ-ситет болуға лайықты Назарбаев университетінің ашылуы айтулы мән беретін жағдай болды.

Қазақстанның алдында мұндай Университет құрудың үш үлгісі тұр-ды. Біріншісі – бұл жоғары оқу орынын жаңғырту. Екіншісі – жоғары оқу орындарының қосылуы. Үшіншісі – «таза парақтан» бастау. Құрылған жаңа университет жаңа технологиямен білім берудің жиырма бірінші ғасырдағы үлгілерін алу үшін Қазақстан үшінші жолды таңдады.

Университет білімді тек беруші ғана емес, сонымен қатар оны өндіру-ші де болып табылады. Университет құрылымына 6 мектеп пен 3 орталық кіретін болады. Мектептер инженерия, жаратылыстану ғылымдары, меди-цина, бизнес және гуманитарлық блокқа қоса білім берудің негізгі салала-рын қамтитын болады. Орталықтар алдыңғы қатарлы ғылыми бағыттарға бағдарланады, олар: халықаралық инструменталды орталық, өмір туралы ғылымдар және энергетикалық зерттеулер орталығы.

Университеттің толыққанды жұмыс жасауы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: Назарбаев Универсиеті туралы арнайы заң қабыл-данды; университетке шет елден жоғары білікті оқытушылар шақыр-тылуда, университетке дарынды жастар қабылданды. Университеттің алғашқы студенттері үшін мемлекет 500 грант бөлді. Университет тұрақты қаржыландырылып тұруы үшін эндаумент-қор құрылды. Алдағы уақытта ол арқылы университет қаржыландырылып отырады. Толыққан-ды университеттік кампус құру үшін жағдай жасалған. Университет Интеллектуалдық мектептермен құрылушы Медициналық кластерге

Page 85: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Әлеуметтік саясат – ұлттық идеологияның 85бір бөлігі

жақын елорданың беделді бөлігінде орналасатын болады. Бұл мамандар-ды даярлаумен ғылыми зерттеулер жүргізуде тығыз серіктестік байланыс-тар жүргізуге мүмкіндік береді.

Университетті бақылау ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде қамтамасыз етіледі. Тұңғыш Президент тұсында университеттің, Эндаумент-қордың жә-не интеллектуалдық жұмысын үйлестіретін Жоғарғы қамқоршылық кеңесі құрылады. Директорлар кеңесін Премьер-Министр басқарады. Премьер-министрдің Кеңсесі университеттің жалғыз акционері болып табылады.

Жаңа университет жоғарғы кәсіби білімнің дәрежесін айрықша көте-руге бейімделген. Ғылым мен білім берудің бірігуі айрықша жоғары-лайтын болады.

2011 жылы оқытушылар мен мұғалімдердің жалақысы 30%-ға өсті, са-наттарына сәйкес үстемеақы да қарастырылған. Алматы қаласының әкімі А.С.Есімов мұғалімдердің дәстүрлі тамыз жиналысында, Алматы бойын-ша мұғалімдердің жалақы деңгейі 116 мың теңгеге дейін жетуі мүмкіндігін айтты [73].

Жаңа университеттен бөлек білім саласындағы маңызды иннова-циялардың бірі Тұңғыш Президенттің 20 зияткерлік мектебінің құрылуы болып табылады.

Аталған мектептер балабақша мен мектепалды дайындық үшін оқу-тәрбие бағдарламаларын, сонымен қатар 12 жылдық оқытудың білімдік бағдарламаларын әзірлеп, еңгізіп және мақұлдаудың бастапқы алаң-дарына айналады.

2015 жылға қарай «Балапан» бағдарламасының шеңберінде 70% мек-тепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ететін мемлекеттік және жеке меншік бала бақшалардың желісі дамитын болады. Бағдарлама білім беру ұйымдарында 5-6 жастағы балалардың барлығын мектеп алды дайындықпен қамтуға, мектепке дейінгі ұйымдар тапшылығы мәселесін шешуге қажетті қаржылай-экономикалық жағдайды жасауға, мектепке дейінгі ұйымдардың толығымен білікті мамандармен қамтылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Ғылым туралы» жаңа заңға сәйкес ғылымды басқарудың жаңа моделін құру қарастырылады.

Біріншіден, ғылымды қаржыландырудың 3 деңгейлі жүйесі: базалық, бағдарламалы-мақсаттық және гранттық. Аталған бағдарламалар 2011 жылы 33 млрд теңге көлеміндегі қаржыландырумен қамтылған. Бұл көлемнен 21 млрд. теңге Ғылым және білім министрлігіне, сонымен қатар 5 млрд. гранттық қаржыландыруға, 2,5 млрд. теңге базалық қаржыландыруға бөлінеді.

Екіншіден, ғылыми жобаларды қаржыландыру бойынша шешім қабылдау үшін ЖҚТК басым бағыттарынан 5 ұлттық ғылыми кеңес құру. Кеңестер құрамына 67 адам кіреді, олардың 9 АҚШ, Ұлыбритания, Бель-

Page 86: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

86 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

гия, Ресейден келген шетелдік ғалымдар, 4 – бейіндік холдингтер немесе ұлттық компаниялардың өкілдері. 4 – мемлекеттік органдар, 11 – жоғары оқу орындары, 3 – қоғамдық академиялар;

Үшіншіден, ҚР БҒМ жанында мемлекеттік ғылыми-техникалық сарап-таманың Ұлттық орталығын құру.

Қазақстан Республикасындағы білім беру мен ғылым жүйесіндегі барлық осы инновациялық жобалар 2008 жылы Елбасының бастауымен қолға алынған «Интеллектуалды ұлт» ұлттық жобасының жүзеге асуы шеңберінде жатыр. Жоба 3 бөліктен тұрады: білім беру жұмысының инновациялық дамуы, ақпараттық революция және жастардың ұлттық-мәдени құндылықтарының нығаюы. Осы үш компоненттің жүзеге асуы қазақстандық білім беру мен ғылымның қабілеттілігіне мүмкіндік береді!

Сөйтіп, Қазақстандағы әлеуметтік реформалардың басты идеялық тұжырымы енжар қоғамнан ақылды, дербес, ойланып өмір сүретін және өз бағасын білетін қоғамға өтуі болды.

3.2. Прогресс құндылықтары мен мәдениетін қалыптастыру

Институттық қайта құруларынан басқа, азаматтардың әлеуметтік практикалары, экономикалық мәдениеті өзгеруі үшін қандай да бір идеялық доктринаны құру маңызды болды. Жаңа әлеуметтік мәдениетті құру қажет болды.

2005 жылы батыс әлеуметтануында тарих пен адамзаттың болашағын оптимистік қабылдаудан шығатын «прогрестің жалпыға ортақ мәдениеті» деп аталатын тұжырымдаманың пайда болуының негізінде жатқан ірі зерттеу туындайды.

2002 жылдан 2005 жылға дейін Тафтс (АҚШ) университетінің жанындағы Флетчер атындағы институтта Лоуренс Э.Харрисон жүргізген «Мәдениеттің мағынасы бар» зерттеу жобасы жүзеге асырылды. Ол өзінің ғылыми ізденістерін өзінің өркениетаралық қақтығыстар болжамымен та-нымал болған атақты сарапшы С.Хантингтонмен бірге жүргізді [74].

Л.Харрисонның растауы бойынша, мәдени компонентті экономика-лық теорияға енгізу діннен – католицизм мен басқа дінгерге қараған-да экономика үшін едәуір қолайлы болып саналған М.Вебердің про-тестанттық этикасы жөніндегі танымал трактатынан басталды. Шын мәнісінде де мұндай қорытындылар үшін объективтік жағдайлар болды – Ұлыбритания, Германия, Шотландия, Исландия, Дания, Норвегия, Фин-ляндия елдерін қосқандағы солтүстік Еуропа елдерінің экономикалық өркендеуінің пассионарлық түрткі.

Алайда протестантизмнің эксклюзивтік артықшылықтары біртіндеп Жапония, Сингапур, Қытай, Тайвань, Оңтүстік Корея – Оңтүстік Шығыс

Page 87: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Әлеуметтік саясат – ұлттық идеологияның 87бір бөлігі

Азия елдерінің экономикалық ғажайыбын құрған ұлттардың ерекше психотипінің туындауына негіз болған конфуцийлік философиямен еңсеріле басталды. Олардың маңызды психологиялық сипаттамалары халықтың байсалдылығы, еңбек сүйгіштігі, ұжымшылдық, биліктің са-крализациясы, жинаққа бейім болу, яғни отандық оптимизм арқауында жатқанның барлығы болды.

Сол себепті егер дін тұрғысынан турасын айтсақ, онда ол «протестант-тық, иудаистік және конфуцийлік қоғамдар жалпы «Экономикадағы әрекет» деген біздің санатымыздың құндылықтарының прогресіне ықпал ететін, ал католиктік, мұсылмандық және православтық қоғамдар құнды-лықтардың прогресіне қарсы болатын сипатта болғандықтан біріншілері екіншілеріне қарағанда көп нәрсеге қол жеткізеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді».

Алайда Л. Харрисон ережеден басқа ерекшеліктер тым көп екенін көрсетті. Мысалы, католицизмнің нағыз жақтаушылары Испаниядағы баскілер жоғары кәсіпкерлік күш-қуатпен ерекшеленеді. Ол Испанияның дамуының жақсы қарқынына ғана емес, сондай-ақ Латын Америкасындағы Чилидің де дамуына әсер етеді. Демек, олардың жағдайында сенім түрі емес, этникалық рухтың күш-қуаты рөл атқарады.

Нәтижесінде зерттеуші «кез келген жағдайда жоғарыда айтылған-дардың барлығы «прогрестің жалпыға ортақ мәдениетінің» бар екені ту-ралы айтуға мүмкіндік береді деген тамаша қорытындыға келді: шығу тегіне қарамастан экономика саласындағы бір құндылықтар түрлі климаттық, саяси, институттық және мәдени жағдайлармен бірге елдер-де әл-ауқаттылықты қамтамасыз етеді. Мәдениет адамдардың генінде қалыптаспаған. Алайда мәдени өзгерістер күрделі процесс болғанымен, олар әлемде тұрақты болып жатады, «прогрестің жалпыға ортақ мәдениеті» кез келген қоғам үшін сәйкес келмеуі мүмкін деп растаудың ешқандай дәлелді негіздері жоқ.

Бұл тұрғыда ислам мәдениетінің экономикалық прогресске қарсы тұратын жалған орны туралы қалыптасқан стереотиптерді жоятын Малайзиядағы және Индонезиядағы мұсылмандық технократтардың идеяларының алға басуы жақсы кірігеді. «Алтын динар» идеясы, ис-лам банкингінің өсуі, ислам мемлекеттерінің сәтті модернизациясының үлгілері прогресс егер саясаттың ынталандырудары енгізілген болса мұсылман қоғамдары жағдайында әбден қолжетерлік.

Осыған ұқсас мағыналы мәтін британ әлеуметтанушысы Э. Гидденстің «Үшінші жолды» іздеу барысында жаһандану туралы пікірлері жат-ты. Ол «тым мықты мемлекет басқа ой мен кәсіпкерлік энтузиазмді ба-сып тастауға, тым әлсізі – қоғамды бақылаудан айырылуға алып бара-ды. Тым мықты азаматтық қоғам этникалық, ұлттық, өңірлік қысымды және сәйкестіліктің шиеленістерін, ал тым әлсізі … – барабар емес саяси

Page 88: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

88 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

және экономикалық дамуды тудырады. Ульрих Бектің артынша Гидденс тэтчеризмнің, нарықтық дарашылдықтың, атомизм мен өзімшілдіктің синонимі болып табылмайтын «жаңа, институттық дарашылдықтың» идеясын дамытады. Бұл – нарықтық қана емес, дәстүрлі өмір салтынан шегінуге душар еткен және индивид үлкен мобильділікке ие болатын ынтымақтастықтың ескі нысандарынан жаңасына ауысуды талап ететін кешенді процесс ретінде жаһанданумен өмірге шақырылған әлеуметтік те феномен» [74, 178–185 б.].

Отандық зерттеуші С.Б.Әлімова былай деп көрсетеді: «Қазіргі кез-де Қазақстанда жалпы әлемдік өзгерістерге деген бейімделудің баяу емес процестері байқалады. Керісінше, қазақстандық қоғам жаһандық үрдістердің көпшілігін белсенді жүзеге асырады. Алайда бұл өзіндік және жарқын буданды нысанында болып жатыр. Кеңестік және кеңестікке дейінгі ұзақ уақыт көлемінде қабатталған дәстүрлі қоспалармен болатын жаһандық үрдістердің өзіндік симбиозы құрылуда. Бұл отандық ахуалдың ерекше бағытын құрады. Сірә, әрбір қоғам өзінің нұсқаларымен, әлем ұқсас схемалар бойынша дамиды» [75, 39 б.].

Бұл қазақстандық ой біртіндеп әлеуметтік мәдени фактордың маңыздылығы туралы ойға айналуда. Бұл жағдайда «әлеуметтік көңі-күй» ұғымын қолдануға біртіндеп өту көрініс табуда.

2008 жылдың тамызындағы Гарвард университеті зерттеулерінің мәліметтері бойынша сұралған Ұлыбритания тұрғындарының 51% өздерін бақытты санаған. 27 жыл бұрын университет өзінің әлеуметтанулық мониторингін бастаған кезде бұл көрсеткіш 38% теңескен болатын. Біріккен Корольдіктің азаматтарының осындай оң көңіл-күйлерінің негізінде психологтардың пікірінше, өмір сүру деңгейін жоғарылату және әлеуметтік либерализация сияқты факторлар жатыр. Британдықтармен бірге ЕО ең бақыттылар үштігіне Дания – 45% және Швециямен – 43% бірге үшінші орынды бөліскен Бельгия – 43% кіреді [76].

Ғаламшардағы барынша риза еместердің ішіне күтпеген жерден Ав-стралия, сонымен қатар Венгрияның тұрғындары болды. Бір көргенде қисынсыз деп зерттеушілер экономикалық дүмпуді бастап кешіріп жатқан әлемнің ең халқы көп елдері Үндістан мен Қытайдың азаматтарының бақыт индексінің төмендеуін де айтады.

Еуропадан тыс бақыттың өсуінің ең жоғары қарқыны Мексикада бел-гіленген. Мексиканың үлгісі доминант этникалық табиғаттан шығатын ұлттың ішкі рухының маңыздылығын көрсетеді.

Гарвард университеті 1981 жылдан бері өзінің зерттеулерін де және қазіргі уақытқа дейін әлемнің 52 елінің 73 мың тұрғындарын сауалнама жүргізді.

Мексиканың тәжірибесі өте көрнекті емес, себебі мұнда әлі де зерттеушілер Еуропадағы ең оптимистік ұлт деп атайтын Испаниямен

Page 89: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Әлеуметтік саясат – ұлттық идеологияның 89бір бөлігі

байланыс бар және испандардың сенімі дамушы экономиканың маңызды механизмі ретінде түсіндіріледі.

Милан университетінің қазіргі ректоры, бәсекелестік мәселелері жөніндегі ЕО экс-комиссары Марио Монти «EuroNews» телеарнасында сөйлеген сөзінде бүгінгі күні Испания экономикалық даму қарқыны бой-ынша Италиядан және батысеуропалық мемлекеттерден оза бастағанын атап өтті. Басты себептер ретінде саясаттың және тікелей әлеуметтік оптимизмнің факторы алынады. «Жалпы ол жақта үкімет жақсы жұмыс істейді және азырақ айқын, бірақ аса маңызды фактор қызмет етеді: испандықтар бүгін айтарлықтай оптимистік, олар басқа елдердің, әсіресе Италияның тұрғындарымен салыстырғанда өздеріне және өздерінің болашағына көбірек сенеді» [77].

Бұл пікір бойынша Лондон экономика мектебінің және саяси ғылымдардың профессоры М.Дакенфильдке сұрақ қойылды. 2008 жыл-дың 14-18 сәуірінде Лондонда осы мектеп негізінде «Еуропаға жол: Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мүмкіндіктерін пайдалану» тақыры-бында апталық семинар өтті. [78, 83–116 б.].

Испания сарапшысы әлеуметтік оптимизм әдетте дамушы эконо-миканың ресурсы болып табылатынын түсіндірді. Яғни Испанияға әлі де өзінің экономикасын итальяндықтардыкімен теңестіру үшін біраз күш салуға тура келеді.

80-жылдардың өзінде танымал саясаттанушы Дж.Сартори Италияның дамуын сананың архаикасы ұстап тұратынын айтқан болатын. Саяси мәдениет қызықтырулары жұмыс істемейді. Сарапшылар пікірі сияқты қоғамдық әсер де шектеулі, бұл Италияны оның «шеткері сәкісінде» қалдырады» [79, 253–254 б.].

Басқаша айтсақ, әлеуметтік оптимизм – бұл қоғамның модернизация-ланушы энергетикасы. Постмодернизмге кіргендер алдағы дамуға ынта-ландыруының жоқтығынан әлеуметтік коррозияға ұшырауы мүмкін.

Айтылған семинар шеңберінде Э.Гидденстің «Үшінші жол» тұжы-рымдамасының дамуы туралы мәселе де қозғалды. Бұл сұраққа Лордтар Палатасында халықаралық қатынастар және қорғаныс сұрақтарымен ай-налысатын спикер, Ұлыбританияның Либерал-демократиялық партия-сының көшбасшыларының бірі лорд Ульям Уоллес жауап берді.

Лорд қазақстандықтардың Э.Гидденстің әзірлемелері туралы хабар-дар екендігіне таң қалысын жасырмады. Ол, сонымен қатар, Еуропада дамудың бірыңғай моделінің жоқтығын атап өтті. Әр ел өзі үшін жаңа мо-дель құрады. Осыған қоса, Еуропа әрқашан социал-демократиялық вектор-мен жылжитын болады, бұл гидденстік үшінші жолдың арнасында жатыр.

Лорд Ұлыбританияның кейбір артықшылықтары туралы айтуды жөн көрді – ел өзінің тарихи консервативтігіне қарамастан, белсенді трансфор-мациялануда.

Page 90: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

90 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Ұлыбритания артықшылықтарының ішінде континенталды Еуро-памен салыстырғанда, айтарлықтай ұстамды саясат аталды. У.Уоллестің Франция президенті Н.Саркозиге сілтеме жасаған пікірі бойынша, бүгін Ұлыбританияда жұмыс істеу, ал Францияда – зейнетке шығу жақсы. Осыған байланысты Ұлыбританияда қазіргі кезге құрылған модель айтарлықтай прогрессивті көрінеді, мұнда М.Тэтчерден басталып, соңынан Т.Блэрдің «Үшінші жол» тұжырымдамасы шеңберіндегі үкіметтің күштерін айтпай кетуге болмайды. Францияда голлистік мирастың салдарынан экономика-ға артығымен әлеуметтік күш артудың алдын алу бойынша шаралары енді қабылданып жатыр.

Осының бәрі кейін Түркі тілдес елдер әлеуметтанушыларының Екінші конгресіндегі кездесулерінде және 2008 жылдың 23-ден 25-сәуір аралығын-да Алматы қаласында өткен Қазақстан әлеуметтанушыларының үшінші конгрессінде талқыланды [80, 2 б.]. Халықаралық әлеуметтанушылық ассоциацияның вице-президенті, Цинциннати Университетінің профес-соры (АҚШ) Жан Мари Фритцтен және Ливерпуль университеті профес-соры Робертс Кеннеттен сұхбат алынды.

Батыс сарапшыларының «Welfare State» тұжырымдамасының артық-шылықтарын «Enabling State» жағына қайта қарау проблемалары бойынша мәселе қозғалды (Ж.М. Фритцтің АҚШ-тағы әлеуметтанушылық цехтағы әріптесі – Беркли университеті профессоры Н. Гилберт құрастырып жат-қан тұжырымдама).

Базалық идеологиялық доктриналарды батыс қоғамында қайта қарау бұрында – шамамен биполярлы әлемнің бұзылуымен және коммунистіктің бастауында нарықтық идеологияның қарама-қайшылығы кезінен басталды.

Швед әлеуметтанушысы Г. Веттерберг 90 жылдар соңында әлемде ой әдістемесінің жаңару жағдайы жетілгенін атап өтті. Бұл тек жеке салалар-ды ғана емес, қоғамдық дамудың толық парадигмаларын да қамтыды [18, 7–8 б.].

Ж.М. Фритц Н. Гилберт бойынша «Enabling State»тұжырымдамасымен және де Э.Гидденстің «үшінші жол» бойынша жұмыстары арқылы таны-ғанын атап өтті, алайда ол «Enabling State» тұжырымдамасы әзірше АҚШ-та толық көлемде қолданылмағанын, бірақ оның жеке элементтері Б. Клинтон басқарған кезден бастап белсенді қолданылып келе жатқанын баяндады.

Ж.М. Фритц АҚШ-тың мемлекеттік әлеуметтік саясатына өте теріс қа-райды, бұл ішінара әлеуметтанушылардың әрқашан солшыл саяси шекке жақын болуымен байланысты. Ол Б. Клинтонның кезінде «Enabling State» арнайы сәттері жүргізілді, алайда олар қажетті нәтижені берген жоқ деп санайды. Оның пікірі бойынша, бұл Х. Клинтон айналысқан әлеуметтік жобаларды тиімсіз басқарумен ішінара байланысты болды. Бұл жағдайда, Б. Клинтонның президенттігімен байланыстырған барлық жетістіктерге

Page 91: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Әлеуметтік саясат – ұлттық идеологияның 91бір бөлігі

қарамастан, олар АҚШ азаматтарының әлеуметтік әл-ауқаттылығында байқалмады. Осыған байланысты, Ж.М. Фритц АҚШ жаңа президенті Б. Обамаға, әсіресе оның «қосалқы мемлекет» теориясының арнайы сәттері пайдаланылған әлеуметтік доктринасына үлкен үмітпен қарауда».

Ливерпуль университеті профессоры Р. Кеннет те «Enabling State» тұжырымдамасын біледі екен және ол дамушы мемлекеттер үшін жа-рамсыз екендігін атап өтті. Сол мезетте, оның мұндай позициясы да-муы Қазақстаннан айтарлықтай төмен деңгейдегі Бангладеш бойынша құрылған сәтсіз тәжірибесі негізінде жасалды.

Р. Кеннеттің жалпы позициясына орай, әр ел дегенмен өзінің ерекше даму модельдерін қабылдай алады және басқа елдер модельдерінің ар-найы элементтерін тарта алады – бастысы, халық қажеттіліктеріне сәйкес келуі. Мұны профессор Р. Кеннетпен оның Ресей мен Ұлыбританияны қоса алғандағы Еуропа арасындағы қайшылықтарды ескере отырып, В. Путинге қалай қарайтынына қатысты келесі сұхбаты көрсетеді. Ол былай деп жау-ап берді: «…менің ресей президентіне қалай қарайтыным маңызды емес, маңыздысы ресей халқы оған жылы қабақ танытады».

Бұл – сұхбаттасушының Ресейдегі қоғамдық психологияның жағдайы туралы жақсы хабардар болуын көрсететін, өте есте қаларлық пікір. Бірақ, байқалғандай, біздің байқауларымыз да Ресей басты қазақстандық қару – әлеуметтік оптимизмді алуы арқасында проблемалардан шыға бастаға-нын дәлелдеді.

Ресейде басым болған пессимизмді оптимизге ауыстыру жұмыстарын жүргізу қажет болды. Мұның жиі байқалған түсінуін біз 2005 жылы көрдік. Барынша тән пікірді мұнда РҒА ӘСЗИ ғылыми жетекшісі Г.В. Осипов айт-ты: «Біз жақында халықтың билік институттарына сенімі туралы жалпы-ресейлік сауалдар жүргіздік. Мен алдын айтқанмын... адамдар тек прези-дентке ғана сенеді. Құқыққорғаушы органдарға сенбейді. Президенттен кейін шіркеу, бірақ оған ресейліктердің 50%-дан азы сенеді» [81, б. 40].

Билікке сенім көрсеткішімен қатар, ресейлік тәжірибеде оптимизмның антиподтарының билік етуінің бірнеше үлгілері де көрсетілген.

Бірінші мысал. Демографиялық мінез-құлықты қатерсіздендіру. Бағалаулар бойынша, Ресей халқы 1990-жылдардың басынан бір жылда 700-800 мың адамға тұрақты түрде қысқарған. Мұндай үрдістің сақталуы жағдайында 2050 жылға дейін оның екі есе қысқаруы болжануда, яғни 70 млн. адам планкасына дейін. 700 мың адамды жоғалту 2000 млрд.доллар көлеміндегі жыл сайынғы экономикалық жоғалтуларға алып келеді [82, 36–37 б.].

Екінші мысал. Интеллектуалдық ресурстың ыдырауы. «Он жыл қорытындысы бойынша Ресей басылымға шыққан ғылыми жұмыстардың саны бойынша 8-орынды, оларды дәйексөз етіп алу индексі бойынша 18 орынды иеленді».

Page 92: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

92 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Нәтижесінде бұл проблемалардың барлығын тек әлеуметтік опти-мизм арқылы шешуге болатыны туралы қорытындыға келді. «…Тұлғалар-дың сапасы да маңызды. Нөлдер қосындысы нәтижесінде тек нөлді береді. Тиісінше, ұлтқа біріккен жігерленген, өнегелік тұлғалардың, тұлғалық әлеуеттердің қосындысы тек мемлекеттің негізгі ресурсын ғана емес, соны-мен қатар, жаһандану кезеңінде мемлекеттің орнын анықтайтын ұлттың басқа да сапасын көрсетеді. Тек саны жағынан емес, сапасы жағынан да».

Мұндай әдіс иллюстрациясы ретінде 30-жылдардағы ұлы торығудан кейін туудың өсіміне қол жеткізген Америка аталады. «Америкалықтар өз елінің жарқын болашағына сенді және сол себепті олар жаңа ұрпаққа өмір берді… әлеуметтік оптимизм, болашаққа сенім, қоғамды рухани қолдау және материалды мемлекет – демографиялық факторлардың маңыздыларының бірі».

Екінші иллюстрация – бұл өзіндік сәйкестілік, яғни әлеуметтік-психологиялық фактор кіретін орта тап белгілері. Ой-санадағы ауқат-тылықсыз ауқатты адам бола алмайды. [82, 25–63 б.].

Ұлттың оптимистік рухын көтеру үшін РФ-да мемлекеттік, қоғамдық және аралас ресурстардың – БАҚ, әлеуметтану, сарапшылық және консалтингтік құрылымдар, бизнес, ҮЕҰ, партиялар, конференциялардың іс жүзінде барлық мөлшері қатысты. Мемлекеттің әр жетістігі маңайында, елдің ағымдағы жетістіктері әсерін ең жоғары түрде заманауи оқиғаларға айналдырып тарататын оңаша ақпараттық және сарапшылық арналар құрылды. Ел ішінде ел үшін маңызды нәрселерді жасаған немесе ерек-ше қасиеттерге ие «халықтан шыққандарды» ұлттық батырлар тұғырына шығару барша мадақталады.

В.Путин дәуірінде билік тынымсыз еңбектеніп таратқан әлеуметтік оптимизм ресей қоғамын 90-жылдардағы әлеуметтік кеселден емделу жо-лына тұруына мүмкіндік берген рецептке айналды. Алайда әлеуметтік пес-симизм тамырлары тым терең болды. Сенбеушілік қоғамдық санадан аса қиын жаншылады, ол бір мезгілде халықтың жоғарыланған сыншылдығы түрінде көрінеді. Бірақ, айтылғандай, құлшыныссыз, келешексіз, алдыңғы даму жолына шығу үшін, «оптимизм идеологиясын» қажетті қоғамдық тонусқа жеткізу қиын болады.

Ал енді, сарапшылар ресей қоғамдық санасында маңызды жылжулар болғанын атап өтеді, дегенмен Ұлы Ресейдің қайта өркендеуі шамшыл мәселесінен өзге, негізінде, біртұтас ұлттық идея, шынында, жетілмегені байқалады. Әлеуметтанушы Н.В.Карпова бұл туралы былай дейді: «Билік пен қоғамның құндылықты жүйесін біріктіретін жалғыз факторы екеуінде де елдің болашағы туралы айқын көріністің, «ұлттық идеяның» жоқтығы болып табылады... Алайда, объективті параметрлер мен дәстүршілдіктің күшті ықпалына қарамастан, ресей саяси мәдениеті …сапалы түрде өз-гергенін мойындауымыз керек… Тұрақты қайта бағдарлаудың объективті

Page 93: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Әлеуметтік саясат – ұлттық идеологияның 93бір бөлігі

көрсеткіштері …қоғамда «әлеуметтік оптимизмнің» жоғары деңгейі бо-луы болып табылады (мұны халықтың шамамен 50–55% көрсетеді), ал бұл – жаңа жүйенің құндылықтарына позитивті эмоциялық икемделу» [61, 67–68 б.].

Әлеуметтік оптимизм негіздерін нығайту «қарапайым патернализм-ге», яғни амандық үшін міндеттерді мемлекетке қоюға бағытталған ескі сананың атавизмдерін алдын алуға жаңа қадам болды.

Сонымен қоса, 2007-2008 жылдардағы жаһанды дағдарыстың толқын-дары «Welfare State» тұжырымдамасын қайта қарау бойынша және жалпы осындай сияқты либерализм айналасында қарама-қайшы жағдай тудырды.

Төнген дағдарыс нығаюшы либерализмнің туындап жатқан және мемлекеттің экономикаға терең араласу қажеттіліктерінің соқтығысын арандатты. Нәтижесінде идеологиялық түрде батыс елдері кенеттен гео-экономикалық бұрылысқа дайын емес болып шықты. Саяси сахнадан іс жүзінде шығып қалған солшыл бағытталған ұйымдардың орнына жаңа толқындағы ұлтшыл қозғалыстар көтеріле бастады. Оған айқын мы-сал – 2008 жылы оң радикалдар жалпы алғанда дауыс берушілердің 29% алған және алдыңғы науқанмен салыстырғанда өздерінің позицияларын айтарлықтай жақсартқан Австрия болып табылады.

Саяси саладағы ұлтшылдықтың көтерілуі нәтижесінде әлемдік қауымдастық елдердің тым қолдаушыларға ұмтылу проблемаларымен кезігетін экономикаға да әсер етеді.

Екінші көрінісі – тұтынушы қоғам тұжырымдамасы беделінің түсуі. Классикалық батыстық нарықтық жүйелер өз кезегінде несиелендірумен қолдауға ие болған едәуір кең сұраныстың ынталандыруына негізделді. Нәтижесінде үлкен диспаритет құрылды. Ақшалардың тапшылығы бір полюстегі қарыздың өсуінен өтелді. Басқасында – өсіп жатқан валюталық кірістер және елдердің резервтері оларды тәуекелді несиелік, ипотекалық нарықтарға, секъюритизацияның ұлғаюына итермеледі. Әлемдік эконо-миканың инотоксификация болды. Сарапшылардың мәліметтеріне сәйкес, 2008 жылы өндірістік несиелік қаражаттардың (деривативтердің) шартты құны 648 трлн. долларға жетті, ол әлемдік ЖІӨ жиынтығынан 12 еседен көп артық [83, 4 б.].

Оған қоса, АҚШ инвестициялық белсенділікті сезінерліктей қыс-қартуда 2008 жылы өзінің ең жоғары шегіне жеткен ірі қызмет көрсету саласында көрінетін тым аса тұтынудың мысалы болды. Бұл түзету де АҚШ жаһандық тұтынудың 28% дейін жинай отырып, әлемдік ЖІӨ 21% өндіреді деген іргелі негіздемеге ие.

Үшіншісі – салымшыларды банктерден, бизнесті мемлекеттен, елдің бір тобын екіншісінен күшпен бөліп алуды арандататын сенім тапшылығы.

Йель университетінің экономика профессоры Р.Шиллер бүгінгі күн-нің негізгі мәселесін сенімді қайтару деп атап көрсетеді: «Біздің ісіміз эко-

Page 94: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

94 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

номикамен емес, психологиялық феноменмен, сол себепті үкіметтің негізгі күші дәл осы оқшаулану проблемасын жоюға бағытталуы керек» [84].

«Евроньюс» телеарнасында 2009 жылдың 16 қаңтарында танымал фран-цуз саясаттанушысы, халықаралық қатынастар саласындағы мойындалған сарапшы Д.Мойзи былай деген: «…қазір проблема мынаны түсінуде: Обамамен бірге Батысқа үміт философиясы келе ме, Азияға қорқыныш философиясы тарап кетпей ме? Экономикалық және қаржылық дағдарыс Қытай және Үндістан сияқты алпауыттарға зиянын тигізді ғой» [85].

Басқаша айтқанда, сенім ресурсы бүгінгі күні жағымсыз эмоция-лармен, үлкен геоэкономикалық күйзеліспен, пессимизмнің өсуімен не-месе болашаққа деген сенімсіздікпен жарықшақтануда. Алайда дәл осы болашаққа сенімділік дағдарыс қиындықтары арқылы жарып өту энер-гетикасының негізі болып табылады.

Жаһандық экономикалық дағдарыстың негізгі соққысы жоғары дең-гей саясаткерлері дамуы туралы жиі айтатын орта тапқа дәл келді. АҚШ-та 2008 жылы экономика 2,6 млн. жұмыс орындарын жоғалтты және бұл – соңғы 50 жылдағы ең жоғары деңгей. Жұмысынан айырылғандардың ішінде – банктердің орташа менеджерлік персоналы, қызметкерлер, ме-неджерлер, кеңсе қызметкерлері, құрылыс компанияларының әкімшілік аппараты, жұмыс өтілі бар білікті қызметкерлер бар.

Б. Обама президент сайлауына қатысардың алдында жоғары табы-сты топтардан – орта – аз қамтылғандарға табыстарды қайта бөлу арқылы «Орта тапты құтқару жоспарын» алға тартқаны кездейсоқ емес. Шын мәнісінде бұл – демократтардың негізгі экономикалық базисі болып табы-латын жоғары технологиялар секторының мүдделерін алға тарту болып табылатын Б. Обаманың басты мақсатын көмкеру екені анық.

Әлемдік экономика ХХ ғасырдағыдай емес енді. Онда интеллектуал-дық еңбек пен ақпараттық қызметтердің үлесі едәуір өсті. Идеяларды иеленушілер, жақсы ақпараттанған және креативтік, өз бетінше әрекет етуге қабілетті адамдардың – «Интеллектуалдық еңбек қызметкерлерінің» феномені туындады. Олардың күші – бұқаралықта. Саяси өзіндік ұйым-дастыру үшін тек ынталандырулар қажет.

2007 жылы Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі 30 жылға арнал-ған әлемдік даму болжамын жариялады. Онда орта тап әлемдік әлеумет-тік тәртіпті қайта қарау процесінің авангардында болатыны айтылған. Бұл орта тап пен аса бай адамдар қабаттары арасындағы өсіп жатқан арақашықтықпен байланысты. Сарапшылардың мәліметтері бойынша, әлем халқының 1% активтерге ие, ал АҚШ-тағы компаниялардың басқа-рушылық құрамының еңбекақысының деңгейіндегі бөлініс соңғы жарты ғасырда 40 еседен 300 есеге дейін өсті [86].

Дәл осы уақытта орта тап мықты болу үшін ұлттық процестерді қолдана отырып, бірігетін болады: интернетке, ресурстарға және білімге

Page 95: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Әлеуметтік саясат – ұлттық идеологияның 95бір бөлігі

қолжетімділік. Мұндай өсуші үрдісті жою үшін әлемдік элитаға либерал-дық кілтте жаһандануды шектеу және бақылауға еркін ойлайтын және өзінше жеткілікті орта тапты алу қажет. «Большевиктік революциялардың» жаңа толқыны үрдісі пісіп жетілгенше енді күні бұрын тоқтатады.

Осылайша, прогресс мәдениеті – әмбебап және қоғамның ұлттық-діни ерекшелігіне байланысты емес. Алайда мұнда саясат факторлары, яғни идеология қажет. Әлеуметтік оптимизм құбылыс ретінде идеологиялық деңгейде құрастырылады.

3.3. Сәтті қоғам психологиясы дамуындағы Қазақстанның көшбасшылығы

Отандық зерттеуші З.Х.Валитова азаматтардың әлеуметтік өзіндік сезінуі олардың референттік топтармен қатыстылығына байланысты деп көрсетеді. Қазіргі жағдайда ақпараттық-мәдени кедергілердің әлсі-реулері «…индивидтер көп жағдайда өздерінің нақты мүмкіндіктеріне қатыссыз айтарлықтай мәртебелі әлеуметтік топтардың әрекеттері мен талаптануының эталондарын алып пайдаланады». Жақсарулардың жағ-дайында әлеуметтік қанағатсызданудың айтарлықтай өсуі осымен түсін-діріледі. Басқа мәселе –өмірге қанағаттануының доминантасы, бірақ оның шарттары идеалдан едәуір алшақ болуы мүмкін: «Көп жағдайда жоғары қанағаттанулық талаптануының төмендігін білдіреді» [87, 239 б.].

Жалпы мұндай тезиспен келісуге болады, алайда соңғы жылдардағы зерттеулер қанағаттану басқа да мәдени факторлармен байланысты болуы мүмкін екенін көрсетті. Автор әлеуметтік-мәдени заттар туралы айтып отырғандықтан, саяси және этникалық мәдениет факторларын назардан шығаруға болмайды. Бұл бүгін әлеуметтік оптимизм феноменологиясын түсінуге жол ашады.

Азаматтардың әлеуметтік өзіндік сезінуі тақырыбына тікелей қарауы мен әлеуметтік оптимизм ашылуына тікелей шығу 2004 жылы болды.

Г.К. Ахметова әлеуметтік өзін-өзі сезінуінің екі маңызды өлшемін көрсетеді: «Біріншісіне саяси көзқарастар мен негізгі құндылықтарға байланысты әлеуметтік өзіндік сезіну деңгейі бойынша таңдамалы жиынтықтардың элементтерін бөлетін «саяси немесе идеологиялық» өлшем жатқызылады. Екіншісіне өмірдің материалдың жағдайларын жағдаяттық-тұлғалық бағалауға сәйкес әлеуметтік өзіндік сезіну деңгейі бойынша бірліктерді ажыратушы өлшем жатқызылады. Депривациялық мотивацияның (қарсылық білдіру немесе еңбек көші-қоны) туындауы әлеуметтік өзіндік сезіну жағдайымен да байланысты» [88, 46-47 б.].

Өз кезегінде зерттеушілер әлеуметтік оптимизм туралы айта баста-ды, алайда бұл фактіні тек белгілі бір әлеуметтік-демографиялық ракурс-

Page 96: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

96 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

те ғана белгіледі. Осылай А.Ж. Шоманов, Д.Р. Галямова халық арасын-да, әсіресе жастар және бейімделе алған, яғни «табыстылар» арасында әлеуметтік оптимизмнің басым екенін көрсетеді [89, 111 б.].

Сонымен қатар, әлеуметтік оптимизмнің жас жағынан ауытқулары оң әлеуметтік көңіл-күй әлеуметтік топтар арасында бірдей емес бөлін-ген кезде Қазақстанның дамуында өтпеліліктің сақталуын көрсетеді. Бұрын қиындықтарға тап болған және бүгін де бастан кешіріп жатқан аға буын өмірде онсыз да релаксацияның «терезелері» аз болғандай қос психологиялық қыспаққа ие. Сірә, басқа қоғамдарда, әсіресе герман қо-ғамында қарттар адамдардың едәуір оптимистік когортасын құрайды. Олардың айтарлықтай бос уақыт бюджеті бар, олар жақсы зейнетақы алады және егде жаста саяхаттауға мүмкіндіктері бар. Іс жүзінде немістер өмір бойы жұмыс істейді, зейнеткерлікке шыққан кезде жақсы өмір сүру үшін шектеулерге шыдайды.

Қарттар үшін тек бір ғана рухани-психологиялық жеңілдену ғана қалады – олар немерелер немесе шөберелер, яғни өзінен кейінгі екінші не-месе үшінші ұрпақты тәрбиелеу.

Демек, аға буынның қоғамдық өзіндік көңіл-күйін басты назардан шығармауымыз керек. Біздің ісіміз жастарға ауған санамен болуда. Жас-тар ғылымда да, басқаруда да басым. Тиісінше, аға буын, оның рөлі аздап көлеңкеленуі мүмкін. Бұл – дұрыс емес. Іс жүзінде мұндай түсінудің келуі «бұрынғы гвардия» өкілдері қайтадан сұранысқа ие болғанда кадрлық тағайындау сызығы бойынша аздап қадағаланып отырады. Бұл – барлық қоғам үшін берілген белгі. Жастық шақ пен күш-қуат қажет – ол өз бетінше әлеуметтік оптимизмді, оптимистік көріністі қамтамасыз етеді. Халық арасында оң икемдеуді нығайтудың маңызды индикаторы – ол қарттар, аға және егде буын.

Басқа жағынан, аға буын арасындағы төменгі оптимизмге қатысты құбылыстың интерпретациясында ескі кезеңнің «бағдарламасы» туралы айтпауға болмайды. Бұл жерде уәде ретінде берілген «жарқын болашақ» пен нәтижесінде болған жағдай арасындағы көңілі толмауы мәселесі тұр. Демек, бұл мәселені поляк әлеуметтанушысы П. Штомпка айтқандай, бұл – үлкен мемлекеттің құлауынан кейін аға және аздап орта буын алған «мәдени жарақат» [90, 7 б.].

Әлеуметтік өзгерістердің үрдістерінің бірі қоғамның 90-жылдардың басында өзгерісті кезеңде пайда болған бұқаралық сана дағдарысын бас-тан кешіруі болып табылады. Әдетті идеологиялық конструкция мен қалыптасқан мәдени құндылықтардың шкаласының күйреуі қоғамдағы «мәдени жарақат» сипаттарының көрінуіне негіз болды. Бұл сәйкестілік дағдарысында, сенімсіздік синдромының туындауында, халықтың ен-жарлығында көрініс тапты. «Мәдени жарақат» факторы сол кезде қар-сылық білдіруі, халықтың бір бөлігінің қалыптан тыс белсенділігі дең-

Page 97: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Әлеуметтік саясат – ұлттық идеологияның 97бір бөлігі

гейінің өсуіне, сонымен қатар, әлеуметтік азғындық (маскүнемдіктің, нашақорлықтың, қылмыстың, ажырасудың, өзіне қол жұмсаудың өсуі) белгілерінің күшеюіне әсер етті.

Этноұлттық мәселе де бар. Қазақстан бір кезде шын мәнісінде бір-ыңғай орысқа бағытталған кеңес империясының құрамына енді. Бүгін де әлеуметтанушылар Ресейдегі орыстар арасында әлеуметтік пессимизм атадан қалған тамырларға ие екенін және бүгінгі күнгі жалғасын тауып жатқанын дәлелдеді. Рулық тамырлар «билік ренжіткендерді аяу» феноме-ні негізінде жатыр. Ресейдегі пессимизм аскетизм мен құрбандылықтың этникалық психология аясында жатыр. Осындай психологиялық нәрсе-лер кеңес кезеңінде қазақстандық қоғамға өтуі табиғи нәрсе. Мұны әсіресе империяның тасушылары сананың едәуір таралуын алған қалалық орта-да сезуге болады.

Қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік оптимизмнің дамуын алып жү-ретін фондық сипаттардың кейбір кешенін басқа зерттеуші Г.Т. Илеуова көрсетті. Ол бұл феномен 82% халық жақсару үмітін Президентпен, со-нымен қатар қоғамның поляризациясы үрдісімен байланыстыратын кезде патернализм салмағының сақталуы жағдайында дамуда: «Барабар табыс-тар алу мүмкіндіктері жоқ халық қысым, реніш, қызғаныштық сезімін бастан кешіреді, ол әлеуметтік әділеттілікті сақтауды қамтамасыз ету жағдайында болмаған билік органдарына, сондай-ақ ауқатты топқа теріс қатынасты тудырады» [91, 139-140 б.].

2004 жылы Еуропалық қайта жаңарту және даму банкі Дүниежүзілік банкпен бірге ауқымды зерттеу жүргізіп, Орталық Еуропа елдерінен Моңғолияға дейінгі аумақта 29 мың адамды сұрады.

Зерттеу жүргізген сарапшылар Қазақстан үш шаруашылықтарында тұтыну тауарларының болуы көрсеткіштері бойынша Орталық Еуро-па, Балтық (ОЕБ) және Оңтүстік Шығыс Еуропа (ОШЕ) елдерінен қалып тұрса да, алайда әлеуметтік-психологиялық жағынан олардан басым бол-ғанын көрсетті. «Сұралғандар көп жағдайда ОЕБ және ОШЕ елдерінің рес-понденттеріне қарағанда өздерінің өмір салттарына қанағаттанады. Жастар мен халықтың ауқатты қабаттары экономикалық ахуалды өте қолайлы бағалуда және олардың балалары жақсы тұрады деп санайды».

ЕРДБ және Дүниежүзілік банк сарапшылары біздің екінші артық-шылығымыздың бар екенін растады. Олардың мәліметтері бойынша, «барлық жас топтары мен табыс санаттары бойынша сұралғандардың 70 пайызы бүгінгі күнгі саяси ахуал 1989 жылға қарағанда жақсырақ деп санайды, ол қазіргі режимнің тұрақтылығының көрінісі болып табы-лады. Бұл сондай-ақ президенттік билікке деген сенімнің өте жоғары дәрежесінен көрінеді (83 пайыз)» [92, 46–47 б.].

Белгіленген сандар субаймақтар бойынша салыстырғанда едәуір ай-қын. Ал Қазақстанда 2004 жылдың аяғында президенттік институтына

Page 98: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

98 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

деген сенім деңгейі 83% жетті, Орталық Еуропа және Балтық елдерінде, сонымен қатар, Оңтүстік Шығыс Еуропа елдерінде президенттерге деген сенімнің орташа өлшенген көрсеткіші 45% шамасын құрайды. ТМД және Моңғолия елдерінің субаймақтарында ол 30% планкасында болды.

Қазақстандықтар арасындағы өмірге қанағаттану деңгейі сол кезде 57% шамасында, ОЕБ елдерінде – 55%, ОШЕ – 34%, ТМД+М – 42% құрады. Әлеуметтік оптимизм, яғни азаматтардың келесі ұрпақ өздеріне қараған-да жақсы өмір сүретініне деген сенімділік Қазақстанда 73% ОЕБ – 55%, ОШЕ – 50%, ТМД +М – 60%.

Алайда батыс сарапшылары халықтың әлеуметтік оптимизмі үшін әлеуметтік-экономикалық негізді әрі қарай күшейтудің резервтерін де айқындады. ЕРДБ мен Дүниежүзілік банк бағалаулары бойынша, Қазақ-станның екпінді экономикалық дамуы үй шаруашылықтарында тұтыну тауарларының болу көрсеткіштерін ОЕБ және ОШЕ елдерінің деңгейіне жеткізу мүмкіндіктерін әлі бермеген. Артта қалушылықтар бар. Атап айтқанда 2004 жылы автокөліктер саны бойынша біз ОЕБ елдерінен іс жүзінде жартысына артта қалдық, банкте есебі барлардың саны бойын-ша – 8 есе дерлік, дебеттік-несиелік карточка бойынша – 5-6 есе, қосалқы тұрғын үй – 3-4 есе, үйден Интернетке шығу қолжетімділігі – 4 есе.

ЕРДБ мен Дүниежүзілік банк зерттеген ОЕБ, ОШЕ, ТМД+Моңғолия 29 елдердің ішінде Қазақстан 2004 жылдың аяғында адам басына 4 мың доллардан жоғары табысты респонденттердің үлесі бойынша 21-орынды иеленді. Қазақстан бір мезетте урбандалу деңгейі бойынша 4 жыл бұрын 14-орынды иеленіп, тізімнің ортасына жетті.

Мұндай құрылым халық арасында әлеуметтік амбицияның өсуін, олардың ұтымдылығы жоғарылауын растайды. Халық әлеуметтік-аумақ-тық орындарды іздеуде белсенді ауысады. Бірақ бұл жағдайда олардың денсаулықтарына кері әсерін тигізетін проблемаларға көп соқтығысады. Динамика, уақыт тапшылығы халықтың өз денсаулығына қарауға мүмкін-діктерін тарылтады. Қолайсыз экологиялық ахуалдың факторы да күшті.

