93

Click here to load reader

Namaz kitabikz

  • Upload
    -

  • View
    685

  • Download
    12

Embed Size (px)

DESCRIPTION

Намаз кітәбі

Citation preview

Page 1: Namaz kitabikz

- 1 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Китаб-ус-салат

НАМАЗ КІТАБЫ

Даярлаған:Хасан Яваш

Жетінші басылым

Түркістан Кітап ҮйіАлматы - Қазақстан

Қазыбек би көшесі, 90/533 үй, 2 пəтерСейфуллин даңғылының қиылысы

Тел: +7(727) 293-55-98

Алматы2011

ТҮ

РКІСТАН

КІТАПҮЙ

І

Page 2: Namaz kitabikz

- 2 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 3 -

НАМАЗ КІТАБЫ

ББК 86.38Н 20

Намаз кітабы/Даярлаған: Хасан Яваш. - Алматы:Н 20 «Euro Print» ЖШС. 2011-184 бет.

ISBN 9965-9738-8-1

Намаз кітабы бүгінгі таңда халқымыздың өз дəстүрлі дініне деген қажеттілігіне жəне дəстүрлі дінімізді ұстанудың маңызы айқын көрініп тұрған заманымыздың талабына аз болса да үлес қосады. Кітап дəстүрлік сүнни мұсылмандардың Ханафи мазһабы ғалымдарының құнды кітаптарын пайдалана отырып, даярланды. Шынайы мұсылман, мемлекетке қарсы қылмысқа жəне Жаратқанға қарсы күнəға қол ұрмайды. Момындық мінезі мен айналасындағыларға үлгі болады.

Бұл кітап осылар жөнінде тəрбиелік маңызы жағынан мол деректер мен байытылған. Барша мұсылман қауымына арналған намаз жəне əдептілік мəліметтерін барынша өзінде жинаған бұл кітаптың оқырман қолына жеткенге дейінгі дайындау кезеңінде қымбат уақыт жəне еңбектерін аянбаған бүкіл достарымызға алғысымызды айтамыз.

ББК 86.38

Н

ISBN 9965-9738-8-1 ©Намаз кітабы. 2011.

040300000000(05)-06

Мейірімді, Рахымды Алланың атымен бастаймын!

«ТҮРКІСТАН МƏДЕНИЕТ ҚОРЫНА» ҚАРАСТЫ«ТҮРКІСТАН КІТАП ҮЙІ» БАСПАСЫНЫҢ КІТАПТАРЫ

ТУРАСЫНДА

«Түркістан кітап үйі» баспасынан шыққан діни-танымдық кітаптар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптауынан мұқият өтеді. Ақидасы, яғни сенімі жағынан Қазақстан мұсылмандары ұстанатын ханафи мəзһабына сай, ал, мазмұны терең, əрі бай. Қалың оқырман іздеп тауып, сүйсіне оқиды. Бұл кітаптарды əліміз бойынша таратудың мəн-маңызы зор. Оны қалың оқырмандармен қатар мешіт діндарлары мен сауат ашу курстарының шəкірттері де кеңінен пайдаланады.

Баспа ұжымына айтар алғысымыз шексіз. Кітаптары дəйім сұраныста. Жаңа кітаптар шығара берсін, күтемиз.

Ізгі тілекпен,

Орындаушы: С. Еншібай.тел: 3976397.

Page 3: Namaz kitabikz

- 4 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 5 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Бисмиллаһиррахманиррахим

Адамзат үшiн үш түрлі өмiр бар: дүние, қабiр жəне ахырет өмiрi. Дүниеде дене мен рух бiрге болады. Адам баласына өмiр, тiршiлiк пен жан беретiн фактор – рух. Рух денеден айрылған сəтте адам баласы көз жұмады. Дене қабiрде шiрiп, топыраққа айналғанда немесе жанып күл болғанда не-месе жыртқыш хайуан жеп, жоқ болғанда рух жоғалмайды. Қабiр өмiрiнде сезiм бар, əрекет жоқ. Қияметте қайта бiр дене жаратылып, рухпен дене жəннатта немесе тозақта мəңгi өмiр сүредi.

Адам баласының дүниеде жəне ахыретте бақытты болуы үшiн мұсылман болуы керек. Дүниеде бақытты болу дегенiмiз – еркiн өмiр сүру. Ахыретте бақытты болу дегенiмiз – жəннатқа кiру. Рақымы мол Аллаһу та’ала құлдарына бақытты болудың жолдарын Пайғамбарлары арқылы бiлдiрген. Өйткенi адам баласының бұл бақытқа жету жолдарын өз ақылымен табуы мүмкiн емес. Əрбiр пайғамбар тек Аллаһу та’аланың бiлдiргендерін айтқан. Пайғамбарлар айтқан бақыт жолы - Дiн деп аталады. Мұхаммед алейһиссалам əкелген дiн - Ислам дiнi. Адам алейһиссаламнан берi дүниеге мыңдаған пайғамбарлар келген. Ал пайғамбарлардың соңғысы – Мұхаммед алейһиссалам. Өзге Пайғамбарлардың əкелген дiндерi уақыт өте келе бұзылған, өзгерген. Қазiргi таңда екі дүниенің бақытына қол жеткiзу үшiн Ислам дiнiн үйренуден басқа шара жоқ. Ислам дiнi - жүрек пен иман келтiретiн, əрi дене мен орындалатын ғибадат, яғни құлшылықтардан тұрады. Иман жəне ғибадаттар мазһаб танымайтын надандар мен адасқандардың кiтаптарынан емес, əһли сүннет ғұламаларының кiтаптарынан үйренiледi. Хижри Х ғ.-ға дейiн Ислам əлемiнде көптеген əһли сүннет ғұламалары бар едi. Қазiргi таңда ешбiрi қалмағандай. Дегенмен де бұл ғұламалардың араб жəне парсы тiлдерінде жазылған кiтаптары, аудармалары, əлемнiң кез келген жерiнде, кiтапханаларда көптеп табылады. Түркістан кітапүйі баспасының барша кiтабы аталған əһли сүннет ғұламаларының еңбектерiнен алынған. Бақытқа қол жеткiзү үшін «Түркістан кітапүйі» баспасының кiтаптарын оқыңыз!

Ескерту: Миссионерлер христиандықты жаюға, еврейлер өз дiн басыларының қателiкке толы сөздерiн жаюға, ал «Түркістан кітапүйі» ба-спасы болса, ислам дiнiн жаюға, ал масондар дiн атаулыны жоқ етуге тыры-суда. Санасы, бiлiмi, ынсабы бар əрбiр пенденің бұлардың iшiнен дұрысын таңдап, əрi мұның таралуына үлес қосып, күллi адамзат баласының бақытқа қол жеткiзуiне себепшi болары сөзсіз. Ал адамзат үшiн бұдан артық құнды, əрi пайдалы қызмет болуы мүмкiн емес.

Кiрiспе

Намаз кiтабын жазуды Аұзу Бисмиллəмен бастаймын. Аллаһу та’алаға хамд(мадақ)-мақтаулар болсын. Ол таңдаған, сүйген құлдарына жəне де адамзаттың асыл тəжi болған Мұхаммед алейһиссаламға салауат болсын. Ұлы Пайғамбардың пəк отбасына, əдiл сахабаларына Аллаһтың нұры жау-сын.

Дүниеде игi, пайдалы нəрселер мен зиянды, жаман нəрселер арала-сып кеткен. Бақытқа, рахатқа, тыныштыққа қол жеткiзу үшiн əрдайым игi, пайдалы, жақсы нəрселердi iстеу қажет. Мейрiмi шексiз Аллаһу та’ала игi, пайдалы нəрселердi жамандықтан айыру үшiн бiр қуат көзiн жаратты. Бұл қуат көзі - ақыл деп аталады. Кəміл жəне пəк ақыл игi, жақсы iстi жасауға итермелейдi əрi жаңылмайды. Күнə iстеу, нəпсiнiң дегенiне көну ақыл мен жүректi уландырады. Ал уланған, ауруға шалдыққан ақыл жақсыны жаман-нан айыра алмайды. Аллаһу та’ала рақымдылығымен бұл iсте де құлдарына көмектескен. Яғни игi, пайдалы, жақсы амалдарды пайғамбарлары арқылы бiлдiрiп, оларды iстеуiмiздi бұйырған. Ал бiзге зиянды, зарарлы iстерден хабардар етіп, бұларды iстеуге тыйым салған. Осы əмiрлер мен тыйымдар жинағы - дiн деп аталады. Мұхаммед алейһиссаламға берiлген дiн – Ислам дiнi деп аталады. Қазiргi таңда əлемде өзгермей сақталған бiр ғана дiн бар. Ол – Ислам дiнi. Бейбiтшiлiк пен тыныштыққа, рахатқа қауышу үшiн Ислам дiнiнiң əмiрлерiне сəйкес əрекет етуiмiз, яғни мұсылман болуымыз қажет. Мұсылман болу үшiн ешбiр имамға, немесе муфтиге барудың қажетi жоқ. Əуелi жүректен иман ету керек. Содан соң Ислам дiнiнiң əмiрлерi мен тый-ымдарын бұлжытпай орындау керек.

Иман келтiру үшiн əуелі кəлима-и шаһадатты айтып, һəм мағынасын бiлу керек. Бұл сөздiң мағынасына тура сену үшiн де əһли сүннет ғұламалары жазған кiтаптарға сəйкес сену керек. Əһли сүннет ғұламаларының жазғандарын ұстанғандарға жүз шəһидтiң сауабы берiледі. Ислам дүниесiндегi негiзгi төрт мазһабтың ғұламалары əһли сүннет ғұламалары болып табылады. Иманнның шарттары «Иман жəне Ислам» атты кiтапта кеңiнен түсiндiрiлген. Сол кiтапты оқуыңызға кеңес беремiз.

Қазiргi таңда əлемдегi мұсылмандар үш топқа бөлiнген. Бірінші топ - сахабалардың жолын ұстанған шынайы мұсылмандар. Бұлар Əһли сүннет немесе Фирқайи Нажийа, яғни «тозақ азабынан құтылған топ» деп атала-ды. Екiншi топ - сахабаларға дұшпан болғандар тобы. Бұлар шиа (шиит) немесе фирқайи заллə, яғни «адасқан топ» деп аталады. Үшiншi топ - əһли сүннетке де, шиаларға да дұшпан болғандар тобы. Бұлар Уаһһаби немесе Нəжди деп аталады. Өйткенi бұлар алғаш рет Арабияның Нəжд қаласында пайда болған. Бұл топты фирқайи малъуна, яғни «қарғыс атқан топ» деп те атайды. Өйткені уаһһабилердің мұсылмандарды мүшрик (кəпір) деп атай-тыны «Қиямет жəне Ахырет» жəне де «Саадати Əбəдия» кітаптарымызда

Page 4: Namaz kitabikz

- 6 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 7 -

НАМАЗ КІТАБЫ

келтірілген. Ал мұсылманға кəпiр дегендерге Пайғамбарымыз лағнет айтқан. Мұсылмандарды осы үш топқа айырғандар еврейлер мен ағылшындар бола-тын.

Қай топтан болмасын, нəпсiсіне ерген, жүрегi қарайған əрбiр мұсылман тозаққа кiруге лайықты болады. Сондықтан да əр бір мұсылман нəпсiсiн та-зарту үшiн əрдайым Лə илаһə иллаллаһ кəлимасын, ал жүрегін шайтан-нан, жаман достан, жəне зиянды кітаптардан жұққан күпірден, күнəлардан құтқару үшiн əрдайым Астағфируллаһ деп айтуы қажет. Ислам дiнiне сай əрекет ететiн мұсылманның дұғалары күмəнсiз қабыл болады. Намаз оқымайтын, ашық-шашық əйелдерге қарайтын, харам iшiп-жейтіндердiң ислам дiнiне сəйкес əрекет етпегендiктерi анық. Олардың дұғалары қабыл болмайды.

Иман келтiргеннен кейiнгi ең маңызды Аллаһтың əмiрi - намаз болып табылады. Бес уақыт намаз оқу - əр мұсылманға фарзи айн. Оқымау - үлкен күнə. Ханбали мазһабында тіпті күпір болып есептеледi. Намазды толық əрi дұрыс оқу үшiн алдымен намаз ілімін үйрену қажет.

Дiнiмiздегi əмiр етiлген намазды осы кiтапта қысқа əрi нұсқа жазуды жөн көрдiк. Көптеген ислам ғұламаларының кiтаптарынан пайдалана оты-рып, дайындаған бұл кiтабымызды əрбiр мұсылман мiндеттi түрде оқуы, əрi балаларына үйретуі қажет. Намазын дұрыс оқу үшiн намазда оқылатын сүрелер мен дұғаларды жаттау керек. Ең болмаса, намаз оқуға қажеттi дұғалар мен сүрелердi арапшаны жақсы оқи алатын бiр ұстаздан немесе жақын жора-жолдасынан үйренуi тиiс. Құран Кəрiмдi дұрыс оқу үшiн Құран Кəрiм оқытатын курстарға баруы аса маңызды. Құран Кəрiмдi міндетті түрде дұрыс оқуды үйрену əрi перзенттерiне де үйрету əрбір мұсылманның міндеті. Құран Кəрiмдi басқа алфавит əрiптерiмен дұрыс жазу мүмкiн емес. Дұрыс оқу үшiн міндетті түрде арап алфавитінде оқуы керек. Бұл жайын-да Пайғамбарымыз: «Перзентiне Құран Кəрiм оқуды үйреткенге немесе Құран Кəрiм үйрететiн ұстазға жiбергенге, Құран Кəрiмнiң үйретілген əрбiр əрпi үшiн Қағбаны он рет зиярат еткеннiң сауабы берiледi. Əрi қиямет күнi басына тəж кигiзiледi. Барша адам баласы оған қызыға қарайды» - деп бұйырған.

Аллаһу та’ала баршамызды дұрыс, тура иман келтiрген, намазын кемшiлiксiз толық оқитын, игi, қайырлы iстердi iстейтiн құлдарынан қылғай! Амин.

Хасан Яваш

Милади Хиджри шамси Хиджри қамари2011 1389 1432

МАЗМҰНЫ

Кiрiспе ................................................................................................................................. 4

Намаз - ұлы əмiр ................................................................................................................. 12

Бiрiншi бөлiм

Иманымыз жəне намаз ....................................................................................................... 16

Əркiм əуелi иман ету керек ............................................................................................... 16

Иман шынайы болуы тиiс ................................................................................................. 17

Əһли сүннет ақидасы (сенiмi) .......................................................................................... 19

Иманның шарттары .......................................................................................................... 21

1. Аллаһу та’алаға сену ................................................................................................. 21

Заттық жəне Субути сипаттары ....................................................................................... 22

2. Перiштелерге иман ..................................................................................................... 23

3. Кiтаптарына сену ....................................................................................................... 24

4. Пайғамбарларға иман ................................................................................................. 25

5. Ахыретке иман ........................................................................................................... 31

6. Тағдырға иман ............................................................................................................. 32

Екінші бөлім

Ғибадат жəне намаз .......................................................................................................... 34

Ғибадат дегеніміз не? ........................................................................................................ 34

Мүкəллəф деп кімді айтамыз? ......................................................................................... 35

Мүкəллəфтің міндеттері ................................................................................................... 35

1. Фарыз ........................................................................................................................... 35

2. Уəжіп ........................................................................................................................... 36

3. Сүннет ......................................................................................................................... 36

4. Мустаһаб ..................................................................................................................... 36

5. Мубах ........................................................................................................................... 37

6. Харам ............................................................................................................................ 37

7. Мəкрух ......................................................................................................................... 38

8. Муфсид ........................................................................................................................ 38

Исламның шарттары ......................................................................................................... 39

1. Кəлимаи шаһадат айту ............................................................................................... 39

2. Намаз оқу ..................................................................................................................... 39

3. Зекет беру .................................................................................................................... 40

4. Ораза тұту ................................................................................................................... 40

5. Қажға бару ................................................................................................................... 40

Page 5: Namaz kitabikz

- 8 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 9 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Үшінші бөлім

Намаз оқу ............................................................................................................................ 41

Намаз оқу кiмдерге парыз? ................................................................................................ 42

Намаз оқитындардың халі .................................................................................................. 43

Оқиға: Қамаудан құтқарған намаз ..................................................................................... 43

Оқиға: Үйi жанған болатын .............................................................................................. 44

Оқиға: Қазандағы су .......................................................................................................... 44

Оқиға: Аяққа қадалған жебе ............................................................................................. 45

Оқиға: Ес тандыратын дəрi ............................................................................................... 45

Оқиға: Намаз үшiн аянбау ................................................................................................. 46

Төртiншi бөлiм

Намаздың түрлерi, нəпіл намаздар ................................................................................... 47

Бес уақыт намаз .................................................................................................................. 47

Намаздың парыздары ......................................................................................................... 49

Намаз сыртындағы парыздар ............................................................................................ 49

1. Хадестен таһарат ......................................................................................................... 51

Дəреттiң парыздары ........................................................................................................... 51

Дəрет қалай алынады? ....................................................................................................... 52

Дəреттiң сүннеттерi ........................................................................................................... 54

Дəреттiң əдептерi ............................................................................................................... 55

Дəрет алғанда тыйым салынған жағдайлар ..................................................................... 56

Мисуак қолдану .................................................................................................................. 57

Дəреттi бұзатын жағдайлар ............................................................................................... 58

Дəреттi бұзбайтын жағдайлар ........................................................................................... 59

Дəрет үшiн жеңiлдiктер (мəсi жəне жараға мəсих) ......................................................... 60

Науқастанған кездегi намаз .................................................................................61, 116, 150

Ғұсыл ................................................................................................................................... 62

Ғұсылдың парыздары жəне сүннеттерi ............................................................................ 62

Ғұсыл қалай алынады? ...................................................................................................... 63

Ескерту: пломба жəне қаптама тiсi болғандар ................................................................. 63

Басқа мазһабты тақлид ету ............................................................................................... 64

Хайз жəне нифас ............................................................................................................... 65

Тəйəммум ............................................................................................................................ 66

Тəйəммумның парыздары, Тəйəммумның сүннеттерi ................................................... 66

Тəйəммумда мына нəрселерге көңiл бөлу керек ............................................................ 67

Тəйəммум қалай алынады? .............................................................................................. 68

Тəйəммумды бұзатын жағдайлар ..................................................................................... 69

Дəрет, ғұсыл жəне тəйəммумнiң пайдалары .................................................................... 69

2. Нəжiстен таһарат ........................................................................................................ 71

Ауыр нəжiс. Жеңіл нəжіс .................................................................................................. 71

Истинжа .............................................................................................................................. 72

Истибра ............................................................................................................................... 73

3. Сатр-и аурет (əурет жерлерімен əйелдердiң хижабы) .............................................. 73

4. Истиқбалы қыбла. (Қыблаға қарау) ........................................................................... 77

5. Намаз уақыттары ......................................................................................................... 77

Таң намазының уақыты ..................................................................................................... 77

Бесін намазының уақыты .................................................................................................. 78

Екінді (намаздыгер) намазының уақыты ........................................................................ 78

Ақшам (шам) намазының уақыты ..................................................................................... 78

Құптан жəне үтір намаздарының уақыты ......................................................................... 78

Полюстерде намаз жəне ораза .......................................................................................... 79

Ораза тұтуды бастау уақыты (имсак уақыты) ................................................................. 79

Азан мен қамат ................................................................................................................... 79

Ескерту: азан микрофонмен айтыла ма? .......................................................................... 81

Азанның оқылуы ................................................................................................................ 82

Азан дұғалары .................................................................................................................... 82

Азан сөздерiнiң мағыналары ............................................................................................. 82

6. Ниет ........................................................................... .................................................. 83

7. Тахрима тəкбiрi ........................................................................................................... 84

Намаздың iшiндегi парыздары (рүкiндері) ..................................................................... 84

1. Қиям ............................................................................................................................. 84

2. Қыраат ......................................................................................................................... 84

3. Рүку .............................................................................................................................. 85

4. Сəжде ........................................................................................................................... 85

5. Соңғы отырыс (қаъдаи ахир) ..................................................................................... 86

Намаз қалай оқылады? ...................................................................................................... 87

Жалғыз оқитын ер адамның намазы ............................................................................... 87

Жалғыз оқитын əйелдiң намазы ....................................................................................... 89

Намаздың уəжiптерi .......................................................................................................... 89

Сəһу сəждесін қажет ететін жағдайлар ........................................................................... 91

Тилəует сəждесi ................................................................................................................. 91

Шүкiр сəждесi .................................................................................................................... 92

Page 6: Namaz kitabikz

- 10 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 11 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Намаздың сүннеттерi ........................................................................................................ 92

Намаздың мустаһабтары .................................................................................................. 93

Намаздың мəкрухтары ....................................................................................................... 94

Намаз сыртында мəкрух болған нəрселер ...................................................................... 95

Намазды бұзатын нəрселер (муфсидтері) ........................................................................ 95

Əр намазды бұзуды мубах қылған нəрселер ................................................................... 96

Əр намазды бұзуды парыз қылатын нəрселер ................................................................ 96

Жамағатпен намаз оқу .......................................................... ............................................ 97

Имамдықтың шарттары ................................................................................................... 97

Имамға ұюдың он шарты бар ........................................................................................... 99

Масбуқтың намазы ............................................................................................................ 100

Тахрима (ифтитах) тəкбірінің құндылығы ....................................................................... 102

Оқиға: Сарайға салынған мешiт ....................................................................................... 103

Жұма намазы .......................................................... ........................................................... 104

Жұма намазының парыздары ........................................................................................... 105

1- Жұманың орындалу шарттары ................................................................................. 105

2- Жұманың Вужуб шарттары ....................................................................................... 106

Жұма намазы қалай оқылады? .......................................................................................... 106

Жұма күнiнің сүннеттері мен əдептерi ............................................................................ 107

Айт намаздары ................................................................................................................... 107

Айт намазы қалай оқылады? ............................................................................................ 108

Ташриқ тəкбiрлерi ............................................................................................................. 108

Өлiмге дайындық ............................................................................................................. 109

Өлiмдi қалай түсiнуге болады? ........................................................................................ 110

Өлiм хақ .............................................................................................................................. 110

Жаназа намазы .................................................................................................................. 110

Жаназа намазының парыздары жəне сүннеттерi ........................................................... 111

Жаназа намазы қалай оқылады? ...................................................................................... 111

Тарауих намазы ................................................................................................................. 112

Бесiншi бөлiм

Жолаушының намазы ....................................................................................................... 113

Науқастанған кездегi намаз .............................................................................................. 116

Қаза намаздары .................................................................................................................. 119

Түсiнiктеме: сүннеттер орнына қаза оқыла ма? ............................................................. 121

Қаза намаздары қалай оқылады? ..................................................................................... 122

Алтыншы бөлім

Намаз оқымайтындар ........................................................................................................ 124

Намаз оқитындардың дəрежесі ........................................................................................ 126

Намаздың ақиқаты ............................................................................................................ 130

Намаздағы үстемдіктер ..................................................................................................... 132

Намаздың сыры ................................................................................................................. 134

Намаздан кейiнгi дұға ....................................................................................................... 136

Намаздың хикметтерi (намаз жəне денсаулығымыз) .................................................... 138

Жетiншi бөлiм

Намаз исқаты (Өлген кiсiнiң қарыздарын өтеу) ............................................................. 140

Исқат жəне дəуір қалай өтеледi? ..................................................................................... 142

Сегізінші бөлім

Отыз екi жəне елу төрт парыз .......................................................................................... 148

Отыз екi парыз ................................................................................................................... 148

Елу төрт парыз ................................................................................................................... 150

Күпiр бабы .......................................................................................................................... 152

Үлкен күнəлар .................................................................................................................... 167

Əһли сүннет ақидасында болу үшін мына жайттарға мəн беру керек ......................... 170

Тоғызыншы бөлiм

Намаз сүрелерi жəне дұғалары ......................................................................................... 174

Сүре жəне дұғаларды кирилл əріптерімен жазуға бола ма? .... ..................................... 174

Намаз сүрелерiнiң мағыналары ....................................................................................... 174

Намаз дұғаларының мағыналары ..................................................................................... 179

Истиғфар дұғасы ............................................................................................................... 181

Намазда сүрелердің оқылу тəртібі .................................................................................. 182

Page 7: Namaz kitabikz

- 12 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 13 -

НАМАЗ КІТАБЫ

НАМАЗ - ҰЛЫ ƏМIР

Адам алейһиссаламнан берi əрбiр дiнде белгiлi бір уақытта орын-далатын намаздар болған. Сол ғибадаттардың барлығы жинақталып, Мұхаммед алейһиссаламның үмбетiне парыз етiлдi. Намаз оқу иманның шарты емес. Алайда намаз оқудың парыз екендiгiне сену иманның шарты болып табылады.

Намаз - дiннiң тiрегi. Намазын үзбей, əрi қатесiз оқитын адам ислам ғимаратын тұрғызғанмен бірдей болады. Ал оқымағандар керісінше ислам ғимаратын құлатқанмен бірдей болып саналады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Дiнiмiздiң басы, негiзi – намаз» деп намаздың өзектiлiгiне мəн берген. Бассыз адам болмағандай, намазсыз да дiн болмайды. Намаз – Ислам дiнiнде иманнан кейiнгi орындалуы қажеттi парыз. Аллаһу та’ала құлдарының тек өзiне ғана құлшылық жасауы үшiн намазды парыз қылды. Құран Кəрiмде жүзден астам аятта «Намаз оқыңдар» деген əмiр кездеседi. Хадис шəрифте: «Аллаһу та’ала, əр күнi бес уақыт намаз оқуды па-рыз қылды. Бес уақыт намазына ерекше мəн берiп, шарттары-на сəйкес оқыған мұсылманды пейiшке кiргiзетiндiгiне Аллаһу та’ала уəде бердi», - деп айтылады. Намаз – дiнiмiзде орындалуы əмiр етiлген ғибадаттардың ең құндысы. Бір хадис шəрифте: «На-маз оқымағанның ислам дiнiнен нəсiбi жоқ» – деп айтылған. Тағы бiр хадис шəрифте: «Мұсылман мен кəпiрдiң арасындағы айырмашылық – намаз»- деп, намаздың маңыздылығы мен өзектiлiгi атап көрсетілген. Яғни иман келтiрген құл намаз оқиды, ал кəпiр намаз оқымайды. Мұнафиқ (екi жүздi) бiрде оқыса, бiрде оқымайды. Мұнафиқ тозақта қатты азап шегедi. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Қиямет күнi намаз оқымағандарға Аллаһу та’ала ашулы, қаһарлы түрде мəмiле жасайды» - деп ескерткен.

Намаз оқу - Аллаһу та’аланың ұлылығын аңғару, əрі Оның құзырында қаншама əлсіз екенімізді түсiну. Бұны жете түсiнген адам əрқашан жақсылық жасайды. Жамандықтан аулақ болады. Күнде Жаратқан иесiнiң құзырында бес рет болуды ниеттенген жанның жүрегi ықыласқа толы болады. Намазда орындалуы əмiр етiлген əрбiр əрекет адамның жүрек тазалығына əрi денесiне пайдалы əсерін тигізеді.

Мешiтте жамағатпен намаз оқу - мұсылмандардың бiр-бiрiне деген сүйiспеншiлiгiн арттырады. Бiр-бiрiне бауыр екендiктерiн аңғартады. Жастар үлкендердi құрметтейдi. Байлар кедейлерге, қуаттылар əлсіздерге жəрдем бередi. Мұсылмандар жамағат ара-сында көре алмаған сырқат бауырларын іздестіріп, үйiне барады. «Дiн бауырына жəрдем беруге асыққанның жəрдемшiсi - Аллаһу та’ала» деген хадистегi сауапқа қауышу үшін бiр-бiрімен жарыса-ды.

Намаз адам баласына тыйым салынған, жағымсыз iс-əрекеттердi iстеуден бас тартқызады. Күнəларға кəффарат (өтеу) болады. Бұл жайында хадис шəрифте: «Бес уақыт намаз - үйiңіздің алдынан ағып жатқан өзен секiлдi. Ол өзенге күнiне бес рет жуынған адамның кiрі кетіп, күнəлары кешіріледі» - делінген.

Намаз Аллаһу та’ала жəне оның елшiсiне иман келтiруден кейiнгi күллi ғибадаттардың ең абзалы. Сондықтан намазды па-рыздарына, уəжiптерiне, сүннеттерi мен мустаһабтарына назар ау-дарып, кемшiлiксiз орындау қажет. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Ей үмбетiм! Ей сахабаларым! Кемшiлiксiз оқылған намаз - Аллаһу та’ала əмiр еткен ғибадаттардың ішіндегі ең абзалы, ең ұлысы! Пайғамбарлардың сүннетi. Перiштелердiң сүйгенi. Бiлiмнiң, жетi қабат көктiң нұры. Дененiң қуаты. Рызықтың берекетi. Дұғаның қабыл болуына себепшi. Əзiрейiлдiң құзырында шапағатшы. Қабiрде жарық. Мүнкəр-Нəкiрге берiлер жау-ап. Қияметте көлеңке. Тозақ отына қалқан. Сырат көпiрiнен найзағай секiлдi өтуiңе жəрдемшi. Жəннаттың кiлтi. Пейiште басыңа тəж. Аллаһу та’аланың иманды құлдарына берген ең ұлы сыйлық. Егер намаздан да абзал өзге бір ғибадат болғанда, Аллаһ иманды құлдарына алдымен соны бiлдiрер едi. Күллi перiште атаулының кейбірі қиямда, кейбірі рүкуде, кейбірі сəждеде, кейбірі де ташаһһудте. Мұның барлығын бiр-ақ рəкат намазға сыйғызып, мұсылмандарға сыйға тартты. Өйткенi, намаз - иманның басы, дiннiң тiрегі, Исламның нағыз өзi. Момынның миғражы. Көктiң нұры. Тозақтан құтқарушы».

Бiр күнi хазреті Əли (радыяллаһу анһ) екiндi намазын өткiзiп алады. Бұл ісіне өте қатты қайғырып, өзiн-өзi кiнəлап қатты қапа бол-ды. Егiлiп жылап, көз жасын төктi. Пайғамбарымыз алейһиссалам бұл туралы естiген соң, сахабаларымен бiрге хазреті Əлиге барып оның халiн көрiп Пайғамбарымыз да жылай бастады. Дұға еттi. Сол сəтте күн қайта көтерiлiп Расул алейһиссалам: «Ей, Əли, басыңды

Page 8: Namaz kitabikz

- 14 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 15 -

НАМАЗ КІТАБЫ

көтер, күн əлi батпады» – дедi. Хазреті Əли бұған қуанып, намазын оқыды.

Хазреті Əбу Бəкiр Сыддық (радыяллаһу анһ) бiр түнi өте көп ғибадат етiп, нəтижеде үтiр намазын оқымастан ұйықтап қалады. Таң намазы болғанда Пайғамбарымызға алейһиссалам келiп: «Ей Аллаһтың елшiсi! Маған көмектес, үтiр намазым қаза болып қалды» - деп қайғырып жылады. Оған қосылып Пайғамбарымыз алейһиссалам жылай бастады. Сол кезде хазреті Жəбрейiл келiп: “Ей Аллаһтың елшiсi! Əбу Бəкiр Сыддыққа айт, оны Аллаһу та’ала кешiрдi”- дедi.

Атақты əулиелердiң бiрi Баязид Бистами бiр күнi қатты ұйқы ба-сып, таң намазына тұра алмайды. Бұған қатты қайғырып, тəуба етіп, жылап жатқан кезінде бiр дауыс естидi: «Ей Баязид, бұл кемшiлiгiңдi кешiрдiм, осы көз жасымен жасаған тəубаңның берекетi үшiн саған тағы да жетпiс мың намаздың сауабын бердiм». Бiрнеше ай өткен соң тағы да таң намазында ұйықтап қалады. Шайтан келiп: “Тұр, намазың қазаға қалып қояды, тұр”- деп оята бастайды. Сол кезде хазреті Баязид былай дейдi: “Ей, лағынеттелген шайтан, сен бұл iстi қалайша iстеп тұрсың? Сен əркiмнiң намазын оқымауы үшiн, қазаға қалдыруы үшiн тырысатын едiң, менi қалайша оятып тұрсың?”. Шайтан былай жауап береді: “Сен өткенде, таң намазын қаза етiп қойған күнi, жылап жетпiс мың намаздың сауабын алған едiң. Бүгiн соны ойлап, бiр-ақ уақыт намаздың сауабын алсын деп сенi ояттым, оның орнына жетпiс мың намаздың сауабын алып қоймасын дедiм.”

Мəшһур əулиелердiң бiрi болған Жунайд Бағдади былай деген едi: “Бұл дүниенiң бiр сағаты - қияметтiң мың жылынан жақсырақ. Өйткенi бұл бiр сағатта iзгi, жақсы iстердің көбiн iстеуге болады, ал қияметтегi мың жылда еш нəрсе жасай алмайсың”.

Пайғамбарымыз алейһиссалам бiр хадисiнде былай деген: «Бiр кiсi бiле тұра бiр намазы мен екiншi намазын бiрiктiрсе, яғни қазаға қалдырса, сексен хуқбə тозақта жанады». Бiр хуқбə ахыреттің сексен жылына тең. Олай болса, ей, дiні бір бауырым! Уақытыңды бос əрi пайдасыз нəрселермен өткiзбе. Уақыттың қадiрiн бiл. Уақытыңды iзгi iстер iстеуге сарып ет. Сүйiктi Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Қайғының, бəленiң үлкенi уақытын босқа өткiзу»- деп айтып өткен. Намазыңды уақытында оқып, мол сауаптарға қауыш. Қиямет күнi өкініп қалма. Хадис шəрифте: «Намазды уақытында оқымай, қаза қылған адам қазасын өтеместен өлiп кетсе, оның қабiрiне тозақтан жетпiс терезе ашылып, қияметке дейiн азап-талады».

Кiмде-кiм намазын уақытында бiле тұра оқымаса, яғни намаз уақыты өтiп бара жатса да еш уайымдамайтын болса, дiннен шығады немесе өлiм алдында имансыз кетедi. Ал намазды ойламайтындар, оның парыз екендiгiн де бiлмейтiндердiң халi не болмақ? Намаздың өзіне мiндет екендiгiн бiлмейтiн кiсiлердiң “муртəд”, яғни кəпiр екендiгiн төрт мазһабтың барлық ғұламалары бір ауыздан айтқан. Намазды бiле тұра оқымайтын, қазасын оқуды да ойламайтын, əрi бұл үшiн азапталудан да қорықпайтын кісінің “муртəд”, яғни кəпiр болатыны туралы Абдулғани Наблусидың “Хадиқат-ун-нəдийя” кiтабының “Тiлдiң апаттары” атты бөлiмiнде жазылған.

Имам Раббани «Мəктубат» кiтабының 1-том, 275-хатында былай дейдi: «Сiздердiң бұл нығметке қол жеткізулерiңiздің негізгі себебі – Ислам дiнiн үйрету жəне фиқһи мəселелердi кеңiнен түсiндiруіңіз болды. Ол жерлерде надандық үстемдiк құрып, бидғаттар жайылды. Аллаһу та’ала Ислам дiнiн жаюда сiздердi себепшi қылды. Олай бо-латын болса, дiни мағлұматтарды үйретуге əрi фиқһи мəселелердi жаюға қолыңыздан келгенше жəрдем беруге тырысыңыз. Аталған екеуi – барша бақыттың бастауы, дамудың негiзi, тозақтан құтылуға жəрдемшi. Бұл жолда бар күш-қайратыңызды жұмсаңыз! Дiн өкiлi ретінде өзiңіздi танытыңыз! Ол жердегiлерге жақсылық жасауды əмiр етiп, жамандықтан тыйыңыз. Тұра жолды нұсқаңыз. Музам-мил сүресінің 19-шы аятында: «Раббыңның разылығына қауышу үшін бұл əлбетте бір насихат»- деп бұйырылды».

Page 9: Namaz kitabikz

- 16 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 17 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Бiрiншi бөлiм

ИМАНЫМЫЗ жəне НАМАЗƏркiм əуелi иман ету керек

Аллаһу та’ала адамдардың жарық дүниеде рахат жəне тыныш өмiр сүрулерiн, ахыретте де мəңгі бақытқа қауышуларын қалайды. Осыған байланысты, бақытқа жетуге себепшi болатын пайдалы нəрселердi iстеудi əмiр еттi. Аллаһу та’аланың бiрiншi əмiрi - иман ету. Иман ету бүкiл адамзатқа ауадай қажет. «Иман» сөзі сөздiкте бiр адамды анық бiлу, оған сену деген мағынаға келедi. Иманның терминдiк мағынасы болса, Мұхаммед алейһиссаламның Аллаһтың пайғамбары болғандығын жəне оның тарапынан таңдалған хабар берушi Нəби болғандығын дұрыс бiлу жəне сене отырып айту. Аллаһу та’ала қысқаша бiлдiргенге солай сенiп, ауқымды бiлдiргендерiне жан-жақты сену жəне күшiнiң жеткенiнше «Кəлима-и шаһадат»ты тiлмен айту. «Иман» деп - оттың жандыратынына, улы жыланның шағып өлтiретiнiне шын жүрегiмiзбен сенiп қашатынымыз сияқты, шын көңiлiмiзбен Аллаһу та’аланы жəне сипаттарын жақыннан та-нып, бiлiп, Оның разылығына жəне жамалын көру үшiн жан салып кiрiсу, азабынан қашу жəне иманды мəрмəр тастың үстiне қашалып жазылған жазу сияқты дұрыстап, мықтылап жүректе орналастыруды айтамыз.

Иман - Мұхаммед алейһиссаламның айтқандарының барлығына сүйсiнiп, жүректiң тасдиқ (дұрыстауы) етуi, яғни сенуі. Осылайша сен-ген адамдар «мүмин» жəне «мұсылман» делiнедi. Əрбiр мұсылман хазреті Мұхаммед алейһиссаламға мойынсұнып, оның көрсеткен жолында жүруi керек. Оның жолы Құран Кəрiмнiң көрсеткен жолы. Бұл жол «Ислам» делiнедi. Оған мойынсұну үшiн ең алдымен иман етіп, кейiн «ислам үкiмдерiн», яғни мұсылманшылықты жақсылап үйрену керек. Одан кейiн сүннеттердi орындап, мəкрухтерден бой-ымызды аулақ ұстауымыз керек. Бұлардан кейiн мубахтарда да пайғамбарға мойынсұнуға тырысуымыз керек. Дiнiмiздiң негiзi иман. Иманы болмағанның ешбiр құлшылығын жəне жасаған жақсылығын Аллаһу та’ала қабыл етпейдi. Мұсылман болуды қалаған адам ал-дымен иман етуi, кейiн ғұсыл, дəрет, намаз жəне керегiнше басқада парыздарды үйренуi қажет.

Иман шынайы болуы тиiс

Сезiм мүшелерi жəне ақыл қамтыған мағлұматтар иманға қауышуға жəрдемшi болады. Пəн ғылымы əлемдегi жүйенiң теңдiгi өздiгiнен болмағандығын жəне əлбетте бiр жаратушының бар екендiгiн түсiнуге, бiлуге жəне иман нұрына қауышуға шақыруда. Иман соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссаламның Аллаһу та’ала тарапынан əкелген мағлұматтарын үйрену жəне сену. Сену ке-рек болған мағлұматтарға «ақылға сыйымды болса сенемiн» деу пайғамбарға сенбеу болып табылады. Дiни үкімдер ақыл иелерiнiң тапқан нəрселерi емес. Сондықтан, пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам хабар берген нəрселерді Əһли сүннет ғұламаларының кiтаптарынан үйренуіміз керек. Шынайы иман иесi болу үшiн мына шарттарға мойынсұну керек.

Иман əрдайым жəне мықты болу керек. Бiр мезет айы-1. рылып қалуды ойымызға алмауымыз керек. Үш жылдан кейiн мұсылмандықтан шығамын деген адамның сол мезеттен бастап има-ны кетiп, мұсылмандықтан шыққан болып есептеледi.

Мүминнiң иманы, қорқу мен үмiттiң арасында болуы керек. 2. Аллаһу та’аланың азабынан қорқу қажет. Бiрақ рахметiнен бiр ме-зет болсын үмiттi үзбеу керек. Күнəнi iстеуден сақтанып, иманнан ажырап қалудан қорқу керек. Сонымен қатар, қаншама көп күнə iстеген болсақ та, Аллаһтың кешiрiмдiлiгiнен еш үмiт үзбеуіміз, күнəларымыз үшiн тəубе етуіміз керек. Өйткенi тəубе еткен адам, ешқандай күнə iстемегендей болады.

Жан (рух) алқымға келместен бұрын иман келтіру ке-3. рек. Жан алқымға келгенде, ахыреттiң бүткiл хал-жағдайлары көрсетiледi. Мiне, сол уақытта күллi кəпiрлер иман етудi қалайды. Алайда иманның, сенімнің ғайыпқа болуы, яғни көрместен сену шарт. Көрiнiп тұрған нəрсеге сену иман болмайды. Бiрақ бұл кезде мұсылманның тек тəубесi ғана қабыл болады.

Күн батыстан тумастан бұрын иман келтіру керек. Қияметтiң 4. үлкен белгiлерiнiң бiрi - күннiң батыстан шығуы. Мұны көрген бүкiл адамдар иман келтiредi. Бiрақ бұл имандары қабыл болмайды. Бұл кезде тəубе есiктерi жабылады.

Аллаһу та’аладан басқа ешкiмнiң де ғайыпты, жасырын 5. болған нəрселердi бiлмейтініне сенуiмiз керек. Яғни, ғайыпты жалғыз Аллаһу та’ала бiледi. Оған қоса, Оның бiлдiргендерi ғана бiледi. Перiштелер, жындар, шайтандар тiптi пайғамбарлар да

Page 10: Namaz kitabikz

- 18 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 19 -

НАМАЗ КІТАБЫ

ғайыпты бiлмейдi. Бiрақ пайғамбарларға жəне салих құлдарына ғайыптан мағлұмат берiлуi мүмкiн.

Дiннiң иманға жəне ғибадаттарға тəн үкiмiн қажетсiз деп 6. тауып бас тартуға болмайды. Ахками исламиядан, яғни исламның əмiрлері мен тыйымдарының бiрiн жеңiл көрiп, пайғамбарлардың бiрiн мазақ ету - күпiрлiк (сенбеушiлiк) болады. Аллаһу та’аланың бар екендiгiн, перiштелерді, ғұсыл мен намаздың парыз болғандығын өзгелердiң бопсалауымен қабылдамаймын деп айтқан адам кəпiр болмайды.

Ислам дiнiнiң анық бiлдiрген хабарларына еш күмəн 7. келтiрмеу қажет. Шарап жəне басқа да спирттi iшiмдiктердi iшудiң, құмар ойнаудың, пайызға ақша беру жəне алудың, пара берудiң ха-рам болғандығына күмəн ету, харам нəрсенi халал деу, халал болған нəрселерге де харам деу иманнан шығуға себеп болады.

Иман келтiрген құл, тек Аллаһ үшiн сүюi жəне тек Аллаһ 8. үшiн дұшпандық етуi керек. Яғни хубби филлаһ жəне буғди филлаһ шарт. Аллаһу та’аланың достары болып саналатын мұсылмандарды жақсы көруiмiз қажет. Жəне де Исламға қолы мен қаламымен, тағы да басқа жолдарменен дұшпандық істегендерге біз де дұшпан бо-луымыз тиiс.

Мұсылман болмаған, ғайри мұсылман болған отандастарымызға жəне саяхатшы өзге дін өкілдеріне жылы жүзбен қарап жақсы мəмiледе болуымыз керек. Көркем мiнез -құлығымызбен дiнiмiзге шақыруымыз қажет.

Иман - Ислам дiнi көрсеткендей болуы керек. Ақылдың түсiнгендiгiне, философтардың жəне өзгеде білгіштердің айтқанындай сену иман болмайды.

Пайғамбарымыз жəне сахабалары көрсеткен тура жолдың 10. нағыз мұсылмандары сияқты сену керек. Тура сенiмге ие болу үшiн, əһли сүннет уал жамағат сенiмiне сай иман ету керек. Əһли сүннет ғалымдарының жазған дiн кiтаптарына мойынсұнғандарға жүз шаһидтiң сауабы берiледi. Төрт мазһабтың кез келген ғалымына «Əһли сүннет ғалымы» делiнедi. Əһли сүннет ғалымдарының басы - Имам Ағзам Əбу Ханифа (рахметуллаһи алейһ). Бұл ғалымдар кітаптарына Сахабалардан (радыяллаһу анһум ажма-ин) үйренгендерiн жазған, сахабалар да бұларға Расулуллаһтан (алейһиссалам) есіткендерiн айтқан.

Əһли сүннет ақидасы (сенiмi)

Мұсылман болудың алғашқы шарты - иман ету. Ақыл-есi дұрыс жəне балиғат жасына жеткен еркектiң жəне əйелдiң бiрiншi мiндетi - əһли сүннет ғалымдарының кiтаптарында жазған иманға байланысты мағлұматтарды үйрену жəне оқығандарына сəйкес сену. Қиямет күнiнде жаһаннам (тозақ) азабынан құтылу солардың бiлдiргендерiне сенуге байланысты. Жаһаннамнан құтылатындар тек қана осылардың жолында жүргендер болады. Олардың жолда-рында жүргендерге «Сүнни» немесе «Əһли сүннет» делiнедi.

Бiр хадис шəрифте: «Менiң үмбетiм жетпiс үш топқа бөлiнедi. Бұлардан тек қана бiр бөлiмi тозақ азабынан құтылады, ал басқалары тозаққа түседі»- деп айтылған. Бұл жетпiс үш топтың əрбiрi исламға мойынсұнғандықтарын жариялауда жəне тозақтан құтылатындығы бiлдiрілген тек бiр топтың да өз топтары екендiгiн айтуда. Мүминун сүресi 54-ші жəне Рум сүресі 32- аятта: «Əр топ, тура жолда болғандығын ойлап сүйсiнуде» деп айтылған. Сондықтан да бұл əр түрлi топтар арасында құтылатын бiреуiнiң белгiлерiн Пайғамбарымыз алейһиссалам былай деп бұйырған: «Бұл топтағылар - мен жəне де асхабым жүрген жолда болғандар». Асхаби Кирамнан қандай да бiреуiн жақсы көрмейтiн адам əһли сүннеттен айрылған болады. Əһли сүннет итиқадында (сенімінде) болмағандар кəпiр немесе бидғат əһлi (жолдан азғандар) болады.

Əһли Сүннет ақидасында (сенiмiнде)

болудың белгiлерi

Аллаһу та’ала əһли сүннет ақидасына сəйкес иман еткен мұсылмандарға разы. Бұл сенімнің бiрнеше шарттарын Əһли сүннет ғалымдары былай деп түсiндiрiп бередi:

Иманның алты шартына, яғни Аллаһу та’аланың барлығына 1. жəне бiрлiгiне, серігі, теңі жоқтығына, перiштелерiне, кiтаптарына, пайғамбарларына, ахырет күнiне, жақсылық пен жамандықтың Аллаһу та’ала тарапанынан болатындығына сену керек. (Бұлар амəнтуде айтылған).

Аллаһу та’аланың соңғы кiтабы болған Құран Кəрiмнiң, 2. Аллаһтың сөзi болғандығына сену.

Мүмин өз иманына еш күмəн етпеуi керек.3.

Page 11: Namaz kitabikz

- 20 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 21 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Пайғамбарымызға иман етiп, тiрi кезiнде оны көру бақытына 4. жеткен сахабалардың барлығын өте жақсы көру керек. Төрт халифа-сына, жақын туған-туысқандары болған əһли бəйтiне жəне құрметтi əйелдерiнiң ешбiрiне тiл тигiзбеу керек.

Ғибадаттарды иманның бiр бөлiгi деп бiлмеу керек. Аллаһу 5. та’аланың əмiр етiп жəне тыйым салғандарына сенiп, ал шартта-рын жалқаулықпен iстемеген мүмiндердi кəпiр деп айтпау керек. Бірақ, харам-халалға мəн бермейтіндер жəне исламды мазаққа айналдырғандардың иманы кетедi.

Өзiн мұсылманмын деп есептеп, Аллаһу та’алаға жəне 6. Пайғамбары Мұхаммед алейһиссаламға сендiм дегенiмен жаңылыс сенiмде (адасқан секта) жүргендердi кəпiр демеу керек.

Өз-өзiне, иманына берiк болып ашық күнə істегені беймəлім 7. имамның артында тұрып намаз оқуға болады. Осы үкiм жұма мен айт намаздарын оқытатын əкімдер мен əмірлерге де тиiстi.

Мұсылмандар өздерін басқарып отырған басшыларына, 8. əмірлеріне мойынсұнуы қажет. Үкіметке бас көтеру фитнə болып са-налады жəне əр түрлі қайғы-қасыретке апарып соғады. Басшылардың, əмірлердің қателеспей елдi дұрыс басқаруы үшiн артынан қайырлы дұға етiп, харам, күнə істерден қайтару үшін тəтті сөзбен насихат айту керек.

Дəрет алғанда аяқта мəсi болса, су қолмен мəсих етуге бола-9. ды. Жалаң аяқ пен шұлықтың үстiнен мəсих етуге болмайды.

Пайғамбарымыздың миғражға жаны-тəнiмен бірге 10. шыққандығына сену қажет. Егер ол Пайғамбардың түсi дейтiн болса, əһли сүннеттен айрылған болады.

Жəннəтта мүмiндер Аллаһу та’аланы көредi. Қиямет күнiнде Пайғамбарлар мен Аллаһтың сүйiктi құлдары Аллаһтың рұқсат етуiмен шапағат ете алады. Қабiрде сұрақ сұралады. Қабiрдегi азап жан мен тəнге бiрдей беріледі. Əулиелердiң кереметi хақ. Керемет Аллаһу та’аланың сүйiктi құлдарына ғана нəсiп етілетiн ерекше қасиет. Қабiрге жерленген рухтар тiрi адамдардың сөздерiн еркiн есiте алады. Олардың артынан қайырлы дұға ету қажет. Жоғарыда аталғандар əһли-сүннеттегiлердiң ерекшелiктерi болып есептеледi.

ИМАННЫҢ ШАРТТАРЫ

Иманның шарты алтау. Бұлар амəнтуде ашықталып өткен. Иманның белгiлi алты нəрсеге сену екендiгiн Пайғамбарымыз айтқан. Осыған орай əрбiр мұсылман баласына алдымен амəнтуды жаттатып, мағынасын жақсылап үйрету керек.

АМƏНТУ: «Амəнту биллаһи уə Мəлаикəтиһи уə Кутубиһи уə Русулиһи уəл-яумил-ахири уə бил-қадари, хайриһи уə шəрриһи мин аллаһи таала уəл-баъсу баъдал мəути хаққун, Əшһəду ан лə илаһə иллаллаһ уə əшһəду əннə Мұхаммəдəн абдуһү уə Расулуһү».

Бiрiншi шартАллаһу та’алаға сену

Амəнту биллаһи: Аллаһу та’аланың барлығына жəне бiрлiгiне сендiм, иман еттiм, жүрегiммен растап (тасдиқ), тiлiммен айттым деген мағынаға келедi. Аллаһу та’ала бар жəне бiр. «Бiр» сөзiнiң сөздiкте екi түрлi мағынасы бар. Бiрiншiсi, сан жағынан екiнiң жар-тысы əрi сандардың алғашқысы. Екіншісі, сыңары жəне ұқсасы бол-мау жағынан бiр. Мiне, Аллаһу та’ала тек қана сан жағынан емес, ұқсасы болмау жағынан да бiр. Яғни затында жəне сипаттарында ешқандай сыңары жоқ. Барлық жаратылыстың заты жəне сипаттары өздерiн жаратқан құдіреттің затымен сипаттарына ұқсамағандығы сияқты, жаратқанның заты жəне сипаттары да жаратқандарынан ешбiрiнiң заты жəне сипаттарына ұқсамайды.

Бүкiл жаратылған əрбiр мүшенiң, клеткалардың жаратушысы, жоқтан бар етушiсi жалғыз Аллаһу та’ала. Аллаһу та’аланың затының ақиқатын, яғни қандай екенiн ешкiм бiлмейдi. Ол ойға, қиялға келетін ешбір нəрсеге ұқсамайды. Тек, Құран Кəрiмде баяндалған сипатта-рын, есiмдерiн жаттап, ұлылығына жүрекпен сенiп, тiлмен айту ке-рек. Барлық сипаттары мен есiмдерiнiң бастамасы да, соңы да жоқ.

Заты ешбiр жерде тұрмағандығы iспеттi, біз бiлетін алты жақта болудан да пəк. Яғни алда, артта, оңда, солда, төбеде, төменде емес. Ол əр жерде үнемi дайын жəне үнемi көрiп тұр деп айтуға болады.

Аллаһу та’аланың сипаттары он төрт. Алтауына заттық сипат, сегiзiне субути сипат делiнедi. Бұлардың мағыналарын бiлiп, жаттап алу қажет.

Page 12: Namaz kitabikz

- 22 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 23 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Заттық сипаттары

Вужуд:1. Аллаһу та’ала бар. Оның бар болуының бастауы жоқ. Уажибул вужуд, яғни бар болуы мiндеттi.

Қыдем:2. Аллаһу та’аланың барлығының бастауы жоқ. Бақи3. : Аллаһу та’аланың бар болуының соңы жоқ, мəңгi.Уаһданиат:4. Аллаһу та’аланың затында, сипаттарында жəне

істерінде ешқандай ұқсасы, ортағы, серiгi жоқ. Мұхаляфатун лил-хауадис:5. Аллаһу та’ала заты жəне си-

паттарында жаратылғандардың заты жəне сипаттарына ұқсамайды. Қиям би-нафсиһи:6. Ол өзінің затымен бар. Бар болуында

мекенге, заманға, материяға жəне еш нəрсеге мұқтаж емес. Керiсiнше барлық нəрсе Оған мұқтаж. Мекен, материя жоқ кезінде ол бар бола-тын. Осы əлемді жоқтан бар етпес бұрын заты қандай болса, мəңгілік солай қалады.

Субути сипаттары

Хаят:1. Аллаһу та’ала тiрi əрi мəңгi өмiр сүредi. Оның тірі болуы жаратқандарының тірлігіне ұқсамайды. Бұл ерекшелiгi өз за-тымен тұрақты. Яғни тiрi, үнемi мəңгi өмiр иесi. Бұл сипатының ба-стамасы да соңы да жоқ.

Ілім:2. Аллаһу та’ала ілім иесi. Жəне оның бiлiмi əр нəрсенi қамтиды. Оның бiлуi жаратылғандардың бiлуi сияқты емес, қап-қараңғы түнде құмырсқаның қара тастың үстiнде жүргенiн көредi жəне бiледi. Адамдардың жүрегiнен өткен ойларды, ниеттердi бiледi. Бiлуiнде ешбiр өзгерiс болмайды. Бастамасыз жəне шексіз ілім иесі.

Сəм:3. Аллаһу та’ала есітушi. Аспапсыз, шартсыз жəне себепсіз естиді. Оның естуi пенделерінің естуiне ұқсамайды, Ол бұдан пəк. Бұл сипаты да басқа сипаттары сияқты əбади жəне əзəли, яғни бастамасыз жəне соңсыз (мəңгі).

Басар:4. Аллаһу та’ала көруші. Əр нəрсенi өз затына тəн си-патымен көредi. Оның көруi көзбен емес.

Ирада5. : Аллаһу та’ала қалағанын қалауынша iстейдi. Əрбiр нəрсе оның қалауымен бар не жоқ болады. Қалауына тосқауыл болатын ешбiр күш жоқ.

Құдрет:6. Аллаһу та’аланың барлық нəрсеге күш-құдіретi жетедi. Ешқандай нəрсе оған қиын болмайды.

Кəлам7. : Аллаһу та’ала сөйлеуші. Сөйлеуi бiр құрал, аспап, əрiптер, дауыстар жəне тіл арқылы емес.

Тəкуин:8. Аллаһу та’ала жаратушы. Одан басқа жаратушы жоқ. Барлық нəрсенi ол жаратады. Аллаһу та’аладан басқаларына жарату етістігін қолданбау керек.

Аллаһу та’аланың сипаттарының ақиқаттарын түсiну (мухал) мүмкін емес. Ешбiр адам жəне ешбiр нəрсе Аллаһу та’аланың сипаттарына ортақ жəне ұқсас бола алмайды.

Екiншi шартПерiштелерге иман

Уə Мəлаикатиһи: Аллаһу та’аланың перiштелерiне сендiм дегені. Олар да Аллаһу та’аланың құлдары. Барлығы Аллаһу та’аланың əмiрлерiне мойынсұнады. Күнə iстемейдi. Еркек пен əйел болып бөлiнбейдi, үйленбейдi, iшiп-жемейдi, ұйықтамайды. Олар нұрдан жаралған, ақылды. Бұлардың ең үлкендері төртеу.

Жəбрейiл1. алейһиссалам. Перiштелердiң ең үлкенi. Аллаһ пен пайғамбарлар арасында елшiлiк жасау оның басты мiндетi.

Исрафил2. алейһиссалам. Қиямет күнi сура деген аспапты үрлеумен міндеттелген. Алғашқы үрлеуінде Аллаһу та’аладан басқа барлық тірі жан өледі, екіншісінде қайта тіріледі.

Микаил3. алейһиссалам. Табиғат құбылыстарын басқару, рызықтың жіберілуі, молшылық, тапшылық, қымбатшылық, арзаншылық жəне де əр бір затты əрекет еттірумен міндеттелген.

Əзрейіл 4. алейһиссалам. Адамдардың жанын алуға мiндеттелген.

Бұлардан соң төрт сынып перiште бар. Хамалаи Арш делiнген перiштелер де төртеу. Аллаһтың құзырында болатын перiштелерге Муқаррабин делiнедi. Азап перiштелерiнiң үлкендерiне Кəрубиян, рахмет перiштелерiне Руханиян делiнедi. Жəннат перiштелерiнiң үлкенiнiң аты Ридуан, Тозақ перiштелерiнiң үлкенiнiң аты Малик. Тозақ перiштелерiне Зəбани делiнедi. Саны жағынан ең көп болған махлұқ (жаратылыс) - періштелер. Көктерде олар ғибадат етпейтін бос жер жоқ.

Page 13: Namaz kitabikz

- 24 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 25 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Үшiншi шартКiтаптарына сену

Уə Кутубиһи: Аллаһу та’аланың түсiрген кiтаптарына сендiм дегені. Аллаһу та’ала бұл кiтаптарды кейбiр Пайғамбарға Жəбрəйіл атты перiште арқылы уахи етiп, яғни оқытып жiберiп отырған. Ал кейбiреулерiне “Лауха” үстіне жазулы күйiнде, кейбiреулерiне перiштесiз естiртiп түсiрдi. Барлығы Аллаһу та’аланың сөзi. Əзəли жəне əбəди болған бұл сөздер махлұқ емес, яғни жаратылмаған, ойдан шығарылмаған. Осы самауи кiтаптардан бiзге бiлдiрiлгенi жүз төрт дана. Олардан 10 суһуф Адам алейһиссаламға, 50 суһуф Шит алейһиссаламға, 30 суһуф Идрис алейһиссаламға, 10 суһуф Ибраһим алейһиссаламға, Таурат Мұса алейһиссаламға Зəбур Дауд алейһиссаламға, Iнжiл Иса алейһиссаламға, Құран Кəрiм Мұхаммед алейһиссаламға түскен.

Аллаһу та’ала адамдардың бұл дүниеде де, ахыретте де шексiз бақытқа жетуi үшiн алғашқы пайғамбар Адам алейһиссаламнан, соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссаламға дейiн көптеген пайғамбарлар арқылы кiтаптар түсiрген. Бұл кiтаптарда иман мен ғибадат негiздерi түсiндiрiлiп, адамдар мұқтаж болған əрбiр тақырыпта мəлімет берілген.

Бұлардың iшiнде Құран Кəрiм соңғы илаһи кiтап. Құран Кəрiм түскеннен кейiн басқа барлық илаһи (тəңiрлiк) кiтаптардың үкiмдерi жойылды. Жəбрейіл алейһиссалам Құран Кəрiмді Мұхаммед алейһиссаламға жиырма үш жыл бойы алып келді. Құран Кəрiм 114 сүре, 6236 аяттан тұрады. Бұл сандар кейбiр кiтаптарда басқаша жа-зылады. Оның себебi ұзақ аяттарды бiрнеше аят деп санағандықтан. Өйткенi Құран Кəрiм түскеннен берi ешбiр өзгерiске ұшырамаған, бұдан кейiн де өзгерiске ұшырамайды. Құран Кəрiм Аллаһу та’аланың сөзi. Мұндай кiтаптың адамдар тарапынан жазылуы мүмкiн емес.

