98
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Г.И.САЛҒАРАЕВА, Ж.Б.БАЗАЕВА, А.С.МАХАНОВА «ІТ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ПРАКТИКУМЫ» Оқу құралы «Қыздар университеті» баспасы Алматы, 2015

«ІТ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ПРАКТИКУМЫ»lib.kazmkpu.kz/res/It_kuraldaryn_paydalanu_praktikuamy_Salgaraeva.pdf · Қайталау ± кері қайтару

  • Upload
    others

  • View
    59

  • Download
    0

Embed Size (px)

Citation preview

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

Г.И.САЛҒАРАЕВА, Ж.Б.БАЗАЕВА, А.С.МАХАНОВА

«ІТ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ

ПРАКТИКУМЫ»

Оқу құралы

«Қыздар университеті» баспасы

Алматы, 2015

УДК 004.031.42

ББК 32.973-018.2

С 18

Баспаға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық

университетінің Редакциялық баспа кеңесі ұсынған

Пікір жазғандар:

А.Е.Сағымбаева – пед. ғыл. докт., профессор;

С.Ә.Исаев – физ.-мат. ғыл. канд., профессор м.а.

Салғараева Г.И., Базаева Ж.Б., Маханова А.С.

С18 ІТ құралдарын пайдалану практикумы: оқу құралы/

Г.И.Салғараева, Ж.Б.Базаева, А.С.Маханова – Алматы: «Қыздар

университеті» баспасы, 2015. – 98 б.

ISBN 978-601-224-615-5

Ұсынылып отырған оқу құралы жоғары оқу орында-

рындағы педагогикалық бағытта білім алып жатқан студент-

терге және мектеп мұғалімдеріне арналған. Еңбекте қазіргі

кезде білім беру мекемелерінде кеңінен қолданылып жүрген

интерактивті тақтаның бағдарламалық жабдықтамасы, оны

баптау туралы теориялық материалдар және тақтада флипчарт

дайындаудың түрлі әдіс-тәсілдері берілген.

УДК 004.031.42

ББК 32.973-018.2

ISBN 978-601-224-615-5

© Салғараева Г.И., т.б., 2015

©«Қыздар университеті» баспасы, 2015

3

КІРІСПЕ

ХХІ ғасыр – айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына,

кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын ақпараттық қоғам мен

технологиялық мәдениет дәуірі.

Білім беру үдерісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық

технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұл-

ғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-

тәрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын

жоғарылатуды көздейді.

ActivInspire бағдарламасы Activboard интерактивті тақта-

сын қолданып интерактивті сабақтар – өткізу үшін оқытушылар

мен мұғалімдерге керекті әрі ыңғайлы құрал ретінде жасап

шығарылған. Бұл оқу құралы ActivInspire бағдарламасының

керемет мүмкіндіктерін түрлі тапсырмалар жасау арқылы көр-

сетеді. Біз мұнда мектеп бағдарламасында қамтылған пәндерге

жасалатын тапсырмаларды келтірдік, алайда бұл − тапсырма-

ларды тек сол пәндерде қолдануға болатындығын білдірмейді.

Қолданушы оқытушылар мен мұғалімдер өз үлестерін қоса

отырып, тапсырмаларды қалауынша дамыта алады. Себебі, тап-

сырмаларды орындау барысында қолданушыларда өз пәндері-

нен осы мүмкіндіктерді пайдалану жайлы түрлі ойлар міндетті

түрде туындайды деп сенеміз.

Оқу құралында келтірілген сабақтарды орындауда қол-

данушылардың компьютерде жұмыс істеу сауаттылығы мен

Activboard интерактивті тақтасымен кіріспе таныстығының бар

болуы жеткілікті.

Келтірілген пәндік мысалдарда түрлі әрекеттер келтіріл-

ген. Олар бір рет қана түсіндіріліп, келесі сабақтарда тек атауы

ғана көрсетіліп жалғаса береді.

Оқу құралында келтірілген мәтінде ActivInspire бағдар-

ламасының бір құралы туралы айтылса, оның бейнесі сол жолда

көрсетіледі.

Әрбір сабақта тапсырма орындалып біткеннен кейінгі соң-

ғы нәтиже қандай болу керектігі флипчарт бейнесімен келті-

4

рілген. Бұл − қолданушының жұмысты орындау барысындағы

өз жұмысының нәтижесін салыстырып көру үшін берілген.

Негізгі мәтінде баяндаудан басқа сіздің флипчартыңызды

тартымды етіп безендіруге көмектесетін кейбір кеңестер мен

әрекеттер келтірілген.

Оқу құралы сізді ХХІ ғасырда сыныпта сабақ өту жағ-

дайымен, интерактивті сабақтар өткізудің арнайы әдістерімен

таныстырады. Интерактивті оқыту сізге оқытуды ұйымдас-

тыруға, ақпараттармен алмасуға, оқытудың сапасын бағалауға,

әрбір сабақты дәстүрлі сабаққа қарағанда тартымды да тиімді

етуге көмектеседі.

Авторлар ұжымы атынан Сіздерге ActivInspire бағдарла-

масында жұмыс істеуде және өзіңіздің жеке шығармашыл ин-

терактивті сабақтарыңызды өткізуде тек қана сәттілік тілейміз.

5

1. НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

Флипчарт

Флипчарт – сабақтар дайындалатын ActivInspire-дің

жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны

бейнелеуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше

флипчартты бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа,

объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезет-

те келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысы-

нан шығаруға немесе әртүрлі форматтарда экспорттауға болады.

Флипчартты құру жолдары

Жаңа флипчарт құру үшін батырмасын

шертеміз.

Кез келген уақытта флипчарт құру:

1. Бас мәзірде батырмасын шерту керек.

2. Төмендегі пункттерді таңдаңыз:

Жаңа флипчарт немесе

Құру. Сосын төмендегі нұсқалардың бірін таңдайсыз: Нұсқа Қысқаша түсінік

Экран мөлшерімен

бірдей флипчарт

Жаңа флипчартты қолданып отырған

тақтаны мөлшерімен бірдей құру. Егер сіз экранның мөлшерін білсеңіз бұл нұсқа

қолдануға қолайлы.

Флипчарт 1024 x 768

Жаңа флипчартты белгіленген мөлшермен, ені мен ұзындығына қарай тағайындау (в

пикселях). Флипчарт 1152 x 864

Флипчарт 1280 x 1024

Қолданушының

қалауы бойынша флипчарт құру

Жаңа флипчартты қалауы бойынша жеке

өлшеммен, диалогтық тереземен құру. Флипчарт кең форматты тақта немесе

экранға қоюда өте ыңғайлы

6

ACTIVpen қаламы

ACTIVpen қаламы компьютерді, қолданбалы және опера-

циялық программаларды басқарудан басқа, сыныпта презента-

ция немесе үлкен жиындар өткізгенде, экранда жұмыс жаса-

ғанда, элементтерді немесе суреттерді таңдаған кезде

ACTIVboard тақтасында қолданылады.

Тақтада жұмыс жасау барысында ACTIVpen қаламы

«өздігінен бапталады». Жаңа қаламды баптау үшін оны тақтаға

жайлап жақындату қажет. Қаламның ұшы тышқанның СОЛ жақ

батырмасының, ал жанындағы батырма тышқанның ОҢ жақ

батырмасының қызметін атқарады.

Интерактивті тақтаның «Активті қалам» құрылғысы мен

тышқан арасындағы байланыс

Сол жақ батырма

Оң жақ батырма

7

ActivBoard тақтасын калибрлеу

Калибрлеу – бұл тышқан меңзері мен ActivPen қалам

ұшының сәйкес келуі. Қаламды тақта бетіне алып келіңіз және

оған мұқият қараңыз. Егер тышқан меңзері қалам ұшымен

сәйкес келсе, онда тақтаға калибрлеу қажет емес. Керісінше

болса, калибрлеу қажет.

ActivBoard тақтасын калибрлеу тәсілдері:

Калибрлеу тәсілі ActivBoard типіне байланысты.

1-тәсіл

ActivPen қаламын ActivBoard тақтасының жоғарғы сол

жақ бұрышындағы калибрлік жарық нүктеге апарып, бірнеше

секунд ұстап тұрыңыз.

Экранда көрсетілетін нұсқаулықтарды орындаңыз.

2-тәсіл

Дисплейдің төменгі оң жақ бұрышында орналасқан

ActivManager белгішесіне тышқанның оң жақ батырмасымен

шертіңіз.

Калибрлеу командасын таңдаңыз.

Экранда көрсетілетін нұсқаулықтарды орындаңыз.

2. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРҒА ШОЛУ

ActivInspire бағдарламасының терезесі

ActivInspire бағдарламасының басты терезесі бағдарлама-

мен жұмыс жасауға арналған негізгі элементтерден тұрады:

8

1. Құрал-саймандар тақтасы;

2. Шолушылар тақтасы;

3. Мәзір қатары;

4. Флипчарт аты;

5. Масштабтау;

6. Флипчарт беті;

7. Қоржын.

Кеңес

Шолушылар, мәзір және құрал-саймандар тақтасының

жоғарғы жағында орналасқан мына кішкентай белгішелерге

назар аударыңыздар. Олар элементтер әрекетін тез баптауға

көмектеседі:

Құрал-саймандар

тақтасының

параметрлері

Сырғымалы мәзірден элементтің көрінісі

мен орналасуын таңдауға болады.

Ысыру Элементті ысыру мен қайта келтіруді

ауыстырғыш.

Құрал-саймандар

тақтасын бекіту

Элементті бекіту ауыстырғышы. Оның

автоматты түрде жасырылуы мен кездей-

соқ қозғалып кетуіне жол бермейді.

ActivInspire-дің құрал-саймандар тақтасы

Құрал-саймандар тақтасы – қолданушының ең

көп қолданатын негізгі тақтасы.

Мұнда орналасқан құрал-саймандар тек жиі қолда-

нылатын құралдар болып табылады. Егер сіз ActivInspire-

де жұмыс істеу барысында құрал-саймандар тақтасының

жиынын өзгертсеңіз, бағдарламаны келесі рет жүктегенде

өзгертулердің барлығы сақталып тұрады.

Енгізілген өзгертулерді профильде сақтауға болады

және әртүрлі жағдайлар үшін бірнеше профильдерге ие

болу мүмкіндігі бар.

9

Профильдерді ауыстыру үшін батырмасын қолдану

қажет.

