19
(Халық ақыны Иманжан Жылқайдарұлының туғанына 125 жыл ) Мультимедиялы өмірбаяндық жадынама Жезқазған қаласы,2011 жыл

Иманжан Жылқайдарұлы

  • Upload
    sanvia

  • View
    1.067

  • Download
    6

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Иманжан Жылқайдарұлы

Citation preview

Page 1: Иманжан    Жылқайдарұлы

(Халық ақыны Иманжан Жылқайдарұлының туғанына 125 жыл ) Мультимедиялы өмірбаяндық жадынама

Жезқазған қаласы,2011 жыл

Page 2: Иманжан    Жылқайдарұлы

Бұл мультимедиялы өмірбаяндық жадынама халық ақыны Иманжан Жылқайдарұлының туғанына 125 жылды -ғына арналған. Жадынамада ақынның өмірі, шығармашылығы, өлеңдері жазылған.

Төмендегідей бөлімдерден тұрады:

1.” Тауына тартып туған ұл”

2.”Халық өнерінің хас шебері”

3.” Ақынның баласы Мұқанға шығарған өлеңі”

4.”Қарт ұстазым-Иманжан”

5. Пайдаланған әдебиеттер

Жадынама жалпы оқырмандарға,студенттерге, оқушыларға, ұстаздарға арналған.

Ұрпақтарға болашақ аңыз болар жыр болар, Осы жерден тараған не бір алып тұлғалар. Деген бар ғой: “Туған ұл топырағына тартады”, Қасиетті атадан қасиетті ұл қалар Жанысбаев Т.

Кіріспе сөз Кіріспе сөз

Page 3: Иманжан    Жылқайдарұлы

Қасиетті Ұлытау жері қашанда таланттыға кенде болмаған.

Солардың бірі-Иманжан Жылқайдарұлы десек артық болмас.

Тауына тартып туған ұлТауына тартып туған ұл

Иманжан Жылқайдарұлы 1886 жылы 28 қаңтар айында бұрынғы Ақмола облысы, Атбасар ауданына қарасты Ұлытау болысында (бүгінгі Қарағанды облысы,Ұлытау ауданының Арпабұлақ бөлімшесінде) дүниеге келді. Иманжанның әкесі Жылқайдар от ауызды,ортақ тілді шешен адам болған. Ал, шешесі атақты Жәуке батырдың інісі Шоңның Қалипа атты ақылына көрікті сай сұлу қызы екен. Қазақтың ежелгі салт-дәстүріне сай Иманжан жеті жасқа жеткенше үлкен шешесі-әжесі Бұлдықара бәйбішенің тәрбиесінде болып, оның тәлімін алады. Балалық шағы Ұлытаудың ең бір шұрайлы да шуақты, мөлдіреген бұлақты, жайнаған жасыл нуы бар бар,көрген көздің жауын алатын ғаламат,ғажап бөктерінде өтеді. Иманжан Жылқайдарұлы жастайынан өлең-жырға,домбыраға құмартты. Үлкен әженің бауырында жүргенде Арқа еліне атағы сол кезде кеңінен танымал болған Сәмбет күйшіден домбыра тартуды үйренеді.

Page 4: Иманжан    Жылқайдарұлы

Жастайынан өлең-жыр,домбыраға

құмар Иманжан есейе келе серілік, салдық, ақындық жолға түседі. Оның ескіше оқып, хат танып, сауат ашуына әкесі Жылқайдар елеулі ықпал еткен. Әкесі Жылқайдар мыңды айдаған бай болды. Тігілген үйдің екі жағындағы шалғыны жапырылмайтын.

Сондай қатал да ызғарлы,сұсты әкенің кәріне ұшырамау үлкенге де, кішіге де сын болатын. Иманжанның сауатын ашу үшін Уфадан арнайы молда алдырған.

Зерек те алғыр Иманжанның білімге ден қоя білуі оның алғашқы ұстазы Әмірғали Құлтыбайұлының назарынан тыс қалған жоқ. Ол оған “ақын болғың келсе, шығыс шиырларын оқып, үйрен”деп кеңес береді. Өзі Иманжанның араб,парсы, шағатай тілдерін еркін меңгеруіне, оқып,жаза білуіне үлес қосады. Бұл Иманжанның шығыс дастандары мен хиссаларын түпнұсқадан оқып үйренуіне мүмкіндік береді.

