Кабинет жүйелеу

Preview:

Citation preview

Соңғы жылдары еліміздің білім беру саласында болып жатқан өзгерістерге сәйкес мектепте де химия пәнін оқытудың нақты мақсат – міндеттері айқындалып, жаратылыс ғылымдары жүйесінде химия басты орынға ие болды.Химия саласында ашылып жатқан жаңалықтар, зерттеулер нәтижесімен заңдылықтар жаратылыс саласындағы білімдерге ықпалын тигізеді,ал әлемнің біртұтас бейнесі оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы басты моделі болып табылады. Білім стандартындағы химияның негізгі теориялық және эксперименттік зерттеу тәсілдеріне, тәрбиелік және дүниетанымдық мазмұнына үнемі көңіл бөліп отыру көзделген. Негізгі білім мазмұнын және оны жүзеге асырудың құрылымын оқулық береді,ал игерту тәсілдерін нақтылау мен саралауды осы оқулықпен біріге отырып, белгілі біртұтастықты құрайтын оқу құралдары, яғни оқу әдістемелік жүйе жасауға ерекше маңыз бөлінеді.Мұндай оқу әдістемелік жүйе (ОӘЖ) арқылы әр оқушымен жеке қарым – қатынас жасау, яғни білім мазмұнын оқушының жеке тұлғасын дамыту мүмкіндігін жүзеге асыру деңгейіне көтеру мәселесі үздіксіз шешілуі мүмкін. Жүйенің әр түрлі компоненті білім мазмұнын игеруге түрліше ықпал етеді.

Мұғалім ОӘЖ – де берілген материалдарға сүйене отырып, әр оқушының біліміндегі жетістіктер мен кемшіліктерді ескере отырып, сәйкес материалдарды саралау мақсатында пайдалана алады. ОӘЖ дайындау барысында алдыға қойған мақсат: 1) әлеуметтік тиімділігі, 2) практикалық бағдарлылығы, 3) оқытудың дамытушылық қызметін күшейту. Осы негізде дайындалған ОӘЖ төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруы тиіс:•ОӘЖ құрайтын әр компонент бір – бірімен үндестікте болу керек.•Пәнаралық байланыстар жүзеге асуы тиіс.•Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарын қамтуы керек.•Деңгейлік саралауға бағдарлануы керек.•Оқытудың дамытушылық идеясын жүзеге асыруға бағытталуы керек.•Оқыту процесіне тиімді жағдай жасалуы тиіс.•Оқушыларды өз бетімен білім алуға бағдарлауы тиіс.Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, химиядан оқу әдістемелік жүйенің

мынадай негізгі компоненттерін анықтадық:•Оқулықтар•Әдістемелік•Есептер мен жаттығулар жинағы•Дидактикалық материалдар•Көрнекілік жабдықтар•Қосымша оқу материалдары•Зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру•Компьютерлік технологияны қолдану

Осы компоненттер бойынша картотекалық жүйе жасалынды. Сабақ процесінде оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, білім сапасын көтеру үшін оқу материалдарын мен көрнекі құралдарды тиімді пайдаланудың маңызы зор. Сол үшін көрнеліктерді пайдалану барысында оларды бір жүйеге келтіріп, мұғалім жұмысын жеңілдетіп, сабақтың тиімділігін арттыруға болады. Бұл картотека мұғалімнің сабаққа дайындалуына да үлкен көмек және уақыт жағынан өте тиімді деп ойлаймын. Біз жасаған картотека 8 – 11сыныптарға арналған 6 жәшік суырмадан тұрады. 1-ші суырмада 8сыныпқа арналған 102 карточка (аптасына 3 сағаттан),2-ші суырмада 9сыныпқа арналған 68 карточка (аптасына 2 сағаттан),3-ші суырмада 10(ж)сыныпқа арналған 102 карточка (аптасына 3сағаттан), 4-ші суырмада 10(қ) сыныпқа арналған 34 карточка , 5-ші суырмада 11(ж)сыныпқа арналған 102 карточка (аптасына 3сағаттан), 6-ші суырмада 10(қ) сыныпқа арналған 34 карточка қойылған. Әр карточка күнтізбелік жоспарына сәйкес нөмірленіп, ОӘЖ – нің компоненттері жазылған. Пән мұғалімі сабаққа дайындалу барысында күнтізбелік жоспардағы сабақ нөміріне сәйкес келетін карточканы қолына алып, сабаққа қажетті қандай материалдар бар екенін және оның қай жерде тұрғанын оңай таба алады. Көрнеліктер мен оқу материалын жүйелеудің бәрімізге таныс кітапханада қолданылатын картотекалық әдісін пайдаландым.Мысалы: Үлгі ретінде 8 сыныптың күнтізбелік оқу жоспарының тарауына арналған бөлімін мысалға алып қарастырайық.

Химиялық зертхана

Мысалы: Үлгі ретінде 8 сыныптың күнтізбелік оқу жоспарының тарауына арналған бөлімін мысалға алып қарастырайық. Мұғалім сабаққа дайындалу үшін, картотека жәшігінің 8 сыныпқа арналған картотека суырмасынан сабақ номеріне сәйкес келетін карточканы таңдап алады.

1 Сабақ жоспары + 16 Перфокарталар

2 Өздік жұмыс тапсырмасы 17 Таблицалар

3 Электронды оқулықтар + 18 Әдеби оқулықтар

4 Буклеттер 19 Дидактикалық оқулықтар

5 Тест жұмыстары 20 Методикалық оқулықтар

6 Ғылыми ізденіс жұмыстары 21 Журналдар

7 Кодоскоп слаайдтары Химия ,биолигия, география

8 Рефераттар Химия вшколе9 Деңгейлік бақылау жұмыстары Химия и жизнь10 Деңгейлік тест жұмыстары + 22 Есептер жинағы

11 Анықтамалық деректер 23 Кабинет құжаттары

12 Үлестірмелі қима қағаздар + 24 Дидактикалық ойындар

13 Қорытынды бақылау жұмыстары 25 Техникалық құралдар

14 Демострациялық құрылғылар а)диафильдер15 Сарамандық жұмыстар

Сабақ тақырыбы: Химия пәні

8(1-1/1)

23

Әр оқушыға арнап сарамандық жұмыстар жинақталған.

15-1

Бақылау жұмыстары жинақталған папка

9-1

8-сыныпқа арналған деңгейлік жұмыстар

9-21

11-сыныпқа арналған тестер жинағы

Пәндік журналдар жинақтамалары

Әр оқушыға арналған тест жұмыстары

Сыныптар бойынша жинақталған дидактикалық ойындар топтамасы

Әр оқушыға таратылатын материалдар жинақтамасы