Тақтада орналасқан негізгі құралдарды қысқаша сипаттап

өтейік:

Негізгі мәзір. Бұл батырма терезенің жоғарғы жағында

орналасқан негізгі мәзір командаларын көшіреді.

Профильді ауыстыру. Бұл батырманың көмегімен құрал-

саймандар тақтасының сақталған профильдерінің бірін

таңдауға болады.

Алдыңғы бет – флипчарттың алдыңғы бетін ашады.

Келесі бет – флипчарттың келесі бетін ашады. Егер ағымдағы

бет жалғыз болса, онда флипчарттың жаңа таза беті құрылады.

Түстер палитрасы – көптеген құралдар үшін ағымдағы түсті

таңдауға мүмкіндік береді.

Қалам қалыңдығының селекторы – кейбір құралдар үшін

қалыңдықты таңдауға мүмкіндік береді.

Таңдау құралы – беттегі объектілерді басқаруға мүмкіндік

береді.

Қалам – жазбалар жазуға, оларды редакциялауға мүмкіндік

береді.

Маркер – жартылай мөлдір қалам көмегімен жазбалар, мәтін,

суреттер және басқа да объектілердің үстінен белгілеу үшін

қолданылады.

Өшіргіш – қалам немесе маркермен жасалған жазбаларды

өшіреді.

10

Құю – бетті немесе фигура, мәтін, объектілерді бояу үшін

қолданылады.

Фигура – арнайы сызықтар және фигуралар салуға арналған

құрал.

Қосқыш – беттегі фигураларды, оларды қозғалту барысында

байланыстары үзілмейтіндей етіп қосуға мүмкіндік береді.

Қор шолушысы – флипчарт бетіне мультимедиа файлын

жылдам орналастыруға мүмкіндік береді.

Мәтін – флипчарт бетіне мәтін жазуға арналған құрал.

Болдырмау – активті флипчарттағы соңғы кез келген әрекетті

немесе операцияны болдырмайды. Әр шерткен сайын бір

әрекет кері қайтарылады.

Қайталау – кері қайтару құралы арқылы қайтарылған әрекетті

қайталайды.

Аспаптар – құрал-саймандар тақтасында жоқ қосымша

құралдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бетті бастапқы мәндеріне қою – бетті файлда сақталған

күйіне қайтару үшін пайдаланылады. Барлық өзгертулер іске

аспайды.

Тазалау – флипчарт бетінен барлық немесе кейбір

объектілерді: фон, тор, фигура, т.б. өшіреді.

ActivInspire-дің қосымша құралдары

Тор. Тор құру үшін фон торы қажет. Бірақ торды басынан

бастап құрмай-ақ, ACTIVInspire-дің дайын торын қолдануға

болады. Кітапхана қорын іске қосып, «Жалпы тор» бөлімі-

нен тордың дайындамаларын көруге болады. Мұнда ‘1х1 торын’

11

тауып, оны Жалпы тордан жаңа флипчарт бетіне қойсаңыз жет-

кілікті.

Калькулятор құралы. Ол арифметикалық өрнектерді

есептеуге арналған құрал. Бұл калькулятордың басқа калькуля-

тордан ерекшелігі онда екі индикатор орналасқан, біріншісі –

сандар жазылса, ал екінші индикаторда арифметикалық өрнек-

тер көрсетіледі.

«Телеграф таспасы» құралы. Бұл құрал мәтіндік

хабарламаны құру үшін қолданылады. Құралға мәтіндік хабар-

ламаны жазу үшін келесі әрекеттер орындалады: Аспаптар –

Қосымша құралдар – Телеграф таспасы.

Жылжымалы пернетақта

Калькулятор

12

Камера құралы. Жұмыс үстеліндегі қажетті объектіні су-

ретке түсіріп, флипчарттың келесі бетіне қоюға болады.

Камера батырмасын шерткенде флипчартта жұмыс іс-

теудің бірнеше түрлері ашылады. Келесі типтегі түсірілімдерді

таңдауға болады:

Толық экранды суретке түсіру;

Терезені түсіру;

Қисық әртүрлі сызықтағы сурет;

Нүкте бойынша түсірілім;

Аймақтық түсірілім.

13

Түскен суреттер Ағымдағы бетке немесе Жаңа бетке, т.б.

жерлерге жіберіледі.

Сағат құралы Флипчарт бетіне ағымдағы уақытты көрсететін сағатты

қою мүмкіндігі бар. Ол үшін Сервис қатарынан немесе Қо-

сымша аспаптар > Сағаттар командасын орындау қажет.

Пердешені қолдану

Пердеше құралы рулонды пердеше немесе жалюзи сияқты

түрде болуы мүмкін. Флипчарт жабық, ал меңзер пердешенің

14

бір ұшын көрсетіп тұр. Сіз меңзерді беттің кез келген жағына

жылжыта отырып біртіндеп, ақырындап ашасыз. Егер Пердеше

құралы қосылып тұрса, ол міндетті түрде флипчарттың бетін

толықтай жауып тұрады.

Пердешені қолдану үшін Аспаптар >Пердеше белгісін

шертсеңіз жеткілікті.

Пердешені өшіру үшін: Аспаптар > белгіленген Пер-

деше жолындағы белгіні алып тастаймыз.

Циркуль – кез келген түсте, сызық көлемінде доға, шең-

бер сызу үшін қолданылады. Циркульді іске қосу үшін Ас-

паптар бөлімінен Математика құралдары > Циркуль белгісін

таңдау қажет. Бір бетте бірнеше циркульді пайдалануға болады.

15

Сызғыштар . ActivInspire сызғышын сабаққа

дәстүрлі мәнер беру үшін, тақтада сызу үшін қолданған жөн.

Оны қосу үшін мәзір қатарынан Аспаптар > Математикалық

құралдар>Сызғыш белгісін таңдаңыз.

Негізгі құралдар тақтасын іске қосыңдар. Сызғыш (см)

құралын таңдап алыңдар. Сызғыш бетте пайда болуы керек.

Сызғыштың төменгі жағына меңзерді қойсаңдар, меңзер+ таң-

басына айналады. Бұл сызғышты қозғалтуға мүмкіндік беретін

таңба. Сызғышты терезенің ортасына қойып, меңзерді оның

жоғарғы жағына орналастырғанда меңзер айналдыру таңбасына

ауысады.

Сызғышпен жаттығыңдар, айналдыру бұрышына көңіл

бөліңдер – сызғышпен горизонталь аралығында – сызғыштың

ортасында көрінеді. Сызғышты екі рет шертсе, математикалық

құралдар тақтасы ашылады. «Объектінің көлемін үлкейту» ба-

тырмасын шертіңдер. Сызғыш ұзарады. «Объектінің көлемін

кішірейту» батырмасын шертіңдер. Сызғыш қысқарады. Өшіру

батырмасын шерткенде сызғыш жоғалады.

16

3. ACTIVINSPIRE ШОЛУШЫЛАРЫ

Шолушылар – бұл флипчарттармен немесе онда орна-

ласқан объектілермен әлдеқайда ыңғайлы жұмыс жасау үшін

арналған арнайы тақталар.

Беттер шолушысы

Флипчарт беттерімен бүтіндей жұмыс істеуге мүмкіндік

береді: оларды беттер эскизі түрінде қарауға, беттер арасында

тез орын ауысуға, орындарын ауыстыруға, беттерді өшіру, кө-

шіру, қою операцияларын орындауға.

Эскиздегі жанама мәзірдің белгішесі – беттің

флипчарттағы ағымдық бет екенін көрсетеді.

Қор шолушысы

Бұл шолушы ActivInspire-дің қор кітапханасымен жұмыс

істейді. Қор кітапханасы флипчарттарда, презентацияларда қол-

данылатын файлдар мен объектілерге қол жеткізуге мүмкіндік

береді.

17

ACTIVInspire-мен бірге орнатылатын түрлі қоры бар

жалпы қор кітапханасын қолдануға болады.

Жеке ресустар кітапханасы – өзіңіздің жеке қорыңызды

сақтауға мүмкіндік береді.

Компьютердегі бумалардан қор іздеп табу мүмкіндігі де

бар.

Келісім бойынша Қор шолушысы Ортақ қор бумасын

ашады. ActivInspire-мен бірге орнатылатын барлық Қор катего-

риялар бойынша жіктеліп, рет-ретімен бумаларда орналасқан.

Қор шолушысы терезесінің жоғары жақ бөлігінде қоры

бар бумаларды ашатын батырмалар орналасқан:

Менің қорым – қолданушының өзімен қосылған

буманы ашады. Бастапқыда бұл бума бос болады.

Ортақ қор – бума үнсіз келісім бойынша ашылады.

Мұнда барлық стандартты Қор орнатылған. Бумадағы қор бар-

лық қолданушыларға қолжетімді.

Басқа қор қоржыны – кітапханада жоқ қорды компью-

тердегі немесе жергілікті желідегі кез келген бумадан алуға

мүмкіндік береді.

Бұл терезенің жанама мәзірі арқылы қор пакетін импорт-

тауға және экспорттауға болады.

Тақтаның төменгі жағында қор эскиздері және осы бу-

мадағы файлдардың аттары бейнеленіп тұрады. Ол жерде келесі

әрекеттерді орындауға болады:

Қор эскиздерінің көлемін және топтастырылуын өз-

гертуге болады.

Қор кітапханасынан флипчартқа белгілі бір файл

немесе объект қоюға болады.

Қор кітапханасынан кез келген қорды өшіруге болады.

Екі тақта арасындағы аймақта таңдалған бумадағы эле-

менттер саны көрсетіліп тұрады.

Қор кітапханасын өзіңіздің жеке қормен толтыруға да

мүмкіндік бар.

18

Таңдалған қорды флипчарт бетіне орналастыру үшін оны

тышқанның көмегімен алып келсеңіз болғаны. Қорды бетке

алып келу барысында екі құралды пайдаланған ыңғайлы бо-

лады:

Жарты мөлдірлік реттегіш – қорды бетке алып келу

барысында фонның түсін немесе суретті жартылай мөлдір етуге

мүмкіндік береді;

Штемпель – флипчартқа қордың көптеген көшірме-

лерін жылдам қояды.

Объектілер шолушысы

ActivInspire–де флипчарт құру барысында қолданылған

барлық элементтер объектілер болып табылады. Оларға сурет-

тер, фигуралар, жазбалар, т.б. жатады. Объектілер шолушысы

көмегімен флипчартта орналасқан барлық объектілерді бас-

қаруға болады. Ол арқылы келесі әрекеттерді орындай ала-

сыздар:

Объектілерді бір қабаттан екінші қабатқа орын

ауыстыру;

Объектілерді реттеу;

Объектілерді топтау немесе жекелеу;

Объектілерді блоктау және керісінше.