Иманжанның сегіз баласы: 3 ұл, 5 қыз болған.Үшінші баласы Мұқаннан- басқасы жас шағында қайтыс болыпты. Баласы

жазушы Мұқан Иманжанов 43 жас қана өмір сүрген.

.

Page 5: Иманжан    Жылқайдарұлы

Мұқан Иманжанов танымал жазушы,прозаик. Міне, бір отбасынан ақын да, жазушы да шықты. Ұлытаудың тумасы Шытырбаев Түлкібай Досымұлының ”Ұлытау-мақтанышым менің” атты кітабында (Алматы,2007) Иманжан Жылқайдаров туралы былай суреттейді: “Иманжан әкей біздің үйге көп келіп жаздай жатушы еді үйткені менің әкем Досым қашан зейнет ақыға шыққанша жастайынан таудың күнгей бетінде Айбас, Дара, Тоғызбай, Арпабұлақ және Иманжанның қыстауы Қызыл үйде қыстап,жазда төртқара байдың қызыл тамын жәйлайтын да, біздің осы жерде отырғанда келіп өзінің туып-өскен, кіндік қаны тамған жерін аңсап келіп аунап-қунап жататын. Ол кісі елге силы, әңгімешіл,көрген кісісін ұмытпайтын әсіресе балалардың атына дейін жадына сақтайтын зерек кісі еді.” (158-168 бет )

Иманжан ақын көп жыл Алматыда тұрды. Баласы Мұқан қайтыс болғаннан кейін өмірінің соңғы жылдары Жезқазған қалашығында тұрды. Иманжан Жылқайдарұлы 1972 жылы дүниеден өтті.

Бәйбішесі екеуінің тірі кезіндегі айтатын армандары“Туған жерден топырақ бұйырса болғаны” дейтін тілегін туыстары орындады. Ұлытаудың батысындағы өзінің ата-бабалары жатқан “Қызылтамға” қойылды. (164бет)

Page 6: Иманжан    Жылқайдарұлы

Екеулеп ажал қарттың әлсіреттік Тың едім дақ түспеген кешегі күнде. Тұғырдан қалған аттан жұрдай қылып, Жататын нағыз кеуде төсегінде. Орныңа өрт салдыңда тайып тұрдың, Жолдасың құндағынан шіркін жаттың. Жетеуін ажал келіп алғанында, Мұқан бар,елеспеді,жас албырттың. Баламның бас аяғы сегіз еді, Қалдырмай тазаладың қолғанаттың. Көктөбе жер ортасы дегендей-ақ, Ағыздың көз жасымды,аңыраттың.

Иманжан ақынның баласы Мұқан қайтыс болғанда шығарған өлеңі. 1958 жыл 18 март Жетпістің келдім биыл бесеуіне, Ай-жылма, өтеді өмір пешеңіне. Ажалдың қай күні келер ер мәлімі жоқ. Тағдырдың кім жетеді нешеуіне.

Page 7: Иманжан    Жылқайдарұлы

Дегенге қартайасың көңлім сезбей, Әр істің қасіретін тартқан білер. Жас күнде кім болжайды шалдық келмей, Бүркеніп отырасың төсегіңде. Бұрынғы кей жүргендер сәлем бермей, Көрерсің көресіңді көрге түспей, Жасыма осы менің келсең өлмей... (Өлең қысқартылып жазылды)

Шытырбаев Т.Д. “Ұлытау-мақтанышым менің”- 165-168 бетте.

Астында топырақтың балам жатыр, Жер болып бірер жылда жоғалатын, Басына белгі қойып орнатуға, Қол қысқа жетпей жатыр қаражатым.

Аға-інім,үлкен-кіші жазған хатын, Халыққа қайғылы қарт белгілі атым. Тіленіп бір алладан өтінемін, Көркейсе ұрпақтанып кейінгі артым...