Пайғамбарымыз көз жұмғаннан кейiн халифа хазреті Əбу Бəкiр Сыддық (радыяллаһу анһ) Құран Кəрiмнiң аяттарын жинақтады. Осы-лайша Мусхаф (Құранның кітап халі) пайда болды. Сахабалардың барлығы, бұл мусхафтың Аллаһ сөзi екендiгiн бiр ауыздан бiлдiрді. Үшiншi халифа хазреті Осман (радыяллаһу анһ) бұл мусхафтан тағы да алты дана жаздырып көбейттi. Сөйтiп əртүрлi аймақтарға жiберiлдi. Құран Кəрiмдi өзінен оқу керек. Басқа əрiптермен жазылғандар Құран Кəрiм делінбейді.

а) Құранды ұстайтын кезде дəреттi болу керек. Қыблаға қарап отырып мұқият оқу қажет.

б) Ықыласпен оқу керек.в) Əрбiр аятын асықпай, құрметпен, кітапқа қарап оқу керек. г) Тəжуид қағидаларына сай оқу керек.д) Оқығанының Аллаһ сөзi екендігін ойлау керек.ж) Құранның əмiр жəне тыйым салғандарына бағыну керек.

Төртiншi шартПайғамбарларға иман

Уə Расулиһи: Аллаһу та’аланың Пайғамбарларына сендiм деп айту. Пайғамбарлар халықты Аллаһ ұнатқан жолына қауыштыру, əрi тура жолды көрсету үшiн таңдалған адамдар. Бүкіл пайғамбарлар үмбеттерін бiр иманға шақырған, яғни бүкіл діндерде иманның шарты бірдей болған. Пайғамбарларда жетi сипаттың бар екендiгiне сенуiмiз керек.

Исмет:1. Күнə iстемеу. Пайғамбарлар үлкен болсын, кiшi бол-сын ешқандай күнə iстемейдi.

Аманат:2. Пайғамбарлар адамзат баласының ең сенiмдiлері. Ешқашан аманатқа қиянат жасамайды.

Садық:3. Пайғамбарлар сөйлеген сөздерiнде, iс əрекеттерiнде жəне əртүрлi қарым-қатынастарында турашыл жəне сенімді адамдар. Ешқашан өтiрiк сөйлемейдi.

Фетанат:4. Пайғамбарлар өте ақылды жəне парасатты адам-дар. Зағиптық, кереңдік сияқты кемшiлiктерi бар адамдардан жəне əйел затынан пайғамбар болмайды.

Əдiлет:5. Пайғамбарлар ешқашан зұлымдық жасамайды. Басқа біреудің, не өзінің абыройы үшін əділеттен бас тартпайды.

Таблиғ:6. Пайғамбарлар уағыздаған үкім-насихаттардың барлығын тек Аллаһу та’аланың бұйрықтарынан үйренген. Олар насихаттаған əмір жəне тыйымдардың ешбірін өз ойынан шығармаған. Бұйырылған нəрселердің барлығын өзі бойынша үмбеттеріне жеткізген.

Əмнул-азл: 7. Олар пайғамбарлық міндетінен алынбайды. Дүние мен ахыретте де пайғамбар болып қала береді.

Жаңа дiн мен үкiмдер əкелген пайғамбарлар Расул делiнедi. Жаңа дiнмен келмей, адамдарды өзiнен алдыңғы дiнге шақырған пайғамбарлар Нəби делiнедi. Пайғамбарларға иман ету - олар-

Page 14: Namaz kitabikz

- 26 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 27 -

НАМАЗ КІТАБЫ

ды бөлiп-жармай, барлығына бірдей, Аллаһу та’ала тарапы-нан таңдалған, садық, тура сөздi елшілер болғанына сену дегені. Олардың бiріне сенбеген адам, ешбiрiне сенбеген болып санала-ды. Пайғамбарлыққа қыруар еңбек ету, қиыншылық көру арқылы жетпейдi. Пайғамбарлық Аллаһ тарапынан ғана берiледi. Олардың нақты саны белгiлi емес. Жүз жиырма төрт мыңнан көп екендiгi айтылған. Бұлардың үш жүз он үшi Расул. Араларында алтауына Улул-азм пайғамбарлар делiнедi. Олар: Адам, Нұх, Ибраһим, Мұса, Иса, жəне Мұхаммед Мұстафа (алейһимуссалам). Пайғамбарлардың отыз үшiнiң аттары мəшһүр. Олар: Адам, Идрис. Шит, Худ, Салиһ, Ибраһим, Лұт, Исмайыл, Исхақ, Яқуб, Юсуф, Айюб, Шуайб, Муса, Харун, Хыдыр (Хызыр, Қыдыр), Юша бин Нун, Ильяс, Эляса, Зул-кифл, Шамун, Ишмоил, Юнус бин Мета, Давуд, Сулейман, Лоқман, Зəкария, Яхья, Узайр, Иса бин Марьям, Зұлқарнайн жəне Мұхаммед (алейһи уə алейһимуссалату уə сəлам).

Олардың тек жиырма сегiзiнiң есiмi Құран Кəрiмде айтылған. Зұлқарнайн, Узайр, Лоқман жəне Хыдырдың пайғамбар екендігі ғалымдар арасында екі түрлі айтылды. Мұхаммед Масум хазреттері “Мəктубат”тың 2-том, 36-хатында Хызыр алейһиссаламның пайғамбар екендiгiн білдірген хабарлардың басымырақ екені жазылған. Ал 182- хатында: «Хызыр алейһиссаламның адам бейнесiнде көрiнуi жəне кейбiр iстердi iстеуi, оның тiрi екендiгiн көрсетпейді. Аллаһу та’ала оның жəне көптеген пайғамбарлар мен əулиелердің рұхтарына адам кейпінде көрінулеріне рұқсат еткен. Сондықтан да оларды көру тірі екендігін білдірмейді» - деген.

Пайғамбарымыз Мұхаммед

алейһиссалам

Мұхаммед (алейһиссалам) пайғамбар - Аллаһу та’аланың елшiсi əрi пайғамбарлардың ең мəртебелiсi жəне соңғысы. Əкесiнiң аты Абдуллаһ, милади жыл санауымен 571 ж. сəуiр айының 20 күнiне сəйкес келетiн 12 рабиəл-əууəлде дүйсенбi күнi түнде Меккеде дүниеге келдi. Əкесi ол тумай тұрып қайтыс болған едi. Алты жа-сында анасы, сегiз жасында атасынан айрылды. Кейiн əкесінің інісі Əбу Талибтың қолында өстi. 25 жасында Хадишаға (Хадижат-ул Ку-бра) үйлендi. Одан төрт қыз, екi ұлы болды. Алғашқы ұлының аты Қасым едi. Сондықтан халық арасында Əбул Қасым деп те атал-ды. Қырық жасында Аллаһу та’ала тарапынан барлық адамзат пен

жындарға Пайғамбар екендiгi бiлдiрілді. Үш жылдан кейiн жалпы халықты ашық түрде имандылыққа шақыра бастады. Елу екi жа-сында бiр түнде Меккеден Кұдысқа (Иерусалим) жəне ол жерден көкке көтерiлдi. Бұл сапарына “Миғраж” деліндi. Миғражда жəннат пен тозақты жəне Аллаһу та’аланы көрдi. Осы түнде бес уақыт на-маз парыз болды. Тарихшылардың айтуына қарағанда Милади 622 жылы Аллаһтың əмiрiмен Меккеден Мадинаға көштi. Бұл көшке “Хижрет” делінді. Мəдина қаласының жанындағы Қуба ауылына келгендегi Рабиəл-əууəл айының сегiзi дүйсенбi күні, милади жыл санауы бойынша қыркүйек айының жиырмасыншы жұлдызына сəйкес келедi. Осы күннен бастап Хижри шəмси жыл санауы ба-сталды. Мұсылмандардың Хижри қамари жылы сол жылдың му-харрам айынан басталып, айдың жердi он екi рет айналуы бiр қамари жыл болып есептеледi. Хижри 11 (м.632 ж.) Рабиəл əууал айының он екiсi дүйсенбi күнi түскi уақыттан бұрын қайтыс болды. Қайтыс болған бөлмесiне жерлендi. Қайтыс болған кезiнде қамари жылмен 63, шəмси жыл санаумен 61 жаста едi.

Мұхаммед алейһиссалам ақ реңдi едi. Ол барлық адамдардың iшiндегi ең əдемiсi болатын. Əдемілiгiн баршаға көрсете бермейтiн. Ол əрқашан, дүниедегi барлық адамзаттан жəне болашақта келетiн адамдардың бəрiнен тұғыры биiк, мəртебесi жоғары адам. Балалық шағында саудагерлермен Шам тарапына екi рет сапар шегiп, Бус-ра деп аталатын жерден керi қайтқан. Одан басқа уақытта ешбір сапарға шықпаған. Ол оқуды, жазуды бiлмейтiн, яғни мектеп-медреседе оқымаған еді. Ешкiмнен сабақ алмады. Бiрақ барлық нəрсенi бiлетiн едi. Яғни не ойласа да, қандайда нəрсенi бiлгiсi кел-се, Аллаһу та’ала оған бiлдiретін едi. Жəбрейiл алейһиссалам атты перiште келiп, оған қалаған нəрсесiн айтатын. Пайғамбарымыздың қалбы, яғни мүбəрəк жүрегі нұр шашып, одан тараған ілім, мари-фат нұрлары радио толқынындай жер-көкке таралуда еді. Бұл нұр қазір де қабірінен таралуда жəне күн сайын қуаттануда. Бұл нұр Файз делінеді. Электро-магниттiк толқындарды ұстау үшiн ра-дио қабылдағыш керек болғандай, оның нұрын, файзын қабылдау үшiн де оған сенген, сүйген жəне оның көрсеткен жолымен жүрiп тазарған жүрек керек. Осындай жүрегi бар адам ғана нұрды қабыл етедi жəне ол да бұл нұрды шартарапқа таратады. Мұндай ұлы адамдар əулие делінедi. Бұл əулиенi таныған жəне жақсы көрген кісі, оның жанында əдеппен отырса немесе алыста оны əдеппен, махаббатпен еске алса, бұл адамдың жүрегі де нұр-файз алып та-зарып жəне рухани жетіле бастайды. Аллаһу та’ала денеміздің,

Page 15: Namaz kitabikz

- 28 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 29 -

НАМАЗ КІТАБЫ

материямыздың өсіп-өнуіне күн энергиясын себеп қылғанындай, рухымыздың, жүрегіміздің жетілуіне, кəміл адам болуына да Мұхаммед алейһиссаламның жүрегін жəне одан тараған нұрды се-беп қылған. Адамды азықтандырып, клеткаларына қуат беріп тұрған азық-түлік өнімдерінің баршасы күн энергиясы жəне əр түрлі реак-циялар арқылы пайда болғанындай, рухымызға, жүрегімізге азық болатын əулиенің сұхбаттары, сөздері жəне жазуларының барлығы да, Расулуллаһтың жүрегінен тараған мүбəрəк нұрлардан пайда бо-лады. Аллаһу та’ала Жəбрейiл алейһиссалам атты перiште арқылы Мұхаммед алейһиссаламға Құран Кəрiмдi жiбердi. Адамдарға дүние мен ахыретке қажеттi, пайдалы болған нəрселердi əмiр еттi. Зиянды болғандарына тыйым салды. Бұл əмiр мен тыйымдардың барлығын Ислам дiнi деп айтады.

Мұхаммед алейһиссаламның əр сөзi дұрыс, бағалы əрi пайда-лы. Осындай екендiгiне сенген адамға Мүмин жəне Мұсылман делiнедi. Мұхаммед алейһиссаламның сөздерiне сенбеген неме-се оларды ұнатпаған адамға Кəпiр делiнедi. Аллаһу та’ала мүмин құлын сүйеді. Кəпiр болған адам жұмаққа (жəннəт) кiре алмайды. Жəһаннамға түсiп ол жерден қайта шықпайды. Пайғамбарымызға сену, оны жақсы көру бүкіл жақсылық атаулының басы. Ал оның пайғамбарлығына сенбеу болса, барлық қайғы-қасыреттің жəне жамандықтың басы.

Расулуллаһтың бiлiмi, парасаттылығы, санасы, ақылы, зейiнi, жомарттығы, қарапайымдылығы, жұмсақтығы, мейірімділігі, са-быры, қайраты, намысы, сенімділігі, батылдығы, батырлығы, сөйлеу көркемдігі, пəктігі, айбаттылығы, көркемдігі, діндарлығы, ынсаптылығы, шыншылдығы, аманатқа қиянат жасамауы, көңiлiнiң ояулығы, тақуалығы, абыройы, əдiлеттiлiгi жəне иффеті (ұяты) барлық пайғамбарлардан артық едi. Дос-дұшпанынан көрген зиян-дарды кешіретін еді. Ешкімге кек қайтармайтын едi. Ухуд соғысында кəпiрлер мүбəрəк жүзін қанатып, тiстерiн сындырған кезде, оларға: «Ей, Раббым! Оларды кешіре гөр. Бұл істерін олардың надандықтарына бағыштай гөр.»- деп дұға еткен.

Мұхаммед алейһиссаламның асыл қасиеттерi мен мiнездерi көп. Əр мұсылманның бұларды үйренiп, осы қасиеттерді өз бойы-на қалыптастыруы керек. Осылайша дүние жəне ахыретте пəле-жалалардан, қиындықтардан құтылып, екi дүниенiң мырзасы Пайғамбарымыздың алейһиссалам шапағатына қауышуы нəсiп бо-лады. Өйткенi хадис шəрифте: «Аллаһу та’аланың ахлақымен (си-паттары) мiнезделiңiз»- делiнген.

Асхаби кирам

Пайғамбар алейһиссаламның мүбəрəк жүзiн көрiп, оның қасиеттi сөздерiн есту абыройы нəсiп болған мұсылмандарға Асха-би кирам делінедi. Пайғамбарлардан кейiн туылған жəне туылатын адамзаттың ең қайырлысы жəне ең мəртебелiсi алғаш халифа болған кісі Əбу Бəкiр Сыддық (радыяллаһу анһ). Одан кейiн адамдардың ең жақсысы, екiншi халифа Фаруқ-и азам Омар бин Хаттаб, сонан кейiнгi адамзаттың ең жақсысы жəне Расулуллаһтың үшiншi халифа-сы иман, иффет (ұят) жəне бiлiмнiң қайнар көзi хазiретi Осман бин Аффан (радыяллаһу та’ала анһ), одан кейiн адамдардың ең жақсысы, төртiншi халифа, таңқаларлық ерекшелiк иесі, Аллаһу та’аланың арыстаны Əли бин Абу Талиб (радыяллаһу анһ). Пайғамбарымыз алейһиссаламның хадистерiнде айтылуынша, хазреті Фатима, хазреті Айша, хазреті Мəриям жəне хазреті Асия дүниедегi əйелдердiң ең жақсысы. Қасиеттi хадисте: «Фатима жəннəт əйелдерiнiң ең қайырлысы. Ал Хасан мен Хусейн де жəннəт жастарының ең құрметтісi»- делiнген.

Бұлардан кейiн сахабалардың ең жақсысы (Ашара-и мубаш-шара), яғни тірі кезінде жəннəтқа кiруге сүйінші берілген он адам. Олар: хазреті Əбу Бəкiр Сыддық, Омар Фаруқ, Осман бин Аффан, Əли бин Əбу Талиб, Əбу Убəйда бин Жарраһ, Талха, Зубейр бин Ав-вам, Са’д бин Əбу Уаққас, Са’д бин Зайд жəне Абдуррахман бин Ауф (радияллаһу та’ала анһум ажмаин). Кейiн Бəдiр соғысында, Ухудда, одан кейiн Бейат-и Ридуанға қатысқандар келеді.

Расулуллаһтың жолында жандарын, малдарын пида етiп, оған көмектескен сахабаларды құрметпен тілге алуымыз бізге уəжіп. Олардың ұлылығына жараспайтын сөздер айту мүлдем жаиз бол-майды.

Расулуллаһты жақсы көретiн адам, оның асхабының бəрiн де жақсы көруi керек. Пайғамбарымыз хадисiнде: «Асхабымды жақсы көретiн адамның оларға деген құрметі, менi жақсы көргенi үшiн, оларды ұнатпағандар, менi жаман көргені үшін ұнатпайды. Кiмде-кiм оларды ренжiтсе менi ренжiтедi. Менi ренжiткен де Аллаһу та’аланы ренжiткен болады. Ал Аллаһу та’аланы ренжiткен адам, сөзсiз азапқа душар болады»- деген. Басқа бiр ха-дисте: «Аллаһу та’ала менiң үмметiмнен бiр құлына жақсылық қаласа, оның жүрегiне асхабыма деген сүйiспеншiлiктi орна-ластырады. Олардың бəрiн өз жанындай жақсы көредi»,- дедi.

Page 16: Namaz kitabikz

- 30 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 31 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Пайғамбарымыз қайтыс болған күнi Мəдина қаласында 33 мың са-хаба бар едi. Сахабалардың толық саны 124 мыңнан аса едi.

Төрт мазһаб имамы жəне басқа ғалымдар

Ақида, яғни сенiмде, имандылықта хақ бiр ғана жол бар. Бұл жол “Əһли сүннет уəл жамағат” мазһабы. Мазһаб – жол дегенді білдіреді. Дүние жүзiндегi барлық мұсылмандарға түзу жолды көрсеткен жəне Мухаммед алейһиссаламның осы жолын ешқандай өзгертпей, кемшiлiксiз жетуiне себепшi болған төрт ғалым бар. Бұлардың бiрiншiсi, Əһли сүннеттiң басшысы - Имам Ағзам Əбу Ха-нифа Ну’ман бин Сабит. Екiншiсi Имам Малик бин Əнас, үшiншiсi Имам Мұхаммед бин Идрис Шафии, төртiншiсi Имам Ахмед бин Ханбал, Аллаһ олардан разы болсын. Бүгінгі таңда бұл төртеуiнiң біреуінің жолына ермеген адамның ахыреті өте үлкен қауiп-қатерде. Бiз бұл кiтабымызды ханафи мазһабы бойынша намаз мəселелерiн сол мазһаб ғалымдарының кiтаптарынан алып, тілін жеңілдетіп жаздық.

Бұл төрт имамның шəкiрттерiнен екеуi иман саласында үлкен дəрежелерге шықты. Сондықтан əһли сүннет ақидасы, сенімі екi мазһабта қалыптасты. Құран Кəрiм мен хадис шəрифке сай болған иман, сенім, ақида осы екi ғалымның білдіргендері болды. Фырқа-и нажийа (тозақтан құтылған топ) болған əһли сүннеттiң иман негіздерiн жер жүзiне жайған осы екi ғалым. Бiрi - Əбу Мансур Ма-туриди, ал екiншiсi Əбул Хасан Əли Əшари.

Бұл екi имам білдірген иман негiздерi бiрдей болып, арала-рында тек бiр-екі ғана айырмашылық бар. [Бұл айырмашылықтар «Мұсылмансың ба?» сұрағы сұралғанда Матуридилер «əлхамдулиллаһ (құдайға шүкір), мұсылманмын» десе, Əшарилер «иншааллаһ (құдай қаласа), мұсылманмын» деп жауап береді. Матуриди мазһабында кісінің осы сұрақ қойылған кездегі жағдайы, ал Əшарилерде кісінің соңғы деміндегі жағдайы маңызды. Сондықтан да матуриди мазһабындағылар бұл сұраққа міндетті түрде «əлхамдулиллаһ» дейді жəне оларда «иншааллаһ-құдай қаласа» – деп айту сол кезде иман-сыз болғанын білдіреді. Ал əшарилерде кісінің соңғы демі маңызды болғандықтан, олар соңғы демі үшін «əрине, яғни əлхамдулиллаһ» деп емес, «құдай қаласа-иншааллаһ» деп жауап береді. Бұл екі мазһаб арасындағы басқа айырмашылықтар да осылайша пайда болған. Яғни бұл екі мазһаб имамы бірдей мəселенің екі басқа жəйттеріне назар аударып үкім берген.] Негiзiнде олар бiрдей. Ислам ғалымдары

Құран Кəрiмде жəне хадис шəрифтерде мадақталған. Бір аятта бы-лай делiнедi: «Бiлетiндер мен бiлмейтiндер тең бола ма?» Басқа бiр аятта болса: «Ей, мұсылмандар! Бiлмегендерiңдi бiлгендерден сұраңдар», - деп бұйырылды.

Хадис шəрифтерде болса: «Аллаһу та’ала, перiштелер жəне əрбiр жан, адамдарға жақсылықты үйрететін имандыларға дұға етедi.» «Қияметте алдымен Пайғамбарлар, кейiн ғалымдар, одан кейiн шəһидтер шапағат етедi.» «Ей, адамдар! Бір нəрсені жақсы ұғып алыңдар! Ілім тек ғалымнан есіту арқылы үйреніледі.» «Ей, адамдар, iлiм үйренiңдер. Ілiм үйрену ғибадат. Ілiм үйреткенге жəне үйренгенге жихад сауабы беріледі.» «Ілiм үйрету садақа беру сияқты. Ал ғалымнан iлiм алу болса, тəһажжуд намазын оқығанмен бірдей болады.» «Ілiм алудың бүкіл нəпiл ғибадаттардан да сауабы мол. Өйткенi өзiне де үйрететiн адамдарға да пайда-сы бар.» «Адамдарға үйрету үшiн ілім үйренген кісіге сыддықтар сауабы беріледі.» «Ілiм – қазына. Ал оның кiлтi, сұрап үйрену.» «Ілiм үйренiңiз жəне үйретiңiз.» «Əр нəрсенiң бір қайнар көзi бар. Тақуалықтың қайнар көзi, ғалым кiсiлердiң жүрегi.» «Ілiм үйрету күнəлардың кешiрiлуiне себепшi.»

Бесiншi шартАхырет сенiмi

Уəл яумил ахири: Ахырет күнiне сендiм деген мағынаны бередi. Бұл уақыт, адам өлген күнi басталады. Қияметтiң соңына дейiн жалғасады. Соңғы күн деп аталуының себебi, ол күннен кейiн түннiң болмауында. Қияметтiң қашан болатыны белгiсiз. Бiрақ Пайғамбарымыз көптеген белгiлерiн айтып кеткен: Хазретi Мəһдидiң келуi. Иса алейһиссаламның көктен Шам (Дамаск) аймағына түсуi. Дажжалдың шығуы. Яжуж-Мажуж дегендердің шығып, жер жүзiндегi барлық нəрсенi бұзып бұрмалауы. Күннің батыстан шығуы. Үлкен зілзəлəлар болуы, дiн үкімдерінің ұмытылуы. Күнə мен жамандықтың көбеюі. Йемен өлкесінен от шығуы. Көктер мен таулардың жарылуы. Күн мен айдың сөнуi сияқты Қиямет белгілері білдірілді.

Қабiрде сұрақтар сұралады. Мүнкəр-Нəкир перiштелерiнiң сұрақтарына жауап беру үшiн мыналарды жаттауымыз əрi балаларымызға да үйретуiмiз қажет: «Раббым – Аллаһу та’ала,

Page 17: Namaz kitabikz

- 32 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 33 -

НАМАЗ КІТАБЫ

пайғамбарым – Мұхаммед алейһиссалам, дiнiм – Ислам, кiтабым - Құран Кəрiм, құбылам - Қағба, ақидадағы мазһабым - Əһли сүннет уəл жамағат, амалдағы мазһабым – Имам Ағзам Абу Хани-фа мазһабы». Қиямет күнi барлық адамзат тiрiледi. Бəрi махшар алаңына жиналады. Салих адамдардың амал дəптерлерi оң жақтан, жаман адамдардың кiтаптары артынан немесе сол жағынан берiледi. Шiрктен басқа күнəлардың бəрiн Аллаһу та’ала қаласа кешiредi, қаласа iстеген əрбiр күнə үшiн азапқа тартады.

Iстелген амалдарды өлшейтін арнайы таразы – Мизан бар. Аллаһу та’аланың əмiрiмен Сырат көпiрi жаһаннамның үстiне құрылады. Онда Мұхаммед алейһиссаламға тəн Кəусар бұлағы бар.

Шапағат хақ. Тəубе етпей өлген мұсылмандардың кiшi əрi үлкен күнəларының кешірілуі үшiн пайғамбарлар, əулиелер, салих кiсiлер, ғалымдар, перiштелер, шəһидтер жəне Аллаһу та’аладан шапағат етуге рұқсат алған адамдар шапағат етедi, əрi олардың шапағаты қабыл болады.

Жəннат пен жəһаннам қазiр бар. Жəннат жетi қабат аспанның үстiнде. Жəһаннам болса барлық нəрсенiң астында. Жəннаттың сегiз есiгi бар. Əрбiр есiгiнен бiр жəннатқа кiріледi. Жəһаннам болса, жетi қабаттан тұрады. Бiрiншi қабаттан жетiншi қабатқа қарай азап күшейе бередi.

Алтыншы шартТағдырға сену

Уə бил қадари хайриһи уə шарриһи мин Аллаһи Та’ала: Тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендiгiне сендім деген сөз. Адамдардың басына келетін жақсылық пен жамандық, пайда мен зарар, табыс пен зиянның барлығы да Аллаһу та’аланың қалауымен болады.

Аллаһу та’аланың бiр нəрсенiң бар болуын қалауын тағдыр (қадар) дейдi. Тағдырдың жүзеге асуын қаза дейдi. Кейде тағдыр мен қаза сөздерi бiр-бiрiнiң орнына қолданыла бередi.

Аллаһу та’ала құлдарына (ирада) қалау берген. Құлдарының осы қалауларын, тiлектерiн істердің жаратылуына себеп қылды.

Осы жерге дейiн қысқаша түсiндiрілген Əһли сүннəт сенiмiн терең үйренгiсi келгендерге «Хақиқат кітапүйі» баспасынан басылып шығарылған Ислам ғалымдарының үлкені, əулие Меулана Халид

Бағдадидiң парсы “Итиқаднама” кiтабын жəне Кемаһлы Фейзуллаһ Эфендiнiң аудармасы “Иман жəне ислам” кiтаптарын оқуға кеңес береміз. Бұл кітап өте пайдалы, берекеті екі дүние бақыты үшін жеткілікті.

Аллаһу та’ала əр мүминге тəуекел етудi əмiр еттi “Тəуекел иманның шарты” деген аят осы əмiрлердiң бiрi. Маида сүресiнде: «Егер иманыңыз болса, Аллаһу та’алаға тəуекел етіңіз.» Али Им-ран сүресінде: «Аллаһу та’ала тəуекел еткендердi əлбетте жақсы көреді», Талақ сүресінде: «Кiмде-кiм Аллаһу та’алаға тəуекел етсе, Аллаһу та’ала оған жеткiлiктi болады», Зумар сүресiнде: «Құлы үшiн Аллаһу та’ала жеткiлiктi емес пе?» - дегендей қаншама аяттар бар.

Расулуллаһ былай дейдi: «Үмметiмнің бiр бөлiгі маған көрсетілдi. Тауларға, шөл далаларға лық толы едi. Соншалықты көп болғанына таң қалдым əрi қуандым. Қуандың ба деп сұралғанда иə деп жауап бердiм. Бұлардың тек жетпiс мыңы ғана есеп-қисапсыз жəннатқа кiредi деп айтылды. Олар қайсы?- деп сұрадым. Сиқыр, бал ашу сияқты нəрселерден аулақ болып, Аллаһу та’аладан басқаға тəуекел етпегендер жəне сенбегендер, делінді.» Тыңдап отырған адамдар арасынан Укаша (радыяллаһу анһ) тұрып: «Əй, Расулаллаһ, солардың қатарында болуым үшiн дұға етіңіз» дегенде, Пайғамбарымыз: «Йа, Раббым! Оны солардың қатарынан қыла гөр»- дедi. Басқа бiреу тұрып дəл сондай дұға етуiн қалағанда, пайғамбарымыз: «Укаша сенен жылдамырақ болды» - дедi.

Тəуекел деген - себептерге жүгiнiп, келешек үшiн ойланбау.

Page 18: Namaz kitabikz

- 34 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 35 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Екінші бөлім

ҒИБАДАТ жəне НАМАЗ

Ғибадат дегеніміз не?Ғибадат – бізді жəне бүкіл жаратылысты жоқтан бар еткен əрі

əрқашан бар етіп ұстап тұрған, əр түрлі нығметтер мен жақсылықтар жіберіп, жетілдірген Аллаһу та’аланың əмірі мен тыйымдарын бұлжытпай орындау. Сонымен қатар, Аллаһтың махаббатына қауышқан пайғамбарларға, əулиелерге жəне ғалымдарға бағыну.

Сансыз нығмет берген Аллаһқа шамасы жеткенше шүкір ету əрбір жанның бірден-бір міндеті. Бірақ адам баласы өзінің қысқа ақылы жəне қысыр санасымен жаратқанға құрмет амалдарды таба алмайды. Құрмет болып саналатын амалдар Аллаһу та’ала тара-пынан білдірілмейінше, адам санасында мадақтау болған нəрселер жаратқан үшін мазақ ету, жамандау болуы мүмкін.

Адамдардың Аллаһқа деген діл, тіл жəне денемен өтеуі жəне сенуі қажет болған шүкір боршы мен құлдық міндеті, Аллаһу та’ала тарапынан білдірілген жəне Оның сүйікті Пайғамбары арқылы жеткізілген. Аллаһ білдірген жəне əмір еткен құлдық міндеттері «Исламият» делінеді. Аллаһу та’алаға шүкір ету, Оның Пайғамбары алып келген дінге бағыну арқылы жүзеге асады. Бұл дінге қайшы немесе бұл жолдың сыртында қалған еш бір шүкіршілік, ғибадатты Аллаһу та’ала қабылдамайды жəне ұнатпайды. Сондықтан да Ислам дінінен хабарсыз жұртшылықтың өз бетінше əр түрлі ритуалдарды орындауларының Аллаһ құзырында еш бір құны болмайды.

Демек, ақылы бар адамның Аллаһқа шүкір жəне дұрыс ғибадат етуі үшін Мұхаммед алейһиссаламға бағынуы шарт.

Мұхаммед алейһиссаламға бағынған адам ғана мұсылман деп аталады. Ал Аллаһқа шүкір етуге, яғни Мұхаммед алейһиссаламға бағынуға «Ғибадат ету» делінеді. Ислам екі бөлімнен тұрады:

Қалб, яғни жүрекпен сенуді қажет ететін нəрселер.1- 2- Денемен жүрек арқылы орындауды қажет ететін ғибадаттар. Денемен орындалатын құлшылықтардың ең құндысы - намаз.

Мүкəллəф болған əр кісінің күнде бес уақыт намаз оқуы парыз.

МҮКƏЛЛƏФ ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ?

Ақыл-есі дұрыс, əрі балиғат жасына толған ер жəне қыз бала «Мүкəллəф» делінеді. Мүкəллəф жасына толған əрбір адам Аллаһу та’аланың əмірі мен тыйымдарын орындауы тиіс. Дініміз бойынша мүкəллəф адамға алдымен иман ету, кейіннен ғибадат жасау əмір етілген. Сондай-ақ тыйым салынған əрбір харам істен де бойын аулақ ұстау қажет.

Ақыл – түсінуші, аңғарышу қуат. Ол пайда мен зиянды ажыра-ту үшін жаратылған. Ақыл бір өлшеу аспабы сияқты. Екі жақсының жақсырағын, екі жаманның жаманырағын ажыратады. Бірақ, ақылды адам тек жақсы мен жаманды ажыратып қана қоймай, жақсыны көргенде алып, жаманды көргенде бойын аулақ ұстайды. Ақылды көзге ұқсатуға болады. Ислам - нұрға, жарыққа ұқсайды. Жарық болмағанда көздің көруі мүмкін болмағандай, Ислам болмаса ақыл да хақты таба алмайды.

Балиғат жасы - ер жету, бой жету жасы. Ер баланың балиғат жа-сына толуы он екі жастан басталады. Бұл жасқа толғанын білдіретін ерекше белгілер болады. Егер ұл балада осы белгілер көрінбесе, он бес жасқа толғанда дін бойынша балиғат жасына толды деп есептеледі.

Қыз балалардың балиғат жасы көбінесе тоғыз жасқа толғанда ба-сталады. Тоғыз жасқа толған қыз балада балиғат жасының белгілері көрінбесе, он беске толғанда балиғат жасына жеткен болып санала-ды.

Мүкəллəфтің міндеттері

Ислам дінінің əмірі мен тыйымдыры «Аһками шария» немесе «Аһками Исламия» (Ислам үкімдері) делінеді. Сондай-ақ «Əфали мүкəллəфин» (мүкəллəфтің міндеттері) деп те атауға болады. Мүкəллəфтің міндеттері сегіз: Фарыз, уəжіп, сүннет, мустаһаб, му-бах, харам, мəкрух жəне мүфсид.

1- Фарз: Аллаһу та’ала орындалуын Құран аяттарында айқын жəне нақты түрде əмір еткен нəрселерге парыз делінеді. Парызды орындамау харам. Бұларға сенбеген жəне мəн бермеген кісі кəпір бо-лады. Парыз екіге бөлінеді:

Page 19: Namaz kitabikz

- 36 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 37 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Фарзи айн: Əрбір мүкəллəфтің жеке өзінің орындауы тиіс па-рыздар. Иман келтіру, дəрет алу, ғұсыл алу, бес уақыт намаз оқу, Ра-мазан айында ораза ұстау, жағдайы келгенде зекет беру жəне қажға бару фарзи айнға жатады.

Фарзи кифая: Бірнеше мұсылман немесе біреуінің ғана орындауымен қалғандарын жауапкершіліктен құтқаратын парыз-дар. Сəлем берілгенде жауап беру, жаназа намазын оқу, жаназаны жуу, Құран Кəрімнің бəрін бастан аяқ жаттап қари болу, жиһад ету, өнер, сауда-саттық жасау сонымен қатар дін жəне пəн ілімдерімен шұғылдану, бəрі-бəрі фарзи кифаяға жатады.

2- Уəжіп: Орындалуы парыз сияқты нақты əмірлер. Мұндай əмірлердің Құрандағы дəлелдері парыздардағыдай ашық емес. Зан-ни дəлелдерге, яғни астарлы түрде бұйырылған дəлелдерге сүйенеді. Үтір намазы мен Айт намазын оқу, жағдайы жеткенде құрбан шалу, садақа беру уəжіп əмірлерге жатады. Уəжіптің үкімі парыз сияқты. Уəжіпті тəрк ету тахриман мəкрух. Уəжіп екендігіне сенбеген адам кəпір болмайды. Бірақ жəһаннам отына лайық болады.

3- Сүннет: Аллаһу та’ала ашық түрде білдірмей, тек Пайғамбарымыз орындалуын ұнатқан немесе үнемі өзі орындаған істер «Сүннет» делінеді. Сүннетті ұнатпау күпірлікке жатады. Ұнатып та істемеген адам азапқа душар болмайды. Бірақ себепсіз, үзірсіз орындамағандар кінəлəнуға, сауаптан мақрұм қалуға лайық болады. Мəселен, азан оқу, қамат айту, жамағатпен намаз оқу, дəрет алғанда мисуак қолдану, үйленгенде халыққа тамақ беру, баласын сүннетке отырғызу секілді.

Сүннеттер екі түрлі болады: Сүннет-и мүəккəдə: Пайғамбарымыздың үнемі үзбей

орындаған, өте аз тəрк еткен сүннеттері. Таң намазының сүннеті, бесін намазының алғашқы жəне соңғы сүннеттері, шам намазының сүннеті, құптан намазының соңғы екі рəкат сүннеті осыған жатады. Мұндай сүннеттер ешқашан үзірсіз тəрк етілмейді. Ұнатпаған адам кəпір болады.

Сүннет-и ғайри мүəккəдə: Пайғамбарымыздың ғибадат мақсатымен орындаған амалдары. Екінді мен құптан намаздарының алдынғы төрт рəкаттық сүннеттері бұған мысал болады. Бұлар көп рет тəрк етілсе де ештеңе етпейді. Ал егер ешқандай себепсіз орын-далмай қойса, кінəлəуға жəне шапағаттан қол үзіп қалуға себеп бо-лады.

4- Мустаһаб: Бұған мəндуб, əдеп делінеді. Бұның үкімі сүннеті ғайри мүəккəдə үкіміндей. Пайғамбарымыздың өмірінде бір немесе

екі рет ұнатып істеген істері. Мəселен жаңа туған баланың 7-шi күнiнде ат қойып, ұл жəне қыз балаға ақиқа мал сою, жақсы киiм кию, əдемi иiс-сулар себу мустаһаб iстер болады. Бұларды iстеген адам көп сауап алады, ал iстемегенге азап болмайды, шапағаттан да мақрұм қалмайды.

5- Мубах: Əмiр де етiлмеген жəне тыйым да салынбаған iстердi атаймыз. Яғни күнə немесе ғибадат екендігі білдірілмеген iстер. Жақсы ниетпен iстелуінде сауапқа, жаман ниетпен iстелуінде азапқа себеп болады. Бұған ұйықтау, халал тамақ жеу, халал жолмен əр түрлi киiм кию сияқты істер мубахқа жатады. Бұлар Ислам дiнiнiң бір əмiрiн орындауға септігін тигізу ниетiмен орындалса сауап беріледі. Мысалы, дені сау болып ғибадат етуге қуат болу мақсатымен ішіп-жеу мубах.

6- Харам: Аллаһу та’аланың Құран Кəрiмде “iстемеңдер” деп ашық бұйырған iстерге айтылады. Харамдардың істелуіне жəне қолданылуына нақты түрде тыйым салынған. Харамға халал деу, халалға харам деу күпір болады. Харам болған нəрселердi тəрк ету, олардан сақтану парыз жəне үлкен сауап.

Харамдар екі түрлі болады:Харам ли-айниһи: Адам өлтiру, зина жасау, құмар ойнау,

арақ жəне əртүрлi алкогольдi iшiмдiктердi iшу, өтiрiк айту, ұрлық жа-сау, шошқа етiн жеу, қан, арам өлген жəне Исламға сай сойылмаған мал етін жеу, əйелдер мен қыздардың əурет жерiн ашып көшеге шығуы үлкен харам iстер болып саналады. Бiр адам бұл iстерден бірін iстеген кезде “бисмиллəһ” десе, халал деп сенсе немесе Аллаһу та’аланың харам еткеніне мəн бермесе, кəпiр болады. Бұл iстердің ха-рам екендiгiне сенiп, Аллаһтан қорқып істесе кəпiр болмайды, бiрақ тозақ отына лайық болады. Ал егер сол iстi əрі қарай жалғастырып, iстеп жүрiп өліп кетсе имансыз кетуге себеп болады.

Харам ли-ғайриһи: Негiзi халал болып басқалардың ақысы араласқаны үшiн харам болған нəрселер. Мысалы, бiр кiсiнiң бағынан иесiнің рұқсатынсыз жемiстерiн жеу, үйiндегi заттары мен ақшасын ұрлау, аманатқа қиянат жасау, пара алу, өсiм жəне құмар ойнау арқылы ақша немесе байлық табу сияқты. Бұларды істеген адам “бисмиллаһ” деп бастаса немесе ол алғаным халал десе кəпiр болмайды. Өйткенi сол нəрсе бір кiсiнiң халал мүлкі, яғни қайтарып алуы мүмкін. Бес жарым дана арпа ауырлығындағы күмiс мөлшерiндей ақы үшiн, қиямет күнiнде жамағатпен оқылып қабыл болған 700 рəкат намаздың сауабын Аллаһу та’ала алып, хақ иесіне

Page 20: Namaz kitabikz

- 38 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 39 -

НАМАЗ КІТАБЫ

бередi. Харамнан қашудың сауабы ғибадат етуден де көп. Сондықтан харамдарды танып, үйреніп, олардан бойын аулақ ұстау керек.

7- Мəкрух: Аллаһу та’ала жəне Мұхаммед алейһиссалам ұнатпаған жəне ғибадаттардың сауабын азайтатын iстер.

Мəкрух екі түрлі болады: Тахримəн мəкрух: Уəжiптiң тəркі болып, харамға жақын

мəкрухтер. Бұларды істеу азапқа душар қылады. Мəселен күн жаңа туып келе жатқанда, дəл тас төбеге жеткенде жəне күн батып бара жатқанда намаз оқу сияқты. Бұларды əдейi жасаған күнəһар болады. Тозақ отына түседi. Намаздардың уəжiптерiн орындамағандардың, тахримəн мəкрух істегендердің сол намазды қайта оқулары уəжiп болады. Егер қателесіп, ұмытып істесе намаз соңында сəһу сəждесiн жасауы тиiс.

Тəнзиһəн мəкрух: Мубах, яғни халалға жақын амалдар неме-се істелмеуі абзал болған iстер. Ғайри муəккəдə сүннеттерді немесе мустаһабтарды тəрк ету сияқты.

8- Муфсид: Дiнiмiзде əмiр етiлген бір істі жəне халді немесе бастап қойылған бір ғибадатты бұзатын iстер. Иманды, намазды, некені, қажылықты, зекетті жəне сауданы бұзатын істер сияқты. Мəселен: Аллаһ пен Құран Кəрiмдi сынау, балағаттау күпiр болып иманды бұзады. Намазда күлу дəреттi жəне намазды бұзады. Ораза ұстап жүрiп бiле тұрып iшiп-жеу оразаны бұзады. Яғни осы жəйттер жоғарыдағы ғибадаттардың муфсиді болып саналады.

Парыздарды, уəжiптердi жəне сүннеттердi орындап харамнан, мəкрухтан сақтанғанға сауап берiледi. Харамдар мен мəкрухтерді iстеп, парыздар мен уəжiптердi істемегендерге күнə болады. Бiр харамнан сақтанудың сауабы бір парызды орындаудың сауабынан əлдеқайда артық. Бiр парыздың сауабы бiр мəкрухтен сақтанудың са-уабынан көп болады. Ал мəкрухтен сақтанудың сауабы сүннеттiң са-уабынан көбiрек. Мубахтар iшiнде Аллаһу та’ала ұнатқан амалдарға “Хайрат жəне хасенат” (қайырымдылық жəне игілік) делiнедi. Бұларды орындағандарға да сауап берiледi. Бірақ бұл сауап сүннет сауабынан аз.

Ислам дұшпандары

Ислам дұшпандары Ислам дінін жер бетінен құрту үшін қолдарынан келгенше Əһли сүннет кітаптарына қастандық жасауда. Өйткені, Исламды дəл өзі бойынша уағыздайтын жəне ұстанатындар Əһли сүннеттер. Құран Кəрімнің Маида сүресінде: «Исламның ең

үлкен дұшпандары яһуди мен мүшріктер» деп айтылған. Мүшрік - пұтқа, мүсінге табынатын кəпірлер. Христиандардың көпшілігінің мүшрік екендігі анық. Йемендік Абдуллаһ бин Сəбə атты бір яһуди Əһли Сүннетті бұрмалап, жер бетінен құрту үшін Шии сектасын құрған. Шииттер өздерін «Алауи» деп те атайды. Исламның басты дұшпандары болып есептелетін ағылшындар қолдарындағы бар күшті пайдаланып, Үндістан мен Африкадан тонап алған алтындары-мен, қанды соғыстарымен, Уаһһабизмнің бұрмаланған кітаптарымен Əһли сүннетке қастандық жасауда. Сондықтан да əлемде мəңгілік бақытқа қауышуды мақсат еткендерге Шииттер мен Уаһһабиттердің жалған кітаптарына алданбай, Əһли-сүннет кітаптарын оқуларын кеңес береміз.

Исламның шарттары

Ислам дінін қабылдаған мұсылмандарға ең алдымен мына төмендегі бес шартты орындау басты міндет болып саналады:

1- Исламның шарттарының біріншісі «Кəлима-и шаһадат» айту. Кəлима-и шаһадат айту дегеніміз, «Əшһəду əллə илаһə иллаллаһ уə əшһəду əннə Мұхаммəдəн абдуһу уə расулуһу». Яғни ақыл есі дұрыс, балиғат жасына толған, сөйлей алатын əрбір адамның: «Аспан мен жерде Аллаһтан басқа ғибадат етуге лайықты ешкім жоқ. Ғибадат етуге лайықты тек Ол ғана.» «Ол мəңгі бар. Ол барша əлемнің билеушісі. Оның ешқандай кемшілігі жоқ. Оның есімі Аллаһ» деп осы айтқанына бар ықыласымен сенуі. Сондай-ақ, Оның құрметті елшісі əдемі, нұрлы, сүйкімді жүзді, көркем мінезді, қара қасты, қар көзді, мүбəрəк маңдайы ашық, көлеңкесі жерге түспейтін, жұмсақ сөзді, араб жарты аралында туылғаны үшін араб ұлтының өкілі болып саналған Хашими ұрпағынан «Абдуллаһтың ұлы Мұхаммед алейһиссалам, Аллаһтың құлы əрі елшісі, яғни Пайғамбары». Уаһбтың қызы Аминаның ұлы.

2- Исламның екінші шарты - күніне бес мзгіл, уақыты кіргенде, шарттарына сай намаз оқу. Əрбір мұсылманның, күнде уақыты кіргенде бес уақыт намаз оқуы жəне əрбірін уақытылы оқығанын білуі парыз. Намаздың фарз, уəжіп, сүннеттеріне мəн бере отырып, бар ықылас ниетін Аллаһу та’алаға беріп, уақытын өткізбей оқу ке-рек. Құран Кəрімде намазды «салат» деп айтқан. «Салат» сөздікте адамның дұға етуі, періштелердің истиғфар (кешірім) оқуы, Аллаһу та’аланың мейірім етуі деген мағыналарға келеді. Исламда «салат» дегеніміз ғылымхал кітаптарында білдіргеніндей белгілі əрекеттерді

Page 21: Namaz kitabikz

- 40 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 41 -

НАМАЗ КІТАБЫ

орындау жəне белгілі нəрселерді оқуды білдіреді. Намаз ифтитах тəкбірімен басталады. Яғни, ер кісілердің қолдарын құлақтарына дейін көтеріп, кіндік тұсына түсіріп жатқан кезде «Аллаһу акбар» деуімен басталады. Соңғы отырыста, басын алдымен оң жаққа бұрып, сосын сол жаққа бұрып сəлем беру арқылы намазды бітіреді.

3- Исламның бес шартының үшіншісі, Мал-мүлкінің зекетін беру. «Зекеттің» сөздіктегі мағынасы тазалық, мадақ жəне жақсы, əдемілік дегенге келеді. Исламда зекет дегеніміз қажеттілігінен артып, ни-сап делінген белгілі мөлшердегі дүние мүлкі бар адамның, дүние мүлкінің белгілі бір бөлігін Құран кəрімде айтылған мұсылмандарға міндетсінбей беру дегенді білдіреді. Зекет жеті түрлі адамға беріледі. Төрт мазһабта да төрт түрлі зекет малы бар: Алтын мен күмістің зекеті, саудадағы сатылатын заттың зекеті, қорадағы малдың зекеті жəне егістіктің зекеті. Зекеттің төртінші түріне Ушр делінеді. Егістік жинала салысымен ушр беріледі. Ал жоғарыдағы аталған үш зекет малы нисап мөлшеріне жетіп, содан бір жыл өткен соң беріледі.

4- Исламның бес шартының төртіншісі - Рамазан айында ораза ұстау. Ораза ұстауға саум деп айтылады. «Саум» сөздікте бір нəрсені өзгелерден қорғау, сақтау дегенді білдіреді. Ал дінімізде Аллаһ əмір еткені үшін рамазан айы бойынша күндіздері үш нəрседен тыйы-лу деген мағынаны береді. Бұл үш нəрсе: Ішу, жеу жəне жыныстық қатынас. Рамазан айы, аспанда жаңа ай (һилал) көрінгенде бастала-ды. Күнтізбедегі есеп бойынша басталмайды.

5- Исламның бес шартының бесіншісі, шамасы жеткенде өмірінде бір рет қажыға бару. Жолы қауіпсіз жəне дені сау болып, Меккеге барып келгенше үйінде қалған бала-шағасына жететіндей мал-мүліктен артылған ақшамен барып келе алатын адамның, өмірінде бір рет Қағбаны зиярат етуі жəне Арафат тауында тұруы парыз болады.

Жоғарыда аталған Исламның бес шартының ең үстемі Кəлима-и шаһадат айту жəне оның мағынасын түсіну. Одан кейінгісі намаз оқу, ораза ұстау, қажыға бару, ең соңғысы зекет беру. Кəлима-и шаһадаттың үстем болғаны ғалымдардың ауызбірлігімен білдірілген. Қалған төртеуінің дəрежесінің реті жоғарыда айтқанымыздай. Кəлима-и шаһадат айту мұсылмандықтың ең басты белгісі. Бес уақыт намаз пайғамбарлықтың 12-ші жылында, яғни хижрадан бір жыл жəне бірнеше ай бұрын Миғраж түнінде парыз болды. Рамазан оразасы, хижраның екінші жылы Шабан айында парыз болды. Зе-кет беру ораза парыз болған жылы Рамазан айында парыз болды. Ал қажылық болса, хижраның тоғызыншы жылында парыз болды.

Үшінші бөлім

НАМАЗ ОҚУ

Дінімізде иманнан кейін ең бағалы ғибадат - намаз. Намаз -діннің тірегі. Намаз ғибадаттардың ең жоғарғысы. Исламның екінші шарты. Арабтар намазды «Салат» дейді. Салат негізінде дұға, рахмет пен кешірім деген мағыналарға келеді. Намаз осы үш мағынаның барлығын өзіне жинағаны үшін салат деп аталған. Аллаһу та’аланың ең көп ұнатып жəне қайта-қайта əмір еткен амалы - бес уақыт намаз. Аллаһу та’аланың мұсылмандарға иман еткеннен кейінгі ең маңызды əмірі намаз оқу. Дінімізде алғаш рет əмір етілген парыз - намаз. Қиямет күні иманнан кейінгі сұрақ намаз жайында болады. Бес уақыт намаздың есебін берген адам өзге сынақтардан оңай құтылады. Тозақтың отынан құтылып жұмаққа қауышу, на-мазды дұрыс оқуға байланысты. Намаздың дұрыс орындалуы үшін құсырсыз дəрет алып, жалқаулық танытпай намазға кірісу керек.

Барша ғибадатты қамтып жəне адамды Аллаһу та’алаға жақындата түсетін ең қайырлы амал - намаз. Сүйікті Пайғамбарымыз хадисінде былай дейді: «Намаз - діннің тірегі. Намаз оқыған адам дінін қуаттандырады. Намаз оқымаған адам əлбетте діннен айырылады.» Намазды үнемі дұрыс оқитын адам жаман, жағымсыз істерден сақтанған болып есептеледі. Анкабут сүресінің 45- аятын-да: «Дұрыс оқылған намаз, адамды жеркенішті, жағымсыз, тый-ым салынған əрекеттерден сақтайды» делінген.

Адамды жамандықтан сақтай алмаған намаз, дұрыс оқылған намаз емес, оның көрінісі ғана намаз болады. Сонымен қатар, дұрыс намаз оқуға қол жеткізгенше көріністе де болса, намаз оқуды тастамау қажет. Ислам ғалымдары, «Бір нəрсенің толығын орындай алмаған жағдайда, қалғанынан да айрылып қалмау ке-рек», деген. Шексіз ихсан иесі болған Раббымыз, көріністе болған намазды да рахымдылығымен қабыл етуі мүмкін. Сондықтан «Бұлай қате оқығанша еш оқымағаның дұрыс» деуден сақтанып, керісінше «келіңдер намазымыздың қатесін түзетейік» дегеніміз жөн. (Намаз оқымай, «Істесем толық істеймін» деген сылтауды ай-тып, такаппарланғандардан шала да болса жарым-жартылай істеп жүргендер Аллаһтың мейіріміне жақынырақ болады.)

Page 22: Namaz kitabikz

- 42 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 43 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Намазды жамағатпен оқыған дұрыс. Жамағатпен оқудың сауабы жалғыз оқығаннан əлдеқайда көп. Сондай-ақ, намазда əрбiр мүшенің əдеп сақтап, жүрек Аллаһу та’аладан қорқу халінде болу керек. Адам-ды екi дүниеде қиыншылық пен пəлекеттен құтқаратын амал - на-маз ғана. Аллаһу та’ала Мүмин сүресiнiң бас жағында: «Мүминдер əлбетте құтылады. Олар намаздарын хушумен (ықыласпен) оқитындар»- деген.

Қауып-қатер төніп тұрған, кедергілер көп болған жағдайларда орындалған ғибадаттың сауабы өте көп болады. Жастардың ғибадаттарына қарияларға қарағанда көбірек сауап берілуінің себебі де осында. Өйткенi, бұл жастар нəпсінің жаман, жағымсыз жəне ғибадаттан қашу сияқты қалауларына қарсы шыққан болады. Ал жасы жеткендерде мұндай кедергілер жастардікіндей көп болмай-ды.

Жастықта адамдың ғибадат етуіне үш дұшпан тосқауыл бола-ды. Бұлар: шайтан, нəпсi жəне жаман жолдас. Барша пəлекеттiң басы жаман жолдастан басталады. Жас жан осы дұшпандардан келетін арам ниет пен армандарға еріп кетпей, намаз оқып, ғибадаттарын уақытында орындаса, үлкен сауапқа қауышады. Аз ғана ғибадатына көптеген сауап жазылады.

Намаз оқу кiмдерге парыз?

Намаз оқу ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен əрбір ер жəне əйел мұсылманға парыз. Намаздың парыз болуы үшiн мына үш шарт орындалуы керек:

Мұсылман болу тиіс. 1. Ақылды болу тиіс.2. Балиғат жасына толу тиіс. 3.

Дiнiмізде ақыл-есi толмаған, балиғат жасына жетпеген балаларға намаз оқу мiндеттi емес. Алайда, ата-аналар балаларына дiни тый-ымдарды үйретіп, ғибадатқа əдеттендіруі тиiс. Пайғамбарымыз бұл тұрғыда былай деген: «Əрбіріңіз бiр отардың шопаны сияқтысыз. Шопан отарын қорғағаны сияқты, сіздер де жанұяңыздағы жəне қол астыңыздағы жандарды тозақтан сақтауға тиiссiздер. Оларға мұсылмандықтың шарттарын үйретулерiңіз керек. Үйретпесеңіз жауапқа тартыласыздар.» Тағы бiр хадисте: «Дүниеге келген əрбiр сəби мұсылмандыққа икемді болып туы-лады. Оны кейiннен ата-аналары христиан, яһуди немесе дiнсiз қылады.»- делінген.

Олай болса, əрбiр мұсылманның ең басты мiндетi - балаларына Құран Кəрiм мен исламның шарттарын үйрету. Баласының мұсылман болуын, бұл дүние мен ахыретте бақытқа кенелуiн қалаған ата-ана алдымен осы мiндетiн орындауы керек. Өйткенi, ағаш жас кезiнде егіледі.

Ислами iлiм мен əдептен бейхабар өскен бала жаман жолдағы адамдарға тез алданады. Осылайша ата-анасына, еліне, халқына жəне ұлтына лағынет келтіретін бұзақы адам болып шыға келедi.

Намаз оқитындардың халі

Оқиға: Қамаудан құтқарған намаз.

Хорасанның əкiмi Абдуллаһ бин Тахир əдiл кісі болатын. Бiр күнi нөкерлерi бiрнеше қарақшыны тұтқындап əкiмнiң алдына алып келедi. Сонда қарақшылардың бiреуi қашып кетеді. Нөкерлер сол түні Нишапур қаласынан үйіне қайтып келе жатқан бір теміршіні қашқын деп тұтқынға алады. Оны да əкiмнiң алдына алып барады. Əкiм олардың бəрiн зынданға тастаңдар деп бұйырады. Кінəсіз темірші осылайша қарақшылармен бірге қамауға түсіп қалады. Ол қамауда дəрет алып, намаз оқиды. Намаз соңында қолын жайып Аллаһқа бы-лай деп жалбарынады: «Ей, жаратушы Раббым! Менi мына жерден құтқар! Менiң кiнəмнің жоқ екенiн жалғыз Сен ғана бiлесiң. Мені мына зынданнан Сен ғана құтқара аласың. Ей, Раббым құтқара гөр.» Əкiм сол түнi түсінде төрт алып дəу келiп, отыратын тағын төңкерейін деп жатқанда оянып кетеді. Дереу, дəрет алып, екi рəкат намаз оқып, қайтадан ұйқыға кетедi. Тағы да əлгi төрт алып дəу келiп, тағын жер-ге құлатпақшы болып жатқанын көріп ұйқысынан шошып оянады. Бұл түстен жазықсыз біреудің қарғысына ұшырағанын түсінеді.

(Ей Раббым! Сен қандай ұлысың! Ұлылар да, кішілер де қиналғанда тек Саған жалбарынады. Сенен жəрдем сұраған адам ғана мақсат-мұратына жетедi.)

Əкім дереу зынданның басшысын шақырып: «Қамауда жазықсыз адам бар ма?»- деп сұрайды. Басшы: «Бiлмедiм, бiрақ бір кісі намаз оқып, дұға етiп, көз жасын төгіп отыр»- дейдi. Əкім: «Оны маған алып келiңдер» деп бұйырады. Алып келген соң, тұтқынның жағдайын сұрап, кiнəсiз екенiн түсiнген соң, қатты өкініп кешірім сұрайды жəне мың күміс теңге сыйлайды. Бір жағдай болғанда қысылмай сарайға келуін өтінеді. Сонда темiршi: «Оқасы жоқ

Page 23: Namaz kitabikz

- 44 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 45 -

НАМАЗ КІТАБЫ

кешiрдiм. Сыйлығыңызды да қабыл еттiм. Бiрақ басыма iс түскенде сізге келе алмаймын. Өйткенi мен сияқты бір əлсіздің ақысы үшiн сіздей сұлтанның тағын аударып тастаған Иемдi қойып, қажетімді бір пендеден сұрау құлшылыққа жараса ма? Намаздан кейiнгi дұғаларым менi көптеген қиыншылықтардан құтқарды. Осыны көре тұра қалайша өзгелерге шағымданам? Ол сұраған нəрсеңнiң бəрiн бередi. Сұрауды білмеген əрине ала алмайды. Құзырына əдеппен шықпасаң рахметіне де қауыша алмайсың.»- деп жауап береді.

Аллаһтың сүйiктi құлдарының бiрi Рабиа Адвия хазрет бiр адамның: «Ей, Раббым! Маған рахмет есiгiн аш!» дегенiн естiгенде, Ол: «Ей, Аллаһтың құлы! Аллаһтың мейiрiм есiгi осы уақытқа дейiн жабық па едi»- деген. (Рахмет есiгi əрдайым ашық болғанымен, рах-мет кiретiн жүрек есiгi əр адамда да ашық бола бермейді! Осы есіктің ашылуы үшін дұға етуіміз керек.)

Йə, Раббым! Барша адамды қиыншылықтан құтқаратын жалғыз сенсiң. Бiздi дүние мен ахыретте қиыншылықтан құтқара гөр. Мұқтаждардың тілегін беретін тек сенсің. Бұ дүние мен ахыретте бiздi өзiңнен басқа ешкiмге мұқтаж етпе! Əмин!

Оқиға: Өртенген үй

Аллаһтың сүйiктi құлдарының бiрi Хамид Тавил арнайы намаз оқитын жерiнде намаз оқып жатқан едi. Сол кезде үйi өртене ба-стады. Көршiлерiнiң бəрi жиналып, жалындаған отты сөндiрiп ала-ды. Əйелi қасына жүгіріп келiп: «Үйiң жанып жатыр. Адамдардың бəрi жиналып қалды. Істелетін мұншама тірлік бар. Ал сен болсаң орныңнан қозғалар емессің» – деп ашуланады. Сонда Хамид Тавил: «Бұл істен ешқандай хабарым болмапты» - дейдi. Аллаһтың достары, Оның құзырында Аллаһқа деген махаббаты əсерiнен Оған берiлгенi соншалық, тіпті өздерін де ұмытып кетеді.

Оқиға: Қазандағы су

Сахабалардың бiрi Абдуллаһ бин Шехир (радиаллаһу анһ) бы-лай деген: «Пайғамбарымыздың қасында намаз оқып тұрған едiм. Оның кеудесiнен оттың үстiнде қайнап жатқан судың даусындай дауыс естiдiм.»

Оқиға: Аяққа қадалған жебе

Пайғамбарымыздың сүйiктi күйеу баласы хазреті Əли (радыяллаһу анһ) намаз оқып жатқанда дүние астаң-кестең болса да хабары болмайтын.

Бiр соғыста хазреті Əлидың аяғына садақтың жебесi қадалып қалады. Жебенiң сүйекке кiргенi соншалық шығару мүмкін болмай-ды. Дəрiгерлерге де көрсетедi. Дəрiгерлер: «Бұл жебенi алу үшiн адамды есiнен тандыратын дəрi қолдану қажет. Сонда ғана алуға болады. Əйтпесе шыдау қиын болады» - дейдi. Сонда хазреті Əли: «Ондай дəрiнiң қажетi қанша. Одан да намаз уақытын күтейiк. На-маз оқыған кезде аларсыңдар» - дейдi. Намаз уақыты кiргенде, хазреті Əли намаз оқуға тұрады. Сол кезде дəрiгер хазреті Əлидiң аяғын кесіп, жебенi алып тастайды. Жараның бетiн байлап болған соң, хазреті Əли намазды бiтiрiп: «Алып тастадыңдар ма?» - деп сұрайды. Дəрiгер: «Иə, алып тастадым» - дейдi. Сонда хазреті Əли: «Ешқандай нəрсе сезбедiм» - деген екен.