Жазбалар шолушысы

Жазбалар шолушысы флипчартқа жазбалар жазуға,

оларды өшіруге және өңдеуге мүмкіндік береді. Олар сіз жа-

саған флипчарттарды басқа мұғалімдермен бөлісу және белгілі

бір уақыт өткеннен кейін еске түсіру үшін қажет. Жазбалар

флипчартты пайдалану жөніндегі кеңестер мен нұсқаулар жазу-

ға ыңғайлы.

19

Егер ағымдағы бетте жазба болса, онда мәзір жолында

белгішесі көрініп тұрады, оны шерткен кезде жазбалар

шолушысы ашылады.

Сипаттама шолушысы

Сипаттама шолушысы – объектілердің қасиеттерін

қарап, өзгертуге мүмкіндік береді. Қолданушыға ыңғайлы болу

үшін барлық қасиеттер категориялар бойынша топтастырылған.

Объектілердің қасиеттерін қолдану флипчарт интерактивтілігін

арттырудың мықты құралы болып табылады.

Әрекеттер шолушысы

Әрекеттер шолушысы – флипчарттағы кез келген

объектіні әрекетпен байланыстыра алады. Мысалы, белгілі бір

объектіні шерту арқылы басқа бетке өту, құрал-саймандар тақ-

тасын қолданбай-ақ қажетті құралды активті ету, т.б. Барлық

әрекеттер категориялар бойынша топтастырылған.

20

Дауыс беру шолушысы

Бұл шолушы ActivSlate, ActiVote және ActivExpression

құралдарының барлық аспектілерін басқаруға мүмкіндік береді.

1-сабақ. Сиқырлы сандық

Мысал ретінде, ішінен көптеген заттарды шығаруға бола-

тын сиқырлы сандықты қарастырайық. Ол үшін флипчарт бе-

тіне астына заттар жасыруға және қажет болған жағдайда сол

жерден алып шығуға болатын кез келген объект (сурет немесе

геометриялық фигура) орналастыру қажет.

1. Жаңа флипчарт құрыңыз .

2. Флипчарт бетін құралы арқылы қажетті түспен

бояңыз. Біздің жағдайда ашық-жасыл түс қолданылды.

3. құралы арқылы сандыққа жасырылатын сөздерді

жазамыз. Біздің мысалда олар: компьютер құрылғылары және

Интернет. Барлық сөздер жеке-жеке объект болып жазылу ке-

рек. Ол үшін, әр сөзді жазып алғаннан кейін, қаламмен немесе

тышқанмен беттің басқа жеріне шертіп, жаңа сөз жазыңыз.

21

Сөздер саны шектеусіз, олардың саны көп болуы мүмкін.

4. құралы арқылы барлық сөздерді беттің төменгі

жағына бірінің үстіне бірін жинаймыз.

5. Енді бұл сөздерді қандай да бір суретпен немесе фигу-

рамен жасыру қажет. Біз ол үшін тіктөртбұрышты таңдадық.

құралын шерткенде экранның оң жағында фигураның

формасын таңдауға болады. Тіктөртбұрыштың өлшемін сөздер-

дің барлығын жасыратындай етіп өзгертіңіз.

22

Егер тіктөртбұрыш сөздердің астында орналасса, онда

үстінен тышқанның оң батырмасын шертіп Қайта реттеу |

Алдыға әкелу командасын орындаңыз.

6. Сөздерді мағынасына қарай орналастыруға арналған

екі облыс жасау қажет. Ол үшін құралын пайдаланып,

сары үшбұрыш салыңыз. Егер сіз фигураны салу барысында

қажетті түсті таңдамасаңыз, фигураны құю құралы арқылы

бояуға болады.

7. Салынған екі облысқа түсіндіруші сөздерді жазу үшін

тағы құралын пайдаланыңыз.

23

8. Енді барлық фигуралар мен жазуларды кездейсоқ жыл-

жытпау үшін блоктау керек. Ол үшін көк тіктөртбұрышты тыш-

қанның оң жақ батырмасымен шертіп Құлыптанған команда-

сын орындау қажет. Осы әрекетті қалған фигуралар мен жазу-

ларға орындаймыз. Назар аударыңыз: тіктөртбұрыш астында

жасырылып тұрған сөздерді құлыптау қажет емес.

9. Жасалған флипчартты сақтаңыз.

Тапсырманы орындап көріңіз. Ол үшін тышқан көр-

сеткішін астында сөздер жасырылып тұрған көк тіктөрт-

бұрышқа апарып, бір сөзді шығарып, белгілі бір үшбұрышқа

апарып қойыңыз.

Егер, сөздер үшбұрыш астына қойылып, жасырылып

қалса, үшбұрыштарға келесі әрекеттерді орындаңыз: жұмыс

аймағының сол жағында орналасқан – Әрекеттер шолу-

шысы панелін тышқанмен шертіп ашыңыз.

Ашылған терезедегі Орта

қабат бөлімінде флипчарт бетінде

орналастырылған үш фигураны

көресіз. Егер оларды тышқанмен

шертсеңіз, сәйкес фигура флип-

чарт бетінде де ерекшеленетінін

байқайсыз. Осылайша Фигура 3

деп аталатын екі объект үшбұрыш

екенін көресіз. Шолушылар тізі-

24

міндегі объектілердің орналасу реті, олардың флипчартқа

қойылу ретіне сәйкес. Әрбір жаңа объект тізім басына қосы-

лады. Флипчарт бетінде ең бірінші жазылған сөздер үшбұ-

рыштардан жоғары орналасу үшін тізімдегі ретті өзгерту керек.

Фигура 3 объектілерін тышқанмен ұстап Орта қабат тізімінің

ең соңына апарыңыз. Төмендегі суреттегідей болып шығу

қажет:

Флипчартты сақтап, тапсырманы қайта орындап көріңіз.

Тіктөртбұрыштан бір сөз алып үшбұрыштардың біреуіне апа-

рыңыз:

25

Тапсырманы қайта орындау үшін құрал-саймандар тақ-

тасындағы бетті бастапқы мәндеріне әкелу батырмасын

басыңыз.

Тапсырма мағынасын естен шығарып алмау үшін бетте

жазбалар жазуға болады. Ол үшін беттің сол жағында орна-

ласқан Жазбалар шолушысын ашып, келесі мәтінді жа-

зыңыз:

Барлық сөздер тіктөртбұрыш астында жасырылып тұрға-

нына көз жеткізіп, флипчартты сақтаңыз.

2-сабақ. Сиқырлы сөздік

Жұмыстың мақсаты: беттің сол жағында орналасқан

ағылшын тіліндегі сөздерді беттің оң жағына апарғанда қазақша

аудармасын алуымыз керек.

1. Жаңа флипчарт ашыңыз.

2. Беттің фоны ретінде ақшыл көк түсті таңдап, бояңыз.

26

3. Беттің жартысын қою көк түсті тіктөртбұрышпен

жабыңыз.

4. құралы көмегімен суреттегідей ағылшын сөзін және

қазақша аудармасын жазыңыз.

27

5. Ағылшын тіліндегі сөздерді беттің оң жағына орналас-

тырылған тіктөртбұрыш түсімен бояңыз. Ал аударма сөзді бет-

тің фоны ретінде берген түспен бояңыз. Сол кезде аударма сөз-

дер көрінбей қалады.

Сөздермен оңай жұмыс жасау үшін фон түсін уақытша

күлгін түске бояңыз.

28

6. Ағылшын тіліндегі сөзді және аударма сөзді бірге ерек-

шелеп алып, тышқанның оң жақ батырмасымен Топталған ко-

мандасын орындаңыз.

7. Фон түсін алғашқы түске бояңыз. Сол кезде аударма

сөздер қайта көрінбей қалады.

29

8. Тексеріп көріңіз. Егер ағылшын тіліндегі кез келген

сөзді беттің оң жағына апарсақ, жоғарғы сөз жасырылып тө-

мендегі қазақ тіліндегі сөз шығатынын көресіз.

9. Флипчартты сол қалпында қалдырсаңыз, барлық құпия

көрініп тұрады. Сол үшін беттің сол жағынан оң жағына өту

сызығын өзге түспен боялған тіктөртбұрышпен жасырып қоюға

болады.

30

9. Сары түсті фигураның басқа фигуралардың үстінде ор-

наласуын қадағалау үшін Объектілер шолушысы терезе-

сінен тексеруге болады. Ол тізімде ең бірінші болып тұру керек.

10. Жасалған шекара мен көк фон қозғалмау үшін құ-

лыптау қажет. Ал сөздер қозғала алатын қасиетке ие болып қала

беруі керек.

31

11. Енді сөздерді беттің оң жағына апарғанда құпия

эффект жақсы орындалады.

12. Флипчартты сақтап, орындап көріңіз. Оқушылар үшін

өте қызықты сөздік болып шықты деп ойлаймыз.

3-сабақ. Сиқырлы қалам

Оқушыларға дұрыс жауапты тауып, ұсынылған орынға

қоюға арналған флипчарт құрайық. Жауаптың дұрыстығын тек-

серу үшін, оқушы қойған жауапты өшіргішпен өшірсе, мұғалім

дайындаған дұрыс жауаптар шығады.

1. Жаңа флипчарт құрыңыз.

2. Түс таңдап, бетті бояңыз.

32

3. құралы көмегімен тапсырма мағынасын түсін-

діретін мәтін жазыңыз.

Тапсырма тақырыбы ерекше көріну үшін құралы

көмегімен тақырыпқа рамка жасаймыз. Тіктөртбұрышты таң-

дап, мәтін үстіне орналастырыңыз. Мәтін фигура бетіне шығу

үшін, фигураны тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп

Қайта реттеу > Кері жіберу командасын орындаңыз.

4. Мәтінді фигурамен бірге құлыптау қажет. Ол үшін

құралын таңдап, мәтінді фигурамен бірге сыртынан бойлай

33

белгілеп алыңыз. Белгіленген объектіні жанама меню арқылы

блоктаңыз.

5. Тапсырма мәтінін құралымен жазыңыз (жасыры-

лып тұратын сөзбен бірге).

6. Жасырылатын сөздерді бояп қою керек. Ол үшін

құралын таңдаңыз, фигура және контур түсі беттің түсімен бір-

дей болу керек.

