Дара және күрделі сан есімдер

Preview:

Citation preview

Сабақтың тақырыбы:Дара және күрделі сан есімдер.Сабақтың мақсаты:Сан есімнен алған білім түсініктерін кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту және мәтіннен дара, күрделі сан есімдерді табу.Күтілетін нәтиже: -мәтінді оқиды, мазмұнын меңгереді; -жеке,топпен жұмыс жасай отырып, сыни ойлауға бағытталады; -алған білімін қолдана отырып, тақырыптың мәнін ашады,ойын дәлелдейді.

Ұйымдастыру

1. Психологиялық дайындық.2. Көңіл күйіміз қандай?

3. Топқа бөлу.

106-жаттығу Жаңылтпашты жылдам айтып беріңдер. Сан есімді қатыстырып, өздерің де осындай жаңылтпаш құрастырып келіңдер.

Шаһар, ала, аспан, ақ, бес, ұзын, қара, сұр, жуан.-Барлығы неше сөз?-Қай сөз артық?-Неге артық?-«Бес» сөзі қай сөз табы?-Сан есім-Сан есім дегеніміз не ?

сары,

Мағынаны тану

Он, қырық, алпыс, бірінші,

алты, отыз, жүздей

он шақты, тоқсан тоғыз, бес-алты тоғыз жүз, жүзден бір

Дара және күрделі сан есімдер

Сан есімҚұрамына қарай Жасалу жолына қарай Мағынасына қарай

Дара сан Күрделі сан есім есім

Негізгі сан есім:бір, он, жүз

Қосарлы сан есім:бес-алты,он-оннан

Туынды сан есім:бірінші,ондаған,жүздей

Тіркесті сан есім:он шақты, жүзден бір

Негізгі түбір сан есім:бір, он, бес

Туынды түбір сан есім:бірінші, он-оннан,бесеу

Есептік сан есімРеттік сан есімЖинақтық сан есімТоптау сан есімБолжалдық сан есімБөлшектік сан есім

Оқулықпен жұмыс108-жаттығу

Төмендегі сандарды сөзбен жазып, оларды дара және күрделі түріне ажыратыңдар.

ТРИЗ технологиясы Топтық жұмыс І топ

5 минут ішінде 5 сөзден тұратын 5 сөйлем жаз. Сөйлемде дара және күрделі сан есім болуы тиіс. А-Ж-Қ-Т-Б

Айжан жүз қырық теңге берді.Айбол жүз қырық тоғызыншы болды.Африкада жабайы қолтырауынның тоқсаны бар.Арман Жанатқа қырық торай берді.Асханада жемістің қырық түрі бар.

Ойлап, қиялдап, байланыспайтын нәрселерді бір-бірімен байланыстыруға бағыттайды.

Бүгін 6 д сыныбында кезекті ашық сабақ өтіп жатырған, кенеттен апай ауырып...

Сабақ уақытында сәтті аяқталды.

ІІ топ

Бүгін, 6 д сыныбында кезекті ашық сабақ өтіп жатырған, кенеттен апай ауырып қалды. Апай сөмкесінен бір-екі дәріні алып, білдіртпей ішіп жіберді. Балалардың сабаққа құлшынысын көрген апай, өз ауруын ұмытып кетті. Сөйтіп апайдың көңілі жайдарлы болып, балалардың сабаққа қатысы керемет болды.Сабақ уақытында сәтті аяқталды.

Мюнстенберг әдісі

Втшбірджитоғызнгуонбрталпысквабтижиырмагтимолтжүзмикқырықруватоқсанфарожетіюнауекіимтржобкилмыңежавпүшйкчбтөртгнмитдужствысегізякстубескцавыалтырнеам

Дұрыс жауабы

Бір, тоғыз, он, алпыс, жиырма, жүз, қырық, тоқсан, жеті, екі, мың, үш, төрт, сегіз, бес, алты

Сергіту сәті1. ... жасар бала келсе, ...шал алдынан шығар.

2. ...рет өлшеп, ...рет кес.

3. Ер жігіттің ...сөйлегені өлгені.

4. Ел құлағы...

«Ерекше сандар» ойыны

Осы сандар қандай оқиғалармен байланысты.

31, 8, 2017, 9, 22, 1, 16

Суретте неше жолбарыс бар?

17

Қорытындылау

1. Сан есімнің сұрақтары?2. Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?3. Дара сан есім дегеніміз не?4. Күрделі сан есім дегеніміз не?

Үйге тапсырма

1. Дара және күрделі сан есім.2. 109- жаттығу.3. Рефлексия.4. Бағалау.