Мұнда таң қаларлық не бар! Өйткенi Юсуф Пайғамбардың сұлулығын көрген Мысыр əйелдерiнің қайран қалғандығы соншалық өздерін ұмытып кетiп, қолдарын кесiп алғанынан да ха-барлары болмаған. Егер Аллаһу та’аланың құзырында тұру, махаб-батына бөленген ғашықтарын өз-өзiн ұмытатындай халге түсірсе, оған таң қалудың қажетi жоқ. Мүмiндер де жан тапсырар кезде Пайғамбарымызды көрiп өлiмнiң қиыншылығын сезбейді.

Оқиға: Ес тандыратын дəрi.

Аллаһтың сүйiктi құлдарының бiрi Əмiрі Қайстың бармағына күбiртке шығады. Тəуіп оны кесу керек дейдi. Əмiр: «Шешімге мойынсұну құлшылықтың шарты» - дейді де бармағын кестiредi. Арада бiрнеше күн өткеннен соң ауру асқынып, аяғын кесу керек болады. Сонда тəуіп: «Бұған сездiрмейтiн дəрi бермесек болмай-ды, оған шыдау мүмкiн емес» - дейдi. Мұны естiген Əмiр: «Өйтiп əуреленудiң қажетi жоқ, одан да Құран Кəрiмдi əдемі дауыспен оқитын адамға Құран оқытыңдар. Жүзімнен өзгеріс көрген кезде аяғымды кесіңдер, сонда хабарым да болмайды» - дейдi. Сөйтiп, Құранды жақсы оқитын адамға Құран оқытады. Сол кезде Əмiрдiң жүзi өзгерiп шыға келедi. Дəрiгер аяқтың жартысынан көбiн кесiп,

Page 24: Namaz kitabikz

- 46 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 47 -

НАМАЗ КІТАБЫ

жарасын жақсылап таңып болғанда Құранды оқып отырған адам тоқтайды. Əмiр өз-өзiне келiп: «Кестіңдер ме?» - дейдi. Тəуіп: «Иə» - дегенде: «Кесiлген аяқты маған берiңдер» - дейдi. Ол аяқты қолына алып: «Йа, Раббым! Бұл аяқты берген Сенсiң. Мен Сенiң құлыңмын. Үкім сенің үкімің, қаза сенің қазаң. Егер Қияметте, «Ей, құлым, сен күнəға бір адым да баспадың ба?» десең, сенің əміріңе қайшы бір қадам да басқан жоқпын деп айта аламын» - дейдi.

Оқиға: Намаз үшiн аянбау.

Бурса қаласы Османлылардың қол астына кiрмей тұрып, бір рум (грек) жасырын мұсылмандықты қабылдайды. Оның ең жақын деген досы таңырқап; «Ата-бабаңның ежелден келе жатқан дəстүрлi дiнiн тастап, неге бұл дiндi қабылдадың?» деп сұрайды. Ол досына мəн-жайды былай деп түсiндiрiп бередi: «Бiрде мұсылмандардың арасынан тұтқындалған бiреу менiң қарамағыма берiлдi. Бiр күнi əлгi мұсылман бiресе иiлiп, бiресе тұрып, бiр əрекет iстеп жатты. Əрекеттеріне тосқауыл болып «Не iстеп жатырсың?»- деп сұрадым. Ол бетiн сипап: «Намаз оқып жатырмын, егер кедергі болмасаң əр намаз үшiн бір алтын беремін» - дедi. Мен келісімімді бердім. Бірақ күн өткен сайын алатын ақшамның мөлшерін көбейте бердім. Бір күні əр намаз үшін он алтын сұрадым. Ол оған да келісті. Оның ғибадатқа болған жомарттығы менi қатты таң қалдырды. Бiр күнi оған: «Сенi тұтқыннан босатамын» дегенiмде қатты қуанып, маған былай деп дұға еттi: «Йа, жаратушы Раббым! Мына құлыңа иман бере гөр!» Сол кезде жүрегiмде мұсылман болу арманының көбейгені соншалық, дереу кəлима-и шаһадатты айтып мұсылман болдым.

Төртiншi бөлiм

НАМАЗДЫҢ ТҮРЛЕРI

Мұсылмандарға əмiр етiлген намаз түрлерi үшке бөлiнедi. Олар: 1. Фарз (парыз). 2. Уажиб (уəжіп). 3. Нафилə (нəпіл).

Фарз намаздары:1. Бес уақыт намаздың парыздары; Жұма намазының екi рəкат парызы мен жаназа намазы. (жаназа намазы фарзи кифая).

Уəжiп намаздары:2. Үтiр намазы, Рамазан айт намазы, Құрбан айт намазы, аяқталмай қалған нəпiл намаздары. Қаза болған үтiр намазының кейiннен қазасын өтеу де уəжiп.

Нəпiл намаздары:3. Бес уақыт намаздың сүннеттерi, тарау-их намазы. Сауап алу ниетімен оқылатын тəһəжжуд намазы, тахятул масжид, ишрақ, дұха, əууəбин, истихара, тəсбих намаздары нəпiл намаздарының қатарына жатады. Парыз жəне уəжiп намаздарынан қарызы жоқ адамның нəпiл ғибадаттарына да сауап берiледi.

Бес уақыт намаз

Намаз - Аллаһу та’аланың əмiрi. Аллаһу та’ала Құран Кəрiмде жүзден аса жерде «Намаз оқыңдар!»- деп əмiр еткен. Əрбiр ақыл-есi дұрыс, балиғат жасына толған мұсылманның күнде бес уақыт на-маз оқуы Құран Кəрiмде жəне хадис шəрифтерде əмiр етiлген.

Рұм сүресiнiң 17-18-шi аяттарында: «Кеш жəне таң уақыттарында Аллаһты тасбих етіңдер. Көктер мен жерде болғандардың орындаған құлшылықтары жəне екінді мен түс уақыттарында жасалған барлық хамдтер (мақтау) Аллаһу та’ала үшін» деп бұйырылды. Бақара сүресiнiң 239-аятында: «Намаздар-ды, сондай-ақ орта (екінді) намазды орындаңдар!». (Яғни намаз-дарды үзбей оқыңдар.) деп бұйырылды. Жоғарыдағы аятта айтылған тасбих (пəктеу, ұлықтау) жəне хамд (мақтау) сөздерiнiң намаз мағынасына келетiндiгi тəпсiр кiтаптарында айтылған. Хұд сүресiнiң 114-аятында: «Күндiздiң екi жағында (түс, екінді уақыттарында) жəне түнге жақын үш уақытта (ақшам, таң, құптан уақыттарында) болған намаздарды толық орында. Шынында бұл жақсы амал-

Page 25: Namaz kitabikz

- 48 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 49 -

НАМАЗ КІТАБЫ

дар, (бес уақыт намаздың сауабы кіші) күнəларды жояды. Бұл, ғибратпен түсiнетіндер үшiн бiр насихат» - деп бұйырылған.

Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам да: «Аллаһу та’ала құлдарына күнде бес уақыт намаз оқуларын əмiр еттi. Дұрыс дəрет алып, намазды уақытында оқыған, рүку мен сəжделерiн толық орындаған пенделердің күнəларын Аллаһу та’ала кешiредi»- деп айтқан.

Бес уақыт намаз 40 рəкаттан тұрады. Бұлардың 17-сі парыз, 3-і уəжiп, 20 рəкаты сүннет. Олар мына төмендегiдей:

Таң намазы:1. 4 рəкат. Алдымен екi рəкат сүннетi, кейiн екi рəкат парызы оқылады. Бұл екi рəкат сүннет ең қуатты сүннет болып саналады. Тiптi мұны уəжiп дегендер де бар.

Бесiн намазы:2. 10 рəкат (4 рəкат алғы сүннет, 4 рəкат парыз, 2 рəкат соңғы сүннет).

Екiндi намазы:3. 8 рəкат (4 рəкат сүннет, 4 рəкат парыз.)Ақшам намазы:4. 5 рəкат (3 рəкат парыз, 2 рəкат сүннет.)Құптан намазы:5. 13 рəкат (4 рəкат алғы сүннет, 4 рəкат па-

рыз, 2 рəкат соңғы сүннет, 3 рəкат үтiр намазы).Екінді мен құптан намаздарының алғы сүннеттерi ғайри

мүəккəд сүннетке жатады. Бұлардың екiншi рəкатында отырғанда, “əттəхияттан” кейiн “Аллаһумма салли” жəне “Аллаһумма барик” дұғалары ақырына дейiн оқылады. Үшiншi рəкатқа тұрғанда, алды-мен бисмиллаһ айтылмай тұрып, “Субханака” дұғасы оқылады. Ал, бесiн намазының алғашқы сүннетi Мүəккəд сүннет. Яғни қуатпен əмір етілген. Сондай-ақ бұл сүннеттiң сауабы да көп. Бiрiншi оты-рыста парыз намазындағыдай тек қана “Əттəхияту” оқылып, кейiн үшiншi рəкатқа тұрады. Тұрғанда алдымен Бисмиллаһ айтылып, кейiн “фатиха” сүресi оқылады.

Бесiн жəне Құптан намазының парызынан кейiн 4 рəкат жəне ақшам намазы парызынан кейiн 6 рəкат намаз оқу мустаһаб болады. Яғни бұл намаздардың да сауабы өте көп. Барлығын бiр сəлеммен немесе екi рəкатта бiр сəлем берiп оқуға да болады. Екеуiнде де алғашқы екi рəкаты соңғы сүннет орнына саналады. Осы мустаһаб намаздарды соңғы сүннеттерден кейiн бөлек оқуға да болады. Жұп рəкаттарда екiншi сəждеден кейiн отырады.

Əрбiр рəкатта намаздың парыздары, уəжiптерi, сүннеттерi, муфсидтерi жəне мəкрухтары болады. Бұларды келесi тақырыптарда ХАНАФИ мазһабы бойынша түсiндiремiз.

Намаздың парыздары

Парыз – Аллаһу та’аланың бұйырған əмiрi. Қандайда бiр ғибадаттың парыздары орындалмайынша бұл ғибадат дұрыс са-налмайды. Намаз оқығанда он екi шартты орындау парыз. Бұл парыздардың жетеуi намаздың сыртында, бесеуi iшiнде. Сыртындағы парыздар шарт, iшiндегiлер рүкiн деп аталады. Кейбiр ғұламалар ифтитах тəкбiрiн намаздың iшiндегi парыздарға қосқан. Олардың айтуынша намаздың шарттары да, рүкіндерi де алтау болады.

А) Намаз сыртындағы парыздар(шарттар)

1. Хадестен таһарат: Дəретi жоқ адамның дəрет алуы мен жүнiп болған адамның ғұсыл алуына айтылады.

2. Нəжістен таһарат: Намаз оқитын адамның денесiн, киiмiн жəне намаз оқитын жерiн ауыр жəне жеңiл нəжістен, яғни дiнiмізде кір болып саналатын нəрселерден тазарту. Мəселен: қан, зəр, спирт сияқты нəрселер нəжіс болып есептеледi.

3. Сатр-и аурат: Əурет жерiн жабу. Əурет жерін жабу Аллаһу та’аланың əмiрi. Ер адамдардың əурет жерi кiндiгi мен тiзе астына дейін. Ал əйел кiсiлер үшiн бет жəне қолдың білектен төмен (алақан) бөлiгiнен басқа жерлерiнiң барлығы əурет болып есептеледi.

4. Истиқбал-и Қыбла: Намаз үшін Қыблаға қарап тұру. Мұсылмандардың қыбласы қасиеттi Мекке қаласындағы Қағбаның тұрған жерi. Яғни сол ғимарат тұрған орын Қыбла деп аталады.

5. Уақыт: Намазды уақытында оқу. Яғни намаздың уақыты кіргенін бiлу жəне оқитын намазының уақытын ойынан өткізу.

6. Ниет: Намазға бастарда көңiлмен ниет ету. Тек ауызбен айту ниетке жатпайды. Намазға ниет ету сол намаздың атын, уақытын, қыбланы, намаз жамағатпен оқылатын болса, имамға ұюды көңiлден өткізу болып саналады. Ниет тахрима тəкбiрінің алдында етіледі. Тəкбiр айтып қойылғаннан кейiн ниет ететiн болса, ниетi де намазы да дұрыс болмайды.

7. Тахрима тəкбiрі: Намазды бастағанда «Аллаһу əкбар» деп айтады. Бұл тəкбiр ифтитах тəкбiрi деп те айтылады. «Аллаһу əкбардың» орнына басқа сөз айтылатын болса, тəкбiр айтылған бо-лып саналмайды.

Page 26: Namaz kitabikz

- 50 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 51 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Б) Намаздың iшiндегi парыздар(рүкiндер)

Намазға тұрғанда орындалатын бес парыз бар. Бұлардың əрқайсысын рүкiн деп атайды. Олар төмендегiдей:

1. Қиям: Намазды бастағанда тiк тұру. Тік тұра алмайтын науқас отырып оқиды. Отырып оқи алмайтын адам жатып ишарамен оқиды.

2. Қыраат: Оқу деген мағынаға келедi. Намазда тұрғанда Құран Кəрiмнен сүре немесе аят оқу.

3. Руку: Қырааттан кейiн қолдарын тiзеге қойып иiлу. Рукуде ең аз үш рет «Субхана раббиял азым» деп айтылады. Рукуден тұрып жатқанда «Самиаллаһу лиман хамидаһ» деп, тiк тұрғанда «Раббана лəкəл хамд» деп айтылады.

4. Сəжде: Аяқ ұштарын, тiзе, қол, мұрын жəне маңдайды жерге тигiзіп жасалынатын амалға айтылады. Сəждеге барғанда кемінде үш рет «Субхана раббиял ала» деп айтылады.

5. Қадаи ахир: Намаз соңында Аттахият дұғасын оқитындай уақыт отыру. Бұны соңғы отырыс деп те атайды.

Намаздың қаншама үлкен iс жəне ғибадаттардың ең маңыздысы болғандығын шарттарының көлемінен де байқауымызға бола-ды. Сондай-ақ бұған уəжiп, сүннет, мустаһаб, мəкрух, муфсидтер қосылатын болса, Раббының құзырында құлдың қалай тұру керектігі белгiлi болады. Құл - əлсiз, күшсiз, бейшара жаратылыс. Əрбiр алған демiнде өзiн жаратқан Аллаһу та’алаға мұқтаж. Ал намаз болса, құлдың осы əлсiздiгiн сездiретiн ғибадат. Бұл жайттар кiтабымызда ретімен баяндалатын болады.

НАМАЗДЫҢ ШАРТТАРЫ

ХАДЕСТЕН ТАҺАРАТ1.

Бұл тарауда; дəрет, ғұсыл жəне тəйəммумды түсiндiремiз.

ДƏРЕТ АЛУ:Дəрет алу намаздың парыздарының бiрi. Құран Кəрiмдi ұстау,

Қағбаны тəуап ету, тiлəуат сəждесiн жасау, жаназа намазын оқу үшiн де дəрет алу қажет. Сонымен қатар үнемi дəретпен жүру, жатарда дəрет алып жату, тамақтанғанда дəреттi болу үлкен сауап болады.

Дəретпен жан тапсырған адамға шəһидтiң сауабы жазылады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Дəретпен дүниеден өткен адам өлiм азабын тартпайды. Себебi дəрет имандылықтың нышанын бiлдiредi. Сондай-ақ намаздың кiлтi, дененi күнəдан тазартушы болып есептеледi.»

«Мұсылман адам дəрет алғанда күнəлары құлағынан, көзiнен, қолынан жəне аяғынан төгiледi. Отырған уақытта күнəлары кешiрiлген күйде отырады».

«Амалдардың ең қайырлысы намаз. Үнемi дəретпен жүру тек муминның сипаты. Мумин күндiз дəретпен жүргенi сияқты түнде де дəретпен жатуы керек. Осылай iстейтiн болса, Аллаһу та’аланың қамқорында болады. Дəретпен тамақ жеген адамның жеген тамағы зiкiр етумен болады. Жəне де иесi үшiн кешiрiм тiлейдi.»

Дəреттiң парызы, сүннетi, əдебi, тыйымдары жəне бұзатын жайттары да бар. Дəреті жоқтығын біліп тұрып əдейі намазға кіріскен кəпір болады. Намаз оқып тұрғанда дəретi бұзылса, дереу сəлем берiп намаздан шыққан соң дəрет алып, қайта жалғастыру қажет.

Дəреттiң парыздары

Дəреттiң парыздары Ханафи мазһабы бойынша төртеу: Беттi бiр рет жуу.1. Қолдарын шынтақпен қосып бiр рет жуу. 2. Бастың төрттен бiрiне мəсих тарту. 3. Аяқты тобықпен қосып бiр рет жуу. 4.

Page 27: Namaz kitabikz

- 52 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 53 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Ал Шафии мазһабында ниет пен тəртiп те парыз болып, беттi жуғанда ниет ету қажет. Су бетке тимей тұрып ниет етсе дұрыс бол-майды. Бет пен жақтағы сақалды жуу парыз. Малики мазһабында болса, дəретте жуылатын мүшелердi ысқылап, бір-бірінің артынша арасын үзбей жуу да парыз. Шииттер аяқтарын жумайды, жалаң аяқтың үстiне мəсих тартады.

Дəрет қалай алынады?

Дəрет алатын кезде мына дұға оқылады;1. Бисмиллаһил-азым. Уəлхамду лиллаһи алə динил Ислам уə алə тəуфиқул иман. Əлхамду лиллаһиллази жəалəл маə тахуран уə жəалəл исламə нуран1”. Сосын екі қол бiлекке дейiн үш рет жуылады.

Оң қолымен ауызды шайғанда мына дұға оқылады:2. “Аллаһуммасқини мин хауди нəбийкə кəсəн лə азмəу бəдəһу əбəдəн.2”

Оң қолымен мұрынға үш рет су алынып, сол қолымен 3. сiңбiрiп мұрынды тазалайды. Мұрынға су алғанда: “Аллаһуммə арихни рахатəл жəннəти уəр-зуқни мин ниəмиха. Уə лə турихни райихатəн-нар3”

Алақанымен су алып, беттi жуарда мына дұға оқылады4. : “Аллаһумма бəйид уəжһи бинурикə яума табяадду вужуһу уəлияикə уə лə тусəввид уəжһи бизунуби яумə тəсуəдду вужухи адаикə4”.

Оң қол үш рет шынтаққа дейiн жуылып жатқанда:5. “Аллаһумма атини китаби биямини уə һасибни һисабəн ясирəн5” дұғасы оқылады.

Сол қол үш рет шынтақпен қоса жуылып жатқанда:6. “Аллаһуммə лə тутини китаби би шимəли уə лə мин уəрааи зах-ри уə лə тухасибни һисəбəн шəдидəн6” дұғасы оқылады.1 Ұлы Аллаһтың атымен бастаймын. (Бізге) Ислам дінін берген жəне иманды сыйлаған Аллаһу Та’алаға мадақ болсын. Суды тазартушы, Исламды да нұр еткен Аллаһқа хамд болсын.2 Ей, Аллаһым, одан ішкеннен соң кайта шөлдетпейтін Пайғамбар бұлағынан маған да бір кесе ішкіз.3 Ей, Аллаһым. Мені тозақ иісімен емес, жаннат иісімен жəне жаннат нығметтерімен рызықтандыр.4 Ей, Аллаһым. Нұрыңмен əулиенің жүзін нұрландырғандай менің де жүзімді ағарт. Дұшпандарыңның бетін қара қылғандай күнəларым үшін менің де жүзімді қарайтпа.5 Ей, Аллаһым. Кітабымды оң жағымнан бер. Менің есеп-қисабымды оңай ет.6 Ей, Аллаһым. Кітабымды сол жағымнан жəне арқамнан берме. Мені қиын бір қисаппен жауапқа тартпа.

Екi қолды жуып болған соң тағы да екi қолды қайта жуып, 7. басқа мəсих тартып жатқанда: “Аллаһуммə һаррим шарри уə бəшəри алəннар. Уə əзиллəни таһтə зилли аршикə яумə лə зиллə иллə зиллу аршикə7” дұғасы оқылады.

Екі қолдың сұқ саусақтарымен екі құлақтың iшiн, бас 8. бармақтармен құлақтың сыртына мəсих тартып жатқанда, мына дұға оқылады: “Аллаһумма əжални миналлəзина ястəминал-қавлə фи яттəбиунə ахсəнəһу8”.

Қолдың сырт жағымен желкеге мəсих тартқанда: 9. “Аллаһумма атик рақабати минəннар9” дұғасы оқылады.

Мойынды мəсих еткеннен кейiн, сол қолдың кіші саусағымен 10. оң аяқтың кiшкене бармағынан бастап, араларын хилалдау арқылы, аяқты тобықпен қоса үш рет жақсылап жуып жатқанда: “Аллаһумма сəббит қадамəйя əла сирати яумə тəзиллу фи-һил ақдəму10” дұғасы оқылады.

Сол аяқты үш рет жууда тағы да сол қолдың кіші саусағымен 11. бас бармақтан бастап, рет-ретiмен аяқтың кiшкене бармағына қарай жуған жөн. Аяқты тобықпен қоса жуып жатқанда: “Аллаһумма лə татруд қадамəя алə сирати яумə татруду куллу ақдəми адаикə. Аллаһуммаж-аль саъйи мəшкуран уə зəнби мағфуран уə əмəли мақбулəн уə тижарəти лəн тəбурə11” дұғасы оқылады.

Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейдi: «Кiмде-кiм дəрет алып болып көкке қарап мына дұғаны оқыса, (Субханəкə Аллаһумма уə би хамдика Əшһаду əлла илаһə илла əнтə уəһдаһу лə шарика лəкə əстағфирука уə атуубу илайка Əшһаду əлла илаһə иллаллаһ уə əшһаду əннə Мұхаммəдəн абдукə уə Расулукə) Аллаһу та’ала ол кiсiнiң күнəларын кешiреді жəне қабыл мөрімен растап Арши аланың астында сақтайды. Сондай-ақ Қиямет күнiнде бұл дұғаны оқыған кiсi келіп Аллаһу та’аладан сауабын алады.12»

7 Ей, Аллаһым. Денемді жəне шаштарымды тозақ отына жақпа. Көленке болмаған күнде мені Арштың көленкесінде сақта.8 Ей, Аллаһым. Мені сөз тыңдап ең жақсы ұстанғандардан қыл.9 Ей, Аллаһым, мойнымды тозақ отынан азат ет.10 Ей, Аллаһым. Аяқтардың тайған күнінде Сырат көпірі үстінде менің аяқтарымды тайдырма.11 Ей, Аллаһым. Дұшпандарыңның аяқтары Сырат көпірінде тайған күнде, менің аяқтарымды тайдырма. Ей, Аллаһым, істерімді шүкір етуші қыл, күнəларымды кешір, амалдарымды қабыл ет, саудамды халал ет.12 Ей, Аллаһым. Сені хамдпен тасбих жəне тəнзих етемін. Сенен басқа илаһ, құдай жоқтығына, бір екендігіңе, серігің болмағанына жəне Мұхаммед алейһиссалам Сенің құлың əрі расулың екеніне куəлік етемін.

Page 28: Namaz kitabikz

- 54 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 55 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Бiр хадис шəрифте: «Кімде-кiм дəрет алғаннан кейiн “Иннə əнзəлнəһу” сүресiн бiр рет оқитын болса, Аллаһу та’ала ол кiсiнi сыддықтар қатарына жазады. Екi рет оқыса, шəһидтердiң қатарына жазады. Ал үш рет оқыса, Пайғамбарлармен бiрге тіріледі»,- деді.

Тағы бiр хадисте: «Кiмде-кiм дəрет алғаннан кейiн маған он мəрте салауат айтатын болса, Аллаһу та’ала ол кiсiнiң қайғысын кетіріп, көңiлiн көтередi. Сондай-ақ дұғасын қабыл етедi»- деп айтқан.

Дəрет дұғасын бiлмейтiндер, дəрет дұғасын оқымай-ақ дəрет алуларына болады. Бiрақ, көп ұзатпастан дұғаларды жаттап, дəрет алғанда оқулары қажет. Өйткенi мұның сауабы мол. Дəрет алып болған соң: «Аллаһуммаж-ални минəт-тəууəəбин, уəжъални мин-əл-мутатаххирин, уəж ални мин ибадик-ас-салихин, уəж ални минəллəзина лə хавфун алейһим уə лəһум яхзанун» дұғасын оқудың сауабы көп.

Дəрет дұғасын бiлмейтiндер ең болмағанда əрбiр мүшенi жуған кезде Калима-и шаһадатты оқып, үлкен сауапқа жетулері керек.

Дəреттiң сүннеттерi

Дəреттiң сүннеттерi он сегiз:Дəретті “Бисмиллаһ” деп бастау.1. Əуелi екі қолды бiлекпен қоса үш рет жуу.2. Ауызды үш рет сумен шаю. Бұны 3. Мазмаза деп атайды.Мұрынды да үш рет сумен шайып сіңбіру керек. Бұны 4.

Истиншақ деп атайды. Беттi жуғанда қас, сақал жəне мұрттың астындағы 5.

көрiнбейтiн терiнi сумен ылғалдандыру.Беттi жуғанда екi қастың астын ысқылау. 6. Сақалды мəсих ету. 7. Сақалдың арасын саусақтарымен тарамдау.8. Тiстерiн тазалау. (мисуакпен тазалау маңызды сүннет). 9. Бастың барлық бөлігіне мəсих тарту. 10. Құлаққа бiр рет мəсих тарту. 11. Желкені үш саусақпен бiр рет мəсих ету. 12. Қол, аяқ саусақтарының араларын тарамдап жуу. 13. Жуылатын мүшелердi үш реттен жуу. 14. Беттi жуатын кезде шын көңілмен (жүрекпен) ниет ету. 15.

Тəртiп: яғни рет-ретiмен жуу. 16. Жуылатын жерлердi ысқылау. 17. Əр мүшенiң арасын үзбей жуу. 18.

Дəреттiң əдептерi

Дəреттiң əдептерi жиырма сегiз:Əдеп - орындалған жағдайда сауап, орындалмаған жағдайда

күнə болмаған амалдар. Ал сүннеттi орындаған жағдайда сауап, орындамаған жағдайда тəнзихан мəкрух болады. Əдепті мəндуб жəне мустаһаб деп те атайды. Дəреттiң əдептерi:

Уақыт кiрместен бұрын дəрет алып намазға дайындалу. 1. (Үзірлі болғандар уақыт кірген соң алады)

Іш дəрет алғанда қыблаға оң немесе сол жағымен қарап 2. отыру. Дəрет сындырғанда қыблаға қарай алдымен немесе артымен отыру тахримəн мəкрух болады.

Нəжiс тимесе де сумен іш дəрет алу.3. Іш дəрет алғаннан кейiн сүлгімен құрғату.4. Іш дəрет алғаннан кейiн əурет жерiн дереу жабу.5. Басқа бiреудiң жəрдемiн алмай дəретті өзi алу.6. Дəретті қыблаға қарап алу.7. Əрбiр мүшенi жуған кезде кəлима-и шаһадат айту.8. Дəрет дұғаларын оқу. 9. Аузына оң қолымен су алу.10. Мұрнына оң қолымен су алу. 11. Мұрнын сол қолымен тазалау. 12. Ауызды жуғанда тiстерiн мисуакпен тазалау. Мисуак болма-13.

са тiс щеткасымен де тазалауға болады. Ауызды жуғанда ораза тұтпаған болса, тамағын сумен 14.

шайқау, дəретте де ғұсылда да сүннет. Ораза тұтқан болса, бұлай жа-сау мəкрух.

Мұрынды жуғанда суды сүйекке дейiн тарту.15. Құлақты мəсих еткенде бiр саусағын құлақ тесiгіне кіргізу.16. Аяқтың саусақтарын тарамдағанда сол қолдың кiшкене 17.

бармағымен тарамдау.Қолды жуған кезде жүзiгi кең болса қозғап жуу. Ал тар бол-18.

са мiндеттi түрде қозғап жуу парыз.Су көп болса да ысырап етпей жуу. 19. Суды май жаққандай аз қолданбау қажет. (Үш рет жуылған 20.

мүшеден кемінде екі тамшы су тамуы керек.)

Page 29: Namaz kitabikz

- 56 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 57 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Бiр құманмен дəрет алғаннан кейiн, сол құманның суын тол-21. тырып қою.

Дəрет алып болған соң (немесе ортасында) Аллаһуммаж-22. ални минаттəууабин... дұғасын оқу.

Дəрет алғаннан соң Субха намазын, яғни екi рəкат намаз 23. оқу.

Дəретi болса да кейiнгi намаз үшiн қайта дəрет алу.24. Беттi жуғанда көздi былшықтардан тазалау. 25. Беттi, қолды, аяқты жуғанда парыз болған жерлерден 26.

асырып жуу. (Қолды жуарда уысқа су алып білекке қарай ағытып шынтақпен қоса жуу)

Дəрет алып жатқанда қолданылған суды үстіне шашырат-27. пау.

Өз мазһабында мəкрух болмаған бір амал басқа мазһабта па-28. рыз болса, мұны орындау мустаһаб болады.

Дəрет алғанда тыйым салынған жағдайлар

Дəретте тыйым салынған жағдайлар он екi. Бұларды орындаған жағдайда харам немесе мəкрух болады. Олар:

Дəрет сындырған кезде қыблаға алдын не артын қарату. 1. Дəрет алу үшін бiреудің қасында əурет жерiн ашу харам бо-2.

лады. Оң қолымен əурет жерiн жууға болмайды. 3. Су болмаған уақытта қоректiк заттармен, тыңайтқыш 4.

нəрселермен жəне сүйек, көмiр, жануар қорегiмен, қамыс, жапырақ, керамика бөлшегі, мата, қағаз, басқаның заты сияқты нəрселермен əурет жерiн сүрту мəкрух.

Дəрет алатын суға түкiрмеуi жəне мұрнын сiңбiрмеуi керек. 5. Дəрет мүшелерін тым асыра немесе мөлшерiнен аз жумауы 6.

қажет жəне үштен артық немесе кем болмауы керек. Дəрет мүшесiн əурет жерiн құрғатқан сүлгімен сүртпеу 7.

қажет. Бет жуғанда суды бетке ұрып жумау керек. Маңдайдан ба-8.

стап төмен қарай ағыза жуу қажет.Суға үрлемеу керек.9. Ауыз бен көздi қатты жұмып алмау қажет. Ерiннiң көрiнiп 10.

тұрған бөлiгiнде жəне көздiң қабығында су тимеген кiшкене бiр жер қалса дəрет қабыл болмайды.

Оң қолмен сіңбірмеу қажет. 11.

Басты, құлақты, желкенi мəсих еткенде қолды жеке-жеке су-12. ламау керек.

Мисуак қолдану: Дəрет алып жатқанда мисуак қолдану сүннети мүəккəдə болып табылады. Хадис шəрифте келтірілгендей: «Мисуак қолданып оқылған намаз, мисуаксыз оқылған намаздан жетпіс есе артық.»

“Сираж-ул-уаһһаж” кiтабында мисуак қолданудың он бес пайдасы көрсетілген.

Өлер кезінде шаһадат кəлимасын айтуына себеп болады. 1. Тiс еттерiн бекемдейдi.2. Қақырықты кетіреді. 3. Өт жұмысын реттейді.4. Ауыз ауруын кетiредi.5. Ауыздың жағымсыз иiстерiн кетiредi. 6. Аллаһу та’ала одан разы болады. 7. Бас тамырларын қуаттандырады. 8. Шайтан ренжиді. 9. Көздері нұрланады. 10. Игiлiктері мен жақсылықтары артады.11. Сүннетпен амал еткен болады.12. Аузы пəк болады. 13. Фасих-ул-лисан, яғни ашық, көркем жəне мəнді сөйлейтін 14.

болады.Мисуак қолданып оқылған екi рəкат намаз жетпiс рəкат 15.

намаздың сауабынан да артық болады. Мисуак - Арабстанда өсетін Əрак ағашының бұтағы. (Түзулеу)

Ұшынан екi сантиметрдей қабығын аршып, ашылған жерiн бiрнеше сағаттай суға батырып қойғаннан кейін езетін болса, щетка сияқты ашылады. Əрак ағашы табылмаса зейтун бұтағынан да жасалады. Əйелдердің мисуак орнына, мисуак қолдану ниетімен сағыз шайнау-лары да дұрыс.

Дəрет алудағы маңызды жайттар Мұқтаж болмаса да төмендегi он нəрсеге мəн берiлу керек.

Екi қолы шолақ болған адам, үлкен дəрет ала алмайды. Бұл 1. кісі шолақ қолын топыраққа, жүзін дуалға сүртіп тəйəммум алады. Жүзiнде де жарасы бар болса намазын дəретсiз оқиды, яғни қазаға қалдырмайды.

Page 30: Namaz kitabikz

- 58 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 59 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Ауру адамға жұбайы немесе күйеуi, балалары, бауырлары 2. дəрет алдырады. Үлкен дəретте тас немесе осы сияқты нəрселермен тазалану 3.

судың орнына жүредi. Ақылынан айырылған немесе есінен танған адам жиыр-4.

ма төрт сағат iшiнде есiн жинай алмаса, өзiне келгеннен кейiн намаздарының қазасын өтемейді. Iшкiлiк, апиын, дəрi-дəрмек арқылы ақыл-есiнен айырылған адам, əрбiр намазының қазасын өтейдi. Жатып басын қимылдата алмайтындай қатты ауырған кiсiнің халі жиырма төрт сағаттан асса, намаздарының қазасын оқымайды.

Əжетханаға кiру үшiн арнайы шалбар қолдану жəне бас 5. киім киіп кiру мустаһаб.

Əжетханаға кiргенде қолында Аллаһу та’аланың есiмi жəне 6. Құран Кəрiм жазылған зат болмауы тиіс. Бiр нəрсеге оралған немесе қалтада болуы керек.

Əжетханаға сол аяқпен кiрiп, оң аяқпен шығу керек. 7. Əжетханада əурет жерiн отырған соң ашу жəне сөйлемеу 8.

керек.Ұятты жерiне жəне нəжіске қарамау керек. Əжетханаға 9.

түкiрмеу керек.Ешбiр суға, мешiт қабырғасына жəне айналасына, молаға 10.

жəне жолға дəрет сындыруға болмайды.

Дəреттi бұзатын жағдайлар

Жетi нəрсе дереттi бұзады.Алдан жəне арттан шығатын нəрселер: 1-

а) Үлкен жəне кiшi дəретке отыру жəне жел шығару.б) Клизма аспабының ұшы немесе адам саусағы, арттан

кiргiзiлiп шығарылғанда, айналасы ылғал болса бұзылады. Құрғақ болса да қайта дəрет алу абзал.

в) Еркектер жəне əйелдердiң кiшi дəретiнiң сызбауы үшiн алды-на қойған мақта, тампон сияқты нəрселерiнiң сыртқа шығып тұрған ұшы суланса, бұзылады.

Ауыздан шығатын нəжіс нəрселер: 2- а) Ауыз толтырып құсса,б) Түкiргенде қан түкіріктен көп болса. в) Асқазан жəне бауырдан келген сұйық қан Имам Ағзамның

үкімі бойынша аз болса да дəреттi бұзады. г) Құлаққа тамызылған май, дəрi ауыздан шықса.

Терiден шығатындар: 3- а) Қан, iрiң, сары су шықса. б) Шешек ауруынан жəне қандайда бiр iсiктен шыққан қан,

сары су, ғусылда жуылуы керек болған теріге жайылса, мысалы, мұрыннан келген қан мұрын сүйегінен ағып өтсе, құлақтан аққан қан құлақ тесiгiнен шықса.

в) Сыздауық жəне жарадағы қанды, сары суды, мақтамен сорып алса.

г) Мисуак жəне басқа тiс тазалайтын нəрседегi қан ауызға жұқса.

д) Құлақ, кiндiк жəне емшектен ауырып немесе бір ауру арқылы сұйықтық шықса.

ж) Сүлiк көп қан сорса, дəрет бұзылады. Ұйықтау:4-

Жанбастап немесе шынтағына, не бiрнəрсеге сүйенiп ұйықтау дəреттi бұзады.

Талып қалу, есінен айрылу, қояншық сияқты аурулар ұстап 5- қалу немесе жүрiп бара жатқанда теңселетiндей мас болу дəреттi бұзады.

Намазда күлу, намазды да, дəреттi де бұзады. Бiрақ 6- жас баланікі бұзылмайды. Жалаңаш болып жыныс мүшелерiн

үйкеу, əйел мен еркектiң де дəретiн бұзады. Дəрет алғанын бiлiп, одан кейiн бұзылғандығына күмəнданса

дəретi бар болып есептелiнедi. Ал дəретi бұзылғанын бiлiп, содан соң дəрет алғанына күмəнданса, дерет алуы керек.

Дəреттi бұзбайтын жағдайлар

Ауыз, құлақ жəне терiдегi жарадан шыққан құрт.1. Қақырық құсу.2. Қан құсқанда бастан келген сұйық қан түкiрiктен аз болса.3. Тiстен шыққан қан түкiрiктен аз болса.4. Бастан келген қатқан қан көп болса да.5. Асқазаннан, бауырдан келген қатқан қан ауыз толы болмаса. 6. Құлаққа тамызылған май құлақтан немесе мұрыннан шықса.7. Мұрынға тартылған нəрсе мұрыннан бiр немесе бiрнеше күннен 8. кейiн қайта шықса.Бiр нəрсенi тiстегенде сол нəрседе қан көрсе.9. Ешбір аурусыз басқа бір себеппен жылау, мысалы, пияз, түтiн 10. жəне газ əсерiмен көзден жас ақса.

Page 31: Namaz kitabikz

- 60 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 61 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Əйел баласын емiзсе.11. Көп терлесе.12. Маса, шыбын, бүрге т.б. сияқтылар көп шақса.13. Теріге жайылмаған қан жəне ауыз толтырмай құсу.14. Ұйықтағанда сүйенген нəрсесiн тартса, құламаса.15. Намазда ұйықтаса.16. Аяғын жинап отырып, басын тiзесi үстiне қойып ұйықтаса.17. Аяқтарын бiр жағына шығарып, жерге отырып ұйықтаса.18. Жайдақ жануарда ұйықтаса (жануар өрге шықса да немесе тегiс 19. жерде жүрсе де.)Намазда күлiмдеу.20. Намазда күлгенiн жалғыз өзi естiсе, бұл - 21. даһқ делiнедi. Даһқ жалғыз намазды ғана бұзады.Шаш, сақал, мұрт жəне тырнағын алса.22. Жара қабығының түсуi дəретті бұзбайды.23.

Дəрет үшiн жеңiлдiктер(мəсi жəне жараға мəсих)

Мəсих - сипау деген мағына бередi. Мəсихтің екі түрі бар: 1. Мəсiге мəсих тарту:

Мəсi - аяқтың жуылуы парыз болған жерлерiн жауып тұратын су өткiзбейтiн аяқ киiм. Мəсi үлкен болып бармақтар мəсiнiң ұшына жетпей тұрса жəне мəсих сол бос жердің үстіне тартылса дұрыс бол-майды. Мəсi жол жүргенде мықты, əрі бекем жəне аяққа шақ болуы керек.

Табаны мен аяқтың үстi немесе тек табаны терiмен қапталып тiгілген шұлыққа мəсих тартуға болады. Қалың, мықты болып, 1 сағат жол жүргенде жыртылмайтын, төмен түспейтiн қатты шұлыққа да мəсих тартуға болады.

Мəсі дəретсіздіктің аяққа өтуіне кедергі болады. Аяқ жуылғаннан кейiн мəсiлердi киіп дəрет алуға болады.

Мəсих мəсiнiң үстiңгi жағына тартылады. Мəсiнiң астына, яғни табанына мəсих етiлмейдi.

Сүннетке сай мəсих тарту үшiн оң қолдың бес саусағын сулап оң мəсiге, сол қолдың саусақтарын сулап сол аяқтағы мəсiге, аяқтың ұшынан бастап тобыққа қарай жабыстырылып тартылады. Алақан мəсiге тигiзiлмейдi. Мəсіһтің үш саусақ енінде жəне бойында болуы парыз.

Мəсихті қолдың сыртымен де тартуға рұқсат болғанымен, iшiмен мəсих тарту сүннет. Ылғал көгалдың үстiмен жүргенде мəсiнiң үстi ылғалданса мəсихтiң орнына жүредi.

Мəсiнiң үстiне мəсіһ тарту уақыты, муқим (жергілікті) үшiн 24 сағат, сафари (жолаушы) үшiн 3 күн 3 түн, яғни 72 сағат. Бұл уақыт мəсiнi киген кезден емес, дəрет бұзылған кезден басталады. Мəсi ки-ген адам дəретi бұзылғаннан кейiн 24 сағат өтпестен бұрын сапарға шықса, бұл мəсiге 3 күн 3 түн мəсi тарта алады. Жолаушы болып жүрiп, сапары аяқтылып, муқим болса, мəсiнi шешiп аяғын жуып дəрет алады.

Аяқтың үш бармағы сиятындай жыртығы немесе тесiгi болған мəсiге мəсих тартуға болмайды. Мəсiнiң бiрнеше жерiнде кiшкене тесiктер болса, бұлардың барлығын қосқанда үш бармақтың көлеміндей болса, бұған мəсих тартуға болмайды. Бiр мəсiде екi бармақ, басқа мəсiде де екi немесе бiр бармақ көрiнетiндей тесiк бол-са, бұған мəсих тартуға болады. Мəсих етуге болмайтын жыртық, үш бармақтың ұшы емес, үш бармақтың барлығы көрiнетiндей үлкен болуы керек.

Жара жəне бинтке мəсих ету:2. Жараның, сыздауықтың, терiдегі кесік жəне жарықтардың үстіне

таңылған дəке, мақта, мата, лейкопластырь сияқтылардың шешiлiп жуылуы ауруды асқындыратын болса, олардың үстiне мəсих тарты-лады.

Үзiрлi кiсi қалаған кезінде дəрет алып, қалағанынша парыз, нəпiл намаздарын жəне Құран Кəрiмдi оқуына болады. Ал намаз уақыты шыққанда дəретi бұзылады. Осылайша əр намаздың уақыты кiрген соң қайтадан дəрет алып, сол уақыт шыққанға дейiн ғибадатын орындай бередi.

Үзiрлi болу үшiн, дəрет бұзатын нəрселердiң намаз уақыты бойынша тоқтамай жалғасып тұруы керек. Яғни, бiр намаз уақыты iшiнде дəрет алып, бiр ғана парызды оқитындай уақыт дəретiн ұстап тұра алмайтын кiсi үзірлі болады. Бұл кісінің осы үзiрi əр намаз уақтысында бiр де тоқтап, бiр де ақса да үзiрлi болып есептеледi.

Page 32: Namaz kitabikz

- 62 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 63 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Ғұсыл

Намаздың дұрыс болуы үшiн дəреттiң де, ғұсылдың да дұрыс алынуы керек. Жүнiптiкке жыныстық қатынас жəне ихтилам себеп болады. Жүнiп болған əйел жəне еркек, хайз немесе нифастан босаған əйелдерге намаз уақытының соңында сол намазды оқитындай уақыт қалғанда ғұсыл алуы парыз болады.

Пайғамбарымыз хадис шəрифте былай деген: «Ғұсыл алу үшін орнынан тұрған адамға денесіндегі түк санынша (яғни өте көп) сауап берiледi. Сонша күнəсi де кешiрiледi. Жəннаттағы дəрежесi көтеріледі. Ғұсылы үшiн оған берiлетiн сауап дүниедегi барлық нəрседен де артық болады. Аллаһу та’ала перiштелерге бұл құлыма қарандар! Түнде менiң əмiрiмдi ойлап, ерінбей жүнiптіктен ғұсыл алып жатыр. Куə болыңдар, бұл құлымның күнəларын кешiремiн дейдi».

Басқа бiр хадисте: «Жүнiп болғанда жылдам ғұсыл алыңыздар! Өйткенi Кирамен кəтибин перiштелерi жүнiп адамға ренжидi, өкпелейдi». Имам Ғазали айтады: «Қайтыс болған бiр адам түсiмде былай дедi: “Өмірімде аз уақыт жүнiп халде жүрген едiм. Қазiр ендi үстiме оттан көйлек кигiздi. Əлi де оттамын”- дедi.» Бiр хадис шəрифте: «Жанды сурет, ит жəне жүнiп адам болған үйге рах-мет перiштелерi кiрмейдi» делінді.

Намаз оқитын кез-келген адам намаз уақытын жүнiп хал-де өткiзсе, қатты азапталады. Сумен жуынуға мүмкiндiгi болмаса, тəйəммум алуы керек. Жүнiп болған адамдар төмендегi нəрселердi iстей алмайды: 1. Еш бір намаз жəне сүре оқи алмайды. 2. Құран Кəрiмдi ұстай алмайды. 3. Қағбаны тауап ете алмайды. 4. Мешiтке кiре алмайды.

Ғұсылдың парыздары

Ханафи мазһабында ғұсылдың парыздары үшеу: Ауыз ішін шаю.1. Ауыз ішінде иненiң ұшындай су тиме-

ген жер қалса, тiстерінiң тесiктерiне су тимесе ғұсыл алған болып есептелмейдi.

Мұрынды шаю.2. Мұрындағы құрғақ кiрдiң астына жəне ауыздағы нанның астына су тимесе ғұсыл өтпейді. Ханбали мазһабында ауызды жəне мұрынды шаю дəретте де, ғұсылда да па-рыз. Шафии мазһабында болса, ғұсыл алуға ниет ету де парыз.

Дененiң барлық жерiн жуу.3. Кiндiктiң iшiн, мұрт, қас жəне сақал, оның астын жəне шашты жуу парыз. Тырнақта, ерiнде, көз қабағында немесе дененiң қандай да бiр жерiнде су өткiзбейтiн зат-тар болатын болса, ғұсыл өтпейді.

Ғұсылдың сүннеттерi

Алдымен қолын жуу.1. Əурет жерлерiн жуу.2. Дененi нəжістен тазалау. 3. Ғұсылдан бұрын дəрет алу, жүзiн жуып жатқанда, ғұсылға 4.

ниет ету. Шафииде ниет парыз. Барлық дененi үш рет жуу.5. Барлық дененi жуған соң, екi аяқты жуу.6.

Ғұсыл қалай алынады?

Сүннетке сай ғұсыл былай алынады:Таза болса да əуелi екi қолды, содан кейін əурет жерiн жəне 1.

дененiң басқа да нəжіс тиген жерлерiн жуады. Одан соң толық дəрет алады. Жүзiн жуып жатқанда ғұсылға 2.

ниет етеді. Аяқтың астына су жиналмаса, аяқты да жуады. Одан соң дененiң барлық жерiне үш рет су құяды. Алдымен 3.

басқа, содан соң оң иыққа, кейiн сол иыққа үш реттен су құйылады. Əр құйғанда сол мүшелерге толық су тию керек. Бірінші құйғанда ысқылау керек.

Ғұсылда дененiң бiр мүшесiне құйылған су басқа мүшеге тисе, ол жер де таза болады. Өйткенi ғұсылда бүкіл дене бiр мүше болып есептеледi. Ал дəретте бiр мүшеге құйылған су басқа мүшеге тисе, толық жуылған болып есептелмейдi. Ғұсыл алғаннан кейін қайта дəрет алу мəкрух болады. Бiрақ, ғұсыл алу кезінде дəретi бұзылса, қайта дəрет алу керек.

Ескерту: Пломба жəне қаптама тiсi болғандар үшін

Ханафи мазһабында тiстiң арасына жəне тiс шұнқырларына су тимесе, ғұсыл дұрыс алынбаған болып есептеледі. Сондықтан тiсiнде коронкасы немесе пломбасы болғандардың ғұсылы өтпейді, яғни адам жүнiптiктен құтыла алмайды. Алтын, күмiс жəне нəжіс

Page 33: Namaz kitabikz

- 64 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 65 -

НАМАЗ КІТАБЫ

болмаған басқа заттардан жасалған қаптама жəне пломбалардың астына су кірмейінше, Ханафи ғалымдарының барлығының үкімі бойынша ғұсыл жаиз болмайды.

Тахтавидiң «Мəрақил-фалаһ» кiтабының 96–шы бетiнде жəне де мұның аудармасы «Ниматул-Ислам» кiтабында былай деп жазылған: «Ханафи мазһабындағы адам өзiнiң мазһабы бойынша iстей алмаған бiр амалды iстеу үшiн Шафии мазһабын тақлид ете алады, яғни сол мазһабтың үкімдерінен пайдалана алады». «Бахр-ур-раиқ» жəне «Нахр-ул-фаиқ» кітаптарында да солай жазылған. Бiрақ, бұл амалды орындау кезінде сол мазһабтың шарттарын да орындауы керек. Осындай бір қиындық туындамай тұрып жəне шарттарын орындамай басқа мазһабқа елiктеуге рұқсат жоқ!

Өз мазһабындағы бiр парызды орындай алмаған адамның, тек қана осы парызды орындауы үшiн ыңғайлы басқа мазһабты тақлид етуі қажет. Бiрақ, бұл амалды орындау барысында тақлид еткен, яғни үкімдерін пайдаланып отырған мазһабының шарттарын да міндетті түрде ұстану қажет.

Тiсiн қаптатқан жəне пломбалаған ханафилердің ғұсылы дұрыс болмайды. Бұлардың пломбасын, не коронкасын алып тастауы машақат болғандықтан, ғұсылда ауыз ішін жууды парыз санамай-тын мазһабтар бойынша ғұсыл алуы керек болады. Ал хақ мазһабтар ішінде ауыз ішін жуу сүннет болғандары - Малики жəне Шафии мазһабтары. Демек, тісінде коронка, пломба болған ханафилер осы екі мазһабты тақлид ету үшiн ғұсылға, дəретке жəне намазға ниет етерде имам Маликке немесе имам Шафииге ұйыдым деп көңілінен өткізеді. Яғни ғұсыл алуды бастағанда, мысалыға Малики мазһабы бойынша ғұсыл алуға ниет еттім деген сөзді жүрегiнен өткізген адамның ғұсылы сахих болады. Жүнiптiктен құтылады.

Осылайша Малики немесе Шафии мазһабын тақлид еткендердің ғұсылы, дəреті жəне намазы да сахих болады. Бұлар коронкасы, пломбасы жоқ адамдарға да имам бола алады.

Шафииді тақлид еткен кісі имамның артында тұрғанда фатиха сүресін оқуы; өзінің жəне басқалардың дəрет мүшесіне алақаны ти-генде; некелесуі харам болған 18 əйелден басқа əйелдердің денесіне қолы тигенде дəрет алуы, дəретке ниет етуі фарз.

Құран Кəрімді қолға ұстайтын кезде де Шафии бойынша дəретті болу тиіс. Ханафилердің Шафииді тақлид етіп, бесін мен екінді жəне шам мен құптан намаздарын өз арасында жəм қылып (қосып) оқи алуы үшін тағы да Шафии бойынша дəрет алуы керек.

Хайз жəне Нифас

Он бiр түрлi ғұсыл бар. Бесеуi парыз. Бұлардың екеуi əйелдiң хайз жəне нифастан арылғаннан кейiн ғұсыл алуы.

Ибн Абидин «Менһал-ул Варидин» атты кiтабында бы-лай дейдi: “Фиқһ ғалымдары əрбiр мұсылман еркек пен əйел үшiн ғылымхалды үйренудің парыз екендігін білдірді. Əрбiр мұсылман еркек үйленетiн кезде хайз жəне нифас мəселелерін үйренуi керек. Үйленген соң əйелiне де үйретуi керек”.

Хайз деп - сегiз жасынан асып, тоғыз жасына аяқ басқан, денсаулығы дұрыс қыз баладан немесе əдет уақытысынан он бес күн өткен əйелден келетін, ең азы үш күнге созылатын қан. Қыз бала алғашқы хайз қанын көргенде балиғат жасына толып, əйел үкiмiн алады да, дiннiң əмiрі мен тыйымдарына жауапты болады. Қан кел-ген уақыттан тоқтаған уақытқа дейiнгi күндердi əдет уақыты деп атайды. Бұл уақыттың ең азы үш күн, ең көбi он күн. Əр əйел қан келу күнiн, санын жəне сағатын бiлуі керек. Сегiз жасқа толған қызға шешесi, шешесi болмаса əжесi, əпкесi, нағашы əпкесi хайз жəне ни-фас жағдайларын үйретуi парыз.

Нифас дегенiмiз - əйел кісіден жас босанғаннан кейiн келетін қан. Қан тоқтауымен ғұсыл алуы қажет. Ең ұзақ уақыты қырық күн. Қырық күн бiтiсiмен қан тоқтамаса да ғұсыл алып, намаз оқуы ке-рек. Қырық күннен кейiн келетін қан истихаза (яғни үзiр) болады. Əйелдердiң нифас күндерiн де жатқа бiлуi керек.

Истихаза (үзiр қаны) - үш күннен, яғни жетпiс екi сағаттан, жəне де енді басталғандарда он күннен көп жалғасатын бірнеше рет келгендерде əдет уақытынан көп болып, 10 күннен асатын жəне екiқабат əйелден, 55 жасынан өткен əйелдерден, тоғыз жастан төмен қыздардан келетін қан. Бұл қан аурудың белгiсi. Қанның ағуы көп уақытқа созылуы қауiптi, бұл кезде дəрiгерге бару керек. Истихаза күндерiнде əйел жиi-жиi мұрнынан қан аққан адам сияқты болып, бұл жағдайда намаз да оқиды, ораза да тұтады.

Хайз жəне нифас жағдайында əйел кісі намаз оқымайды, ораза тұтпайды. Тилəует жəне шүкiр сəждесiн де жасай алмайды. Құран Кəрімді ұстай алмайды. Мешiтке кiре алмайды, Қағбаны тауап ете алмайды. Жыныстық қатынаста бола алмайды. Тазаланған соң бұл күндердің оразаларының қазасын тұтады, бірақ намаздарының қазасын оқымайды. Əйел кiсi хайзының басталуын өз ерiне бiлдiруi

Page 34: Namaz kitabikz

- 66 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 67 -

НАМАЗ КІТАБЫ

керек. Пайғамбарымыз алейһиссалам былай дейдi: «Хайзының ба-сталуын жəне бiтуiн өз ерiнен жасырған əйел малғұн». Хайз жəне нифас бiтiсiмен дереу ғұсыл алып шомылу парыз.

Тəйəммум

Тəйəммум топырақпен тазалану деген сөз. Дəрет немесе ғұсыл алу үшiн су табылмаса немесе су болса да қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда таза топырақ, құм жəне тас сияқты таза нəрсемен ханафи мазһабында тəйəммум етiледi.

Тəйəммум дəрет жəне ғұсыл үшiн үлкен жеңiлдiк. Дiнiмiзде топырақпен тəйəммум алу сумен дəрет алу сияқты. Дiнiмiз лас нəрселердi топырақпен тазалаудың мүмкiн екендiгiн бiлдiрген.

Тəйəммумға себеп болатын жағдайлар:1. Дəрет жəне ғұсыл үшiн су табылмау. (қалада əрқашан су iздеу

парыз)2. Су қолдануға кедергі болатын ауру, су қолданғанда суықтан

өлу немесе ауырып қалу қаупiнің болуы.3. Судың қасында дұшпан немесе жыртқыш жануардың болуы.4. Қамауда болып су қолдана алмау.5. Өлiммен қорқытылу.6. Жолаушылап жүргенде iшетiн судан басқа суы болмау.7. Құдықтан су шығаруға мүмкiндiгi болмау.

Тəйəммумның парыздары

Тəйəммумның үш парызы бар. Дəрет жəне ғұсыл үшiн тəйəммум бірдей алынады. Тек қана ниеттерi басқа. Дəрет ниетімен алынған тəйəммум ғұсыл орнына жатпайды. Бiрақ сол тəйəммум ғұсылға жа-рамды болу үшiн ғұсылға да ниет ету керек.

1. Ниет ету. 2. Екi алақанын таза топыраққа сүртіп, бетiн толығымен мəсих

ету. 3. Қолдарын таза топыраққа ұрып, алдымен оң, сосын сол

қолын шынтаққа дейін мəсих ету. Тəйəммумның парызы екеу деген ғалымдар да бар. Олар екінші мен үшінші парызды қоса санаған. Екеуi де дұрыс.

Тəйəммумның сүннеттерi

1. Бисмилламен бастау.2. Топыраққа алақанын батыру. 3. Алақандарын топырақтың үстiне сүрту. 4. Алақанда топырақ қалса, топырақ төгiлгенге дейiн екi қолдың

бас бармақтарын бір-бірімен ұрыстырып қағу. 5. Қолдарын топыраққа қойғанда бармақтарының арасын ашу. 6. Алдымен бетiн, кейін оң, сосын сол қолын мəсих ету. 7. Дəрет алғандай тез алу. 8. Қолдарында жəне бетiнде мəсих етiлмеген жер қалмау. 9. Тəйəммумнан бұрын үміт еткен жерлерден су iздеу. 10. Қолдарын топыраққа ұрып, қаттырақ батыру. 11. Қолдарын жоғарыда айтылғандай мəсих ету. 12. Бармақтарының арасын мəсих ету жəне де сақинасын айнал-

дыру.

Тəйəммумда мына нəрселерге көңiл бөлу керек

Дəретсiз кісі шəкiртiне үйрету мақсатында тəйəммум алуды 1. көрсетсе, ол дəрет алған болып есептелмейді жəне намаз оқи алмайды.Тəйəммуммен намаз оқу үшiн тек қана тəйəммумға ниет ету 2. жеткiлiктi емес. Намаз үшiн де ниет ету керек.Бiр топырақтан бiрнеше адам тəйəммум ала алады. Өйткенi 3. тəйəммум алынған топырақ мұстамал (қолданылған) болмайды. Тəйəммумнан кейiн қолдан, беттен төгiлген құм түйіршіктері мұстамал болып есептеледi.Шафии жəне Ханбали мазһабтарында тəйəммум тек қана 4. топырақпен алынады. Басқа мазһабтарда құрамында топырақ бар таза нəрсемен тəйəммум алынады. Жанып күл болатын не-месе ыстыққа ерiп кететiн нəрселер топырақ жынысына жат-пайды. Олай болса ағаш, өсiмдiк, темiр, күрiш, сырланған дуал, мыс, алтын, айнамен тəйəммум етiлмейдi. Құммен алуға бола-ды. Əк жəне гипспен жуылған мəрмəр, цемент, сырланбаған кафель, сырланбаған шыны заттар жəне лаймен алуға болады. Тек лай табылып, суы жартысынан аз болғанда ғана тəйəммум алынады.Бiр тəйəммуммен түрлi намаздар оқуға болады. 5.

Page 35: Namaz kitabikz

- 68 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 69 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Сафари кісі 2 шақырымнан аз қашықтықта су табылуын 6. белгілерінен немесе ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен əдiл мұсылманның хабар беруi арқылы болжамдаса, əр жаққа 200 метрге дейiнгі жерлердi қарастыруы немесе бiреудi жiберуі парыз болады. Болжамы басым болмаса, су iздеуі қажет емес. Бiр кiсi суды сұрастырмай тəйəммум алып, намаз оқыса, сосын 7. қасындағы əдiл бiр кiсiден судың бар екенiн естiсе, қайта дəрет алып намазын басынан оқиды.2 км. ұзақ жерде су болса, тəйəммум алып намаз оқуға болады.8. Заттарының арасында су барын ұмытқан кісі қалада немесе ау-9. ылда болмаса, тəйəммуммен намаз оқи алады. Су таусылды деп тəйəммуммен намаз оқыған кісі, намаздан 10. кейiн суды көрсе, дəрет алып намазын басынан оқиды.Сафаридің (жолаушы) қасындағы адамдардан су сұрауы уəжiп. 11. Су бермесе тəйəммуммен намаз оқиды. Серігі суды базар бағасында сатса, ақшасы жеткен жолаушы суды сатып алуы ке-рек. Ақшасы болмаса тəйəммум алады. Егер базар бағасынан асырып сататын болса, тəйəммум алуы жаиз болады. Жолаушының шөлді жерде тек ішуге ғана суы болса, тəйəммум 12. алады.Су аз болған кезде бір топ сафаридің ішінде бір жүнiп, бір хайз 13. халiндегi əйел, бір дəретсiз адам жəне бір өлiк болса, алдымен жүніптің жуынуы керек. Судың егесi басқалардан бұрын жуы-нады. Иелерi бөлек болған кiсiлер суларын бiр жерге жинаса, алдымен өлiкті жуады.Жүнiп адам тəйəммум алған соң дəретi бұзылса, қайта жүнiп 14. болмайды. Ал су аз болса тек қана дəрет алады. Жүнiп кiсiнiң денесінің жартысынан көбі жара болса тəйəммум 15. алады. Терiнiң көбi сау кісі жарасына су тигiзбей шомылуы мүмкін болса ғүсыл алады. Жара болған жерлерге су тигiзбей жуына алмаса тəйəммум алады.