Қазақстандық әлеуметтік маңызды бәсекелес әлеуметтік-психология-лық қасиеттердің болуын 2004 жылы ЕРДБ мен Дүниежүзілік банк алғаш рет еуразиялық материктің бірнеше елдерінің тобына ауқымды зерттеу жүргізуді шешкен кезде басталған «Еуразиялық монитор» растап отыр.

Құрылтайшысы Ресей, Украина және Беларусьпен бірге Қазақстанда да болған «Еуразиялық монитор» посткеңестік кеңістікте Еуропалық одақ елдерінде жарты ғасырдай қолданылатын және «Латинобарометр», «Афробарометр» және «Азиабарометр» аясында басқа континенттерде дамыған «Еуробарометр» зерттеу технологиясын дамытты [93].

2005 жылы әлеуметтанушылар қазақстандықтардың өмірге қана-ғаттану деңгейін 73% шамасында белгіледі, ол орташа еуропалық көр-сеткіштен 6% кем, ал Украинада, Ресейде және Беларусьте алынған мәлі-

Page 99: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Әлеуметтік саясат – ұлттық идеологияның 99бір бөлігі

меттерден айтарлықтай жоғары болды. Сауалнама нәтижелері бойынша іс жүзінде төрттен үші немесе қазақстандық респонденттердің 73% жал-пы қазіргі өміріне қанағаттанатынын белгіледі. Бұл көрсеткіш ең жоғары түрде түрде 79% құрайтын Еуропалық одақ халқының арасында өмірге қанағаттану деңгейіне жақын және «Еуразиялық монитордың» басқа елде-рінің нәтижесінен ширекке артық. Украинада және Ресейде ол 41-44%, ал Беларусьте -56% шамасында тербеледі.

Сонымен қатар басқа да сипатты заңдылықтар айқындалды. «Еуразиялық монитор» халықтың өмірге қанағаттану көрсеткішін 73%

деңгейінде тіркеді. Оған қоса, Президент Н.Ә. Назарбаевқа сену рейтингі ішкі саяси процестің дамуының сайлаудан кейінгі сипатына қарамастан, халық тарапынан өсті. Егер сайлаудан алдындағы қазанда «Еуразиялық монитор» оны 87% шамасында бағаласа, ал сәуірде – 82% болды, 2006 жылы ол 89% жетті, яғни 2005 жылы президент сайлауының алдында орын алған нәтиже сияқты.

Демек, Президенттің стратегиясы халықтың негізгі күтулері мен сұра-ныстарына жауап береді. Халық Президентке – оның перспективаны көру және дамудың қауіп-қатерлерінен қаша білу қабілетіне сенеді.

Сонымен қоса, халықтың Президентті қолдау көрсеткішінің өмірге қанағаттану деңгейінен жоғарылауы азаматтардың өзінің көшбасшысына деген сенімі тек материалдық дәйектерге ғана емес, одан да жоғары уәж-дерге негізделеді.

Бұл жағдайда бізге М.Б. Қасымбековтің Мемлекет басшысы ділінің нәзіктігі туралы айтылатын «Тұңғыш» атты еңбегі бізге көп пайдасын тигізеді. Әңгіме Президенттің ішкі рухани әлемінің ірі қабаттарын аша-тын, бүкіл ұлтқа әсер ететін және өздерінің көшбасшыларына сенімді ту-дыратын ерекше керемет фразасы бар «Үш қоңыр» әнінің дүниеге келуі туралы болып отыр. «Бірақ мені сол терең ойлы өлеңдегі ойдың түзілуі емес, Президентіміздің күш-жігері мен сезімінің үйлесімі таң қалдырды, Назарбаевтың көп адам үшін әдеттегі «темірдей бейнесінің» ар жағында кенет оның тулаған, жеке ойға шомған шақтарында өзінің ойларын ақындық жолдармен қайталайтын сезімтал жүрегі көрінді» [9, 42 б.].

Н.Ә. Назарбаев – өте шебер, интеллектуалдық бейне. Оның күші – диалектикада, мэйнстримде, креативте, шығармашылықта. Осыған бай-ланысты біздің саясаттанушылар мемлекеттік органдарда қандай және қашан кадрлік қайта белгілеулердің болу мүмкіндігі туралы болжауды тоқтатқан. Сол уақытта, Президент шығыстың қамқоршыл ділін де, либе-ралды батысты да, олардың «алтын ортасын» таба, терістемейді. Мысалы, астана мерекесін 6-шілдеге ауыстырумен болған жағдай. Бұл үшін ресми, формальды себеп бар – Жоғарғы кеңестің астананы көшіру туралы тари-хи шешім қабылдаған күні. Немесе, Қазақстанның жаңа әнұранын 2006 жылдың басында қабылдауымен қатысты. Әлде, өз балаларын оның аты-

Page 100: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

100 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

мен атайтын отбасыларға қатысты. Алайда осыдан батырлық жасалынбай-ды. Осындай әрекеттердің еріктілігі қолданады. Бұл – халық дабылдары, Президент пен халық арасындағы тікелей байланыстың арналары. Мұнда қазақстандықтардың Президентке сенімін, ал осыдан – әлеуметтік опти-мизмнің жалпы аурасын нығайтатын қандай да бір өзгеше басты идея бар.

13 посткеңестік елдер, соның ішінде Балтық маңы елдері де қатысқан 2007 жылдың қазанында өткен «Еуразиялық монитордың» сегізінші зерт-теу толқынының нәтижелері бойынша, Қазақстан 2004 жылдан бері келе жатқан азаматтардың әлеуметтік көңілін сипаттайтын негізгі индикатор-лар бойынша көшбасшы позициясын сақтап қалды (14-диаграмма).

14-диаграмма

«Еуразиялық монитордың» сегізінші зерттеу толқынының нәтижелері (2007 ж. қазан)

Экономикадағы жағдайды жақсы деп санаған респонденттер саны бойынша (37%), Қазақстан «Еуразиялық монитордың» басқа барлық елдерінен 2,5-3,7 есе озды. Жалпы Қазақстан басқа посткеңестік елдерді жеті маңызды көрсеткіштер бойынша, олардың орташа мағынасынан, аз дегенде, алтыншы бөлікке, ал көп дегенде, жартысына жуық дәрежеде озып келеді.

Қазақстандағы оң әлеуметтік фонды куммулятивті әдіс бойынша да бейнелеуге болады.

Қазақстанның төрт жыл «Еуразиялық монитор» жобасына қатысуы барысында өмірге қанағаттанудың өсуінің 16% жинақталды. Бұл барлық

72,2

86,0 88,4

47,6

87,0

54,6 51,9

54,0

72,5

51,7

32,0

52,2

33,0

26,4

0 10 20 30 40 50 60 70 80 90

100

Өмірге қанағаттану

Материалдық жағдай

Экономикалық жағдай

Әлеуметтік оптимизм

Президенттің қолдауы

Үкіметтің мақұлдауы

Парламенттің мақұлдауы

Қазақстанда Орташа есеппен 11 елде

Page 101: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Әлеуметтік саясат – ұлттық идеологияның 101бір бөлігі

оң жылжулардың теріс динамика бар жерде «жұтылғандарын» алып тастағандағы қосындысы. Бес елдің көрсеткіші 5% көбірек құрады.

Материалдық жағдайды бағалау индикаторы бойынша Қазақстанның төрт жылдағы оң динамикасының қосындысы барлық бес елдердің көрсеткішінің жартысын құрады.

Алайда бәрінен көп назар аудартқаны әлеуметтік оптимизм деңгейі бойынша бес елдің динамикасын қосқан кезде негатив позитивті толықтай жұтып қоюы болды, нәтижесінде бес елдегі төрт жылдың ішіндегі теңдестік 0% құрады. Қазақстанда ол оң динамикада 11% деңгейінде сақталынды [94, 7 б.].

Енді – ең маңыздысы. Біз әлеуметтік оптимизмнің жоғары деңгейі фактісін тіркедік, бірақ оны түсіндіру керек. Еурословяндық сана жақтау-шылары мынандай интерпретацияларды алға тартты.

Ресей сарапшысы В.Петухов: «Бұл – істің нақты жағдайымен аз бай-ланысты… және талғамсыздықпен, қарапайымдылықпен, азға қанағат-танумен… және бір жағынан, қоғамдық ниеттердің аса жоғары планка-сымен де, ресейліктер мен украиндардің еуропалық сапа стандарттарына «теңелумен» себептелген деп болжауға болады» [95, 87 б.].

Мұнда бағалардың қайсыбір үстірттілігі мен алдын ала болжамдалға-ны байқалады. Сол ресейлік сарапшылармен айтылған тереңірек түсін-дірулер бар. Сонымен қатар, В.Петухов мәліметтерінен ақпарат жинаған, «Еуразиялық монитор» жобасының басшысы да бар. Әңгіме И.Задорин туралы, ол Ресей мен Украина арасында – бір жағынан Қазақстанмен – екінші жағынан іргелі мәдени-өркениетті факторлармен әлеуметтік оп-тимизм деңгейінде айырмашылықтардың тұрақтылығын түсіндірген. Азия санасы аса икемді, толерантты және діншіл. Ол үшін айтылған сөз – бұл сөзден кейін көрінетін нысанға материалданатын процестің басталу фактісі [96, 31 б.].

Еуропа санасы – аса сыншыл және рационалды. Ол бәрін түпкі түрінде, семантикасыз немесе символдық безендірусіз беруге тырысады. Яғни, көшпенді-азиялық ракурста сөз бен әлеуметтік процесс арасында өзіндік иррационалды, тылсым байланыс бар. Бұл қазақ ділінің ерекше аңыздық табиғатына тән.

Профессор М.Б. Қасымбековтің жоғарыда айтылған еңбегінде Прези-дент сұхбатынан қазақ ділі үшін сөздік, семантикалық сөз саптау нысан-дарының маңыздылығын айқындайтын қызықты үзінді берілген. «Біздің халық ырым мен наным-сенімге сенеді. Міне, адамға есім беретін кезде, дәстүр бойынша оған магиялық мағына береді. Мысалға, көптеген қазақ есімдері «бай», «бек» немесе «құл» деп аяқталады. Кейде жазықсыз нәрес-телерге әдейі көріксіз және жағымсыз есімдер беріледі ... Осы кезге дейін балалары қайтыс болған отбасыларда жиі кездеседі – сәбилерге «нашар» есімдерді Құдайдың қаһары олардың маңайынан өтіп, балалар тірі қал-сын деген үмітте береді.

Page 102: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

102 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Барлық кезеңде біздің халық қаншалықты дана болса, соншалықты ақкөңіл және бала секілді тура болған: әрқашан ақшамен және дәулетпен емес, туыстарының, достары мен жолдастарының санымен байығысы кел-ген. Ал егер дүние жинаса, онда тек мал үйірі мен отары түрінде жинаған... Алайда осының бәрімен, жарқын және жомарт қазақ бір қуанышты хабар үшін бар отарын сый етіп таратып жібере алады. Басқаларға бұл ұнамсыз мақтан мен есерлік болуы мүмкін, бірақ бұл біздің ұлттық болмысымыз-дың кеңдігі мен әдептілігінің шын қадірі» [9, 28 б.].

Атақты «Қазақ мифологиясы» еңбегінің авторы С. Қондыбай былай деп атап өтеді: қазақ ділінің мәнін мифтік қыртыстарды пайдаланбай барабар ұғуға болмайды. Қазақ аңыздары ғасырлар түбіне қарай кетеді. С. Қондыбай бойынша, олар 1-3 ғасырларда, түрік кезеңіне дейін бастау алады. Кейін, іс жүзінде 17-18 ғасырды қамтитын, лингвистика және діл фоны негіздері түрік дәуірінде дами бастады. Қазіргі кезең бар-жоғы 5-6 ғасырды қамтиды, сондықтан бүгін этникалық ұқсастықты нығайту мүмкіндігі ретінде түрік мәдени мұрасын қайта жаңғыртуға үлкен ықылас байқалады [97, 7 б.].

Шындығында, С. Қондыбай бөлген барлық кезеңдер, кезеңшелер тіл дамуы сипаттамасымен байланысты. Яғни, іс жүзінде мифтік, демек, қазақ-тардың қоғамдық санасы, әсіресе, оның тылсым иррационалды бөлігі ба-сым түрде ауыз-екі лингвистикалық әдебиет арқылы құрылды.

Әлеуметтік оптимизм санаттарының іс жүзінде маңыздылығының таза экономикалық түсіндірмелері де бар. И.Задорин бағалары бойынша, аса екпінді және оптимисті қоғамдарда трансакциялық акциялар тезірек жүреді. Яғни, сауда-саттық келісімі бір жағдайда – 30 күн ішінде, басқасында 1 күн ішінде жүргізіле алады. Әңгіме келісімге қатысушылардың айқын жігерлі шешімдерді қабылдауы туралы болып тұр. Тиісінше, экономика адамдар бір-біріне сенетін, аса оптимисті, қарым-қатынастарды шешуге уақыт өткізбейтін жерде, өзге жүйелерден гөрі қарқындырақ дамиды.

2008 жылдың 23 маусымында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Астана тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда И. Задорин «Еуразиялық монитордың» тоғызыншы толқынының нәтижелерін көрсетті, соның шеңберінде көр-сеткіштер кешені базасында қазақ қоғамы әлеуметтік оптимизмнің берік негізінде тұрақталуын жалғастырып жатқаны сипатталды. Қазақ-стандықтар арасында өмірге қанағаттанушылық деңгейі 72–73% арасында тұрақтап тұр. Бұл – ТМД және Балтық маңы елдері кеңістігінде ең жоғарғы көрсеткіш [98, 25 б.].

Осындай тезис ресейлік сарапшы Э. Ковельдің мақаласында да баян-далған: «Қазақстандағы әлеуметтік бейімдеушілік деңгейі 83% құрайтын ЕО елдеріндегі әлеуметтік бейімдеушіліктің орта деңгейіне жақындап келеді. Бұл көрсеткіш – ТМД-дағы ең жоғарғысы – 73%-ға жуық, алай-

Page 103: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Әлеуметтік саясат – ұлттық идеологияның 103бір бөлігі

да бұл ұғымның мазмұны Ресей мен Украина азаматтары ойынан көп жағынан алшақтау болуы мүмкін. Сонымен қоса, Қазақстанда өткен жылы позитивтің шапшаң өсуі байқалды, содан кейін жағдай тұрақты бола бас-тады» [99].

Автор Е.В. Балацкий Бірыңғай экономикалық кеңістіктің күрделі гетерогенділігі туралы айтады. «Қазақстан мен Белоруссия үшін R ин-дексі арасындағы айырмашылық 25,3 тармақты құрайды, ол бұл елдер-дегі әлеуметтік климаттың салыстырылмайтынын білдіреді. Белоруссия халқының әлеуметтік жағдайды толықтай түсінбеуі Қазақстанның халқы-ның жақсы әлеуметтік бағдарына қарсы тұрады… «Әлеуметтік оптимизм деңгейі бойынша иерархия мынадай: Қазақстан, Украина, Белоруссия, Ресей. Осылайша, ресейліктердің арасында болашаққа алаңдаушылық нақты анық көрінеді» [100, 52–53 б.].

Осылайша 2004 жылдан бастан отандық алаңда қоғамдық-саяси аху-ал интерпретациясы ретінде әлеуметтік көңіл-күй санаты бірден жеңіске жетеді. Әлеуметтік көңіл-күйлердің, қалаулардың, ұсыныстардың фак-торлары мен құрылымының негіздемелері келеді. Қазақстанда шетелдік елдер тарапынан қоғамдық рух феноменологиясы мен қоғамдық көңіл-күйлерге деген қызығушылық білдірілуде.

Жақында болған өткенді шұғыл терістеусіз, дәстүрлерді жаңғыртып, экономикалық өсумен және күшті әлеуметтік саясатпен тұрақтылық жолындағы қозғалыс Қазақстандағы әлеуметтік оптимизмді нығайтты. Азаматтардың ертеңгі күніне деген сенімділік деңгейі бойынша Қазақстан тек посткеңестік кеңістікте ғана емес, Орталық Еуропа мен Моңғолияға дейінгі аумақта да көшбасшы болды.

3.4. Қазақстандағы әлеуметтік оптимизмді нығайту мәселелері

Қазақстан бірегей тарихи жағдайда. Экономикада, саясатта ірі модер-низациялық жылжулар іске асырылды, адами әлеует, ішкі тұрақтылық сақ-талған, қоғамға біртіндеп жаңа, едәуір белсенді бейімделу үлгілері келуде.

Қазақстан халқы реформалар жылдары кезінде өз өмірінен шет-ке қаруды және басқа ұлттар қалай өмір сүретінін көруді үйренді. Бұл халықтың мықты әлеуметтік амбицияларын ынталандырады және Қазақстанға басым әлемдік трендтерден шет қалмауға, өзінің шабытты та-быстар қатарын құруға мүмкіндік береді:

1. 2010 жылы желтоқсанда Астанада ЕҚЫҰ Саммитін өткізуі;2. ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалық етуі;3. 2011 жылғы қысқы азиялық ойындар – Азиаданың Қазақстанда

өткізілуі;4. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Әлемнің Нобель сыйлығына ұсынылуы;

Page 104: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

104 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

5. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына дайындығы.Осы ақпараттық себептер шын мәнінде әлеуметтік күш-қуат генерато-

ры рөлін атқаратынын айта кету керек. Олар билік институттарына әлеу-меттік оптимизмнің маңызды компоненті ретінде нығаюына ықпал етеді.

Расында, халық өзінің негізінде өмірде ілгері басуға байыпты бағытқа ие және өз көзімен елінің жетістіктерін көріп тамашалай алады. Оған ой салудың, тығыз саяси мақсаттардың пайдасына шындықты бұрмаланған түрде берудің де қажеті жоқ. Бұл тек қазіргі өмір жағдайына бейімделу жо-лындағы прагматикалық ойлайтын адамдарды өзінен теріс айналдырады.

Қазақстанда әлеуметтік оптимизмді нығайтатын басты артықшылығы бар – бұл оның Көшбасшысы. Халық өзінің Президентіне, оның ұлтты мықты және жеткілікті күшті алаңға шығара алатын қабілетіне сенеді. Сол себепті былай деуге болады: мықты Көшбасшы – табысқа бел буған күшті және оптимисті ұлт!

Қазақстан әлеуметтік оптимизмнің халықтың қоғамдық психо-логиясына жақсы сіңгенімен посткеңестік елдерден айтарлықтай ерек-шеленеді. Әдетте мұны экономикалық өсумен байланыстырады, бірақ оған қоса себептердің толық кешені өз рөлін атқарды:

- тәуелсіздік алу рухының мұрасы;- Қазақстан алғашында аса қызығарлық емес бастапқы мүмкіндіктер-

ге сүйене отырып, барлық атрибуттармен, «қалыптаспаған мемлекеттер» халінен құтыла отырып, мемлекеттігін құрып, дамудың кең магистраліне шыға алғанын жете түсінуі;

- өткеннің, қазіргінің және болашақтың қызықтыратын көріністері әрқилылығының магиясы;

- проблемаларға емес, позитивке негізгі назарды аударатын ойлаудың азиялық типінің артықшылығы, өз ортасынан жаман емес, жақсы болуға ниеті ретіндегі номадизм.

Қазақстандықтар арасындағы әлеуметтік оптимизмнің доминантасы – бұл шынында да біздің еліміздің дамуының құнды жетістігі. Бірақ кез келген ресурс ретінде ол толықтыруды талап етеді. Бұған жарқын мысал – 2008 жылдың жаз-күзінде өткен АҚШ-тағы сайлау науқаны. Алайда АҚШ әрқашан «америкалық арман», «self made man» сияқты идеологемаларға негізделген болғанымен, дегенмен әлеуметтік оптимизм қоғамдық көңіл-күйлердің жағдайы ретінде күшейтуді талап етеді. Америкалық ұлттың әлеуметтік психологиясындағы дағдарыс поп-музыка саласын жақсы мысал етеді. Атап айтсақ, ол «Бритни Спирс» феномені – жергілікті америкалық жастардың басым бөліктерінің мінез-құлықтарына тиісті моральдық ақталуға шақырылған әдепсіз, сабырсыз бейнесі. Барлық эстрадалық кереғар қылықтарының өзінде жоқ дегенде сахнада пайдала-натын есімінде адамгершілік арқау бар Мадоннаның фонында Б.Спирс фигурасы қатты қарама-қарсы болып келеді.

Page 105: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Әлеуметтік саясат – ұлттық идеологияның 105бір бөлігі

Осындай толқынды Б. Обама өзінің негізгі «CHANGE» ұранында барабар ұстап ала алды. Нәтижесінде АҚШ-тың жаңа президенті 4 қарашада сайлауда 270 қажет болған дауыстан 338 дауыс берушілердің даусымен келісім алды. Оған 62,3 млн.адам дауыс берді. Сайлауда соңғы 100 жылдағы теңдессіз қатысу болды. Сайлауда 136,6 млн. адам дауыс берді немесе дауыс берішулердің 64,1%, бұл америкалық электораттың үлкен саяси трендтің мүддесіне өзінің таңдауын жасауының жұмылдыру көтерілуін көрсетеді. Ұмтылушылықтардың қызуы президенттікпен қатар Конгресс пен Сенат сайлауын күшейтті, онда да демократтар жеңді. Конгресстің Жоғары Палатасында Демпартия өкілдерінің саны 9 адамға көбейді, 100 орыннан 60 иеленді, ал төменгісінде – 25 (435 орынның ішінде 258-і). Атқарушы және өкілдік билік Демократиялық партияның қолында болып, бірегей ахуал туындады. Бұл жаңа президентке өзінің сайлау алды платформасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін айқын «жасыл шам».

Америкалық ұлт өзінің таңдауында көптен бері бұлай бірікпеген. Электоралдық жұмылдыру мұның айқындығы. Сайлау нәтижесі осы уақытқа дейін қалыптасқан демократия үшін бәсекелестіктің 51/49 мини-малистік формуласының маңыздылығы туралы стереотиптен алшақ. Б. Обама өзіне жеңіс үшін қажеттіліктің шамамен бестен бір бөлігінен көбін алды.

Б. Обаманың жеңісінің тамырлары нақты әлеуметтік факторларда, жақ-сартуға бағытталған белсенді электоралдық негіздің туындауында жатыр.

2009 жылы 1943 жылдары дүниеге келген адамдардың «беби-бумдер» көп санды ұрпағының зейнетке жаппай кетуі болды. Олар мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды кеңейту арқылы қол жеткізді. «Мыңжылдық ұрпағы» деп аталатын жаңа толқын (1980–1990 жылдар) «қырғи-қабақ соғыстың» аяқталуы және жалпыға ортақ ауқатты мемлекеттің құнды-лықтарын қайта қарау кезеңінде жұмысқа кірді. Бұл – алдыңғы жылдардағы консервативтік саясат оларға әділ болған жоқ деген пікірді ұстанатын 80 мен 95 млн. аралығындағы ең саны көп топ [101, 34–35 б.].

Қазақстанда да осыған ұқсас жағдай. Еліміз ұрпақтар ауысатын кезеңдер тоғысында тұр. Тек мұнда әртүрлі уақыттық интервалдар бол-ғандықтан, процесс ұзартылған сипатта. Біздің жағдайымызда айтарлық-тай ұтқыр болып табылатын өзінің әлеуметтік жағдайына аз қанағат-танатын жастар алғы шепке шығарылады.

С.Ж.Тәжібаев пен Т.А.Козырев көрсеткендей, «АҚШ-та табыс, өзінің жеке әлеуетінің жүзеге асырылуы туралы жас және жігерлік адамдардың жақсы дара арманы – «америкалық арман» ұғымы болғаны сияқты, бүгін біздің алдымызда да «қазақстандық арман» туындап келеді. Кеңінен тара-лып жүрген Бәйтеректің суреті кез келген этникалық шығу тегі және кез келген конфессия өкілі болып табылатын қазақстандықтарды ынталанды-

Page 106: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

106 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

рып, сол арқылы біріктіруге ықпал ететін бұл арманды өте жақсы символ-мен көрсетеді» [102, 121 б.].

Профессор Л.Ю.Зайниева көрсеткендей, «Әрбір елдің және жалпы әлеумдік қауымдастықтың дамуы жастармен байланысты». Алайда жас-тар бұны әр жерде бірдей түсіне бермейді. Аталған және басқа да себеп-терге орай әр елде жас ұрпақтың мәселелерін шешуге әртүрлі келеді жә-не бұл процесте мемлекеттің рөлі де әрқалай түсініліп, көрініс табады. Сонымен қатар, әлемдік қауымдастықтың жинақтаған тәжірибесін талдау жастардың сеніміне олардың өмір қарекетін қолдау жөніндегі табанды әрекеттері арқылы ие болуға болатынын көрсетіп отыр» [103, 79 б.].

Қазақстан жастары орта және аға буын өкілдерінен ерекшеленетін өмірлік талаптардың жоғары шегіне ие. Бұның көрінісі екі фактор болып табылады.

Біріншісі – білім алуға деген ниеттену. «Жас қазақстандықтардың көпшілігі өмірлік табысын білімнің жоғары деңгейімен және сапасымен байланыстырады – бұл шын мәнісінде қоғам қарекетінің барлық салала-рын қайта құрудағы мықты жасампаздық фактордың қосылғыштары» [104, 109 б.].

Екіншісі – жастардың белсенді араласып кетуі. Жастар көші-қонның жетекші қатысушылары болып табылады. 2000 және 2007 жылдар аралығында халық құрамындағы жастардың (15-тен 29 жасқа дейін) үлесі 25,6-дан 27,8% дейін өсті. Сандық баламада жас халық жарты миллионға жуық ұлғайды – 3,82 –ден 4,288 млн. адамға дейін (15-диаграмма).

15-диаграмма

2002-2007 жылдар аралығындағы көші-қондық орын ауыстырулардың көрсеткіштері

179,1 179,4 197,4 188,4 177,6

167,8

112,2 128,4

147,2 141,9 140,7 137,5

0

50

100

150

200

250

2002 2003 2004 2005 2006 2007

Көшіп-қонған жастардың жалпы саны (мың адам) Елдің ішінде көшіп-қонған жастардың саны (мың адам)

Page 107: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Әлеуметтік саясат – ұлттық идеологияның 107бір бөлігі

2002 жылдан 2007 жылға дейінгі кезеңнің өзінде көшіп-қонған жас-тардың жалпы саны 1 млн. адамнан асты. Осы көрсеткіштің үштен бірі елдің ішінде көшкен жастарға тән. Сол кезеңде көшіп-қонған халықтың ішіндегі жастардың үлесі 38,7-ден 49% өсті. 41,7-ден 48,78% дейін өскен ішкі көші-қондағы жастардың салмағы да шамамен сондай.

Жастар дәл осы 2000 жылдан бастап, яғни халықтың едәуір терең әлеуметтік бейімделуге қажеттілігі туындаған экономикалық өсу кезеңінен бастап өзін белсенді ұстана бастағанын айта кету керек [105, 25 б.].

Жастар қазіргі ұрпақ жүзеге асыратын реформалардың, күштердің басты бенефициарийі ретінде көрінеді. Ертеңгі, болашақ жастар қолда бар шикізатты қоса алғандағы ресуртарды, адами капиталды, жинақталған қаржылық-экономикалық қорды, және ағымдағы сәттен туындайтын, тек болашақ емес, қазіргі жастар ғана соңдарынан келетіндердің мүддесі пай-далана алатын мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қазіргі ұрпаққа құқық береді.

Президенттік саясат қоғамға ұрпақтың болашағы туралы қамқорлық сіңдіреді. Мұның нақты эмпириялық көрінісі Ұлттық қор; «Болашақ» бағдарламасы аясындағы білім беру амбицияларына және жалпы шетелдік білім алуға ынталандыру; «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру бо-лып табылады. 2004-2006 жылдардағы «Мәдени мұра» бағдарламасының орындалу қорытындылары талқыланған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңес отырысының ба-рысында 2007 жылдың 13 ақпанында Мемлекет басшысы мынадай ойды айтты: «Тарихи-мәдени мұраны қалпына келтіру – бұл болашаққа нақты проекцияға ие уақыттардың жаңғыртылуы да. Біздің өткеніміздің нақты мазмұны туралы мәселелерді қарастыра отырып, біз қазіргінің түсінігін байытамыз және біздің болашағымыздың жігерлендіруші бейнелерін құрастыра аламыз» [106, 2 б.].

Демек, ұрпақтар сабақтастығы, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа тәжіри-бені беру және тарату – міне жастар саясаты саласындағы негізгі қажет-тіліктер. Жандандырушы мазмұнды діңгектен қол үзіп жастар мәселесі бойынша ғылыми дискурстың қандай да бір перспективаларын қарастыру қиындық тудырады.

Мәні – біз жоғарыламалы демографиялық циклге иеміз, яғни жас-тар қоғамның жігерлі, өзгеруші бөлігі ретінде қоғамдық энтузиазмды, амбицияны нығайтатын болады. Бұл – әлеуметтік оптимизмді нығайтуға арналған маңызды резервуар.

Қазақстандағы танымал демограф М.Б. Тәтімов қолайлы демогра-фиялық фактордың, Қазақстан үшін сирек мүмкіндіктің болуы туралы айтады. Ол аз дегенде 2000 жылдан басталып, 2010 немесе 2015 жылға дейін, мүмкін болса 2020 жылға дейін созылатын демографиялық бумның үшінші толқынының туындауы туралы айтты. «Бірінші демографиялық

Page 108: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

108 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

толқын Отан соғысынан кейін бірден басталды... Мен оларды «Сталиннің балалары» деп атаймын – ол жасанды түсік тастауға тыйым салды, бала-сыздыққа салық салды, балалары бар отбасылар мемлекет тарапынан қолдауға ие болды. Бұл толқын алпысыншы жылдардың басына дейін болды, ал оның шыңы 1961-1962 жылдарға келді. Біздің елдегі екінші демографиялық толқын социализмнің гүлденуі кезеңінде басталды... Қазақстанға қатысты мен оларды «Қонаев балалары» деп атаймын. Бұл демографиялық толқынның (1985-1987 жж.) шыңы оның елдің жетекшісі болған кезеңіне дәл келді. Қазақстан үшін демографиялық «бумның» үшінші толқыны 2000 жылы басталды. Оның шыңы бір ұрпақтан кейін 2010–2015 жылдағы келуі күтіледі. Олар – жаңа, тәуелсіз кезеңнің бала-лары, мен оларды «Назарбаевтың балалары» деп атар едім. Бұл толқын қаншалықты жоғары болса, соншалықты оның қайталануы көп болады – бүкіл ХХІ ғасырға демографиялық «дүмпу» ретінде!» [107, 7 б.].

Демографиялық толқындармен қатар, сананың әртүрлі кодтары бар жастардың тобы пайда болады. Ағымдағы жылда жүргізілген рефор-малардың генераторлары, өндірушілері және монтаждаушылары аға және айталық орта-аға буын болғанымен, шын мәнісінде жас ұрпаққа жемісін жинауға, осы жүйеде тұруға тура келеді. «Екі жылдан кейін қол жеткізген емес, туылғанынан еркіндікті иеленген ділі бар, мүлде басқа си-пат пен стильдегі тәуелсіздіктің құрдастарының тобы кәмелет жасқа то-лады. Олардың артынан 2018 жылы тәуелсіздіктің құрдастары бұрынғы Кеңес өкіметі сияқты «Сәтті Қазақстанның балалары» 90-жылдардағы дағдарыс туралы тек естіп-білуі бойынша ғана білетін болады.

Шамамен 2025–2030 жылдары Қазақстанда жүре біткен емес, «туа біткен» нарықтық саналы адамдардың айтарлықтай сындарлы бұқарасы өседі. Посттранзиттік кезеңде, қалай болғанда да оның жас мемлекеттің қалыптасуымен ілесетін сезімдік кезеңінен кейін дүниеге келген жастар-дың жаңа генерациясы түзіледі.

Сонымен қатар, – біздің жетістіктеріміз жағдайында Қазақстанның бүгінгі жағдайының күрделілігі біздің тым ысырапшылдағымызда. Біз өз күштерімізге нашар сенеміз, бастамаларымызды сенімсіздікпен баға-лаймыз, өз батырларымызды жеткіліксіз ілгерілетеміз, өзіміздің барлық нәрсемізге сенімсіздікпен, ағат пікірлілікпен қараймыз және бір мезгілде басқаның тәжірибесіне гипнотиздануға бейімбіз, өзіміздің дарындыла-рымызды нашар қолдаймыз, тек әрекеттің иммитациялық моделіне, яғни «уақытшалардың психологиясына» бейім бола отырып, бірдеңені әрқашан соңына дейін істемейміз.

Өсудің алғашқы жылдарының оптимизмі халықтың экономикалық дағдарыстар мен шиеленістерді шайқай алатын қазіргі заманғы бәсекелес әлемнің табиғаттарын жеткіліксіз білумен байланысты қандай да бір әлеуметтік аңқаулықтың өсуімен түбі бір.

Page 109: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Әлеуметтік саясат – ұлттық идеологияның 109бір бөлігі

Тағы да бір айқын, бірақ қоғамдық психологияның және құрамдас көлеңкелік жақтарының тереңінде жататын айтарлықтай сезімдік жағдай бар. Бұл – «басқаның жетістіктерін қызғануға» себеп.

Бөтендер – бұл «элиталау» практикасының, яғни халықтың мәр-тебе, бедел және артықшылықтар деңгейі бойынша жасанды бөлінуінің нәтижесі. Халық ұлт ретінде жаңа, заманауи, табысты елдің сапалық құрылысының бірыңғай жобасына енуі ретінде өзінің бірлігін сезінбейді. Бұл проблеманы шешу үшін Президент «халықтық ІРО» жобасына баста-ма көтерді.

Мысалы, бүкіл әлемде танымал саяси қайраткер, Канаданың экс-премьер-министрі Ж.Кретьен өз елінің табысын Аргентинамен салыстыра отырып мынаны айтты: «Біз енді кәдімгі канадалық төзімділік пен компро-миске бара білу болып саналатын нәрсені игердік. Бір сөзбен айтқанда біз-дің фокусымыз әлемге, өзін әлемге ашуға және демократия мен әділеттілік-ті үйде өрлетуге бағытталған... Аргентина не істеді? Осыдан басқа Ж.Кретьен былай көрсетеді: «Ел таптарға бөлінді. Конфронтация басым бола түсті, ал ұлт популизм мен авторитаризм арасындағы бітпейтін ұрыстарға батты…Қазақстан еліктіргіш кезеңді, жаңа бастаулар, жаңа мүмкіндіктер, жаңа көкжиектер уақытын бастан кешіруде. Бұл – сенімділіктің, күш-жігердің, ауысулардың кезеңі... Қазақстан бүгін де сондай. Батыл, оптимистік, әлемге қараушы және ауысуларға ашық» [108, 19-21 б.].

Сөзінің маңызды әдіснамалық алғышарттарының бірі үкімет басын-да болған канадалық өкілдің ел үкіметі басында болғандардың барлығына және кімнің арқасында дұрыс таңдаулар жасалынғандардың барлығына бірнеше рет риза болғандығын айтуында.

Демек, Канада шенеуніктер ауырып жатқан алғашқы ашушылар емес, бұрын істелгендерді жетілдіретін басқа кезеңде тұр. Бұл ашық мойында-лады, ешкім керек емес қызғаныштың кепілі болып табылмайды.

Қызғаныш ірі әлеуметтік әрқилылықтың, халық топтарының жыл-жу мүмкіндіктерінің әртүрлілігінен туындайды. Жоғары дамыған тұты-нушлық батыс қоғамдарының, сонымен қатар бәсекеге қабілеттілік уәж-дерінің игіліктерінің айшықталу салдарының әсері арқылы әлеуметтік амбициялардың өсуі де айталды.

Мұндай негізде «әлеуметтік эксклюзия» феномені, яғни халықтың негізгі бұқарасының дамудың жалпы ағынына кірмеуі немесе жеткіліксіз кіруі туындайды. Сол себепті бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне зиян келтіре отырып, сыбайлас жемқорлық және пайданың соңына түсіп кету сияқты проблемалар пайда болуда. Азаматтар өздерінің әл-ауқаттылығын жақсартуға ынталы, бірақ мұны қалай заңды, жауапкершілікті жолмен іс-теу керек екенін жеткілікті білмейді. Шығысында біз: бір жерде – апатия мен пессимизммен, ал бір жерде – наразылық көңіл-күйлермен оптимизмнің ауысуын аламыз. Жергілікті қазақ халқының модернизацияланған және

Page 110: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

110 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

модернизацияланбаған қабаттары арасындағы шиеленіс қатты дамып жатыр. Публицистикада оларды тағы да «шала қазақтар» және «нағыз қазақтар» деп атайды.

Осының барлығы біздің этникалық табиғатымызда жатыр. Зерттеу-шілер бірнеше маңызды сипаттамаларды бөледі. Уақытшалардың пси-хологиясы «барымта» тарихи феноменінен шығады. Яғни, малды айдап әкеткен кезде, игілік өндірісі, өнімнің өсуі болмағандықтан, өнімсіз болып табылады. Керісінше, мұның демотивациясы жүреді. Көшпенді қоғамда тарихшы Ж. Жампейісова көрсеткендей, «барымта» реттеуші қызметін атқарған: «Барымта шағын көшпенді топтарда соттың іс қараушылығында тиімді амал болғанына қарамастан, мал айдап әкетудің ірі бірлестіктерінің арасында бақылаусыз сипатта болды» [109, 98 б.].

Негізінде көріп отырғанымыздай, қазақ тарихында да бірлік тек сыни жағдайларда қол жеткізілген. Күнделікті өмірде рулық фрагментация басым болды: «Қазақ халқына ішкі сегменттелген құрылым тән болды, ал сегменттердің өзі ұлыс, ру, бөлім, ауыл сияқты бірлестіктерге сәйкес келуі мүмкін болды. Бұл сегменттер ең алдымен көшпелі шаруашылық жүргізуге байланысты экономикалық мүдделеріне қарай біріккен ұжым-дық болды. Жайылым мен басқа да ресурстар бойынша көшпенді ұжым-дардың бәсекелестігі бір реттік көшпенді бірліктер арасындағы ішкі оппозицияның себебі болды» [109, 110 б.].

Тиісінше, сегментацияның тағы бір факторы билік пен жайылым – ресурстарына күрестегі жоғары бәсекелестік болды. «Мұрағат мәліметтері округтерге қарағанда, болыстар арасындағы өзара қарым-қатынастардағы үлкен шиеленісті тіркеген. Бұл шиеленіс ең алдымен көрші болыстар арасындағы бір жайылым мен көшпенді жолдарға таласқан болыстар ара-сында көрінді» [109, 101 б.].

Алайда «барымтамен», синкретикамен, иррационалдылықтың салма-ғымен, сегментациямен қатар, бүгін Қазақстандағы қоғамдық сананың құрылуына әсер етіп жатқан басқа да факторлар болды.

Олардың бірі «жалқаулық» болып табылады. Ғылыми дағдыда бұл ұғым инерция ретінде түсіндіріледі. Аталған феномен оның барлық теріс әсеріне қарамастан – кез келген қоғамдық организмнің маңызды қорғау-шы тетігі. Қазақтарды ол кезінде мәдени құндылықтар басқа этникалық ортамен жойылып кетпеуі үшін сақтады.

Жылдамдатылған модернизация, урбанизация, вестернизация жағ-дайларында – бұрын көшпенді немесе дәстүрлі қоғамды реттеудің жұмыс істейтін тетіктері жұмысын тоқтатады, өзгерген құрылымдарға айналады. «Барымта» – бұл жеңіл олжа табу ниеті, «жалқау» – жұмыс істегісі келмеу, және т.б.

Зерттеуші С. Әжіғалиев айтқандай, тарихи-мәдени өзгеріс кезеңін қазақтар ХІХ ғ. бастан кешірді. Ол ресейлік бюрократияның саяси

Page 111: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Әлеуметтік саясат – ұлттық идеологияның 111бір бөлігі

интервенциясының әсерінен көшпенді өмір салтынан – отырықшыға кө-шуімен байланысты болды. «…Сол кездегі қазақ көшулерінің негізгі ны-саны «қон», «жұрт», «қос» сияқты, «қотан» «аула қотан» сияқты қотандар уақытша қоныстар болды, және осылайша ХІХ ғасырдың ортасына қарай стационарлық (маусымдық) қоныстарды дамытуға жағдайлар жасалынды, ал ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарынан бастап стационарлық қыстақтар дами бастайды. Басқаша айтқанда, стационарлыққа қарай қоныстардың түрін өзгертуі көшпенді ұжымдарды белгілі бір аумақтарға нығаюға біртіндеп алып келген қарқынды көші-қонның азаюы туралы айтады [110, 133–152 б.].

Тарихшы Ж.Б.Әбілқожин мәжбүрлеп ұжымдастыру немесе көшпен-ділер мен жартылай көшпенділерді шаруашылықтың және тұрмыстың отырықшы түрлеріне күштеп ауыстыру саясаты қиын қирауларға алып келді. Инфрақұрылымдар мен өндіруші күштердің дайын болмауының өзінде көшпелі-мал құрылымынан жер-отырықшы құрылымға өтуді жылдамдату нәтижесінде 1932-1933 жылдардағы демографиялық апатқа алып келді [111, 622–623 б.].

Бұқаралық отырықшыланумен, отырықшы өмір салтына көшумен пайда болған қазақтардың көшпенді әлеуметтік-мәдени матрицасының күйреуі құндылықтардың көшпенділік жүйесінің эрозиясына, мінез-құлықтық стереотиптердің ауысуына, мәдени кодтар мен сананың терең архетиптерінің жаңылысына алып келді. Қазақ сәйкестілігінің алаңы гомо-генділігін жоғалтты, біртіндеп түрлі субмәдениеттерге, негізінде ойлау типтерінің бөлінуі, өткен мен қазіргі өмір шындықтарына қатынастары жатқан институттық және бейресми сипаттағы идеологиялық ағымдарға кристаллданатын мықты әлеуметтік мәдени сындырулар болды. Яғни көші-қондық құралдар арқылы қазақ ұлтының бірлігі бұзылды. Қазақтар өздерінің жерінде азшылық позициясында болып қалды. [112].

Бәсекеге қабілеттіліктің қазіргі қатал талаптары жағдайларында бар-лық аталған белгілер «плюске» қарағанда көбінесе «минуста» істейтін бол-ды. Бұл ең алдымен урбанизациялық процестермен байланысты болды. Жетекші этникалық топ ретінде қазақтардың жоғары урбандалған – мем-лекетқұраушы ұлтқа айналуы тәуелсіздік кезеңінің ұлы жетістіктерінің бірі болды. Бұл қазақ этносының қазіргі жағдайларға бейімделуінің негізгі өлшемі болды. Мұны Елбасы 2006 жылдың қазанында Қазақстан халқы ассамблеясының 12-сессиясында атап өтті: «15 жылдың ішінде қазақтар статистика бойынша ғана емес, шын мәнісінде нағыз урбандалған ұлт болғанына назар аударғандар аз. Біз қазақстандық қалалардың әлеуметтік құрылымын, шағын партиялық қабаты мен гуманитарлық интеллигенция-дан басқа қазақтардың негізгі бұқарасы төмен жалақылы және мәртебелі емес жұмыспен айналысқаны бәріміздің есімізде. Бүгін бизнестің, менеджменттің барлық салаларында, ақпараттық-технологиялық салада, айтарлықтай беделді салаларда қалалық қазақ халқы кеңінен көрінеді. Бұл

Page 112: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

112 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

қозғалыс қоғамда не болып жатқанын түсіну үшін маңызды. Қазақтардың ұлттың мәртебесі мен ұлттық өзіндік бағалау деңгейі мемлекетқұраушы ұлт мәртебесіне сәйкес келетін болды» [113, 2 б.].

Алайда осының бәріне жету үшін сананың күрделі реконструкциясы-ның қажеттілігі туындады. Бұдан өту мүмкін емес және мұны басқа авторлардың пікірі де көрсетеді.

Бірінші кезекте урбандалушы ұлт өзінің ғасырлық әлеуметтік тәжіри-белерін қарайды. Батыс модельдерінің қысымы сезіледі. Ол Алматының «жылтыр» журналдарының бірінде өте жақсы берілген. «Алайда біз Шы-ғыста өмір сүреміз және біз үшін сыйластық сияқты ұғым аса қажет. Біз көп уақытымыз бен күшімізді біреуге өзіміздің сыйластығымызды көрсету үшін босқа жиі кетіреміз... Америкалықтар бұл жағдайда қаталдау. Бір америкалық бизнесменнің жұма сайын өзін-өзі ұйымдастырумен айналысу әдеті болған. Ол өткен аптадағы өзінің барлық әрекеттерін талдап, келесіге жоспар құратын. Ешкімге кедергі келтіруге жол берген жоқ» [114, 40 б.].

Р. Сәбитов былай дейді: «…біздің жағдайда барлық әлеуметтік білімнің негізгі мазмұны бұқаралық сананың өзгерімен ғана емес, сондай-ақ ойлау, қоғам құндылықтарын әлеуметтік қайта бағалау бейнесінде көшкін тәрізді өзгерістер процесінде институттың өзін құрумен де байланысты қоғамдық өмірдің терең сынған жерін дағдарыстық түсінуді талдау болады» [115, б. 7].

Басқа автор едәуір қатаң айтты. Ол – профессор Ә. Ғали. Ол Қазақстанда басты міндет – ұлттың қайта өрлеуді жеңіп шығуы және қазақ саласының модернизациясын жүргізу екенін көрсетті. Дегенмен де, ұлтшыл-демократтардың әлеуеті – жоғары саяси тәуекелдердің есебінен толықтай пайдаланылған жоқ. Инерция нәтижесі жұмыс істеді. «Ұлт-шылдар билікпен талап етілген жоқ, бірақ олар оппозицияға басым бөлікпен қосылған жоқ. Олар қазақ БАҚ-да, жоғары оқу орындары мен шығармашылық салаларда отырып қалды. Биліктен бөліну – дағдарыстан, оппозициядан бөліну – күйреу мен азғындаудан құтқарды» [116, 16–17 б.].

Зерттеуші Г. Иренова оны барбар қабылдауды талап ететін қазақстан-дық қоғамдық санадағы маңызды өзгерістерді де белгілейді. «Идеология-ның қазіргі жағдай мен этносаралық қатынастардың жағдайын талдау қазақстандық қоғам тәуелсіздік жылдарында маңызды өзгерістерді бастан кешіргенін куәландырады. Экономикалық және саяси жүйелерді реформа-лау, қоғамды демократизациялау процестерінде барлық этностардың өкіл-деріне мәдениетті, тілді және дәстүрлерді, өзіндік бірегейлікті және өзіндік сананы дамытуға және қайта өрлетуге жағдайлар жасалынуда» [117, 98 б.].

Автор Г.К. Оразалиева Қазақстанда қазіргі кезде этникалық конс-труктіден көп ұлтты топтардың барлығы үшін біріктіруші болған «қазақ-стандық» терминді талап етуде. Өңірлік деңгейде бұрынғы демаркация-лар қалды, бірақ жоғары мәртебелік елордалық маркер басқаша ҚР жаңа елордасы Астананың атымен «астаналық» деп аталады. Бірақ аймақтардың

Page 113: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Әлеуметтік саясат – ұлттық идеологияның 113бір бөлігі

арасында мәртебелік позициялардың өзіндік «қайта өлшеу» болып жа-тыр: бірінші орындарға жоғары экономикалық мұнай өндіруші батыс аймақтар шығады. Бұрын кеңес уақытында шалғай шет аймақ болғанда-ры, қазір ондай болмай қалды» [118, б. 92].

Жаңа әлеуметтік-аумақтық қайта құрылымдану халықтың бөлінуіне әсер етеді. Кейбір топтар өздерінің тұратын аумақтарының жалпы даму қарқынына ілесе алмайтын жағдайда халықтың түрлі жылдамдықтағы әлеуметтік бейімделуі феномені әсер етеді. Мысалы, Астанада немесе Аты-рауда болған тәрізді. Дәл осы батыс өңірлері, ірі қалалар халықтың поля-ризациясы проблемасын бастан кешіруде. Бұл объективтік экономикалық көрсеткіштерден де, субъективтік әлеуметтік-психологиялық көрсеткіш-терден де көрінеді.