Page 8: Иманжан    Жылқайдарұлы

Халық өнерінің хас шеберіХалық өнерінің хас шебері

Ақынның суырып салма ақындығы жас кезінен байқалады. Бірінші рет Иманжан ауылдың ақыны Бибіғалы Онғарбаевамен айтысады. Содан бастап ауыл арасында ақындық, жыршылық аты тарай бастап, басқа ақындармен ұсақ айтыстарға да түсе бастайды. Өзінің өлеңдерін халық арасында революцияға дейін орындап жүреді. Халық ақындары Балуан-Шолақпен, айтыскер ақын Ыбырай Сандыбаймен,Ақан Серімен, Тайжан

Қалмағанбетовпен үнемі кездесіп тұрған. Сол уақытта оны “Өлеңші бала”деп атаған екен. Иманжан арабша, парсы,шағатай тілін меңгерген. Соның арқасында ол Шығыстың ұлы ағартушыларының мұраларымен және ауыз әдебиетін танысып білуге мүмкіндік береді.

Иманжан Жылқайдаров ғылыми экспедицияның тарихи-этнографиялық материалдарын жинауға қатысқан.Сол кездегі Орталық Қазақстанның экспедициясын басқарған академик Ә.Марғұлан еді. Осы экспедициядан алған әсерінен “Саяхатшы сыры” атты поэмасы дүниеге келді.

Page 9: Иманжан    Жылқайдарұлы

1928 жылы қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқанов Қарсақбайда болғанда осы өлкенің танымал ақындары Тайжан және Иманжанмен алғашқы рет танысады. Олар туралы Сәбит өзінің “Өмір мектебі” атты трилогиясының “Қарсақбайға саяхат” деген бөлімінде жазады. Ақынның поэзиялық мұрасы өте бай. Ол халықтық аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдерді және ақындар айтысының мәтінін жинақтаған. Иманжан ақын тек өлең лирикасы мен эпос құрастырушысы ғана емес сонымен қатар ол сықақшы. Өткір әзіл-оспақ қалжыңдары “Сөз күші” (Сила слова) атты жинағында “Жазушы” баспасынан 1967 жылы шықты. Асылы,Иманжан Жылқайдарұлы жыршы,әңгімеші, шежіреші,өлке- танушы, құсбегі, аудармашы, сал-сері бір сөзбен айтқанда, заманында қатарластырының алдындағы озық ойлысы болған.

Ақынның өлеңдерін, жырларын оқығанда оның шығармаларының басты тақырыбы- Отан,туған жер, елдік пен ерлік, адамгершілік болып жалғаса береді. Халық ақыны Иманжанның арнасы кең. Ол нені айтып, нені жырласа да жүрегімен жарыла ақтарылып, тебіренеді.

Айтпақ ойына образдар мен тың теңеулерді таба білген. Ақынның ақындық қуатының өзі де дәл осында болса керек. Ол табиғатты адамның ой-сезім дүниесіне бағындыра жанды бейнеде суреттейді.

Page 10: Иманжан    Жылқайдарұлы

“Ұлытау” деген өлеңінде:

Айнадай жарқырайды суы жайнап, Тасқа су шағылысып жалт-жұлт ойнап, Көл суы балдан тәтті, қардан суық, Шымырлап көбіктеніп бұрқ-бұрқ, қайнап, Жігі жоқ екі шоқы өрген тастан,

Айтуға да болады жақын аспан.Жүргінші ұшпа бұлттар түлеп қонып,Секілді қонақ үйде басын қосқан

Жігі жоқ екі шоқы өрген тастан, Айтуға да болады жақын аспан. Жүргінші ұшпа бұлттар түлеп қонып, Секілді қонақ үйде басын қосқан

Айнала жасыл шалғын, көкшіл құрақ, Ну ағаш қалың біткен сыртын орап, Күзеткен осыларды жасақшыдай Қисайып жатыр көлбеп арша сұлап,- деп өзі туып өскен жердің пейзаждық суретін береді.

Page 11: Иманжан    Жылқайдарұлы

1970 жылы Жезқазған қалашығындағы Кеншілер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Компартиясының 50 жылдығына орай жергілікті ақындардың айтыс-концертіне қатысқан.