Тəйəммум қалай алынады?

Алдымен жүнiптiктен немесе дəретсiздiктен тазалану үшiн ниет 1. етiледi. Тəйəммуммен намаз оқу үшiн тек қана тəйəммумға ниет ету жеткiлiктi емес. Ғибадатқа, мысалы, жаназа намазы, тилəует сəждесiн жасауға немесе дəрет, ғұсыл үшiн тəйəммум алуға ниет ету керек. Тəйəммумға ниет етерде дəрет не ғұсылға бөлек ниет ету керек. Жүнiптiктен тазалану ниетiмен алынған тəйəммуммен

намаз оқуға болмайды. Дəрет үшiн тағы бiр рет тəйəммум алу керек. Екi жеңін шынтағынан асыра қайырып, екi алақанын таза 2. топыраққа, тасқа немесе əктелген дуалға сүрту керек. Сосын кемінде үш саусағы тиетіндей етіп, екi алақанымен бетiн бiр рет мəсих етеді. Қолы бетiнің инедей жеріне тимей қалса, тəйəммум болып есептелмейді.Бетiн толық мəсих ету үшiн, алақандарын ашып, төрт бармағын 3. бірлестіріп, саусақтарының ұштарын бiр-бiрiне тигiзiп, маңдайдың үстінен жаққа қарай сипап түсiредi. Екi алақанын тағы да топыраққа сүртiп, бiр-бiрiне соғып, 3. топырағын сiлкiп түсiрген соң, алдымен сол қолының төрт бармағының iшiмен оң қолының үстiңгi жағын саусақтардан бастап шынтаққа дейiн сипау керек. Сосын қолының астыңғы жағын шынтақтан саусақтарға қарай сипау керек. Сол қолын да дəл осылай iстеу керек. Сақинасын айналдыру керек. Қолда топырақтың шаңы қалу шарт емес. Дəрет жəне ғұсыл үшiн тəйəммум бiрдей алынады.

Тəйəммумды бұзатын жағдайлар

Тəйəммумды керек ететін үзір халі бiтіп, су табылған соң, дəрет жəне ғұсылды бұзатын басқа да жағдайларда тəйəммум да бұзылады.

Дəрет, ғұсыл жəне тəйəммумнiң пайдалары Ғибадат мақсатымен орындалған əрбiр тазалық денсаулығымыз

үшiн орасан зор пайда келтіреді. Тəндiк пайдамен бiрге рухани пай-дасы да бар. Солардың ішінен кейбіреулерін көрсете кетсек:

Күнделікті өмiрiмiзде қолымызбен қаншама микроптар-1. ды ұстаймыз. Дəрет алғанда қол, бет жəне аяқтарды жуу терi ауруларының алдын алып, осы микроптарға қарсы қорғаныс болады. Ал микроп, паразит жəне бактериялардың кейбiреулерi денеге терi арқылы да кiредi.

Дəретте мұрынды жуу тыныс алу мүшесінде жиналған шаң 2. жəне микроп жиынтықтарын кетіріп, организмге енуінің алдын ала-ды.

Page 36: Namaz kitabikz

- 70 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 71 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Беттi салқын сумен жуу терiнi қуаттандырып бас ауруын 3. жазып əрі шаршағанды басады. Тамырлар мен нервтердi əрекетке келтіріп, жұмысын реттейді. Əр дайым дəретті жүрген кісілердің қартайса да жүзіндегі жылылықтың жоғалмауы осы себептен.

Жүнiпке себеп болатын жағдайларда көп энергия жұмсалып, 4. жүректің соғуы мен қан айналу жəне тыныс алу жылдамдығы ар-тады. Организмнің зорығуы нəтижесінде шаршау, əлсіреу сезіліп, мий функциялары баяулайды. Ғұсыл организмді бастапқы қалпына келтіреді. Дененi белгiлi уақыттарда жуып тұру гигиеналық тұрғыдан өте маңызды.

Адам организмі био-электрлiк өріспен қапталған. 5. Дененiң саулығы осы электрлік теңдікпен тікелей байланысты. Психологиялық депрессия, ауа-райы шарттары, киім-кешек, тұрмыс, жұмыс шарттарының əсері жəне ғұсыл қажет ететін жағдайларда осы теңдік бұзылады.

Бұл электрлік жүк, адам ашуланғанда қалыпты жағдайдан төрт есе, ал жүніп болғанда он екі есе артып кетеді. Қазіргі таңда инфра қызыл сəулелерімен дене сыртының арнайы суретін түсіру арқылы жыныстық қатынастан кейін дене сыртының тым артық зиянды электр қабатымен қапталғаны анықталған. Осы қабат организмнің оттегі алу процесіне кедергі болатынындай тері реңінің бұзылып, тез əжім түсуіне де себеп болады. Бұл жағдайдан құтылу үшін дене-де ине ұшындай құрғақ жер қалдырмай жуыну керек. Осылайша су тамшылары организмде қалыптасқан зиянды электр қабатын алып, топыраққа өткізу арқылы денені бастапқы қалпына келтіреді. Бұл тұрғыдан ғұсыл, медицина жағынан міндетті түрде істелінуі керек.

6. Дəрет жəне ғұсылдың қан айналу системасына да айтарлықтай тигізетін əсері бар. Мысалы, тамырлардағы қатаю жəне тарылудың алдын алады. Ленф системасының ең маңызды орталықтарының бірі - мұрын іші жуылғанда оған əсер етіп, жұмысын жақсартады. Мойынның жуылуы да ленф системасына əсер етеді. Нəтижесінде дəрет жəне ғұсыл ленф айналымын жеңілдетіп, ленфосит деген күресуші клеткалар организмді зиянды нəрселерден қорғайды жəне де иммунитетті күшейтеді.

7. Су табылмаған жағдайда топырақпен алынған тəйəммум де денедегi статик электрін кетiредi.

2- НƏЖIСТЕН ТАҺАРАТ

Нəжістен таһарат - денені, киiмді жəне намаз оқитын жерді нəжiстен тазалау. Орамал, тақия, сəлде жəне мəсі де киім. Мойынға оралған шарф секілді матаның асылып тұрған ұшы намазханмен бірге əрекет етіп тұрғаны үшін киiм есебiнде болып, егер сол жер-де нəжiс болса, намаз қабыл болмайды. Төселген нəрсенiң үстiнде намаз оқығанда, аяқ басқан жəне сəжде еткен жерi таза болса, на-маз қабыл болады. Жан-жағы лас болса, намазға кедергi болмайды. Өйткені төселген нəрсе шарф сияқты денемен бірге əрекет етпейді. Бiрақ жабық шишаның iшiнде зəрін алып жүретін аурулардың нама-зы жаиз болмайды. Өйткенi шиша зəр пайда болатын жер емес. (Бұл үкімнен қалтасында одеколон, спирт, йод шишасы немесе жабық ыдыста қан не нəжіс тиген орамал, мақта бар адамның намазы дұрыс болмайтыны белгілі болады.) Намаздың дұрыс болуы үшін жайна-маз ретінде пайдаланып жатқан нəрсенің кемінде екi аяқ басатын жəне сəжде ететiн жері таза болуы керек. Нəжiстiң үстiне мата, айна, кленка жауып намаз оқуға болады. Сəжде уақытында киімнің етегі, не балақтары жердегі қурап қалған нəжiске тисе, намазға зияны бол-майды.

Терiде, киiмде, намаз оқитын жерде ауыр нəжiс дирхам мөлшерiндей немесе одан аз болса, намаз қабыл болады. Дирхам мөлшерiне тең болса, тахриман мəкрух болып, жуу уəжiп. Дирхам-нан көп болса, жуу парыз, аз болса, сүннет болады. Алкогольдің бiр тамшысының өзін жуу парыз. Екi имам Əбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтiң жəне де басқа үш мазһабтың үкімі бойынша ауыр нəжiс нүктедей аз болса да жуу парыз. Бұл мөлшер нəжiстiң киім, дене немесе жайнамазға тиген кездегі емес, намазға тұрған кездегi, яғни жайылған кездегі көлемі бойынша есептеледі.

Дирхам мөлшері – қатқан нəжістерде 1 мисқал, яғни 4гр 80 сантиграм салмаққа; ал суық нəжістерде ашық алақанда ақпай тұрып қалатын судың көлеміне тең. 1 мисқалдан аз болған қатқан нəжіс киімнің алақан шұқырынан кеңірек алаңына жайылған болса, намазға зияны болмайды. Нəжiстiң екi түрi бар:

1- Ауыр нəжiс: Адамнан шыққанда дəретті немесе ғұсылды бұзатын; (жарқанаттан басқа) етi желiнбейтiн; жануарлардың сы-лынып алынған жəне иленбеген терiсi, етi, тезегi жəне сiдiгi; адам жəне бүкiл жануарлардың қаны, өлексе, доңыз етi; үй құстары мен үй жануарларының тезегі ғализ, яғни ауыр болып есептеледi.

Page 37: Namaz kitabikz

- 72 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 73 -

НАМАЗ КІТАБЫ

2- Жеңіл нəжіс: Етi халал төрт аяқты жануарлардың сiдiгi жəне етi харам құстардың тезегі жеңiл нəжіс болып есептеледi. Көгершiн, торғай жəне сол сияқты етi халал құстардың тезегі таза. Жеңіл нəжістер денеге немесе киімнің бір жеріне тигенде киімнің немесе мүшенің төрттен бірінен аз болса, намазға зияны болмайды.

Шараптың сұйығын ажырату арқылы алынатын раки немесе спирт ауыр нəжіске жатады, əрі шарап сияқты харам болады. Намаз оқымай тұрып қан, спирт, алкоголь араласқан iшiмдiктердi денеден жəне теріден жуып тазалау керек. Бұлардың спиртi ұшып кетсе де таза болмайды. Ішінде осы сияқты нəрселер болған ыдыстарды на-маз алдында қалтадан шығарып қою керек.

Нəжiстер кез келген таза сумен тазаланады. Дəрет жəне ғұсылда қолданылған суға мұстамал су делінедi. Бұл су таза болса да хаде-стен таһаратқа жарамсыз. Яғни бұл сумен нəжiс тазаланады, бiрақ дəрет жəне ғұсыл алынбайды.

ИСТИНЖА: Алдынан жəне артынан шыққан нəжiстi тазалау истинжа делінеді. Истинжа, яғни іш дəрет сүннетi мүəккəдə. Яғни дəретханада дəрет сындырған соң, еркек немесе əйелдiң тас, кесек немесе сумен алды-артын тазалауы сүннет. Бiрақ басқалардың ал-дында əурет жерiн ашпай истинжа ете алмаса, нəжiс көп болса да іш дəрет алмайды. Намазын солай оқиды. Əурет жерiн ашса фасық - күнəһар болады. Жалғыз қалғанда сумен истинжа етiп əлгі нама-зын қайтадан оқиды. Өйткенi, бір əмiрдi орындау харам істестеуіне себеп нбайдынып қою керек.рі ішілуі де шарап сияқты харам бола-ды.нде уіне себеп болса, харамды жасамау үшiн ол əмiрдi (кейінге қалдырады немесе) істемейді.

Сүйек, тағам, тезек, қыш, шишаның майдасы, көмiр, жануардың жемi жəне де өзгенің затымен, мұхтарам яғни қадірлі заттармен ис-тинжа ету тахримəн мəкрух. Аяқ астында сiдiк жиналатын жерде ғұсыл алу жаиз емес. Бiрақ сiдiк ағып кетiп жиналмайтын болса, жаиз болады. Истинжада қолданылған суды киiмге шашыратпау керек. Сондықтан истинжаны əурет жерiн ашып, ешкім жоқ жерде жасау керек. Кранның басында қолын іш киімінің ішіне салып, уысындағы сумен зəр тиген жерін жуу истинжа болмайды. Керісінше уысындағы судың барлығы нəжіс болып, киімдегі су тиген жерлерді де нəжіс қылады. Су тиген жерлердің барлығын қосқанда алақан шұңқыры алаңынан көп болса, намаз қабыл болмайды.

ИСТИБРА: Еркектердiң жүрiп, жөтелiп немесе сол жағына жа-тып истибра етуi, яғни сiдiк жолдарындағы тамшыларды шығарулары уəжiп. Сiдiк жолдарында сiдiк тамшылары қалмағанына қанағат етпейiнше дəрет алмау керек. Бiр тамшы тамса дəрет бұзылады, əрi киiм кiр болады. Киiмге алақан шұңқырынан аз мөлшерде зəр там-са, дəрет алып оқыған намаз мəкрух болады. Егер көп тамса, намаз қабыл болмайды. Истибрада қиналғандар арпадай мақтаны сiдiк шығатын тесікке кіргізіп қояды, аққан сiдiк тамшысын мақта бойы-на сіңіріп сыртқа шығармайды. Тек мақтаның ұшы сыртта қалмау керек.

3- САТР-И АУРЕТ

(Əурет жерлері мен əйелдердiң хижабы)

Бiр адамның ашуы, өзгеге көрсетуі жəне өзгенің де қарауы ха-рам болған жерлерге əурет жері деп атайды. Еркектердiң əурет жерi - кiндiктен тiзенiң астына дейiн. Тiзе əуретке жатады. Осы жерлерi ашық болса, намаз қабыл болмайды. Намаз оқығанда қолдарын, ба-сын жабу, шұлық кию еркектерге сүннет. Бұл жерлердi ашып, намаз оқу мəкрух болады.

Ал əйелдердiң алақандарынан жəне бетiнен басқа жерлерi 4 мазһабта да əурет болып есептеледi. Бұл жерлерiн жабу парыз. Əурет мүшелерінің кез-келген біреуінің төрттен бiрi бiр рүкін ашық қалса, намаз бұзылады. Бұдан аз ашылса намаз бұзылмайды, бірақ мəкрух болады. Ішіндегі мүшенің түсі, не өзі көрінетіндей жұқа болған мата жоқ деп есептелінеді.

Əйелдердiң тiзе мен кiндiк арасын жабуы парыз. Қарнын жəне арқасын жауып жүруі уəжiп. Басқа жерлерiн жабу əдеп болып есептеледi. Пайғамбарымыз алейһиссалам былай дейдi: «Бөтен əйелге шахуатпен қараған адамның көзi алаумен толтырылып, тозаққа кiргiзiледi. Бөтен əйелмен қол ұстасқан адамның қолдары еңсесіне байланып, тозаққа тасталады. Бөтен əйелмен керексiз жерде шахуатпен сөйлескен адам əрбiр сөзi үшiн тозақта бiр жыл қалады.» Басқа бiр хадисте: «Көршiнің жəне достарының əйелдеріне шахуатпен қарау, бөтен əйелдерге қараудан он есе артық күнə. Келіншектерге қарау, қыздарға қараудан мың есе артық күнə. Зина күнəлары да осылай.» Пайғамбарымыз алейһиссалам былай дейдi: «Ей, Əли! Ұятты жерiңдi ашпа. Өлi жəне тiрi ешкімнің ұятты жерiне қарама!»

Page 38: Namaz kitabikz

- 74 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 75 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Басқа бір хадисiнде былай дейдi: «Əурет жерлерiңiздi ашпаңыз! Өйткенi, жаныңыздан еш айырылмайтындар бар. Олардан ұялыңыз жəне оларды құрметтеңiз.»

Басқа хадистерде былай делінген: «Əурет жерлерiңдi жап. Əйелiңнен жəне күңiңнен басқасына көрсетпе. Жалғыз өзiң қалғанда да Аллаһтан ұял.»

«Өздерiн əйелдерге ұқсатқан еркектердi жəне еркектерге ұқсатқан əйелдердi Аллаһ лағнет етсiн».

«Бiр қыздың əдемiлiгiн көрген кісі, дереу көзiн басқа жер-ге аударса, Аллаһ оған жаңа бiр ғибадат сауабын бередi. Бұл ғибадаттың лəззəтi сол мезетте сезіледі.»

«Əурет жерiн ашқанға жəне басқалардың əурет жерлерiне қарағанға Аллаһ лағнет етсiн. Өзiн басқа бiр қауымға ұқсатқан, солардан болады.» Демек мінез-құлқын, іс-əрекеттерiн немесе киiмiн басқаларға ұқсатқан адамдар соларға тартып кетеді. Зиянды модаға, кəпiр əдеттерiне еліктегендер, харамдарға “көркем өнер”, харамға батқандарға “өнерпаз, мəдениетті” дейтіндер бұл хадистер-ден ғибрат алулары керек.

Еркек еркектiң, əйел əйелдiң əурет жерiне қарауы харам. Еркектiң еркек үшiн жəне əйелдер үшiн əурет жерi кiндiк пен тiзесінің арасы. Əйелдiң бөтен ер кiсi үшiн əурет жерi - алақанынан жəне бетiнен басқа барлық жерi. Бөтен əйелдiң əурет жерiне шахуатсыз қарау да харам.

Көрпе астында жалаңаш жатқан бiр ауру басын көрпе iшiне тығып, ишаратпен намаз оқыса, жалаңаш оқыған болады. Басын көрпеден шығарып оқыса, көрпемен жамылған болып есептеліп на-мазы жаиз болады. Бiр еркек некемен алуы мəңгi харам болған 18 əйелдiң басына, бетiне, мойнына, қолдарына, тiзеден төмен аяқтарына шахуатсыз қарауға көзі жетсе қарай алады. Бірақ көкіректерiне, қолтықтарына, сандарына, тiзелерiне, арқасына қарай алмайды.

Бiр əйел үшiн əке-шешесінің бауырларының ұл балалары да бөтен еркек. Жезде, қайны да бөтен еркек. Бұлармен əңгiмелесуi, əзiлдесуi жəне бiр жерде жалғыз болуы харам.

Еркектерге де əке-шешенің бауырларының қыз балалары, жеңгесі жəне балдызы бөтен əйел үкімінде болады. Бұлармен əңгімелесуі, жалғыз қалуы харам.

Бiр еркек махрем (туысқан) болған 18 əйелмен өмір бақи үйлене алмайды. Олармен сөйлесе алады. Бiр жерде жалғыз қалуы күнə болмайды. Сондай-ақ əйел де махрем 18 еркекпен үйлене алмайды. Бұлар төмендегідей:

Қан арқылы туыстық

Ер кiсiлер Əйел кісілер1 Əке 1 Шеше (Ана)2 Əке-шешенің əкелерi 2 Əке-шешенiң шешелерi

3 Ұлы жəне ұл-қызының ұлдары (ұл немере) 3 Қызы жəне ұл-қызының

қыздары (қыз немере)4 Аға-iнiсі 4 Əпке-қарындасы

5 Аға-інісінің ұлдары 5 Əпке-қарындастың қыздары

6 Əпке-сіңілінің ұлдары 6 Аға-інісінің қыздары

7 Əке-шешенің аға-інісі 7 Əке-шешенің əпке-сіңіл, қарындастары

Сүт арқылы туыстық

Ер кiсiлер Əйел кісілер8 Сүт əке 8 Сүт шеше (Ана)

9 Сүт əке-шешенің əкелерi 9 Сүт əке-шешенiң шешелерi

10Сүт ұлы жəне сүт ұл-қызының ұлдары (сүт ұл немере)

10Сүт қызы жəне сүт ұл-қызының қыздары (сүт қыз немере)

11 Сүт аға-iнiсi 11 Сүт əпке-қарындасы

12 Сүт аға-інісінің ұлдары 12 Сүт əпке-қарындастың қыздары

13 Сүт əпке-сіңілінің ұлдары 13 Сүт аға-інісінің қыздары

14 Əке-шешенің сүт аға-інісі 14 Əке-шешенің сүт əпке-

сіңіл, қарындастары

Page 39: Namaz kitabikz

- 76 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 77 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Неке арқылы туыстық

Ер кiсiлер Əйел кісілер15 Қайын ата 15 Қайын ене16 Өгей ұл 16 Өгей қыз17 Өгей əке 17 Өгей шешесі18 Күйеу бала 18 Келін

Əурет жерi ашық күйiнде көшеге шыққан жəне басқалардың əурет жерiне қараған еркектер мен əйелдер тозақ отына жанады.

4- ИСТИҚБАЛИ ҚЫБЛА(Қыблаға қарау)

Намазды Қағбаға қарап оқу. Қасиеттi Мекке қаласында орналасқан Қағба ғимаратының бағытын Қыбла деп атайды. Алғашында Қыбла Құдус (Иерусалим) едi. Хижреттен 17 айдан кейiн, шабан айының ортасы сейсенбi күнi Қағбаға бет бұру əмiр етiлдi.

Қыбла Қағбаның ғимараты емес оның тұрған жерi, яғни жер-ден аспанға дейiнгi аралықты қыбла деп атайды. Сондықтан теңiз жəне құдық түбiнде, биiк тауда жəне ұшақта осы бағытқа бет бұрып оқылады. Адамның көз қыры арасындағы бұрыш Қағба бағытына сай болса оқылған намаз сахих (дұрыс) болады. Бiрақ:

1- Ауру себебі, 2- Дүниесiнiң ұрлану қауіпi, 3- Жыртқыш хай-уан қауіпi, 4- Дұшпанның көрiп қою кауiпi, 5- Көлiгiнен (ат, түйе) түскенде көмексiз қайта мiне алмайтын болса, екi намазды (бесiн мен екіндінi жəне ақшам мен құптанды Маликиге, не Шафиге ұйып) жəм қылып та (бiрiктiрiп) оқи алмаса, намазды күшiнiң жеткен жағына қарап оқиды. Кемеде, поезда жəне ұшақта қыблаға қарау шарт.

5- НАМАЗ УАҚЫТТАРЫ

Пайғамбарымыз алейһиссалам бiр хадисiнде былай дедi: «Жəбрейiл алейһиссалам Қағбаның есiгiнiң жанында екi күн маған имам болды. Екеумiз таң шапағы туғанда таң намазын, күн тал түстен ауғанда бесiн намазын, əр нəрсенiң көлеңкесi өзiмен бiрдей болғанда екіндінi, күн батысымен ақшамды жəне шапақ қарайғанда құптанды оқыдық. Ал екiншi күнi таң намазын айна-ла жарық болғанда, бесiндi əр нəрсенiң көлеңкесi өзiнен екі есе ұзын болғанда, екіндіні осыдан сəл өткізіп, ақшамды ораза бұзылған уақытта, құптанды түннiң үштен бiрi кiргенде оқыдық. Кейiн: «Ей, Мұхаммед алейһиссалам сенiң жəне өткен пайғамбарлардың намаз уақыттары осы. Үмметiң бес уақыт намаздың əрбiрiн осы оқыған екi уақыттың арасында оқысын» – дедi.» Əр күнi оқылуы əмiр етiлген намаз санының бесеу болғандығын осы хадистен де бiлуге болады.

Таң намазының уақыты – фəжір уақытынан, яғни көкжиек ағараңдағаннан бастап, күн шыққанға дейiнгi уақыт.

Page 40: Namaz kitabikz

- 78 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 79 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Бесiн намазының уақыты – көлеңке қысқара бастаған уақыттан бастап, əр бір заттың көлеңкесі өз бойынан бiр немесе екi есе ұзарғанға дейiн жалғасады. Бiрiншiсi, екi имамға, яғни Имам Абу Юсуф пен Имам Мұхаммедтiң үкімі, екiншiсi, болса Имам Ағзам Абу Ханифаның үкімі.

Екінді (намаздыгер, аср) намазының уақыты – Бесiн намазының уақыты бiтiсiмен басталады. Имам Юсуф жəне Имам Мұхаммедтiң үкімі бойынша бiр нəрсенiң көлеңкесi сол затпен бiрдей болғаннан бастап күн батқанға дейiнгi уақыт. Ал Имам Ағзам Абу Ханифаның үкімі бойынша, бiр заттың көлеңкесi өзiнен екi есе ұзын болғаннан бастап күн батқанға дейін.

Бiрақ күн қызарғаннан кейiн, яғни батуына найза бойы қалғанда қандай да бiр намаз оқу харам болады. Екінді намазын бұл уықытқа дейін кешіктіру харам. Алайда, сол күннің екінді намазы оқылмаған болса, күн батқанға дейін оқу керек.

Ақшам намазының уақыты: Күн батқаннан кейiн басталып көк жиектің қарайғанына дейiн, яғни қызылдықтың жоқ болуына дейiн жалғасады.

Құптан намазының уақыты: Ақшам намазының уақытының шығуынан басталып көкжиектің ағаруына дейiн жалғасады. Имам Ағзамның үкімі бойынша құптан уақыты батыс толығымен қарайғанда басталады. Яғни, екi Имамның үкімі бойынша екінді не-месе кұптан уақыты кірген соң, тағы жарты сағат өткізіп оқылса, бұл намаздар бүкіл имамдардың үкіміне сай оқылған болады. Құптан на-мазын себепсiз түннiң жартысынан кейiнге қалдыру мəкрух.

Намаздарды уақытынан бұрын жəне кейiн оқу харам. Намаз оқу тахримəн мəкрух, яғни харам болған уақыт үшеу:

Күн шығып келе жатқанда, күн дəл төбеде тұрғанда, күн батып бара жатқанда. Бұл үш уақытта оқылған намаздар қабыл болмайды жəне де дайын тұрған жаназаның намазын оқу, тилəует сəждесін, сəһу сəждесін жасау жаиз емес. Күн батып бара жатқанда тек қана сол күннiң екінді намазын оқуға болады.

Тек нəпiл намазын оқу мəкрух болған екі уақыт бар. Бiрiншiсi, таң намазының парызынан кейін күн шыққанға дейiн, екiншiсi, екінді намазының парызынан күн батқанға дейiн.

Полюстердегі намаз жəне ораза

Əр мемлекеттiң намаз уақыттары сол мемлекеттiң экватордан ұзақтығы мен сол аймақтағы мезгiлдерге қарап ауысады.

67º-дегі паралеллдің солтүстiгінде орналасқан суық өлкелерде күннің горизанталь қиғаштығы артқан кезде кешке көкжиек қараймай тұрып таң бозарады. Сондықтан Балтық теңiзiнiң солтүстiк аймағында жаз бойы түн болмайды. Осыған орай құптан мен таң намаздарының уақыттары да кірмейді.

Ханафи мазһабында уақыт - намаздың шарты емес, намаздың себебі. Себеп болмаса, намаз парыз болмайды. Сондықтан мұндай мемлекеттерде тұратын мұсылмандарға бұл екi намаз парыз бол-майды. Оңтүстiк полюсте барлық аймақ теңiз болғандықтан мұндай мемлекет жоқ.

Шабан айының отызыншы түнi бір қалада жаңа туған ай көрiнiсiмен, бүкiл дүние мұсылмандарының оразаға бастаулары шарт. Күндiз көрiнген ай келесі түннiң айы болып саналады. (По-люске жəне айға барған мұсылман жолаушы (сафари) үкiмiнде бол-маса, бұл айда күндiз ораза тұтуы керек. Жиырма төрт сағаттан ұзақ болған күндерде оразаны сағатпен бастап сағатпен ашады. Яғни күндізі мұндай ұзын болмаған қалалардағы мұсылмандардың сағаты бойынша тұтады. Егер ораза тұта алмаса, күндізі ұзын болмаған жерге қайтқанда қазасын тұтады.)

АЗАН мен ҚАМАТ

Азан - жұртшылыққа бiлдiру, хабар беру деген сөз. Бес уақыт намаз жəне қаза намаздары үшiн жəне жұма намазында хатиптің алдында еркектердiң азан айтуы сүннети мүəккəдə. Əйелдердiң азан мен қамат айтулары мəкрух. Азан халыққа уақыт бiлдiру үшiн биiк жерде оқылады. Азан оқылып жатқанда екi қолды көтерiп, сұқ саусақпен екi құлағын жабу мустаһаб. Қамат айту азан айтудан абзал. Азан мен қамат Қыблаға қарап айтылады. Азан оқылып жатқанда сөйлеспейді.

Page 41: Namaz kitabikz

- 80 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 81 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Азан жəне қамат қандай жағдайларда оқылады?

1- Қырда, далада, бақшада жалғыз немесе жамағатпен қаза оқып жатқанда, ер кiсiлердiң азанды жəне қаматты дауыстап оқулары сүннет. Азанды естiген адамдар, жындар, тастар ахырет күнi куəгер болады. Бірнеше қаза намазын бiр жерде оқитын адам алдымен азан жəне қамат айтады. Келесі қазаларын оқырда барлығына тек қамат түсiредi, бұларға бөлек азан айтпаса да болады.

2- Үйiнде жалғыз немесе жамағатпен уақыт намазын оқитын кезде азан жəне қамат оқымайды. Өйткенi, мешiтте айтылған азан жəне қамат үйлерде де айтылған болып есептеледi. Сонда да айту абзал. Жергiлiктi мешiтте жəне жамағаты белгiлi болған əр мешiтте уақыт намазы жамағатпен оқылғаннан кейiн жалғыз оқыған кiсi азан жəне қамат айтпайды. Жол үстінде орналасқан, яғни имамы жəне азаншысы болмаған жəне жамағаты белгісіз мешiттерге əртүрлi уақыттарда келген əр жамағат өздеріне бөлек азан мен қамат ай-тып намаз оқиды. Мұндай мешiтте жалғыз оқитын кісі де азан мен қаматты өзi еститiндей дауыспен айтады.

3- Сафарилер жамағатта да, жалғыз оқығанда да намазға азан айтып қамат түсiредi. Жалғыз оқитын адамның жанында намаз оқып жатқандар бар болса азан айтпауына болады. Жолаушы кiсi бір үйге кiрiп намаз оқыса азан мен қамат айтады, өйткенi мешiтте айтылған азан мен қамат оның намазы үшiн өтпейді. Жолаушылардың бірі бір үйде азан айтып намаз оқығаннан кейін қалғандарының сол үйде азан айтпай-ақ намаз оқуларына болады.

Ақыл-есі дүрыс баланың, соқырдың, зинадан туылғанның, азан айтуды білетін сауатсыздың азан айтулары жаиз болады. Жүнiп кiсiнiң азан-қамат айтуы, əйел кiсiнiң, мас адамның, ашық күнə істейтіндердің, ақылы толмаған баланың азан айтуы жəне азан-ды отырып айту тахримəн мəкрух болады. Бұлардың азаны қайта оқылады. Азанның дұрыс болуы үшiн азаншы мұсылман əрi ақылды болу керек. Микрофонмен азан айту дұрыс емес.

Пасықтың (ашық күнə істейтіннің) азанының сахих болмауына себеп, ғибадаттарда мұның сөзі қабыл етілмегендіктен. Пасық айтқан жəне микрофон арқылы айтылған азанға қарап уақыттың кіргеніне сенуге болмайды. Бұл екеуінің азанымен немесе ишаратымен ораза ашуға болмайды.

Азанға құрмет көрсетіп сөздерін, əріптерін өзгертпей, бұзбастан, əндетпей мұнараға шығып, сүннетке сай оқитындар жоғары дəрежелерге ие болады.

Азан сүннетке сəйкес оқылмаса, мəселен кейбiр сөздерi ауысты-рылып немесе басқа тілге аударылып айтылса жəне кейбiр жерлері əуенге салынып оқылса немесе микрофон арқылы айтылып жатса (өйткені колонкадан шыққан дауыс имам не азаншының дауысы емес. Олардың дауысы электромагниттік толқындарға айналып, содан пай-да болған дауыс.), мұны естiген адам оның артынан қайталамайды.

Ескерту: Азанды микрофонмен айтуға бола ма?

Мұнараларға орналастырылған колонкалар муаззин (азаншы) үшін жалқауланып, азанды мешіттің ішінде, қараңғы бөлмелерде оты-рып, сүннетке қайшы оқуларына себеп болып жатыр. Ғасырлар бойы көктерге бой созып тұрған имандылығымыздың белгісі – мұнаралар бидғат кесірінен колонка тірегіне айналды. Ислам ғалымдары пəннің жетістіктерін үнемі жақсы қарсы алған. Мəселен баспаның құрылуын қолдап, пайдалы кітаптардың басылып, ғылымның жай-ылуын қалаған. Радио, микрофон арқылы əр түрлі пайдалы про-граммалар тарату Ислам жақтаған адамзаттың пайдасына болған жетістік екені күмəнсіз. Алайда мұсылмандарды азанның əсем да-уысынан мақрұм етіп, ғибадаттарға микрофонның миды тырнайтын дауысымен зиян келтіруде. Микрофонды мешіттерге орнату ысырап. Иманды жүректерге илаһи əсерлер беретін салих мұсылмандардың дауысының орнына шіркеу қоңырауы сияқты қырылдайтын бұл аспап жоқ кезде, мұнараларда оқылған азандар жəне мешіттерден таралған тəкбір дауыстары өзге дін өкілдерінің көңілдерін де толқытатын еді. Əр көшеде оқылған азандарды естіп мешіттерді толтырған жамағат, сахабалар заманындағыдай намаздарын хушумен, жан рахаттығымен оқитын еді. Азанның мүминдерді толқытатын илаһи əсерін микрофонның металды дауысы табиғилығынан айыруда.

Пайғамбарымыз хадисiнде: «Кiмде-кiм азанды естiгенде, əрбір калимасын iштей қайталап тұрса, əрбiр əрпі үшін оған мың сауап берiледi, əрi мың күнəсi кешіріледі.»- деп бұйырған. Азанды естiген кiсi, Құран оқып отырған болса да, естiгенiн жай дауыспен қайталап отыруы сүннет. «Хайə аля...» ларды естiгенде мұны қайталамастан: «Ла хаулə уə ла қууата илла биллаһ»- дейді. Азаннан соң салауат ай-тылып азан дұғасы оқылады. Екiншi рет «Ашһаду анна Мұхаммəдан Расулуллаһ» дегенде бас бармақтың тырнақтарын сүйiп, көзге сүрту мустаһаб. Қаматта олай жасалынбайды.

Page 42: Namaz kitabikz

- 82 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 83 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Азанның оқылуы

Аллаһу əкбар 4 ретƏшһəду əлла илаһə иллаллаһ 2 ретƏшһəду əннə Мұхаммадар-Расулуллаһ 2 ретХайə алəс-салəһ 2 ретХайə алəл фəлах 2 ретАллаһу əкбар 2 ретЛа илаһə иллəллаһ 1 рет

Тек таң намазында «Хайə алəл фəлах тан» кейiн 2 рет «Ас-салəту хайрум минан наум» деп айтылады. Қамат айтатын кезде «Хайə алəл фəлахтан» кейiн екi рет «Қад қамəтис-салəһ» деп айтылады.

Азан дұғасы

Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уə сəллəм) бір хадисiнде былай деген: «Азан оқылған кезде мына дұғаны оқыңдар:» Уə əнə əшһаду əлла илаһə иллаллаһу, уаһдəһу ла шəрика лəһ, уə əшһаду əннə Мұхаммадəн абдуһу уə расулуһ, уə радиту биллаһи Раббəн, уə бил Ислами динəн, уə би Мұхаммадəн (саллаллаһу алейһи уə сəллəм) ра-сулан нəбиян».

Басқа бiр хадис шəрифiнде былай деп бұйырған: «Ей, менiң үмметiм азан бiткен соң мына дұғаны оқыңдар: «Аллаһуммə раббə һəзиһид дауəтит таммəти, уəс салəтил қаимəти, ати Мұхаммадəнил-уəсилəтə уəл фадийлəтə, уəд-дəражатар-рафийъа, уə бъасһу мақамəн махмудəнил лазий уа адтəһу, иннəкə ла тухлифул миаад».

Азан сөздерiнiң мағыналары

Аллаһу əкбар: Аллаһу та’ала - Ұлы. Ол еш нəрсеге мұқтаж емес. Құлдарының ғибадатына да мұқтаж емес. Ғибадаттардың оған ешқандай пайдасы жоқ. Осы теңдессiз мағыналар саналарға жақсылап орнығып, жете түсiнуi үшiн Аллаһу əкбар сөзiн төрт рет қайтару бұйырылды.

Əшһаду əлла илаһə иллаллаһ: Ұлылығымен, үстемдiгiмен ешкiмнiң ғибадатына мұқтаж болмаған халде, ғибадат етілуге одан

басқа ешкімнің құқы жоқтығына күəлік етемін, əрі сенемін. Еш нəрсе оған ұқсамайды.

Əшһаду əннə Мұхаммадар Расулуллаһ: Мұхаммед алейһиссаламның Аллаһу та’ала тарапынан жiберiлген пайғамбар екендiгiне, Аллаһ бұйырған ғибадаттарды үйрететiн ұлы тұлға екендiгiне жəне Аллаһу та’алаға тек ол алейһиссалам бiлдiрген, көрсеткен ғибадаттар ғана ұнайтынына куəлік етемін əрі шын жүректен сенемiн.

Хайə алəс-салəһ, Хайə алəл фəлах: Мүминдерді рахатқа, табысқа, құтылуға, бақытқа шақыратын екi сөз.

Аллаһу əкбар: Оған лайықты ғибадатты ешкім орындай алмай-ды. Қандай да бір адамның ғибадатының Оған лайықты, жарасымды болуынан əлде қайда ұлы жəне ұзақ.

Ла илаһə иллəллаһ: Ғибадат етілуге, құзырында тағзым етілуге ақысы болған зат тек Аллаһ. Бірақ Оған лайық ғибадатты ешкім орындай алмайды.

Намаздың қаншама ұлы болғанын, оған шақыратын осы азан калималарының ұлылығынан да түсінуге болады.

6- НИЕТ

Ниет намазға бастамай, яғни ифтитах тəкбiрi айтылмай тұрып етiледi. Намазға ниет - намаздың атын, уақытын, қыбланы жəне имамға ұйығанын жүректен өткізу.

Ифтитах тəкбiрiнен кейiн етiлген ниет дұрыс болмайды жəне на-маз да қабыл етiлмейдi. Парыз немесе уəжiп намаздарға ниет етерде, қай парызды, не қай уəжiпті оқитынын бiлу тиiс. Рəкат санына ниет ету кажет емес. Сүннет оқырда тек намазға деп ниет ету жеткiлiктi. Жаназа намазында «Аллаһ үшiн намазға, мəйіт үшін дұғаға» деп ниет етiледi.

Имамның «Еркектерге имам болуға» деп ниет етуi шарт емес. Имам «Дайын тұрған жамағатқа имам болуға» деп ниет етпе-се, жамағат сауабын ала алмайды. «Имам болуға ниет еттiм» деп айтқан жағдайда ғана жамағатпен оқылған намаздың сауабын алады. Жамағат арасында əйелдер болса, имам «əйелдерге де имам болуға» деп бөлек ниет етуге тиіс.

Ғибадат үшін тек қана ауызбен айту ниет болып саналмайды. Жүректен ниет етпесе ғибадаттар қабыл болмайды.

Page 43: Namaz kitabikz

- 84 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 85 -

НАМАЗ КІТАБЫ

7- ТАХРИМА ТƏКБIРI

Намазға «Аллаһу əкбар» деген тахрима тəкбірін айтып кіру па-рыз. Кейбiр ғалымдар тахрима тəкбiрiн намаздың iшкi парыздары деп санаған. Бұл ғалымдардың үкімі бойынша намаздың шарттары да, рукiндерi де алтау болады.

Намаздың рукiндерi

Намаздың iшiндегi парыздарын - Рукiн деп атайды. Намаздың рукiндерi бесеу:

1. Қиям: Намаздың рукiндерiнiң бiрiншiсi қиям. Қиям - тiк тұру деген мағынаны бiлдiредi. Тiк тұра алмайтын ауру адам отырып оқиды. Отыра алмайтын адам шалқасынан жатып басымен ишарат-пен оқиды. Бетi аспанға тiк қарап қалмауы үшін, яғни қыблаға қарап тұруы үшiн басының астына жастық қояды. Аяқтарын қыблаға ұзатпай бүгiп алуы керек. Тiк тұрған кезде екi аяқтың арасы төрт елiдей ашық болуы тиiс.

Намазда тiк тұра алмайтын басы, тiсi, көзi немесе басқа да мүшелерi қатты ауыратын, тұрғанда жел не зəр ұстай алмайтын, жарасынан қан ағатын, дұшпан байқап қалу, мүлкінің ұрлану қауіпі бар адам, тұрғанда оразасы немесе оқуы бұзылатын яки əурет жерi ашылып қалатын кісілер отырып оқиды. Бұл жағдайда рүку үшiн сəл еңкейеді, сəжде үшін басын жерге қояды. Басын жерге тигiзе алмай-тын кiсi рүку үшiн бiраз, ал сəжде үшiн одан да көп иiледi. Сəждеге иiлу рүкуға иiлгеннен шамалы көп болмаса намаз қабыл болмайды. Жерге жастық немесе тақтай төсеп, оның үстiне сəжде жасайтын болса, намаз қабыл болған жағдайда да күнəһар болады. Яғни тах-риман мəкрух болады.

2. Қыраат: Сүннеттердің жəне үтірдің əр рəкатында жəне жалғыз оқығанда парыздың алғашқы екi рəкатында тұрып Құран Кəрiмнен бiр аят оқу парыз. Қысқа сүре оқыса сауабы көп болады.

Қыраат ретінде бұл жерлердеуабы көп боладықа силкінің ұрлану қауіпі болған адам, тұрғанда ы кирам зама Фатиха оқу, сүннеттер мен уəжіптің əр рəкатында жəне парыздардың алғы екi рəкатында фатихадан соң бiр (зəм) сүре немесе үш аят оқу уəжiп. Парыздарда Фатиханы жəне зəм сүренi алғашқы екi рəкатта оқу уəжiп немесе сүннет. Фатиханы зəм сүреден бұрын оқу да уəжiп. Намаздың қыраат

рукінінде осы бес уəжiптiң бiреуi ұмытылса, сəһу сəждесiн жасау керек. Қыраатта Құран Кəрiмнiң басқа тілдегі аудармасын оқуға бол-майды.

Имамның жұма жəне айт намаздарынан басқа барлық намаздардың бiрiншi рəкатында оқитын сүресі екiншi рəкатында оқитын сүресінен екi есе ұзын болуы сүннет. Жалғыз оқығанда əр рəкатты бiрдей мөлшерде оқуға болады. Имамның кейбір сүре не-месе аяттарды белгілі бір намазда оқуды əдет қылып алуы мəкрух болады. Яғни бесін намазының алғы екі рəкатында үнемі Кəусəр мен Ихлас сүресін оқуды əдетке айналдыруы дұрыс болмайды. Бірінші рəкатта оқылған сүрені екіншісінде де оқуы тəнзиһəн мəкрух бо-лады. Сүрелерді Құрандағы тəртібінен кері қарай теріс оқу одан да артық мəкрух болады. Екiншi рəкатта бiрiншiде оқыған сүресінен кейін келетін сүрені тастап, одан кейінгісін оқу да мəкрух. Сүрелерді Құрандағы ретiмен оқу əр уақытта да уəжіп.

3. Руку: Қиямда қырааттан соң тəкбiр айтылып рүкуға иiледi. Рукуде еркектер саусақтарының арасын ашып қолдарын тiзесінiң үстiне қояды. Арқасы мен басын түзу ұстауы керек. Рукуде ең азы үш рет «Субхана раббиал азым» деп айтылады. Жамағат үш рет айтпастан бұрын имам басын көтеретiн болса, жамағат да артынша бастарын көтередi. Рукуде қол жəне аяқты бүкпеу керек. Əйелдер саусақтарының арасын ашпайды. Арқасын, жəне аяқ - қолдарын тiк ұстамайды.

Рукуден тұрарда «Сəмиаллаһу лиман хамидаһ» деп айту имам мен жалғыз оқитын адамға сүннет болады. Ал жамағат айтпайды. Рукуден кеудесін көтерген соң «Раббана лəкəл хамд» деп айтады. Кейін «Аллаһу əкбар» деп сəждеге барарда алдымен оң, кейін сол тiзесін, одан соң оң қолын, кейiн сол қолын, сосын мұрынын, ең соңында маңдайын қояды.

4. Сəжде: Сəждеде саусақтар арасы жабық халде қыблаға қарап, екi құлақтың тұсында тұрады. Бас екi қолдың арасында болу керек. Маңдайды таза жердің үстіне қою парыз. Маңдаймен мұрынды қоса қою уəжiп болып саналады. Үзiрсiз тек қана мұрынды сəждеге қою жаиз емес. Ал тек маңдайды қою мəкрух болады.

Екi аяқты немесе ең болмағанда екі аяқтың бiрер саусағын жер-ге қою парыз немесе уəжiп. Яғни екi аяқты жерге тигiзбесе намаз қабыл болмайды немесе мəкрух болады. Сəждеде аяқ саусақтарын бүгiп ұшын қыблаға қарату сүннет.

Еркектер қолдарын жəне сандарын iшiне тигiзбей ұстаулары керек. Алақанын жəне тiзелерiн жерге тигiзу сүннет. Қиямда

Page 44: Namaz kitabikz

- 86 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 87 -

НАМАЗ КІТАБЫ

тобықтардың арасын төрт елi ашық ұстау, рүкуде жəне сəждеде бір-біріне тигізу сүннет. Сəждеге барарда шалбар балағын жоғары көтеру жəне балақты қайырып қойып, намазға тұру мəкрух. Жеңi, балағы жəне етегі түрілген, қайырылған немесе қысқа болған киіммен намаз оқу да мəкрух. Жалқаулықпен немесе бас киіммен оқудың маңыздылығын ойламай жалаңбас намаз оқу мəкрух. Кiр, лас киiммен намаз оқу мəкрух. Ал намазға мəн бермеу күпiр болып табылады.

5. Қадаи ахир (соңғы отырыс): Соңғы рəкатта «Аттахияту» дұғасын оқитындай уақыт отыру парыз. Отырғанда саусақтармен ишарат етiлмейдi. Еркектер сол аяғының саусақтарын оң аяғына қаратып жерге төсейдi. Сол аяғының үстiне отырады. Оң аяғын тiк ұстайды. Саусақтарының ұшын қыблаға қарата шамалы бүгіп отыра-ды. Осылай отыру сүннет.

Əйелдер жамбастарымен отырады. Сандары бiр-бiрiне жақын болады. Оң аяғын оң жаққа шығарады. Сол аяғының саусақтары оңға қаратылып астында қалады.

НАМАЗ ҚАЛАЙ ОҚЫЛАДЫ?

Жалғыз оқитын ер адамның намазы

Мəселен таң намазының сүннеті былай оқылады: 1. Алдымен қыблаға қарап тұрады. Аяқтардың арасы төрт елiдей

ашық жəне паралелл болады. Бас бармақ құлақ жұмсағына тигізіліп, алақанды қыблаға қаратып: «Ниет еттiм Аллаһу та’аланың ризалығы үшiн бүгiнгi таң намазының сүннетiн оқуға, жүзiмдi қараттым қыблаға»– деп ниет еткен соң «Аллаһу əкбар» – деп екi қолды кiндiк астына, оң қолын сол қолдың үстiне қойып байлайды.

2. Қиямда тұрғанда көздер сəжде етiлетiн жерге қарайды. а) Субханака дұғасын оқиды. б) Аузу-бисмиллаһтан соң Фатиха сүресiн оқиды. в) Фатихадан соң бисмиллаһ оқылмай бiр зəм сүре (мысалы

Фил сүресi) оқылады.3. Зəм сүреден соң «Аллаһу əкбар» деп рүкуға иіледі. Қолдар

тiзенi қаптап ұстайды. Бел түзу ұсталады, көздер аяғының ұшына қарайды. Үш рет «Субхана раббиал азым» деп айтады. Бес немесе жетi рет айтуға да болады.

4. «Сəмиаллаһу лиман хамидаһ» деп рүкуден тұрып жатқанда шалбар балағы тартылмайды жəне көздер де сəжде орнынан айрыл-майды. Тiке тұрғаннан кейiн «Раббəна лəкəл хамд» деп айтады. (осы тік тұруға қавмə делінеді).

5. Ұзақ тұрып қалмай «Аллаһу əкбар» деп сəждеге барады. Сəждеге барарда ретiмен:

а) Оң тiзеден кейін сол тiзе, оң қолдан кейін сол қол, одан соң мұрын сосын маңдай жерге қойылады.

б) Аяқ саусақтары қыблаға қарап бүгiледi. в) Бас екi қолдың арасына қойылады. г) Қол саусақтарының арасы жабылады. д) Алақан жерге қойылады, шынтақтар жерге қойылмайды. е) Осы халде үш рет «Субханə раббиял аъла» деп айтылады. 6. «Аллаһу əкбар» деп сол аяқ жерге төселедi. Оң аяқтың

саусақтары қыблаға қаратып бүгiлiп отырады. Қолдар тiзенiң үстiне қойылады, саусақтар арасы өз еркiне жiберiледi.

Page 45: Namaz kitabikz

- 88 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 89 -

НАМАЗ КІТАБЫ

7. Көп отырмастан «Аллаһу əкбар» деп қайта сəждеге барады. (Екi сəжде арасында отыруға жəлсə делінеді.)

8. Сəждеде ең азы үш рет «Субханə раббиал аъла» дегеннен соң «Аллаһу əкбар» деп орнынан тұрады. Сəждеден тұрар кезде қолдарымен жерден күш алуға жəне аяқтарды ары-бері қозғалтуға болмайды. Сəждеден тұрар кезде ең алдымен маңдай, мұрын, содан кейiн сол қол, оң қол содан соң сол тiзе, содан соң оң тiзе жерден көтерiледi.

9. Тiк тұрғанда Бисмиллаһтан соң Фатиха жəне бір зəм сүре оқылып «Аллаһу əкбар» деп рүкуға иіледі.

10. Екiншi рəкат та бiрiншi рəкаттағы сияқты оқылады, тек екiншi сəждеден соң «Аллаһу əкбар» деп орнынан тұрмай, жоғарыда айтылғандай отырып:

а) Аттахияту, Аллаһумма салли, Аллаһумма барик, Раббана атина- дұғаларын оқиды. Кейін алдымен оң иыққа, содан соң сол иыққа «Ассаламу алейкум уə рахматуллаһ» деп сəлем берумен на-мазын аяқтайды.

б) Сəлем бергеннен соң «Аллаһуммə əнтəс-сəлам уə минкас-сəлам табаракта я зəл жəлали уəл икрам»– деп сөйлеместен таң намазының парызын оқу үшiн орнынан тұрады. Өйткенi сүннет пен парыз намазының арасында сөйлеу намазды бұзбаса да сауабын азайтады.

Намаздан кейін үш рет «Астағфируллаһ» дегеннен соң «Ая-тул курси» жəне отыз үш тəсбих (субханаллаһ), отыз үш тахмид (əлхамдүлиллаһ), отыз үш тəкбiр (Аллаһу əкбар) жəне бiр тахлил (Ла илаһə иллəллаһу уаһдаһу ла шəрикə лаһ. Лаһул мүлкү уə лаһул хамду уа һуа ала кулли шайин қадир) оқылады. Бұларды əркім өзі есітетіндей дауыспен оқиды. Дауыс шығарып оқу бидғат болады.

Соңынан дұға етiледi. Дұғада ер кісілер қолдарын көкірек тұсына паралелл қылып көтереді. Шынтақтар бүгілмей алдына қарай созылады. Алақан іші көкке қаратылады. Өйткені намаздың қыбласы Қағба болғанындай, дұғаның қыбласы да аспан. Дұғадан соң «Субхана раббика…» аяты оқылып қолдармен бет сипалады.

Төрт рəкат парыз жəне сүннет намаздардың екiншi рəкатында аттахияту оқылып, үшiншi рəкатқа тұрады. Сүннет намаздардың үшiншi жəне төртiншi рəкатында Фатихадан соң зəм сүре оқылады. Парыз намаздардың үшiншi жəне төртiншi рəкатында зəм сүре оқылмай, тек Фатиха оқылады. Ақшам намазының парызының үшiншi рəкатында да зəм сүре оқылмайды. Ал, үтiр намазының үшiншi рəкатында Фатихадан соң зəм сүре оқылып «Аллаһу əкбар»

деп құлақ қағып «Құныт» дұғалары оқылады. Ғайри мүəккəд сүннеттерде, яғни екінді жəне құптан намазының алғашқы төрт рəкат сүннеттері басқа төрт рəкатты сүннеттер сияқты оқылады. Тек бұлардың екiншi рəкатында отырып Аттахиятудан соң Салли-барик дұғалары да оқылады.

Жалғыз оқитын əйелдiң намазы

Мысалы таң намазының сүннетi былай оқылады:1. Дене мүшелері бастан - аяқ жабылады. Тек қана алақандары

мен жүзi ашық болады. Намазда оқитын сүре жəне дұғаларды жоғарыда айтылып өткен жалғыз еркектiң оқығаны сияқты оқиды. Айырмашылықтары төмендегiдей:

а) Қолдарын еркектер сияқты құлаққа апармайды, иығына дейiн көтерiп ниет етiп, тəкбiр алып қолдарын көкiрек үстiне бір-бірінің үстіне қояды.

б) Рукуде еркектердей түзу иілмейді.в) Сəждеде шынтақтары жерге тиеді.г) Ташаһудта отырғанда сол жағымен отырады. Яғни аяқтар оң

жаққа шығарылып сол санының үстіне отырады.Əйелдер үшін намазда ең ыңғайлы хижаб - қолдарын да жаба-

тындай үлкендеу орамал мен аяқтарын жабатын ұзындау юбка кию.

Намаздың уəжiптерi

Фатиха сүресiн оқу.1. Фатихадан кейiн бiр сүре немесе ең кемінде үш қысқа аят 2.

оқу.Фатиханы зəм сүреден бұрын оқу.3. Фатиханы жəне фатихадан кейiн оқылатын сүренi, парыз 4.

намазының бiрiншi жəне екiншi рəкатында, ал уəжiп жəне сүннет намаздарының барлық рəкаттарында оқу.

Сəжделердi бiр-бірінің артынша жасау.5. Үш немесе төрт рəкатты намаздардың екiншi рəкатында ат-6.

тахияту оқылатындай уақыт отыру. Соңғы отыру парыз.Екiншi рəкатта аттахияту мөлшерiнен көп отырмау.7. Сəждеде маңдай мен мұрынды бiр жерге қою.8. Соңғы отыруда 9. аттахияту дұғасын оқу.Намазда тадили əрканға амал ету.10.

Page 46: Namaz kitabikz

- 90 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 91 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Намаздың соңында 11. «Ассаламу алейкум уə рахматуллаһ» деп сəлем беру.

Үтiр намазының үшiншi рəкатының соңында 12. Құныт дұғасын оқу.

Айт намаздарында тəкбiр алу.13. Имамның таң намазы, жұма, айт, тарауих, үтiр намаздарында 14.

жəне ақшам мен құптан намазының алғашқы екi рəкатында дауыстап (басқаларға естіртіп) оқуы.

Имамның жəне жеке оқыған кiсiнiң бесiн, екінді, ақшам, 15. құптан парыздарының үшiншi жəне төртiншi рəкаттарында дауыс шығармай іштен (тек өзіне естіртіп) оқуы уəжiп. Имамның дауыстап оқуы уəжiп болған жерлердi жеке оқыған кiсiнiң дауыстап та, iштен де оқуы жаиз.

Құрбан айттың арафа күнiнiң таң намазынан, төртiншi күннiң екінді намазына дейiн 23 парыз намазының артынан Ташриқ тəкбірін оқу уəжiп.

Сəһу (жаңылу не ұмыту) сəждесi: Намаз оқыған кiсi намаздың парызынан бiреуiн бiле тұра немесе ұмытып тəрк етсе, намазы бұзылады. Егер бiр уəжiптi ұмытып тəрк етсе, намазы бұзылмайды. Бiрақ сəһу сəждесiн жасау керек болады. Сəһу сəждесін бiле тұра жасамаған немесе намаздың уəжiптерiнен бiреуiн бiле тұра тəрк еткен кiсiнің сол намазды қайтадан оқуы уəжiп, оқымаса күнəһар болады. Сүннеттi тəрк еткен кiсiге сəһу сəждесi қажет емес. Сəһу сəждесi, парыздың не уəжiптің бiреуi кешіктірілгенде немесе бір уəжіп тəрк етілгенде жасалады.

Намазда бiрнеше жерде сəһу сəждесiн жасау қажеттiлiгi туса бiр мəрте жасау жеткiлiктi болады. Имам жаңылса, оған ұйыған жамағаттың да сəһу сəждесiн жасауы керек. Имамға ұйыған кiсi жаңылса, оған сəһу сəждесiн жасаудың қажетi жоқ.

Сəһу сəжде жасау үшiн, əттахият оқылып бiр жаққа сəлем берiледi де екi рет сəжде жасалынып, отырылады. Отырған кез-де əттахият, салауаттарды, раббана атина дұғаларын оқып намаз аяқталады. Бiр немесе екi жаққа сəлем беріп немесе мүлде сəлем берiлмей де сəһу сəждесін жасауға болады.

Сəһу сəждесін қажет ететін жағдайлар

Отыруы қажет болған жерде тұру, тұру керек болған жерде оты-ру. Дауыстап оқылуы уəжiп болған жерде iштен оқу, iштен оқу уəжiп болған жерде дауыстап оқу. Дұға оқылуы керек болған жерде Құран Кəрiм оқу немесе Құран Кəрім оқылатын жерде дұға оқу. Мəселен: Фатиха сүресiнiң орнына əттахият дұғасын оқу, Əттахият оқылатын жерде Фатиханы оқу. Бұл жерде Фатиха тəрк етiлген болады. Намазды аяқтамастан сəлем беру. Парыз намаздарының үшiншi жəне төртiншi рəкаттарында Фатихадан кейiн зəм сүре оқу. Парыздардың алғашқы екі рəкатында фатихадан кейін зəм сүре оқымау. Айт намазының тəкбiрлерiн тəрк ету. Үтiр намазында құныт дұғасын тəрк ету.

Тилəует сəждесi

Құран Кəрiмде он төрт жерде сəжде аяты бар. Бұлардың бiреуiн оқыған немесе естiген кiсiнің мағынасын түсiнбесе де бiр сəжде жа-сауы уəжiп. Сəжде аяттарын жазған, буынға бөлiп оқыған кісі сəжде жасамайды.

Таулардан, шөлдерден жəне басқа жерлерден қайтқан жаңғырықты естiгендердiң сəжде етуi уəжiп емес. Адамның дауысы болуы қажет. Радиодан, микрофоннан естiлген дауыстың адам дауы-сы еместiгi, оқығанның дауысына ұқсас жансыз құралдың дауысы екендiгi жоғарыда айтылды. Сол үшiн радиодан жəне магнитофон-нан оқылған аяттарды естiген кiсiге тилəует сəждесiн жасау уəжiп болмайды.

Тилəует сəждесiн жасау үшiн дəреттi болып, қыблаға қарап тұрып, қолдарын көтерместен «Аллаһу əкбар» деп сəждеге барады. Үш мəрте «Субханə раббиал аъла» делiнедi. Содан соң «Аллаһу əкбар» деп сəждеден тұрумен тiлəует сəждесi аяқталады. Ең алды-мен ниет етiлуi керек. Ниет болмаса қабыл болмайды.

Сəжде аяты намаз ішінде оқылғанда, дереу бөлек рүку мен сəжде жасап қайта тұрады. Намазын жалғастырады. Сəжде аятын оқып, екi-үш аяттан соң намаздың рүкуын жасаса жəне тилəует сəждесiне ниет етсе, намаздың рүку жəне сəжделерi, тилəует сəждесiнiң ор-нына жүредi. Жамағатпен оқыған адам, имам сəжде аятын оқыған кезде, имамның оқығанын естiмесе де, имаммен бiрге бөлек бiр рүку жəне екi сəжде жасайды. Жамағаттың рүкуде ниет етуi керек. Намаз сыртына кешiктiруге болады.

Page 47: Namaz kitabikz

- 92 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 93 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Шүкiр сəждесi

Шүкiр сəждесi тiлəует сəждесi сияқты орындалады. Өзiне нығмет берiлген немесе бiр аурудан жазылған адамның Аллаһу та’алаға шүкiр сəждесі жасауы мустаһаб. Сəждеде алдымен «Əлхамду–лиллаһ» дейдi. Содан кейiн сəжде тасбихын оқиды. Бiрақ əр бес уақыт намаздан кейiн бір шүкір сəждесі жасап орнынан тұру мəкрух.

Намазда тадили əрканды орындамағандардың бүкіл жаратылысқа зияны тиедi. Өйткені ол адамның күнəсiнiң кесiрiнен жаңбыр жау-майды, егiн шықпайды, беймезгiл уақытта жауын жауып, пайда ор-нына зиянын тигiзетiндiгi айтылған.