Бұл тұрғыда қазақ саласының ребрендигісі болуы керек. Ол тари-хи қазақ діліне, барлық желдерге ашық, жайдары, бірақ өзінің байсал-дылығын, өзінің мәдени арқаулары мен тамырларын жоғалтпайтын, шығармашылыққа, ұтқырлыққа, қозғалыс, динамикаға қабілетті дала ру-хына тән тар ұлтшылдық мінбеден кең мазмұнды жазықтарға өтуі керек.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, профессор Д.Қамзабекұлының мақаласы айтарлықтай көрнекті және өте пайдалы болып табылады. Ол бүгінгі күні негізгі мерекелеріміздің бірі «Наурызды» қалай тойлайтынымызға қайта қарау керектігін көрсетті. Көп-теген бөлшектерге назар аударылады, бірақ оның басты мәні «Наурыздың» барлық қазақстандықтар үшін ортақ мейрамға айналуында. Автордың ай-туы бойынша, бүгінгі күні бұл мереке кімге қалай ыңғайлы болса, солай тойланып жатыр. Сол себепті Д. Қамзабекұлы былай атап өтеді: «Біздіңше, Наурыз мерекесін тойлау жөнінде жаңаша көзқарас қалыптастыруымыз керек... Міне, қазіргі Наурыз да жалпыхалықтық болу үшін оны бүгінгі дәстүрмен байыту қажет. Мысалы, алаңдарға әр мекемені жұмылдырып, қатар-қатар киіз үй тігудің тіпті керегі жоқ. Бір шетте көрнекілік үшін бірер киіз үй тігілсе тігілсін, алайда халық иін тірескен, 15 адам ішке енсе, 30 адам сыртта сығалап тұратын жағдай мерекеге әдемі сән береме ме?... Киіз үй – кереметтей этнографиялық мұрамыз, байлығымыз, бірақ біз бүгін киіз үйде тұрмаймыз ғой» [119, б. 4].

Қазақ семантикалық және символдық қатары дамуы және қоғамның күнделікті өмірді толтыру, байыту және толықтыру қажет. Қазақтың құрамдас бөлігі толық кеудесімен дем алуы керек. Негізінде ұлтына қарамастан жалпы барлық қазақстандықтардың ортақтастық, үлкен жо-бада – қазіргі мемлекетті құру идеясы жатады. Патриотизм азаматтық ұлтшылдық, яғни Қазақстанмен байланысатын барлық компоненттерге шамадан тыс сезімдік оң қатынас ретінде көрінеді.

Қоғамның бірігуінің маңызды аспектісі мына принцип бойынша қазақстандық тауарлар мен брендтерге көрсетілетін психологиялық

Page 114: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

114 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

қолдау болып табылады: тең сапалы және құнды тауарлардан қалауды қазақстандық маркаға беру. Бұл ел үшін көп пайда әкеледі, шикізат секторының, өндіруші кәсіпорындардың, отандық бизнестің дамуына ықпал етеді.

Келесі «бағдарлама», чип – ол әрқашан және барлық жерде тек жақсыға, табысқа, көшбасшылыққа ұмтылу. Әлеуметтік оптимизм Қазақстанның және тәуелсіздік, тұрақтылық және экономикалық өсіммен туындаған қазақстандықтардың негізгі артықшылығы болып табылады. Сол себепті мұндай артықшылықты дамыту қажет. Мына принципті енгізу қажет –сәтсіздіктерді азайту, әлсіздендіру, қараңғылату және «түймедейді түйедей ету» идеологиясы бойынша тіпті кішігірім жетістіктерді тарқату.

Үшінші принцип немесе бағдар – адамға айналуы, ақпараттық ағындардың антропологизациясы, қазақстандықтардың олардың уайым-дауларымен, қуаныштарымен, сезімдерімен бірге жеке әлеміне жақындау. Сол себепті тереңнен, қалалардан дарындыларды шығару қажет, оларды барынша қолдау қажет. Жарқын әрекеттер жасап жүрген адамдардың, азаматтардың ерліктері мен әрекеттерін ақпараттық, ұзақ мерзімді сүйе-мелдеуді қамтамасыз ету. Мұнда әрбір сала бойынша қарауға болады – ғылым, мәдениет, спорт, мемлекеттік қызмет, көлік, аймақ, білім беру. Бойына регалиялар, жетістіктер, қоғамдық мойындаулар, танымалдылық, даңқ салмағын артпаған қарапайым адамдарды тарту керек.

Осылардың барлығын ескере отырып, Қазақстандағы әлеуметтік оптимизмнің идеологиясының жылжуы дер кезінде болып табылады. Қазақстанның қазір посткеңестік елдің ешқайсысында жоқ маңызды стратегиялық артықшылығы бар – ол ел ішінде абсолюттік қолдауға және елдің сыртында да беделге ие мықты Ұлттық көшбасшысы. Ол – жеңіл жалпы ұлттық оптимизмге ауысуы ықтимал өте мықты саяси ресурс.

Оған қоса, әлеуметтік оптимизмді түсіну дұрыс болу керек. Ол – таза идеологиялық және саяси санат емес. Ол экономикамен өте тығыз бай-ланысты, одан оның шығуы көрінеді, оны нығайтады, безендіреді және орайды. Әлеуметтік оптимизмнің күш-жігері қаншалықты жоғары болса, ұлттың бәсекелестік қасиеттері, оның экономикалық және қоғамдық тону-сы, манипуляцияларға иммунитеті соншалықты мықтырақ.

Биліктің халық арасында әлеуметтік оптимизмді нығайту жөніндегі шабуылдық стратегиясы әбден прагматикалық мақсаттарды көздейді. Оптимизм – бұл мемлекеттік саясаттың адами капиталдың дамуы жағы-на қарай бұрылысын сүйемелдейтін идеология. Енді дәл осы синер-гетика, яғни мемлекет пен азаматтық қоғамның бірге және қарсы кел-ген қозғалыстары ғажайып жасаулары мүмкін екенін түсіну маңызды. Қатардағы қазақстандықтардың проблемаларды жаңа мүмкіндіктерге қайта өзгерту арқылы өздерінің әлеуметтік позицияларын нығайтуға нақты мүмкіндіктері туындауда.

Page 115: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Әлеуметтік саясат – ұлттық идеологияның 115бір бөлігі

Ұлтқа әрбір адам ештеңеге қарамастан, барлығы жақсы болады деген күшін, назарын, еңбегін, күш-қуатын, сенімін салу арқылы өзін көрсетуге, өзінің жеке әлеуметтік бұзып-жаруын жүзеге асыруға мүмкіндігі бар екенін көрсету, қайраттандыру маңызды. Табыстың басты кепілі – ол ең алдымен, өз күшіңе сену, мүмкіндіктердің кеңеюіне арқа сүйеу – ол өзін-өзі жетілдіру, білім, өзімен жұмыс істеу арқылы жету тірегі.

Page 116: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

116 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

4. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАРТИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ИДЕОЛОГИЯСЫ

Қазақстанда саясат және партиялар кеңістігінің кешенді қайта құруы жүріп жатыр. Бір жағынан ұлттық қауіпсіздік аспектілерін, екінші жағынан азаматтардың әлеуметтік бастамаларын азат ету қажеттіліктерін ескеретін мұндай саяси жүйенің қызмет етуі үшін негізгі институттық тірегі құрылған. Партиялық жүйенің флуктуациясы қысылу үрдісін көр-сетіп отыр. Қазақстан атомдалған көппартиялықтан доминант (басым) партия жүйесіне көшті.

Сонымен қатар, партиялық-сайлау қатынастарының қарапайым бәсекелес моделі іске аспады және «субсидиялау» жағына қарай, яғни балама партиялық алаңды саяси-құқықтық қолдау жағына қарай үнемі баяу жылжуда. Саяси реформалар көп жағдайда, әсіресе президенттік-парламенттік жүйені құруға қатысты кейінге қалдырылған нәтижеге ие. Сол себепті олардың негізгі бенефициары жастар, модернизация және туылғанынан нарықтық сана мен өмір логикасын прагматикалық көруге ие тәуелсіздік кезеңінде туылған қазақстандықтардың жаңа ұрпағы.

4.1. Партиялық-саяси қайта жаңарту кезеңдері

М.С.Машан Қазақстандағы партиялардың дамуы ұлтшыл-патриот-тық парадигма доминантасынан, сосын мемлекеттік-саясидан әлеуметтік-экономикалыққа біртіндеп өту аясында жүзеге асатынын болжады [120, 75–78 б.]. Яғни бұл – қазір біздің бәсекеге қабілеттілік парадигма-сы деп атап жүргеніміз. Тиісінше, едәуір рационалдық, прагматикалық нарықтық кезеңнің келуі партиялық алаңның біртіндеп оңтайлануына, оның айтарлықтай құрылымданған деңгейге шығауына ықпал етті.

Осы орайда тәуелсіздіктің екі он жылдығы кезеңінде Қазақстандағы партиялық жүйенің қайта құрылуы континуумының басты сызығы мемлекеттік жүйеден және қоғамдық сұраныстардан аздап актраирлі жұмыс істейтін атомдалған немесе шектеусіз көппартиялықтан алды-мен біркелкі көппартиялық жүйесіне, ал сосын жартылай партиялыққа немесе Оңтүстік-Шығыс Азияның жетекші елдері мен кейбір еуропалық мемлекеттердің негізгі матрицалары бойынша басым партиялардың жүйесіне көшу болды. Партиялық трансформацияның барлық өткен кезеңі «саяси маятник» ретінде сипатталады: алдымен – мемлекеттік-

Page 117: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 117идеологиясы

партиялық секуляризация, ал сосын – жаңа жақындасу, тұтасу, бірақ сая-си, әлеуметтік реформалардың бірнеше айналымдарының өтуінің жаңа жағдайларында.

Соған сәйкес, Қазақстандағы партогенез кезеңі бұрын істелгеннен гөрі, маңызды уақыттық интервалдарға жатқызылатын болады [121, 94 б.]. Кезеңденудің өзі бүгін партиялық жүйенің табу нүктесін сәйкестендіру және оның әрі қарай үнемі жылжып отыруының жолдарын анықтау үшін бізге қажет.

Бірінші кезең айтарлықтай кең болды – іс жүзінде 12 жыл, 1990 жылдан 2002 жылға дейін. Бұл кезеңде қарапайым, шектелмеген көп-партиялық болды. Саяси партияларды сандық параметрлер арқылы құру еш шектелмеді, КОКП монополиясы бұзылды. Кезеңнің соңында елде шектеусіз көппартиялықтың ішінде 19 саяси партия жұмыс істеді, партия болып құрылуға онның жартысындай ұйым дайындалып жатты.

Екінші кезең (2002–2006 жж.) біркелкі көппартиялыққа көшумен бел-гілі болды. Бұл аралық кезең болды, ол жедел басқарылатын, технология-лық, саяси жүйенің өзегі ретінде қызмет етуге қабілетті болу үшін билік пен нақты Президент партиялық жүйенің өте маңызды реинжинирингін жасады.

Әрбір аймақта 700 мүшеден кем емес жағдайда ресми тіркеу (50 мың адам) үшін олардың ең аз санының жоғары планкасын қалыптастырған партиялар туралы заңнамаға түзетулер осыны пайдаланды. Заңнамалық өзгертулерді қабылдағаннан кейін 8 партия қайта тіркеуден өтті. Қосым-ша 4 партия құрылды. Нәтижесінде институттық түрде партиялық кеңіс-тік үштен бірге қысқарды.

2006 жылдан бастап үшінші кезеңде партиялық жүйе біртіндеп көп-партиялықтың қазіргі сипаттарын ала бастады. Бұл саяси партиялардың алдымен «Нұр Отанның» нығаюымен және 2007 жылы парламеттік сай-лауда басқа партиялардың уақытша бірігуімен байланысты болды. «Нұр Отан» партиясы экслюзивтік парламенттік партияға айналды. Қалған партиялар ең төменгі сайлау шегі 7% жете алмай парламенттік алаңнан тыс қалды. Жалпы бұл кезеңдегі партиялық кеңістік 10 партияға дейін қысқарды.

Осындай процестер тек Қазақстанда ғана емес, басқа да көптеген елдер-де де болды. Мұндай жағдайда көбінесе Оңтүстік Шығыс Азия елдері, Жа-пония еске түседі. Латын Америкасында да мысалдар бар [122, 204–205 б.].

Партиялық агрегаттардың қысқаруы саяси жүйеде оның партиялық құрамдас бөлігін едәуір оңтайлы, барабар етті. Біріншіден, бұл партиялық институттарды әлеуметтік және құқықтық бақылауды қамтамасыз етуді жеңілдетеді. Яғни, әңгіме әлеуметтік қарбаластықтың партиялық ұрын-дырудың қатерлерінің туындауына қарсы тұрудың императивтері туралы болып отыр. Екіншіден, саяси партиялар – бұл бұқаралық институттар.

Page 118: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

118 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Қазақстанда бұқаралық алаң жалпыға мәлім тарлықпен, шектеулілікпен ерекшеленеді. Барлығын жасырын дискурс шешеді. Бұқаралық мәдениеті әлі төтеп берген жоқ. Бұқаралыққа қызғаныш пен оның осалдығы көз алдында болуды қорқытады. Соңғы, үшіншіден, – қазақстандық қоғамда консервативтік көңіл-күйлердің салмағын назарға алған жөн.

Партиялық-саяси транзиттің және саяси реформалардың басты мәні біртіндеп партиялардың рөлін нығайту, олардың автономдылықты бас-тан кешіру және мемлекеттік жүйенің енгізілуі, азаматтардың мүддесін қорғаудағы жауапкершіліктің артуы болды. «Азаматтық қоғамның же-текші институттардың бірі ретінде саяси партияларды және тиісінше әлеуметтік мүдделерінің саяси өкілдерінің негізгі механизмдерінің бірі ретінде қарастыра келе, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев сондықтан тәуелсіздіктің бірінші жылдарынан бастап елдің саяси кеңістігінде мықты әрекетті партияларды құру үшін жағдайлар жасау жөніндегі мақсатқа бағытталған саясатты жүргізеді. Бұл контексте стратегиялық басымдық партиялардың мемлекеттік билік құрылымына кезеңдік қосылуы болып табылады» [123, 138 б.].

Бірақ сонда да партиялық жүйедегі басты тренд белгіленді – бұл пар-ламенттік мәртебе ғана партия өзінің әсерін сақтай алуының және ғайып болып кетпеуінің кепілі болуы мүмкін. Бұл – саяси жүйені нығайтудың нақты критерийі. Жүйеден тыс партиялар немес ұйымдар халық арасын-да өзіне қолдау таба алмайды. Тиісінше, тәуелсіздік жылдарында билік оппоненттерінің саяси жүйе, билік жүйесі актриаланған, яғни қоғаммен байланысты емес сипатқа ие екендігі туралы басты дәлелі бұзылды.

Төрт парламенттік сайлау науқандары (1995, 1999, 2004, 2007 жж.) едәуір мықты және әрекетті партиялардың жетілуіне ықпал етті.

1995 ж. бірінші парламенттік сайлауға дейін парламенттік және оппозициялық партиялардың рейтингтері іс жүзінде тең болды – тиісінше 36,1 және 34,5%. Сайлаудан кейін Парламентке кірген партиялардың рейтингісі екі еседен көп оппозициялықтардан асып түсті. Бірақ айыр-машылық соншалықты айқын болған жоқ – бар-жоғы 27%. Оған қоса, парламенттік партиялардың жиынтық рейтингісі 50% асқан жоқ, әрбір бесінші сұралған адам оппозицияны жақтады.

Оппозицияның рейтингісі парламеттік партиялардың рейтингісінен асып тұрған кезең болғанын айта кету керек. Бұл 1996 жылдың наурызы-нан 1997 жылдың шілдесіне дейінгі кезеңде белгіленді. Мұндай құбылыс сайлаулар арасындағы кезеңде биліктік партиялардың белсенділігінің ке-неттен әлсіреуіне байланысты, ол кезде оппозиция агрессивті және табан-ды жұмыс істеуін жалғастыруда еді. Бұл жаңа партиялық-саяси жүйені құру жағдайларында биліктің басты есептен жаңылысуы болды.

Бұл орайда 1999 жыл оппозиция Парламентте ұстап тұруға тал-пынған кезде бәсекелестіктің жоғары деңгейін көрсетті. Парламенттік

Page 119: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 119идеологиясы

және оппозициялық партиялар арасындағы бөлініс үш еселік деңгейге жетті, бірақ оппозицияның рейтингісі респонденттердің ширегінен көп болды. Билік мұнда әкімшілік ресурстарды пайдалана отырып, жаппай, бастырмалатқан шабуылмен алды.

Сайлау аралық кезеңде оппозиция тағы да парламенттік партиялар-дың дезактивизациясын пайдаланбақ болды. 2000 жылы олардың арасын-дағы бөлініс 8% дейін қысқарды. 2011 жылдың сәуірінде оппозицияның рейтингісі тіпті парламенттіктерден 11% асып түсті.

16-диаграмма

1995 жылдың наурызынан 2009 жылдың наурызына дейінгі кезеңдегі партиялардың негізгі топтарының рейтингілерінің динамикасы

Шамамен 2001 жылдың күзінен бастап оппозицияның рейтингтері тұрақты кеми бастады. Кему үрдісі 2003 жылдың тамызына дейін, яғни мәслихат сайлауына дейін жалғасты. Кейін 2004 жылы электоралдық толқында оппозиция рейтингтері 19,7% дейін көтерілді, бірақ 1995 жыл-дағы деңгейге жеткен жоқ.

Парламенттік партиялардың да рейтингтері бұл кезеңде кенеттен 2003 жылы тамыздағы 31,4%-дан 2004 жылдың қыркүйегіндегі 71,3% дейін өсті. Оған қоса, оппозицияның рейтингтері алғаш рет парламенттік емес партияларды халықтың қолдау деңгейінен де төмен болжамдалды. Бұл 2003 жылдың тамызынан 2004 жылдың қыркүйегіне дейін байқалды жә-не Парламентке кірмейтін биліктік партиялық-саяси инфрақұрылымның өсуін білдірді.

36,1

47,5

31,8 24,5

21,7

18,1

18,6 16,2

72,5 63,6

24,1 24,6 24,7 31,4

56,3

71,3 71,2

54,7

57,2 68 ,0 65,2 67,2 69,5

65 ,0 73,2

59,1 65,9

70,9 69,7

3,4 2,6 3,5 1,5 2,6 1,3 3,5 2 ,0 13,5

31,5

12,3

7,2 9 ,0

16,7 20,6 23,5

8,9

4 ,0 2,2

11,6 13,9

5 ,0

5,5 7,4 6,2 12,7 13 12,5 11,3

34,5

20,8 28,3

32,9 30,7

22,8 25,8 22,9

25,1

51,8 35,7

17,7

17,7 13,6 15,3 15,5

19,7

8,8 5 ,0

13,6 11,5 6,2

8,9 9,4 10,7 9,4 8,6 9,1 7,9 0

10

20

30

40

50

60

70

80

Парламенттік партиялар Парламенттік емес партиялар Оппозициялык партиялар

Page 120: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

120 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

2005 жылдың президенттік сайлау науқаны толқынында парламенттік партиялардың рейтингісі оппозициялықтан енді 11 есеге көп еді, деген-мен 2004 жылғы сайлауда – тек 3 есеге. Мұндай айырмашылықтар ең жоғары болды. Президенттің жеңімпаз сайлау науқаны осылайша парламенттік партиялардың түбегейлі жарып өтуін қамтамасыз етті. Олардың көшбасшылығы сөзсіз болды. Мұнда оның элементтерінің позицияларының президент қалай әрекет етуінің мықты тәуелділігіне байланысты қазақстандық саяси жүйенің мәні көрінеді.

Сонымен қатар, 2007 жыл парламенттік және парламенттік емес партиялар арасындағы ірі бөліністі көрсетті. 2007 жылдың шілдесінде ол 62% құрады. Бұл көрсеткіш рекордтық болды, дегенмен салыстырмалы мөлшерде ол 7,3 есеге аз болды. Жалпы парламенттік және оппозициялық партиялар арасындағы 61-62% деңгейіндегі айырмашылық қолдауға ие бо-луын қазір де жалғастыруда. Оған қоса, 2008 жылдың шілдесінен бастап құрамына тек оппозициялық партиялар ғана кірмейтін парламенттік емес партиялардың оппозициядан жоғары рейтингке ие екені байқалады. Демек, билікке жақтас инфрақұрылымдар жанданды.

Осылайша, Қазақстанның партиялық-саяси қайта жаңарту прези-денттік фактордың рөлі мен маңыздылығынан көрінеді. Мемлекет бас-шысы қоғамдық-саяси өмір парламент, яғни халық қолдауына ие партия-лар арқылы реттелуінің негізін қалады. Президенттің партиялық қайта жаңартуға белсене қатысуы арқылы саяси процесті реттеу жүзеге асты. Реттелген саяси жүйенің жетекші құралы Парламент болуы талап етілген. Тиісінше, 1999 жылдың конституциялық реформалары және кейін 2007 жылы көбінесе оған және жалпы өкілеттік органдар жүйесіне арналған болатын. Демек, Қазақстан біртіндеп президенттік-парламенттік жүйеге қарай көрші елдердегідей әрі-сәрі және тұрақсыздық жағдайымен емес эволюциялық жолмен бірте-бірте дамып келеді.

4.2. 2007 жылғы реформалардан кейінгі партиялық-саяси сала

Билік пен азаматтық қоғам институттарының диалогы негізгі тұжы-рымдамалық сызығы қайта құрулардың артықшылығы саяси саладағы емес, экономикадағы өзгерістер басымдық болып табылатын реформалардың қазақстандық моделіне айқын сіңіседі. Иә, принципті таңдау демократияның пайдасына жасалынды, бірақ бұл орайда еліміздің көшбасшысы Президент Н.Ә. Назарбаев әрі-сәрі емес және күйзелістерсіз елдің демократиялық эволюциялық жолмен біртіндеп дамуына қарай бағыт ұстады.

Қазақстанда сыннан өткен қоғамдық диалогының үлгісі делибертатив-тік демократияның қазіргі заманғы, прогрессивтік идеяларының арнасын-да жатты.

Page 121: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 121идеологиясы

ХХ ғасырдың аяқталуы мен жаңасының басталуы «делибертативтік демократияның» жаңа нұсқаларының пайда болуымен байланысты болды. Ол ең жоғарылық және ең төменгілік тұжырымдамалармен компромистік сипатта. Мұндай тұжырымдаманың негізгі апологеті Ю.Хабермас болып табылады. Оның ойынша, «делибертативтік демократия ақиқатты іздеу процесі мен саяси шешімдерді дайындау процесін біріктіру керек. Бұл жүйедегі шешімдерді әзірлеудің негізгі түйіні … дискурс алға тартылады – кең, белсенді және жекелей қатысуы жағдайында жүзеге асырылатын және рационалдылық талаптарына сай барлық қызығушылық танытқан адамдардың еркін пікірталасы» [124, 24 б.].

Мұндай стратегияның призмасы арқылы кез келген саяси өзгерістер қоғамдық диалог пен сын сүзгісінен өту арқылы ғана жүзеге асырылуы ке-рек болатын.

2000 жылдан бастап елде саяси диалогтың институтталу процесі жүзеге асты. Алдымен бұл «дөңгелек үстелдер» нысаны болды.

Экономикалық және әлеуметтік өсу, қазақстан қоғамының қайта құрылымдануы, жаңа әлеуметтік таптардың келуі, Қазақстанның әлемдік экономикада және саясатта сәтті алға жылжуы өмірдің жаңа шындық-тарына саяси жүйенің бейімделуі жөніндегі жүйелік тәртіп шараларын әзірлеуді талап етті. Дәл сол себепті 2002 жылдан бастан елдегі саяси диа-лог сапалы түрде Одан әрі демократияландыру және азаматтық қоғам-ды дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі тұрақты әрекет ететін кеңесте көрсетілген жаңа деңгейге шығады.

ТӘК атқарған рөлдің маңыздылығы Президент Н.Ә. Назарбаев 2004 жылдың маусымында «Отан» партиясының кезектен тыс съезінде айтқан са-яси реформалардың жүйеленген кешеніне шығуын көрсетті. Дәл сол жерде Н.Ә. Назарбаев алға қарай жаңа қадамның қажетігін білдірді және Демо-кратия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияны құру идеясын айтты. ДМҰК құру – бұл 2004 жылдың аяғына қарай болған елдегі саяси диалог жүйесін дамытудағы жаңа институттық секіріс болды.

Ұлттық комиссия жұмысының аясында саяси жүйені реформаланды-ру, азаматтық қоғамды дамыту, мемлекеттік басқаруды орталықсыздан-дыру, жергілікті өзіндік басқаруды құру, Парламенттің рөлін күшейту, сот-құқықтық жүйені жетілдіруге қатысты барлық мәселелері спектрі қарастырылды. ДМҰК тек жетілген саяси реформаларындың аясындағы қоғамдық пікірталастарды ынталандырып қана қойған жоқ, сондай-ақ практикалық жазықтыққа саяси жүйелерді либерализациялау туралы әңгімелерді де алға тартты.

Елдегі саяси диалогтың дамуының келесі кезеңі Саяси реформалар бағдарламаларын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комис-сияның құрылуы болды. Мемлекеттік комиссия өзнің жұмысына 2006 жыл-дың наурызында белсенді кірісті.

Page 122: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

122 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Мемлекеттік комиссия аясында алты пленарлық отырыс, 21 жұмыс тобының отырысы, халықаралық конференциялар мен «дөңгелек үстел-дер» өткізілді. Бар-жоғы 35 ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар өткізілді.

Саяси реформалар мен Мемлекеттік комиссияның жұмысына қа-тысты халық арасында басым бағалауларды анықтау үшін бұқаралық әлеуметтанулық сауалнамалар жүргізу қамтамасыз етілді. Мұндай зерт-теулердің он шақтысы жүргізілді. Олардың жүргізілуі үшін әртүрлі тәуел-сіз зерттеу және сараптамалық құрылымдар, саны бойынша барлығы же-теу үкіметтік емес ұйымдар тартылды.

Зерттеулердің біреуінің мәліметтері бойынша, азаматтардың ба-сым көпшілігі Мемлекеттік комиссияны реформаларды созуын емес, ынталандыру ретінде бағалап, оның қызметін қолдады. 74% респондент саяси реформалар қоғамдағы талқылаудан міндетті түрде өту керек де-ген әдісті қолайлы деп атады. Оған қоса, реформалардың маңыздылығы, мұндай мәселелерді сапалы және кәсіби қарастырудың қажеттіліктерімен қатар, респонденттердің төрттен бірінен көбі Мемлекеттік комиссияның жұмысын демократияның өзіндік көрінісімен, азаматтардың маңызды сая-си шешімдер қабылдауға қатысуымен, сондай-ақ позицияларды келістіру мүмкіндігімен ынталандырды.

Мемлекеттік комиссияның нәтижесінде елдің қолданыстағы Ата заңының күшіне енбеген толық мөлшерде іске асырылмаған ресурстары айқындалды. Жыл ішінде он шақты заңдар мен демократиялық рефор-маларды алға тарту мәселелерімен байланысты басқа да нормативтік-құқықтық актілер талқыланды.

2006 жылы еліміз сайлау жүйесінің дамуының жаңа деңгейіне шықты. 2005 жылы елдің төрт аудандарында әкімдер қайта сайланған сайлау тәжірибесіне сүйене отырып, біз аудандардың отыз пайызында және об-лыс қалаларында сайлау жүргіздік. Олардың нәтижелігі сайлау өткен әкімдердің корпусы үштен бірге жаңарғанын көрсетеді.

Сондай-ақ сайлау туралы Конституциялық заңға дауыстарды санау кезеңінде митингтерге тыйым салуға қатысты артық қатаң нормаларын алып тастаған өзгерістер қабылданды.

Мемлекеттік комиссия аясында 2011 жылға дейін есептелінген Аза-маттық қоғамның дамуы тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымда-маны жүзеге асыру үшін үкіметтік жоспар қабылданған. Азаматтық қоғамды дамыту мен оның институттық негіздерін нығайту мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен алдағы 5 жылға 1,25 млрд. теңге жұмсау жоспарланған.

Мемлекеттік комиссия шынында сарапшылар ортасында, ғалым-дардың, зиялы қауымдар, мемлекеттік қызметкерлердің арасында пікір-таластардың және полемиканың қызуын келтірді. Қызмет етуі барысында

Page 123: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 123идеологиясы

Мемлекеттік комиссия туралы БАҚ-та 1,5 мыңға жуық түрлі ақпараттық-талдамалық материалдар басылды. Оған қоса, олардың үштен бірі – сю-жеттер, сұхбат, электрондық БАҚ бағдарламалары. Сондай-ақ саяси жүйенің дамуы мәселелері жөніндегі 70 іргелі теориялық мақалалар басы-лып шықты. [125, 1 б.].

Мемлекеттік комиссиялардың ұсыныстарының көпшілігі конститу-циялық реформалар жөніндегі соңғы шешімде шығармашылық түрде еске алынды. «Соңғы жылдары Палата комитеттерінің төрағалары мен депутаттардың қатысуымен болған үлкен дайындық жұмыстарының болғанын, сонымен қатар, мен ұсынған заңнамада Мемлекеттік комис-сияның 80% ұсыныстары қабылданғанын ескере отырып, осы аптаның ішінде жобаны қарау мүмкін деп есептеймін» [126, 21 б.].

Мемлекеттік комиссия модернизациялық күтулерді айтарлықтай сындарлы арнаға бағыттап, халықтың әрі қарай саяси реформаларды күтудің сипатына елеулі әсер етті. Азаматтар алдағы демократиялық қайта құрулардың қажеттілігін ғана емес, сондай-ақ олардың байсалдылығын және қайтымсыз сипатын нақты сезіне бастады.

Автор А.Ж. Шоманов реформаларға алғышарттардың жетілуін көр-сетті: «Қазақстан бүгін саяси процестердің дамуының өте маңызды ке-зеңінде. Қазақстан нарықтық экономика елі мәртебесіне ие және тұрақ-ты даму траекториясына шыққан, қазіргі кезеңде оған жаңа міндеттер мен бағдарлар қойылды. Еліміз негізгі тіректері бұрыннан рефор-малардың салмақтығы мен жүйелілігі болып табылатын саяси қайта құрулардың жаңа кезеңіне енді» [127, 19 б.].

Мемлекеттік комиссия жұмысының қорытындылары бойынша Конституцияға 60-тан астам өзгерістер енгізілді, бірақ олардың негізгі ауқымы көбінесе редакциялық сипатта болды. Тұжырымдамалық және айтарлықтай маңыздыларының арасынан 12 өзгерістер көрінеді.

1) өлім жазасын толық болдырмау, оның сақталуы тек соғыс уақытында және террористік актілер жасаған жағдайда ғана (15-бап, 2 тармақ);

2) соттың шешімімен ғана 72 сағаттан артық тұтқындауды санкциялау (16-бап, 2-тармақ). Бұрын мұны соттан басқа прокуратура да істей алатын еді;

3) президенттің өкілеттілігінің мерзімін 7-ден 5 жылға дейін қысқарту (41-бап, 1-тармақ). Бірақ 94-1 бапта бұл норма 2005 жылы 4 желтоқсанда сайлауда сайланған президенттен кейін сайланғанына қолданылатын бо-лады;

4) қайта сайлану жағынан Тұңғыш Президентке ерекшелік жасалын-ған (42-бап, 5-тармақ);

5) президентті лауазымын атқаруы кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтатуға міндеттейтін норманы алып тастау (43-бап);

6) Премьер-Министрдің кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізгенге дейін партиялардың фракцияларымен алдын ала

Page 124: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

124 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

келісіп алу (44-баптың 3-тармағы). Бұл жерде екі жаңашылдық бар: үкімет басшысының кандидатурасын фракциялармен келісу және Парламенттің пленарлық отырысында, яғни Сенатты қоса алғанда емес, тек Мәжілісте қарау;

7) президенттік тізім бойынша сенаторлар санының 7-ден 15-ке дейін, ал мәжілісмендер санының 77-ден 107-ге дейін артуы (50-бап, 2-3-тармақтар). Нәтижесінде парламентарийлердің жалпы саны 154-ке жетті, бұл халық саны Қазақстанға жақын елдер үшін қалыптасқан нормаға сәйкес келеді;

8) Мәжілістің 98 депутатының партиялық тізім бойынша, яғни про-порционалдық жүйе бойынша, ал 9 депутатының – Қазақстан халқы Ас-самблеясынан сайлануы (51-баптың 1-тармағы);

9) Парламент депутаттарындағы тегеурінді талап мандаттың жоқтығы туралы норманы алып тастау, депутаттың партиядан шыққан, шығарыл-ған, оның қызметі тоқтатылған жағдайда өз мандатын жоғалтатыны тура-лы норманың енгізілуі (52-бап);

10) Палаталарға үкімет мүшелерін қызметтен босату туралы прези-дентке үндеуді депутаттардың қарапайым көпшілігімен қабылдау мүмкін-дігінің берілуі. Жалпы министрлерді қызметінен босату туралы мәселені қою тәртібі Парламент үшін айтарлықтай жеңілдетілді (57-баптың, 6 тармағы);

11) әкімдерді жергілікті өкілді органдармен алдын ала келіскеннен кейін тағайындау (87-баптың 4-5 тармақтары);

12) тікелей және жергілікті мәслихаттар арқылы жүзеге асырылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі анағұрлым айқын сипатталды (89-бап-тың 2-3 тармақтары) [128, 173–174 б.].

Конституциялық реформаның қабылданған форматы өзіндік қорғау-шы «чип» ретінде президент институтын мықты және функциялық сақтауға шақырады. Демократия – бұл тек еркіндік ғана емес, сондай-ақ тәртіп қой. Сол себепті саяси жүйеде жағдайлардың қолайсыздығы болғанда өзін-өзі сақтауға жұмыс істейтін механизмдер сақталған.

Конституциялық реформалардың жетекші парадигмасы билік инсти-туттарының позициялары бір-бірімен тең басқарудың президенттік-парламенттік нысанына өтуі болды.

Реформаға дейінгі Парламентті талдау жоюы қажет еткен әрекет-сіздік қатарын айқындады. Көбінесе барлық проблемалар парламенттегі әлсіз институттық партиялардан шықты. Олар, дәлірегі қосалқы, декоративтік, ілеспелі механизм ретінде болды.

Біріншіден, саяси партиялар шын мәнісінде партиялық фракциялар-дың жетекшілері парламент палаталары бюросының құрамына кірме-гендіктен парламент басқаруына қатыспады. Дегенмен басым көпшілік – парламент депутаттарының 98% жуығы партиялық болып табылғанын және олардың ішінде 85% фракцияның құрамына кіргенін айта кету керек.

Page 125: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 125идеологиясы

Екіншіден, бір мандатты депутаттардың сандық артықшылығы жалпы ұлттық аймақтық императивтер мен парламентарийлердің қызметтерінен басым болу үшін негіз қалады.

А.Надаис айтқандай, тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін мажори-тарлық жүйе жақсы келеді, ал пропорционалдық – халық топтарының жақсы өкілдігі үшін [129, 70 б.].

Электоралдық жүйенің танымал зерттеушілері Э.Лейкман және Дж.Ж.Ламберт мажористік туралы одан да қаттырақ айтқан: «…көп сан-ды және әртүрлі сайлаушылар контингентінің пікірін ескерудің бұл дөрекі және қарапайым әдісі мәселе маңызды топтардың пікірін білуге қатысты болғанда қолайсыз болып табылады және заң шығарушы органдарды кедейлендіреді» [130, 17 б.].

Үшіншіден, депутаттардың партиялық тәртібін қамтамасыз ететін ме-ханизмдер болған жоқ. Бұл орайда, қандай да бір партияның өкілі бола тұра, парламентарийлер өздерінің көзқарастары мен сенімдеріне қарай лайық әрекет етті. Басқа сөзбен айтқанда, көбінесе партиялар ұсынатын қандай да бір мақсаттар мен бағдарламаларды бөліспеуі де мүмкін қайрат-керлердің парламенттік өріске шығуы үшін трамплин бола отырып, пар-тиялар тек номиналдық билікке ие болды.

Бұл тұрғыда 1999 жылы парламенттік сайлауды әзірлеу жағдайында саясаттанушы К.Л.Сыроежкиннің сөзі айтарлықтай көрнекті болды. «Кез келген қоғамдық пікір сұрауы маңызды саяси шешімдерді қабылдауға әсер ететін органдардың иерархиясында Парламент соңғы позициялардың бірін иемденеді. Парламент Депутаттары өздерінің басты қызметін – оларға дау-ыс берген электораттың мүдделерін ұсыну мен қорғауды атқармайды. Яғни, іс жүзінде әңгіме императивтің жоқтығы туралы болып отыр» [131, 11 б.].

Төртіншіден, халықтың белгілі бір қолдауына ие партиялар үшін ең төменгі саяси кепілдіктер аутсайдер жоқ болды.

Партиялық механизмнің әлсіздігі іс жүзінде парламенте, сондай-ақ өкілетті органда басқа да қызметтік жаңылулардың бірінші себебі болды. Ол туралы «Орталық Азия және Әзірбайжан мемлекеттеріндегі өкілеттік институттардың дамуы туралы ұлттық баяндамалар» жобасы аясында БҰҰ Қазақстанда дамуы бағдарламасымен әзірленген 1991-2001 жылдары Қазақстандағы парламентаризмнің дамуы туралы Ұлттық баяндамасында көрсетілді [132, б. 4–18, 48, 68–69].

БҰҰДБ зерттеуін, сондай-ақ 2007 жылға дейінгі парламент қызметінің динамикасын талдауды ескере отырып, келесі проблемалар айқындалды.

Біріншіден, бұл – негізгі әлеуметтік-демографиялық топтардың парламентте тұрақсыз өкілдігі.

Шынында да, егер депутаттық корпустың сапалы параметрлерін қоғам-дағы негізгі әлеуметтік-демографиялық топтардың қатынасымен салысты-ратын болсақ, онда парламенттегі айқын өкілеттілікті көрсетуге болады:

Page 126: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

126 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

- әйелдер (демографиялық үлесте 51,7%, парламентте әйелдер 8,6%, оның ішінде Мәжілісте – 10,3%, Сенатта – 5,1%);

- орта жастағы азаматтар мен жастар (25 пен 40 жас аралығындағы халықтың демографиялық үлесі 22,6% құрайды, олардың Парламенттегі өкілдігі тек 4,2% көрсеткіште). Оған қоса 51-ден 60 жасқа дейінгі депутаттардың саны жастық құрылымда олардың үлесінен 6 есеге көп, 61-ден жоғарылары екі еседен көп. Өкілдіктің демографиялық үлесінің ба-сым болуы 41-ден 50 жасқа дейінгі азаматтар тобына да тән.

- жергілікті емес ұлттардың өкілдері (қоғам құрылымында олардың үлесі 41% шамасын құрайды, парламентте – 21%, немесе екі есеге аз).

Екіншіден, парламенттің консервациясы. Кез келген парламенттің күші – кәсіби депутаттық корпустың бо-

луы және парламент шақырылымдарының арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуінде.

Қазіргі парламенттің қалыптасуының бастапқы кезеңдерінде өкілет-тілік пен парламент аясындағы бұқаралық саясатты едәуір оңтайлы жүзеге асыра алатын тұлғаларды өзіндік табиғи таңдау болды. Бірінші және екінші шақырылымдағы парламент құрамы жаңаруының жоғары көрсеткіші осымен байланысты. Мысалы, 1995-1999 жылдардағы Парла-мент Жоғары кеңестің 12 және 13 шақырымдарына қатысты төрттен үшке жаңарды. Іс жүзінде жаңару «ескі» депутаттардың үлесі мұнда 29% көп болмаған кездегі екінші шақырымдағы Парламентте де болды (17, 18 диа-граммалар).

17-диаграмма

Халық құрылымы мен олардың үшінші шақырылымдағы Парламенттегі өкілділігіндегі негізгі әлеуметтік-демографиялық топтардың

үлесін салыстыру

8,6

0,8

3,4

19,0

51,7

24,1 21,5

51,7

8,1

14,5

14,1 8,9 10,4

41,1

0

10

20

30

40

50

60

Әйелдер 25-тен 30 жасқа дейін

31-ден 40 жасқа дейін

41-ден 50 жасқа дейін

51-ден 60 жасқа дейін

61-ден жоғары

Титулдық емес ұлттар

Парламенттегі топтардың өкілдігі Халық құрылымындағы әлеуметтік топтардың үлесі

Page 127: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 127идеологиясы

18-диаграмма

Парламенттің депутат корпусының шақырылымдар бойынша жаңаруы көрсеткіштерінің динамикасы

Сонымен қатар, үшінші шақырылымдағы Парламент депутаттық корпусты консервациялау (тұрақтандыру) үрдісін білдірді. Бұрынғы шақырымдағы депутаттардың саны онда жаңадан сайланғандармен іс жүзінде теңесті. Парламенттегі халықтың өкілдігінің демографиялық құрылымын, сондай-ақ депутаттық корпустың табиғи қартаюының фак-торларын ескере отырып, жоғары өкілеттік органды халықтан және саяси жүйеден күшпен бөліп алуын күтуге болар еді.

Парламеттің әлсіздігі әрқашан билік алдында қоғамдық мүдделерді келістіру қосымша немесе қосалқы құрылымдарды құру қажеттілігін көкейкесті етіп отырды. Саны 20-ға жететін президент жанындағы түрлі консультативтік-кеңесші органдарды құрудан білінеді. Олардың барлық плюстеріне, биліктің саяси маневрлері үшін қосымша мүмкіндіктерге қарамастан, бұл құрылымдар саяси әлсіздік пен парламенттің репрезентативтілік еместігінің ашық көрінісі ретінде қабылданады.

Үшіншіден, заңнамалық жұмыстың сапасының әлсіздегенін де айта кеткен жөн.

Депутаттар бастама көтерген заң жобалары санының азаюы байқал-ды. Егер екінші шақырымдағы Парламентте заң жобаларының жалпы ағы-нында мұндайлардың үлесі 22% құрады, онда енді тек 15% (19-диаграмма).

Сапалық жағын да айта кеткен жөн. Парламенттен өткен заңдарды Президенттің қабылдауының жалпы жоғары – 98%-дан артық көрсеткішіне қарамастан, заңдардың едәуір бөлігін Парламент Негізгі заңды өрескел бұза отырып қабылдайды.

71,2 71,2

56,6

73,2 73,2

62,0

69,3 69,2

51,3 50

55

60

65

70

75

ЖК 12 және 13 шақыруларына қатысты

1 шақырылған Парламент

2 шақырылған Парламент 3 шақырылған Парламент

Жалпы Парламент бойынша оның ішінде Мәжілісте оның ішінде Сенатта

Page 128: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

128 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

19-диаграмма

Үкімет пен депутаттардың бастамасымен Мәжіліске енгізілген заңнамалардың арақатынасы

Өз кезінде Парламент реформаларға дейін қабылдаған және Конституциялық кеңесте қаралған 17 заң бойынша сегізі немесе жартысы дерлігі конституциялық емес болып танылған. Олардың ішінде Азаматтық кодекс (ерекше бөлімі), «Тіл туралы», «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктердің қызметі мәселелері туралы» кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, «БАҚ туралы» заңдар.

2006 жылдың жетоқсанында жүргізілген зерттеулердің мәліметтері бойынша барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында елдің 48 қаласы мен ауылдық жерлерін қамтитын 1235 респонденттің арасынан мыналар айқындалды. Сұралғандардың тек оннан бір бөлігі ғана Пар-ламенттің барлық қызметтерді атқара алатынын нақ айтып отыр (11%). 42% респондент бұған толық сенімді емес. Оған қоса, сұралғандардың 27% Парламент қандай да бір дәрежеде оған артқан міндеттерді атқара алмай-ды деп есептейді.

Халықтың негізгі бөлігі Парламенттің негізгі проблемаларын депу-таттық корпус жұмысының кемшіліктерімен байланыстыруға бейім.

Бірінші кезекте, азаматтар депутаттардың сайлаушылармен кездесу-інің сиректігі мен әлсіз жұмысын айтты (47%). Екінші дертті нүктесі парламентарийлердің халықтың қажеттіліктері мен мүдделеріне деген қа-жетті қамқорлықтың жоқтығы болып табылады (44%). Респонденттердің 17% жуығы депутаттардың әлсіздігі, олардың елдің саяси өмірінің

591 646

218

53

181

38

8

22

15

64

29,2

15,7

0

10

20

30

40

50

60

70

0

100

200

300

400

500

600

700

1 шақырылған Парламенті

2 шақырылған Парламент

3 шақырылған (2сессияның) Парламент

Үкімет енгізген

Депуттаттардың бастамасымен

Депутаттар бастама көтерген заң жобаларының үлесі (%)

Депутаттар бастама көтерген және Парламент қабылдаған заң жобаларының үлесі

%

Page 129: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 129идеологиясы

оқиғалары мен проблемаларына нашар ден қоюы туралы айтады. Сұралғандардың 17% пікірінше Парламентте халықтың кейбір әлеуметтік топтары жеткілікті түрде ұсынылмаған. 10% Парламентте оппозицияның жоқтығынан байқалатын плюрализмнің жеткіліксіздігін көрініс табады.

Осыны ескере отырып, пропорционалдық элементтерінің кеңеюі мәселесі зерттеліне бастады. Көбінесе пропорционалдық және мажори-тарлық жүйелер теңесуінің, яғни аралас жүйеге өту мәселесі қарасты-рылды. Парламент Мәжілісі депутаттарының санын пропорционалдық өкілдік жүйесі бойынша сайланатын депутаттардың квотасын көбейту арқылы 134 дейін жеткізу ұсынылды. Оған қоса, мажоритарлық және пропорционалдық жүйелер бойынша сайланатын депутаттардың қаты-насы 50 де 50, немесе 67 депутаттық мандатты құрайды.

Алайда басқа да әдістер зерттелінді. Аралас сайлау жүйелерінің үлгілері Испания, Германия болып табылады. Мұнда пропорционалдық және мажоритарлық жүйелер бойынша сайланған депутаттардың саны шамамен бірдей. Бірінші жағдайда – 42 және 58%, екіншісінде – 50 де 50. Аталған тәжірибе транзиттік мемлекеттерде де бейімделген – мысалы, Вен-грияда. Мұнда 45% бір мандаты депутаттар және 55% – партиялық тізім бойынша сайланғандар. Венгрия тәжірибесі мұнда аймақтық партиялық тізімдер бойынша сайлаулар тәжірибеден өтуімен де қызық. Президенттік басқару нысандары жағдайындағы аралас сайлау жүйелерінің үлгісін Филиппиндер береді. Мұнда пропорционалдық және мажоритарлық жүйелер бойынша сайланған депутаттардың қатынасы 15 және 85% шама-сында болды, Қазақстандағы көрсеткішке қарағанда көбірек тұрақталған (13 және 87%). Демек, айқын белгіленгендік болған жоқ.

Басқа жағдай – көп партиялықты шектеу. Көбінесе транзиттік саяси жүйелерде партиялар үшін сайлау шектері – балтық елдерінде, Шығыс және Орталық Еуропа елдерінде 4-тен 20% өзгереді. Жеке партиялар үшін дифференциациялық шек пайдаланылады, әдеттегідей, 5% жоғары емес, блоктар үшін 7% және одан жоғары [128, 18–26 б.]. Жаңа үрдістерден партиялар блоктары үшін ең төменгі сайлау шектеріне талаптарды қатаңдатуды белгілеуге болады, атап айтқанда, Чехияда және Словакияда. Мұнда ең төменгі шек екі партия блогы үшін – 7- ден 10% дейін, үш және одан да көп партиялар үшін – 15–20% және одан жоғары.

Үшінші мәселе – депутаттар санының көбеюінде демографиялық факторды есепке алу.

ҚР Президенті 2007 жылдың 16 мамырында Парламентте Консти-туцияға толықтырулар енгізу жобасын ұсына отырып, Парламент депу-таттарының санын 154 адамға дейін көбейту арқылы біз қалыпты про-порцияға, яғни парламентарий саны мен біздің елдегі халық көлемімен халық саны қатынастарының нормасына қол жеткізетінімізді көрсетті [134, 1 б.].