34

Осылайша флипчарт бетінде мәтіндік және фон түсімен

сәйкес келетін объектілер орналастырылды. Оқушы қаламмен

бос орынға жауап жазады, ал оның дұрыстығын Сиқыр-

лы сия құралы арқылы өшіргенде көре аласыз. Бірақ бұл құрал

тек жоғарғы қабатта орналасқан объектілерді ғана өшіре алады.

Оқушы қаламмен жазған сөздер жоғарғы қабатқа жазылады, ал

жасырушы объектілер орта қабатта орналасқан. Сол үшін

Объектілер шолушысы көмегімен қажетті фигураларды жо-

ғарғы қабатқа орналастырыңыз.

7. Беттегі барлық объектілерді құлыптап қойыңыз.

35

8. Флипчартты сақтаңыз.

Енді тапсырманы орындап көрейік.

құралы көмегімен бос орындарға жауап жазыңыз:

құралымен жазылған сөзді өшірсеңіз, дұрыс

жауапты көресіз:

Мұғалім дайындаған дұрыс жауап шықты.

4-сабақ. Контейнер

Бірнеше фигураларды сәйкес орындарына орналастыру

керек болатын тапсырманы жасап көрейік. Егер таңдау дұрыс

жасалмаса, фигура өз орнына қайтып келеді.

1. Жаңа флипчарт ашыңыз.

36

2. Фонды бояңыз немесе белгілі бір фон суретін қойыңыз.

3. Флипчарт бетінің тақырыбын және фигура аттарын жа-

зыңыз:

4. құралы көмегімен контейнер болатын тіктөртбұ-

рыш салыңыз:

37

5. Объектінің модификаторы тақтасындағы құралы

көмегімен тіктөртбұрыштың үш дубликатын жасаңыз.

6. Флипчарт бетінің төменгі бөлігіне әр жазбаға сәйкес

фигураларды шашыратып орналастырыңыз. Фигура өлшемдері

контейнер (сары тіктөртбұрыштар) өлшемінен кіші болуы тиіс.

7. Контейнер жасауға кірісейік. Тапсырма бойынша фигу-

раны тіктөртбұрыш ішіне орналастыру керек. Егер фигура дұ-

рыс орналастырылса, тіктөртбұрыш оны қабылдайды. Кері жағ-

дайда фигура өз орнына қайтып келеді. Біздің жағдайда контей-

38

нер ретінде сары тіктөртбұрыштар алынады, себебі олардың

ішіне фигуралар орналастырылуы қажет.

Объект контейнер болу үшін, оған кірістірілетін объекті-

ден "төмен" болу керек. Тексеріп көріңіз. Ол үшін кез келген

фигураны тіктөртбұрышқа орналастырыңыз. Фигураларды тік-

төртбұрышты қойғаннан кейін құрғанда контейнерге қойылып

тұр. Егер фигуралар тіктөртбұрыш артына қойылса, онда жана-

ма мәзірдің Қайта реттеу – алдыға әкелу командасы көмегімен

алдына қойыңыз.

8. Бірінші тіктөртбұрышты шертіп Сипаттама шолу-

шысы терезесін ашыңыз.

Контейнер бөлімін ашыңыз.

Ішінде болуы мүмкін тізімінен Арнайы объект таң-

даңыз. Ішінде объект бар қасиеттер өрісіндегі батырмасын

шертіп, қызыл шеңберді таңдаңыз (себебі дәл осы фигура осы

контейнерге қойылу керек).

9. Екінші тіктөртбұрышты шертіп жоғарыдағы әрекет-

терді, қосылатын фигура ретінде ромб, үшіншісі үшін – тік-

төртбұрышты, төртіншісі үшін параллелограмды таңдап қайта-

лаңыз.

10. Дұрыс ораналастырылмаған фигура орнына қайтып

келетінін жүзеге асыру үшін, Сипаттама шолушысы те-

резесінің Контейнер бөліміндегі Жоқ болса қайту қасиетіне

Дұрыс мәнін беріңіз. Қалған үш фигура үшін де осы әрекетті

39

орындаңыз. Бұл әрекетті тездету үшін, фигуралардың бәрін бел-

гілеп алып қасиетті бірден қоюға болады.

11. Геометриялық фигуралардан басқа барлық объекті-

лерді құлыптаңыз.

12. Флипчартты сақтаңыз.

Тапсырманы орындап көрейік.

Ромб фигурасын сәйкес "ромб" жазуы бар тіктөртбұрышқа

орналастырып көріңіз. Ромб тіктөртбұрыш ішінде қалады.

Енді параллелограмды "шеңбер" жазуы бар тіктөртбұ-

рышқа апарып көріңіз. Фигура бұл орынға қабылданбайды және

өз орнына қайтып келеді.

40

5-сабақ. Сиқырлы үлкейткіш әйнек

1. Жаңа флипчарт құрыңыз .

2. Қор шолушысы бөлімінен өзіңіз қалаған фондық

бейнені орнатыңыз.

3. Қор шолушысынан жүзіктің суретін тауып

алыңыз. Оны Темы – Общие сведения – Одежда и аксессуары

– Драгоценности жолы бойынша тауып алуға бола-

ды. Сыйлықтың бейнесін Темы – Общие сведения – События

жолынан тауып алуға болады. Жүзіктің суреті сыйлықтың су-

ретінің астында орналасуы керек.

4. Флипчарттың беті толып тұратындай етіп сурет көлемін

өзгертеміз. Яғни «сыйлық» суреті «жүзік» суретін жауып тұра-

тындай етіп орналастырамыз. Сонда төмендегі бейне алынады.

41

5. Практикалық жұмыстың мақсаты ішкі бейнені көру

болып табылады. Олай болса, біз үлкейткіш әйнек көмегімен

сыйлықтың ішіндегі затты көре аламыз. «Ішкі бейнені көру»

үшін Сиқырлы сия құралын пайдаланамыз. Сиқырлы

сия құралы ең жоғарғы қабатта болуы қажет. Себебі

суреттер орта қабатта тұрған кезде оларды өшіре алмаймыз.

Сондықтан сыйлықтың бейнесі жоғарғы қабатта, ал Сиқырлы

сия құралы сыйлықтың үстіңгі қабатында болуы керек.

Ол үшін Объектілер шолушысы көмегімен суреттерді

тиісті қабаттарға орналастырамыз.

6. Суреттер орынсыз қозғалып кетпес үшін оларды блок-

тап қоямыз. Алдымен жүзікті құлыптаймыз. Ол үшін Құлып-

танған командасын орындаймыз.

7. Сыйлықты жүзіктің үстіне орналастырып, құлыптап

қоямыз.

42

8. Дайындық жұмыстары жүргізілді, енді үлкейткіш әйнек

жасауға кірісеміз. Ол үшін Сиқырлы сия құралын алып,

жоғарғы қабатта орналасқан сыйлық суретін «өшіреміз». Ол су-

реттің дөңгелек формада болуын қадағалаңыз.

Суреттен көріп отырғандарыңыздай, сыйлықтың астынан

жүзіктің суреті көрініп тұр!

9. Егер таңдау құралының көмегімен өшірілген

бөлікті қозғалтып көрсеңіз, онда жүзіктің басқа да бөліктерін

көруге болатындығын білесіз.

10. Енді осы бөліктің шетін қоршау қажет. Онда ол үл-

кейткіш әйнекке ұқсайтын болады. Ол үшін Фигура құ-

ралын пайдаланамыз. Бояусыз шеңбер салу үшін фигураны

таңдап болғаннан кейін, түстер палитрасынан бейнесін

басыңыз.

11. Контурды негізгі құралдар тақтасындағы түстер па-

литрасынан қызыл етіп таңдап алыңыз.

12. Қалыңдықты орнату бөлімінен шеңбер контурының қа-

лыңдығын жобамен 20 пиксель етіп алыңыз.

43

13. Енді шеңберді сызып алғаннан кейін үлкейткіш

әйнектің таяқшасын сызып аламыз. Екі фигураны топтас-

тырамыз.

14. Үлкейткіш әйнек бейнесін Объектілер шолушы-

сынан ең жоғарғы қабатқа орналастырамыз.

15. таңдау құралы көмегімен лупаны сыйлықтың

үстіне қойып, өшірілген бөлікпен, артық жерін шеңберді үл-

кейту немесе кішірейту арқылы беттестіреміз.

16. Үлкейткіш әйнек дайын, енді сол үлкейткіш әйнекті

өшірілген бөлік арқылы біріктіреміз. Ол үшін таңдау құ-

ралы арқылы екеуін де белгілеп алып, манипулятор пане-

ліндегі Топтау белгісін басамыз.

44

17. Енді сіз лупаны қалауыңыз бойынша қозғалта аласыз.

18. Бұл құрал тиімді болғандықтан, қайта-қайта жасамас

бұрын, оны қор кітапханасында сақтап қоямыз. Ол үшін

Қор шолушысын табамыз. Онда «Менің қорым» бумасын

ашамыз.

19. Менің қорым бумасында тышқанның оң жағын басып,

жаңа бума құру командасын орындаймыз. Оны Құралдар деп

атаңыз.

20. Үлкейткіш әйнекті қор шолушысы терезесіне алып

келіп, Қор файлының атын өзгерту жолын таңдаймыз. Оны

Үлкейткіш әйнек деп атаңыз. ОК батырмасын басыңыз.

Жұмысты сақтап, орындап көріңіз.

6-сабақ. Ойлан тап

Жұмыс барысы:

1. Жаңа флипчарт ашыңыз.

2. Флипчартқа кез келген фон беріңіз.

45

3. Тапсырманың тақырыбын жазыңыз.

4. құралын пайдаланып, тіктөртбұрыш сызыңыз.

5. Осы тіктөртбұрыштарды вертикаль қозғалту арқылы

сөздер құрастыратын болғандықтан, өз қажеттілігіңізге қарай

көшірмесін жасаңыз.

46

6. Енді әрбір тіктөртбұрышқа құрастырылатын сөздердің

әріптерін жазып шығыңыз. Мысалы, сканер, тышқан, вирус,

кабель, екілік, кбайт сөздерінің әріптерін түрлі тіктөртбұрыш-

тарға бөліп жазыңыз.

7. Енді сіз осы тіктөртбұрыштарға жазылған жеке әріп-

терді бірге біріктіріңіз. Ол үшін барлығын белгілеп, тышқанның

оң жақ батырмасын басу арқылы ашылған жанама мәзірден

«Топталған» жолын таңдаңыз.