Намаздың сүннеттерi

1. Ифтитах тəкбiрiнде қолды құлаққа дейiн көтеру.2. Қолдың iшiн қыблаға бағыттау.3. Тəкбiрден кейiн қол байлау.4. Оң қолды сол қолдың үстiне қою.5. Ер кiсiнiң қолдарын кiндiктен төмен ұстауы, ал əйелдердiң

қолдарын көкiрекке қоюы.6. Ифтитах тəкбiрiнен кейiн «Субханəкə» оқу.7. Имамның жəне жеке оқыған адамның «Аузу» оқуы.8. Бисмиллаһ айту.9. Рукуде үш мəрте «Субханə раббиал азым» деп айту.10. Сəждеде үш рет «Субханə раббиал аъла» деп айту.11. Соңғы отырыста Салауат дұғаларын оқу.12. Сəлем бергенде екi жаққа қарау.13. Имамның жұма жəне айт намаздарынан басқа, əр намазда

бiрiншi рəкатта, екiншi рəкатта оқитынынан екi есе ұзын оқуы.14. Рукуден тұрарда имамның жəне жеке оқыған адамның «Сəми

Аллаһу лимəн хамидəһ» деп айтуы.15. Рукуден тұрғаннан кейiн «Раббəнə лəкəл хамд» деп айту.16. Сəждеде аяқ саусақтарын бүгiп қыблаға бағыттау.17. Руку жəне сəжделерде иiлiп жатқанда жəне тұрып жатқанда

«Аллаһу əкбар» деп айту.18. Қолдарын жəне тiзелерiн жерге тигiзу.19. Қиямда тобықтардың арасы төрт елі болу. Рукуде, қавмəде

жəне сəждеде тигізіп ұстау.

20. Фатихадан кейiн өзі еститіндей амин деп айту, рүкуден бұрын тəкбiр алу, рүкуде саусақтарды ашық ұстап тiзенiң үстiне қою, сəжде үшiн тəкбiр алу, отырғанда сол аяғын жерге жатқызып, оң аяғын тiк қойып отыру, екi сəжде арасында отыру.

Ақшам намазында қысқа сүрелер оқылады. Таң намазында алғашқы рəкат екiншiге қарағанда бiраз ұзағырақ оқылады. Имамға ұйыған адам фатиха жəне зəм сүре оқымайды субханəкə оқиды. Тəкбiрлердi айтады, əттахияту, салауат шəрифтердi оқиды.

Намаздың мустаһабтары

Намазда сəжде ететін жерге қарау.1. Рукуде аяқ ұштарына қарау.2. Сəждеде мұрнын қойған жерге қарау.3. Əттахиятта отырғанда тiзелерiнiң үстiне қарау.4. Фатихадан кейiн оқылатын аят мөлшерi, таң жəне бесiн намазда-5. рында ұзын, ақшам намаздарында қысқа болуы.Имамға ұйыған адам тəкбiрдi iштен айтуы.6. Рукуде саусақтарды ашып, тiзенiң үстiне қою.7. Рукуде бас пен мойынды бiрдей түзу ұстау.8. Сəждеге барарда алдымен оң тiзенi кейiн сол тiзенi жерге қою.9. Сəжденi екi қолдың аралығында жасау. 10. Сəждеге мұрнынан кейiн маңдайын қою.11. Намазда есiнегенде қолдың сыртымен аузын жабу.12. Еркектердiң сəждеде шынтақтарын көтерiп жоғары ұстауы, 13. əйелдер қолдарын жерге төсейдi.Еркектердiң сəждеде қолдарын жəне аяқтарын қарнынан бөлек 14. ұстауы.Руку жəне сəждеде үш мəрте тəсбих айтатындай уақыт тұру.15. Сəждеден басын көтергеннен кейiн қолдарын жерден көтеру.16. Қолдарын көтергеннен кейiн тiзелерiн көтеру.17. Əттахиятуда қолдарын санның үстiне қойып, саусақтарын 18. қыблаға қарай түзу ұстап бүкпеу жəне ойнатпау.Оңға жəне солға сəлем берерде басын бұру.19. Сəлем берерде иықтарына қарау.20.

Page 48: Namaz kitabikz

- 94 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 95 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Намаздың мəкрухтары

Киiмдi кимей, иығына тастап қойып намаз оқу.1. Сəждеге барарда шалбардың балақтарын көтеру.2. Көйлектiң етегiн жəне жеңдерiн түрiп қойып намаз оқу.3. Пайдасыз əрекеттер жасау.4. Іс киімі жəне үлкендердің алдына шыға алмайтын киiммен 5.

намаз оқу.Аузында қыраатқа кедергi болмайтын бiр нəрсе болу. Кедергi 6.

болса намаз бұзылады.Жалаңбас намаз оқу.7. Үлкен не кiшi дəрет немесе жел қысып тұрғанда намаз оқу.8. Намазда сəжде жасайтын жердегi тас немесе топырақты 9.

қолмен сыпыру.Намазға тұрарда, намаз iшiнд10. е саусақтарын шықырлату.Намазда қолын бүйiрiне таяу.11. Басын жан-жаққа бұру, жан-жағына қарау. Кеудесi бұрылса 12.

намаз бұзылады.Ит сияқты отыру.13. Сəждеде еркектердiң шынтақтарын жерге төсеуі.14. Адамның жүзiне қарсы немесе көтерiңкi дауыспен 15.

əңгiмелескендердiң артында намаз оқу.Бiреудiң сəлемiне басымен, қолымен жауап беру.16. Намазда жəне намаздан тыс уақытта есiнеу.17. Намазда көздерiн жұму.18. Имамның миһраб iшiне кіріп тұруы.19. Имамның жалғыз өзi жамағаттан жарты метр биiкте тұруы 20.

тəнзиһəн мəкрух.Имамның тек өзi төменде тұруы да тəнзиһəн мəкрух.21. Парыздарда алдыңғы сапта бос жер бар кезде артқы сапқа 22.

тұру жəне сапта бос жер жоқ болған кезде, саптың артында жалғыз тұру.

Үстінде жанды нəрсенің суретi бар киiммен оқу. 23. Жанды нəрсенiң суретi, намаз оқығанның жоғарысында, 24.

басында, алдында, оң жəне сол жақ тұсында дуалға немесе матаға, қағазға салынып iлiніп қойылған болса мəкрух болады. Крест суретi де жанды нəрсенiң суретi сияқты.

Жалыны бар отқа қарсы намаз оқу.25. Намазда аяттарды, тəсбихтердi қолмен санау.26.

Басынан аяғына дейiн бiр матамен оранып намаз оқу.27. Жалаң басына сəлде орап намаз оқу.28. Аузын жəне мұрнын жауып оқу.29. Себепсiз қақыру.30. Қолын бiр-екi мəрте қозғауы.31. Намаздың сүннеттерiнiң бiреуiн тəрк ету.32. Себепсiз, баласы құшағында тұрғанда намазын бастауы.33. Жүректi мазалайтын, тыныштықты бұзатын нəрселердiң, 34.

мəселен əсем нəрселердiң жанында, ойын, шудың жанында немесе жақсы көретiн тамағының жанында оқу.

Парыз оқып жатқанда, үзiрсiз дуалға не бiр тiрекке сүйену. 35. Рукуға иiлгенде жəне тұрарда қолдарын құлағына қарай 36.

көтеру.Қыраатты рүкуға иiлгенде бiтiру.37. Сəждеге жəне рүкуға имамнан бұрын бару жəне имамнан 38.

бұрын басын көтеру.Нəжіс болуы мүмкiн болған күмəндi жерде намаз оқу.39. Қабiрге қарап намаз оқу.40. Ташаһудте сүннетке сай отырмау.41. Екiншi рəкатта бiрiншiсіне қарағанда үш аят ұзын оқу.42.

Намаз сыртында мəкрух болған нəрселер

Кез-келген жерде дəрет бұзғанда немесе истинжа қыларда 1. қыблаға арқасымен немесе алдымен қарап отыру.

Күнге жəне айға қарап дəрет бұзу.2. Кiшкентай балаларды қыблаға қарсы ұстап дəрет бұздырту 3.

мəкрух болады. Сол үшiн үлкендерге харам болған нəрсенi кiшкентайларға жасату үлкендерге харам болады.

Қыблаға қарай үзiрсiз аяқтарын ұзату.4. Мусхафқа (Құран Кəрім) жəне дiни кiтаптарға қарай аяғын 5.

ұзату. Биiк жерде болса, мəкрух болмайды.

Намазды бұзатын нəрселер

Үзiрсiз жөтелу немесе қақыру.1. Намаз оқып жатқан кiсiнiң, басқа бiреу түшкiргенде 2.

«Ярхамукаллаһ» деп айтуы.Намазын жеке оқып жатқан кiсi жанындағы жамағатта 3.

имамның жаңылғанын байқап, ескертсе немесе жөндесе, өзінің

Page 49: Namaz kitabikz

- 96 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 97 -

НАМАЗ КІТАБЫ

намазы бұзылады. Егер имам да бұл кiсiнiң жөндегенiне ұйып жөндеп оқыса, имамның да намазы бұзылады.

Намаздың iшiнде «Ла илаһə иллаллаһ» десе, бiрақ мақсаты 4. жауап болса, намазы бұзылады. Егер мақсаты бiлдiру болса намазы бұзылмайды.

Əурет жерiнiң ашылуы.5. Ауру немесе басқа бiр дерт себебiмен жылау. (Жəннат не-6.

месе тозақ есiне түсiп, соны ойлап жыласа бұзылмайды)Қолымен жəне тiлiмен сəлем алу.7. Қаза намаздарының саны бестен аз болып, намазда тұрғанда 8.

есiне түссе.Намазда тұрғанда бiр iс-əрекет жасаса, оны сыртынан көрген 9.

адам намаз оқып жатқан жоқ деп ойласа, намазы бұзылады.Намазда тұрғанда бiр нəрсе жеу немесе iшу.10. Намазда тұрғанда сөйлеу.11. Имамнан басқасының қатесiн жөндеу.12. Намазда тұрғанда күлу.13. Намазда тұрғанда ыңылдау.14.

Намазды бұзуды мубах қылған нəрселер

Жыланды өлтiру үшiн.1. Қашқан хайуанды ұстау үшiн.2. Отарды қасқырдан құтқару үшiн.3. Тасыған қазанды оттан алу үшін.4. Жамағаттың немесе уақыттың өтiп кету қауіпі болмаған 5.

кезде басқа бiр мазһабта намазды бұзатын нəрседен құтылу үшiн. Мəселен: дирхамнан аз болған нəжістi тазалау үшiн немесе бөтен əйелге қолы тигенi еске түсіп, қайта дəрет алу үшiн намазды бұзу жаиз.

Дəреттiң қысқанынан құтылу үшiн де намазды бұзуға бо-6. лады.

Намазды бұзуды парыз ететін жағдайлар

Құтқар деп айқайлаған кiсiнi құтқару үшiн жəне құдыққа 1. құлау қауіпі болған көрді, өртенiп немесе тұншығып жатқан бiреудi құтқару үшiн, өрттi сөндiру үшiн.

Əке-шеше немесе ата-əжесi шақырғанда парыз намазын 2. бұзу уəжiп емес. Жаиз болса да қажет болмаса бұзбаған дұрыс. Нəпiл, сүннет намаздары болса бұзады. Егер олар құтқар десе, парыз намазы болса да бұзу керек болады.

Жамағатпен намаз оқу

Жамағат намазы ең азы екi кiсiнің бiрi имам болып бірге оқуы арқылы орындалады. Бес уақыт намаздардың парыздарын жамағатпен оқу еркектер үшiн сүннет. Жұма намазын жамағатпен оқу парыз.

Пайғамбарымыз хадистерiнде жамағатпен намаз оқудың сауабының көп екендiгi тұралы былай дедi: «Жамағатпен оқылған намазға, жалғыз оқыған намаздан жиырма жетi есе артық сауап берiледi».

Тағы бiр хадисте: «Жақсылап дəрет алып, мешiттердiң бiрiне жамағатпен намаз оқу үшiн барған адамның Аллаһу та’ала əрбiр қадамына сауап жазады жəне əрбiр қадамы үшiн амал дəптерiнен бiр күнəсiн өшiредi. Жəне де жəннатта оның дəрежесiн көтереді».

Жамағатпен намаз оқу мұсылмандар арасында бiрлiктi жəне қарым-қатынасты қалыптастырады. Адамдардың бiр-бiрiне деген сүйiспеншiлiгiн нығайтады.

Жамағат бiр жерге жиналып сұхбаттасады. Əр түрлi дерт, қиыншылық, мұқтаждықтар осының арқасында ортаға шығады. Жамағат мұсылмандардың бiр жан, бір тəн екендiгiнiң ең үлкен үлгiсi.

Ауру, мүгедек, жүре алмайтын адамдардың жамағатқа баруы шарт емес.

Жамағатпен намаз оқуда оларға бас болып намаз оқытқан адам-ды - Имам деп атайды.

Имамдықтың шарттары

Имам болудың алты шарты бар. Бұл шарттардың бiрi болмаған адамға ұйып оқылған намаз қабыл болмайды.

Мұсылман болу. Хазреті Əбу Бəкiр Сыддық пен Хазреті 1. Омар Фаруқтың (радыяллаһу анһ) халифалығына, миғражға, қабыр азабына сенбеген адам имам бола алмайды.

Page 50: Namaz kitabikz

- 98 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 99 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Балиғат жасқа жету.2. Ақылды болу. Мас жəне алжыған адам имам бола алмай-3.

ды. Еркек болу. Əйел кісі еркектерге имам бола алмайды. 4. Кемінде фатиха сүресiмен тағы бiр аятты дұрыс оқи алу 5.

керек. Аят бiлмейтiн, немесе бiлгенiн тəжуидпен оқи алмайтын адам имам бола алмайды.

Үзiрсiз болу керек. Үзiрлi адам үзiрсiз адамдарға имам 6. бола алмайды.

Имам Құран Кəрiмдi тəжуидпен оқу керек. Дұрыс оқу - тəжуидпен оқу дегені. Намаздың шарттарына мəн бермейтін имамның артында намаз оқылмайды.

Пайғамбарымыздың: «Салих жəне фажир (күнəһар) əр адамның артында намаз оқыңыздар.» деген хадисі мешiт имамдары үшiн емес, жұма намазында имам болатын əкiмдер мен биліктегілер үшiн айтылған.

Имамдыққа лайық адам сүннеттi, яғни Исламды ең жақсы бiлетiн адам. Бұл мəселеде білімі тең болғандардың ішінен Құран Кəрiмді ең жақсы оқитыны имам болады. Бұл жерде де тең түскендердiң тақуалығы жоғары болғаны имам болады. Мұнда да тең болғандардың жасы үлкенi имамдыққа өтеді.

Құл, бəдəуи, пасық, соқыр жəне зинадан туылғанның имамдығы мəкрух болады.

Имам жамағатты жалықтыратындай жəне қысатындай дəрежеде намазды ұзатпауы керек.

Əйелдердiң өз арасында жамағатпен намаз оқулары мəкрух. Бiр адамға имам болған кісі оны оң жағына тұрғызады. Екi кiсiге имам болса, олардың алдына өтіп тұрады. Əйелдер мен балалардың ересек кiсiлерге имам болуы жаиз емес.

Имамның артында еркектер, одан кейiн балалар, кейiн əйелдер сап болып тұрады.

Имам əйелдерге де имам болуға ниет еткенде жамағаттағы əйел еркектің жанына тұрып қалса, ер кісінің намазы бұзылады. Егер имам əйелдерге имам болуға ниет етпеген болса, əйелдiң қасында тұрған еркектiң намазы бұзылмайды. Керісінше имамға ұйыған əйелдің на-мазы өтпейді. Тұрып оқитын адамның отырып оқитын имамға ұюы жаиз. Мұқим да сафари имамға ұя алады.

Парыз оқып жатқан адам, сүннет оқып жатқан адамға ұя алмай-ды. Сүннет оқып тұрған адам парыз оқып жатқан адамға ұя алады.

Имамға ұйып намаз оқығаннан кейiн, имамның дəретсiз екенін бiлген адам намазын қайталайды.

Рəғаиб, Бəраат жəне Қадыр намаздарын жамағатпен оқу мəкрух.

Жамағат қаласа да, имамның парыз оқытып жатқанда қыраат пен тасбихтердi сүннет мөлшерінен артық оқуы тахриман мəкрух болады.

Имамға рүкуде жете алмаған адам сол рəкатты имаммен бiрге оқыған болып саналмайды.

Имам рүкуде тұрғанда келген адам ниет етiп тiк тұрып тəкбiр алып, намазға кiредi. Дереу рүкуға иiлiп имамға ұяды. Рукуге иiлместен имам тұрып қойса, адам рүкуға үлгермеген болып сана-лады.

Имамнан бұрын рүкуға иiлу, сəждеге бару жəне имамнан бұрын тұру тахриман мəкрух. Парыз намаздарын оқып бiткеннен кейiн сап-ты бұзу мустаһаб.

Бiр мүмин бес уақыт намазын əр күн жамағатпен оқыса, барлық Пайғамбарлармен бiрге оқығандай сауапқа ие болды.

Кiмде-кiм ешқандай себепсiз жамағатты тəрк етсе, ол адам жəннаттың иiсiн сезе алмайды. Жамағатты үзiрсiз тəрк еткендер төрт кiтапта да малғұн деп сипатталған.

Бес уақыт намазды жамағатпен оқуға тырысу керек. Қиямет күнi Аллаһу та’ала таразының бiр жағына жетi қат аспанды, Ар-шты, Күрсіні жəне барлық махлұқ атаулыны қойса, ал бiр жағына жамағатпен оқылған бiр уақыт намаздың сауабын қойса, жамағатпен оқылған намаздың салмағы əлде қайда ауыр келедi.

Имамға ұюдың он шарты бар

Намазға кірерде тəкбiрден бұрын имамға ұюға ниет етіледі. 1. «Ұйыдым осы имамға» деп жүректен ниет ету керек.Имам əйелдер үшін имам болуға бөлек ниет ету керек. Еркек-2. терге имам болуға деп ниет ету шарт емес. Бiрақ ниет етсе, жамағаттың сауабын алады.Жамағаттың тобығы, имамның тобығынан артта тұру керек.3. Имам мен жамағат бiрдей парызды оқу ниетінде болу керек.4. Имам мен жамағаттың арасында əйелдер сапы болмау керек.5. Имам мен жамағаттың арасынан қайық өтетiндей өзен, немесе 6. арба өтетiндей жол болмауы керек.

Page 51: Namaz kitabikz

- 100 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 101 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Имам мен жамағат арасында бiр-бiрiн көре алатын немесе дау-7. сын ести алатын терезесі жоқ дуал болмауға тиіс. Яғни терезесіз дуалмен бөлінген екі бөлмеге жиналғандардың микрофон ко-лонкасы немесе тікелей теле эфир арқылы бір имамға ұйып на-маз оқулары сахих болмайды.Имам аттың үстiнде, жамағат жерде немесе керiсiнше болмауы 8. керек.Имам мен жамағат бір-біріне тиіп тұрмаған екi кемеде болмауы 9. керек.Басқа мазһабтағы имамға ұйыған жамағаттың намазы сахих 10. болуы үшiн екi риуаят бар: Бiрiншi үкім бойынша, жамағат өз мазһабында намазды бұзатын бiр нəрсенiң имамда болғанын білмеуі керек. Екiншi үкім бойынша, өз мазһабында намазы са-хих болған имамға басқа мазһабтағылар да ұя алады. Осы екінші үкімге сүйене отырып, тісінде коронка, не пломбасы болған имамға ұю жаиз болады.Жамағат бiр адамнан тұрса, имамның оң жағында тұрады.

Сол жағында немесе артында тұру мəкрух болады. Ұйыған кісінің тобығы имамның тобығы тұсынан алға шығып тұрмаса намазы са-хих болады. Жамағат екi немесе одан көп кiсiден құралса, имамның артында тұрады.

Имаммен бiрге оқығанда жалғыз оқыған сияқты оқылады. Бiрақ қиямда имам iшiнен оқыса да, дауыстап оқыса да, жамағат ешнəрсе оқымайды. (Шафии мазһабында имаммен бiрге жамағат та iшiнен Фатиха оқиды) Тек бiрiншi рəкатта «Субханака» оқиды. Имам дауы-стап «Фатиха» оқып бiткен кезде жамағат iшiнен «Амин» дейдi. Бұл дауыстап айтылмайды. Рүкуден көтерiлер кезде имам «Самиаллаһу лиман хамидаһ» дегенде, жамағат тек «Раббəна лəкəл хамд» дейдi. Содан кейiн иiлiп «Аллаһу акбар» деп, имаммен бiрге жамағат та сəждеге барады. Рукуде, сəждеде жəне отырғанда жамағат та жалғыз оқығандай оқиды.

Масбуқтың намазы

Имамға ұйығандар төрт түрлi болады. Бұлар: Мудрик, мұқтади, масбуқ жəне лахиқ.

Мудрик – Ифтитах тəкбiрiн имаммен бiрге алған адам.Мұқтади – Ифтитах тəкбiрiне үлгермеген адам.Масбуқ – Имамға бiрiншi рəкатта үлгермеген адам.Лахиқ - Ифтитах тəкбiрiн имаммен бiрге алған, бiрақ кейiн на-

мазда дəретi бұзылып дəрет алып, қайтадан имамға ұйыған адам. Бұл адам алдындағыдай қыраатсыз, рүку мен сəжде тасбихтарын айтып, намаздарын оқиды. Ол дəрет алуға барып-келгенде дүние сөзiн сөйлемеген болса, имамның артында тұрғандай болып есеп-теле бередi. Бiрақ мешiттен шыққаннан кейiн ең жақын жерде дəрет алуы керек. Көп алыстап кетсе, намазы бұзылады.

Масбуқ, яғни имамға бiрiншi рəкатта үлгере алмаған адам, имам екi жағына сəлем бергеннен кейiн түрегелiп үлгермеген рəкаттарын оқиды.

Қырааттарды бiрiншi, кейiн екiншi, одан кейiн үшiншi рəкатты оқығандай оқиды. Ал отырғанда төртiншi, үшiншi жəне екiншi рəкат кезегiмен, яғни соңынан басына қарай оқылады. Мысалы: Құптан намазының соңғы рəкатында имамға ұйыған адам, имам сəлем бер-геннен кейiн тұрып, бiрiншi жəне екiншi рəкатта Фатиха жəне бiр сүре оқиды. Бiрiншi рəкаттан кейiн отырады. Екiншi рəкатта отыр-майды.

Бес нəрсенi имам iстемесе, жамағат та iстемейдi. Олар:

Имам құныт оқымаса, жамағат та оқымайды.1. Имам айт намазында тəкбiрлердi айтпаса, жамағат та айт-2.

пайды.Имам төрт рəкатты намаздың екiншi рəкатында отырмаса, 3.

жамағат та отырмайды.Имам сəжде аятын оқып, сəжде қылмаса, жамағат та 4.

қылмайды. Имам сəһу сəждесін жасамаса, жамағат та істемейді.5.

Төрт нəрсенi имам iстесе де, жамағат iстемейдi. Олар:

Имам екiден көп сəжде етсе, жамағат етпейдi. 1. Имам айт тəкбiрлерiн бiр рəкатта үштен көп айтса, 2.

жамағат айтпайды.Имам жаназа намазында төрттен көп тəкбiр айтса, жамағат 3.

айтпайды. Имам бесiншi рəкатқа тұрып кетсе, жамағат тұрмайды, 4.

имамды күтiп бiрге сəлем бередi.

Page 52: Namaz kitabikz

- 102 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 103 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Он нəрсенi имам iстемесе де, жамағат iстейдi. Олар:

Ифтитах тəкбiрiне қолды құлаққа көтеру.1. Субханəкə оқу.2. Рүкуге иiлгенде тəкбiр айту.3. Рукуде тасбих оқу.4. Сəждеге жатып тұрар кезде тəкбiр айту.5. Сəжделерде тасбих айту.6. Сами Аллаһу..7. демесе де Раббəнə лəкəл хамд деу.Əттахиятуды соңына дейiн оқу.8. Намаз соңында сəлем беру.9. Құрбан айтында жиырма үш парыздан кейiн сəлем берер-10.

бермес ташриқ тəкбiрін оқу.

Ифтитах тəкбiрiнiң құндылығы

Кiмде-кiм ифтитах тəкбiрiн имаммен бiрге алса, ол адамның күнəлары күздiң күнi ағаш жапырақтары жел соққанда төгiлгендей төгiледi.

Бiр күнi Пайғамбарымыз намаз оқып жатқан кезде бiреу таң намазының ифтитах тəкбiрiне үлгере алмай қалды. Сол үшiн бiр құлды азат етiп келіп, пайғамбарымыздан сұрады: «Йа, Расулаллаһ! Мен бүгiн ифтитах тəкбiрiне үлгере алмай қалдым. Бiр құл азат еттiм. Ифтитах тəкбiрiнiң орнын толтыра алдым ба?» Пайғамбарымыз хазреті Əбу Бəкiр Сыддықтан (радыяллаһу анһ): «Сен не дейсiн, бұл ифтитах тəкбiрi жөнiнде?» деп сұрады. Хазреті Əбу Бəкiр (радыяллаһу анһ) былай дедi: «Йа Расулаллаһ! Қырық түйем болса, қырығының да қоржыны гауһарға толы болса, барлығын кедейлер-ге таратсам да, имаммен бiрге алынған ифтитах тəкбiрiнiң сауабына жетпейді».

Одан кейiн Пайғамбарымыз: «Йа, Омар! Сен не дейсiң ифти-тах тəкбiрi жөнiнде?» дегенде, хазреті Омар (радыяллаһу анһ): «Йа, Расулаллаһ! Мекке мен Мадина арасы толған түйем болса жəне бұлардың жүктерi гауһар болса, барлығын кедейлерге таратсам да ифтитах тəкбiрiнiң сауабына жете алмаймын»- дедi.

Кейiн Пайғамбарымыз: «Йа, Осман! Сен не дейсiң?» дегенде, хазреті Осман (радыяллаһу анһ): «Йа, Расулаллаһ! Түнде екi рəкат намаз оқысам, əр рəкатта Құранды толық хатым етсем де, имаммен бiрге алынған ифтитах тəкбiрiнiң сауабына жете алмаймын» дедi.

Одан кейiн Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уə сəллəм) «Йа, Əли! Сен не дейсiң ифтитах тəкбiрi жөнiнде?» Хазреті Əли (радыяллаһу анһ): «Йа, Расулаллаһ! Шығыс пен батыс арасы кəпiрлерге лық толы болса, Раббым маған қуат берiп барлығымен соғыссам да, имаммен бiрге алынған ифтитах тəкбiрiнiң сауабына жете алмаймын»- дедi.

Бұдан кейiн Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Ей, менiң үмметiм жəне асхабым! Жетi қат аспан мен жетi қат жер қағаз болса, жəне дариялар сия болса, жəне бүкіл ағаштар қалам болса, барлық перiштелер жазушы болып қияметке дейiн жазса да имаммен алынған ифтитах тəкбiрiнiң сауабын жазып бітіре алмайды».

Оқиға: Сарайға салынған мешiт

Имам Ағзам Əбу Ханифаның шəкiртi Имам Əбу Юсуф, Халифа Харун Рашид заманында қазы болатын. Бiр күнi Харун Рашидтің жа-нында отырғанда бiреуден шағым түседi. Харун Рашидтiң уəзiрi «Бұған куəмiн» дейдi. Имам Əбу Юсуф уəзірдің куəлігін қабылдамайды. Халифа: «Уəзiрдiң куəлiгiн неге қабыл етпейсiң?»- деп сұрайды. Имам Əбу Юсуф: «Бiр күнi оған бiр iс бұйырған едiңiз. Сонда ол сiзге «Əміріңізге құлдық» деген едi. Егер шын айтқан болса, құлдың куəлiгi қабыл етiлмейдi. Ал өтiрiк айтқан болса, өтiрiкшiнiң куəлiгi де тыңдалмайды» - дедi. Халифа: «Мен куəлiк етсем, қабыл етесiң бе?» - деп сұрайды. «Жоқ, қабылдамаймын»- дейдi қазы. Халифа: «Неге?»- дегенде, имам: «Сіз намазды жамағатпен оқымайсыз»- де-ген екен. Халифа: «Мен мұсылмандардың жұмысымен шұғылданып көбінесе жамағатпен оқи алмаймын»- дегенде, имам: «Жаратушыға ғибадат етілетін жерде жаратылғанға бағынбайды»- деді. Халифа бұл сөзді мақұлдап, сарайына мешiт салынуын əмiр еттi. Азаншы мен имам тағайындап, бұдан былай намазын тек жамағатпен оқыды.

Page 53: Namaz kitabikz

- 104 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 105 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Жұма намазы

Аллаһу та’ала жұма күнiн мұсылмандарға тəн қылған. Жұма күнi түс уақытында жұма намазын оқу Аллаһу та’аланың бұйрығы. Аллаһу та’ала Жұма сүресiнiң соңғы аятында: «Ей, иман келтіру абыройына ие болған құлдарым! Жұма күнi намаз үшiн азан айтылған кезде хутба тыңдау жəне жұма намазын оқу үшін мешіттерге асығыңдар. Сауда-саттықты тоқтатыңдар. Жұма намазы жəне хутба сізге басқа жұмыстарыңыздан да пайдалы. Жұма намазын оқып болғаннан соң, дүние жұмыстарыңыз үшін таралуыңызға болады. Аллаһтан ризық, несiбе күтіп еңбек етіңдер. Сондай-ақ құтылу үшін Аллаһты көп зiкiр етiңдер.» -деп бұйырған.

Намаздан кейiн қалағандар жұмысына, қалағандар мешiтте қалып дұға етумен шұғылдана алады. Жұма намазының уақыты кiргенде сауда-саттықпен айналысу күнə.

Хазреті Пайғамбарымыз көптеген хадистерінде: «Мұсылман кiсi жұма күнi ғұсыл алып, жұма намазына барса, бiр апталық күнəлары кешiрiлiп жəне əрбiр басқан қадамы үшiн сауап беріледі». «Жұма намазын оқымаған кiсiлердiң жүректерiн Аллаһу та’ала мөрлеп тастайды». «Күндердiң ең абзалы жұма күнi. Жұма күнi - айт күндерi мен ашура күнiнен де абзал. Жұма осы дүниеде жəне жəннатта мұсылмандардың мейрамы». «Егерде бiр кiсi жұма намазына еш бір кедергісіз үш рет бармайтын болса, Аллаһу та’ала оның жүрегiн мөрлеп қояды. Яғни жақсылық жасай ал-майтын болып қалады». «Жұма күнi бiр уақыт бар, сол уақытта жасалынған дұға қайтарылмайды». «Жұма намаздан кейiн жетi рет Ихлас, Нас, Фəлақ сүрелерiн оқыған кiсiнi Аллаһу та’ала бір апта қазадан, бəледен жəне жаман нəрселерден қорғайды». «Сенбi күнi яһудилерге, жексенбi күнi христиандарға берiлген, ал жұма күнi мұсылмандарға берiлген. Бұл күнде мұсылмандарға бе-рекет пен жақсылық бар».

Жұма күнгi ғибадаттардың сауабы басқа күнде орындалған ғибадаттардың сауабынан екi есе көп. Жұма күні iстелген күнəлар да екi есе болып жазылады.

Жұма күнi рухтар жиналады жəне бір-бірімен танысады. Қабiрлер зиярат етiледi. Бұл күнi қабiр азабы тоқтатылады. Кейбiр

ғалымдардың айтуы бойынша бұл күні мүминдердің азабы мүлдем тоқтатылады. Кəпiрлердiң азабы тек жұма күнi мен рамазан айын-да ғана тоқтатылып, басқа уақыттарда азап қиямет күнiне дейiн жалғасады. Жұма күнi жəне түнінде дүниеден өткен мүминдер қабiр азабына ұшырамайды. Жұма күнi тозақтың оты қатты ыстық болмай-ды. Адам алейһиссалам жұма күнi жаратылды. Жұма күнi жəннаттан шығарылды. Жəннаттағылар Аллаһу та’аланы жұма күндерінде көредi.

Жұма намазының парыздары

Жұма күнi он алты рəкат намаз оқылады. Бұлардың iшiнде 2 рəкаты парыз. Жұма бесiн намазынан да қуатты парыз. Жұма намазы парыз болуы үшiн мына екi шарт қажет:

Ада шарттары (өтелетiн шарттар).1. Вужуб шарттары (керек болған шарттар).2.

Ада шарттарының бiрi кем болып немесе орындалмаса, намаз қабыл болмайды. Ал вужуб шарттары жоқ болса, намаздың қабыл болуына кедергi болмайды.

Ада, яғни жұма намазының сахих болуы үшiн 7 шарт бар:Намазды қалада оқу. 1. Үкімет басшысының немесе əкiмнiң рұқсатымен оқу. Бұлар 2. тағайындаған имам-хатип өз орнына басқасын өкіл ете алады.

3. Жұманы бесiн намазының уақытында оқу.4. Уақыттың ішінде хутба оқу. (Ғалымдар жұма хутбасын оқу,

намазға тұрарда Аллаһу əкбар деп айтумен бiрдей деген.)Екi хутбаны да тек арапша оқу керек. Имам iшiнен аъузуды

айтып, кейiн дауыстап хамд уə сəна жəне кəлимаи шаһадат салауат оқиды. Кейiннен сауапқа, азапқа себеп болатын нəрселердi ескертеді жəне Құран Кəрiм оқиды. Кейін отырып тұрады. Бұл отыруда еш қандай артық əрекет жасалмайды. Тіпті дұға үшін қол да жайылмай-ды. Екiншi хутба оқып, уағызда мұсылмандарға дұға етедi. Хутбада төрт халифаның атын атап өту мустаһаб. Хутбада дүние iстерiне бай-ланысты сөздер, хабарландырулар айту харам. Хутбаны қысқа оқу сүннет, ұзын оқу мəкрух болады.

Хутбаны намаздан бұрын оқу.5. Жұма намазын жамағатпен оқу.6.

Мешiт есiктері баршаға ашық болу керек.7.

Page 54: Namaz kitabikz

- 106 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 107 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Жұма намазының вужуб шарттары тоғыз. Олар:

Жергiлiктi (муқим) тұрғын болу керек. Жолаушы (сафа-1. ри) кiсiге бұл намаз парыз емес.

Денi сау болуы керек. Ауру кiсiге, өте қарт кiсiлерге жəне 2. ауру қараушысына (егер тастап кете алмайтын болса) бұл намаз па-рыз емес.

Еркiн болу.3. Еркек болу, əйелдерге бұл намаз парыз емес.4. Ақылды əрi балиғатқа толған болу керек.5. Көзi көретiн болуы керек. 6. Жүре алуы керек. Көлігі не жəрдемшісі болса да паралич 7.

кiсiге, шолақ кiсiге бұл намаз парыз емес.Қамауда болмау керек. Дұшпанның, залымның жəне 8.

үкіметтің қауіпі болмау керек.Өте қатты жаңбыр, қар, дауыл, суық, батпақ болмау ке-9.

рек.

Жұма намазы қалай оқылады?

Жұма күнi бесін азаны айтылумен он алты рəкат жұма на-мазы оқылады. Оқу тəртiбi төмендегiдей:

1 - Ең бiрiншi жұма намазының төрт рəкаттық алғашқы сүннеті оқылады. Бұл намаз бесiн намазының алғашқы сүннетi сияқты оқылады. Бұл намазға: «Аллаһу та’ала разылығы үшiн жұма намазының алғашқы сүннетiн оқуға ниет еттiм, жүзiмдi қыблаға қараттым»– деп ниет етiледi.

2 - Кейiн мешiт iшiнде екiншi азан жəне хутба оқылады.3 - Хутба оқылғаннан кейiн қамат айтылып жамағатпен бiрге

жұма намазының екi рəкат парызы оқылады.4 - Жұма намазының екi рəкат парызы оқылғаннан кейiн төрт

рəкат соңғы сүннеті оқылады. Бұның оқылуы да бесiн намазының алғашқы сүннетi сияқты.

5 - Бұдан кейiн: «Мойныма парыз болып, өз уақытысында өтей алмаған соңғы бесiннің парызын оқуға» деп ниет етiлiп Ахир зухур (соңғы бесін) намазы оқылады. Бұған халық арасында ихтяты бесін деп те айтылады.

6 - Кейiннен екi рəкат уақыт сүннетi оқылады. Оқылуы таң намазының сүннетi сияқты.

7 - Бұдан кейiн аятул курси жəне 33 тасбихтардың үшеуі айты-лып дұға етiледi.

Жұма күнiнің сүннеттері мен əдептерi

1 - Жұма намазына бейсенбi күннен дайындалу. 2 - Жұма күнi ғұсыл алу.3 - Шашын алдыру, сақалы бiр тұтамнан ұзын болса қысқарту,

тырнақтарын алып жаңа, таза киiмдер кию.4 - Жұма намазына мүмкiндiгiнше ерте бару.5 - Мешiтте алдыңғы қатарға өту үшін жамағаттың иығынан ат-

тамау. 6 - Мешiтте намаз оқып жатқан кiсiнiң алдынан өтпеу.7 - Имам мiнберге шыққаннан кейiн сөйлемей хутбаны тыңдау.

Сөйлегенге белгі беріп те жауап бермеу, екінші азанды қайталамау жəне хутба кезінде қол ашып дұға етпеу.

8 - Жұма намазынан кейiн фатиха, кафирун, ихлас, фалақ жəне нас сүрелерiн жетi рет оқу.

9 - Екінді намазына дейiн мешiтте қалып ғибадат ету. 10 - Əһли сүннет ғалымдарының дəрісіне немесе солардың

кiтаптарын оқып отырғандарға қатысып, тыңдау.11 - Жұма күнiн толық ғибадатпен өткiзу.12 - Жұма күнi көп салауат айту.13 - Құран Кəрiм оқу. (Каһф сүресiн оқу)14 - Садақа беру.15 - Əке-шешенi немесе қабiрлерiн зиярат ету.16 - Үйдегi асты ерекше əрi тəттi қылып даярлау.17 - Көп намаз оқу. Қаза намазы болғандар намаздарының

қазасын оқу керек.Мойындарына парыз болмаса да əйелдердің Жұма немесе

Айт намазы үшін мешіттерге барып, ер адамдардың кірулеріне, ғибадаттарына кедергі болулары күнə болады.

Айт намаздары

Шаууал айының бiрiншi күнiнде Пiтiр, яғни рамазан мейрамының бірінші күні басталады. Зүлһиджаның оныншы күнiнде Құрбан айтының бiрiншi күнi басталады. Бұл екi күнде күн шыққаннан кейін шамамен 45 минут өткен соң, яғни кераһет уақытынан кейін екi рəкат Айт намазын оқу ер кісілер үшiн уəжiп.

Айт намаздарының шарттары жұма намазының шартта-ры сияқты. Тек бұл намазда хутба сүннет болып, намаздан кейiн оқылады.

Page 55: Namaz kitabikz

- 108 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 109 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Рамазан айтында намаздан бұрын құрма сияқты тəтті бір нəрсе жеу, ғұсыл алу, мисуак қолдану, жаңа, таза киiмдер кию, пiтiр садақаны намаздан бұрын беру, жолда жай дауыспен тəкбір айту мустаһаб.

Құрбан айт намазынан бұрын ешбiр нəрсе жемеу, намаздан кейiн алдымен құрбандыққа шалынған малдың етiнен жеу, намазға кетiп бара жатып дауыстап тəкбiр айту, үзірі болғандардың жай дау-ыспен тəкбір айтуы мустаһаб. Айт намаздары екi рəкаттан құралады. Жалғыз оқылмай тек жамағатпен оқылады.

Айт намазы қалай оқылады?

1 - Алдымен: «Ниет еттiм уəжiп болған айт намазын оқуға, ұйыдым дайын тұрған имамға» деп ниет етiледi. Ифтитах тəкбiрiн алғаннан кейiн «Субханака» дұғасы оқылады.

2 - Субханака дұғасы оқылғаннан кейiн үш рет тəкбiр айтып əр тəкбiрде қол құлаққа көтеріліп, алғашқы екі тəкбірден кейін екі жа-нына түсіріледі. Үшiншi тəкбiрде кiндiктiң астына байланады. Имам алдымен фатиха сүресiн, кейiн зəм сүре оқып рүкуға барады.

3 - Екiншi рəкатта имам фатиха жəне зəм сүре оқиды. Кейiн екi қолын үш рет көтерiп, əр көтергенiнде тəкбiр айтып екі жанына түсіреді. Төртiншi тəкбiр айтқанда рүкуға барады. Қысқашасы, бұл намаз екі таста, бір байла; үш таста, бір иіл! деп жатталады.

Ташриқ тəкбiрлерi

Құрбан айтының арафа күнi, таң намазынан бастап айттың төртiншi күнi екінді намазына дейiн қажылардың жəне қажылыққа бармаған кiсiлер, ер-əйел, жамағат-жалғыз, барлығының парыз на-мазынан кейiн сəлем берген сəтте бiр рет ташриқ тəкбiрiн айтулары уəжiп.

Жаназа намазынан кейiн оқылмайды. Мешiттен шығып кет-кеннен соң немесе сөйлеп койған соң еске түссе, ташриқ тəкбiрi айтылмайды. Имам намаздан кейiн тəкбiр айтуды ұмытып кетсе де, жамағат тəрк етпейді, ер кiсiлер дауыстап ташриқ тəкбiрiн айтады. Əйелдер ташриқ тəкбiрiн iштей айтады. Ташриқ тəкбiрi: «Аллаһу əкбар, Аллаһу əкбар. Ла илаһə иллаллаһу уаллаһу əкбар. Аллаһу əкбар уə лиллаһил хамд».

Өлiмге дайындық

Өлiмдi еске алу ең үлкен насихаттардың бiрi. Əрбiр иман келтiрген адамның өлiмдi еске алуы сүннет. Өлiмдi көп ойлау Аллаһтың əмiрлерiне мойынсұнып, күнəлардан алыс тұруға себеп бо-лады, харам істеуге батылдығын азайтады. Сүйiктi Пайғамбарымыз алейһиссалам бiр хадисiнде былай деп бұйырды: «Лəззаттарды жоятын, ойын-сауықтарды тоқтататын өлiмдi көп естерiңе алыңдар». Ғалымдардың көпшiлiгi күнiне бiр рет өлiмдi еске алып тұруды əдетке айналдырған.

Мұхаммед Бахауиддин Бұхари өзiн күн сайын 20 рет өлiп, мазарға көмiлгендей елестетін.

Ғибадат ету жəне дiнге қызмет ету үшін ұзақ өмір сүруді қалау ұзын амалды болуға жатпайды. Ұзын амал ауруына шалдыққандар ғибадаттарын уақытында орындай алмайды, тəубе етуді ұмытады, жүректерi қатаяды, өлiмдi ойламайды жəне уағыз, насихаттардан үлгi-өнеге алмайды. Ондайлар бүкіл өмірін дүниеде мал-мүлiк жи-нау жəне дүние қызығына бату жолында өткізеді. Ахыреттi ұмытып, тек өзiнiң қызығы мен қамын ғана ойлайды. Хадис шəрифтерде бы-лай делiнген:

«Өлмей тұрып өлiңiз. Есепке тартылмай тұрып өзiңiзге есеп берiңiз».

«Өлiмнен кейiн болатын нəрселерді сiздер бiлгендей жану-арлар да бiлгенде, азық болуға жарайтын семіз жануар таба ал-майтын едiңiз».

«Күндiз түнi өлiмдi еске алған адам, қиямет күнi шəһидтердiң жанында болады».

Дүниеде мəңгi қалам деген жалған ойдың, яғни ұзын амал-ды болудың басты себептерi: Дүниенiң жылтырағына, өткінші лəззаттарына берiлу, өлiмдi ұмыту, денсаулығы мен жастық шағына алдану. Дүниеге алданбау үшiн, яғни ұзын амалды болудан құтылу үшін ең алдымен осы себептердi жою керек. Өлiмнiң кез-келген уақытта жағадан жармасатынын естен шығармау қажет. Сондай-ақ ұзын амалды болудың зияндары мен өлiмдi естен шығармаудың пайдаларын үйренуіміз керек. Пайғамбарымыз бiр хадис шəрифінде былай дейдi: «Өлiмдi көп еске алыңыз. Оны ойлау адамды күнə iстеуден қорғайды жəне ахыретте зиянды болған нəрселерден сақтануға себеп болады».

Page 56: Namaz kitabikz

- 110 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 111 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Өлiмдi қалай түсiнуге болады?

Өлiм - жоқ болу деген сөз емес. Өлiм - рухтың денеден айрылуы. Өлiм - адамның бiр халден екiншi халге енуi. Бiр үйден екiншi үйге көшу сияқты. Омар бин Абдулазиз былай дейдi. «Сiздер тек мəңгiлiк əлемге бару үшiн жаратылдыңыз. Тек қана бiр үйден басқа бiр үйге көшесiздер». Өлiм иман келтiрген адам үшiн сыйлық, нығмет, ал күнəһарлар үшiн қайғы-қасырет. Адам өлiмдi қаламайды. Дегенмен өлiм фитна-бүлiктен жақсы. Адам өмiр сүрудi жақсы көредi. Дегенмен өлiм оған қайырлы. Шынайы мұсылман адам, өлiм арқылы дүниенiң қиындығынан құтылады. Жазықсыз жəбiр көріп жатқан құлдар, залымдардың қиянатынан, зұлымдығынан осы өлiмнiң арқасында құтылып рахатқа қауышады.

Мүмин үшiн, денеден жанның айырылуы, тұтқынның қапастан құтылуы сияқты болады. Мүмин өлгеннен кейiн бұл дүниеге қайта келiп шəһит болуды қалайды. Өлiм əр мұсылманға сыйлық. Бiр адамның дiнiн тек мазары қорғайды. Мазардағы өмiр болса не жəннат бақшасында, не тозақ шұңқырында өтеді.

Өлiм хақ

Өлiмнен құтылу мүмкiн бе? Əрине жоқ! Адамның бiр ми-нут өмiр сүру мүмкiндiгi де өз қолында емес. Ажалы келген өледi. Бұл уақыт көз ашып жұмғанға дейiн өтетiн бiр сəт. Құранның бiр аятында: «Ажалдары келгенде, оны бiр сағат алға не кейiн ала алмайды»- делiнген. Аллаһу та’ала бiр адамның өлiмiн қай жерде жазса, ол адам мал-мүлкiн, бала-шағасын тастап, сол жерде қайтыс болады. Аллаһу та’ала бiздiң бiр күнде қанша рет тыныс алаты-нымызды бiледi. Ол білмейтін еш нəрсе жоқ. Өмiрiмiз иман етiп, ғибадатпен өткен болса, соңы саадет, яғни мəңгі жəннат болады. Аллаһу та’ала Əзрейіл алейһиссаламға: «Достарымның жанын оңай ал, дұшпандарымның жанын қинап ал!»- деп бұйырды.

Бұл иман келтiргендер үшiн қол жетпес үлкен бақыт! Ал иман-нан мақрұм қалып, өмiрiн қалай болса солай өткiзiп жүргендер үшiн қандай үрейлi пəлекет!

Жаназа намазы

Бiр мұсылман кiсiнiң дүниеден өткендiгiн естiген ер кiсiлер үшiн, егер ер кiсiлер болмаса, əйелдер үшiн жаназа намазын оқу фарзи кифая болады. Жаназа намазы Аллаһу та’ала үшiн намаз, ал

мəйіт үшін дұға болады. Бұл намаздың маңыздылығына мəн берме-ген адам иманнан шығады.

Жаназа намазының шарттары

1 - Мəйіт мұсылман болуы шарт.2 - Жуылған болуы керек. Жуылмай көмiлгелi жатқан жаназа

(өлген адам) үстіне əлi топырақ тасталмаған болса қайта шығарып жуып, содан кейiн жаназа намазын оқу керек. Жаназа мен имамның тұрған жерi таза болуы тиiс.

3 - Мəйіттің денесінің жартысы мен басы, немесе бассыз дененің жартысынан көбі имамның алдында болу керек.

4 - Жаназа жерде немесе жерге жақын қолда көтеріліп, яки тас үстiнде имамның алдында тұруы тиiс. Жаназаның басы имамның оң жағында, ал аяқтары имамның сол жағында тұруы керек. Керісінше қою күнə болады.

5 - Жаназа имамның алдында дайын тұруы керек. Яғни бір ау-ылда тұрған мəйітке басқа ауылда тұрып жаназа оқылмайды.

6 – Мəйіттің жəне имамның əурет жерлерi жабық болуы керек.

Жаназа намазының парыздары

1 - Төрт рет тəкбiр айту.2 – Жаназаны тұрып оқу.

Жаназа намазының сүннеттерi

1 - Субханака дұғасын оқу.2 - Салауат оқу.3 - Өзiне, мəйітке жəне барша мұсылмандарға ғафу, мағфирет,

кешiрiлу үшiн бiлдірілген дұғалардан білгендерін оқу.Жаназа намазы мешiт iшiнде оқылмайды. Тiрi туылған бала

өлер болса ат қойылып, жуылып, кебінге оралып намаз оқылады. Жаназаны көтергенде табыттың төрт бұрышынан ұсталады.

Жаназа намазы қалай оқылады?

Жаназа намазындағы төрт тəкбiрдiң əрбiрi бiр рəкат сияқты. Төрт тəкбiрдiң алғашқысында қол құлаққа көтеріледi, кейiнгi үш тəкбiрде қол көтерiлмейдi.

Page 57: Namaz kitabikz

- 112 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 113 -

НАМАЗ КІТАБЫ

1 - Алғашқы тəкбiр алынып қолды байлағаннан кейiн «Субаха-нака» дұғасы оқылады. Бұл кезде «уə жəллə сəнəукə» да айтылады. Фатиха оқылмайды.

2 - Екiншi тəкбiрден кейiн «Аллаһумма салли-барик» дұғалары оқылады.

3 - Үшiншi тəкбiрден кейiн жаназа дұғасы оқылады. Жаназа дұғасының орнына «Раббана атина» немесе тек қана «Аллаһуммағфир лəһ» деп яки дұға ниетiмен Фатиха оқу да жеткiлiктi болады.

4 - Төртiншi тəкбiрден кейiн алдымен оңға, кейiн солға сəлем берiледi. Сəлем бергенде жаназаға жəне жамағатқа ниет етiледi.

Имам төрт тəкбiрмен екi иығына берген сəлемдi дауыстап айта-ды. Өзге дұғаларды iшiнен оқиды. Жаназа намазынан кейін табыттың қасында дұға ету жаиз емес мəкрух.

Тарауих намазы

Тарауих намазы еркектерге де, əйелдерге де сүннет болған намаз. Тарауих намазы Рамазан айының əр кешiнде оқылады. Жамағатпен оқылуы кифая сүннет. Оқылатын уақыты құптан мен үтiр намазының арасы. Мəселен: тарауих намазының бiр бөлiгiне үлгерген адам имаммен бiрге үтiр намазын оқып болған соң тарауих намазының қалған бөлiгiн оқып толықтырады. Уақытында оқылмай қалған тарауих намазының қазасы оқылмайды. Қаза етiлiп оқылса, тарауих намазы емес, нəпiл намазы болады. Тарауих намазы жиырма рəкаттан тұрады.

Тарауих намазы қалай оқылады?

Үтiр намазы рамазан айында ғана жамағатпен бiрге оқылады. Тарауих намазын екi бас қылып, он сəлеммен жəне əрбiр төрт рəкатта бір тəсбих айтып оқу мустаһаб. Қазасы болғандар бос уақытында бес уақыт сүннеттер мен тарауих орнына да қаза оқып қарыздарын ертерек бітіріп, сонан соң бұл намаздарға кірісуі керек. Тарауих на-мазы мешiтте жамағатпен оқылғандықтан кейбiр кiсiлердің үйiнде тарауих намазын оқуы күнə болмайды. Бiрақ мешiттегi жамағат сау-абынан құр қалады. Үйiнде бірнеше кісімен жамағатпен оқығанның сауабы жалғыз оқығаннан жиырма жетi есе көп болады. Əрбiр иф-титах тəкбiрiнде ниет еткен жақсы. Құптан намазын жамағатпен оқымаған кісілер тарауих намазын да жамағатпен оқи алмайды. Құптанды жамағатпен оқи алмаған бір кісі парызды жалғыз оқып, кейін тарауихті жамағатпен оқи алады.

Бесiншi бөлiм

ЖОЛАУШЫНЫҢ НАМАЗЫ

Ханафи мазһабындағы адам он бес күннен аз мерзiмге қалу ниетiмен 104 км немесе одан да ұзақ жолға шықса, ол кiсi мусафир болады.

Жолаушыны сафари немесе мусафир деп атайды.Жолаушы төрт рəкат намаздарды екi рəкат қылып қысқартып

оқиды. Ал муқим (жергiлiктi) имамға ұятын болса, толығымен төрт рəкат оқиды. Бір сафари муқим жамағатқа имам болса, екi рəкат оқып, сəлем берiп намаздан шығады. Ал жамағат төрт рəкат парызды толықтыру үшiн тұрып, қалған екi рəкатты өздерi оқиды.

Жолаушы киген мəсісіне үш күн, үш түн бойы мəсих тартып кие алады. Оразасын бұза алады. Бiрақ қиналмаса, оразасын бұзбай жалғастырғаны жақсырақ. Жолаушы кiсiге құрбан шалу уəжiп емес. Жұма намазы жолаушыға парыз емес.

Егерде бiреу намаз уақытының соңында сол намазды оқымай жолға шықса, сол намазды екi рəкат етiп қысқартып оқиды. Ал егер-де уақыттың соңында елiне оралып, жолаушы үкiмiнен шығатын болса, сол уақыттың оқылмаған намазын төрт рəкат етiп оқиды.

«Нимет-и Ислам» атты кiтапта былай дейді: Нəпiл намаз-дарын тұрып оқуға күшi жете тұрып отырып оқу əр жерде жəне əрқашан да жаиз. Отырып оқығанда рүку жасау үшiн денесiмен сəл еңкейедi. Ал сəжде үшiн маңдайын жерге тигiзедi. Бiрақ ешбiр үзірі болмастан нəпіл намазын отырып оқыған кiсiге тұрып оқыған кiсiнiң сауабының жартысы берiледi. Бес уақыт намаздың сүннеттерi жəне тарауих намаздары да нəпiл намазы болып есептеледi. Жол жүрiп бара жатып, яғни қала, ауыл сыртында нəпiл намаздарын жануар, көлік үстiнде оқу жаиз. Қыблаға қарау, рүку жəне сəжде жасау шарт емес. Ишаратпен оқылады. Рүку үшiн бiраз иiлiп, ал сəжде үшiн одан төменiрек еңкейеді. Жануардың үстiнде нəжіс болуы намазға кедергi болмайды. Жерде тұрып нəпiл намазын оқып шаршаған адам асаға, адамға, дуалға сүйенiп оқи алады. Өзі жүрiп бара жатып намаз оқу сахих емес.

Парыз жəне уəжiп намаздарын ешбiр машақат болмағанша жануардың үстiнде оқуға болмайды. Тек үзірмен ғана оқуға болады.

Page 58: Namaz kitabikz

- 114 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 115 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Үзір бола алатын себептер: мүлкіне, өміріне, жануарына (көлігіне) қауiп төну, көлігінен (жануарынан) түскенде көлігіндегі неме-се қасындағы дүниесінің тоналу қауіпі, жыртқыш хайуан, дұшпан қауіпі, жердiң лай, балшық болуы, қатты жаңбыр, ауру кiсiнiң түсіп-міну кезінде ауруының асқынуы немесе жазылу уақытының ұзаруы, көлігінен түскенде жолдастары күтпейтін болып қатерде қалуы жəне көлігіне біреудің жəрдемінсіз өзі міне алмайтын болуы. Осы аталған үзірмен жануар үстінде намаз оқитын кісі мүмкін болғанша жануарын қыблаға қаратып тоқтатып оқиды. Мүмкін болмаса, кетіп бара жатқан бағытына қарай оқиды. Жануардың, түйенің үстіндегі махмил деп аталатын жүк сандығының ішінде, үстінде оқитын кісі де жоғарыдағыдай əрекет етеді. Жануарды тоқтатып, əлгі жүк сандығының бір шетіне тірегіш қойылатын болса стол, кереуіт сияқты болып, жерде оқылғандай болады. Яғни жерде оқып жатқандай ор-нынан тұрып қыблаға қарап оқылады. Жерге түсе алатын болса, па-рыздарды жүк сандықтарының үстінде оқу да дұрыс болмайды.

Кемеде намаз оқу хазреті Жафар Таяр Хабашстанға (Эфио-пия) кетiп бара жатқанында хазреті Пайғамбар алейһиссалам оған үйреткендей оқылады: Қозғалып кетiп бара жатқан кемеде үзірі бол-маса да, парыз жəне уəжiп намаздары оқылады. Кемеде жамағатпен оқу да мүмкін. Қозғалып кетіп бара жатқан кемеде ишаратпен намаз оқуға рұқсат етiлмей, рүку əрi сəжденi толық жасау, қыблаға қарау шарт. Намазды қыблаға қарап бастайды, ал егер кеме қыбладан басқа бағытқа бұрылатын болса, намазда тұрып қыблаға қарай бұрылады. Имам Ағзам Абу Ханифаның үкімі бойынша, жүзiп бара жатқан ке-меде парыз намаздарды да үзірсіз отырып оқуға рұқсат бар.

Теңiз ортасында тоқтап тұрған кеме, қатты шайқалып қозғалып тұрса, оның үкiмi жүзiп бара жатқан кеме сияқты болады. Ал егерде толқу аз болса жағажайда (портта) тұрған кеме үкiмiне кiредi. Ал жағажайда тұрған кемеде парыз намаздары отырып оқылмайды. Егер жағаға түсуге мүмкіндік бар болса, кемеден жағаға шығып оқуы ке-рек. Мал-мүлкіне, өміріне қауіп төнсе жəне кеменің кетіп қалу қауіпі болса, кемеде оқуы жаиз болады.

Ислам ғалымдарынан Ибни Абидиннің кітабында: «Екi дөңгелектi болып, жануарға жегiлмесе түзу тұра алмайтын ар-бада тоқтап тұрғанда да, қозғалып бара жатқанында да намаз оқу жануар үстiнде оқығандай оқылады. Ал төрт дөңгелектi арба болса, тоқтағанда стол үкімінде болады. Жүріп бара жатқанда, жануар үстінде оқуға рұхсат беретін жоғарыда жазылған үзірлі себептермен ғана парыз намазды оқуға болады. Бұл кезде арба

қыблаға қарап тоқтатылған болуы шарт. Тоқтата алмаса, жүзіп бара жатқан кемедегідей етіп оқиды.»-делінген. Жүрiп бара жатқан көлікте қыблаға қарай алмаған кiсi Шафии мазһабын тақлид етумен екi намазды жəм етіп оқиды. Бұны iстеуге де мүмкiндiгi болмаса, қыблаға қарау міндеті жойылады, яғни қарай алатын жағына қарап оқиды. Орындықта, креслода отырып ишаратпен намаз оқу ешкiмге еш уақытта жаиз емес. Автобуста, ұшақта намаз арба үстінде намаз оқыған сияқты оқылады.

Парыз, уəжiп намаздарын жолда мүмкiндiгiнше жануар үстiнде оқымауға тырысу керек. Көліктерді тоқтатып, қыблаға қарап тұрып оқу тиіс. Сондықтан көліктерге мінбей тұрып осы жағдайларды келісіп алу керек.

Жолаушы кiсi паромда жəне поезда парыз намазын оқыған кезде қыблаға қарап, орнынан тұрып бастауы жəне сəжде ететін жердің қасына компас қоюы керек. Паром немесе поезд бұрылған сайын бүкiл денесiмен қыблаға бұрылады. Егерде көкірегі қыбла бағытынан басқа жаққа қарап қалса, намазы бұзылады. Автобуста, поезда, қатты толқынды теңiзде қыблаға бет бұра алмаған кiсiлердiң парыз намаздары қабыл болмайтындықтан бұлар сапар бойынша Шафии мазһабының үкімін пайдаланып, яғни тақлид етіп, бесiн мен екінді, ақшам мен құптан намаздарын жəм етiп бiрге оқиды. Яғни, осы екі жұп намазды бірінен кейін бірін оқиды. Өйткенi, Шафии мазһабында 80 км.ден асатын сапарда жолаушы кiсiге екінді на-мазын бесiн уақытында жəне құптан намазын шам уақытында не-месе бесiн намазын екінді уақытында жəне шам намазын құптан уақытына кешiктiрiп, екi намазды бiр уақытта оқуға болады. Шафии мазһабының өкiлi жолда намаз оқитын кезде қыблаға қарай алмай-тын болса, жолға шыққаннан кейiн күндiз бiр жерге тоқтаған сəтте, түс уақытында бесiн намазын оқып болғаннан кейiн артынша екінді намазға ниет етiп оқуы керек. Ал түннiң бiр уақытында тоқтаған кез-де қыблаға қарап құптан намазы уақытында алдымен ақшам нама-зын, кейiн құптан намазын өтеуiне болады. Бұл төрт намазды оқыған кезде: «Шафии мазһабын тақлид етіп (жолын ұстап) өтеуге ниет еттiм»- деп оқиды. Сапар бiткеннен соң бұл екi намазды бiр уақытта оқи алмайды.