Page 130: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

130 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Сарапшылар да сандық жағдайды, яғни халықтың көлемі мен парла-ментарийлер саны арасындағы қажетті пропорцияларға жетуді көрсетті [135, 108 б.].

Шынында да, егер басқа елдермен салыстырсақ, бұрын Қазақстанда болған – 132 мың адамға 1 депутат деген халық пен депутаттардың қатынасы 30 млн.адам халқы бар елдерге көбірек ыңғайлы келеді (11-кесте).

11-кесте

Парламент депутаттары санының орташа статистикалық көрсеткіштері мен олардың елдің топтары бойынша

халық санымен қатынасы

%Халық саны

бойынша елдердің топтары

Депу-таттардың

орташа саны

Депу-таттар

санындағы айырма-шылық

Халық саны мен

парламент депутат-тарымен орташа

статисти-калық

қатынасы (мың адам

/ 1 деп.)

Қаты-настағы айырма-шылық-

тар

Парла-менті басым елдер-

дің үлесі *

100 млн. және одан жоғары елдер

993 535-2985 473 169-1307 28

50-ден 100 млн.дейінгі елдер

661 290-945 113 41-219 50

30-дан 50 млн.дейінгі елдер

456 273-628 95 50-173 28

16-дан 30 млн. дейінгі елдер

318 220-595 82 47-122 28

7-ден 16 млн.дейінгі елдер

230 125-386 48 26-96 50

7 млн.төмен елдер

135 60-235 27 7-55 62%

Қазақстан 154 - 100 - -Реформаға дейінгі Қазақстан

116 - 132 - -

* Талдау үшін база ретінде Еуропаның, Азияның, Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерін репрезентациялайтын 50 ел және Автралия қарастырылды.

Page 131: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 131идеологиясы

Депутаттық корпусты 154 парламентарийге дейін кеңейту нәтижесін-де Қазақстан іс жүзінде осындай халық саны бар елдердің тобымен теңесті. 7-ден 16 млн. адамға дейінгі елдерде депутаттардың саны 125-тен 386 дейін тербеледі, ал парламентарийлер мен халықтың қатынасы бір депутатқа 26 мыңнан 96 мың адамға дейін келеді. Оған қоса, халық саны Қазақстан сияқты елдердің есептеулері бойынша парламенттік және аралас жүйелер жиі кездеседі. Президенттік режимдер мұнда сирек кездеседі, сол себепті реформа іс жүзінде санап шығылған болды.

Оған қоса, Қазақстан өтпелі жағдайды басынан кешіруде. Халық санағы мәліметтерінің алдын ала мәліметтері бойынша елде халық 16,3 млн. адамнан асады. Тиісінше, Қазақстанды 16-дан 30 млн. дейін адам халқы бар елдердің жоғары тобына жатқызуға болады. Мұнда біздегі парламен-тарийлер мен халықтың қатынасы бір депутатқа 47 ден 122 мың адамды құрайтын айырмашылық континиуумының аясында. Егер Қазақстанда 16,3 млн.адам тұратын болса, онда қатынас өзгереді және бір депутатқа 106 мың адамнан келетін болады.

Бұл бізді 7-ден 16 млн. адамға дейінгі елдердің тобындағы парламен-тарийлер мен халық арасындағы айырмашылықтар континиуумынан алшақтатады. Бұрын біз жақын болатынбыз және қатынастар айырма-шылықтарының жоғары планкасынан тек 4 мың адамға артта болатын-быз. Енді айырмашылық 10 мың адам психологиялық белгісіне жетуі мүмкін. Мұның өзі елеулі болатын. Сол себепті Мемлекеттік комиссияның демократиялық реформалардың бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі ұсыныстары өз кезінде негізделген болатын.

1998 жылдағы толықтыруларды қоспағанда 1995 жылы белгіленген мәжілісмендер санын екі есе көбейту ұсынылғаны белгілі. Яғни, олар 134 депутат болды. Сенатты 47 адамға кеңейту ұсынылды. Осылайша, біз 181 депутат планкасына дейін жеттік, сол арқылы ең аз парламентарий саны 220 мың адамды құрайтын 16 мыңнан 30 млн. адамға дейінгі топқа жақындадық. Ондай жағдайда бізде бүгін қатынас бір депутатқа 84,5 мың адамды құраушы еді, ол елдердің бұл тобындағы (1 депутатқа 82 мың адам) орташа көрсеткішке тең дерлік. Жаңа халық санағы мәліметтеріне қайта санауда бұл көрсеткіш бір адамға 90 мың адамды құраушы еді.

Қазақстан халықтың жоғары деңгейі бар, яғни 16 млн. адамнан көп ел-дер тобына тартылатынын айту керек. Бұл саяси жүйенің ерекшелігінен көрінеді. 16-дан 30 млн.адамға дейінгі елдердің тобында парламенттік ре-жимдер барларының үлесі алдыңғы топтан (7-ден 16 млн. адамға дейін) жартысынан дерлік аз. Тиісінше, мықты президенттік жүйенің сақталуы мұнда трендте деген сөз.

Демек, Қазақстанда өзінің саяси жүйесін жалпы стандарттарға неме-се шет елдердің тәжірибелеріне сәйкес келтіру үшін резервтер сақталған. Алайда әлеуметтік критерий де бар.

Page 132: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

132 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

2006 жылдың желтоқсанында саяси реформалар бағдарламасын әзір-леу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметі аясында 48 қалалық және ауылдық елді мекендерді қамтыған барлық облыстар-да, Астана және Алматы қалаларында арнайы әлеуметтанулық зерттеу жүргізілді. Барлығы 1235 адам сұралды.

Сауалнама мәліметтеріне сәйкес халықтың басым бөлігі бюджет үшін артық жүктеме болады деп санай отырып, депутаттық корпус санын ұлғайту ұсынысын ықылассыз қабылдады. Мәжілістегі қазіргі депутат-тар санын сақтап қалу мүмкін деп санайтын респонденттер саны (78%) Сенаттікімен (53%) салыстырғанда көбірек. Мәжілістегілердің санын қысқартуды бар-жоғы 1% респондент қолдады, ал сенаторлардың санын қысқартуды сұралғандардың 23% жақтады. Палаталарды ұлғайту көр-сеткіштері шамамен бірдей: Мәжіліс – 6%, Сенат – 8%.

Халық үшін Палаталардың қызметін нақты бөлу, яғни Сенатты ай-мақтар мүдделерін қорғауға, Мәжілісті сайлаудың пропорционалдық жү-йесі бойынша сайланатын төменгі палатаны жүз пайыздық партиялық етіп, жалпы ұлттық мүдделерді әзірлеу мен алға тартуға шоғырландыру ұсынысы едәуір тартымды көрінді. Мұндай ұсынысты респонденттердің 54% қолдады, принципті түрде қарсылар –10% жуық, жауап беруге қинал-ғандар – 36%.

Іс жүзінде қоғамдық инерцияның тежеуші сипаты әсер етті. Қоғамдық санаға жол берілді. Бұған қаржылық мәселе де ықпал етті.

Елдің экономикасының көлемі қаншалықты көп болса, Парламенттің шығындары да соншалықты азырақ сезімтал болып табылады. Және керісінше де. Мысалы, парламентті қаржыландыру көлемдері 4 есеге Қазақстанның көрсекішінен асатын Ұлыбританияда ЖІӨ-ге парламенттік мұқтаждыққа шығындардың үлесі пайыздың он мыңнан бір бөлігіне (0,0001) әрең жетеді. Қазақстанда парламент қажеттіліктеріне кетіретін шығындардың үлесі ЖІӨ-нен шамамен он мыңнан алты (0,00056) пайыз. Демек, қазақстандық экономика британдыққа қарағанда бұл демократия-лық институттың мазмұнымен байланысты айтарлықтай үлкен жүктеме (5,5 есе) артады. Оған қоса, соңғы жылдары біздің елдегі ЖІӨ динамика-лық өсуіне қарамастан, ондағы парламенттік шығындардың үлесі тіпті өскен.

Бір палаталық немесе екі палаталық парламенттің сайлауға қатысты, парламенттік елдерде парламенттердің бірінші типі жиі қолданылады. Мемлекет басшысының рөлі басым президенттік республикаларда неме-се елдерде көбінесе бикамерализмге немесе екі палаталыққа үміт арты-лады. Оған қоса жоғары және төменгі палаталардағы депутаттардың қатынасы бұл елдерде Филиппиндерде 10/90–нан, Францияда 35/65 дейінгі шамада түрленеді. Қазақстанда реформаларға дейін бұл көрсеткіш фран-цуздықтардікіне жақын болды (34/66).

Page 133: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 133идеологиясы

Егер мәжілістегілердің саны 137 дейін жеткізілген болса, онда қаты-нас өзгеріп, шамамен 22/78 құрайтын еді, ол америкалық үлгіге жақын (18/82). Нәтижесінде: 31% – Сенат және 69% – Мәжіліс, яғни француздық баланс ұсталады.

Сандық компонентке назар аудару – маңызды, өйткені Парламент өкілді орган болып табылғандықтан, депутаттар мен халықтың қатынасы бұл институттың халыққа, оның құрылымына, демографиялық сыйым-дылығына барабарлығының критерийі ретінде көрінуі мүмкін.

Осыған орай Депутаттық корпустың сайлау жүктемесін нормалау әдісін қазақстандық бұқаралық алаңда сыналған деп санауға болады.

2007 жылы жаңа нормативтік-құқықтық алаңда өткен парламенттік сай-лаудан кейін әлеуметтік-демографиялық топтарының репрезентативтілігі тұрғысынан тұрақталған Парламент құрамын құра алдық.

Осылай, әйелдердің өкілдігі 14% дейін өсті, жергілікті емес ұлттардың өкілдері – 24% дейін – халық құрылымында 33% үлесте, 40 жасқа дейінгі жас топтары – 5% дейін, 41-50 жас – 25% дейін. Бір мезгілде 51 жастан жоғары депутаттардың саны жалпы көрсеткіште 6% қысқарды. Мұндай қадамдар сайлау кезектен тыс болғанына, Сенатты қозғамағанына және Мәжілістің депутаттық корпусының жоғары сабақтастығының (39 депу-тат немесе бұрынғы құрамның 36,4% қайтадан сайланған) сақталғанына қарамастан туды [136, 259 б.].

Гендерлік аспектіні ерекше атап өту керек. Парламент Мәжілісіндегі әйелдердің үлесі 17,5% жетті. Оған қоса, Парламент депутаттарының саны 25% өсті, парламентарий әйелдерінің саны 10-нан 21 адамға дейін екі есе өсті. Бұл – әйелдердің саяси және парламенттік әлеуметтенуінің жағына қарай жасалынған аса берік қадам. Сонымен қатар, құрамына 56% әйелдер кіретін «Нұр Отан» партиясының аясында берік әйелдер резерві жетілуде. Жергілікті емес этникалық топтар бойынша да осыны айтуға болады. Пар-ламентарий арасындағы олардың саны реформалар нәтижесі бойынша 24-тен 37 дейін немесе үштен бірден аса өсті.

Конституциялық реформа партиялық-саяси жүйені тілкелей элек-торалдық бәсекелестік режиміне ауыстырды. Бұл 2006 жылы ҚР Президен-ті алға тартқан Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясымен тікелей байланысты болды [137].

Негізгі бөлігі 2007 жылға келген қайта құрулар қандай серпінге ие бо-латынын ешкім алдын ала білген жоқ. Халықтың негізгі бөлігі және тіпті саяси субъектілердің 2002 жылдан Мәжілісте сайлауға дейінгі науқан бол-ған және 2003 жылы мәслихат сайлау болған кезден бастап жыл сайын-ғы сайлаудардың топтамасынан кейін билік қызметтік инерциялық алго-ритмін қалайды деген қандай да бір енжарлы күтулері болды.

2007 жылы мамырда республикалық БАҚ-қа берген сұхбатында ҚР Президенті кейбір жақын жүрген адамдар қайсы бір «консервативтік»

Page 134: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

134 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

сценарийді, «даңққа бөленуді» тықпалағанын, оны қайтарып тастағанын айтқан болатын [138, 2 с.].

Реформалар жете талқыланған кезде демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелерінің де, халықтың білікті көпшілігінің де қолдауына ие болды [139–141], олар заңнамалық форматта жылдам іске асырылды. Ел Парла-менті ҚР Президенті ұсынған Негізгі заңға толықтырулар енгізу жобасын қолдады.

Конституциялық өзгерістермен Қазақстанның негізгі қоғамдық жүйе-лерінің дамуының синхронизациясы жүріп жатқанын айтуға болады. Мұндай шаралар жалпы тиімділікті арттыруға, жүйенің барлық элемент-тері қазіргі әлемде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге жұмыс істейтін елдің үздіксіз, үйлесімді дамуына бағытталғаны айқын.

Қабылданған конституциялық реформалардың бәсекеге қабілеттілік парадигмасының призмасы арқылы нәтижесінде олардың саяси партия-лары өздерінің маргиналдық жағдайын жойып және нақты әрекет ететін, биліктегі азаматтық қоғамның мүдделерін қорғаудың терең интеграция-ланған механизмі саяси жүйенің арқауына айналады деп санауға болады.

Партиялар енді саяси процестің негізгі генераторы болуы қажет. Конституциялық өзгерістердің көпшілігі дәл соларға арналған. Олардың пайдасына Парламент Мәжілісінде 91% орын берілген, қоғамдық бірлес-тіктерді мемлекеттік қаржыландыруға тыйым алынып тасталды, ҚР Президентінің Премьер-министрді тағайындау жөнінде парламенттік көпшілік партиясымен кеңесу міндеттілігі орнатылды. Көп жағдайда пар-тиялардың позицияларына әкімдердің тағайындалуы немесе орнынан бо-сатылуы байланысты болады, себебі дәл осы партиялар мәслихаттардың ядросын құрайтын болады [142, 79 б.].

Қоғамның саяси бастамаларын босататын шаралармен қатар, реформалардың нәтижесінде дегенмен де қорғаушы және төтенше сипаттағы механизмдер қатары сақталған. Маңызды қорғаушы «чип» президенттік билік институтын мықты және функционалды етіп сақтау болып табылады. Бұл жағдайда француздық тәжірибемен жақындық болды. Францияда саяси жүйенің өзін-өзі сақтаудың басты механизмі президенттік институт болып табылады. Дағдарыс жағдайында ұлтты қауіп-қатер көзіне қарсы жұмылдыратын мемлекет басшысының әрекеттер еркіндігі кеңейеді.

4.3. «Нұр Отанның» басым партия позициясына шығуы

Басым партиясы бар жаңа партиялық жүйені құру ұлттық идео-логияның бір бөлігі болып табылады.

Page 135: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 135идеологиясы

Күшті және ірі партиялар ұлтты жалпы ұлттық мақсаттар үшін жұ-мылдыра отырып, елдің дамуына мықты түрткі беруге қабілетті. Мұның жарқын үлгісі Оңтүстік Шығыс Азияның табысты елдерінің тәжірибесі бо-лып табылады.

Жапония – Екінші дүниежүзілік соғыс күлінен кейін қайта өрлей алған және аймақта алғаш модернизациялық секіріс жасаған ел. Мұнда либерал-демократиялық партия 1955 жылы өзінің құрылған кезеңінен бастап басқарушы болып табылады. Егер 1959 жылдан бастап билік ба-сында үзбей болған Сингапурдың халықтық әрекеті партиясы болмаса мүмкін сингапурлық «ғажайып» болмас та еді. Малайзияның табысының факторы көбіне өз қатарына 14 партия мен ұйымдарды біріктірген «Ба-рисан насионал» мықты басқарушы коалицияны құру болды. 1955 жылы сайлаудағы жеңістен кейін бұл коалиция елді үздіксіз басқарады және оның көшбасшылары жылдан жылға негізгі мемлекеттік орындарды иеленеді.

Мұндай мысалдарды жалғастыра беруге болады – Бәсекеге қабілет-тілігі бойынша 1 орын алатын Финляндиядан әлемнің дамыған елдерінің ондығына кіретін Австралияға дейін.

Мұнда басым партиялардың күші – олардың ұзақ уақыт ішінде елді табысты реформалару мен саяси тұрақтылықты қолдауды қамтамасыз ету қабілеттілігінде. Бұл – қауіпсіздікте, мемлекеттілікте, сыртқы саясаттағы ұлттық мүдделерде, біркелкі нарықтық реформаларда басымдықтары бар нақты және анық иедологиялық негіздерге арқа сүйейтін партиялар.

2007 жылғы Парламент және мәслихаттың екі сайлауы – құқықтық жүйеде Конституция мен заңнамаға енгізілген толықтырулар арқылы құрылған саяси жүйенің жаңа конструкция монтажының практикалық құралы.

Олар бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейімен ерекшеленді. Функ-циялық және мәртебелік күшейту мәслихаттарды айтарлықтай тартым-ды етті. Үміткер ретінде ұсынылғысы келген азаматтардың жалпы ортақ саны бұл жылы 9,1 мың адамға көбейді, 4 жыл бұрынғы көрсеткіштен 12% көп. Оған қоса, 2003 жылмен салыстырғанда мәслихатқа үміткерлер 15% көп тіркелген – 8744 адам.

Жалпы ұлттық деңгейде де өте қызулы болды. ОСК 374 кандидатты тіркеді, оның ішінде «Нұр Отан» партиясынан – 126 адам (31,5%), ЖСДП – 80, «Ауыл» – 30, Патриоттар партиясы – 11, ҚХКП – 20, «Ақ жол» – 98, «Руханият» – 9 адам.

Тиісінше, партиялардың артықшылықтары бар болғандықтан, парла-мент сайлауы айтарлықтай маңызды ұйымдастырылған деңгейде өтті.

Біріншіден, олардың өзінің тарихы бар, тиісінше, халыққа көбірек та-нымал, тұрақты байланыстары, тәжірибесі, бұқаралық жұмыс дәстүрлері бар, және олар не істегеніне есеп бере алады. Яғни, олар – көбінесе өзде-

Page 136: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

136 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

рінің науқандарын «нөлден» бастайтын жеке үміткерлердің «күңгірт атта-ры» емес, ал халық өзінің электоралдық авансын, қарызға даусын беруден шаршады, өйткені 15 жылдың ішінде танымал болу уақыты жетті.

Екіншіден, партиялардың мажоритарлық шеңбердегі кандидаттарға қарағанда бірнеше рет болған ұйымдастырушылық ресурсы мықтырақ. Партиялардың барлық облыс орталықтарында және ірі қалаларда, аудан орталықтарында, ауылдық елді мекендерде өзінің филиалдары бар, және «Нұр Отан» партиясы сияқты өндірістік ұжымдарда өздерінің алғашқы ұяшықтарына ие.

Үшіншіден, партиялардың құқықтық артықшылықтары бар – өзінің кандидаттарын алға тартады, бюджеттік субсидиялар алу болашағы бар, ОСК отырыстарына міндетті түрде қатысады, аумақтық, округтік, учаскелік комиссиялардың жұмысына қатысады. Сайлау орталығының құрамында партия өкілдерінің үлесі 77,2% жетеді.

Төртіншіден, партиялардың пирамидалық құрылымы олардың көш-басшыларының жұмысын күшейтуге мүмкіндік береді. Олар шырғалаң, ұйымдастырушылық-практикалық жұмыстардан босатылады және стра-тегия мен партияның бұқаралық қызметіне дайындала алады.

2007 жылы бәсекелестіктің жоғары деңгейін мыналар көрсетті:1. Саяси партиялардың біразы сайлауға қатысу үшін өздерінің

брендтерін құрбан етті және едәуір әрекетті әрі өтімді партияларға қосылды.

Мұндай қадамға оппозиция да барды. ЖСДП-ға «Нағыз Ақ жол» қосылды, ол өзін қабылдаған партиядан да айтарлықтай танымал еді.

Өздерінің амбициялары арқылы ұзақ мерзімді мақсаттары үшін сай-лаудан алдында «Ақ жол» партиясына қосылған «Әділет» партиясы да қосылды. Оған қоса, ол тіпті жергілікті партиялар лагерінен конструктивтік оппозиция лагеріне өтуге де барды.

Қазақстанның коммунистік партиясы жоғары бәсекелестік болған-дықтан, сайлау науқанына қатысу тәуекеліне бармады, алайда сарапшы-лардың барлығы бірдей оның әрқашанда едәуір электоралдық тәртіп пен өздерінің «коммунистік» көзқарастарындағы ұстанымпаздығымен ерек-шеленетін аға буын арасында қолдаудың кепілдік негізгі бар екенін айтты.

Сондай-ақ, «Асар», Қазақстанның азаматтық және аграрлы партияла-ры биліктің бір партиясына күн ілгері біріккен болатын. Сол арқылы олар «Нұр Отан» партиясының бәсекеге қабілеттілігін нығайта отырып, парти-яны бірнеше рет күшейтті.

2. Өткен сайлаудағы бәсекелестіктің жоғары деңгейі туралы сайлау процесі әрқашан әділ және өркениетті күрес аясында болмағаны айтады.

Өкінішке орай, әшкерелейтін материалдарды, теріс мәліметтерді түсі-рулер, фактілерді бұрмалау, персоналарды сынауға дейін бару, тырнақ астынан кір іздеу бірен-саран ғана болған жоқ. Кейбір партиялар сайлау

Page 137: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 137идеологиясы

алды күреске өлілерді тарту, өздерінің қарсыластарын беделін түсіру үшін олардың есімдерін және материалдарын пайдалануға тіпті жиіркенген жоқ.

Барлығы едәуір қиянатсыз, «сүттен ақ, судан таза» партия дейтін ҚХКП бірнеше рет «тосын сыйлар» жасады. Е.Әбілқасымовтың ЖСДП бұқаралық тәртіпсіздіктерді немесе билік партиясының кейбір мүшелері-не қатысты «компралар» дайындауы туралы айыптауының өзі неге тұрады. Қарабайыр сайлау алды үгіт-насихат үшін бар жақсыны елемей отырған ЖСДП-ның сол бейнероликтерін де айтуға болады.

3. Саяси партиялар сайлаудан бәсекелес, анық және негізделген сайлау алды платформалармен шығуға ұмтылды. Осының арқасында идеялық компонент, саяси партиялардың мазмұнды жақтарының бәсекелестігі айтарлықтай күшейді.

Бұл ерекшелікті өткен сайлаулардың жағымды жақтарының бірі ретін-де сипаттаған жөн. Партиялар тек пиармен, шақырулармен, іс-шараларды ұйымдастырумен ғана емес, сондай-ақ мазмұнды жақпен де өзінің артық-шылығы мен қоғамға қажеттілігін дәлелдеу және көрсету керектігін түсінді.

Тек партиялардың бірен-сараны ғана өздерінің платформаларына қа-лай болса солай қараған. Көпшілігі барынша аса тартымды және дәлелді сайлау алды құжаттарды ұсынуға тырысты. Оған қоса, «Нұр Отан», «Ақ жол» және ЖСДП – осы үш саяси партияда олар ерекшелігі және техно-логиялары жағынан жақын болғаны соншалықты, сарапшылар олардың арасындағы аса айырмашылықтарды таба алмады. Билік партиясы бірінші боп халыққа өз платформасын «шығарғанына» қарай, сарапшылық қауым-дастық «Нұр Отан» партиясының платформасының мазмұны болмаса да әдістерін оның негізгі бәсекелестерінің калькалағанын айтты.

4. Өңірлердегі саяси партиялардың белсендігі бірнеше рет ұлғайды. Олардың дауыс берушілерге назары артты. Партиялар халық топта-рымен өзара іс-қимылының инструментарийін кеңейтуге тырысты.

Партиялар дауыс берушілердің көңілін табу үшін шығындарға аянған жоқ, соның нәтижесінде өткен сайлаулар шын мәнісінде капиталдар күресіне айналды. Тек ресми мәліметтер бойынша, партиялар өздерінің науқанына жарты миллиард теңгеге дейін жұмсаған. Алайда, егер «жа-сырын» шығындарды, байланыстарды пайдалануды, артықшылықтарды, еріктілердің жұмысын ескеретін болсақ, онда партиялардың науқан шығындарының сомасы бірнеше есеге көбеюі мүмкін.

Тіпті шығымсыз есептеулер бойынша партиялардың бар-жоғы 25 күндегі үгіт-насихат іс-шараларының саны 4-5 мың шамасын құрады. Кейбір партиялар аудандық және ауылдық деңгейлерге дейін жеткен және сол арқылы ауыл тұрғынына немесе шет аймақтық қаланың тұрғынының назарына мереке, «соңғы» жаңалықтар әкелуге мүмкіндіктері жетті.

5. Саяси партиялар өздерінің электоралдық позицияларын нығайту үшін сауалнама құралдарын барынша жүзеге асыруға ұмтылды, бұл

Page 138: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

138 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

әлеуметтанулық күн тәртібіне күрестің қатты асқынуына әсер етті. Оған қоса, ЖСДП басшылығындағы радикалды оппозиция «рейтингтер соғысын» арандатты.

Бұл кезекте әлеуметтанулық күн тәртібіне күрес те аса қызу бол-ды. Оған қоса, ЖСДП өзінің афилирленген құрылымы арқылы сенгісіз және өзгерген рейтингтерді ұсынды, бұған тіпті әлеуметтанудың кәсіби шеберлігі мен мәселелерін аса жақсы білмейтіндер де күдікпен қарады.

Алайда саяси-технологиялық тұрғыда ЖСДП өзінің шулы рейтингте-рін сарқа пайдалануға – халықаралық бақылаушыларды адастыруға, «Нұр Отан» көшбасшы партиясын Ұлт көшбасшысы басқаратын партияның на-зарын аударуға лайықсыз цифрлар төңірегінде радикал оппозициямен пайдасыз әрі тиімсіз полемиканы арандатуға тырысты.

6. Саяси партиялар сайлаудың айқындылық, адалдық және бәсе-келестік принциптеріне сәйкес сайлау процестерін басқаруды қамта-масыз ету жөніндегі ОСК мен мемлекеттік органдардың қызметін өте мұқият қадағалап отырды.

Мысал ретінде нақты фактілерден Ә.Бәйменовтің өтінішін келтіруге болады – Мемлекеттік прокуратура шаруашылық субъектілерін ағымдағы тексерулерін тоқтату туралы жариялаған соң немесе партияның жан-жалдық бейнероликтеріне қатысты теріс қорытынды шығарғаннан кейін ОСК жанындағы Ақпараттық жанжал жөніндегі кеңестен ЖСДП шығуы. Бұның қатарында радикал оппозиция тарапынан сайлау комис-сияларындағы өкілдіктерінің жеткіліксіз болуына, сайлау комиссиялары жұмысындағы бұзушылықтарға, жергілікті биліктің оған үгіт науқанын жүргізуге кедергі жасағанына айыптаулар топтамасы жатыр, айта кетсек, негізгі бұқара халық оны растап отырған жоқ.

Мемлекеттік органдар және сайлау комиссиялары бар-жоғы 31 мың өтініштер мен шағымдар қабылдады. Прокуратура органдарына 3142 арыздар, сотқа – 1215 өтініш, сайлау комитеттеріне -26 861 арыз келіп түсті, Сайлау орталықтарына – 260, 4855 әкімшілік өндіріс қозғалды, 263 адам жауапқа тартылды.

7. Партиялар сайлаушыларға өздерінің мақсаттары мен сайлауал-ды платформаларының қағидаларын жеткізу үшін барлық берілген және қолда бар ақпараттық алаңшаларды барынша пайдалануға тырысты.

Сайлауға қатысқан барлық партиялар ресми баспасөзде газет алаңда-рын пайдаланды, өздерінің материалдарын электрондық үкімет сайтына енгізді, Интернет-конференция аясында дауыс берушілердің сұрақтарына жауап берді. Партиялардың ерекше назары теледебаттарды қызықтырды. Олардың барлығы 31-арнадағы «Бір де бір», «Хабар» және «Қазақстан» теле арналарындағы «2х2» және «барлық жетілік» форматында, аса қызу және қарбалас болды, бірақ партияларға өздерінің сайлауалды «буын шығаруға» мүмкіндік берді.

Page 139: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 139идеологиясы

Сайлау науқанын өрістету барысында арнайы әлеуметтанулық сау-алнама жүргізілді. Зерттеу сайлау науқаны «штаттық режимде» өткенін көрсетті. Көпшілік халық егер саясатқа да немқұрайды емес болса, жоқ де-генде саяси өмірдің қилы кезеңдеріне терең бармауды қалайды. Бұл орай-да нақты саяси күрес, сайлау науқаны қатысушыларының өткір бәсекелес айқастар халықтың негізгі бұқарасын жанай өтті.

Халықтың көпшілігінің кезектен тыс парламент сайлауына оң қаты-насы оның саяси реформалар мәні жағынан жақсы түсінуімен туындады. Саясатқа деген «салқын» қатынасына қарамастан, халық Конституцияның өзгерістері туралы жақсы хабардар. Оған қоса, мерзімінен бұрын парла-мент сайлауын жариялауды көптен ұмтылған және басты елдің құқықтық құжатында жазылып қойған нәрсе тезірек жұмыс істеуі үшін халық кәдімгі прагматика ретінде қарауға бейім. Қалған себептер, соның ішінде саяси мәні барлары басымдардың ішінде емес.

Көпшілік халық президенттік-парламенттік жүйеге көшуді қолда-ды. Қандай да бір реформаны оң қабылдайтындардың саны теріс пікірді респонденттердің санынан айтарлықтай басым. Оған қоса, ҚР Тұңғыш Президентіне мемлекет басшысы орнына үміткер болуға саны жағынан шектеусіз түсуге мүмкіндік берілуі сұралғандардың барыша қолдауына ие болды. Ерекшеліктердің ішінде халықтың аз жағдайда депутаттардың санының көбеюін оң қабылданды, алайда ҚХА өкілдері үшін пропорционалдық жүйені және квотаны енгізу мақұлданды. Өлім жазасын толығымен алып тастауға қатысты мұндай жаңа нәрсені қолдау-шылардың саны алғаш рет қолдамайтындардан көп болды.

Мәслихаттар азаматтардың түсініктерінде қазірше жергілікті орын-дарда атқарушы билікті теңдестірмейді, және респонденттердің жауап-тарының сипатына қарай, бұл олардың халықпен жеткіліксіз жұмыс істеуінен болып жатыр. Бұған мәслихаттардың жұмысын және респон-денттердің мәслихат депутаттарының жұмысына қанағаттану деңгейіндегі айырмашылықтарды және азаматтардың осы депутаттардың кандидату-расына тағы да дауыс беруге дайындығын бағалау бойынша жауап беруге қиналғандардың көп пайызы көрсетіп отыр.

Сайлаудың басты қорытындысы «Нұр Отан» партиясының эксклюзивтік жеңісі болды. Сайлауға ол толықтай саяси артықшылықтар қатарымен келді.

«Нұр Отан» ХДП басты артықшылығы онда Н.Ә. Назарбаевтың өзінің тікелей төрағалық етуі болды. Бағалау бойынша ҚР Президентінің партиялық болу шешімі «Нұр Отан» рейтингілеріне 20-25% шамасында өсім берді, бұл негізгі көрсеткіштің үштен бірін құрады.

Мысал ретінде 2007 жылы наурызда ҚР Президенті әлі партия төр-ағасы болмаған кезден бастап әлеуметтанулық сұраулардың мәліметтерін келтірейік. 2007 жылы наурызда «Нұр Отанға» дауыс беруге дайын респон-денттертің саны 60,3% құрады. Шілденің бірінші жартысында жүргізілген

Page 140: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

140 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

сауалнама мәліметтері бойынша ҚР Президенті «Нұр Отанның» төрағасы болып сайланған кездегі партияның кезектен тыс съезінен кейін дереу партияға сұралғандардың 66,3% дауыс беруге дайын болды. Тамыздың екінші жартысында бұл рейтинг 72,4% көтерілді [143, 3 б.].

Сайлау күні жақындауына қарай «Нұр Отан» партиясының рей-тингісі тұрақты өсе берді. Партия рейтингісінің ең жоғары сайлауалды әлеуметтанулық болжамы 77–80% құрады [144, 4 б.].

Партияның пайдасына тек Президенттің факторы ғана ықпал етпегені сөзсіз. Қуатты саяси капитал да маңызды болды.

1. «Нұр Отан» партиясы – Қазақстандағы ең саны көп партия. Сай-лауда оның мүшелерінің саны 692,7 мың адамға жетті. Оған қоса, партия мүшелерінің саны аймақтар бойынша тұрақталды. Партия мүшелерінің халық санына қатынасы аймақтар бойынша ең жоғары 4,8%-нан ең төменгі 2,2%-на дейінгі аралықта тербелді.

Басқарушы партияның мүшелерінің санының халыққа қатынасы бойынша «Нұр Отан» әлемдік кеңістікте көшбасшылар қатарында бол-ды. Қазақстанда бұл көрсеткіш 1000-ға 40 адам, Ресейде – 10,3, Жапония – 2,4. Жоғары көрсеткіш Малайзияда – 1000 адамға «Борисан насионал» партиясының 112 мүшесі.

2. Партияның қоғамдық топтарға терең енетін күшті және тармақ-талған құрылымы болды. «Нұр Отан» іс жүзінде барлық аудандар мен ірі елді мекендердің барлығында 16 филиалдан, 220 өкілдіктен, 9809 бастапқы партиялық ұйымдардан құралады.

3. «Нұр Отан» партиясы дауыс берушілердің білікті көпшілігінің қол-дауына сүйенді. 2004 жылы мықты бәсекелес күресте партия 60,6% дауыс жинады. Сайлауалды сауалнамаларда оған электорат қолдауының 70% кем емес қолдауы болжанған болатын.

«Нұр Отан» партиясы бұрынғы сайлаулардың нәтижелері бойын-ша алда. Парламенттік сайлау қортындылары бойынша партия 60,6% дауыс жинады. Жақын бәсекелесінен айырмашылығы 50,4% құрады, ал бәсекелестердің жиынтық нәтижесі – 39,3%. Мұндай таратып салу Синга-пур Халықтық қызмет партиясының көрсеткішіне жақын – 66,6/50,3/33,3, сондай-ақ Малайзияның ұлттық майданына – 63,9/39,8/34. ЖДП, Үнді ұлттық конгресстің, «Единая Россияның» бәсекелесі мықтырақ.

2007 жылғы парламент сайлауының нәтижелері бойынша, өзінің элек-торалдық нәтижесін жартысына жуық жақсартып, өсу динамикасы бой-ынша Түркиядағы басқарушы Әділеттілік және даму партиясынан озып түсті. Өз еліндегі парламенттік сайлау аясындағы, Қазақстандағы сайлауға дейін бір ай бұрын өткен соңғысы сарапшылардың күтулерін және өзінің алдыңғы нәтижесін төрттен бірге асырды.

4. «Нұр Отанның» халықпен «кері байланыс» арналары бар – қоғамдық қабылдаулар.

Page 141: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 141идеологиясы

5. 2005 жылдағы сайлау аяқталған соң партия өзінің саяси жұмысын тоқтатқан жоқ, яғни «суып» үлгерген жоқ. Сайлаудан кейінгі 2006 жылы және сайлауға дейінгі 2007 жылы партияның қамқорлығымен ай сайын орташа есеппен 1-2 мың іс-шаралар өткізілді. Бұл көрсеткіш 2005 жылы партияның науқан барысында жүргізген іс-шараларының санымен бірдей деуге болады. 2007 жылдың бірінші жарты жылдығының өзінде партия 2,7 млн. адам қатысқан 7,1 мың іс-шара өткізілді.

Парламенттік сайлау науқаны аясында «Нұр Отан» партиясы барлық саяси партиялар 25 күн үгіт-насихат науқанында жүргізген іс-шаралардың барлық санының 81% құрайтын 4 мыңға жуық іс-шаралар жүргізді [145, 2 б.].

6. Партия сыртқы ресурсын әзірледі. Атап айтқанда, партия Жапо-нияның Либерал-демократиялық партиясымен, ҚХР Компартиясымен, «Единая Россия» партиясымен, Швецияның Социал-демократиялық пар-тиясымен, Сингапурдың Халықтың әрекет партиясымен және басқалармен байланыстар орнатты.

7. «Нұр Отан» партиясы партия ішіндегі өмірді демократиялық негізде құруға тырысады. Мәслихат депутаттарына үміткерлерді таңдау үшін пар-тия 3322 праймериз өткізді. Мамырда өткізілген праймериздың аясында өт-кізілген бастапқы партиялық ұйымдардың жиналыстарына іс жүзінде пар-тия мүшелерінің саны деңгейіндей 543 мың партия мүшелері қатысты [146].

Партиялық-саяси қайта жаңарту және «Нұр Отан» партиясының пози-цияларының нығаюы жалпы Қазақстанның аумақтық қауымдарының сая-си жетілуінің артуына да жалпы әсер етті. Қазақстанның аумақтық ор-наласуының қиындығы статистикалық, географиялық және экономика-лық та дәлелденген. Қазақстандық әлеуметтану аясында аумақтылық мәсе-лесі 1993 жылдың өзінде әлеуметтану ғылымдарының докторы, профес-сор М.М. Тәжин ғылыми талдаған іргелі мәселелердің бірі болды. Оның тұжырымдамасы бойынша, аумақтылық – ол әлеуметтік қауымдардың жергілікті қауымдасуынан гөрі көбірек нәрсе, сондай-ақ олардың әреке-тінің ерекшеліктерін, ішкі құрылымдануын, бір-бірімен өз ішінде өзара әрекеттесуін анықтайтын және детерминдеуші фактор да [147, 12 б.]. Осы-ның туындысы ретінде өте ғажап және айқын айырмашылықтары – саяси көңіл-күйлерде, мотивацияларда, және әрбір жергілікті облыстық немесе қалалық қауымды таңдауында болады.

2003-2005 жылдардағы ұлғаймалы электоралдық цикл және 2007 жылдағы кезектен тыс парламент сайлауының қорытындылары бойынша, біздің пікірімізше, халықтың аумақтық оқшаулауына байланысты белгілі бір тұрақты саяси практикалардың қандай да бір бекітілуі болды.

Аумақтық фактордың көрінуінің жарқын мысалы әрқашан пропор-ционалдық қоғамдық пікірі бар Алматы болып табылады. Ресми, үстіртін белгілер бойынша Алматы билік партияларын аз және оппозицияны көп қолдайтын өңір болып саналады. Алайда мұнда қоғамдық және са-

Page 142: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

142 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

рапшылар санасы да статистикалық қақпандардың құрбандары болып қала береді. 2007 жылғы парламент сайлауының қорытындылары бой-ынша, Алматы «Нұр Отан» партиясын қолдаудың өсуі көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатарлы аймағының бестігіне кірді. 2004 жылмен салыстырғанда Алматы қаласы бойынша «Нұр Отан» партиясын қолдау деңгейі жалпы республикалық мәннен жоғары болып табылған 1,55 есеге өсті [148–150] (12-кесте).

12-кесте

«Нұр Отан» партиясын қолдаудың үш парламенттік сайлау науқанымен (1999–2007 жж.) салыстырғандағы өсу көрсеткіштері

Өңір 1999–2004 жылдар 2004–2007 жылдарҚызылорда 1,42 (15) 2,51 (1)Маңғыстау 1,51 (14) 2,06 (2)Қарағанды 2,21 (6) 1,59 (3)Қостанай 3,29 (2) 1,57 (4)Алматы 1,57 (11) 1,55 (5)Астана 1,52 (13) 1,52 (6)Ақтөбе 1,75 (9) 1,46 (7)БҚО 1,94 (7) 1,46 (8)Алматы обл 1,6 (10) 1,45 (9)Павлодар 2,68 (4) 1,43 (10)ШҚО 2,54 (5) 1,42 (11)Ақмола 1,54 (12) 1,39 (12)Атырау 2,73 (3) 1,34 (13)ОҚО 1,40 (16) 1,34 (14)Жамбыл 1,87 (8) 1,28 (15)СҚО 5,18 (1) 1,12 (16)Республика бойынша 1,96 1,46

Партияны қолдаудың өсімінің көрсеткіші 2007 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 2004 жылдағыдай тұрақты болып сақталғаны да назар аудараралық. Бірақ сол кезде Алматы көбеюі бойынша тек 11-орынды иеленді, ол жалпы республикалық орташа мәннен төмен болды. Мұн-дай өзгерістер аймақтар қатарында партия рейтингтерінің үлкен тер-белістерінің нәтижесінен болды. 2004 жылы мұнда Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары ерекше көзге түсті.

2007 жылғы жағдай бойынша басқа да аймақтар алға шықты, бірақ олардағы белгіленген өсім компенсаторлық сипатта болды, яғни ол артық

Page 143: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 143идеологиясы

инерцияны немесе алдағы науқанның құлдырауын өтеді. Мысалы, 2007 жылы «Нұр Отан» партиясының рейтингісінің өсуі бойынша бірінші орын алған Қызылорда облысы 2004 жылы мұнда ең нашар көрсеткіште болатын. Халықтың билік партиясын қолдауының өсімі бойынша екінші орын алған Маңғыстау облысында ол сәл жақсырақ болатын. 2007 жылдың тиімді электоралдық барысы бұл өңірлерге рейтингтердегі «салбырауды» жоюға мүмкіндік берді.

2007 жылғы «Нұр Отан» партиясының рейтингінің өсуі бойынша Ал-матыдан басып озған Қарағанды және Қостанай облыстарына, пайыздар үлесіне қатысты айтар болсақ, біріншісі бұрынғы екі науқанның «бозғылт» көрсеткіштерінің орнын толтырса, екіншісі 8 жыл бұрынғы көрсеткіштің орнын толтыруды жалғастырды.

Алматы бұл жағдайда «Нұр Отан» партиясын анық өзгерулерсіз қолдауының тұрақты өсімінің траекториясын жалғастырды. Осыған ұқсас матрицада Астанада «Нұр Отан» партиясының рейтингтерінің өзгерісі болды. Елорда бұрынғысынша Алматының билік партиясы бой-ынша рейтингісінен алда тұр, бірақ бұл алшақтық екі кезектес сайлау науқанының қорытындылары бойынша қысқаруда. Абсолюттік көріністе ол 8,87%-дан 17,42% дейін ұлғайды, алайда, егер 1999 жылы Алматыдағы «Нұр Отан» партиясын қолдау көрсеткіші елордалық көрсеткіштің 74,7% құраса, ол 2007 жылы ол 78,5% жетті. Бұл – өзгеріс айтарлықтай сезулі және осы екі қазақстандық қалалардың дамуында президенттік фактордың рөлі мен маңыздылығын білдіреді (20-диаграмма).

20-диаграмма

1999, 2004 және 2007 жылдардағы өңірлік бөліністегі парламенттік сайлаулардың қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясын

электоралдық қолдау көрсеткіштері

31,2 26,1 27,2

40,4

17,9

36 ,0

15,7

46,9 36,5

24,3 23,4 29,7

21,6

38,1 35,1 26,2

47,1

71,1

60 ,0 64,4 58,9 63,1

81,2 65,7 68,2

34,5

59,4 57,7 58 58,7 53,3

41,1

97,1 95,6 95,2 93,7 92,2 92,1 91,1 88,1 87,2 86,7 84,5 84,4 82,7 81,3 81,1

63,7

0

20

40

60

80

100

120

Дауы

с бер

генд

ерді

ң (%

)

1999 жыл, қазан 2004 жыл, қыркүйек 2007 жыл, тамыз

Page 144: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

144 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Мұндай мысалдар статистика шытырманынан шығудың дұрыс жол табуға мүмкіндік береді. Қарапайым сана әдетте тікелей көрсеткіштерге өте құмар, олар барша көріністі барлық уақытта бірдей бейнелей бермей-ді, ал терең талдаусыз алдамшы пікірлерге жағдай жасалуы мүмкін.

Алматы бұрыннан ерекше әлеуметтік-аумақтық бірлік болды. Мұнда либералдық сана басым нарықтық қоғамның әлеуметтік құрылымы жылдам жинақталады. Қалада өзінің ерекше аурасы бар, ритмика. Бұл – қазіргі талаптарға едәуір сәтті модернизацияланушы және өзгеруші қала. Тиісінше, бұл саяси іс-қимыл ерекшеліктерін алдын ала анықтайды. Алматыдағы жоғары өмірлік деңгей әрине абсентизмнің және жалпы сыни сананың жоғары көрсеткіштеріне әсер етеді.

Алматылық, модернизациялық, либералдық бағытталған сананың үлгілерінің бірі сарапшы А.Тойғанбаевтың сөзі болуы мүмкін. Өзінің кіта-бында автор 99% мәселесіне жүгінеді – бұл сайлау нәтижелері тартылатын көрсеткіш. Оған қоса, көбінесе Орталық Азия назарға алынады, алайда бұл мәселе басқа да Украинаны есепке алмағанда посткеңестік елдерге тән. Ол былай деп атап өтеді: «Легитимдік жеңістің идеалдық есебі – 54:46 шама-сында. Ол тарихи тұрғыда саяси классикаға сәйкес келеді және бір мезгілде дауыс берушінің процеске қызығушылығын және дауыс берушінің мәселе-нің негізін түсінуін көрсетеді. 100 жуық нәтиже саяси жүйені жамандап қана қоймайды, сондай-ақ онда нақты идеялық таңдаудың жоқтығын көрсетеді. «99 саясатындағы» кез келген дауыс беру әрқашан «Бірдеңе болып қалмаса екен» деген тоғышарлық қорқынышпен уәжделеді [151, 174 б.].

Алматыға қатысты сарапшылар басқа да факторлар қатарын көрсетті. Бірінші кезекте, оппозициялықты қосқандағы бұқаралық ақпарат құрал-дарының кең спектрімен анықталатын қаладағы ақпараттық еркіндік. Алматыдағы оппозициялық партиялардың орталық кеңселерінің ба-сым шоғырлануы да өз рөлін атқарады. 2007 жылы тамыздағы сайлауда «кейбір әлеуметтік-қабаттық топтардың дауыс беруге келген сайлаушы-лардың массивінде пропорционалдық емес өкілдігіне» ықпал ететін нақты маусымдық факторлар орын алды [152].

Барлық осы сөздер байсалды Алматының басым қоғамдық икемін өте жақсы сипаттайды. Автор ортадан жоғары тап арасындағы проблема мәнін түсінудің білдірушісі ретінде сөзсіз дұрыс айтады. Ғылымилықтың кейбір элементтерінің жақтаушаланған жеке пікір айтылған кезде мұны ғылыми әдіс деп мойындауға болмайды, публицистикалық деп тану ке-рек. Бұл – қоғамдық пікірдің шынайы дамуын айтып тұра алатын өте пай-далы еңбек. Алматылық сана едәуір сыни, бірақ ол қарсылық білдіруші емес. Оның ауытқу арқылы шығу амалдары бар. Мұндай амал, мысалы, жазушылық, бұқаралық.

Осылайша, саяси қайта жаңарту қорытындылары бойынша басым партияның орнын «Нұр Отан» иемденді. Ол электоралдық жұмылдыру

Page 145: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 145идеологиясы

үшін маңызды ресурстарды шоғырландырды және Қазақстандағы жалғыз бұқаралық партия болып танылады. Іс жүзінде партия әкімшілік ре-сурстан бөлініп өз жеке саяси фактор ретінде рөл атқара алатын кезеңге жақындап келеді.

4.4. Партиялық-саяси қайта құрулардағы жаңа қадамдар

Сайлау елдің Негізгі заңының аясында жазылған саяси реформаларды тездетті. Бірақ дәл осы реформаларды «қоғамдық орнықтыру» олардың тиімділігінің маңызды аспектісі болып табылады.

Профессор С.Т.Сейдуманов 2007 жылдың мамыр айында ҚР Президен-ті жанындағы ҚСЗИ «дөңгелек үстелінде» атап өткендей, «Президент Н.Ә. Назарбаев атаған және барлық парламентарий белсенді қолдаған саяси реформалардың бағыттары Қазақстанның жүйелі жұмылдыруын бағдарламасына тығыз байланысты сіңісіп кетеді. Біз алдымызға қойған жоғары мақсаттарға жету күштердің қосымша мобилизациясын және көп жағдайда биліктің барлық органдары мен институттарының, іскер-лік, ғылыми және сараптамалық қауымдастықтар тарапынан іске жаңа, бірегей қатынас пен әдістерді талап етеді» [153, 28 б.].