47

8. Осы әрекетті қалған 5 тіктөртбұрыш пен оларда жа-

зылған әріптер үшін қайталаңыз.

9. Тіктөртбұрыштарды вертикаль қозғалту арқылы сөз-

дерді құрастыратын болғандықтан, әрбір тіктөртбұрышқа верти-

каль қозғалу әрекетін тағайындаймыз. Ол үшін тіктөртбұрышты

белгілеп, тышқанның оң жақ батырмасын басып, ашылған

жанама мәзірден Сипаттама шолушысы жолын таңдаймыз.

Ашылған терезеден Шектегіштер бөліміне өтіп, Жылжуы

мүмкін жолынан Вертикаль жолын таңдаймыз.

10. Осы әрекетті қалған 5 тіктөртбұрышқа қайталаймыз.

11. Құрастыралатын сөздерді ерекшелеп тұру үшін бізге

шырағдан құралын пайдалану ғана қалды. Ол үшін құралы

48

арқылы, ортасы боялмаған, жиегі қалыңдау тіктөртбұрыш сыза-

мыз.

12. Осы тіктөртбұрышты алып барып, ортадағы тіктөрт-

бұрыштардың ортасына орналастырамыз.

13. Тіктөртбұрыштарды қозғалту арқылы жасырынған

сөздерді бірінен кейін бірін құрастырамыз.

49

14. Тапсырма аяқталды. Тапсырманың дұрыс орындал-

ғандығын тексеріңіз.

7-сабақ. Санауыш

Флипчарт бетінде объектілердің еркін орын ауыстыруын

шектеп тастау мысалын қарастырайық.

Ол үшін санауыш жасап көрейік. Біріншіден, санауыш-

тағы сүйектер горизонталь бойымен ғана жылжи алады. Екін-

шідіен, олар бірінің үстіне бірі және санауыш рамкасынан шық-

пауы керек.

Жұмысты орындау:

1. фигуралар құралы көмегімен рамка, сүйектер

жылжитын стержень және бір сүйек салыңыз.

50

2. Барлық сүйектердің көлемі бірдей болу қажет. Сол

үшін жасалған сүйектің 9 көшірмесін жасап алыңыз.

3. Барлық сүйектерді стерженнің бойына орналасты-

рыңыз. Ол үшін санауыш рамкасына тимей, сүйектерді белгі-

леңіз. Егер стержень де белгіленіп қалса, Ctrl пернесін басып

тұрып, тышқанның сол жақ батырмасымен шертсеңіз, ортақ

белгілеуден алынып тасталады.

51

4. Енді белгіленіп тұрған сүйектердің жанама мәзірінен,

Түрлендіру – Биіктік бойынша ең лайық командасын орын-

дасаңыз, барлық сүйектер горизонталь сызық бойына орна-

ласады.

5. Белгіленуді алмай тұрып, шектеулер қою қажет. Ол

үшін Сипаттама шолушысы терезесін ашыңыз. Шектегіштер

бөлімдегі Жылжуы мүмкін тізімінен Горизонталь жолын таң-

даңыз. Енді сүйектер бірінің үстіне бірі шығып кетпес үшін, Бұ-

ғаттауға болады қасиетіне Дұрыс мәнін тағайындаңыз.

52

6. Сүйектер бір сызық бойымен ғана жылжи алатындай

етіп жасадық. Келесі мақсат: санауыш рамкасынан шықпай-

тындай етіп жасау. Сол және оң жақ тік сызықтардың қасиеттер

терезелерін ашып келесі мәндерді беріңіз:

7. Санауыш рамкасын құлыптаңыз.

8. Егер сүйектерімен бірге стерженьді көшіріп, санауышқа

тағы бірнешеуін қосқыңыз келсе барлық объектілерді топтаңыз

және флипчартты Құрастыру режиміне ауыстырыңыз (флип-

чарт терезесінің оң жақ жоғарғы бұрышында орналасқан

белгішеге шертіңіз). Сүйектерді стерженьмен бірге көшіріп,

қажетті орынға қойыңыз.

9. Стержень ұштары жасырылып қалу үшін санауыш рам-

касын алдыңғы планға қойыңыз.

10. Флипчартты батырмасын басу арқылы де-

монстрация режиміне ауыстырыңыз.

11. Сүйектердің әрбір тобын Топталғанды алып тастау

жасаңыз (Біз оларды көшіруге ыңғайлы болу үшін ғана топ-

тағанбыз).

53

12. Горизонталь сызықтарды жылжып кетпес үшін құлып-

таңыз.

13. Флипчартты сақтаңыз және жұмысын тексеріңіз:

8-сабақ. Ауызша есептеу

Жұмыс барысы:

1. Жаңа флипчарт ашыңыз.

2. Флипчартқа құралының көмегімен фон беріңіз.

3. Ең алдымен құралымен тапсырманың атын жазып

қойыңыз. Тапсырма атауы жоғарғы қабатта орналасуын қадаға-

лаңыз.

54

4. Енді флипчарт бетіне ауызша есептеуге арналған

сандар мен амалдарды мәтін жазу құралының көмегімен жа-

зып шығыңыз.

5. Енді барлық жазылған есептеу амалдары мен сандарды

біріктіріп, «Құлыптанған» етіп қойыңыз.

6. Келесі орындайтын әрекетіміз лупамыз белгілі бір жол

бойымен жүріп өтетін болғандықтан алдымен сол жолды сызып

алуымыз керек. Ол үшін Қалам құралының көмегімен жа-

55

зылған амалдардың үстін басып өтетіндей етіп сызық сызып

шығыңыз. Ол ортаңғы қабаттың ең астында тұруы керек.

7. Алайда ол сызық көрінбей тұру керек. Ол үшін Сызық

түсін фонның түсіндей етіп өзгертіңіз де құлыптаңыз.

8. Енді құралының көмегімен флипчарттың бетін жа-

быңыз. Бетін жабуға қолданған фигураны жоғары қабатқа, та-

қырып атауының астына орналастырыңыз. Өйткені, егер фи-

гура тақырып атауынан жоғары орналасса, тақырып атауы кө-

рінбей, фигураның астында қалып қояды. Фигураны құлып-

таңыз.

9. құралының көмегімен тапсырманы ауызша есеп-

теуде қолданылатын лупа жақтауын сызыңыз. Лупа жақтауы

үшін іші боялмаған дөңгелек сызуыңыз қажет.

56

10. Сиқырлы сия құралының көмегімен беті жа-

былған фигураны өшіріңіз. Өшірілген бөлік пен фигура жақ-

тауын біріктіріңіз.

11. Лупаны белгілеп, тышқанның оң жағын басу арқылы

«Қасиеттер шолушысы» терезесіне кіріңіз. Ол терезеден «Шек-

тегіштер» бөлімін тауып алыңыз. Лупаны «Жылжуы мүмкін»

бөлімінен «Жол бойы» жолын таңдаңыз. Ал «Жылжыту

жолы» қасиетінен Қаламды таңдаңыз.

12. Енді Лупаны қозғалтып көріңіз, ол сіздің Қалам

құралының көмегімен сызылған сызық бойымен ғана қозғалады.

13. Тапсырма аяқталды. Тапсырманың дұрыстығын тек-

серіп көріңіз.

57

9-сабақ. Ұлы тұлғаларды таны

Activ Inspire бағдарламасында Фигуралар мен олардың

қасиеттерін, сиқырлы сияны пайдалана отырып, флипчарт

құру.

Жұмыс барысы:

1. Жаңа флипчарт ашыңыз.

2. Флипчартқа кез келген фон беріңіз.

3. Тапсырманың тақырыбын жазыңыз. Тапсырма тақы-

рыбын белгілеп, тышқанның оң жағын басып, «Нысандар шо-

лушысы» жолынан «Жоғары қабат» қатарына орналасты-

рыңыз.

4. Оқушыларға жасырғыңыз келген тұлғалардың сурет-

терін ретімен орналастырыңыз.

58

5. Мәтін құралын пайдаланып, осы тұлғалар

жайында қысқаша ақпарат жазыңыз.

6. Мәтін құралын пайдаланып, осы тұлғалардың

атын үшінші жолға жазыңыз.

59

7. Біздің флипчартымыз үшін қажетті негізгі мәтіндер

мен суреттер дайын болды. Ондағы барлық мәтіндер мен

суреттерді «құлыптап» қоямыз. Ол үшін қажетті мәтін немесе

суретті белгілеп, тышқанның оң жақ батырмасын басқанда

пайда болатын жанама менюден «Құлыптанған» жолын таң-

даймыз.

8. Келесі орындайтын әрекетіміз осы флипчарт бетін жа-

батындай етіп қандай-да бір түстегі тіктөртбұрышты

Фигура құралының көмегімен орналастырамыз. Оның шегі мен

негізгі бөлігінің түсі бірдей болуы қажет. Ол фигураның ең жо-

ғарғы қабатта тапсырма тақырыбының астында орналасуын қа-

дағалаңыз.

60

9. Тапсырманы үш бөлікке бөлген себебіміз, оның атына

сәйкес оқушылар ұлы тұлғаларды портреттеріне қарап танулары

керек болатын. Сондықтан бірінші жолға біз сол тұлғалардың

портретін орналастырдық. Екінші жолда оқушылар портретті

бірден танымаған жағдайда көмек ретінде ұсынатын қосымша

ақпаратты жазып шықтық. Ал Үшінші жолда оқушының

жауабын тексеру үшін сол тұлғалардың атын жазып қойдық.

Енді бізге алдыңғы практикалық сабақта жасаған 3 Сиқырлы

лупа жасау керек болады. Ол үшін суретті толық көрсететіндей

етіп, Сиқырлы сия құралы көмегімен жоғары қабатқа

орналастырған фигурамызды өшіреміз.

10. Енді Сиқырлы лупа жасау үшін осы өшірілген бөлікке

жақтау орнатамыз. Ол фигураның жоғары қабатта орналасуын

қадағалаңыз. Салынған фигураны өшірілген бөліктің үстіне

орналастырып, екеуін біріктіреміз.

61

11. Енді үш жолға үш Лупа қажет болғандықтан, осы бір

лупаны көшіріп, екі рет орналастырыңыз да, жақтау өлшемі мен

түстерін қалауыңыз бойынша өзгертіңіз.