Page 59: Namaz kitabikz

- 116 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 117 -

НАМАЗ КІТАБЫ

НАУҚАСТАНҒАН КЕЗДЕГI НАМАЗ

Дəреттi бұзатын нəрсенiң денеден шығуы тоқтамаса, оған үзiр дейдi. Сiдiк, iшi өту, жел шығару, мұрынның қанауы жəне жарадан қан, сары су ағуы намаз уақыты iшiнде тоқтамаса, осындай адам жəне истихаза қаны келген əйел үзiрлi (кешірімді хал) болып есептеледi. Бiтеу арқылы дəрiмен немесе намазды ыммен отырып оқып, бұларды тоқтату керек. Сiдiгi тамшылап тоқтамайтын ер кісі сiдiк жолына мақта кіргізіп қояды. Осылайша шыққан зəр мақтаға сіңіп сыртқа шықпайды, яғни дəрет бұзылмайды. Кіші дəретке отырғанда мақта өздiгiнен шығып кетедi. Егер зəр көбірек сызса, артығы мақтадан да өтіп сыртқа шығады жəне дəретті де бұзады. Бұндай кезде аққан зəр киiмдi ластамауы керек. Əйелдер зəр шығатын жерiне үнемi күрсүф деп аталатын мата қоюлары керек. Аққан нəрсенi тоқтата алмаса, əр намаз уақытында бөлек дəрет алып намазды осылайша оқиды. Осын-дай бір себеппен үзiрлi болған адам дəретпен уақыт шыққанға дейiн парыз, қаза, нəпiл намаздарын оқи алады. Құранды ұстай алады. Намаздың уақыты шығысымен дəрет бұзылады. Уақыт шықпастан бұрын үзiр болған себептен басқа дəрет бұзатын нəрсе болса, дəрет бұзылады. Мысалы, мұрын тесіктерінің біреуінен тоқтамай қан тамшылағаны үшін үзiрмен дəрет алған кісінің мұрнының екiншi тесігінен де қан аға бастаса, дəреті бұзылады. Үзiрлі болу үшiн дəреттi бұзған нəрсе намаз уақыты бойы тоқтамай ағып тұру керек. Дəрет алып сол уақыттың парызын орындай алатындай уақытта ақпаса, үзiр болып саналмайды. Малики мазһабының бiр үкімі бой-ынша бiр тамшы ақса да үзiрлі болады. Бiр кісі үзiрлi болғаннан кейін, келесi намаз уақытында үзірі бiр рет бiр тамшы ақса, үзiрлiк халі сол уақытта да жалғасады. Намаз уақытында еш нəрсе ақпаса, үзiр халі біткен болады. Үзiрге себеп болған нəжiс киiмге дирхам көлемiнен аса жайылған болса, қайта жайылуына кедергi болу мүмкiн болса, нəжiс тиген жердi жуу керек.

Ғұсыл алғанда ауырып қалудан немесе аурудың күшеюiнен жəне жалғасуынан қорыққан адам тəйəммум алады. Бұл қорқыныш мұсылман жəне əділ дəрiгердiң айтуымен болу керек. Пасықтығы, күнəһарлығы беймəлім дəрiгердiң сөзi де қабыл етiледi. Суық ауа райы, жан сақтайтын үйі болмау, суды ысытатын нəрсе, қалада моншаға баруға ақша таппау ауыруға себеп болуы мүмкін. Шафииде бiр тəйəммуммен қалағанша парыз намаз оқи алады. Шафииде жəне Маликиде əрбiр парыз намаз үшiн жаңадан тəйəммум алады.

Дəрет мүшелерінің жартысында жарасы болған адам тəйəммум алады. Жара жартысынан аз болса, сау болған жерiн жуып, қалған жерлеріне мəсих тартады. Ғұсыл алатын кезде дененiң жартысынан көбi жара болса, тəйəммум алады. Жарасы жартысынан аз болса, сау жерiн жуып, су тигізе алмаған жерлеріне мəсих тартылады. Жараға мəсих тарту зиянды болса, үстіндегі бинтке мəсих тартылады. Бұл да зиянды болса, мəсих тартылмайды. Дəрет пен ғұсылда басқа мəсих тарту зиянды болса, басқа мəсих тартылмайды. Қолы шолақ (жара) адам суды қолдана алмағандықтан тəйəммум алады. Жүзiн жəне қолдарын жерге (əкпен, топырақпен сыланған дуалға) үйкейдi. Қолдары жəне аяқтары кесiлген адамның жүзi де жара болса, дəретсiз намаз оқиды. Дəрет алдыратын ешкiмдi таппаған адам да тəйəммум алады. Сонымен қатар баласы, жалдамалы қызметшiсi жəрдем ету-ге міндетті. Жəрдемдi басқа кiсiлерден де алса болады. Бiрақ олар жəрдем етуге міндетті емес. Ерлі-зайыптылар да бiр-бiрiне дəрет алғызуға міндетті емес.

Қан алдырып, сүлiк қолданып, жара, сыздауық, сүйегi сынып үстіне бинт (мақта, марля үстiне лейкопластырь, крем, мазь) байлаған кісі бұл жерлерiн сумен жуа алмаса, мəсих ете алмаса, дəрет пен ғұсылда осы жерлердің жартысынан көбiнің үстіне мəсих тартады. Бинтты шешу зиянды болса, онда астындағы сау жерлерiн жумайды. Бинттың арасынан көрініп тұрған сау терiлер мəсих етiледi. Бинтты дəрет алып болған соң орау да мiндеттi емес. Мəсихтен кейiн, бинт ауыстырылса немесе үстiне тағы бір неше қабат оралса, жаңасына мəсих тарту керек болмайды.

Тiк тұра алмайтын адам намазын отырып, рүку үшiн денесiн бiраз иедi, сосын денесiн түзу ұстап, кейiн жерге екi рет сəжде жа-сайды. Қалай отыру ыңғайлы болса солай отырады. Тiзерлеп оты-руына да, малдас құрып отыруына да болады. Бас, тiс, көз ауруы да науқасқа жатады. Тұрғанда дұшпанға көрiнiп қалу қауіпі де үзiр саналады. Бiр нəрсеге сүйенiп тіке тұра алатын адам сүйенiп намаз оқиды. Көп тұра алмайтын адам ифтитах тəкбiрiн тұрып, ал ауыра бастағанда намазын отырып жалғастырады.

Жерге сəжде жасай алмайтын адам аяқта оқып, рүку жəне сəжде үшiн отырып ишарат етедi. Отырып оқығанда рүку үшiн азырақ, ал сəжде үшiн одан көбiрек иiледi. Денесiн ие алмаған адам басын иедi. Бiр нəрсенiң үстiне басын қою шарт емес. Бiр нəрсенің үстiне сəжде ететiн болса, сəжде үшiн рүкуден көп иiлген болса ғана намазы дұрыс болғанымен мəкрух болады. Сүйенiп отыруға мүмкiндігі бар кісінің ишаратпен жатып оқуы жаиз емес. Хазреті пайғамбарымыз

Page 60: Namaz kitabikz

- 118 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 119 -

НАМАЗ КІТАБЫ

алейһиссалам бiр ауруды зиярат еткенде оның қолымен жастықты көтерiп, соған сəжде еткенiн көрiсiмен жастықты алып тастады. Ауру адам ағашты көтерiп, оның үстiне сəжде еттi. Ағашты да алып тастады. Кейін былай дедi: «Күшiң жетсе жерге сəжде ет, жерге иiле алмасаң бетiңе бiр нəрсе көтерiп оның үстiне сəжде етпе. Ишарат етiп оқы, сəждеде рүкуден көбiрек иiл.» «Бахр-ур-Раиқ» атты кітапта бұған қосымша ретiнде келтірілген Ал-Имран сүресiнiң 191-аятында: «Намазды күшi жеткен түрегеп оқиды. Күшi жетпеген отырып, бұған да күшi жетпеген жатып оқиды», деп бұйырады. Имран бин Хусайн науқастанғанда Расулуллаһ алейһиссалам оған: «Тұрып оқы, шамаң жетпесе отырып оқы, бұған да күшiң жетпесе жантайып немесе шалқайып жатып оқы» деп бұйырған. Бұлардан көрініп тұрғанындай, тұрып оқи алмаған ауру отырып оқиды, отыра алмаған жатып оқиды. Бірақ орындық жəне креслоға отырып оқуға рұқсат етілмеген. Науқастың немесе автобус не ұшақта сапар шегіп бара жатқан кісінің креслода намаз оқуы исламға сай емес, жерге отырып немесе тұрып оқу керек. Жамағатқа барғанда тұрып оқи алмайтын адам үйiнде тұрып оқиды. Төмендегі 20 нəрсенің бiреуiнiң болуы жамағатқа бармау үшiн үзiр болады: Жаңбыр, қатты ыстық жəне қатты суық, өміріне жəне дүниесiне қастандық жасайтын дұшпан қауіпі, жолда жалғыз қалудан қорқу, түннiң қатты қараңғы болуы. Қарызы көп кедейдің көшеге шыққанда қарызын төлемегені үшін тұтқындалып зынданға таста-лудан қорқуы. Көрсоқыр болу, жүре алмайтындай мүгедек болу, бiр аяғы жоқ болу, ауыру, əлсiз болу, жолдың қатты балшық, лай болуы, жүре алмайтын қария, аз кездесетін маңызды фиқһ дəрiсiнен қалып қою, жақсы көрген тамағын жей алмаудан қорқу. Сапарға шығуға дайындықта болу. Орнына адам таппаған ауруға қараушы. Түнде қатты дауыл болуы, дəреттің қысып тұруы. Аурудың күшейуiнен жəне асқынуынан қорыққан ауру жəне ауруы қараусыз қалатын ауру күтушiсi жəне қатты қартайғандықтан жүруi қиын болған жұма на-мазына бармау үшiн де үзiр болып саналады. Жамағатқа жаяу бару көлiкпен барудан абзал. Мешiтте орындықта, креслода отырып ишаретпен оқу жаиз емес. Исламның əмiр етпегеніндей ғибадат жасау бидғат болады. Бидғат iстеудiң үлкен күнə болғандығы фиқһ кiтаптарында жазылған.

Бiр нəрсеге сүйенiп отыра алмаған ауру, шалқасынан жатып, шалқасынан да жата алмаса, оң жағына жатып басымен ишарат етедi. Қыблаға бетiн бұра алмаған адам оңтайлы жағына қарап оқиды. Шалқасынан жатқан адамның басының астына бiр нəрсе

қойып, жүзiн қыблаға қаратады. Тiзелерiн бүгіп аяғын қыблаға созбау абзал. Басымен ишарат жасай алмаған адам намазын қазаға қалдыруы жаиз. Намаз арасында ауырып қалған адам күшi жеткенінше жалғастырады. Жерде отырып оқыған ауру адам намаз оқып жатқанда жазылса, келген жерiнен тұрып жалғастырады. Ақыл-есiнен айырылған адам намаз оқымайды. Бес уақыт намаз өтпестен бұрын жазылса, намаздарының қазасын өтейдi. Егер 6 намаз өткiзсе еш қаза қылмайды.

Оқи алмаған намаздарын ишаратпен болса да өтеуі парыз. Қазасын өтей алмаған кісі өлер алдында оқымаған намаздарының исқаты үшiн артта қалдырған мүлкінен фидия беруiн өсиет етуi уəжiп. Өсиет етпесе ата-анасы, тіпті бөтен кісі өз мүлкінен исқат етуі жаиз болады делiнген.

Қаза намаздар

Намаз денемен орындалатын ғибадат болғандықтан басқа адамның орнына оқып беруге болмайды. Əркiмнiң өзi орындауы қажет. Уақытында оқылған намазға ада ету делінеді. Кез келген уақытта қайта оқуға иада ету деп айтылады. Мəселен, мəкрухпен оқылған намаздың уақыты шықпастан, бұған мүмкіндігі болмаса, кез келген уақытта иада етуi уəжiп. Парыз жəне уəжiп болған намаз-дарды уақыты шыққаннан соң оқу - қаза ету болады.

Бiр күндiк бес уақыт парыз бен үтiр намазын оқығанда немесе қаза еткенде тəртіппен оқу парыз болады. Яғни намаз оқығанда ретiн сақтау керек. Бестен артық қаза намазы жоқ кісі тəртiп иесi деп ата-лады. Жұманың парызын сол күннiң бесiн намазы уақытысында оқу керек. Таң намазына тұра алмаған адам хутба оқып жатқанда есiне түсiрген болса, дереу оны қаза етуi керек. Бiр намазды оқымай жа-тып, одан кейiнгi бес намазды оқу жаиз болмайды. Хадисі шəрифте: «Бiр намазды ұйықтап немесе ұмытып өткізіп алған адам кейінгі намазды жамағатпен оқып жатып есiне түсiрсе, имаммен бірге намазды бiтiрiп, содан кейiн алдынғы намазын қаза етсiн, бұдан кейiн имаммен оқыған намазын қайта оқысын» - деп бұйырылған. Тəртіп иесі болмаған, яғни қазасы бестен көп болғандар бұған қарамайды.

Парызды қаза ету парыз. Уəжiптi қаза ету де уəжiп. Сүннетi қаза ету əмiр етiлмеген. Ханафи мазһабының ғалымдарының барлығы бiр ауыздан былай деген: Сүннет намаздарын тек уақытында оқу əмiр

Page 61: Namaz kitabikz

- 120 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 121 -

НАМАЗ КІТАБЫ

етiлген. Уақытында оқылмаған сүннет намаздары адамның мойнына қарыз болмайды. Сондықтан уақытынан кейiн қаза ету əмір етілмеді. Таң намазының сүннетi уəжiпке жақын болғандықтан сол күнi түстен бұрын парызымен бірге қаза етiледi. Таң намазының сүннетi түстен кейiн жəне басқа намаздардың сүннеттерi ешбiр уақыт қаза етiлмейдi. Қаза етсе, сүннет сауабын алмайды. Нəпiл оқыған бола-ды. «Ибн Абидинде» жəне «Тарғиб-ус-салаттың» 162- бетiнде: «Сүннеттердi үзірсiз отырып оқуға болады. Ал оқымау күнə. Па-рыздарды үзiрмен отырып оқу жаиз.» – делінген.

Парыз намаздарды бiлiп тұрып жəне үзiрсiз тəрк ету үлкен күнə. Уақытында оқылмаған мұндай намаздарды қаза ету керек. Парыз бен уəжiп намазды бiлiп тұрып қазаға қалдыру үшiн екi үзiр бар; бiрiншiсi дұшпан қарсысында тұру, екiншiсi сапарда болған кiсi, яғни үш күндiк жол жүруге ниетi болмаса да, жолаушының ұры, жыртқыш аң, сел, дауыл сияқтылардан қорқуы. Бұндай жағдайда болғандар кез-келген бағытқа қарай немесе жануардың үстiнде иша-ратпен де оқи алмаған кезде қаза етуiне болады. Осы екi себеппен парыздарды қазаға қалдыру, ұйықтап қалып жəне ұмыту себебімен өткізіп алса, күнə болмайды.

«Aшбаһ» атты кiтапта: «Тұншығып жатқан адамды немесе сол сияқты оқыс оқиғаларға тап болған кiсiлердi құтқарумен бо-лып, намазын уақытысынан кешіктіріп алған кісінің бұл нама-зын келесі уақытта оқуы да сахих болады.» делінген. Бiрақ бəрібір үзiрді кешірімді жағдайы бiтiсiмен дереу қаза етуі парыз. Харам болған үш уақыттан басқа бос уақыттарында оқу шартымен, бала-шағасына ризық табатындай уақытқа, қаза өтеуді кешiктiру жаиз бо-лады. Одан да көп уақыт кешiктiрсе, күнəға бата бастайды. Өйткені, Пайғамбарымыз Хандек соғысының қаһарынан оқи алмаған төрт на-мазды ардақты сахабалардың (радыяллаһу анһум) жаралы əрi қатты шаршағандығына қарамай сол түнi жамағатпен қаза қылып оқыды. Сүйiктi Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Екi парыз намазды бiрге бiрiктiру үлкен күнəлардан»- деген. Яғни бiр намазды уақытында оқымай, уақыты өткеннен кейiн оқу ең үлкен күнə. Басқа бiр хадисте: «Бiр намазды уақыты шыққаннан кейiн оқыған адамды Аллаһу та’ала сексен хуқба тозаққа тастайды»- делiнген. Бiр хуқба сек-сен ахырет жылы, ахыреттiң бiр күнi болса дүниенiң мың жылына тең. Бiр уақыт намазды уақыты өткеннен кейiн оқудың жазасы осы болса, оқымағанның жазасы қандай екенін ойлану керек.

Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Намаз - дiннiң тiрегi. На-маз оқыған дiнiн берiк ұстанған болады. Намазды оқымаған дiнiн

құлатқан болады»- деген. Тағы бiр хадис шəрифте: «Қиямет күнi иманнан кейiнгі сұралатын алғашқы сұрақ намаздан болады» - деген. Аллаһу та’ала былай бұйырады: «Ей, құлым! Намаздың есебiн дұрыс беретiн болсаң, құтылу сенiкi. Басқа есебiңдi жеңiлдетемін». Анкабут сүресi 45-шi аятында: «Кемшiлiксiз оқылған бір намаз адамды лас, жаман iстер iстеуден сақтайды.» - делінген. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Адамның Раббына ең жақын болған уақыты намаз оқып жатқан уақыты - дейдi.

Бiр мұсылманның қандай да бiр намазды уақытында оқымауы екi түрлi болады: бiрiншiсi, үзiрмен оқымау; екiншiсi, намазды мiндет деп санап мəн бере тұра жалқаулықпен оқымау.

Парыз намазын ешбір үзiрсiз уақыты өткеннен кейiн оқу, яғни қазаға қалдыру харам əрi үлкен күнə. Бұл күнə қаза оқумен кешiрiлмейдi. Қазасы оқылғанда тек намазды оқымау күнəсi кешiрiледi. Адам намаздарының қазасын өтемейiнше тəубе ете салу-мен кешiрiлмейдi. Қазасын орындағаннан кейiн тəубе етсе, кiшiрiлуi үмiт етіледi. Тəубе етумен бірге, оқымаған намаздарының қазасын да өтеу керек. Қазасын оқуға күшi жете тұрып орындамаса, айрықша үлкен күнə жасаған болады. Бұл үлкен күнə əр намаз оқу үшiн кететін (алты минут) бос уақыт өткен сайын көбейіп, жоғарыда айтылғандай азап уақыты да арта түседi. Өйткенi намазды бос уақыт тапқан кез-де дереу қаза ету де парыз. Қаза етуге мəн бермейтіндер мəңгi отқа жанады. «Умдат-ул-ислам» жəне «Жами-ул-Фатава» кітаптарда: «Дұшпан алдында бiр парыз намазын оқуға мүмкiндiгi бола тұрып тəрк еткен кісі жетi жүз үлкен күнə жасаған сияқты болады» - делінген. Қазаны кешiктiрудiң күнəсы уақытында оқымаудың күнəсынан да өте көп. Бiр намаздың алғашқы қазасын өтеуге ниет етiп, бiр қаза намаз оқыса, бұл күнəлардың бəрi кешiрiледi.

ТҮСIНIКТЕМЕ: Сүннеттер орнына қаза оқыла ма? Абдулқадір Гейлани «Футух-ул-ғайб» кiтабында былай дейдi:

«Мүмiннiң ең алдымен парыз намаздарын орындауы керек. Парыз-дар бiтiсiмен сүннеттердi орындайды. Одан кейiн нəпiл намаздар-ды оқиды. Парыз қарызы бола тұрып, сүннеттермен өмір өткізу барып тұрған ақымақтық. Парыз намаздан қарызы бар адамның сүннетi қабыл болмайды. Əли ибн Əбу Талиб Пайғамбарымыздан: «Мойнында парыз қарызы болған адам, қазасын оқымай, нəпiл оқыса босқа əуреленген болады. Бұндай кiсi қазасын өтемейiнше Аллаһу та’ала оның нəпiл намаздарын қабылдамайды» хадис

Page 62: Namaz kitabikz

- 122 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 123 -

НАМАЗ КІТАБЫ

шəрифін хабар берген. Абдулқадір Гейлани келтірген бұл хадиске түсiндiрме берген Ханафи мазһабының ғалымы хазреті Абулхақ Дехлеви былай дейдi: «Бұл хабар парыз қарызы бар болғандардың сүннеттерi мен нəпiлдерiнiң қабыл болмайтындығын айқын көрсетедi. Сүннеттер парыздарды толықтыратынын бiлемiз. Мұның мағынасы, парыздардың орындалу кезінде олардың кəмiлдігін қамтамасыз ететін бiр амал орындалмай қалып қойса, сүннеттер өтелген парыздың дəл осы кем жерін толтырып, кемел табуына се-беп болады дегенді білдіреді. Əйтпесе, парыз қарызы болған кiсiнiң қабыл етiлмейтiн сүннеттерi еш нəрсеге жарамайды».

Қудыс (Иерусалим) қазысы Мұхаммед Садық мырза фаита на-маздарын қаза етудi түсiндiрiп жатып былай дедi: «Ұлы ғалым Ибн Нужайм хазреттен сұрақ сұралды. «Бiреудiң қазаға қалған намаздары болса таң, бесiн, екінді, шам, құптан сүннеттерiн осы намаздардың қазасына ниет етiп оқыса, бұл адам сүннеттердi тəрк еткен бола ма?» Жауабы: Сүннеттердi тəрк еткен болмайды. Өйткенi, бес уақыт намаздың сүннеттерiн оқудағы мақсат, сол уақыт iшiнде парыз-дан басқа тағы бiр намаз оқу дегендi бiлдiредi. Шайтан адамдың мүлдем намаз оқымағанын қалайды. Парыздан басқа тағы бiр намаз қосып оқу арқылы шайтанға қырсығып, оны масқара еткен боламыз. Сүннет орнына қазаға ниет етумен сүннет те орындалған болады. Қаза борышы болғандардың əр намаз уақытында сол уақыттың па-рызынан басқа намаз оқу сүннетiн орындау үшiн қаза оқулары керек. Өйткенi, қазасы болған көптеген адамдар қаза оқымай, сүннетпен өмірін құртады. Бұлар жəһаннамға кетедi. Ал сүннеттердiң орны-на қазаларын өтеген адам жаһаннамнан құтылады.» - деген.

Қаза намаздары қалай оқылады?

Қаза намаздарын бiр сəтте болса ертерек оқып, тəубе етiп үлкен жазадан құтылу керек. Сондықтан сүннеттердi де қаза ниетiмен оқу керек. Жалқаулықпен намаз оқымағандар, жылдар бойы қарыздары болғандар намазға тұрған кездерінде, сүннетті орындап жатқанда сол уақыттың алғаш қазаға қалған намазын қаза етуді ниет етіп оқуы керек. Бұлардың сүннеттерді қаза намазы үшін ниет етіп өтеуі төрт мазһабта да қажеттi. Ханафи мазһабында үзірсіз қазаға қалдыру үлкен күнə. Бұл үлкен күнə бір намазды өтеу үшін өткен уақытта екі есе артуда. Өйткені, намазды бос уақыт тапқанда дереу өтеу де парыз. Есепке, санаққа сыймайтындай осы қорқынышты азаптан жəне күнəдан құтылу үшін бесін намазының алғашқы төрт рəкатын

оқырда ең алғаш қаза болған бесіннің парызы ниетімен қаза ету керек. Бесіннің соңғы сүннетінде алғаш қазаға қалған таң намазының пары-зына ниет етіп, қазасын оқу керек. Екіндінің сүннетінде алғаш қазаға қалған екінді парызына ниет етіп қазасын өтеу керек. Ақшамның сүннетінде алғаш қазаға қалған шам парызына деген ниет пен үш рəкат қылып оқу керек. Құптанның алғашқы сүннетін оқырда алғаш қазаға қалған құптанның парызын жəне соңғы сүннетін оқығанда алғаш қазаға қалған үтірге ниет етіп үш рəкат оқу керек. Осылайша əр күні бір күндiк қаза өтеледі. Сол күннің парыздары ретімен орын-дала береді. Тарауих намазында да қазаға ниет етіп, қазаны орындау қажет. Қысқасы қанша жылдық қазасы болса да ниет етіп оқуды сон-ша жыл жалғастырады. Қазалар бітісімен сүннеттерді өз ниетімен оқи береді. Мүмкіндігі бар адам тек бір күндік сүннеттердің орны-нан пайдаланып қана қоймай əр бос уақытында да қазаларын оқып тез арада қаза борыштарын өтеу керек. Оқылмай қалған қазалардың күнəсі күн сайын екі есе артады.

Page 63: Namaz kitabikz

- 124 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 125 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Алтыншы бөлім

НАМАЗ ОҚЫМАЙТЫНДАР

Хазреті Əбу Бəкiр (радыяллаһу анһ) айтады: «Бес уақыт намаздың уақыты келгенде перiштелер: «Ей адамдар тұрыңдар. Адамдар-ды өртеу үшiн жанып тұрған отты намаз оқып өшiрiңдер». Бiр ха-дис шəрифте: «Мұсылмандар мен кəпiрлердiң арасын айыратын айырмашылық бұл - намаз» - деп айтылған. Яғни мұсылман намаз оқиды. Кəпiр намазға мəн бермейдi. Ал мұнафиқтар (екі жүзділер) бiрде оқып, бiрде оқымай ахыретте қатты азапқа ұшырайды. Құран тафсиршілерінің атасы болған Абдуллаһ бин Аббас (радыяллаһу анһ) айтады: «Пайғамбарымыз айтты, «Намаз оқымағандар қиямет күнi Аллаһу та’аланы ашулы күйде көредi».

Хадис имамдарының ауыз бірлігімен айтуларынша: «Бiр на-мазды уақытында əдейі оқымаған, яғни намаз уақыты өтіп бара жатқанына ашынбаған кiсi кəпiр болады». Немесе өлер кезде иман-сыз кетедi. Онда намаз ойына кіріп шықпайтын, намазды міндет са-намайтын кiсiлердiң жағдайы не болмақ? Əһли сүннет ғалымдары ауызбірлігімен ғибадат иманның бiр бөлiгi еместiгiн, яғни бір адам харам істегенімен иманы кетпейтінін айтқан. Бiрақ намаз жайын-да ауыз бірлігі болмады. Фиқһ имамдарынан Имам Ахмед ибни Ханбал, Исхақ бин Рахəвəйх, Абдуллаһ ибн Мубарак, Ибраһим Неһаи, Хакем бин Утайба, Аюб Сахтияни, Давуд Таи, Абу Бəкiр ибни Шейба, Зубейр бин Харб жəне көпшілік ғұлама бiр намазды бiлiп тұрып қазаға қалдырған кiсi кəпiр болады деді. Олай болса, ей дiн бауырым, саған айтарым ешбiр намазды қазаға қалдырма жəне шала оқыма! Қалауыңмен беріліп оқы! Қиямет күнi Аллаһу та’ала осы ғалымдардың ижтиһадымен үкiм етсе, не iстейсiң?

Ханбали мазһабында бiр намазды себепсiз оқымаған кiсi дiннен шыққан кiсi сияқты өлiм жазасына тартылады. Жаназасы жуылмай-ды, кебінделмейдi жəне жаназа намазы оқылмайды. Мұсылмандар мазарына көмiлмей, мəйіті белгiсiз бiр жерге апарып көміп тастала-ды.

Шафии мазһабында намазды бiлiп тұрып оқымаған кiсi дiннен шыққан болмаса да өлiм жазасына қиылады. Малики мазһабының үкiмi де Шафиимен бірдей.

Ханафи мазһабында намазды бiлiп тұрып оқымаған кiсiнің жа-засы, намаз оқығанға дейiн қамауға алыну немесе қан шыққанға дейiн қамшы ұру.

Бес нəрсенi орындамаған бес нəрседен мақрұм қалады:1- Мүлкiнiң зекетiн бермеген кiсi дүниесінің берекетiн

көрмейдi.2- Ушрын (егiстiктен түскен пайданың оннан бiрiн) бермеген

кісі егін даласындағы табысынан айрылады.3- Садақа бермейтін адамның денсаулығы қалмайды.4- Дұға етпеген адам тiлегiне жетпейдi.5- Намаз уақыты кiргенде намаз оқуға талпынбаған кiсi соңғы

демiнде кəлимаи шаһадат айта алмайды.Бiр хадис шəрифте: «Намазын себепсiз оқымаған кiсiге

Аллаһу та’ала он бес қиыншылық жiбередi. Алтауы осы дүниеде, үшеуi өлер кезiнде, үшеуi қабiрде, соңғы үшеуi қабiрден тұрғанда берiледi.

Бұ дүниеде берiлетiн алты азап:1- Бейнамаздың өмiрiнде береке, бақыт болмайды.2- Бет-əлпетiнде Аллаһ жақсы көрген құлдарының нұры,

сүйкімділігі қалмайды.3- Ешбiр жақсы, iзгi iсiне сауап берілмейді.4- Дұғалары қабыл етiлмейдi.5- Оны ешкiм жақсы көрмейдi.6- Мұсылмандардың жасаған дұғаларының бұл кісіге пайда-

сы тимейдi.Өлер алдында көретiн азаптары:1- Қорланып, жаман өлім табады.2- Аш болып өледi.3- Көп су iшсе де шөлдеу азабымен өледі.Қабiрде берілетін азаптар:1- Қабыр оны қатты қысады. Сүйектерi бiр-бiрiне кiрiп

кетедi.2- Қабiрi отқа толтырылып, күндiз- түнi оны жағады.3- Аллаһу та’ала қабiрiне дүниедегi жыландарға ұқсамайтын

өте үлкен бiр жылан жiбередi. Əрбiр намаз уақыты кіргенде оны шағып қинайды.

Қиямет күнi көретiн азаптары:1- Тозаққа алып баратын азап перiштелері қасынан айырыл-

майды.2- Аллаһу та’ала оны ашумен қарсы алады.3- Есебi өте қиын болып, соңында тозаққа тасталады».

Page 64: Namaz kitabikz

- 126 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 127 -

НАМАЗ КІТАБЫ

НАМАЗ ОҚИТЫНДАРДЫҢ ДƏРЕЖЕЛЕРІ

Намаз оқыған жанның дəрежесі жəне намаз оқыған кiсiге берiлетiн сауап жайында хадистерде көп айтылған. Абулхақ бин Сай-фуддин Дехлевидiң «Ашиат-ул-лемаат» атты кiтабында намаздың ерекшелiктерiн көрсеткен хадистерде былай делінеді:

1. Абу Хурайрадан (радыяллаһу анһ) келген хабарда хазреті Пайғамбарымыз алейһиссалам былай бұйырады: «Бес уақыт на-маз жəне жұма намазы, келесi жұмаға дейiн, ал Рамазан оразасы келесi Рамазанға дейiн iстелiнген күнəлардың кəффараты, яғни кешірілуіне себеп болады. Үлкен күнəдан сақтанатын кiсiнiң кiшкентай күнəларының кешiрiлуiне себепшi болады». Осы ара-да істелген кіші күнəлардан құл ақысы болмағандар жуылады. Ал кіші күнəсы кешіріліп біткендердің үлкен күнəлары үшін тартатын азабының жеңілдетілуіне себеп болады. Бірақ үлкен күнəлардың кешiрiлуi үшiн тəубе ету керектiгiн ұмытпау керек. Үлкен күнəлары жоқ болса, онда дəрежесінің көтерілуіне себеп болады. Бұл хадис Муслимнiң Сахихiнде жазылған. Бес уақыт намазында кемшiлiгі бар кiсiнiң кешiрiлуiне жұма намазы себеп болады. Жұма намаздары да кемшiлiктi болса, Рамазан оразасы себеп болады.

2. Абдуллаһ бин Масуд (радыяллаһу анһ) айтады: «Бiр күнi хазреті Расулдан алейһиссалам Аллаһу та’аланың ең жақсы көретiн амалын сұрағанымда: «Уақытында оқылған намаз» деп жауап бердi. Кейбiр хадистерде:«Алғашқы уақытында оқылған намазды қатты жақсы көредi». Бұдан кейiнгi қайсы амал деп сұрағанымда: «Əке-шешеге жасалған жақсылық» деп бұйырды. Одан кейiн-ше деп сұрағанымда: «Аллаһ жолында жиһад ету» - деп жауап бердi. Бұл хадис Бухари мен Муслимде жазулы. Басқа бiр хадисте: «Ең жақсы амал бiреуге тамақ жегiзу» делiнген. Басқа бiреуiнде: «Сəлем беру» деп айтқан. Басқа бiр хадисте: «Ең iзгi iс түнде ел-дер тəттi ұйқыда жатқанда тұрып таһажжуд намазын оқу» делiнген. Басқа бiр хадисiнде Пайғамбарымыз: «Ең жақсы амал қолымен де, тiлiмен де ешкiмге зиян келтiрмеу»- деді. Басқа бiр хадисте: «Ең жақсы амал жиһад», тағы бiр жерде: «Ең жақсы амал хажжы мабрур» делiнген. Яғни ешбiр күнə араластырыл-май орындалған қажылық. «Аллаһу та’аланы зiкiр ету» жəне «Үздіксіз орындалатын амал» деп айтылған хадистер де кездеседi. Сұрақ сұраған адамдардың жағдайларына немесе сол кезеңге сай əртүрлi жауаптар берiлген. Мысалы, Исламның бастапқы кезiнде ең абзал iзгi iс ол жиһад едi. [Заманымызда амалдың ең абзалы жазу-

мен, баспамен кəпірлерге, мазһабсыздарға жауап беру, əһли суннет ақидасын жаю. Осылайша жиһад етіп жатқандарға ақшасы, мал-мүлкі жəне қол күшімен көмектескендер де бұлардың алатын сау-аптарына ортақ болады. Аяты карималар, хадис шəрифтер намаздың зекеттен, садақадан да үстем екенін көрсетіп тұр. Бірақ өлім ауы-зында жатқан кісіге бір көмек беріп құтқарып қалу намаз оқудан да жоғары тұрады. Демек ғибадаттардың бір-бірінен үстемдігі əртүрлі хал-жағдайға байланысты өзгереді.]

3. Убада бин Сабиттен (радыяллаһу анһ) келген хабарда сүйікті Пайғамбарымыз былай деген: «Аллаһу та’ала бес уақыт намаз оқуды əмiр еттi. Егерде бiреу жақсылап дəрет алып бұларды уақытында оқитын болса, жəне рүкулері мен хушусын (жүректен оқу) толық орындаса, Аллаһу та’ала оны кешiретiндігiн уəде ет-кен. Ал бұны орындамағандарға ешқандай сөз бермеген. Қаласа ол кiсiнi кешiредi, қаласа азаптайды». Бұл хадисті Имам Ахмед, Абу Давуд жəне Насаи білдірген. Бұдан намаздың шарттарын, рүку мен сəжделерін мұқият орындау керектігі көрініп тұр. Дұрыс намаз оқығандарды əрине кешіреді.

4. Сахабалардың үлкендерінен Бурейда Асламидің (радыяллаһу анһ) айтуынша Расулуллаһ алейһиссалам: «Сiздер мен бiздiң арамыздағы ант - намаз. Намазды тəрк еткен кəпiр болады»-деді. Бұдан намаз оқитындардың мұсылман атануға лайықты екендігін түсінуге болады. Бұл хадисті имам Ахмед, Термизи, Насаи жəне Ибни Мажа білдірген.

5. Абу Зар Ғифари (радыяллаһу анһ) айтады: «Күздiң күнi хазреті Пайғамбар мен бiрге көшеге шықтық. Жапырақтар төгiлiп жатқан едi. Бір ағаштан екі шыбық кесіп алғанымда жапырақтары төгіліп қалды. «Ей, Əбу Зар! Бiр мұсылман Аллаһ разылығы үшiн намаз оқыса, мына ағаштан түскен жапырақтар сияқты күнəлары төгiледi»- деді. Бұл хадис шəрифті имам Ахмед хабар берді.

6. Зайд бин Халид Жуханиден (радыяллаһу анһ) келген хабарда Расулуллаһ алейһиссалам былай бұйырды: «Бiр мұсылман хушу-мен (беріліп) жақсылап екі рəкат намаз оқыса, өткен күнəлары кешiрiледi». Яғни Аллаһу та’ала оның кiшкентай күнəларын кешiредi. Бұл хадисті де имам Ахмед білдірген.

7. Абдуллаһ бин Амр ибни Ас (радыяллаһу анһ) хабар берген хадис шəрифте Расул əкрəм (саллаллаһу алейһи уə сəллəм) былай де-ген: «Егерде бiр кiсi намазын уақытында оқыса, бұл намаз қиямет күнi нұр болып ол кiсiнiң тозаққа түсуiне кедергi болады. Намаз оқуға көңiл бөлмесе, қиямет күнi нұр болмайды жəне еш қандай

Page 65: Namaz kitabikz

- 128 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 129 -

НАМАЗ КІТАБЫ

жəрдем де таппайды. Өзі Қарун, Ферғаун, Хаман жəне Убай бин Халеф секілді кəпірлердiң сапында болады».

Бұдан да көрініп тұрғанындай бір мұсылман намазды парыз, уəжiп, сүннеттерi жəне əдептерiне сай оқитын болса, қиямет күнi нұр ішінде болуына себеп болады. Осылай намаз оқуды жалғастырмайтын болса, жоғарыда аты аталған кəпірлер қатарында жəһаннамда қатты азапқа душар болады. Убай бин Халеф Мекке кəпірлерінің азғырындыларынан еді. Ухуд соғысында Пайғамбарымыз өз қолымен бұл ислам дұшпанын жəһаннамға жіберді. Бұл хадис шəрифті имам Ахмед пен Дарими білдірген. Бейхаки де «Шуаб-ул-иман» кітабында келтірген. Табииннiң үлкенi болған Абдуллаһ бин Шақиқ былай дейдi: «Сахабаи кирам (радияллаһу анһум) ғибадаттар iшiнде тек намазды тəрк етудің күпір болатынын айтты». Мұны Термизи хабар берді. Абдуллаһ бин Шақиқ хазреті Омар, Осман, Əли жəне хазреті Айша анамыздан хадистер риуаят еткен. Хижраның жүз сегізінші жылында қайтыс болды.

8. Абуддерда (радыяллаһу анһ) айтады: «Екі көзімнің нұры - сүйікті кісім алейһиссалам былай дедi: «Отқа тасталсаң да, қылышпен туралсаң да, Аллаһу та’алаға ешбiр нəрсенi серiк етпе! Парыз намаздарды тəрк етпе! Парыз намаздарын бiлiп тұрып тəрк еткен кiсi мұсылмандықтан шығады. Шарап iшпе, өйткенi шарап бүкiл жамандықтардың кiлтi». Бұл хадисті Ибни Мажа хабар берген. Демек парыз намаздарын мəн бермей тəрк еткен адам кəпір болады. Жалқаулықпен намазды тəрк еткен кiсi кəпiр бол-маса да үлкен күнə iстеген болады. Исламият білдірген бес үзірмен (кешірімді хал) намазды фəвт ету, яғни кешіктіру күнə болмайды. Шарап жəне алкогольді сусындардың барлығы зиянды.

9. Абдуллаһ ибн Омар (радыяллаһу анһ) хазреті Пайғамбарымыздан естiген хадис шəрифі жайында былай дейдi: «Намазын уақыты кiргенде дереу оқыған кiсiден Аллаһу та’ала разы болады. Уақытының соңында оқығандарды да кешiредi». Бұл хадисті Термизи хабар берген.

10. Умми Фəрвə (радыяллаһу анһа) риуаятында Пайғамбарымыздан қай амалдың абзалдығы сұралды. «Амалдардың ең абзалы уақытында оқылған намаз»- деп жауап бердi. Бұл хадисті имам Ахмед, Термізи жəне Абу Давуд білдірген. Ғибадаттардың ең абзалы болған намаз уақыты кіре салуымен орындалғанда одан да үстем əрі аса құнды болуда. Айша анамыз (радыяллаһу анһа) хазреті Пайғамбарымыз (алейһиссалам) жайында былай дейдi: «Өмірімде Аллаһ елшiсiнiң намазды уақытының соңында оқығандығын екi

рет қайта көрмедiм». Яғни бүкiл өмiрi бойынша бiрақ рет намазды уақытының соңында оқыған.

11. Айша (радыяллаһу анһа) тағы да хазреті Пайғамбарымыз жайында: «Расулуллаһтың ешқашан қалдырмай орындаған нəпiл ғибадаты таң намазының сүннетi болатын»-деген. Бұл хабар Бу-хари мен Муслимде жазылған. Көрініп тұрғанындай Айша анамыз бес уақыттың парыздарымен қоса оқылатын сүннет намаздарын - нəпіл намаздар деген.

Ислам əлемiнiң атақты ғалымы, əулиелердің бас тəжі, мазһабсыз, жолдан азғырғандарға қарсы Əһли сүннеттің ең қамқор қорғаушысы, Аллаһ сүйген Ислам дінін жайып, бидғаттарды жойған ұлы мужаһид Имам Раббани мужаддиди əл фи сани Ахмед бин Абдулахад Фаруқи Сəрһəнди (рахметуллаһи алейһ) «Мəктубат» атты кітабының 1-шi том 29-мəктубында былай дейдi: «Аллаһу та’аланың разы болған iстерi парыз бен нəпiлдер. Бірақ парыз амалдар алдында нəпiлдердің ешбiр қадiрi жоқ. Бiр парызды уақытында орындау мың жыл үздіксіз нəпiл ғибадат еткеннен абзал. Бұған əр түрлі нəпіл намаз, зекет, ораза, зікір жəне пікір (тафаккур) жатады. Тіпті бiр парызды орын-дап жатып оның ішіндегі сүннеттерінен немесе əдептерінен біреуін орындау да басқа бөлек нəпiл ғибадаттарды орындаудан мың есе артық. Амирул Муминин Омар Фаруқ (радыяллаһу анһ) бiр күнi таң намазын оқып болғаннан соң жамағатқа қатыспаған бiр кiсi жайында сұрайды. «Ол кiсi түнi бойы нəпiл намаз оқиды. Бəлкім сондықтан шаршап ұйықтап қалған шығар» деген жауап алғанда: «Одан да түнімен ұйықтап, азанда таң намазына келгенi абзалырақ едi ғой» - деген еді. Бұдан бір парыздың өтелуі кезінде бір мустаһабын орындау немесе бір мəкрухынан сақтанудың зікір, пікір (тафак-кур) жəне əр түрлі нəпіл ғибадаттан үстемдігі айқын болып тұр. Əрине бұл нəпілдер парыздармен бірге орындалса, үлкен сауаптарға қауыштырады. Бірақ парыздар бір шетте қалып өзін нəпілге ұрып кетсе, пайдасы болмайды. Мiне сондықтан бiр теңге (парыз) зекет беру мыңдаған теңге (нəпіл) садақа бергеннен абзалырақ. Сол зекет парызын орындау кезінде бір əдебіне амал етілсе, мысалы зекетті жақын туысқан фақирге берудің өзі əлгі көлемді садақа ғибадатынан жоғары тұрады. [Түнгі намазға тұрғандардың қаза намазын оқулары керектігі осы жерден түсінікті.]

«Мəктубат» кітабы парсы тілінде жазылған. Имам Раббани 1034 (м. 1624) жылы Үндістанның Сəрһəнд қаласында қайтыс болған. Өмірбаяны түрікше «Хақ сөздің дəлелдері», «Саадати əбəдия» жəне «Асхаби Кирам» мен парсы тіліндегі «Берекат» кітаптарында баяндалған.

Page 66: Namaz kitabikz

- 130 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 131 -

НАМАЗ КІТАБЫ

НАМАЗДЫҢ АҚИҚАТЫ

Ислам əлемiнің əйгiлi ғалымы Абдуллаһ Деһлеви «Мəкатиби Шəрифə» кiтабының 85-бөлiмiнде былай дейдi:

«Намазды жамағатпен оқу жəне “Туманинетпен13” оқу, рүкуден кейiн “Қавмə14” жасау жəне екi сəжде арасында “Жəлсə15” жасау бiздерге Аллаһу та’аланың Пайғамбары тарапынан бұйырылды. Рүкуден кейiнгі қавмə мен екi сəжде арасындағы жəлсəнің парыз екендiгiн айтқан ғалымдар да бар. Ханафи мазһабының мүфтилерінен Қазыхан бұл екеуiнiң уəжiп болғандығын, екеуiнiң бiреуi орындал-маса, сəһу сəждесi керек болатындығын айтқан. Ал егерде бiлiп тұрып тəрк етілсе, намазды қайта оқу керектiгi білдірілді. Бұған муəккəд сүннет деген ғалымдар да уəжiпке жақын сүннет деп айтқан. Сүннетті мəн бермей тəрк ету күпiр болады. Намаздың қиямында, рүкусында, қавмəсінде, жəлсəсінде, сəжделерінде жəне отыруларында адамға бөлек-бөлек айырықша хал, лəззат пайда бо-лады. Бүкіл ғибадаттар намаз iшiнде жиналған. Құран Кəрiм оқу, тəсбих айту (яғни субханаллаһ деу), пайғамбарымызға салауат айту, күнəларымызға тəубе-истиғфар ету жəне тілегіміздің орындалуын жалғыз Аллаһу та’аладан сұрап, Оған дұға ету сияқты ғибадаттар бір намазға жəм болған. Ағаштар намазда тұрғандай тiк тұруда. Жануарлар рүкуде тұрғандай, жансыз заттар да намаз ташаһудінде отырғандай əрекетсіз халде. Намаз оқыған кiсi олардың ғибадаттарын орындауда. Намаз миғраж түнiнде парыз болды. Сол түнi миғражға шығу бақытына қауышқан Аллаһтың сүйікті пайғамбарына ұюды ойлап намаз оқыған бір мұсылман, сол ұлы пайғамбардай Аллаһу та’алаға жақындастыратын дəрежелерге көтеріледі. Аллаһу та’алаға шын ықыласпен, əдептілік сақтап тұрып намаз оқығандар өздерiнiң рухани дəрежелерi жоғарылағанын сезедi. Аллаһу та’ала жəне оның пайғамбары бұл үмбетке мерхамет (мейірімділік) етiп намаз оқуды парыз еткен. Сол үшiн Раббымызға мадақ болсын. Оның сүйiктi Пайғамбарына салауат, тахият жəне дұға етеміз. Намаз оқып

13 Намазда рүкудан тұрғанда жəне екі сəжде арасында барлық мүшенің бір субханаллаһ дейтіндей уақыт əрекетсіз тұруы.14 Намазда рүкудан тұрғанда мүшелер əрекеттен тоқтап, кемінде бір рет субханаллаһ дейтіндей уақыт тік тұруға айтылады.15 Екі сəжде арасында əрекетсіз отыру.

жатқанда пайда болатын лəззат жəне хузур16 таң қаларлық ғажайып хал. Ұстазым Мазхар Жаны Жанан: «Намазда Аллаһу та’аланы көру мүмкiн болмаса да Оны көргендей бiр сезiм пайда болады» - деген. Осындай халдің пайда болатынын тасаввуф ұлылары бірауыздан айтқан. Исламның алғашқы кезеңдерiнде намаз Құдусқа (Иеру-салим) қарай оқылатын. Құдустағы Бəйтул-муқаддеске қарауды қойып, Ибраһим алейһиссаламның қыбласына бұрылу əмiр етiлгенде Мəдинадағы яһудилер қатты ашуланған. «Бəйтул-муқаддеске қарай оқыған намаздарың енді не болады?»- деп сұрағанда, Бақара сүресiнiң 143-аяты келіп: «Аллаһу та’ала имандарыңды зая етпейдi» - деп бұйырылған. Осылайша сол бағытқа қарай оқылған намаздарының босқа кетпейтіні бiлдiрілген. Бұл аятта Аллаһу та’ала намазды «иман» деп сипаттады. Бұдан шығатын мағына, намазды сүннеттеріне сай оқымау, иманды зая ету, яғни иманды босқа жіберу болады. Хазреті Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Көзiмнiң нұры мен лəззаты намазда» - деген. Бұл хадис «Аллаһу та’ала құдіретімен намазда сезiледi, осылайша көзiм оны көргендей рахатқа бөленеді» деген мағынаны бередi. Бiр хадисте Пайғамбарымыз: «Ей, Билал (радыяллаһу анһ)! Менi рахатқа бөлешi.» деген. Яғни, «Ей, Билал, азан шақырып, қамат айтып менi рахатқа қауыштыр» деген. Намаздан басқа нəрселерден көңіл рахатын іздеу əбестік. Намазды зая еткен, бір намазды орындауды дұрыстай алмаған адам басқа ғибадаттарды ешқашан дұрыстай алмайды. Сондықтан да намаз оқуды ауырсы-нып оның орнына садақа, ас беру, Құран оқыту сияқты нəпілдермен өздерін алдап жүргендер қияметте қатты қайғыға жəне өкінішке тап болады.»

16 Жүректе Аллаһу та’аладан басқа ешнəрсенің болмауы. Үздіксіз Хақпен бірге болу халі.

Page 67: Namaz kitabikz

- 132 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 133 -

НАМАЗ КІТАБЫ

НАМАЗДАҒЫ ҮСТЕМДІКТЕР

Имам Раббани «Мəктубат» кiтабының 1-томы 261- хатында бы-лай дейдi: «Исламның бес шартының екiншiсi болған намаз барлық ғибадаттарды өз iшiне жинаған. Исламның бес шартының бiреуi бол-са да, жалғыз бір өзі жалпы мұсылмандық деген түсінікті қамтыған. Адамды Аллаһу та’аланың махаббатына жеткiзетiн шарттардың бiрiншiсiне айналған. Əлемнің мақтанышы, бүкіл пайғамбарлардың ең үстемі Мұхаммед алейһиссаламға Миғраж түнiнде берілген Аллаһу та’аланы көзбен көру (руйет) нығметі жерге түскен соң дүниенің шарттарына сай қылып тек намазда берілді. Дүние шарт-тарында Аллаһу та’аланы көзбен көру мүмкін болмағанымен, жоғарыда айтқандай намазда ұлы кісілер онымен жүздесіп тұрғандай бір халге бөленген. Сондықтан хадис шəрифте: «Намаз мұсылманның миғражы» делiнген. Басқа бір хадисте: «Адамның Аллаһу та’алаға ең жақын кезi намазда тұрған кезі»- делiнген. Сол ұлы Пайғамбардың миғраждағы көру (руйет) мирасы, оның жо-лында болған ұлы кісілерге бұл дүниеде тек намазда ғана нəсіп бо-луда. Иə, бұл дүниеде Аллаһу та’аланы көру мүмкін емес. Өйткені, бұл төменгі дүние ондай үлкен оқиғаға лайықты етіп жаратылмаған. Бірақ Мұхаммед алейһиссаламға толығымен берілген, сүннетінен мүлдем шықпайтын əулие-тақуа кісілерге көру (руйет)ден кейбір нəрселер нəсіп болып жатқаны күмəнсіз. Егер намаз бұйрылмағанда, мыңдаған ғашық пенденің сүйіктісінің жамалындағы пердені басқа қандай нəрсе аша алатын еді? Ғашықтар ұлы сүйіктісін қалай таба-тын еді? Намаз қайғылы рухтарға қуаныш, ауруларға рахат əкелетін амал. Рухтың азығы намаз. Жүректердiң шипасы намаз. «Ей, Билал менi қуанышқа, рахатқа бөле» деп азан оқуды бұйырған хадис осыны көрсетіп тұр. «Намаз жүрегімнің қуанышы, көзімнің нұры» хадисі де осыған ишарат етуде.

Тасаввуф жолындағы зауқтар, уаждтер, ілім-марифаттар, мақамдар, нұрлар, реңдер, қалбтағы (көңіл) тəлвин жəне тəмкиндер, түсінікті жəне түсініксіз тəжəллилер сипатты жəне сипатсыз зу-хурдан17 қай бірі намаз сыртында пайда болса, жəне намаздың ақиқатынан да еш нəрсе түсіндірілмесе, бұлардың барлығы су-реттен, көлеңкеден пайда болғаны белгілі болады. Ал намаздың

17 Бұл терминдер тариқат, яғни əулиелік жолында тəрбиеленіп жатқан шəкірттердің жүрегінде, рухани əлемдерінде пайда болатын ғажайып халдер.

ақиқатынан аз нəрсе түсінген кəміл (рухани жетік) кісі намазға тұрғанда бұл дүние өмірінен шығып ахырет өміріне кіргендей бола-ды жəне ахыретке тəн нығметтердің кейбірлеріне қауышады. Бұлар араға сурет, көлеңке, сипат араластырмай асылдан, негізден лəззат жəне үлес алады. Өйткені, дүниедегі бүкіл нығметтер, кемелдіктер көлеңке, сурет жəне көріністен пайда болуда. Араға бұлар араласпай тікелей Аллаһтың затынан, яғни негізден пайда болу ахыретке тəн құбылыс. Дүниедегі негізден нəр алу үшін миғраж болу керек. Яғни Аллаһу та’аламен ешбір жəрдемшісіз тікелей кездесу шарт. Бұл да пайғамбарымыздан басқаға берілмеген. Дегенмен пайғамбарымыз сүйікті үмбетін осы дəулеттен мақрұм етпеу үшін сол дастархан-нан төгілген нығметті мұсылмандардың намазына нəсіп етілуіне себеп болды. Сөйтіп бұл нығмет тек осы үмбетке ғана тəн бол-ды. Мұсылмандар өз пайғамбарларына еру дəрежесіне қарай əлгі нығметке қауышады. Өйткені бұлардың пайғамбары (саллаллаһу алейһи уə сəллəм) Миғраж түнінде бұл дүниеден кетіп ахыретке барды. Жəннатқа кіріп руйет (көру) бақытына қауышты. Йа, Раб-би! Сол ұлы пайғамбарға (алейһиссалам) біздің тарапымыздан оның ұлылығына жарасатын жақсылықтарды нəсіп ете гөр! Бүкіл пайғамбарларға (алейһимуссалам) да жақсылықтар, берекеттер бере гөр! Олар Сенің құлдарыңа Сені таныту, разылығыңа қауышу жол-дарын уағыздады.

Тариқат жолын ұстанғандардың көпшілігіне намаздың ақиқаты танытылмағаны үшін жəне оған тəн кəмелет нəсіп болмағаны үшін дерттерінің емін басқа нəрселерден іздесті. Мақсаттарына жету үшін мүлдем басқа нəрселерге сүйенді. Тіпті кейбіреулері намаз-ды тариқатқа байланысы жоқ деп те ойлайды. Оразаны намаздан жоғары деп білді.

Ей, бауырым! Намаз бен музыканың арасы неғұрлым ұзақ бол-са, намаздан пайда болатын рухани кəмелет пен музыкадан алатын нəпсани əсерiң де бір - бірінен соғұрлым алыс. Ақылы бар адам осыншама ишараттан көп сабақ алады.

Ғибадаттарды орындауға қиналмау адам баласы үшін Аллаһу та’аланың ең үлкен нығметтері. Намаздың лəззатын сезіну бұл жолдың аяғына жетпегендерге нəсіп болмайды. Əсіресе парыз намаздың лəззатына жету тек соларға ғана тəн. Өйткені жолдың аяғына жақындағандарға тек нəпіл намаздардың лəззаты білдіріледі. Ал жолдың аяғында тек парыздардың лəззаттары байқалады. Оларға нəпіл намаздар зауықсыз болып, тек парыздарды орындау үлкен пай-да болып сезіледі.

Page 68: Namaz kitabikz

- 134 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 135 -

НАМАЗ КІТАБЫ

[Нəпіл намаз - парыз бен уəжіптен басқа намаздар. Бес уақыт намаздың сүннеттері мен уəжіп болмаған намаздардың барлығы - нəпіл намаздар.]

Намаздардан пайда болатын лəззаттан нəпсіміз ешқандай үлес алмайды. Адам бұл лəззатты сезініп жатқанда нəпсі ыңырсынып қиналады. Йа, Рабби! Бұл қандай үлкен мəртебе! Біз сияқты рухы ауру болғандардың мұны естуі де нағыз бақыт.

Бұл дүниеде намаздың мəртебесі, дəрежесі ахыретте Аллаһу та’аланы көру дəрежесіндей екенін жақсы біліңіз. Адамның дүниеде Аллаһу та’алаға ең жақын болатын кезі – намаз оқитын уақыты. Ал ахыретте ең жақын кезі – рүйет, яғни Аллаһу та’аланы көрген кез. Дүниедегі бүкіл ғибадаттар адамды намаз оқи алатын бір халге жеткізу үшін қойылған, негізгі мақсат намаз оқу. Мəңгілік бақыт пен шексіз нығметке тек намаз оқу арқылы қауышылады. Намаз бүкіл ғибадаттардан жəне оразадан қадірлі. Намаз уайымдаған жүректерді, мұңды рухтарды лəззатпен толтырады, күнəларды жояды, адамды жамандықтардан сақтайды. Хадис шəрифте: «Намаз - жүрегiмнiң қуанышы жəне сүйiспеншiлiктiң қайнар көзi» - делінген. Намаз рухтың азығы, жүректiң шипасы.»

Намаздың сыры

Имам Раббани «Мəктубат» кiтабының 1-томының 304-хатында былай дейдi: Аллаһу та’алаға хамд, пайғамбарға алейһиссалам сала-уат келтiргеннен кейiн мəңгiлiк бақытқа қауышуыңызға дұға етемiн. Аллаһу та’ала бiрнеше аятта салих амалдар iстеген мұсылмандардың жəннатқа кiретiнiн бiлдiредi. Бұл салих амалдар қайсысы? Жақсы iстердiң барлығы ма, жоқ əлде бiрнешеуi ме? Егер жақсы iстердiң барлығы болса, бұларды ешкiм iстей алмайды. Бiрнешеуi бол-са, нақты қайсысы? Бұны Аллаһу та’ала былайша бiлдiрдi: салих амалдар Исламның бес шарты, тiрегi болып табылады. Исламның бұл бес негiзiн кiмде-кiм шын ықыласымен кемшiлiксiз орындаса, тозақтан құтылары сөзсiз. Өйткенi бұлар негiзгі салих амалдар бо-лып, адам баласын əртүрлi жаман iстер мен əрекеттерден сақтайды. Құран Кəрiмнiң Анкабут сүресiнiң 45-аятында: «Кемшiлiксiз оқылған намаз - адамды лас, жаман iстер iстеуден сақтайды» - делінген. Қандай да бiр адам исламның бес шартын толық орында-са, Аллаһтың нығметiне шүкiршiлiк еткен болады. Өйткенi Аллаһу та’ала «Ниса» сүресiнiң 146-аятында: «Иман келтіріп, шүкiр

етсеңiз азап етпеймiн» - деген. Олай болса, исламның бес шартын орындауға шын ықыласпен кірісу керек.

Бұл бес шарттың ең маңыздысы намаз. Ол - дiннiң тiрегi. Намаздың əдептерінен бірде-бір əдебін қалдырмай оқуға тырысу керек. Намаз толық орындалса, исламның негiзгi үлкен іргетасы қаланған болады. Тозақтан құтқаратын арқанды мықтап ұстаған болады. Аллаһу та’ала барлығымызға намазды толық оқуды нəсiп етсiн.

Намазда тұрғанда «Аллаһу əкбар» деу, Аллаһу та’аланың ешбiр махлұқтың ғибадатына мұқтаж болмағанын, ешбiр нəрсені қажет етпейтіндігін, адамдардың намазының оған пайдасы бол-майтынын бiлдiредi. Намаздың iшiндегi айтылатын тəкбiрлер бол-са, Аллаһу та’алаға лайықты ғибадат ете алмайтындығымызды бiлдiредi. Рүкудағы тасбихтер де осы мағынаға келетiндiктен рүкудан кейiн тəкбiр айту əмiр етiлмеді. Бiрақ сəжде тасбихтерiнен кейiн əмiр етiлдi. Өйткенi сəжде кiшiпейiлдiлiктiң, құлшылықтың, қарапайымдылықтың ең соңғы шегі болғандықтан мұны орындағанда адамның ойына толығымен лайықты ғибадат еттім деген ой келеді. Бұл ойдан сақтану үшін сəжделерге жатып тұрғанда тəкбір айту сүннет болғанындай, сəжде тəсбихтерінде аълə деп айту əмір етілді. Намаз мүминдердiң миғражы болғандықтан, намаздың соңында пайғамбарымыз алейһиссалам миғраж түнінде айту бақытына қауышқан сөздерді, яғни аттахиатуді оқу əмір етілді. Олай болса, на-маз оқыған кісі намазды өзіне миғраж етуі керек. Аллаһу та’алаға жақындаудың соңғы дəрежесін намаздан iздеу керек. Пайғамбарымыз алейһиссалам бiр хадисiнде былай дейдi: «Адамның Жаратушысы-на ең жақын болатын сəтi намаз оқыған сəт.» Намаз оқитын адам Жаратушысымен тілдесуде, Оған жалынып-жалбарынуда, Оның ұлылығын, Одан басқа нəрселердің түкке арзымайтынын түсінуде. Сондықтан намазда қорқу, қобалжу адам бойын билейтiндiктен, осы сезiмдерден арылу үшiн намаздың соңында екi жаққа сəлем беру əмiр етiлдi.