Халық сайлау нәтижелерін абыржымай қабылдады деп айтуға бол-майды. Партияның өзінің электоралдық рейтингісі сайлаудан кейінгі «төмендеуі» аясында 52,5% шамасын құрайды. Дәл осынша респондент сайлау нәтижелерін орынды деп атады. Алайда оны тек 23% ғана ақтал-маған деп санайды, қалғандарының хабары жоқ немесе жауап беруге қиналғандарға жатады.

Сайлау мен сайлаудан кейінгі нәтижелер арасындағы айырмашылық екі жазықтықта жатыр.

Біріншісі партияның жеңісінің көп үлесі ҚР Президентінің еңбегінде, оның халық тарапынан сенім ресурсында деген арнада жатыр. Сол кезде ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері болған А.Е.Мусин бұл туралы бы-лай деген: «Бізде іс жүзінде бір партиялық Парламент құрылды. Дауыс берушілердің даусының 88 пайызы «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясын қолдауға берілуі – бұл қазақстандық халықтың бірлігінің көрсеткіші. Бұл – билікке, ең алдымен мемлекетіміздің Басшысына деген сенім ресурсы» [154, б. 5].

Сауалнама барысында Қазақстандықтардың өзі де осыны белгілейді. Атап айтқанда, «Сіздің көзқарасыңызша, «Нұр Отан» партиясының да-уыс берушілердің 88% даусына ие болып жеңіске жеткеніне және Пар-ламентке өткен жалғыз партия болуына көбінесе не әсер етті?» деген сауалнаманың сұрағына жауап бере отырып, – «Нұр Отанның» жеңісінде президенттің факторын респонденттердің 48,1% көрсетті (21-диаграмма).

Page 146: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

146 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

21-диаграмма

2007 жылғы парламент сайлауындағы «Нұр Отан» ХДП жеңісінің факторлары

Бұған «Нұр Отанның» электоралдық нәтижесінде барлық фактор-лар өз рөлін атқарды деп жауап бергендерді де қосуға болады, және сон-да респонденттердің бағалауы бойынша президенттік әсердің жалпы көрсеткіші 64% жетеді. Санаудың осындай тәртібінде де «Нұр Отанның» өзінің күшінің маңыздылығы шамамен 28% құрайды.

Екіншісі халықтың көпшілігі «Нұр Отан» партиясының жеңісі оның 8 жылдық өтіліне қарамастан сонда да аванстық сипатта деген көзқарасты ұстануымен байланысты. Халық оның сайлау алдындағы платформа-сына сенді және бүгін оның орындалуын күтеді. «Нұр Отан» партиясы президент алдында да, халық алдында жауапты. Партия оқиғалардың эпицентрі болуға, қоғамдық-саяси процеске қатысуға, шапшаң жауап бе-руге, оған сенген электораттың мүдделері мен армандарын қорғау үшін парламенттік тетікті іске қосуға міндетті.

Сайлаудан кейін Қазақстандағы саяси реформалар процесі халықтың оларға үйренісуі болған жаңа фазаға кірді. Бұл, сірә, ең қиын кезең. Саяси қауымдастықтың әрбір мүшесі өзі жеке ғана жеңеді. Бұл кезеңде, әрине, қажалусыз өту мүмкін емес. Реформаларды қоғам әлі соңына дейін игер-ген жоқ деген көрінісі наразылық білдіру электорат партиялық алаңда әлсіз институтталған, ал оппозициялық партиялар модернизацияның эшелондарының жинақталып жатқан айналымына үйлесе алмайты-

48,1

12,0

6,0

8,4 3,6

16,0

5,9

0

10

20

30

40

50 Президент

Партияның өзі

Қолайлы жағдай

Бәсекелестердің Әкімшілік

Барлық

факторлар

Жауап беруге

қиналды

Page 147: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 147идеологиясы

ны болып табылады. Алайда, мұнда тіпті бәсекеге қабілетті «Нұр Отан» партиясына да жаңа қызмет пен жаңа контекстердің жеңіл берілмейтінін түсіну қажет. Оның алдында әлі ішкі, мазмұнды ресурстарды жинақтау міндеттері, қоғамдық топтармен тығыз әрі нақтылы жұмыстар тұр.

Бұл тұрғыда жаңарған саяси жүйенің қызметі жөніндегі ескертулер туындай бастады. Олар партиялық жүйенің, сондай-ақ парламенттің сапа-сының сыны арнасында жатты.

Парламент Мәжілісінің экс-депутаты А. Айталы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясын қолдайтындар – көпшілік, ал оның бағдарламасын қолдайтынын айтатындар аз деп атап өтеді [155, 25 б.].

«Әділет» партиясының көшбасшысы М.С. Нәрікбаев 2007 жылы күзде парламентаризм жөніндегі конференцияда былай сынай атап өтті: «Кон-ституция бойынша біздің жүйе көппартиялық болса да, сайлау нәтижелері бойынша біз бір партиялық Парламентке ие болдық… Қоғамдағы көппар-тиялылық міндетті түрде парламенттегі көппартиялықпен кристаллда-нады. «Көп елдерде бұл ұғымдар бір-бірімен өзара байланысты. Демек, егер тіпті партия Парламентте ұсынылмаса да, осы партияның елдің саяси өміріне белсенді қатысатын механизмдері бар» [156, 221–222 б.].

Бұрын сыни-скептикалық бағалаулармен, әсіресе парламенттің кон-сервациясы мүмкіндіктеріне қатысты танымал элитолог Д. Әшімбаев айт-ты. Ол жаңа парламент гендерлік және ұлттық белгісі бойынша едәуір тұрақталғанын аздап мойындады. Демек, ол айтарлықтай өкілетті бола түсті. Ол сондай-ақ «атқарушы биліктің кез келген инновацияларын пар-ламенттің қуанышпен қабылдауға дайын болуын асыра бағалау қажет емес екенін көрсетеді. Бұрын жоғары қызметтегі депутаттардың көпшілігі – қандай да бір проблемаларды өзінше байқайтын және асығыс дайындалған реформаларға біле тұра әдейі сынмен қарайтын қалыптасқан саясаткерлер және қандай да бір проблемаларды байқап және басқаратындар [157, 7 б.].

Алайда саясиландырылған ескертпелермен бірге парламенттің заң шығарушылық жұмысының сапасын сынаулар да болды. Іс жүзінде олар реформамен бірге толықтай біз бұрын айтқан проблеманы шеше алма-ғанын көрсетеді – парламент қызметін сараптамалық сүйемелдеу, биліктің заң шығарушылық тармағының өкілдерінің біліктілігін нығайту туралы.

Қазақстандық заң ғылымының корифейі С.З. Зиманов парламент ре-формадан кейінгі кезеңде құтылуы қажет бірнеше проблемаларды көрсетті:

1. Парламентке заң жобаларын тұжырымдамасыз ұсыну.2. Заңды түсіну. Әңгіме заңнан туындаған актілерде сәтті реттелуі

мүмкін әрбір қажетті, керекті қатынасты заңдарда реттеудің айқын ұмты-лысы туралы болып отыр.

3. Өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге шектен тыс әуестену. Жиі – шағын, ретсіз үйіліп жататын, түсіндірмейтін, сол арқылы тұрақтылық принципіне зиян келтіріледі, халық үшін заңдардың анықтығы мен қол-

Page 148: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

148 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

жетімділігі бұзылады. Мысалы – «Зейнеткерлік қамтамасыз ету туралы» немесе «Сайлау туралы» заңдар. Соңғысы бойынша: «Мен есептедім, 194 түзетулер, үлкен және шағын, қажетті және қажетті емес, бұл – түзету бойынша сегізіншісі, ал заң 12 жыл бұрын 1995 жылы қабылданған» [158, 20-21 б.].

С.З. Зиманов осы жай туралы ескертпелері жоғары деңгейде естілге-нін айта кету керек. 2008 жылдың басында Әділет министрі З.Я. Балиева-мен кездесе отырып, Президент заң шығарушылық жұмыстың сапасын арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуді тапсырды.

Алайда бұл проблеманың бір бөлігі ғана болды. Жалпы жүйе дең-гейінде белгілі бір түзету әрекеттерін жасау қажет болды. Мұның пай-дасына сыртқы факторлар да жұмыс істей бастады, өйткені 2007 жылы қарашада Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге жол ашты, ол кеш те болса 2010 жылы мүмкін болды.

Осылайша, партиялық жүйенің жаңа өзгерістері үшін негіздер пісіп жетілді.

Әдетте партиялардың жіктелуі үшін континуум бойынша сандық критерий қолданылады: көппартиялық-бір партиялық. Дж. Сартори бойынша бөлінудің басты критерийі бір партиялықтан атомдалғанға дейін-гі сандық белгі болып табылатын партиялық жүйелердің 7 типі бар. Бәсекелес, я болмаса бәсекелес емес партиялардың жүйелері болатын Дж.Ла Поломбар және М. Вейнер бойынша басқа да тұжырымдама бар [159, 179–180 б.].

2007 жылғы сайлауда Қазақстанда азшылық партиялар үшін қосым-ша сақтандырулар мен мемлекет тарапынан кепілдемелерсіз, «қара-пайым бәсекелестік» моделін негізге алуға әрекет жасалды. Бұған саяси жүйе 1995 жылы Конституцияны қабылдау кезеңінің аясында бағыт-талған болатын. Саясаттанушы Е.Ж. Бабақұмаров: «Перспектива пар-тиялар арасында «гетерогендік» бәсекелестіктің туындауынан көрінеді, мұнда әрбір партияның «өзінің» электораты бар және жоғары дәрежеде өзінің әлеуметтік тобының, қабатының, табының мүдделерін білдіретін бағдарламаны ұсынатын болады» [160, 190 б.].

Дегенмен де, бәсекелестік модель транзиттік әлеумет жағдайында жұмыс істей алмады. Біржарым партиялық жүйеге көшудің тренді белгі-ленді. Бірпартиялықтан біржарым партиялық жүйенің негізгі айырма-шылығы: «билік етуші партия өздерінің қарсыластарының санының көпті-гі мен бытыраңқылығының арқасында гегемондық жағдайды қолдайды және ұстап тұрады» [161, 15 б.]. Демек, билік үшін партиялық экслюзияға емес, парламенттен басқа партияларды шығару міндетті емес басымдыққа қол жеткізу маңызды.

Нәтижесінде екіпартиялықтың едәуір айқын қасиетімен жүйені құру бағты алынды.

Page 149: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 149идеологиясы

Осылай, саясаттанушы А. Лейпхарт партиялардың шектеулі санымен немесе М. Дюверже көрсеткендей «шектеулі плюрализммен», көбінесе екіпартиялықпен жүйелер шектелмеген көппартиялықтарға қарағанда олар қоғамдағы саяси тұрақтылықты шоғырландыру және сақтау қызмет-терімен жақсы орындайды деген қорытындыға келді. Оған қоса, «шектеулі плюрализм» көп құрамды қоғамдарға аса қажет [162, 220–221 б.].

Бұл жағдайды негізінде бір мезгілде 1999 жылы екі саясаттанушы байқады. Профессор С.А. Дьяченко былай деп атап өтті: «Партиялардың біртіндеп «өздерінің сұрыпталуы» жүретін болады және олардың саны бірнеше жылдан кейін қысқару мүмкін. Ірілендіру процесімен тандемде бұл Қазақстанда нәтижесінде екіпартиялық жүйе немесе екі-үш партия-лардын басым рөлі болатын көппартиялық қалыптасуына алып келеді [163, 31 б.].

Профессор Е.Қ. Ертісбаев А. Линкольнның сөздерін келтіреді: «Қоғам-дағы партиялардың оңтайлы санымен байланысты проблемаларға қатыс-ты болса, онда америкалық президент А.Линкольннің сөзін еске түсіру орынды. Көрнекті америкалық саясаткер былай жауап беретін: 2/1/2 пар-тия. Біреуі – билікте, екіншісі – оппозицияда және үшіншісі – пайда болу-шы» [67, 38 б.].

Біржарым партиялықтан екіпартиялыққа өту оқиғалары да кездесе-тінін айту керек. Үндістан модернизациялық секіріс кезеңінде басым пар-тиялы көппартиялық болды, бірақ сосын екіпартиялыққа көшті [164, 65 б.].

Қазір біздегі партиялық құрылым барлық артық-кеміне қарамастан – бұл саяси технологиялардың ғана емес, дұрысы олардың ғана емес, сондай-ақ барлық саяси қайта құрулар өсірілетін сол әлеуметтік негіздің де нәтижесі.

Бұл ретте бір қарағанда қазақстандықтардың саяси санасының құ-рылымын ұғынбай түсіндіру қиын тіпті тосын нәрселер де болуы мүм-кін. Мынадай мысал. Партиялық кеңістікті 16-дан 10 партияға дейін оңтайландыру жағдайында партиялық халық үлесі керісінше артады: 0,25 млн. адамнан (дауыс берушілердің санына 3%) – 1,3 млн. адамға дейін (елдегі дауыс берушілердің санының ішінде 15%).

Енді Қазақстанның партиялық-саяси дамуы әрі қарай қалай жүретіні туралы мәселе туындайды. Ол үшін партиялық процесті конструк-циялаудың негізгі құралдарын, сонымен қатар бұқаралық сауалнама нәтижелерін енгізуін сарапшылардың бағалаулары қажет.

Қолданыстағы партиялық жүйенің оңтайлығы есептелінетін нақты формула (Гиббс ережесі) бар: N=2+n-r. Мұндағы: n – қоғамдық жүйелегі айтарлықтай маңызды саяси топтардың жалпы саны; r – негізгі, едәуір ірі әлеуметтік қабаттар мен таптардың саны. Тұрақты және басқарушылық қоғамдарда көрсеткіштер қосындысы 2 тең болуы керек, еркін өзгеретін қоғамдық сананың параметрінің бір көрсеткіші мемлекет тұрақтылығы

Page 150: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

150 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

мен тәртіп әсерінен теңеседі. Мысалы, қоғамда үш тап (бай, орта және ке-дей) бар. Мұндай жүйе үшін қосылмаған екі партия қажет. Онда ізделіп отырған теңдестік табылады. Екі негізгі таптар (жұмысшылар және шару-алар) бар КСРО-да бір партия болды, алайда бейресми қозғалыстардың есепке алуы, ізделіп отырған теңдестік болған [165, 24 б.].

Осылайша, үш құрамды қоғамдарға Германиядағыдай екіпартиялық немесе екі блоктық жүйе дәл келеді. Бірпартиялық жүйе екі құрамды қоғамдарға сәйкес келеді. Егер Қазақстан туралы айтатын болсақ, онда мұнда байлар мен кедейлер арасындағы поляризацияның күрделілігі, орта таптың әлсіздігі бар. Тиісінше, негізгі экономикалық топтар екеу. Алайда сая-си сана бес негізгі топтар бойынша бөлшектенген: социал-демократиялық, либерал-демократиялық, ұлтшыл-патриоттық, оңшыл авторитарлық және консервативтік. Нәтижесінде байлардың кедейлермен, жұмсартып айтқанда орта топтармен мәжбүрлі консенсусын қамтамасыз ететін, бірақ үстем консервативтік ядро тарапынан саяси белсенділікке деген әлсіз сұранымнан өте инертті бір саяси жүйе алынады. Өзінің өмір сүруін дәлелдеу үшін партияның имитациялық модельді ұстануы жеткілікті.

Дегенмен енді парламенттік демократия туралы мәселе тұрады. 2011 жылдың маусымындағы сауалнамаға сәйкес, сұралғандардың тек 7,2% бір партиялық және біржарым партиялық жүйелерді қолдаған. Сонымен қатар 24% деңгейіне дейін де екіпартиялық және оның басқа да нұсқалары қолдау тапқан.

Жалғыз нұсқасы шектелген плюрализм моделі бойынша көппартия-лық қалады. Толық көппартиялықты бар-жоғы респонденттердің 5,5% қолдайды. 45,8% сұралғандар немесе әрбір екінші адам елде бірнеше пар-тиялар тең дәрежеде парламенттегі орындарға бәсекелес бола алатын біркелкі көппартиялық болғанын қалайды (13-кесте).

13-кесте

Сіздің ойыңызша, қай партиялық жүйе Қазақстанның бүгінгі даму кезеңінде айтарлықтай қолайлы?

%Бірыңғай көппартиялық жүйе (парламенттегі орынға бәсекесе ала-тын бірнеше партия (5-7) 45,8

Шектелмеген плюрализм жүйесі (көп партия болған сайын, плюра-лизм де көп болады деген қағидат бойынша әртүрлі партиялар) 5,5

Екіпартиялық ( басқарушы және оппозициялық партиялар) 10,0«Екіжарым» жүйесі (екі маңызы бірдей партия және бір айтарлықтай әлсіз, бірақ одақтастығынан алдыңғы екеуінің бірінің басымдығы шешілетін партия)

14,4

Page 151: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 151идеологиясы

Біржарым партиялық жүйе (бір басым партия және негізгі партия-мен уақытша немесе тұрақты кеңес құрушы бірнеше орташа пар-тиялар)

3,6

Бірпартиялық жүйе 3,6Жауап беруге қиналды 17,1

Осыған орай, билік екінші партияның парламентке кіруіне кепілде-мені қамтамасыз ету үшін жүргізіп жатқан біркелкі саяси реформаларды респонденттердің басым бөлігі қолдаған – 66%. 33,4% сұралғандар сайлау-дан кейін парламентке кем дегенде 2 партия кіре алуы мүмкін қабылданған заңнамалық кепілдіктерді қолдады, 32,6% – дұрысы қолдайды (14-кесте).

14-кесте

Сіз Қазақстанда сайлаудан кейін Парламентке екіден кем емес партия өте алатын заңнамалық кепілдің қабылданғанын қолдайсыз ба?

%Қолдаймын 33,4Дұрысы қолдаймын 32,6Дұрысы қолдамаймын 7,9Қолдамаймын 6,6Жауап беруге қиналамын 19,5

Сұралғандардың 16,5% жаңалықтарға қарсы болды, оның ішінде – 6,6% күрт қарсылары. Әрбір бесінші респондент жауап беруден тартынды.

Бүгінгі күні Парламентте іс жүзінде тек жалғыз «Нұр Отан» партиясы жұмыс істейтін болғандықтан, респонденттерге елдің заң шығарушы ор-ганында тағы кімді көргілері келетіні туралы сұрақ қойылды. Қазіргі пар-тиялар респонденттерді аз қызықтыратыны белгілі болды. Салыстырмалы түрде «Ақ жол» ҚДП үлкен мүмкіндіктер таралған, оның пайдасына 20,2% респондент ойын білдірді. Бұл көрсеткіш бойынша «Ақ жол» шамамен екі есе Патриоттар партиясынан және «Ауыл» партиясынан асады, 3 есе ЖСДП радикалдарынан «Азат», «Әділет» партиясынан және «Руханият-тан» 6 есе.

Оған қоса, 40% дейін респонденттер жаңа идеялар мен мақсаттары бар жаңа партияның пайда болғанын білдірді. Қазіргі партиялар респонденттердің күтулеріне жауап қайтармайды және сол себепті олар толықтай қарсылық білдіру әлеуетінің шоғырландыруы мен канали-зациясының мәселесін шешуге қабілетсіз.

13 кестенің жалғасы

Page 152: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

152 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Әрбір бесінші респондент партияларды белгілемеді, оған қоса, әрбір оныншы бірпартиялық парламенттен басқа ештеңе жоқ екенін айтты.

15-кесте

Сіз Парламентте ХДП «Нұр Отаннан» басқа, қандай партияны көргіңіз келеді?

%Жаңа идеялар, баламалар әкелетін жаңа партия 39,3«Ақ жол» А. Перуашевтің партиясын 20,2Ғ. Қасымовтың патриоттар партиясын 9,9М. Елеусізовтің жасылдар партиясын 7,6М. Нәрікбаевтің «Әділет» немесе заңгерлер партиясын 3,9«Руханият» партиясын 3,8Ғ. Қалиевтің «Ауыл» партиясын 10,0Ж. Тұяқбайдың және Б. Әбіловтің ЖСДП 7,5Парламент бірпартиялы болуы керек деп санаймын 10,6Осы партиялардың ешқайсысын, олар ештеңе шешпейді 1,2Жауап беруге қиналамын 19,8Тек «Нұр Отан» ғана 0,2Қазақстан Коммунистік партиясы 0,1Алға 0,2Басқа 0,2

Электоралдық көңіл-күйлерді айқындау мақсатында респонденттерге тікелей «Егер парламент сайлауы алдағы жексенбіде болатын болса, онда кімге олар дауыс беретіні» туралы сұрақ қойылған болатын.

Бірінші таңдауда «Нұр Отан» ХДП бірінші орынды алды – 64,3%. Оған ешкім бәсекелес бола алмайды. «Ақ жол» партиясы тек 4,7% дауыс алуы мүмкін. Одан 1,4% «Азат» ЖСДП қалады.

Бұл жағдайларда қазақстандық партиялардың кез келгені екінші рөл-ді атқаруы мүмкін, себебі олардың арасындағы айырмашылық – азғантай емес (16-кесте).

Осылайша, саяси жүйенің болашағы ҚР Президентінің қолында. Алайда партиялық механизм және партиялық алаңның диверсификация-сы Мемлекет басшысы үлгілері бойынша Қазақстандағы әрі қарай саяси прогресі үшін аса қажет. Бұл экономикадағы бір мағыналы емес проце-стер жағдайындағы едәуір өзекті.

Page 153: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 153идеологиясы

16-кесте

Егер сайлау таяудағы жексенбіде өтсе, Сіз қай партияға дауыс берер едіңіз? Егер, Сіз белгілеген партия сайлауға қатыспаса, төменде

көрсетілген партиялардың қайсысына дауыс берер едіңіз?

%1 таңдау 2 таңдау

«Әділет» Демократиялық партиясы 1,1 3,0Қазақстан Патриоттар партиясы 2,5 4,2«Азат» ЖСДП 3,3 2,8«Нұр-Отан» халық-демократиялық партиясы 64,3 10,8Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы 0,8 2,9Қазақстан Коммунистік партиясы 0,3 2,2«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы 4,7 12,9«Ауыл» Қазақстан социал-демократиялық партиясы 1,8 4,1«Руханият» партиясы 0,6 1,2Келтірілгендердің ешқайсысы, бәріне қарсымын 9,0 29,4Жауап беруге қиналамын 11,6 26,5

Партиялар – әлеуметтік шиеленісті түсірудің өте жақсы механизмі. Бірақ олар сондай болу үшін оларды саяси алаңда ұстаудың, елдің бірыңғай стратегиясына бағындырудың жақсы құралдары қажет. «Нұр Отаннан» басқа партиялардың көпшілігі үшін мұндай кепілдік беру өте қиын болса керек. Сол себепті парламенте аз дегенде екі партия болатын жаңа бәсекелес модельдің алғышарттарының жетілу кезеңі келесі парла-мент сайлауына дейін кейінге қалдырылады. Алайда партиялық-саяси жүйеге еркіндік беру үшін алғышарттар осы кезеңге дейін басталды.

Мемлекет басшысы 2008 жылы 29 маусымда ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының 17-ші жыл сайынғы сессиясында сөйлеген сөзінде саяси партиялар тақырыбын тікелей қозғады. Іс жүзінде олар Қазақстанның ЕҚЫҰ стандарттарына жылжу тұрғысында ҚР Президентінің ішкі сая-си ұстанымдардың өзегін құрады. Әңгіме парламент екіден кем емес партиялардың өкілдігінің және олардың мемлекеттік тіркеуін оңайлату механизмдерін құру туралы болып отыр [166, 2 б.].

Президент ЕҚЫҰ форумында айтылғандардың барлығын 2008 жылдың 2 қыркүйегінде 4-шақырылымдағы парламенттің екінші сессиясының ашылуында практикалық негізде растады. Парламенттегі «Нұр Отанның» эксклюзивтік орны халықтың ерік білдіру салдары бо-лып табылатыны айқын көрінді. Қазақстандықтардың пікірін құқықтық нормаларды ұстанудың маңыздылығы сияқты құрметтеу де қажет. Пар-ламентке мерзімінен тыс, мерзімінен бұрын сайлаулар болмайды. Олар

Page 154: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

154 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

ойдағыдай 2012 жылы өтеді. Оған қоса, парламентарийлерге парламент міндетті түрде екіден кем емес саяси партиялар болуы қажет механизмді құруды қарастыру ұсынылды. Сонымен қатар, партиялардың мемлекеттік тіркелуі, сондай-ақ олардың сайлауға қатысуы үшін қолайлы орта құру қажеттілігі де айтылды [167, 2 б.].

Осылайша, партиялық жүйенің алдағы дамуының магистралін ұста-нудың барлық негізгі нүктелері таңбаланған. Қазақстандық бір жарым партиялық жаңа жағдайға өсе отырып, нығаюын жалғастыруда. 2007 жыл-дағы сайлау жағдайында барлық саяси партиялар «элементарлық бәсеке-лестік», яғни аутсайдерлер үшін қандай да бір кепілдіктерді немесе саяси-құқықтық субсидияларды ұсынусыз алаңға жіберілген. Бұл сол кездегі 2006 жылы Жолдау да айтарлықтай айқын баяндалған бәсекелестіктің ба-сым идеясымен корреляцияланды.

Бұл – жақсы айтылған, бірақ саяси партиялардың арасында, саяси сек-торда соңына дейін түсініксіз болған идея. 2008 жылдағы бұрылыс мемле-кет адами капитал тақырыбына назар аударуындағы сапалы жаңа уәжде-рін белгіледі. Тиісінше, бұл көбірек либерализмді, көбірек жұмсақтықты, көбірек саяси процестегі мемлекеттік-реттеушілік мәселені талап етеді.

Дегенмен де, Қазақстандағы партиялық құрылым тұрақталды. Бұрын-ғы жылдардағы атомдалған партиялыққа оралу іске аспайды. Осылайша, Қазақстан бастауын бірінші кезекте партияларға назар аударған және олар сайлауға тәуелді, бірақ өкілділік мүмкіндіктері көп болған кезде оларды дамудың сапалы жаңа деңгейіне көтерген 2007 жылдағы конституциялық реформалардан бастау алатын саяси дамудың жаңа кезеңіне нық тұрды. Бұл реформаны дайындаған Демографиялық реформаларды әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның механизмі партиялық ин-ститутты нығайтуға ықпал етеді [168, 41–42 б.].

2008 жылдың аяғында партиялық-саяси құрылыста жаңа қадам жаса-лынды.

2007 жылы еліміз конституциялық реформаның маңызды шегінен өтті. Ондағы көп өзгерістер кейінге қалдырылған нәтижеге ие, яғни жас ұрпаққа бағытталған. Жастар басты бенифициарий, жаңа саяси жүйенің құқық мұрагері болып табылады.

Енді саяси жүйені қайта жаңарту жолында жаңа қадам жасалынды – «Саяси партиялар туралы», «Сайлау туралы», «БАҚ туралы» заңдарға түзетулер енгізілді.

Қабылданған түзетулер – бұл 2007 жылдағы конституциялық жетіс-тіктерді жүзеге асырудағы сапалы жаңа қадам. Конституцияға страте-гиялық түзетулерді қабылдау сияқты маңызды аралық кезеңді жеңу сол кезде кезектен тыс сайлауды өткізуді талап етті. Олар Конституцияға сәйкес өткізілуі немесе өткізлмеуі мүмкін референдумды өзіндік алмас-тыру болды.

Page 155: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 155идеологиясы

Бірінші раундтың аясында, яғни шамамен 2007 жылдың жазы-қысында жаңарған Конституцияға сәйкес қазіргі нормативтік-құқықтық база келті-рілген. Алайда «Сайлау туралы», «Партиялар», «БАҚ туралы» заңдар бой-ынша олардың ерекше қоғамық сезімдігіне қарай талқылау үшін тайм-аут алынды. Олар бойынша шешімдер қабылдау енді реформалардың жаңа раундында іске асады. Бұл маңызды конституциялық немесе сая-си шешімдер қабылдаудың алдында әрқашан ауқымды қоғамдық диа-лог ұйымдастырылатын Қазақстанға тән. Бұл ТӘК, ДМҰК және Демо-кратиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы аясында солай болды.

Қазақстан біртіндеп өзінің саяси даму лоциясын әзірлеп жатыр. Рефор-маларда ол шетелдік елдердің тәжірибесінің жетегінде жүрмейді. Мыса-лы, 2010 жылы қарашада Федерациялық жиналысқа өзінің бірінші Жолда-уында РФ президенті Д. Медведев мемлекет басшысы өкілеттілігі мерзімін 4 жылдан 6 жылға дейін ұзарту қажеттігін атап айтты. Бұл шыңында пре-зидент тұратын басқарудың вертикалдылығының, елдің басқарушылығын нығайту арнасында жатыр. Біздің елде 2007 жылы біз керісінше жасадық – басқару мерзімін 7-ден 5 жылға дейін қысқарттық, бірақ Қазақстанның жетекші елдік артықшылығы болып табылатын Тұңғыш Президенттің эксклюзиясын сақтап қалды. Қазақстанда мұнда либерализация бағытына қозғалып жатқандықтан, бұл жерде едәуір жүйелі.

Саяси партиялардың жағдайы демократиялық процестің маңызды индикаторы болып табылады. 2007 жылы партиялық қатынастардың бәсе-келестік моделі іске асқан жоқ. Оппозициялық және конструктивтік пар-тиялар саяси партияларға, парламенттің өзіне нысанын өзгертуші әсер қалдырған басымдық партиямен тікелей электоралдық соқтығысына шы-дамады. Нәтижесінде жаңа сақтандыру механизмдері, мемлекет екінші нөмірлі партияға ол 7%-дық кедергіні еңсере алмағанның өзінде парлмент-тен орын бөлуге кепілдік беретін өзіндік «субсидиарлық режим» енгізілді.

«Сайлау» туралы заңның 97-1-бабына сәйкес депутаттық мандаттардың бөлінуіне 7 және одан көп пайыз жинаған партияға ғана емес, оның арты-нан ілесетіні де жіберіледі. Есептеу әдістемесі жеңіл – ол алғашқы сайлау бөлшегінен туындайды [169, 153–224 б.].

Егер 2007 жылы өткен парламенттік сайлауды мысалға алсақ, бұл пар-тиялар 88,05% дауыс жинаған «Нұр Отан» ХДП және 4,62% жинаған ЖСДП партиялары болуы мүмкін еді. Сайлауда берілген дауыс берушілердің (5445,5 мың адам) дауыстарының нәтижесін ескерсек, – бірінші сайлау дер-бестігі немесе квота 55 мың адамды құрайтын болады. Бұл – парламент мәжілісіндегі бір орынның «құны». Сонда «Нұр Отанға» 94, ал ЖСДП-ға 5 орын өтуі қажет болып табылады.

«Астана самалы райхандары» мұндай өзгеруіне кейбір партиялар бірден жауап қайырды. Бірінші кезекте мұны өзінің қатарына танымал

Page 156: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

156 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

қоғамдық қайраткер С.Әбдірахмановты тартқан «Әділет» партиясы жаса-ды. Әлеуметтанулық сұраулардың мәліметтері бойынша, респонденттер-дің 18% «Әділет» партиясын білетінін көрсетті. Бұл көрсеткіш өткен жыл-дың парламенттік электоралдық науқан нәтижелері бойынша ол – бесін-ші орында, бірақ ресми «екінші партия» мәртебесі бар ЖСДП алда (14%).

Егер бұқаралық сауалнама нәтижелері бойынша айқындалған тікелей электоралдық рейтингтер туралы айтатын болсақ, онда Қазақстандағы «екінші партия» рөліне 5% жуығы дауыс беруге дайын және сұралғандар-дың 50% білетін «Ақ жол» партиясы үміткер бола алады. Өз кезегінде та-нымал деңгейі бойынша мысалы, «Ауыл» партиясы – 28%-дан көп – ЖСДП сияқты «Әділет» те алда.

Партиялық заңнамаға жаңа түзетулер бойынша саяси партиялардың ресми тіркелуі үшін кедергілер азаюда. Үлкен есепте ақпараттық кеңістік және сарапшылар бұл қатынаста «50 мың» санының кепіл адамдарына айналды. Партиялар ресми тіркеуден өту үшін партиялар дәл сонша қол жинаулары қажет.

2002 жылы қойылған планка нақты өлшемде Қазақстанның партиялық құрылымы үшін аса қиындықтар әкелген жоқ. Партиялық кеңістіктің 16-дан 10 партияға дейін оңтайлануы жағдайында партиялық халық үлесі 0,25 млн. (сайлаушылардың 3%) адамнан 1,3 млн.адамға (елдегі сайлаушы-лар 15%) дейін өсті.

Оған қоса, сауалнамалар мәліметтері бойынша, консерватизмге тән халық саяси жүйедегі жаңартпаларға тым байсалдылықпен қарайды. Мы-салы, «50 мыңды» талабын қысқарту мүмкіндігі бойынша сарапшылар-дың 68% жуығы және халықтың 77% құптамайтынын білдірді. Оған қоса, мұндай шешімді жалпы срапшылардың 28% және халықтың 8,5% қолдайтынын білдірді.

Егер нақты «Саяси партиялар туралы» заң туралы айтатық болсақ, онда қазақстандық партиялардың қызметінің айтарлықтай алты маңызды саласын қамтитын 25-тен көп түзетулер қабылданады.

1. Саяси партиялардың тіркелу тәртібі жеңілденеді. Партиялардың тіркелуі үшін қажетті қолдаудың санын 10%

қысқартумен қатар, сонымен қатар, аймақтарда мүшелерінің санына ең аз талап ету 15% қысқарған. Енді мұндағы параметрлер: 40 мың және 600 адам.

2. Заңнамалық деңгейде енді партияларды оның мүшелерінің тізім-дердегі бұзулардың негізінде тіркеуден бас тарту мүмкіндіктері айқын анықталған.

Бұрын тіпті ресми қателер құжаттарды қайтару мен партиялардың ресми тіркеуін шектеу үшін себеп бола алатын еді. Енді, егер партия үшін берілген сенімді қолдардың жалпы саны 40 мың ең төменгі орнатылған шекке жететін болса, партия тіркелетін болады.

Page 157: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 157идеологиясы

3. Жаңа заңнама аталған тәртіпті жеңілдететін, заңның нормаларын түрлі талқылау мүмкіндігін жоққа шығаратын саяси партияларды құру мәселелерін анығырақ регламенттейді.

Ішінара алғанда, толықтырулардың өзекті блогы партиялар құру жөніндегі ұйымдастырушы комитеттің қызметіне қатысты. Бұл орган пар-тия құру кезеңінде мемлекеттік тіркеу инстанцияларымен байланыстар-ды қамтамасыз етуде басты болуы керек.

Тіркеуші мемлекеттік органның тіркеу туралы немесе егер партияны мемлекеттік тіркеуді тоқтату үшін негіздер жойылған болса, тиісінше бас тарту туралы шешім қабылдау міндетіне қатысты норма нақтыланған.

4. Заңның жаңа нұсқасы қоғамдық ұйымдардың атаулары мен симво-ликасын қатаңырақ қорғайды.

Енді саяси партиялар мемлекеттік органдардың, әрекет етуші және жойылған партиялардың ғана емес, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің де атауы мен символикасын пайдалануға құқықтары жоқ.

5. Партиялық қайта құрулар процесінің регламенті аса айқын анықталған.

Заңда саяси партиялардың қайта ұйымдастырылуы, бірігуі, бөлінуі, яғни қайта құруы қалай жүзеге асу керектігі жазылған.

6. Жаңа заңда қоғамдық және ұлттық қауіпсіздікті едәуір тиімді қорғауға бағытталған нормалар енгізілген.

Партиялар азаматтардан немесе грант алатын ұйымдардан қайырым-дылықтар мен халықаралық немесе шетелдік ҮЕҰ басқа да қаржылар алу-ына болмайтыны айқын жазылған. Өкінішке орай, ТМД елдерінің өзінде де саяси процестердің дамуына қандай да бір шетелдік орталықтар белсенді әсер ететініндей мысалдар кездеседі. Іс жүзінде бұл елдің егемендігінің жоғалтуына алып келеді. Бұл – ұлттық қауіпсіздіктің мәселесі.

Сонымен қатар, сайлау заңнамасында сайлау науқанының қатысу-шыларының мүдделерінің кепілдіктерін қозғайтын өзгертулер қатары қабылданды.

«Сайлау туралы» заңның жаңа нұсқасының 27-бабының 7 тармағы БАҚ барлық кандидаттар мен партиялық тізімді алға тарту, олардың сай-лау комиссиясында тіркелуі жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты бір-дей баспа көлемінде және эфирдегі уақытта таратуға міндеттейді.

Сайлау алды командаларды немесе кандидаттардың сайлау штабта-рын құру тәртібі жеңілдетіледі. 12-баптың 8-тармақшасына сәйкес, пре-зиденттікке үміткерлердің сенімді өкілін тіркеу қызметі енгізілген түзе-тулерге сәйкес аумақтық сайлау комиссияларына беріледі.

Кандидаттар енді Орталық сайлау комиссиясы арқылы өздерінің сай-лау жарнасын енгізу мен қайтарудың күрделі тәртібін өтпеуіне болады. 104-баптың 1-тармағының екінші бөлімінің жаңа редакциясына сәйкес, жергілікті атқарушы билік арқылы мұны істеуге болады.

Page 158: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

158 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

ОСК міндеті енді сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастыру, сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша партия өкіл-дерімен, сондай-ақ сайлау процесінің басқа да қатысушыларымен семи-нарлар өткізу болып табылады. «Сайлау туралы» заңның 12-бабына осын-дай тармақты енгізу көңілге қонымды.

Сайлау заңнамасы тек жеке нормаларда ғана емес, сондай-ақ нормативтік-құқықтық рухы жағынан да шындап өзгерді. Сонымен қатар, сана инерциясы көбінесе «ескі» заңнамалық «бейнесін» қалдырады, заң-наманың практикалық қолдануын да, сондай ақ сайлау жүйесінің саяси имиджін дамытуды да тежейді.

Одан басқа, ОСК практикалық қызметке ие болады – шығару талонының механизмін анық бақылауды қамтамасыз ету. Қазақстандағы халық өте жігерлі, сол себепті бұл бағыт ұйымдастырушылық жұмыстың өте үлкен қабаттарын ашады.

Осылайша, Қазақстандағы партиялық-саяси жүйенің қайта жаңарту процесі жалғасуда. Бұл істе билік бірізділік көрсетуде және артқа жыл-жуды жібермейді, реформаларды тоқтатпайды. Бәрі өз кезегімен жүреді.

Елде көппартиялыққа негіздер сақталуда. 2007 жылдағы парламент сайлауының нәтижелерін ескере отырып, мемлекет екінші эшелон парти-яларын жақтау үшін белгілі бір шараларды әзірледі. Енді олар егер сайла-уда кем дегенде екінші орын ала алса, онда Парламент қызметіне қатысуға, депутаттық мандаттар алуға кепілдіктер алды.

Қазақстанда сайлау инфрақұрылымы нығайтылады, сайлау комис-сиясы мүшелері үшін де, кандидаттар мен бақылаушыларды қосқандағы сайлау процесінің қатысушылары үшін де құқықтардың жаңа кепілдіктері енгізіледі. Партиялық жүйеде сайлау заңнамасы іс жүзінде Қазақстанның бипартиялық эволюциясын ынталандырады. Бұл жағдайда елдегі сай-лау жүйесінің тиімділігі мен легитимділігі жоғарылауы керек. Осы ба-сты қызметке енді өзінен бағдарлық емес қызметін алып тастап, ОСК шоғырлануы керек.

Жалпы заңнамаға енгізілген түзетулерде саяси жүйеге шамалап еркін-дік береді. Мемлекетте партиялардың радикализациясын болдырмаудың, қоғамның тұрақсыздандыруына бағытталған жаңа партиялардың туындау-ына жеткілікті тетіктері қалады. Басқаша айтқанда, партияларға қатысты заң айтарлықтай тұрақталған болды. Онда саяси қауіпсіздік мәселелері де, біздің елдегі партиялық-саяси қатынастардың алдағы ымырашылдық қажеттіліктері де ескерілген.

Бұл бөлімді қорытындылай келе, ҚР Президентінің 2011 жылдың 1 қыркүйегінде 4 шақырылған Парламенттің 5-сессиясының ашылуындағы сөйлеген сөзін келтіруге болады. «Парламенттің бесінші сессия-сы – Мәжілістің бірінші партиялық құрамының тарихында соңғысы. Төртінші шақырылымдағы Парламенттің саяси ядросы «Нұр Отан»

Page 159: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қазақстандағы партиялық құрылыс 159идеологиясы

партиясы фракциясының депутаттарына алғыс білдіргім келеді. Өзінің жұмысымен партия парламенттік қызметтің жоғары деңгейін құрды. Бұл – Қазақстанның барлық партиялары үшін дауыс берушілер алдындағы үлкен жауапкершіліктің үлгісі. Келесі сайлаудан бастап, заңға сәйкес, Мәжіліс кем дегенде екі партиялық болады. Біздің жас демократиямыздың дамуының жаңа кезеңі басталады».

Саяси жаңғырулар аяқталмағаны белгілі. Реформалар жалғасатын болады.

Page 160: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

160 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

5. ИДЕОЛОГИЯНЫҢ АЙҚЫНДЫҒЫ

Қазақстандық идеологияның төрт іргелі негіздері бар: ұлттың күшті Көшбасшысы, табысқа ниеттелген қоғамдық сана, әлеуметтік саясат және партиялық-саяси инфрақұрылым. Осының бәрі идеологияны әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы дамудың өзіндік үлгісін таңдау ретінде жиі айтады.

5.1. Идеологияны қалыптастырудағы президенттік жолдаулардың рөлі

Идеология ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдаулары мен басқа да сөз сөйлеулері арқылы қалыптасты.

Президенттің өз Жолдауларымен үндеу тастау тәжірибесі осы лауа-зымға тағайындалғаннан кезінен бастау алады. Алғашқы Жолдау 1990 жылдың мамырының өзінде-ақ орын алған [170], алайда 1995 жылға дейін ол Жоғарғы кеңеске арналаған еді [171]. Тікелей халыққа Президент тек шұғыл жағдайлар бойынша ғана, яғни 1991 жылдың тамызында ТЖМК-ға байланысты, және содан соң тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылдың қаңтарында сөз жолдаған.

Жыл сайынғы Президенттің халыққа Жолдауының үздіксіз тәжірибе-сі жаңа Конституцияда мемлекет басшысы ретіндегі міндеті болып таныл-ғаннан кейін 1995 жылы енгізілді.

Мұндай алғашқы Президент Жолдауы 1996 жылдың қазанында орын алды, ол «1997 жылға елдің жағдайы мен ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы» деген дәстүрлі атауға ие болды [172].

Алайда халықтың жадында Президенттің 1997 жылдың қазанында жарияланған «2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы» атанған екінші Жолдауы қалған еді [173]. Жалпы Жолдаулар бастауын осыдан ала-ды, өйткені ол өз маңызымен алғашқысынан басып өткен еді.

2001 жылы Жолдау алғаш рет күзде емес, көктемде оқылды, бұл бюджеттік процестерге әсер етуіне мүмкіндік берді. Сол жылы «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асырудың 10-жылдық жоспары қабылданды. 2004 жылдан бастап Президенттің ағымдағы және алдағы жылдары Жолдауда айтылған тапсырмалары көрінетін жалпы ұлттық жоспарды қабылдау тәжірибеде көрінеді. 2002 жылдан бастап әрбір

Page 161: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Идеологияның айқындығы 161

жылды саяси курстың белгілі бір тақырыбымен жариялау тоқтатылды. «Ауылдардың үш жылдығы» жарияланды.

Іргелі, макросаяси бөлімінен басқа «Қазақстан-2030» Стратегиясынан бастап әрбір жолдаудың міндетті түрде практикалық блогы болады. Ол жерде мемлекеттік органдарға арналған нақты тапсырмалар көрінеді. Бұл 2006 жылдың Жолдауында айқын көрінеді. Онда практикалық шаралар әрбір тараудан кейінгі блок ретінде көрсетіледі.

2011 жылға дейін барлығы 16 президенттік Жолдау болды. 1996 және 1997 жылдардағы Жолдау Алматыда оқылды. 1998 жылы астананы көшіруден бастап, олар Астанада оқылады.

Жолдауларды көп жағдайда Парламентте ҚР Президенті толық оқып шығады. 1998 жылы Жолдауға толықтыру ретінде «Қазақстан-2030» Стра-тегиясын жүзеге асыру туралы баяндама таратылды, 2007 жылы Жолдау екі бөлімнен тұрды, біріншісі оқылды, ал екіншісі жазбаша түрде болды.

Жолдаулар алты телеарнадан және Қазақ радиосынан беріледі. Жол-даулардың қайталануы әдетте кешкі уақытта республикалық телеарналар-да жаңалықтар топтамасынан кейін көбінесе 21.00-22.00 сағатта беріледі.

Жолдаулардың мәтіні келесі күні баспаға шығарылады. Орыс тілін-дегі нұсқасы «Казахстанская правда», ал қазақ тілінде нұсқасы «Егемен Қазақстан» газеттерінде. Жолдау облыстық және аудандық ресми га-зеттерде таралымдалынады. Бір ай ішінде Жолдау бойынша тиісті әдіс-темелік ұсынымдар, ал 2004 жылдан бері Президент Әкімшілігінде бақылауда болатын жеке Жалпыұлттық жоспар әзірленеді. Жоспарға Жолдау барысындағы тапсырмалар, сондай-ақ алдыңғы Жолдауда орын-далмағандар да кіреді.

Мультимедиялық форматтағы Президент Жолдаулары 2005 жылы тіркелгенінен бастап «Ақорда» сайтында таралады. 2005 жылдан бастап Президенттің Жолдауларын бейнежазба, ал 2002 жылдан бері аудиожаз-ба ретінде көруге болады.

2006 жылдан бастап Жолдаудың алдында барлық қатысушылар тұ-рып, мемлекеттік әнұранға құрмет пен патриоттық сезімін көрсете оты-рып сол қолын кеудесіне жүрегінің тұсына қойып тыңдайтын «Менің елім» жаңа әнұраны ойнайды.

Жолдаудың басталуы мен бірінші бөлігіне дейін залда салтанаттық және аздап қарбаластық жағдай болады. Сонымен қоса, Жолдаудың ор-тасынан және оның соңына қарай залдағы қысым азаяды. Президент мәтіннен аууы, өзінің пікірлері мен ойларын қосуы мүмкін.

Президент сөзін аяқтаған соң дәстүр бойынша залға түсіп, парламен-тариймен амандасып олардың құттықтаулары мен пікірлерін тыңдайтын кезде, яғни соңына қарай ахуал жұмсарады.

Мемлекет басшысының залға депутаттарға түсу дәстүрі 1991 жыл-дан бері бар екені айта кету жөн. Ол оны әрқашан тоқтатпастан жүзеге

Page 162: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

162 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

асырады. Н.Ә. Назарбаев тұлғасы бойынша арнайы еңбек жазған саяси ғылымдарының докторы Е.Қ.Ертісбаев оны былай сипаттайды. «Оның мынадай әдістемесі болды: ол президумнан тез түсіп депуттаттарды жи-нап, олармен әртүрлі тақырыпта әңгімелеседі. Назарбаев қандай да бір көкейкесті проблемаларды депутаттардың жүзіне тіке қарап, олардың шағымдарын, кеңестерін, ұсынымдарын шыдамдықпен тыңдап, барлық уақытта бірдей жағымды бола бермейтін ақпаратты сіңіре отырып, әдейі көтереді [174, 9 б.].

Жалпы 1997 жылғы Жолдаудан бастап Президент оның мәтінін есте қаларлықтай ететін неологизмдерді, жарқын қанатты сөздерді қол-дануға тырысады. Яғни Жолдау өз бетінше имидждік құжат ретінде технологиялық өңдеуден өтеді.

«Қазақстан-2030» Стратегиясы отандық имиджмейкерлік мектептің маңызды байқау қадамы болып табылды. Көп жағдайда ол қолданылған мақалдармен, мәтелдермен, қанатты сөздермен ерекшеленді. Әдемі сөз-дер мен айналымдар пайдаланылды. Атап айтсақ, баға жетпес капитал, «алтын кілт», Қазақстанның миссиясы, бұқаралық сананы трансформация-лау, «хирургиялық» әдістермен, Орталықазиялық Барыс, әлемнің блоктар мен одақтарға бөліну қаупі жойылған жоқ, «демографиялық крест», «ақ және көк жағалылар», соңғы «жетілдіру», мультимодульдік терминал-дар, адами капитал сияқты сөздер. Шын мәнісінде 1997 жылдағы Жолдау қазіргі саяси сөздік аппаратын тартуға екпін берді.