12. Ендігі қадам лупаның таяқшасын жасау, ол үшін

құралының көмегімен қажетті фигураны таңдап алыңыз. Мыса-

лы мынадай:

62

13. Осы фигураны қалған екі Лупа үшін де көшіріп, сәйкес

түстерін орнатыңыз. Әрбір фигураның «Сипаттама шолушысы»

бөліміне төмендегі қасиеттерді орнатыңыз:

63

14. Осы әрекетті Екінші және Үшінші жол үшін

қайталаймыз. Екінші жолдың «Зоголовок» бөліміне «Көмек»

сөзін, Үшінші жолға «Жауабы» сөзін жазып шығыңыз. Нәтиже-

сінде төмендегі флипчарт алынады.

15. Енді соңғы қадамда лупа мен оның таяқшасын

біріктіреміз де, «Сипаттама шолушысы» жолына «Шекте-

гіштер» бөлімінде «Жылжуы мүмкін» жолына «Горизонталь»

етіп орнатыңыз.

64

16. Енді фигурамызды флипчарттың шетіне жасырып

қоямыз.

17. Тапсырма аяқталды. Тапсырманың дұрыс орындалған-

дығын тексеріңіз.

10-сабақ. Тест құрастыру

Бүгінгі сабақта Activ Inspire бағдарламасында тест құрас-

тыруды үйренейік.

Жұмыс барысы:

1. Жаңа флипчарт ашыңыз.

2. Флипчартқа кез келген фон беріңіз.

3. Тапсырманың тақырыбын жазыңыз. Мысалы, "Инфор-

матика пәнінен тест сұрақтары" болсын.

65

4. Келесі бетті ашыңыз. Мұнда алғашқы титулдық беттің

фонын қолдануыңызға болады немесе өз қажетіңізге қарай

фонды ауыстырыңыз.

5. Меню жолынан Қою – Сұрақ командасын орындаңыз.

6. Ашылған диологтық терезеде Сұрақтың типін таң-

даймыз. Мұнда бірнеше жауабы бар сұрақ, өсу немесе кему реті

бойынша орын алмастыру, тек қана дұрыс не бұрыс деп жауап

беру, Лайкерт шкаласын пайдалану, Жауапты енгізу және сан

арқылы жауап беру секілді сұрақ типтерінің бірін таңдаңыз. Со-

нымен қатар, осы терезеде Жауаптың нұсқалар санын таңдаңыз.

7. «Ары қарай» батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде

сұрақ пен жауаптың дизайнын таңдаңыз. «Ары қарай» батыр-

масын басыңыз.

66

8. Ашылған терезеде Сұрақтың мәтінін енгізіңіз, Нұс-

қалар типін, Дұрыс жауаптар санын, Уақыт бойынша қойы-

латын шектеуді, сонымен қатар әрбір нұсқаның мәтінін теріңіз.

«Ары қарай» батырмасын басыңыз.

9. Ашылған терезеде Дұрыс жауапты таңдаймыз. «Ары

қарай» немесе «Дайын» батырмасын шертіңіз.

67

10. Егер сұрақты өз қалауыңыз бойынша безендіріп,

жасағыңыз келсе, онда «Қор шолушысы» бөлімінен сіз

Инструменты для разработки урока – Области для вопросов бөлімінен сұрақ орналасатын облысты таңдаңыз.

11. "Қор шолушысы" бөлімінен Activ Software – Inspire –

Инструменты для разработки урока – Компоновки для вопросов

бөлімінен жауаптар орналасатын облысты таңдаңыз.

68

12. Дайын болған бетте өз сұрақтарыңыз бен жауапта-

рыңызды енгізіңіз.

13. Енді бізге сұрақтың не дұрыс, не бұрыстығын орнату

қажет. Ол үшін бізге Activ Software – Inspire – Инструменты

для разработки урока – Кнопки и значки бөлімі керек бо-

лады. Кнопки и значки бумасынан дұрыс емес жауаптар үшін

батырмасы, ал дұрыс жауаптар үшін қажет болады.

Батырмаларды жауап нұсқаларына сәйкестендіріп орналасты-

рып шығыңыз.

14. Енді бізде бұрыс жауаптар саны үшеу болғандықтан,

олардағы батырмалардың атауы бір, сондықтан сізге жауап

69

нұсқасына сәйкес етіп ол батырмалардың аттарын ауыстыру

қажет болады. Ол үшін «Нысандар шолушысы» бөлімінен

қажетті батырманы тауып алып атауларын өзгертіп шығыңыз.

15. Енді әрекеттер тағайындау үшін батырмасын

белгілеп, тышқанның оң жақ батырмасын басып, жанама

менюден «Әрекеттер шолушысы» жолын таңдаңыз. «Барлық

әрекеттер» жолынан «Жасырын» әрекетін таңдап, «Мақсат»

жолына бұрыс нұсқа батырмасын көрсетеміз. Біздің жағ-

дайымызда ол "а", ОК батырмасын басыңыз. Қалған жауап нұс-

қалары үшін аталған әрекеттерді тағайындаңыз.

70

16. Осымен бірінші сұрағымыз дайын. Қалған сұрақтарды

дәл осы жолмен жасап кемінде 20 сұрақтан тұратын тест сұрақ-

тарын құрастырыңыз.

17. Жұмыс аяқталды. Тапсырманың дұрыстығын тексе-

ріңіз.

11-сабақ. Вертикаль қозғалыс

Тапсырманың мәні: бірнеше сұрақтар дайындап, флипчарт

бетінің шекарасынан тыс жасырып қою. Сыртында біз тек сұрақ

саны жазылған маркерді ғана қалдырамыз. Таңдалған сұрақты

оқу үшін маркерді ұстап жоғары тартсақ, флипчарт бетіне шы-

ғады.

1. Жаңа флипчарт ашыңыз .

2. Беттің түсін беріңіз .

71

3. Фигура құралының көмегімен суреттегідей фигура

салыңыз:

Тіктөртбұрыштың көлемі сұрақ мәтіні сиятындай болу

керек.

4. Енді тіктөртбұрыш ішіне құралы көмегімен сұрақ

мәтінін, ал дөңгелек маркерге сұрақ номерін жазыңыз.

6. Алынған фигураны топтаңыз. Дәл осындай фигура

біздің әрбір сұраққа қажет. Объектілерді басқару тақтасындағы

көмегімен фигураның 5 дубликатын аламыз.

72

6. Барлық сұрақтарды, тек сұрақ номері ғана көрініп тұра-

тындай флипчарттың төменгі жағына жасырып қойыңыз:

7. Әрбір сұраққа вертикаль қозғалысты орнатамыз. Ол

үшін таңдау құралы арқылы барлық дөңгелектерді белгілеп

73

шығыңыз. Сипаттама шолушысының Шектегіштер бө-

ліміндегі Жылжуы мүмкін қасиетінің мәнін Вертикально деп

тағайындаңыз.

8. Беттің бос жеріне арқылы шертіп, объектілерден

белгілеуді алып тастаңыз. Сұрақ номері жазылған маркерді жо-

ғары тартып көрсеңіз, сұрақ мәтіні шығу керек.

9. Беттің түрін қызықты жасау үшін, тақырып пен сурет

қосамыз. Инструменты для разработки урока – Кнопки и

значки бөлімінен сурет және дұрыс жауаптарды санау үшін

Инструменты для разработки урока – Приспособления бөлімінен Счетті қойыңыз.

Кейін қойылған объектілер сұрақтар жазылған фигуралар-

дан жоғары орналасқан. Сондықтан сұрақтарды шығарсақ, олар

объектілердің астына жасырылып қалады. Сол үшін оларды

Қайта реттеу – Кері жіберу командасы арқылы кері орналас-

тырыңыз.

74

Бетке қойылған суреттер негізгі мазмұннан ерекшеленіп

тұрмас үшін, оны жартылай мөлдір етіңіз. Ол үшін Сипат-

тама шолушысының Көрініс бөліміндегі Жартылай мөл-

дірлік қасиетінің мәнін өзгертіңіз.

Алынған сурет өте әсерлі болмау керек.

75

10. Сұрақтарды кездейсоқ таңдау әсерін жасау үшін, Ма-

тематикалық құралдар бөлімінде орналасқан – Ойын

сүйегін лақтыру құралын бетке орналастырамыз.

Пайда болған терезеде сырғымалы тізімнен 1-ді таңдай-

мыз, ол сүйектердің саны. Біздің жағдайымызда 6 сұрақ болған-

дықтан 1 ойын сүйегі жеткілікті.

Бұрау батырмасын басқан сайын сүйек лақтырылады

және алынған сан бойынша сұрақ номері анықталады.

Флипчартты сақтап, орындап көріңіз.

76

12-сабақ. Флипчарт бетіне сілтеме қою

1-жаттығу

1. Жаңа флипчарт ашыңыз.

2. Қалауыңызша фон түсін өзгертіңіз.

Алдымен файлға қарапайым мәтіндік сілтеме қойып

көріңіз. Мақсатты файл ретінде Microsoft Word құжатын таңдап

алыңыз.

Ол үшін Қою – Сілтеме – Файл... командасын орындау не-

месе Ctrl+L басу керек. Содан кейін келесі параметрлерді ор-

натыңыз:

Сілтемені – Мәтін ретінде қосу

Келесі ретінде сақтау – Файлды сақтау

ОК батырмасын басыңыз.

77

Байқап отырғанымыздай бетте орналасқан мәтін, сілтеме

ретінде таңдалған файл атына сәйкес келеді. Тышқан меңзерін

мәтінге апарсақ формасына өзгереді. Бұл дегеніміз мәтінге

шерткенде, сілтеме берілген құжат ашылады.

Беттегі сілтеме мәтінін өзгертуге болады. Бұл файлмен

байланысқа әсерін тигізбейді. Ол үшін флипчарт бетінің жоғары

оң жақ бөлігінде орналасқан батырманы бассақ, флипчарт

Құрастыру режиміне ауысады.

2-жаттығу

Белгілі бір объектіге сілтеме қоюды үйренейік.

1. Флипчартта жаңа бет ашыңыз .

2. Қор кітапханасынан бірнеше фигуралар орналасты-

рыңыз. Мысалы:

78

Смайлікті шерткенде кез келген музыкалық файл ашы-

латындай етіп жасайық. Ол үшін мәзір қатарынан Қою –Сілтеме

– Файл... таңдаңыз. Файлды екі рет шертіңіз немесе таңдап, Ашу

батырмасын басыңыз. "Вставить функцию" сұхбат терезесі

ашылады:

79

Келесі параметрлерді орнатыңыз:

Қажетті объектіні таңдаңыз.