Пайғамбарымыздың алейһиссалам бiр хадисiнде: «Парыз на-мазынан кейiн 33 тасбих, 33 таһмид, 33 такбір жəне бір таһлил» - əмір етілді. Мұның себебі, намаздағы кемшiлiктер тасбих арқылы толықтырылады. Лайық болған толық ғибадат орындалмағанын білдіреді. Тахмидпен намаз оқу бақытына қауышудың тек Оның көмегімен болғаны білініп, бұл үлкен нығметке шүкір жəне хамд етіледі. Тəкбір айтумен де Одан басқа ешкімнің ғибадатқа лайық еместігі білдіріледі.

Page 69: Namaz kitabikz

- 136 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 137 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Намаз шарттары мен əдептерiне сай орындалып, жіберілген кемшiлiктер осылайша жабылады. Намазды нəсіп еткеніне шүкір етіп, ғибадатқа Одан басқа ешкімнің хақы жоқ болғанын шын жүрекпен кəлимаи тауһидті айтумен бұл намаз қабыл болады. Бұл адам намаз оқығандардың жəне құтылғандардың қатарында болады. Йа, Раббым! Пайғамбарлардың ең үстемінің құрметі үшін (алейһи уə ала алиһимуссалауату уəттаслимат) біздерді намаз оқыған жəне құтылған бақытты құлдарынан ете гөр! Əмин.

Намаздан кейiнгi дұға Əлхамдулиллəһи Раббил алəмин! Ассаляту уəссəлəму алə Расу-

лина Мухаммəдин уə əлиһи уə сахбиһи əжмаин. Йа Рабби! Оқыған намазымды қабыл ет! Соңғы демiмде кəлимаи тəуһидтi айтуды нəсiп ет. Өлгендердiң күнəларын кешiр. Аллаһуммағфир уəрһəм уə антə хайрур-рахимин. Тəуəффəни мүслимəн уə əлхиқни биссалихин. Аллаһуммағфир-ли уəлидəййə уəли устазия уə лил-мүмининə уəл мүминат яума йақумул хисаб. Йа, Рабби! Менi шайтанның азғыруынан, дұшпанның қастандығынан жəне нəпсiмнің азғыруынан сақта. Мұсылмандарға саулық бере гөр! Дұшпандарымызды қарғысқа душар қыл жəне істеген істері үшін өкіндір. Кəпiрлермен жиһадта жүрген мұсылмандарды илаһи жəрдемiңмен құтқар. Аллаһумма иннəкə афу-ун каримун туһиббул афуа фафу əнни. Йа, Рабби! Ауруларымызға шипа, дерттерімізге дауа нəсiп ет. Аллаһумма инни əсəлукəссихатə уəл-афийата уəл-əманəтə уə хуснəлхулқи уəрриддаи бил қадари би-рахматикə йə архəмəррахимин. Ата-анама, бала-шағаларыма, туыстарыма жəне мұсылман бауырларыма қайырлы өмір, жақсы құлық, адаспас ақыл, денсаулық, кешірім жəне мол бақыт нəсіп ет, Йа, Раббым! Əмин. Уəлхамду-лиллəһи раббилалəмин. Аллаһуммə салли алə..., Аллаһуммə бəрик алə..., Аллаһуммə Раббəнə атина.... Уəлхамду лиллəһи Раббилалəмин. Астағфируллаһ, астағфируллаһ, астағфируллаһ ал-азыйм əлкəрим əллəзи лə илаһə илла һуəл-хайял-қаййум уə əтубу илəйһ.

Дұғаның қабыл болуы үшiн

1. Мұсылман болу керек.2. Əһли сүннет сенiмiнде болу керек. Ол үшін төрт мазһабтың

бiреуi көрсеткен жолмен жүру керек.3. Парыздарды орындау керек. Қаза болған намаздарды, түнде

жəне сүннеттердің орнына қаза ету керек.Парыз намаздары қаза болған адамның сүннет, нəпiл намаз-

дары жəне дұғалары қабыл болмайды. Яғни дұрыс болса да сауап берілмейді. Шайтан мұсылмандарды алдау үшiн парыз намаздарын маңызсыз етіп, сүннет жəне нəпiл намаздарына қатты көңіл аударта-ды. Намазды уақыт кірісімен оқу керек.

4. Харамнан сақтану керек. Халал жеген адамның дұғасы қабыл болады.

5. Əулиелердің құрметі үшін дұға ету керек.Үндiстан ғалымдарының бiрi Мұхаммед бин Ахмед Заһид

«Тарғибус салат» атты кiтабының 54- бөлiмiнде былай деген: «Хадис шəрифте: «Дұғаның қабыл болуы үшiн екi нəрсе қажет. Бiрiншiсi, шын ықыласпен дұға ету керек. Екiншiсі, iшіп-жегені жəне киген киiмi халал болуы керек. Мүминнің бөлмесiнде харам жолмен табылған бір жіп болса бұл бөлмеде сұралған дұға қабыл болмайды» - делiнген. Ықылас – Аллаһу та’аладан басқа еш нəрсенi ойламай, жалғыз Аллаһу та’аладан ғана тiлеу. Сондықтан да əһли сүннет ғалымдары білдіргеніндей иман келтіру, Ислам шарттарына мойынсыну, бiреудiң ақысын жемеу жəне бес уақыт намаз оқу ке-рек.

Page 70: Namaz kitabikz

- 138 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 139 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Тəждиди иман дұғасы(Иманды жаңалау)

Йа, Раббым! Балиғат жасымнан осы жасқа келгенге дейiн, Ислам дұшпандарына жəне бидғатшыларға алданып, бұзылған сенiмдерiме жəне бидғат, күнə болған сөздерiме, тыңдағандарыма, көргендеріме жəне iстегендерiме өкiндiм. Енді қайта бұлай жалған сенiмдерге сен-беуге жəне қате істемеуге ант еттім. Пайғамбарлардың алғашқысы Адам алейһиссалам жəне соңғысы Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам. Бұл екi пайғамбарға жəне араларында келiп-кеткен пайғамбарлардың барлығына иман еттiм. Олардың барлығы хақ жəне білдіргендері рас. Əмəнту биллəһ уə би-мə жаə мин индиллаһ алəə мурад-иллаһ, уə əмəнту би-Расулиллəһ уə би-мə жаə мин инди Расулиллаһ алəə муради-Расулиллəһ. Əмəнту биллəһи уə Мəлəикəтиһи уə кутубиһи уə Русулиһи уəл-яумил-ахири уə билқадəри хайриһи уə шəрриһи миналлаһи та’ала уəл-ба’су ба’дəлмəути хаққун əшһəду əн лаа илаһə иллаллаһ уə əшһəду əннə Мухаммəдəн абдүһү уə расулүһ.

Намаздың хикметтерi(Намаз жəне денсаулығымыз)

Мұсылман намазды Аллаһу та’аланың əмiрi болғандықтан оқиды. Раббымыздың əмiрлерiнде көптеген хикмет, пайда бар. Тыйым салынған нəрселердiң адам баласына көптеген зияны бар екендiгi ақиқат. Бұл пайда мен зиянды нəрселердің бір бөлігі бүгiнгi күнгi медицина ғылымы тарапынан тiлге тиек етiлген. Ешқандай дін мен идеология-ой адам денсаулығына Ислам дініндей мəн бермеген. Дiнiмiз ғибадаттардың ең үстемі болған намазды өмiрiмiздiң соңына дейiн оқуымызды əмiр еткен. Намаз оқыған кiсiнің денсаулығына пайда беретiн нəрселерге қол жеткiзетiнi анық. Намаздың адам денсаулығына беретiн пайдаларының бiрнешеуi төмендегiдей:

1. Намаздағы əрекеттер байсалдылықпен жасалғандықтан адам-ды шаршатпайды, жүрегiне күш түсірмейді. Намаз күннiң əртүрлi уақытында оқылатын болғандықтан адамның үнемi жiгерлi, қуатты болып жүруіне алып келеді.

2. Күнiне басын сексен рет жерге қойған адамның миына рит-мге сай артық қан барады. Сондықтан мидың клеткалары толық қоректенгендiктен есте сақтау жəне жаратылысының (адамдық

қасиет) бұзылуы намаз оқыған адамдарда өте аз кездеседi. Намаз оқыған адамдар денсаулық жағынан басқаларға қарағанда əлде қайда мықты өмiр сүредi. Бүгінгі медицинадағы “demans senil” деген алжу ауруына ұшырамайды.

3. Намаз оқыған кiсiлердiң көздерi ретпен еңкейiп тұрудың арқасында одан да қуатты қан айналымына ие болады. Осы себеп-тен көз iшiндегi қан қысымының артуының алдын алады жəне көздiң алдыңғы бөлiгiндегi сұйықтықтың үнемi ауысуына кепiлдiк етедi. Көзді “катаракт” немесе ”қарасу” ауруынан сақтайды.

4. Намаз оқудағы əрекеттердің асқазандағы азықтардың жақсы араласуына, өттiң оңай ағуына жəне өт қалтасында тас пайда бол-мауына, iш кебуiн кетiру үшiн де ролi үлкен. Бүйректiң жəне зəр жолдарының жақсылап шайқалуынан, бүйрекке тас байлануының алдын алуға жəне қуықтың босауына да жəрдемшi болады.

5. Бес уақыт намаздағы ритмдiк əрекеттер күнделiктi өмiрде қозғалмайтын бұлшық еттердiң қозғалуына өз əсерiн тигiзедi. Остре-хандроз сияқты буын ауруларын жəне сiңiр тартылуларының алдын алады.

6. Дененiң саулығы үшiн тазалықтың маңызы өте зор екендiгiн бiлемiз. Дəрет жəне ғұсыл - əрі рухани əрі дене тазалығы. Ал намаз – тазалықтың нағыз өзі. Дене жəне рухани тазалықсыз намаз оқуға болмайды. Дəрет жəне ғұсыл дене тазалығын сақтайды. Ғибадат мiндетiн орындайтын адам рухани демалып тазарады.

7. Намаз уақыттары - қан айналымын тазалау жəне тыныс алу жолдарын күшейту үшін ең ыңғайлы уақыт.

8. Ұйқыны ретке келтiретiн маңызды элемент - намаз. Денеде жиналған электрлiк қуат сəжде жасағанда жерге өтедi. Осылайша дене қайтадан нейтрализацияланады.

Намаздың бұл пайдаларына қол жеткiзу үшiн, намазды уақытылы оқумен қатар, тазалыққа, көп тамақ жемеуге жəне жеген нəрсенiң таза жəне халал болуына мəн беру керек.

Page 71: Namaz kitabikz

- 140 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 141 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Жетiншi бөлiм

НАМАЗ ИСҚАТЫӨлген кiсiнiң қарыздарын өтеу

«Нур ул-изаһ», «Тахтави», «Халеби» жəне «Дурр-ул-мухтар» атты кiтаптарда намаздың қазасы тақырыбының соңында «Мултеқа», «Дурр-ул-мунтақа», «Виқая», «Дурар» жəне «Жəуһəрə» жəне басқа құнды кiтаптарда, ораза тақырыбының аяғында, өсиет етіп кеткен мəйіт үшiн исқат жəне дəуір жасау керектігі жазылған. Мыса-лы, «Тахтави» кiтабының түсіндірмесінде: «Тұтылмай қаза болған оразаларды фидйа (ғибадат орнына берілетін айыппұл) беру арқылы исқат (өтеу) етуге болатындығы жайлы насс-дəлелдер бар. Намаз оразадан да маңызды болғандықтан, дінімізге сай үзiрлік себептер-мен оқылмай қалған жəне қазасын өтеуді ұмытса да, өлім халіне жеткен адамның оқи алмаған намаздарын оразадағыдай исқат (өтеу) етуге болатынын барлық ислам ғалымдары мақұлдаған. Намаздың исқаты болмайды дегендер - надан адамдар. Өйткенi, мазһабтардың мақұлдаған мəселесіне қарсы шыққан болады. Бiр хадис шəрифте: «Бiр кiсi басқа бiреудiң орнына ораза ұстай алмайды жəне намаз оқи алмайды. Бiрақ бiреудiң намазы жəне оразасы үшiн фақир (кедей) кiсiге тамақ беруiне болады» – деп бұйырылған».

Əһли сүннет ғалымдарының үстемдiгiн түсiне алмаған жəне мазһаб имамдарымызды, өздерi сияқты қиялмен сөйлейтiндерден санайтын кейбiреулердiң «Исламда исқат жəне дəуір жоқ. Исқат христиандардың күнəдан арылуына ұқсайды» – деген сияқты негізсіз нəрселер айтып жүргенін естимiз. Осындай сөздер, айтқан адамдардың өздерiн қауiптi жағдайға түсiреді. Өйткенi Пайғамбарымыз бiр хадисiнде: «Менiң үмбетiм бұрыс жол-да бiрiкпейдi» – деп айтады. Бұл хадис мужтаһид ғалымдардың ауызбірлігімен айтқандарының əлбетте хақ екенін көрсетiп тұр. Оларға сенбегендер бұл хадис шəрифтi де жоққа шығарған болады. Ибни Абидин үтiр намазы бабында: «Дiнде білінуі шарт болған, яғни сауатсыздарға да мəлім болған ижма үкiмдерiне сенбеген кiсi кəпiр болады»– деген. Ижма деп ғалымдардың ауызбірлігін айтады. Исқат – христиандардың күнəдан арылту ритуалына қалай ұқсатылады? Поптар адамдарды күнəдан тазартамыз деп оларды тонап жатыр ғой!

Ал, Исламда дін адамдары, имамдар исқат жасай алмайды. Исқатты тек өлген кiсiнiң уəлисі (өсиетін орындаушы) болған туысы ғана жа-сайды жəне ақшаны да дiн адамдарына емес, кедейлерге таратады.

Бүгiнгi таңда исқат жəне дəуір еш жерде Исламға сай жаса-лынып жатқан жоқ. Исламда исқат жоқ деп сайрайтындар, “исқат жоқ” деп емес, “бүгiнгi күнде жасалынып жатқан исқат Исламға сай емес”- десе дұрыс болатын еді. Біз де оларды қолдайтын едік. Олар осылайша діннің үкіміне қайшы келіп азапқа душар болмай, əрі Исламға қызмет жасаған болар еді. Исқат жəне дəуірлердің дінімізге сай жасалу жолдарын төменде көрсетеміз. Ибн Абидин қаза намаздары тақырыбының соңында былай дейді: «Фаита намаз-дары [шариғи үзірмен қазаға қалдырып қойған] болған адам, иша-ратпен оқуға мүмкіндігі бола тұрып оқымаған болса, өлер алдында қазасын исқат (өтеу) ету үшiн бiреуге өсиет етуi уəжiп болады. Қаза намазын оқуға күшi жетпеген (қатты ауру) болса, өсиет етуi қажет емес. Рамазанда сафариліктен немесе науқастықтан ораза ұстамаған кiсi де бұлардың қазасын өтеуге мүмкіндігі болмай өлетiн болса, өсиет етiп кетуі қажет болмайды. Аллаһу та’ала бұлардың үзiрлерiн қабыл етедi. Ауру кiсiнiң қазаларының исқатын ол кiсi өлгеннен кейiн уəлисі өтейдi. Өлмей тұрып исқат етiлмейді. Тірі адамның өзі үшін исқат қылдыруы жаиз емес». «Жила-ул-Қулуб» атты кiтапта: «Мойнында Аллаһу та’алаға немесе құлға қарыз болған кiсi екi куəнiң алдында өсиет етуі немесе жазып қойғанын бұларға оқуы уəжiп, ал мойнында хақ болмаған кісінің өсиет етуі мустаһаб болады»- делінген.

Қазаларының исқаты (каффарат исқаты) үшiн өсиет қалдырған мəйіттің уəлисі, яғни мирасын айтылған орындарға жұмсау өсиет етілген адамы немесе мұрагері мирастың үште бiрiнен, əрбiр уақыт намаз үшiн жəне үтiр намазы үшiн жəне қаза етiлуi керек болған бiр күндiк ораза үшiн бір пітір мөлшерінде, яғни жарты саъ [520 дир-хам немесе 1750 грамм] бидайды кедейлерге [немесе кедейлердің өкілдеріне] бередi.

Қазаларының исқатын (каффарат исқаты) мəйіт ешкiмге өсиет етпеген болса, мұрагердің өзінше исқат беруі Ханафи мазһабында шарт емес. Шафии мазһабында, өлген кiсi ешкімге өсиет етпеген болса да оның туысы исқат етуi керек. Ханафи мазһабында мойнын-да кісі (құл) хақысы болған мəйіт өсиет етпеген болса да артында қалдырған мүлкінен туысының өтеуі керек деп айтылады. Тіпті алашақтылар мəйіт қалдырған мирастан ақысын сотсыз да ала ала-ды. Мəйіт оразаның қазасын мүлкімен өтеуді өсиет еткен болса, оны

Page 72: Namaz kitabikz

- 142 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 143 -

НАМАЗ КІТАБЫ

орындау уəжiп болады. Өйткенi, Ислам бұны əмір етуде. Өсиет ет-пеген болса, төлеу уəжiп емес, тек жаиз болады. Бұл екеуi де қабыл етiлмесе, берген ақшалары садақа болып, дүниеден өткен кiсiнiң күнəларының кешiрiлуiне себепшi болады. Имам Мұхаммед осылай деген. «Мəжма-ул-Анһур» атты кiтапта: «Нəпсiсіне жəне шайтанға ерiп, намазын оқымай өмiрiнiң соңында бұған қатты өкiнiп, өтеуге кiрiскен кісінің өтей алмаған намаздарының исқат етілуi үшiн өсиет етуі жаиз емес деп айтылса да «Мустасфа» атты кiтапта оны жаиз деген».- делінген.

«Жила-ул-қулуб» атты кітапта: «Құл (кісі) хақтарына: өтелетін қарыз, аманат, күштеп алынған, ұрланған мүлік, еңбекақы т.б.; ұрып-соғу, жаралау, рұқсатсыз қолдану сияқты дене хақтары; балағаттау, мазақ ету, жала жабу сияқты көңіл хақтары жата-ды»- делінген.

Өсиет етiп кеткен мəйіттiң мүлкiнiң үштен бiрi исқат ету-ге жеткiлiктi болса, мұрагері осы мүлiктен фидйа беруі керек. Үштен бірі жеткілікті болмаған жағдайда, мұрагері жетпегенін өз ризашылығымен беруі жаиз екендігі «Фəтх-уль-қадрда» жазылған. Мəйіт парыз болған қажылығын өтеңдер деп өсиет еткен болса, мұрагері немесе басқа бiреу, қажыға берiлген ақшаны сыйға тартуы жаиз болмайды. Өсиет етпеген мəйіттің мұрагері өз қалауы жəне өз ақшасымен исқат етсе немесе қажыға барса, мəйіттің қарызы өтелген болады. Мұрагерден басқасының ақшасымен бұлардың өтелуі жаиз болмайды дегендер болса да «Дүрр-үл-Мухтар», «Марақ-ил-Фəлах» жəне «Жила-ул-Қулуб» кітаптарының авторлары жаиз бо-лады деген.

Қазалардың исқаты үшін бидай орнына ұн немесе бір саъ арпа, құрма, жүзіммен де есептеліп беруге болады. [Өйткені бұлар би-дайдан да құнды болғаны үшін кедейге пайдалырақ.] Барлығының орнына құнды болған алтын немесе күміс те беруге болады. [Қағаз ақшамен исқат берілмейді.] Тiлəуат сəждесi үшiн исқат беру керек емес.

Исқат жəне дəуір қалай өтеледi?

Фидйа ақшасы мирастың үштен бiрінен асса, мұрагерлер рұқсат етпейiнше, уəлисі мүлiктiң үштен бiрiнен көбiн жұмсай алмайды. «Қыниа» атты кiтапта: «Өмiрi бойы өтемеген намаздары үшiн мүлкінің үштен бiрiн беруді өсиет еткен мəйіттің қарызы болып, қарыз иесi алдымен өсиеттiң орындалуына рұқсат берсе де, бұл

өсиеттiң жүзеге асырылуы дұрыс емес»- делiнген. Өйткенi Ис-лам үкімдері бойынша алдымен қарыздарының өтелуi əмір етілген. Қарызды өтеуі мерзімін, алашақты адамның ризалығы болса да, кешіктіруге болмайды.

Өмiр бойы өтемеген намаздарының исқат етілуі үшін өсиет ет-кен кiсiнiң қанша жаста дүние салғандығы белгiсіз болса, қалдырған мұрасының үштен бірі намаздарының исқатына жетпеген жағдайда бұл өсиет жаиз болады. Мұрасының үштен бірі исқат үшін жетсе жəне артса, өсиеті жаиз болмайды. Өйткені мүлкінің үштен бірі исқат етуге жетпеген жағдайда, бұл үштен бір мүлікпен исқат етілетін на-маздар саны анық болғандықтан, өсиеті бұл намаздар үшін сахих болады. Қалған намаздары үшін айтылған өсиет бос сөз болады. Мұраның үштен бірі исқаттан көп болған жағдайда марқұмның жасы белгісіз болғандықтан намаздар саны да белгісіз болып қалады, мұндай жағдайда өсиет дұрыс болмайды.

Намаз исқаты үшін өсиет еткен мəйттің мал-мүлкі болма-са немесе үштен бірі өсиетке жетпесе яки өсиет айтпай, уəлисі өз мүлкімен исқат еткісі келсе, дəуір жасайды. Бірақ мұрагері дəуір етуге міндетті емес. Дəуір ету үшін мұрагері бір айлық немесе бір жылдық исқат үшін керек болған алтын теңге, білезік, жүзік немесе базарда өтетін күміс теңгені қарызға алады. Дүниеден өткен ер кісі болса жасаған жасынан он екі жас, əйел болса тоғыз жас алынып тастап қанша жыл қарызы болғандығын есептейді. Бiр күндiк алты намаз үшiн (үтiр намазымен бірге) 10 кг, бiр календарлық жыл үшін 3660 кг бидай беруi керек. Мысалыға, 1 кг бидайды 50 теңге 50 тиын деп алсақ, бір жылдық намаз исқаты 184830 теңге, қысқаша 186000 теңге болады. Ал бір алтын теңгенің (салмағы 7 грамм 20 сантиграмм) құны 12000 теңге болса, бір жылдық намаз исқаты үшін 15,5 дана, сенімді болу үшін 16 алтын теңге керек болады. Мəйіттің мұрагері мысалыға сондай алтыннан 2 алтын теңге қарызға алады жəне дүниеге беріліп кетпеген, дінін құрметтейтін 4 кедей та-бады. (бұлардың пітір бере алмайтын, яғни садақа алатын кедей бо-лулары шарт. Кедей болмаса исқат қабыл болмайды.) Өлген кiсiнiң өкiлi: «Марқұм пəленше ұлы пəленшенің исқаты салаты (намаз исқаты) үшін өтеу ретінде осы 2 алтынды саған бердім» - деп кедей кiсiге садақа ниетімен бередi. Алған кiсi: «Алдым, қабыл еттiм»– деп алады жəне біраздан кейін, «Өзiңе қайта сыйладым» - деп əлгі алтындарды өкiлге қайта бередi жəне өкіл қабыл алады. Кейiн тағы да осыған немесе басқаға берiп, қайта алады. Осылайша бiр кедейге төрт рет немесе төрт кедейге бiр реттен беріп, кейін сыйлық ретінде

Page 73: Namaz kitabikz

- 144 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 145 -

НАМАЗ КІТАБЫ

алумен бiр дəуір болады. Бір дəуірде 8 алтындық намаз каффараты исқат етілген болады. Мəйіт ер кісі алпыс жасында болса: 48×16=768 алтын теңге беруі керек болады. Сондықтан 768÷8=96 рет дəуір жа-салады. Алтын саны төрт болса, 48 дəуір; алтын саны сегіз болса, 24 дəуір жасайды. Кедейлер саны он жəне алтын теңге саны да он болса, 48 жылдық намаз қазасының исқаты үшін 7,68 дəуір жасала-ды. Өйткені: Намаз оқымаған жылдар × бір жылдық намаз үшін берілетін алтын саны = кедей кісі саны × дəуір жасайтын алтын саны × дəуір саны. Мысалы:

48 × 16 = 4 × 2 × 96 = 4 × 4 × 48 = 4 × 8 × 24 = 10 × 10 × 7,68Жоғарыда көрсетілгендей дəуір санын табу үшін: бірінші,

мəйттің намаз оқымаған жылдар саны бір жылдық алтын саны-на көбейтіледі. Сонан соң кісі санын дəуір жасаған алтын санына көбейтеді. Осылайша бірінші көбейтіндіні кейінгі көбейтіндіге бөледі. Бұдан дəуір саны шығады. Бидай мен алтынның қағаз ақша құны əрдайым бірдей мөлшерде өзгеріп отырады. Яғни бидай мен алтынның құны əрқашан бірдей арзандайды немесе қымбаттайды. Сондықтан исқат үшін берілетін бір жылдық бидай мөлшері өзгермегені сияқты, бір жылдық алтын саны да жоғарыда есептел-гендей 16 алтын болып қала береді. Сондықтан Исқат есебі үшін:

Бір айлық намаз исқаты - 1,3 алтын; бір айлық Рамазан ораза исқаты - 0,45 алтын. - деп

қабылданады. Дəуір жасалатын алтын мөлшері жəне дəуір саны осыдан есептелінеді.

Намаз исқаты біткен соң тұтылмаған, қазасы өтелуі керек болған оразалардың исқаты үшін бес алтын төрт кедейге үш рет дəуір етіледі. Өйткені бір жылғы ораза мөлшері бір ай, яғни отыз күндік ораза исқаты 52,5 кг бидай немесе 1,6 грамм алтын, яғни 0,45 дана алтын теңге болады. Сондықтан Ханафи мазһабында бір алтын теңге екі жылдық оразаны исқат етеді жəне қырық сегіз жыл үшін 24 алтын беру керек болады. 2 алтынмен төрт кедейге бір дəуір жасалғанда 8 алтын берілген болады. Үш дəуірде 48 жылдық ораза исқаты жасалған болады. Қазасы өтелуі керек болған оразалар исқаты біткен соң зекеті үшін, кейін құрбандығы үшін бірнеше дəуір жасалады.

Бір бұзылған ант үшін күнде бір кедейден он күн, немесе он кедейді күніне екі рет тамақтандырып тойдыру керек. Ниет етіліп үзірсіз бұзылған бiр күндік оразаны өтеу үшін бір күнде алпыс кедейді тойдыру керек. Бір күнде бір кедейге жарты саъ (жарты саъ=1750гр) бидайдан артық берілмейді. Яғни бірнеше ант каффа-

ратын он кедейге бір күнде беруге болмайды. Ондай болса ант жəне ораза қазасы үшін бір күнде дəуір жасау мүмкін емес.

Қайтыс болған кісі бұзылған анты үшiн өсиет қалдырған болса, бiр ант үшін бір күнде он кедейдің əрбіріне 2 кг бидай, ұн немесе осы заттың құнына тұрарлық басқа бiр зат, алтын, күміс беріледі. Бұлардың бəрiн бiр кедей кiсiге он күнде беруге болады. Немесе бiр кедейге ақша берiп: «Сені өкіл еттім. Мына ақшамен əркүнi таңертең жəне кешке он күндiк мерзiмде тамақ алып iш» - деуге бо-лады. Кедей бұл ақшаны тамақтанбай газет, кофе сияқты нəрселерге жұмсаса, жаиз болмайды. Ең абзалы ақшаны бiр асхананың аспаз-шысына беріп, əр күнi бiр кедей кiсiні екi мерзiм тамақтандыруға келісу. Ниет етіп кейін бұзылған ораза жəне зихар каффараттарын өтеу де дəл осылай болады, бірақ бұл екеуінде бір күндік каффарат үшін алпыс кедейге бір күн немесе бір кедейге алпыс күн жарты саъ (1750гр) бидай немесе осы бағада басқа зат беру немесе күнде екі рет қарынын тойдыру керек.

Өсиет етiлмеген зекеттi исқат ету мiндетті емес. Мұрагердің зе-кет исқатын өз қалауымен дəуір жасай алатындығына фəтуа берілген. Мұрагер кiсi дəуір жасағанда алтындарды кедейлерге бергенінде «намаз жəне ораза исқаты» деп ниет етуі керек. Алушы кiсi керi қайтарғанда «сыйладым» деуi, ал өкiл болса «алдым, қабылдадым» деуi керек. Мұрагер кiсi дүниеден өтiп кеткен адамның исқатын жа-сай алмаса, орнына басқа бiреудi өкiл етеді.

Имам Биргивидiң «Өсиеттер» атты кiтабында: «Кедейлердiң зекет беретiндей мүлікке ие болмаулары керек. Өлген кiсiнiң туы-сынан болса жаиз. Кедей кiсiге ақша берiп жатып: «Пəленше кiсiнiң пəлен мөлшердегi намазының исқаты үшiн мынаны саған бердiм» - дейді. Ал жауап ретiнде оған: «Қабыл еттiм.» – дейді. Алтындар-ды алғаннан кейiн өзiнiкі екендiгiн сезiну керек. Білмесе, алдын-ала үйрету керек. Алтындарды алған кедей жаны ашып, өз қалауымен: «Пəленшенің намаз исқаты үшін өтеу ретінде саған осы алтын-дарды бердім» – деп басқа кедейге береді. Ол да: «Қабыл еттім» – дейді. Алғаннан соң өз мүлкім деп білу керек. Егерде аманат ретiнде қабыл еткен болса, онда бұл жағдайда исқат қабыл етiлмейдi. Екінші кедей: «Қабыл еттім» – дегеннен соң, «Осы ниетпен саған бердім» – деп үшінші кедейге береді. Осылайша намаз, ораза, зекет, құрбан, пiтiр садақа, нəзір, құл жəне хайуан ақылары үшiн дəуір жасалады. Бiреудi алдау, саудада таразыдан жеу де құл хақына кiреді. Ал ниет етіп үзірсіз бұзған ант жəне оразалар үшiн дəуір ету дұрыс емес».

Page 74: Namaz kitabikz

- 146 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 147 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Ең соңында алтындар қай кедейде қалған болса, сол кісі өз қалауы жəне ризашылығымен мұрагерге: «Мына алтындарды өзiңе сыйлық еттiм»– деп, ал оған өкiл: «Қабыл еттiм»- десе қабыл етiледi де дүниеден өткен кiсi үшiн исқат жəне дəуір жасалынған болады. Ал егер кедей алтындарды сыйға тартпаса, өз мүлкі болғандықтан ешкім одан тартып ала алмайды. Мұрагер ақшаны, алтынды немесе дүниеден өткен кiсiнiң киiмдерiн кедейлерге берiп, бұл садақаның сауабын да мəйіттің рухына бағыштайды. Қарызы болған кедей жəне балиғат жасына толмаған бала дəуір жасауға қатыспау керек. Өйткені алтындарды алғанда алдымен қарыздарын өтеу парыз болады. Бұл парызды орындамай, алтындарды мəйіттің исқаты үшін жанындағы кедейге беруі жаиз болмайды. Дəуір қабыл болса да өзі сауап ала алмайды. Тіпті күнəһар болады.

Мүлкi, мирасы болмаған кiсi өлер алдында дəуір етiлуiн өсиет етсе, мұрагеріне бұл өсиетiн орындау уəжiп болмайды. Мəйітке қаза-қарыз каффараттарын исқат ететіндей дүниесiн мирастың үштен бiрiн аспау шартымен өсиет етіп кетуі уəжiп болады. Сонда дəуір жасау қажет болмай, исқат етіледі. Мүлкінің үштен бiрi исқатқа жетсе де, үштен бiрiнен аз малын дəуір етуді өсиет етсе күнəһар бо-лады. «Ибн Абидин» кiтабының 5-шi томының 270-шi бетiнде бы-лай дейдi: «Артында кiшкентай балалары немесе балиғатқа жет-кен (ересек жаста) өзі кедей, мирасқа мұқтаж, салих ұл-қыздары қалған ауру кiсiнің, бүкіл мирасын нəпiл болған қайырымдылықтарға берілуін өсиет етпегені жақсы. Керісінше бар дүниесін салих бала-ларына қалдыруы абзал». «Бəззазия» атты кiтапта сыйлық жайын-да түсiндiргенде: «Артында пасық-күнəға берілген ұл-қызы болған кісінің, бүкіл мүлкін садақа, қайырымдылықтарға жұмсап, балала-рына мирас қалдырмауы керек. Өйткенi күнə iстеуге көмектескен болады. Пасық балаға да нафақасынан артық ақша, мал-мүлік бер-меу керек»- делінген.

Өте көп намаз, ораза, зекет, ант, құрбан қарыздары болып, ол үшiн мирасының үштен бiрiнен аз болған дүниесiн дəуір етiлуi жəне қалған малымен Құран Кəрiм, хатым жəне мəулiт оқытылуын өсиет ету жаиз емес. Оларды оқу үшiн ақша берген жəне алған адам күнəһар болады. Құран Кəрiмдi үйрету үшiн ақша алу жəне беру дұрыс делiнген. Ал оқу - оқыту үшін жаиз емес.

Өлген адамның қарыз намазын, оразасын мирасқоры немесе басқа бiреудiң оқып не тұтып қаза етуі дұрыс емес. Бiрақ нəпiл намаз оқып, ораза ұстап сауабын өлген адамның рухына бағыштау дұрыс əрі жақсы болады.

Өлген адамның қарыз болған қажылығын өсиет еткен адамының өтеуi жаиз. Яғни өлген адамды қарызынан құтқарады. Өйткенi қажылық - əрі денемен, əрi мал-мүлiкпен орындалатын ғибадат. Нəпiл қажылықты кез-келген уақытта өзгелердiң орнына жасауға болады. Парыз қажылығы болса, тек өмірінің соңына дейін қажыға бара алмайтын жағдайдағы кісінің орнына өкілі орындайды.

«Мəжма-ул-анхур» жəне «Дурр-ул мунтақа» атты еңбектерде былай делiнедi: «Өлген адамның исқаттары (қарыздары) ол кiсi көмiлмей тұрып өтелуi тиiс». Көмiлгеннен кейiн де өтеуге рұқсат бар екендігі «Кухистани» атты кітапта жазылған.

Мəйіт үшiн намаз, ораза, зекет, құрбан қазасының исқатында, бiр кедейге нисаб өлшемiнен (96гр алтын) артық мүлік беруге бола-ды. Тiптi алтынның барлығын бiр кедейге беруге де болады.

Өлiм аузында жатқан кiсiнiң қаза болып қалған намаздарының фидйасын (төлемiн) беру дұрыс емес. Ораза ұстай алмайтындай жасқа келген қарттардың ораза орнына фидйасын берулері жаиз. Ауру кiсi намаздарын ишаратпен оқыса да өтеуi керек. Ишаратпен бiр күннен артық намазын өтеуге күшi жетпеген кiсiнiң оқымаған намаздары кешiрiледi. Денсаулығы жақсарғанда бұл намаздарды қаза етпейдi. Ал ұстай алмаған оразаларын қайтадан өтеуi керек. Денсаулығы нашарлап дүниеден өтетiн болса, оразаларының қарызы кешiрiледi.

Page 75: Namaz kitabikz

- 148 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 149 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Сегізінші бөлім

Отыз екi жəне елу төрт парыз

Балиғат жасына толған жеткiншек жəне кəпір адам, кəлимаи тауһид, яғни «Лə илаһа иллаллаһ Мұхаммəдəн расулаллаһ» деп айтып жəне оның мағынасын бiлiп сенгеннен кейiн мұсылман бола-ды.

Кəпiр кiсi иман еткеннен кейiн күнəларының барлығы кешiрiледi. Бірақ ол əрбiр мұсылман секiлдi иманның алты шар-тын жаттап, мағынасын үйренуі, оларға сенiп жəне Исламның барлық қағидаларын Мұхаммед алейһиссалам айтқан əмiрлерi мен тыйымдарының барлығын Аллаһу та’аладан келгенiне сендiм деуi ке-рек. Содан кейiн мүмкiндiгі болған кезде барлық мiнез-құлықтардан жəне кездескен істерден парыз болғандарды, яғни əмiр етiлген iстердi жəне харам болған тыйымдарды үйренуі парыз. Бұларды үйренудiң, парыздарды орындаудың, харамдардан сақтанудың парыз екендігін мойындамаса, яғни сенбесе иманы кетеді. Оқып үйренгендерiн ұнатпаса, қабылдамаса мүртед болып, діннен шығады. Мүртед «Лə илаһə иллаллаһ» деумен жəне исламның кейбiр əмiрлерiн орындау-мен, мəселен намаз оқу, ораза ұстау, қажылыққа бару, қайырлы iстер істеумен мұсылман болмайды. Бұл жақсылықтарының ахыретте ешқандай пайдасын көрмейдi. Қабылдамағанына немесе сенбегенiне тəубе етіп, өкiнуi керек.

Ислам ғалымдары əрбiр мұсылманның үйренуi, сенуi жəне орындауы керек болған отыз екi парыз жəне оған қоса елу төртін белгiлеген. [Орталық Азияда өткен ғалымдардың кітаптары бойын-ша 40 жəне 70 парыз деп аталады.]

Отыз екi парыз

Иманның алты шарты.Исламның бес шарты. Намаздың он екi шарты.Ғұсылдың үш шарты.Дəреттiң төрт шарты Тəйəммумның екi шарты.

(Тəйəммумның парызы үшеу деген ғалымдардың айтуынша барлығы 33 парыз болады).

Иманның шарттары (6)

1. Аллаһу та’аланың барлығына жəне бiрлiгiне сену. 2. Перiштелерiне сену. 3. Аллаһу та’ала түсiрген кiтаптарға сену. 4. Аллаһу та’аланың пайғамбарларына сену. 5. Ахырет күнiне, қайта тірілуге сену. 6. Тағдырға, яғни жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан

екендiгiне сену.

Исламның шарттары (5)

7. Кəлима-и шаһадат айту. 8. Күнде бес уақыт намаз оқу. 9. Мал-мүліктің зекетiн беру. 10. Рамазан айында ораза ұстау. 11. Жағдайы бар адамның өмiрiнде бiр рет қажылыққа баруы.

Намаздың парыздары (12)

А) Сыртқы парыздары 7, бұларды шарттары деп те атайды.12. Хадестен таһарат, 13. Нажестен таһарат.14. Əурет жерiн жабу. 15. Қыблаға қарау. 16. Уақыт. 17. Ниет. 18. Ифтитах (тахрима) тəкбiрi.

Б) Iшкi парыздары бесеу, бұларды рүкін деп атайды.19. Қиям. 20. Қыраат.21. Рүку. 22. Сəжде. 23. Қадайы ахир, яғни соңғы отыру.

Page 76: Namaz kitabikz

- 150 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 151 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Дəреттiң парыздары (4)

24. Дəрет алғанда бетiн жуу. 25. Қолдарын шынтақтарымен қоса жуу. 26. Басының төрттен бiрiне мəсих тарту.27. Аяқтарын тобықтарымен қоса жуу.

Ғұсылдың парыздары (3)

28. Ауызды шаю. 29. Мұрынды шаю.30. Бүкiл денені жуу.

Тəйəммумның парыздары (2)

31. Жүнiптіктен немесе дəретсіздіктен тазаруға ниет етуi. 32. Екi қолын таза топыраққа ұрып жүзiне мəсих ету жəне қайта

екi қолын таза топыраққа ұрып, екi қолын шынтақтан бiлекке дейiн сипау.

Елу төрт парыз

Аллаһу та’аланың бiр болғанына сену;1. Халал тамақ жеу;2. Дəрет алу;3. Бес уақыт намаз оқу;4. Жүнiп болғанда ғұсыл алу;5. Ризықтың Аллаһу та’аладан болғанына сену;6. Халал жəне таза киiм кию;7. Аллаһқа тəуекел ету;8. Қанағат ету;9. Берген нығметтері үшін Аллаһу та’алаға шүкiр ету;10. Қазаға риза болу;11. Қиыншылыққа сабыр ету;12. Күнəларға тəубе ету;13. Аллаһ ризалығы үшiн ғибадат ету;14. Шайтанды дұшпан білу;15. Құран Кəрiмнiң үкiмiне риза болу;16. Өлiмнiң хақ екенiн бiлу;17. Аллаһтың достарына дос, дұшпандарына дұшпан болу;18.

Əке-шешеге жақсылық жасау;19. Сауапты істі уағыздап, азапты істен қайтару;20. Туыстарына жақсы қарым-қатынас жасау;21. Аманатқа қиянат етпеу;22. Əрдайым Аллаһу та’аладан қорқып, бұзықтық жəне 23.

азғындықты тəрк ету;Аллаһқа жəне расулына мойынсұну;24. Күнəдан қашып ғибадатпен айналысу;25. Мұсылман əмірлерге бағыну;26. Əлемге ғибрат көзiмен қарау;27. Аллаһтың бар екендiгiн тəфəккур ету (пікір ету);28. Тiлiн жалған сөздерден қорғау;29. Жүрегiн (көңілін) таза ұстау;30. Ешкiмдi масқара етпеу;31. Харамға қарамау;32. Кез-келген жағдайда сөзінде шыншыл болу;33. Құлағын харам сөз тыңдаудан сақтау;34. Ілiм үйрену;35. Таразыны жəне өлшеу аспаптарын дұрыс қолдану; 36. Аллаһу та’аланың азабына түспейтiндiгiне сенiмдi болмай, 37.

əрдайым қорқу;Мұсылман кедейлерге зекет, жəрдем беру;38. Аллаһтың рахметiнен үмiт үзбеу; 39. Нəпсiнiң қалауларына ермеу;40. Аллаһ ризалығы үшiн бiреуге тамақ жегiзу;41. Жеткiлiктi мөлшерде несібесін табу үшiн еңбек ету;42. Дүние-мүлкiнiң зекетiн беру, егіннің ушрін беру;43. Хайз жəне босанған əйеліне жақын болмау;44. Жүрегiн күнəлардан тазалау;45. Тəкаппар болудан сақтану;46. Балиғатқа жетпеген жетiмнiң дүниесiн қорғау;47. Еркек еркекпен жыныстық қатынаста болмау; (Лұтилік) 48. Бес уақыт намазын уақытылы оқып, қазаға қалдырмау;49. Зұлымдықпен бiреудiң мүлкін жемеу;50. Аллаһу та’алаға серiк қоспау;51. Зинадан сақтану;52. Шарап жəне алкогольды ішімдіктер iшпеу;53. Жоқ нəрсеге ант етпеу;54.

Page 77: Namaz kitabikz

- 152 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 153 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Күпiр бабы

Жамандықтардың ең жаманы - Аллаһу та’алаға сенбеу, атеист, дінсіз болу. Сену керек болған нəрселерге сенбеу күпiршілік бола-ды. Мұхаммед алейһиссаламға сенбеу күпiр болады. Мұхаммед алейһиссаламның Аллаһу та’ала тарапынан əкелiп бiлдiрген нəрселерiнiң барлығына жүрекпен сенiп, тiлмен айтуды, сөйлеудi иман дейдi. Өміріне қауiп төнiп тұрғанда сөйлемеуi кешiрiледi. Иман дұрыс болу үшiн Исламда күпiр деп көрсетілген нəрселердi айтудан жəне қолданудан сақтану керек. Исламдағы үкiмдердiң бiрiне немқұрайлы қарау, Құран Кəрiмдi, перiштелердi жəне пайғамбарларды мазақ ету күпiр белгiлерi болып табылады. Инкар ету деп - естiгеннен кейiн сенбеу, жоққа шығару, шындық екендiгiн мойындамауды айтады. Күмəндану да инкар болады.

Күпiр үш түрге бөлінеді: жаһли, жухуди жəне һукми.

Естiмегені, бiлмегенi үшін діннен шыққандардың күпiрi 1. күфри жаһлиге жатады. Жаһли күпір сауатсыздықтан туындайды, əрі екi түрлi болады: Бiрiншiсi, жай күпір. Мұндай адам өзінің жаһил (сауатсыз) екендігін біледі. Бұларда қате, бидғат сенiм деген болмайды. Яғни, жануарлар сияқты сауатсыз, қараңғы болады. Өйткенi адамды жануардан айыратын нəрсе бiлiм мен түсiнiк. Бұлар тіпті жануарлардан да төмен тұрады. Өйткені жануарлар өз жаратылыс мақсаттарына сай өмір сүргендігінен əлгі адамдардан жоғарырақ тұрады. Жаһли күпiрдiң екiншi түрi жаһлі мүрəккап. Мағынасы қате, бұрыс сенiм дегенге келеді. Грек философтары жəне мұсылмандардан жетпiс екi бидғат фирқасынан Исламда ашық білдірілген нəрселерге сенбейтіндері осы топқа жатады. Бұл күпiрлiктiң түрi бiрiншiсiнен де ауыр. Емделуі қиын ауру.

Жухуди2. деп аталатын екінші күпірі инади немесе қырсықтық күпірі деп те айтылады. Бұл топ бiлiп тұрса да мойындамайтындарды қамтиды. Бұл тəкəппарлықтан, абырой сүйгендіктен жəне атағын жоғалтудан қорқудан туындайды. Перғауын мен жолдастарының, Византия патшасы Гераклдың күпірлері осындай болған.

Күпiрлiктiң үшiншi түрi 3. - һүкми (үкім) күпiрлiк. Исламда имансыздық белгісі деп үкім етілген сөздерді айтқан, əрекеттерді істеген кісі жүрегімен сенсе де кəпір болады.

Ислам дінінің аяқасты қылған нəрселерін құрметтеу, ал құрмет тұтқан нəрселерін аяқасты қылу күпіршілік болады. Төменде Ис-ламда айтылуы немесе істелінуі кəпірлікке себеп болатын күпір сөз жəне əрекеттер білдіріледі:

«Аллаһу та’ала Арштан немесе көктен (жоғарыдан) бiзге 1. қарап тұр» - деу. (Аллаһты мекенге байлағаны үшін)

«Сен маған зұлымдық жасағаның сияқты Аллаһу та’ала 2. да саған зұлымдық жасап жатыр» - деу. (Аллаһу та’ала ешкімге зұлымдық жасамайды.)

«Бiр мұсылман мен үшiн яһуди сияқты» - деу күпiрлiк. 3. (мұсылманды кəпірге теңестіргені үшін.)

Өтiрiк сөзге4. «Құдай ұрсын, шын айтамын» - деп ант ішу.

Перiштелердi балағаттау. 5. Құран Кəрiмді, тіпті бiр əрпiн құрмет етпей мазақ ету, 6.

сенбеу.Музыкалық аспап тартып Құран оқу.7. Хақ болған Таурат жəне Iнжiлді жамандау күпiрлiк. 8.

(Қазiргi таңда дұрыс Таурат жəне тура Інжiл жоқ.)Құран Кəрiмді қасақана арапша əріптерден басқа 9.

əріптермен оқып, “Міне осы Құран болады”- деу күпiрлiк.Пайғамбарларды келемеждеу, мазақтау күпiрлiк.10. Құран Кəрiмде бiлдiрiлген 25 пайғамбардан 11.

(алейһимуссалам) тіпті бiрiне сенбеу күпiрлiк болады.Өте жомарт болған кісіні мақтау үшін «Пайғамбардан да 12.

жақсы» деу. (пайғамбардан жақсы тек пайғамбар болады.)«Пайғамбарлар мұқтаж болған»13. - деу күпiрлiк болады.

Өйткенi олардың кедейлiгi өз қалауларымен едi.Бiреу өзін пайғамбармын десе, оны айтқан да, оған сен-14.

ген де кəпiр болады. Ахыретте болатын нəрселердi келеке-мазақ ету.15. Қабiрдегi жəне қияметтегi азаптарға «Ақылға, ғылымға 16.

сай емес» - деп сенбеу.Жəннатта Аллаһу та’аланы көретiніне сенбеу, немесе 17.

«Маған жəннат керек емес, Аллаһ керек» - деу күпiрлiк.Исламға сенбейтіндікті бiлдiретiн сөздер «дiн үйренгенше 18.

тіл немесе техника ғылымдарын үйренген жөн» - деу, Исламды менсінбеу күпiрлiк.

Page 78: Namaz kitabikz

- 154 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 155 -

НАМАЗ КІТАБЫ

«Намаз оқысам да, оқымасам да еш нəрсе өзгермейді, 19. екеуі де бiрдей» - деу күпiрлiкке себеп болады.

«Зекет бермеймiн» - деу.20. «Пайыз (процент) халал болса екен» - деу.21. «Зұлымдық халал болса екен» - деу.22. Харамнан тапқан малын кедейлерге таратып сауап күту, 23.

керісінше кедей кiсi де берiлген ақшаның харам екендiгiн бiле тұра, бергенге хайыр дұға етуі күпiрлiк болады.

«Имам Ағзам Абу Ханифаның айтқан үкiмi хақ (дұрыс) 24. емес» деу күпiрлiк. Кейбір бұзақылар осы үшiн күпiрлiкке түседi.

Танымал сүннеттердің бiреуiн ұнатпау.25. «Қабiрiм мен мiнберiмнiң арасы Равда-и мутаххара 26.

жəннат бақшаларынан бiр бақша» хадисiн естіген адам, «мен мінбер мен қабiрден басқа еш нəрсе көріп тұрған жоқпын» десе кəпiр болып қалу қауіпі бар.

Ислам ғылымдарына сенбеу, бұларды жəне дiн 27. ғалымдарын келемеждеу (төмендету) күпiрлiк.

Кəпiр болуды қалаған бiреу, бұған ниет етiсiмен кəпiр бо-28. лады.

Басқасының кəпiр болуын қалаған кісі, күпiрлiктi 29. ұнатқандығы үшiн қалаған болса, өзі кəпiр болады.

Кəпiрлiкке себеп болатын сөздердi бiле тұра өз қалауымен 30. айтқан кісі кəпір болады. Бiлместен айтқан болса да ғалымдардың көпшiлiгі кəпір болады деген.

Күпiрлiкке себеп болған бiр iстi бiле тұра iстеген адам 31. кəпiр болады. Бiлместен iстесе де кəпір болады деген ғалымдар көп.

Белiне зуннар деп аталатын Поптардың белдiгiн байлау 32. жəне күпiрлiктi бiлдiретiн бiр нəрсе кию күпiрлiк болады. Саудагердiң бұл əрекеттi Ислам дəулетiнен тыс жерде iстеуi де күпiрлiк болады. Бұларды күлкі, əзіл үшін де қолдану күпірге себеп болады.

Кəпiрлердiң мейрам күнiнде сол күнге тиісті нəрселердi 33. олар сияқты қолдану, бұларды кəпiрлерге сыйға тарту күпiрлiк бо-лады.

Ақылды, бiлiмдi, əдебиетшi екенін көрсету үшiн немесе 34. жанындағыларды таң қалдыру үшiн күлдiру, қуанту немесе мазақ ету үшін ойланбай айтылған сөздерден де куфри һукмиден қорқу керек. Ашу, ыза жəне нəпсісіне қатты берілумен айтылған сөздер де осындай.

Ғайбат айтқан бiреу “мен ғайбат айтпадым, тек онда 35. болған нəрсенi айттым” десе күпiрлiк болады.

Жас кезiнде некесi қиылған қыз ақылы толып жəне 36. балиғатқа жеткенiнде, иман, ислам жайында еш нəрсе бiлмейтiн болса жəне сұралғанда жауап бере алмаса, некелеп қойған күйеуiмен некесі бұзылады, өзi мүртəд болады. Еркектiң жағдайында да дəл осылай болады.

Бiр мұсылманды кiнəсiз өлтiрген немесе өлтiрiлуiн əмiр 37. еткен адамға “дұрыс iстедiң” деу де күпiрлiк болады.

Өлтірілуі уəжiп болмаған бiреудi “өлтiрiлуi уəжіп” деу де 38. күпірлік.

Бiреудi еш кiнəсiз ұрып-соққан немесе өлтiрген залымға 39. “дұрыс iстедiң” деу де күпiрлiк.

Өтiрiктен “сенi өз баламнан да артық сүйетінімді Аллаһу 40. та’ала бiледi” деу күпiрлiк болады.

Мəртебеге ие бiр мұсылман түшкiргенде оған 41. ярхамукаллаһ деген кісіге, “абыройлы, үлкен кiсiлерге олай демейді” деу күпірлік.

Ислам үкiмдерiнің міндет екендігіне сенбей, мəн бермей 42. намаз оқымау, ораза ұстамау, зекет бермеу күпiрлiк болады.

Аллаһтың рахметінен үмiтiн үзу күпірлік.43. Негізі харам болмай кейiннен шыққан бiр себептерге 44.

байланысты харам болған мүлікке, ақшаға харамун ли ғайриһи делiнедi. Ұрланған жəне харам жолдармен келген мүлік осылай бо-лады. Бұларға халал деу күпiрлiк болмайды.

Өлексе, доңыз, шарап сияқты негізі харам болған нəрселерге харамун ли айниһи делiнедi. Бұларға халал деу күпiрлiк болады.

Харам болғандығы белгiлi болған барлық нəрселерге ха-45. лал деу күпiрлiк болады.

Азан, мешiт, фиқһ кiтаптары сияқты исламның құрмет 46. көрсеткен нəрселерiн айыптау да күпiрлiк болады.

Дəретсiз болғанын бiліп тұрып қасақана намаз оқу 47. күпiрлiк болады.

Бiле тұрып қасақана қыбладан басқа жаққа қарап намаз 48. оқыған, “Намазды қыблаға қарап оқу шарт емес” - деген адам кəпiр болады.

Бiр мұсылманды жамандау үшiн оған кəпiр деу күпiр 49. болмайды. Кəпiр болуын қалап айту күпiрлiк болады.

Күнə екеніне мəн берместен күнə iстеу.50. Ғибадат жасаудың шарт екеніне жəне күнəдан сақтанудың 51.

керек екендігіне сенбеу.

Page 79: Namaz kitabikz

- 156 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 157 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Жиналған салықтар əкiмнiң (сұлтанның) мүлкi болады 52. деп сену.

Кəпiрлердiң дiни əдет-ғұрыптарын ұнату, қажет болмаған 53. жағдайда беліне зуннар байлау, күпiр белгiлерiн қолдану жəне бұларға сүйiспеншiлiк етiп құрмет көрсету күпiрлiк болады.

Өз еркiмен «пəлен зат пəлен кiсiде бар немесе пəлен 54. кісіде жоқ. Өтірік айтсам кəпiр, яһуди болып кетейін» деп ант ішкен кiсi күпiрлiк еткен болады.

Зина, гомосексуализм (еркек пен еркек арасындағы 55. жыныстық қатынас), процент, өтiрiк айту сияқты əр дiнде харам болған нəрсенi “халал болса ғой” деп армандау күпірлік.

“Пайғамбарларға (алейһимуссалам) сенемiн, бiрақ Адам 56. алейһиссалам пайғамбар ма бiлмеймiн” - деу күпірлік.

Мұхаммед алейһиссаламның соңғы пайғамбар екенін 57. бiлмеген кісі кəпiр болады.

Бiр адам: “Егер пайғамбарлардың айтқаны дұрыс бол-58. са, онда бiз құтылдық” - деп айтса күпiрлiк болады. (өйткені бұл пайғамбарларға күмəн келтіру болып саналады)

Бiр адамға “кел, намаз оқы” десе, ол “оқымаймын” десе 59. кəпiр болады. Бiрақ мақсаты “сен айтқаның үшін емес, Аллаһу та’аланың əмiрi болғаны үшін оқимын” десе кəпiр болмайды.

Бiр адамға: “Сақалың бiр тұтамнан қысқа немесе ұзын 60. болмасын, тырнақтарыңды алып жүр, өйткенi Расулуллаһтың сүннеті”- десе, ол: “Жоқ”- десе кəпiр болады. Басқа сүнеттер де осылай болады. “Сенiң айтқаның үшін емес, Расулуллаһтың сүннетi болғаны үшiн iстеймiн”- деу күпiр болмайды. Мойындамау мақсатымен болса ғана күпiрлiк болады.

Бiр адам сүннет болсын деп мұртын қысқартқанда, басқа 61. бiреу “неге кестiң, түкке жарамады” деуi күпiрлiкке алып барады. (Өйткенi сүннеттi менсiнбеген жеңіл көрген болады.)

Бiр ер кiсi басынан аяғына дейiн жiбек киiп, басқа бiреу 62. оған “құтты болсын” десе күпiрлiкке алып барады. Өйткені жібек еркектерге харам.

Бiр адам қыблаға аяқ созып жату немесе қыблаға қарап 63. түкіру, қыблаға қарап дəрет бұзу сияқты мəкрух жасаса, оған бұл iс-əрекеттiң мəкрух болғанын ескерткенімен əрi қарай жалғастырса мəкрух нəрседен сақтанбағаны, менсінбегені үшiн күпiрлiкке түсуi мүмкiн.

Үйдегi қызметшi өз қожайынына мұсылман сəлемін 64. бергенiнде, басқа бiреу оған: “Доғар! Қожайынына да сəлем бере ме-

кен?” - деп қарсы шықса, кəпiр болады. Мақсаты əдепті үйрету бол-са, сəлемді көңілмен (жүрекпен) беру керек екендігін білдіру болса күпірлік болмайды.

Иман артады, кемидi деп айтуға болмайды. Бірақ 65. иманның көркемдігі жағынан айтылса күпір болмайды.

“Қыбла екеу, бiрi – Қағба, екiншiсi – Құддус (Иеруса-66. лим)”- деу күпiрге себеп болады. Ал бiрақ: “Бұрын қыбла Құддус едi, кейiн Қағбаға ауысты” десе күпiрлiкке жатпайды.

Егерде бiреу себепсiз Ислам ғұламасына дұшпандық 67. етсе, оны балағаттайтын болса, бұл iс-əрекетi оны күпiрлiкке алып барады.

Егерде бiреу: “Тамақ iшкенде сөйлемей отыру 68. мажусилердiң жақсы əдетi еді” яки “хайз жəне нифасты əйелмен жат-пау мажусилердiң жақсы əдеттерiнен” - десе кəпiр болады делінген.

Бiреуден “Мұсылмансың ба?” деп сұралғанда,69. “Иншаллаһ - Құдай қаласа” - деп жауап беріп, мұны ашықтап түсіндіре алмаса күпiрлік болады.

Перзенті қаза тапқан адамға көңіл айту мақсатымен 70. “Сенiң балаң Құдайға керек болғаны ғой.”- десе күпiрлiк болады делінген.

Беліне жіп байлап алған кісіге «Мынауың не?» дегенде, 71. «Не болушы еді, зуннар (поптардың белдеріне байлайтын арқан-жіп) ғой» десе, сөзсіз кəпір болады.

Харам нəрсе жер алдында Бисмиллаһ десе күпiрлiк ет-72. кен болады. Харамун ли айниһи үшін, яғни өлексе, шарап, доңыз еті сияқты харамдар үшін айтылған. Харамун ли ғайриһи үшін бұлай емес. Зұлыммен тартып алынған мал – мүлікті Бисмиллаһ деп жеу күпір болмайды. Өйткені мүліктің өзі харам емес, зұлымдықпен алынуы харам.

73. Бiр адамның күпiрлiгiне разы болу күпiрлiк болады. Бiр кiсiнi қарғап, “Аллаһ жаныңды кəпiр қылып алсын” деп айтса оның кəпiр болуында ғалымдар арасында пiкiр айырмашылығы бар. Бiреудiң күпiрлiгiне разы болу күпiрлiк болады. Бiрақ зұлымдығы мен бұзықтығы үшiн азабы мəңгі жəне өте қатты болсын деген ни-етпен айтқан болса, күпiр болмайды.

74. Бiр кiсi “Аллаһу та’ала куə, пəлен жұмысты мен iстегенiм жоқ” десе, өзі керiсiнше сол жұмысты iстегенiн бiлсе кəпiр болады.

75. Бiр кiсi бiр əйелмен куəсiз некелессе ол кiсi жəне əйел, “Аллаһу та’ала жəне пайғамбар куə” - деп айтса екеуi де кəпiр бо-лады. Өйткенi Пайғамбарымыз тiрi кезiнде ғайыпты бiлмейтiн едi.

Page 80: Namaz kitabikz

- 158 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 159 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Ғайыпты бiледі деу күпiрлiкке жатады. (ғайыпты тек Аллаһу та’ала бiледi жəне оның бiлдiргендерi бiледi)

76. “Мен ұрланғандарды жəне ғайыпты бiлемiн” - деп айтқан мен оған сенген кiсi кəпiр болады. “Маған жындар хабар бередi” - деп айтса да кəпiр болады. Пайғамбарлар да жынмен айналысатын-дар да ғайыпты білмейді. (Ғайыпты тек Аллаһу та’ала жəне оның бiлдiргендерi бiледi).