2004 жылдан бастап Жолдаудағы негізгі мағыналық сөз оның тақыры-бына енгізілді. Бәсекеге қабілеттілік Президенттің ұлтқа айтатын сөздері-нің барлығын қамтитын ұғым болды. 2006 жылы Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру стратегиясы әзірленді. Оған қоса, жалпы ұлттық жолдауды мемлекеттің рейтингтік позициясына жылжыту елдің да-муының нәтижелілігін бағалауда сапалы жаңа әдістің келгенін білдірді. Біз өзімізді заманауи әлемде көруіміз үшін біз басқа елдермен теңесуіміз керек.

Жолдауды дайындауға Үкімет және барлық негізгі министрліктер мен ведомстволар қатысады. Үкімет көбінесе әлеуметтік-экономикалық топта-маны әзірлейді, ал Президент Әкімшілігі ішкі саясат және сыртқы саясат бөлімдеріне, идеологияға және Жолдауды аяғына «жетілдіруге» жауап береді.

Жолдаулардағы Президенттің ең жақсы тұжырымдарының ішінен мыналарды атауға болады:

1997 ж.: «Барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқаттылығын жақсарту – міне барлығымыз қалыптастырғымыз келетін Қазақстанды сипаттау қажет негізгі сөздер».

1998 ж.: «Осындай тарихи күнде мен біздің ұлттық тарихымызда санаудың жаңа нүктесі болатын демократиялану мен саяси реформалар-дың бағдарламасын ұсынамын».

Page 163: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Идеологияның айқындығы 163

1999 ж.: «Жақын тарихтың «адастырғыш сипаты» бізді жеке қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударуға мәжбүрлейді».

2000 ж.: «Кейде айқын нәрсені қайталауға тура келеді, бірақ шындық Қазақстан өңірдегі ең тұрақты және қауіпсіз мемлекет болып келдік, бо-лып табыламыз, әрі бола береміз және біз оны жіті қадағалап отырамыз».

2001 ж.: «Саяси және әлеуметтік әділеттіліктің мықты іргесіне, Заң күші үстемдік ететін елдің экономикалық еркіндігіне негізделетін Қазақстанды қалыптастыру».

2002 ж.: «Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – біздің халықтың басты қалайтыны. Мен мұны түсінемін».

2003 ж.: «Бүгiн мен бiздiң ең жаңа тарихымызда әлеуметтiк шығыстар-ды барынша ұлғайтқанымыз жайында жариялау абыройына ие болдым, бiз бұл iстi көп ұзамай қолға аламыз, әрi оның игiлiгi әрбiр қазақстандыққа және әр отбасына тиетiн болады».

2004 ж.: «Бiз Қазақстанның батыл бастамаларға дайын екенiн, ал қазақ-стандықтардың оларды iске асыра алатынын дәлелдедiк».

2005 ж.: «Бiз демократия жол басы емес, алдағы мақсатымыз екенін ешқашан естен шығарғамыз жоқ. Бiз демократияны декретпен енгiзуге болмайтынын, оны өз өзегiңнен өткiзу керек екенiн бiлдiк».

2006 ж.: «Біздің қателесу себептеріміздің бірі биліктің либерализмін оның әлсіздігі және бетімен кеткен бейпіл даңғойлардың қайсыбір «еркелігі» мен «қыңырлығына» тыйым салуға дәрменсіздігі ретінде қара-дүрсін қабылдауда жатыр. Бізге аңдамастық пен адасушылықтан арылу керек».

2007 ж.: «Осының барлығы абырой мен біздің Отанымыздың, біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамымыздың, біздің балаларымыздың жарқын болашағына деген сенімділікке негізделген жаңа жалпы қазақстандық патриотизмнің іргесін құрайды».

2008 ж.: «Қазақстандықтардың, қазақстандық қоғамның барлық топ-тары және әлеуметтік топтардың әлеуметтік көңіл-күйін жиі жақсарту мемлекеттік саясаттың бірінші кезегінде болды және болады».

2009 ж.: «Бүгінгі проблемалар және біздің оларды қалай шешіп жатқанымыз – кемелдіктің және біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің тұрақтылығының сынағы. Біз бұл сынақты тапсырамыз деп ойлаймын. Бізге өз дамуымыздың жаңа кезеңіне кіруге және біздің жетістіктерімізді еселеуге тура келеді. Мұны да орындайтынымызға сенімдімін».

2010 ж.: «Біз бірлесіп Қазақстанды табысқа жетуші жасай алдық және бірлесіп оны өркендеуші жасай аламыз».

2011 ж.: «Бейбітшілік пен келісімнің 20 жылы». Президенттің әр Жолдауы өзінде қандай да бір жетекші, магистраль-

ды месседжге ие. Әдетте Елбасы жолдауларында ақпарат мол беріледі. Ол бойынша әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынаста елдің қалай

Page 164: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

164 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

тұрып жатқаны туралы жалпы көріністі анықтайды. Бірақ, Жолдауды түсіну үшін, оны басты ойын ұғып алу керек.

2009 жылдағы Президенттің дағдарысқа қарсы Жолдауы қоғам үшін жаһандық трендтерді ескергенде өз өмірінің қайта құруларының, қайта жаңартудың маңыздылығы туралы негізгі дабылы болды. Енді сананың ғана емес, сондай-ақ өмірлік тәжірибелердің де түбегейлі қайта құрылуы қажет. Қазақстандықтар әлеуметтік әрекеттің белсенді кодын қабылдауы және өзіндік әлеуметтік қорғаныс пен иммунтитеттің көпярустық, көп эшелондық жүйесін салып бітіру қажет. Бұл тәжірибе нені білдіреді? Президент бұл туралы өзінің жаңа Жолдауында нақты айтады. Біздің халық үйренуі керек, әлемде адамдар өмір бойы үйренеді. Бүгінгі про-блемалар және біздің оларды шешуіміз кемелдену емтиханы болып та-былады. Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру, еңбексүйгіштік пен қайсарлық танытуы, көмекке мұқтаждарға қамқор болып, ұқыпты болуы қажет.

Басқаша айтқанда, әрбір қазақстандық өздерінің өмірлерін қайта құрулары керек, әлеуметтанушылардың сөзімен айтқанда габитусты дағдарысқа қарсы режимде бағытын дұрыстау. Адамдар отбасына және жалпы Қазақстанға пайда әкелу үшін кез келген жұмысқа кірісу қажет. Егер қажет болса, «белді бууға» тура келеді. Қосымша жұмыс алу үшін бос уақыт бюджетін шектеу, дағдарыстан құтылу үшін өзінің жеке ұмтылысын жасау үшін күш жұмсап бұзып-жаруға тура келуі мүмкін.

Қазақтардың ғажап мәтелі бар: «Жыламайтын балаға – ірімшік жоқ». Ол біздің проблемаларымызды біреу-міреу шешіп береді деп сырттан жақсаруларды күтпеу қажеттігін білдіреді. Өзіміз әлеуметтік шындықты белсенді қайта жаңартуымыз қажет.

Қоғамның Президенттің мұндай месседждеріне қаншалықты үн қа-туына және дағдарысқа қарсы командасының негізгі бөлігі бола алуы үшін көп нәрсе байланысты. Әлеуметтанулық мәліметтер халықтың бірегей қасиет көрсетіп отырғанын көрсетеді – ауыртпалықтарды шыдаммен кө-теру, қиын жағдайлардан шығудың әртүрлі, оның ішінде ассиметриялық жолдарын іздеу. Сол себепті де Қазақстан саясаттағы тұрақтылықпен, этникалық және конфессияаралық келісіммен әрқашан ерекшеленетін. Бұл – дәл бүгін қажет Қазақстанның негізгі артықшылықтары. Біздің көзқа-расымызша, Мемлекет басшысының жолдауының негізгі мәні де осында.

2010 жылдың 29 қаңтарындағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономи-калық өсім – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Президент жол-дауы ұлт көшбасшысының халыққа үндеуінің сапалы түрде жаңа моделін көрсетеді. Президент бірнеше рет алдын ала дайындалған мәтіннен бұры-лып кетті, ол оның жоғары шешендік өнері мен жинақталған кәсіби ре-сурсын білдіреді. Бәрінен де оның Қазақстан үшін жаны ашып, халыққа жолдау барысында бар күшін салып жатқаны көрінеді.

Page 165: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Идеологияның айқындығы 165

Жолдау қоғамдық сұраныстарға бейімделгені сезіледі. Бұл – кем де-генде екі себептер бойынша белгілі. Жолдау Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы үшін «жол картасы» ретінде көрініс тапты. Сол кезде негізгі месседж жұмылдыру және «белді буу» болды. Енді жүйе күш жұмсау, жігерлілік және сабырлылық үшін марапаттайды. Көп әңгіме болған бюд-жет қызметкерлері жалақысының көптен күткен өсуі күтілген уақытынан ертерек болады.

Жолдаудың әлеуметтік себептермен толықтырылуының екінші себе-бі – оның 2009 жылы 13 қарашада Президенттің «Тікелей желі» қоры-тындылары бойынша мемлекеттік органдар жұмысының толқынында әзірленгені. Іс жүзінде сол тікелей желі қоғамдық пікірдің де, өзекті әлеуметтік және құқықтық мәселелердің де өзіндік кесіндісі болды. Сол себепті Президент өз Жолдауында азаматтар құқық қорғау саласындағы проблемаларға наразылық білдіргендіктен, құқық қорғау жүйесін рефор-малау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Жолдау қандай да бір идеологиялық трансформациясын немесе әлеуметтік-саяси жүйенің өзгерісін ұсынады. Қолдаушы сипаттан ол ын-таландырушы сипатқа өтеді. Бұл қандай сипаттардан көрінеді?

1. Президент құқықтық реформаны жүргізу, оның ішінде құқық са-ласын ізгілендіруді қалады. Сот-құқықтық жүйесінің тиімділігінің нақты өлшемдері алға тартылды – ол азаматтардың, заңды тұлғалардың және шетелдік инвесторлардың сенімінің өсуі.

2. Жолдауда дискурстық деңгейде мүмкіндіктер ұғымы алға тарты-лады. Оған қоса оларды азаматтар, жастар келешектегі 10 жылда көре алады. Мұндай мүмкіндіктер шынында ашылатынына сенімді болу үшін Жолдауда өткен 10 жыл ішінде даму динамикасы көрсеткіштерінің кешені келтіріледі.

3. Жолдауда халықтың табысын жоғарылатуға қатысты дәстүрлі блок-пен қатар, ерекше бағыт ретінде тұрғын үйлік-коммуналдық сектор да көрсетіледі. Шын мәнісінде тұрғын үй соңғы жылдары басты ұлттық идея және кешенді әлеуметтік және экономикалық факторға айналды.

4. Негізгі қондырғы ретінде инвестициялық және бизнес климатты нығайту көрініс табады.

Ең бастысы, ҚР Президенті қазақстандықтардың ұлттық бірлігін нығайтуға назар аудара отырып, мықты экономикалық бағдарламаны ұсынады. Мұндағы ынталандырушы жағдай – біз осының бәріне жетеміз 10 жылдай болмаған ЕҚЫҰ саммитін өткіздік, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асырып жатырмыз.

2010 жылдағы Жолдау аралық есеп және «Нұр Отан» партиясы платформасының жаңаруы болды. Қазақстанның жаңа дағдарыстық сынақтан өте алуы тағы да ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекет-тік менеджментінің тиімділігін көрсетті. Бұл 90-жылдардағы дағдарысты

Page 166: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

166 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

сәтті жеңу кездейсоқтық немесе жағдайдың қолайлы шешілуі болған жоқ. Соңғы өткен кезеңде көп емес үкіметтік командалар ауысты, алайда жүйе тиімді дамуын жалғастыруда. Осы сынақтардың барлығы бірінші кезекте елдің Президентіне және оның сол сынақтардан қалай өте алатынына бай-ланысты, экономикаға, саяси жүйеге, әрбір отбасына және елдің барлық азаматтарына қиын немесе жеңіл болуына байланысты.

2011 жылдың 18 қаңтарындағы «Болашақты іргесін бірге қалай-мыз!» атты Президент жолдауы жай ғана әлеуметтік жаңғыртуға ғана емес, қазақстандықтардың дамуының тұтастай картасын құруға бағыт-талған. Бұл-әрбір қазақстандықтың әлеуметтік жолының навигациясы. Туу, балалық шақ – мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету. Оның ар-тында – мектеп, жоғары оқу орны, ересек өмір және ыңғайлы егде жас. Оған қоса, – бұл әрбір ұрпақаралық, жасаралық, гендерлік, әлеуметтік топтағы, әсіресе отбасындағы әлеуметтік үйлесімдікке жету [175].

Президенттің жаңа жолдауы Қазақстанда қабылданған 2006-2016 жыл-дарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясымен толығымен сәйкес келеді. Осы құжаттың «Стратегияны жүзеге асырудың күтілетін нәтижелері» атты 9-тарауынының «Экономикада гендерлік теңдікке жету» блогында 4-тармақ бар – «… стратегияда көрсетілген мерзімдерде ата-аналардың еңбектік белсенділігін арттыру үшін мектепке дейінгі мемлекеттік және жекеменшік оқу орындарының саны артатын болады». Бұл тармақ мем-лекеттің әйелдік адами ресурсты экономикалық дамуға кеңінен енгізуге бағытталу мақсатын білдіреді.

Әйелдердің көбінесе балаларға қарайтыны жалпыға мәлім. Ал күрт демографиялық өсім және бір мезетте мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігі жағдайында әйелдер өздерінің мүмкіндіктері мен қабі-леттеріне қарай балалар тәрбиесімен айналысуына тура келді. Балалар өздерінің құрдастарымен бірге әлеуметтену кезеңдерін өз кезінде өтпе-гендіктен олардың нәтижесінде қаншама құнды заттарды ала алмағанын бағалау қиын.

2000 жылдан бастап біздің елімізде демографиялық өсу басталды. 2010 жылы 1000 адамға шаққандағы туу коэффициенті 13,6-дан 22,6 дейін өсті. Жыл сайын Қазақстанда 222 мың адамнан (ең азы 2000 ж.) 2009 жылдағы ең жоғары көрсеткіш -357,5 мыңға дейін туылды. 2000 жылы балалардың саны 1082,9 адамға жеткен болатын. Олардың ішінде 87,7% мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған. Яғни, сол кезеңде миллионға жуық бала-лар балабақшаларда білікті тәрбие алған жоқ. Тиісінше, жарты миллионға жуық қазақстандықтар, көбінесе әйелдер экономикалық даму процесінен шығып қалды. 2000-жылдары ел экономикасы жан басына шаққандағы ІЖӨ есепке ала отырғанда жыл сайын 1-1,5 млрд.долларға жетпеді.

2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын қабылдаудан және қазіргі Жолдауды қоса, Президент іс жүзінде барлық еңбектік, адами, ре-

Page 167: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Идеологияның айқындығы 167

сурстарды экономиканың өрлеуіне толық енгізу міндетін қойып отыр. Бүгін мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі қамтылу 55% жетті. Қазақстан балалардың мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен толық қамтылуын қамтамасыз етуді қамтып отыр. Бұл – аса амбициялық міндет. 2015 жылға дейін ғана «Балапан» бағдарламасы бойынша балабақшалар мен кішіорталықтардағы орындар санын іс жүзінде екі еселендіруге тура келеді.

Тұрақты әлеуметтанулық зерттеулер балалардың мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілу мәселесі әлі де едәуір өзектілер қата-рында екенін көрсетеді. 2004 жылдағы әлеуметтанулық сауалнамалар балабақшалардың (18% шамасында) жетіспеушілік мәселелерінің өзек-тілігін көрсеткен. 2010 жылдағы сұрауларда оның өзектілігі 24% өсті. Де-мек, балабақшалар мәселесі туралы әрбір төртінші сұралушы айта алады (22-диаграмма).

22-диаграмма

*«Демократия институты» ҚБ ҒЗҚ әлеуметтанулық зерттеулердің мәліметтері бойынша

2004 жылдан бастап 2010 жылдың аяғына дейін балабақшалардың жетіспеушілігі проблемасы өзектілігінің динамикасы

Мұнда ақпараттық нәтиже түсіністігі жұмыс істейді. Әлеуметтік проблема шешіле бастаған кезде ол туралы көбірек айтылады және рес-понденттер оны жиі белгілейді. Бұл – әлеуметтанулық сауалнамалардың кәдімгі заңдылығы. Тиісінше, 2008-2009 жылдар аралығында балабақша-лар мәселесін шешу күрт тепе-теңдіктен қозғала бастады. Бұл мәселенің өзектілігі ер адамдар арасында көбірек байқалуы тән. Балабақшалардың

18,3 19 ,0 21,6 20,5

23,1 24,3

0

5

10

15

20

25

30

2004 2007 2008 2009 2010 басы 2010 аяғы

Page 168: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

168 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

жетіспеушілігін белгілеген ерлердің үлесі 2004 жылы 18%-дан 2010 жылғы 26% дейін өсті. Әйелдер арасында бұл көрсеткіштер тиісінше 18 және 24% құрады.

Ерлер балалардың тек аналарымен ғана емес, сондай-ақ балабақша-ларда да болу маңыздылығын түсіне бастады. Бұл – гендерлік дамудағы маңызды қозғалыстардың бірі. Бүгін зерттеулер мәліметтері бойынша респонденттердің 17% ғана әйелдердің рөлін тек отбасылық өмірмен шектейді, сол сәтте қазақстандықтардың 70% жуығы әйелдер қоғам өмірінің барлық салаларына тартылуы қажет деп санайды.

Президент Жолдауында әрбір адамның өміріндегі маңызды аспектіге – адам денсаулығына басты назар аударылған. Жолдауда балалар, жасөспірімдер, репродуктивтік жастағы әйелдер ерекше көрсетілген мақсатты топтармен жұмыс жөніндегі жеке бағдарламалық блокты енгізу қажеттігі атап өтіледі. Қазақстан үшін әлеуметтік-демографиялық ұдайы өндіріс механизмін жөнге салу қажет. Дағдарыс кезіндегі 90 жылдары бұл механизм шындап бұзылған болатын. Басқаша айтқанда «мәдени жарақат» факторы сезілді. Туу төмендеп, өлімнің жоғары көрсеткіштері байқалды. Енді жылдан-жылға біз өзіміздің позициямызды қалпына келтірудеміз және көптеген параметрлер бойынша жаңа деңгейге шықтық, 90 жылдардың басында мәрелік кезеңге жету қажет болған кезде компенсаторлық аралықты жеңдік.

Мысалы, нәрестелердің шетінеуі бойынша жағдай бүгінгі күні 1991-1995 жылдамен салыстырғанда жақсырақ. Ол кезде 1000 туылғандарға 27,4 адамнан келетін. 2010 жылы бұл көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 16,7 адамға дейін қысқарды. Ол сонымен қатар, 2005 жылы Қазақстан бұрын 1 кг.-нан аз емес салмақты нәрестелер ескерілсе, қазір 500 граммнан бастап балалар өлімін есепке алуды ұстанатын балалар өлімінің халықаралық әдістемесіне көшті. Президенттің жаңа жолдауы 2020 жылға дейін нәрес-телер өлім-жітімі екі есе қысқаруы керек міндетін қойды (23-диаграмма).

Қазақстан жалпы тұрғындар өлім-жітімін қысқартуға тырысуда. 2009-2010 жылдары бұл көрсеткіш 90-жылдардың басында тіркелген көрсеткішпен іс жүзінде теңесті. Алдағы 10 жылда біз жалпы өлім-жітім көрсеткішін үштен бірге немесе бір мыңға 6 адам шамасында қысқартуға тырысамыз.

Осы міндетті ескере Қазақстанда қазір егде адамдардың әлеуметтік да-муы мәселелерін талқылау жүріп жатыр. Тәуелсіздіктің 20 жылында бас-ты назар жастарға ауды. Реформаларға қажетті энергетика берілгенімен бұл расталған болатын. Алайда қоғам ұрпақаралық теңдестіксіз тұрақты бола алмайды. Егер жас адам егде жасында өмірдің қанағаттанарлық жағдайлары болатынына сенімсіз болса, онда ол бүгін қарқынды еңбек етуге талпынады.

Page 169: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Идеологияның айқындығы 169

23-диаграмма

1991 жылдан бастап 2020 жылға (болжам) дейінгі кезеңде 1000 адамға шаққандағы жалпы және нәрестелер өлімінің көрсеткіштері

Бұл орайда Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмысының аясында 2011–2020 жылдарға арналған егде адамдардың жағдайын жақсарту жөнін-дегі әрекеттердің ұлттық жоспары қабылданды. Сол арқылы басты мақсат нығайтылды – Қазақстандағы өмір сүру ұзақтығын ұзарту. Бүгін бұл көр-сеткіш 1991 жылдағы деңгейден сәл жоғары 68 жасқа жетеді. Алдағы 10 жылда біз өмір сүру ұзақтығын 72 жасқа дейін жеткізуіміз қажет (24-диа-грамма).

Бұл орайда қазақстан қоғамының құрылымындағы аға буын үлесі көбейетін болады. Болжамдар бойынша, 65 жастан үлкен халықтың үлесі Қазақстанда 2050 жылы бүгінгі 7%-дан 25% дейін өседі.

Әлеуметтік жаңғыру туралы айта отырып, Президент жолдауда мектептік білімді жаңғыру туралы айтады. Елде 2000 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңде 741 мектеп салынған. Президент алдағы 5 жылда тағы 400 жуық салынатынын айтты. Онда балалар үшінші ауысымда оқуын тоқтатады, екінші ауысым да қысқарады. Оған қоса, білім беру ұйымдары 50% дейін электрондық оқытуды пайдаланатын болады, ал 2020 жылға қарай олардың саны 90% дейін өседі.

Білім беру жүйесін жаңғыртудың басқа түйіні жоғары білім болып табылады. Мұнда сондай-ақ Қазақстанның жоғары деңгейлі білімді ше-телден алмай, өзінде құруы үшін жаңа қадамдар жасалынған. Бұл орайда басты рөл Назарбаев Университетіне беріледі. Ол Қазақстанның ғылыми-

8,2 10,7 10,1 10 10,4 9,75 8,97 9,1

6

27,4 27,3

19,6 19,4

15,1

20,76 18,23

16,7

8

0

5

10

15

20

25

30

1991 жыл

1995 жыл

2000 жыл

2001 2005 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2020 жыл

Жалпы өлім-жітім (1000 адамға шаққанда)

Нәрестелер өлімі (1000 адамға шаққанда)

жыл

Page 170: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

170 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

білімдік өркендеуінің негізі болуы керек. Президент бұл университеттің түлектерінің алдағы өмір қарекетінің толық картасын құрастыруға тап-сырма берді.

24-диаграмма

1991-2020 жылдар аралығындағы Қазақстандағы күтілетін орташа өмір сүру ұзақтығының динамикасы (болжам)

Жоғары білімді дамыту жоспарында болашақта біз ресурстарды топ-

тай аламыз, себебі бізде ең жақсы әлемдік университеттердің рейтингісінде болатын ЖОО пайда болады. Оған қоса, отандық университеттердің 30% дейіні халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық аккредитация-дан өтеді.

Қазақстан өз дамуының сапалы жаңа кезеңіне кіреді. Біздің алдымыз-да онжылдықтың қызығарлық келешегі тұр. Тәуелсіздік жылдарында біз қатты өзгердік. Жақсы өмір сүретін болдық. Бірақ біз бұдан да жақсы өмір сүре аламыз. Ол үшін бар ресурстарды тиімді пайдалануымыз керек. Біз секіріс жасадық, енді өмір сүрудің жоғары сапасына жету үшін жылдар қажет. Әлеуметтік даму кезеңдері есепке алынуы керек. Біз сәттілік қоғам болуға ұмтыламыз. Тиісінше, барлық әлеуметтік жүйе осыған ниеттелуі керек.

Алайда жаңа онжылдықтың ішінде тек қана келешектер ғана емес, қатерлер де сақталатынын естен шығармау қажет. Олар басты кезекте біздің өз өмірімізді жақсартудың мүмкіндіктерін қалай пайдаланатыны-мызбен байланысты. Қандай болашақты құратынымыз біздің өзімізге бай-ланысты.

67,6

63,5

65,4 65,6 65,9

68,6 68,0

72,0

58

60

62

64

66

68

70

72

74

1991 жыл

1995 жыл

2000 жыл

2001 жыл

2005 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2020 жыл

Page 171: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Идеологияның айқындығы 171

5.2. Азаматтардың мемлекеттік идеологияға деген қатынасы

Қазақстан дамуының өз моделін жасады. Сұрақ берілгендердің 37,9%-дайы немесе салыстырмалы алғандағы көпшілігі бұл туралы тура айтып отыр – еліміз шетел мемлекеттерінің тәжірибелерін ескергенімен, өзінің айрықша даму жолын қалыптастырды.

Тағы да екі негізгі топ ерекшеленді. Олардың біреуі, анағұрлым ірісі, Қазақстан негізінен Ресей мен ТМД тәжірибесінің негізінде ұстанды деген пікірде – 23,5%. Екінші топ, 22%-ға дейінгі көлемде – Қазақстан көбінесе батыс елдердің тәжірибесін бағдарға алып қозғалды дейді.

Бұл екі бір-біріне қарсы топтың болуы Қазақстанда өзіндік даму жолы қалыптасқанын дәлелдейді. Ол әлемдік трендтермен конфронтацияға кірген жоқ және шет елдердің сәтті тәжірибелерін ескерді.

Осы қиыншылыққа қарамастан, көпшілік сана саяси айрықшылық-ты, яғни елдің даму векторындағы өзіндік ұлттық қасиеттердің көп бо-луын қалайды. Бұл ретте Қазақстан өз жолымен қозғалды деген пікірді 37,9% айтқан. Сонымен бірге, осылай қозғалу керек деген пікірді респон-денттердің 50,1% пкір білдірді (17-кесте).

17-кесте

Сіздің ойыңызша, осы жылдардың барлығында Қазақстан өзінің дамуында қай жолмен жүрді?

Алайда, Сіздің көзқарасыңызша, Қазақстанның қалай дамығаны жөн?

%Дамыды Даму керек

Батыс елдері тәжірибесіне көбірек бейімделген 22,2 21,8Көбінесе, Азия елдерінің сәтті тәжірибесі негізінде 3,2 2,8Мұсылман елдері тәжірибесі негізінде 0,9 3,0Ресей мен ТМД тәжірибесі негізінде 23,5 16,2Орталық Азия елдері тәжірибесі негізінде 1,8 1,5Шетелдердің тәжірибесін әртүрлі шамада ескере, өзінің ерекше ұлттық жолын құрды 37,9 50,1

Ерекше стратегиясыз, ағыс бойымен жүзді, яғни бұйырғаны бойынша 5,1 -

Халықтың негізгі бұқарасының мүдделерін ескерместен жылжыды 0,1 -

Жауап беруге қиналамын 5,3 4,0

Сауалнаманың мәліметтерінен халықтың батыс елдердің даму тәжірибесін тартуды ішінара қолдайтыны көрінеді. Дамудың батыстық

Page 172: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

172 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

векторын жақтайтындар – 21,8%, 22,2%-ға қарсы. Алайда қалған векторлар бойынша кейбір түзетулер талап етіледі.

Халықтың бір бөлігі мұсылман елдерінің тәжірибесін көбірек тартуды қалайды – 3%, қарсы 0,9%.

Респонденттер Қазақстанның Ресей мен ТМД елдері моделімен дамы-ғанын аз қалайды – 16,2%, 23,5%-ға қарсы. Бұл бұрынғы кеңестік елдердің даму модельдерінің көпшілігін сәтті деп атауға болмайтындығымен бай-ланысты.

Дамудың батыстық векторын көбінесе орташа жастағылар (24,5%) мен жастар (23,2%) қолдайды. Айырықша жолдың пайдасын жақтайтындар орташа (52%) және орташа аға жастағылар (53,3%). Мұсылман моделін жастар (5,4%) жиі қолдайды. Посткеңестік модельді аға буын көбірек құптайды – 22,6% (18-кесте).

18-кесте

Қазақстан әлеуметтік топтар бойынша қалай даму керектігінің бағыттары

%Батыс-тықтар

Ерекше жол

Мұсылман моделі

Ресей және ТМД

(посткеңестік үлгі)

ҰлтыҚазақтар 24,0 51,0 4,3 10,0Орыстар 20,7 45,5 0,4 28,9Басқалары 14,7 54,0 2,0 20,7Меншік түріМемлекеттік 24,8 44,1 4,1 15,9Аралас 21,7 53,3 1,7 16,7Жеке 24,9 53,8 2,1 12,2ЖК, өз жұмысымен шұғылдануы

16,0 53,2 3,2 19,1

ҮЕҰ 33,3 50,0 0,0 16,7БіліміЖоғарғы дәрежесі бар (магистр, ғылым кандидаты немесе докторы)

14,8 55,6 7,4 18,5

Жоғары (бакалавр, маман)

20,2 56,0 3,5 14,0

Аяқталмаған жоғары 26,2 45,9 8,2 11,5

Page 173: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Идеологияның айқындығы 173

Орта арнайы, кәсіби білім 21,6 46,7 1,9 20,4Жалпы орта 25,7 49,7 2,6 11,0Толық емес орта 15,0 52,5 2,5 15,0Табысы15 000 теңгеден аз 27,1 46,2 1,6 14,615 001-ден 37 000 теңгеге дейін

19,7 51,9 2,2 17,3

37001-ден 75 000 теңгеге дейін

20,3 52,0 4,1 15,5

75 001-ден 100 000 теңгеге дейін

20,0 50,0 3,3 23,3

100 001-ден 150 000 теңгеге дейін

5,9 64,7 17,6 11,8

150 001 теңгеден көп 28,6 42,9 0,0 28,6Жасы18-29 жас 23,2 45,9 5,4 15,930-45 жас 24,5 52,0 1,8 11,846-60 жас 20,4 53,3 1,3 19,661 + 13,0 49,6 3,5 22,6Жұмысбастылық саласыМемлекеттік қызмет, МБ органдары

32,3 32,3 3,2 25,8

ІІМ, ҰҚК, қарулы күштер құрылымдары

30,4 47,8 0,0 13,0

Өнеркәсіптік өндіріс 29,1 47,3 0,0 20,0Медицина, білім, ғылым, мәдениет

28,2 43,7 3,9 16,5

Сауда 14,7 62,8 2,3 8,5Көлік, байланыс 19,2 65,4 1,9 9,6Қызмет көрсету саласы 19,5 43,4 5,3 17,7Құрылыс 25,0 60,0 1,7 11,7Кен өндіруші сала 40,0 30,0 0,0 20,0Энергетика саласы 18,2 45,5 0,0 36,4Қаржы саласы 35,7 50,0 7,1 7,1Ауыл шаруашылығы 25,0 58,3 0,0 8,3

Өндіруші салада батысшылар көп – 40%, қаржыгерлер арасында – 35,7%, мемлекеттік қызметкерлер – 32,3% және күш құрылымындағылар – 30,4%.

Айырықша жолды ұстануды басқаларға қарағанда сауда саласы (62,8%), көлік және байланыс (65,4%), құрылыс (60%), ауыл шаруашылығы (58,3%) көбірек қалайды. Бұл – мемлекеттің қолдауын талап ететін салалар.

18 кестенің жалғасы

Page 174: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

174 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Мұсылмандық модельді қаржыгерлер көбірек қабылдауға дайын (7,1%), бұл Қазақстандағы исламдық қаржыландыру тетіктерінің ұлға-юымен байланысты. Бұл жерде қызмет көрсету саласы да көрініс тапқан – 5,3%.

Посткеңестік модельді энергетика саласында көбірек қолдайды (36,4%), өйткені ол өңірлік дамумен күшті байланысты. Сондай-ақ бұл жерде мемлекеттік қызметкерлердің – 25,8%, өндіру саласының – 20% көрсеткіштері де жақсы.

Батыс-орталықты жақтайтындар аяқталмаған жоғары білімді (26,2%), жалпы орта білімді (25,7%) респонденттер арасында басым. Айырықша жолды жоғары білімді (56%), сондай-ақ жоғары білімді және дәрежесі бар (55,6%) респонденттер жақтайды.

Мұсылмандық модель көбінесе аяқталмаған жоғары білімді (8,2%) адамдарды, посткеңестік модель – орта-арнаулы (20,4%) және орталау (15%) білімді адамдарды тартады.

Кірістері бойынша батысшылар халықтың кірісі жоғарылар (28,6%) мен кірісі төмен (27,1%) топтары арасында жиі кездеседі. Айырықша жол-ды кірісі орташа топтар, мысалға табысы 100 мыңнан 150 мыңға дейінгі топтар (64,7%) жиі қолдайды. Мұсылмандық үлгі кірісі орташадан жоғары (17,6% – 100 мыңнан 150 мыңға дейін) топтар үшін тартымды. Посткеңестік модель кірісі жоғары (28,6%) және кірісі орташа (23,3%) адамдар үшін қолайлы.

Қазақтардың ішінде батыстық жолды (24%), мұсылмандық модельді (4,3%) жақтайтындар көп. Олардың ішінде айырықша жолдың жақтастары орташадан жоғары – 51%. Қазақстан посткеңестік модельді бәрінен аз қолдайды – 10%. Басқа ұлт тобы айырықша жолды – 54%, орыстар – посткеңестік модельді – 28,9% жақтаумен ерекшеленеді.

Батыстық жолдың жақтастары ҮЕҰ секторында жиі кездеседі – 33,3%, айта кетер болсақ, батыстық гранттар мен инвестициялардың ең үлкен үлесі осында. Айырықша жолда бірден 3 топ ерекшеленді – аралас, жеке, жеке кәсіпкерлер (53% маңында). Мұсылмандық модель – мемлекеттік сек-торда (4,1%), посткеңестік – жеке кәсіпкерлер арасында (19,1%) жиі қолдау табады.

Егер де халық дамуда ұлттық сипатты көбірек талап етсе, демек, идеологиялық саланы нығайтуға сұраныс бар. Айырмашылықтарды кон-струкциялау, аңыздар құру, әртүрлі процестердің диалектикасы нақ осы жерде орын алады.

Біз осы жерде мемлекеттің идеологиямен айналысу қажет пе? деген сұрақтың жауабына келіп тірелеміз.

Жалпы, бұқаралық сана идеология қажет және онымен мемлекет айналысуға тиіс дегенге саяды. Респонденттердің 30,2% елдегі идеологияны қалыптастырумен айналысу – бұл мемлекеттік тікелей міндеті дегенді тура

Page 175: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Идеологияның айқындығы 175

айтып отыр. Оларға мемлекеттің идеологиямен айналысуын қолдайтын, бірақ бұл неғұрлым нәзік, таңбай, қазіргі замандағы пысықталған саяси технологиялар аппаратының негізінде жасау керек деп санайтын 16,3% сұралғандарды қосуға болады. Тек сұралғандардың 5,4% – қандай да бір идеологияға қарсы (25-диаграмма).

25-диаграмма

Сіз қалай есептейсіз, мемлекет елдегі идеологияны қалыптастырумен айналысуға тиіс пе, әлде тиіс емес пе?

Әрбір үшінші респондент «идеологиямен кім айналысуға тиіс» деген сұраққа жауап беруге қиналған. Бұл – қомақты топ, идеологияның қам-туынан тыс қалып отыруы да мүмкін.

Сұралғандардың шамамен 14% идеологиямен не эксклюзивті негізде, не басқа партиялармен бірлесіп, не қоғамдық ұйымдардың неғұрлым кең ауқымымен басым партия айналысуға тиіс дегенді айтқан.

Қазақстандағы идеологияның орталық элементі сенімді президенттік билік болып табылады. Алайда 2007 жылдан бастап халық парламент

30,2

5,2

4 ,0

4,9

5,4

16,3

0,2

33,8

0 5 10 15 20 25 30 35 40

Бұл мемлекеттің (президенттің, үкіметтің) тікелей

міндеті

Онымен басым партия «Нұр Отан» айналысуы керек

Идеологияны барлық саяси партиялар құруы керек

Идеологияны қоғамдық ұйымдар құруы қажет

Идеологияның қажеттілігі жоқ деп ойлаймын

Мемлекет идеологияны нәзік технологиялар арқылы құру керек

Мемлекеттік органда да, халық та

Жауап беруге қиналамын

Page 176: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

176 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

неғұрлым маңызды өкілеттіктерге ие жаңа саяси жүйе форматына көбірек сенетін болды.

Респонденттердің 45,1% президенттік-парламенттік, сонша дерлігі – президенттік (43,4%) нысанды басқарудың оңтайлы нысаны деп есеп-тейді. Саяси құрылымның өзге нұсқаларын респонденттердің аз бөлігі қолдайды. Мысалға, респонденттердің тек 6,4% теңдестік жүйесіндегі күшті парламенттің пайдасына қарай өзгерісті қолдауға дайын. Сұрал-ғандардың 1,5% тек парламенттік жүйені ғана құптайды. Көне жүйелерді респонденттердің бір жарым пайызынан кемі қолдайды, мысалға, хали-фатты – тек 0,3% қолдайды (19-кесте).

19-кесте

Сіздің көзқарасыңыз бойынша, Қазақстан үшін басқарудың қандай нысаны айтарлықтай ұтымды, тиімді?

%Президенттік (биліктің басқа тармақтарынан жоғары тұратын мықты президент) 43,4

Президенттік-парламенттік (алғашқысының кейбір артықшылықтарымен, президент пен парламенттің іс жүзінде тең жағдайы)

45,1

Парламенттік-президенттік(кейінгісінің кейбір артықшылықтарымен, президент пен парламенттің іс жүзінде тең жағдайы)

6,4

Парламенттік (әлсіз президент тұсындағы мықты парламент) 1,5

Хандық (мұрагерлік жоғарғы билік) 0,2Халифат (шариғатқа негізделген діни саяси жүйе) 0,3Кез келген, ең бастысы, әділеттілік болуы керек 0,2Жауап беруге қиналамын 2,9

Осыған байланысты, Қазақстан жағдайында біз мемлекеттік құры-лымның екі нұсқасы туралы ғана айта аламыз – президенттік және президенттік-парламенттік басқару нысандары.

Бұл жерде қызық жағдай қалыптасқан. Неғұрлым жастау ұрпақ тек қана президенттік жүйені жақтаса, аға буын – парламентпен теңдескен президент билігін жақтайды.

Page 177: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Идеологияның айқындығы 177

20-кесте

Әлеуметтік топтар бойынша басқарудың екі негізгі нысандарын қалаудың құрылымы

%

Президенттік Президенттік-парламенттік

ҰлтыҚазақтар 43,4 44,2Орыстар 44,2 46,7Басқалар 42,0 46,0Меншік типіМемлекеттік 41,4 42,1Аралас 50,0 36,7Жеке 44,4 43,5ЖК, өз жұмысымен шұғылданушылар 43,6 44,7ҮЕҰ 0,0 66,7БіліміЖоғары, дәрежелі (магистр, ғылым кандидат немесе докторы)

48,1 37,0

Жоғары (бакалавр, маман) 41,6 44,7Аяқталмаған жоғары 36,1 44,3Орта кәсіби, профессионалды білім 44,3 45,5Жалпы орта 42,9 48,2Толық емес орта 52,5 37,5Табысы15 000 теңгеден аз 48,2 43,715 001-ден 37 000-ға дейін теңге 41,7 47,337001-ден 75 000-ға дейін теңге 42,6 38,575 001-ден 100 000-ға дейін теңге 36,7 50,0100 001-ден 150 000-ға дейін теңге 47,1 29,4150 001-ден және көп 57,1 42,9Жасы18-29 жас 47,1 43,330-45 жас 42,0 44,746-60 жас 42,9 43,861 + 38,3 53,9Жұмысбастылық саласыМемлекеттік қызмет, МБ органдары 71,0 25,8ІІМ, ҰҚК, қарулы кұштер құрылымдары 34,8 47,8Өнеркәсіптік өндіріс 47,3 43,6Медицина, білім, ғылым, мәдениет 37,9 42,7

Page 178: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

178 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Сауда 41,9 44,2Көлік, байланыс 34,6 50,0Қызмет көрсету саласы 44,2 42,5Құрылыс 50,0 41,7Кен өндіруші сала 50,0 50,0Энергетика саласы 36,4 45,5Қаржы саласы 35,7 50,0Ауыл шаруашылығы 62,5 25,0

Таза президенттік жүйе мемлекеттік қызметшілерді жиі қызықтыра-ды (71%) – олар бұған үйренген, онда әрекет ету оңай. Презиенттік басқару нысанының екінші қолдаушы тобы ауылдықтар болып табылады – 62,5%.

Президенттік-парламенттік жүйені қаржы, көлік, кен өндіру саласын-дағы қызметкерлер көбірек қолдайды (50%).

Білім критерийі бойынша президенттік жүйе орталау білімді респон-денттерді көбірек қызықтырады – 52,5%. Алайда жоғары білімді және дәрежесі бар сұралғандардың үлесі де айқын – 48,1%. Бұл Қазақстандағы президенттік басқарудың зиялы қауым арасында кең базасының бар екенін көрсетеді.

Президенттік-парламенттік жүйені жалпы орта білімді респондент-тер (48,2%) мен жалпы орта білікті халық жиі қолдайды.

Президенттік жүйені кірісі жоғары (57,1%), сондай-ақ кірісі төмен (48,2%) топтар және ең аз дәрежеде кірісі орташа (36,7%) топтар жақтайды.

Бұл тұрғыдан президенттік-парламенттік жүйені отбасындағы адам басына шаққан кірісі 75-тен 100 мың теңгеге дейінгі әрбір екінші сұралған адам қолдайды – 50%. Мұндай жүйе орта тап үшін тартымды.

Жалпы, барлық ұлттар бойынша, соның ішінде қазақтар да (44,2%) президенттік-парламенттік жүйенің пайдасындағы бағалар басым.

Президенттік жүйе аралас кәсіпорындар үшін көбірек тартымды – 50%. Олар үшін күшті мемлекет маңызды. Президенттік-парламенттік жүйе үкіметтік емес сектор қызметкерлерін жиі қызықтырады – 60%.

Осыған байланысты, Қазақстан жағдайы үшін президенттік-парла-менттік жүйе барынша оңтайлы болып табылады. Дағдарыс жағдайында атқарушы биліктің, ал бейбіт кезеңдерде – парламент пен қоғамның рөлі артады.

Президент қазақстандық модельде азаматтардың әлеуметтік үміті мен ертеңгі күнге деген сенімдерінің басты орталығы болып табылады. Ар-найы зерттеу мәліметтеріне бойынша респонденттердің көпшілігі – 47,4% Қазақстан өзінің табысы үшін бірінші кезекте президенттің күш-жігеріне қарыздар деп белгілеген.

20 кестенің жалғасы

Page 179: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Идеологияның айқындығы 179

Екінші орынды табыстарға президенттің күш-жігерінің және елдің объективті даму барысының арқасында қол жетті деген пікір иеленеді – 31,8%. Барлығы да объективті жағдайлардың күшімен болды деп есептейтіндер азшылықты құрайды – 11,6%. Осыдан 3-4 жыл бұрын жүргізілген ұқсас сауалнамаларда президенттің күш-жігері мен объективті факторлардың, соның ішінде сәттіліктің, қолайлы конъюнктураның бірігуі арқылы болды деген пікір басым болған. Енді қазақстандықтар нақ Президенттің сіңірген еңбегін көбірек көруге бейім. 2007-2009 жылдардағы дағдарыс таңдалған саяси-экономикалық курстың дұрыстығын айшықтап берді. Бұл жерде Ұлттық қор да, әлеуметтік шығыстардың, бюджет қызметкерлері жалақы-ларының жоспарлы өсуі де, сыбайлас жемқорлықпен күрес те, қаржы-банк жүйесін тұрақтандыру шаралары да өз рөлін атқарды (21-кесте).

21-кесте

Сіз Қазақстанның тәуелсіздік алған уақыттан бері қол жеткізген жетістіктерді көбінесе кіммен немесе немен байланыстырасыз?

%Жауап нұсқасы %

Жоғарғы деңгейдегі Президенттің күш-жігерімен 47,4Президенттің күшімен және елдің дамуының объективті қадамымен 31,8

Көп деңгейде елдің дамуының объективті қадамымен 11,6Ешқандай жақсару байқамаймын 2,2Басқа ,2Жауап беруге қиналамын 6,7

Президент біздің еліміздің жағдайында қоғамның саяси әлеуметтенуі факторы болып табылады. Президент саяси көзқарастары әлсіз құрылым-далған қоғам үшін басты бағдар болып табылады. Зерттеу көрсеткендей, респонденттердің көпшілігінің, ал бұл – сұрау берілгендердің шамамен үштен екісі, берік саяси тұжырымдары жоқ, Яғни, олар стратегияның емес, серпіннің негізінде қозғалады. Тек респонденттердің 4,4% терең ой елегінен өткізілген және қалыптасқан саяси көзқарастарға ие екенін белгілеген. Респонденттердің әрбір төртіншісі өздерінің саяси сенімдерінің бар еке-нін мойындаған, бірақ олар арнайы әдебиетті талдаусыз бір мезгілде қалыптасқан (22-кесте).

Яғни, айтарлықтай эклектикалық және саяси тұрғыдан әлсіз құры-лымдалған қоғамға иеміз. Ол көптеген саяси ағымдарға бөлшектелген.

Сауалнама мәліметтеріне қарағанда, бірінші саты респонденттер ара-сында конвервативтік көзқарасты қолдайтындар басым. Респонденттердің 14,4% реформалардағы байсалдылықты, қолда бар жетістіктерге нұқсан

Page 180: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

180 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

келтірмей ілгерілемелі дамуды, шектен шықпай және радикализмсіз әр-түрлі идеяларды ұштастыруды жақтайды.

22-кесте

Сіз өзіңіздің тұрақты саяси пікірлеріңіз бар екенін айта аласыз ба? %

Иә, менің саяси пікірім жақсы ойластырылған, соның ішінде арнайы әдебиетті оқу негізінде 4,4

Иә, мен тұрақты саяси пікірге иемін, алайда мен ғылыми және саяси әдебиетті арнайы оқымадым 26,2

Мен саясатқа селқос қараймын, маған өз проблемаларым жеткілікті 43,8

Білмеймін, бұл туралы ойламаппын 25,5Жауап беруге қиналды 0,1

Екінші саты – демократтар мен социал-демократтарда; сұралғандар-дың 12,8% саяси жүйені одан әрі демократияландырудың жақтастары; 12,7% әлеуметтік әділдік пен мемлекеттік меншік нысанынының басым бо-луын қолдайды.

Үшінші саты байсалды ұлтшыл-патриоттарда; респонденттердің 9,2% Қазақстанға өзінің айырықша жолымен жүрі керек деген көзқарасты ұстанады.

Көзқарастардың төртінші құрылымы – бұл экологтар (сұралғандар-дың 8,2%).

Бесінші орында анағұрлым табанды ұлттық көзқарастың жақтаста-ры тұр, қазақ тілі мен қазақ халқының артықшылығын қамтамасыз етуді жақтайтындар – 6,5% (23-кесте).

23-кесте

Сіз өзіңізді кімнің жақтасы дер едіңіз?%

Біздің елдегі алдағы демократиялану мен саяси реформаларды жақтап сөйлеушілердің 12,8

Реформаларда біркелкілікті, жетістіктері барлар үшін зиянсыз біртіндеп дамуды, түрлі идеяларды біріктірудің жақтаушылардың және мұқтаждықтардан қашуға тырысатындардың

14,4

Мемлекеттің экономикаға ең аз түрде араласуымен еркін нарықтық қатынастарды жақтаушылардың 3,5

Біздің қоғамның өз бетімен даму жолын жақтаушылардың 9,2

Page 181: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Идеологияның айқындығы 181

Әлеуметтік әділдік және экономикадағы мемлекеттік меншікті жақтаушылардың 12,7

Елімізде жеке меншікті қорғау мүддесінде қатаң тәртіптер үшін тұратындардың 5,6

Қазақ тілін қорғау мен қазақ ұлтының мүддесін жақтап сөйлеушілердің 6,5

Қоршаған ортаны қорғау және экологияны жақтап сөйлеушілердің 8,2

Көрсетілгендердің ешқайсының 19,3Жауап беруге қиналамын, өзімнің саяси көзқарастарымды айқындай алмай жүрмін 7,8

Саяси құрылымдағы ең аз үлеске оңшыл авторитарлық көзқарастың жақтастары, яғни қазіргі мәртебесін қатаң сақтап қалуды жақтайтындар ие – 5,6%. Либералдар бар-жоғы 3,5% үлеспен соңғы орында.