таңдау батырмасын басып, объектіні таңдаңыз.

Байланыс орнату қажет объектіні таңдап, ОК батырмасын

басқанда ашылатын сұхбат терезеде файлды "Программадан тыс

жерде" сақтау командасын таңдаңыз. Ок батырмасын басыңыз.

80

3-жаттығу

Веб–сайтқа сілтеме жасау файлға сілтеме жасаумен

бірдей.

Сілтемені төмендегідей түрде қоюға болады:

Мәтін;

Графикалық белгі;

Әрекет объектісі;

Бар объект.

Бұл жерде белгінің үстіне шерткенде операциялық жүйеде

орнатылған браузерде таңдалған URL мекен-жайды ашатын

графикалық белгі түріндегі сілтеме қоюды көрсетеміз.

Мәзір жолынан Қою бөлімінен Сілтеме – > Веб-сайт әре-

кетін орында. "Веб-сайтты қою" (Вставить веб-сайт) сұхбат те-

резесі ашылады.

Байланыс орнатылатын веб-сайттың URL мекен-жайын

көрсетіңіз.

Белгінің суретін таңдап, ОК батырмасын шертіңіз.

81

Бетте мына түрдегі белгі пайда болады: . Оған бір

рет шерткенде көрсетілген сілтеме ашылады.

4-жаттығу

Веб-сайттың мекен-жайы өзгерсе флипчарт та өзгереді.

Кейде сілтемені өшіру немесе қайта жазу керек болады.

Төменде оны қалай жасау керектігі көрсетіледі.

Сілтемені тез өшірудің екі әдісі бар. Белгіні, суретті,

объектіні немесе мәтін жолын тышқанның оң жақ

батырмасымен белгілеп:

Осы элементті флипчарт себетіне жіберіңіз;

Жанама мәзірден Өшіру (Удалить) әрекетін таңдаңыз

немесе:

Сілтеменің оң жақ батырмасын шертіңіз.

Жанама мәзірден Әрекеттер шолушысы жолын

таңдаңыз.

82

Терезенің төменгі бөлігінде пайда болған Өшіру

(Удалить) батырмасын шертіңіз.

5-жаттығу

1. Сілтеменің оң жақ батырмасын шертіп, жанама

мәзірден Әрекеттер шолушысын таңдаңыз.

2. "Әрекет сипаттамалары" жолынан URL мекен-жайын

таңдап, оны өзгертіңіз. Өзгерістерді орындау батырмасын

шертіңіз.

Осылайша ұсынылған бес жаттығудың көмегімен

флипчарт бетінде кез келген объектіге немесе веб-бетке сілтеме

қоюға болады.

83

13-сабақ. Флипчарт бетіне мультимедиа файлын қосу

1-жаттығу. Дыбыстық файлдар.

ActivInspire қосымшасының қорында түрлі дыбыстық

файлдар бар. Оларды көру үшін Қор шолушысының

Ортақ қор – Звуки – Музыка – Барабан тәрізді әрекетті

орындау қажет. Осы файлды флипчарт бетіне тышқанмен ұстап

алып келіңіз. Ол флипчарт бетіне объект түрінде орналасады.

белгісін бір рет шертсек, дыбыстық файл жүктеледі

және экранда оның даусын реттегіш терезесі пайда болады.

Бұл дауыс реттегішті жасырып қою үшін Файл –

Баптаулар командасын орындағанда Профильдерді өңдеу

84

терезесінде Баптаулар – Мультимедиа – Дауыс реттегішін

көрсету жолындағы белгіні алып тастау қажет.

Бір бетте екі түрлі дыбыстық файлдарды ойнатуға болады:

1. Дыбыстар немесе сөздер аудиофайлдарын: .wma, .wav,

.snd, .au, .aif, .aifc, .aiff.

2. Күрделі аудиофайлдарды: .mp3, .cda, .mid, .rmi, .midi

Мәзір қатарынан Қою – Мультимедиа командасын орын-

дағанда Енгізу үшін ақпарат құралын таңдаңыз терезесі

ашылады:

85

Ашылған терезеден компьютеріңіздегі кез келген аудио-

файлды таңдап, флипчарт бетіне қоя аласыз.

Дәл осы әрекеттермен кез келген бейне немесе графи-

калық файлды флипчарт бетіне қою мүмкіндігі бар.

14-сабақ. Әріптерді айналдыру

Тапсырманың мақсаты: берілген суреттерге қарап, жа-

сырылған сұрақ жауабын лентадағы әріптерді айналдыра оты-

рып жазып шығу қажет.

Жұмыс барысы:

1. Жаңа флипчарт ашыңыз.

2. Флипчарт бетіне 6 дөңгелек қойыңыз. Ол дөңгелектер

бір жолдың бойында орналасу үшін Қор шолушысынан Тор

қойыңыз.

3. Дөңгелектердің астына сәйкестендіріп әліппенің 42

әрпін алты-алтыдан, жеке-жеке жазып шығыңыз.

4. Енді біз әріптер орналасатын лента жасауымыз қажет.

Лентаның ұзындығы бізге белгісіз, сол себепті беттің масш-

табын кішірейтіп алыңыз. Лентаны Фигура құралы арқылы

салып, оның Сипаттама шолушысының Контейнер бөлімін-

дегі Может содержать қасиетіне Кез келген объект мәнін

тағайындаңыз.

86

5. Әріптерді лентаға орналастырмас бұрын, барлығын

белгілеп жанама мәзірден Перетащить копию командасын

орындаңыз. Бұл бізге жасырылған сөзді құрастыру барысында

лентадағы әріптерді бірнеше рет алуға мүмкіндік береді.

6. Лентаны төменгі қабатқа қойыңыз. Әріптерді оның

үстіне орналастырыңыз.

7. Лентаны әріптерімен бірге шарлардың бойына әкеліп

қойыңыз. Жартылай мөлдірлік қасиетін азайтыңыз және Си-

паттама шолушысының Шектегіштер бөліміндегі Жылжуы

мүмкін қасиетінің мәнін Горизонталь деп тағайындаңыз.

87

8. Бет масштабын үлкейтіңіз. Лентаны оңға және солға

жылжытуға арналған екі бағыттауыш орналастырыңыз. Ол үшін

алдымен флипчарт бетіне тіктөртбұрыш салыңыз, одан кейін

Қор шолушысындағы Инструменты для разработки уроков

– Кнопки значки бөлімінен екі бағыттауышты тіктөрт-

бұрыштың ішіне орналастырыңыз.

9. Сол жақ бағыттауыш лентаны сол жаққа қарай жыл-

жыту үшін, бағыттауыштың Әрекеттер шолушысын ашып По-

местить с приращением қасиетіндегі х мәніне 100, ал мақсаты

мәніне контейнерімізді таңдап, Өзгерістерді енгізу батырмасын

басыңыз.

10. Оң жақ бағыттауыш лентаны оң жаққа қарай жылжыту

үшін Поместить с приращением қасиетіндегі х мәніне 100, ал

мақсаты мәніне контейнерімізді таңдап қойыңыз.

11. Лента шексіз оңға немесе солға кетіп қалмас үшін екі

жағынан шектегіш қою қажет. Ол үшін Фигура құралының кө-

мегімен тіктөртбұрыш салып алыңыз. Лентаның сол жағындағы

бірінші әріпті бірінші шардың бойына алып келіңіз. Тіктөрт-

бұрышты лентаның оң жақ шекарасына әкеліп қойып, Си-

паттама шолушысының Шектегіштер бөліміндегі Құлып-

тауға болады қасиетінің мәнін Дұрыс деп тағайындаңыз.

Тіктөртбұрыштың мөлдірлігін азайтып, құлыптап қойыңыз.

88

12. Лентаның оң жақ шекарасына жасалған әрекеттерді

сол жағына да қолданыңыз.

13. Контейнердің мөлдірлігін 0-ге дейін апарып, тек әріп-

тер көрініп тұратындай етіп жасаңыз.

14. Лентаның екі жағында көрініп тұрған әріптерді жа-

сыру үшін Сиқырлы лупа жасау қажет. Ол үшін флипчарт бе-

тінде кішкене тіктөртбұрыш салып алып, оны жоғарғы қабатқа

жіберіп, Сиқырлы сия құралымен бояңыз.

15. Лентадағы бірінші әріпті сол жақтағы бірінші шарға

әкеліп қойып, алынған лупаны шардың оң жағына орналас-

тырыңыз. Дәл осы әрекеттерді сол жаққа да қайталаңыз.

89

16. Флипчарт бетіне қойылатын сұраққа байланысты бір-

неше сурет қойыңыз. Суреттерді жылжымайтындай етіп блок-

таңыз.

17. Сұрақтың жауабын оқушылар лентаны екі бағыт-

тауыш арқылы жылжыта отырып, сол жерден әріптерді таңдап

төменгі облысқа әкеліп қояды.

18. Жұмысты орындап көріңіз.

15-сабақ. Баллдарды есептеу батырмаларын жасау

Тапсырманың мақсаты: Inspire бағдарламасында

баллдарды есептеу батырмаларын жасау арқылы дидактикалық

ойындар құру.

Жұмыс барысы:

1. Бұл дидактикалық ойында екі команда жарысатын

болсын делік. Start командасын басу арқылы жасыл 1-ко-

манда, ал Қызыл 2-команда болсын. Бұл ойынның артық-

шылығы жауаптарды таңдауға немесе тақта бетінде жазуға

болады. Дұрыс жауап берілгенде балл саны +1-ге артып оты-

рады, ал бұрыс жауап берген кезінде керісінше –1 баллға кеміп

90

отырады. Тапсырмалар командаларға батырмасы арқылы

ауысып отырады.

2. Осы тапсырмаларды орындау барысында саналып

жатқан, яғни +1-ге артып не –1-ге кеміп отырған батырмалар

қалай жасалатындығын жасап көрелік. Бұл жағдайда алдыңғы

сабақтарда жұмыс жасап үйренген КОНТЕЙНЕРДІ қолда-

натын боламыз.

3. Енді тапсырма ретінде төмендегі бетті алып қарас-

тырайық. Біз мынадай дайын батырмаларды алайық.

4. Осы батырмалардың Нысандар шолушысын (Обозрева-

тель объектов) ашайық.

5. батырмасын төменгі қабатқа орналастырамыз.

Мұндағы 1, 2, 3 – тапсырмалар реті.