77. Бiр кiсi Аллаһтың атымен ант етпекші болғанда, басқа бiреу де “Аллаһтың атын қой, намысың, некең немесе абыройың атына ант етуiңдi қалаймын” - деп айтса, бұның кəпiр болатынын ғалымдар атап кеткен.

78. Бiр кiсi жақсы көрмейтiн адамына: «Сенiң бетіңе қарау мен үшін жан алушы перiштеге қарағандай»- деп айтса бұның да күпiрлiкке апарып соғатыны айтылған. Өйткенi жан алушы перiште Əзірейіл алейһиссалам - ұлы перiште.

79. Бiр кiсi: “Намаз оқымаған қандай рахат” - десе күпiрлiк еткен болады. Бiр кiсi намазға шақырылғанда жауап ретiнде “Қойыңдаршы, намаздан басқа нəрсе жоқ па?” - дегендей сөздер айтса кəпiр бола-ды.

80. Бiр кiсi: “Аллаһу та’ала аспанда менiң куəм” - десе кəпiр болады. Өйткенi Аллаһу та’аланы белгiлi бiр мекенде деп сипаттаған болады. Ал Аллаһу та’аланың еш қандай мекенге мұқтаждығы жоқ.

81. Аллаһу та’алаға əке, ата, баба деп айтқан адам кəпiр бола-ды.

82. Бiр кiсi: “Пайғамбарымыз тамақ жегеннен кейiн мүбəрəк саусақтарын жалайтын едi” - дегенде, басқа бiр кiсi: “бұл əдепсiздiк қой” - деп қарсы шықса кəпiр болады.

83. Бiр кiсi Пайғамбарымыз қара нəсілді болған деп айтса кəпiр болады. (Қара нəсілділерді араб деп шақыру қазіргі таңда кеңiнен тараған. Бұндай нəрселерді айтпау керек.)

84. «Рызық Аллаһу та’аладан, бiрақ құлдан да əрекет керек» - деп айтса бұл сөз ширк болады. Өйткенi құлдың əрекетi де Аллаһу та’аладан.

85. Бiр кiсi: “Христиан болу яһуди болудан, американың кəпiрi болу коммунист болудан жақсы”- деп айтса кəпiр болады. Өйткені кəпірлікті жақсы деуге болмайды. Олар бір-бірімен салыстырылғанда пəлен кəпір пəлен кəпірден жаман деу керек.

86. “Қиянат жасағаннан кəпір болған дұрыс қой”- деу де иманға əсер етеді.

87. “Ғылым дəрісінде не жұмысым бар” деп, яки “Ғалымдардың айтқанын орындауға кiмнiң күшi жетедi” деп айтса, немесе фəтуаны мойындамаса жəне “имамның сөзi неге жарайды” - деп айтса, кəпiр болады.

88. Бiр кiсi күпiрге себеп болатын сөз айтса, басқа бiреуі оны қоштап күлсе, айтқан да күлген де кəпiр болады. Күлуге мəжбүр бол-са кəпiр болмайды.

89. Бiр кiсi: “Əулиенің рухтары əрқашан һазыр, олар бiледi” деп айтса кəпiр болады. “Һазыр болады” - деп айтса күпiр болмайды. (Əулиенің рухтары, Аллаһу та’ала сияқты һазыр-назыр /дайын жəне көріп тұра алмайды/ бола алмайды. Тек еске алынған жерде ғана дайын болады. Еске алынғанға дейін ол жерде жоқ еді.)

90. “Исламды бiлмеймiн, білгім де келмейді” - деу.91. Бiр кiсi: “Адам алейһиссалам бидай жемегенде бiз тозақи

болмайтын едiк” - десе кəпiр болады, бiрақ “бiз дүниеде болмайтын едiк” - деп айтса, бұның күпiрлiгiнде ықтималдық бар.

92. Бiр кiсi: “Адам алейһиссалам мата тоқитын едi” деп айтса, мұны естіген адам “онда бiз тоқымашының баласы екенбіз ғой” деп мазақ қылса кəпiр болады.

93. Бiр кiсi кішкентай күнə iстесе, бiреу оған “тəубе ет” деп айт-са, ол “мен тəубе ететiндей соншалықты не iстедiм” деп айтса, кəпiр болады.

94. Бiр кісі басқаға: “Кел Ислам ғалымына барайық” немесе “Фиқһ, илмихал кітаптарын оқып үйренейiк” деп айтса, ол: “Мен бiлiмдi не iстеймiн” - деп айтса кəпiр болады. Өйткенi бiлiмдi менсiнбеу болады.

95. Тəпсiр жəне фиқһ кiтаптарын балағаттаған, бұларды ұнатпаған, жамандаған кiсi кəпiр болады.

96. “Кiмнiң ұрпағысың, ұлтың не, қай сенiмде жəне мазһаб имамың кiм?” деген сұраққа, “Бiлмеймiн” - деп жауап берсе кəпiр болады.

97. Анық харамға халал деп айтқан адам кəпiр болады. (Темекiге харам деп айту қауiптi).

98. Барлық дiндерде харам болған, хикметке терiс болған бiр нəрсенiң халал болуын армандау күпiрлiк болады. Зина, ливата (еркек пен еркектің жыныстық қатынасы), өсiм алып–беру сияқты. Спиртті ішiмдiктiң халал болуын қалау күпiрлiк емес, өйткені барлық дінде арам етілмеген.

99. Қасиеттi Құран Кəрiмдi бос əңгiмелер арасында қолдану жəне əзіл ету күпiрлiк болады.

Page 81: Namaz kitabikz

- 160 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 161 -

НАМАЗ КІТАБЫ

100. Құран Кəрімді мазақ ету, музыка, ойын, өлең арасында Құран Кəрім оқу да күпірлікке жатады.

101. Бiр нəрсенi көргенде «Мəхалақаллаһ» деп айтса мағынасын бiлмейтiн болса кəпiр болады.

102. “Мен сенi қазiр боқтамаймын, балағаттаудың атын күнə деп қойған” деу жаман болады.

103. Бiрi кiсi біреуді жамандау үшін “Əзірейіл” деп айтса перiштенi мазақтаған болады.

104. Ұлымның басы үшiн немесе өзiмнiң басым үшiн сөздеріне биллəһи сөзін қосып, мысалға, “уаллаһи ұлымның басы үшiн” - деп ант етсе, күпiр болады.

105. Құран Кəрімдi, мəуліттi жəне илаһи өлеңдердi музыка тартқан кезде оқу немесе музыкалық аспаптармен оқу күпiр бола-ды.

106. Құран Кəрімдi, мəуліттi жəне илаһи өлеңдердi, салауат шəрiфтердi, харам істелінетін жиындарда құрметпен оқу харам бо-лады. Ойын, күлкi, көңіл көтеру үшiн оқу күпiр болады.

107. Сүннетке сай оқылған азан-ул-Мухаммадинi (азан) тыңдамай оған мəн бермейтiн болса, кəпiр болады.

108. Құран Кəрімге өз ақылымен мағына берген адам кəпiр бо-лады.

109. Құран Кəрім жəне пайғамбардың хадисiнде ашық түрде бiлдiрiлген жəне мужтаһид имамдардың ауызбірлігімен бiлдiрген жəне мұсылмандар арасында белгілі болған иман негiздерiне сай сенбеген адам кəпiр болады. Күпірдің бұл түріне Илхад, осылай сен-гендерге Мүлхид делінеді.

110. Кəпiрге құрметпен сəлем берген кəпiр болады. 111. Кəпiрге құрмет бiлдiретiн бiр сөз айту, мысалға ұстазым

деп айту күпiр болады. 112. Басқа бiреудiң күпiрiне разы болу күпір болады.113. Құран Кəрім жазылған ленталар жəне дисктар да Құран

Кəрім сияқты қасиеттi. Бұларға құрметсiздiк жасау да күпiр болады. 114. Жындармен айналысатын балгерлер мен жұлдызнамаға

қарап сұралған əр нəрсеге жауап бергендерге жəне сиқыршыларға барып, айтқандарына, iстегендерiне сену кейде дұрыс шықса да, Аллаһу та’аладан басқасының барлық нəрсенi бiлгендiгiне жəне барлық қалаған нəрсесiн iстейтiндiгiне сену күпiр болады. (Техноло-гия ғылымдарына сену бұлай емес).

115. Сүннеттi менсiнбеу, мəн бермей тəрк ету күпiр болады.

116. Зуннар дейтiн поптың белбеуін байлау жəне пұттарға, яғни крест, иконаларға, мүсіндерге жəне бұлардың суреттерiне сыйыну, құрмет ету жəне Ислам үкімдерін білдірген дін кiтаптарының бiреуiн аяқасты ету, ислам ғалымдарын мазақ ету, күпiрге себеп болатын сөз айту, құрмет етуіміз əмiр етiлген бiр нəрсені аяқ асты ету күпiр бо-лады.

117. Бiр сиқыршы сиқырымен қалаған нəрсесiн əлбетте жасай-ды, сиқыр мiндеттi түрде əсер етедi деп айтқан жəне сенген адам кəпiр болады.

118. Мұсылман адам өзiне кəпiр дегенге, «Иə, рахмет» деген сияқты қабылдайтын жауап беретiн болса, ол да кəпiр болады.

119. Харам болғаны белгiлi бiр мал-мүлiкпен мешiт салу жəне садақа беру, басқа да жақсылықтар жасап бұлардың нəтижесiнде сауап күту күпiрлiк болады.

120. Бiр кiсi қолындағы харам екендiгi анық болған мал-мүлiктен садақа берсе жəне одан сауап күтсе, алған кедей харамнан болғандығын бiле тұра бергенге “Аллаһ разы болсын” деп айтса, берген кісі немесе басқа бiреу “əумин” деп айтса барлығы кəпiр бо-лады.

121. Некелесуi харам болған əйелмен үйленуге халал деген кəпiр болады.

122. Шарапханаларда, ойынханаларда, күнə iстелетін жиындар-да радиомен, микрафонмен Құран Кəрім жəне мəуліт тыңдай отырып рахаттану күпірлік болады.

123. Құран Кəрімдi музыка ойнап тұрып оқу күпiрлiк болады. 124. Радиодан немесе микрофоннан оқылып жатқан Құран

Кəрiмге құрметсiздiк жасау күпiрлiк болады.125. Аллаһу та’аладан басқасына не мақсатпен болсын, жарату-

шы деп айту күпiрлік болады. 126. Абдулқадыр деп айтудың орнына Абдулқойдыр деп айту

күпiр болады. Абдулазиз орнына Абдулузейз, Мұхаммед орнына Мамбет, Ибрахим орнына Ибо деп айту да күпір болады. Бұл аттар-ды аяқ киiмге жазғандардың жəне оның үстiне басқандардың иман-дары кетуi мүмкiн.

127. Дəретсiз болғандығын бiле тұра намаз оқу немесе сүннет болған бiр iстi ұнатпау күпiр болады. Сүннетке мəн бермеу күпiр бо-лады.

128. Надандардың “Басқа адамдардың əулиенi жаратушы деп ойлауларынан қорыққандығымыз үшiн кесенелердi бұзып жатыр-мыз” - деген сөздерi күпiр болады.

Page 82: Namaz kitabikz

- 162 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 163 -

НАМАЗ КІТАБЫ

129. Басқаның, əсiресе өз баласының кəпiр болуына себеп болған кісі кəпiр болады.

130. “Зинаға, ливатаға дінімізде рұқсат етілген” деу күпiрлік.131. Аят - хадиспен жəне ижмамен бiлдiрiлген харамға мəн бер-

меу күпiр болады.132. Үлкен күнəларды iстеуді жалғастыру күпiрге алып барады.

Намазға мəн бермеу күпiр болады.133. Үстiнде Ислам əрпімен жазылған қағазды, орамалды, жай-

намазды жерге тастау (қорлау үшiн жерге жаю немесе пайдалану) күпiр болады.

134. “Əбу Бəкiр Сыддық пен Омар Фаруқтың (радыяллаһу анһум) халифалыққа ақылары жоқ едi”- деп айту күпiр болады.

135. Аллаһу та’аладан басқа өлген адамнан бiр нəрсе сұрау күпiр болады.

136. Аллаһу та’алаға “Жомарт Ата”- деп айту өте жағымсыз жəне күпiрге себеп болады.

137. Өлiктi топыраққа жерлеу парыз болғаны үшiн бұл парызға мəн бермей қызметтен қашқанның жəне ғылымды, технологияны сылтау етiп “Өлiктердi көму артта қалғандықтың белгісі, будда, брах-ман, коммунистер сияқты өлiктердi өртеу көмуден гөрi тиімдірек” - деген адамның иманы кетедi, мүртəд болады .

138. Аллаһу та’аланың тірі немесе қайтыс болған əулиелеріне тіл тигізу күпiрлік болады.

139. Əулиеге немесе iлiмiмен амал ететiндерге дұшпан болу күпiр болады.

140. Əулиелерде исмет (күнəсiз болу) сипаты бар деп айту күпiр болады. (Исмет сипаты тек пайғамбарларда ғана болады).

141. Батын (көрінбейтін ішкі жан-дүние, көңіл, рух) ғылымынан нəсібі болмағанның имансыз кетуінен қорқу керек. Бұдан нəсіп алудың ең төмені бұл ғылымға сену.

142. Құран Кəрімдi дiн ғұламалары көрсеткендей оқымау, мағынасы бұзылмаса да күпiр болады.

143. Поптардың жəне басқа дін өкілдерінің ғибадаттарына тиiстi болған нəрсесін пайдалану күпiр болады.

144. Əлемнің өздігінен пайда болғанына сену жəне жануарлардың бір жасушадан көп жасушалыға, осылайша адамға айналуына сену күпiр болады.

145. Намазды бiле тұра оқымастан қаза етудi ойламаған, бұл үшiн азапталатынына қорықпаған адам ханафи мазһабында кəпiр болады.

146. Кəпiрлердiң ғибадаттарын, ғибадат ретінде орындау, мыса-лы, шiркеулерде қолданылған орган сияқты музыка аспаптарын жəне қоңырауларды мешiттерде шалу жəне Исламның кəпiрлiк белгiсi санаған нəрселердi мəжбүр болмаған кезде пайдалану күпiр болады.

147. Сахабаларды боқтағанға мүлхид деп айтылады. Мүлхид кəпiр болады.

148. Кəпiрлердiң суреттерiн биiк жерге қойып құрмет көрсету күпiр болады.

149. Суретте, мүсiнде жəне крестте немесе жұлдыз, күн, сиыр сияқты кез келген бiр нəрсенің құдайлық (ғибадат ететiн) сипаты болғандығына сенiп, мысалы, қалағанын жаратады, əрi қалағанын iстейдi, ауруға шипа бередi деп құрмет ету күпiрлік болады.

150. Хазреті Айшаны жеңіл жүрісті деп жала жапқан жəне əкесiнің сахаба болғандығына сенбегендер кəпiр болады.

151. Иса (алейһиссаламның) көктен түсетiндiгi анық. Бұған сен-беген кəпiр болады.

152. Құран Кəрім жəне хадис шəрифте жəннат пен сүйiншiленген он кiсiге кəпiр деп айту күпiр болады.

153. Технологияның, тəжірибенің тысында болған, олармен бай-ланысы болмаған аяттарды технологияға сəйкестендiру, бұрмалау, Сəлəф-ус-салихин деп аталатын (4 мазһабтың имамдары да арала-рында болған) алғашқы үш ұрпақтың тəфсирлерiн ауыстырып, басқа мағынаға бұрмалау үлкен күнə болады. Осылай аударғандар иманын жоғалтуы мүмкін.

154. Мұсылман деп айтылған қыз бала балиғат жасқа толғанда мұсылмандықты бiлмейтiн болса, кəпiр болады. Еркек те осы сияқты.

155. Мұсылман əйелдiң басы, қолдары жəне аяқтары ашық көшеге шығуы, еркектерге көрсетуi харам, күнə болады. Бұған мəн бермесе иманы кетіп, кəпір болады.

156. Пайғамбарымыз алейһиссалам бiлдiрген парыз жəне ха-рамдар да, Құран Кəрімде ашық бiлдiрiлген парыздар, харамдар сияқты маңызды. Бұларға да сенбеген, қабылдамаған адамдар дiннен шығады.

157. Рүкудегі тəсбихте (Зы) əрпімен (азым) деп айту, «Раббым үлкен» деген мағынаны береді. Егер жiңiшке (Зе) əрпімен (азим) деп айтылса, (Раббым менiң дұшпаным) деген болады жəне намазы бұзылады. Мағына бұзылғандығы үшiн күпiрге де себеп болады.

158. Құран Кəрімдi өлең сияқты созып, мағынасын бұзып оқыған қариға “қандай тамаша оқыдың” деп айтқан кiсiнiң иманы

Page 83: Namaz kitabikz

- 164 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 165 -

НАМАЗ КІТАБЫ

кетедi. Тек “дауысы тамаша” деп айтқысы келген адам кəпiр болмай-ды. Төрт мазһабта харам болған бiр нəрсеге, “тамаша, жақсы” деген адам кəпiр болады.

159. Перiштелердiң немесе жындардың бар болғанына сенбе-гендер кəпiр болады.

160. Құран Кəрім аяттарына ашық, мəшһүр мағыналар беріледі. Бұл мағыналарды ауыстырып, батынилерге (исмаили) ұқсағандар кəпiр болады.

161. Сиқыр iстегенде күпiрге себеп болған сөз немесе iс-əрекет болса күпiр болады.

162. Мұсылманға «ей, кəпiр» деген немесе мұсылманға «ей ма-сон» немесе «коммунист» деген кісі оны кəпiр деп сенетiн болса, өзi кəпiр болады. Өйткені, бұл сөздердің мағынасы кəпір дегенді білдіреді.

163. Ғибадаттарды iстеген кiсi, иманының бұзылуына күмəнданса жəне «күнəм көп, ғибадаттарым менi құтқармайды» деп ойласа, иманның күштi болғандығынан. Иманының жалғасатындығына күмəнданғандар кəпiр болады.

164. Пайғамбарлардың анық санын айту, жай адамды пайғамбар қатарына қосып қою немесе хақ пайғамбарды жоққа шығартуға се-беп болатындығынан күпiр болады. Өйткенi пайғамбардың бiреуiн мойындамау бəрін мойындамаумен бірдей. Ғұламалар жүз жиырма төрт мыңға жақын деп білдірген.

Ер немесе əйел адам мұсылман ғалымдарының бiр ауыздан күпiрге себеп болатынын білдірген бiр сөздiң немесе iстiң күпiрге себеп болғанын бiле тұра, əдейі қорқытпастан, өз қалауымен шын немесе қалжыңдап күлдiру үшiн айтса, мағынасын түсiнбесе де има-ны кетедi. Мүртəд болады. Бұны Куфри инади деп айтады. Куфри инадимен мүртəд болғанның алдынғы ғибадаттарының сауаптары жойылады. Тəубе етсе де сауаптары қайта келмейді. Бай болса, қайта қажылыққа баруы керек. Мүртəд болған кездегі оқыған намаздары, оразалары, зекеттерi қаза етiлмейдi. Мүртəд болғаннан бұрынғы оқымағандарын қаза етедi. Тəубе ету үшiн тек қана кəлима шаһадат айту жеткiлiктi емес. Күпiрге себеп болған сол ісіне/сөзіне де тəубе етулерi керек. Исламда қай есіктен шыққан болса, сол есіктен қайта кіруі керек. Егерде күпiрге себеп болатынын бiлмей айтса, iстесе не-месе күпiрге себеп болатынын ғалымдар бір ауыздан білдірмеген бiр сөздi əдейі айтатын болса иманның кетуi, некесiнiң бұзылуы күмəндi болып қалады. Əр ықтималға қарсы жаңадан иман етуi жəне некелесуі жақсы болады. Бiлместен айту күфр-и жаһли болады. Бiлмегенi үзiр

емес (кешірімді емес), үлкен күнə болады. Өйткенi əрбiр мұсылманға бiлуi керек болған нəрселердi үйренуi парыз. Күпiрге себеп болған сөздi қателесiп, жаңылысып немесе бір дəлелге сүйеніп айтқанның иманы жəне некесi бұзылмайды. Бiрақ тəубе етiп иманын жаңалауы жақсы болады.

Бiр кəпiр кəлимаи тауһид айтумен мүмин болғаны сияқты, бiр мүмин де қауіпті бiр сөз айтумен кəпiр болады.

Мұсылманның бiр сөзiнде немесе iсiнде жүз мағына болатын болса, яғни жүз нəрсе түсіндірілсе бұлардан бiреуi ол кiсiнiң иман-ды екендiгiн, тоқсан тоғызы кəпiр екендiгiн бiлдiрсе ол кiсiнiң мұсылман екендiгiн айту керек. Яғни күпiрлiктi бiлдiрген сипаттарға қаралмайды. Иманды бiлдiрген мағынаға қаралады. Бұл сөздi қате түсiнбеу керек. Бұл мəселеде екi нəрсеге мəн беру керек. Біріншісі, бұл сөздің немесе iстің иесi мұсылман болу керек. Бiр француз Құран Кəрiмдi мақтаса, бiр ағылшын Аллаһ бiр дейтiн болса бұларға “мұсылман екен” деп айтылмайды. Екіншісі, “бір сөзінің немесе бір iсінің жүз мағынасынан бірі иманды көрсетсе” делінді. Əйтпесе, кісінің бір ісі иманды екенін басқа ісі күпірлігін көрсетіп тұрса, оған мұсылман деп айтылмайды.

Əрбiр мұсылман таңертең жəне кешке мына иман дұғасын оқуы керек: «Аллаһумма инни аузу бикə мин əн ушрикə бикə шəйəн. Уə əнə аълəму уа əстəғфирукə лимə лə-аъламу иннəкə əнтə алламул ғуюб».

«Аллаһуммə инни уриду əн ужəддидəл иманə уəнникаһə тəждидəн биқаули лə илаһə иллəллаһ Мухаммадун расулуллаһ» дей отыра тəубе, иман жəне некесiн жаңалауы керек.

Иманнан айырылмаудың жолдары:

1. Ғайыпқа иман ету керек.2 . Ғайыпты тек Аллаһу та’ала жəне оның бiлдiргендерiнің

білетіндігіне сену керек.3 . Харамды харам деп сену керек.4. Халалды халал деп сену керек. 5. Аллаһу та’аланың азабына ұшырамаймын деп сенімді бол-

май, əрдайым қорқу керек.6. Аллаһу та’аланың рахымдылығынан үмiт үзбеу керек. Мүртəд болатын нəрселерді мойындамау да тəубе бола-

ды. Мүртəд тəубе етпей өлсе, тозақ отында мəңгi азап шегедi. Сондықтан күпiрден көп қорқып, аз сөйлеу керек. Хадис шəрифте:

Page 84: Namaz kitabikz

- 166 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 167 -

НАМАЗ КІТАБЫ

«Əрдайым қайырлы, пайдалы нəрсені айтыңдар. Немесе үндемей отырыңдар»- делінген. Ақылға қонымсыз, адамдық қасиетке терiс нəрселердi iстеуден алыс болу керек. Өзін күпiрлiктен сақтау үшін əрдайым Аллаһу та’алаға дұға ету керек.

Иманды бола тұра имансыздыққаалып баратын нəрселер:

1. Бидғатшы болу. Яғни ақидасы дұрыс болмау. Əһли сүннет ғалымдарының белгiлеген жолынан сəл де болса шыққан адам бидғатшы немесе кəпiр болады.

2. Əлсiз, яғни амалсыз иман.3. Тоғыз мүшесін тура жолдан шығару.4. Үлкен күнə iстеуді жалғастыру.5. Ислам нығметiне шүкiр етуді тоқтатып қою.6. Ахыретке имансыз кетуден қорықпау. 7. Зұлымдық жасау.8. Сүннетке сай азан айтылғанда оны тыңдамау.9. Əке-шешеге қарсы келу, тiлiн алмау.10. Дұрыс болса да, өте көп ант iшу.11. Намазда тадил-ул-əрканды тəрк ету.12. Намаз үйренуге жəне бала-шағасының оқуына мəн бермеу,

намаз оқығандарға кедергi жасау.13. Спиртті ішімдік iшу.14. Мұсылмандарға зұлымдық жасау.15. Өтіріктен өзін əулие, ғұлама танытып пəтуа беру.16. Iстеген күнəсiн ұмыту, оны елемеу.17. Кiбiрлi болу, яғни өз-өзiн ұнату.18. Ужб, яғни білімім, істеп жатқан амалым жеткiлiктi деу.19. Мұнафиқтық, екi жүздi болу.20. Дiн бауырының жақсылықтарын көре алмау, қызғану.21. Үкіметінің жəне ұстазының дінге қайшы болмаған сөзін

орындамау.22. Бір кісіні танымай тұрып жақсы деу.23. Өтірік айтудан қайтпау.24. Ғұламадан, ілімнен қашу.25. Мұртын сүннет мөлшерінен ұзын қылып өсiру.26. Еркектердiң жiбек киiм киюi.27. Ғайбат айтудан қайтпау.28. Кəпiр көршiсiне күн көрсетпеу.

29. Дүниелiк нəрселер үшiн қатты ашулану.30. Пайызға ақша берiп, ақша алу.31. Мақтаныш үшін көйлегінің жеңін, етегін тым ұзарту.32. Сиқыр жəне балгерлікпен айналысу.33. Мұсылман жəне салих болған махрем туыстарымен арала-

спау.34. Аллаһу та’аланың жақсы көрген құлдарын жек көру, ислам-

ды бұзғысы келгендерді жақсы көру. [ХУББУ ФИЛЛАҺ, БУҒДУ ФИЛЛАҺ иманның шарты.]

35. Мұсылман бауырымен үш күннен артық өштесу.36. Зина, некесіз қатынастан тиылмау.37. Ливата (гомосексуалдық) жасап, оған тəубе етпеу.38. Азанды фиқһ кітаптары білдірген уақыттарда жəне сүннетке

сай оқымау. Сүннетке сай айтылған азанды құрметпен тыңдамау. 39. Харам істелiнiп жатқандығын көрiп тұрып, күші жетсе де

жұмсақ тілмен кедергі болмау.40. Əйелінің, қызының жəне насихат беру құқына ие болған

əйелдердің басы, қолдары, аяқтары ашық, сəнденіп, иіс су сеуіп көшеге шығуына, жаман адамдармен кездесуіне разы болу.

Үлкен күнəлар

Жетпіс екі үлкен күнə. Олар мыналар:

1. Себепсiз адам өлтiру.2 . Зина жасау.3. Ливата жасау.4. Шарап жəне спиртті ішімдіктер ішу. (Пиво ішу харам) 5. Ұрлық жасау.6. Кайф үшін наркотик қолдану.7. Бiреудiң дүниесiн күшпен тартып алу.8. Өтiрiк жерге куəгер болу.9. Рамазан айында себепсiз адамдардың алдында тамақ жеу. 10. Пайызға ақша берiп, ақша алу.11. Көп ант iшу.12. Əке-шешеге қарсы келу, тiлiн алмау.13. Мұсылман жəне салих болған туыстарымен араласпау.14. Соғыс уақытында соғыстан қашу.15. Жетiмнiң дүние-мүлкiн жеу.

Page 85: Namaz kitabikz

- 168 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 169 -

НАМАЗ КІТАБЫ

16. Сауда-саттықта таразыдан жеу.17. Намазды уақытынан бұрын немесе кейiн оқу18. Мұсылман бауырын ренжiту. (Қағбаны бұзудан да ауыр күнə.

Аллаһу та’аланы ренжітетін күпірліктен кейін көңіл ренжітуден ауыр күнə жоқ.)

19. Пайғамбарымыз айтпаған сөзiн айтып, хадис деп жала жабу.

20. Пара алу.21. Дұрыс куəгерлiктен қашу.22. Дүние мүлкiнiң зекетiн, ушрын бермеу.23. Күшi жетiп тұрса да харам, күнə істегендерді көріп кедергі

болмау.24. Тiрi жануарды отқа жағу.25. Құран Кəрiмдi үйренген соң, оқуын ұмыту.26. Аллаһу та’аланың рахметiнен үмiтін үзу.27. Мұсылман болсын, кəпір болсын адамдарға қиянат жасау.28. Шошқа етiн жеу.29. Хазреті Пайғамбарымыздың асхабынан біреуін болса да жа-

ман көру, олар жайында жаман сөз айту. 30. Қарны тойса да тамақ жеу.31. Əйелдiң күйеуiмен бiрге болмас үшiн үйден безуі.32. Əйелдiң күйеуiнiң рұқсатынсыз үйден шығып қыдыруы.33. Əдептi, намысты əйелді зинақор деу.34. Нəмимə, яғни адамдар арасында сөз тасу.35. Əурет жерлерiн басқаларға көрсету. (Ер кісінің кіндік пен

тізе арасы, əйелдің шашы, қолы, аяғы да əурет жер болып саналады.) Бiреудiң əурет жерiне қарау да харам.

36. Өлексені жеу жəне бiреуге оны жегiзу.37. Аманатқа қиянат жасау.38. Мұсылман адамды ғайбаттау, яғни артынан сөйлеу.39. Хасед ету, яғни көре алмаушылық.40. Аллаһу та’алаға серiк қосу.41. Өтiрiк айту.42. Кiбiрлену, тəкаппарлық.43. Өлейін деп жатқан жанның мирасқорынан дүние-мүлкін

қызғануы.44. Бахылдық, яғни көре алмаушылық, қызғаншақ болу. 45. Дүниеге деген махаббат.46. Аллаһу та’аланың азабынан қорықпау.47. Харам нəрсенi харам деп санамау.

48. Халал нəрсені халал деп сенбеу.49. Балгерлердің айтқанына, ғайыптан беретін хабарларына

сену.50. Дiннен шығу, мүртəд болу.51. Бiреудiң əйелiне, қызына себепсіз қарау.52. Əйелдердің еркек киiмiн киюі. 53. Еркектердің əйел киiмiн киюі.54. Қағбада күнə iстеу.55. Уақытынан бұрын азан айтып, намаз оқу.56. Ел басқарушылардың бұйрықтарына, заңдарына қарсы

шығу.57. Əйелiнiң əурет жерлерін өзiнiң анасының əурет жерлеріне

ұқсату.58. Əйелiнiң, анасын балағаттау.59. Қарумен бір-бірін дəлдеу. 60. Иттен қалған жуындыны iшiп-жеу.61. Жасаған жақсылығын мiндетсiну.62. Еркектердің жібектен киім кию.63. Сауатсыздықта аяқ тіреп тұру. Жахылдықтан қайтпау. (Əһли-

сүннетке сай сенімді, фарздарды, харамдарды жəне қажет болған білімді үйренбеу.)

64. Аллаһу та’аланың атынан жəне исламның рұқсат берген есімдерінен басқа нəрселермен ант iшу.

65. Бiлiм үйренуден қашу.66 Сауатсыздықтың (надандықтың) зиян, жаман екендiгiн

аңғармау, түсінбеу.67. Кішкентай күнə iстеуді жалғастыру, одан тартынбау.68. Ешқандай себепсіз, яғни ешқандай мəжбүр етілмесе де,

қарқылдап күлу.69. Бір намаз уақытын өткізіп жіберетіндей уақыт жүнiп болып

жүру.70. Əйелдiң хайз немесе нифас (босанғаннан кейінгі) халiнде

жақындасу.71. Тағанни ету. Əдепсiз өлеңдер айту, музыка аспаптарын

қолдану.72. Өзін-өзі өлтіру, өз өміріне қастандық жасау.Мута некесi, яғни уақытша неке харам. Əйелдердiң, қыздардың

басы ашық, қол-аяқтарын көрсетiп көшеге шығулары харам болуы-мен бірге тар, жұқа, əшекейлі, иiс су себілген киiммен шығулары да харам.

Page 86: Namaz kitabikz

- 170 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 171 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Тар киiм киіп, əурет жерлері белгілі болып тұрған əйелге шахуетсіз қарау да харам. Бөтен əйелдердің іш киімдеріне шахуетпен қарау харам. Шахуетке, харамға себеп болатын сурет салу, түсіру, пе-чаттау харам. (Харам нəрселерге, “не болыпты сонша деу” күпірлік болады.)

Дəрет жəне ғұсылда қажетінен артық су қолдану ысырап болып, харам болады.

Өткен əулиелерге тіл тигізу, оларға надан деу, олардың айтқан сөздерінен ислам дініне қайшы келетін мағыналар шығарып жамандауға тырысу, өлгеннен кейін де керемет көрсететіндігіне сенбеу, өлген соң əулиеліктері бітеді деп ойлау жəне адамдардың олардың қабірлерімен берекеттенуіне кедергі болу, мұсылмандарға суизан ету (жаман ойлау), зұлымдық жасау, дүние-мүлкін тартып алу, хасед ету (көре алмау), жала жабу (ол адамда болмаған жамандықты бар деу), өтірік айту, ғайбат айту сияқты істер харам болады.

Төмендегi он нəрсе соңғы демде имансыз

кетуге себеп болады:

1. Аллаһу та’аланың қойған əмірі мен тыйымдарын үйренбеу.2. Иманын Əһли сүннетке сай дұрыстамау.3. Дүние-мүлкіне, атағына құмар болу.4. Адамдарға, жануарларға, өзiне зұлымдық қылу.5. Аллаһу та’алаға жəне жақсылықтың келуіне себепші

болғандарға шүкір/рахмет етпеу.6. Имансыз болудан қорықпау.7. Бес уақыт намазды уақытылы оқымау.8. Пайызға ақша берiп, ақша алу.9. Дiндар мұсылмандарды төмен көру, менсiнбеу. Оларды дүние

ағысынан керi қалғандар деп айту.10. Ұятсыз сөздер айту, жазулар жазу жəне суреттер салу.

Əһли сүннет ақидасында болу үшін мына жайттарға мəн беру керек:

1. Аллаһу та’аланың сипаттары бар, олар затынан бөлек.2. Иман артып-кемiмейдi.3. Үлкен күнə iстеумен иман кетпейдi.4. Ғайыпқа иман шарт.5. Иман тақырыбында қияс болмайды.

6. Аллаһу та’ала жəннатта көрiнедi.7. Тəуеккел ету иманның шарты.8. Ғибадаттар иманның бiр бөлiгi емес.9. Тағдырға иман, иманның шарты.10. Амалда төрт мазһабтың бiрiнде болу шарт.11. Сахабаларды, əһли бəйттi (пайғамбар ұрпағын) жəне хазреті

Пайғамбарымыздың əйелдерiнің барлығын құрмет тұту шарт.12. Төрт халифаның дəрежелерi, халифалық кезегiне байланы-

сты.13. Намаз, ораза, садақа сияқты нəпіл ғибадаттардың сауабын

басқаларға бағыштау жаиз.14. Миғраждың - рух жəне денемен болғанына сену.15. Əулиелердiң көрсеткен кереметтерi хақ.16. Шапағат хақ.17. Мəсiнiң үстiне мəсһ ету жаиз.18. Қабiрде сұрақ сұралады.19. Қабiр азабы рухқа жəне денеге бірдей болады.20. Адамдарды жəне олардың iс-əрекеттерiн Аллаһу та’ала жа-

ратады. Адамда ирадаи жүзийа деген қалау сипатының азғана бір мөлшері бар.

21. Ризық халалдан да, харамнан да болады.22. Əулие кiсiлердiң рухтарымен тавассул етiледi жəне олардың

құрметіне деп дұға етiледi.

Жаман мiнездер:

1. Күпiр.2. Надандық.3. Айыпталудан қорқып ақиқатты жасыру.4. Мақтағанды жақсы көру.5. Ақидасы бұрыс болу. (Қате иман)6. Хава-и нафс, яғни нəпсiнiң қалауларына еріп жүру.7. Басқаларға еліктеген иман. (Танымайтындарға еліктеу)8. Рия, ахырет iстерiн мақтаныш жəне абыройы үшiн iстеу.9. Тул-и амал. (Өмiрдiң қызығын көру үшiн ұзақ өмiр сүруді ар-

мандау)10. Тама’. (Дүние ляззаттарын харам жолдардан iздеу)11. Кібірлік. (Өзiн жоғары санау, тəкəппарлық)12. Тəзəллүл. (аса қарапайымдылық)13. Ужб. (Iстеген жақсылық пен ғибадаттарына менменсу)

Page 87: Namaz kitabikz

- 172 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 173 -

НАМАЗ КІТАБЫ

14. Хасед. (Қызғаныш, көре алмаушылық, нығметтердің басқалардан кетуін қалау. Абуллайс Самарқанди: «Үш кiсiнiң дұғасы қабыл болмайды, олар - харам жеген, ғайбат айтқан, ха-сед еткендер» деген.)

15. Хықд. (Басқаларды төмен санау)16. Шаматат. (Өзгенің басына келген қиыншылықа, пəлекетке

қуанып, шаттану)17. Хиджр. (Достық қарым-қатынасты үзу)18. Жүбн. (Қорқақтық) 19. Тахаввүр. (Ашулы мiнездiң көп жəне зиянды болуы.) 20. Ғадр. (Берген сөзiнде тұрмау.)21. Қиянат. (Мүнафиқтықтың белгісі; сенімділікті бұзатын сөз

не іс.)22. Уəдесін бұзу. (Хадис шəрифте: «Мүнафиқтың белгісі

үшеу: өтірік айту, берген сөзін бұзу, аманатқа қиянат жасау» делінен.)

23. Су’и зан. (Су’и зан /жаман ойда болу/ ету харам. Күнəларының кешірілмейтіндігін ойлау Алла та’алаға суи’ зан ету болады. Мұсылмандарды пасық деп ойлау да суи’ зан болады.)

24. Дүние мүлкіне деген махаббат.25. Тасвиф. (қайырлы iстердi iстеудi кешiктiру, кейінге қалдыру.)

Бiр хадисте: «Бес нəрсе келмей тұрып бес нəрсенiң қадiрiн бiлiңдер: өлместен бұрын өмiрдiң қадiрiн, ауырмай тұрып денсаулықтың қадiрiн, дүниеде ахыретті жақсартудың қадiрiн, қартаймай тұрып жастықтың қадiрiн, кедейліктен бұрын байлықтың қадiрiн» - деп айтылған.

26. Пасықтарды, яғни харам істейтін адамдарды жақсы көру. (Пасықтықтың ең жаманы зұлым ету.)

27. Ғалымдарға дұшпан болу. (Ислам ілімдері жəне ғалымдарымен əзілдеу күпір болады.)

28. Фитна шығару. (Адамдарды қиын жағдайға түсіретін бүлік шығару.) Хадис шəрифте: «Фитна ұйқыда, оны оятқан кiсiге лағнет (қарғыс) болсын» - делiнген.

29. Мүдахане жəне мүдаара. (Күшi жете тұра харам істегенге кедергі болмау жəне дүниесі үшiн дінін беруге мүдахане делінеді. Діні үшін дүниесін беру мүдаара болады.)

30. Инад жəне мүқабара. (Ақиқатты, дұрыс нəрсенi естiп, қабыл етпеу, қырсығу.)

31. Нифақ. (Екi жүздiлік.)

32. Тəфаккур етпеу. (Күнəларын, жаратылғандарды жəне өзін ойламау.)

33. Мұсылманға беддуға ету (қарғау).34. Мұсылманға жаман лақап ат тағу.35. Кешірім сұрағанды кешірмеу. Кешірімді болмау.36. Құран Кəрiмдi қате тəфсир ету. 37. Харам нəрсе iстеуден қайтпау.38. Ғайбат айту 39. Тəубе етпеу.40. Абырой-атаққұмарлық. Жаман мінездерден алыс болып, жақсы мінезді болуға ұмтылу

керек. Хазреті Пайғамбарымыздың алейһиссалам хадистерінде: «Ғибадаттары аз болған кісі, жақсы мiнезiмен қиямет күнi биiк дəрежелерге жетедi.»

«Ғибадаттардың ең оңайы жəне ең пайдалысы, аз сөйлеу жəне жақсы мiнездi болу.»

«Сенен ұзақ жүргендерге жақын болу, зұлымдық еткендерді кешіру, сені мақрұм еткендерге жақсылық жасау – жақсы мінезді болудың белгілері.»

Page 88: Namaz kitabikz

- 174 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 175 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Тоғызыншы бөлiм

НАМАЗ СҮРЕЛЕРI ЖƏНЕ ДҰҒАЛАРЫ

Сүре жəне дұғаларды кирилл əріптерімен жазуға бола ма?

Сүрелер мен дұғаларды кирилл əрiптерiмен жазуға тырысқанымызбен дұрыс жазылмайды. Кирилл əріптеріне қанша белгi қойсақ та сүрелер мен дұғаларды дұрыс оқу мүмкін емес. Бұларды Құран Кəрімдегі əріптер сияқты оқи білетін адамның оқытуы жəне үйретуі қажет. Бұл нəрсе үйретушінің Құран кəрімді таныту, үйрету мүмкіндігі мен нығметіне қол жеткізуіне себепші бо-лады. Бұл нығметтің үлкендігі дүниеде жəне ахыреттегі пайдалары хадис шəриф пен фиқһ кітаптарында көп түсіндірілген, сауабының өте көп екендігі білдірілген.

Сондықтан əрбiр мұсылман өзiнiң балаларын мешiттерге, Құран курстарына жіберуі немесе өзі Құран Кəрім əріптерін жəне бұлардың қалай оқылатындығын жақсылап үйрету арқылы көп сауапқа ие болуға ұмтылуы керек. Бiр хадис шəрифте: «Балалары-на Құран кəрiм үйреткен немесе Құран ұстазына жiберген кiсiге үйретілген Құранның əрбiр əрпi үшiн, Қағбаға он рет барып кел-гендей сауап берiледi жəне қиямет күнi басына дəулет тəжi кигiзiледi. Көрген адамдар қызыға қарайды.» делiнген. Басқа бiр хадис шəрифте: «Балаларына дiнiн үйретпегендер тозаққа бара-ды.» деп бұйырылған.

Намаз сүрелерiнiң мағыналары

Фатиха суресі

Рахман жəне Рахим (Аса қамқор ерекше мейірімді) болған Аллаһтың атымен.

Барлық мақтау бүкіл əлемнің Раббы, Рахман, Рахим жəне қиямет күнінің иесі болған Аллаһқа тəн. Тек Саған ғана ғибадат етеміз, тек Сенен ғана жəрдем тілейміз. Бізді тура жолға, нығмет бергендеріңнің жолына сала гөр. Азапқа ұшырағандардың, адасқандардың жолына емес.

Фил суресі

Рахман жəне Рахим (Аса қамқор ерекше мейірімді) болған Аллаһтың атымен.

(Ей, расулым!) Раббыңның піл иелеріне не істегенін көрмедің бе? Ол олардың айлакерліктерін босқа жібермеді ме? Ол бұлардың үстіне топ-топ құстарды жіберді. Олар оларға (піл иелеріне) күйген кірпіштен (жасалған) тас (-тар) атып жатты. Сонда (Аллаһ) оларды желінген топан тəрізді қылды.

Фил оқиғасы. Хабашстанның патшасы Нəжашидiң Йемен əкiмi болған Абраха деген адамы бар едi. Абраха адамдардың Меккеге ба-рып, Қағбаны зиярат етуден қайтару үшiн Сана қаласында үлкен əрi əдемi бiр шiркеу салдырады. Бiрақ ол өзiнiң мақсатына жете алмай-ды. Қағбаға баратындар ол шіркеуге бармайды. Тіпті, Фуқайм тайпа-сынан болған Нуфейл атты жас жігіт Абраханың салдырған шiркеуiн ластап кетедi. Абраха, осы оқиғаны сылтау етiп, көп əскер жинап, Меккеге қарай жүреді. Əскерiнiң алдында Нəжашиден алған үлкен бiр пiл болған. Ол пiлі жəне əскерi арқылы жеңiске жететiндiгiне сенiмдi едi.

Мекке қаласына кірер кезде əлгi пiл жерге жатып алып, орны-нан қозғалмайды. Қанша тырысса да оны Меккеге қарай беттете ал-майды. Ал басқа жаққа қарай бұрса, орнынан тұрып, жүгірiп кетуге дайын едi. Дəл осы кезде Аллаһу та’ала Абраханың əскерiне Əбабил атты құстарды жiбередi. Құстар тұмсықтарында жəне аяқтарындағы тастарды Абраханың əскерлерінің үстіне тастайды. Аят кəримада айтылғандай (“Сонда оларды желінген топан тəрізді қылды”) жағдайға душар болады.

Осы оқиға болған жылға араптар «Фил жылы» деп ат қойған. Осы оқиғадан 50-55 күннен кейiн хазреті Пайғамбар алейһиссалам дүниеге келедi.

Қурайш суресі

Рахман жəне Рахим (Аса қамқор, ерекше мейірімді) болған Аллаһтың атымен.

Қурайшты амандық пен сау-саламатқа, олардың қыстық жəне жаздық сапарларындағы рахатқа қауыштырғандықтан (ең болмағанда) осы үйдің (Қағбаның) Раббысына ғибадат етсін. Раб-

Page 89: Namaz kitabikz

- 176 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 177 -

НАМАЗ КІТАБЫ

былары оларды ашаршылықта (құтқарып) тамақтандырды, қауіп-қатерден сақтады.

Маун суресі

Рахман жəне Рахим (Аса қамқор, ерекше мейірімді) болған Аллаһтың атымен.

Дінді (Мұсылмандықты) өтірікке шығарғанды көрдің бе? Ол сондай: жетімді жəбірлейді, жоқ-жітікті тамақтандыруға қызықтырмайды. Сондай намаз оқитындарға (мунафиқтарға) нендей өкініш! Олар намаздарын немқұрайлы оқиды. Көрер көзге, атақ үшін оқиды. Ұсақ-түйек (түкке тұрмайтын) заттарын бір-біріне бермейді.

Кəусəр суресі

Рахман жəне Рахим (Аса қамқор, ерекше мейірімді) болған Аллаһтың атымен.

(Хабибим!) Шынында да біз саған Кəусəрді бердік. Сондықтан Раббың үшін намаз оқы, құрбандық шал. Расында саған (нəсілі жоқ) деп тіл тигізгендердің өзі ұрпақсыз қалады.

Түсіндірмесі: Бұл сүре Хазреті Пайғамбарымыз алейһиссаламға берiлген нығметтерi мен оның екi мiндетiн ашықтауда. Аяттағы «Кəусəр» сөзiне Ислам ғалымдары бiрнеше мағына берген. Бiрақ көпшiлiгiнiң айтуы бойынша:

1. Жəннатта бiр өзен немесе көл бар. Оның суы балдан тəттi, сүттен де ақ, қардан да мұздай.

2. Құран Кəрім, өйткені ол дүниелiк жəне ахыреттiк жақсылықтарды жинақтаған кiтап.

3. Хазреті Пайғамбарымыздың пайғамбарлығы.4. Жер мен көкте хазреті Пайғамбарымыз үшiн көп зiкiр мен

мақтау.5. Аллаһ елшiсiнiң балалары жəне артынан ерушiлерi.6. Хазреті Пайғамбардың сахабасы жəне үмбетiнiң iшiндегi

ғалымдары.Хазреті Пайғамбарымыздың ұлы Қасым дүниеден өткен кезде

Ас бин Ваил: «Мұхаммедтiң нəсiлi кесiлдi, оның артында ұрпағы қалмады»- дедi. Мұны басқа мүшріктер де айтқан болатын. Олар мұсылмандардың басына келген қиыншылыққа қуанатын едi. Бұл сүре кəпірлердің қате ойларын жоққа шығарды. Қысқа сүре болғанымен де өте терең мағыналы.

Кафирун суресі

Рахман жəне Рахим (Аса қамқор, ерекше мейірімді) болған Аллаһтың атымен.

Ей, Хабибім! Оларға айт: Əй, кəпірлер, мен сендердің табынғандарыңа (пұттарға) табынбаймын. Сендер де менің ғибадат ететініме (Аллаһу та’алаға) ғибадат етпейсіңдер. Мен сендердің ғибадат еткендеріңе (ешқашан) ғибадат етпегенмін. Сендер де менің құлшылық қылып жатқаныма (ешқашан), құлшылық қылушы емессіңдер. Сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме.

Насыр суресі

Рахман жəне Рахим (Аса қамқор, ерекше мейірімді) болған Аллаһтың атымен.

Аллаһтың жəрдемі жəне жеңіс күні келген кезде, адамдардың Аллаһтың дініне (мұсылмандыққа) топ-тобымен кіргенін көргенде Раббыңды мақтай дəріпте. Одан жарылқау тіле. Негізінен Аллаһ тəубені көп қабыл етуші.

Тəббəт суресі

Рахман жəне Рахим (Аса қамқор, ерекше мейірімді) болған Аллаһтың атымен.

Əбу Лəһəбтің екі қолы құрысын. (Өзі де) құрыды (быт-шыт бол-ды). Оның малы да (Əкесінен қалған мирасы), тапқан малы да өзіне пайда бермеді. Ол, жалындаған отқа кіреді, əйелі де отын көтеруші болып, мойнындағы есілген арқанмен кіреді.

Түсіндірмесі: Бұл сүре Хазреті пайғамбарымызға көптеген зұлымдық қылған Абу Лəһəб пен əйелiнiң бытшыт болып, қатты азапталатындары жайлы хабар берген. Хазреті пайғамбарымыз алейһиссалам Аллаһу та’аладан «туыстарыңды қорқыт» деген əмiр келген соң, Сафа төбесiне шығып, туыстарын жинап оларды Ислам дiнiне шақырды. Осы жерде Абу Лəһəб пайғамбарымыздың айтқанына қарсы шығып, сол жердегiлердiң тарап кетуiне себепшi болған. Абу Лəһəбтың əйелi хазреті пайғамбарымыздың жүретiн жо-лына тiкенек, тікенекті ағаштар əкелiп тастайтын.

Абу Лəһəб хижреттiң екiншi жылында болған Бəдiр соғысында мұсылмандардың жеңісіне шыдай алмай жетi күн қиналып жа-

Page 90: Namaz kitabikz

- 178 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 179 -

НАМАЗ КІТАБЫ

тып жан берген. Денесi тесік-тесік болып, балалары да жақындай алмаған. Өлгеннен кейiн үш күннен соң барып жерге көмiлдi. Бұдан кейiн əйелi де өлiп өзiнiң тиiстi жазасын алды.

Ықылас суресі

Рахман жəне Рахим (Аса қамқор, ерекше мейірімді) болған Аллаһтың атымен.

Ей, Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уə сəллəм)! Оларға айт: Ол Аллаһ - біреу. Ол – Самəд18. Ол тумады да, туылмады. Еш нəрсе Оның теңі (ұқсасы) емес.

Фəлақ суресі

Рахман жəне Рахим (Аса қамқор, ерекше мейірімді) болған Аллаһтың атымен.

(Йа Мұхаммед ˝алейһиссалам˝!) Оларға айт: Жаратқан махлұқтарының кесірінен, қараңғылық басқан сəтте, түннің кесірінен, түйіншектерге дем салатын жəдігөйлердің кесірінен жəне күншілдердің күндеген (күндігін білдірген) кездегі кесірінен арайлы таңның Раббысына сыйынамын.

Нас суресі

Рахман жəне Рахим (Аса қамқор, ерекше мейірімді) болған Аллаһтың атымен.

(Йа, Мұхаммед ˝алейһиссалам˝!) Былай де: Адамдардың Раб-бына, адамдардың патшасына, адамдардың илаһына, мейлі жыннан, мейлі адамнан (болсын) адамдардың көкірегіне уəсуəсə салатын, ол азғырушы шайтанның кесірінен сыйынамын.

Айет-əл Курси

Рахман жəне Рахим (Аса қамқор, ерекше мейірімді) болған Аллаһтың атымен.

Аллаһ, одан басқа еш тəңiр жоқ. (Ол) Тiрi, толық меңгерiп тұрушы. Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегi жəне жердегi нəрселер оған тəн. Оның құзырында өзiнiң рұқсатынсыз кiм шапағат 18 Ешкімге, ешбір нəрсеге мұқтаж болмау, барлық нəрсенің оған мұқтаж болуы.

ете алады? Ол (жаратқандарының) алдарындағы, арттарындағы жасырын жəне ашық барлық нəрсені бiледi. (махлұқтары) Оның ілімінен Ол қалағанынан басқа еш нəрсе бiлмейдi. Оның күрсiсi көктер мен жердi қаптаған. Оған, ол екеуiн (көк пен жерді) қорғау ауыр келмейдi. Ол өте ұлы, аса зор.

Намаз дұғаларының мағыналары

«Субханакə» дұғасы

Ей, Аллаһым! Сені кемшілік сипаттардан пəктеймін. Барлық ке-мел сипаттарымен тавсиф етемін. Мақтауға лайықсың, Саған хамд (шүкір) етемін. Сенің атың ұлы. (Дəрежең өте жоғары)19. Сенен басқа илаһ жоқ.

«Əттəхийəт» дұғасы

Тілмен, тəнмен жəне мал арқылы жасалған барлық ғибадаттар тек Аллаһқа тəн. Ей, Пайғамбар! Аллаһтың сəлемі, игілігі əрі берекеті саған болсын! Сəлем бізге жəне Аллаһтың салих (жақсы) құлдарына болсын. Аллаһтан басқа ешбір илаһ жоқ екендігіне жəне шын мəнінде Мухаммед Аллаһтың құлы, əрі елшісі екендігіне куəлік етемін.

«Салауат» дұғасы

Йа, Аллаһым! Ибраһимге “алейһиссалам” жəне ұрпақтарына игілік еткенің сияқты Мұхаммедке “алейһиссалам” жəне ұрпақтарына да игілік ет. Шын мəнінде Сен мақтаулы жəне аса мақтаулысың.

Йа, Аллаһым! Ибраһимге “алейһиссалам” жəне ұрпақтарына бе-реке бергенің сияқты Мұхаммедке “алейһиссалам” жəне ұрпақтарына да береке бер. Шын мəнінде Сен мақтаулы жəне аса мақтаулысың.

19 Жақша ішіндегі сөйлем тек қана жаназа намазында оқылады.

Page 91: Namaz kitabikz

- 180 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 181 -

НАМАЗ КІТАБЫ

«Раббəнə əтинə» дұғалары

Йа, Раббым! Біздерге дүниеде де, ахыретте де жақсылық бер жəне бізді тозақ отынан сақтай гөр! Ей, біздің Раббымыз! Мені, ата-анамды жəне барлық мүминдерді қиямет күнінде (барлығы жауапқа тартылатын күні) кешіре гөр.

Құнұт дұғасы

Əй, Аллаһым! Шын мəнінде біз сенен жəрдем тілейміз. Күнəларымызды кешіріп, һидайет (тура жолыңа салуыңды) тілейміз. Саған иман келтіреміз. Саған тəубе қыламыз жəне саған тəуекел етеміз, Сені жақсы дəріптейміз. Саған (нығметтеріңе) шүкір етеміз, Саған қарсы келмейміз. Саған қарсы болғандардан аулақ боламыз, араны ашамыз.

Əй, Аллаһым! Тек Саған ғана ғибадат етеміз, намаз оқимыз, сəжде етеміз, сен жаққа асығамыз жəне сыйынамыз. Мейіріміңнен үміт етеміз, əрі азабыңнан қорқамыз. Шын мəнінде азабың ақиқаттарды жасыратын кəпірлерге болады.

Истиғфар дұғасы

Көптеген аяттарда: «Менi көп зiкiр етiңдер» жəне «Иза жəа» сүресiнде «Маған истиғфар етiңдер. Дұғаларыңды қабыл етемiн, күнəларыңды кешiремiн»- делiнген. Аллаһу та’алаға көп истиғфар етуiміз əмiр етілгені осыдан көрiнiп тұр. Сондықтан хазреті Мухам-мед Масум екiншi том, сексенiншi хатында:

«Бұл əмірге ұйып, əр намаздан соң 3 рет истиғфар дұғасын оқимын жəне 67 рет «Əстағфируллаһ» айтамын. Истиғфар дұғасы мынадай: Əстағфируллаһəл азыйм əллəзи ла илаһа илла хууəл һайял қайюма уа əтубу илəйһ. Сiздер де осыны оқыңыздар! Əрбiр айтқанда «Менi кешiре гөр Аллаһым» деп мағынасын ойлап айту керек. Бұл дұға, оқығандарды жəне жанындағыларды дерттерiнен, қиыншылықтарынан құтқарады. Көптеген кiсi оқып пайдасын көп көрдi. Ұйықтарда «Йа Аллаһ, йа Аллаһ» жəне 3-рет «Əстағфируллаһ мин кулли мə карихаллаһ» - деп айтып, ұйықтап қалғанға дейiн қайталау керек.

х.536, м.1142 жылы қайтыс болган Шайхул ислам Ахмед Намық Жами «Мифтахун нажат» кiтабында былай деген: «Бiр кiсi тəубе жəне истиғфар етiп, шарттарын орындаса, əр жүрген жолы жəне əр отырған орны онымен ифтихар (мақтанады) етедi. Ай, күн, жұлдыздар ол кiсi үшiн дұға етедi. Қабірi жəннат бағы болады. Мұндай тəубе нəсiп болмаған кiсi, осылай тəубе еткендермен бiрге болуы керек. Хадис шəрифте: «Ғибадаттардың ең қадiрлiсi əулиенi сүю»- делiнген. Тағы бiр хадис шəрифте: «Тəубе жəне истиғфар еткеннiң барлық күнəсі кешiрiледi»- делiнген. Тəубе көңiлмен бо-лады. Истиғфар тiлмен болады.

Page 92: Namaz kitabikz

- 182 -

НАМАЗ КІТАБЫ

- 183 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Намазда сүрелердің оқылу тəртібі

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

Фил

(5 аят

)

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

оқы

Қурайш

(4 аят

)

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

Маун

(7 аят

)

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

оқы

жоқ

оқы

Каусар

(3 аят

)

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

оқы

оқы

Каф

ирун

(6 аят

)

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

оқы

жоқ

оқы

оқы

оқы

Насыр

(3 аят

)

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

оқы

жоқ

оқы

оқы

оқы

оқы

Тəббет

(5 аят

)

жоқ

жоқ

жоқ

оқы

жоқ

оқы

оқы

оқы

оқы

оқы

Ихлас

(4 аят

)

жоқ

жоқ

оқы

жоқ

оқы

оқы

оқы

оқы

оқы

оқы

Фəлақ

(5 аят

)

жоқ

оқы

жоқ

оқы

жоқ

оқы

жоқ

оқы

оқы

оқы

Нас

(6 аят

)

Филсуресіненкейін (5 аят)

Қурайшсуресіненкейін (4 аят)

Маунсуресіненкейін (7 аят)

Каусарсуресіненкейін (3 аят)

Кафирунсуресіненкейін (6 аят)

Насырсуресіненкейін (3 аят)

Тəббетсуресіненкейін (5 аят)

Ихлассуресіненкейін (4 аят)

Фəлақсуресіненкейін (5 аят)

Нассуресіненкейін (6 аят)

Намаз

Мұсылманның əр күн сайын бес рет намаз оқуы парыз. Намаз - дiннiң тiрегi. Бiр намазды уақытында оқи алмаған кiсiнiң дереу қазасын өтеуi де парыз болады. Бiр намазын оқымаған, қазасын да өтемеген кiсi мыңдаған жыл тозақ отына жанады. Ал намазға мəн бермеген, мiндет екенiне сенбеген кісі мүртəд болады, иманы кетедi. Тозақ отында шексiз жанады. Намаз тұрып оқылады. Тұра алмаған ауру кiсi отырып оқиды. Отыра алмайтын ауру жатып, ишара мен оқиды. Бұған да шамасы келмесе исқат iстелiнуi үшiн өсиет етедi. Бай туысы болмағанның көршiлерi исқат iстеп оны тозақтан құтқарады. Мұсылмандардың мұсылман көршiлермен араласып тұруы керектiгi осыдан да көрiнiп тұр.

Намазда тұруға «қиям», еңкеюге «рүку», басын жерге қоюға «сəжде», отыруға «қадə» делiнедi. Бұл төртеуi- намаздың рүкіндерi, рəкаттары. Таң намазы төрт рəкат, екеуi сүннет, екеуi парыз. Бесiн намазының алғашқы төрт рəкаты сүннет, төрт рəкаты парыз, екi рəкаты соңғы сүннет, екiндiнiң төрт рəкаты сүннет, төрт рəкаты парыз, шам намазының үш рəкаты парыз екi рəкаты сүннет, құптанның алғашқы төрт рəкаты сүннет, төрт рəкаты парыз, екi рəкаты соңғы сүннет, күннің соңында оқылатын үш рəкат та үтiр уəжiп намазы.

Page 93: Namaz kitabikz

- 184 -

НАМАЗ КІТАБЫ

Сдано в печать 25.07.2011 г. Подписано к печати 25.07.2011г.

Гарнитура «Times New Roman». Печать офсетная. Бумага офсетная. Тираж 2000 экз. Заказ № 031

Цена договорная Отпечатано ТОО- «Euro Print»