шешімімен “Жезқазған қаласының құрметті атағы” берілді. 1938 жылдан бастап СССР Жазушылар Одағының мүшесі болған.

1948 жылы Иманжан Жылқайдаров Әлішер Навоидің поэмасы мен өлеңін және қара сөзін қазақшаға аударған. Сол уақытта ақынның бір қатар өлеңдері “Сәуле”, “Ақмарқа”, “Қалқаман”, “Әлібидің ерлігі” т.б. өлеңдері баспа беттеріне жарияланды.

Бір жылдан кейін осы сарайда Иманжан Жылқайдаровтың 85 жылдығы және шығармашылдық қызметінің 70 жылдығына байланысты салтанатты кеш ұйымдастырылған. Кеште көптеген құттықтау сөздер оның ішінде СССР Жазушылар және Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы атынан және ғалымдар мен партиялық органдар, еңбек ұжымдары жылы лебіздерін білдірді. Иманжан Жылқайдаровқа Жезқазған Қалалық Атқару комитетінің

Page 12: Иманжан    Жылқайдарұлы

Ақынның шығармашылығының елеулі бір саласы бақытты балалық шақты жырлауға арналған. Осығай орай оның 1959 жылы жарық көрген өлеңдер жинағының “Жастарым,жайна” деп аталуы әбден орынды. Бұл жинаққа ақынның жиырмаға тарта өлеңдері енген. Ақын жастарды өнер үйренуге шақырған. Ақынның әр кездердегі өлең-жырларын қашан оқысаң да дәл бүгін жазылғандай ескірмейді. Бұл да болса ақын жырларының өміршеңдігін көрсетеді. Шығыс әдебиетін оқып үйренген ол соған еліктеп,тұңғыш өлеңін сабынның сыртына салынған жылтыр қағаздағы әдемі, сұлу қызға деген сезімін жырға түсіріп “Гүлжаһанға” деген атпен жазып жібереді.Өлең былай басталады:

Иесі Гүлжаһансың бұл сабынның, Кейпің бар формасындай бір сағымсың. Төсіңнен төменгі жер әммасы жоқ, Келмейді бұл реті ырғағыңның.

Почтамен мен жіберсем біраз өлең, Өнерін сен де көрсет тіл жағыңның. Өлеңге аса шебер болмасаңыз, Тіл сөйлеп,ізін түсір бармағыңның.

Page 13: Иманжан    Жылқайдарұлы

Ризалы бойың жарға,көңілің хош па, Көзің сал қағаздағы мына нәшка Қолыңа тие қалса жауап қайыр Осындай жіберілді жаяу почта. Мәлімсіз кім екені түсініксіз, Қайқиып жетіп келед кесік баста. Сартпысың,татармысың, өзбекпісің, Білдіріп ата-тегін сөз раста. Біреудің ақ некелі жары болсаң, Екінші сабынменен атың шашпа? Қыз болсаң саған міне жаздым жауап, Бойдақпын тиер болсаң сөз раста. Атбасар дуанымыз,Ақмола облыс. Мекенім отырған жер Ұлытау болыс, Жылқайдар әкем аты, мен Иманжан. Мінеки,біздің адрес,осы дұрыс.

( Мырзабеков Б.Мысты өңір.-2006.- 11 тамыз.-8-9 бет )

Page 14: Иманжан    Жылқайдарұлы

Болашақ өмірБолашақ өмір ЖылқайдаровЖылқайдаров И. ,халық И. ,халық ақыныақыны

Гогольдің өрлеп жүрсең кең көшесінБағына Панфиловтың кездесесің.Қыс шарап,кәтілеті, жаз қымызы.Сусындап ат шалдырып түстенесің Бойыңды салқын ұстап тұмауратсаң, Тастайсың ауырлықтың он есесін. Алдыңызда Горькийдің бау-бақшасы, Сырты тау,алды өзен екі жағы. Көрмеге күжілдетіп қойған жайнап, Жолбарыс, арыстан,аю аңдар тағы. Көз көріп тіл айта алмас тамашасын, Асхана дайындаған шарап асын, Жамылып көк желекті маржан тізген, Меңзейсің аруларға әр ағашын.