91

6. батырмасындағы 0 баллы мәтін болып табы-

лады. Бұл мәтінді төменгі қабатқа қоюға және оны ешқандай

блоктауға болмайды. Себебі біздің тапсырмамыз осы мәтін

арқылы балл санау болып табылады.

7. батырмасы біз үшін көмекші нысан, кейінірек

оны өшіріп тастайтын боламыз. Бұл нысанды біз орындалған

тапсырма бетін жауып қою үшін қолданамыз. Мысалы, .

объектісіне Жылжыту әрекетін орнатамыз. Тапсырма-

лардың орындалғандығының белгісі ретінде бетін жауып

қоятын қабатты стикермен біріктіреміз. Ол үшін

объектісін тапсырманың бетіне қойып, біріктіреміз.

Осылай қалған тапсырмаларды жеке қабатқа біріктіріп

шығамыз.

8. объектісі стикер, ол оқушылардың тапсырма

орындайтын тақтасы.

9. 1-қабатпен жұмыс істейік.

92

Стикердің жоғары жағына мәтінді таңдап, тапсырманың

берілгенін жазамыз. Тапсырманы стикердің ішіне орналас-

тырамыз:

10. Тапсырманың жауабын фонды мәтінмен жазамыз.

Өйткені онда әрекет орындау өте ыңғайлы. Біздің жағдайы-

мызда жасыл фонда қызыл мәтін жазылатын болсын.

Мысалы,

11. Енді дұрыс жауапты батырма таңдалған кезде балл

саналуы үшін, объектісін таңдап алып, оның Әрекет та-

ғайындауына кіріп, онда Изменить текстовое значение ко-

мандасын таңдаймыз. Текст ұяшығына неше баллға өзгер-

тетіндігімізді енгіземіз, мысалы +1 немесе +2, Цель ұяшығына 0

баллы жазылған мәтінді таңдаймыз. Применить командасын

басамыз.

12. Дұрыс емес жауап үшін бұрыс жауап орналасқан ны-

санды таңдап, оның Обозреватель действий командасына кіріп,

93

Изменить текстовое значение командасын таңдаймыз. Текст

ұяшығына неше баллға кемітетіндігімізді енгіземіз, мысалы 1

немесе 2, Цель ұяшығына 1баллы жазылған мәтінді таңдаймыз.

Применить командасын басамыз.

13. Жауаптарымызды ыңғайлы етіп орналастырамыз.

14. Осылайша қалған тапсырмалар үшін балл санаймыз.

15. Балл санау тапсырмаларын орындап, жұмысты оқыту-

шыға тексертіңіз.

94

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Тенютина Е.Д. Использование интерактивной доски на уроке /

Е. Д. Тенютина // Практика административной работы в школе.

– 2008. – № 6. – С. 46–51.

2. Гомулина Н.Н. Применение новых электронных образователь-

ных средств для интерактивных досок /

Н. Н. Гомулина // Физика в школе. – 2008. – № 7. – С. 16–20.

3. Пасанова С.В. Возможности использования интерактивной

доски на уроках физики / С. В. Пасанова // Физика в школе. –

2008. – № 7. – С. 21–22.

4. Шумилова О.С. Мобильный класс на уроках физики /

О.С.Шумилова // Физика в школе. – 2008. – № 7. – С. 22–23.

5. Долгая Т.И. Праздник физики: сценарий внеклассного меро-

приятия по физике с поддержкой на интерактивной доске /

Т.И.Долгая// Физика в школе. – 2008. – № 7. – С. 46–53.

6. Интерактивная доска Interwrite Board // Школьные техноло-

гии. – 2008. – № 5. – С. 159–174.

7. Ходакова Н.П. Интерактивная доска в деятельности педагога

учебного заведения / Н.П.Ходакова // Среднее профессиональ-

ное образование. – 2009. – № 3. – С. 53–55.

8. Андриянов А.П. Приемы использования интерактивной доски

на уроках географии / А.П.Андриянов // География и экология в

школе ХХI века. – 2009. – № 4. – С. 41–51.

9. Крымова Л. Н. Интерактивная доска на уроках математики /

Л. Н.Крымова // Математика в школе. – 2008. – № 10. – С. 39

10. Панюкова С.В. Возможности использования интерактивной

доски на уроках информатики / С. В. Панюкова, А. С. Байков //

Информатика и образование. – 2008. – № 1. – С. 76–78.

11. Крушинская Т.Ф. Интерактивная доска на уроках русского

языка / Т.Ф.Крушинская // Русский язык в школе. – 2009. – №7.

– С. 17–23.

12. Бегонина Л.Ю. Интерактивная доска как средство орга-

низации фронтальной работы в классе / Л. Ю. Бегонина// Ин-

форматика и образование. – 2009. – № 7. – С. 122–123.

95

13. Кева Т.В. Что меняет в учебном процессе интерактивная

доска? / Т.В.Кева // Практика административной работы в шко-

ле. – 2008. – № 6. – С. 51–55.

14. Щепакина Т.Е. Использование возможностей интерактив-

ной доски Smart Board на уроках информатики /Т.Е.Щепакина

// Школьные технологии. – 2008. – № 2. – С. 143–148.

15. Галишникова Л. Использование интерактивной Smart–доски

в процессе обучения / Л. Галишникова // Учитель. – 2007. – № 4.

– С. 8–10.

16. Бельковец Л.П. «Интеллект–тренажеры» для SMART–обу-

чения // Информационные технологии в образовании. XVI меж-

дународная конференция–выставка. Сборник трудов.—М., 2010.

17. Бельковец Л.П. Развитие познавательной активности, рече-

мыслительной деятельности и отношения для новой образо-

вательной среды/Тезисы докладов на XII международной конфе-

ренции. 2008.

18. Бережная М.А. Программа INTEL «Обучение для будущее-

го» в контексте новых интерактивных SMART–устройств и тех-

нологий // Информационные технологии в образовании. XVI

международная конференция–выставка. Сборник трудов. — М.,

2010.

19. Берязева Н. Интерактивные доски SMART – вы пробовали?

// Ит–Курьер. Вып. 27.11.–03.12.2010. — М., 2010.

20. Волков К. Конец мелового периода // Еженедельный журнал

«Итоги». Вып. 9 ноября, 2009 N.45 (439). — М., 2009.

21. Ишмурзина Н.В. Интерактивно — это просто! // Журнал

«ЛГО». Вып. 06.2008. М., 2008.

22. Кувшинов С.В. Информационные, коммуникационные, ау-

диовизуальные технологии и новая парадигма образования ХХI

века//Тезисы докладов на XII международной конференции.

2009.

23. Кувшинов С.В. Подготовка студентов–информатиков с ис-

пользованием интерактивных SMART–устройств и робото-

технических систем //Информационные технологии в обра-

зовании. XVI международная конференция–выставка. Сборник

трудов. — М., 2010.

96

24. Кувшинова А.С. Принятие управленческих решений в

условиях учебно–исследовательского ситуационного центра,

построенного на базе беспроводных компьютерных и интерак-

тивных SMART–устройств // Информационные технологии в

образовании. XVI международная конференция–выставка.

Сборник трудов. — М., 2010.

25. Лукоев О. Учиться с удовольствием! // PCWEEK/RE, №

48/2010, 29 декабря, — М., 2010.

26. Мартынова М.С. DIGITAL SMART ART — образование

средствами нового искусства // Современное образование: со-

держание, технологии, качество. Материалы XIII международ-

ной конференции. — СПб., 2007.

27. Умные доски: их возможности // Журнал «Учитель»,

Январь 2011.

28. Умные уроки SMART. Сборник методических рекомен-

даций по работе со SMART–устройствами и программами. Изд–

е 3–е, испр. и доп. – М.: «ИНЭК», 2010.

29. Усенков Д.Ю. Интерактивная доска SMART Board: до и во

время урока // Журнал «Информатика и образование». Вып.

02.2006. — М., 2006.

30. Усенков Д.Ю. SMART в сети // Журнал «Информатика и об-

разование». Вып. 04.2011. — М., 2011.

31. Электронный мел // Журнал PC Week on–line, 20.12.2010. —

М., 2010.

32. Ярославцева Е.И. SMART–Art технологии как стимул к

саморазвитию сложного ребенка // Информационные техно-

логии в образовании. XVI Международная конференция–выс-

тавка. Сборник трудов. — М., 2010.

33. Ярославцева Е.И. Творческие возможности технологий

SMART Board в образовательной перспективе // Тезисы док-

ладов на XII Международной конференции. 2011.

97

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………............ 3

1. Негізгі түсініктер……………………………..…........... 5

2. Негізгі құралдарға шолу…………………………......... 7

3. ActivInspire-дің қосымша құралдары............................ 10

4. ActivInspire шолушылары……………………............... 16

1-сабақ. Сиқырлы сандық…………………………............ 20

2-сабақ. Сиқырлы сөздік…….....…………………............. 25

3-сабақ. Сиқырлы қалам…………………………….......... 31

4-сабақ. Контейнер …………………………….................. 35

5-сабақ. Сиқырлы лупа ………............................................ 40

6-сабақ. Ойлан тап ........................…………………........... 44

7-сабақ. Санауыш...................................…………….......... 49

8-сабақ. Ауызша есептеу...................................................... 53

9-сабақ. Ұлы тұлғаларды таны ....................………........... 57

10-сабақ. Тест құрастыру........................……. ……........... 64

11-сабақ. Вертикаль бойынша қозғалыс............................ 70

12-сабақ. Флипчарт бетіне сілтеме қою............................. 76

13-сабақ. Флипчарт бетіне мультимедиа файлын қосу.... 83

14-сабақ. Әріптерді айналдыру........................................... 85

15-сабақ. Баллдарды есептеу батырмаларын жасау.......... 89

Әдебиеттер тізімі.................................................................. 94

98

Гүлназ Ибрагимқызы Салғараева,

Жұлдыз Болатханқызы Базаева,

Айгүл Сейсебайқызы Маханова

«ІТ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ПРАКТИКУМЫ»

Оқу құралы

Редакторы: А.Балхашева

Компьютерлік қалыптаушы: С.Е.Смағұлова

Көркемдеуші: Г.Н.Жексембиева

Басуға 05.02.2015 ж. қол қойылды. Пішімі 60 х 84/16.

Офсеттік қағаз. Компьютерлік терілім.

Әріп түрі «Times/New Roman» Riso басылымы.

Шартты баспа табағы 6,12

Таралымы 100 дана.

Тапсырыс № 16

«Қыздар университеті» баспасы .

050000, Алматы, Гоголь көшесі 116 үй