Шамамен сұралғандардың әрбір төртіншісі идеологиялық ағымның бірде бірімен өзін сәйкестендірмейді.

Қазақстанның маңызды артықшылықтарының бірі билік саясатының бұл жерде озық сипатқа ие болуы еді. 2008-2009 жылдары дағдарыс толқынында билік маңызды идеологиялық трансформацияға барды. Сая-си дәстүр ретінде орныққан этносаралық және конфессияаралық келісім ұлттық тұтастыққа айнала бастады. Әлеуметтік топтардың біріккен сая-си ұлтқа интеграциялануы бетке алынды. Және бұл дер кезінде болды. Мысалға, Қырғызстан дағдарыс сынына төзе алмай, ондағы қордаланған энтропия ұзаққа созылған кикілжіңге ұласты. Қазақстанда Ұлт бірлігі доктринасы қабылданды. Халықтың көпшілігі жаңартылған ұлттық идеологияның басты догматтарымен келісті. Бірінші кезекте, этносаралық қатынастардың көпшілікпен талқылануға тиіс екендігімен келіскендер – 62%. Екінші біріктіруші фактор мемлекеттік тіл болып табылады – ол ша-мамен 61%.

Көпшілік тағы да мемлекет құраушы этностың – қазақтардың ерек-ше мәртебесімен келіседі. 55,2% олардың айналасына қазақстан қауымы бірігуге тиіс деп есептейді. Бұл ретте әрбір екінші респондент Қазақстан-ның ислам әлемінің бір бөлігі екенімен және бұл дін – еліміздің халқының ұлттық мәдениетінің маңызды компоненті екенімен келісті.

Қазіргі консенсуске қол жетпей тұрған жалғыз нәрсе – бұл қазақ-стандық ұлтты қалыптастыру. Қазақстандық қоғамның мұндай атауымен тек салыстырмалы көпшілік қана келіседі – 39,5%. Қарсылары бар-жоғы 5%-ға аз (24-кесте).

23 кестенің жалғасы

Page 182: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

182 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

24-кесте

Доктрина бойынша пікірталастың аясында талқыланған пікірлердің қайсысымен сіз келісер едіңіз?

%Толығымен

келістіТолығымен

келіспедіЖауап беруге

қиналдыБарлық азаматтардың қазақ тілін міндетті түрде білуі 60,9 25,3 13,8

Елде эволюциялық жолмен қазақстандық ұлт қалыптасуы керек

39,5 34 26,5

Қазақтардың құқықтары мен мәртебесін нығайтудың қажеті жоқ, олар онсыз да айналасында қазақстандық ұлт шоғырланған мемлекет құраушы этнос болып мойындалған

55,2 20 24,8

Қазақстан Республикасының атауын Қазақ Республикасы деп ауыстыру керек

18,9 54,9 26,2

Қазақстан ислам әлемінің бір бөлігі болып табылады 50,1 22,2 27,7

Кикілжің тудырмау үшін этносаралық қарым-қатынастар жұрт алдында қарастырылуы керек

62,1 12,2 25,7

Қазақстан Республикасын Қазақ Республикасы деп атауын өзгертуге халықтың көпшілігі қарсы. Мұндай ұсыныс Ұлт бірлігі доктринасын талқылау барысында ұсынылған болатын, бірақ ол қабылданған жоқ және бұл халықтың көпшілігінің көзқарасына сәйкес келеді. Сұралғандардың 55%-дайы – еліміздің атауын өзгертуге қарсы. Тек 18,9% мұндай шараны қолдайды.

Енді Қазақстан халқы Ассамблеясының мәтіні бойынша бұрынғы құ-жаттардан көп өзгешелігі болмаса да айтарлықтай жасырын мағынасы бар Ұлт бірлігі доктринасы қабылданғаннан кейінгі жаңа жағдайдағы рөлі ту-ралы мәселенің туындауы қисынды. Оны мемлекеттік органдардың есепсіз мемлекеттік бағдарламаларын қысқартуға және тек 5 бағдарламаның (Үде-мелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының, Білім беру, ден-саулық сақтау мемлекеттік бағдарламаларының) қалуына әкеп соққан мем-лекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу шеңберінде тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының сақталып қалуы айшықтай

Page 183: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Идеологияның айқындығы 183

түседі. Демек, этномәдени сала шешуші сәтті бастан кешуде. Осыған байла-нысты Қазақстан халқы Ассамблеясы рөлінің маңыздылығы сақталады.

ҚХА елдегі этникалық әралуандықты сақтауға жағдай жасауға арналған, бұл ретте көбінесе оның қызметі диаспораларды қолдауға бағытталған. Бұл тұрғыда ұлтшыл-патриоттық, қазақи компоненттерге тиісті көңіл бөлінбей қалып отырады. 2009 жылғы желтоқсанда Ұлт бірлігі доктринасын қабылдау кезіндегі жаңылыс осының көрінісі болды.

Өздеріңіз ойлап көріңіздерші: 2009 жылдың 3 тоқсаны мен 2010 жылдың маусымы аралығындағы кезеңде Қазақстанда қазақ халқының мүддесіне партия құру қажет деп есептейтін респонденттердің үлесі үштен бір бөлікке өскен – 14-тен 21%-ға дейін. Бұған қарсылардың саны 73,5-тен 63%-ға азайған (25-кесте).

25-кесте

Респонденттердің мына сұраққа берілген жауаптарының бөлінуі: Сіз қалай ойлайсыз, жергілікті қазақ халқының мүддесін жақтайтын

саяси партия құру керек пе?%

3-тоқсан2009 ж.

4-тоқсан2009 ж.

1-тоқсан 2010 ж.

2-тоқсан 2010 ж.

Иә, осындай партия керек 14,3 17,1 20,4 21,0Жоқ, ұлттық белгілері бойын-ша партия құруға болмайды 73,5 64,7 67,5 63,1

Жауап беруге қиналамын 12,2 18,2 12,1 15,9

Бұл ретте қазақ ұлтты респонденттер арасында қазақ партиясы идея-сын қолдайтындар үлесі 19-дан 25,5%-ға артқанын ескеру қажет. Яғни, Қазақстандағы саны көп этностардың әрбір төртінші өкілі – өз партиясын құруды жақтайды (26-кесте).

26-кесте

Респонденттердің мына сұраққа берілген жауаптарының бөлінуі: Сіз қалай ойлайсыз, жергілікті қазақ халқының мүддесін жақтайтын

саяси партия құру керек пе?%

Қазақтар Орыстар Басқа3-кв.

2009 ж.2-кв.

2010 ж.3-кв.

2009 ж.2-кв.

2010 ж.3-кв.

2009 ж.2-кв.

2010 ж.Иә, осындай партия керек 19,6 25,5 8,4 13,9 8,0 20,0

Page 184: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

184 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Жоқ, ұлттық белгілері бойынша партия құруға болмайды

66,8 56,6 81,4 72,1 75,6 68,8

Жауап беруге қиналамын 13,6 17,9 10,2 14,1 9,69 11,2

Бұл тұрғыда аз этностардың әрбір бесінші өкілі қазақ партиясын қолдауға дайын. Мұндай қажеттілікті сезіну орыстар арасында да шама-мен 14 пайызға өсіп отыр.

Осылайша, ұлтшыл-патриоттық көңіл-күйдің серпілісімен бетпе-бет келіп отырмыз. Ұлттық саясаттың басты институты бұған бейімделуге тиіс. Мұны қалай істеу керектігі қазірше айқын емес. Респонденттердің ширектейі ҚХА-ның аз этностар мүдделерін таныту және барша халықты қазақтармен біріктіру мүмкіндіктерін көре алмайды.

Респонденттердің жартысынан азы сонда да болса ҚХА рөлі барша Қазақстан халқына таралуы тиіс деп есептеуге бейім. 27,7% ҚХА-сын аз эт-ностар мүдделерін таныту функцияларымен шектеу қажет деп ойлайды (27-кесте).

27-кесте

Айтыңызшы, Қазақстан халқы ассамблеясы қандай рөл атқаруы керек?%

Массив бойынша

Қазақтар Орыстар Басқа

Этникалық азшылықтың мүдделерін ұсыну 27,7 28,9 25,5 28,2

Қазақстанның бар халқын біріктіру және ұлттық дипломатияның механизмі қызметін атқару

49,0 47,2 50,8 52,9

Жауап беруге қиналамын 23,3 23,9 23,7 18,8

Қазақтардың ішінде ҚХА-сын аз этностар құқықтарын қорғаушы ор-ган деп есептеуге бейімдері көп – 29%-дай. Аз этностар да осыған жақын – 28,2%. Бұл – аз халықтардың Ассамблея жұмысында әлі де болса аз қамтылғанының белгісі.

ҚХА-ның қазақ халқының мүддесін ілгерілетуге қызмет етуге тиіс екендігі бойынша анағұрлым айқын консенсус бар. Мұның пайдасына респонденттердің 47% өз пікірлерін білдірген. Бұл, соның ішінде: 47,9%

26 кестенің жалғасы

Page 185: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Идеологияның айқындығы 185

қазақтар, 45% орыстар және 48,8% – басқа ұлттар. Этностық топтар арасындағы алшақтық тек 2,9% құрайды.

Шамамен әрбір екінші респондент ҚХА рөлі барша Қазақстан хал-қына таралуға тиіс деп есептеуге бейім. Тек 27,7 ҚХА-сын аз этностар мүд-делерінің өкілдігі функцияларымен шектеу қажет деп ойлайды (26-диа-грамма).

26-диаграмма

Айтыңызшы, Қазақстан халқы Ассамблеясы қандай рөл атқаруға тиіс?

ҚХА-сын «қазақтандыру» бойынша консенсусты жауап беру-ге қиналғандардың елеулі бөлігі ұстап тұр – 32-ден 36,9%-ға дейін. Бұл халықтың қазірше мұны қалай істеуге болатынын білмеуімен байланысты, яғни ҚХА имиджі жаңғыртуды талап етеді.

ҚХА-ның Парламенттегі квотасын қолдаудың салыстырмалы сипаты мұндағы проблеманың бар екенін көрсетеді. Және де респонденттердің 40% Парламент Мәжілісі депутаттарын ҚХА-нан тағайындауды оң практика деп санайды, 44,5% жауап беруге қиналады және 15% – мұндай практикаға ашық түрде қарсы. Қазақтар арасында екпін одан да күшті: жергілікті ұлт өкілдерінің 39,6% – жақтайды, 45,9% – жауап беруге қиналады және 14,5% – қарсы (28-кесте).

27,7

28,9

25,5

28,2

49 ,0

47,2

50,8

52,9

23,3

23,9

23,7

18,8

0 10 20 30 40 50 60

Барлық массив бойынша

Қазақтар

Орыстар

Басқалар

Этникалық азшылықтардың мүдделерін қорғау Қазақстанның барлық халқын біріктіру және халықтың дипломатияның механизмі қызметін атқару Жауап беруге қиналамын

Page 186: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

186 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

28-кесте

Парламент Мәжілісіне партия депутаттарымен қоса, Қазақстан халқы ассамблеясы квотасы бойынша жеке 9 депутат сайлануына

қатысты қай пікір сізге жақын ?%

Массив бойынша

Қазақтар Орыстар Басқа

Бұл – әртүрлі этникалық топтардың пікірлері мен мүдделерін жақсы есепке алуға мүмкіндік беретін дұрыс практика

40,4 39,6 40,0 45,9

Квотаны енгізу тек этникалық азшылықтың кемшілігін басып көрсетеді, бәрін қарапайым партиялық тізім тәртібі арқылы шешу керек

15,1 14,5 15,5 17,1

Жауап беруге қиналамын 44,5 45,9 44,6 37,1

Мәжіліс депутаттарын аз этностардан тағайындау практикасы бойын-ша орыстар арасындағы баға да мәз емес. Бұл жердегі қолдау да орташа-дан төмен – 40%; 44,6% жауап беруге қиналған және 15,5% – қарсы. Мұндай практиканы қолдаушылардың неғұрлым елеулі көлемі аз этностарда. Басқа ұлт респонденттерінің 46%-дайы бұл идеяны қолдайды, 37% – қалыс қалады. Алайда бұл жерде келіспеушілер пайызы да жоғары – 17,1%.

5.3. Халықтың негізгі идеологемаларды қолдауы

Егер жалпы айтар болсақ, макросаяси деңгейде қазақстандық идео-логияның негізгі компоненттеріне айналған ұғымдар мыналар болды.

Бірінші. Басты құндылықтар үштігінде этносаралық және конфессия-аралық келісім тұр – 73,5% толық қолдайды және 91,7% жиынтық түрінде қолдайды – дәлірегі қолдайтындармен бірге. Бұған саяси тұрақтылықтың құндылығы жатады – тиісінше 65,7 және 91,6%. Бірақ екінші орында саяси тұрақтылықты 3-ші орынға ығыстырған ресурстарды үнемдеу тұр. 69,1% – құндылықтың берік жақтастары, 91,3% – қолдаушылар жиынтығы.

Осылайша, халықтың ішінде келісім мен тұрақтылық дәстүрлі құн-дылықтарымен қатар тек қана ресрустарды емес, кең мағынасындағы жинақтап сақтау құндылығы ерекшеленді. Бұл – уақытты, адамдарды, жер қойнауын сақтау. Мұндай құндылық жан-жақты көтермелеуді қажет етеді, өйткені ортақ мемлекет құрудың ұлы ісіне атсалысуды, жұмылуды

Page 187: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Идеологияның айқындығы 187

сезінетін санамен туады. Барлығына да шаруа көзімен, тура өз үйіңде бо-лып жатқандай қарау керек (29-кесте).

29-кесте Қазақстандықтардың негізгі идеологиялық

ұғымдарды қолдау деңгейі %

Қатаң жақтау-

шылар тобы

Қолдаушы-лардың

барлығы Этносаралық және конфессияаралық келісім 73,5 91,7Электроэнергия, су және басқа табиғи ресурстарды пайдалануға ұқыпты қарау 69,1 91,3

Саяси тұрақтылық 65,7 91,6Қазақстан әлемнің ең бәсекеге қабілетті 50 елдердің қатарына енуі керек 61,8 89,4

Әр отбасындағыдай қор жиналуы, Ұлттық қор 60,5 87Қазақстандықтардың әлеуметтік хал-жағдайын тұрақты жақсарту мемлекеттік саясаттың алдыңғы кезегінде болды және болып табылады

59,984,8

Аймақтағы көшбасшылық 55,1 83,9Үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру 53,6 83,9Астана Қазақстанның нағыз саяси, экономикалық, қаржы, мәдени орталығы болу керек 53 83,9

Халықаралық кеңістікке бірігу 49,3 82,1Батыстың дамыған елдерінің үлгісі бойынша саяси жүйе

49 79,2

Қожайынсыз жер (яғни жеке меншіксіз) – жетім 48,2 72,9Еуразиялық кеңістіктегі біріктірудің орталық рөлі 47,8 78,5

Демократия – біздің мақсат, жолдың басы емес 47,7 76,4Алдымен экономика – кейін саясат 46,6 73Интеллектуалды ұлт 43,6 72,7«Нұр Отан» атынан мықты басымды партиямен бірге көппартиялы жүйе 43,2 71,7

Қазақстандық ұлт 32,9 56,1Долларға балама ретінде жаңа ұлттық валюта 28,5 48,4Қазақстан бұрын қабылданған мұндай келісімдерін қайта қарамайды 26 49,8

Екінші. Құндылықтар бестігінде – бәсекеге қабілеттілік – 61,8 және 89,4%. Ол абсолют құндылыққа жақын. Бұл – ұлттық қуат, күш, бедел, қолайлы өмір сүру шарты. Жинақтау бесінші орында және сақтаудың

Page 188: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

188 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

құндылығын нығайтады. Мұның пайдасына берік жақтастарының 60,5% өз ойларын айтады және 87% – қосқанда.

Қазақстандықтарды олардың елінің статист болуы немесе әлемдік дамудан шет қалуы қанағаттандырмайды. Олар Қазақстанның әлемде өз орны болуына, оны мойындауына, экономикасының жеткілікті ресурсы болуына, ал қазақстандық өнімнің сұранысқа ие болуына мүдделі.

Қорлану. 2008-2009 жылдардағы дағдарыс жалынынан өткеннен кейін өз орнын нығайтты деп олаймыз. Біз өз капиталымызды жай сақтап қана қоймай, қор жинауға, қорлануға, ақылмен қолдануға, арттыруға, өсіруге тиіспіз. Және де бұл капитал тек материалдық қана болмауы тиіс. Қазіргі заманда материалдық емес капитал үлкен құндылыққа ие болуда. Мысалға, бұл бренд, ол үшін ақы төлейді. Сондықтан қорлану – бұл капи-талды қандай болмасын қорғау.

Үшінші. Әлеуметтік бағдарланған мемлекеттік саясат. Президенттің 2009 жылғы Жолдауындағы белгілі әлеуметтік өзін-өзі сезінуді үнемі жақсарту мемлекеттік саясаттың алдыңғы орнында болады және бо-лып қала береді деген сөзін респонденттердің 59,9% толық қолдайды. Қосындысы – 84,8% мақұлдайды.

Бұл жерде біз тек ұранды ғана көрмейміз. Оның астарында халық санасының терең қатпары жатыр. Ұлттық ділде «жерұйық» туралы ар-ман бар. Яғни, санада жалпыға ортақ берекелі мемлекет құру бағдары бар. Компрадорлық буржуазия сценарийлері, тек белгілі бір топтар үшін қолайлы жағдай жасаудың африкалық моделі – жарамсыз. Қазақ ұлты біртұтас. Кірістер бойынша шектен тыс жіктелу бұл бірлікті бұзады және қоғамды бытыратады.

Сондықтан Қазақстан жағдайында масылдық көңіл-күй мен салауат-ты патернализмді өзара бөлу қажет. Масылдық – бұл өндірістік емес еңбек және жұмысты басқа біреу істеуіне үміт арту. Салауатты патернализм – бұл күшті мемлекетке, бірге тіршілік етудің заңды тетіктеріне сенім арту.

Төртінші. Маңызды құндылықтар қатарында – аймақтық көшбас-шылық. Бұл – терең құндылық, сұрақ берілгендердің 55,1% толық қолдайды және қосындысы 83,9%. Іс жүзінде «аймақтық көшбасшылық» деген нені білдіреді? Бұл Қазақстанның халықаралық және аймақтық процестер-ден оқшаулануы немесе шетте бұғып қалуы тиіс емес дегенді білдіреді. Белсенді, номадтық деуге болатын – ширақ өмір стилі болуы керек.

Аймақтық көшбасшылық – бұл ақылға сиятын амбициялар. Біз өз орнымыз бен мүмкіндіктерімізді сеземіз. Ильф пен Петровтың әйгілі «12 орындық» кітабынан белгілі «нью-васюки» жобасы бізге тура келмейді. Біздің соңымыздан басқаларды ерте алатын, жауапты халықаралық әріптес рөлін атқара алатын әлемді жақсартуға үлес қосқымыз келеді, Көшбасшылық – мұрат емес, Қазақстан мен біздің тұратын аймағымыздың эксперименттерге арналған аймақ ретінде, геосаяси тесік ретінде, енжар

Page 189: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Идеологияның айқындығы 189

аумағы ретінде қаралмауына арналған құрал. Аймақ қазіргі заманғы гео-саяси құрылымға енуі, Шағыс пен Батыстың арасындағы байланыстыру-шы өзегі рөлін атқаруға тиіс.

Бесінші. Үштілділік және тілдерді білуді жалпы кеңейту қазақстан-дықтар үшін маңызды құндылыққа айналды. Сұралғандардың 53,6% бұл құндылықты толық қолдайды, 83,9% – дәлірегі қолдайтындармен қоса алғанда. Тіл білу материалдық емес актив болып табылады, алайда қайта өндіріліп, материалдыққа конверсияланады.

Бұл жерде қазақ тілі орталық рөл атқарады, өйткені ол біздің еліміздің ұлттық сәйкестілігін қамтамасыз етеді, оны халықаралық қатынастар субъектісі ретінде қалыптастырады. Орыс тілі – Қазақстанның таяу геосаяси айналасындағы елдермен коммуникациялары мен сауда-экономикалық қатынастарының жоғары деңгейін қамтамасыз етуші маңызды аймақтық артықшылығы.

Ағылшын тілі – бұл ұмтылуға тиіс нәрсе. Бұл тілді білетіндердің елдегі үлесі артып келеді, бұл Қазақстанның сыртқы әлеммен тікелей байланысының кепілі болып табылады.

Алтыншы. Астана респонденттердің үлкен бөлігі – 53% және қолдайтындардың қосындысы 83,9% берік жақтастары болып табыла-тын құндылықтар блогын тұйықтайды. Астана тәуелсіз мемлекеттің ерік-жігер актісі ретіндегі нышандық мәнімен қатар әбден материалдық, экономикалық мәнге ие. Жаңа астана ішкі Қазақстанның және оның солтүстігінің торығушылық, аграрлық аймақтарының дамуына серпін бер-ді. Алматының жүгі айтарлықтай жеңілдеуде, ол астаналық мәртебесіз көші-қон ағымының қуатты қысымын сезінуде. Осылайша, елде бір беделді қаланың орнына екеуі пайда болды, жаңа елордамен бірге қалалардың, облыс орталықтарының маңыздылықтары өсті. Сондықтан бүгінде Елорда күні – жалпы мемлекеттік мереке.

Жетінші. 11 идеялық ұғымды респонденттердің жартысынан азы берік жақтайды. Екі ұранды ең даулысы деп атауға болады. Біріншісі – мұнай келісім-шарттарына қатысты. Қазақстан жауапты әріптес ретінде оларды қайта қарауды ойламайды. Сұралғандардың жартысындайы бұл ұғымға түсіністікпен қарайды, бірақ тек 26% жақтастары берік болып табылады. Бұл жағдай күшті ұлтшыл-патриоттық көңіл-күйді білдіреді. Әйтсе де өз ресурстарын еркін игеру және иелік ету тәуелсіздіктің басты белгілерінің бірі болып табылады.

Респонденттердің бірнеше мәнді ден қоятын тезисі – жаңа әлемдік ва-люта жасау болып табылады. 28,5% берік қолдайды және 48,4% – дәлірегі қолдайтындармен қосылғанда. Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Дағдарыстан шығу кілті» мақаласында баяндағандары әлемдік дамудың стратегиялық, ұзақ мерзімді көрінісі болып табылады. Жаңа валюта пайда болады. Бұл – уақытша мәселе. Бірақ халық арасында бұл идеяны айқын түсіну жоқ.

Page 190: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

190 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Сегізінші. Елеулі қолдайтыны идеялар мен даулы идеялар арасындағы шекарада қазақстандық ұлт идеологемасы теңдеседі. Оны берік қолдай-тындар сұралғандардың 32,9%, яғни үштен бірі. Қолдайтындардың қосындысы жартысынан сәл көбірек – 56%. Қазақстандық ұлт жөнінде ұғымның белгісіздігіне байланысты көп дау тууда. Жаңа ұлттан, жоғары-дағы валюта идеологемасы жағдайындағыдай, қазақстандық ұлт идеясы қалыптасқан ғылыми әдістеменің дағдарысын, сондай-ақ әлеуметтік шын-дықтың қабылдануын көрсетеді. Өмір өзгеріп, әлем өз дамуының жаңа кезеңіне енуде. Жаңа, ХХІ ғасырдың екінші онжылдығы басталды. Соны-мен бірге, біздің ғылыми санамыз өткен ғасырда, әлемді аумақтық бөліске салу жағдайында туған түсініктер бойынша өмір сүруін жалғастыруда. Ұлт бүгінде Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде болған ұлттардан өзгеше жаңа мағына мен мәнге, яғни анағұрлым жаһандық мәнге ие болуда. Қазақстанда ұлтшыл-патриоттар тарапынан «қазақстандық ұлт» идеологемасына қарсылық тууда. «Қазақ ұлты плюс...» балама фор-муласы ұсынылады.

Тоғызыншы. Демократияны ілгерілетуге қатысты идеологемаларға қатысты мәселелер бар. Сонда да болса қазақстандықтар арасында мөл-шерленген саяси жаңғыру моделін қолдайтындар басым, алайда бұл сая-си және демократиялық өзгерістерді күтпейді дегенді білдірмейді. Жалпы қазақстандық сана өзінің номадтық тамырына орай өзгерістермен өмір сүреді. Өзгерістер – бұл дамудың маңызды элементі. Әуелі – экономика, сосын – саясат идеологемасымен сұралғандардың 73% келіседі, бірақ то-лық қолдайтындары сұралғандардың 46,6%. Қазақстан үшін демократия – бұл жолдың басы емес, мақсат екенімен келісетіндер көбірек (47,7% – толық қолдайтындар және 76,4% – қосындысы).

Респонденттердің 71,7% Қазақстанда күшті басымды партиясы болса да көппартиялылық болуға тиіс екенімен келісетіндер. Толық қолдайтындардың үлесі бұл жерде – 43,2%. Бұл цифрдан келіп шығатыны басым партия болуға тиіс, бірақ ол бірпартиялылық дегенді білдірмейді.

Көбінесе дамыған батыс елдерінің үлгісі бойынша саяси жүйе құру туралы идеологемалық демократиялық ұғым блогында келісетіндер көп. Толығымен қолдайтындар – 49%, 79,2% – сомасында. Жалпы қазақстан-дықтар негізінде әлем өмір сүретін жалпы ережелермен өмір сүргісі келеді. Қазақстандық сана батыстық үлгілер мен тәжірибені біздің өмірге тартуды уәждейді. Голливуд өміріне қатыстыға дейін де. Әлем қалай тұрса, біз де солай тұруымыз абырой.

Оныншы. Иесі жоқ жер – жетім – жерге жеке меншікке қатысты идео-логеманың мықты жақтаушылардың жартысынан азы, 48,2% оны сөзсіз қолдайды – дәлірегі қолдайтындармен бірге. Дәстүрлі тәңірлік қабат-тарды ескергенде ұлттық санада «жер-ана» деп бір сөзбен белгіленетін пікірлер мықты. Сол себепті жерді сату ұятты болып саналады. Мұндай

Page 191: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Идеологияның айқындығы 191

пікірлер мен көңіл-күйлер өте мықты, атап айтқанда елдің шығысында ҚХР бірге аграрлық секторда БК (бірлескен кәсіпорын) құрумен байланы-сты жағдайда. Ұлтшыл-патриоттар қазақстан жерлерін қытайға сату тура-лы да сөз қозғады.

Он бірінші. Ақырында, Қазақстанның еуразиялық кеңістікте интегра-циялық процестердегі негізгі рөлі туралы идеологема жөніндегі мәселелер де бар. Сұралғандардың 78,5% оны қолдайды. Иедологема қарсыластары ұлттық санасы интеграциядан сақ болуға және өзіндік дербестікті жоғалту-ды болдырмауға шақыратын ұлтшыл-патриоттар лагері болып табылады.

Елдің даму идеологиясының маңызды компоненттері индустриялық-инновациялық даму және интеллектуалдық ұлт құру болып табылады.

Осыған қарамастан, халықтың көпшілігі индустриялық-инновация-лық даму артықшылығы туралы үстіртін ғана білуіне қарамастан, олар мемлекеттік саясатта бұл бағытты қолдайды. Бұл туралы 56,8% пікір білдірді. ҮИИДМС дәлірегі 35,3% респондент қолдайтынын айтты. Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік саясатын жалпы сұралғандардың 92,1% қолдайтыны айқындалды (30-кесте).

30-кесте

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму курсын Сіз қолдайсыз ба?

%Иә 56,8Дұрысы иә 35,3Дұрысы жоқ 2,0Жоқ 1,5Жауап беруге қиналамын 4,4

Мемлекеттің индустриялық-инновациялық курсына сұралғандардың 3,5% теріс пікірде, 4,4% – жауап беруге қиналған.

ҮИИДМС жүзеге асырудағы нақты бағыттардың ішінде көбісі қол-дауға ие, бірақ барлығы толық емес.

Интеллектуалдық меншікті қорғауды күшейту жөніндегі шара үлкен қолдау тапты – 82,8%. Екінші орында – бизнес үшін әкімшілік кедергілерді қысқарту – 79,6%. Үшінші позиция – автокөліктерді отандық өндіруде – 78%. 4-орын – өнеркәсіптік ғылымның артықшылығы – 77,2%. Соңғы бестікті «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жол құрылысы аумақты жобасы-ның жүзеге асырылуы тұйықтайды – 75%.

Page 192: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

192 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

31-кесте

Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың жеке шараларын қолдау

%Толығымен келісемін

Толығымен келіспеймін

1. 2014 жылы ғылымды қаржыландыруды 33-тен 280 млрд. теңгеге дейін, немесе ІЖӨ 1%-на дейін арттыру

70,1 14,0

2. Өнеркәсіптік ғылымға басты назар аудару 77,2 15,13. Экономиканың диверсификациясы, яғни ресурстарды сатудан түскен қаржыны өңдеуші өнеркәсіпке, жоғары қосылған құн өндірісін қайта бөлу

73,3 9,5

4. Ғылымға және оның нәтижелерін практикаға енгізу ақша жұмсайтын бизнес үшін салықты төмендету

73,1 16,9

5. Атом өндірісінің дамуы, ядролық-отын циклының жаңа кәсіпорындарын құру 25,2 68,7

6. Отандық кәсіпорындарда автокөліктер өндіру 78,0 16,87. Шетелдік дәрілерді отандық препараттармен барынша ауыстыру 54,7 39,0

8. Отандық туризмді дамыту үшін салықтан бос аймақтарды құру, Шымбұлақ және Бурабай шығындары

70,0 21,6

9. Спутниктік және кабельдік теледидарлардың кем дегенде 50% қазақстандық арналар болу үшін міндеттік норманы енгізу

36,7 58,7

10. Қазақстан арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль магистралінің аумақты жобасының жүзеге асырылуы

75,0 18,2

11. «Астана-Бурабай» жолы бойынша жол жүру үшін ақша төлеуді енгізу 26,2 61,1

12. Бизнес үшін әкімшілік кедергілерді қысқарту 79,6 11,913. Интеллектуалдық меншікті қорғауды жөніндегі шараларды күшейту 82,8 8,0

Оған қоса, теріс бағалар мынадай бағыттар бойынша басым – атом өндірісін дамыту (қолдағандар бар-жоғы – 25,2%), «Астана-Бурабай» жолы бойынша жол жүру үшін ақша төлеуді енгізу (26,2%), спутниктік және кабельдік теледидарларға 50% кем емесін қазақстандық арналар алу үшін міндеттік норманы енгізу (36,7%). Шетелдік дәрілердің отандықпен ауыс-тыру басымдығы бойынша салыстырмалы түрде аз қолдау (54,7%).

Page 193: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Идеологияның айқындығы 193

Демек, халық арасында атомдық өнеркәсіптің дамуы көп үрей туғызады. Бұл көңіл-күйлер Жапониядағы танымал болған оқиғалардан күшейді.

Интеллектуалдық ұлт инновациялық даму үшін негіз болып табы-лады. Президенттің бұл идеяны жариялауынан бері 3 жыл өтті. Халық арасында инттелектуалдық ұлт бұл бірінші кезекте мәдениет (70,1%) деген пікір басым. Екінші орында алдымен халық денсаулығы – 65,5%, үшінші орында –білім берудің мықты және бәсекеге қабілетті жүйесі – 62,4%, төртінші орында – өзінің дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын қорғайтын ұлт – 61,2% деген пікірлер орналасады.

32-кесте

2008 жылы Елбасы Қазақстанда «интеллектуалдық ұлт» құру идеясын ұсынды. Көрсетілгендердің қайсысын Сіз «интеллектуалдық ұлт»

мәтінін айтарлықтай немесе ең маңызды деп санайсыз ба? %

Ең басты белгі

Маңызды, бірақ ең

басты емес

Азырақ маңызды

белгі Ж/Қ

1. Интеллектуалдық ұлт – бұл білім мен өз біліктілігін арттыруға ұмтылған креативті, ой-лайтын ұлт

56,2 37,2 3,6 3,0

2. Интеллектуалдық ұлт – бұл күшті және бәсекеге қабілетті білім жүйесі 62,4 30,9 4,2 2,5

3. Инттелектуалдық ұлт – бұл мұғалімдер мен дәрігерлердің өзіндік дербес және қамтамасыз етілген ортасы

58,1 34,0 4,8 3,1

4. Интеллектуалдық ұлт – бұл ең алдымен дені сау ұлт, халықтың көбі салауатты өмір салтын ұстанады

65,5 28,5 2,9 3,1

5. Интеллектуалдық ұлт – бұл ең бастысы, жоғарғы мәдениет 70,1 24,8 2,6 2,5

6. Интеллектуалдық ұлт – бұл халықтың қазіргі ақпараттық технологияларды жаппай меңгеруі 53,1 36,2 7,3 3,4

7. Интеллектуалдық ұлт бұл – өмір бойы оқып, жетілетін адамдар 52,4 36,0 8,2 3,4

8. Интеллектуалдық ұлт – бұл өз дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын сақтайтын қоғам 61,2 31,2 4,9 2,7

9. Интеллектуалдық ұлт – бұл әр адамға, егде жастағы адамдарға да, әйелдер үшін де, және этникалық азшылық үшін де, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де өз біліктілігін арттыруға мүмкіндік

59,7 30,3 6,8 3,2

Page 194: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

194 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Жалпы барлық ұсынылған критерийлер «интеллектуалдық ұлт» ұғымына кіреді, бірақ аз респонденттер ақпараттық технологиялар мәсе-лелерін – 53,1% және «өмір бойы оқу» – 52,4% принципін қарастырады.

«Интеллектуалдық ұлт» ұғымын респонденттердің көпшілігі (88%) Қазақстанда бұл құрылуы мүмкін деп есептейді. 31% респондент бұған толық сенімді, 56,9% белгілі бір жағдайлар туралы айта отырып, дұрысы сенімді. 12% Қазақстанда интеллектуалдық ұлтты құруға скептикалық ни-еттенген (33-кесте).

33-кесте

Сіз Қазақстанда «интеллектуалдық ұлт» құрылуы мүмкін деп санайсыз ба?

%Барлығы Қазақтар Орыстар Басқа

Бір жақты, иә 31,1 39,3 19,0 17,3Белгілі бір жағдайда, иә 56,9 52,0 62,4 68,0Дұрысы жоқ 9,4 6,7 14,0 12,7Иә, бірақ бір ұрпақтан көп ауысуы керек 2,6 2,0 4,5 2,0

Қазақстанда интеллектуалдық ұлт қалыптастыру мүмкіндіктері жағдайында жергілікті ұлт өкілдері айтарлықтай оптимистік көзқараста – 40%. Басқа ұлт өкілдері интеллектуалдық ұлт құруға ықпал ететін ар-найы шараларды қолдануды немесе жағдайлар жасау қажеттігі тура-лы басқалардан көбірек айтқан болатын – 68%. Алайда, бұл көзқарасты қазақтардың – 52% және орыстардың – 62,4% көпшілігі ұстанады. Басқаларға қарағанда орыстар скептикалық көңіл-күйлерді белгілейді – 14% интеллектуалдық ұлтты құру дәлірек айтқанда қолдан келмейтінін айтты.

Жалпы республика бойынша қазақстандықтардың қандай да бір дарындылығы табиғатына жоқ, ал егер тіпті бар болса да оны дамытуды та-лап етеді деген пікір басым – 52%. Осыған қарама-қарсы пікірді іс жүзінде пікірлердің бөлінуі туралы айтуы мүмкін 45,6% ұстанады (34-кесте).

34-кесте

Төменде берілген пікірлердің қайсысымен Сіз келісер едіңіз?%

Барлығы Қазақтар Орыстар БасқаБізде, яғни қазақстандықтарда, ерекше табиғи белгілер бар 45,6 52,6 37,2 30,7

Page 195: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Идеологияның айқындығы 195

Біздің халықта ерекше қасиет жоқ, тек оқу керек және әрқашан өзімен жұмыс істеу керек

52,0 46,1 59,1 64,7

Басқалар 1,1 0,5 1,7 2,7Жауап беруге қиналамын 1,3 0,8 2,1 2,0

Интеллектуалдық ұлт құрудың басты артықшылықтары қатарынан респонденттер жастардың тәрбиесін бөліп көрсетті – 58,3%. Үштікке білім сапасы және сыбайлас жемқорлықты азайту кіреді – 50,4–50,5% (35-кесте).

35-кесте

Сіздің ойыңызша, Қазақстанда «интеллектуалдық ұлт» құру үшін не айтарлықтай басым?

%Мұғалімдер, дәрігерлер, интеллектуалды еңбек жұмыскерлерінің мәртебесі мен материалдық жағдайын арттыруға назар аудару

40,3

Жастарды, олардың адамгершілік қасиетін, патриоттылығын тәрбиелеуге көп көңіл бөлу керек

58,3

Мектептерді, ауруханаларды көбірек салу керек, инфрақұрылымға үлес қосу 31,6

Білім сапасына көп көңіл аудару керек 50,5Халықтың білім алуын бұқаралық және үздіксіз ету керек 11,7Жай ғана сыбайлас жемқорлықты азайтып, білім мен ғылымға бөлінген ақша жеке қалтаға кетпеуі керек

50,4

Жауап беруге қиналамын 1,1

Респонденттер салыстырмалы түрде оқытудың үзіліссіздігі мен бұ-қаралығы – 11,7%, мектептерді, ауруханаларды әрі қарай салу қажеттілігі – 31,6% мәселелерін азырақ белгіледі.

Бұл орайда «Назарбаев Университеті» жобасын қолдау туралы пікір тән. Әрбір екінші сұралған адам бұл жобаның жүзеге асырылғанын қолдайды. Қолдамайтындар 10 есеге аз. Онымен қоса, сұралған әрбір төртінші университет нәтижелерін көру қажеттілігі туралы айта отырып, сақ позицияны ұстанады. Тек сұралғандардың 17% ғана сұрау кезінде «На-зарбаев Университеті» жөнінде ештеңе білмеген және жауап бере алмаған (36-кесте).

34 кестенің жалғасы

Page 196: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

196 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

36-кесте

Сіз Астанада құрылған, еліміздегі шетелдік білімге балама ретіндегі Назарбаев Университет есімін алған жаңа университеттің

құрылуын қолдайсыз ба?%

Барлығы 18-29 жас 30-45 жас 46-60 жас 61 +Қолдаймын 49,3 48,4 48,3 51,7 49,6Қолдамаймын 9,2 11,1 8,5 7,5 9,6Әлі айтуға ерте, өйткені Университет енді ашылды 24,7 21,3 26,6 26,7 24,3

Ештеңе айта алмаймыз, өйткені осыған дейін бұл туралы ештеңе білмедік

16,8 19,1 16,6 14,2 16,5

«Назарбаев Университетін» құруды көбінесе аға ұрпақ – 46 мен 60 жас аралығындағы респонденттер құптайды (51,7%). Жастар салыстыр-малы түрде сирек – 48,4%. 29 жасқа дейінгі респонденттер арасында қол-дамайтындардың үлесі 11,1% құрайды. Бұл жастардың толықтай жаңа жобаға әзірше сіңіспегенін білдіреді.

«Назарбаев университеті» жобасының маңыздылығын тікелей баға-лауда респонденттердің үштен екісіне жуығы оны отандық білімнің секірісі жолындағы маңызды қадам деп атады – 63,1%. Сұралғандардың 25,8% скептикалық пікірді ұстайды (37-кесте).

37-кесте

Сіз Назарбаев Университетін құру бойынша пікірлердің қайсысымен келісер едіңіз?

%

Бар-лығы

15 мың теңге-

ден кем емес

15-тен 37 мың теңгеге дейін

37-ден 75 мың

тең-геге

дейін

75-тен 100

мың тең-геге

дейін

100-ден 150

мың теңгеге дейін

150 мың-нан

бастап

Бұл – расында отандық білім-нің алға да-муына мүмкін дік беретін маңызды қадам

63,1 66,8 63,0 62,2 60,0 58,8 85,7

Page 197: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Идеологияның айқындығы 197

Университет – бұл ақшаны босқа жұмсайды, одан да оны еліміздегі бар ЖОО-ға жұмсау керек еді

25,8 25,9 24,3 27,0 30,0 35,3 14,3

Басқалары 1,1 0,4 1,2 2,0 3,3 0,0 0,0Жауап беруге қиналамын 10,0 6,9 11,5 8,8 6,7 5,9 0,0

«Назарбаев Университеті» жобасын көбіне 150 мың теңге және одан жоғары табысты топтар оң бағалауда – 85,7%. Орта тап өкілдері скептикалық пікірді ұстануда.

Сұралғандардың көпшілігі – 60% жуығы – «Назарбаев Университетін» құру – біздің студенттерді шетелге жіберуге балама құру басты идеясын қолдайды (38-кесте).

38-кесте

Ал Сіз және Сіздің балаларыңыз үшін қайсысы жақсы болар еді...%

Егер олар өз елінде, Назарбаев Университетінде оқыса 59,4Шетелдің атақты ЖОО-да оқыған жақсы, өйткені бұл абыройлы 25,2Басқа 3,1Жауап беруге қиналамын 8,4Өз елімде, бірақ арзанырақ 0,8Қазақстанның басқа жақсы ЖОО-да оқуға болады 1,6Менің балаларыма екеуі де мүмкін емес 1,5

Оған қоса, сұралған әрбір төртінші әлі де шетелге оқу, яғни өздері барып және шетелдік жоғары оқу орнының дипломын алу жақсы деп санайды.

Егер кеңірек қарайтын болсақ, онда батыстық стандарттар бойынша білім берудің отандық жүйесін жаңғыртуды респонденттердің көпшілігі қолдайды –75% жуық. (40,9% бір жақты қолдайды, 34% –дұрысы қолдайды). Теріс пікір бергендер 19,2% респондент (39-кесте).

Білім беру жүйесін жаңғыртуды жергілікті ұлт өкілдері жақтап отыр. 46,4% қазақтар толығымен қолдайды, 31,7% – дәлірегі халықаралық мо-дельдер бойынша білім реформаларын қолдайды. Орыстар мен басқа ұлт өкілдерінің үлесі қазақтарға қарағандар үштен бірге азырақ.

37 кестенің жалғасы

Page 198: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

198 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

39-кесте

Сіздің көзқарасыңызша, отандық білім беру жүйесін батыстық стандарттарға сәйкес жаңғыртуды жалғастыру қажет пе, жоқ па?

%Барлығы Қазақтар Орыстар Басқа

Иә 40,9 46,4 32,6 32,0Дұрысы иә 34,0 31,7 38,0 36,7Дұрысы жоқ 11,9 10,2 12,8 17,3Жоқ 7,3 5,6 10,7 8,7Жауап беруге қиналамын 5,9 6,1 5,8 5,3

Респонденттердің 60% өз елімізде әлемдік деңгейдегі университетті салудың пайдасын, бұның олардың ұрпағы үшін жақсы екенін түсінеді. Шетелде оқыған жақсы деген позицияны ұстанып қалушылар сұралған-дардың 25,2%.

«Назарбаев Университеті» отандық білім беру жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл – өзіміздің ерекшелігімізді ескере отырып, біз өзімізде білім берудің ең жақсы әлемдік үлгілерін бейімдей-тін жаңа үлгі. Осы арқылы батыстық стандарттарға сәйкес отандық білім беру жүйесін әрі қарай жаңғыртуды 75% жуық респонденттер қолдайды. Яғни, «Назарбаев Университетінің» тәжірибесінің таралуы респонденттер арасында білім беру жүйесін алдағы жаңғыртудың нақты механизмдері бойынша анықтық болмағандықтан, Қазақстан үшін оңтайлы болады. Мысалы, ескі жүйе бойынша диссертациялар қорғауды тоқтатуды сұрал-ғандардың тек 22%, ұлттық ғылыми кеңестерді енгізуді – 18%, әлемдік жорналдарда ағылшын тілінде басылымға шығуды – 11% қолдайды.

Жалпы «Назарбаев Университеті» жобасының пайдасына оның негізін қалаушының – ҚР Президентінің есімі қызмет етеді.

78,7% сұралғандар президенттің идеялары олардың өмірлік мүдделе-рі мен үміттеріне жауап қайтаратынын білдірді. Оған қоса, сұралғандар-дың 91,2% президент өз идеяларын тәжірибелі түрде жүзеге асқан кезеңі-не дейін жеткізе алатынын айтты. Мұны президенттің білім беру жүйесін, сондай-ақ жалпы ғылыми-инновациялық саладағы жаңғырту жөніндегі әрекеттерін қолдаудың бір жақты дабылы ретінде бағалауға болады.

Page 199: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы 199

ҚОРЫТЫНДЫ

Жүргізілген зерттеулердің қорытындылары бойынша ҚР Президенті ұлттық идеологияны құруда негізді рөл атқаратынын айта кеткен жөн. Нұрсұлтан Назарбаев үлгісінде біздің еліміздің ұлттық дәстүрлері мен тарихи-мәдени мұрасын назарға ала отырып, табысқа жетудің ілгері және айтарлықтай оңтайлы формулалары топталған. Бұл Қазақстанның қазіргі әлемдегі экономикалық қаршынды қадамы мен сәтті бейімделуін қамтамасыз ету үшін негіз болып табылады.

Н.Ә. Назарбаевтың артықшылығы «қарапайым халық», ал әлеумет-тануда әлеуметтік көпшілік деп атау қалыптасқан халық топтарымен ішкі, ділдік байланыстарды жоғалтпауы болып табылады. Оған қоса, мем-лекет басшысы элитаның немесе әлеуметтану термині бойынша саяси азшылықтың көшбасшысы болып табылады. Әлеуметтік бұқаралармен өзара байланыстың болуы Президентке әлеуметтік материяның қозға-лыстарын және қоғамдық пікірдің ерекшелігін шебер сезінуге мүмкіндік береді. Назарбаев формуласы бойынша, даму идеологиясы ұлттың моби-лизациялық әлеуетін нығайтуда, бұрынғы тарихи кезеңдерден мұраға қалған немесе жаңа уақытта игерілген қоғамның әлсіздіктерін жеңуде. Президенттің басты қамқорлығы – ұлтты өнімді жұмыс істеуге және өзінің болашағын жасауға көндіру. Мұның барлығы – соншалықты оңай емес!

ҚР Президенті жауап беруі қажет болатын негізгі әлеуметтік шақырулардың бірі – ол Қазақстанның геосаяси, сонымен бірге әлеуметтік-мәдени жабықтығын жою. Осы мақсатпен Н.Ә. Назарбаев халықаралық қатынастардың қайта жаңғыртудың жаһандық көрінісін құрды. Оның құрамдас бөліктері АСӨШК, ШЫҰ, ядролыққа қарсы қозғалыс, ЕҚЫҰ реформалау, өркениетаралық қатынастардың, бірінші кезекте ислам және батыс әлемдері арасында үйлесімдігі болып табылады. 2003 жыл-дан бастап ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың идеялары қауіпсіздік жә-не экономиканың салалық бағыттарынан жаңа, формациялық деңгейге шықты.

Сонымен қатар, мұндай тәртіптегі мақсаттарды жүзеге асыру үшін Қазақстан ішкі материалдық базаны қамтамасыз етуі қажет. Идеология күшті экономикасыз қызмет ете алмайды, ол дәрменсіз болады. Осы-ны ескере отырып, Н.Ә. Назарбаевтың екінші шақыруы экономиканы жаңғырту және оның дамудың инновациялық деңгейіне шығуы болып та-былады.