Маралдай маңғаздар жүр керіп қасын, Жарымен қолтықтасып изеп басын. Қырандай бозбалалар шүйлігіп жүр,

Тартқандай таң тоспадан томағасын.

Page 15: Иманжан    Жылқайдарұлы

Мейрамдап басын қосып әр демалыс, Ән сонда,әзіл күлкі,ыстық қағыс.Ойынның орталығы ордасында,Өнерлі ойынпаздар тапқан табыс Аз емес жүрген сонда кемпір-шалдар, Кесердей ақ орамал желпіп қолда. Бейне бір балапандай тізбектелген, Сүт кенже немерелер еріп сонда. Сауық кеш ойын үйі қыс пенен жаз, Көреді орындыққа отырып қаз. Кездесті сол арада екі жас қыз, Аңырап сымбатына тұрдым біраз.

Қасына болды мүмкін тоқтап тұрғам, Аталық мейірім түсіп келді көргім. Пішінмен еркелеген ширатылып,

Аталап кетті құрмет,демей бұл кім. Толықсып атқан таңдай сар иектен,

Зұлпыдай асып бұғақ ақ иектен. Бойына ойы серік сымбат шырай,

Жас дәуір көрем бүгін келешектен.

Page 16: Иманжан    Жылқайдарұлы

Шытырбаев Түлкібай Досымұлының Иманжан Жылқайдаровқа шығарған өлеңі:

Қарт ұстазым-Иманжан Қиыспай бір өлеңім қиналғанда, Көрсеттім үйге келген қарт ақынға. Ол оқып,оқып басын шайқай, Сүйенді қолындағы таяғына. Менде үнсіз қапа болдым төмен қарай, Жоқ әлде,сынай тұрма мені байқап. Бір кезде,әй “ақыным”-деді маған. Сен оқы,ақындардың ауылын,шарлап.

Арала елдің ішін-жеріңді көр, Боласың ақын сонда қара да тұр. Тыңдасаң мына менің ақылымды, Халық пен күндіз-түні сен бірге жүр.

Page 17: Иманжан    Жылқайдарұлы

Осылай деді маған қарт ұстазымОсыны жүрегімде қатты ұстадым.Иманжан-әкем еді бата беріп,Үйімде қона жатып мені ұғатын.

Қарт ұстаз әкем еді ел ойлаған Әңгімесін ұйып жұрты көп тыңдаған. Шежіре еді тарихты қозғағанда, Шіркін-ай жазып әттең неге алмадым

Шытырбаев Т.Д. “Ұлытау-мақтанымшым менің”-14-15 бетте

Page 18: Иманжан    Жылқайдарұлы

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Мұқанұлы Ө.Ұлытаудан қанаттанған қырандар.-Алматы:Қазақпарат, 2005.-114-115 б. 2. Ұлытау ақындары: (Мақалалар,өлеңдер,толғаула,айтыстар)- Алматы: Эверо,2007.-55-60 б. 3. Шытырбаев Т.Д. Ұлытау-мақтанышым менің:Өлеңдер,әңгімелер жинағы.-Алматы,2007.-115-168 б. Х Х Х 1.Мырзабеков Б. Халық өнерінің хас шебері:(Иманжан Жылқайдарұлының туғанына*120 жыл) // Сарыарқа.-2006 (№55).-28 шілде.-4 б. 2.Мырзабеков Б. Тауына тартып туған ұл: Мұра //Мысты өңір.-2006.-11 тамыз.-8-9 б. 3.Жетібаева Б. Жерлестердің жадында:( Халық ақыны Иманжан Жылқайдарұлы 115 жаста) // Сарыарқа.-2001(№20).-16 ақпан.-2 б. Х Х Х 1.Букуров С. Из глубин народных: К 100- летию со дня рождения акына Иманжана Жылкайдарова // Джезказганская правда.-1986.-28 февраля. 2.Жуманов А. Народный акын Иманжан // Жезказганская правда.-20011.-24 января.-С.3

Page 19: Иманжан    Жылқайдарұлы

Компьютерден терген және құрастыртырған: Бекетова К.А.- АББ меңгерушісі.

Безендіруші: Зыкрин Ж.Ж.- бағдарламашы.