Page 200: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

200 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Бүгінгі күні бұл міндет 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанның үде-мелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуы үшін жетекші рөл атқарады. Бұл бағдарлама индустриали-зацияға және технологиялық инновацияларға салынатын инвестициялар-дың өсуіне мықты күш-шабыт берді. Алайда бүгінгі күні еліміз мемлекеттің ғана шаралары жеткіліксіз болып табылатын кезеңге жетті. Қоғам тарапы-нан шығармашылық және инновациялық қайырымдарын ұлғайту қажет. Ол үшін практикалық шаралар форматында Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия қызметіне, сонымен қатар, Қазақстан Респу-бликасы Ұлттық ғылыми кеңестің ғылыми қызметінің артықшылықтарына енгізілген «интеллектуалдық ұлт» идеясы құрылды. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында өндірістік саланың инновациялық белсенділігін ынталандыру шаралары ұлғаюда. Осылайша, қазақстандықтардың шығармашылыққа ұмстылысы құрылады.

Қазақстан қоғамының әлеуметтік бейімделуі жолында басым консер-вативтік көңіл-күйлерді өзіндік даму арнасына қайта құру жаңа міндетін де шешу қажет. Қазақстандықтардың ділі қозғалысқа, ұтқырлыққа деген едәуір әсемдік пен бейімділікпен ерекшеленеді. Алайда елдің тәуелсіздігін сақтау үшін қашып кете алмайтын жылдамдатылған жаңғырту қоғамдық сана үшін өзекті күйзелістер тудырды. Бұл күйзелістер геосаяси және геоэкономикалық шалғай жерден әлемдік дамудың магистралдық марш-руттарына тарихи қысқа мерзімде өтуден туындады. Халықтың белгілі бір бөлігі көшуге дайын болмағаны белгілі болды, ол қорғау механизмдері, жаңа үрдістерге соққылар мен «блоктар» күшейетін «әлеуметтік иммуни-тет» шараларының пайда болуына әсер етті.

Қайта жаңарту дабылдарына жауап ретінде қарсы жаңғырту әре-кеттер пайда болды. Бұл ұлтшыл-патриотизм мен патриархалдық арна-дағы діншілдіктің өсуінен көрінеді. Халықтың бір бөлігі бұрынғыға және дәстүршілдікке қайта оралғысы келеді. Тәуелсіздіктің бірінші кезең-дерінде бұл координаталардың тарихи жүйесінде өзінің орнын анықтау ұмтылысы болды. Алайда бүгін бұл тікелей жаңғыртудың қарама-қайшы әрекетерінің механизміне айналуда. Мұның көрініс табуы діни-экстремистік ерекшеліктегі қақтығыстар болып табылады.

Адамдардың көңіл-күйлеріне әртүрлі ақпараттық ағындар мен сая-си әсерлер қабатталады. Қазақстан ашық ел болуда, түрлі геосаяси ба-ғыттардың әсері – әбден қалыпты құбылыс. Дегенмен де идеологиялық қатынаста Қазақстан енді тағы бір шақыру-талапқа жауап беруге тура келеді. Оның мәні әлемнің барлық елдері үшін іс жүзінде толық ашық-тық жағдайында тәуелсіздіктің сақталуына ұмтыла отырып, ұлттық радикализмнің жеңуіне мүмкіндік бермеуінде.

Қазір Қазақстанда бір-бірімен бәсекелес екі идеялық-саяси ағын пай-да болды – діни және ұлттық. Олардың арасындағы айырмашылықтар

Page 201: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы 201

көбінесе символдық сипатта, алайда Қазақстанның әрі қарай дамуының мазмұнына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Біздің республикамызға за-йырлы мемлекет ұғымының қисындылығын растауға тура келеді. Осыған «Діни қызмет және діни ұйымдар туралы» жаңа Заңның қабылдануы бағытталған.

Басқа жағынан шектен шығып кетпей қазақстандық қоғамның ұлттық ділінің, әсіресе мемлекетқұраушы этнос аясында шоғырланған артық-шылықтарын нығайту қажет. Осындай артықшылықтардың бірі қазақ халқының маңызды сыртқы қауіп-қатерлер жағдайында бірігу қасиеті бо-лып табылады. Ұлттық ділдің бұл қасиеті 2011 жылдың 3 сәуірінде өткен кезектен тыс президент сайлауы аясында өте жақсы көрінді.

Қазақтардың маңызды артықшылығы көшпенділік сипаты болып табылады. Бұл ашықтық пен әлеуметтік ұтқырлықты білдіреді. Бұл қасиет дәл қазір қажет. Қазақтар жалпы ұлттық мақсаттарға бағынатын болатын түрлі этностар мен халықтардың құрамында қазақстандық ұлтты құруға қабілетті. Алайда бұл қабілеттіліктің дамуы үшін сая-си ынталандырулар қажет және ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев оларды қамтамасыз етуде. Мұның индикаторы «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жоғары деңгейінің мемлекеттік элиталық бағдарламаларының» нысанына кіруі, сонымен қатар, этносаралық келісім институтының – Қазақстан халқы Ассамблеясының көзделген жаңғыр-тылуы болып табылады.

Қазақстан өзінің саяси дамуының жаңа кезеңіне келе жатыр. Хроно-логиялық түрде ол алдағы парламенттік сайлаумен байланысты болады. Алдағы демократияландыру да біздің еліміздің дамуына ірі шақыру болып табылады. Сыртқы қауіптер, әсіресе әлемдік экономикадағы дағда-рыстық құбылыстармен, араб әлеміндегі тұрақсыздықпен байланысты жағдайында оңшыл авторитарлық үрдістердің қызықтыруы немесе «тетіктерді асырып бұрау» деп аталатын практикасы жоғары. 2007 және 2008 жылдардағы сая-си жаңғырту шараларының аясында Президент партиялық-идеологиялық плюрализмді елеулі нығайту үшін жағдайлар жасады.

2006 жылы басым партия жүйесіне көшумен байланысты партиялық-саяси реформа дер кезінде болды және маңызды саяси шығындарсыз 2008-2009 жылдардағы дағдарысты жеңуге мүмкіндік берді. Алайда бір партиялық парламент оның халықаралық белсенді рөлін, сондай-ақ ЕҚЫҰ тиімділігін нығайту ісіне маңызды үлес қосушы елдің қол жеткіз-ген мәртебесі Қазақстан үшін осал тұс болып табылады. 2010 жылдың желтоқсанындағы Астананың рухы Қазақстанды әрі қарай саяси рефор-маларды жүргізуге міндеттейді.

Демократия жағына қарай қозғалысты Қазақстанның ЕҚЫҰ қатысу себебіне бола жасау қажет емес. Мұны ең алдымен елдің болашағы үшін жасаған жөн. Бүгін Қазақстан мақсат етіп отырған инновациялық эконо-

Page 202: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

202 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

мика бизнес үшін де, ғалымдар үшін де қолайлы ішкі орта жағдайында пайда болып отыр. Осыған орай, саяси жаңғыртумен қатар, Қазақстан мемлекеттің өзінің, әкімшілік жүйенің тиімділігінің арттыру шақыруына да жауап беруі қажет.

Жалпы тәуелсіздіктің 20 жылдығында Қазақстанда жұмыс істейтін мемлекеттік механизм құрылған. Экономика мен саяси жүйелер үшін шақыру-талаптар мен қауіптер әрқашан пайда болып отырады. Ең басты-сы, мемлекеттік жүйе оларға икемді жауап қайтара алуы керек, ол үшін қоғамның өзінің және оның құрылымының өз дербестігі мен жеткіліктілігін әрі қарай дамыту қажет. Осыны ескере отырып, дамудың қазақстандық үлгісі адами капиталды дамыту жағына қарау байсалды өзгеруі қажет. Адамға инвестиция салу – болашаққа деген инвестиция.

Осы мәселелердің барлығын шешуге Нұрсұлтан Назарбаев үлгісі бой-ынша Қазақстанның дамуының идеологиялық тұжырымы ықпал етеді.

Page 203: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р 203

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Казахстанская правда. – 2011 г., 4 апреля2. Назарбаев Н.А. Казахстанский путь. – Караганда, 2006.3. Почепцов Г.Г. Имиджелогия. – М., 2001.4. Габдуллина К.Г. Глобализация мирового сообщества: системное видение со-

временного казахстанского общества / Социология Казахстана в условиях глоба-лизации: состояние, проблемы и перспективы: материалы международной науч-но-практической конференции. – Астана, 2006.

5. Машан М.С. Казахстанский «барс» и азиатские «тигры» // Казахстанская правда. – 2005. – 22 апреля.

6. Ли Куан Ю. Сингапурская история: из третьего мира в первый. – М., 2005.7. Назарбаев Н.А. Стратегия независимости. – Алматы: Атамұра, 2003. – 312 с.8. Видова О. Нурсултан Назарбаев: портрет человека и политика. – Алматы, 1998. 9. Касымбеков М.Б. Первый. Очерки о Президенте Республики Казахстан. –

Астана, 2008.10. Кушлин В.И., Спицын А.Т. Государственный деятель, ученый, стратег. Всту-

пительная статья / Назарбаев Н.А. Стратегия трансформации общества и возрож-дения Евразийской цивилизации. – М., 2002.

11. Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверен-ного государства. – Алма-Ата: Дәуір, 1992.

12. Назарбаев Н.А. Выступление на открытии шестой сессии Парламента Респу-блики Казахстан / В кн.: Президенттің бір жылы 2004. – Астана, 2004.

13. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі. – Астана, 2007.14. Сообщение Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан

«Об итогах состоявшихся 10 января 1999 г. выборов и регистрации избранного Пре-зидента Республики Казахстан» // Казахстанская правда. – 1999 г. – 16 января.

15. Шаукенова З.К. На посту председателя ОБСЕ Казахстан задал высокую планку // http: // ncgp.kz.

16. Недельский В.О. Глобальные цивилизационные трансформации в зеркале политической науки // Вестник Московского университета. Серия 12. Политиче-ские науки. – 2007. – № 6.

17. Назарбаев Н.А. Стратегия «Казахстан-2030» в действии: десять лет успеха. Выступление Президента Н.А. Назарбаева на конференции, посвященной 10-ле-тию Стратегии «Казахстан-2030» // Казахстанская правда. – 2007. – 13 октября.

18. Веттерберг Г. Новое общество. О возможностях общественного сектора / Пер. со шведского. – М., 1999.

19. Никовская Л.И., Якимец В.Н. Публичная политика в современной России: между корпоративно-бюрократическим и гражданско-модернизаторским выбо-ром // Полития. Анализ. Хроника. Прогноз. – 2007. – № 1.

20. Бурдье П. Дух государства: генезис и структура бюрократического поля, политика и поэтика // Альманах Российско-французского центра социологии и философии Института социологии Российской Академии наук. – М., 1999.

21. Хабермас Ю. Вовлечение другого: очерки политической теории. – М., 2001.22. Чуча О.Л. Типы установок в процессе чтения поэтических текстов // Вопро-

сы психологии. – 2008. – № 4.23. Машан М.С. Политическая система Казахстана: трансформация, адапта-

ция, целедостижение. – Алматы, – 2000.24. Соколов М.М. Величие классиков. Скромная попытка преодолеть про-

пасть между институциональными и интеллектуальными объяснения-ми // Мо-

Page 204: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

204 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

ниторинг общественного мнения: экономические и социальные перемены. – 2007. – № 4 (84).

25. Назарбаев Н.А. Ключи от кризиса // Российская газета (центральный вы-пуск). – 2009. – 2 февраля.

26. Уразалиева Г.К. Назарбаев: Семь простых вопросов и бесконечно сложные ответы о мировом кризисе // Казахстанская правда. – 2009. – 19 февраля.

27. В контексте радикального обновления // Казахстанская правда. – 2009. – 13 февраля.

28. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. – Алматы, 2003.29. Казахстанская правда. 2011 г., – 2 сентября30. Неккель З. Дизайн эмоций. Самоуправление чувствами как культуровед-

ческая программа // Социальные и гуманитарные науки. Отечественная и зару-бежная литература. Сер.11. Социология: РЖ/РАН. ИНИОН. Центр социал. науч.-информ. исслед. Отд. социологии и социал. психологии. – М., 2006. – № 3.

31. Далберг Л. Публичная сфера по Хабермасу // Социальные и гуманитарные науки. Отечественная и зарубежная литература. Сер. 11. Социология: РЖ/РАН. ИНИОН. Центр социал. науч.-информ. исслед. Отд. социологии и социальной психологии. – М., 2006. – № 1.

32. Мали С. Роль религии в постсекулярном обществе. О философии религии Ю. Хабермаса // Социальные и гуманитарные науки. Отечественная и зарубеж-ная литература. Сер.11. Социология: РЖ/РАН. ИНИОН. Центр социал. науч.-ин-форм. исслед. Отд. социологии и социал.психологии. – М., 2006. – № 3.

33. Тажин М.М. Миф есть нечто, отличающееся от реальности. Интервью с первым заместителем руководителя Администрации Президента Республики Казахстан // Асар Казахстан. – 2004. – 10 мая. – № 5.

34. Тажин М.М. Казахстан в Глобальном Мире. Выступление в «Фонде Карнеги по поддержанию мира во всем мире» (Вашингтон, 3 октября 2008 г.) //http://www.zakon.kz/our/news/news.asp?id=30207849.

35. Социальная модернизация казахстанского общества: достижения, про-блемы и перспективы: Материалы IV конгресса социологов Казахстана. – Алматы, 2011. – 568 с.

36. Сорос Дж. Мыльный пузырь американского превосходства. На что следует на-править американскую мощь / Пер. с англ. – М.: Альпина Бизнес Букс, 2004. – 192 с.

37. Назарбаев Н.А. Выступление на открытии Второго съезда лидеров миро-вых и традиционных религий // Казахстанская правда. – 2006. – 13 сентября.

38. Менар Г. Ирак: домыслы и реальность. Мнения экспертов // Красная звез-да. – 2003. – 18 марта.

39. Телебаев Г.Т. Религиозная идентификация населения и религиозная ситу-ация в Республике Казахстан // СОЦИС. Социологические исследования. – 2003. – № 3.

40. Казахстанская правда. 2011, – 29 июня.41. Шаукенова З.К. Качество образования – в носителях знаний // Казахстан-

ская правда. – 2008. – 15 ноября.42. Аль-Фараби Философские трактаты. – М.: Наука, 1970. – 430 с.43. Дорога начинается с первого шага. Об участии Н.А. Назарбаева в конфе-

ренции Боаоского азиатского форума. КНР, о. Хайнань, 18 апреля 2009 г. // Казах-станская правда. – 2009. – 21 апреля.

44. Казахстанская правда. 2011 г., – 6 апреля45. Джунусова Ж.Х. Социальная и политическая системы РК: асимметрич-

ность трансформации / Социальная структура современного казахстанского об-

Page 205: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р 205

щества: сборник материалов международной научно-практической конферен-ции. – Астана, 2003.

46. Назарбаев Н.А. Казахстанский путь: от стабильности — через модерниза-цию — к процветанию. Выступление Н. А. Назарбаева на торжественном собра-нии, посвященном 15-летию независимости Республики Казахстан // Казахстан-ская правда. – 2006. – 16 декабря.

47. Бабакумаров Е.Ж., Машанов М.С., Шоманов А.Ж. Республика Казахстан: «красный» рассвет на пороге XXI века? (типы политического сознания и перспек-тивы неокоммунизма по результатам социологического опроса). – Алматы, 1996.

48. Каипова Б.М. Политические лидеры и политические элиты в социально-политической структуре Казахстана / Социальная структура современного казах-станского общества: сборник материалов международной научно-практической конференции. – Астана, 2003.

49. Ашимбаев М.С. Политический транзит в Казахстане: содержание процесса и его особенности. – Алматы, 2001.

50. Жангазы Р. Точка невозврата / Выборы-2007 – новый этап в развитии по-литической системы Республики Казахстан. – Алматы, 2007.

51. Перуашев А.Т. Угрозы и возможности модернизации политической систе-мы / Опыт демократических реформ на евразийском пространстве: сравнитель-ные модели и практические механизмы: сборник материалов международной на-учно-практической конференции. – Алматы, 2006.

52. Казахстан в современном мире: реалии и перспективы. – Алматы, 2008.53. Забирова А. Теории и концепции процессов миграции в зарубежной со-

циальной науке // Евразийское сообщество. – 2003. – № 2.54. Сотрудничество и безопасность в Центральной Азии: состояние и пер-

спективы. – Алматы, 2008.55. Кто мы, народ Казахстана? // Байтерек. – 2006. – Декабрь – № 6 (21). – С.

18-25.56. Масимов К.К. Выступление в Мажилисе Парламента РК «Об уточнении

республиканского бюджета на 2009 год» (Астана, 1 апреля 2009 г.) // http://www.zakon.kz/our/news/news.asp?id=30398593.

57. Исмагамбетов Т.Т. Особенности посттоталитарного развития электораль-ной системы Республики Казахстан. Диссертация на соискание ученой степени кан-дидата политических наук. 23.00.02 – Политические институты и процессы. – Алма-ты, 1999. – 156 с.

58. Бабакумаров Е.Ж., Булуктаев Ю.О., Кушербаев К.Е. Казахстан сегодня: мир политических партий. – Алматы, 1995.

59. Аженов М.С. Электоральное поведение накануне выборов в Парламент РК // Менеджмент избирательной компании: материалы международной научно-практической конференции. – Алматы, 2004.

60. Коновалов А.П. Проблемы развития выборной системы в общественном мнении: региональные исследования электоральных кампаний 1999 и 2003 гг. / Опыт модернизационных реформ в Центральной Азии: модель и перспективы Казахстана: материалы международной научно-практической конференции. – Астана, 2004.

61. Карпова Н.В. Особенности формирования политической культуры в усло-виях российских трансформаций // Вестник Московского университета. Серия 18. Социология и политология. – 2007. – № 4.

62. Ноэль-Нойманн Э. Общественное мнение: открытие спирали молчания: Пер. с нем. / Общ. ред. и предисл. Мансурова Н.С. – М., 1996.

Page 206: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

206 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

63. Надиров Ф.С. Политический процесс и политические партии в Иране во II половине ХХ века. Автореферат диссертации на соискание ученой степени кан-дидата политических наук по специальности: 23.00.02: Политические институты, этнополитическая конфликтология, национальные и политические процессы и технологии. – М., 1991. – 24 с.

64. Магун В., Руднев М. Жизненные ценности российского населения: сходства и отличия в сравнении с другими европейскими странами // Вестник обществен-ного мнения. Данные. Анализ. Дискуссии. – 2008. – № 1 (93).

65. Тихонова Н.Е. Социокультурная модернизация в России (опыт эмпирического анализа). Статья 1 // Общественные науки и современность. – 2008. – № 2.

66. Ертысбаев Е.К. О выборах как индикаторе политических процессов и о некоторых проблемах становления политического плюрализма в Казахстане / По-литическая система Казахстана: реалии и перспективы демократизации: матери-алы республиканской научно-теоретической конференции. Алматы, 1999.

67. Черкасов Ю.П. Процессы социально-политической стратификации казах-станского общества // Социальная структура современного казахстанского обще-ства: сборник материалов международной научно-практической конференции. – Астана, 2003.

68. Уильям Фрэнк Бакли-младший и возникновение американского консер-ватизма // ПОЛИС. Политические исследования. – 2008. – № 3.

69. Суслопарова Е.А. Великобритания: реформы и модернизация // ПОЛИС. Политические исследования. – 2008. – № 3.

70. Япония: гибридизация и гармонизация // ПОЛИС. Политические иссле-дования. – 2008. – № 3 (105).

71. Горшков М.К., Давыдов Н.М. Историческое самосознание россиян // Мониторинг общественного мнения: экономические и социальные перемены. – 2005. – № 1 (73).

72. Агентство международной информации «Новости-Казахстан». – 2011, 23 августа.

73. Культура и экономическое развитие //http://www.cato.ru/pages/ 69?idcat=376.74. Государство и общество в условиях глобализации: взгляд слева (Институт

сравнительной политологии РАН, отв. ред. А.А. Галкин). – М., 2003.75. Алимова С.Б. Амбивалентность социокультурной динамики Казахстана в

условиях глобализации / Глобализация и вопросы социокультурной адаптации: Материалы II Конгресса социологов Казахстана. Часть первая. – Астана, 2005.

76. Опрос: Британцы – самые счастливые в Евросоюзе // Yтро.ua, 29 августа, 21:07 // http://www.utro.ua/news/2008/08/29/95487.shtml.

77. Испания опередила Италию по уровню ВВП на душу населения. Интервью ректора Миланского университета Марио Монти телеканалу «Euronews» от 2 апреля 2008 г. ///http://www.spain.org.ru/modules.php?name =News&file=article&sid=5536.

78. Путь в Европу: использование возможностей председательства Казахста-на в ОБСЕ. Специальная образовательная программа для Правительства Респу-блики Казахстан. – Лондон, 2008.

79. Современная буржуазная политическая наука: проблемы государства и демократии / Под общ. ред. ГГ. Шахназарова. – М., 1982.

80. Шаукенова З.К., Коновалов С.А. Поиск «третьего пути» // Казахстанская правда. – 2008. – 22 апреля.

81. «Социолог – это не человек с анкетой...». Беседа с научным руководителем Института социально-политических исследований РАН, академиком РАН Г.В. Осиповым // Мониторинг общественного мнения. – 2005. – № 4 (76).

Page 207: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р 207

82. Приоритетные национальные проекты – идеология прорыва в будущее. Сборник / сост.: Иванов А.И., Казанцев В.О., Карпенко М.Б., Мейер М.М. – М., 2007.

83. Алшанов Р. Вызовы мировой экономики. Современный кризис – волна за волной, или пять в одном. Часть 1-я // Казахстанская правда. – 2009. – 9 января.

84. Финансовые гуру: апокалипсиса не случится // http://www.finansmag.ru/articles/5070.

85. Мойзи Д. Америка вне всяких сомнений, способна оправиться от кри-зиса гораздо быстрее Европы // http://www.euronews.net/ru/article/16/01/2009/dominique-mosi-author-political-analyst/.

86. Минобороны Британии назвало главные мировые проблемы в ближай-шие три десятилетия // 10.04.2007 http://www.interfax.kz.

87. Валитова З.Х. Влияние глобализации на социокультурное расслоение со-временного общества / Социальная структура современного казахстанского обще-ства: сборник материалов международной научно-практической конференции. – Астана, 2003.

88. Ахметова Г.К. Социальное самочувствие как интегральный показатель со-циальной адаптации / Менеджмент избирательной компании: материалы меж-дународной научно-практической конференции. Алматы, 2004.

89. Шоманов А.Ж., Галямова Д.Р. Социальное самочувствие казахстанцев: со-циально-демографическое измерение / Опыт модернизационных реформ в Цен-тральной Азии: модель и перспективы Казахстана: материалы международной научно-практической конференции. – Астана, 2004.

90. Штомпка П. Социальное изменение как травма (статья первая) // СОЦИС. Социологические исследования. – 2001. – № 1.

91. Илеуова Г.Т. К вопросу гражданской идентичности в РК / Опыт модерни-зационных реформ в Центральной Азии: модель и перспективы Казахстана: мате-риалы международной научно-практической конференции. – Астана, 2004.

92. Жизнь в переходный период. Социологическое исследование опыта и мнений людей // Доклад Европейского банка реконструкции и развития об итогах сравнительного исследования в странах Центральной и Восточной Европы, Бал-тии, Юго-Восточной Европы, СНГ и Монголии, 2004. – 83 с.

93. Каазе М. О политическом действии и не только. Доклад на специальной пленарной сессии президента МАПН на XX Всемирном конгрессе Международной ассоциации политической науки «Работает ли демократия?», 13 июля 2006 г. (Фуку-ока, Япония) / Пер. с англ. Л.В. Сморгунова //http://politex.info/content/view/264/40/.

94. Коновалов С.А. Преимущества и резервы развития Казахстана с точки зре-ния общественной психологии // Казахстанская правда. – 2008. – 12 февраля.

95. Петухов В. Россия, Украина, Белоруссия, Казахстан: есть ли точки сопри-косновения? // Свободная мысль. – 2006. – № 4 (1566).

96. Задорин И., Шубина Л. Восприятие социальных рисков и угроз в странах СНГ. // Саясат-Policy. – 2007. – №7 (143).

97. Кондыбай С. Казахская мифология. Краткий словарь. – Алматы, 2005.98. Задорин И.В. Доверие президентам как фактор социального самочувствия

населения: межстрановые сопоставления // Астана: триумф Казахстана и его ли-дера: программа международной научно-практической конференции, посвящен-ной 10-летию Астаны. – Алматы, 2008.

99. Ковель Э. Казахстан – страна непуганных оптимистов // http://ia-centr.ru/expert/2500/.

100. Балацкий Е.В. Методы диагностики социального самочувствия населения // Мониторинг общественного мнения: экономические и социальные перемены. – 2005. – № 3 (75).

Page 208: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

208 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

101. Травкина Н.М. Выборы-2008: время внесистемных политиков? // США-Канада. Экономика-Политика-Культура. – 2008. – 9 (465).

102. Тажибаева С.Ж., Козырев Т.А. Роль символов в становлении национальной идентичности и вклад Первого Президента Республики Казахстан в развитие ка-захстанской символики / Роль личности в истории: материалы международной научно-практической конференции / Под науч. ред. М.Б. Касымбекова, С.Ш. Аяз-бековой. – Астана, 2007.

103. Зайниева Л.Ю. Стратегический ресурс общества / Роль личности в истории: материалы международной научно-практической конференции. – Астана, 2007.

104. Абдирайымова Г.С., Садвокасова А.К. Наука как ценность в социальной ориен-тации молодых ученых Казахстана // Саясат-Policy. – 2008. – № 5 (153).

105. Казахстанская молодежь на рубеже веков. – Астана: Елорда, 2000.106. И ближе стала глубина веков (Н. Курпякова, Б. Кадыров, С. Нестеренко)

// Казахстанская правда. – 2007. – 15 февраля. 107. Татимов М.Б. «Бэби-бум» по-казахстански // Казахстанская правда. –

2008. – 16 февраля. 108. Выступление Жана Кретьена, бывшего премьер-министра Канады / Ка-

захстан: диалог с Западом: международная конференция, посвященная вопросам отношений со странами Запада и геостратегическим интересам Республики Ка-захстан. – Алматы, 2005.

109. Джампеисова Ж. Казахское общество и право в пореформенной степи. – Астана, 2006.

110. Аджигалиев С. Культурно-исторические инновации в традиционной си-стеме скотоводческого поселения казахов середины XIX века (к вопросу о генезисе стационарных кыстау» / Культура кочевников на рубеже веков (XIX–XX, XX–XXI вв.): проблемы генезиса и трансформации: материалы международной конфе-ренции. – Алматы, 1995. – 370 с.

111. Абылхожин Ж.Б. Силовая политика перевода кочевников на оседлость // Большой атлас истории и культуры Казахстана. – Алматы, 2008.

112. Идеологические течения Казахстана // http://www.neonomad.kz/styleneonomad/moda/index.php?ELEMENT_ID=2321.

113. В каждом сердце — родная страна. О выступлении Президента Н.А. На-зарбаева на XII сессии Ассамблеи народа Казахстана // Казахстанская правда. – 2006. – 25 октября.

114. Голограмма_успех // Men`s Health в Казахстане. 2007. – Ноябрь.115. Сабитов Р. Массовое политическое сознание: междисциплинарный об-

зор // Евразийское сообщество. – 2004. – № 3 (47).116. Гали А. Национальный ренессанс и задачи модернизации казахосферы

/ Глобализация и вопросы социокультурной адаптации: материалы Второго кон-гресса социологов Казахстана. Часть вторая. – Астана, 2005.

117. Иренов Г. Эволюция идеологии и общественного сознания Казахстана // Analytic. – 2008. – № 1.

118. Уразалиева Г.К. Казахстанская и казахская идентичность: конструирова-ние в гражданском обществе / Гражданское общество и социальный прогресс в XXI веке: материалы второго конгресса социологов тюркоязычных стран и третье-го конгресса социологов Казахстана. – Алматы, 2008.

119. Қамзабекұлы Д. Наурыз. Оның мәні мен сәні қандай? // Егемен Қазақстан. – 2009. – 17 наурыз.

120. Машан М.С. Посттоталитарная трансформация политической системы Казахстана. Диссертация на соискание ученой степени доктора политических наук. 23.00.02 – Политические институты и процессы. Алматы, 2000.

Page 209: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р 209

121. Темирбулат Б.Б. Основные этапы институционализации системы пар-тийного представительства в структуре государственной власти Республики Ка-захстан // Analytic. – 2007. – № 6.

122. Тихонов А.А. Эволюция партийной системы Бразилии в условиях режи-ма «национальной безопасности» (1964–1982) / Партии в политической системе: сборник статей. – М., – 1983.

123. Темирбулат Б.Б. Роль Президента Республики Казахстан в развитии си-стемы партийного представительства в структуре государственной власти / Роль личности в истории: материалы международной научно-практической конфе-ренции (г. Астана, 22 октября 2007 г.) / Под науч. ред. М.Б. Касымбекова, С.Ш. Аязбековой. – Астана, 2007.

124. Сытин А.Г. Эволюция представлений о существе демократии в западной политической мысли ХХ в. (основные тенденции) // Вестник Московского универ-ситета. – 2007. – № 6.

125. Сверяя курс демократических реформ // Казахстанская правда. – 2007. – 20 февраля.

126. Назарбаев Н.А. Новый этап демократизации Казахстана – ускоренное раз-витие свободного демократического общества. Выступление на совместном засе-дании палат Парламента РК (Астана, 16 мая 2007 г.) / Конституционная реформа – новый этап в развитии Казахстана: материалы «круглого стола». – Алматы, 2007.

127. Шоманов А.Ж. Внутриполитические процессы в государствах Централь-ной Азии и их влияние на геополитическую обстановку в регионе / Сотрудниче-ство и безопасность в Центральной Азии в условиях политических и социально-экономических трансформаций: материалы международной научно-практиче-ской конференции. – Алматы, 2007.

128. Шоманов А.Ж., Коновалов С.А. Республика Казахстан. Политика // Цен-тральная Евразия 2007. – Аналитический ежегодник. – Швеция, 2008.

129. Надаис А. Выбор избирательной системы // ПОЛИС. Политические ис-следования. – 1993. – № 3.

130. Лейкман Э., Ламберт Дж. Ж. Исследование мажоритарной и пропорцио-нальной избирательных систем / Пер. с англ. Г.И. Морозова. – М., 1958.

131. Что вы ожидаете от парламентских выборов? (Материалы дискуссион-ного стола) // Саясат-Policy. – 1999. – № 7.

132. Доклад о развитии парламентаризма в Республике Казахстан (выполнен в рамках проекта «Национальные доклады о развитии представительных инсти-тутов в государствах Центральной Азии и Азербайджане». – Астана, 2001.

133. Лаки К. Сравнительная таблица законов о выборах 12 стран // Конститу-ционное право: восточно-европейское обозрение. – 1994. – № 2 (7).

134. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі – еркін демократиялық қоғамды жедел дамыту. ҚР Президенті ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. – 2007. – 17 мамыр.

135. Манақбаев Б.Қ. Парламенттің депутаттық құрамын қалыптас-тырудың қазақстандық ерекшеліктері / Парламентаризм в Казахстане: состояние и пер-спективы развития: сборник материалов международной научно-практической конференции. – Астана: Дизайн-бюро «Проксима», 2008. – С. 107–111.

136. Темирбулат Б.Б. Система партийного представительства социальных ин-тересов как фактор политической безопасности / Безопасность: международная, региональная, национальная (системный подход): материалы международной научно-практической конференции, посвященной памяти доктора политических наук, профессора М.С. Машана. – Алматы, 2007.

Page 210: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

210 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

137. Назарбаев Н.А. Стратегия вхождения Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира. Казахстан на пороге нового рывка вперед в сво-ем развитии. Послание Президента народу Казахстана // Казахстанская правда. – 2006. – 2 марта.

138. «Жаңа Қазақстан – ұлттың ұлы идеясы». Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық телеарналардың авторлық бағдарламалар жүргізушілеріне берген сұхбаты. // Егемен Қазақстан. – 2007. – 10 сәуір.

139. Прагматика политических реформ // http://www.kazpravda.kz/print. php?chapter=1149894492.

140. Мамыров Д. После Брюсселя... Какими будут политические реформы в Казахстане? 19 декабря 2006. //http://www.ia-centr.ru/comments. php?id=278.

141. Шаукенова З.К. Площадка политического диалога // Казахстанская прав-да. – 2007. – 30 марта.

142. Шоманов А.Ж., Коновалов С.А. Конституционная реформа способствует повышению конкурентоспособности страны // Аналитик. – 2007. – № 4.

143. Настрой — оптимистичный. // Казахстанская правда. – 2007. – 9 августа. 144. Естественный отбор. Интрига о преодолении 7-процентного барьера со-

храняется // Литер. – 2007. – 11 августа. 145. Нет авансов, но есть конкуренция (В. Степанов) // Казахстанская правда.

– 2007. – 24 августа. 146. Составлено по материалам информаций Центрального аппарата НДП

«Нұр Отан» в период 2006-2007 гг.147. Тажин М., Тажимбетов М. Региональная социология: (учебное пособие).

– Алма-Ата: Атамұра – Қазақ университеті, 1993.148. Сообщение об итогах выборов депутатов Мажилиса Парламента Респу-

блики Казахстан // Казахстанская правда. – 1999. – 19 октября.149. Сообщение об итогах выборов по партийным спискам (19.09.2004 г.) // Ка-

захстанская правда. – 2004. – 28 сентября.150. Об установлении и опубликовании итогов выборов депутатов Мажили-

са Парламента Республики Казахстан четвертого созыва, распределении депутат-ских мандатов по итогам голосования по партийным спискам (22.08.2007) //http://election.kz/portal/page?_pageid=73,605627&_dad=portal&_ schema=PORTAL.

151. Тойганбаев А. Технология мечты: сборник статей. – Алматы: Экспертный центр национальной стратегии, 2008. – 228 с.

152. Оценки предварительных итогов парламентских выборов в Казахстане //http://www.alternativakz.org/index.php?go=News&in=view&id=28.

153. Сейдуманов С.Т. Конституционная реформа и представительные органы власти // Конституционная реформа – новый этап в развитии Казахстана: матери-алы «круглого стола». – Алматы, 2007.

154. Мусин А.Е. Парламентаризм в Казахстане: состояние и перспективы раз-вития // Парламентаризм в Казахстане: состояние и перспективы развития: мате-риалы международной научно-практической конференции. – Астана, 2008.

155. Айталы А. Билік партиясы: социологиялық талдау / Социология Казах-стана в условиях глобализации: состояние, проблемы и перспективы: материалы международной научно-практической конференции. – Астана, 2006.

156. Нарикбаев М.С. Многопартийность как основное условие становления пар-ламентаризма / Парламентаризм в Казахстане: состояние и перспективы развития: материалы международной научно-практической конференции. – Астана, 2008.

157. Ашимбаев Д. Парламент Extra Light // Эксперт-Казахстан. – 2007. – 3 сентя-бря – 10 сентября. – № 32 (134).

Page 211: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р 211

158. Зиманов С.З. Парламент Республики Казахстан: опыт и проблемы / Сбор-ник материалов международной научно-практической конференции: Парламен-таризм в Казахстане: состояние и перспективы развития. – Астана, 2008.

159. Политология: учебник для студентов высших учебных заведений / Под общей редакцией члена-корреспондента НАН РК, д.ф.н., профессора А.Н. Ны-санбаева. – Алматы, 1998.

160. Бабакумаров Е.Ж. Социально-политические основы образования много-партийной системы в Республике Казахстан на современном этапе (1985–1995 гг.). Диссертация на соискание ученой степени кандидата политических наук (23.00.01 – теория политики, история политических учений, политических партий и дви-жений). – Алматы, 1995. – 234 с.

161. Кочетков А.П. Политические партии и партийные системы // Вестник Мо-сковского университета. Серия 12. Политические науки. – 1998. – № 6.

162. Лейпхарт А. Многосоставные общества и демократические режимы // ПОЛИС. Политические исследования. – 1992. – № 1-2 (7-8).

163. Дьяченко С.А. Реформирование партийно-политической системы Казах-стана как важный фактор укрепления стабильности общества // Казахстан-спектр. – 1999. – № 1 (7).

164. Кошкин С.Ю. Избирательное законодательство в практике выборов в Ин-дии в 80-е гг. / Избирательное право и выборы: сборник статей. – М., 1990.

165. Партии и партийные системы современной Европы / Проблемно-тема-тический сборник / Отв. ред. к.ист.н. В.П. Любин. – М., 1994.

166. В системе мировых координат (о выступлении Президента РК Н.А. На-зарбаева на 17-й ежегодной сессии Парламентской ассамблеи ОБСЕ) // Казахстан-ская правда. – 2008. – 1 июля.

167. Назарбаев Н.А. Выступление на открытии второй сессии Парламента Ре-спублики Казахстан // Казахстанская правда. – 2008. – 3 сентября.

168. Жумагулов Б.Т. Роль политических партий в демократизации казахстан-ского общества / Опыт демократических реформ на евразийском пространстве: сравнительные модели и практические механизмы: сборник материалов между-народной научно-практической конференции. – Алматы, 2006.

169. Мухамеджанов Э.Б. Избирательное право зарубежных стран. – Алматы, 1999.

170. Назарбаев Н.А. Послание Президента Казахской ССР Верховному Совету Казахской ССР // Казахстанская правда. – 1990. – 16 мая.

171. Назарбаев Н.А. Об ускорении рыночных преобразований и мерах выхода из экономического кризиса: [Послание Президента страны Верховному Совету Республики Казахстан] // Вести Казахстана. – 1994. – 11 июня.

172. Назарбаев Н.А. О положении в стране и основных направлениях внутрен-ней и внешней политики на 1997 г.: [Послание Президента страны народу Казах-стан] // Казахстанская правда. – 1996. – 8 октября.

173. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев: [Послание Президента страны народу Казах-стана]. – Алматы, 1997.

174. Ертысбаев Е.К. Казахстан и Назарбаев: логика перемен. – Астана, 2001.175. Шаукенова З.К. Социальная модернизация. В Послании Президента наро-

ду Казахстана сделаны новые акценты // Литер. – 2011, – 4 февраля.

Page 212: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

212 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және

дінтану институты туралы мәлімет

Философия және саясаттану институты 1999 жылдың ақпан айында 1958 жылы ашылған Философия және құқық институтының және 1991 жылғы Философия институтының негізінде құрылды. Ол 2012 жылдың мамыр айында ҚР Үкіметінің қаулысымен Философия, саясаттану және дінтану институты болып қайта аталды.

Институттың мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекеме ретіндегі негізгі міндеттері қазіргі қазақстандық қоғамның зияткерлік және рухани-адамгершілік әлеуетін дамытуға бағытталған философиялық-дүние-танымдық, философиялық-әдіснамалық, саясаттанулық, дінтанулық және әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу болып табылады.

Бүгінде Философия, саясаттану және дінтану институты жоғары кәсіби ғылыми-зерттеу орталық болып табылады. Институт оның құрылымын айқындайтын үш басты бағыт бойынша жұмыс істейді: философия, саясат-тану және дінтану. Онда ҚР ҰҒА 1 акаде-мигі, 2 корреспондент мүшесі, 21 ғылым докторы, 13 ғылым кандидаты, 9 PhD докторанты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Институт 2012-2014 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберінде «Елдің зияткерлік әлеуеті» басым бағыты бой-ынша 25 ғылыми-зерттеу жобасын орындап, «Ғылыми қазына» салааралық ғылыми бағдарламасы аясында зерттеулер жүргізіп келеді.

Институт қызметкерлері саясат, ғылым, білім беру, мәдениет, дін, қазақ және әлемдік философия мәселелері бойынша монографиялар мен мақалалар жариялайды. Институт қызметкерлерінің ғылыми жарияла-нымдары таяу және алыс шетелдердің ғылыми рейтингтік басылымда-рында сұранысқа ие.

Институт «Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде «Шығыс Аристотелі» – әл-Фарабидің шығармалар жинағын (10 том), «Әлемдік философиялық мұраны» (20 том), «Қазақ халқының философиялық мұрасын» (20 том) шығарды.

Институт екі журнал шығарады: «Адам әлемі – Мир Человека» (1999 жылдан бері) және «Әл-Фараби» (2003 жылдан бері). Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі Институттың өз сайты бар.

Page 213: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р 213

Институт үнемі халықаралық ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, пікірталас алаңдарын өткізіп тұрады. Бұл іс-шараларға қазақстандық және шетелдік ғалымдар қатысады. Инсти-тут Ресейдің, Белорустің, Әзірбайжанның, Қырғызстанның, Қытайдың, Германияның, АҚШ-ң, Түркияның, Иранның, Өзбекстанның, Тәжікстан-ның және басқа да елдердің ғылыми-зерттеу құрылымдарымен тығыз ынтымақтастық орнатқан.

Философия, саясаттану және дінтану институтының базасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, ҚазКжҚҚА және т.б. тәрізді басты қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары және PhD докторанттары тағылымдама мен диплом алдындағы практикасын өткізеді.

Институтта қызметкерлердің кәсіби және ғылыми тұрғыда өсуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Философия, саясаттану және дінтану институты туралы анағұрлым кең ақпаратты мына мекен-жайдан алуға болады:

Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы,Құрманғазы көшесі, 29 (3 қабат)Тел.: +7(727) 272-59-10Факс.: +7(727) 272-59-10E-mail: [email protected]://www.iph.kz

Page 214: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

214 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Информация об Институте философии, политологии и религиоведения Комитета науки

Министерства образования и науки Республики Казахстан

Институт философии и политологии был образован в феврале 1999 г. на базе созданных в 1958 г. Института философии и права и в 1991 г. Ин-ститута философии. В мае 2012 г. постановлением Правительства он был переименован в Институт философии, политологии и религиоведения.

Основной задачей Института как государственного научно-иссле-довательского учреждения является проведение философско-мировоз-зренческих, философско-методологических, политологических, религи-оведческих и социологических исследований, направленных на развитие интеллектуального и духовно-нравственного потенциала современного казахстанского общества.

Сегодня Институт философии, политологии и религиоведения яв-ляется высокопрофессиональным научно-исследовательским центром. Институт работает по трем ключевым направлениям, определяющим его структуру: философия, политология и религиоведение. Здесь проводят научные исследования: 1 академик, 2 члена-корреспондента НАН РК, 21 доктор и 13 кандидатов наук, 9 докторантов PhD. В Институте выполняется 25 научно-исследовательских проектов в рамках грантового финансирова-ния на 2012–2014 гг. по приоритету «Интеллектуальный потенциал стра-ны», ведется работа в рамках междисциплинарной научной программы «Ғылыми қазына».

Сотрудниками издаются монографии и научные статьи по пробле-мам политики, науки, образования, культуры, религии, казахской и миро-вой философии. Научные публикации сотрудников Института востребо-ваны в научных рейтинговых изданиях ближнего и дальнего зарубежья.

В рамках программы «Культурное наследие» Институтом изданы со-брание сочинений «Аристотеля Востока» – аль-Фараби (10 томов), «Мировое философское наследие» (20 томов), а также исследование «Философское насле-дие казахского народа» (20 томов).

Издаются два журнала: «Адам әлемі – Мир Человека» (с 1999 года) и «Аль-Фараби» (с 2003 года). Институт располагает собственным сайтом на трех языках: казахском, русском и английском.

Page 215: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р 215

Институт регулярно проводит международные научные конферен-ции, круглые столы, семинары, дискуссионные площадки, в которых принимают участие казахстанские и зарубежные ученые. Институт тесно сотрудничает с научно-исследовательскими структурами России, Белорус-сии, Азербайджана, Кыргызстана, Китая, Германии, США, Турции, Ира-на, Узбекистана, Таджикистана и других стран.

На базе Института философии, политологии и религиоведе-ния проходят стажировку и преддипломную практику студенты, ма-гистранты и PhD-докторанты ведущих казахстанских высших учеб-ных заведений, таких, как КазНУ им. аль-Фараби, КазНПУ им. Абая, КазУМОиМЯ им. Абылайхана, КазАТиСО и др.

В Институте созданы все необходимые условия для профессиональ-ной работы и научного роста сотрудников.

Более подробную информацию об Институте философии, политоло-гии и религиоведения можно получить по адресу:

Республика Казахстан, 050010 Алматы, ул. Курмангазы, 29 (3 этаж)Тел.: +7(727) 272-59-10Факс.: +7(727) 272-59-10E-mail: [email protected]://www.iph.kz

Page 216: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

216 Қазақстан Республикасындағы идеологиялықконструкциялау

Information on the Institute for Philosophy, Political Science and Religion Studies of Science Committee of the Ministry of Education and Science оf

the Republic of Kazakhstan

Institute for Philosophy and Political Science was established in February 1999 on the base of established in 1958 the Institute for Philosophy and Law, and the Institute for Philosophy in 1991. By the Decree of Kazakhstan Government in 31 May, 2012 , Institute was re-named to Institute for Philosophy, Political Science and Religion Studies.

The main objectives of the Institute of Philosophy and Political Science as a public research institution are conducting of philosophical-world outlook, philosophical-methodological, political studies, religion studies and sociological studies aimed at social-cultural and social-political development and strengthening the independence of Republic of Kazakhstan, development its intellectual and spiritual-moral potential.

Institute for Philosophy, Political Science and Religion Studies is a highly skilled scientific research center. Institute has a three key directions that define its structure: philosophy, political science and religion studies. Currently, 1 academician, 2 correspondent member of National Academy of Science of RK, 21 doctors of Science, 13 candidates in science, 9 PhD doctorate candidates are conducting research works. 25 scientific-research projects within the framework of grant financing for 2012-2014 years on priority of «Intellectual potential of the country» are being conducted, also the works within the framework of interdisciplinary scientific program «Gilimy kazyna» are being carried out.

Institute employees publish the dozens of books and hundreds of scholarly articles on important issues of politics, science, education, religion, culture, Kazakh and world philosophy, etc. The quality of scientific publications of the Institute is determined by the demand for scientific articles in journals of rating of near and far abroad.

Under the «Cultural Heritage» state program ten-volume collection of works called «Aristotle of the East» – al-Farabi, twenty volume «World philosophical heritage», twenty volume «The philosophical heritage of the Kazakh people», and other books were published by the Institute.

Institute publishes two magazines: «Adam alemi – The World of Man» and «Al-Farabi» (in Russian and Kazakh). The Institute has its own website in three languages: Kazakh, Russian and English.

Page 217: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р 217

Institute for Philosophy, Political Science and Religion Studies science regularly organizes international scientific conferences, seminars, «round tables», where not only leading Kazakhstani political scientists and philosophers, but also by scientists from foreign countries take place. Institute has close cooperation with scientific-research establishments of Russia, China, Germany, the USA, Turkey, France, Britain, Iran, Azerbaijan, Uzbekistan, Tajikistan, Kyrgyzstan, Belarus and others.

Undergraduate students, Master’s degree and Doctorate students from leading Kazakh universities, such Al-Farabi KazNU, Abai KazNPU, Abylaikhan KazUIR& WL, KazATiSO are conducting their research work and are trained at the Institute for Philosophy, Political Science and Religion Studies.

The Institute has created all necessary conditions for professional and scientific development of employees.

More detailed information on the Institute for Philosophy, Political Science and Religion Studies can be found at:

The Republic of Kazakhstan, 050010 Almaty, str. Kurmangazy, 29 (3rd floor)Tel.: +7 (727) 272-59-10Fax.: +7 (727) 272-59-10E-mail: [email protected]://www.iph.kz

Page 218: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ …iph.kz/doc/ru/567.pdf · Ш.де Голль француздық идея – ескі либерализм

218

Ғылыми басылым

ЗАРЕМА ШӘУКЕНОВА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫИДЕОЛОГИЯЛЫҚ КОНСТРУКЦИЯЛАУ

Қазақ тіліне аударған А.Б. Манақбаева

Редактор: Г.А. Турлина

Компьютерлік дизайн жасаған және беттеген Л.Н. Тоқтарбекова

«Ғылыми қазына» логотипінің идеясы – Аяған Б.Ғ., т.ғ.д., профессор«Ғылыми қазына» логотипінің дизайнын жасаған – Бекенова М.С., Нұрғожина Ж.Е.

Басуға 20.12.2012. Пішімі 70/1001/16

Шартты баспа табағы 13,6 б.т. Офсеттік басылым.Таралымы 500 дана.

«ИП Волкова Е.В.» баспасында басылды.Райымбек даңғ., 212/1, оф. 319. Тел.: 330-03-12, 330-03-13